Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануы



Кіріспе
Қазіргі кездегі қоршаған ортаның химиялық заттармен ластану дәрежесі
Кәсіпорын орналасқан аймақтың табиғи.климаттық
сипаттамасы
1.3 Қорғасын, мыс, мырыш және кадмий элементтерінің
биологиялық әсері
1.4 Антропогенді факторлардың өсімдіктерге, жануарларға және
адам организміне әсері
1.5 Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік іс.шаралар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Өндiрiстiк прогресс қоршаған ортаға көп мөлшерде зиянды заттардың түсуiмен және қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде. Бiздiң республикамыздың қазiргi экологиялық жағдайы күрделі — барлық жерде өндiрiстiк қалдықтармен, радиациямен ластану, ауру түрлерi мен мутациялардың өсуi, су мен тамақ өнiмдерiнде нитраттардың, пестицидтердiң, ауыр металдардың мөлшерiнiң өсуi етек алуда. Соңғы кезде металлургия өндiрiсi дамыған, өндiрiстен және автотранспорттан бөлiнген зиянды қалдықтармен ластану дәрежесi жоғары аймақтарда ауыр металдардың артық мөлшерiнiң қоршаған ортаға және адам организмiне түсуiне, олардың зияны мен биологиялық рөлiн зерттеуге ерекше көңiл бөлiнуде.Түстi металлургия өндiрiсi орналасқан аудандардың атмосферасына көп мөлшерде әртүрлi химиялық қосылыстар түседi, олардың iшiндегi негiзгiлерiнiң бiрi — ауыр металдар. Ауыр металдардың 80% микроэлементтердiң қатарына жатады. Микроэлементтердiң тiршiлiк ортасында, оның ішiнде ауыз су мен тамақ өнiмдерiнде жетiспеуi немесе артық мөлшерде болуы зат алмасудың бұзылуына, нәтижесiнде эндемиялық аурулардың дамуына әкелiп соқтырады. Ал өсiмдiктерде артық мөлшерде жиналуы, олардың организмiнде өтетiн тiршiлiк үшiн маңызды процестерге қауiп төндiретiнi белгiлi. Бұл ауыр металдардың суда және басқа геохимиялық орталарда қалыпты мөлшерде болуы қажеттiгiн көрсетедi.
Қоршаған ортаның өндiрiс орындарынан бөлiнген зиянды қалдықтармен ластану дәрежесi, олардың адам денсаулығына әсерi және санитарлы-гигиеналық маңызы көп ғылыми еңбектерде келтiрiлген. Қазақстанның бүкiл облыстары мен өлкелерi экологиялық апат аймағына айналып отыр. Солардың бiрi - қорғасын өндiрiсiнiң қалдықтарымен ластанған Шымкент қаласының территориясы. Осыны ескере отырып бiздiң алдымызға қойған мақсатымыз- Шымкент қаласының ауыр металдармен ластану деңгейiн анықтап, олардың трофикалық тiзбек арқылы тасымалдана отырып тiрi организмдерге, яғни биотаға және адам денсаулығына әсерiн зерттеу. Сонымен қатар, алынған нәтижелерге сүйене отырып, Шымкент қаласының қазiргi жағдайын биологиялық тұрғыдан бағалау болып табылады. Қазiргi кезде экологиялық проблемалар жан-жақты комплекстi зерттеудi талап етедi.
Өндiрiстiк қалдықтардың қоршаған орта объектерiне түсуiн, жиналуы мен миграциясын зерттеу, олардың әсерiн дұрыс бағалауға мүмкiндiк береді.
1. Тулебаев Р.К. Хроническая свинцовая интоксикция. -Алматы: Ғылым, 1995. —С. 9,11.
2. Белозеров Э.С., Жасыбаева Т.С. Социально-экологические аспекты здоровья человека. -Алматы, Ғылым, 1993. -С.3, 111.
3. Бигалиев А.Б. Генетика и окружающая среда. -Караганда,1987.—С.120.
4.Захидов С.Т. Антропогенный мутагенез и современные экологические катастрофы. Опасности преувеличены? 7/Вестник Московского университета. Серия 16. Биология. —1997. №2. -С.11,16.
5. Владимиров А.М. Охрана окружающей среды. -Ленинград,1991. —С.281-286.
6. Артамонов В.И. Растения и чистота природной среды. -Москва: Наука, 1986. —С.27-34.
7. Ленина Э.Г. Общая токсикология металлов. -Л., 1972. — С.183.
8. Битнерович А. //Охрана природы и воспроизводства природных ресурсов. —1999. -№4. —С.45.
9. Байсейiтова Н.М., Бигалиев А.Б., Баранова Ю.В. Өндiрiстiк қалдық заттардың өсiмдiктердiң фенологиясына әсерi //ҚАЗМУ Хабаршысы. — Алматы, 2000. —№6-7. -Б. 184-188.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1. Қазіргі кездегі қоршаған ортаның химиялық заттармен ластану
дәрежесі
2. Кәсіпорын орналасқан аймақтың табиғи-климаттық
сипаттамасы
1.3 Қорғасын, мыс, мырыш және кадмий элементтерінің
биологиялық әсері
1.4 Антропогенді факторлардың өсімдіктерге, жануарларға және
адам организміне әсері
1.5 Қоршаған ортаны қорғаудағы мемлекеттік іс-шаралар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

КIРIСПЕ

Өндiрiстiк прогресс қоршаған ортаға көп мөлшерде зиянды заттардың
түсуiмен және қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде.
Бiздiң республикамыздың қазiргi экологиялық жағдайы күрделі — барлық жерде
өндiрiстiк қалдықтармен, радиациямен ластану, ауру түрлерi мен
мутациялардың өсуi, су мен тамақ өнiмдерiнде нитраттардың, пестицидтердiң,
ауыр металдардың мөлшерiнiң өсуi етек алуда. Соңғы кезде металлургия
өндiрiсi дамыған, өндiрiстен және автотранспорттан бөлiнген зиянды
қалдықтармен ластану дәрежесi жоғары аймақтарда ауыр металдардың артық
мөлшерiнiң қоршаған ортаға және адам организмiне түсуiне, олардың зияны мен
биологиялық рөлiн зерттеуге ерекше көңiл бөлiнуде.Түстi металлургия
өндiрiсi орналасқан аудандардың атмосферасына көп мөлшерде әртүрлi химиялық
қосылыстар түседi, олардың iшiндегi негiзгiлерiнiң бiрi — ауыр металдар.
Ауыр металдардың 80% микроэлементтердiң қатарына жатады. Микроэлементтердiң
тiршiлiк ортасында, оның ішiнде ауыз су мен тамақ өнiмдерiнде жетiспеуi
немесе артық мөлшерде болуы зат алмасудың бұзылуына, нәтижесiнде эндемиялық
аурулардың дамуына әкелiп соқтырады. Ал өсiмдiктерде артық мөлшерде
жиналуы, олардың организмiнде өтетiн тiршiлiк үшiн маңызды процестерге
қауiп төндiретiнi белгiлi. Бұл ауыр металдардың суда және басқа геохимиялық
орталарда қалыпты мөлшерде болуы қажеттiгiн көрсетедi.
Қоршаған ортаның өндiрiс орындарынан бөлiнген зиянды қалдықтармен
ластану дәрежесi, олардың адам денсаулығына әсерi және санитарлы-гигиеналық
маңызы көп ғылыми еңбектерде келтiрiлген. Қазақстанның бүкiл облыстары мен
өлкелерi экологиялық апат аймағына айналып отыр. Солардың бiрi - қорғасын
өндiрiсiнiң қалдықтарымен ластанған Шымкент қаласының территориясы. Осыны
ескере отырып бiздiң алдымызға қойған мақсатымыз- Шымкент қаласының ауыр
металдармен ластану деңгейiн анықтап, олардың трофикалық тiзбек арқылы
тасымалдана отырып тiрi организмдерге, яғни биотаға және адам денсаулығына
әсерiн зерттеу. Сонымен қатар, алынған нәтижелерге сүйене отырып, Шымкент
қаласының қазiргi жағдайын биологиялық тұрғыдан бағалау болып табылады.
Қазiргi кезде экологиялық проблемалар жан-жақты комплекстi зерттеудi талап
етедi.
Өндiрiстiк қалдықтардың қоршаған орта объектерiне түсуiн, жиналуы мен
миграциясын зерттеу, олардың әсерiн дұрыс бағалауға мүмкiндiк береді.

1.1 Қазiргi кездегi қоршаған ортаның химиялық заттармен ластану
дәрежесі.

Қоршаған ортаға түскен экотоксиканттар метеорологиялық факторлардың
әсерiнен топырақта, суда және атмосферада кең таралып, тiрi организмдердiң
тiршiлiк әрекетiне керi әсер етуде. Экотоксиканттардың үлкен қашықтықтарға
таралуы олардың физикалық және физика-химиялық қасиеттерiне, яғни
булануына, ұшқыштығына, ерiгiштiгiне, т.б байланысты. Қазiргi кезде барлық
табиғи орталарда бақыланып отырған ластаушы химиялық заттардың
негiзгiлерiнiң бiрi — ауыр металдар. Бұл бiр жағынан металдардың
биологиялық активтiлiгiне байланысты. Сонымен қатар, олар органикалық
қосылыстар сияқты трансформацияға берілмейдi, биохимиялық айналымға
түскенде ұзак сақталады. Үздiксiз әсер етушi химиялық заттардың аз
мөлшерiнiң өзі өсiмдiктер, жануарлар және адам организмiне канцерогендi
әсер етедi.Көптеген ауыр металдар, олардың iшiнде қорғасын, кадмий, хром,
никель улы заттардың қатарына жататыны белгiлi. Олар тiрі организмдерде
жинақталып, ұзақ уакыт бойы сақтала алады және аккумуляцияланған у ретiнде
әсер етедi. Бұл заттардың тiрi организмдердегi концентрациясы қоршаған
ортадағы концентрациясынан 100-1000 есе жоғары. Адам әрекетi нәтижесiнде
қоршаған ортада атап айтқанда, топырақ, су, атмосфера, тiрi организмдер
құрылымында қорғасын миграциясы үлкен көлемдi қамтиды. Атмосфераның
өздiгiнен тазалануы барысында қорғасынның айтарлықтай бөлiгi өндiрiс
орнының айналасына шөгедi немесе жауын-шашынмен бiрге құрлық пен мұхиттарға
қайтып оралады. Әдебиеттердегi мәліметтер бойынша, қорғасын массасының
құрлык пен әлемдiк мұхит арасындағы таралуы мынадай жағдайда: судың
құрамындағы қорғасынның орташа концентрациясы 1мкгл болатын өзен суы мен
мұхитқа жылына суда еритiн қорғасынның шамамен 40·10³ т қосылады, өзен
суының түйiршiктi фазасында жылына 2800·10³ т жұқа органикалық дентритте
10·10³ т қорғасын кездеседi. Ауыр металдардың миграциялық ағыны мұхитқа тек
қана өзен суымен ғана емес, атмосфера арқылы да түседi. Континентальды шаң
арқылы мұхитқа жылына (20·30)·10³т қорғасын түседi. Жаңбыр суы арқылы
түскен мөлшерi жылына (400-2500)·10³ т бағаланады. Аса улы ауыр металдардың
бiрi - кадмий. Оның 70-шi жылдардағы әлемдiк өндiрiсi жылына 15·10³ т
жеткен. Атмосфераға бөлiнген кадмийдiң көлемi жылына (1,7-8,6)·10³т
құрайды.
Адам өз әрекетi нәтижесiнде химиялық элементтердiң табиғи ағымын
түбiрiмен өзгертті. Антропогендi көздерден атмосфераға түсетiн қорғасын
қалдықтары табиғи қалдықтармен салыстырғанда 18,3 есе, кадмий - 8,8 есе,
мырыш 7,2 есе жоғары. Биота мен су түбіндегi ауыр металдардың
концентрациясы суға қарағанда анағұрлым жоғары. Су тубiнде ауыр металдардың
концентрациясы: мырыш - 160,мыс-25, қорғасын-47,никель-43, күмiс - 0,37
мгкг дейiн жетеді.Су түбінде ауыр металдар бiркелкi таралмайды, негiзiнен
органикалық заттар шоғырланған жерлерде көп кездеседi.
Балхаш суының ластану коэффициентi соңғы 30 жылда 2-3 есе артқан.
Көлдің ұзындығы бойынша (тұщы бөлігінен ащы бөлiгiне қарай) ластану
коэффициентi 2-ден 9-ға дейiн өскендiгi байқалады. Бұл көл суының сапасының
қалыпты деңгейден 3-10 есе төмендiгiн көрсетедi.
Ақтөбе облысында ауыл шаруашылығына пайдаланылып жүрген жерлердiң
топырағының құрамын тексергенде, қорғасынның мөлшерi 400 мгкг (20 ПДК),
мыс - 200 мгкг (20 ПДК), мырыш - 2000 мгкг (40 ПДК), мышьяк - 100
мгкг(50 ПДК), марганец — 1000 мгкг, титан — 5000 мгкг, фосфор — 2000
мгкг, ванадий — 1500 мгкг(300 ПДК), стронций - 400 мгкг жеткендігі
байқалған.
Орталық және Солтүстiк Шығыс Қазақстанның аудандарында сынаппен
ластану етек алған. Техногендi саз-балшықтардағы сынаптың көп мөлшерi
жылжымалы түрде кездеседi, олар:сульфатты (2%), оксидтi (6%) және қарапайым
күйдегi сынап (20%) Текелi қаласындағы (Талдықорған облысы) Текелi
қорғасын мырыш комбинатына жақын аймақтарға шөккен қорғасынның мөлшерi
жылына 4 т құрайды. Атмосферадағы мөлшерi қалыпты деңгейден 33 есе жоғары.
Текелi қаласының және оған жақын аудандардың топырақтағы қорғасынның
мөлшерi 160-170 мгкг, яғни қалыпты мөлшерден 5 есе жоғары . Соңғы
жылдардағы экономикалық дағдарысқа байланысты Шымкент қаласында кейбiр
өндiрiс орындары үзiлiспен немесе жекелеген цехтар ғана жұмыс iстеуде.
Осыған байланысты атмосфераға бөлiнетiн өндiрiстiк қалдық заттардың
мөлшерi де бiршама төмендедi. Әйтседе кейбiр зиянды заттардың мөлшсрi шектi
рұқсат етiлген концентрациядан (ПДК) артып кеткендiгi байқалды.
Атмосферадағы қорғасынның мөлшерi орта есеппен ПДК-дан 1995 ж. - 2 есе,
1996ж. - 1,5 есе, 1997 ж.-2,7 есе жоғары. Көмiртегi тотығы 1995-1997 жж - 1
есе, азоттың қос тотығы 1995 ж.-1,2 есе, 1996 ж.-1 есе, 1997 ж.-1,25 есе
артқан. Аммиак 1995- 1996 жж-1 есе, 1997 ж.-0,75 есе жоғары. Формальдегид
1995ж. - 2,33 есе, 1996 ж.-2 есе, 1997 ж.-1,66 есе артқан. 1995-97 жж
атмосфераға бөлiнген өндiрiстiк қалдық заттардың жиынтық мөлшерi мынадай
мәлiметтермсн сипатталады:
- “Шымкентмұнайоргсинтез” акционерлiк қоғамынан: 1995 ж - 10279,97 т, 1996ж-
7743,01т,1997ж-8011,8т;
- “Шымкент қорғасын заводы” акционерлiк қоғамынан: 1995 ж -4451,49т, 1996ж-
2039,43т,1997ж-4410т;
-жылу электр орталықтарынан:1995 ж-3079,8т, 1996 ж-3410,6т, 1997ж-2367т;
- “Шымкент цемент” акционерлiк қоғамынан: 1995 ж - 1031,12 т, 1996 ж -
837,52 т, 1997 ж - 277,58 т зиянды қалдық заттар бөлiнген 13

1.2. Кәсіпорын орналасқан аймақтың табиғи-климаттық сипаттамасы
Оңтүстік Қазақстан облысы-Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі
әкімшілік аумақтың бөлігі. 1932 жылы 10 наурызда құрылған.1962-92 жылы
Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2,18 млн. адам
Табиғаты Оңт.Қаз. облысының жер бедері негізінен жазық. Солтүстігінде
тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңт.-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны,
Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі
орналасқан. Орт.бөлігін Қаратау жотасы солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай
екіге бөліп жатыр. Ең биік жері – Бессаз тауы (2176м). Облыстың ең биік
жері-Сайрам шыңы(4299 м)
Геологиясы мен кен байлықтары Облыс жерінің көпшілік бөлігі Тұран
плитасының құрамына кіреді. Геол. құрылымы негізінен кембрийлік, девондық,
тас көмірлік жыныстардан (тақтатас, құмтас, әктас), таулы бөлігі төм.
палеозойлық жыныстардан (құмтас, гранит, конгломерат) түзілген. Жер
қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит,
тальк, барит, гипс, әктас, гранит кен байлықтары барланған. Қаратауда
Ащысай, Мырғалымсай, Байжансай қорғасын-мырыш кеніштері 20-ғасырдың 40-
жылдарынан жұмыс істейді. Республикада уран кентастарының қоры жағынан
бірінші орын, фосфорит және темір кентасының қоры жағынан үшінші орын
алады.
Климаты Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар
жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы
солтүстігінде-7-9ºС, оңтүстігінде-2-4ºС. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және
аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25-29ºС. Шөлде аймағында
жауын-шашынның жылдық орташа мөлш.100-150мм, тау алдында 300-500мм, биік
таулы бөлігінде 800мм.
Өнеркәсібі Облыстың өнеркәсіп мүмкіндіктерін негізінен мұнай өңдеуші
және металлургия кәсіп-орындары құрайды. Түсті металлургия, машина жасау,
химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркәсібі, әсіресе, Шымкент, Кентау қалаларында
жақсы дамуда. Облыс өнеркәсібінде 147 ірі және орта кәсіпорын бар. Мұнай-
химия өнеркәсібі саласындағы ірі кәсіпорындар: ПетроКазахстанОйл Продактс
ААҚ және ИнтеркомШина ААҚ. Металлургия өнеркәсібіндегі басты кәсіпорын
Южполиметалл ЖАҚ; машина жасау саласының жетекші кәсіпорындары:
Карданвал ААҚ, Южмаш-К ЖАҚ; Химия өнеркәсібінен-Химфарм тағы басқа
жұмыс істеуде. Сонымен қатар, тағы да басқа өнеркәсіп түрлері өте көп.

1.3 Қорғасын, мыс, мырыш және кадмий элементтерiнiң биологиялық әсерi
Ауыр металдар - биологиялық активтi заттар. Олардың мұндай қасиетiн
организмдегi клеткалармен, олардың компоненттерi немесе функциональды
топтарымен байланысуынан көруге болады, әсiресе, олар нуклейн
қышқылдарымен, ферменттермен және белок түзуші амин қышқылдарымен активтi
әрекеттесiп, нәтижесiнде белок денатурацияланып, клеткалар мен ұлпалардың
және зат алмасу процесiн реттейтiн ферменттердiң қызметi бұзылады.Ауыр
металдар, атап айтқанда: РЬ,Cd, Сu, Zn, Ni, Со, Hg, Мо, Те өздерiне тән
химиялық және биологиялық қасиеттерiне қарай гео және биоаккумуляцияға өте
бейiм элементтер. Экологиялық тұрғыдан оларды шартты түрде 2 топқа бөлуге
болады: Zn,Cu,Co,Mo,Mn т.б. - биологиялық процестердiң қалыпты жүруiне
қажеттi микроэлементтер, РЬ,Cd, Hg биологиялық процестерге қатысуы әлi
толық анықталмаған элементтер.
Мыстың организмдегi маңызды функцияларының бiрi — қанды ұйыту
процесiне және клетканың тыныс алу активтiлiгiне қатысады. Мыс темiрдi
гемоглобин синтезiне жеңiл қатысатын формаға айналдырады. Организмде мыс
жетiспесе анемия пайда болып, қан тамырларының құрамындағы эластиннiң
құрылымы өзгередi, нәтижесiнде аорта қабырғаларының ыдырауына әкеледi. Бас
миының дамуы және пигметтердiң түзiлуi бұзылады.
Мырыш организмде инсулин мен глюкогенның түзiлуiне қатысады. Сонымен
қатар, жыныс гормондары мен гипофиздiң алдыңғы бөлiгiнiң гормондарын
активтендiредi. Мырыш адам мен жануарлардың организмiнде белок, көмiрсулар
және минералды заттардың алмасуына әсер етедi. РНК және белоктардың
синтезiн индукциялайды. Атмосферадағы зиянды заттардың улы әсер етуiнiң
механизмi өсiмдiктердiң физиологиялық және биохимиялық ерекшелiктерiне
байланысты және түрлi абиотикалық, биотикалық факторлардың әсерiнен өзгеруi
мүмкiн. Ауыр металдардың биосфераға әсерi үлкен.Топырақтың ауыр металдардың
тұздарымен ластанған аймақтарында өсiмдiктер тiршiлiгiн жоятындығы белгiлі.

К.Тырыцэ мен Э.Менгердiң (1990)зерттеулерi көрсеткенiндей,
топырақта ауыр металдардың концентрациясы жоғарылағанда (әсiресе РЬ²*),
атмосфераға бөлiнетiн Сo2, төмендейдi. Co2 ең жоғары мөлшерi 11 гкг
қорғасынның концентрациясы Рb2 =2-5 мгкг жеткенде байқалады. Рb2 орташа
және жоғары концентрациясы, сонымен қатар Zn²* жоғары
концентрациясы (150 мгкг артса) топырақ микрофлорасының жойылуына және
микроорганизмнiң маманданған түрлерiнiң пайда болуына әкелiп соғады. Бiрақ
мұндай маманданған түрлердiң қалыптасуына ұзақ уақыт керек. Ал бұл аралықта
топырақтың күштi десорбциясымен және ластаушы заттардың жер асты суларына
қосылуымен байланыстырылатын екiншi (iштей) ластанудың жүруi мүмкiн.
Өсiмдiк және жануарлар организимінде ауыр металдардың жиналуы,
бiрiншi кезекте бос иондардың активтiлiгiмен анықталады. Ауыр металдардың
организмге енуiне әсер ететiн екiншi фактор болып алкилденген және басқа да
спецификалық химиялық формалардың болуы есептеледi.Металдар генетикалық
өзгерiстердiң кең спектрiнiң түзiлуiне себепкер. Бiр метал клетканы бiрнеше
жерден зақымдай алады. Мысалы, кадмий ДНК молекуласын зақымдауға,
лизосомаларды бұзуға, ДНК репарациясын тежеуге қабiлеттi. Қорғасын ДНК
репликациясы ферменттерiнiң синтезiн бұзады, ДНК-ның үшiншiлiк структурасын
өзгертедi. Мыстың жоғары мөлшерi ДНК конформациясын өзгертедi және ДНК мен
РНК синтезiн стимуляциялайды.
В.П.Бессонованың (1993)зерттеулерi көрсеткенiндей,кәдімгі сирень
және бирючина өсiмдiктерiнде ауыр металдар жиналған жағдайда
фитогормондардың, әсiресе цитокининдердiң активтiлiгi төмендейдi.
Меристеманың флориальды морфогенезге көшуi гибберилиндер мен
цитокининдердiң активтiлiгiнiң артуымен сипатталады. Алайда қоршаған орта
ауыр металдармен ластанған жағдайда олардың активтiлiгiнiң деңгейi төмен
күйiнде қалады (ластанбаған ортамен салыстырғанда). Бұл фитогармондардың
активтілігінің төмендеуi меристеманың дамуын тежеушi факторлардың бiрi.
Қоршаған орта ауыр металдармен ластанғанда өсiмдiк құрамындағы қанттардың,
әсiресе сахарозаның мөлшерi де төмендеп кетедi. Демек, орта ауыр
металдармен ластанғанда митоздың активтiлiгiнің төмендеуіне, меристеманың
генеративтi даму жолына көшуіндегi маңызды жағдайға фитогармондар мен
каниардың жетiспеуi керi әсер етедi.
Осылайша фитогармондар мен қанттардың жетiспеуi, жаңару бүршiктерiнiң
меристемасының генеративтi морфогенезге көшуінің шектеушi факторы болуы
мүмкiн.Металдардың қанға өтуiне және таралуына саңылаулы (мөлшерi 35-
40А°)липоидты қабықшадан тұратын капилляр қабырғаларының рөлi үлкен. Олар
арқылы липоидтарда еритiн металдар қанга еркiн өтедi. Ауыр металдардың
өсiмдiктердегi мөлшерi тек топырақтың ластауымен ғана емес, атмосферадағы
металдардың эмиссиясынада байланысты. Коллоидты жағдайда металдардың
қандағы айналым ұзақтығы олардың дисперстiлiгiне де байланысты. Ұсақ
бөлшектер қаннан баяу шығады да ұлпаларға орналасады, ал анағұрлым iрi
бөлшектер қаннан тезiрек шығып, бауыр мен көк бауырға жиналады.
Мырыш айтарлықтай дәрежеде лейкоциттерде, эритроциттерде ал бiраз
бөлiгi қанның белоксыз фильтратында жиналады. Ол гаммаглобулиндермен және
25%-тi альбуминдермен байланыса алады. Мырыш әлсiз байланысқан белокты
комплекс ретiнде тасымалданады. Ол бүйрек үстi бездерiнде, қарын асты
безiнде және ұрық бездерiнде жинақталады.
Металдардың улылығын анықтаудағы маңызды жағдайдың бiрi
организмнiң металдар аэрозолiн сiңiруi. Мысалы, қорғасын мырыш
өндiрiстерiнен бөлiнетiн қорғасын мен мырыштың сульфаттары мен хлоридтерi
биосферада оңай ерiп, бүкiл организмге жеңiл тасымалданады. Қорғасын-мырыш
комбинаттарынан қоршаған ортаға бiр мезгiлде заттардың газды шаң түрiндегi
комплексi бөлiнедi, ол газды заттардың организмге бiрлескен күйде әсер
ететiнiн көрсетедi. Мұндай комплекстi әсердi бағалауда ортаның климаттық
ерекшелiктерiне, атап айтқанда ауа температурасына, ауаның салыстырмалы
ылғалдылығына көңiл бөлген жөн.
В.И.Давыдованың (1989) зерттеулерi көрсеткендей қорғасын мен мыс та
организмде антагонистер болып табылады. Мыс қорғасынның зияндылығын
төмендетедi. Ал мырыштың мыстан айырмашылығы, қорғасынмен бiрге организмге
ұзақ уақыт түскен кезде соңғы металдың улылығын арттырады.Комплекстi әсердi
бағалау кезiнде негiзгi әсер етушi химиялық элементтi немесе қосылысты
анықтап алудың мәнi зор. Осыған орай, бiздiң зерттеу аймақтарымызда
кездесетiн негiзгi химиялық заттардың зиянды әсерiне қысқаша сипаттама
беремiз.
Улылығы тұрғысынан қоршаған ортаға, дәлiрек айтсақ тiрi
организмдерге жоғары концентрациясы қауiптi болып есептелетiн химиялық
заттар Pb,Cd,Cu,Zn элементтерiнiң қосылыстары. Қорғасынның артық мөлшерi
өсiмдiк организмiндегi тiршiлiк үшін маңызды процестердiң қалыпты жүруiне
керi әсерiн тигiзедi.Қорғасынның жоғары концентрациясы өсiмдiктердiң
тұқымының дамуын, тамырдың ұзынынан өсуiн, тамыр талшықтарының түзiлуiн
тежейдi. Қорғасынның артық мөлшерiнен, әсiресе жас жапырақтар қатты зардап
шегедi. Қорғасын I және II фотосистемалардың активтiлiгiн төмендетедi,
әсiресе II
фотосистема бұл фитотоксиканттың әсерiне өте сезiмтал. Сонымен қатар
қорғасын изоляцияланған хлоропласттардың жарықта оттегi
бөлуiн тежейдi. Автомобиль жолдарына жақын өскен өсiмдiктердiң
хлоропласттарында АТФ-тiң түзiлуi баяу жүретiнi анықталған. Өсiмдiк
неғұрлым автомобиль жолынан алыс өссе, соғұрлым изоляцияланған
хлоропласпарда АТФ көп түзiледi.
Қорғасынның әсерiнен өсiмдiктердiң клеткалары тургорын жоғалтып,
нәтижесiнде жапырақ солып қалады. Тамыр клеткалары бүлiнуiн тоқтатады.
Кейбiр өсiмдiктерде тамыр жемiстiң түзiлуi нашарлайды. Қоршаған ортаны
қорғасынмен ластайтын өндiрiс орындарына жақын себiлген мәдени дақылдардың
өнiм беруiнiң төмендеуi де таңқаларлық емес. Мұнымен қоса алынған өнiмнiң
сапасы да төмен болады. Әшкөк өсiмдiгiне жүргізілген тәжiрибе қорытындысы
көрсеткендей, автомобиль жолынан 30 метр қашықтықта өсiрiлген өсiмдiкте
каротин мен аскорбин қышқылының мөлшерi 200 метр қашықтықта өсiрiлген
өсiмдiкпен салыстырғанда мүлдем төмен. Күз айларында бета—каротиннiң
мөлшерi жол бойындағы өсiмдiктерде 55% кем екендiгi анықталған.
Металдардың фитотоксиндiлiгi мен оларға өсiмдiктердiң төзiмдiлiгi
көптеген факторларға байланысты. Оларға алдымен жапырақтың қасиеттерi,
органикалық заттардың мөлшерi, топырақтың рH және катионды-алмасу қабiлетiн
атауға болады. Ауыр металдардың өсiмдiкке сiңiрiлуi олардың топырақта еруi
мен жылжымалылығына байланысты.Ауыр металдар өсiмдiк организмiне
жапырақтары мен тамыр системасы арқылы түседi. Ауыр металдардың өсiмдiкке
тамыр системасы арқылы түсуi әр өсiмдiктегi клетка қабықшаларының химиялық
құрамы мен құрылысына қатысты орындалатын және бүкiл организм арқылы
реттелiп отыратын процесс. Ал ауыр металдардың өсiмдiкке жапырақ арқылы
сiңiрiлуi устьицелер мен кутикулалар арқылы орындалады. Сонымен қатар,
түкшелi жапырақтар бетi тегiс жапырақтарға қарағанда ауыр металдарды 1С есе
көп тұтып ұстап қалатыны анықталған. Ауыр металдардың улылығы оның суда
қандай түрде болатындығына байланысты, әдетте ерiген түрiнiң байланысқан
түрiнен улылығы жоғары.Ауыр металдардың әсерiне өсiмдiк түрлерiнiң
реакциясы барлық ұйымдасу деңгейлерiнде, яғни клеткалық, организмдiк және
популяциялық деңгейлерде байқала бередi. Клеткалық деңгейде, ауыр
металдардың артық мөлшерiне қатысты жалпы байқалған стресс және клетка
мембраналарының зақымдануы мен ферменттердiң активтiлiгiнiң өзгеруi ретiнде
байқалады.Организмдiк деңгейде өсiмдiктiң жеке бөлiмдерiнде морфологиялық
және физиологиялық зақымданулар байқалады. Оларға жапырақтардың некрозы,
пiшiндерiнiң өзгеруi, өркендерiнiң қурап қалуы, өсiмдiктiң өсуiнiң баяулауы
жатады. Зақымданған жапырақтарда жабын ұлпасы мен механикалық ұлпа,
эпидермистiң клеткалық қабаты әлсiз жетiлген және кутикуласы жұқа болады.
Өндiрiстiк ластанудың әсерiнен дамудың толық циклы бұзылады. Ауыр
металдарды адсорбциялау әр өсiмдiк түрiнде әртүрлi жүредi.
Ауыр металдардың тұздары өсiмдiктер клеткаларында хромосомаларды
үзедi, яғни структуралық құрылымына әсер етедi. Аллюминий, кадмий, теллур,
т.б. ауыр металдар жануарлар мен өсiмдiктердiң клеткаларында хромосомалық
және генетикалық мутациялардың кең спектрiн құрайтыны туралы көптеген
мәлiметтерде келтiрiлген.Ауыр металдардың мутагендi эффектi хромосомалардың
бүтiндiгiн сақтайтын және қайта қалпына келтiретiн белок синтезiнiң
өзгеруiне байланысты.Ауыр металдар өсiмдiктер организмiнде жинақталып,
трофикалық тiзбек арқылы тарала отырып, тiрi организмдердiң әртүрлi
таксономиялық топтарына, оның iшiнде адамға да зиянды әсер етедi.Ауыр
металлдардың тұздары бөлiну кезеңiндегi клеткаларда хромосомалық
аберрациялардың жиiлiгiн 2 есе арттырады. Көп жылдық өсiмдiктер, әсiресе
астық тұқымдастары құмды топырақтар мен өндiрiстiк территорияларда табиғи
түрде көптеп өседi. Астық тұқымдастарының түрлерi ағаш өсiмдiктерiне
қарағанда өндiрiстiк газдардың әсерiне төзiмдi. Дәндi дақылдар ауыр
металдармен көп мөлшерде ластанған территорияларда өсе алатындығы
белгiлi.Ауыр металдар иондарының жоғарғы концентрациясы,хромосома iшiндегi
жеке органикалық байланыстардың поляризациясын тудырады. Бұл жағдайда
барлық “ионды” мутациялар хромосомалардың түзiлуiмен сипатталады.
Мыс -- өсiмдiктердiң тiршiлiгiне қажеттi микроэлемент. Бiрақ мыстың
өсiмдiктер организмiнде артық мөлшерде жиналуынан тамыр системасының дамуы
мен өсуiнiң тежелуi, өсiмдiктердiң жер үстiндегi бөлiмдерiнiң баяу өсуi
және жапырақ ұштарының ағаруы байқалады. Мыстың артық мөлшерiнен туындайтын
патологиялық өзгерiстердiң нәтижесiнде, мәдени өсiмдiктердiң өнiмi күрт
төмендейдi.
Мырыш та өсiмдiктер тiршiлiгiне қажеттi микроэлемент қатарына
жатады. Алайда мырыштың жоғары концентрациясы өсiмдiктерге керi әсерiн
тигiзедi. Бұл металдың улылығының бiр себебi, өсiмдiктерде өте интенсивтi
жиналуына байланысты.Әсiресе веймутов қарағайы, қызыл емен және кәдiмгi
шырша мырышты өте жылдам сiңiретiнi сонша, тiптi бұл процестiң жылдамдығы
мен қоректiк ортадағы мырыш мөлшерi арасында тiкелей байланыс орнайды.
Өсiмдiктерде мырыштың көп жиналуынан некроз пайда болады, тамыр мен жер
бетiндегi мүшелерiнiң өсуi баяулайды, жапырақтар солып қалады және ерте
түседi.
Кадмийдiң көп мөлшерi автомобиль жолдары бойында өскен өсiмдiктерде
анықталған. Осындай жағдай қоршаған ортаны осы токсикантпен ластайтын
өндiрiстердiң жанында өскен өсiмдiктерде де байқалады. Кадмийдiң артық
мөлшерiнiң жиналу белгiлерi: өсiмдiктердiң жапырақтарының ұшы мен өркенi
қызыл-бурыл түске боялады. Жапырақтар жиырылып немесе түсiп қалады,
өсiмдiктердiң өсуi баяулайды. Оның 20 мг 1 кг топыраққа сепкенде өсiмдiктiң
өнiмдiлiгi 50% кемидi.Өнiм мөлшерiнiң осылайша төмендеуi бидайда кадмийдiң
15 мгкг топыраққа сепкенде байқалған. Өзiнiң әсер ету күшiне қарай кадмий
көптеген ауыр металдармен салыстырғанда улы.Топырақта кадмий мөлшерi 30
мгкг-нан артса, өсiмдiктер тiршiлiгiн жояды. Кадмийдiң көп мөлшерi
топыраққа мырыш рудаларын өндiру және өңдеу кезiнде түседi.Кадмийдiң
әсерiнен өсiмдiктердiң өсуiнiң тежелуi-фотосинтез процесiнiң әлсiреуiне
байланысты. 1 кг жапырақта 96 мг кадмийдiң болуы фотосинтез қарқындылығын
50% төмендетедi. Алайда бұл кадмийдiң өсiмдiкке улы әсерiнiң бiреуi ғана.
Қорғасынмен салыстырғанда адам және жануарлар денсаулығы үшiн
кадмий 10 есе қауiптi. Ол басқа да улылығы жоғары ауыр металдардың
көпшілiгi сияқты адамның бүйрегiнде жиналады. Кадмийдi өсiмдiктер жеңiл
сiңiредi, азық—түлiк өнiмдерiнде және жануарлардың азығында жинақталады.
Кадмий ДНК молекуласымен коваленттi байланыс түзе отырып, тiзбектердiң
түзiлуiне, ДНК-ның В-формасының Z-формаға трансдизиялануына себепкер
болады.Кадмий мен қорғасын ДНК қасиеттерiне әсер ете отырып оның синтезiнiң
дәлдiгiн бұзады.Химиялық заттардың жыныс клеткаларының генетикалық
аппаратына әсер етуiнен мутантты гендер мен хромосомаларды
тасымалдаушылардың жиiлiгi артады. Соматикалық клеткалардың гендерi
зақымданған жағдайда рак ауруларының пайда болуы жиiлейдi.
Металдардың улылығын бағалауда олардың организмге сiңiрілуi,
субстратпен жанасу орнындағы таралуы, метаболизмi, организмнен шығарылу
жолдары мен жылдамдығы маңызды процестер болып табылады. Негiзiнен тыныс
және ас қорыту жолдары арқылы организмге түскен металдар су және липидтi
барьерлер арқылы қанға, ұлпаға және клетка аралық сұйықтықтарға сiңiрiледi,
содан соң клеткаларға және клетка iшiндегi құрылымдарға сiңiрiледi.
Металдар ең алдымен клетка мембраналарының үстiңгi бетiнде алғашқы
реакцияға түсiп, олардың қалыпты өткiзгiштiгiн бұзады, соңынан клетканың
iшiне оңай өтiп алады. Бұл жерде клетка мембранасының қорғаныштық қызметi
де бар.
Қорғасынның адам және жануарлар организмiне биологиялық әсерiне
келсек, оның қосылыстарының 50% негiзiнен тыныс жолдары арқылы организмге
түседi. Қорғасын қанға тез сiңiрiледi. Қорғасынның жоғары концентрациясы
ұзақ уакыт әсер етсе, қорғасын интоксикациясына әкеледi, ол өз кезегiнде
организмнiң жүйке, ас қорыту жүйелерiн зақымдайды.Қорғасын ауыр металдардың
арасында анағұрлым қозғалғыш элемент. Жануарлар мен адам организмiне
қорғасын өндiрiстiк шаң мен қорек арқылы түседi. Қорғасын организмдi жалпы
уландыруымен қатар, эмбриотоксиндi, тератогендi, мутагендi және
канцерогендi әсерiмен ерекшеленедi. Топырақта рН-тың жоғарғы көрсеткiшiнде
Рb гидроксид, фосфат және карбонат түрiнде кездеседi .
Мырыш минералдармен де, органикалық компоненттермен де жеңiл
абсорбцияланады, сондықтан топырақтың көп түрлерiнде оның жоғарғы
қабаттарында жиналады. Мырыш топырақтағы органикалық заттармен берiк
қосылыс түзетiндiктен, негiзiнен органикалық қабаттарда жиналады. Мырыштың
органикалық қосылыстары өте жылжымалы және өсiмдiктерге жеңiл сiңiрiледi.
Биологиялық классификация үшiн ауыр металдарға атомдық массасы 40-
тан жоғары және тығыздығы 5 гсм3-ден жоғары болатын барлық металдарды
жатқызған дұрыс. Ауыр металдардың 90% адам организмiне қорек арқылы, ал 10%
- су арқылы түседi. Асқазан-iшек жолдары арқылы сiңiрiлiп, олар ұзақ уакыт
бойы әртүрлi мөлшерде жинақтала отырып, олардың құрылымы мен қызметiнде
нұқсан келтiредi.Ауыр металдардың мөлшерiнiң қоршаған ортада көп болуы қан
айналу, жүйке жүйелерiнiң және сүйек ұлпасының ауруларын тудырып, терi мен
тыныс мүшелерiн зақымдайды, ферменттiк активтiлiктi төмендетедi. Сонымен
қатар, кейбiр ауыр металдардың мутагендiк, тератогендiк, канцерогендiк
әсерi анықталған.Ауыр металдар тыныс және ас қорыту жолдары арқылы
организмге түсiп, су және липидтi барьерлер арқылы қанға, ұлпа мен клетка
аралық сұйықтығына, содан соң клетка мен клетка құрылымдарына түседi.
Металдар клетка мембранасында алғашқы реакцияларға түсiп, оны зақымдай
отырып, iшкi ортаға өтедi. Қанда олар коллоидты жағдайда болады, ұсақ
бөлшектерi ұлпаларда жиналады. Ауыр металдар негiзiнен бауырда, суйек
ұлпасында жиналады. Ауыр металдар қан мен ұлпа сұйықтығында негiзiнен
фосфаттардың органикалық комплексi түрiнде және кальций қосылыстары түрiнде
кездеседi, аз мөлшерде ион түрiнде циркуляцияланады.Қорғасынның бiр жерге
шоғырланғыштық қасиетi бар. Көптеген зерттеулер көрсеткендей қорғасынның
көп мөлшерi адам организмiнде түтiктi сүйектерде, тiс дентинiнде, бауырда,
бұлшық еттерде, бүйректе, мида, өкпеде және қалқанша безде жиналады.
Қорғасынның осылайша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфераның ластануы туралы ақпарат
Негізгі абиотикалық факторлар және ағзалардың оларға бейімделуі
Қоршаған ортаның химиялық, радияциялық және биологиялық ластануы
Топыраққа антропогендік әсер ету. Топырақтың ластануы туралы түсінік
Биологиялық ластану
Дүние жүзіндегі және Қазақстандағы қазіргі экологиялық мәселелер
Босалқы жерлердің мониторингі
Қоршаған ортаның радиациялық және радиоактивті ластануы
Экологияның негізгі проблемалары
Сыртқы орта фактроларының әрекеттеріне ағзаның тұқым қуалайтын патологиялық реакцияларының қалыптасу тетіктері
Пәндер