Дана философ Конфуций туралы



Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Дана философ Конфуций

2. Конфуций . жаңаны негіздеуші

3. Конфуцийшылдық дін бе, әлде философиялық жүйе ме?

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қытай және Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды. Конфуций, Конфуций ілімі Қытай халқы үшін б. з. д. VI-V ғасырлардан бері негізгі рухани құндылық, өмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде кеңінен таралып жатқан өзге діни және философиялық ілімдердің ішінен ерекше беделге ие болып, халық арасында өте тез тарала бастағандардың көш басында тұрды.
Конфуцийшілдік – ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік, байсалдылылық және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда әр нәрсенің өз орны болу керектігін айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы орайда оның: «Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке - әке, ал ұл – ұл болу керек », - деген атақты сөзі мәлім.
Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру керектігін айтты. Конфуций Қытайда ең бірінші болып алдыңғы орынға пәндік оқуды емес, ал адамның мінезін тәрбиелейтін , оқуға деген жігерге және рухани сезінуге үйрететін мектеп ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден - өмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды: қызығушылық, саналы ой, көзқарастардың қатаңдығы және өзін-өзі игеру.
Конфуций Қытайдағы білім берудің демократияландырылуы үшін жақ болды, ол әркімнің оқуға бірдей құқығы болуы, өзіне ұнаған ғылым түрін және ұстаз таңдау мүмкіндігінің болуын жөн көрді.
Конфуцийды ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік доктринасын моральдық максимумдарға – биік мораль, дұрыс тәртіп, әтикет этолондарына негіздеді.
1. Әбсаттаров Р., Адамға деген шексіз махаббат немесе Конфуцийшылдық саяси дүниетанымнан өрбіген ой.// Ана тілі 2002. – 1 мамыр, №19 – 6б.
2. Конфуций даналығы/ даналық дәрістері/ авт. Мырзагелді Кемел – Астана, Аударма 2002, -56б., 16Х11см.
3. Конфуцийдың саясм-этикалық ілімі//ҚазМУ хабаршысы, Романова А., Шығыстану сериясы – 1999-№ 7, 143-148б.
4. Каннети Э. «Конфуций өзінің сұхбаттарында»// Азия Транзит – 2004 №11 – 60-70б.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Дана философ Конфуций

2. Конфуций - жаңаны негіздеуші

3. Конфуцийшылдық дін бе, әлде философиялық жүйе ме?

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қытай және Конфуций бірінен-бірі ажырамас түсініктерге айналды.
Конфуций, Конфуций ілімі Қытай халқы үшін б. з. д. VI-V ғасырлардан бері
негізгі рухани құндылық, өмірлік ұстанымға айналған болатын. Ол сол кезеңде
кеңінен таралып жатқан өзге діни және философиялық ілімдердің ішінен
ерекше беделге ие болып, халық арасында өте тез тарала бастағандардың көш
басында тұрды.

Конфуцийшілдік – ол этикалық-саяси ілім. Ол адамгершілік,
байсалдылылық және шектеулік, ізгілік сияқты аса жоғары құндылықтарға
негізделген. Осы принциптердің негізінде Конфуций мемлекетті басқару
ережелерін қалыптастырды. Ол қоғамда әр нәрсенің өз орны болу керектігін
айтып, адам арасындағы қатынастар имандылыққа негізделуі тиіс деді. Осы
орайда оның: Билеуші – билеуші, ал бағынышты – бағынышты, әке - әке, ал ұл
– ұл болу керек , - деген атақты сөзі мәлім.

Қытай философы қоғамды жетілдірмес бұрын, жеке адамды жетілдіру
керектігін айтты. Конфуций Қытайда ең бірінші болып алдыңғы орынға пәндік
оқуды емес, ал адамның мінезін тәрбиелейтін , оқуға деген жігерге және
рухани сезінуге үйрететін мектеп ұйымдастырды. Бұл ретте ол ең кішіден -
өмірлік құндылықтарды қалыптастырудан бастауға шақырды: қызығушылық, саналы
ой, көзқарастардың қатаңдығы және өзін-өзі игеру.

Конфуций Қытайдағы білім берудің демократияландырылуы үшін жақ болды,
ол әркімнің оқуға бірдей құқығы болуы, өзіне ұнаған ғылым түрін және ұстаз
таңдау мүмкіндігінің болуын жөн көрді.

Конфуцийды ұлы моралист деп атайды, өйткені ол өзінің саяси-әлеуметтік
доктринасын моральдық максимумдарға – биік мораль, дұрыс тәртіп, әтикет
этолондарына негіздеді.

Дана философ Конфуций адамзат өміріндегі әрбір тарихи кезең өз
дәуіріне сай саяси күрмеулерге ұшырап отыратын және адамзаттың оларды шама-
шарқынша сәтті түрде шешіп ұдайы ықыластық танытатыны көпшілікке аян. Егер
біз ойша өткенімізді шолар болсақ, ХХI ғасыр табалдырығын атап отқан сәтте
қоржынымыздың сан түрлі ғажап әрі қайталанбас саяси ой тізбегі мен
даналыққа толы екендігіне көзіміз жеткен болар еді. Солардың ішіндегі ең
бір өрелісі де, өзіндік нақыштарымен ерекше айқындалатыны да конфуцийлік
ілім. Аталмыш ой бүкіл көне Шығыстағы ең бір қуатты-ау дейтін идеялық-саяси
ағымға жатады. Оның негізін қалаушы біздің заманымызға дейін 551-479
жылдары Қытайда өмір сүрген Конфуций (Күн – фамилиясы, ал цзы – ұстаз деген
мағынаны білдіреді) болып табылады.

Дана философ және этикалық ілімнің негізін қалаушы Конфуцийдың қытай
халқының өміріне жан-жақты әсер еткені ешбір талас тудырмайды. Алтын
ереже деген атауымен мәлім болған оның этикасының негізгі принциптерінің
бірі былай дейді: Егер басыма келмесін десең, өзіңе де жамандық қаламасаң,
өзгеге де соны тілеме. Ал Конфуцийдың айтқан нақыл сөздері мен даналық ой
пікірлері Лунь юй(сұхбат пен ой пікірлер) атты кітапта жинақталған.

Конфуций Қытайдың түрлі патшалықтарында әртүрлі дәрежедегі қызметтер
атқарса да, өзінің негізгі мақсатына жете алмады. Нәтижесінде ол
шенеуніктік қызметтің қызығы мен рахатын көкейіндегі этикалық саяси
көзқарасы мен ойларын көпке жеткізуге асыққан мақсаттарға бола тез ақ
айырбастады. Ғұлама ойшылдардың уағыздары, әсіресе, қызметкер шенеуніктер
арасында кеңінен қолдауға ие болды. Оқу мен білімге құштар барша қауым оның
шәкірттеріне айналды. Аңыз бойынша олардың жалпы саны үш мыңның ар жақ бер
жағында болса, ішіндегі ұстазына ең жақын ау дегендері 72 адам, ал онымен
күні -түні бірге болған шәкірттерінің саны 12-ге жетсе керек-ті. Бұл
адамдар түрлі патшалықтардан келген әрқилы қызмет иелері болатын ды.

Таң династиясы кезінде (618-907 жж.) Конфуцийге Бірінші әулие атты
құрметті атақ берілсе, Мин династиясы (1368-1644 жж.) оған Ұлттың ұлы
ұстазы деген дәреже сыйлады.

Конфуцийдың негізінен қоғамды қандай жолдармен жетілдіру мен мемлекетті
қалай сәтті түрде басқару мәселелері шамадан тыс толғандыратынын атап өткен
жөн. Бір ғажабы, оның осынау күрделі түйіндері қатаң тәртіп пен белгілі бір
тәрбиелік ұстанымдарының көмегімен жүзеге асырмақ ниеті де және оған қоса
шектен шыққан қызулыққа берілмей, көбіне көп тепе теңдік пен ортадағы
принциптерді місе тұтқаны да белгілі боп отыр. Түрлі ұсақ иеліктерге
бөлініп, қырықпышақ болып қырқысыпжатқан Қытайдағы патшалықтардың басын бір
орталыққа ағынған мемлекетке біріктіруді басты мақсатына айналдырған ол,
сонымен бір әзірде, халықтың тәлімдік - тәрбиелік күш – қуатын жоғары
деңгейлерге көтеру мен оны кәдімгідей бақытты ету үшін бар күш жігерін
сарп етті. Мысалға:

Цыгун сұрады: Мемлекетті қалай басқаруға болады? Ұстаз айтты: Біріншіден –
мемлекетке жеткілікті азық-ауқат болсын. Екіншіден – мемлекетке жеткілікті
қару-арақ болсын. Үшіншіден – халық өз патшасына сенетін болсын.Сонда
Цыгун: Егер осы үшеуінің біреуінің құрбан ету керек болса, алдымен қайсысын
құрбан етуге болады? Онда қару-жарақты құрбан ету керек. Қалған екеуінің
біреуін құрбан етуе тура келсе ше? Онда азық-ауқатты. Себебі, азық ауқатсыз
ашығып қиналғанмен патшаға сенім болмаса, ол ел мемлекет болып қала
алмайды.

Қытайдағы әлеуметтік тәртіптің негізі, Конфуцийдың ойынша, қоғамдағы тәртіп
пен тұрақтылыққа сүйенуге тиіс болатын. Және мұндай қоғамда әркім өзінің
басыбайлы құқығы мен мемлекет алдындағы міндеттерін терең сезіну арқылы
бұған дейін қағидаға айналған моральдық этикалық принциптері көзден таса
қылмасқа керек. Оның пікіріне құлақ түрсек: Патша – патша, бағынышты –
бағынышты, әке - әке, ал ұл – ұл болуы тиіс.

Конфуцийдың ойынша, мемлекетті тек патшаның (Көктің Ұлы) өзі бас болған
салиқалы азаматтар басқаруы тиіс. Өкімет басшысы, яғни, Көктің ұлы -
Көктің жердегі өкілі. Құдайлық негізі бар патша арқылы аспан өз әмірін
іске асыруда. Әрине, Конфуций патшаның билігін шырқау биікке көтере білді.
Ол тек қана Көктің жердегі өкілі міндетімен ғана қанағаттанып қоймай,
адамдар әлемі мен құдайлар яки рухтар әлемімен екі ортада дәнекер болуы
тиіс. Әулие бола отырып, император тек Көктің алдында ған жауапты болуға
тиіс. Өйткені ол, тақ пен билікті тек осы Көктен алды. Билеуші әділ боп,
өзінің қарамағындағылардың қамын ойлаған күнде Көк барша халыққа мейірімін
төгеді; ал егер патша әділ болмаса, елді аштық пен жұт және соғыс пен
әлеуметік бүліктер жайлап алуы тиіс. Нақ осылай Көктегі Құдай жердегі
билеушіні тәбесіне келтірер еді.

Осыған байланысты императордың жеке басы мен іс әрекеттеріне және бойындағы
қасиетеріне байланысты қайсібір сұрақтар көлбеңдейді: Ол қандай болу керек
және оның өзі кімді үлгі тұтпақ? Ал Конфуцийге жүгінсек, оның абстракциялы
қиялшыл бейнесі жан жақты жетілдірілген әрі адамгершілігі шектен тыс
мол адамды сомдайды. Әбден жетілген адам екі бірдей қасиетті арқа
тұтқаны жөн: адамгершілік және бойдағы парыз.

Адамгершілік, Конфуцийдың пікірінше, қарапайымдылықпен, марттылықпен және
адамдарға деген шексіз махаббатпен шексіз астасып жатыр. Адамгершілік парыз
дегеніміз - адамгершілігі жоғары адамның иығына өз еркімен артқан қияметі
мол ауыр жүгі. Кіршіксіз адам адал және мінсіз, ақкөңіл және ақжарқын әрі
өзінің сөйлеген сөзі мен істеген ісіне мығым көзі қарақты болуы тиіс.
Конфуцийдің ұғымынша, мемлекет басшысына тек Кіршіксіз адам ылайық .
Адамгершілік Конфуцийды толғандырған мәселелердің бірәі болып табылады:

Адамгершілік деген не?

Адамдарға махаббат.

Білім деген не?

Ол адамдарды білу. Адал кісіні адал еместерлен биік қойсаң, адал еместерді
адалдыққа тартасың.;

Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болу керек:

Кісіге шын құрмет, кең пейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық.

Біріншісі – жарамсақтануға жол бермейді;

Екіншісі – барлығын бағындырады;

Үшіншісі – адамдардың көңіліне сенім ұялатады;

Төртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік береді;

Бесіншісі – адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады.

Конфуций ілімінде Ли жөніндегі тәрбиелік мәні орасан зор тәлімгерлік саяси
жүйеге айырықша назар аударылады. Ли деген ұғымның аясы анағұрлым кең
екендігін және оның әдет ғұрпы, салтанатты рәсім, оған қоса этикет пен
ар ұятты нақыштайтынын айтып өткен лазым. Билеуші мен оның хұзырындағылар
үлкендер мен кішілер және әкелер мен балалар арасындағы қарым-қатынас Ли
ілімінің атқарар рөлі шектен тыс.

Конфуцийдың аса маңызды өсиеттерінің бірі – баланың әке-шешесіне деген
құрметі және алдымен әкесіне деген шексіз сүйіспешілігі. Балалар тек қана
ата-аналарының айтқандарымен жүргенді ғана қанағат тұтумен шектелмей,
оларды жан тәнімен сүюге міндетті әрі олардың айтқандарын екі етпеуге тиіс.
Егер адам өзінің ата-анасын сүймесе және өзінің ата-ана алдындағы борышын
мойындамаса, ол – делқұлы, есерсоқ немесе есі дұрысемес адам. Конфуцийдің
бұл көзқарасының маңызын ХХI ғасыр есігін ашып отырған ұрпақ өкілдері, оның
ішінде тек қытайлық жастар ғана емес, барша әлем жастары да, қазақстандық
урданизация тәлкегіне ұшыраған ұрпақ өкілдеріде үнемі жадында ұстауы тиіс.

Ғұламаның тағы бір қыры оның халықты оқу мен білімге шақыруынан да
байқалады. Ол, әсіресе, адамдардың өмірі мен мінез-құлқына, олардың
күнделікті тұрмысы мен өзара қарым-қатынастарына ерекше көңіл аударуға
кеңес береді: Мені жұрт білмейді деп қынжылма, керісінше, өзім жұртты
білмеймін деп қынжыл - бұл да қытай ойшылының аузынан шыққан дуалы сөз.

Қытай ғұламасының өз шәкірттеріне бағыштаған сөздеріне қарағанда шын
мәніндегі білім түбегейлі ақиқатқа сүйенуі керек, ал нені білмейді екенсің,
оны білімсіздік деп ұққан жөн. Оның шәкірттеріне берген ақылының ішіндегі
ең бір сүбелісі: Көп тыңдай отырып, ақиқат пен күмәннің арасын ажырата
білу шарт, ал қалғандары хақында байқап, аңысын аңдып сойлеген жөн, мұндай
сәтте кінарат тағу да азая түседі; көп сезіп, көп байқау арқылы мәселенің
қауіпті тұсын артқа тастай білу керек, ал одан өзгесінде аяғыңды аңдап
басқаның лазым, мұндайда өкініштің жолы жіңішкере түседі; ал егер айтыла
қойған сөзге орай тағылар кінә мардымсыз болса, және істеген ісіңде
қынжылып бармақ тістеліктей дүние болса, айың оңыңнан туды дей бер.

Көрнекті саяси ойшыл Конфуцийдің көріпкелдігі мен адамдардың, тұтас
халықтар мен династиялардың болашағына қатысты ой-пікірлерін де көңілден
таса қылмаған дұрыс.

Оның басты демократиялық идеясы барша адамзаттың теңдігіне қатысты
ойлардан туындайды. Халықтар мен мемлекеттер арасыдағы қатынастарды
Конфуцийдің бүкіл қоғам мүддесіне орай екшелеп, бағыттап отырған аян.

Әлеуметтік шырғалаңдар, терең тап күрестері мен көршілес патшалықтар
арасындағы өзара қырғи-қабақ соғыстарды үзілді-кесілді тоқтату жолындағы
оның дүниедегі баяндылық пен бейбітшілік үндеген ойлары да өзіне ерекше
көңіл аударуды қажет етеді. Соғыс оның пікірінше, мемлекеттер арасындағы
кикілжің-жанжалдарды ретке салудың бірден-бір жолы емес.

Конфуций ілімінің бастауы. Конфуций негіздеген қоғамдық,
философиялық, моральдық, этикалық һәм діни ілімнің ұстын тұрғылары дәстүрлі
алты кітаптан бастау алады: Идзин - Өзгеріс кітабы, Шудзин - Тарихи
деректер кітабы, Шидзин - Жыр кітабы, Лидзи - Рәсім кіта-бы,
Чүндзүу - Көктем мен күз, жылнама кітабы және Лүңиүй - Кеңес пен
толғам, ғақылиялар кітабы.

Өзгеріс кітабы — тағдыр, жазмыш туралы, ойлы нақыл, шешендік болжам,
балгерлік есеп сипатындағы философиялық-космогониялық кітап, ханзу
мәдениетінің көне ескерткіші. Конфуцийдың өзінің Өзгеріс кітабының түбіне
жетуге ғүмырым жетпейді дегендей сөзі бар (VII-17), яғни Конфуций бүл
кітапты жасаушы емес, зерделеуші және үлгі түтушы ғана. Ескіден тартып,
күні бүгінге дейін бүл өзгеше мұра турасында жүздеген еңбек жазылған, бірақ
әлі не Шығыста, не Батыста түбіне жеткен ешкім жоқ. Бүл тараптағы ғылымның
ең соңғы сөзі - Өзгеріс кітабы - м.д. VIII-VII ғасырларда туған,
балгерлік негіздегі философиялық еңбек дегенге саяды.

Тарихи деректер кітабы - ежелгі заман патшалары, атақты адамдар,
олардың үлгілі істері, халық басынан өткен елеулі оқиғалар туралы аңыздық,
деректік хикаялардың жинағы, Күңфудзы өз қолынан өткеріп, жүйеге түсірген
деп есептеледі.

Жыр кітабы — қадым замандағы қытай поэзиясының антологиясы; ескіден
қалған жырлар өте көп екен, Конфуций солардың бірін қарастырып шығып, әрі
көркем, әрі әуезді, айрықша мағыналы үш жүз бес жырды іріктеп алады да,
оларды мекендік, мезгілдік және мазмұндық түрғыдан жүйелеп, бір кітапқа
топтайды; жалпы көлемі сегіз мың өлең жолына тақау бұл антология - әлемдік
поэзияның үздік үлгісі, өзгеше тұрпатты асыл мұра. Жырдан шабыттанам
деген Күңфудзының өзі (VIII), ақыл-ойдың, көркем танымның ғажайып нүсқасы
ретінде үнемі шәкірттерінің алдына тартып отырған.

Рәсім кітабы - діни тұрмыс-салт, ғұрып, ғибадат жоралары туралы
кітап, ежелден қалыптасқан; Конфуций зерделеп, дәйектеген деп есептеледі.
Рәсімнен қуат алам деген Конфуцийдың өзі (VIII).

Көктем мен күз - м.д. 721-480 жылдарды қамтитын тарихи шежіре,
Конфуций жүйелеп, түбегейлі өңдеуден өткізген; келер үрпақ мені осы Көктем
мен күз арқылы бағалайды деген сөзі бар (Сыма Циән).

Кеңес пен толғам — осы, әуелгі бес кітаптан (бес дзин) өзгеше
тұрпаттағы жинақ, кейініректе Конфуцийдың ізбасарлары құрап, қалыптаған
ғақылиялар топтамасы, негізінен Конфуцийдың шәкірттермен кеңес, әрқилы
адамдармен әңгіме үстінде айтқан нақыл сөздері, ой, толғамдары. Конфуций
есіміне тікелей қатысты ең басты кітап та осы.

Конфуцийдың өзінің мен жаңадан ештеңе ойлап шығарғам жоқ, мен
небәрі ескіні бүгінге жалғастырушымын деген пікірі бар (VII). Әлбетте,
Конфуций - жаңаны негіздеуші. Бірақ бұл жаңа - көненің жаңғыруы, өңделіп,
жетіліп, жүйеленіп, өзгеше қалыпқа түсуі. Сыпайы сөз - өзін кеміту емес,
көтермелеу, бар үлгісі ежелгі дәстүрден, ұлттық арнадан бастау алатынын
қадап айту. Шынында да, көнеден, яғни елдің ғасырлар бойы қалыптасқан салт,
санасынан, танымы мен рәсімінен тамыр тартпаса, Конфуций ілімі де кеңінен
өркен жайып, соншама қуатқа жетпес еді. Әрине, Конфуций көнені жалғастырушы
ғана емес, жаңаның бастаушысы болды. Конфуцийдың көзінің тірісінде негізгі
тұрғылары, болмыс, бітісі мен мұрат бағдары айқындалып, берік бекіген жаңа
ілім оның шәкірттерінің риясыз, тынымсыз еңбегі арқасында өзгеше тыныс
алып, кең өріс табады. Конфуцийшылар ханзу жұртының рухани әлемін жаулап
алуды ғана емес, қоғамдық өмірге ықпал ету, ел билігіне тікелей араласу
бағдарында да белсенді әрекетке көшеді. Сондықтан да м.д. III ғасырда
ежелгі қытай жұртын қайта біріктірген әуелгі еженхан Зин Шихуанди Конфуций
ілімін қатты қудалайды; бірақ ақыр түбінде әулетінің қиылуына да осы ретсіз
қаталдығы, нақтылап айтсақ, қалыптасқан, дайын тұрған үлттық идеологиядан
бас тартуы себеп болған. Төменнен көтеріліп, берік әрі түбегейлі билікке
жеткен Хән әулеті Конфуций ілімін ресми түрде қабылдап, оған мемлекеттік
мәртебе беріпті. Бұл жағдай адамзат тарихында болмаған аса үзақ мерзім -
екі мың жылдан астам уақытқа созылып, еженхандар билігі кесілген 1912 жылға
дейін сақталып келді. Алайда кұңфудзышылдық ханзу жүртының рухани
өміріндегі жетекші жағдайынан айрыла қойған жоқ. Бүгінгі коммунистік
Қытайдың өзінде Конфуций ханзу жұртының көне замандағы ұлы ойшылы ретінде
айрықша қастерленеді.

Құнфудзыщылдық дін бе, әлде философиялық жүйе ме? Батыс
білімпаздары осы екі аралықта көп адасты. Шын мәнісінде христиандық
дегеніміз не? Мұсылмандық дегеніміз не? Әрі наным, әрі ілім. Қайсысы оң,
қайсысы жөн? Мәселені бұлай қою, ғылыми түрғыдан алғанда, тым үстірт,
біздің көзқарас тұрғысынан - күнә болар еді. Әрине, лә илаһа ил алла,
Мухаммед расул алла — Алла бір, пайғамбар хақ: біз — мұсылманбыз. Алайда,
Арабстаннан бастау алған исламның әуелде сеніммен ғана емес, қарудың
күшімен де бекітіліп, келесі ғасырларда бейбіт жолмен ескі дүниенің жарым
бөлігіне орнығуы әлеуметтік және тарихи заңдылық десек те, дәл қазіргі
кезеңінде алып отырған аймағында үстем болуының рухани астары бар. Христиан
дінінің әуелде Жерорта теңізі аумағынан өріс табуы да кездейсоқ емес. Ислам
да, христианшылдық та бірнеше құрылық, жүздеген ұлтты қамтып отырған
халықаралық діндер. Ал кұңфудзышылдық - ұлттық сыпаты басым, өзгеше
тұрпатты наным, сондықтан ханзу жұртының шеңберінде ғана қалған. Рас,
бүгінгі ханзу, бізше қытай - қисапсыз халық, қазіргі әлемде жер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конфуций ілімінің бастауы
Дана философ Конфуций
Будда философиясы
Конфуций діні
Конфуцийдің әлеуметтік - адамгершілік ілімі
Көне Қытай ойшылы Конфуцийдің пікірлерін философиялық тұрғыдан талдау
Чжань-го немесе соғысушы патшалықтар кезеңі
Конфуций ілімі Қытай халқы үшін
Таяу және қиыр шығыс мемлекететтеріндегі тәлім-тәрбие
Ежелгі Қытай философиясы туралы
Пәндер