Испанияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы



Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Испанияның әлеуметтік.экономикалық жағдайы
2. Испаниядағы дамыған сала

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Испанияның жоғары дамыған өнеркәсібі мен ауыл шаруа¬шылығы бар. Солардың ішінде мәшине жасау мен металл өңдеу, энергетика, құрылыс, агроөнеркәсіптік кешен және, әлбетте, туризм барынша дамыған саналады.
Тиімді әрі жоғары табысты сала ретінде туризм Испания экономикасына зор ықпал жасап отыр. Туризмнің арқасында халық шаруа¬шылығының көптеген салаларында және халықтың тұрмыс жағдайында басымдықтар өзгерді. Сол секілді жұмыс күші мен қаржы арнасын бөлуге туризм әсер етіп келеді.
Бүгінде Испанияның ішкі жалпы өнімінің 70 пайызын туризм саласына жататын қызмет көрсету секторы беріп отыр. Сол секілді жұмыс істеуге қабілетті жастағы испандықтардың 72 пайызы туризм саласымен қамтылған. БҰҰ-ның Бүкіл¬әлемдік туристік ұйымының штаб-пәтері Мадридте орналасуы жайдан-жай емес.
Шетел¬дік туристердің келуі тұрғысынан Испания әлем мемлекеттерінің үздік үштігіне кіреді, ал Еуропада біріншілікті Франциямен ғана бө¬ліседі. Бұған табиғи және мәдени-тарихи көрнек¬ті орындардан бастап елдің әлеуметтік-экономикалық жағ¬дайына дейін әсер ететіні белгілі.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Испанияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы
2. Испаниядағы дамыған сала

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Испанияның жоғары дамыған өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы бар.
Солардың ішінде мәшине жасау мен металл өңдеу, энергетика, құрылыс,
агроөнеркәсіптік кешен және, әлбетте, туризм барынша дамыған саналады.
Тиімді әрі жоғары табысты сала ретінде туризм Испания экономикасына
зор ықпал жасап отыр. Туризмнің арқасында халық шаруашылығының көптеген
салаларында және халықтың тұрмыс жағдайында басымдықтар өзгерді. Сол
секілді жұмыс күші мен қаржы арнасын бөлуге туризм әсер етіп келеді.
Бүгінде Испанияның ішкі жалпы өнімінің 70 пайызын туризм саласына
жататын қызмет көрсету секторы беріп отыр. Сол секілді жұмыс істеуге
қабілетті жастағы испандықтардың 72 пайызы туризм саласымен қамтылған. БҰҰ-
ның Бүкіләлемдік туристік ұйымының штаб-пәтері Мадридте орналасуы жайдан-
жай емес.
Шетелдік туристердің келуі тұрғысынан Испания әлем мемлекеттерінің
үздік үштігіне кіреді, ал Еуропада біріншілікті Франциямен ғана бөліседі.
Бұған табиғи және мәдени-тарихи көрнекті орындардан бастап елдің әлеуметтік-
экономикалық жағдайына дейін әсер ететіні белгілі.

Негізгі бөлім
Испанияның әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Өнеркәсіптің көлемі жағынан Испания Батыс Еуропада 5-орын, дүние жүзі
бойынша 8-орын алады. Елде машина жасау, кеме жасау, ұшақ шығару,
электретехникасы, тоқыма өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары тау кен
өндірісі жыл сайын кеміп, оның орнына электронды жабдықтар өндірісі дамуда.
Ел экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі - 30%. Ел пайдалы қазбаларға
бай, бірақ 100-ден аса қазбалардың тек 16-сы ғана өндіріледі. Ауыл
шаруашылық жақсы дамыған. Шарап, цитрустік жемістер, бидай, күріш, темекі,
көкөніс, т.б. өсіріледі.
Зәйтүн майын шығарудан Испания дүние жүзінде 1-орында. Мал
шаруашылығы да жақсы дамыған. Теңізден балық аулау мен теңіз азық
түліктерін пайдаланудан дүние жүзіндегі алғашқы ондыққа кіреді. Елге туризм
үлкен табыс әкеледі. Жыл сайын Испанияға 62 млн.шет ел туристері келеді.
Негізгі сауда серіктестері Еуроодақ елдері. Алтын валюта қоры 72,6 млрд.
АҚШ доллары көлемінде Испания мен Қазақстан арасында дипломатиялық
қарым-қатынастар 1992 ж. орнады. 1998 ж. 13 ақпанда Испания королі Хуан
Карлос Алматыда болып қайтты. 2000 ж. 30 қазанда Қазақстан Президенті
Н.Назарбаев ресми сапармен Испанияда болып, король Хуан Карлос І-мен және
үкімет төрағасы Хосе Мария Азнармен кездесті. Кездесу барысында саяси,
экономикалық, мәдени байланыстар жөнінде 6 құжатқа қол қойылды.
Туризмнің дамуы экономикалық жай-күйге тікелей байланысты
болғандықтан, бүгінгі заманда шетелдік туристер үшін жоғары деңгейдегі
сервис қызметі, дамыған көлік инфрақұрылымы, соның ішінде кең тарамдалған
автомобиль, жоғары жылдамдықтағы темір жол және ұзақ қашықтыққа арналған
авиация қатынасы қажет екендігі түсінікті.
Испанияның, қазақстандық өлшемдер тұрғысынан алғанда, шағын
географиялық аумақта орналасуы, Жерорта теңізі маңындағы ылғалды және жалпы
аумақтағы континенталдық климаты, сондай-ақ теңіз жағалауы мен ел орталығы
арасындағы биіктіктердің елеулі айырмашылығы маңызды рөл атқарады. Жылдық
орташа температураның өсу үдерісіне қарамастан, Испания  әзірге өз
меймандарына демалыстың жазғы да, қысқы да түрлерін ұсынуға қабілетті.
Елдің солтүстігіндегі тау шаңғысы курорттары жұртты қатты қызықтырады.
Туристер үшін Испанияны тартымды ете түсетін бір себеп оның бай тарихы
болып табылады. Бұл ел 1936-1939 жылдарғы азамат соғысы, Екінші жаһандық
соғыс, болмаса ХХ ғасырдағы басқа жаһандық қақтығыстарға қатыспады, сөйтіп
өз қалалары мен көне ескерткіштерін сақтап қала алды. Бүгінде АҚШ, Еуропа
мен Шығыс Азиядан, Қытай мен Жапониядан келген туристер Испаниямен жүріп
өтуді айрықша ұнатады.
Тартымдылық қасиеттерінің бірі испан халқының дәстүрлері мен салт-
санасы болса керек. Испанияның көптеген  қалаларында өзінің бірегей
дәстүрлері мен мейрамдары бар. Испан корридасы мен фламенконы, испан
футболын дүние жүзі жақсы біледі. Сонымен бірге барлық туристік
маршруттарға қолайлы қонақ- үйлер, жақсы ұйымдастырылған көлік, ұлттық
дәстүрге бай тағамдар әзірлейтін мейрамханалар, көрнекті орындар мен түрлі
тілдердегі көрсеткіштер қызмет етеді.
Қазіргі кезде Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынасты, соның
ішінде туризм саласының құқықтық базасын жетілдіру жүріп жатыр. 2009 жылғы
шілдеде екі елдің туризм саласындағы министрліктерінің өзара түсіністік
туралы меморандумына қол қойылды.
Егер Қазақстанның туризм саласына аса қажетті мүмкіндіктерді, соның
ішінде даласы мен таулары, шөлейттері мен ормандары, өзендері мен тақыр
өңірлері астасып жататын табиғатын, бай тарихи мұраларын, таңғажайып
флорасы мен фаунасын ескерер болсақ, еліміздің Орталық Азия өңіріндегі
туризм орталығына айналу мүмкіндігі зор екенін түсінеміз.
Егер туризмді дұрыс дамыта білсек, ол басқа салалардың дамуын
ынталандырады, соған ықпал етеді. Мәселен, туризмнің арқасында Испанияда
жарнама бизнесі, тамақ өнеркәсібі, көлік, бұқаралық ақпарат құралдары даму
үстінде. Туризм саласында көптеген кәсіпорындар құрылып, мұның өзі оңдаған
мың жұмыс орындарын ашуға, қаржы арнасының елге ағылуына мүмкіндіктер
туғызған.
Испанияда туризм саласын ұйымдастырудың кестесі, оның қалыпты қызметін
қамтамасыз ету біздің еліміз үшін үйренуге болатын тәжірибе. Әлбетте мұнда
мемлекет тарапынан көзқарастың орнықты болуы айрықша маңызды.
Қазақстанның қысқа мерзімдегі экономикалық дамуы елдің туристік
саласын дамытуға мол әлеуеттің бар екенін көрсетеді.
Маусымның 30-ында Қазына тұрақты даму қоры мен Испанияның кәсіпорын
және жұмыс беру Конфедерациясы арасындағы өзара түсіністік пен өзара
қатынас туралы меморандумға қол қойылды. Аталған шараға ҚР Премьер-Министрі
Кәрім Мәсімов қатысты.
Құжатқа Қазақстан тарапынан Қазына тұрақты даму қорының басқарма
төрағасының орынбасары Мақсат Мұқанов, ал Испания тарапынан Испанияның
кәсіпорын және жұмыс беру Конфедерациясының төрағасы Жерардо Диас Ферран
қол қойды.
Меморандум бойынша Қазақстан мен Испания компанияларына экономиканың
көптеген бағыттары бойынша өзара ынтымақтастық мәселелері жөнінде көмектер
көрсету қарастырылады. Оның ішінде, екі мемлекет компаниялары арасындағы
экономиканы әртараптандыру бағыттары бойынша бірлескен жобаны ойластыру мен
ұйымдастыру, сондай-ақ, өңдеу саласында, жаңа технологияларды дамытуда және
Қазақстан мен Испаниядағы кәсіпорындарды қаржыландыруда бірқатар жұмыстар
жүзеге асады, деді Қазына тұрақты даму қоры басқарма төрағасының
орынбасары Мақсат Мұқанов.
Сонымен қатар, меморандум аясында өзара шағын бизнесті дамыту шаралары
да көзделеді. М. Мұқановтың айтуынша, қазақстандық тарап шағын және орта
кәсіпкерлікті дамытуда испандық тәжірибені пайдалануға қызығушылық
танытуда.
Осыған орай, екі мемлекет арасында бірлескен жобалар әзірлеу және
қазақстандық-испандық бизнес үшін қаржылық және басқа да жағдайларды ретке
келтіру мақсатында делегациялар алмасу ісі басталады.
Естеріңізге сала кетейік, аталған шара Испания Королі Хуан Карлос I-дің
елімізге сапары аясында жүзеге асып отыр.
6-маусымда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақ ордада Испанияның
Қазақтандағы төтенше және өкілетті елшісі Сантьяго Чаморродан сенімхатын
қабылдады. Елбасымен кездесуден кейін елшініің журналистерге хабарлауынша,
сенім хатымен бірге ол Н.Назарбаевқа "жоғары мәртебелі Испания Королінің"
жеке жолдауын табыс еткен.
Елші екі ел мен екі елдің түрлі мекемелері арасында етене жақын достық
байланыс орнады деп атап өтті. "Екі ел арасындағы саяси қарым-қатынас
жоғары деңгейде. Испания Қазақстан үкіметі жүзеге асырып жатқан
демократияландыру саясаты мен саяси және экономикалық реформаларды
қолдайды",- деді елші. "Испания да осындай құбылыстарды 1975-жылы қолға
алған. Бізге де қиындау тиді, дегенмен, нәтижесі айтарлықтай болған бұл
құбылыс Испанияға халықаралық сахнада жарқырап алға шығуға мүмкіндік
берді". Елші осы орайда Қазақстанға да "халықаралық қоғамдастық аясында
өзіне лайықты орынға ие болуға" тілек білдірді.
С.Чаморро сонымен бірге Елбасымен әңгіме барысында Қазақстанның
экономикалық жетістіктері туралы да сөз қозғалғанын хабарлады. "Жетіктіктер
шынымен таңданыс сезімін тудырады",- деп атап өткен елшінің пікірінше,
Қазақстан мен Испания арасындағы экономикалық ынтымақтастық деңгейі "саяси
қарым-қатынастар деңгейіне жете алған жоқ". "Испания әзірге Қазақстан
экономикасының энергетикалық саласында өз өкілеттілігін иемдене алмай
отыр",- деді ол.
"Біз Испаниялық кәсіпкерлерді өздерінің стратегиялық бағдарламасына
Қазақстанды да енгізуге жан-жақты ынталандыратын боламыз",- деді С.Чаморро.
Елшінің айтуынша, қазір Испанияның "Repsol YPF" мұнай компаниясы өзара
түсіністік туралы меморандумға қол қою төңірегінде "ҚазМұнайГаз" - бен
келіссөздер жүргізуде. "Біз "Repsol YPF" мұнай компаниясының табыстары
басқа да кәсіпкерлер үшін ынталандырушы факторға айналады деп сенеміз",-
деді ол.
Елшінің айтуынша, "Қазақстан мен Испания арасында, соның ішінде
қорғаныс саласында ынтымақтастық орнатуға болатын тұстар көп". Елші осы
орайда қазақстандықтардың испан тілін зерттеуге деген құлшынысын атап өтті.
"Біз Испаниялық оқытушылардың осында келуі үшін және шәкіртақылардың көптеп
бөлінуі үшін күш салатын боламыз",- деді елші. "Қазақстанда испан тілін
зерттеу аясын кеңейту үшін Сервантес институтының бөлімшелері ашылады. Бұл
оқу орны испан тілін дүниежүзіне насихаттауды мақсат тұтатыны белгілі".
Испания біздің мемлекеттің дәстүрлі сауда партнеріне жатпайтындығына
қарамастан, соңғы бірнеше жылдар екі мемлекет арасындағы сауда айналымы
өсуінің оң үрдісі байқалатын болды. Сонымен бірге, ғаламдық дағдарыс екі
мемлекет арасындағы сауда қатынастарының серпініне өз әсерін тигізді.
Қазақстанның кедендік статистика деректері бойынша 2009 жылдың қаңтар-тамыз
айларында Испаниямен сауда айналымы 408 млн. АҚШ долларын құрады. Соның
ішінде экспорт 350 млн.долл. құрап, ал импорт 58 млн.долл. құрады.
Испанияға қазақстандық экспорттың негізгі бөлімдері көмірсутек, қара
және түрлі-түсті металдар болып табылады. Испаниядан Қазақстанға емдік дәрі-
дәрмектер, цитрустық өнімдер, инсекцитидтер мен гербицидтер, өнеркәсіптік
аспаптар және оларға қосалқы бөлшектер импорттайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда испан капиталының қатысуымен 30 кіші және
орта бірлескен кәсіпорындар тіркелген. Кәсіпорындар экономиканың әртүрлі
салаларында: сауда саласында, автокөліктерді жөндеу, үйде пайдаланатын
бұйымдар өндірісінде және коммуналдық, әлеуметтік және персоналдық қызмет
көрсету салаларында жұмыс істеуде. Бірлескен кәсіпорындардың жартысы Алматы
қаласында орналасқан, ал Бас қаламызда 8 компания жұмыс жүргізуде.
Қазақстан нарығында өз бизнесін дамытуға мүдделі болған испандық ірі
кәсіпорындардың ішінде Репсол мұнай-газ компаниясы, Қазақстан темір
жолы АҚ-мен ынтымақтасатын Тальго көлік компаниясын атап көрсету керек.
ҚР-ның тау кен- руда өнеркәсібінің саласына жарылғыш заттарды жеткізетін
Максам компаниясы белсенді түрде қызмет жасауда. Азаматтық және әскери
мақсаттарға арналған ақпараттық технологиялар саласында мамандандырылған
Индра компаниясымен де қарқынды ынтымақтастық жүргізілуде.
Халық саны: 1996 ж – 39,6 млн.адам; 2004 ж – 40,28 млн.адам; 2006 ж
- 45,13 млн.адам; 2008 ж – 46,06 млн.адам; 2010 ж – 46,66 млн.адам.
Ресми тіл-кастиль, 95% - католиктер, қала халқы – 76%, халық тығыздығы
– 79,7 км.квадрат. Зейнетке шығу жасы – 65

Испаниядағы дамыған сала
2003 жылдан бастап Мадридтегі FITUR атты халықаралық туристік
көрме-жәрмеңкеге туризммен айналысатын мемлекеттік органдардың өкілдерінен,
жекеменшік туристік компаниялардан тұратын казақстандық делегация қатысады.
Осы көрмедегі орнатылған байланыстар, Қазақстан мен Испания туристік
мекемелердің арасындағы әріптестік байланыстарды қеңейтуге жол ашып, қол
жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру екі мемлекет арасындағы туристік
алмасуды елеулі көбейтті.
Испандық туристік әкімшілігімен және оның басшылығымен ынтымақтастық
орнатылды. 2006 жылдың мамырында, 2007 жылдың ақпанында, 2008 жылдың
қаңтары мен желтоқсанында Испанияға ҚР Туризм және спорт министрі
Т.Досмұханбетовтың сапарлары болды. 2009 жылдың шілдесінде екі мемлекеттің
тиісті министрліктері арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы
Меморандумға қол қойылды. Бүгінде елімізде Қазақстан мен Испанияның
бірлескен 27 орта және шағын кәсіпорындары тіркелген. Бұл компаниялар
сауда, автокөлік жөндеу, әлеуметтік қызмет пен басқа да қоғамдық салаларда
жұмыс істейді. Қазіргі кезде олардың көбі Астана мен Алматы қалаларында
орналасқан.
Сонымен бірге екі ел арасында құрылған үкіметаралық комиссияның
жүргізіп жатқан жұмысы да өз нәтижесін беріп жатқанын атап өтуге болады.
Бұл комиссияның алғашқы мәжілісі 1997 жылы Мадридте болып өтті. Ал оның
екінші мәжілісі 2000 жылы қазан айында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың
Испанияға жасаған жұмыс сапары кезінде болса, үшінші мәжілісі былтырғы
жылдың маусым айында өткізілді.
Қазіргі таңда Қазақстан мен Испания арасында мұнай-газ, ақпараттық
технология, көлік және коммуникация салаларында бірнеше маңызды құжаттарға
қол қойылған. Мәселен, мұнай игеру саласында 2005-2006 жылдары
“ҚазМұнайГаз” АҚ, испаниялық “Репсол” мен ресейлік “Лукойл”
кәсіпорындарының жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде тараптар “Жамбай”
кен орнын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Испанияның физикалық географиялық жағдайы
Испания мемлекеті
ИСПАНИЯДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ
Кейінгі орта ғасырдағы испан абсолютизмінің саясаты
Испания Буржуазиялық - демократиялык, революция жылдарында
11-15 ғасырлардағы Испания
Батыс еуропа және оның терроризммен күресі
Нидерландыдағы буржуазиялық революция және оның тарихи маңызы
Испания мемлекеті туралы
Латын Америка елдері туралы
Пәндер