Тарих толқынындағы және жаңа дәуірдегі Қазақстан



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Тарих толқынындағы .қазақ халқы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.1. Қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлық шежіресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.3. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев қазақ мемлекеттілігін
қалпына келтіру жолында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

2. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...34
2.1. Жаңа дәуірдің жаңа астанасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
2.2. Әлемдік қауымдастықтағы Қазақстан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37
2.3. Н.Ә.Назарбаев феномені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Қолданылған құжаттар тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55
Тақырыптың көкейкестілігі. Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның пайда болу, қалыптасу және даму тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында әлемдегі ең алып империялардың бірі – Кеңес социалистік Республикалар одағының ыдырауы нәтижесінде әлем картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттер пайда болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Солардың бірі – біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы. Бұл бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің, яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген басқа ұлт өкілдерімен бірлесе, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен өз мемлекетін қайта құрумен айналыса бастады. Қазақстан секілді жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзінің даму жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы кімді де болса қызықтырары күмәнсіз. Ең алдымен ол ұл тағдыры үшін шешуші рол атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, еліміздің қазіргі және болашақ ұрпағы үшін қымбат. Осы тұрғыдан алып қарағанда бұл тақырып тарихи құндылығымен, өзектілігімен ерекшеленеді, Қай заманда да кез келген елдiң өркендеуi сөз жоқ, оның басшысының есiмiмен тығыз байланысты болатыны белгiлi. Тарихқа тереңдемей-ақ, бертiндегiлердi айтсақ та жетiп жатыр. Әлемге «Азиялық барыстар» атымен танымал елдердiң даму тәжiрибесi де осыны көрсетедi. Сингапурдағы Ли Куан Ю немесе Малайзиядағы Мохатхира Мухаммадсыз аталған елдердiң әлемдiк экономикалық рейтингiсiнде жоғарғы орынға орнығуы әсте мүмкiн еместiгi баршаға мәлім. Ли Куан Ю мен Мохатхира Мухаммадты басқа жұрттың қадiр тұтатыны да сол. Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев туралы да осылай тұжырым жасауға болады.
1. Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы. Алматы: Қазақстан,1991. 288-бет 2. 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қантардағы № 1277 Жарлығымен бекітілген // Қазақ тарихы. - 2004. - № 2.- 4-7 б.
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы : Алматы: Өнер, 1996. 272-б.
4. Назарбаев Н. Халықтан жасыратын ештеңе жоқ.// егемен Қазақстан. 1997-5шілде.
5. Назарбаев Н. Ел межесі – елулік // егемен Қазақстан. 2006-22 наурыз.
6. Назарбаев Н. Қазақстанның болашағы – қоғамдық идеялық бірлігінде. Алматы: ПО Кітап, 1993. 32-б.
7. Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы: Өнер, 1996. 272-б.
8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030 : Алматы: Білім, 1998. 96-б.
9. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» Стратегиясы іс жүзінде // Егемен Қазақстан. 2005. 12-қазан.
10. Назарбаев Н.Ә. Қалың елім, қазағым. Алматы: Өнер, 1998. 306-б.
11. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-Ресей қатынастары: Алматы: Қазақстан, 1998. 336-б.
12. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999. 296-б.
13. Жолдасбеков М. Ұлттық сана қалыптастыру үшін Ұлы дала тарихын ұрпақ санасында тірілту керек //Егемен Қазақстан. - 2007.- 28 қазан.-7 бет.
14. Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. Астан: Елорда, 2001. 240-б.
15. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. Алматы: Атамұра, 2003. 240-б.
16. Назарбаев Н.Ә. Еуразия жүрегінде. Алматы: Атамұра, 2005. 192-б.
17. Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректануы. Алматы, 2006. 260-б.
18. Саудабаев Қ. Елбасы.// Егемен Қазақстан. 2008-29 қараша
19. Назарбаев Н. Мәдени мұра – мемлекетттік соны стратегиялық ұстанымы // Егемен Қазақстан. - 2007. - 17 ақпан.
20. Досанов С. Елбасының көрегендігі мен ерлігі. // Егемен Қазақстан. 2006-7 желтоқсан.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Тарих толқынындағы –қазақ
халқы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.1. Қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлық
шежіресі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

1.3. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев қазақ мемлекеттілігін

қалпына келтіру
жолында ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..13

2. Жаңа әлемдегі жаңа
Қазақстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
34

2.1. Жаңа дәуірдің жаңа
астанасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.34

2.2. Әлемдік қауымдастықтағы
Қазақстан ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...37
2.3. Н.Ә.Назарбаев
феномені ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .44

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50

Қолданылған құжаттар тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..53

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .55

КІРІСПЕ

Тақырыптың көкейкестілігі. Келешек Қазақстан тарихнамасының өзекті
мәселелерінің бірі – тәуелсіз Қазақстанның пайда болу, қалыптасу және даму
тарихы болары анық. ХХ ғасырдың соңында әлемдегі ең алып империялардың бірі
– Кеңес социалистік Республикалар одағының ыдырауы нәтижесінде әлем
картасының бетінде бірнеше жаңа мемлекеттер пайда болып, тарих сахнасына
шыққандығы белгілі. Солардың бірі – біздің Отанымыз Қазақстан Республикасы.
Бұл бірнеше мыңжылдық тарихы бар қазақ халқының өміріндегі жаңа кезеңнің,
яғни ең жаңа тарихының басталуы болды. Қазақ халқы осы елді мекендеген
басқа ұлт өкілдерімен бірлесе, елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен өз
мемлекетін қайта құрумен айналыса бастады. Қазақстан секілді жер көлемі
жөнінен әлемде тоғызыншы орында тұрған, табиғи байлығы мол, өзінің даму
жолын таба білген елдің ең жаңа тарихы, әсіресе оның бастапқы кезеңі, атап
айтқанда жаңа мемлекет ретінде дүниеге келіп, қалыптасу және даму тарихы
кімді де болса қызықтырары күмәнсіз. Ең алдымен ол ұл тағдыры үшін шешуші
рол атқарған аса маңызды тарихи құбылыс ретінде, еліміздің қазіргі және
болашақ ұрпағы үшін қымбат. Осы тұрғыдан алып қарағанда бұл тақырып тарихи
құндылығымен, өзектілігімен ерекшеленеді, Қай заманда да кез келген елдiң
өркендеуi сөз жоқ, оның басшысының есiмiмен тығыз байланысты болатыны
белгiлi. Тарихқа тереңдемей-ақ, бертiндегiлердi айтсақ та жетiп жатыр.
Әлемге Азиялық барыстар атымен танымал елдердiң даму тәжiрибесi де осыны
көрсетедi. Сингапурдағы Ли Куан Ю немесе Малайзиядағы Мохатхира Мухаммадсыз
аталған елдердiң әлемдiк экономикалық рейтингiсiнде жоғарғы орынға орнығуы
әсте мүмкiн еместiгi баршаға мәлім. Ли Куан Ю мен Мохатхира Мухаммадты
басқа жұрттың қадiр тұтатыны да сол. Қазақстан Республикасының Президентi
Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев туралы да осылай тұжырым жасауға болады.

Бүгiнгi Қазақстан - экономикасы қарқынды дамып келе жатқан,
әлеуметтiк-экономикалық инфрақұрылымы өзiне сай қалыптаса бастаған,
демократиялық қоғам құруға батыл кiрiскен бiрден-бiр мемлекет. Бұл орайда,
Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегi мен асқан
көрегендiгi әлем назарын өзiне аударып отыр. Биыл тәуелсіздік алып, егемен
ел ретінде еңсемізді көтергенімізге он сегіз жылдың көлемі болды. Бұл
баршамыздың ортақ тарихымыз. Ортақ тағдырымыз. Ортақ қуанышымыз. Ортақ
жеңісіміз. Демек, осынау ғасырлық мәні бар ұлы оқиғалардың басты кейіпкері,
тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
туралы айтпай кету мүмкін емес. Нұрсұлтан Назарбаев тек қана Астана
қаласының бас сәулетшісі емес, ол жаңа ғасырдағы жаңа тұрпатты Қазақ елінің
бас сәулетшісі. Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстанның мемлекеттік іргетасын
қалаушы, орнықтырушы, орнатушы, тұңғыш ту ұстаушысы. Елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаевтың 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарды дархан даламыздың төрiнен
орын берiп, әрқайсысының тiлiн, дiлiн, дiнiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерiн
сақтап өркендеуiне бейбiт саяси-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету
үшiн ел, жер иесi қазақтармен достық ынтымақпен терезесi тең құқықпен өмiр
сүруi дана басшылығының жемiсi.

Бүгiнгi таңда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сара, дана басшылығының
арқасында Қазақ мемлекетi дүниежүзiлiк Бүкiл Бiрiккен Ұлт Ұйымнан бөлек
саяси экономикалық одақтар мен ұйымдардың белсендi мүшесi екенiн дүние жүзi
халықтары мойындап отыр.

Кеңес Одағы тараған соң, экономикалық, әлеуметтiк-саяси құрылымдары
тығырыққа тiрелген басқа республикалардың iшiнде Қазақстан ғана барлық
сыннан мүдiрмей өтiп келе жатыр десе болады. Осының бәрiне халық ел басшысы
- Президентiмiз Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен сенiм артып, оны дұрыс таңдай
бiлуiнiң арқасында ғана қол жеткiзiп отыр. Үлкен мүмкiндiктерге ие
Қазақстан бүгiнде әлемдегi өте жылдам дамып келе жатқан бес мемлекеттiң
бiрi. Сырттан келетiн инвестициялармен жұмыс iстеуде, банк саласында,
зейнетақы жүйесiнде елiмiз өзге республикаларға үлгi болатын биiкте тұр.

Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі дамыған, өркениетті 50 елдің
қатарына қосылуға бет бұрды. Бұл көреген көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлының
тікелей еңбегінің арқасы екендігі аян. Тәуелсіздік алған мерзімнен қозыкөш
ұзамай жатып-ақ жаңа әлемде жаңа Қазақстан атауы пайда болды. Аузы дуалы
дүние жүзі саясаткерлері, сарапшыларының өзі ел дамуының алып адымын
“қазақстандық модель” деп атауы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты екендігіне дау жоқ. Кезінде Джордж
Вашингтон, Мұстафа Кемал Ататүрік, Махатма Ганди секілді ұлы тұлғалар...
жалғасын жақсы керуенінде Нұрсұлтан Назарбаев алдыңғы сапта көш бастап
келеді.

Алаш ардақтыларының бірі Әлихан Бөкейханов: “Осы күнде істеп жүрген
ісіміз, қылған жұмысымыз, мінез-құлқымыз тарих болып қалады. Кейінгілерге
ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп, алғыс, рахмет алармыз ба? Кеудесінде көзі
бар адам көп ойланарлық жұмыс. Тарих - түзу жөнді үйретуші. Тарих -
түзушіліктің кітабы. Тарих - тіршілікте көшбасшы дейтініміз осы”, деп
толғанғанындай, тарихын түзу жаза білген халықтың болашағы да зор болары
анық. Назарларынызға ұсынылған Президент Н.Ә.Назарбаев және қазақ
мемлекеттілігінің генезисі атты жұмыс екі тарауға бөлініп қарастырылған.
Бұл жұмыс елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналады.

Зерттеу мақсаты – болашақ тарихшы ретінде Қазақстан тарихының
деректік қорына үлес қосу. Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың алар орны мен ролін айқындау. Тұңғыш Президент
Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі Қазақстан мемлекетінің іргетасын қалап,
қалыптастыру барысындағы ерен еңбегі мен сындарлы саясатын ашып көрсету.

Зерттеу міндеттері:

- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жас тәуелсіз Қазақстан мемлекеттін құрудағы
жүргізген реформалары мен ұстанған бағытын ашып көрсету;

- Тұңғыш президенттің тұңғыш істерінің мазмұны мен мәнін анықтау;

- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тың идеяларын дәріптеу;

- Әлем саясаткерлерінің елбасы Н.Ә.Назарбаевқа берген бағалары мен
айтқан пікірлерін саралау;

Мәселенің өнделуі. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қазіргі қазақ мемлекетін
құру жөніндегі және ұстанған бағыттары туралы жеке авторлық кітаптары мен
әлемдегі ғылыми зерттеулер негізге алынды. Сондай-ақ елбасының жыл сайынғы
Қазақстан халқына жолдаулары. Баспасөз беттерінде жарияланған елбасы
Н.Ә.Назарбаевқа арналған мақалалар болып табылады.

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Жұмыстың ережелері мен қорытындылары
курстық, ғылыми жұмыстарға, дипломдық жұмысқа, Қазақстан тарихы,
Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты, Қазақстан Республикасының
табиғи және мәдени мұрасы, Тарихи өлкетану, Тарих және мәдениет
ескерткіштерді қорғау т.б. оқу курстары бойынша семинарлық және
практикалық сабақтарға дайындалуға студенттер мен магистранттар қолдануға
болады.

Зерттеу әдістемесі мен технологиясы. ХХ ғасырдың соңында КСРО-ның
күйреуі нәтижесінде, әлем картасында бірнеше жаңа мемлекеттердің пайда
болып, тарих сахнасына шыққандығы белгілі. Сол жас егемен елдердің бірі –
Қазақстанның қазіргі жағдайға жетудегі жүріп өткен жолдары мен қалыптасу
сатыларын зерттеу. Құрылымдық-логикалық талдау салыстырмалы тарихи әдіс;
деректемелерді бағалау бойынша аналитикалық жұмыс, жаңа құжаттардың кең
көлемі негізінде ғылыми ережелер мен нәтижелер болып табылады.

Ғылыми жұмыста алпауыт империялардың бірі - КСРО ыдыраған кезден
бастап, қазіргі қазақ мемлекетінің мәселелері қарастырылады. Айрықша көңіл
бөлінген, әрі тоқталған сала - елбасы Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан үшін
жасаған ерен еңбегі мен батыл әрекеттері. Қазіргі таңдағы Қазақстан
Республикасының даму жағдайы мен Елбасының сындарлы саясаты.

Қазіргі таңдағы Қазақстанның экономикалық, саяси-әлуметтік жағдайлары
мен әлемдік деңгейдегі дәрежесі, шетелдердің Қазақстанмен байланысы және
елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатының комплексі көрсетілген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көтерген тың бастамалары және оның
мазмұны мен мәні талқыланған. Н.Ә.Назарбаевқа бағытталған шетел
басшыларының пікірлері көрсетілген.

Ғылыми жұмысының қорытындысында қазіргі Қазақстанның саяси-
экономикалық жағдайы суреттеліп, әлемдік дәрежесі көрсетілген. Тәуелсіз
қазақ мемлекетін құру жолындағы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген ұтқыр
саясатына талдаудың қорытындысы жасалынған. Елбасы Н.Назарбаевтың ерен
еңбегі аталып өтіліп, зерттеу қорытындысы мен негiзгi тұжырымдамалар
жасалынған.

1. ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ

1.1. Қазақ мемлекеттілігінің сан ғасырлық шежіресі

Тәуелсіздік туын тік ұстап, өркениетке бет алған әр халық, әрбір ел
өзін-өзі терең танып білуі керек. Өзінің шыққан түбін, кім болғанын,
бүгінгі деңгейге қалай жеткенін, қандай тар жол тайғақ кешулерді басынан
өткергендерін білмейінше, бұл жолда қанша тер төгіліп, жан бергенін терең
сезінбейінше, кез-келген халық өз құнын жете бағалай білмейді. Сондықтан
да егемендік алып, еңсесін тік көтерген біздің қазақ халқы үшін де төл
тарихын терең танып, өткені мен бүгініне шолу жасап, қарастыру маңызды
міндет.
Егемен ел ретінде жас көрінетініне қарамастан, мәдени-тарихи тұтастық
ретінде Қазақстан тақыр жерде пайда болған жоқ. Оның тарихы Еуразияның Ұлы
көшпелі өркениетінің үш мың жылдық тарихынан ажырағысыз. Біздің
заманымыздан ерте уақытта батыстан шығысқа қарай, шығыстан батысқа қарай,
бірін-бірі қуалаған толқындай болып қазақ даласының төсінен көшпелі жұрттар
жөңкіліп жатты. Үндістан мен Иранға, Мидия мен Қырымға, Еділ мен Кавказға,
Еуропа мен Қытайға арийліктер, сақтар, ғұндар, түркілер, қыпшақтар,
моңғолдар ағылды. Шайқаса және жасампаздық таныта, ұрпақ өсіріп, тәжірибе
жинақтай жүріп, олардың бәрі де өздерін мәңгілік жадында сақтап қалған
осынау жердің бетінде өздерінің ізін қалдырды. Уақыт өте келе буырқанған
көшпелілер теңізінің жағасынан асып кетуі тоқтады, бара-бара ол теңіз
тартылып та кетті. Сары теңізден Қара теңізге дейінгі аралықтағы номадтарды
тартып әкеткен көне құйынның бір кездегі кең иірімі серіппедей тартыла
қалып, Еділ мен Ертістің арасындағы далалық алқапқа жиырылды, осы арада
көшпелі империялардың үрім-бұтақтарын қазақ деген біртұтас халыққа
біріктірді. Керей мен Жәнібектей заманында бір туар ұлы тұлғалар
бастамасымен Қазақ хандығы атты қазақтардың мемлекеттік іргетасы
қаланды, адуындай алып хандықтың Қасым мен Хақназар, Есім мен Тәуке
секілді қуатты әміршілері болды.
Алайда уақыт соңғы номадтардың қоныстарын қусырып бара жатты. Қазақ
жерінің Ресей империясы құрамына біржолата енуінен кейін шын мәнінде
егеменді көшпелі мемлекеттіліктің тарихы тәмамдалды. Қазақтың соңғы
мемлекеттік сұлбасы ХІХ ғасырдың орта шенінде хандық құрылымның түбегейлі
күйретілуі арқылы мүлдем жойылып, тынды. Оны қалпына келтірем деген
кейінгі–қазақтың соңғы ханы Кенесарының жаужүрек жорықтарынан Алашорда
ұлттық-либералдық партиясы көшбасшыларының демократиялық идеяларына дейінгі
әрекеттердің бәрі сәтсіздікке ұшырады. Қайта бас көтеруге деген үміт
Қазақстан аумағында Кеңес өкіметі орнағаннан және КСРО құрамында Қазақ
Социалистік Республикасы құрылғаннан кейін біржолата үзілді. 1930-шы
жылдардан бастап тоталитаризм жүйесі этностық санқырлылықты тегістеп, жаңа
қауымдастық – кеңес халқын құру жөніндегі жұмысты бастады. Жаңа қауымдастық
дүниеге азап арқалап келді. Халықтың ділі де, өмір салты да, тарихы да,
әліпбиі де, қысқасы бәрі де қиратылып жатты. Көшпелілерді отырықшылдыққа
зорлап көшіру басталды. Онсыз да саны аз қазақтар сол тұста халықтың
жартысынан айырылды. Дегенмен Ұлы даланың үш мың жылға үздіксіз созылған
өркениет рухы айналасы екі-үш буынның тұсында оп-оңай жоғалып кете
салмайтын еді. Дәл осы рух, өз бойына ұлттық және діни шыдамдылықты, жоғары
әлеуметтік бейімделушілікті, жаһандық ауқымда ойлау мен дүниетаным кеңдігін
сіңірген осы рух ұлтты сақтап қалуға ғана емес, жаңа жағдайда егемен
Қазақстанды қайта жаңғыртуға да көмектесті.
1986 жылдың 17-18 желтоқсанында Алматы қаласында тарихтың
тапжылмайтындай көрінетін ағымын түбегейлі өзгертіп жіберген оқиға болды.
Желтоқсанның сол бір аязды күндерінде қазақ жастары ашық түрде көшеге
шығып, өздерінің ел тағдырына ықпал етуге құқылы екендіктерін мәлімдеді.
Тоталитарлық мемлекет жағдайында мұның өзі саяси жарылысқа тең болатын: іс
жүзінде ондаған жылдар бойы қалыптасқан қатаң жүйеге ашықтан-ашық қарсылық
көрсетілді. Сол екі күн кеңестік болмыс дүниесін дүр сілкіндірді. Ол
оқиғаға партия тәжірибесіндегі салдарсыз шешім – Орталықтың республика
жетекшісі қызметіне Қазақстанға бейтаныс, ерен еңбегімен көзге түспеген
облыстық деңгейдегі басшы Г.Колбинді тағайындауы себеп болды. Бейбіт
қарсылық митингісін Орталық аяусыз қатыгездікпен басып-жаншыды. Кезекті
әдеті бойынша орталық халықтың тәнін жазалап біткен соң, енді жанын
жаралауға көшті: бүкіл халық қазақ ұлтшылдығы үшін айыпталды, жазалау
әрекеттері басталды. Алайда мұның өзі жүйенің іріп-шіруін тоқтата алмайтын
еді: күш көрсету-режімнің әлсіздігін танытып, қадірін кетірді. Кеңес
империясына өлімші соққы берілді, сол соқыдан ол есін жия алмай-ақ кетті.
Алматы жарылысы ұшқын секілді болды: Балтық бойында, Грузияда,
Әзірбайжанда, Арменияда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Латвияда, Эстонияда,
Ресейдің өзінде де демократиялық күштердің тоталитарлық диктатураға қарсы
ашық көтерілуі бірінен соң бірі жалғаса берді. Қазақстанның тәуелсіздікке
қол жеткізер жолы осылай басталды...
Шын мәнінде, тоқырау шегіне жеткен КСРО-дай алып мемлекеттің діндік,
тілдік негіз бойынша екіге бөлініп кету қаупі төнді. Міне, осы кезде
күрделі мәселенің күрмеуі тарихта тұңғыш рет Мәскеудің ықпалынсыз шешілді.
Нұрсұлтан Назарбаев сол кездегі одақтас республикалардың басшыларын өз
бастамасымен 21 желтоқсанда Алматы қаласына жинады, нәтижесінде ТМД-ның
болашақ тағдыры айқындалды. Алматы декларациясы қабылданып, Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы құрылды. КСРО іс жүзінде таратылды. Осылайша әлемнің
алтыдан бір бөлігін алып жатқан алып империяның болашақ тағдыры Нұрсұлтан
Назарбаевтың тікелей бас болуымен бейбіт шешімін тапты. Нәтижесінде, Қазақ
елі өз тәуелсіздігін алып, мемлекеттілігінің негізі қаланды.
Тәуілсіздіктің алғашқы жылдарында мемлекет тәуелсiздiгi үшiн
президенттiк билiк институтын енгiзу қажеттiлiгi туды. Қазақстан
Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасу тарихына шолу жасар
болсақ, мемлекеттік егемендіктің қалыптасуы өкілетті мемлекеттік биліктік
құрылымдардың қалыптасуынсыз мүмкін емес. Құқықтық мемлекет құру жағдайында
мемлекеттік биліктің үш тармағы бірдей күшті болуға және өз функциясын
қалыпты орындайтындай жағдайда болуға тиіс. Дегенмен, заң шығарушы және
атқарушы билікті байланыстырушы тетік тек Президент болуы мүмкін. Мемлекет
басшысы институты тұңғыш рет Қазақ ССР-інің Президенті ретінде 1990 жылдың
24 сәуірінде 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясына толықтыру түрінде
енгізілді.Президенттік институт 1991 жылы 25 тамыздағы Қазақ ССР
Конституциясына (Негізгі заң) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
заңымен одан әрі дамытылды. Онда өзінің міндеттерін жүзеге асыруға
қабілетсіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының Президентін мерзімінен
бұрын қызметтен босату рәсімі Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен
белігіленді.Сөйтіп, президентік басшылық идеясын жүзеге асыру үшін құқықтық
негіздер қалана бастады. Алғашында Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 16
желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Конституциялық заңнын 10-бабында Қазақстан Республикасының басшысы және
оның атқарушы өкіметі Президент болып табылады деген ережені бекітті. 1991
жылдың 01 желтоқсанында жалпы халықтық дауыс беру жолымен Қазақстан
Респубикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
сайланды. Ел азаматтары қазақтың мың жылдық тарихында тұңғыш рет өз
Президентiн өздерi бүкiл халық болып еркін таңдау арқылы сайлады. Бұл әлем
сарапшылары мен бақылаушылары тарапынан елiмiздiң егемендiгiнiң,
мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiнiң ерен белгiсi ретiнде бағаланды.
1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы
болып өзгертілді.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің
жетінші сессиясында Парламент депутаттары “Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң қабылдады. Заңның бірінші бабында
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп жарияланды. Ол өзінің жеріне,
ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы және ішкі
саясатын жүргізеді, басқа да шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық
принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Нәтижесінде
әлем картасында Қазақстан атты жаңа мемлекет қалыптасты. Ғасырлар бойы ата-
бабаларымыз арман еткен тәуелсіздік таңы атты. Қазақстан үшiн тәуелсiздiк
- аса қымбат, қасиеттi ұғым, баға жетпес асыл байлық, қымбат қазына.
Өткенге көз жүгіртіп, тарихты таразылап қарасақ, тәуелсіздік бізге
тағдырдың тарқан сыйы емес, азаттық жолында ата-бабаларымыз күндiз
күлкiден, түнде ұйқыдан тыйылды, қара терiн төгiп, қызыл қанын ағызды.
Шапқыншылыққа ұшырап, аштықты бастан өткердi, қуғын-сүргiндi көрдi, ақ
табан шұбырынды болып, қайың сауды, бодандыққа мойынсұнуға мәжбүр болды,
кеше ғана өткен ХХ ғасырдың қырғын соғыстарын, жазықсыз жазалауын,
экологиялық апаттарын бастан өткердi.
Тәуелсiздiк, егемендiк жолында мың өлiп, мың тiрiлген, мың жығылып,
мың тұрған қайсар халық сол тәуелсiздiгiн көзiмен көрiп, жүрегiнде
тербетiп, алақанына салып аялап қарап тұрған сәт - оның алдына ұлы мақсат,
үлкен мiндеттер қойды. Тәуелсiздiкке, егемендiкке жету жолы сонша қиын,
ауыр болғанда, сол тәуелсiздiктi сақтап қалу, нығайту Қазақстан үшiн үлкен
сын едi.
Тәуелсіздік алған сәтте, ел тұтқасын ұстау үшін қазақ жұртын бір
шаңырақ астына біріктіріп, жаңа қалыптағы мемлекеттің негізін қалыптастыра
алатын тарихи тұлға қажет болатын. Таңдау, сөз жоқ, ел тарихының маңызды
сәттерінде саяси оқиғалардың қайнауында жүріп, сол бір қиын-қыстау,
аласапыран кезеңде халқының қамы үшін аянбай еңбек еткен қазақтың қайсар
ұлы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жағында болды.

1.2. Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев қазақ мемлекеттілігін
қалыптастыру жолында
Қазақстанның егемен ел ретінде дүниеге келуі – Кеңестік социалистік
республикалар одағының тығырыққа тіреліп, империяның саяси-экономикалық
жағдайы бақылаудан шығып, толықтай тоқырауға ұшыраған сәтпен сәйкес келді.
Алайда ауыр дағдарысқа және өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарына
қарамастан, егемендікке қол жеткізуді Қазақстан тұрғындары бір жұтым таза
ауадай қабыл алды. Жаңғыру және алдан ашылған жаңа көкжиек сезімі
қазақстандықтардың бойын баурап, болашаққа үмітпен қарауға мүмкіндік берді.
Назарбаевтың күткеніндей, тәуелсіздік өзімен бірге шешілуі қиын
мәселелердің тұтас тобын да ала келді. Қазақстан егемендігінің жариялануы
бір кезде кеңес империясының қойнауларында дүниеге келген, сөйтіп оның
ыдырауына себеп болған үдерістердің ықпалынан өзінен-өзі босай қалады
дегенді тіпті де білдірмейтін. Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы
басты кедергі тоталитарлық өткен күннің кернеуі кете қоймағандығы болатын.
Ол мемлекет пен қоғам өмірінің көптеген қырларын белгілі бір дәрежеде
айқындап жатты. Мұның өзі шаруашылық жүргізу мен басқарудың ескі
тәсілдеріне бой ұрушылықтан ғана емес, халықтың басым бөлігінің бойға
біткен енжарлығынан, өкімет өлтірмейді ғой дейтін сенімінен де танылатын.
Кеңестік кезеңнен қалған мемлекет басқару жүйесі түбегейлі жойылды.
Экономика құлдырау шегіне жетті. Оның көлемі 55 пайызға кеміді.
Қазақстанның қаржысы да, өнім өткізетін рыногы да жоқ еді, сондықтан
кәсіпорындардың бәрі дерлік тоқтады. Дүкендерден азық-түлік пен ең зәру
заттар табылмайтын. Адамдар жалақы мен зейнетақыны айлар бойы алудан қалды.
Елді жаппай жұмыссыздық жайлады. Қаржы саласындағы инфляция әбден шегіне
жетіп, жұртшылықтың тапқан-таянғанын жалмап жатты. Қылмыс өсіп кетті. Ел
қауіпсіздігінің мәселелері де оңай емес-ті. Шекаралардың аты бар да заты
жоқтығы, қуатты ядролық арсеналдың қолда тұруы, көмірсутектерінің мол қоры
және жағдайы тұрақсыз өңірдің дәл ортасындағы геосаяси орналасу ұлттық
қауіпсіздікке едәуір қатер болатын. Егер бұған аса ауқымды аумаққа шашырай
орналасқан халықтың этностық құрамы бойынша ала-құлалығын, әскердің
әлсіздігін қоссаңыз, қалыптасқан жағдайдың қаншалықты күрделі екендігі
көрінеді. Жаппай ыдырау мен идеологиялық қуыс кеңістік жағдайында көпұлтты
Қазақстанда, басқа да бұрынғы кеңестік мемлекеттердегі сияқты, ұлттық
мәселенің өткірлігі бөлекше болды. Қазақстан КСРО-ның ең көпұлтты
республикаларының бірі еді. Елде 45 діни конфессияға қарайтын 130-дай ұлт
пен ұлыс өмір сүретін. Олардың жартысына жуығы ғана қазақтар, 40 пайыздайы
орыстар. Ашық немесе бүкпелі наразылық кез келген сәтте Югославиядағы,
Тәжікстандағы, Таулы Қарабақтағы, Приднестровьедегі, Абхазиядағы, Солтүстік
Кавказдағы ағайын арасындағы соғыстар сияқты қанды қақтығыстарға ұласып
кетуі мүмкін еді. Осындай шешімі көп күттірмейтін, өзекті мәселелер
тоғысында ел тізгінін ұстаған Қазақстанның тұңғыш президенті
Н.Ә.Назарбаевқа өз қызметін атқару оңайға соқпағаны айтпаса да түсінікті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан мемлекетін қалыптастыру барысындағы
алғашқы қадамдарын Қазақстан жолы атты еңбегінде жан-жанқы баяндап
берген. Мәселен: Әлемнің бірде-бір елі қалыптасу кезеңінде, ең алдымен
мемлекеттің экономикалық негізін қозғайтын дағдарыс құбылыстарынан қашып
құтылмаған. Үлкен кйзелістер мен құлдырауларды Америка, Франция, Англия,
Түркия, Германия, Индия және басқада елдер бастан өткерді. Тек осы
сілкіністердің күші ғана әр түрлі болды. Бірқатар елдердің, мысалы,
Оңтүстік-Шығыс Азия жолбарыстары атанғандардың нарықты қалыптастырудағы
кедір-бұдырыішкі саяси тұрақсыздық, жер реформалары мен қаржы
дағдарыстары кезеңдері арқылы өтті. ...Барлық осы қиындықтар арқылы өте
отырып, бір мемлекеттер өз экономикасын нығайтуда және әлемдік шаруашылық
құрылымында еліктеуге тұрарлық үлгі болуға жарады. ... Міне сондықтан
біздің мемлекетті құруға кіріскенде, мен олар бастан өткерген табыстар мен
сәтсіздіктерді білу үшін көптеген мемлекеттердің негізін салушы тұлғалардың
өмірбаянына көңіл қойып таныстым. Олар Түркияның тұңғыш президенті Кемал
Ататүрік, американдық 31-ші президент ФранклинДелано Рузвельт, қытайлық
реформалардың әкесі Дэн Сяопин, Малайзияның бұрынғы Премьер-министрі
Махатхир Мохаммад – бұл қатарды әрі қарай жалғастыра беруге болады.
...Міне, осындай ізденістер үстінде біз талай сапарларда болып, шын
мәніндегі әлемдік деңгейдегі үлкен тұлғалармен кездестік. Біздің
мемлекеттің қалыптасуы Маргарет Тэтчер, Франсуа Миттеран, Гельмут Коль,
улкен Джордж Буш, Ли Куан Ю, Юанн Павел ІІ және басқа да көрнекті дүние
жүзі қайраткерлерінің сергек назар аударуы жағдайында жүзеге асты.Сондай
адамдармен араласу арқылы біздің әлемдік кең ауқымдағы көзқарастарымыз
қалыптасты. Олармен пікір алысып, қарым-қатынаста болу менің дүние жүзі
қандай даму кезеңінде жүріп жатқанын және Қазақстан әлемдік картада қандай
орын алуы керектігін ұғынуыма көмектесті. Егер де басқа елдердің тәжірибесі
біз үшін қызықты болса, оны батыл қабылдадық және өзімізге енгіздік..
Бұдан біз елбасы Н.Ә.Назарбаев қазақ мемлекетін құруда асығыс, үстіртін
әрекетке бой алдырмай, алғашқы қадамдарын жоғарыдағы аталған елдер
тәжірибесіне сүйене отырып жасағандығын аңғарамыз. Алайда, Н.Ә.Назарбаев
реформасы басқаны көшіру арқылы емес, Қазақстанның жағдайына,
қазақстандықтардың менталитетіне лайықталып өмірге келді. Сондай-ақ тұңғыш
президент елдегі алғашқы бастамаларды өз еңбегінде былайшы баяндаған:
Жоспарлы-әкімшілік экономиканың бұзылуы, сондай-ақ одақтық өндірістік
тізбектер мен экономикалық байланыстардың үзілуі салдарынан Қазақстан басқа
да одақтас республикалар секілді тығырыққа тірелді. Енді жоспарлы-әкімшілік
экономикадан нарықтық қатынасқа көшу керектігі айқын болды. Алайда,
қазіргі заманның экономика ғылымы осы жаңа тенденцияларға сай келетін
нарықтық экономикаға көшудің айқын моделін бере алмады. Бұл секілді
көшуге арналған кереметтей бір шешім немесе қалай да бірыңғай амал
болмады. Сірә, ондай өзгерістің жалпы моделі болмауы да мүмкін. Қалай
болғанда да бізге өз жолымызды іздеу қажет болды. ...Біз үшін Қазақстан
экономикасының нарықтық моделін құру кезінде экономикалық шаралардың жан-
жақты ойластырылған пакетін жасап қана қоймай, оларды саяси ерік-жігер және
дербестігімізді нығайту арқылы дәйекті түрде жүзеге асыру мәселесі тұрды.
Жүргізіліп жатқан түбірлі өзгерістердің мәнін ой елегінен өткізіп, одан
кейінгі даму тенденцияларын алдын-ала көре білу, ондаған миллион адамдардың
мүддесіне сай келетін неғұрлым тиімді қайта құру стратегиясын таңдап алу
қажет болды. Оның үстіне мұны қысқа мерзімде жасау керек еді. Тарих ұзақ
сонар зерттеулер мен ой қорытуларға уақыт қалдырмады. Әлем екпінделген
күшпен өзгеріп жатты. Ал бізге тек экономикалық жүйені ғана емес, жалпы
мемлекеттік құрылымды да, оның ең түпкі негізінен бастап, тіпті әрбір
қазақстандықтардың ой-өрісіне дейін осыған бейімдеу қажет болды. Міне, сол
кездегі елдің барлық жағдайынан хабардар Н.Ә.Назарбаев мемлекеттің
іргетасын қалауда тың идея мен айқын мақсат, жүйелі жоспар керек екендігін
анық білген. Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдың басында Қазақстанның егемен
мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты орта мерзімдегі
тұңғыш жоспарын ұсынды. Бұл туралы Н.Ә.Назарбаев былай дейді: Бұл сол бір
аласапыран жылдардағы даму жолын таңдауға бағытталған алғашқы қадам еді
және оны бірінші жалпы мемлекеттік үш жылдық жоспар деп батыл айтуға да
болады . Стратегия қазақстандық ұлттың өзін-өзі танып білуі жөніндегі
мәселенің идеологиялық іргетасын қалаған республиканың тұңғыш ресми
құжаттарының бірі болды. Стратегияда, өткенге қысқаша тарихи шолу жасай
келіп, Қазақтанның қазіргі замандағы шекарасы - мемлекеттің негізін
құрайтын қазақ ұлтының тарихи мекені екені баяндалған. Осы құжат арқылы
шаруашылқ тәжірибесіндегі орнығып қалған консерватизмді, жекелеген басшылар
мен тұтастай алғанда тұрғындардың ойлау жүйесіндегі енжарлықты жеңе
отырып, ертеңгі күнге деген сенімін күшейтуге және меншікке көзқарасты
өзгертуге күрделі қадамдар жасалды. Стратегия негізгі екі экономикалық
принципті жария етті. Біріншіден, бәсекелестікке негізделген әлеуметтік
нарықтық экономика құру. Екіншіден, адамның экономикалық тұрғыдан өзін-өзі
пайымдауы принципін жүзеге асыру үшін құқықтық және басқа да жағдайлар
жасау. Негізінен Н.Ә.Назарбаев елдікті қалыптастыру барысында ең алдымен
экономика, ал сонан соң саясат қағидасы негізінде әрекет етті. Яғни, ел
дамуының ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламаларында тек қана қажетті
экономикалық жағдай жасала отырып, саяси жаңғыруларды кезең-кезеңімен
жүзеге асыру - Н.Ә.Назарбаевтың негізгі бағыты болатын.
Күшті президенттік билікке негізделген егемен мемлекеттің дамуы
стратегиялық мақсат ретінде айқындалды. Алғашқы негізгі міндеттерді шешуді
көздеген жаңа министрліктер құрылды. Сондай-ақ тәуелсіз Қазақтанның
тарихында тұңғыш рет қарулы күштер, дипломатиялық және кедендік секілді
мемлекеттік институттар құрылды. Мемлекеттік шекараны айқындап, нығайту
жөніндегі шаралар қабылданды.
1992 жылы 4 маусымда мемлекеттіліктің негізгі белгілері саналатын
елдің рәміздері - байрағы, елтаңба, 11 желтоқсанда әнұранның мәтіні
бекітілді.Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ел өміріндегі ең елеулі
оқиғалардың бірі – Қазақстанның 1992 жылы наурыз айында Біріккен Ұлттар
Ұйымына мүшелікке қабылдануы. Бұл жас қазақ мемлекетінің әлемдік
қауымдастықтың мүшесі ретінде танылуының алғашқы көріністерінің бірі
болатын.
Еліміз егемендік алып, өзінің мемлекетін құруға батыл кірісіп,
елдіктің негізі саналатын, мемлекет құрылымындағы ең маңызды құжат –
Қазақстанның Конституциясы 1993 жылы қаңтарда қабылданған болатын. Бірақ
оның елеулі жетіспеушілігі мен кемшілігі бар еді, аталған заң жобасын
дайындауда асығыстыққа жол берілді. Нақтылап айтсақ, ел ішінде болып жатқан
саяси-экономикалық және әлеуметтік процесстерді бірден ой елегінен өткізу,
мемлекетіміздің мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыдан нақты айқындау әлі мүмкін
болмады. Осындай себептерге байланысты жаңа конституция қабылдау қажеттігі
туындады.
1994-1995 жылдар аралығында мемлекеттік құрылыс пен экономиканың аса
маңызды мәселелері бойынша жүздеген, соның ішінде конституциялық және
кәдімгі заңдар күшіне ие жарлықтар шығарылды. Ең бастысы – оның тікелей
қатысуымен елдің жаңа Конституциясы талдап-жасалды. Тәуелсiз
мемлекетiмiздiң Негiзгi Заңы қабылданды (1995).1995 жылғы 30 тамыздағы
бүкілхалықтық референдумда қабылданған Қазақстан Конституциясы президенттік
басқару нысанын заңдық тұрғыдан бекітті. Күшті президенттік билік
Қазақстанның тұтастығы мен тұрақтылығына төнетін кез келген қатерге қарсы
тұруға тиіс еді. Сонымен қоса, жаңа Конституцияда мемлекеттік билікті бір-
бірімен тежемелік және тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара әрекет
ететін заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлудің түйінді
демократиялық қағидаты жазылған. Конституция биліктің әр тармағының,
Парламентті қоса, қызмет аумағын олар бір-бірімен қиюласпайтындай және өзге
өкілеттіліктерге иек артпайтындай етіп нақпа-нақ бөліп берді. Тұтастай
алғанда онда көзделген модель өзінің тұрпаты жағынан француздық бесінші
республикаға тартып тұратын. Алайда ең бастысы – жаңа Конституция
реформалардың іргетасын қалады. Бұл тұрғыдан қарағанда, ол Қазақстан
тарихында бетбұрысты белес болды және маңызы жағынан тәуелсіздікке қол
жеткізуден кем түскен жоқ. Елде жедел жаңарудың кең ауқымды үдерісі қанат
жайды.
Қазақ жері – кең байтақ. Өзінің көлемі жағынан дүние жүзінде 9-шы орын
алатын, ақындық қуатпен айтқанда: “бес Франция немесе тоқсан тоғыз Бельгия
сыйып кететін” мұндай ұлан-байтақ жер ата-бабаларымыздан мәңгілікке қалған
асыл мұра. Тәуелсіздіктің туын көтерген кездегі ең басты міндет өз
жеріміздің қасиетті әр пұшпағын өзгеге жем қылмау жағы болды. Мемлекет
басшысының ерен еңбегі мен аса жоғары ұйымдастырушылық қасиеті арқасында
Қазақстанның мемлекеттік шекарасы тарихта тұңғыш рет ресми түрде түпкілікті
айқындалды. Аттың жалы, түйенің қомында, айлақтан аймаққа тартып жатқан
мемлекеттік шекараны, 14 мың шақырымнан астам көршілермен шектес шепті
өлшеп, енді мемлекетіміздің территориялық тұтастығы туралы алып-қашпа
сөздерге біржола нүкте қойылды. Бұл халқымыз көптен күткен, жұртымыздың
жүрегін күпті қылған, тәуелсіздігіміздің нақты тірегі болатын тарихи кезең
еді. Біз алып та адуынды державалардың ортасында жатқан елміз. Жер байлығы,
ел байлығы көздің құрты болған қазіргі алмағайып заманда мемлекеттік
шекараны заңды және көршілердің де көңілінен шығатындай етіп белгілеп алу –
Н.Ә.Назарбаевтың ерекше еңбегі.
Тәуелсіздікті тұғырлы да ғұмырлы ету тұрғысында атқарылған үлкен де
іргелі жұмыстардың және бір парасы – өз әскерімізді жасақтау. Мемлекет
басшысы, ең алдымен өз әскерімізді жасақтау, оның жауынгерлік-техникалық,
тактикалық-стратегиялық қуат-қарымын орнықтыру тұрғысында аса зор мәні бар
бағдарламаны іске асырды. Соның нәтижесінде еліміздің әскери доктринасы
дайындалып, тұжырымдалып, ол заман талабына сай сараптау мен бағалаудан
өтіп, қабылданды. Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев жасақтаған
қуатты армия қазір Отан шебін, ел тыныштығын көздің қарашығындай қорғайтын
дәрежеде.
Алдымен ұлттық қауіпсіздікті бекітіп алған Қазақстан қоғамның ішкі
саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге бар күшін салды. Қоғамның тыныштығы мен
бірлігі біздің алдағы дамуымыздың алтын көпірі екенін түсінген Елбасы
мемлекеттілік құрылысында халықтарымыздың өзара береке-бірлігі мен
түсіністігін, достығы мен толеранттылығын, азаматтарымыздың ел тыныштығын
сақтаудағы өзара сыйластығын басты назарда ұстады. Этностардың өзара
бірлігі, ұлтаралық татулық, дінаралық татулық пен өзара сыйластық ел
дамуының ең қозғаушы да, қорғаушы да күші болды. Ал шын мәнінде ол тұста
шетелдердегі талай сарапшылар ұлтаралық негіздегі қақтығыстар алдымен ұлты
да көп, діні де көп, тілі де көп Қазақстанда басталады деп қайта-қайта
айтып жатқан еді. Алайда олай болмады. Ондай келеңсіз жағдайларды
болдырмау оңай болған жоқ. Сол жұмыстың ең бір айшықты көрінісі – кейінгі
жылдардағы саяси ішкі тұрақтылық тұтқаларының біріне айналған Қазақстан
халқы Ассамблеясының дүниеге келуі. Мұндай ұйым кеңестік республикалардың
ішінде ғана емес, дүние жүзі бойынша кемде-кем. Қазақстандық құбылыс
ретінде орынды аталып жүр. Ол заңды да. Ассамблея осы жылдар ішінде өзі де
барлық тұрғыдан есейіп, буыны бекіп, қоғамның саналы түрде есейіп, біртұтас
болуына басты ықпал етті. Өзге елдерде сан түрлі оқыс оқиғалар мен қарулы
қақтығыстар болып, қан төгіліп жатқанда Қазақстанның ортақ үйінде ондай лаң
мен дау туған жоқ. Түрлі-түсті төңкерістер де бой көрсеткен емес. Дағдарыс
пен қиыншылықтан бірлесе отырып шығудың жолдары қаралды.
Ең алдымен экономика, ал сонан соң саясат қағидасы негізінде әрекет
еткен Н.Назарбаев ел экономикасын қалпына келтіруде батыл қадамдарды жүзеге
асырды. Қазақстан тәуелсіздік жариялағаннан кейін бірден нарықтық экономика
құруға бағытталған өзгерістерге кешікпей кіріскеніне қарамастан, ішкі және
сыртқы себептердің салдарынан олар толық күшінде дереу жұмыс істеп кете
алмады. Бұл кейінгі секіріс үшін белгілі бір плацдарм жасаған әзірлік
шаралары сияқты еді. Бұған 1992 жылы жарияланған бағаның ырықтандырылуын,
1993 жылғы Конституцияда жеке меншік құқығының танылуын, 1993 жылғы сәуірде
талдап жасалған жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын және ұлттық валютаның
енгізілуін жатқызған жөн. Келеңсіз үрдістер өсіп келе жатты. Қазақстанның
бұрынғы Одақтың біртұтас ақша, қаржы және экономикалық жүйесінде қала беруі
нарыққа көшуді қиындатса, өз кезегінде Одақтың ыдырауы басталған. 1993
жылға дейін Қазақстан рубль аймағында болды. Осы уақытқа қарай инфляция
деңгейі орасан мөлшерге жетіп, төрт мәнді цифрлармен өлшенді: 1992 жылы ол
– 3061%-ды, 1993 жылы 2265%-ды құрады. Президент пен оның командасының
алдында не ақша массасын қысу, не бағаға қатаң мемлекеттік бақылау орнату
таңдауы тұрды. Екінші нұсқа бұрынғы уақыттардан біршама үйреншікті болатын,
бірақ әу бастан реформалар қисынына қайшы келетін.Алғашқы жол таңдап
алынды. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстан ұлттық валютасын – экономикалық
тәуелсіздіктің аса маңызды атрибутын енгізді. Бұл қадам 1994 жылдың өзінде-
ақ жойдасыз инфляцияны төмендетуге, ал 1995 жылы инфляциялық үдерісті
ауыздықтап, оны екі мәнді көлемге дейінгі деңгейге түсіруге мүмкіндік
берді. Бұл кейінгі реформалар үшін кеңістік ашты. Күшті ұлттық валюта
кейінірек ТМД кеңістігінде ең озық деп танылған Қазақстанның банк-қаржы
жүйесінің өзегіне айналды. 1990-шы жылдардың басында экономиканың
ырықтандырылуымен және жаңа қаржы жүйесінің қалыптастырылуымен қатар дербес
бюджет, салық және кеден жүйелерінің құрылуы Қазақстанның экономикалық
саясатының басымдығына айналды. Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші
болып салық реформасын жүргізді.

Алайда жекеменшік сектордың экономикаға қатысуын кеңейту нарыққа енудің
басты шарты болып қала берді, ол мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік
меншікті жекешелендіруді, нарықтық инфрақұрылымды дамытуды және
бәсекелестік орта қалыптастыруды бір мезгілде жүргізуді қажет етті. Елдің
алдында тұрған міндеттер қисыны жекеменшік бастама мен мемлекеттің күш-
қуатын біріктіру қажеттігін өктем талап етті. Мұнда Назарбаев
посттоталитарлық өзгерудің басты проблемаларының бірімен бетпе-бет келді,
бұл проблеманы ұғынып алмайынша елдегі жаңару үдерістерінің ауқымы мен
күрделілігін түсіну мүмкін емес еді. Посткеңестік кеңістіктегі басқа елдер
секілді Қазақстан үшін де реформалар жолында халықтың әкімшілдік-әміршілдік
басқарудың ондаған жылдарында қалыптасқан теңгермешілдік-масылдық
менталитеті басты кедергі болып қала берді. Мызғымастай болып көрінген
құндылықтар жүйесінің күйреуі есін шығарып, өз таңдауын жасау қажеттігінің
алдында абдырап қалған адамдарды жасаған таңдауының дұрыстығына сендіру
бәрінен де қиынға түсті. Бұл дағдылы бағдарлар мен өмір салтының кенеттен
өзгеруі салдарынан пайда болған үрейге қарай табиғи әрекет еді. Адамдар
сексен жыл бойы өздері бөгіп жүрген қияли көріністердің алдамшы әлемін
тастап шыққысы келмеді. Оларды қатал, бірақ бірден бір нақтылық әлеміне
қайтару қажет болды. Өздерінде сілкінуге деген ешқандай ниет жоқ адамдарды
қалай дүр сілкіндіру керек? Съездердің бітпейтін тізбегімен және марксизм-
ленинизмнің ұлы да ұлы емес классиктерінің дәйексөздерімен толтырылған
бастарды қалай тазарту керек? – деп жазды кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев.
Өзі де социалистік жүйе қойнауында тәрбиеленген адам болғандықтан ол
қалыптасқан көзқарастардан, түсініктер мен өмір салтынан бас тартудың
қандайлық қиын екенін түсінді. Ол сонымен бірге адамдардың санасын
түбегейлі өзгертпейінше, олардың болашағы бұлыңғыр екенін де білді.
Қазақстан халқы ешқашан либералдық қоғамда өмір сүрген емес және еркін
экономиканы білген жоқ. Нарықтық реформалардың мәнін Назарбаевқа ел аралап
жүріп сөйлеген сөздерінде түсіндіруге тура келді. Ол қарапайым ақиқатты
дуалау сөзі секілді қайталаудан талмады: тек өз күшіңе сеніп қана табыс пен
өркенділікке жетуге болады, егер адам бәзбіреудің қайырымына үміт артып
отыратын болса, мемлекет те, қайырымды адамдар да, қоғам да – ешкім де оған
көмектесе алмайды. Масылдық адамды бұзады. Көмек күтіп жан-жағына жалтақтау
оны дербестіктен, өзі мен қоғам үшін жеке жауапкершіліктен айырады. Өркенді
мемлекет пен либералдық қоғамды тек дербес те бастамашыл адамдар құра
алады. Сондықтан ол кеңестік ақиқаттың қасаңдығында қалыптасқан бұқараның
санасына жеке адамның табысы мен жеке адамның жауапкершілігі, нарық пен
жеке меншікті дамыту қажеттігі идеяларын табандылықпен құя берді. Егер
кеңестік мемлекет саясаты мемлекеттің жеке тұлғаға толайым идеялық өктемдік
ету саясаты болса, Назарбаев оған керісінше, бәрі де өз қолдарыңыздан
келеді дейтін дербес тұлғаны қалыптастыру саясатын ұсынды. Ол капитализмді
ақтау жолымен мақсатты түрде жүрді, түсінілмей қаламын деп қорықпады және
коммунистік құндылықтарда тәрбиеленген адамдардың қатал қарсылығына тап
болуға тәуекел етті. Бұл саналы түрде жасалған және қағидаттық қадам еді.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізі рынокты ұлғайту,
жекеменшік институтын дамыту, адамдарды дербес қызметке тарту бағыты болуы
тиіс. Осынау өзекті мәселе болмайынша қалғанының бәрі үстірт әрі бұлыңғыр
жақсыаттанушылыққа айналуы мүмкін. Ол экономиканың тұрлаусыздығы мен
дамыған жекеменшік секторы жоқ жағдайда бір сәттік әлеуметтік сұраныстардың
жетегінде кету лайықты болашаққа деген үміттен айыратынын білді.
Назарбаевтың реформалар барысында ағымдағы сәт тұрғысынан қолайсыз да
қатал, бірақ стратегиялық тұрғыда бірден бір дұрыс қадамдары осыдан
туындады. Сонымен қатар бұл мәселенің тағы бір жағы – саяси жағы бар еді.
Назарбаев қоғамдық қатынастарды ырықтандырмайынша, нарықтық экономиканың
мүмкін емес екендігі секілді демократияның да айтарлықтай кең дамыған
жекеменшікшілер табынсыз мүмкін болмайтынын түсінді. Олар болмаса – еркін
бастаманың да, мемлекет дамуының да ақырына жететін авторитаризм болады.
Либералдық реформаларды өз-өзінен, жекеменшікшілер табын құрмастан жүргізу
құмнан қамал тұрғызумен бірдей болатын. Сондықтан да нарыққа көшудің басты
шарты мемлекеттік меншікті жекешелендіру болуы тиіс еді. Бұл қадам рынок
субъектілерін құру тұрғысынан секілді халықтың бойында меншік иесі
психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды болатын. Назарбаев ауқымды
жекешелендіруге тәуекел етті, жекешелендіру экономикалық өзгерістердің
өзегін құрап, Қазақстанда жекеменшікшілер табын қалыптастырудың алғашқы
тасын қалады. Жекешелендіру бірнеше кезеңге жоспарланып, жүзеге асырылды.
Бірінші кезеңде пәтерлер мен ұсақ меншікті жекешелендіру өтті. 1990 жылдың
ортасына қарай орта кәсіпорындарды жекешелендіру жүрді. Содан, ақыр
соңында, 1990 жылдың аяғындағы қорытынды кезеңде стратегиялық мақсаттағы
ірі объектілер жекешелендіруге түсті. Әрине, жекешелендіру негізінен пайда
әкелетін меншікке бағытталған болатын. Алайда, бұрын назарға іліге
бермейтін кеңес азаматтары үшін жеке пәтері де еркіндіктің елеулі сыбағасы
болғанын атап өту қажет – сондықтан қарапайым қазақстандықтардың өміріне
жекешелендіру ең алдымен қазыналық қордан тұрғын үйді жекеменшікке алудың
мүмкіндігі ретінде енді. Бұл көпшілікке тәуелсіздіктің алғашқы, тіпті де
оңай емес жылдарында адамдарға сондайлық қажет болған сенімділік берді.
Жекешелендіру жаңағы айқын артықшылықтармен қатар, оның болмай қоймайтын
шығындары жағдайында, нарыққа барар жолда Қазақстанға қатысты табысқа да
жеткізді, ол посткеңестік кеңістіктегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда
ілгері басудың тағы бір маңызды қадамын жасауға мүмкіндік берді. Әңгіме
посттоталитарлық өзгеру жағдайында болмай қоймайтын сұраққа байланысты еді:
ұлттық маңызды стратегиялық нысандардың жекешелендірілуін отандық
капиталдың қатысуымен шектеу керек пе әлде оларды әлемдік рыноктың барлық
субъектілері үшін қолжетімді жасап, еркін бәсеке ортасына жіберу керек пе?
Назарбаев екіншісін таңдап, бұл сұрақты жекешелендіру үдерістерін
интернационалдандырудың пайдасына шешті. Ең әуелі шағын және орта бизнес
объектілерін қамтыған ауқымды жекешелендірумен бір мезгілде шетелдік
инвестицияларды кеңінен тарту басталды. Инвестициялар негізінен ірі
кәсіпорындарды жандандыруға жұмсалды, өйткені оларды көтеру үшін
Қазақстанның өз қаржысы болмады. Қазақстан экономикасы салаларының
капиталды көп қажет ететінін ескере отырып, шағын акционерлік қоғамдар мен
көп ретте өндірістің тиімділігіне залал келтіретін әлеуметтік жеңілдіктерді
қалайда сақтауға ұмтылатын бұрынғы еңбек ұжымдарына нақты балама ретінде
Үкімет стратегиялық инвесторларды белсенді ету мүмкіндіктерін қарастыра
бастады. Олардың қатысуы тікелей инвестицияларды көбейтуге және, одан да
маңыздысы, мүлдем жетіспей жатқан осы заманғы тәжірибе мен технологияларды
ендіруге көмектесуі тиіс болатын.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев ел iшiнде саяси тұрақтылықты, ұлттар арасындағы
түсiнiстiк пен ынтымақты сақтап қалды, нығайтуға бар күш-жiгерiн жұмсады.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсiздiгi жарияланғанға дейiн, КСРО
құрамындағы мемлекет басшысы бола тұрып тағы бiр саяси, әлеуметтiк және
әскери маңызы әлемдi елең еткiзген үлкен шешiмi болғанын есте ұстауымыз
парыз. Ол – дүние жүзiндегi ең үлкен ядролық полигонды – Семей ядролық
полигонын – жабу туралы Жарлығы.
Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған кезде біздің қолымызда қуаты
дүние жүзі бойынша төртінші болып табылатын жойқын ядролық қару-жарақ
арсеналы бар болатын, оның қуатын сезіну үшін бұл қарудың күші мен саны
Ұлыбритания, Франция, Қытай секілді ядролық қаруы бар елдердің бірлескен
арсеналынан әлдеқайда асып түсетін. Халықаралық сарапшылар Қазақстандағы
бар ядролық мүмкіндіктерге талдау жасай келіп, оған АҚШ-тан, Ресейден және
Украинадан кейінгі төртінші ел деген атақ беріп, ядролық державалардың
дүниежүзілік рейтингіндегі рет санын айқын көрсетті. Мұның өзі дүниежүзілік
қауымдастықтың Қазақстанға оның құрылған алғашқы жылдарынан бастап жіті
назар аударуының басты себебі болды. Өйткені бұған барлық негіз бар еді.
Қазақстан аумағында өзінің қырып-жою күші жағынан орасан зор ядролық
арсенал болды. 1991 жылдың аяғына қарай мұнда 1400 ядролық оқтұмсық
орнатылған 104 құрлықаралық СС-18 баллистикалық зымырандары бар
стратегиялық база,Қазақстанның кеңістігінде тарыдай шашыраған ондаған
әскери аэродромнан кез келген уақытта шұғыл түрде ұшып шығуға әзір тұрған
240 қанатты зымыранмен қаруланған 40 Ту-95 МС стратегиялық бомбалағыш
ұшақтар бар болатын. СС-18 зымыраны өте қаһарлы қару еді. Өзінің техникалық
сипаттамалары жағынан ол осы тектес зымырандардың барлық түрінен де артық
болатын. Әр зымыран жеке-жеке бағытталатын бірнеше бөліктен тұратын ядролық
оқтұмсықтармен жарақтандырылған еді. Оның ұзындығы 34 метр, қалыңдығы 3
метр. Радиусы 12 мың шақырымға жуық аумақты қырып-жоя алады. Батыста ол
Ібіліс деп тегіннен тегін аталмаған. Ол өзінің салмағы жағынан чемпион
ретінде тіпті Гиннестің рекордтар кітабына да жазылған еді. Қазақстанның
жалпы ядролық қаруының күш қуаты бұрынғы КСРО-ның барлық потенциалды
дұшпандарының стратегиялық нысандарын жойып жіберуге толық жеткілікті
болатын. Яғни, сан миллиондаған халқы бар мыңнан астам қаланы және тұтас
мемлекеттерді жер бетінен қас-қағым сәттің өзінде жоқ етіп жібере алатын
еді. Оның өзі әбден ретке келтірілген, іске қосылуға әзір тұрған барынша
тиімді қырып-жою технологиясы ретінде белгілі болған еді. Оның үстіне,
Қазақстан стратегиялық-ядролық қару-жарақтар және оларды жеткізу құралдары
орналастырылған орын ғана болып қойған жоқ. Республика аумағындағы орасан
зор қуатты әскери-техникалық потенциал тұтасымен реттеліп, әзірлікте тұрған
индустрия, мемлекет ішіндегі мемлекет болатын. КСРО ыдырап кеткеннен
кейін Қазақстан толық әскери ядролық шаралар тізбегін, ядролық қаруды
сынауды, жетілдіруді және өндіруді жүзеге асыру үшін қажетті базаға басы
бүтін ие болды. Республикада ядролық қару-жарақтардың мүмкін болған
түрлерінің бәрі де әртүрлі кезеңде сынақтан өткізілген ядролық
полигондардың тұтас кешені орналасқан еді. Дүниенің жаңаша құрылымы
Қазақстанның мүддесіне көптеген мәселелер бойынша тікелей әсер етті. Ал
соның ішінде еліміз үшін, оның тағдырын тікелей шешетін демесек те, ең
маңызды мәселенің бірі кеңестік ядролық мұраның тағдыры туралы мәселе болды
Сол жылдары Н.Ә.Назарбаевтың иығына орасан зор жауапкершілік жүктелді.
Елдегі үсті-үстіне жалғаса түскен аса ауыр дағдарыс жағдайында Қазақстанның
ядролық держава болуы керек пе, әлде керек емес пе деген мәселені шешіп алу
қажет еді. Бұл сұрақтың дұрыс жауабына елдің қазіргісі ғана емес, сонымен
қатар болашағы да байланысты-тын. Халықаралық қауымдастықтың табандылықпен
тілек білдіруімен қатар елдің өз ішіндегі қысым жасаушылар да пайда болды.
Қазақстанда ядролық қаруды сақтап қалуды жақтаушылардың саны да аз емес
еді. Сол жылдардағы баспасөзде, жағдайды едәуір бұрмалап көрсете келіп:
Қазақстан қоғамында ядролық қаруға ие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отан тарихын оқытудың өзекті мәселелері
Тарих толқынындағы көне қалалар
Өркениет және ұлт
Қазақ ұлты және өркениет
Мағжан - қазақтың ұлттық ақыны
Ұлы дала оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі
Мағжан жұмабаевтың өмірбаяны
Қазақ елі тәуелсіздігінің жаршысы – Абылай ханның Қазақстанның геосаяси жағдайына қосқан үлесі
«ҚАЗАҚ ЕЛІ ЕГЕМЕНДІГІНІҢ ЖАРШЫСЫ – ХАН АБЫЛАЙ ЖӘНЕ БҮГІНГІ ҚАЗАҚСТАН»
Кустық жұмыстың өзектілігі
Пәндер