Заңды тұлға туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

I. Заңды тұлға ұғымы
1.1. Заңды тұлға ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Заңды тұлғаның белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.3. Заңды тұлғалардың дараландырылуы ... ... ... ... ... 11
1.4. Заңды тұлғаның құқық және әрекет қабілеттілігі ... 14
1.5. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері ... ... 17


ІІ. Заңды тұлғаны құру, қайта құру және тарату
2.1. Заңды тұлғаны құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
2.2. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу ... ... ... ... ... 21
2.3. Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату ... ... ... . 23


ІІІ. Заңды тұлғалардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... .. 28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 37

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... .. 39.41
Әрбір ғылымның өз саласы бойынша обьективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге байланысты жүйелі түрде құрылған мәселелері болады. Сол мәселелер ғылыми түрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның пәніне айналады. Жалпы алғанда «заңды тұлғалар» Азаматтық құқық саласының негізгі бөлімдерінің қатарына кіреді. Қоғамның өмірі адамдардың, азаматтардың бір-бірімен қатынасуынсыз, одақтарсыз бір-бірлерінің күштерін біріктірмесе еш жетістіктерге жетпес еді. Заңды тұлғалар қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси өмірде өте үлкен рөл атқарады. Заңды тұлғалар азаматтық айналымның қөптеген қатынастарына қатысады. Азаматтар күнделікті өмірде қандай қарым-қатынастарға түссе сол қатынас-тар негізінен қөбінесе заңды тұлғалармен байланысты болады. Ол қатынастарға еңбек, саяси, нарықтық, экономикалық, әлеуметтік, қаржылық жоне т.б. көптеген қатынастар жатқызуға болады. Сол себепті заңды тұлғаларға қатысты мәселелер қай уақытта болмаса да өзектілігін жоғалтпайды және олар үнемі зерттеліп тұруы қажет.
Ендігі айтарым, ол қоғам кез-келген аяларында үнемі дамып тұратындығы. Осыған байланысты азаматтық қатынастар да үнемі міндетті түрде дамып, күрделене береді. Әрине қоғамның сұрастарын қамтамасыз ету үшін азаматтық заңдылықтар да жаңартылып, жетілдіріліп тұрады. Бұған дәлел, о л заңды заңды тұлға институты туралы ең алғашқы сөз қылған б.з.д ІІ-І ғ-да Рим заңгерлері болып табылады.
Негізінен заңды тұлға институты өте көп зерттелген: құрылымына, оның түсігіне, белгілеріне, оның даму, қалыптасу тарихына, оның жекелеген түрлерінің құқықтық мәртебесіне арналған ғылыми теориялық және оқыту-қолданбалық, кещендік әрі арнайы жұмыстар жетіп артылады. Қазақстанда Бұл тақырыпқа Ю.Г.Басин, И.П.Грешников, АТ.Диденко, В.А.Жакенов, И.У.Жаназаров, Р.А.Маметова, К.В.Мукашева, Б.В.Покровский, М.К.Сулейменов, Ш.Ж.Ташмукамбетова және тағыда басқа ғалымдар көп еңбек жазған. Сол еңбектер оның көп зерттелгендігін долелі. Мен, диплом жұмысымда заңды тұлға туралы көптеген ілімдердің (теориялардың) бар екендігін айтып кетемін. Олармен танысу барысымда, мен, заңды тұлға туралы ғалымдар арасында көптеген келіспеушіліктердің бар екендігін анықтадым. Олардың заңды тұлғаға байланысты қоятын негізгі сұрақтардың бірі : «Заңды тұлға артында кім(немесе не) түр? Ол кімнің ерік мүддесін жүзеге асыруда? Ол кімнің мүддесін қорғауда?» Мен де Бұл сұрақтарға жауап іздеумен айналысқым келеді.
Осы жұмысты жазуымда келесі мақсаттарды алдыма қойдым. Ол, ең алдымен заңды тұлға үғымын тереңірек түсіну, оның қоғамдағы алатын орнын анықтау болып табылады. Бұл мақсатыма жету үшін, мен көптеген әдебиеттермен таныстым. Ондағы әр түрлі ғалымдардың ой тұжырымдарын зерттеп, оларды практи-калық жағынан қарастырдым. Яғни ол шың мәнінде дұрыс не дұрыс еместігін анықтау үшін.Соңында олардың қайсысының шыңдыққа сай келетіндігін анықтағым келді.
Негізінен заңды тұлға институтына байланысты қатынастар көптеген заңдармен реттеледі. Олардың қатарына Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодекс 27.12.1994 жылы, «Бәсекелестік жоне монополиялық қызметті шектеу туралы», «Комерциялық емес ұйымдар туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Аудиторлық қызмет туралы», «Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік-тер туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Банкроттық туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, «Өндірістік кооператив туралы», «Мемлекеттік кәсіпорын туралы», «Шаруашылық серіктестіктер туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы», «Банкроттық туралы», Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар жарлықтары және көптеген Үкімет қаулылары мен ережелері.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30.08.1995 ж. Өзгерістер мен толықтырулар 7.10.98. Жеті Жарғы 2005.
2. Қазақстан Республикасының Азаматгық Кодексі (жалпы бөлімі)27.12.1994ж. Жеті Жарғы 2005.
3. «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 16.01.1991 ж. Жеті Жарғы 2005.
4. «Акционерлік коғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 18.05.2003 ж.
5. «Жауапкершілігі шектеулі жэне қосымша жаупкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22.04.1998
6. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5.03.1997 ж.
7. «Қазақстан Республикасында банктер жэне банктік кызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 31.08.1995 ж.
8. «Жеке кәсіпкерлікті қорғау жэне қолдау туралы» Қазақ стан Республикасының Заңы 4.07.1992 ж.
9. «Өндірістік кооператив туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы 5.10.1995 ж.
10. «Мемлекетгік кәсіпорын туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы 19.06.1995 ж.
11. «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы 2.05.1995 ж.
12. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы 17.04.1995 ж.
13. «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары жэне тауар шығарылған жердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 26.07.1999ж.

1. Гражданское право. Том 1. Учебник для вузов, (акадй курс) Отв. ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы- Изд. КазГЮА, 2000 г.
2. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан. Понятие и общая характеристика. Учебное пособие. Изд. 2-е, испр. и доп. Алматы -ВШП «Әділет» 2000 г.
3. Басин Ю.Г. Юридические лица по гражданскому кодексу Республики Казахстан. Понятие иобщая характеристика. Учебное пособие. Алматы- «Әділетпресс» 1996 г.
4. Гражданское Право Республики Казахстан Учебное пособие. (Часть общая) 2-е изд. доп. и изм. Отв. ред. Г.И.Тулеугалиев, К.С.Мауленов. Алматы- «Дэнекер» 1999 г.
5. Гражданский Кодекс Республики Казахстан (общая часть) Ком-й в 2-х книгах. Книга 1. Отв. ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы- «Жеті жарғы» 1997 г.
6. Грешников И.П. Понятие юридического лица в гражданском праве и законодательстве. Автореф. дис. к.ю.н. Алматы-1997г.
7. Грешников И.П. Понятие юридического лица. В кн. А.Г.Диденко, О.С.Иоффе и др. Г.П. Учебное пособие-. Алматы- Изд.КазГЮУ 1999 г.
8. Ильясова К.М. Ком-й к ст.ст. 52-57 ГКРК тол-е и ком-е. Общая часть. Выпуск 1-й. Под. общ. ред. А.Г.Диденко. Алматы- «Баспа» 1996 г.
9. Климкин С.И. Юридические лица по законодательству Республики Казахстан. Общие положения. Алматы- «Баспа» 2001 г.
10. ГКРФ Часть 1. Научно прак-й ком-й. Отв. ред. Т. Е. Абова, А. Ю. Кабалкин, В.П.Мозолин. Москва-«БЕК» 1996 г.
11. Гражданское право. Учебник. Том 1. Под. ред. Е.А.Суханова Москва- «БЕК» 1996 г.
12. Гражданское право. Учебник. В 2-х томах. Том 2. Под. ред. Е.А.Суханова Москва-«БЕК» 1'994 г.
13. Гражданское право. Учебник. Часть 1. изд. 2-е. Перер. и доп. под. ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого Москва-ПРОСПЕКТ 1997 г.
14. Гражданское право России. Курс лекций.Часть І.Под. ред. О.Н.Садикова Москва-«Юридическая литература» 1996г.
15. Гражданское право. Часть 1. Учебник. Отв. ред. Е.А.Калпина, А.И.Масляева. Москва-ЮРИСТЪ 1997 г.
16. Советское гражданское право. Учебник в 2-х томах. Т 1. Под. ред. О.А.Красавчикова. 3-е изд. испр. и доп. Москва-«Высшая Школа» 1985г.
17. И.П.Грешников Субъекты права. Часть 1. Юридическое лицо в праве и законодательстве. Алматы- «LEM» 2001 г.
18. Гажданское право. Под. ред. С.П.Грашаева. Москва-ЮРИСТЪ 1999 г.
19. Қазақстан Республикасының Азаматтық Құқығы. 1 Том. Жоғары оқу орындарына арналған (акад-й курс). Ғ.И.Төлеуғалиев. Алматы- ҚазМЗА 2001 ж.
20. Предпренимательство и право: опыт запада. Кулугин МИ. Москва-1992 г.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

I. Заңды тұлға ұғымы
1.1. Заңды тұлға ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Заңды тұлғаның белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.3. Заңды тұлғалардың дараландырылуы ... ... ... ... ... 11
1.4. Заңды тұлғаның құқық және әрекет қабілеттілігі ... 14
5. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері ... ... 17

ІІ. Заңды тұлғаны құру, қайта құру және тарату
2.1. Заңды тұлғаны құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 19
2.2. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу ... ... ... ... ... 21
3. Заңды тұлғаларды қайта құру және тарату ... ... ... . 23

ІІІ. Заңды тұлғалардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... .. 28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 37

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... .. 39-41
КІРІСПЕ

Әрбір ғылымның өз саласы бойынша обьективті ақиқатқа жетуге,
заңдылықтарды бейнелеуге байланысты жүйелі түрде құрылған мәселелері
болады. Сол мәселелер ғылыми түрғыдан зерттеліп, тұжырымдалып, ғылымның
пәніне айналады. Жалпы алғанда заңды тұлғалар Азаматтық құқық саласының
негізгі бөлімдерінің қатарына кіреді. Қоғамның өмірі адамдардың,
азаматтардың бір-бірімен қатынасуынсыз, одақтарсыз бір-бірлерінің күштерін
біріктірмесе еш жетістіктерге жетпес еді. Заңды тұлғалар қоғамның
әлеуметтік, экономикалық, саяси өмірде өте үлкен рөл атқарады. Заңды
тұлғалар азаматтық айналымның қөптеген қатынастарына қатысады. Азаматтар
күнделікті өмірде қандай қарым-қатынастарға түссе сол қатынас-тар негізінен
қөбінесе заңды тұлғалармен байланысты болады. Ол қатынастарға еңбек, саяси,
нарықтық, экономикалық, әлеуметтік, қаржылық жоне т.б. көптеген қатынастар
жатқызуға болады. Сол себепті заңды тұлғаларға қатысты мәселелер қай
уақытта болмаса да өзектілігін жоғалтпайды және олар үнемі зерттеліп тұруы
қажет.
Ендігі айтарым, ол қоғам кез-келген аяларында үнемі дамып тұратындығы.
Осыған байланысты азаматтық қатынастар да үнемі міндетті түрде дамып,
күрделене береді. Әрине қоғамның сұрастарын қамтамасыз ету үшін азаматтық
заңдылықтар да жаңартылып, жетілдіріліп тұрады. Бұған дәлел, о л заңды
заңды тұлға институты туралы ең алғашқы сөз қылған б.з.д ІІ-І ғ-да Рим
заңгерлері болып табылады.
Негізінен заңды тұлға институты өте көп зерттелген: құрылымына, оның
түсігіне, белгілеріне, оның даму, қалыптасу тарихына, оның жекелеген
түрлерінің құқықтық мәртебесіне арналған ғылыми теориялық және оқыту-
қолданбалық, кещендік әрі арнайы жұмыстар жетіп артылады. Қазақстанда Бұл
тақырыпқа Ю.Г.Басин, И.П.Грешников, АТ.Диденко, В.А.Жакенов, И.У.Жаназаров,
Р.А.Маметова, К.В.Мукашева, Б.В.Покровский, М.К.Сулейменов,
Ш.Ж.Ташмукамбетова және тағыда басқа ғалымдар көп еңбек жазған. Сол
еңбектер оның көп зерттелгендігін долелі. Мен, диплом жұмысымда заңды тұлға
туралы көптеген ілімдердің (теориялардың) бар екендігін айтып кетемін.
Олармен танысу барысымда, мен, заңды тұлға туралы ғалымдар арасында
көптеген келіспеушіліктердің бар екендігін анықтадым. Олардың заңды тұлғаға
байланысты қоятын негізгі сұрақтардың бірі : Заңды тұлға артында
кім(немесе не) түр? Ол кімнің ерік мүддесін жүзеге асыруда? Ол кімнің
мүддесін қорғауда? Мен де Бұл сұрақтарға жауап іздеумен айналысқым келеді.
Осы жұмысты жазуымда келесі мақсаттарды алдыма қойдым. Ол, ең алдымен
заңды тұлға үғымын тереңірек түсіну, оның қоғамдағы алатын орнын анықтау
болып табылады. Бұл мақсатыма жету үшін, мен көптеген әдебиеттермен
таныстым. Ондағы әр түрлі ғалымдардың ой тұжырымдарын зерттеп, оларды
практи-калық жағынан қарастырдым. Яғни ол шың мәнінде дұрыс не дұрыс
еместігін анықтау үшін.Соңында олардың қайсысының шыңдыққа сай келетіндігін
анықтағым келді.
Негізінен заңды тұлға институтына байланысты қатынастар көптеген
заңдармен реттеледі. Олардың қатарына Қазақстан
Республикасының Азаматтық Кодекс 27.12.1994 жылы, Бәсекелестік жоне
монополиялық қызметті шектеу туралы, Комерциялық емес ұйымдар туралы,
Сақтандыру қызметі туралы, Аудиторлық қызмет туралы, Жауапкершілігі
шектеулі серіктестіктер және Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік-тер
туралы, Бағалы қағаздар нарығы туралы, Банкроттық туралы, Қазақстан
Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы Қазақстан
Республикасының заңдары, Өндірістік кооператив туралы, Мемлекеттік
кәсіпорын туралы, Шаруашылық серіктестіктер туралы, Заңды тұлғаларды
мемлекеттік тіркеу туралы, Банкроттық туралы, Қазақстан Республикасының
Президентінің заң күші бар жарлықтары және көптеген Үкімет қаулылары мен
ережелері.

І. Заңды тұлға ұғымы

1.1. Заңды тұлға ұғымы

Азаматтық құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде азаматтық құқықтық
қатынастардың субъектісі болу тек жеке тұлғаларға ғана емес, олармен қатар
заңды тұлғаларға да тән қасиет (АК 1 бап).
Азаматтық құқықтың дербес субъектісі ретіндегі заңды түл-ғаның
түсінігін айқындау үшін тарихқа шүғылып, жалпы оның пайда болу себептерін,
құрылуының мақсаттарын, ол туралы ғылыми пікірлер туралы мағлүматтарды
келтіру орынды болар деп ойлаймын.
Әрі әлеуметтік, әрі экономикалық, әрі саяси түрғыдағы қо-ғамдық
қатынастардың күрделі жағдайында адамдардың әр түрлі ұйымдар құрмай өмір
сүруі мүмкін емес. Кез-келген ұйымдардың белгілі бір мақсаттарға жету үшін
құрылатындығы бәрімізге мәлім, ал ол үшін міндетті түрде қаржы мен еңбектің
де бір араға келтірілуі қажет. Адамдардың мұндай ұжымдық қатысуларының
негізгі нысаны заңды тұлғалар түрінде ұйымдастырылады.
Заңды тұлға институтының қоғамда пайда болуының себептеріне келетін
болсақ, олар жалпы құқықтың да пайда болу себептерімен сәйкес келеді. Яғни
қоғамның әлеуметтік ұйымдастырылуының қиындауы, экономикалық қатынастардың
дамуы, қоғамдық сананың жоғарылауы.
Қоғамдық дамудың белгілі бір сатысында жеке тұлғаның жалғыз субъектісі
ретіндегі жеке тұлғалар арасындағы ғана қатынастарды құқықтық реттеу, дамып
келе жатқан экономикалық айналым үшін жеткіліксіз болып қалды.
Заңды тұлғалардың алғашқы көріністерін сөз қылған біздің заманымызға
дейінгі ІІ-І ғасырларда Рим заңгерлері болып табылады. Олар өмір сүруі
қатысушылардың құрамының өзгеруінен байланысты емес, бөлінбейтін оқшаулы
мүлікке ие (жеке корпорациялар, коллегиялар), азаматтық айналымда өзінің
атынан қатысатын (қалалық қауымдастықтар) ұйымдардың (одақтардың) болуы
туралы сөз қылған. Әрине Рим заңгерлеріне "заңды тұлға" деген түсінік
бейтаныс болған, бірақ жеке құқықтық субъектілері көлемінің ұлғайтылуы Рим
заңгерлерінің арқасында танылғаны күмән тудырмайды.[1]
Уақыт өте келе жоғарыда айтқанымыздай экономика да, қо-ғамдық сана да
дами түсті. Міндетті түрде заңды тұлғалар туралы түсінік те өзгерді, оған
көбірек көңіл бөліне бастады, XIX ғасырдың соңында экономиканың қарқынды
даму салдары заңды тұлғалар туралы ілімдердің кең көлемде зерттелуіне
әкелді.
XX ғасырда заңды тұлға институтының маңызы әлде қайта арта түсті, оған
себеп кәсіпкерлік қызметтің бір мемлекет шегінен шығып әлемге таралуы,
мемлекеттің экономикаға араласу деңгейінің көтерілуі, жаңа технологиялардың
пайда болуы. Экономиканың дамуымен қатар заңды тұлғалар туралы
заңнамалардың көлемі де ұлғая түсті, оның сапасы да жоғарылады. Заңнама
бойынша заңды тұлғалардың статусын заңдылық реттеудің келесі мақсаттарын
айтуға болады:[2]
1. Ұжымдық мудделерді құжатқа түсіру - заңды тұлға институты заңды
тұлғаның қатысушыларының еріктерін ұйым ерігіне айналдырып, олардың
арасындағы қатынастарды реттейді, мұнымен заңды тұлғаға өзінің атынан
азаматтық қатынасқа түсуіне мүмкіндік береді.
2. Қаржыларды біріктіру- заңды тұлға әсіресе оның, "Акционерлік қоғам"
деген түрі, қаржыларды ұзақ уақытқа орталықтандырылудың ең тиімді нысаны
болып табылады. Ал қомақты қаржысыз кең көлемді кәсіпкерлік қызмет атқару
мүмкін емес.
3. Кәсіпкерлік тәуекелді шектеу- яғни заңды тұлғаны құру кәсіпкердің
мүліктік тәуекелін оның қосқан үлесімен ғана шек-теуге мүмкіндік береді.
4. Қаржыны басқару- заңды тұлға кәсіпкерлік қызметтің кез-келген
аясында қаржыны әлде қайда дұрыс қолдануға негіздер жасайды. Заңды
тұлғалар, бағалы қағаздар, биржалар туралы заңнамалар қаржыны бүкіл
мемлекет аумағында басқарудың әдістерінің бірі болып табылады, сондықтан да
олар нарықтық экономиканың өзін-өзі басқару мен ұйымдастыруының күшті
факторы болып табылады.
Заңды тұлғалар туралы түсінікті айқындау үшін азаматтық құқық ғылымы
өзінің негізгі проблемалар қатарына заңды тұлғалар туралы ілімдер мәселесін
жатқызады.
Заңды тұлғалар сияқты сондай маңызды, күрделі әлеуметтік институттың
дамуы ғылыми зерттеулерсіз мүмкін емес. Олар заңды тұлғалар пайда болуынан
бері жүргізіліп келуде.
Заңды тұлға - өзінің құрылтайшылары немесе қатысушы-ларынан бөлек
болып табылатын қоғамдық құрылғы. Бұл туралы сөз қозғаудың себебі заңды
тұлғаның нақты физикалық көрініс таппайтын құқық субьектісі болуында. Яғни
сұрақ: заңды тұлғаның қасиеттерін тасушы кім, әлде не? Осы сұрақтың жауабын
табу жолында бір жарым ғасыр бойы көптеген теориялар пайда болды. Мұндай
зерттеулердің нәтижесінде теорияларды екі үлкен топқа бөлуге болады.
Біріншісі - "Фикция теориясы". Бұл теорияның негізін қа-лаған
К.Ф.Савиньи болып табылады. Оның көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық
субътектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса,
заңды тұлғаның сыртында оны әйгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын
мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді,
абстрациялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субьектісін алға
тартады. Ал, неміс ғалымы Гирке болса, "Органикалық теорияның " тұжырымын
ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады, Бұл орайда оны дербес
құрылым деп қарайды. Ягни, екінші топтың пікірі бойынша, заңды тұлға
-әлеуметтік нақтылықтың айрықша бір түрі болып табылады. Органикалық
теорияны реалды ілім деуге де болады. Реалистік теорияны Саллейль ұсынған
болатын. Ол заңды тұлғаны құқық-тың арнайы субъектісі ретінде нақты бар
екендігін айтқан, бірақ ол оны адаммен салыстырмаған.
Ал, Бұл екі пікірді қостаған Иеринг. Ол заңды тұлғаның фикциялық
екендігін айта отырып, оның артында нақты адамдардың тұрғандығын
мойындаған.
Кеңес Одағы кезінде де заңды тұлғалар туралы көп деген ілімдер пайда
болған. Олар көбінесе мемлекеттік заңды тұлғаларға көңіл аударған.
Профессор С.И.Аскназий "Мемлекеттік теорияның" авторы, бы лай деген:
"Мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық
қызметтің нақты саласында тізгінді өзі үстайды."
Венедиктов "Ұжым теориясын" ұсынды. Ол бойынша мемлекеттік заңды
тұлғаның артында екі ұжым тұрады:
а) мемлекет атынан барлық халық;
ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы.
Профессор Ю.К.Толстойдың айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның
еркін білдіруші директор болып табылады. Ол "директор теориясын" алға
тартты.
Ал, Д.М.Генкин болса "әлеуметтік ақиқат теориясын" ұсынған. Онда ол
қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын
болашаққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде
қажеттілікке орай реттелетіндігін айтады.
Заңды тұлғалар туралы ілімде осындай әр қилы пікірлердің болуының өзі
оның күрделі құқықтық құбылыс екендігін анық дәлелдей түседі.
Мүмкін осыған байланысты батыс мемлекеттерінің азаматтық заңдарындағы
заңды тұлғалардың түсінігі тіптен берілмейді. Мы-салы: Германияның заңында
1978 жылға дейін "Заңды тұлға" термині болған емес. Ал, Швейцарияда тек
қысқа түсініктемелермен шектеледі.
Заңды тұлғалардың ең кең түсініктемесі Латын Америка мемлекеттерінің
азаматтық кодекстерінде көрсетілген. Чилидің азаматтық кодексінде 1865
жылғы "Заңды тұлға - фиктивті құ-қықтарды жүзеге асыра алатын, азаматтық
міндеттемелерді ала алатын, құқықтық және құқықты емес қатынастарға түсе
алатын тұлға болып табылады" деп көрсетілген. Латын Американың басқа
мемлекттерінің азаматтық кодекстерінде заңды тұлғаларға осыған ұқсас
түсініктемелер берілген.
Сонымен қортындылай келе заңды тұлғаларға келесідей анықтама беруге
болады: заңды тұлға дегеніміз - құрылтайшылардың ерігін білдіретін, олардың
мүддесіне қызмет ететін, азаматтық айналымда өзінің атынан қатысатын,
азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие бола алатын, сәйкесінше
жауапкершілікке де тартылатын, құрылтайшылары тарапынан белгілі мақсаттарға
жету үшін азаматтар, олардың қаржылары және қызметтерінен құрылған ұйым.
Ал, заңды тұлғаның легалды түсініктемесі болса Қазақстан
Республикасының азаматтық кодексінің 33 бабында көрсетілген.
1. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау
мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз
атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып,
оларды жүзеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның өзінің дербес балансы немесе сметасы болуы тиіс.

1.2. Заңды тұлғаның белгілері

Заңды тұлғаның белгілері — әр бірі қажет болып табылатын өзіндік
қасиеттер, ал егер бәрін қоссаң азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
танылуға жеткілікті.
Бұл тек тар мағынадағы түсінік.
Қазақстан Республикасында заңды тұлғалардың барлығы мемлекеттік
тіркеуден өтеді, олардың барлығының мөрлері бар және олар банктерде шот
ашады. Бірақ Бұлар заңды тұлғаның мәнін ашпайды. Шын мәнінде, мемлекеттік
тіркеуден азаматтық кәсіпкерлер де және кейбір заңды тұлға болып
табылмайтын ұйымдарда өтеді. Мысалы: Шет ел компанияларының филиалдары мен
өкілдіктері. Олардың мөрлері мен банктерде шоттары бар, бірақ олар заңды
тұлға болып табылмайды.
Құқық ғылымы әдетте заңды тұлғаның төрт негізгі белгісін бөліп
шығарады:
1. Ұйымдасқандық бірлігі
2. Мүліктік оқшаулығы
3. Дербес мүліктік жауапкершілігі
4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

1. Ұйымдасқан бірлігі
Ұйымдасқан бірлігі - заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді. Сол
арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі, оның
белгілі бір иерархияның болуымен, басқару органдарының қарама бағынуымен
және қатысушыларының арасындағы қатынастырдың ережеге сай болуымен көрініс
табады. Мұның нәтижесінде көпшіліктің қалауын заңды тұлғаның бір ерігіне
айналдыру мүмкін болып тұр. Заңды тұлға өз қызметтерін, егер заң
құжаттарында өзгеше көзделмесе жарғы және құрылтай шарты арқылы не тек
құрытай шарты негізінде атқарады.
Сонымен қатар заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай
құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз огандары арқылы азаматтық құқықтарға
ие болып, өздеріне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлғаның органдарының
түрлері, тағайындалу немесе сайлау тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар
мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
2. Мүліктік оқшаулық.
Муліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық құқықтық белгісі болып
табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада
әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару
құқығы туралы болып тұр. Мұны дұрыс түсіне білу керек. Мүлік деп біз
заттарды танимыз, яғни заңды тұлғаның меншігінде, шаруашылық жүргізу немесе
оралымды басқару құқығында заттардың болмауы оның заңды тұлға деп танылуына
кедергі болады. Ал, кейбір заңды тұлғалардың бар мүлкі банктік шоттарда
және жалға алып жатқан бөлмемен шектелуі мүмкін.
Заңды тұлғаның кажетті атрибуты болып табылатын мүліктің бар болуы осы
екі жағдайды да қосады. Яғни Бұл жерде мәселе оқшаулы мүлік емес, мүліктік
оқшаулықта. Ал, Бұл ар әр түрлі мағыналар.[3]
Заңды тұлғалар құрылғаннан кейін біраз уақыт бойы тіпті ешқандай
мүлікке иелік етпеуі мүмкін. Олардың мүліктік оқшаулығы тек белгілі бір
мүлікке иелік ету қабілетімен ғана шектеледі.
Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета
заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар болып табылады.
3. Дербес мүліктік жауапкершілік
Дербес муліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның
міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл
жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық
кәсіпорындар Азаматтық кодекстің 44 бабы 1-тармағының 2-бөлігіне сәйке өз
міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.
Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның
міндеттемелері бойынша (қосымша) оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігіне заң актілерімен
қосымша жауапкершілік тағайындалуы мүмкін.
Бұл Азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім
серіктестіктерге қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері
бойынша жауапкершілігі Азаматтық кодекстің 63 бабының 1-тармағында және 72
бабының 1-тармағында, сол сияқты әр заңды тұлғаның түріне байланысты,
міндеттеменің тууына байланысты. Азаматтық кодексте эр жағдайға қатысты
жауапкершілік көзделген.
4. Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатысуы.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымга өз атынан қатысуы дегеніміз — заңды
тұлғаның өз атынан құқыққа ие болуға, оны жүзеге асыруға және міндеттемелер
атқаруға және сотта талапкер немесе жауапкер ретінде қатысуға, өз атынан
шарт жасауға мүмкіндік беретін белгісі болып табылады.
Заңды тұлға тек өз атынан ғана мүліктік және басқа қатынастарда әрекет
жасайды, Ол өзінің құрылтайшыларының, басшысының, мемлекеттің аттарын
қолданып міндеттемелерге қосылуы мүмкін емес. Тек заңдарда көзделген реттер
мен тәртіп бойынша Қазақстан Республикасының және әкімшілік-аумақтық
бөліністің арнайы тапсырмасымен олардың атынан заңды тұлғалар өкілдік ете
алады.(АК 111 б., 112 б.).[4]

1.3. Заңды тұлғалардың дараландырылуы

Заңды тұлғаның дараландырылуы, яғни оны басқа ұйымдардың арасынан
бөліп шығару,оның тұрған жері мен атауын анықтаумен жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаның атауы
Азаматтық кодекстің 38-бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғалардың
барлығының атауы болады. Заңды тұлғаның атауы, оның құқық субъектісі
ретіндегі дараландырылу әдісі қатарына жатады.
Коммерциялық заңды тұлғалардың атауы заңды тұлға тіркелгеннен кейін
оның фирмалық атауы болып саналады. Фирма лық атау коммерциялық ұйымның
тіркелуімен бір мезгілде тіркелуі тиіс.
Фирмалық атауы коммерциялық ұйымның мүліктік емес құқығы және ол
интеллектуалдық меншіктің ерекше объектісі болып табылады(АК 125 бап). Ол
ұйымның өзінен бөлінбейтін және тек қана ұйыммен бірге қолданылатын
құндылығы.
Бөтен фирмалық атауды қолдануға заңмен тиым салынған, ол Қазақстан
Республикасының заңнамасымен қоса халықаралық шарттарда да көзделген.
(Өндірістік меншікті қорғау туралы 1883 жылғы Париж конвенциясы). Осы
конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде фирмалық атауға деген құқық
қорғалуы тиіс. Ол егер де фирмалық атау тіпті мемлектеттік тікеуден дұрыс
өтпеген болса да қорғалуға жатады.
Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатыны және ұйымдық құқықтық
нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарға сай басқа да қосымша мағүлматтарды
қамтуы мүмкін. Заңды тұлғаның атауы оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі.
Заңды тұлғаның атауында заң талаптарына немесе қоғамдық мораль
қалыптарына қайшы келетін аттарды; егер жеке адамдардың есімдері
қатысушылардың есімдеріне сәйкес келмесе не қатысушылар Бұл адамдардың
есімін пайдалануға олардан рұқсат алмаса, олардың есімдерін пайдалануға жол
бермейді (АК 386 1т).
Заңды тұлғалар (мемлектеттік кәсіпорындарды, мемлекеттік мекемелер мен
коммерциялық емес ұйымдарды қоспағанда) "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық"
деген сөздерді олардың фирмалық атауларында, тауар таңбаларында
пайдаланғаны үшін алым-салық заңдарымен белгіленген тәртіппен және мөлшерде
төлейді(АК 38 бап 3 тар.).
Заңды тұлғаның тұрған жері.
Заңды тұлғаның тұрған жері оның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған
жері болып табылады және заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай
құжатгарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетіледі.
Заңды тұлғаның тұрған жері іс жүзінде, міндеттемені орындауда
азаматтық істерді сотқа беру және анықтауда, жергілікті әкімшіліктің
актілерін дұрыс қолдану үшін өте маңызды болып табылады.
Үшінші тұлғалармен қарым-қатынаста заңды тұлға өзінің нақты мекен-
жайының біріңғай мемлекетгік тізілімге енгізілген мекен-жайға сәйкес
келмейтініне сілтеме жасауға құқығы жок. Бұл орайда үшінші тұлғалар заңды
тұлғаға мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен-жайына да, нақты мекен-
жайына да почталық және өзге де хат-хабарлар жіберуге құқылы.
Азаматтық айналымда заңды тұлғаны дараландырумен қоса оның шығаратын
өнімін де (тауары, жұмысы, қызметі) дараландыру қажет. Себебі бір тектес
заттар әр түрлі ұйымдармен шығарылуы мүмкін. Мұндай дараландыруды жүзеге
асыру үшін өндірістік марка л ар, товар лық таңбалар, қызмет көрсету
таңбалары және товардың шығу орнының атауы қолданылады.
Өндірістік марка
Өндірістік марка дегеніміз былайша айтқанда товарды дараландырудың
анықтамалық (бейнелейтін) әдісі болып табылады. Ол міндетті түрде товардың
өзінде немесе оның қабында орналастырылады. Онда әдетте товар өндірушінің
фирмалық атауы, мекен-жайы, тауардың атауы, сәйкес келуі тиіс стандарттарға
сілтеме, оның негізгі Тұтыну қасиеттері және тағы басқа мәліметтер
қамтылады. Өндірістік марка ешбір тіркеусіз қолданылады және ешбір құқықтық
қорғауға жатпайды.
Тауар таңбасы
Тауар таңбасы - Бұл Қазақстан Республикасының "тауар таңбалары,кызмет
көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы "заңын
сәйкес тіркелген немесе Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық
шарттарға орай тіркеусіз қоргалатын бір заңды немесе жеке тұлғаның
тауарларын басқа заңды немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан ажырату
үшін қызмет ететін белгі.[5]
Тауар таңбасы ретінде бейнелеу сөз, әріп, цифр, көлем белгілері және
өзге де белгілер немесе бір тұлғалардың тауарларын басқа тұлғалардың
біртектес тауарларынан ажыратуға мүмкіндік беретін олардың аралас үлгілері
тіркелуі мүмкін.Тауар таңбасы кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер
үйлесімінде тіркелуі мүмкін.
Заңда көрсетілген келесі негіздер бойынша тауар таңбалары тіркелмейді:
1. жалпыға ортақ қолданысқа енген белгілер.
2. жалпыға ортақ рәміздер мен терминдер.
3. тауардың түрін, санын, сапасын, қасиетін, мақсатын, құндылығын,
сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткізілген жері мен уақыты.
4. тауардың табиғи немесе нобайлық кескінделуін көрсетсе.
5. бояулы түсті ғана бейнелесе.
6. Мемлекеттік елтаңбалары, тулар мен эмблемалар, халықаралық
ұйымдардың қысқартылған немесе толық атауларын, ресми бақылаулық, кепілдік
және сынамалық таңбаларды, мөрлерді, олимпиядалық рәміздерді, наградаларды
және басқа да айырым белгілерді, сондай-ақ араласып кеткен дорежеге дейін
оларга ұқсас белгілерді бейнелейтін белгілер.
Бірақ, егер Бұл арға құзіретті мемлекеттік орган рұқсат берсе,
мұндай белгілер қорғалмайтын элементтер ретінде пайдаланылуы мүмкін.[6]
Сонымен қатар тауар туралы немесе оның шығарылатын жері туралы жалған
мәліметтер де тіркелмейді.
Тауар таңбасын тіркейтін уәкілетті мемлекеттік орган болып мемлекеттік
патент ұйымы (немесе-Қазпатент) табылады ол "тауар таңбалары, қызмет
көрсету таңбалары және тауар шығарылган жердің атаулары туралы " Қазақстан
Республикасының заңына сәйкес тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын
және тауар шыгарылған жерлердің атауларын қорғау саласында мемлекеттік
монополиясын қамтамасыз етеді, тауар таңбаларын тіркеуге, тауар шыгарылған
жерлердің атауларын пайдалану құқығын тіркеуге және беруге өтінімдер
қабылдайды, олар бойынш сараптама жургізеді және куәліктер береді, тауар
таңбалары тіркеу туралы және тауар шығарылған жер атауларын пайдалану
құқығын алу туралы мәліметтердің ресми жариялымын жүзеге асырады және
патент ведомствосының өзіне жүктелген өзге де міндеттерін орындайды.
Жоғарыда тауар таңбасын немесе тауар шығарылған жердің атауын
пайдалану заңды тұлғаның құқығы екені айтылған. Ал, ол құқықты пайдаланудың
түсінігі болса - тауар таңбасы немесе тауар шығарылған жердің атауын
қолдалатын тауарларда және олардың бумасында оларды қолдану, тауар
таңбасының немесе тауар шығарылған жердің атауының белгісі бар тауарды
жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшаларда, жарнамада
баспа өнімде немесе өзге іскерлік құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды
азаматтық айналымға өзгеше енгізу.[7]
Қызмет көрсету таңбалары
Қызмет көрсету таңбалары дегеніміз-Бұл " Тауар таңбалары, қызмет
көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы "
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес тіркелген немесе Қазақстан
Республикасы қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір
заңды немесе жеке тұлғанының қызметін басқа заңды немесе жеке тұлғаның
біртектес қызметінен ажырату үшін берілетін белгі.
Жоғарыда айтылған заңда қызмет көрсету таңбасы мен тауар таңбасын
жалпылама тауар таңбасы деп көрсетіліп кеткен.Осыган байланысты жоғарыда
тауар таңбасына байланысты көрсетілген мәліметтердің барлығы қызмет
көрсету таңбасына сәйкес келеді.
Тауар шыарылған жер атаулары.
Тауар шығарылған жердің атауы — Бұл ерекше қасиеттері тек қана немесе
негізінен оны шығаратын жермен, оның ішінде табиғи жағдайларымен және адам
факторларымен байланысты тауарды белгілеу үшін пайдаланылатын географиялық
көрсеткіш.[8]
Тауар шығарылатын жерлердің атаулары ретінде тарихи атауларын қоса
алғанда, елдердің, елді мекендердің, жерлердің атаулары, сондай-ақ басқа да
географиялық объектілердің атаулары немесе олардың тауарларының көрініс
атауларымен үштасымы тіркелуі мүмкін.
Ал, жол берілмейтін белгілер болса:
1. Тауар шығарылған жерге қатысты жаңылысуға әкеп соқтыратындай
географиялық көрсеткіштер.
2. Тауар өндірілген нақты жерді үстірт түрде көрсететін, бірақ
тауардың басқа аумақтан шығарылғаны жөнінде қате беретін белгілер.
3. Тауар жасалған жермен байланысты емес және Қазақстан
Республикасындағы белгілі түрдегі тауарлар белгісі ретінде жалпыға ортақ
қолданысқа енген белгілер.
Негізінен алғанда Бұл тауардың шығарылған жердің атауын пайдалану
құқығы бірнеше заңды тұлғаларға беріле береді. Ол мерзімсіз және тауар
таңбасы секілді лияензия арқылы басқа тұлғаларға беріле бермейді.
Тауар шығарылған жер атауын паудалану құқығының иесі тауар шығарылған
жер атауымен қатар түстай латынның ® әріп түріндегі ескертпе таңбалауды,
"тіркелген тауар шығарылған жердің атауы", "зарегистрированное наименование
места происхождения товара" немесе "ТШЖА тірк." Деген сөз белгілерін соға
алады.[9]

1.4. Заңды тұлғаның құқық және әрекет қабілеттілігі

Азаматтық айналымның кез-келген қатысушысы, ол азамат не ұйым
болғанына қарамастан құқықтарға ие болуы және әрекет етуге қабілеті болуы
тиіс. Әрине заңды тұлға да мұндай қасиеттерге ие. Бірақ азаматтар мен заңды
тұлғалардың құқық және әрекет қабілеттерінің өзгешеліктері болады. Мәселен
заңды тұлғалар отбасылық және сол сияқты қатынастарға қатыса алмайды. Ал,
ең басты айырмашылығы әрине заңды тұлғалардың әрекет қабілеттілігінің
мемлекеттік тіркеуден өте салысымен пайда болуында.
Құқық қабілеттілігінің екі негізгі түрі бар: жалпы және арнайы.
Азаматтардың құқық қабілеттілігі жалпы болып табылады. Яғни азаматтар
заңмен тиым салынбаған кез-келген әрекеттерді жасауға құқылы, заңды
тұлғаларда бүдан басқаша.
Ескі заңдылықтар (Кеңес Одағы кезіндегі) бойынша заңды тұлғалар арнайы
құқық қабілетті болды. Яғни әрбір заңды тұлға сол кездегі еңбек бөлінісіне
байланысты, тек қана белгіленген қызмет түрімен айналасуға құқылы еді.
Оларға заңмен және жарғымен көзделмеген мәмілелер жасауға тиым салынған. Ол
кезде " Рұқсат етілгеннен басқасына тиым салынады " деген қағида үстемдік
еткен.[10]
Мұндай жағдайлар кәсіп орындардың және ұйымдардың белсеңділігін қысып
тастайтын болды, тез өзгеретін сұранысқа тез назар аударуға мүмкіндік
бермеген, ғылыми - техникалық прогресстің дамуын тоқтатып тұрған.
Нарықтық экономикалық қатынастарда заңды тұлғалардың құқық
қабілеттілігін қатаң белгілеу заманға сай болмады. Сондықтан Қазақстан
Республикасында жаңа Азаматтық кодекс және оған сәйкес қабылданған
нормативтік актілер заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін кеңейтті. Ол
бойынша мемлекеттік кәсіп орындарды қоспағанда коммерциялық ұйымдардың
азаматтық құқықтары болуы және заң актілерінде немесе құрылтай құжатарында
тиым салынбаған кез-келген қызмет түрін жүзеге асыру үшін қажетті азаматтық
міндеттерді атқару мүмкін.
Бірақ, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі жалпы мағынада болуы мүмкін
емес. Себебі заңды тұлға белгілі бір мақсаттарға жету үшін құрылады және ол
үшін құрылтайшылары нақты құқықтар мен міндеттер иелену мүмкіндігін
белгілейді, осылайша заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі шектелген мағынада
айқындалады.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігінің көлемі оның жалпы немесе арнайы
сипатымен ғана белгіленбейді. Заңды тұлға азаматтардың кейбір құқықтарын
иелене алмайды. Кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін мемлекеттен рұқсат
қағазын (лицензия) алуы қажет. Онымен қоса кейбір заңды тұлғалардың
түрлерінің құқық қабілеттілігі заңдармен реттелуі мүмкін.
Мынадай да жағдайларды ескеруіміз керек. Мысалы діни ұйымдардың
жарғылық қызметіне сауда - саттық әрекеттер кірмейді. Алайда сатып алу-
сату шарттарын жасау, егер ол олардың негізгі қызметін жүргізуге қажетті
болса, дауланбайды. Яғни кейбір арнайы құқық қабілеттіліктері бар заңды
тұлғалардың құқықтары олардың жарғылық қызметінен кең болуы мүмкін.
Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіп орындардың құқық
қабілеттілігі мемлекеттік емес коммерциялық ұйымдардың құқық
қабілеттіліктерінен әлде қайда тар.
Қазыналық кәсіпорындар болса тек қана мемлекеттік мүддесіне және
белгілі арнайы мақсаттарға жету үшін құрылады, сондықтан олардың құқық
қабілеттіліктері сдан да тар болып табылды. Ал, коммерциялық емес
ұйымдардың құқық қабілеттілігі туралы сұрақтарты бөлек қарастыру қажет.
Олардың құқық қаблеттілігін нақты арнайы деп мінездеу керек, себебі заң
мұндай ұйымдарды нақты мақсаттарға жету үшін құрылатындығын қарастыратынын
ескеру қажет. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар тек қана өздерінің
жарғыларында көрсетілген қызметтермен айналысуға құқылы.
Барлық заңды тұлғаларға таралатын жалпы шектеулерден басқа, заң заңды
тұлғалардың кейбір түрлеріне олардың қызметтеріне байланысты басқа
шектеулер де қояды. Мұндай Іпектеулер заңды тұлғаларды тек қана кейбір
түрлеріне, белгілі бір қызметтермен айналысуға рұқсат берумен немесе
керісінше белгілі бір қызметтермен кейбір заңды тұлғалардың түрлеріне
айналысуға тиым салу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: "Банктер және банктік
қызмет туралы" жарғының 1-бабының 3-тармағына сәйкес банктің статусын
алмаған барлық заңды түлаларға өздерін "Банк" деп атап, банкілік қызметпен
айналысуға тиым салынған.
Кәсіпкерлік аясындағы заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі лицензиялay
арқылы шектелуі мүмкін. Құқық қабілеттілік заңды тұлғаға мемлекеттік
тіркеуден өткеннен кейін пайда болады дегенбіз, ал лицензияланатын заңды
тұлғалардың құкық қаблеттілігі лицензияны алғаннан кейін кеңейеді және
лицензияның уақыты біткен де, ол қайтарылып алынғанда, жойылғанда немесе
оны жарамсыз деп тапқанда шектеледі.
Азаматтық айналымға қатысу үшін заңды тұлғаларға тек құқық қаблеттілік
қана емес сонымен қатар әрекет қаблеттілік те қажет. Айтып кеткеніміздей
заңды тұлғалардың әрекет қабілеттілігі азаматтарға қарағанда құқық
қаблеттілігімен бір мезгілде пайда болады және бір уақытта жойылады.
Заңды тұлғалардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз — ол өзінің
әрекеттерімен азаматтық құқықтар мен міндеттерді алып, жүзеге асыра білу
қабілеті.
Заңды тұлғаның әрекеті - ол біріншіден сол ұйымды құрайтын адамдардың
әрекеттері. Бірақ заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігін жүзеге асыруда
олардың рөлдері әр түрлі. Біреулері құқықтар мен міндеттерді алып және
құрайтын болса, екіншілері ол құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
Заңды тұлғаға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс
істейтін өз органдары арқылы ғана азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне
міндеттемелер қабылдайды (АК 37 бап). Сондықтан органдардың әрекеттері
заңды тұлғаның әрекеттері болып саналады.
Заңды тұлғаның органы ешқандай рұқсатсыз (сенім хатсыз) басқа құқық
субъектілерімен қатынастарда, заңды тұлғаның мүддесіне өкілдік ететін адам
немесе бір топ адамдардың жиынтығы.
Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның біл бөлігі және құқықтың жеке
субъектісі болып саналмайды. Олар жеке дара (директор) немесе алқалы
(кеңес, президиум) болуы мүмкін.
Заңды тұлғаның бір немесе бірнеше органы болуы мүмкін. Органдар
тағайындалуы немесе сайлануы мүмкін.
Заңды тұлғаның органы заңды тұлғаның ұсыныстарымен есептесіп, оны
жүзеге асырады және оның өз өкілеттілігі шегіндегі әрекеті заңды тұлғаның
әрекеті болып табылады. Заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында заңды
тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттілігін асыра
пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді. Бірақ заңды
тұлға өз органының жарғыдағы таланты бұзып жасаған мәмілесін жарамсыз деп
тани алады. Егер мәміле жасаған екінші жақ мұндай құқық бұзушылықты білсе
немесе білуге тиісті болса және оны дәлелдесе онда мұндай мәмілені жарамсыз
деп тануына болады (АК 44 бабының 4 тармағы).
Заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігін жүзеге асырудың екі түрі бар:
1. Заңды тұлғаның азаматтық айналымға қатысу, басқа субъектілермен
қатынасқа түсу, сотта жауапкер немесе талапкер ретінде қатысу;
2. Заңды тұлғаның ішкі шаруашылық қызметі.
Заңды тұлғаның сыртқы қызметін жүзеге асыруын оның органдары немесе
өкілдері атқарады. Ал, ішкі шаруашылық қызметін барлық еңбек ұжымы жүзеге
асырады. Яғни, заңды тұлғаның азаматтық әрекет қабілеттілігі заңды тұлғаның
барлық қызметтерінен көрініс табады.

1.5. Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері

Өзінің тұрған жерінен басқа жерде үнемі қандай да бір әрекеттер жасау
қажеттігі болған кезде заңды тұлға филиалдар немесе өкілдіктер құра алады.
Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің
бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы
оқшау бөлімшесі филиал болып табылады (АК 42 б).
Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін
қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер мен өзге
құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады (АК 42 б
).
Филиалдың (өкілдіктің) өзінің оқшауланған мүлігі болмайды, филиалдың
мүлкі кейде бөлек баланыста саналуы мүмкін, бірақ ол жеке баланыс емес.
Оларға өздерін құрған заңды тұлғаның мүлкі беріледі және оның бекіткен
ережелері негізінде жұмыс істейді. Мүліктік қатынастарда филиалдар өзінің
атынан емес, оны құрған заңды тұлғаның атынан қатысады және ол мүліктік
жауапкершілікке тартылмайды, ол үшін заңды тұлға жауап береді.[11]
Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып табылмайды.
Филиалдар мен өкілдіктер туралы ережеде филиал ішіндегі қатынастарды
және филиалмен негізгі заңды тұлға арасындағы қатынастарды, филиалдың
мақсаттарын және негізгі қызмет бабын, оның лауазымды тұлғаларын тағайындау
және олардың өкілеттері, басқару нысаны, мүлікті филиалдан заңды
тұлғағажәне керісінше әрекеттерді жүзеге асыру және филиалдың қызметін
тоқтату туралы мағүлматтар көрсетілген.[12]
Филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын кейбір заңды тұлғалардың
түрлерін қоспағанда заңды тұлғаның өкілетті органымен тағайындалады.
Қоғамдық бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қоғамдық
бірлестіктің жарғысында және оның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережеде
көздеген тәртіппен сайланады. Діни бірлестіктерде де сондай тәртіппен
сайланады немесе тағайындалады.(АК 43 бап 4 тар.).
Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан филиалдармен
өкілдіктер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуге жатады.
Филиалдар мен өкілдіктер мемлекеттік тіркеуден өткенде филиалдар мен
өкілдіктер туралы ереженің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігі
тексеріледі, тіркеме нөмері мен тіркеуден өткендегі туралы куәлік беріледі
және ол туралы мемлекеттік тіркемеге түсіреді.

ІІ. Заңды тұлғаны құру, қайта құру және тарату

2.1. Заңды тұлғаны құру

Заңды тұлғаның құрылуы үшін міндетті түрде оның құрылтайшысы ретінде
мүлік иесінің ерік білдіруі қажет. Осыған байланысты алдымен заңды тұлғаның
құрылтайшысы жөнінде сөз қозғаған дұрыс болар. Сонымен азаматтық кодекстің
40 - бабында көзделгендей заңды тұлғаның бір немесе бірнеше құрылтайшысы
болуы мүмкін. Мүлікті меншіктенушілер не олар уәкілдік берген органдар
немесе жақтар, ал заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде өзге де заңды
тұлғалар заңды тұлғаның құрылтайшысы бола алады.Бұл орайда, мүлікті
шаруашылық жүргізү немесе оралымды басқару құқығымен иеленетін заңды
тұлғалар меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісімімен
басқа заңды тұлғалардың құрылтайшылары бола алады.
Тағы да айта кетеріміз, ол кейбір заңды тұлғалардың тек қана
азаматтармен құрылатыны (АК 58 бап 3 тармағы) ал, кейбіреуі тек қана заңды
тұлғалармен (АК 110 бап). Кейбіреулері бірнеше субъектімен, ал,
кейбіреулері тек біреуімен ғана.
Енді құрылтайшылар мен қатысушыларды ажырата білу қажет. Бұл жерде
құрылтайшы нақты бір заңды тұлғаны құруға қатысқан тұлға болып табылады.
Алайда заңды тұлға құрылып болған соң құрылтайшы қатысушыға айналады.
Бірақ, қатысушы бұрыннан құрылған заңды тұлғаның қатысушысыларының қатарына
кейіннен қосылуы мүмкін және оған қатысушылардың барлық құқықтары мен
міндеттері беріледі, егер ол заңдармен немесе құрылтай құжаттарымен өзгеше
көзделмесе.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік
кәсіпорындардың құрылтайшысы мемлекетке таралмайды.
Заңды тұлғаны құрылтайшылар құру барысында ең алдымен құрылтай
құжаттарын жасайды. Азаматтық кодекс құрылтай құжаттарының түрін және
міндетті реквизиттері мен басқа да оған қойылатын талаптарды айқындайды.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не
құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады.
Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы
мүмкін. Коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін — меншік иесі
(меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік
иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, Тұтыну кооперативі,
коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ) нысанындағы, өзге
де ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін -
құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрытай шарты; 3) қоғамдық бірлестік,
діни бірлестік үшін -жарғы болып табылады ("Коммерциялық емес ұйымдар
туралы" Заңның 21-бабы).
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай құжаттарының талаптары коммерциялық
емес ұйымның өзінің, оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) орындалуы
үшін міндетті.
Коммерциялық емес ұйымның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қарама-
қайшылық болған жағдайда: 1) егер олар құрытайшылардың ішкі қатынастарына
қатысты болса, құрылтай шартының; 2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның
үшінші тұлғаларымен қатынасы үшін маңызды болса, жарғының талаптары
қолдануға тиіс.
Бір адаммен құрған коммерциялық ұйым тек жарғы негізінде ғана жұмыс
істей алады. Азаматтық кодекстің 41-бабының 3-тармағына сәйкес шаруашылық
серіктестік пен өндірістік кооперативтің құрылтай құжаттарында олардың
қызметінің мәні мен мақсаттары белгіленуге тиіс.
Құрылтай құжаттарының қатарына құрылтай шарты енгізілген жағдайда
Азаматтык кодекстің 41-бабындағы талаптар сақталуы керек, сонымен бірге
онда көрсетілген ережелермен шектеліп қалмайтындығы де ескерілген.
Құрылтай шартында тараптар (құрылтайшылар) заңды тұлға құруға
міндеттенеді, оны құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін, оның меншігіне
(шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) өз мүлкін беру және оның
қызметіне қатысу ережелерін белгілейді. Егер осы кодексте заңды тұлғаның
жекелеген түрлері туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, шартта
құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудің, заңды тұлғаның қызметін
басқарудың, оның құрамынан құрылтайшыларының шығуының шарттары мен тәртібі
де белгіленеді және оның жарғысы бекітіледі.
Заңды тұлғаның жарғысына қоятын талаптар аталған баптың 5-тармағында
қамтылған. Жарғының міндетті шартының тізбесінде бірқатар шарттар
қамтылған, атап айтқанда, оның атуы, түрғылықты жері, оның органдарын құру
тәртібі мен олардың құзіреті, оның қызметін қайта құру мен тоқтату
ережелері, жұмыс тәртібі туралы, окімшілік пен еңбек ұжымы арасындағы өзара
қарым-қатыныстарда және т.б. енгізу қажеттігін міндеттейді. Ал, егер заңды
тұлғаны бір адам құратын болса оның жарғысында мүлікті құру және кірістерді
бөлу тәртібі де белгіленуі тиіс. Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен
жарғысы арасында қарама-қайшылық туындаған жағдайда:
1) егер құрылтайшының ішкі қатынастарына қатысты болса, құралтайшы
шарты;
2) егер олардың қолданылуы заңды тұлғаның үшінші тұлғаларымен
қатынастарында маңызды болса, жарғының ережелері қолданылуы тиіс.
Барлық мүдделі адамдар жарғымен танысуға құқылы. Жоғарыда айтып
кеткенімдей заңды тұлғаның міндетті түрде құрылтайшысы немесе
құрылтайшылары болады. Және заңды тұлғаның құрылу процессі олардың қай
нысанда болғанына қарамастан ерік білдіруінсіз мүмкін емес. Соған
байланысты заңды тұлғаның құрылуының бұйырық бойынша, рұқсат беру бойынша
және нормативті талаптарға сәйкес құру тәсілдері бар.
1. Бұйрық бойынша - заңды тұлғаны құрудың бүйрық тәсілімен заңды
тұлғаның құрылуы құрылтайшысының бүйрығының негізінде жүзеге асырылады.
Мұндай тәртіппен мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар
құрылады. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың құрылтайшысы
мемлекеттік мүлікпен билік етуге уәкілетті органдар бола алады.
2. Рұқсат беру бойынша-заңды тұлғаны рұқсат беру тәсілімен құру ол
заңды тұлғаны құру үшін алдын-ала уәкілетті органның рұқсатының
қажеттігімен байланысты. Кеңес Одағы кезінде кооперативтердің көпшілігі осы
тәртіппен құрылған болатын. Бірақ заңды тұлғаны құрудың тиімсіздігін желеу
етіп рұқсат бермеулері де мүмкін. Ал қазіргі заңдарға сай заңды тұлғаны
құрудың тиімсіздігін желеу етіп мемлекеттік тіркеуден бас тартуға жол
бермейді. (А.К. 42 бап. 56). Бірақ кейбір заңды тұлғаларды құруда рұқсат
беру әдісінің қағидасын сақтап қалды.
3. Нормативті талаптарға сәйкес құру тәсілі- заңды тұлғаны құруға еш
бір мемлекеттік органдардың рұқсаты қажет етілмейді. Қазіргі кезде Бұл
тәртіп мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғаларды құруда кең
пайдаланылады.

2.2. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу

Азаматтық кодекстің 42 бабына сәйкес заңды тұлға міндетті түрде
мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет.
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі азаматтық кодекстен басқа
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17 сәуірде шығарған "Заңды
тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Заң күші бар Жарлығымен және
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеу туралы ережесімен реттеледі.
Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызы мемлекеттік тіркеуден өткенен
бастап заңды тұлға болып саналады, онымен қоса дәл сол уақытта тұлға өзінің
құқық және әрекет қабілеттілігін иемденеді.
Енді заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеудің түсінігіне тоқталсақ, о л
мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құрылтай және басқа құжаттардың Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкестігін тексеруі, оларға тіркеу нөмерін бере
отырып мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді біріңғай мемлекеттік
тіркелімге енгізуді қамтиды.[13]
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің мақсаттарына келесілерді
жатқызуға болады:
1. Заңды тұлғаның пайда болу фактісін рәсімдеу.
2. Мемлекеттегі барлық заңды тұлғалардың және олардың атаулары мен
түрғылықты жерлерінің мемлекеттік тіркелімін және филиалдар мен
өкілдіктердің тізілімін жүргізу.
3. Заңды тұлғаның әрекеттеріне, қызметіне мемлекеттік бақылау
жүргізуге мүмкіндіктің берілуі.
4. Заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері туралы
ақппаратты (құпиялыдан басқа) мүдделі адамдарға уағдаластық шарттар бойынша
өткізу.
Азаматтық кодекске және жоғарыда айтылып кеткен жарлыққа сәйкес
Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңды тұлға туралы ұғым
Заңды тұлғаның құқық қабіліттігі
Азаматтық құқық субъектісі коммерциялық емес тұлғасы ретінде
Заңды тұлға құру
Қазіргі кездегі заңды тұлғалардың мәні мен ерекшеліктерін анықтау
Азаматтық құқықтың субъектісі ретінде - заңды тұлға
Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Заңды тұлғаларды азаматтық құқық қатынастарында зерттеу
Азаматтық кодексте көрсетілген заңды тұлға тақырыбының өзектілігін ашып толық қанды сипаттау
Заңды тұлғалар ұғымы
Пәндер