Қазақстан территориясындағы (VI –XIII ғғ.) архитектуралық ескерткіштер: жалпы ұқсастықтар мен ерекшеліктер



1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.Қазақстан жеріндегі архитектураның дамуына көрші елдер ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.Күмбездер мен қамалдар құрылысынан көрініс тапқан сәулет өнері ... ... ... ...

4.Тұрғын үй архитектурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

6.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Сәулет өнерінің ескерткіштері – оларды салған халық жайында құндылығы аса зор мәлімет береді. Құрылыс техникасы мен мәдениеттің жарқын көрсеткіші бола тұрып, бұл ескерткіштер өз кезеңінің эстетикалық көзқарастарының, идеологиясы, ғылыми өндірістік потенциалының дамуы, мәдени байланыстар мен құрылыс процесінің даму деңгейінің айқын көрсеткіші болып есептеледі.
Құрылыс жұмыстарына қолданылған материалдар сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік жағдайды сипаттаса, ғимарат қабаырғаларында табылған заттар мен олардың арналып жасалған мақсаты материалдық мәдениет ерекшеліктеріне назар аударады.
Қазақстан топырағындағы алуан-түрлі мақсаттарға арналып салынған архитектуралық ескерткіштер ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігі, діни сенім-нанымдары мен өмірлік құндылықтары жайында біршама зор ақпарат береді. Тұрғын үйлер, сарайлар мен күмбездер, кесенелер мен қамалдар бірталай ғасыр куәгері бола тұра, иелерінің өмірін жан-жақты сипаттайды. Мәселен, ескі, бағаналы мешіттердің табылуы өзекті мәселеге айналып үлгерген қазақ жеріне ислам дінінің енуі жайында білімімізді арттыра түседі. Сол сияқты мәліметтер негізінде зерттеушілер арасында пікірталастар туады да, зерттеу бағыттары өзгеше ұстанымдарға негізделеді. Бірақ бүгінгі ғалымдардың бір ауыздан келісетіні – қазақ жеріндегі архитектуралық ескерткіштер бастауын бағы заманнан алатын ерекше өркениет, көшпелілер өркениетінің жәдігері болып табылады. Сондықтан архитектуралық ескерткіштерді зерттеу – археологияның ең маңызды бағыттарының бірі.
1. Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы, «Ғылым», 1992. 174-178, 64-79 беттер.

2. Байпаков К.М. Раннесредневековая архитектура Семиречья и Южного Казахстана.Алматы, «Ғылым», Институт археологии им. А. Маргулана, 2001.64-65, 70-81, 138-140,145-146, 218-224 беттер.

3. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (курс лекций). – Алматы: «Үш қиян», 2003.91-100, 107-114 беттер.

4. Қазақстан тарихы очерктері. – Алматы, 1994. 93-99 беттер.


5. Аманжолов Қ. Қазақстан тарихы (дәрістер курсы). Алматы, «Білім», 2004. 125-134 беттер.

6. Байпаков К., Средневековая культура Южного Казахстана и Семиречья. Алматы, 1996. 54-65 беттер.

7. Мусин Ч. Қазақстан Тарихы. Оұулық, 2-ші басылым.-Алматы, 2003. 51-60 беттер.

8. Күзембайұлы А., Абиль Е. История Казахстана. Астана, «Фолиант», 2002. 48-59 беттер.

9. Байпаков К. По следам древних городов Казахстана. Алматы, «Наука», 1990. 63-72 беттер.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ: Қазақстан территориясындағы (VI –XIII ғғ.) архитектуралық
ескерткіштер: жалпы ұқсастықтар мен ерекшеліктер.

Жоспар:

1.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.Қазақстан жеріндегі архитектураның дамуына көрші елдер
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.Күмбездер мен қамалдар құрылысынан көрініс тапқан сәулет
өнері ... ... ... ...

4.Тұрғын үй
архитектурасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..

5.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

6.Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...

Кіріспе

Сәулет өнерінің ескерткіштері – оларды салған халық жайында құндылығы
аса зор мәлімет береді. Құрылыс техникасы мен мәдениеттің жарқын көрсеткіші
бола тұрып, бұл ескерткіштер өз кезеңінің эстетикалық көзқарастарының,
идеологиясы, ғылыми өндірістік потенциалының дамуы, мәдени байланыстар мен
құрылыс процесінің даму деңгейінің айқын көрсеткіші болып есептеледі.
Құрылыс жұмыстарына қолданылған материалдар сол кезеңдегі саяси-
әлеуметтік жағдайды сипаттаса, ғимарат қабаырғаларында табылған заттар мен
олардың арналып жасалған мақсаты материалдық мәдениет ерекшеліктеріне назар
аударады.
Қазақстан топырағындағы алуан-түрлі мақсаттарға арналып салынған
архитектуралық ескерткіштер ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігі, діни сенім-
нанымдары мен өмірлік құндылықтары жайында біршама зор ақпарат береді.
Тұрғын үйлер, сарайлар мен күмбездер, кесенелер мен қамалдар бірталай ғасыр
куәгері бола тұра, иелерінің өмірін жан-жақты сипаттайды. Мәселен, ескі,
бағаналы мешіттердің табылуы өзекті мәселеге айналып үлгерген қазақ жеріне
ислам дінінің енуі жайында білімімізді арттыра түседі. Сол сияқты
мәліметтер негізінде зерттеушілер арасында пікірталастар туады да, зерттеу
бағыттары өзгеше ұстанымдарға негізделеді. Бірақ бүгінгі ғалымдардың бір
ауыздан келісетіні – қазақ жеріндегі архитектуралық ескерткіштер бастауын
бағы заманнан алатын ерекше өркениет, көшпелілер өркениетінің жәдігері
болып табылады. Сондықтан архитектуралық ескерткіштерді зерттеу –
археологияның ең маңызды бағыттарының бірі.

Қазақстан жеріндегі архитектураның дамуына көрші елдер ықпалы

Жетісу қалаларын алғаш рет сипаттаған кісі, осы арадан 630 ж. жүріп
өткен, будда қажысы Суань Цзянь екен. Ол былай деп жазады: Тұнық көлден
солтүстік-батысқа қарай 500 лиден ас жер жүргесін, Сүйе өзені бойындағы бір
қалаға (Суяб) келдік. Бұл қаланы айнала өлшегенде 6-7 ли. Онда әртүрлі
елдерден келген саудагерлер мен хусцылар аралас тұрады. Сүйеден батысқа
тіке жүргенде жеке-жеке тұрған ондаған қала кездеседі, олардың әрқайсысының
өз бастығы бар. Олар бір-біріне қанша тәуелді болмаса да, бәрі де түгелдей
тудзююге (қағанға) бағынады. Сүйе қаласынан Гешуанға (Кушания) дейінгі ел
Сули (соғды) деп аталады, оның халқы да осылай аталады... Жер өңдейтіндер
мен бас пайдасын көздейтіндер – тепе-тең екен.
Бірқатар зерттеушілер Жетісу жерінде егіншілік мәдениеті соғдылардың
отарлауы арқасында пайда болған деп есептейді. Жетісу қала мәдениетінің
шығуының бұған қарама қарсы, автохонды – осы жердің өзінде пайда болды
деген моделі де бар, бұл пікір бойынша, Оңтүстік Қазақстан мне Жетісу
аймағы ешқашанда Соғдының отарлық объектісі болмаған, ол Орта Азия
халықтарының тарихи және экономикалық тағдырында елеулі рөл атқарған,
өзіндік айрықша экономикасы мен мәдениеті бар дербес аймақ болған. Бірақ
бұл проблеманы тек этникалық-генектикалық тұрғыдан шешуге болмайды,
мәдениеттану тұрғысынан да талдаған жөн.
Соғдының мәдени кешені түсінігінен қаланың қолөнер мен сауда,
ауылшаруашылығының орталығы ретіндегі қызметі айқын көрінеді. Қала
тұрмысының құрылуы да қызық, археологиялық материалдардан ол тұрғын үйлер
архитектурасының тұрақты канондары – терракота, керамикалық заттар
жиынтығы, ондағы жазулар, теңгелер, қорымдық құрылыстар, жерлеу әдет
–ғұрыптары арқылы айқындалады. Соғдымәдени кешенінің Жетісуға таралуы
ішінара соғдылардың осы аймаққа тікелей көшіп келуіне байланысты жүзеге
асқан. Джамуқат, Бунджиқат қалаларының негізін салған соғдылар. Екінші
жағынан алғанда оны мәдени бірлесу-сіңісу процесінің көрінісі деп түсінуге
болады.
Соғды мәдени кешенімен қатар бір мезгілде Жетісу мен Қазақстанның
оңтүстігіне, Мәуреннахрға түрік мәдени кешені де тарала бастайды,
археологиялық материалдар ішінен ол металдан
істелген аяқ-табақтар мен қару-жарақтың, руникалық жазулары бар заттардың
мол табылған олжаларынан байқалады. Осының нәтижесінде VIғ.-IX ғ. бірінші
жартысында Жетісу мен Орта Азияда өзгеше бір мәдени кешен құрылып
қалыптасады, оны түрік-соғды кешені деп атауға болады.
Пәрменді мәдени синтез этногенетикалық процестер аясында өтіп
жатады.Сонымен ертеректегі орта ғасырлар кезеңінде Қазақстанның өз бойына
Соғдының мәдени жетістіктері мен Түрік мәдени кешенін сіңіріп қорытқан
ерекше мәдениет қалыптасады. Бұл бірлесудің жарқын көрінісі қала
мәдениетінен байқалады.
Арбтар басқыншылығы Орта Азияның өмір-тіршілігіне қатты ықпал етеді.
Қазақстанның оңтүстігі де, Жетісу да арабтар қоластына қарамағанымен,
жатжұрттың көршілерді алуының әсері облыстың қала мәдениетіне тимей
қалмайды. Отра Азиямен тығыз экономикалық және мәдени байланыстар арқылы
шырмалып қалған облыс мұсылман мәдениетінің ықпалына түседі, ол мәдениет
әуелі қала халқы арасына тарайды.
Қалалар құрылысындағы бір жаңалық – мешіттер салу еді.
X ғ.авторы Әл-Макдиси Кедер қаласында (Құйрықтөбе қалажұрты) Орталық мешіт
салынғаны туралы жазады. Оның қалдығын археологтар тауып, мұқият зерттеп
шықты.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалалары құрылысындағы компоненттерінің
бірі, Шығыстың басқа қалаларындағы сияқты, қоғамдық моншалар еді. Олардың
екеуі Отырардың рабатында, екеуі Тараздың шахристанында салынған.
IX – XII ғ. қала мәдениетін өркендету ісіне елеулі өзгерістер енгені
байқалады. Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісуды Халифаттың, Саманилер,
Қарахандар мемлекеттерінің саяси, экономикалық және мәдени қарым-
қатынастары аясына тарту әрекеті осы облысты Орта Азиямен жақындастырды.

Күмбездер мен қамалдар құрылысынан көрініс тапқан сәулет өнері

Күмбез мен қамалдар құрылысында сәулет өнерінің ең жаңа да табысты
жетістіктері қолданылаған, себебі онда қаланың ең атақты әрі ауқатты
адамдары уақытының көп бөлігін өткізетін. Осы құрылыстарға археологиялық
зерттеулер жүргізу арқылы қала тіршілігі мен дамуын әлеуметтік және тарихи
жағынан қарастыруға болады әрі сәулет өнері мен құрылыстың деңгейін
анықтауға мүмкіндік береді.
Орта Азиядағы күмбездер құрылысының пайда болуының тарихы б.з.д. II
мен I мыңж.-қа жатады. Алғашқылары дуалмен қоршалған әрі ішкі қабаты бар
айналасындағы тұрғын үйлердей қарапайым еді.
Барған сайын олардың құрылымы күрделі ал көлемі үлкейе түсті. Мәселен
кейбіреулерінде мұнараларпайда болса, кейбір күмбездер ауласына сарайлық
құрылыстар салына бастады (мысалға, көптеген салтаннатты бөлмелері бар
күмбездерден тұратын Хорезмдік Топырақ-қала сарайы).
Сөйтіп күмбезлер өзге құрылыстардан биіктігімен ерекшеленіп
тұрғандықтан ортағасырлық қаланың ажырамас бөлігіне айналып, орталығы
есептелетін болды.
Ерте ортағасырлық кезеңде күмбездер билеушілердің ордасына айналды.
Көршілер мен сыртқы жаудан қорғану үшін әрі қала халқына билігін
жүргізіп, көтерілісті уақытында басу үшін қала билеушілері күмбездер мен
сарайларының құрылысын мықты етуге барын салады. Мықты қамалы бар
билеушінің көршілеріне шабуыл жасауға мүмкіндігі туындайды. Сондықтан
әрқашан жеңімпаз болғысы келген билеуші күмбез мен айналасындағы дуалын
әрдайым жаңарту, нығайтумен айналысады. Сондықтан күмбезнің құрылысы
күрделене түсіп, дуалдары жоғарылай берді.
Ерте ортағасырлық кезеңде дуалдың төбесіндегі бұрынғыдай ұрысқа
арналған кең алаңның орнына сарбаздың жасырылуына арналған тіс тәріздес
жүйе қолданыла бастады. Алайда мұндай өзгерістер бірең-сараң еді.
Қаланың ең жоғары ғимараты болғандықтан, әрі одан қаланың барлық
бөліктері мен маңы түгелдей көрінетіндіктен, күмбездің орналасуына ерекше
көңіл бөлінетін. Көбіне күмбездер жаудың келетін аймағын бақылауға ыңғайлы
жерге салынып, қалаға алып баратын жолдардың көбі осында түйісетін,
айналаның жер бедері де есепке алынатын.Археологиялық зерттеулердің
көрсеткендей қарағанда, күмбездер көбінесе қала дуалының бір бұрышына
салынатын. Күмбездерді қаланың сыртына және ортасына орналастыру ерте
ортағасырларда өте сирек кездеседі. Оңтүстік Қазақстан аймағы мен Жетісудың
ертеортағасырлық қалаларында күмбездер қаланың бір бұрышындағы биіктеу
жеріне салынды, кейбіреулерінде ғана ол қала ортасында орналасқан. Мысалы
Көк-Мардан қалашығындағы күмбез қаланың солтүстігіндегі төмпешікке, Баба-
ата қаласының күмбезісі оңтүстік-шығыс бұрышында, Қостөбеде – солтүстік-
батыс бұрышында салынса, Құйрықтөбе қаласының күмбезі ортасында орналасқан.
Қостөбе қаласының ккүмбезін қарасырсақ, қазба жұмыстары құрылысының
бірнеше деңгейін көрсетеді. Құрылысы мен қайта өңдеу жұмыстары VI – XII
ғғ. аралығында жүргізілген, сонымен қатар күмбез XII ғ.-дан бастап
мұсылмандық некрополь ретінде пайдаланылды. Қостөбедегі күмбез мен сарай
комплексі Қаңқа қаласындағы күмбез мен Жүнісабадтағы Ақтипа күмбездері
құрылысындағы ұқсастық басты табынатын бөлмелерінің бірдей болып келуінде:
ортасына қарай жартылай дөңгеленіп келген ошақтың орналасуы, бөлменің
оңтүстіктен солтүстікке қарай бойлай бағытталуы мен кіретін есіктерінің
оңт.шығыста орналасуы. Осыдан басқа да күмбездермен басты ұқсастығы – отқа
(ошаққа) ерекше мән берілгендігінде. Құрылыстары ұқсас келгенімен күмбездер
көлемдері мен табынуға арналған бөлмелердің санымен ерекшеленіп тұрды.
Хорезмдік Топырақ-қала сарайында болса, тақ орналасқан бөлмеде қос ошақ
орналасты.
VII-VIII ғасырлар қабатында, сарай айналасындағы қоғамдық маңызы бар
құрылыстар кездеседі. Ақыртас қаласының сарай комплексінде де осындай
ғимарат қалдықтары табылған, ғимарат айналасына бағаналар тұрғызыған, бұл
ертемұсылмандық мешіттерге тән еді.
VIII ғ-дың ортасынан бастап, Жетісу өңіріне ислам ене бастайды,
Ақыртастағы мешітке ұқсас мешіт Өрнек пен Құйрықтөбеде табылған еді. Бұл
мешіттердің бағаналары 3-3,5 м аралығында орналастырылған. Құйрықтөбе мен
Ақыртастағы мешіттер шамамен IX-X ғғ. салынса керек. Олар Ақыртастағы бүкіл
сарай комплексінің буддизм немесе несториандық дінге арналып салыну
мүмкіндігін жоққа шығарады.
Жетісу өңірінің ертеортағасырлық тұрғын архитектурасының негізгі
бағыттарының бірі – қамалдар салу еді. Қазіргі кездегі сол қамалдардан
қалған төбелер қала орталығынан 50-1500 м аралығында жатыр. Кезінде бұл
қамалдар осы қалалардың пайда болуының негізгі себебі болып, кейіннен
қалалардың өсуіне байланысты сыртқары қалған.
Қызылсу қаласының қамалдары екі қабатты әрі қалың дуалмен қоршалған
(сыртындағысы – 5-6,7 м, ішкісі – 2,3-2,8м). Жалпы Жетісулық қамал дуалының
қалыңдығы Орта Азиялық өзге қамалдардікінен айтарлықтай артық еді, мысалға
Түркменстандағы VI-VII ғғ. қамал дуалдарының қалыңдығы–3 м, уструшандағы
VII-VIII ғғ. жататын Қалайы Қағқаға қамалынікі – 3,35 м, Хорезмдік Бүркіт-
ата күмбезінікі – 2,5 м, Соғдыдағы Әуелтепа қамалынікі – 2,5 м. Қамал
дуалының мұндай қалыңдығы олардың жылуизоляциялық қасиетіне әрі аса ауыр
төбені ұстап тұруына байланысты.
Қарастырылып отарған қамалдарың дуалдары көбінесе арнайы салынған
іргетасқа орнатылған. Мұндай, дуалды қалың қабатты іргетасқа орналастырудің
фортифакациялық тәсілі Жетісудің оңтүстік-батыс бөлігіндегі VI ғ-дан бастап
салынған қамалдар құрылысында кездеседі (Ақ-Бешімдегі қамал, Қызылсудағы
күмбез).
Құрылысы жағынан жетісулық қамалдар екіге бөлінеді. Біріншісіне сыртқы
дуалдың ішінде, тік төртбұрышты ауланың бір бұрышына орналасқан қамалдар
жатады. Қызылсу өңірінде мұндай қамалдың 2-уі табылды. Бұл – қамалдар
биіктігі мен ұзындығының қатынасы 1:5 болып келген аласалау ғимараттар.
Өркештеліп жасалған бірегей дуалдарды шығыңқы мұнаралар мен көркейтілген
кіреберіс әшекейлеп тұр. Қызылсулық қамалдардың Орта Азиядан табылған
ескерткіштерден өзгеше болса, да үй мен ауланы бір тік төртбұрышқа
біріктіру принціпі ежелден қолданылып келген тәсілдердің бірі, мысалға
Бактриялық ақсүйектердің ірі ауласы бар үйлері осы принцип негізінде
салынған. Мұндай дуалдың ішіне салынған қамалдардың Орта Азиялық ауылдық
үйлерге ұқсастығы мен дуалдарының ерекше қалындығы, бұл сынды қамалдардың
бекініс жүйесі дамыған қалалардың пайда болуына дейін қолданылғанын
көрсетеді.
Қамалдардың екінші түрі – бөлек орналасқан қорған-үйлер. Бұл іспетті
қамалдар қоршауға жанасып тұрмайды және ішкі ауласында арнайы шаруашылыққа
арналған алаңдар мен қосымша аулалары бар. Мұндай қамалдар Ақ-Бешімде,
Қызылсуда табылған. Қазба жұмыстарының нәтижесі арқылы ерте ортағасырдағы
(X-XII) қамал құрылысының ерекшеліктерін аңғаруға болады. Сол кездегі
құрылыс заңдылықтарына сәйкес үстіңгі қабырға астыңғысының орналасуымен
сйкес келеді, нәтижесінде ғимараттың барлық деңгейлеріндегі құрылымдық
жоспарлануы бірдей. Сол себепті X ғ-да ескі қамалдың орнына сарай салынды.
Сыртқы және ішкі қабырғалары ескі қабырғаның іргетасына салынып, кейде ескі
қамалдың бөлмелері жаңа сарайдың құрамдас бөлігіне айналды.
Осылайша Оңтүстік батыс Жетісуда екі түрлі қамал түрі болды. Екеуіне де
тән ерекшелік – қорғаныстық қасиетерінің жоғары деңгейде болуы, ол өз
кезегінде ғимараттың көлеміне, құрылымы мен жоспарлануына өзгерістер
енгізді. Бұл әсіресе қалалардан сыртқары орналасқан қамалдардың
архитектурасынан көруге болады. Олардың фортификациялық жүйесі ерте
ортағасырлық шаһристандік жүйеге ұқсас келеді: тік төртбұрышты болып
жоспарлануы, қабырғалардың біркелкі тегіс болып келуі, мұнаралардың бар
болуы.
Зерттеушілердің ойынша бөлмелерді жоспарлаудың бірнеше түрі болды.
Бөлмелерді бірде ұзын орталық бөлменің екі жағына, бірде орталық бөлме
немесе аула периметрі бойынша орналасуы кең таралған.Орталық бөлмені бойлай
орнласудың схемасы VI-VII ғғ. жататын Солт.Тоқарыстандағы Қорғанда,
Батыртепеде (VII-VIIIғғ.), Хорезимдік Қызыл-қала қамалында (V-VIIғғ.)
кездеседі.
Көптеген зерттеушілердің ойынша орталық бөлмені бойлай орналасқан
бөлмелер жүйесі қоймаларға тән. Алайда сәйкес жүйесі бар қызылсулық
ғимараттардың басым бөлігі тұрғындық сипатта болған. Қоймаға тек төменгі
деңгейлер ғана арналған еді.
Құрылымдық жоспарлаудың периметрлік жүйесі (бөлмелерді орталықты айнала
орналастыру) де Орта Азиялық құрылыстың дәстүрлі түрі болып есептеледі.
Ауланы орталық етіп салынған ғимараттар энеолиттен бері таныс. Мысалға
Бұқара маңындағы Қызыл-қыр ғимараты (б.з.д. I ғ.),Сурхандариядағы Қызылша
(б.з.д. 1,6 мыңж.), т.б. Сонымен қатар құрылыста камералық және секциялық
жүйелер де пайдаланылды.

Тұрғын үй архитектурасы

Қазақтың өзіне тән үйлері – шошала, қоржын үй, тіркеспе, тоқалтам,
қыстық, дүкен, шарбақ үй, жертөле, әлшек ғылым мен мәдениет үшін ең алдымен
бізде қалыптасқан сәулет өнерінде қаңқаның (қабырғаның), төбежабының
(итарқаның), ұстынның (бағананың), есік-терезе ойықтарының құрастырма
бөлшектердің орнығу үрдісін, құрылыс тәсілдеріндегі, материал таңдауындағы
жапсарбастағы түбегейлі өзгерістерді, қазақ құрылысшыларының үй тұрғызуда
ұқыптылық көрсете білгенін айқындайтындығымен құнды.
Сыр бойының отырықшы және жартылай отырықшы халқының бірінде өздері
тұрып, екіншісінде қонақ күтетін ортасы дәлізбен ажырасатын екі бөлмелі
қоржын үйі (мұны қоржын іспетті болғандықтан осылай атаған), оның өн
бойына түнек (қойма), салатыны археологтар пікірін растайды.
Профессор М.Мендіқұлов қазақ арасында кеңінен тараған тұрғын жайдың
негізгі екі түрінен – далалық қыстаудан, ондағы ауыз үй, оттық үй,
жатақ үй, қонақ үй тіркеспесінен де, Оңтүстіктің қарсы есіктісінен де
қоржын іспетті ұядан тұратын баспана сұлбасын ашқан. Оның үстіне кенді
Алтайдың орманды алқабында тұратын түркілердің ағаштан қиыстырып тұрғызатын
төрт қабырғалы қыстағына да, бес қабырғалы дүкеннен де, оларға
тіркестіре орналастырылған шарбақ үйінен де, тіпті Арал мен Каспий
балықшыларының лашығынан да қоржын үй сарыны байқалады.
Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі тұрғын үйлер көбіне бір бөлмелі, екі
бөлмелі, сирек жағдайда үш бөлмелі болып келеді. Бөлмелердің саны иесінің
дәулетіне байланысты болған.Төбесін жабудың дәстүрлі тәсілі байқалады.
Үлкен бөлмелердің дарбаза түрінде келген төбесін төрт бағанға
орналастырылып, шаңырағының түтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыр бойының орта ғасырлық қалалары
XX ғасырдағы Қазақстандағы археологиялық ескерткіштердің зерттелуі мен қазба жұмыстары
Қоныстар арасындағы жолдар мен шоқпақ жолдар
Ұлы Жiбек Жолы жайлы
Орталық Қазақстан ерте көшпелілерінің әлеуметтік құрылымы
Көне түркі тілі – түркі халықтарының алғашқы жазба - әдеби тілі
Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері
Қазақстан территориясындағы тарихи-мәдени ескерткіштер
Қазақстан жеріндегі сақ дәуірі ескерткіштері
Шымкент қаласының жергілікті маңызы бар археологиялық ескерткіштерінің тарихы мен сақталу мәселелері
Пәндер