Қазіргі монархиялардағы мемлекеттік басқару жүйесі (Жапония, Ұлыбритания) салыстырмалы сипаттама



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Ұлыбританиядағы мемлекеттік басқару
ә) Жапон мемлекетінің басқару жүйесі
б) Жапон және Ұлыбритания мемлекеттерінің басқару жүйесінің ерекшеліктері
3. Қорытынды
Мемлекеттік басқару дегеніміз- өззінің ерекшеліктері бар біртұтас мемлекеттік билікті жүзеге асырушы институт.
Қазіргі таңдағы монархиялық басқару формасындағы мемлекеттерде негізгі атқару, яғни жоғарғы билік монархтың қолында деп есептелінеді. Дегенмен монарх көп жағдайда ондай билікті иемденбейді.
Бұл зерттеудің негізгі мақсаты- Жапон және Ұлыбритания мемлекеттерінің мысалында, қазіргі монархиялардағы мемлекеттік басқаруды зерттеу және оны біртұтас жүйе ретінде қабылдай отырып, мемлекеттік аппараттың әр деңгейдегі функцияларын және ұйымдастыру тәсілін анықтау. Ол үшін келесі істі орындау қажет:
• Мемлекеттік басқаруға толық түсініктеме беру;
• Жапон мемлекетінің басқару жүйесін анықтау;
• Ұлыбританияның мемлекеттік басқару жүйесін қарастыру;
• Екі елдің ерекшеліктерін ажырату;
Бұл зерттеудің өзектілігі- қандай да болмасын мемлекет мемлекеттік басқару органдарынсыз тиімді іс-әрекет ете алмайды. Өйткені басқару бұл-атқару, бұйрық беру, қабылданған заңдардың орындалуын қадағалау. Бір сөзбен айтқанда мемлекеттік саясатты әкімшілдік органдар арқылы жүзеге асыру.

Ұлыбританияның мемлекеттік басқару жүйесі
Ұлыбритания - конституциялық монархия. Мемлекет басшысы болып король (королева) есептелінеді. Патшалық титул әкеден балаға мұра ретінде беріліп отырады.
Формальді түрде монархтың құзіреті бәрінен жоғары, бірақ оның жеке билігі шектеулі.Л.С. Эсмери және Г.Моррисонның пікірінше, саяси билікті жүзеге асыратын құзіретке үкімет ие. Яғни билік тарихи ерекшеліктерге байланысты парламентке емес үкіметтің қолына көшті. Бұл пікір қазіргі жағдайды дұрыс бейнелемесе де, саяси процессті талдау барысында кездеседі. Өйткені заңшығару процесінде жеңіп шыққан партия адамдары көп кездеседі. Ал үкіметтің басына сол жеңген партияның лидері келеді.Ол лидерді үкімет басшысы етіп королева бекітеді.
Орталықтанған үкімет билігі министрлерден тұратын органдардың қолында. Мемлекеттік басқаруда негізгі рольді үкімет және премьер-министр ойнайды. Ол кабинеттің және үкіметтің іс-әрекеттерін басқаруын жүзеге асырады. Премьер- министр королеваның (Елизавета II) басты кеңесшісі, халықаралық қатынастарда өкілдік функциясын атқарады, министрлер кабинетіне және үкіметке қарастыруға бірнеше мәселелерді шешуді ұсынады ( ол тек кабинет пен министрлер шешетін мәселелер), олардың жалпы саяси стратегиясын айқындайды.
Э. Берчтың айтуы бойынша, саяси шешім қабылдауға әсер ететін факторлардың ішіндегі ең негізгісі премьер-министрдің өзіндік позициясы. Яғни, қазіргі таңдағы Ұлыбританияға саяси шешім қабылдаудуа премьер -министрдің ролінің өсуі тән. Тәжірибе көрсеткендей, премьер -министр өзінің өкілеттігін сыртқы саясатта, экономикалық саясатты анықтауда және де мемлекеттің басқа да әр түрлі маңызды салаларында көрсетеді.
Премьер-министр көп жағдайда монархтың атынан іс-әрекет атқарады. Бұл дегеніміз мемлекеттің жоғарғы чиновниктерін тағайындау, парламентті шақыру немесе тарату, соғыс жариялау немесе бейбітшілік орнату премьер-министрдің құзіретінде.
Үкіметтің тиімді іс-әрекет етуіне себеп болатын бірден-бір орган премьер-министрдің секретаиаты. Бұл органда тұрақты қызметшілері болмайды. Оның құрамын жоғарғы рангтың қызметшілері, чиновниктері толтырады. Олардың негізгі функциясы - кабинетпен, жеке министрліктермен, ведомстволармен қатынасты үнемі орнату, ақпараттық және аналитикалық материалдарды дайындау.
Ұлыбританияда жергілікті билік органдарында бірнеше деңгейлер қалыптасқан: графтықтар, аймақтар, территориялық бірліктер. Барлық әкімшілік территориялар кеңестермен басқарылады. Олар 4 жылға сайланады. Жергілікті атқарушы билігінің басында кеңестер төрағасы отырады.
1. Василенко И.А. Государственно-административное управление стран запада: США, Великобритании, Франции, Германии.

2. Ершин В.Е. Политическая система современного японского общества // государство и право. 1999 № 5.


3. Формэн Ф.Н. Основные черты и институты английской политики // Государство и право. 1987 № 3.

4. Жарнаи Ш. Японское государство и управление // Государство и право. 1986 № 6

5. Байгереев М. великобритания: реформирование властной вертикали // Человек и труд. 2002 № 1.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Философия және саясаттану факультеті

Тақырыбы: "Қазіргі монархиялардағы мемлекеттік басқару жүйесі (Жапония,
Ұлыбритания) салыстырмалы сипаттама"

Жоспар:

1. Кіріспе
1. Негізгі бөлім
а) Ұлыбританиядағы мемлекеттік басқару
ә) Жапон мемлекетінің басқару жүйесі
б) Жапон және Ұлыбритания мемлекеттерінің басқару жүйесінің ерекшеліктері
3. Қорытынды

Мемлекеттік басқару дегеніміз- өззінің ерекшеліктері бар біртұтас
мемлекеттік билікті жүзеге асырушы институт.
Қазіргі таңдағы монархиялық басқару формасындағы мемлекеттерде
негізгі атқару, яғни жоғарғы билік монархтың қолында деп есептелінеді.
Дегенмен монарх көп жағдайда ондай билікті иемденбейді.
Бұл зерттеудің негізгі мақсаты- Жапон және Ұлыбритания
мемлекеттерінің мысалында, қазіргі монархиялардағы мемлекеттік
басқаруды зерттеу және оны біртұтас жүйе ретінде қабылдай отырып,
мемлекеттік аппараттың әр деңгейдегі функцияларын және ұйымдастыру
тәсілін анықтау. Ол үшін келесі істі орындау қажет:
Мемлекеттік басқаруға толық түсініктеме беру;
Жапон мемлекетінің басқару жүйесін анықтау;
Ұлыбританияның мемлекеттік басқару жүйесін қарастыру;
Екі елдің ерекшеліктерін ажырату;
Бұл зерттеудің өзектілігі- қандай да болмасын мемлекет мемлекеттік
басқару органдарынсыз тиімді іс-әрекет ете алмайды. Өйткені басқару бұл-
атқару, бұйрық беру, қабылданған заңдардың орындалуын қадағалау. Бір
сөзбен айтқанда мемлекеттік саясатты әкімшілдік органдар арқылы жүзеге
асыру.

Ұлыбританияның мемлекеттік басқару жүйесі
Ұлыбритания - конституциялық монархия. Мемлекет басшысы болып
король (королева) есептелінеді. Патшалық титул әкеден балаға мұра
ретінде беріліп отырады.
Формальді түрде монархтың құзіреті бәрінен жоғары, бірақ оның жеке
билігі шектеулі.Л.С. Эсмери және Г.Моррисонның пікірінше, саяси билікті
жүзеге асыратын құзіретке үкімет ие. Яғни билік тарихи ерекшеліктерге
байланысты парламентке емес үкіметтің қолына көшті. Бұл пікір қазіргі
жағдайды дұрыс бейнелемесе де, саяси процессті талдау барысында
кездеседі. Өйткені заңшығару процесінде жеңіп шыққан партия адамдары
көп кездеседі. Ал үкіметтің басына сол жеңген партияның лидері
келеді.Ол лидерді үкімет басшысы етіп королева бекітеді.
Орталықтанған үкімет билігі министрлерден тұратын органдардың
қолында. Мемлекеттік басқаруда негізгі рольді үкімет және премьер-
министр ойнайды. Ол кабинеттің және үкіметтің іс-әрекеттерін басқаруын
жүзеге асырады. Премьер- министр королеваның (Елизавета II) басты
кеңесшісі, халықаралық қатынастарда өкілдік функциясын атқарады,
министрлер кабинетіне және үкіметке қарастыруға бірнеше мәселелерді
шешуді ұсынады ( ол тек кабинет пен министрлер шешетін мәселелер),
олардың жалпы саяси стратегиясын айқындайды.
Э. Берчтың айтуы бойынша, саяси шешім қабылдауға әсер ететін
факторлардың ішіндегі ең негізгісі премьер-министрдің өзіндік
позициясы. Яғни, қазіргі таңдағы Ұлыбританияға саяси шешім қабылдаудуа
премьер -министрдің ролінің өсуі тән. Тәжірибе көрсеткендей, премьер
-министр өзінің өкілеттігін сыртқы саясатта, экономикалық саясатты
анықтауда және де мемлекеттің басқа да әр түрлі маңызды салаларында
көрсетеді.
Премьер-министр көп жағдайда монархтың атынан іс-әрекет атқарады.
Бұл дегеніміз мемлекеттің жоғарғы чиновниктерін тағайындау, парламентті
шақыру немесе тарату, соғыс жариялау немесе бейбітшілік орнату премьер-
министрдің құзіретінде.
Үкіметтің тиімді іс-әрекет етуіне себеп болатын бірден-бір орган
премьер-министрдің секретаиаты. Бұл органда тұрақты қызметшілері
болмайды. Оның құрамын жоғарғы рангтың қызметшілері, чиновниктері
толтырады. Олардың негізгі функциясы - кабинетпен, жеке
министрліктермен, ведомстволармен қатынасты үнемі орнату, ақпараттық
және аналитикалық материалдарды дайындау.
Ұлыбританияда жергілікті билік органдарында бірнеше деңгейлер
қалыптасқан: графтықтар, аймақтар, территориялық бірліктер. Барлық
әкімшілік территориялар кеңестермен басқарылады. Олар 4 жылға
сайланады. Жергілікті атқарушы билігінің басында кеңестер төрағасы
отырады.
Графтықтар кеңесінің жергілікті өзін-өзі басқару заңына
енгізілгендерге: полиция, өрт сөндіру күзеті, жерді пайдалану, көше
құрылыстары, әлеуметтік қызметтер жатады. Кеңстік және қалалық
округтердің басқруындағы қарастырылатын мәселелер: салық, қалалық және
ауылдық жерлерді пайдалану, заводтар және мекемелер, т.с.с.

Жапон мемлекетінің басқару жүйесі
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін Японияда жоғарғы билікті
өздерінің одақтастарымен келісе отырып, американдық әскери әкімшілігі
жүзеге асырды. Ондағы басты мақсат- демократияны орнату еді. Осының
салдарынан жапон мемлекетінде 1946 жылы конституция қабылданды.
Конституцияда ұлттық суверенитет принципі, демократиялық еркіндік
негіздері және жалпы сайлау құқығы бекітілді. Сонымен қатар бұл
конституцияда демократияның тағы бір принципі- билік бөлінісі
(заңшығарушы, сот және атқарушы) орын алды.
Конституция елдегі монархтың орнын өзгертіп жіберді. Ол мемлекеттің
және халық бірлігінің символына айналды. Дегенмен конституцияда
мемлекеттің басқару формасы нақы бекілмеген.
Конституцияға сәйкес, император халық атынан парламентті шақырады,
төменгі палатаны тарата алады, парламенттің ұсынысымен премьер-
министрді тағайындайды, шет елдердің дипломатиялық өкілдерін
қабылдайды. Бірақ бұл өкілдіктері формальді түрге ие.
Демек, император мемлекеттік билікті жүзеге асыру құзіретіне ие
емес. Ол министрлер кабинетінің мақұлдауымен мемлекеттік істерге
қатысты әрекет етуге мүмкіндігі бар.
Японияда атқару билігінің жоғарғы органы үкімет болып табылады. Оны
министрлер кабинеті деп те атайды. Министрлер кабинетінің іс-әрекеті
конституция негізінде жүзеге асады.
Бұл кабинетті премьер-министр басқарады. Оның құрамына премьердің
орынбасарлары, министрлер, кабинет секретарі, заңшығарушы бюроның
бастығы кіреді. Премьер-министр парламенттің екі палатасының отырысында
сайланады. Ол өз кезегінде кабинет министрлерін тағайындайды.
Министрлер кабинеті жалпы функциялармен қатар, төмендегі
қызметтерді атқарады: заңдарды іске асыру, мемлекеттік істерді басқару,
сыртқы саясатты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам банкілері қызметінің жаңа тенденциялары (аравиялық монархиялар үлгісінде)
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Шетелдердегі конституциялық құрылысы және оның негiздерi
Шетелдердегі президенттің конституциялық құқықтық мәртебе
Мемлекет нысанының элементтері
Мемлекет басқару нысаны ретінде
КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ МОНАРХИЯНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
«Шет елдер экономикасы» пәнінің ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Елтану курсынан дәрістер
Шетелдердің конституциялық құқығы пәнінен дәрістер
Пәндер