Иондық сәулелену



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Иондық сәулелену туралы жалпы түсінік
2.Иондық сәулеленудің түрлері
3.Радиоактивті сәулелер
4.Иондық сәулеленудің әсері
Қорытынды
Қазіргі кезеңде адамдар мен табиғат арақатынастары жылдан жылға шиеленісіп барады.Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолына түсуі бұған себеп болып отыр.Соның салдарынан табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе өсіп,адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияны үнемі көбейіп келеді.Пайдалы кендер қорының жақын арада таусылу,өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің толықтай жоғалуы қоршаған ортаның шектен тыс ластану қаупі төнді.Өнеркәсібі дамыған кейбір елдерде қоршаған ортаның нашарлағаны сонша,енді адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады.
Міне,сондықтан да табиғат қорларына құнтты болу бұзылғандарын қалпына келтіріп отыру,оларды ұтымды пайдалану,ауаға,жерге,суға,өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардыңборышы және абыройлы міндеті болып саналады.
Табиғаттағы өзгерістер өте баяу жүретін болғандықтан қоршаған ортаға келген зиян көзге көріне бермейді,бірнеше жыл өткесін ғана біліне бастайды.Осыған байланысты зиянды өзгерістерді тоқтату үшін алынған шаралар тым кеш болып нәтиже бермей,болмаса мезгіл өтіп кеткен соң көп күш,қаржы материал жұмсауға тура келеді.Олай болса қолда барды сақтау мен ұтымды пайдалану-бүгінгі күн талабы екенін есте сақтаған жөн.
1.Ұ.Сағымбаев «Экология негіздері»,Алматы 1995ж

Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Иондық сәулелену туралы жалпы түсінік
2.Иондық сәулеленудің түрлері
3.Радиоактивті сәулелер
4.Иондық сәулеленудің әсері
Қорытынды

Қазіргі кезеңде адамдар мен табиғат арақатынастары жылдан жылға
шиеленісіп барады.Жер жүзіндегі халықтар санының тез өсуі мен
мемлекеттердің жаппай өнеркәсіпті дамыту жолына түсуі бұған себеп болып
отыр.Соның салдарынан табиғат қорларын пайдалану бірнеше есе
өсіп,адамдардың қоршаған ортаға тигізетін зияны үнемі көбейіп
келеді.Пайдалы кендер қорының жақын арада таусылу,өсімдіктер мен
жануарлардың кейбір түрлерінің толықтай жоғалуы қоршаған ортаның шектен тыс
ластану қаупі төнді.Өнеркәсібі дамыған кейбір елдерде қоршаған ортаның
нашарлағаны сонша,енді адамдардың денсаулығына кесірін тигізе бастады.
Міне,сондықтан да табиғат қорларына құнтты болу бұзылғандарын қалпына
келтіріп отыру,оларды ұтымды пайдалану,ауаға,жерге,суға,өсімдікт ер мен
жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардыңборышы және
абыройлы міндеті болып саналады.
Табиғаттағы өзгерістер өте баяу жүретін болғандықтан қоршаған ортаға келген
зиян көзге көріне бермейді,бірнеше жыл өткесін ғана біліне бастайды.Осыған
байланысты зиянды өзгерістерді тоқтату үшін алынған шаралар тым кеш болып
нәтиже бермей,болмаса мезгіл өтіп кеткен соң көп күш,қаржы материал
жұмсауға тура келеді.Олай болса қолда барды сақтау мен ұтымды пайдалану-
бүгінгі күн талабы екенін есте сақтаған жөн.

Энергия қуаты өте жоғары,электрондарды атомнан ажыратып,оларды басқа
атомдарға қосып дұрыс және теріс зарядты иондар құрайтын сәулені ионды
сәуле деп атайды.
Табиғи жолмен ионды сәуле ғарыштан келеді және тау жыныстарында
орналасқан радиоактивті заттардан тарайды.
Радиоактивті сәуле шашатын элементтердің изотоптарын (атом ядроларында
протон саны бірдей,нейтрон саны бірдей емес химиялық заттар) радиоактивті
изотоп немесе радионуклиж деп атайды.
Атом бомбаларын сынау,атом электр станцияларын пайдалану көбейген сайын
аспаннан түсетін және жерде жиналған радиоактивті қалдықтар тым көбейіп
кетті.
Басқа заттардың атомдары мен молекулаларына қосымша қуат ретінде өз
сәулесін беретін ионды сәулелер корпускулярлық (альфа,бета,нейтрон
сәулелері) және электрлі-магниттік (гамма,рентген сәулелері) болып екіге
бөлінеді.
Корпускулярлық сәулелер өзінің энергиясын кездескен барлық заттарға
береді.
АЛЬФА СӘУЛЕЛЕР-бұлар Гелийдің атом ядролары.Басқа сәулелермен
салыстарғанда мөлшері үлкен,ауадағы жолы бірнеше сантиметрден
аспайды.Жолында кездескен заттарға (адам денесі,терісі немесе қағаз
беті)тоқтайды.Бірақ сол тоқтаған нүктесінде өте күшті иондық әсер
қалдырады.
БЕТА СӘУЛЕЛЕРІ- бұлар жылдам электрондар.Мөлшері Гелий атом ядроларынан
кіші,ауадағы жолы ұзақ,бірнеше метрге созылады.Адам денесіне бірнеше
сантиметрге сіңеді.Сәулені бір нүктеге емес,жүрген жол бойына шашды.
НЕЙТРОН СӘУЛЕЛЕРІ электрлік қасиеті жағынан бейтарап элемент
(ионсыз)болғанымен атомдарды қалыпты жағдайынан ажыратқанда тура
бағытталған радиоактивті сәуле шашып,радиоакивті емес материалдармен
денелерден өтіп,гамма сәулелермен салыстарғанды жылдам нейтрондар 10 есе,
баяу нейтрондар 5 есе көп зиян келтіреді.
Нейтронды сәулелер,атом станциялары маңында атом жарылыстары болған
жерлерде көгі жиналады.Осы сәуленің әсерінен жаңа радиоактивті заттар пайда
болып,қоршаған ортаға тарайды.Корпускулярлық сәулелер болғандықтан жолда
кездескен барлық заттарға сәулелерін шашады.
ГАММА СӘУЛЕЛЕР электрлік-магниттік сәулелер қатарына жатып,күн сәулесі
сияқты ұзақ қашықтыққа шашырайды.
Толқындарының ұзындығы бета сәулелрінен қысқа,денеден оңай өтіп,ешқандай
әсер қалдырмауы да мүмкін.Егер шашырап тараған сәуле болса,онда жол бойы
ионды әсер қалдырады.
Сонымен,альфа,бета,гамма-сәулелер осы ретпен тұрса сәулелердің денеге
өтуі күшейеді де,иондық әсері азая береді.Биолог ғалымдар альфа- және бета-
сәулелерді дене ішіндегі,гамма сәулені дене сыртындағы сәулелер деп
атайды.Өйткені альфа,бета сәулелер ішкен аспен,темекі түтінімен т.б.
жолдармен адамның ішкі дүниесіне өтіп,көп сақталып,үлкен әсер етеді,ал
гамма сәулелер денеде сақталмай өтіп кетеді де,сәуленіңкөзі адам денесінен
бөлек болады. Дене сыртындағы сәулелер адамның шашына,қолы мен бет
терісіне зиянын тигізсе, дене ішіндегі сәулелер дененің ішкі мүшелеріне
қауіпті.Олар денеде көп сақталып,әбден таусылғанша немесе денеден шығып
біткенше сәуле шаша береді.
Рентген сәулелер де электрлік-магниттік сәулелерге жатады,гамма
сәулелеріне ұқсас.Электронды сыртқы қабаттарынын ажыратып,арнаулы
қондырғылар арқылы сәулені оңай алып,адам денесін,түрлі
топтастықтырады,экологиялық жүйелерді зерттеуге пайдаланады.Рентген
қондырғылар айналаға радиоактивті сәуле шашпайды.
Ғарыштан келетін ионды сәулелер корпускулярлық және электрлік-магниттік
сәулелерден тұрады,биосфераға аса қауіпті емес.Ғарышта ұзақ болатын
жолаушыларға өте зияны бар.
Жергілікті ионды сәулелерді судағы,топырақтағы радиоактивті заттар
таратады,тірі организмдер оларға үйреніп көндігіп алған.Топырақ және теңіз
бетінен мұндай сәулелер аз тараса,таулардан әсіресе гранит тастары,өте көп
шашырайды.
Радиоактивті сәулелердің мөлшері екі жолмен өлшенеді.Бірінші жол-белгілі
бір радиоактивті затта болатын ажырау санын өлшеу,екіншісі денеге сіңген
сәулелердің мөлшерін өлшеу.
Радиоактивті материалдық ажырау жылдамдығы өлшеу үшін Кюри (Ки)
қолданылады.Секунд сайын 3,7*1010 атом немесе минут сайын 2,2*1012 атом
ажырайтын болса 1 Кюри болады.
Мысалы:1 грамм Радийдің атомдары ажырауы 1 Кюриге тең болады.Жаңа пайда
болған Натрийдің 1 Кюри 10 граммға тең.
Биологиялық тұрғыдан қарағанда 1 Кюри өте жоғары жылдамдық болып
саналады.Сондықтан тәжірибе жасау үшін одан кішілеу өлшеулер қолдану қажет
болады.
Олар микрокюри (мкм)-10 Кюриге тең
Микрокюри (МкКм)-10
Нанокюри (нКи)-10
Пикокюри (пКи)-10
Ертеректе нанокюри орнына милимикрокюри (ммкКи) пикокюри орнына
микромикрокюри (мкмкКи) қолданылып жүрді.Бұл өлшеулерді кейбір оқулықтардан
кездестіруге болады.
Соңғы кезде олар қолданылмайтын болды.Аталған өлшемдер атомдардың ажырау
жылдамдығын ғана көрсетеді де,радиоактивті сәуленің организмге өткен
мөлшерін өлшемейді.
Денеге өткен ионды сәулелердің мөлшерін білу және зиянды әсерін бақылау
үшін Рад және Рентген өлшемдері қолданылады.Тірі организмдердің сәулелену
мөлшерін өлшегенде Рад және Рентген өлшемдерінің айырмашылығы жоқ.Олардың
да мөлшері өте үлкен болғандықтан қазір миллирад (мРад) пен миллирентген
(мР) қолданылып жүр.Бұлар Рад пен Рентгеннің мыңнан бір бөлігі.Мысалы:1
сағатта денеге өткен сәуленің мөлшері 10 мРад болса,24 сағатта 240 мРад
немесе 0,24 Рад болады.
Ионды сәулелердің кесірінен организмге келген биологиялық зиянды өлшеу
үшін Рад орнына Бэр қолданылады.(Бэр-орысша биологический эквивалент
Рада,қазақша –Радтың биологиялық баламасы деген сөз)
Қазіргі кезде бір рет немесе ұзақ уақыт бойы кісі денесіне өткен ионды
сәулелердің әсері жақсы зерттелген.Адамдардың ауруы қаупі ең алдымен денеге
жиналған ионды сәуленің мөлшеріне байланысты.Бұл сәуле денеге бір
минутта,бір тәулікте,әлде 50жылда жиналды ма оның айырмашылығы
шамалы.Сөйтіп ионды сәулемен ауыру қаупі өмір бойы кісімен бірге жүреді.
Атом электр станциясында қызмет жасайтындар жылына орта есеппен 0,75-1
бэр шамасында,қалған тұрғындар 0,1 бэрден көп ионды сәулелер алмауы
керек.Сонда ғана АЭС-те істейтіндер өмір бойы 19-25 бэр,басқа тұрғындар 10
бэр ионды сәуле жинайды.
Халықаралық,норма бойынша осы сәулелермен жұмыс жасайтын мамандар үшін
жылына 5 бэрден,қалған тұрғындар үшін 0,5 бэрден аспауы көзделген.Өкінішке
орай,аурулардың ішінде денесінде 100бэрге дейін сәуле жиналған кісілер де
кездеседі.
Жергілікті ионды сәулелер,құрылыста қолданылатын бетондар,басқа да
радионуклидтер есебінен Қазақстан тұрғындары денесіне өмір бойына 25-28 бэр
сәуле жиналады.Семей,Капустин-Яр,Ақтөбе полигондары маңайында
тұратындар,әрине мұнан көп жинайды.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың
Известиягазетіне берген бір интервьюінен үзінді келтірейік ..Бір Семей
полигоны не тұрады! 1949 жылдан бастап ауада жарылыс.Бірінші сутек бомба
ауада жұрттың көзінше жарылды.Меніңше 260 осындай ашықжарылыстар және 300-
360 жабықжер астында,жарылыстар болды.Міне,шетте тұратын ұлттарға қандай
көзқарас!Ядролық қыстан ең алдымен зардап шеккенде не болып жатқанын
түсінген де жоқ...Барып тұрған азғындық қылық құпия деген жамылғымен
жабылды...Семей полигонынан басқа Қазақстан жерінде ондаған полигон болғаны
бізге белгілі...халық шаруашылығы мүддесі үшін үлкен және кіші жарылыстар
барлығы 20-дан артық болды:Батыс Қазақстанда–Атырау,Маңғыстау,Батыс
Қазақстан,Ақтөбе облыстарында мұнай іздеді.Мұндайды жарылыспен іздейтін
әдіс бар.Жер астынан газ сақтайтын қойма жасау үшін де жарылыстар
жүргізілді.Азғана кісілер болмаса,басқа ешкім білген жоқ.
Міне осылай,жергілікті халық ештеме білмей өмір
сүрді,уланған,сәулеленген ауаны жұтты.Өз халқы қырылып жатқанда үлкен
де,кіші де ел басшылары білсе де үндерін шығармай,ешбір әрекет жасамай,жан
сауғалап отыра берді.
Ресейдің атом саласында жұмыс істейтін басшылары мен оқымыстылары әлі
күнге дейін екі жүзділік жасап,жұртты алдауға тырысады.
Мысалы:В.Михайлов пен А.Ф.Цыба Семей ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иондық сәлулеленудің топтары
Иондалған сәуленің адам ағзасына әсері
Спектрлік әдістер
Сәулеленудің генетикалық әсері
Пайдалы әсері
Радиация және олардың түрлері
Иондаушы сәулелердің табиғаты және түрлері
Радиация және оның түрлері
Радиация және олардың түрлері туралы
Белгіленген» атомдар әдісі. Стабильді изотоптар және радиоактивті индикаторлар
Пәндер