Сақтандыру жүйесі



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ . ТАРИХЫ, МӘНІ, ТҮРЛЕРІ.
1.1 Сақтандыру тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Сақтандырудың әлеуметтік және экономикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 Жалпы сақтандыру . мәні мен негізгі түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2 БӨЛІМ. ЖАЛПЫ САҚТАНДЫРУ ПРАКТИКАСЫ
2.1 Жалпы сақтандырудың елдегі ахуалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 Қазіргі жағдайдағы жалпы сақтандыруды ұйымдастырудың ерекшеліктері мен қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.3 Қазақстандағы сақтандыру нарығы және оны дамыту бағыттары ... ... ... ... .22

3 БӨЛІМ. ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕДЕГІ САҚТАНДЫРУ
3.1 Шетелдегі сақтандыру ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
3.2 Шетел сақтандыру нарығының көрінісі (АҚШ, Ұлыбритания, Германия мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
3.3 ТМД елдерінің сақтандыру үрдістеріндегі соңғы тенденциялары ... ... ... ... .34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
Мемлекеттің қалыпты даму жағдайларының бірі нарықтық қатынастарды дамыту жағдайларында қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты мемлекет қолайсыз оқиғалар, табиғат апаты және апаттар болған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектілердің және азаматтардың шеккен зияндары мен шығындарын өтеу жауапкершілігін өзіне алмайтын болады.
Сақтандыру тәуекелдерді басқару әдісі ретінде кәсіпорындар мен азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғауға, кәсіпкерліктің қауіпсіздігіне және тұрақтылығына ықпал етеді. Сақтандырудың рөлі әсіресе экономикалық реформаларға қатысты маңызды, өйткені ол нарықтық қатынастарды және іскер белсенділікті дамытуға ынталандырады, инвестициялық ахуалды жақсартады. Сақтандыру тәуекелдердің қайта бөлінуіне ықпал ете отырып, экономиканың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан сақтандырудың ұлттық жүйесін дамыту - нарықтық инфрақұрылымын жасау саласында стратегиялық міндеттердің бірі болып табылады.
Әлемдік тәжірибе қоғамың әлеуметтік шығыстары мен сақтандыруды дамыту деңгейі арасындағы өзара тығыз байланыстың бар екендігінің куәсі болады.
Егер біздің мемлекетіміз құрыла бастаған бастапқы кезеңде қоғам сақтандыруды қажет етпеген болса, бүгінгі күннің өзінде Қазақстанда сақтандыру экономикалық қатынастардың бөлінбес бөлігіне айналу белгілері байқала бастады. Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін сақтандыру Қазақстанда сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Ал қазіргі уақытта Қазақстан экономикасында сақтандыру дамуының сақтандыру институты әлеуметтік экономикалық жүйенің органикалық элементі ретінде біртіндеп дамыған алдыңғы қатарлы елдерден айырмашылығы оның едәуір жылдам қарқынды болуын талап ететінін атап кеткен жөн. Қазіргі уақытта, өте қажеттілік туындаған кезде қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде сақтандырудың мәні зор екендігі сезіледі.
Ал, сақтандыру сыныптамасында жалпы сақтандырудың мәні зор. Себебі, мүліктік және тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қаупі, жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сол себептен, жалпы сақтандыруды талдау, толық саралау қай уақытта болмасын, қай елдің болмасын сақтандыру нарығын дұрыс бағалауға мүмкіндік беретін ең маңызды мәселе болмақ. Осы мәселені қыр-сырынан қарастыру курстық жұмысымның негізгі мақсаты болып отыр.
Жұмысты орындауда тақырыпты толық ашу үшін бірнеше міндеттер қойылды. Сол міндеттердің алғашқысы – сақтаныруды тарихи тұрғадан сипаттауда біріншіден сақтандырудың әлемдік деңгейде пайда болуын, кейіннен қазақ даласындағы алғашқы сақтандыру үрдістерін талдау. Ал, келесі міндет, сақтандырудың әлеуметтік және экономикалық негіздерін сипаттау, сол тұрғыда, сақтандырудың бірнеше (30-ға жуық) анықтамаларына тоқталу.
1. «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы №126-ІІ Заңы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі./40 тарау.
3. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003 – 2015 жылдарға арналған стратегиясы.
4. Страхование и управление риском. /Терминологиялық сөздік/ М.: Наука 2000.
5. Даль В.И. /Толковый словарь живого великорусского языка./ М., 4том/1980ж.
6. Ожегов С.И./ Словарь русского языка./ М./1978.
7. Воблый К.Г. Основы экономии страхования / М./1995.
8. Воблый К.Г. Основы экономии страхования. - Киев: 1915.
9. Б.Ю.Сербиновский; В.Н, Гарькуша/ Страховое дело/ Растов-на-Дону/ 2006.
10. Шахов В.В. /Страхование/ М./1997.
11. Под редакцией профессора Рейтмана Л.И./Страховое дело/М./1992.
12. К.Жуйрееков; И.Назарчук; Р. Жуйрееков./Страхование: теория, практика и зарубежный опыт./А./2000.
13. В.Д. Ли/ Финансы в вопросах и ответах/А./2004.
14. В.Д. Мельников/ Основы финансов/ А./2005.
15. С.Құлпыбаев/ Қаржы/ А./2007.
16. Қаржы-қаражат /31-37 бб./№1/2008.
17. Қаржы-қаражат/ 41-51 бб./№3/2007.
18. Қаржы-қаражат/36-40 бб./№2/2005.
19. Қаржы-қаражат/79-83 бб./№5/2007.
20. Хабаршы/23-26 бб./№3/2006.
21. Банки Казахстана/52-55/№7/2007.
22. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің статистикалық биллютені/қаңтар 2008.

Пән: Сақтандыру
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ – ТАРИХЫ, МӘНІ, ТҮРЛЕРІ.
1.1 Сақтандыру
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5
1.2 Сақтандырудың әлеуметтік және экономикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... 7
1.3 Жалпы сақтандыру – мәні мен негізгі
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

2 БӨЛІМ. ЖАЛПЫ САҚТАНДЫРУ ПРАКТИКАСЫ
2.1 Жалпы сақтандырудың елдегі
ахуалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4
2.2 Қазіргі жағдайдағы жалпы сақтандыруды ұйымдастырудың ерекшеліктері мен
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Қазақстандағы сақтандыру нарығы және оны дамыту
бағыттары ... ... ... ... .22

3 БӨЛІМ. ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕДЕГІ САҚТАНДЫРУ
3.1 Шетелдегі сақтандыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29
3.2 Шетел сақтандыру нарығының көрінісі (АҚШ, Ұлыбритания, Германия
мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
3.3 ТМД елдерінің сақтандыру үрдістеріндегі соңғы
тенденциялары ... ... ... ... .34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .40

КІРІСПЕ

Мемлекеттің қалыпты даму жағдайларының бірі нарықтық қатынастарды
дамыту жағдайларында қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты мемлекет қолайсыз оқиғалар,
табиғат апаты және апаттар болған жағдайда шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және азаматтардың шеккен зияндары мен шығындарын өтеу
жауапкершілігін өзіне алмайтын болады.
Сақтандыру тәуекелдерді басқару әдісі ретінде кәсіпорындар мен
азаматтардың мүліктік мүдделерін қорғауға, кәсіпкерліктің қауіпсіздігіне
және тұрақтылығына ықпал етеді. Сақтандырудың рөлі әсіресе экономикалық
реформаларға қатысты маңызды, өйткені ол нарықтық қатынастарды және іскер
белсенділікті дамытуға ынталандырады, инвестициялық ахуалды жақсартады.
Сақтандыру тәуекелдердің қайта бөлінуіне ықпал ете отырып, экономиканың
тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан сақтандырудың ұлттық
жүйесін дамыту - нарықтық инфрақұрылымын жасау саласында стратегиялық
міндеттердің бірі болып табылады.
Әлемдік тәжірибе қоғамың әлеуметтік шығыстары мен сақтандыруды дамыту
деңгейі арасындағы өзара тығыз байланыстың бар екендігінің куәсі болады.
Егер біздің мемлекетіміз құрыла бастаған бастапқы кезеңде қоғам
сақтандыруды қажет етпеген болса, бүгінгі күннің өзінде Қазақстанда
сақтандыру экономикалық қатынастардың бөлінбес бөлігіне айналу белгілері
байқала бастады. Республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін сақтандыру
Қазақстанда сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Ал қазіргі уақытта Қазақстан
экономикасында сақтандыру дамуының сақтандыру институты әлеуметтік
экономикалық жүйенің органикалық элементі ретінде біртіндеп дамыған алдыңғы
қатарлы елдерден айырмашылығы оның едәуір жылдам қарқынды болуын талап
ететінін атап кеткен жөн. Қазіргі уақытта, өте қажеттілік туындаған кезде
қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі ретінде сақтандырудың мәні зор екендігі
сезіледі.
Ал, сақтандыру сыныптамасында жалпы сақтандырудың мәні зор. Себебі,
мүліктік және тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда,
оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы сақтандыруға жатады. Мұндай
сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қаупі, жетіспеуі немесе бүлінуі және
өзге мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сол себептен, жалпы сақтандыруды талдау, толық саралау қай уақытта
болмасын, қай елдің болмасын сақтандыру нарығын дұрыс бағалауға мүмкіндік
беретін ең маңызды мәселе болмақ. Осы мәселені қыр-сырынан қарастыру
курстық жұмысымның негізгі мақсаты болып отыр.
Жұмысты орындауда тақырыпты толық ашу үшін бірнеше міндеттер қойылды.
Сол міндеттердің алғашқысы – сақтаныруды тарихи тұрғадан сипаттауда
біріншіден сақтандырудың әлемдік деңгейде пайда болуын, кейіннен қазақ
даласындағы алғашқы сақтандыру үрдістерін талдау. Ал, келесі міндет,
сақтандырудың әлеуметтік және экономикалық негіздерін сипаттау, сол
тұрғыда, сақтандырудың бірнеше (30-ға жуық) анықтамаларына тоқталу. Негізгі
міндеттердің бірі – Жалпы сақтандыру саласына толық сипаттама беріп,
сыныптамаларын айтарлықтай анық етіп талдау.
Сақтандырудың практикасын сарарлауда жалпы сақтандырудың елдегі ахуалын,
қазіргі жағдайдағы сақтандыру нарығын, олардың ұйымдастырылу ерекшеліктері
мен қағидаларын және даму бағыттарын қарастыру міндет етіп алынады.
Сақтандырудың шетелдегі тәжірибесін анықтаудағы негізгі міндеттер – АҚШ,
Ұлыбритания, Германия сынды алып елдерді мысалға ала отырып, шетелдердегі
сақтандыру ісінің ерекшеліктерін, сақтандыру нарығының ахуалы мен оған әсер
еткен негізгі оқиға – 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі АҚШ-тағы террактілерді
қарастыру, сонымен қатар, Қазақстандағы сақтандыру ісіне баға беру үшін,
бір кездерде ұқсас өмір кешкен ТМД елдерінің сақтандыру істері үрдістерін
салыстырмалы түрде сипаттау болып отыр.

1 БӨЛІМ. САҚТАНДЫРУ – ТАРИХЫ, МӘНІ, ТҮРЛЕРІ.

1. Сақтандыру тарихы

Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандырудың түптамыры ғасырлар
тереңінде жатса да, ежелгі заманнан бері кемелер мен жүртерге байланысты
тәуекелдерді бөлуде әділдікке жету әрекеттері жасалғаны белгілі. Мысалы,
б.з.д. 3- мыңжылдықта вавилондықтар теңіз ісіне берілетін қарыз жүйесін
құрастырған және оның өзіндік ерекшелігі – егер іс шығынға ұшыраған болса
немесе жүзеге аспаған жағдайда қарыз қайтарылмайтын. Бұл жүйе Ежелгі
Грецияда әйгілі болуымен қоса, ежелгі дүние де кең таралған құбылыс.
Бұдан басқа, міндеттемелерді әділетті бөлудің ежелгі әрекеттерінің бірі
– қазіргі күнгі сақтандыру тарифтері тұрғысына сай келетін жалпылама
орташалау деп аталған жүйе б.з.д. 916 ж. Родада бекітілген заңнан көрініс
тапқан.
Қазіргі күнге дейін сақталған сақтандыру полистерінің ең ежелгісі Санта-
Клара атты кемемен Генуиден Майоркаға дейін қатынаған теңіз круизіне
байланысты шығарылған болатын. Теңіз арқылы тасымалдау ісін сақтандырудың
түпкілікті реттілігі ХVI ғ. аяғында анық белгіленіп, 1601 жылы бекітілген.
Саудагерлер арасындағы сақтандыру істерімен байланысты Акт деп аталған
Парламенттік актты Сэр Роджер Бекон өзі әзірлеген болатын.[11]
Алғашқы полистерге назар аударсақ, сақтандырушылардың жеке тұлғалар
болғанын көреміз, яғни ұзақ уақыт бойы бұл бизнес жеке іс немесе мамандық
ретінде емес, сауда операцияларының бөлігі ретінде әрекет еткен. Бірақ,
XVII ғ-ғы сауда көлемінің кеңеюі кейбір саудагерлердің тез арада алғашқы
сақтандырушы мамандар ретінде қызмет көрсете бастауына әкелді. Жүзжылдықтың
екінші жартысында Сити-Лондон ауданындағы Ллойдтың кафе лавкасында
орнатылған теңіз істері туралы мәліметтері жазылған жарнамалар тақтасының
маңы сақтандырушылардың бір шаңырақ астында жиналатын орталығына айналды.
Бұл қазіргі күнгі Ллойд корпорациясы деген атаумен мәлім болған алғашқы
сақтандыру нарығын құруға түрткі болды.[10]
Тарихтың беттерін ары қарай аша отырып, мынадай мәліметтердің тізбегін
жасап шығуға болады:
- 1667 ж. Норгесс Брандкассе атты Кристиания қаласында құрылған
компанияны өрттен сақтандыру ісінің бастамасы деп атауға болады.
- 1706 ж. Достық қоғамы деп аталған өмірді сақатандырумен айналысатын
алғашқы компания құрылған болатын.
- 1720 ж. үй жануарларын сақтандыру, тонау мен ұрлықтан, қарызды
қайтармау жағдайларынан, сондай-ақ иелерінің құлдарынан көрген
шығындарынан сақтандыратын компаниялар құрылды.
- 1840 ж. апаттан сақтандырудың алғашқы кепілдік ұйымы құрылды.
Қазақ даласындағы сақтандыру істерінің дамуы да бірнеше тарихи
кезеңдерді басынан өткерді. Ресей империясының құрамына кірген революцияға
дейінгі Қазақстан территориясындағы сақтандырудың дамуы мен таралу деңгейі
туралы нақты мәліметтер жоқ. Сол уақыттағы жергілікті халықтың өмір сүру,
шаруашылық жүргізу деңгейлері, экономиканың, өндіріс күшінің төменгі
дәрежесі сақтандырудың етек жаюына жағдай жасай алмады. Қазақстан
экономикасына, күнделікті өміріне, сақтандырудың ене бастау уақытын шамамен
революциядан кейінгі мерзімге телиміз.
Қазан революциясынан кейін Ресейдегі сақтандыру ісі ұлттандырылды.
Ресей республикасындағы сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы 1918 ж. 28
қарашадағы РСФСР Совнаркомының декретіне сай ұлттандыру сақтандыруға
монополия енгізумен аяқталды. Жеке ұлттық сақтандыру компаниялары мен
шетелдік сақтандыру компаниялары, өзара сақтандыру ұйымдары біріктіріліп,
сол уақытқа дейін жүзеге асырылып келген сақтандыруы жүргізу формасы
жойылды. Бірақ, азаматтық соғыс, әскери коммунизм саясаты мен шаруашылық
қатынастарын натуралдандыру салдарынан декретті жүзеге асыру үш жылдан
кейін ғана мүмкін болды. Сақтандырудың қайта жандануына объективті
факторлар әсері негіз болды. 1921 ж. жаңа экономикалық саясат жүргізіле
бастады, яғни экономикалық өмірге нарықтық қатынастар элементтері ене
бастады.
Сақтандыруды ұйымдастыру мен жүргізудің жалпы формаларын құру 1921 ж. 6
қазандағы Мемлекеттік меншікті сақтандыру туралы Совнаркомның декреті
арқылы жүзеге асты.
Совнарком РСФСР-дің селолық, қалалық, барлық жерлерінде меншікті өрттен,
тонаудан, апат жағдайынан сақтандыруды ұйымдастыруды бекіткен болатын.
Бастапқы уақытта мүлікті ерікті түрде сақтандыру енгізілсе, кейіннен
мемлекеттік міндетті сақтандыруды енгізу жоспарланды.
1921 ж. 16 желтоқсанда Наркомфин РСФСР губерниялары мен автономды және
одақтас республикаларында мемлекттік сақтандырудың уақытша нұсқауын
бекітті.
Қырғыз (Қазақ) КСРО территориясында сақтандыруды ұйымдастырудың реті
1921 ж-ң 14 желтоқсанында КСРО Совнаркомы бекіткен мемлекеттік меншікті
сақтандыру туралы қаулысымен анықталды және бұл 1921 ж. 16 желтоқсандаға
уақытша нұсқауға сәйкес құрылды.
Қазақ КСРО-ғы мемлекеттік сақтандыру алғашқы қадамдарынан-ақ елдегі ауыр
экономикалық ахуалмен, халықтың төменгі төлем қабілеттілігімен, сақтандыру
ісінің мамандарының жетіспеушілігімен байланысты өткелсіз қиындықтарға тап
болды.
Бірінен соң бірі жүргізілген сақтандыру жүйесін қайта ұйымдастыру
шараларының көмегі болмады. 1922 ж-ң ортасында республикада РСФСР
Госстрахының басқармасының тікелей бақылауы енгізілген болатын.
1926 ж. Қазақ АКСР-і құрылған соң Госстрахтың басқаруы ұйымдастырылды,
оның ішінде Қазақ АКСР-ң Росгосстрахының біріккен басқару конторасы
құрылды. Губерниялық конторалар жойылып, олардың орындарына губерниялық
агенствалар, уездерде уездік агенствалар қалыптасты.
1928 ж-ның наурызында Біріктірілген контора орнына Басқару конторалары
Госстрахтың аймақтық конторасы болып қайта ұйымдастырылды.
Осы уақытта Қазақ КСР-де сақтандыру түрлері қалыптаса бастаған болатын.
Олар – құрылысты, мал шаруашылығын, егістікті, көлік құралдарын, күтпеген
жағдайлардан өмірді, кепілдікті міндетті және ерікті сақтандырулар.
1933 ж. 8-наурызда Алматыда Госстрахтың қазақтық басқаруы, облыстарда –
басқару, аудандарда – Госстрах инспекциялары ұйымдастырылды.
1968 ж-ң сәуірінде жұмысшыларға, қызметкерлер мен колхозшыларға
сақтандыру төлемдерін қолма-қол ақшасыз төлеуді енгізу сақтандырудың барлық
түрдерінің дамуына жетелеген күшті түрткі іспеттес болды.
Осыған байланысты 1969 ж-ң өзінде өмірді сақтандыру төлемдерінің сомасы
2 есеге өсті. 1991 жылы Қазақстан Республикасында сақтандырудың барлық
түрлерінің төлемдерінің жинақталған сомасы 1447 млн рубльді құрады, оның
ішінде 658,2 млн-і халық арасындағы ерікті сақтандыру төлемдері еді.
1991 ж-ң мамырында Қазақ КСР-ң Министрлер кабинетінің қаулысы бойынша
Госстрах органдары өзінің тарихында алғаш рет Қаржы министрлігінің
басқаруынан босатылып, Мемлекеттік Коммерциялық сақтандыру компаниясы болып
қайта құрылды.[9]
Жоғарда айтылғандардың жалпылама түрін мына кестеден көруге болады:

1-кесте. Қазақстандағы сақтандыру ісінің даму тарихы.[16]

2. Сақтандырудың әлеуметтік және экономикалық негіздері

Сақтандырудың тарихи дамуын қарастырып өткеннен кейін заңды түрде
туатын сұрақ – сақтандыру дегеніміз не? Бұл сұрақтың оңай естілгенімен,
оған оңтайлы жауап табу өте қиын. Қазіргі кездегі көптеген оқулықтарда
Қазақстан Республикасында сақтандыру ісін ұйымдастыру туралы Заңдағы
анықтама ғана қөрсетіледі. Бірақ сақтандырудың дәл анықтамасын табу
қиындығы соншалықты, бүкіл әлем заңгерлері мен экономистері 150 жылдан
астам уақыт бойы сақтандырудың барлық нұсқаларын қоса отырып, ешбір артық
қыры болмайтындай анықтамасын таба алмай келуде. Бұған көз жеткізу үшін
30-ға тарта анықтаманы қарастырып өтейік:
1) АҚШ Заңнамасы бойынша:
Сақтандыру – өзара келісім негізінде бірнеше жеке субъектілердің
тәуекелді қысқарту үшін тәуекел құқығын сақтандырушыға берудің ресми
әлеуметтік механизмі.[4]
2) Э. Шаффле бойынша:
Сақтандыру – әр түрлі меншіктік және жеке сақтандырулар түпкі
негіздемесінде шығындарды жабу үшін сақтандырушылардың бірігуін
білдіреді.[4]
3) В.И. Даль сөздігі бойынша (1863 ж):
Сақтандыру – қорқынышқа жауап ретінде мүлікті біреудің қоластына беру,
яғни, бір заттың бүтіндігін қамтамасыз ету мақсатымен белгіленген сомадан
мерзім бойынша төлеп отыру.[5]
4) Ребу бойынша (1863 ж):
Сақтандыру – адами қоғамдағы тосын жағдайларды болдырмау. Сақтандырудың
мақсаты – жазатайым жағдайдың ауқымды күшік жоққа теңестіру.
5) Е. Геррман бойынша (1869 ж):
Сақтандыру – адамның әрекетінен тыс және табиғи, ұйымның күші
әрекеттерінен болатын шығындар мен апаттарды болдырмау үшін құрылатын
ресурстарды пайдалану.
6) И. Степанов бойынша (1875 ж):
Сақтандыру – тосын жазатайым жағдайдан мүмкін болатын құндылықтардың
бұзылуын болдырмау үшін арнайы қорларды құрумен сипатталатын өзіндік
шаруашылық әрекет.
7) Профессор П.А. Никольский бойынша (1895 ж):
Сақтандыру – тосын жағдайлар салдарынан құрылатын (жойылатын) жеке
шаруашылық құндылықтарын өтеудің сол уақыт аралығындағы болуы мүмкін
залал көлемінде қаражаттарды бөліп отыру арқылы жүзеге асырылатын әдісі.
[9]
8) Гобби бойынша (1898ж):
Сақтандыру – болашақ, белгісіз және тосын қажеттіліктерді көптеген
тұлғалар арасында бөлу болып табылады.[4]
9) Брокгауз бен Ефрон бойынша (1901 ж):
Сақтандыру – белгілі жағымсыз жағдайлардан жеке шаруашылықтарды сақтау
үшін, сонымен қатар бір уақыттық немесе ұдайы төлемдерді төлеп отыруға
бағытталған шаруашылық әрекеттің ерекше түрі.
10) Никлаус бойынша (1902 ж):
Сақтандыру нысаны қаражатты сақтандырылған көп шығынның арасынан залал
келтірілген біреуіне бөлу болып табылады. Ал шығын ауыртпалығы барлық
қатысушылар арасында теңдей бөлінеді.
11) Колер бойынша (1910 ж):
Сақтандыру – бізге күресуге тура келіп отырған күтпеген, тосын
қалыптасатын жағдайларды логиканың жеңуі, өмірдің қатігез күштерін адамның
ойлау қабілеті арқылы жеңуі.
12) М. Вольф бойынша (1914 ж):
Сақтандырудың барлық белгілі түрлерінің негізгі мақсаты – шығынды өтеу.
Бүлікті сақтандыру мен жеке басты сақтандыру арасындағы айырмашылық
мынадан көрінеді: мүлікті сақтандыруда жеке, нақты шығын өтелсе, жеке
басты сақтандыруда орташа, қалыпты залал өтеледі.
13) Г. Гойхбарг бойынша (1914 ж):
Сақтандыру – бір жақтың (сақтандырушының) белгіленген оқиға орын алғанда
болашақ қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен екінші жақтан төленетін
әрекеттермен жүзеге асырылатын мәміле.
14) Идельсон бойынша (1914 ж):
Сыйақы алу туралы сақтандыру мәмілесі дегеніміз – мәміледегі қарастырылған
оқиға болғанда орын алуы мүмкін мүліктік шығынды жабу үшін бір
контрагенттің (сақтанушының) белгіленген сыйақыны басқа контрагенттен
(сақтандырушыдан) алу құқығына ие болуды қарастыратын сауда келісімі.
15) Д.Д. Морев бойынша (1914 ж):
Экономикалық көзқарас бойынша, сақтандыру тосын және қайтарылуы мүмкін
емес апаттар кезінде өз шығындарын жабуға арналған мүліктің бөлігін
қайтарымсыз тұтыну түрі.
16) Академик В.К. Воблом бойынша (1915 ж):
Тосын жағдай орын алған уақытта қажеттіліктерді өтеу мақсатындағы
шаруашылық әрекеттің түрі.[7]
17) Шахт бойынша (1916 ж):
Сақтандыру – бұл әр түрлі жағдайлар әсерінен пайда болатын шығындарды жабу
құралы.
18) Манэс бойынша (1924 ж):
Сақтандыру – тосын пайда болатын, мүліктік қажеттілік бағалауына жататын
шығындарды жабуды нысана етіп алған және өзара түсінушілікке негізделген
шаруашылық операция болып табылады.
19) Эмар бойынша (1925 ж):
Сақтандыру – өз мойнына тәуекелдер жиынтығын алып, оларды статистика
заңдылықтарымен теңестіретін сақтандырушының белгіленген тәуекел орын
алғанда екінші жаққа сыйақы төлеу операциясы.
20) Мариенер бойынша:
Сақтандыру – бұл тосын, статистикалық өлшемді жағдай орын алғнда
шаруашылық шығындарды болдырмау немесе капиталды қысқартуды ескерту
әрекеттері арқылы жүзеге асырылатын жеке немесе ұйымдық қажеттіліктерді
қанағаттандыруды міндет етіп алатын, өзара көмек қағидасында құрылатын
шаруашылық ұйым.
21) Шофтон бойынша:
Сақтандыру – бұл статистика заңдылығы бойынша ұйымдастырылатын әрекетті
өзара қолдау арқылы өтеу.
22) Гебауэр бойынша:
Сақтандыру деп болашақта болжанбаған, шаруашылыққа зиян келтіруі мүмкін
жағымсыз жағдайларға қарсы шаралар қолданатын барлық акттар мен ұйымдарды
айтуға болады.
23) Бремер бойынша:
Сақтандыру дегеніміз – қызығушылық танытқан тұлғаның мірінен тыс, белгілі
оқиға орын алған жағдайда сақтанушыға белгілі бір соманы төлеу міндетін
сақтаушының өз мойнына алуы.
24) Крост бойынша:
Сақтандыру дегеніміз – қайтарымды жабу мақсатындағы тәуекелдердің
біріктірілуі.
25) De Lalande бойынша:
Сақтандыру дегеніміз – жеке тұлғаға және мүлікке зиян келіруі мүмкін әр
түрлі тосын жағдайларды түзетуге арналған құрал.
26) Бехер бойынша:
Сақтандыру шаруашылық өмірде орын алатын жағымсыз жағдайлар салдарын жабу
мақсатына негізделеді.[5]
27) С.И. Ожегов сөздігі бойынша (1949 ж):
Сақтандыру – арнайы мекемеге болуы мүмкін шығынның орнын жабуда мерзім
бойынша қаржылық салымдарды төлеп отыру.[6]
28) В.В. Шахов бойынша (1991 ж):
Сақтандыру – көптеген тұлғалар арасында бөлу (сақтандыру жиынтығы) арқылы
заңды немесе жеке тұлға көрген шығындарын өтеу әдісі.[10]
29) Е.В. Коломин бойынша (1997 ж):
Сақтандыру деген ауқымды түсінікке арнайы қорларды жеке және заңды
тұлғалар салымдары есебінен құрып, осы қорларды олардың өміріндегі немесе
іс-әрекеттеріндегі әр түрлі жағымсыз оқиғалар орын алған кезде, сонымен
қатар сақтандыру шартында көзделген жағдайларда сол немесе шығынға
ұшыраған тұлғаларды төлемдермен қамтамасыз ету үшін қолдану әркеттерімен
сипатталатын экономикалық қатынатар.
30) Қазақстан Республикасының Заңнамасы бойынша:
Сақтандыру дегеніміз, сақтандыру қйымы өз активтері есебінен жүзеге
асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген
сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе
заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты
қатынастар кешені.[1]
Cонымен, сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың
төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде.
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен, жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып
табылады, қалған барлық жағдайда сақтандыру ісін экономикалық жүйе
шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу үрдістерін жүзеге
асыратын арнаулы қаржы-несие институты ретінде қарауға болады. [13] Ал
сақтандыру нысандарын міндеттілік дәрежесі бойынша ерікті және міндетті
сақтандыруға, сақтандыру объектісі бойынша жеке және мүліктік сақтандыруға,
сақтандыру өтемін жүзеге асыру негіздері бойынша жинақтаушы және жинақтаушы
емес сақтандыруға жіктеуге болады. Сонымен қатар, сақтандыру қатынастарының
бір бөлігі – қоғамдық қорғау жүйесіндегі ақша арналымдары, екінші бөлігі -
әлеуметтік қамсыздандыру қорлары, үшінші бөлігі - жалпы сақтандыру мен
өмірді сақтандыру және шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін мүліктік
сақтандыру. [15]

3. Жалпы сақтандыру – мәні мен негізгі түрлері

Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен
лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және
түрлерге бөлінеді. Сақтандыру ұйымының қызметі өмірді сақтандыру саласы
және жалпы сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады.
Мүліктік және тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса
алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы сақтандыруға жатады.
Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қаупі, жетіспеуі немесе бүлінуі
және өзге мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады. [14]
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
кіріктіреді:
1. жазатайым жағдайлардан және ауырған жағдайдан сақтандыру;
2. медициналық сақтандыру;
3. автомобиль көлігін сақтандыру;
4. темір жол көлігін сақтандыру;
5. әуе көлігін сақтандыру;
6. су көлігін сақтандыру;
7. жүктерді сақтандыру;
8. мүлікті залалдан сақтандыру;
9. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;
10. автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
11. темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін
сақтандыру;
12. әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
13. су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
14. тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
15. шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
16. 1-14 тармақтарын қоспағанда зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық
жауапкершілікті сақтандыру.[1]
Жалпы сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс
үрдісіндегі залалдың орнын, егер ол үрдіс дүлей апат пен басқа төтенше
немесе күтпеген оқиғалар нәтижесінде бұзылса – толтырумен байланысты.
Залалдың отнын ынтымақтастық негізде сақтандыру қатынастарына
қатысушылардың төлейтін сақтандыру жарналары есебінен толтырылады.
Сонымен, мүліктік және тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық
жауаптылықты қоса алғанда оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы
сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу)
қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге мүліктік игіліктер мен
құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері
сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру
келісімшарты жарамсыз болады.
Жалпы сақтандыру мағынасын толық ашып өту үшін сыныптамаларын сипаттап
өтейік.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру, сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіптік жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда оның қосымша шығыстарын
тіркенлегн сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру
төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Медициналық сақтандыру, сақтандырылушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет
көрсетулерді сұраған жолданымдарынан туындаған шығыстарын ішінара немесе
толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Көлік құралдарын сақтандыру, көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы
болып табылады.
Жүктерді сақтандыру, жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соның ішінде жүктерді тасымалдау әдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде
сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге
байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе және
су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдалуы немесе жойылуы, ұрлануы
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде
сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің
жиынтығы болып табылады.
Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру,
үшінші тұлғаға өзі көлік құралдарын пайдалануға байланысты келтірген зиянын
міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды
ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, көлік
құралдарын тасымалдаушы ретінде өзі пайдалануына үшінші тұлғаға келтірілген
зиянын өтеу міндеттемесімен байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы
болып табылады.
Қарыздарды сақтандыру сақтандырушының (қарыз алушының) кредитор
алдындағы міндеттемелерін орындамауы салдарынан кредиторға шығын келтірілуі
кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Ипотекалық сақтандыру ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша кепілдік мүлік
болып табылатын тұрғын үйдің нарықтық құны төмендеген жағдайда қарыз
алушының ипотекалық тұрғын үй қарызы келісімшарты бойынша мүдделерді
орындамауы салдарынан кредитордың мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды
ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру
көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру берілген Кепілдіктер мен
кепілдемелерді орындау міндеті салдарынан кепілдік немесе кепілдеме берген
тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі
мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Басқа қаржы шығындарынан сақтандыру қаржы-шаруашылық қызметін жүзеге
асыру нәтижесінде жұмыстан айырылу, кірісті жоғалту, қолайсыз табиғи
құбылыстар, үздіксіз, болжанбаған шығындар, нарықтық құнын жоғалту және
басқа да шығындар салдарынан шығын келтіру кезінде сақтандыру төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Сот шығындарын сақтандыру сақтанушының (сақтандырылушының) соттың істі
қарауына байланысты олардың көтерген шығындары салдарынан шығындануы
кезінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру
түрлерінің жиынтығы болып табылады.[15]
Қорытындылай келе, жалпы сақтандыру саласындағы қызметін өмірді
сақтандыру саламындағы қызметпен біріктіруге, жинақтаушы сақтандыру
нысанында жүзеге асыруға болмайтынын айта кету керек. Сондай-ақ жалпы
сақтандыру сыныптамасын дұрыс саралай білу, яғни оның іс-әрекет ету үрдісін
анық сипаттау арқылы жалпы сақтандыру нарығының жағдайына баға беруге,
тенденцияларын айқындауға және болашағын болжауға мүмкіндік беретіндігін
ұмытпау қажет.

2 БӨЛІМ. ЖАЛПЫ САҚТАНДЫРУ ПРАКТИКАСЫ

2.1 Жалпы сақтандырудың елдегі ахуалы

Жалпы сақтандырудың әр түрінің нарықтағы үрдісіне байланысты сақтандыру
нарығын бүгінгі күнгі даму жағынан жеделдігімен ерекшеленетін нарықтарының
бірі деп айта аламыз. Жалпы сақтандыру негізінен Қазақстан Республикасы
тұрғындарының арасында таңдаулы емес, бірақ кейбір түрлері, қанша уақыт
өтсе де, жоғарғы сұранысқа ие болуда.
TSN Gallup Media Asia компаниясы Қазақстанның 11 ірі қаласында жүргізген
соңғы сауалнамасы бойынша республикадк тұрғындардың 24%-ы ғана сақтандыру
компаниясының қызметін қолданғаны немесе қолдануды жоспарлағаны анықталды.
Осы тұрғыдан назарымызды диаграммаға аудара кетсек:

1-диаграмма. Сақтандыру қызметтерін қолданушылардың және қолдануды
жоспарлаушылардың әлеуметтік-демографиялық профилі.

Диаграммадан көретініміз, сақтандыру қызметтерін көбірек қолданатындар:
ер адамдар (әйел адамдармен салыстырға қарағанда); 45 тен 54 жас
арасындағылар, жоғарғы білім иелері, отбасын құрғандар, табыстылық деңгейі
жоғарылар ішінде сақтандыру қызметтерін көбірек қолданатындар таралған;
олардың көп үлесі Қостанай қаласына тиісілі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 40-қа тарта сақтандыру
компаниялары қызмет атқарады. Олардың ішіндегі әйгілілері – Валют-Транзит
Полис, Коммеск-Өмір, Мұнай сақтандыру компаниясы, ЦАСО және БТА болып
табылады.

2-кесте. Компаниялардың әйгілілік деңгейі.

Сақтандыру қызметтерін қолдануды жоспарлағандар ішінде 12%-ы ЦАСО
компаниясының қызметін, 5.7%-ы Мұнай сақтандыру компаниясының қызметін,
5,6%-ы БТА, 4,7%-ы Көлікті сақтандыру ұйымдарының қызметін қолдануды
қалайды. [24]
Яғни, көріп отырғанымыз жоғарыда айтылғандарды растайды.

2.2 Қазіргі жағдайдағы жалпы сақтандыруды ұйымдастырудың ерекшеліктері мен
қағидалары

Көптеген мәліметтерді зерттей келе, ғалымдардың айтатыны, нарықтық
экономикада сақтық ісіне мемлекеттің монополиясы бұзылған: мүліктік және
жеке басты сақтандырудың барлық түрлерін жүргізген бір ғана органның –
Мемлекеттік сақтандырудың орнына сақтандыру нарығында бірнеше сақтандыру
компаниялары, кәсіпорындар, меншіктің түрлі нысандарының қоғамдары
құрылды.қызмет сферасы сақтандырудың тәуекелдік түрлерін де қамтиды:
биржалық мәмілелерді, жүктерді, кредиттерді, коммерциялық, құқықтық және
басқа айрылықшылықты тәуекелдерді сақтандыру. [12]
Қазақстанда сақтандыру шет елде инвестицияларды және кспорттық
кредиттерді төлемеу тәуекелдігін сақтандыру қорларға қатыспайды. Осыған
байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше
сақтандыру ұйымдарының капиталданудың озық қарқынын ескере отырып, отандық
инвесторлар мен экспортшыларды сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында
мамандандырылған корпорацияны құру және оның жүмыс істеуі өте деркезділік
болып табылады. [17]
Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік
сақтандыру корпорациясы Қазақстан Республикасының даму инсттуттарының бірі
болып табылады, оның негізгі мақсаты – 2003-2015 жылдарға арналған
Индустриялдық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыруға жәрдемдесу.
Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд. Теңге
мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден-бір
акционері мемлекет болып табылады. Корпорация қызметінің негізгі бағыты –
бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси тәуекелдермен
байланысты зияндардан сақтандыруды қамтамасыз ету. Корпорация кспорттық
несиелер мен инвестицияларды сақтандыруды жүзеге асырады, сақтық төлемдерін
төлейді және контрагеннерден өтеу төлемдерін алады. Өз қызметтерінде
корпорация сондай-ақ сыртқы кономикалық қызметті жүзеге асыратын
кәсіпорындар мен ұйымдарға экспорттық несиелер мен инвекстициялық
сақтандырумен байланысты мәселелер бойынша кеңестік, маркетингтік және
ақпараттық қызметтер көрсетуді жоспарлайды.
Корпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар
кіреді: алушының дәрменсіздігі, өзара келісімшартты орындауға қатысушы
импорттаушы елінің немесе үшінші ел үкіметтері тарапынан экспорттаушыға
немесе инвесторға қатысты дискриминациялық сипаттағы шешімдер, іс-әрекеттер
импорттаушы елі үкіметінің шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға,
валтаны айырбастауға шектеу енгізуі; экстрополяциялау, мемлекет меншігіне
айналдыру, тәркілеу; революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және
т.с.с.
Сақтақ ұйымы бола отырып, корпорация Сақтақ қызметі туралы заңға
сәйкес іс-әрекет етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе
қайта сақтандырудың жеке келісімшарты бойынша сақтандырц ұйымының
міндеттемелерінің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтандыру
резервінің 10 %-ын құрайды. Тәуекелді сақтандыруға корпорация алатын
өлемінің әлуетін көбейту мақсатымен, сонымен қатар апаттық сипаттағы
оқиғалар кезінде төлем қабілетсіздігі тәуекелін болдырмау үшін жетекші
халықаралық қайта сақтандыру ұйымдарында тәуекелдерді ішінара қайта
сақтандыру практикасы жүзеге асырылады.
Сақтық келісімшарттарын жасауға және сақтандыру операцияларының
ннәтижелілігіне жетуге ынталы тараптардың өзара іс қимылы сақтандыру
нарығында жүргізіледі.
Сақтандыру нарығы ақшалай қатынастардың сферасы, онда сатып алу-сату
объектісі ерекше тауар - сақтық қызметі болып табылады және оған деген
сұраныс пен ұсыныс қалыптасады.[12]
Қазақстан Республикасы сақтандыру нарығының қатысушылары: сақтандыру
ұйымы; сақтандыру брокері; сақтандыру агенті; сақтанушы; сақтандырушы;
пайда алушы; актуарий; уәкілетті аудиторлық ұйым; өзара сақтандыру қоғамы;
сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңды
және жеке тұлғалар.
Сақтандыру қызметі сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жүзеге асыратын
кәсіпкерлік қызметтің негізгі түрі болып табылады; бұл қызметтен басқа ол
қызметтің мынадай түрлерін: инвестициялық қызметті; өмірді сақтандыру
саласында қызметті жүзеге асыратын тиісті жинақтаушы сақтандыру
келісімшартында көзделгенсатып алу сомасы шегінде өзінің сақтанушыларына
қарыз беруді (сақтандыру ұйымы үшін); сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының қызметтерін автоматтандыру үшін пайдаланылатын арнаулы
бағдарламалық қамтамасыз етуді сатуды; ақпарат берілімдерінің кез келген
түрлерінде сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі жөнінде арнаулы
әдебиеттерді сатуды; бұрын өз қажеттіліктері үшін сатып алынған немесе оның
қарамағын сақтандыру келісім-шарттарын жасауға байланысты келіп түскен
мүлікті сатуды немесе жалға беруді; сақтандыру қызметіне байланысты
мәселелер бойынша кеңестік қызмет көрсетуді; сақтандыру саласында
мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында оқуды ұйымдастыру мен
жүргізуді; сақтандыру агенті ретіндесақтандыру делдалы болуды; консорциум
немесе жай серіктестік құруға қатысуға; сақтандыру ұйымдары арасындағы не
сақтандыру ұйымдары мен ассистанс қызметін көрсететін өзге де заңды
тұлғалар арасындағы бірлескен қызмет туралы келісім-шарт негізінде жүзеге
асырылатын ассистансты; сақтандыру төлемдеріне кепілдік беружүйесіне қатысу
шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде көзделген
қызметтерді жүзеге асыруға құқылы.[15]
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыу қызметін (қайта сақтандыру
жөніндегі қызметті) жүзеге асыру құқығына лицензиясы, сақтандырудың белгілі
бір түрі бойынша жүзеге асырудың жалпы талаптарын айқындайтын сақтандыру
ережелері және ішкі ережелер болғанда ғана сақтандыру қызметін жүзеге
асыруға құқылы.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі ережелері:
1. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бөлімшелерінің құрылымын,
міндеттерін, функциялары мен өкілеттіктерін;
2. ішкі аудит қызметінің және басқа тұрақты жұмыс істейтін органдардың
құрылымын, мүшелерінің санын, міндеттерін, функциялары мен
өкілеттіктерін;
3. сақтандыу (қайта сақтандыру) ұйымының техникалық (сақтандыру),
инвестициялық, несиелік, операциялық, нарықтық және басқа да
тәуекелдерді басқару жүйесі;
4. құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттерін;
5. сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды тұлғалары мен
жұмыскерлері оның атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге
асырған кезде солардың өкілеттіктерін айқындайға тиіс;
Сақтандыру ережелерін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі
ережелерін директорлар кеңесі бекітеді. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы
өз штатында актуарийі болмаса, сақтандыру қызметін жүзеге асыруға құқылы
емес.
Сақтандыру ұйымдары таратылған жағдайда сақтандыру ұйымдары,
сақтанушыларға сақтық төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін қор құруға
құқылы.
Мемлекет Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы ғана сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшысы және акционері бола алады.
Жарғылық капиталының 50%-нан астамы мемлекетке тиісіліұйымдар сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдарының құрылтайшылары және акционерлері бола
алмайды.
Мемлекет өзі құрылтайшысы немесе акционері болып табылатын сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымының міндеттемелері бойынша, егер Қазақстан
Респубикасы заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оның жарғылық
капиталына салған қаражаты шегінде жауапты болады.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы міндетті түрде мынадай алқалық
органдар құра алады: директорлар кеңесі – басқару органы; басқарма –
атқарушы орган; тексеру коммисиясы – бақылау органы.
Сақтандыру ұйымдарының құрылтайшылары мен акционерлері сатып алатын
акцияларына ақшаны тек қана ұлттық валютамен төлеуге міндетті.
Құрылатын сақтандыру ұйымының жарғылық капиталының ең аз мөлшерін оның
құрылтайшылары мен мемлеттік тіркеуден өткізген кезге дейін толық төлеуі
тиіс.
Сақтандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар
болып табылады: Қазақстан Республикасында тұрақты сақтандыру жүйесін жасау
мен қолдау және ұлтық сақтандыру нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру;
сақтандыру нарығын реттеу және сақтандыру қызметін қадағалау; сақтандырудың
негіздерін заңдармен баянды ету; міндетті сақтандыру түрлерін, халқаралық
сақтандыру жүйесінде Қазақстан Республикасының қатысу қағидаттарын
белгілеу; сақтанушылардың, сақтандырушылардың және пайда алушылардың
құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.
Сақтандыру сферасындағы мемлекеттік саясатты іске асруды, сақтандыру
нарығындағы істің жайына мемлекеттік бақылау жасауды қамтамасыз етуді қоса,
уәкілетті орган және мемлекеттің өзге органдары өз құзыры шегінде жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде тікелей көзделген
жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды
адамдарының сақтандыру ұйымы мен сақтандыру брокерінің сақтандыру қызметіне
араласуына тыйым салынады.
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақтандыру нарығын реттеу
және сақтандыру қызметін қадағалау жөніндегі функциялар мен өкілетті
уәкілетті мемелкеттік орган жүзеге асырады.
Сақтандыру ұйымының және шоғырландырылған негізінде қадағалау жүзеге
асырылатын тұлғалардың төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын
қадағалау уәкілетті орган белгілеген пруденциялдық нормативтердің және
сақталуға міндетті өзге нормалар мен лимиттердің орындалуын немесе
сақталуын бақылау арқылы жүргізіледі.
Пруденциялдық нормативтерді уәкілетті орган белгілейді және оларды:
1. жарғылық капиталының ең аз мөлшері;
2. кепілдік қорының ең аз мөлшері;
3. төлем қабілеттілігі маржасының ең аз мөлшері;
4. төлем қабілеттілігі маржасының және кепілдік қорының жеткілікті
нормативі;
5. жоғары өтімді активтердің жеткілікті нормативтері;
6. активтерді әртараптандыру нормативтері құрайды.
Сақтандыру ұйымының сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың жекелеген
келісім-шарттары бойыншаміндеттемелердің ең көп көлемі өз капиталы мен
сақтандыру резервтері сомасының 10 %-нан аспауы керек.
Сақтандырудың және қайта сақтандырудың қолданып жүрген келісім-шарттары
бойынша қабылдаған міндеттемелерінорындайды қамтамасыз ету үшін сақтандыру
ұйымының актуарий есептеген көлемде қалыптасқан сақтандыру резервтерінің
болуы міндетті.
Сақтандыру резервтерінің қаражаты тек қана сақтандыру ұйымының қолданып
жүрген сақтандыру келісім-шарттары бойынша өз міндеттерін орындауға
байланысты сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға бағытталған.
Сақтандыру ұйымына санкцияларды уәкілетті орган не сот қолданады:
уәкілетті орган санкциялар ретінде мынадай шаралар қолдануға: айыппұл
салуға; лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға; лицензияны кері қайтарып
алуға; сақтандыру ұйымының акцияларын оның акционерлерінен мәжбүрлеп сатып
алу туралы шешім қабылдауға және оларды жаңа инвесторларға сатуға құқылы.
Сақтандыру ұйымы өз қызметінің жыл сайынғы міндетті аудитін жүргізіп
отырады. Жыл қорытындысы бойынша жасалған аудиторлық қорытынды сақтандыру
ұйымының жылдық қаржы есептілігінің ажырағысыз бөлігі ьолып табылады.
Негзгі сақтандыру қызметінен алатын сақтандырушының табысы сақтандыру
төлемдерінен және өзге сақтандыру қызметінен алынған табыстар мен
шығыстардың айырмасы ретінде анықталады. Кәсіпкерлік қызметтен алынатын
табыс қызметтің осы түрлеріне белгіленген ережелерге сәйкес салық салынатын
табыс резервтік қорларға аударылған аударымдардың сомасына азайтылатынын
ескере отырып есептеп шығарылады.
Нарықтық экономикаға көшумен байланысты Қазақстан Республикалық
сақтандыру қызметінің монополиясы өзгерді, сақтандыру кеңістігі едәуір
кеңейді, сақтандыру қызметтерінің кең спекторын ұсынатын мелкеттік емес
акционерлік сақтандыру компаниялары, кәсіпорындар, корпорациялар, меншіктің
түрлері нысандарының қоғамдары пайда болды.
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің,
азаматтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты
құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтандыру
нарығын қалыптастыру.[18]
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтандыру қызметі
нарығын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең-
кезеңімен іске асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында
сақтандыруды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі.
Онда мынадай міндеттерді шешу көзделген:
– әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтандыру арқылы қорғауды
ұсынудың қағидаларын нақтылау;
– сақтандыруды қолдану ясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін
нақтылау;
– сақтандыру нарығының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру
және оның қатысушыларының – сақтандыру ұйымы, сақтандыру брокері,
сақтандыру агенті, сақтанушы, сақтандырылушы, пайда алушы, актуарий,
уәкілетті аудиторлық ұйым, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен
байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге заңды және жеке
тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
– халықаралық стандарыттрды ескере отырып, сақтандыруды қадағалау
жүйесін ұйымдастыру;
– сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы
мен төлем қабілеттілігі бойынша талаптарды күшейту;
– осы заманғы сақтандыру технологясын енгізуге жәрдемдесу;
– сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және
біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.
Осы тұрғыдан алғанда, ұлттық сақтандыру жүйесін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесі
Қазақстандағы міндетті медициналық сақтандырудың жүйесі
Депозит және депозиттік салымдарды кепілдендіру жайлы ақпарат
МӘМС - Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Сақтандыру резервтерін құрудың әдістері
Мемлекетте медициналық қызмет көрсету жағдайы
Сақтандыру тобының тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі
Сақтық қатынастарының ақшалай сипаты
Сақтандыру нарығы мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде
Еңбекке қабілетсіз азаматтарды материалдық қамсыздандыру
Пәндер