Құнды қағаздар рыногі



Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Құнды қағаздар рыногі: мәні мен мазмұны, экономикалық орны
2. Құнды қағаздар рыногінің жіктелуі
3. Акционерлік қоғамдардың қалыптасуы
4. Акционерлік қоғам қызметтерінің ерекшеліктері


Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Бұл экономикаға өтуі елімізге қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етті. Көптеген жылдар бойы елімізге шын мәнінде де қаржы нарығы, яғни екінші деңгейлі және инвестициялық банктер, биржалар болған жоқ еді. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратты.
Нарық - өте күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Қаржы нарығы - мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:
1. Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.
2. Несие капиталының нарығы.
3. Құнды қағаздар рыногі.
Қазіргі уақытта егемен жас мемлекеттер құнды қағаздар шығарумен айналысуда. Құнды қағаздар рыногі кез-келген мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. 90-жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелдегендей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы- құнды қағаздар екені талассыз ақиқат. Қүнды қағаздар ақша капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек құнды қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері- халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Құнды қағаздар рыногінде өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, олардыа экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде инвестицияның үлесін арттыру құнды қағаздар рыногінің потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
1. Бағалы қағаздар нарығы. Б. А. Көшенова, Алматы, Экономика, 1999ж.
2. Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары. Б. А. Көшенова, Алматы, Экономика, 2000ж.
3. Нарықтық экономика теориясына кіріспе. Б. Мәдешев, Алматы, Экономика, 1995ж.
4. Қаржы. Қ. Қ. Ілиясов, С. Құлпыбаев, Алматы, 2003ж.
5. Егемен Қазақстан, 1995ж 27 мамыр.
6. Айқын, 2005ж 12 қаңтар №5
7. Рынок ценных бумаг: особенности функционирование в Казахстане. Г. Т. Абдрахманова, З. С. Жумабаева, Алматы, 2002г.
8. Ресми газет, 2003ж. 25қаңтар.
9. Құнды қағаздар нарығы. Сеилова, Арко, 2000ж.
10. Ақша, несие, банктер. Ғ. С. Сейітқасымов, Алматы, Экономика, 2001ж.
11. Жедел жаңару жолындағы экономикалық бағдарлар. Т. Рысқұлов атындағы экономикалық университеті, 7 бөлім, Алматы, Экономика, 2005ж.
12. Статистика Казахстана, 2001-2005ж.
13. Қаржы-қаражат. Г. Шалғымбаева, 1996ж. №10.
14. Рынок ценных бумаг Казахстана. 2005г. №2.
15. Статистический бюллетень. 2005г. №2.
16. Қаржы хабаршысы. 2006ж. №2.
17. Банк ісі. Н. Н. Хамитов, Алматы, Экономика, 2006ж.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе
Негізгі бөлім

1. Құнды қағаздар рыногі: мәні мен мазмұны, экономикалық орны
2. Құнды қағаздар рыногінің жіктелуі
3. Акционерлік қоғамдардың қалыптасуы
4. Акционерлік қоғам қызметтерінің ерекшеліктері

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Бұл экономикаға
өтуі елімізге қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін
институттардың құрылуын талап етті. Көптеген жылдар бойы елімізге шын
мәнінде де қаржы нарығы, яғни екінші деңгейлі және инвестициялық банктер,
биржалар болған жоқ еді. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен
өзіне қаратты.
Нарық - өте күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық
қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын
қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Қаржы нарығы -
мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі
байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына
қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:
1. Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.
2. Несие капиталының нарығы.
3. Құнды қағаздар рыногі.
Қазіргі уақытта егемен жас мемлекеттер құнды қағаздар шығарумен
айналысуда. Құнды қағаздар рыногі кез-келген мемлекеттің инвестициялық
қызметін жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей
халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық
жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. 90-жылдардың
экономикалық тәжірибесі дәлелдегендей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық
әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы-
құнды қағаздар екені талассыз ақиқат. Қүнды қағаздар ақша капиталға да,
заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек құнды қағаздар арқылы ғана
мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері-
халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Құнды қағаздар рыногінде өзіне тән
қаржы институттары жүйесі қалыптасып, олардыа экономикалық өрістеудің қаржы
көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге
асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде инвестицияның
үлесін арттыру құнды қағаздар рыногінің потенциалды қорларын пайдаланбай
іске асуы мүмкін емес.

1. Құнды қағаздар рыногі: мәні мен мазмұны, экономикалық орны

Осы күнгі ұйымдастырылған және жан-жақты заңдастырылған нарықтық
шаруашылық жүйесіндегі құнды қағаздардың орны ерекше. Құнды қағаздар
дегеніміз-мүлік құқығын көрсететін,одан табыс алуға мүмкіндік беретін
белгілі де қатал заңдастырылған формадағы құжат. Құнды қағаздардың мәні мен
мазмұны,пайда болу себептері мен қалыптасып даму жағдайларын анықтауға
болады. Батыс елдеріндегі қалыптасқан құнды қағаздар рыногін,оның осы күнгі
қызметін терең игеріп, өтпелі экономика жағдайына мақсатты да саналы түрде
енгізу үшін осы тарихи әдістемені ұстану қажет. Құнды қағаздардың осы күнгі
мәні мен мазмұнын құнды қағаздар рыногінің қызмет атқару механизмінен
шығарып анықтауға болады.Өз кезегінде,құнды қағаздар рыногінің мәні мен
мазмұны,экономикадағы орны жалпы қаржы-қаражат жүйесінен анықталады.
Сонымен, алға қойылған мәселе екі түрлі әдістемелік көзқараспен
анықталады: біріншісі - дәстүрлі-тарихи әдістеме, екіншісі-осы күндері кең
қолданылатын жүйелік-логикалық әдістеме.Түптеп келгенде осы екі көзқарас
бірін-бірі толықтырады. Логикалық-жүйелік әдістеменің олқылығы оның
схематизмінде,формалды болуында,бірақ бұл әдістеме мәселенің үлгісін,оның
иерархиялық жүйесі мен қызмет атқару механизмін ең абстрактілі схема
түрінде болса да анықтап береді.Ал тарихи көзқарас мәселенің мәні мен
мазмұнын қоғамның саяси-экономикалық даму жүйесінде анықтайды.Осы күнгі кез-
келген экономикалық мәселені толық түсініп, дұрыс шешу үшін осы екі
әдістемені қатар ұстаған жөн болады.
Құнды қағаздар рыногі қаржы-қаражат нарығының құрамдас бөлігі
болады.Қаржы нарығын келесі түрде жіктеуге болады:
1. Қарыз-қаржы нарығы,оның ішінде:-қайтару мерзімі бір жылдан
кем,қысқа мерзімдік қарыздар айналымы – ақша нарығы деп аталады.
2. Капитал нарығында құнды қағаздар рыногін жеке қарастыруға болады.
Капитал айналымы ақша формасындағы капиталдар айналымынан және құнды
қағаздар айналымынан тұрады. Қаржы капиталын банк несиесі ретінде алуға
болады,немесе құнды қағаздарды шығарып алуға болады. Яғни, капиталдар
нарығы - ақшалай капитал нарығынан және құнды қағаздар рыногінен тұрады.
Құнды қағаздар рыногі, өз кезегінде,құрды қағаздардың бастапқы және
қайталама нарық түрлеріне бөлінеді. Бастапқы нарықта алғашқы шығарылған
қағаздар инвесторларға сатылады.Қайталама нарықта бұрынғы шығарылған құнды
қағаздар сатып алынады және қайта сатылады.
Құнды қағаздар екі түрлі әдіспен ұйымдастырылған. Біріншіден, жоғары
деңгейде орталықтандырылған арнайы қаржы-делдалдық құрылымдарда, қор
биржаларында әлемдегі ең ірі корпорациялардың қағаздары тіркеліп сатылады,
екіншіден, еркін айналымдағы құнды қағаздар биржадан тыс нарық жүйесінде
сатылады.
Құнды қағаздар рыногі экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне
қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын
жеңілдетті. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан
процесстердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды
инвестициялау процесіне қатысты. Бағалы қағаздар рыногінің жұмыс істеуі
елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің
болуымен объективті түрде алдын ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік
иелері ғана құнды қағаздар нырогінде қаржы ресурстарына деген сұранымды
көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай
отырып, сауда мәмілелерін жасай алады.Сонымен бірге құнды қағаздар
рыногінің жұмыс істеуі тиісті құқықтық негіздерсіз де мүмкін емес.
Қаржы нарығындағы сансыз көп құнды қағаздар күнделікті айналымға
шығады.Басқаша айтқанда,құнды қағаздар рыногінде сату-сатып алу
операциялары тәулігіне 24 сағат тоқтаусыз жүріп жатады.Бұл осы
күнгі,нарықтың ең икемді еркін бәсекелі нарық жүйесіне жатады.Бұл нарыққа
ену де, одан шығып қалу да басқа нарық түрлеріне қарағанда оңай,
кедергісіз. Осы күнгі байланыс жүйесі, компьютерлік технология бұл нарықтың
мүмкіншілігін және ауқымын шексіз етеді.
Ақша-қаржы нарығы, оның ішінде құнды қағаздар рыногі информацияға
негізделген. Информациялық технология арқылы қоғамға шығарылған құнды
қағаздардың сатылуы мен сатып алынуы бір жерге шоғырланады,соның
нәтижесінде ең толық көлемдегі нарықтық ұсыным мен сұраным,құнды
қағаздардың курстары қалыптасады. Құнды қағаздардың курстары нарықта
қалыптасқан сұраным мен ұсыным көлемдерінің арақатынасын көрсетеді.
Банк процестері мен құнды қағаздар курстары өзара байланысты келеді;
сондықтан, бірі екіншісіне ықпал жасайды. Мысалы, банк проценті өскен
болса,онда банктен несие алу қиындайды.Сондықтан, құнды қағаздар ұсынысы
артады, олардың курстары төмендейді.Мемлекет банк процентіне ықпал жасай
отырып,жалпы құнды қағаздар рыногіне де ықпал жасайды. Немесе, Ұлттық банк
құнды қағаздар рыногіне шығып та оны тікелей реттейді. Құнды қағаздар
рыногін реттеу мемлекеттің инвестициялық саясатына сәйкес жүреді.

2. Құнды қағаздар рыногінің жіктелуі

Қарыз міндеттемесінің анықтамасы құнды қағаздар анықтамасымен тығыз
байланысты. Құнды қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа
түсетін қарыз міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің барлығының арнаулы
құнды қағаздар сияқты нысаны болмайды. Олардың көбісі келісім құжатында 1-2
бап ретінде көрсетіледі. Құнды қағаздардың көбі арнаулы тіркеуден
өтеді.Тіркеу инвесторларға құнды қағаздар туралы дәл және маңызды мағлұмат
алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор өз инвестицияның сапасын дәл
анықтауына мүмкіндік алады.
Құнды қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі:біріншіден, түсіретін
кірісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілі мен
айналым жеріне байланысты.
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті құнды қағаздар болып екіге
бөлінеді. Қарызды құнды қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал
қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу
көзделеді.Үлесті құнды қағаздар,немесе оны акция днп атайды. Акция оны
иемденушінің корпорация мүлігінлегі үлесін көрсетеді және иемденушіге
шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді. Ал құнды қағаздардың
басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2. Құнды қағаздар шығарушысы жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері
мемлекет,жергілікті әкімшілік, корпорациялар,қаржы институттары және тағы
басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және
қарызды құнды қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
1) Қазыналық,немесе үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығарған құнды
қағаздар.Себебі оның төлемін мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз
етеді. Бұл құнды қағаздардың көп тараған түрлері қазыналық
облигациялар.Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындары да көбіне облигация
түріндегі құнды қағаздарды шығарады.
2) Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын құнды
қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің
жобасына үкіметтің берген дотациясы.
3) Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі
акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі құнды қағаздар.
Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар
коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы
қорлары шығарады.
4) Банктердің құнды қағаздары – олар депозиттік сертификаттар, чектер
және бұданда басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.
5) Кәсіпкерлердің құнды қағаздары - олар коммерциялық вексельдер,
фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.
3. Құнды қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша да
жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы құнды қағаздар 2
бөлінеді.
Ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді құнды
қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл
аралығына созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік
сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседі. Оларды
шығарушылар әр түрлі жіктелу топтарына жатса да, олардың бәрі қарызды құнды
қағаздарға жатқызады.
Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытта шығарылған құнды қағаздар
түседі. Олар үлесті де, қарызды да құнды қағаздар болуы мүмкін. Олардың
эмитенттері де әр түрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар,
қаржы институттары және тағы басқалар.
Айта кететін бір жәйт, құнды қағаздардың кейбір түрі қысқа мерзімге
яғни 1 жылға дейін айналымда болса да капитал нарығында жүреді. Мысалы,
опцион.

3. Акционерлік қоғамдардың қалыптасуы

Акционерлік қоғамнан біз коммерциялық ұғым түсінеміз,жарғылық капитал
негізінен нақты бір акция санына тең,қоғамға қатысушылар,қоғамға қатысты
міндеттемелік құқықтарын куәландырады. Акционерлер қоғам міндеттемесіне
жауап бермейді және өз қызметіне байланысты тоқырау тәуекелін өз мойнына
алады.
Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлкі
болады,өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауапты болады және өз
қатысушылары бойынша жауап бермейді.Құрылтайшылар акционерлік қоғамның
міндеттемелері бойынша қоғамның жарғылық қорына салынған салымның толық
төлемеген жағдайда олар салығының төленбеген бөлігі шегінде ортақ жауап
береді.
Акционерлік қоғам – заңды тұлға және өзінің жеке мүлкінің еркін
балансын есептей отырып жеке мүліктік емес және мүлікті өз атынан жүзеге
асыруға қажет әр-түрлі қызметтің түрлері бойынша азаматтық құқық пен
міндеттеме алуға болады. .[1]
Акционерлік қоғам қызметі бағалы қағаздар мен акцияның іс-әрекеті
нәтижесінде пайда алуға бағытталған 2005 жылға дейін акционерлік қоғам –
жабық және ашық болып бөлінеді.
Қатысушылары - өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің
келісімісіз бөліп бере алатын акционерлік қоғам ашық акционерлік қоғам(ААҚ)
болып табылған. Ашық акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларға ашық түрде
жазылу жүргізуге және оларды заңдармен белгіленген жағдайларда еркін сатуға
құқықтары болған еді.
Акциялары тек өз құрылтайшылары немесе алдын – ала белгілденген өзге
адамдар арасында таратылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құнды қағаздар рыногі жайлы
Қаржы рыногінің қалыптасуы: ахуалы,мүмкіндіктері, жағдайлары
Қаржы рыногы
Қаржы нарығының теориялық негiздерi және оның ұғымы
Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
Бағалы қағаздардың пайда болуы
Қаржы нарығы туралы ұғым және оның құрылымы
Бағалы қағаздар, мәні мен функциясы
Қор биржасы жайлы
Инвестициялар және мемлекеттің инвестициялық саясаты
Пәндер