Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)



Дәріс № 1. Аграрлық құқықғының пәнi және жүйесi

Дәріс №2. Аграрлық құқықтың қайнар көздері.

Дәріс №3. Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығын мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздері

Дәріс №4. ауыл шаруашылығын мемлекеттік құқықтық реттеу механизмі.

Дәріс №5 Ауыл шаруашылық ұйымдарының құқықтық жағдайы және олардың мәртебесі.

Дәріс №6. Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық жеке кәсіпкерлік және өзіндік қосалқы үй шаруашылығын құқықтық реттеу.

Дәріс №7. Ауыл шаруашылық қызметіндегі жерлерді пайдаланудың құқықтық жағдайы.

Дәріс №8. Ауыл шаруашылығы ұймдары мүлкінің құқықтық режимі.

Дәріс №9. Ауыл шаруашылық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайы
Аграрлық құқығы құқық саласы ретiнде 20 ғасырдың 70-80 жылдарында қалыптасты ол кезде бұл сала ауыл шаруашылық құқығы деп аталды. 1993 жылдан бастап аграрлық құқық деп жаңа атауға ие болды. ”Агро” деген сөздiң латын сөзiнен аудармасы “Жер” деген ұғымды бiлдiредi. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi жер арқылы жүзеге асырылады. Онсыз ол мүмкiн емес. Сондықтан да ол аграрлық құқық деп аталы. Аграрлық құқықтың қалыптасуына объективтiк және субъективтiк Совет Одағы кезеңiнде ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң жақсы деңгейде дамығандығы және оны құқықтық жағынан қамтамасыз ету керектiгi.
1982 жылы Быстров Г.Е. мынадай еңбек щығарды “Сельскохозяиственное право” , онда бұл ғалым аграрлық құқықтың керектiгiн дәлелдейдi.
Субъективтiк себептер. Мемлекеттiң ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамытуға мүдделi болғандығы және оған қолдау бергендiгi.
Аграрлық құқығы құқық саласы ретiнде дегенiмiз – ауыл шрушылығы өнiмдерiн өндiру, оларды өңдеу және өткiзу мен тығыз байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жиынтығы болып танылады. Яғни , аграрлық құқығы кешендi және мамандандырылған құқық саласы болып танылады. Кешендi екендiгiн аграрлық құқықтық қатынастың бiрыңғай еместiгiн бiлдiредi. Аграрлық құқықтық қатынастар кешендi болып танылады. Бұл қатынастар ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу кезiнде туындайды. Бұлардың құрамына жер, мүлiктiк, ұйымдастырушылық,қаржылық және өзге де қатынастар кiредi. Сонымен қатар аграрлық құқығы мамандандырылған құқық саласы болып танылады.
Аграрлық құқық пәні – басқа құқық салалары пәндері сияқты берілген құқық салаларының нормалармен реттелетін, нақтыланған қоғамдық қатынастар. Ерекше құқық саласының пәні болу үшін бұл қатынастарды басқа қоғамдық қатынастардан ажырататын, басқа құқық салаларының нормаларымен реттейтін арнайы ерекшеліктері болуы керек.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелікткрі аграрлық құқытың да ерекшелігін көрсетеді. Ондай ерекшеліктердің қатарына төмендегілерді жатыуға болады.
• ауыл шаруашылығы, өндіріс үшін тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушы экономиканың жалғы саласы болып табылады;
• экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда ауыл шаруашылығында жер өндірісінің негізгі құралы болып табылады;
• жерден басқа ауыл шаруашылық өндірісінде өндірістің негізгі құралы ретінде тірі организмдер пайдаланылады, ал басқа салаларда мұндай жоқ;
• ауыл шаруашылығы өндірісі топыраққа және табиғи климаттық жағдайларға және адамның еркіне байланысты емес басқа да жағдайлармен байланысты;
• ауыл шаруашылығына маусымдық және өндірістік кезеңділігі тән;
• ауыл шаруашылығына өндірістің кезеңділігі өсімдік және жануарлар дүниесінің дамуының биологиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен тікелей байланысты;
• жұмыс уақытының өндіріс кезеңімен сійкес келуі.
Аграрлық құқық – аулы шаруашылығы тауар өндірушілердің қызметін ұйымдастыру бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын көрсететін, нақты құқықтық қағидаларға негізделегн және өзіндік қайнар көздері және әдістері бар қазақстандық құқық жүйесінің бір саласы.
Заң әдебиеттерінде кез келген құқық саласы бірыңғай қатынастарды реттейтін әдістеріне ие.Сол сияқты аграрлық құқығының өзіне тән әдісі бар.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
АГРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ, ПӘНІ, ҚАҒИДАЛАРЫ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ.
№ 1 дәріс. Аграрлық құқықғының пәнi және жүйесi
1. Аграрлық құқтың құқық саласы ретiнде түсiнiгi және қалыптасу тарихы.
Аграрлық құқтық қатынастар аграрлық құқтың пәнi ретiнде.
2.Аграрлық құқтың әдiстерi мен қағидалары , жалпы сипаттама.
3. Аграрлық құқтың жүйесi және оның мазмұны.
4. Аграрлық құқтың басқа құқық салаларымен байланысы және қарым-қатынасы.
5. Аграрлық құқтың қайнар көздерiнiң түсiнiгi және оның ерекшелiктерi.
6. Аграрлық құқтың қайнар көздерiнiң жiктелу негiздерi, жалпы сипаттама.

Аграрлық құқығы құқық саласы ретiнде 20 ғасырдың 70-80 жылдарында
қалыптасты ол кезде бұл сала ауыл шаруашылық құқығы деп аталды. 1993 жылдан
бастап аграрлық құқық деп жаңа атауға ие болды. ”Агро” деген сөздiң латын
сөзiнен аудармасы “Жер” деген ұғымды бiлдiредi. Ауыл шаруашылығы өндiрiсi
жер арқылы жүзеге асырылады. Онсыз ол мүмкiн емес. Сондықтан да ол аграрлық
құқық деп аталы. Аграрлық құқықтың қалыптасуына объективтiк және
субъективтiк Совет Одағы кезеңiнде ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң жақсы
деңгейде дамығандығы және оны құқықтық жағынан қамтамасыз ету керектiгi.
1982 жылы Быстров Г.Е. мынадай еңбек щығарды “Сельскохозяиственное
право” , онда бұл ғалым аграрлық құқықтың керектiгiн дәлелдейдi.
Субъективтiк себептер. Мемлекеттiң ауыл шаруашылығы өндiрiсiн дамытуға
мүдделi болғандығы және оған қолдау бергендiгi.
Аграрлық құқығы құқық саласы ретiнде дегенiмiз – ауыл шрушылығы
өнiмдерiн өндiру, оларды өңдеу және өткiзу мен тығыз байланысты қоғамдық
қатынастарды реттеуге бағытталған құқықтық нормалардың жиынтығы болып
танылады. Яғни , аграрлық құқығы кешендi және мамандандырылған құқық саласы
болып танылады. Кешендi екендiгiн аграрлық құқықтық қатынастың бiрыңғай
еместiгiн бiлдiредi. Аграрлық құқықтық қатынастар кешендi болып танылады.
Бұл қатынастар ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу кезiнде туындайды.
Бұлардың құрамына жер, мүлiктiк, ұйымдастырушылық,қаржылық және өзге де
қатынастар кiредi. Сонымен қатар аграрлық құқығы мамандандырылған құқық
саласы болып танылады.
Аграрлық құқық пәні – басқа құқық салалары пәндері сияқты
берілген құқық салаларының нормалармен реттелетін, нақтыланған қоғамдық
қатынастар. Ерекше құқық саласының пәні болу үшін бұл қатынастарды басқа
қоғамдық қатынастардан ажырататын, басқа құқық салаларының нормаларымен
реттейтін арнайы ерекшеліктері болуы керек.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің ерекшелікткрі аграрлық құқытың да
ерекшелігін көрсетеді. Ондай ерекшеліктердің қатарына төмендегілерді
жатыуға болады.
• ауыл шаруашылығы, өндіріс үшін тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін
шығарушы экономиканың жалғы саласы болып табылады;
• экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда ауыл шаруашылығында жер
өндірісінің негізгі құралы болып табылады;
• жерден басқа ауыл шаруашылық өндірісінде өндірістің негізгі құралы
ретінде тірі организмдер пайдаланылады, ал басқа салаларда мұндай жоқ;
• ауыл шаруашылығы өндірісі топыраққа және табиғи климаттық жағдайларға
және адамның еркіне байланысты емес басқа да жағдайлармен байланысты;
• ауыл шаруашылығына маусымдық және өндірістік кезеңділігі тән;
• ауыл шаруашылығына өндірістің кезеңділігі өсімдік және жануарлар
дүниесінің дамуының биологиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен
тікелей байланысты;
• жұмыс уақытының өндіріс кезеңімен сійкес келуі.
Аграрлық құқық – аулы шаруашылығы тауар өндірушілердің қызметін
ұйымдастыру бойынша қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың
жиынтығын көрсететін, нақты құқықтық қағидаларға негізделегн және өзіндік
қайнар көздері және әдістері бар қазақстандық құқық жүйесінің бір саласы.
Заң әдебиеттерінде кез келген құқық саласы бірыңғай қатынастарды
реттейтін әдістеріне ие.Сол сияқты аграрлық құқығының өзіне тән әдісі бар.
Императивті әдіс субъектілердің құқықтарын анықтауда міндетті бұйыру
мен тыйым салуды бекітуден көрінеді. Диспоитивті әдіс субъектілердің
құқықтарын үш негізгі нысандарын: түсіндіруден, шешімдерді
заңдастырудан,рұқсат етудне тұрады.
Аграрлық құқыққа императивті және диспозитивті реттеу әдістерінен
көрініетін үш құқық реттеу әдісі тән деп есептелетін : тыйым салу,бұйыру,
рұсат ету. Мысалы: аграрлық құқықта рұқсат ету әдісі ауыл шаруашылық
кәсіпорындары мен ұйымдарын ұймдастыру бойынша қатынастарды реттеуде
қолданылады. Аграрлық қатынастарды реттеуде позитивті міндетеу әдісі ауыл
шаруашылық мақсатындағы жерлерді пайдаланғанда, ауыл шаруашылық
кәсіпорындар мен ұйымдарының қыыметімен байланысты қатынастарды реттеуде.
Аграрлық құқықта тыйым салу әдісі мысалы ауыл шаруашылығында қоршаған
ортаны бойынша қатынастарда.
Аграрлық құқықтың қағидалары – аграрлық қатынастардың құықтық реттелу
сипатын және бағытын анықтайтын, негізгі басшылыққа алатын идеялар.
Агралық құқық негізгі қағидалары
- аграрлық кәсіпкерлік екіндігі және шаруашылық нысанын таңдау еркіндігі;
- ауылдағы меншік нысанының жіне шаруашылық нысанының көптігі;
- аграрлық кәсіпкерлік субъектілерінің теңдігі және өнеркәсіптік
кешендегі әр түрлі меншіік нысандарының тең дәрежеде құқықтық қорғалуы
- агроөнеркәсіптік кешен дамуының артықшылығы;
- агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау;
- азаматтардың толық тамақтануға құқығы;
- ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өндірістік шаруашылық қызметіне
мемлекеттік органдардың араласпауы.
Аграрлық құқықтық қатынастар аграрлық құқықтың пәнi болып танылады.
1. Бұл қатынынастар ауыл шаруашылығы саласында туындайды.
2. Бұл қатынастар кешендi болып танылады, олардың құрамына әр түрлi
қатынастар кiредi: жер, мүлiктiк, ұйымдастырушылық, қаржылық, және өзге де
қатынастар.
Ең басты бұлардың басын қосатын мәселе ауыл шаруашылығы қызметi болып
табылады. Ауыл шаруашылығы қызметi деген ұғым аграрлық құқық теориясында
кең мағынада қарастырылады. Бұл ұғымға мынадай жағдайлар кiредi:
1. ауыл шаруашылығы жерлерiнде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру;
2. бұл өнiмдердi өңдеу және өткiзу;
Аграрлық құқықтық қатынастың объектiсi болып ауыл шаруашылығы өндiрiсi
болып танылады.
Субъектiлерi ретiнде мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерi
халықаралық және басқалар.
Заң әдебиетiнде бұл сала бойынша көптеген даулар бар. Оларды 4 топқа
бөлуге болады:
1. аграрлық құқығы объективтi қалыптасты және кешендi мамандандырылған
құқықтық сала болып табылады.
2. аграрлық құқығы құқық саласы ретiнде әлi қалыптасқан жоқ, бiрақ аграрлық
заңдардың қалыптасқандығын мойындайды.
3. аграрлық құқығы жеке сала емес ол кәсiпкерлiк құқықтың бiр бөлiгi
4. Бұл сала агроөнеркәсiптiк құқық деп аталуы дұрыс.
Аграрлық құқық әдiстерi кешендi болып табылады. Онда императивтiк және
диспозытивтiк әдiстер қолданылады.
Аграрлық құқықтың қағидалары дегенiмiз аграрлық құқықтық қатынастық
реттеуде басшылыққа алынатын негiзгi заңды түрде бекiтiлген бастамалар
болып табылады.
Азық түлiк қауiпзiздiгiн қамтамасыз ету қағидасы. 19 қаңтар 2001ж.
қабылданған “Астық туралы “ заң. Азық түлiк қауiпзiздiгi дегенiмiз- сыртқы
және iшкi жағдайларға қарамастан тамақтанудың физиологиялық нормаларына
сәкес халықтың тамақ өнiмдерiне деген қажеттерiн қанағаттандыратын тиiстi
ресурстармен, әлеуетпен және кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген экономикалық
соның iшiнде агроөнеркәсiптiк кешеннiң жай күйi. Агроөнеркәсiптiк кешен
дегенiмiз экономика салаларының жиынтығы оған ауыл шаруашылығы, балық
шаруашылығы, тамақ өнеркәсiбi және бұл салаларды техника, ақарат, қаражат
және басқа да керкектi ресурстармен қамтамасыз ететiн өндiрiс пен қызмет
салалары кiредi.
Мемлекеттiк аграрлық протекционизм қағидасы дегенiмiз мемлекеттiк
агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуға жан-жақты қолдау жасайды.
Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды тұрақты экономикалық
және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету.
2007ж. ҚР тұрақты даму туралы тұжырымдамасы қабылданды. Бәсекеге
қабiлеттi ауыл шаруашылығы өнiмiн және оны қайта өңдеу өнiмдерiн өндiрудiң
экономикалық жағдайын жасау.
Ветеринариялық және фитосанитариялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
қағидасы. Фитосанитариялық қауiпсiздiк дегенiмiз- ауыл шруашылығына
арналған объектiлер мен өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң өсiмдiк
2зиянкестерiнен, ауруларынан және арам шөптерден қорғалуының жай-күйi.
Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жерлердiң басымдылығы және ауыл
шаруашылығы алқаптарының ерекше қорғалуы.
Аграрлық құқық заң ғылымдарының бір саласы ретінде құқық саласы ретіндегі
агралық құқық туралы білімдер, оның құрылуымен дамуы, аграрлық
қатынастардың құқықтық реттелу қағидалары мен ерекшеліктерінің жүйесін
көрсетеді.
Аграрлық құқықтың ғылым және оқу пәні ретіндегі жүйелері бірдей.
Олар жалпы, ерекше және арнайы бөлімдерден тұрады.

Жалпы бөлiм келесi мәселелердi қарастырады:
1) аграрлық құқықтың түсiнiгi және қайнар көздерi.
2) агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк құқық механизмi.
3) ауыл шаруашылық ұйымдарының құқықтық жағдайы.
4) шаруа фермер қожалығының және азаматтардың өзiндiк қосалқы үй
щаруашылығының құқықтық жағдайы.
Ерекше бөлiмде:
1) ауыл шаруашылығы қызметiнде пайданылатын жерлердiң құқықтық жағдайы.
2) ауыл шаруашылығы қызметiнiң жекелеген түрлерiн құқықтық реттеу.
3) ауыл шаруашылығы ұйымдарының шарттық қатынастарын құқықтық реттеу.
4) ауыл шаруашылығын қаржыландыру мен салық салуды реттеу.
5) Аграрлқ заңдарды бұзғаны үшiн заңды жауапкершiлiк.
Арнайы бөлiмде:
1) Қазақстанның дүние жүзiлiк сауда-саттық ұйымына кiрудi құқықтық реттеу.
2) ҚР басқа шет елдермен халықаралық аграрлық ынтымақтастығын құқықтық
реттеу.
Дәріс №2. Аграрлық құқықтың қайнар көздері.

Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі және ерекшеліктері.
Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің жіктелуі. ҚР Конституциясы аграрлық
құқықтың негізгі қайнар көзі. Аграрлық құқықтың унификация және
дифференциациясы мәселелері. Заң және заңға негізделген актілер аграрлық
құқықтың қайнар көзі ретінде.
Локальді нормативтік құқықтық актілер аграрлық құқықтың қайнар көзі
ретінде. Аграрлық заңнаманы кодификациялау мәселелері. Аграрлық құқықтық
қатынастарды реттеудегі сот тәжірибесінің маңызы.
Құқықтың қайнар көзі термині тиісті құқықтық норманың мазмұнын
анықтайтын нысандар мен әдістер ретінде қолданылады.
Аграрлық құқықтың қайнар көздері дегеніміз аграрлық құқықтық
қатынастарды реттеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілер мен
халықаралық келісім шарттардың жиынтығы болып табылады.
Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің мынадай ерекшеліктері бар:
1. Кодекс түрінде жүйеленген арнайы заңдардың жоқтығы.
2. Әдет ғұрып ережелері мен сот ережелері аграрлық құқықтың қайнар
көздері ретінде танылмайды.
3. Аграрлық қатынастарды реттеуде басқа құқық салаларының заңнамалары
қосымша қолданылып отырады. Мысалы, жер, азаматтық, т.б.
4. Аграрлық құқықтың қайнар көздерінің ішінде халықаралық келісім
шарттар маңызды орын алады. Себебі дүниежүзілік азық түлікті қамтамасыз ету
үшін әр мемлекет ат салысуда.
Аграрлық құқықтың қайнар көздерін анықтау бірқатар қиындықтарға әкеп
соқтырады, ол әр түрлі деңгейде көптеген нормативтік құқықтық актілердің
шығарылуымен байланысты. Осы қиыншылықтардан шығу үшін оларды жіктеу
ұсынылады. Жіктеудің негіздері төмендегідей:
Заңдық күшіне байланысты:
А) Заңдар - ҚР Парламентімен қабылданған нормативтік актілер.
Б) Заңға сәйкес актілер - қалған барлық нормативтік актілер. Яғни, ҚР
Президетімен, Парламентімен, өкілді және атқарушы билік органдарымен,
министрліктермен және ведомстволармен, жергілікті өзін өзі басқару
органдарымен қабылданған актілер.

Қолданылатын аумақтық кеңістігіне байланысты:
А) Республикалық - Республиканың барлық аймағына таралатын, заңда
белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік актілер. Мысалы: ҚР Жер
Кодексі.
Б) Жергілікті немесе локальды - жергілікті атқарушы, жергілікті өкілді және
басқа да органдармен қабылданып, белгіленген жерде әрекет ететін
нормативтік актілер. Бұл актілер ауыл шаруашылық кәсіпорындарының нарықтық
аграрлық қатынастарға өтуімен агралық құқықта құқықтың қайнар көзі ретінде
ерекшеленеді. Ауыл шаруашылық кооперативтерінің, акционерлік қоғамның,
серіктестіктің және тағы басқа ауылшаруашылық кәсіпорындарының аграрлық
кәсіпкерлік еркіндігін, өз мүлкің еркін басқару құқығын нақты жүзеге
асырылын қамтамасыз ететін локальді актілердің ролі артуда. Ауыл
шаруашылық кәсіпорындарының локальдық нормативтік актілерді қабылдауы ішкі
шаруашылық қатынастарды реттеу үшін бекітілген ережелер бойынша жүзеге
асырылады.
Локальді нормативтік актілердің пәні ауыл шаруашылық кәсіпорындарының
ішкі шаруашылықтың әр түрлі қатынастары негізінде туындайтын еңбектік,
мүліктік, ұйымдастырушылық басқарушылық және тағы да басқа қоғамдық
қатынастар.бір локальдық нормалар бүкіл еңбек ұжымына, ал басқа нормалар
еңбеккерлердің басқа санаттарына таралады. Олардың қолдану мерзімі
белгісіз, кейбіреулер белгілі бір уақыт өлшемімен шектелген.
Локальдық нормативтік актілер қолданыстағы заңдармен бекітілген
шеңберде жер мен мүліктік операциялары, оларды сату сатып алу, басқа пай
иелерімен немесе үшінші тұлғалармен ауыстыру операцияларын реттейді.
Реттейтін қатынастың түріне байланысты:
А)Унификация - аграрлық қатынастарды құқықтық реттеу интеграциясы
нәтижесәнде бірыңғай заңдық мазмұнға ие, салалық нормативтік актілердің
біртектес органикалық жүйесін құру үшін негізгі нормативтік материал болып
табылатын бірегейлендірілген нормативтік акт.
Бірегей нормативтік құқықтық актілер ауыл шаруашылық заңдарының
ядросы болып табылады.
Аграрлық экономиканың нарықтық басқару моделіне ауысу механизмін
құратын маңызды бірегей нормативтік қайнар көздердің қатарына
агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеуге және ауылды әлеуметтік қайта
құруға бағытталған актілер жатады. Олардың ішінде мыналарды атап өтуге
болады:
- 2005 жылғы 8-шілдедегі Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік
кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы;
- ҚР Президентінің 2003 жылғы 10-шілдедегі Жарлығымен бекітілген Қазақстан
Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
- ҚР-ның 2010 жылға дейінгі ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясы туралы
және 2010 жылға дейінгі Ауыл шаруашылығы стратегиясын тарату бойынша
шаралардың айқын жоспары туралы Үкіметтің Қаулысы.
2003 жылғы 20 маусымдағы ҚР Жер Кодексі аграрлық құқықтың бірегей қайнар
көзі болып табылады., оның заңдық мәні жерге билік ету бойынша мемлекеттік
биліктің атқару органдарының және жергілікті өзін өзі басқару органдарының
рөлін және функциясын арттырумен байланысты маңызды бірқатар маңызды
сұрақтарды қозғау және шешуден көрініс табады. Кодекс ауыл шаруашылық
ұйымдарының, шаруа (фермер) қожалықтарының жерге меншік иесі, жер
пайдаланушы ретіндегі құқықтарына кепілдікті бекітті. Ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлерді өздігінше санатқа бөле отырып, олардың айрықшалығын
және құқықтық реттеу ерекшелігін анықтады.
Б)Дифференциация - унификацияға қарама қарсы мағынаны, яғни актінің сол
саланың бір тармағына қарай бағытталғандығын білдіреді.
Аграрлық заңдардың дифференциациялық актілер нарықтық жағдайларда
меншік және шаруашылық нысанының көптігіне негізделетін өндірістік
қатынастардың жаңа жүйесін құрумен шартталған аграрлық құқықтың
нормаларының заңдық қайнар көзі және нысанының көрінісі.
Аграрлық заңдардың дифференциациялық актілеріне мыналар жатады:
- ҚР- ның 1998 жылғы 31 наурыздағы Шаруа (фермер) қожалықтары туралы
Заңы;
- 1999 жылғы 21 шілдедегі Ауыл ашрушылық тұтыну кооперациясы туралы Заңы;

- 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Ауыл шаруашылық серіктестіктері және олардың
ассоциациялары (одақтары) туралы Заңы;
- 2003 жылғы 8 сәуірдегі Су пайдаланушылардың ауыл шаруашылық тұтыну
коопертиві туралы Заңы және т.б.
Аграрлық құқықтағы дифференциациялық үрдістері ауыл шаруашылық
кооперативінің, акционерлік қоғамдардың және серіктестіктердің құрылтай
құжаттарын енгізу бойынша Азаматтық кодекстің талаптарына сәйкес ерекше
айқын көрінеді.
ҚР Конституциясы аграрлық құқықтың қайнар көзі ретінде.
ҚР Конституциясы барлық аграрлық заңдардың дамуы үшін құқықтық база
болып табылады. Конституцияда ҚР аграрлық доктринасы бекітілген және
мемлекеттің аграрлық саясаты көзделген, сонымен қатар аграрлық құқықтық
қатынастарды реттеудің тәртібін, әдістерін және нысандарын бекітетін
бастапқы алғышарттар, қағидалар көрініс тапқан. Мәселен, ҚР
Конституциясының 26- бабына сәйкес: Әркімнің кәсіпкерлік қызмет
еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызметі үшін еркін
пайдалануға құқығы бар.
Кәсіпкерлік меншік түріне қарамастан азматтар мен заңды тұлғалардың
тауарларға, жұмысқа, қызметке сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс
табуға бағытталған, жеке меншікке немесе мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық
басқару құқығына негіздеоген ынталы қызмет. Сондықтан ҚР Конституциясында
қарастырылған кәсіпкерлік қызмет үшін өз қабілеті мен мүлкін еркін
пайдалануға құқық аграрлық қатынастарды құқықтық реттеуде негізгі мәнге ие.

ҚР Конституциясында ҚР Президентінің өеілеттілігі, Парламентінің
өкілеттілігі, Үкіметтің өкілеттілігі және басқа да орталық атқару
органдарының ауыл шаруашылық қатынастарын реттеу саласына қатысты
бөлігіндегі де өкілеттіктері көрсетілген.
Конституцияда басқа да мемлекеттің аграрлық саясатының негізін
құрайтын нормалар бар.

Дәріс-3. Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығын мемлекеттік реттеудің
құқықтық негіздері
1. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің түсінігі,мақсаттары мен
міндеттері
2. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу
қағидалары
3. Ауыл шаруашылығын басқарудың нысандары және әдістері
4. Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органдардың құзыреттері

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу дегеніміз ҚР азық-түлік
қауіпсіздігін ауыл шаруашылығында жер нарығын, кәсіпкерлікті, ауыл
шаруашылық тауар өндірушілердің құқықтары мен міндеттерін, мүдделерін, ауыл
шаруашылық өндірісін басым дамуын қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет
тарапынан жүзеге асырылатын іс шараларды айтамыз.
Қазақстан Республикасының нарық жағдайында ауыл шаруашылық қатынастарын
дамыту кезеңдері
1. 1991-1994 ж.ж. жекешелендіруді жүзеге асыру кезеңі
2. 1995-1998 ж.ж. Қазақстан Республикасында жерге жеке меншікті енгізу
және оның негізінде көптеген салаларды дамытуға жол беру
3. 1998-2003 ж.ж. ауыл шаруашылығын дамыту стратегиясының қабылдануына
байланысты
4. 2003 ж.ж. және қазіргі кезең.
А) тұңғыш рет ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беру мәселесі
Б) азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі
В) дүниежүзілік сауда саттық мәселесі туралы

Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің керектігін мынандай талаптармен
негіздеуге болады:
1. Азық- түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2. Ауыл шаруашылық өндірісі жермен тығыз байланысты болғандықтан жер
мәселесін реттеу қажеттілігі
3. Ауыл шаруашылығы өндірісі көбінесе пайдалы өндіріс болып табылады.
Сондықтан мемлекет тарапынан көптеген шараларын талап ету мәселесі.
Агроөнеркәсіптік кешенде шешәлуге тиісті міндеттер Қазақстан
Республикасының Президентімен 2005 жылы 31 қаңтарда өткен агроөнеркәсіптік
кешен сұрақтары бойынша Республикалық жиында анықталды.Ондай негізгі
міндеттер-он.
1. Ауыл шаруашылығының өңдеуші секторын дамыту, яғни өнімді қымбат бағаға
сатуға мүмкін болатындай етіп өңдеу.
2. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеуде осыған қажетті
қызметтерді топтастыруды пайдалануды топтастыру қажет. Ең алдымен оны
тамақ және тоқыма өнеркәсібінде қолдану. Әр аймақта мамандандырылған
топтастыруларды дамыту бойынша шаралар кешенін жасау және қолдану.
3. Ауыл шаруашылығы өндірушілерді ақпараттық маркетингтік кеңестік көмек
көрсетуді кеңейту бойынша жұмыстарды күшейту қажет.
4. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оларды өңдеу сапасының халықаралық
стандарттарын енгізу, яғни
5. Үлкен және орташа ауыл шаруашылық өндірушілерінің көптеп пайдалануына
қарамастан, жаңадан пайда болатындарына да дамуға мүмкіншілік беру.
6. Ауылдағы мәдени бұқаралық бағыттағы әлеуметтік инфрақұрылымдарды
дамыту қажет. Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту.

Мемлекеттің белгілі бір мақсатқа жетуі үшін ішкі бірлігін, негізгі
құрылымын, мәнін анықтайтын бастаушы идеялар мемлекеттік басқарудың
қағидалары деп аталады. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік басқарудың негізгі
қағидалары Қазақстан Республикасының Конституциясында және аграрлық
заңдарда көзделген.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу қағидалары мынадай болуы керек:
1. мемлекет ішінде сыртқы экономикалық және сала аралық қатынастарды ауыл
шаруашылығына белгілі жеңілдіктер бекітетін аграрлық протекционизм
қағидасы;
2. реттеудің индикативті әдістерін пайдалану;
3. әр түрлі деңгейде қабылданатын мақсатты бағдарламалардың орындалуына
бақылаудың негізінде бағдарламалық реттеу қағидасы;
4. ауыл шаруашылығы өндірісін және агроөнеркәсіптік кешенді толығымен
басым дамыту;
5. ауыл шаруашылығы мен басқа экономиканың салалары арасындағы
экономикалық сәйкестікті қолдау, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің және
өнеркәсіп еңбеккерлерінің табыс деңгейін жақындастыру;
6. агроөнеркәсіптік өндіріс саласында отандық тауар өндірушілерді қорғау,
мемлекеттік реттеуді экономикалық әдіске басымдық бере отырып жүзеге
асыру;
7. ауыл шаруашылық кәсіпорындарының қызметіне мемлекеттік және басқа да
шаруашылық құрылымдардың тікелей араласуына жол бермеу;
8. ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік шаруашылық қызметті өз
бетінше жүзеге асыруына кепілдік беру, т.б.
Аталған қағидалардың заңдық және конституциялық бекітілуі ең алдымен
әкімшілдік әміршілдік жүйеден бас тартуды көрсетеді.

Заң әдебиеттерінде көрсетілген басқару қызметін жүзеге асыру тәсілі
басқарудың нысандары мен әдістерін көрсетеді.
Мемлекеттік басқарудың нысандары үш негізгі түрден көрінеді:
1. құқық шығармашылық – мемлекеттік органдардың басқару қатынастарын
реттеуге бағытталған нормативтік актілер жасауы және қабылдауы;
2. құқық қолданушылық – нақты әрекеттерді жүзеге асыру жолымен
басқарушылық нормативтік актілерін қолдануға бағытталған мемлекеттің
қызметі;
3. құқық қорғаушы – мемлекеттік нормативтік актілерде көрсетілген
талаптарды бұзған немесе орындамаған тұлғаларға жазалайтын шаралар
бойынша мемлекеттің қызметі;
Басқарудың нысандары мен әдістері бірін-бірі толықтырады және өзара
байланысты.Нысан - басқарудың мазмұнын көрсетеді және басқару процесінде
қандай әрекеттер жасалатындығын анықтайды; әдістері – басқару қандай
тәсілмен жүзеге асырылатындығын анықтайды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік басқару әдістері меншік нысанының көптігін,
соған орай субъектілердің көптігін ескереді.Сондықтан мемлекеттік басқару
органдары императивтік әдісті де қолданады.Бұл әдісте мемлекеттің еркі
нақты көрсетілген және белгілі бір тыйым салулар ескерілмеген жағдайда
мемлекет тарапынан күштеу шарасының қолданылатындығын көрсетеді.
Бұл әдістің ерекшелігі тарптардың заң алдындағы теңсіздігін көрсетеді,
яғни тараптар арасындағы құқықтық байланыс билік – бағыну қағидасына
негізделген. Мемлекеттік билік және басқару органдары басқару функциясын
жүзеге асыру барысында ауыл шаруашылығына қатысты басымдылықты пайдаланады.
Бұл әдіс негізінен ауыл шаруашылық өндірушілердің заңдылықты және
тәртіпті сақтауына бақылауды жүзеге асыруда пайдаланылады.
Императивтік әдіс, басқаша айтсақ әкімшілік әдіс бақылау функцияларын
жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға тән. Олар ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерлерді пайдалануға бақылау функциясын орындайтын
инспекциялар, санитарлық, ветеринарлық инспекциялар, салық органдары және
т.б.
Ұсыну әдісі, яғни мемлекеттік шешімдерді әр түрлі вариацияда орындауға
мүмкіндік беретін әдіс. Мысалы, жергілікті жердің ерекшеліктерін ескеру.
Мемлекеттік санкциялау әдісі, яғни мемлекеттік емес органның шешімі оны
мемлекетпен мақұлдаған соң заңдық күшке ие болатын әдіс.Мысалы, ауыл
шаруашылық тұтыну кооперативі немесе басқа заңды тұлға заңды оны әділет
органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізген соң құрылған болып есептеледі.
Рұқсат ету әдісі (құқықтарды толығымен басқаға тапсыру), яғни мемлекеттік
емес орган өз бетінше өзінің барлық ішкі субъектілеріне міндетті шешім
шығарады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 64-бабына сәйкес
Жер учаскесінің меншік иесі белгілеген тәртіпте өзінің учаскесіндегі
құмды, батпақты, гравийді және басқа кең таралған пайдалы қазбаларды
пайдалануға құқық берілген.
Басқару әдістерінің қатарына ұйымдастыру-тәжірибелік, тіпті техникалық
қызмет әдісін және т.б. заңға қайшы келмейтін әдістерді енгізуге болады.
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік басқаруда маңызды орынға
экономикалық әдістер ие. Экономикалық реттеу әдісі ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының өндірістік шаруашылық қызметтерінің өз бетіншелігін
қамтамасыз етеді, яғни аграрлық қызметті жүзеге асырушы тараптардың
экономикалыцқ мүдделі болуына негізделеді.
Экономикалық механизм өзіне барлық ынталандыру әдістерін кіргізеді,
мысалы, жоспарлау, қаржыландыру, салық салу, сақтандыру, несие беру,
экономикалық ынталандыру, сыртқы экономикалық әдістер және т.б.

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын реттеу және басқару органдары
құзыреттеріне байланысты төртке бөлінеді:
1. жалпы құзыретті реттеу және басқару органдары;
2. арнайы құзыретті басқару органдары;
3. сала аралық құзырет органдары;
4. қызметтік басқару органдары.
Дәріс №4. ауыл шаруашылығын мемлекеттік құқықтық реттеу механизмі.

ҚР-да ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздері.ҚР-
да ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің жалпы сипаттамасы, түсінігі,
мәні және қағидалары (мемлекеттік аграрлық протекционизм саясаты). Ауыл
шаруашылықты мемлекеттік реттеу міндеттері мен мақсаттары. ҚР-дың ауыл
шаруашылығының дамуының 2010- жылына дейінгі стратегиясы. ҚРда ауыл
шаруашылығын мемлекеттік реттеудің нысандары мен әдістері. Ауыл
шаруашылығын мемлекеттік реттеу органдарының жүйесі мен құқықтық жағдайы.

Агроөнеркәсіптік өндірісті дамытуды мемлекеттік реттеу дегеніміз
мемлекеттің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, өңдеу және таратуға,
агроөнеркәсіптік өндірісті өндірістік техникалық қамтамасыз етуге,
Агроөнеркәсіптік кешендегі кәсіпорындардың шаруашылық қызметін
ұйымдастыруға нормативтік актілер шығару жолымен әсер ету, мемлекеттік
билік органдарының ұйымдасқан қызметін жүзеге асыру және экономикалық әдіс
арқылы реттеуді жүзеге асыратын ауыл шаруашылық органдардың жалпы құзыретін
басқару.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу мемлекеттік органдар тарапынан
жүзеге асырылатын атқарушылық, биліктік қызмет болып табылады. Бұл
қызметтің негізгі мақсаты нарықтық қатынастар жағдайында ауыл шаруашылық
өндірісінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, азық - түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, ҚР-ның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне жағдай жасау.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің бір көрінісі ауыл шаруашылығы
өндірісін басқару. Ауыл шаруашылығы өндірісін басқару дегеніміз-ауыл
шаруашылығы тауар өндірушілерінің және барлық ауыл тұрғындарының
қолайлылығына қол жеткізу үшін мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыруға
бағытталған және мемлекетпен жүргізілетін шаралар кешені.
Мемлекеттік реттеудің объектісі болып өндірістік – шаруашылық,
әлеуметтік және олармен байланысты басқа да ауыл шаруашылығы қызметі
саласындағы аграрлық қатынастар табылады.
Ауыл шаруашылығы өндірісін басқаруды ұйымдастыру мәселелері ҚР-ның
қазіргі кездегі дамуы үшін өзекті болып отыр.Нарықтық экономика жағдайында
өндіріске экономикалық әсер ету шаралары ғана қажет емес, сонымен қатар
әкімшілік реттеу шаралары да қажет.
Мемлекет нарық қатынастарының даму деңгейіне қарай алдына әр түрлі
мақсаттар қояды.Экономиканың аграрлық секторын мемлекеттік реттеу, басқару
ҚР-сы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы қабылданған ҚР- ның 2003-2005
жылдарға мемлекеттік ауыл шаруашылық азық түлік бағдарламасында анықталған
мақсаттар мен міндеттерге тікелей байланысты.Бағдарламадағы міндеттерге
жету үшін мемлекет келесідей міндеттерді орындау керек:
- елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- агробизнестің ұтымды жүйесін құру;
- ауыл шаруашылығы өнімін сату мөлшерін арттыру және оның ішкі және
сыртқы нарықта өңделуін арттыру;
-ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын арттыру.
Мемлекеттің белгілі бір мақсатқа жетуі үшін ішкі бірлігін, құрылымын,
мәнін анықтайтын бастаушы идеялар мемлекеттік басқарудың қағидалары деп
аталады.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу қағидалары:
-мемлекет ішінде сыртқы экономикалық және сала аралық қатынастарды
ауыл шаруашылығына белгілі жеңілдіктер бекітетін аграрлық протекционизм
қағидасы;
-реттеудің индикативті әдістерін пайдалану;
-әр түрлі деңгейде қабылданатын мақсатты бағдарламалардың орындалуына
бақылаудың негізінде бағдарламалық реттеу қағидасы;
-ауыл шаруашылығы өндірісін және агроөнеркәсіптік кешенді толығымен
басым дамыту;
-ауыл шаруашылығы мен басқа экономиканың салалары арасындағы
экономикалық сәйкестікті қолдау, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің,
өнеркәсіп еңбеккерлерінің табыс деңгейін жақындастыру;
-ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қызметіне мемлекеттік және басқа да
шаруашылық құрылымдардың тікелей араласуына жол бермеу;
-ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өндірістік - шарушылық қызметті өз
бетінше жүзеге асыруына кепілдік беру; т.б.
Мемлекеттік басқарудың нысандары үш негізде жүзеге асырылады:
1)құқық шығармашылық - мемлекеттік органдардың басқару қатынастарын
реттеуге бағытталған нормативтік актілер жасауы және қабылдауы;
2)құқық қолданушылық - нақты әрекеттерді жүзеге асыру жолымен
басқарушық нормативтік актілерін қолдануға бағытталған мемлекеттің қызметі;
3)құқық қорғаушы - мемлекеттік нормативтік актілерде көрсетілген
талаптарды бүзған немесе орындамаған тұлғаларға жазалайтын шаралар бойынша
мемлекеттің қызметі.
Ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеу әкімшілік және экономикалық
әдістердің негізінде жүзеге асырылады.
Әкімшілік әдісте мемлекеттің еркі нақты көрсетілген және белгілі бір
тыйым салулар ескерілмеген жағдайда мемлекет тарапынан күштеу шарасының
қолданылатындығын көрсетеді. Бұл әдіс тараптардың заң алдындағы теңсіздігін
көрсетеді, құқықтық байланыс билік бағыну қағидасына негізделген. Бұл әдіс
негізінен ауыл шаруашылық өндірушілердің заңдылықты және тәртіпті сақтауына
бақылауды жүзеге асыруда қолданылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік басқаруда маңызды орынға
экономикалық әдістер ие. Экономикалық реттеу әдісі ауыл шаруашылық
кәсіпорындарының өндірістік шаруашылық қызметтерінің өз бетіншелігін
қамтамасыз етеді, яғни аграрлық қызметті жүзеге асырушы тараптардың
экономикалық мүдделі болуына негізделеді.Экономикалық механизм өзіне барлық
ынталандыру әдістерін кіргізеді, мысалы, жоспарлау, қаржыландыру, несие
беру, салық салу, материалдық ынталандыру.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы елдің экономикалық және әлеуметтік
өмірінде ерекше орын алады және мемлекеттік органдар түрғысынан мемлекеттік
реттеу және басқару арқылы жүзеге асырылатын ықпал етудің маңызды объектісі
болып табылады.

Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығын реттеу және басқару
органдары құзыретіне байланысты төртке бөлінеді:
-Жалпы құзыретті реттеу және басқару органдары.
Оларға ҚР-ның Президент аппараты, ҚР-ның Парламенті, Үкіметі,
жергілікті атқарушы және өкілді органдар жатады.Бұл органдардың ауыл
шаруашылығын реттеу және басқару ерекшелігі, олардың осы қызметті өз
құзыретіне қатысты басқа да міндеттермен, яғни экономиканы дамыту,
әлеуметтік саланы, денсаулық сақтау, білім беру, т.б. дамытуды басқару және
т.б. қызметтермен қатар атқаруында болып тұр.
-Арнайы құзыретті басқару органдары.
Олар Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның құрылымдық бөлімшелері, ауыл
шаруашылығын басқарудың аумақтық органдары, мемлекеттік ауыл шаруашылық
инспекциялары,т.б. Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыреті ҚР - сы
Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде
анықталған.Оған сәйкес министрлік елдің ауыл, орман, балық, аңшылық
шаруашылықтарын, ерекшк қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын,
өсімдік, жануарлар әлемін басқару, ауылдық аумақтарды, ауыл шаруашылық
машина жасау, ветеренария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығында,
суландыру, ирригация, дренаж салаларын басқарудың, мемлекеттік саясатты
ұйымдастыру мен жүзеге асыруды заң шегінде салааралық үйлестіреді.
-Функционалды құзыреті бар органдар.
Оларға ҚР-ның Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Кеден
комитеті, ҚР-ның Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚРның Қаржы
министрлігі ҚР-ның Жер ресурстарын басқару агенттігі кіреді. Ауыл
шаруашылығын функционалды басқару органдарының ішінде Жер ресурстарын
басқару агенттігі ерекше орын алады.ҚР-ның Үкіметімен 1999 жылғы 23
қарашада бекітілген ҚРның Жер ресурстарын басқару бойынша агенттігі
туралы ережеге сәйкес Агенттіктің негізгі міндеттері мыналар болып
табылады:
-жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және
картография саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу;
-жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, жүзеге
асыру, жерге орналастыру, геодезия және картография саласында іс шараларды
әзірлеу, іске асыру;
-мемлекеттік геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және тиісті
ақпаратты қорғау болып табылады.

Дәріс №4. Нарық жағдайындағы ауыл шаруашылығын мемлекеттік құқықтық реттеу.
Нарық жағдайында ауыл шаруашылығын мемлекеттік-құқықтық басқару. Ауыл
шаруашылықты мемлекеттік реттеу органдары жүйесі мен құқық мәртебесі. Ауыл
шаруашылығы министрлігінің құқықтық жағдайы. Жер ресурстарын басқару
агенттігінің құзыреті. Жергілікті атқару және өкілді органдардың ауыл
шаруашылықты реттеуде құзыреті.
ҚР ауыл шаруашылығы елдің экономикалық және әлеуметтік өмірінде
ерекше орын алады және мемлекеттік органдар тұрғысынан мемлекеттік реттеу
және басқару арқылы жүзеге асырылатын ықпал етудің маңызды объектісі болып
табылады.
ҚР-да ауыл шаруашылығын реттеу және басқару органдары құзыретіне
байланысты төртке бөлінеді:
- жалпы құзыретті реттеу және басқару органдары ( ҚР Парламенті, ҚР
Президентінің аппараты, ҚР Үкіметі, мәслихаттар, аумақтық атқарушы
органдар);
- арнайы құзыретті басқару органдары ( Ауыл шаруашылығы министрлігі, оның
құрылымдық бөлімшелері, ауыл шаруашылығын басқарудың аумақтық органдары,
мемлекеттік ауыл шаруашылық инспекциялары және т.б.);
- сала аралық құзырет органдары;
- қызметтік басқару органдары.
Жалпы құзырет органдарының ауыл шаруашылығын реттеу және басқару
ерекшелігі, олардың осы қызметтерді өз құзыретіне қатысты басқа да
міндеттермен, яғни экономиканы дамыту, әлеуметтік саланы, денсаулық сақтау,
білім беру және тағы басқа дамытуды басқару, өзге қызметтерді атқару болып
тұр.
Ауыл шаруашылық қызметін реттеуді ҚР Президентінің өзі де, оның әкімшілік
құрылымы да жүзеге асырады. Мысалы, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі, Жергілікті
ресурстарды басқару бойынша агенттік және т.б.
ҚР Үкіметі басқару органдары жүйесінде орталық орын алады. ҚР Үкіметі
мемлекеттік биліктің атқарушы органы болып табылады және атқарушы
органдардың бүкіл жүйесін басқарады.
Үкімет мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың
стратегиялық және тактикалық шараларын, мемлекеттік бағдарламалар мен
жоспарларды жасайды. Мысалы, 1990 жылдың 3 желтоқсанындағы Шаруа
қожалықтарын дамыту және қолдау бағдарламасы.
АУыл шаруашылығын басқарудың арнайы органдары болып ҚР Ауыл шаруашылығы
министрлігі және оның аумақтық органдары табылады. Министрліктің құзыреті
ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 7 қазандағы Қаулысымен бекітілген ҚР Ауыл
шаруашылығы министрлігі туралы ережеде анықталған
Министрлік заңмен бекіткен тәртіп бойынша келесі қызметтерді жүзеге
асырады:
- мемлекеттің жер, орман, балық, аңшылық, су шаруашылығы, тамақ өнімдерін
өндіру, соның ішінде сусындар, темекі, тері бұйымдары, мақта талшықтары
және жүн өңдеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен ауылшаруашылық
ғылымы, ауыл халқын ұтымды орналастыру мәселелері бойынша аграрлық және
аймақтақ саясатты, стратегиялық жоспарларды, басым және басқа да
мемлекеттік бағдарламаларды жасап, жүзеге асыруға және үйлестіруге
қатысады;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде және алғашқы өңдеуде тұрақтандыру мен
арттыру, ауылшаруашылығы машиналарынжасауды дамыту жөніндегі шаралардың
кешенін және астық рыногын реттеуді жүзеге асырады;
- ауылшаруашылығы секторы үшін қаржы несие, салық саясатын қалыптастыруға
қатысады;
- облыстарды, Астана мен Алматы қалаларын әлеуметтік экономикалық дамыту
жоспарларын өх з құзыреті шегінде келіседі;
- бюджет қаражаты, мемлекет және мемлекет кепілдік берген қарыздар есебінен
қаржыландырылатын агроөнеркәсіп кешені саласындағы инвестициялық
жобаларға қорытынды береді;
- аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға көмек көрсетеді;
- ауылшаруашылығы машиналарын жасау, ауылшаруашылығы шикізаттары мен
өнімдерін алнғашқы өңдеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруға
қатысады;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды жүзеге
асырады;
- астық рыногының мониторингін жүргізеді;
- астық қолхаттарының нысанын, оларды беру, олардың айналымы және оларды
жою ережесін бекітеді;
- республикалық бюджетті әзірлеуге және атқаруға қатысады;
- заңдарға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Министрліктің негізгі міндеттері мыналар:
- ауыл шаруашылығы өндірісінде, астық өндіруде, элитарлық тұқым
шаруашылығында, фитосанитария, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, ауыл
шаруашылық шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өңдеу салаларында өз
құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру және үйлестіру;
- маркетингтік қызметтерді дамытуға және агроөнеркәсіптік кешенді
ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға жәрдем көрсету;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді техникалық және энергетикалық
қамтамасыз ету, химияландыру және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау,
мелиорация, сервистік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты
жүзеге асыру;
- ішкі және сыртқы азық түлік рыноктарындағы жағдайды зерделеу және оны
ауыл шарушылығы тауар өндірушілердің назарына жеткізу.
Министрліктің негізгі міңдеттерін іске асыру және өзіне жүктелген
функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен:
- өз құзыреті шегінде атқару үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді
қабылдауға;
- мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын
бекітуге;
- министрлікке жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар
мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды сұратып алуға;
- заңдарда белгіленген жағдайларды лицензиялауды және сертификаттар беруді
жүзеге асыруға;
- өз құзыреті шегінде өзге де әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.
Ауыл шаруашылығын басқару бойынша жекелеген функцияларды орындаушы
функционалды органдарына мыналарды жатқызуға болады: ҚР Жер ресурстарын
басқару бойынша агенттігі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, ҚР Еңбек
және әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, т.б.
ҚР Үкіметімен 1993 жылы 23 қарашада бекітілген ҚР Жер ресурстарын
басқару бойынша агенттік туралы Ережеге сәйкес агенттіктердің негізгі
міндеті мыналар болып табылады:
1. Жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және
картография саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
2. Жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырпу және жүзеге
асыру;
3. Мемлекеттік геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және тиісті ақпаратты
қорғау.
Агенттік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге
асырады:
1) Мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стартегиялық
функциялар:
- жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу;
- мемлекеттің жер қатынастиары саласындағы мүдделерін қорғау;
- жерге ақы белгілеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
2) Мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін функциялар:
-белгіленген тәртіппен жер мониторингін, мемлекеттік жер кадастрын
жүргізуді ұйымдастыру;
- ҚР жер ресурстарының жайы туралы деректердің банкін құру және жүргізу;
- Жерге орналастыруды республикалық деңгейде жүргізуді ұйымдастыру.
3) Мемлекеттік саясаттың іске асырылуын бақылау жөніндегі функциялар:
- жер заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдау;
- жою бойынша орындау үшін міндетті ұйғарымдар беру;
- жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді
қарау;
4) Экономикалық қызметтің мемлекеттік реттелуін қамтамасызететін
функциялар:
- мемлекет жеке меншікке сататын немесе жерді пайдалануға беретін нақты жер
учаскелерінің бағалы құнын айқындау;
- жер учаскелерінің бөлінетіндігін не бөлінбейтіндігін айқындау;
- мемлекеттің жер учаскелерін беруі кезінде оларды таңдауды келісу;
- өз құзыреті шегінде лицензиялауды жүзеге асыру.
Дәріс № 5 Ауыл шаруашылық ұйымдарының құқықтық жағдайы және олардың
мәртебесі.
Ауыл шаруашылығының өнеркәсібін және онымен тығыз байланысқан
экономика салалсының ұйымдарын жеті лдіру арқашанда мемлекет пен оның
органдарының назарында болып келді.
Жаңа нарықтық қатынастар кезінде өзінің шаруашылық дербестіктері
шектеулі осы кәсіпорындарының қызмет етуі мүмкін болмай қалды. Өндіріс
құралына, ең алдымен жерге мемлекеттік монополия ауылдың дамуындағы тежегіш
болды. Сондықтан, ауыл шаруашылығында реформаларды бастағанда, шаруашылық
жүргізудің тиімді тәсілі ретінде ауылды нарықтық қатынастарға көшіру мақсат
етіп қойылды.
Ауыл шаруашылығындағы жүргізілген реформалар ХХ ғасырдың 90 жылдары
мен ХХІ ғасырдаң басында-ақ осы салада бұрын болмаған жаңа, нарықтық
қатынастарға сәйкес келетін шаруашылық жүргізудің ұйымдастырушылық-құқықтық
түрлердің тудырды.
Кәсіпорындардың жаңа түрлері: шаруашылық серіктестіктер, қосымша және
шектеулі жауапкершілікті серіктестіктер, олардың қауымдастықтары мен
одақтары, акционерлік қоғамдар,ауыл шаруашылығының өндірістік
кооперативтері, тұтынушылық кооперативтері, ауыл шаруашылығындағы суды
пайдалунышылардың кооперативтері, шаруа( фермер )қожалықтары пайда болды,
олардың бірқатары коммерциялық, басқалары коммерциялық емес болып табылды.
Ауыл шаруашылығының ұйымдары өздерінің қыметінің мақсаттарына сәйкес
келетін жалпы ааматтық құқықтық қабілеттілікке ие. Барлық басқа заңды
тұлға сияқты олар да өздерінің құрылтайшылық құжаттарына енгізілген және
тікелей аталмаған,заңмен тиым салынбаған кез келген қызмет түрін жүзеге
асыру үшін қажетті азаматтық құқықтырға және міндеттерді атқару құқығына ие
болады.
Мемлекеттік кәсіпорын туралы ҚР Президентінің 1995ж. 19 маусымдағы
заң күші бар жарлығына сәйкес, ауыл шаруашылық мемлекеттік кәсіпорын
құрылады. Ауыл шаруашылық мемлекеттік кәсіпорындарға:
1. Шаруашылық жүргізу құқығына жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар;
2. Жедел басқару құқығына негіделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар
жатады.
Мемлекеттік меншігіне қарай кәсіпорындар:
1. Республика меншігіндегі кәсіпорындар- республикалық мемлекеттік
кәсіпорындар;
2. Коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар – коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындар болып бөлінеді.
Ауыл шаруышылық мемлекеттік кәсіпорындар қыметінің негізгі міндет-
мақсаты қоғам мен мемлекеттің қажетіне қарай айқындалатын мынадай
әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады.
1. Мемлекеттік қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету
және қоғам мүддесін қорғау.
2. Экономиканың жеке меншік секторын қамтыған немесе жеткіліксіз
қамтыған қоғамдық өндірістің буындары мен салдарында бірінші
қажеттіліктегі тауарларды өндіру.
3. Мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау
функцияларын қоспағанда мемлекеттің функциясы болып табылатын
салалардағы қызметті жүзеге асыру.
Ауыл шаруашылығындағы акционерлік қоғамның құқықтық жағдайы.
Акционерлік қоғамның құқықтық ережелері ҚР Азаматтық кодексінің
85 – 93- баптарымен және ҚР-ның 2003ж. 13 мамырдағы Акционерлік қоғам
туралы Заңымен реттеледі. Өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражатты тарту
мақсатында акцияларды шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам деп танылады.
Қоғам өзінің акционерлердің мүлкінен жеке мүлікке ие болады жіне олардың
міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Қоғамды құру. Қоғамды құру туралы шешім қабылдаған жеке және заңды
тұлғалар оның құрылтайшылыры болып табылады.Мемлекеттік кәсіпорын тек осы
кәсіпорынға қатысты меншік иесі мен мемлекеттік органның функциясын жүзеге
асыратын мемлекеттік органның келісімімен ғана қоғамның құрылтайшысы болуға
және оның акцияларын сатып алуға құқылы. Қоғамның құрылтайшысы жалғыз тұлға
функциясын атқарушысы болуы мүмкін.
Қоғам Акционерлік қоғамдар туралы заңымен және ҚР –ның басқа да
аңдық актілерімен белгіленген тәртіпте бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру
арқылы құрылуы мүмкін.
Бірінші құрылтай жиналысында құрылтайшылар:
қоғамды құру туралы шешім қабылдайды және қоғамды құру жөніндегі
бірлескен қызмет тәртібін белгілейді;
құрылтай шартын жасайды; құрылтайшылар төлейтін жарғылық капитапл
мөлшерін белгілейді;
шығарылатын болып жарияланған акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы
шешім қабылдайды;
қоғамның тіркеушісін таңдайды;
қоғамның атынан мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қолдарын қоюға
өкілетті тұлғаларды сайлайды;
қоғам құрылтайшыларының жарғылық капиталды төлеуге енгізілетін ҚР
заңдарына сәйкес мүлкін бағалайтын адамдарды анықтайды; Қоғамның қаржылық
- шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қоғамның органдары құрылғанға дейін
оның мүдделерін және үшінші тұлғалар алдында уәкілетті адамдарды сайлайды;
қоғамның жарғысын белгілейді,
Ауыл шаруашылығының өндірістік кооперативтерінің құқықтық жағдайы
Ауыл шаруашылығының өндірістік кооперативтерінің қызметін Азаматтық
кодекспен реттеледі, онда қызметтің бұл түріне арнаулы өндірісітк
кооператив бөлімі және 96 – 101-баптар арналған. Сонымен бірге,
Республикада 1995жылы 5қазанда ҚР Президентінің Өндірістік кооператив
туралы Жарлығы қабылданды, ал ол ҚР Заңына сәйкес 2001жылғы 12 шілдеде Заң
күшіне енді.
Өндірістік кооперативті құрудың тәртібі. Азаматтардың, жеке
еңбектерімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарды (үлестерді)
біріктіуіне негіделген бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелікке
кіруінің негізінде ерікті түрде бірігуі өндірістік кооператив ретінде
танылады. Өндірістік кооператив коммерциялық ұйым, заңды тұлға болып
табылады.
Өндірістік кооператив келесі қағидалар негізінде қызмет атқарады:
Мүшелікке кіру мен шығудың еркіндігі;
мүліктік жарналарды(пайларды) енгізу міндеттілі;
басқарудың демократиялығы;
өзара көмек және олардың мүшелері үшін экономикалық теңділікті
қамтамасыз ету;
өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпаратқа қолжететіндігі.
Өндірістік кооператив заңдық актілерімен жеке кәіпкерлік үшін тыйым
салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін асыруға құқылы.
Өндірістік кооператив мемлекеттік лицензиялануға жататын қызметті
лицезия болған да ғана жүзеге асырады. Өндірістік кооператив қызметінің
мәні мен мақсаттары жарғымен анықталады.
Өндірістік кооперативтегі мүшелік. Мүшелік кооперативтің мүшелері екі
адамнан кем болмауы керек. Он алты жасқа толған кооперативтің мүшесі болуға
тілек білдірген оның қызметіне тікелей еңбек қатынасымен қатысуға қабілетті
келген жеке тұлға өндірістік кооперативтің мүшесі бола алады. Кооперативке
оның мүшесі болып кіру үшін негізгі жұмыс немесе оқуы орны бойынша
әкімшіліктің (заңды тұға органының) келісімі талап етілмейді.
Кәмілетке толмаған азаматтарды кооперативке мүше болып кіруі үщін
олардың ата аналарының асырап алушыларның немесе қамқоршыларының келісімі
талап етіледі.

Дәріс №6. Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық жеке кәсіпкерлік және
өзіндік қосалқы үй шаруашылығын құқықтық реттеу.
Жеке кәсіпкерлік нысаны ретінде шаруа (фермер) қожалығының түсінігі,
белгілері. Ш(Ф)Қ құру тәртібі. Ш(Ф)Қ мемлекеттік тіркеу ерекшелігі.
Ш(Ф)Қ-ның ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге жеке меншік құқығы.
Ш(Ф)Қ қызметінің тоқтатылу негізі.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік және өзіндік қосалқы үй
шаруашылығының негізгі белгілері және түсінігі.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастыру жобаларын топтастыру
Ландшафттық типологиялық карталарды құрастыру мен ауыл шаруашылық жерлердің территориясын ұйымдастыру
Ландшафттың экологиялық қасиеттері туралы
Агроландшафттық егіншілік жүйесі туралы жалпы түсінік
Топырақ бонитетінде сандық көрсеткіштері
Жоба алды жұмыстар
Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Жерге орналастыру жобалау
Жерге орналастыру жобасы
Жерге ораналастыруды жобалау
Пәндер