Дүниеге философиялық көзқарас



1. Дүниегекөзқарас ұғымы және оның тарихы типтер: миф, дін, философия.

2. Дүниеге философиялық көзқарас.

3. Философия ойдың шығуы

4. Ертедегі шығыс философиясы.

5. Орта ғасырлар философиясы.
Пайдаланған әдебиеттер
Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, ара-арасында ол заттар мен құбылыстар неге олай, дүние неге бұлай құрылған, адамның тууы мен өлімінің бақыты мен қайғы-қасіретінің себебі неде деген сияқты мың-сан сұрақтар қояды өзі-өзіне. Сөйтіп, әрбір адамның санасында біртіндеп ол сұрақтар жайында түрліше ой-пікірлер, көзқарастар қалыптаса бастайды. Адамның дүниетанымы дамып, тереңдеген сайын ақиқат деген не, оны жалғаннан немесе қателесуден қалай айыруға болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік, әділеттілік пен әділетсіздік, зұлымдық пен қайырымдылық дегеніміз не деген сияқты әлеуметті сұрақтар да қалыптаса бастайды.
Бұл сияқты сұрақтарға жауап беру үшін олар жайында дұрыс ұғым, дүниенің өзгерісі мен дамуы туралы кен көлемді көзқарас, ой-пікір керек. Сондай-ақ адам өзінің іс-әрекетінің мақсаты мен мәнін, ол не себепті басқаша емес, дәл солай жасайтынын түсінуі, бұдан қандай пайда түсетінін т.б. ұғына білуі қажет. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы түсініктердің жиынтығы дүниеге көзқарас деп аталады.
Көп өлшемді бұл құбылыс (дүниеге көзқарас) адам өмірінің, практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады. Дүниеге көзқарасты құратын рухани құбылысқа философия да кіреді. Дүниеге-көзқарастық проблемаларды шешуде философияның атқарар ролі орасан зор. Міне, сондықтан да философия дегеніміз не деген сұраққа дұрыс жауап беру үшін дүниеге көзқарас дегеннің не екенін анықтап алу керек.
Дүниеге көзқарас - адамзат санасының, дүниетанымының қажетті бөлігі. Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің, көңіл-күй мен мақсат-мүдденің, үміт пен ниеттің т.б. түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдарының жиынтығы деуге болады.
Сонымен, дүниеге көзқарас дегеніміз шындық дүние және адам туралы, адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтыгы екен. Дүниеге көзқарастың өзегі білім болғандықтан, білімнің мазмұнының ақиқаттығы мен тереңдігіне, дәлелділігі мен жүйелілігіне қарай ол күнделікті-практикалық және теориялық болып бөлінеді.
Алуан түрлі күнделікті тәжірибеге негізделген дүниеге-көзқарастық ой-пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы және бүгінгі таңда да үлкен рөл атқарып келеді. Кейде "өмір философиясы" деп аталатын бұл дүниеге көзқарас стихиялы түрде қалыптасады және қалың бұқара халықтың дүниетанымы мен ақыл-ой байлығын жинақтайды. Күнделікті-практикалық дүниеге көзқарас біркелкі емес, өйткені оның иесі болып табылатын адамдар да білімі, ақыл-ойы мен рухани мәдениеті, ұлттық дәстүрлері мен діни сенімдері жағынан алуан түрлі. Сондықтан ол "өмір философиясының" ерісі де ерекше кең болады. Оның құрамында сананың аса қарапайым, тұрпайы, тоғышар формаларынан бастап, ғалымдардың, енер иелері мен саяси қайраткерлердің т.б. озат ой-пікірлері болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пікірлер де жоқ емес.
Тұрмыстық көзқарастың формалары стихиялық сипатта қалыптасатындықтан, олардың мазмұны терең ойластырылған, жан-жақты талданған және делелденген болмайды.
1. Гартман Н. Проблемы духовного бытия // Культурология. ХХ век. Антология. М., 1995. С. 647.

2. Пятигорский А. Мифологические размышления. Лекции по феноменологии мифа. М., 1996. С. 69.

3. Ак-Атай С. Тенгризм // Культурные контексты Казахстана: история и современность. Алматы, 1998. С. 96-98.

4. Ж. Деррида в Москве: деконструкция путешествия. М., 1993. С. 208.

5. Акатаев С. О специфике культуры кочевья // Кочевники. Эстетика. Алматы, 1993.

6. Смагулов А. Духовность Востока и интеллект Запада // Новое поколение. 1994. 18 ноября.

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Дүниегекөзқарас ұғымы және оның тарихы типтер: миф, дін, философия.

2. Дүниеге философиялық көзқарас.

3. Философия ойдың шығуы

4. Ертедегі шығыс философиясы.

5. Орта ғасырлар философиясы.
Пайдаланған әдебиеттер

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ

Әрбір адам жастайынан дүниені танып біле бастайды, заттар мен
құбылыстар жайында білімдер жинақтайды, ара-арасында ол заттар мен
құбылыстар неге олай, дүние неге бұлай құрылған, адамның тууы мен өлімінің
бақыты мен қайғы-қасіретінің себебі неде деген сияқты мың-сан сұрақтар
қояды өзі-өзіне. Сөйтіп, әрбір адамның санасында біртіндеп ол сұрақтар
жайында түрліше ой-пікірлер, көзқарастар қалыптаса бастайды. Адамның
дүниетанымы дамып, тереңдеген сайын ақиқат деген не, оны жалғаннан немесе
қателесуден қалай айыруға болады, ар, намыс, борыш, жауапкершілік,
әділеттілік пен әділетсіздік, зұлымдық пен қайырымдылық дегеніміз не деген
сияқты әлеуметті сұрақтар да қалыптаса бастайды.
Бұл сияқты сұрақтарға жауап беру үшін олар жайында дұрыс ұғым,
дүниенің өзгерісі мен дамуы туралы кен көлемді көзқарас, ой-пікір керек.
Сондай-ақ адам өзінің іс-әрекетінің мақсаты мен мәнін, ол не себепті
басқаша емес, дәл солай жасайтынын түсінуі, бұдан қандай пайда түсетінін
т.б. ұғына білуі қажет. Дүние және адамның ондағы орны жайындағы
түсініктердің жиынтығы дүниеге көзқарас деп аталады.
Көп өлшемді бұл құбылыс (дүниеге көзқарас) адам өмірінің, практикалық
іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады. Дүниеге
көзқарасты құратын рухани құбылысқа философия да кіреді. Дүниеге-
көзқарастық проблемаларды шешуде философияның атқарар ролі орасан зор.
Міне, сондықтан да философия дегеніміз не деген сұраққа дұрыс жауап беру
үшін дүниеге көзқарас дегеннің не екенін анықтап алу керек.
Дүниеге көзқарас - адамзат санасының, дүниетанымының қажетті
бөлігі. Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің, көңіл-күй мен мақсат-мүдденің,
үміт пен ниеттің т.б. түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниеге
көзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдарының жиынтығы
деуге болады.
Сонымен, дүниеге көзқарас дегеніміз шындық дүние және адам туралы,
адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеттері туралы ең жалпы ұғымдарды айқындап
беретін пікірлер мен тұжырымдардың жиынтыгы екен. Дүниеге көзқарастың өзегі
білім болғандықтан, білімнің мазмұнының ақиқаттығы мен тереңдігіне,
дәлелділігі мен жүйелілігіне қарай ол күнделікті-практикалық және теориялық
болып бөлінеді.
Алуан түрлі күнделікті тәжірибеге негізделген дүниеге-көзқарастық ой-
пікірлер мен тұжырымдамалар ғасырлар бойы және бүгінгі таңда да үлкен рөл
атқарып келеді. Кейде "өмір философиясы" деп аталатын бұл дүниеге көзқарас
стихиялы түрде қалыптасады және қалың бұқара халықтың дүниетанымы мен ақыл-
ой байлығын жинақтайды. Күнделікті-практикалық дүниеге көзқарас
біркелкі емес, өйткені оның иесі болып табылатын адамдар да білімі, ақыл-
ойы мен рухани мәдениеті, ұлттық дәстүрлері мен діни сенімдері жағынан
алуан түрлі. Сондықтан ол "өмір философиясының" ерісі де ерекше кең болады.
Оның құрамында сананың аса қарапайым, тұрпайы, тоғышар формаларынан бастап,
ғалымдардың, енер иелері мен саяси қайраткерлердің т.б. озат ой-пікірлері
болады. Мұндай көзқараста қателесу, адасушылық пікірлер де жоқ емес.
Тұрмыстық көзқарастың формалары стихиялық сипатта қалыптасатындықтан,
олардың мазмұны терең ойластырылған, жан-жақты талданған және делелденген
болмайды.
Дүниегекөзқарастың теориялық деңгейі арнайы сынақтан еткен, ғылыми
негізделіп дәлелденген болып табылады. Философия көзқарастың осындай
деңгейіне жатады. Дүниеге көзқарастың барлық басқа формаларымен типтеріне
қарағанда философиялық көзқарастар системасы теориялық жағынан нсгізделген,
мазмұны да, шындық жайында жинақталған білімдерді қорыту әдіс-тәсілдері де
әбден тексеруден өткен болады. Осы тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарас ұғымы
философиялық көзқарасқа қарағанда әлдеқайда кең көлемді болады, өйткені ол
сансыз көп құбылыстарды қамтиды, ал философиялық көзқарас жалпы теориялық
білімдерді ғана бейнелендіреді. Бұл екеуінің арақатынасын формальды логика
әдісін қолдана отырып, былай түсіндіруге болады: кіші шеңбер (философия)
көлемі кең шеңбердің (дүниеге көзқарастың) ішіне еніп тұрады. Демек,
дүниеге көзқарастың философиядан басқа да әлеуметтік-тарихи типтері бар
екен, сондықтан философиялық көзқарастың ерекшеліктерін түсіну үшін дүниеге
көзқарастың басқа типтерімен оның байланысы, арақатынасы қандай екенін білу
керек.
Дүниеге көзқарастың философиядан бұрынғы әлеуметтік-тарихи типтеріне
мифология мен дін жатады. Әрине, әрбір адамның философиялық ой-пікірлерге
келу жолы әртүрлі, бірақ сондай-ақ бүкіл адамзаттың бір кездерде
философияға келуінің бір ортақ жолы болды. Ол - мифологиядан дінге, одан
философияға өту жолы.
Мифология - адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда
білімнің бастамасы, діни сенімнің бастамасы, енер мен адамгершілік
қатынастар бейнеленді. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі жіктелмеген
біртұтас формасы болды. Ол кейіннен ғана сананың жеке формаларына жіктелді.
Мифология (гректің mifos - аңыз, ертегі және logos - ілім, ұғым деген
сездерінен шыққан) қоғам дамуының бастапқы сатыларына тен қоғамдық сананың
формасы. Мифтер барлық халықтарда болды. Алғашқы қауымдық қоғамның рухани
өмірінде мифология қоғамдық сананың әмбебап формасы ретінде үстем болды,
өйткені мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сезім, білім мен керкем
бейне, зат пен идея, объективтік және субъективтік дүниелер арасында айқын
шекара болмады. Ол шекаралар кейін пайда болды. Мифологияда олардың бәрі
бірге тұтасып жатты. Ол дүние жайындағы біртұтас түсінік болып табылады.
Эпос, ертегі, аңыздар, тарихи әңгімелер арқылы мифологиялық
кейіпкерлер түрлі халықтардың рухани мәдениетіне - әдебиетіне,
музыкасына, сурет-мүсін өнеріне еңді. Олар қазақтың ауыз едебиетінде,
эпостық жырларында да бар.
Қоғамдық өмірдің алғашқы-қауымдық формасының жойылуына байланысты
қоғамдық сананың алғашқы түрі ретіңде мифология да тарих аренасынан кетті.
Бірақ мифологиялық санада туған сұрақтар: дүниенің, адамның пайда болуы,
әлеуметтік өмірдің себебі, адамның тууы мен өлімі, т.б. жайындағы сұрақтар
дүниеге көзқарастардың түбірлі сұрақтары ретінде қалып қойды. Мифологиядан
қалған ол сұрақтар енді діни және философиялық көзқарастардың сұрақтарына
айналды. Мифология қойып кеткен бұл дүниеге көзқарастық сұрақтарға жауап
іздеудің барысында дін мен философияның жолы екі айырылды.
Дін - дүниеге көзқарастың шындық дүниені бұрмалап бейнелендіруші
формасы. Ол дүниені о дүние және бұл дүние деп екіге беліп, "о дүние"
табиғаттан тыс, кезге керінбейтін дүние, ал "бұл дүние" керіп білуге
болатын табиғат дүниесі деп түсіндіреді. Діни дүниеге көзқарастың негізін
құратын — "о дүниелік" күшке деген сенім, "бұл дүниенің", адамның
тіршілігіндегі шешуші күш "о дүние" деген сенім. "Ғаламат күшке" деген
сенім — діни сананың негізі.
Философия мен діннің жақындығы сол, ол екеуі де дүниеге көзқарастың
қоғамдық-тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың
санасы мен мінез-құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешеді. Алайда
олардың бір-бірінен айырмашылықтары да орасан зор. Мындаған жылдар бойы
терең діни сенімдегі адамдардың ішінде философиялық пайымдауы бар
адамдардың саны болмашы ғана болды. Философиялық пайымдауға ақыл-ой
бостандығы тән. Діни көзқарас үстем болған ол жылдарда өздігінше еркін
пайымдау жасауға тек тиісті білімі бар, ақыл-ойы жетік, рухани жағынан
табанды адамдар ғана қабілетті болды. Ал адамдардың басым кепшілігінің
дүниеге көзқарасы дін мен мешіт, шіркеу тағайындаған түсініктерден,
адамгершілік мінез-құлық талаптарынан тыс шыға алмады. Тек білім мен
мәдениет өскен, ғылыми прогресс іске асқан соңғы екі-үш ғасырда ғана
философиялық көзқарас, зерттеулер кеңінен тарай бастады.
Діни соқыр сенімге негізделген, жақсылық пен жамандықты құдайдан ғана
күтетін ол дүние туралы көзқараспен салыстырғанда, философия бірінші орынға
бұл дүниені және ондағы адамның орнын білім мен ақыл-ой тұрғысынан
түсіндіретін теориялық көзқарасты ұсынды. Сөйтіп, нақты бақылауға,
логикалық талдау мен жалпылауға, дәлелдеу арқылы тұжырымдауға негізделгсн
философиялық, ой-пікірлер қияли мифологиялық бейнелер мен шындықты
бұрмалаушы діни жалған сенімдерді біртіндеп ығыстыра берді.

Дүниеге философиялық көзкарас.

Философиялық көзқарас адамдардың санасында бір-бірімен тығыз
байланысты да қарама-қарсы екі ұғым -"материалдық" және "идеалдық",
"объект" және "субъект" деген ұғымдар қалыптасқаннан кейін пайда
болды. Философиялық ойлау бұларды қарама-қарсы қарастырмай,
оларды әрдайым белгілі бір қарым-қатынаста қарастырды, атап
айтқанда идеяның, сананың материяға, руханилықтың болмысқа
қатынасын қарастырды. Бұл философияның негізгі мәселесі (сұрағы) деп
аталды. Философтардың, жеке адамның дүниеге көзқарасы қаңдай болсын,
ол бұл мәселеден аттап кете алмайды, өйткені олардың философиялық
көзқарастарының мазмұны мен сипаты осы мәселеге қарай шешіледі.
"Бүкіл философияның, әсіресе ең жаңа философияның ұлы негізгі
мәселесі — ойлаудың болмысқа қатынасы жайындағы мәселе" - деп
атап көрсетті Ф.Энгельс.
Философияның негізгі мәселесінің мәні шындықтың екі негізгі стилінің -
объективтік, материалдық және субъективтік, идеялық жақтары бар екенін және
олардың қайсысы адғашқы, қайсысы кейінгі екенін мойындауда: материя санадан
бұрын пайда болған ба, әлде сана материядан бұрын пайда болған ба? — деген
сұраққа жауап беруде. Философиялық көзқарастың өзі де осы сұраққа жауап
іздеудің барысында пайда болды.
Сананың материяға қатынасы қандай дегегі сұраққа жауап берулеріне
қарай философтар үлкен екі топқа, екі лагерьге бөлінді, - деп жазды
Ф.Энгельс. - Олардың ішінен рух табиғаттан бұрын болған дегендері, сөйтіп,
сайып келгенде, дүниенің жаратылуын қайткенде де мойындағандары
идеалистік лагерьді құрды. Ал енді табиғат негізгі бастама деп есептегендер
материализмнің түрлі мектептеріне қосылды.
Философияның негізгі мәселесі материялылық пен руханилықтың қайсысы
алғашқы деумен ғана шектелмейді. Ол сонымен қатар материалдық деп нені,
руханилық деп нені түсіну керек деген сұрақты да қамтиды. Осыған байланысты
материализмнің ішінде де, идеализмнің ішінде де негізгі философиялық
мәселсні қоюына, шешуіне қарай түрліше жеке тармақтар пайда болады.
Мәселен, Гегель алғашқы бастама деп адамнан тыс ойлауды (абсолюттік
идеяны) түсінсе, Дж.Беркли дүниеде бардың бәрінің негізі түйсік деп
санайды.
Көптеген марксизмге дейінгі және марксистік емес кейінгі философтар
сананың материяға қатынасын философияның негізгі мәселесі емес деп
есептейді. Ф.Бэкон үшін, мәселен, табиғаттың дүлей күштерін игеру
философияның негізгі мәселесі болып табылса, XX г. француз философы А.Камю
үшін ол негізгі мәселе - өмір сүру қажет пе әлде жоқ па? - деген мәселе
болды. Марксизмге дейінгі ойшылдардың ішінде негізгі философиялық мәселенің
мәні мен мазмұнын дұрыс түсінуге бәрінен де жуығырақ келгені неміс философы-
материалист Л.Фейербах болды. Философияның негізгі мәселесін дұрыс
тұжырымдап қоя білген және оны ғылыми тұрғыдан дәйекті түрде шешіп берген
Ф.Энгельс болды. Ол бұл мәселсні қоғамдық-тарихи практиканың шсшуші рөлін
негізге ала отырып қарастырды.
Адамның дүние туралы ой-пікірлерінің бәрі, сайып келгенде, оның
негізгі философиялық мәселені қалай шсшетініне байланысты болады - дүниенің
мәңгілігі және құбылыстардың заңдылығы бар ма, дүниені танып білудегі
мақсат неде және ол не үшін керек, ақиқат деген не? - деген сияқты толып
жатқан сұрақтардың' бөрінің жауабы сол негізгі сұрақтың жауабына тәуелді.
Философияның негізгі мәселесінің қалай шешілуіне байланысты қоғам
өміріндегі өлеуметтік мәселелер де өз шешімін табады. Айталық, алғашқы
қауьімдық қоғамда адамдар неге үйымшыл болды, ал қазіргі капитализм тұсында
— "өзімшіл", дарашыл, адамгершілік түсініктері мүлдсм басқаша? Егер,
мәселен, сананы, рухты алғашқы деген идеалистердің пікірімен келіссек, онда
антагонистік таптық қоғамдарда еңбскшілер ғасырлар бойы қанау мен езгіде
болып келгендігінің себептерін қоғамның экономикалық-таптық құрылымынан
іздемей, адамдардың санасының төмендігінен, ақыл-ойының кемшіліктерінен
іздеуге тура келер еді.
Осы күнгі идеалист философтардың кейбіреулері философияның негізгі
мәселесі деген мүлде жоқ, ол ойдан шығарылған жалған мәселе деп дәлелдеуге
тырысады. Олардың кейбіреулері "руханилық" пен "материалдық" деп шек қоюдың
өзі де тек шартты, тіпті, керек десе, құры бос сез дейді. Мысалы, ағылшын
философы Б.Расседдің түсінігінше, "материя" және "рух" деген сездермен
аталатын нәрселердің бар екені шүбөлі, өйткені олар "сезімдік фактілерден"
шығатын логикалық құрылымдар ғана. Алайда буржуазиялық философтардың
негізгі философиялық мәселені жоққа шығармақ болған әрекеттері мүлдем
қисынсыз екенін адамның ойлау, дүниетану төжірибесі дәлелдеген үстіне
делелдеп отыр: ойлаудың ойлау объектісінен (мәселен, физикалық денеден),
түйсіктің түйсінілетін нөрседсн, яғни керу, есту арқыны қабылданатын
нерседен сапалық айырмашылығын қалай жоққа шығаруға болады?
Енді бір философтар философияның негізгі мәселесі - адам, адам
өмірінің проблемалары (шешілмеген мәселелері) деп делелдемек болды. Әрине,
адамның қоғамдық өмір мәселелері бүкіл философияда, есіресе маркстік
философияда маңызды орын алатыны күменсыз. Бірақ адам мәселесі
материалистік тұрғыдан да, идеалистік тұрғыдан да түсіндірілуі мүмкін,
сондықтан ол философияның негізгі мәселесі бола алмайды. Философияның
негізгі мәселесі - философияның түрлі теориялық мәселелерін шешкенде
басшылыққа алатын, оларға бағыт сілтейтін басты принцип болуы тиіс.
Философияның негізгі мәселесінің екі жағы бар. Бірінші жағы - дүниенің
мәні, табиғаты туралы (онтологиялық) мәселе, екіншісі - дүниенің
танымдынығы туралы (гносеологиялық) мәселе.
Алдымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниеге көзқарастың тағы бір формасы, жоғарыда атап өткеніміздей - философия
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Философияның пәні мен әдісі
Философия және дүниетаным жайлы
Діни негіздегі дүние көзқарасы мифологиялық сананың табиғи жалғасы
Дүниеге философиялық көзқарас. Дүниеге көзқарас
Философия пәні және дүниеге көзқарас
Философияның даму тарихы
Адамның дүниеге танымдық қатынасы
Дүниеге көзқарас
Пәндер