Инженер –өндірісті ұйымдастырушы



Кіріспе
1. Инженер .өндірісті ұйымдастырушы
2. Инженер.техникалық интеллигенцияның қоғамдық әлеуметтік құрылымдағы орны мен рөлі
3. Инженерлік кадрлардың жетіспеушілігі
4. Өндіріс жағдайына байланысты іс шараларын ұйымдастыру және алдын ала медициналық тексерулерден өту талаптары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Инженер-техниктермен, экономистермен және баскд да мамандардың категорияларымен бірге, қоғамның құрамдас бөлігі болып табылатын белгілі бір әлеуметтік қауымдастықты немесе топты түзеді. Бұл топтың әлеуметтік сипаттамасын беру үшін қоғамның әлеуметтік құрылымындағы оның орнын анықгау керек.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы деп - адамдардың біршама тиянақты әрі тұрақты әлеуметтік қауымдастықтарының жиынтығын, олардың белгілі, бір тертіптегі байланысы мен өзара әрекетін айтамыз. Бұл түсінік екі - кең және тар мағынасында қолданынуы мүмкін. Бірінші мағынасында, қоғам түзілісін тұтастай білдіріп және әлеуметтік қауымдастықтың барша түрін (топтық; демографиялық, этникалық, т.б.) білдіреді. Екінші жағдайдаі тек топтық-әлеуметтік қауымдастықтар назарда тұтылады. Бұл қауымдастықтар өз кезегінде күрделі құрылымға (мысалы, топтық-әлеуметтік құрылымның элементі ретінде жұмысшы тобы кәсіби, біліктілік, білім алу, т.б. топтарды қамтиды) ие болуы мүмкін.
Еңбектің қоғамдық бөлінісі - адамдар арасындағы әлеуметтік ерекшеліктердің аса маңызды алғышарты, әртүрлі топтық-әлеуметтік топтардың құрылу негізі болып табылады. Осы әртүрліліктің мазмұны мен сипатына - сай, әлеуметтік құрылым оқшауланған топтар мен басқа да өзіне тән қажеттілігі, өмір сүру әдісі, т.б. бар әлеуметтік қауымдастықтарға бөлінеді, Сөйтіп, әлеуметтік құрылым топ, қабат және отряд деген үғымдарды қамтиды. Топтар өз кезегінде - кіші топ (2-20 адам), үлкен топ, ресми, ресми емес топтар болып бөлінеді.
1. К.Ш.Дүйсенов., Э.Т.Төлегенов., Ж.Г.Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы. Экономика баспасы, 2008 ж.
2. Ишмухамбетова Т.Р., Мендебаев Т.М. «Өнімнің өзіндік құнын есептеу» - Алматы : ҚҰТУ, 2005.
3. Ишмухамбетова Т.Р., Қапанова А.К. «Кәсіпкерлік іс-әрекеттің экономикалық негізі» - Алматы : ҚазҰТУ , 2004.
4. Гамрат- Курек Л.И. «Экономическое обоснование дипломных проектов» -М.: Высшая школа , 2006.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Инженер –өндірісті ұйымдастырушы
2. Инженер-техникалық интеллигенцияның қоғамдық әлеуметтік құрылымдағы
орны мен рөлі
3. Инженерлік кадрлардың жетіспеушілігі
4. Өндіріс жағдайына байланысты іс шараларын ұйымдастыру және алдын ала
медициналық тексерулерден өту талаптары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Инженер-техниктермен, экономистермен және баскд да мамандардың
категорияларымен бірге, қоғамның құрамдас бөлігі болып табылатын белгілі
бір әлеуметтік қауымдастықты немесе топты түзеді. Бұл топтың әлеуметтік
сипаттамасын беру үшін қоғамның әлеуметтік құрылымындағы оның орнын анықгау
керек.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы деп - адамдардың біршама тиянақты
әрі тұрақты әлеуметтік қауымдастықтарының жиынтығын, олардың белгілі, бір
тертіптегі байланысы мен өзара әрекетін айтамыз. Бұл түсінік екі - кең және
тар мағынасында қолданынуы мүмкін. Бірінші мағынасында, қоғам түзілісін
тұтастай білдіріп және әлеуметтік қауымдастықтың барша түрін (топтық;
демографиялық, этникалық, т.б.) білдіреді. Екінші жағдайдаі тек топтық-
әлеуметтік қауымдастықтар назарда тұтылады. Бұл қауымдастықтар өз кезегінде
күрделі құрылымға (мысалы, топтық-әлеуметтік құрылымның элементі ретінде
жұмысшы тобы кәсіби, біліктілік, білім алу, т.б. топтарды қамтиды) ие болуы
мүмкін.
Еңбектің қоғамдық бөлінісі - адамдар арасындағы әлеуметтік
ерекшеліктердің аса маңызды алғышарты, әртүрлі топтық-әлеуметтік топтардың
құрылу негізі болып табылады. Осы әртүрліліктің мазмұны мен сипатына - сай,
әлеуметтік құрылым оқшауланған топтар мен басқа да өзіне тән қажеттілігі,
өмір сүру әдісі, т.б. бар әлеуметтік қауымдастықтарға бөлінеді, Сөйтіп,
әлеуметтік құрылым топ, қабат және отряд деген үғымдарды қамтиды. Топтар өз
кезегінде - кіші топ (2-20 адам), үлкен топ, ресми, ресми емес топтар болып
бөлінеді.

1.Инженер –өндірісті ұйымдастырушы

Қоғамдағы материалдық жағдайына, алатын орнына, меншікке қатынасына,
еңбек бөлісіндегі үлесіне, және осынардан туындайтын түпкілікті мүдделеріне
орай топтасып қалыптасатын адамдар жиынтығын үлкен әлеуметтік
топтар деп атайды. Міне, осы үлкен әлеуметтік топтар, қоғамның әлеуметтік
құрылымын құрайды. Негізінен алғанда үлкен әлеуметтік топтарға: әлеуметтік-
таптық; әлеуметтік-демографиялық; этно-әлеуметтік; әлеуметтік-
территориялық; әлеуметтік-кәсіптік, т.б. жатады. Әлеуметтік таптар
адамдардың дініне, нәсіліне немесе мәртебесіне (биліктегілер, байлар, т.б.)
болып бөлінуі мүмкін.
Ал аса ірі әлеуметтік топтарға таптар кіріп, адамдарды меншікке қарым-
қатынасына, белгілі бір қүқык және міндетіне, қоғам өмірінің әртүрлі
қабатындағы орындайтын ретіне, түпкі әлеуметтік мүдделерінің жалпылығына
қарай білдіреді. Таптар адамдардың әлеуметтік-психологиялық, кұндылық
сияқты ұқсас қасиеттерімен сипатталады.
Әлеуметтік топтар - қабаттардан тұрады. Бұл қабаттар әртүрлі
элеуметтік қауымдастықтардың араласуымен пайда болады. Әлеуметтік топ
ішіндегі әртүрлі біліктіліктегі жұмысшы отрядтары да кдбатқа кіреді.
Адамның әлеуметтік қабатының ана немесе мына түріне қатыстылығы - адамның
мінез-құлқы мен әлеуметтік психологиялық тұрпатына аса зор әсерін тигізеді.
Қазіргі қоғамның маңызды құрылымдық элементі - әлеуметтік-кәсіби топ.
Бұл - бір-біріне жақын мамандықтардың белгілі бір "блогына" кірген
адамдардың қауымдастығы. Соньтмен қатар олар қазіргі кезде еңбек төлемінің
біркелкі емес жағдайында, әлеуметтік психология мён өмірсалтының
ерекшеліктерін сақтап отыр. Осы белгілері бойынша олар басқа мамандықтың
жұмысшынарынан өте ерекшеленеді. Әлеуметтік-кәсіби отрядтың ішкі топтық
және топаралық екі түрін көрсетуге болады. Мысалы, ертеректе топ аралыққа
сауда жұмысшылары жататын (олар өз ішіне интеллигенттерді де, жұмысшыларды
да, қьізметшілерді де кіргізеді), әлеуметтік-кәсіби отрядтар ішкі топтық
болып, үлкен әлеуметтік топ - интеллигенцияның құрамына кіреді.
Осы уақытқа дейін Кеңестік қоғам жағдайында жұмысшы тобы, колхоз
шаруалары жене интеллигенция қабаты әлеуметтік құрылымда дәстүрлі түрде
ерекшеленетін. 80-ші жылдардың басыңда еліміз тұрғыңдарының 61%-ға жуығын
құраған, ең көбі жұмысшы табы болған. Бұл құрылым ондаған жылдар бойына
өзгеріссіз қалды. Нарықтық қатынастарға еткеннен кейін ғана түрлі
өзгерістерге ұшырады. Нарық жолына қарай қозғалыста меншіктің жаңа
түрлерімен қатар, қала мен ауылда өндіріс саласындағы кәсіпкерлер, сауда
және делдалдық бизнес саласында, т.б. жаңа әлеуметтік топтар түзілді. Ал
басқа полюсте - жұмыссыздар, кедейлер, люмпеи-пролетариат сықылды тұрғындар
категбриялары пайда болды. Қазақстанда жұмыссыздар саны шамамен 4-5%
деңгейіңце, ал олардың үлес салмағы - оңтүстік облыстарда ең жоғары. ТМД
мемлекеттерінің бәріне төн тереңдеп жатқан әлеуметтік жіктелу -
тұрғындардың "шеткі" топтарының арасындағы кіріс деңгейінің үлкен
алшақтығынан білінеді.
Бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттерінің әлеуметтік құрылымындағы түрлі
өзгерістер, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жүргізу
нәтижесіңде осы құрынымның әрбір элементін, соның ішіңце инженерлік
интеллигенцияны да тікелей немесе жанама қозғайды.
Интеллигенция - саны жағынан екінші әлеуметтік топ болды.
Интеллигенцияның жалпылай қабылданған анықтамасы - оны жоғары немесе орта
арнаулы білімі бар ой еңбегінің жоғары біліктенген үлкен топтағы
қызметкерлері ретінде сипаттайды. Интеллигенцияның саны 60-жылдардан бастап
ерекше қарқынмен өсті. 20 жын ішінде Бүкілодақтық халық санын есепке алу,
1959-1979жж. аралығында екі есе, ал қара күш еңбегінің жұмысшылары
(жұмысшы, шаруа) 19 %-ға есті. 1985 жылы ой еңбегімен айналысатын 42 млн.
қызметкердің 33 млн-ы немесе 79,9 %-ы дипломы бар мамандар болды.
Интеллигенция біртекті емес, ол әртүрлі қабаттарды, топтарды,
әлеуметтік-кәсіби отрядтар мен басқаларды өзіне кіргізеді. Біліктілік
қатынасында интеллигенция: 1) орта арнаулы білімі бар қызметкерлерге; 2)
жоғары білімді мамандар; 3) оте жоғары квалификациядағы мамандар (ғылыми
атағы бар жазушылар, енер қайраткерлері, саясаткерлер, т.б.).
Тұрғылықты қызмет орнына байланысты интеллигенция құрынымында қалалық
және селолық интеллигенцияны атап керсетеді. 1980 жылдары Кеңес Одағының 80
% дипломды мамавдары қалалы жерде жұмыс істеді.
Интеллигенция құрамында мына әлеуметтік-кәсіби отрядтар кіреді;
а) өндірістік; е) медицина қызметкерлері; б) педагогтар; в) мәдени-
ағарту және көркем өнер саласыңдағынар; г) әкімшілік-кеңсе қызметкерлері;
ғ) ғылыми интеллигенция; е) әскерилер. Осы отрядтар арасында аралық
звенолар түзілсе, ал кейбір отрядтар өзара "түйіседі". Атап айтсақ, сол
инженерлер мен техниктер тек материалдьгқ , өндіріс саласында ғана емес,
басқа да аймақтарда жұмыс істейді.
1985 жылы Кеңес Одағының халық шаруашынығында 15.2 млн техникалық
саладағы дипломды мамандар еңбек етсе, соның 5.1 млн инженер және 10.1 млн
техниктер (бұл халық шаруашылығындағы барша мамандардың 48 %-ын құрады)
еді.
Инженер-техникалық интеллигенция құрамына техникалық-экономикалық
интеллигенцияның "ішкі отрядтары" кіреді (экономистер, еңбекті
ұйымдастыру, өндірісті материалды-техникалық қамтамасыз ету мамандары,
т.б.). Өндіріс интеллигенциясының басқа үлкен тобы - ауыл-шаруашылығы
мамандары, қазіргі жағдайда шартты түрде өндірістік-гуманитарлық деп атауға
болатын өндірістік интеллигенцияның жаңа "кіші отрядының" қалынтаса
бастағанын байқауға болады. Инженер-техник жұмысшылармен қатар еңбек
етіп жатқан гуманитарлық мамандық өкілдері - психологтар, суретшілер,
арнайы музыка мамандары, т.б. Олардың бәрі өндіргіш күштердің кісілік
әлемеңттерінің рөлін этикалық, эстетикалық, эмоционалды, психо-
физиологиялық факторлар арқылы арттыруға жәрдемдеседі.

Әдетте "инженер-техникалық интеллигенция" мен инженер-техникалық
қызметкерлер" ұғымдары ғылыми-әдеби және оқулық басылымдарда бір мағынада
қодданылады. Сондықтан, мұңдай түсінік ыңғайлы болғандыктан, осы кіташада
қодданынады. Бірақ олардың мазмұны тодықтай сәйкес келмейтінін назарда
ұстаған жөн. Статистикалық құжаттарда ИТК (ИТР) өнеркәсіп-өндірістік
құрамының категориясы ретіңде қарастырылады. Бірақ, жоғарыда айтынғандай,
бұл мамандар ондірістік емес салаларда да кең таралған. Мұнда ИТК туралы
емес, инженерлер мен техниктер жайлы айту керек. Екіншіден, интеллигенция
тек қызметкерлердің белгілі бір қабаты ғана емес, ал бүкіл қоғам
аумағындағы қызметі бар ерекше әлеуметтік топ.
Интеллигенцияның әрбір отряды өзіне тән күрделі құрылымға ие, олар сан-
алуан әлеуметтік керсеткіштер бойынша ерекшеленеді және әркайсысының
өзіндік тарихы бар. Бұл жәйт - инженерлік-техникалық интеллигенцияға да
қатысты.
Сонымен, қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымының құрамдас элементі
болып табынатын бұл әлеуметтік-кәсіби топ қашан және қандай жағдайлардың
ықпалымен пайда болды?
"Инженер" сөзі француздың латыңдық түбірінен бастау алатын, "жасау",
"өндіру", "құрастыру" деген мағынаны біпдіреді. Ф.А.Брокгауз бен
И.А.Ефронның энциклопедиялық создігіне сүйене отырып, И.С.Мангутов:
"Алғашында соғыс машиналарын басқарған адамды инженер, ал кейінмен ол
негізінен құрылыста істеген азаматтарды осылай атаған" - деп жазады, Осы
жағдайда ол.бірінші рет Голландияда пайда болып, XVI ғасырдан бастап көпір,
жол, және басқаларды архитешурадан бөліп қарастырды. Ал Англияда
гидротехникалық құрыныстармен, кейін теміржол құрылысымен айналысатын
мамаңдаоды - инженерлер деп атайды. "Құрылысшы ғалым ретіндегі "инженер"
түсінігі Францияда қалыптасты", - деп жазады.
Техникалық объектілерді жасауда ғылыми білімді қолдануда еңбектің түрі
ретінде инженерлік іс-әрекет белгілі бір тарихи кезендермен айшықталып,
қоғам дамуының негізгі кезеңдерімен анықталады.
Инженерлік қызметтің пайда болуына ұзақ уақыт техникалық іс-әрекеттің
болуы әсер етті. Ал ежелгі уакытта ол қарапайым құралдарды дайындауда
көрінді. Жоғары деқтейдегі техникальгқ мәселелерді шешу - құл иеленушілік
қоғамдағы адамдардың қолынан ғана келді. Шіркеулер мен басқа ірі коғамдық
ғимараттарды көтеру, жол құрынысы, әскери машина жасау - міне осының бәрі
құрыныс тұрғызу, адамдардың бірлесіп еңбек етуін ұйымдастыру, техникалық іс-
әрекеттің; қандай дәрежеде екеніне куә.
Ғасырлар бойы арнаулы білім алмаған, тек өзінің тәжірибесі мен
түйсігіне, ақын-қабілетіне сүйенген шеберлер - техникалық, еңбекпен
шүғылданды. Олар үшін теория мен Инженерлік еңбектің социологиясы
практиканың бірлігі ыңғайлы силатта болды. Қолөнер мен мануфактура өндірісі
басым жағдайда, қоғамның инженерлерге деген "қажеттілігі" - осы
жұмысшынардың саны мен сапасының қатынасынан қанағаттандырылды. Біртіндеп,
ғылымға сүйене бастаған техңикалық әрекет - инженерлік-техпикалық мән-
мағына мен сипатқа ауыса бастады.
XVIII ғ. аяғы - ХІХғ. басыңдағы өңдірістік революция - инженерлік іс-
әрекеттің қалыптасуының маңызды кезеңі болды. Ол капиталистік қоғамйың
материаддық-техникалық базасының қалыптасу процесіне әкелді. Жаңаг күрделі
машина, механизм, басқа да техникалық құралдардың жасалуы - еңбек
бөлінісінің тереңдеуіне алып келді. Сонымен қатар, қиын да күрделі
конструкторлық және технологиялық есептерді шешетін, өндірісті ұйымдастыра
алатын жұмысшыларға, қызметкерлерге деген сүранысты туғызды. Мұндай
жағдайда жұмысшынардыц білім деңгейі мен санының жетіспеушілігі байқалды.
Өнеркәсіптегі ірі сапалы ілгерілеудің ғылымның жедел қарқынымен бір
уақытта қатар дамуы, ғылымның, қоғамның тікелей өңціріс күшіне айналуы -
инженерлік әрекеттің кәсіби еңбектің ерекше түріне айналуының, объективті
алғышарты болды. Ғылымның әртүрлі салаларына және өндіріс тиімділігін
көтеру шешімдеріне бағытталған техникалық білімнің аумағы түзілді. Мұның
бәрі - инженерлік білімі бар жұмысшыларды дайындауға деген кажеттілікті
туғызды. Осындай білім беретін оқу орындары XIX ғ. Батыста пайда болды.
Бұлар әртүрлі техникалық, құрылыс, аграрлы ауылшаруашылығы) мектептер
болды. Олар инженер мен техниктерді кәсіпорын, фабрика, ірі цехтарды
басқару үшін дайыңдады.
Өндірістің қоғамдық сипатымен, техникалық прогресс күшейіп, үдеп бара
жатқан еңбек бөлінісіне байланысты өткен ғасырдың ортасыңда, К.Маркс
белгілеп өткендей-ақ, өңціріс процесі ұжымдық сипатқа ие болды. Еңбектің
ақыл-ой қажет ететін, ұйымдастыру сияқты функциялары жұмысшынардан ажырап,
енді еңбеқ, құралдарына өз қолдарын тікелей тигізбей-ақ, небір өнім түрін
шығаратын ерекше топқа ауысты. Олар ұжымының толыққанды мүшелері -
инженерлер мен техниктер еді.
XX ғасырдың басынан өскен техникалық интеллигенция мен оның қоғамдағы
маңызының артуы әртүрлі технократтық теорияларды тудырды. Оның авторларының
қостауына қарағаңда, инженер-техник Мамандар мен менеджерлер қоғамның
жетілген материадцық-техникалық базасын жасап қана қоймай, оның әлеуметтік
қайшылықгарын да жоюға, жұмыссыздықпен күресуге, әлеуметтік әділеттілікті
орнатуға қатысты мәселелерді табысты шешуге әбден қабілетті.
Қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымында инженер-техникалық
интеллегенцияның алатын шынайы орны қаңдай? Инженер-техникалық
интеллигенцияның өзіндік ерекшелігі, оның техникалық прогреске, техникаға
тікелей немесе жанама қарым-қатынасы арқыны көрінетіні жоғарыда айтылды.
Яғни, инженер: 1) жаңа техниканы жасауға, басқаруға Тікелей қатысады; 2)
машинаға қызмет көрсетуші адамдарға. Жетекшілік етеді; 3) еңбек өнімділігі
мен өндіріс тиімділігін арттыруға, шығаратын өнімнің сапасын жақсартуға,
техниканы неғұрлым тиімді пайдалануға байланысты - ғылыми, экономикалық,
бақынау сияқты әртүрлі қызметтерді жүзеге асырады:
''Инженер-техникалық интеллигенция - ғылыми-техникалық
интеллигенциямен бірге, ғылыми-техникалық революцияның (ҒТР) басты
субъектісі ретінде маңызды әлеуметтік қызмет атқарады. Енді ғалымдар мен
инженерлердің ғылыми-техникалық ізденісін тудырған ҒТР-ның ерекшеліктерінің
негізгілерін атап өтейік.
Шамамен өткен ғасырдың 50-ші жылдардың ортасында пайда болған ҒТР
адамзат тарихындағы ғылым мен техникадағы түбегейлі өзгерістерді
біріктірген түңғыш төңкеріс еді. Бұл төңкерістің алғы шарты - ғылыми-білім
жүйесіндегі сапалы секіріс болды.
ҒТРжалпы белгілеріне мыналар жатады: а) масшабтынығы (яғни әлемдік
сипаты); ә) өтіп жатқан өзгерістердің жылдам қарқынды; б) әлеуметік-
экономикалық маңыздынығы. Бұл революция өңдірістік емес салаларға да тарап,
өнеркәсібі дамыған елдердің бәрін өз ішіне алып, оның орбитасына
халықаралық еңбек бөлінісінің күшімен әлемдегі көптеген мемлекеттер
тартылды.
XX ғасырдың 50-70 жылдарында ғылым мен техниканың куатты дамуы,
ҒТР-ның технологиялық революция деп аталатын жаңа кезеңді өмірге
әкелді. Дамудағы сапалы өзгерістер мен космосты игеру және термоядролық
синтездің энергиясын алу жоспарымен, микро электорника, информатика,
робототехника мен биотехнологияны қолданумен байланысты. ҒТР-ның жаңа
кезеңінің қөң қырының ең бастысы - компьютерлендіру процесінің тереңдеуі,
мен кеңеюі - шындығында, ғаламдық сипатқа ие болды. Сондықтан бұл кезеңді -
компъютерлену революциясы деп те атайды. Информатизацияланған өркениеттің
құрылуы, қоғамның информатиза-циялану (ақпараттану) процесінің тез дамуы
компьютерленудің маңызды нетижесі. Қоғам дамуының қазіргі, кезеңінің, оның
техникальіқ негізінең тәуелділігін сипаттайтын түсінік - бұл АҚШ, Жапония,
Германия, Англия, Франция және баска елдерде орын тапқан постиндустриялды
қоғамның түсінігі болып табылады.
Бүкіл әлемдік тарихи процестің мағынасы ретінде ҒТР өз әсерін қоғамның
барша жағы мен саласына жайып, әлеуметтік құрылымның барлық қабатына еніп
кетті. Оның жайылуының негізгі бағыты мен бұл процестің механизмі қандай?

ҒТР-ның әлеуметтік салдарларын зерттеу - бірінші кезекте олардың
объективті жіқтелуінің түзу маңыздылығың көрсетеді. Мұндай жіктеу
нұсқаларының бірі, - ҒТР-ңың өдеуметтік салдарларының үш негізгі
белгілерінен тәуелді үш топқа бөлінеді: 1) бұл салдар масштабының ауқымды
2) салдарлар сипатынан; 3) ҒТР-ның әсер ету объектісі.
Бірінші топқа: а) оқшауланған, әлеуметтік құбылыстың қандай да бірін
немесе тобын қозғаушы; ә) бүкіл әлемдік адамзат қоғамын тұтастай қамтитын
салдарлар жатады.
Екінші топ, салдарлары: а) әлеуметтік тиімділіктің -жағымды немесе
жағымсыздығына қарай; ә) техникадық жоне әлеуметтік арасындағы "байланыс"
сипатының тікелей немесе жанама болуына қарай; б) әсер ету деңгейінің
едәуір (күшті) немесе шамалы (елсіз) екеніне қарай; в) Қажетті, әлеуметтік
нәтижеге жету жылдамдығы немесе баяулығыңа орай жіктеледі.

Үшінші топ салдарлары ҒТР ықпал жасайтын объеқтіге байланысты: а)
қоғамдық өмір салалары, материалды өндіріс, өндірістік емес сала, басқару
саласы, қызмет көрсетуі; ә) қарым-қатынас түрлері - әлеуметтік,
саяси, ұлттық, тұрмыстық, т.б. б) әлеуметтік қауымдастықтар - таптар,
әлеуметтік топтар, қабаттар, әлеуметтік-кәсіби отрядтар, үжьгмдар және
басқалары; в) қоғамдық сананың, формалары - саяси, құқықтық,
эстетикалық, адамгершілік, діңи; г) ең соңында ҒТР-ның неғұрлым жалпы әсер
ететін объектілері тұтаетай қоғам, адам, табиғат бойынша жіктеледі. Енді
ғаламдық сипатқа ие болған ҒТР-ның кейбір әлеуметтік йалдарларына
назарымызды аударайық.
Бүкіл адамзат тағдырына, оның болашағына қатысты проблемалар ғаламдық
проблемалар деп аталатыны баршаға бёлгілі. Солардың ішіндегі неғұрлым
маңыздыларыяа: дүниежүзілік термоядролық соғысты болдырмау, экологиялық
дағдарысты жену, демографиялық мәселе, шикізаттық-ресурстық мәселе, т.б. ,
Басқа проблемалар сияқты бұл мәселелер де ҒТР-ның бүкіл дүниежүзілік
ауқымда таралып, өмірдің барлық саласына ену әсерінен.
Осы проблемаларың бірі - экологиялық дағдарысты жеңу мәселесін алып
қарастырайық. Ол өзінің әлеуметтік маңыздынығы бойынша адамзат үшін екінші
орында тұрады.
Себебі, бірінші орыңда - термоядролық соғыс мәселесі.
Дүниежүзілік қауымдастықтың экологиялық аландаушынығы соңғы ондаған
жылдар ішінде өсуі - адамның өнеркәсіптік және шаруангылық әрекетінің тез
үлғаюының барысыңда, қоршаған ортаның ғаламдық ауқымды түрде өзгеруінің
нәтижесі. Табиғатты "жаулау" арқыны адам өзінің өмір сүру
әрекетінің ңегізін; белгілі шамада жоғалтып алды. Соңғы кездегі
басылымдарда қоршаған ортаның нашарлауын сипаттайтын, көрсететін сан-алуаң
мәліметтер келтірілуде.
1996 жыны қабылданган "Қазақстан Республикасының экологиялық
қауіпсіздігінің тұжырымдамасында" біздегі экологиядық жағдайдың жалпынама
сипаты берілген. Мұнда Қазақстанның экологиялық мәртебесінің ерекшеліктері,
табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудағы басқарудың жалпы
жүйесіндегі ұстанымдар, экология аймағындағы іс-әрекеттің хальіқаралық
ынтымақтастығы баяндалған. Тұжырымдамада "елде қолайсыз, ал кейбір
аймақтарда экологиялық күйзеліс жағдайы қалыптасқан" деп көрсетілген.
Республикамызды экологиялық жағынан қамтамасыз ету үшін инженерлерге
жауапты рол жүктелген. Бұл әсіресе, инженер-металлургтерге, тау-
кен мамандарына, геологтарға, мұнайшынарға қатысты. Себебі, олардың еңбек
әрекеті үнемі қоршаған ортаиы сақтаумен, онеркәсіптік овдірістің жағымсыз
әсерін тікелей шектеумен байланысты. Сөйтіп, болашақ инженерлерге
экологиялық төрбие беру үлкен маңызға ие болуда. Өндірісте инженер
экологиялық қауіпсіздік сақшысы ғана болып қоймай, экологиялық білімнің
насихатшысы, өрі еңбек ұжымындағы экологиялық "саясатты" батып іске асырушы
болуы керек.
ҒТР-ның қозғаушы күші ретіндегі ғалымдар мен инженер-
техникалық интеллигенцияңың маңызды әлеуметтік міндеті - қазіргі бар
ғаламдық мәселелерді шешу және жаңа экологиялық ахуал туындатпау үшін
белсене жұмыс істеу.
Бүкіл қоғам масштабында орындайтын әмбебап
әлеуметтік қызметімен қатар, инженер-техникалық интеллигенция
- өзінің кәсіби әрекеті барысында және оқшауланған әлеуметтік
қызметін әрбір өңдірістік еңбек ұжымында орындайды.

Өндірістік ұжымда жұмысшылар, ИТК қызметшілер, әкімшілік, кеңсе
мүшелері, жұмысшынардың баска да категориялары қоян-қолтық өзара әрекет
жасап, бірлесе еңбек етеді. Бұл процесс барысында тек еңбек қызметімен ғана
емес, сонымен қатар қабілеттілік, шығармашынық, мәдени кұндылықтармен ауысу-
алмасу жүріп жатады. ИТК, кәсіпорындарда сан қырлы функциялар атқарады,
жұмысшыларға айтарлықтай әлеуметтік ықпал жасайды.
Біріншіден, ИТҚ жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыруға шешуші рол
атқарады. Жұмысшыларды өз орындарына қою, олардың арасында міндеттерді
дұрыс бөлу, шығаратын енімді бақынау, т.б. көп ретте кәсіпорындағы жетекші
маман қызметкерлердің істі ұйымдастыра білу қабілетіне байланысты. Еңбекті,
жұмысты ұйымдастыра білуден өндіріс ырғағы ғана емес, сондай-ақ
жұмысшылардың еңбегіне ақы толенуі де тәуелді. Еңбек құраддарының
техникалық деңгейінен оның мазмұны да тәуелді болғандыктан жұмысқа деген
ынта, қызығушылық, еңбекке ықынас - бәрі өзара байланыстағы құбылыстар.
Сондықтан болса керек конструктордан, жобалаушыдан, технологтан қабылданып
жаткан техникалық шешімдердің тек қана экономикалық емес,
әлеуметтік жағынан да тиімді брлуы аса маңызды. Жұмысшылардың еңбек жағдайы
мен мазмұнына қандай өзгерістер еңгізіліп жатқанын да үнемі ескеру қажет.
Міне, осыньвд бәрі жұмысшылардың мәдени-техникалық деңгейінің өсуіне
тікелей қатысты, сондай-ақ еңбектің ұйымдасуы, оңтайдынығы, жұмысшылардың
өз білім деңгейі мен шеберлігін жетілдіруге қызығушылығының артуына жағдай
жасайды.
Екіншіден, ИТҚ-дің өндіріс барысыңца жұмысшылардың шеберлігін,
бішктілігін жетіддіру ісіне атсалысуы да үлкен әлеуметтік маңызға ие.
Ертеректе заводтарда оку-курстарының тармақтары кұрылып, ИТҚ-дің көптеген
категориялары сонда дәріс жүргізетін. Жамбылдық "Химпром" фосфор
кәсіпррнындағы осы курстарда 23 % бөлім, учаске, шаруашынық басшылары. 26%
шеберлер жұмысшылармен білім-тәжирибе көтеру ісімен шұғылданған болатын
(өкіңішке орай, Казақстанның фосфор өңдірісі тәуелсіздіктің алғашқы жыддары
қаржы-экономикалық дағдарысты басынан кешіп, енді ғана жандана бастады).
Жұмысшылардаң алынған сауалнама нәтижесі ИТҚ-дің кәсіби-техңикалық
деңгейін көтерудегі көмегі мен белсенділігін анық көрсетіп берген еді. Жеті
ірі кәсіпорын мен Қазақстандық өндірістің әртүрлі саласындағы кейбір
жұмысшылардың үлкен топтары сұрақ-жауапқа қатысты. Жұмысшылардың жауадтары
бынайша бөлінді: 27 %-дан 43 %-ға дейінгі жұмысшынар еңбектің алдыңғы
катарлы әдістерін игеруде, 23-29 %-ы шеберлігінің көтерілуінде ИТқ-дің
көмегін алатынын атап өтті.
Инженер-техник қызметкерлердің әлеуметтік, мәселерді шешумен қатар,
тәрбиелік қызметті де үздіксіз жүргізіп отыратыны өз-өзінен түсінікті. өр
инженер мен техниктің отан сүйетіндігі,ел тағдырына бейжай қарай
адмайтындығы, өндірісті дамытуға,ұмтылысы үлкен тәрбиелік мәнге ие. Әсіресе
инженердің қызмет жүргізу тәсілі, деңгейі, маңызды, рөл - аткарады. Ең
бастысы - біздің инженердің шетелдік, мамаңдар алдында өз деңгейлерін,
қабілетін мүмкіндігін көрсете алуы, мәртебесінің биіқ болуы.
ИТқ-нің әлеуметтіқ қызметінің тағы бір аспектісі - олардың өңдірістік
ұжымдардың қрғамдық өміріне белсене араласуынан, әртүрлі бірлестіктердің
кәсіби, шығармашынық, спорт, мәдени, т.б. алуан түрлі шарттардың жүзеге
асуынан да корінеді. Әсіресе, бүгінгі таңца елімізде демократиялық
өзгерістер ауқымды қанат жайып, азаматтық қоғамның нышандары біртіндеп
емірде орнығып жатқан жағдайда,инженердің берік азаматтық позициясының
болуы өте қажет. Ол өз белсенділігі, берік ұстанымы арқыны түрлі мәдени
жәңе саяси шаралар өткізді (меселен, Парламент сайлауы, түрлі акциялар)
ондіріс ұжым мүшелеріне ықпалды әсер ете алады.
2. Инженер-техникалық интеллигенцияның қоғамдық әлеуметтік құрылымдағы
орны мен рөлі

Инженер-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік қызметі - қоғамның жаңа
әлеуметтік-экономикалық және саяси кұрылымының қалыптасуы барысында
айтарлыктай өзгерістерге ұшырауда. Өндірістік ұжымдарда негізгі әлеуметтік
топ ретінде жұмысшылар, ИТҚ және кызметшілер сақгалғанымен, бұл ұжымдардағы
меншік түрінің өзгеруіне орай қызметкерлердің жаңа қатегорияларьі,
негізінен алғанда кәсіпорынның жетекші звеносында, қалыптасуда. Мысалы,
жекешелендірген кәсіпорындарда бұрынғы директорлармен қатар, басқа жақтан
келгендер де (шетелдіктер де бар) акция иелеріне айналды, акцияның тағы бір
бөлігін - инженерлер иемденді, ал жұмысшынар мен қызметшілерге аз үлес
қосты. Егерде акцияның біраз мөлшері қолына шоғырланган инженерлік
корпустың жоғарғы қабаты жайлы сөз етер болсақ, олардың жұмысшылармен қарым-
қатынасында белгілі бір қайшыныктардың болмауы мүмкін емес. Себебі,
бұлардың мүдделері сәйкес келмейді. Сондай жағдайда жұмысшыларға өндірістік
процестегі серік ретінде, қатардағы инженерлер жақын болып қала бермек.

Осының бәрі онцірістік ұжымдардағы ИТҚ - мен жұмысшылар арасындағы
қарым-қатыңасқка Әсер етпей қалуы мүмкін емес. Егер ертеректе бұл
қатынастардың қоптеген элементтері қоғамдық бастамаларға негізделген болса,
ал қазір алдыңғы қатарға материалдық мүлде қойылды да, нені істеу пайдалы
жәнё нені істеу пайдасыз деген қатаң есеп тұрады. Бұл өрине, ИТҚ мен
жұмысшынардың бірлесе еңбек етуінің, олардың кәсіпорыңдағы өндірістік және
өлёуметтік мәселелерді бірлесе шешу қажеттігін жоққа шығармайды.
Жұмысшылардың техникалық шығармашылығы, өндірістегі
рационалды - өнертапқыштық әрекет - бүгінгі танда еңбек өнімділігін
арттырудың маңызды резерві болып отыр.
Бұл әрекеттің табыстынығы, өз кезегінде жұмысшылар мен ИТҚ-дің
белсенді қатысуы мен қоян-қолтық бірлесе, араласа еңбектеңуіне байланысты.
"Еңбек социологиясы" деген кітапта келтірілген қорытьгндымен
санаспауға, келіспеуге болмайды. "Ұжымдык еңбеқ жағдайыңда көп нәрселер
инженерлердің өз ұжымындағы қызметтестерімен, жұмысшылармен тіл табыса
бшуіне байланысты. Ал қазіргі кезенде, жұмысшылар мен меншік иесіне
айналған кейбір инженерлер арасында қайіігьільіктар орын алып отырған
жағдайда, "дипломатиялық" өндіріс басшылары мен инженер қызметкерлерден
көпшілігімен келісе отырып, жұмыс істеуге ұмтылу талап етіледі.
Инженерлік-техникалық интеллигенцияның әлеуметтік дамуындағы
маңызды мәселе - осы әлеуметтік-кәсіби топтың қалыптасу жолдары мен
оның құрамының толығатын әлеумёттік.көздерін және оның басқа да
әлеуметтік топтармен өзара әрекеттесуін, өз өкілдерімен "алмасуын"
анықтау.
Инженер-техникалық интеллигенцияның қызмет әрекетіне, өмір тіршілігіне
қатысты алуан түрлі (кәсіби, лауазымдық, аймақтың, т.б.) әлеуметтік
жылжымалылықтың ішінен біз бір мәселеге ғана, яғни басқа әлеуметтік топ
өкілдерінің ИТИ кұрамына өтуі мен ИТИ кұрамынан, басқа әлеуметтік топтарға
ауысуға тоқталамыз.
Инженер-техникалық интеллигенцияның құрамы ұнемі жоғары техникалық оқу
орындары мен арнаулы орта кәсіби техникалық оқу орындарының (техникалық
колледждер) түлектерімен толығып отырады.
Инженер-техникалық интеллигенция өкілдерінің, басқа әлеуметтік -
кәсіби отрядтарға өтуі, ауысуы екі канал-арна бойынша жүреді: 1) ИТИ-ның
өзінің жаңа әрекетіңде бүрын жинақталған кәсіби білімді қолдануды қажет
ететін топтарға; 2) мұндай білімді қолдануды тікелей қажет етпейтін
топтарға ауысуы.
Бірінші нұсқаға - инженерлердің ондірістен техникалық жоғары оқу
орындарына ұстаздық-ғылыми жұмысқа ауысуы жатады.
Осылайша, инженерлер педагогикалық интеллигенцияның қатарын
толықтырады. Инженерлерді өндірістен мұғалімдік жұмысқа тарту - әлеуметтік,
және экономикалық мағынаға ие, себебі теорияны практикамен байланыстыруга,
оку процесін қазіргі мәліметтермен толықтыруға көмектеседі.
Бұл нұсқаға инженер-техникалық интеллигенция өкілдерінің ғылыми,
интеллигенцияның кәсіби-әлеуметтік жақтарына, дәлірек айтқанда, ғылыми-
техникалық интеллигенцияға ауысуы жатады. Мұны қазақ техникалық
интеллигенциясының үлгісінде көруге болады. К,И.Сәтбаев, О.АБайқоңыров,
Ш.Е.Есенов, А.С.Сағынов, У.А.Жолдасбеков сшіқты белгілі ғалымдар ғылыми-
зерттеуге иңженерлік практикадан келді. Тұтастай алғанда, техника
саласындағы көптеген ғалымдар - бұрынғы инженерлер. Техникалық жоғары оқу
орныңың ғылыми дәрежесі бар педагогы - бұл бұрынғы инженер-техникалық
интеллигенцияның өкілі болып, бір мезгілде екі - әлеуметтік-кәсіби топтың -
педагогикалық және ғылыми интеллигенцияның өкілі болып табылады.
Бұл екі жағдайды да, жалпы алғанда туындап келе жатқан мобильділіктің
үлгісі деп санауға болады, бірақта өтудің тағы бір нұсқасы: инженер-
техникалық интеллигенциядан жұмысшы табына өтуін айтпай кетуге болмайды.
Ертеректе ИТИ-ның, әсіресе техниктердің өз қалауымен жұмысшы орындарына
өтуі сирек болмаған. Мұны еңбекақыньің толенуімен байланыстыруға,
түсіндіруге болады: маман жұмысшы, техник, инженерлерден де көп еңбекақы
алатын. Бұл инженер-техникалық интеллигенцияның бұрынғы өкіліне арнаулы
білімі барлығы пайдасын тигізер еді. Оңыңі, ұстіне, жоғары еңбекақы ғана
емес, ол жан-дүниесі қалаған жұмысты іздеуі де мүмкін еді.
Жалпы, алғаңда, жұмысшыдан ИТЖ-ға және керісінше, өзара ауысу
түрткілері кейде аса кездейсоқ болатын. Мысалы, оқытушылық практикада
жоғары техникалық оқу орнында сырттай оқитын жұмысшылардың пікірінше, олар
оқу аяқталған инженерлік қызметте жұмыс істеуге ұмтылмайтынын, егерде олай
болса, онда ақы аз төленетін жұмысқа ауысу болып саналатынын айтты. Диплом
- олардың ойынша кейін жұмысқа денсаулығы күші жетпеген жағдайда,
мекемедегі "тыныш" жұмысқа араласуға керек сияқты.
Жоғарыда қарастырынған инженер-техникалық интеллигенцияның басқа
әлеуметтік топтарға өтудегі дәстүрлі жайлар, қазіргі жағдайда тағы бір
нәрсемен: ИТИ-ның кәсіпкерлік салаға, ауысуымен толықтырынады.
Кәсіпкерлердің әлеуметтік құрамының талдауы көрсеткендей - олардың "
көпшілігі - бұрынғы ИТИ. Мысалы, Шығас Қазақстан техникалық университетінің
түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жүргізген әлеуметтік зертеулер
мәліметіне сүйеңсек, соңғы жылдардағы түлектерің 43%-ы мемлекеттік емес
орта мен шағын кәсіпте жұмыс істеген. Өздігінен көрініп тұрғандай-ақ,
бизнесмен үшін кәсіби техникалық және, экономикалық білім ешуақытта артық
болмайды, Бұл өзінің таңдаған жұмыс түрінен тәуелді. Қазір көптеген
инженерлер базар жағалап, сауда саласында кеткені де ақиқат. Мұнда жоғары
білімсіз де күн көруге болатыны тағы да шындық.
Иңженер-техникалық интеллигенция, өкілдерінен алшақ басқа қалаларға
ауысып, өнер саласыңда қызмет, атқаруы да кездесетін құбылыстар. Мәселен,
Ресейдің тұңғыш президенті Б.Ельцин - инженер-құрылысшы, Украина
президенті Л. Кучма - инженер-машина жасаушы, Түркменстан президенті, —
Е.Ниязов, инженер-электротехник, Қырғызстан президенті — А Ақаев, инженер-
электронщик, Қазақстан президенті - Н.Ә.Назарбаев - инженер-металлург
екенін жұрт жақсы біледі. Кеңестер Одағы тұсында ұзақ жылдар бойы
Қазақстанның бірінші басшысы болған Д.А. Қонаев - тау-кен инженері еді.
Бүгінгі танда Қазақстан Республикасыңың мемелекеттік, әкімшілік
оргаңдарындағы жауапты қызметтерде, облыс әкімдерінің, Парламент
депутаттарының, министрлердің арасыңда көптеген техникалық оқу. орындарының
тұлеқтері, бүрынғы инженерлер - қызмет атқарып жүр. Осы күңгі
Казақстаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инженерлік басқару еңбегі
Инженерлік басқару еңбегі туралы
Инженер еңбегінің әлеуметтік мәселелері
ИНЖЕНЕР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ӘРЕКЕТ
1946-1970 жылдардағы Қазақстан ауыр өнеркәсібіне инженер кардларды даярлау
Қызметкерлерді басқару
1921 жылдың ақпан айында
Қазақстанның ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындығы әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайы
Адам ресурстарын басқарудағы шетел тәжірибесі
Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде
Пәндер