Қазақстандағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдар: әлемдік тәжірибе



КІРІСПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РӨЛІ
1.1 Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу мәселелері және үкіметтік емес ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың құрылу тарихы ... ... ... ... ... 15
1.3 ХХ . ХХІ ғ. басындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
2 ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар және әлеуметтік.саяси мәселелер
мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.2 ҮЕҰ және қоғамдық пікір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
2.3 Алматы қаласындағы саяси және әлеуметтік.экономикалық жағдайларды
сараптаудағы ҮЕҰ.дың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
Бітіру жұмысының өзектілігі: Халықаралық қатынастар жүйесінде азаматтық қоғамның атқаратын рөлі өте жоғары. Азаматтық қоғам бірлестіктерді, қорларды, ұйымдарды, кәсіподақтарды, ҮЕҰ-ды құрайтын жүйе. Соның ішінде халықаралық үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамның ажырамас элементі болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдар билік санаспай отыра алмайтын үлкен қоғамдық күш болып табылады. Олардың қалыптасуы мен дамуы үшін БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Еуропа одағы және т.б. сол секілді халықаралық үкіметаралық ұйымдардың қолдау көрсетуі де аса маңызды болып табылады. ҮЕҰ туралы заңдардың дамуын айтар болсақ, азаматтардың саяси партиялар мен кәсіби одақтардан ерекшеленетін ерікті ұйымдарға бірлесу құқығы, өз мүдделерін қорғау үшін оларға мүше болу құқығы туралы БҰҰ-ның Адам құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясына және адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша Еуропалық Конвенциясына енгізілген [1, 23-бап].
Көптеген мемлекеттердің үкіметтері мен парламенттері осы шарттарды басшылыққа ала отырып, ҮЕҰ-дың іс-әрекеті туралы заңдарды қабылдайды. Қазақстан Республикасы да осы заңдар негізінде мемлекеттегі барлық үкіметтік емес ұйымдарды бақылап отырады. Оған дәлел ретінде 1995 жылдың 30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (үзінді), «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтар №142-11 Қазақстан Республикасының Заңы, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамыр №3-1 Қазақстан Республикасының Заңы, «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» №1128-12 1992 жылғы 15 қаңтар Қазақстан Республикасының Заңы, «Гранттарды беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың Тізімін бекіту туралы» 2001 жылғы 28 желтоксан №1753 Қазақстан республикасы Үкіметінің Қаулысын жатқызуға болады. Бұл заңдар халықаралық заңдардан алынып, ұқсатылып жасалғандықтан Қазақстан басқа алпауыт мемлекеттер cекілді үкіметтік емес секторларды дамытуға күшін салуда. Бір айта кетерлігі тіпті жоғары дамыған мемлекеттердің өздері ҮЕҰ-ға мұқтаж және мұқтаж болғандықтан да біздің мемлекет олардың дамуына ат салысуда. Тақырыптың негізгі өзектілігі де осында жатыр.
Сонымен қатар, Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың қазақстандық қызметіндегі ғылыми жұмыстың өзектілігі бұрын өткізілген ғылыми ізденістерге қарамастан, қазіргі кезде Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың қызметі және олардың Қазақстандағы ықпалы туралы бірыңғай пікірлердің жоқтығы, өйткені өкіметтің әр тұлғасы әртүрлі көзқараста, ХҮЕҰ-дың Қазақстанмен қарым-қатынастарының формасы мен жолдары нақты зерттелмеген және олардың мемлекеттегі белгілі мәселерді шешудегі бағыттары мен даму перспективасы толықтай анықталмаған. Қазіргі таңда халықаралық құқықта ресми түрде ХҮЕҰ-дың құқықтық субьектілігін мойындайтын нормалары жоқ болғандықтан халықаралық саладағы шетелдік зерттеушілердің аздығы, олай болса бұл саладағы Қазақстандық зерттеушілер де аздығын көрсетеді.
1. 1948 жылғы 10 желтоқсандағы 217 А (ІІІ) резолюциясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы. 23-бап 11б.
2. Мовкебаева Г.А. Современные проблемы международных отношений.
- Алматы, 2006.- С.20-25
3. Морис Ваисс. Международные отношения после 1945 года. - М.: ОАО «Издательский дом Городец», 2005. с.318
4. Блишенко И.П., Абашидзе А.Х., Барчукова Н.С. и др. Международные организации: Учебник. - М.: РУДН, 1994 -с.8
5. Морозов Г.И. «Международные организации». Некоторые вопросы теории. - М.: Мысль, 1974, с. 55
6. Әлеуметтік әріптестіктің Алматылық формуласы: жетістіктері мен келешегі.
Әдістемелік құрал – Алматы: Қазақстан Жастар Институты, 2006, 5-6 б.
7. Коваленко И.И. Международные неправительственные организации. - М.: Междунар.отношения, 1976, с.б
8. Кодекс поведения международного движения красного креста и красного полумесяца и неправительственных организаций при осуществлении операций помощи в случае стихийных бедствий и катастроф //http://library.cjes.ru/online
9. Колосов Ю.М. Международное право: Учебник. – М.: Международные отношения, Юрайт-Издат, 2007. – 816 с.
10. http:// www.referatbar.ru/referats/457AA -1.htm
11. 25 тамыз 2008 жылғы «Саяси партиялар, лоббистік топтар және үкіметтік емес ұйымдар» АҚШ-тың мемлекеттік департаментінен шыққан мақала. //http://www.america.gov.
12. Қазақстан Республикасы Ұлттық Кітапханасынан алынған құжат.
13. Новости мировой политики и международных организаций – от «Голоса Америки» //http://www.voanews.com.
14. 26.06.1945 жылғы БҰҰ- ның Жарғысы. 71-бап.
15. Кольяр К. Международные организации. - М., 1978, с. 472.
16. Камынин А. И. Международные неправительственные организации в современных международных организациях: Автореф. дис. … канд. юрид. наук. - М., 1992..
17. Малкина И. Б. Международные неправительственные организации в современном международном праве: Дис. … канд. юрид. наук. - М., 2001, с.7.
18. И.И. Коваленко. Международные неправительственные организации.
- М., 1976
19. Законы о защите мира. М.,1953, стр. 13. и там же, стр. 15-31
20. B. Pickard. The Greater League of Nations. A Brief Survey of the nature and Development of Unofficial International organizations.- Contemporary Review, October 1936, p.7; L. White. International non-governmental organizations, 1951
21. В.Г. Шкунов. Международная организация труда вчера и сегодня. -М., 1964, стр. 41
22. БҰҰ-ның 62-ші Жарғысы 55-бап
23. 23 маусым 2008 жылғы АҚШ мемлекеттік департаментінің мақаласынан
24. Специализированные учреждения ООН в современном мире. - М., 1967, с.29
25. Устав Организации Объединенных Наций по вопросам образования, науки и культуры, приняты 16.11.1945 г.
26. Актуальные проблемы деятельности международных организаций. - М.,1982 http://www.pravoteka.ru/enc/3248.html
27. http://www.zakroma.narod.ru
28. Абашидзе А. Х., Урсин Д. А. Неправительственные организации: международно-правовые аспекты. - М., 2002, с.102..
29. Устав Международной Организации Труда, 1919 жылы қабылданған. (1972 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген )
30. Ауэзов М.М. Для дальнейшей демократизации: [Интервью с исп. Директор
Сорос-Казахстана о работе фонда / Записал Н.Жданова]// Огни Алатау.
- 2000 г.- 15 июля 7c.
31. Бельгер Г. О фонде Сорос-Казахстан: Что такое фонд Сорос-Казахстан? Как и кто может получить грант от Фонда Сорос-Казахстан? Что такое "Открытое Общество"?// Ґрлеу.- 1999.- N 1.- С.9-11
32. Жабина Ж. Международные неправительственные организации как инструмент внешней политики США. // Саясат.- 2007. –N 6. –C. 17-18
33. Власть и НПО в Казахстане: сотрудничество вместо соперничества// Современные демократические преобразования в Республике Казахстан/ Под. общ. ред. Б.К.Султанова.- Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2008.- С.157-163
34. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы
35. 2005 жылғы сәуірде қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Заңы.
36. Власть и НПО в преддвери Гражданского форума [Текст]: Материалы семинара, проведенного 4-5 августа 2005 г. / Департамент внутр.политики г.Алматы; Обществ. объединение "ЕрАзамат"; Авт. и сост.: Л.Ахметова, А.Балаева и др.- Алматы, 2005.- 34 с.; 20 см.
37. 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы
38. Джолдасбаева Н. Соцзаказ и третий сектор: О мерах по финанс. поддержке НПО// Казахст. правда.- 2005.- 16 апр.- С.2
39. Гук В.На принципах социального партнерства: В Астане прошел ІІ Гражд. форум, в рамках которого вырабатывался новый алгоритм взаимоотношений гос-ва, НПО и бизнес-сообщества с участием Н.Назарбаева// Веч. Алматы.-2005. - 13 сент. С.1


40. Власть и НПО: эффективная система взаимодействия [Текст]: Материалы семинара, проведенного 29-30 июля 2005 г. / Департамент внутр.политики г.Алматы; Обществ. объединение "ЕрАзамат"; Авт. и сост.: А.Ахметова, А.Балаева и др.- Алматы, 2005.- 34 с.; 20 см.
41. Долженков В. НПО - один из гарантов развития общества: О состоявш. в Талдыкоргане обл. конференции на тему "Роль неправительст. Организации в решении соц. экон. проблем" / Записала К.Аульбекова// Огни Алатау.-2003.- 23 авг.-С.2
42. Келерхан Г. Роль НПО в разрешении социально-политических конфликтов// Роль неправительственных организаций в развитии гражданского общества в Казахстане: Халыќаралыќ єыл. конф. материалдары = Материалы междунар. науч. конф/ Сост. Ж.К.Айтбаева.- Алматы: Ќазаќ ун-ті, 2007.- С.169-174.- Библиогр.: 10 назв.
43. Жакупова Г.К. Эффективность реализации проектов НПО в рамках государственного социального заказа// ЌазЎУ хабаршысы. Психология жјне социология сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. психология и социология.- 2007. - N 1. - С.103-106.- Библиогр. : 3 назв.
44. Куртавцева Л.Н. Успехи НПО в экологическом образовании// Современное общество и экологическое образование: ценности, профессиональная ориентация,деятельность: Материалы
45. Неправительственные организации Казахстана: вчера, сегодня, завтра.- Издано по заказу Программы развития ООН.- Алматы, 2002.- 80 с.; 30х21 см.46
46. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдіктен алынған материал //http:// www.ombudsman.kz/kz/about/zakon.php
47. Нугманова К.Ж. Неправительственные организации - базовая основа гражданского общества// Политическое измерение гражданского общества: Монография.- Алматы, 2003.- С. 110-121
48. 2008 жылғы Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауынан үзінді
49. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы
50. Смирнова Н. Маслихаты и НПО - к системному сотрудничеству// Мысль.- 2006.- N 6.- С.29
51. Дидигова М.М. Региональная модель участия неправительственных организаций в политических процессах Центральной Азии// Роль неправительственных организаций в развитии гражданского общества в Казахстане: Халыќаралыќ єыл. конф. материалдары = Материалы междунар. Науч.конф.
52. Жакупова Г. Роль неправительственных организаций в сфере реализации современной молодежной политики государства// Саясат.- 2007.- № 6.- С. 12-14
53. Жакупова Г. Власть и НПО: модель ответственности// Мысль.- 2008.- № 6.С.58-62
54. Алматы қаласы Маслихатының шешімімен 2005 жылы 27 сәуірде бекітілген «Алматыдағы ҮЕҰ-ды мемлекеттік қолдау бағдарламасы»
55. Роль третьего сектора в решении социальных задач города Алматы [Текст] [Текст]: Материалв семинара, проведенного 3-4 февраля 2006 г / Алматинская конфедерация неправительственных организаций (АКНО)"Јріптес"; Авт. и сост.:Л.Ахметова, А.Балаева, Д.баранова и др.- Алматы,2006.- 56 с.; 21 см.
56. Ахметова Л., Ахметов С. НПО и государство: Н-537 социальное партнерство// Неправительственный сектор Алматы.- Алматы, 2006.- С.38
57. Канкенова И. КНОК: Новые ориентиры// Казахст. правда.- 2007.- 18 янв.- С.3
58. Муканова А. Роль политических партий, неправительственных организаций (НПО) и средств массовой информации (СМИ) в становлении гражданского общества в Республике Казахстан [Текст]// Образование в области прав человека в Республике Казахстан: Материалы междунар. конф. 31-окт.-1 нояб. 2000 г.- Астана, 2000.- С.28-30
59. Сулейменова А.Е. Неправительственные организации РК в сфере творчества: На примере Союза композиторов Казахстана// Материалы междунар. науч.-практ. конф. , посвящ. 60-летию Каз. Нац. консерватории им. Курмангазы (8-9 дек. 2004 г.)/ Сост.:А.К.Омарова, К.М.Сахарбаева.- Алматы, 2005.-С.388-391
60. Казанцева О. Размышления о непонятном: О законопроекте регулирующей НПО// Казахст. правда.- 2005.- 28 июля.- С. 3
61. Марц Г. О некоммерческих организациях: О законе регулирующие отношения, возникающие в связи созданием, деятельностью, реорганизацией и ликвидацией некоммерч. организации// Юрид. газета.- 2005. - 16 сент. - С. 4
62. Ахметова Л. Неправительственный сектор: вчера,сегодня, завтра// Неправительственный сектор Алматы.- Алматы, 2006.- С.10-20
63. Морозов А.А. Роль и место НПО в Казахстане сквозь призму мирового опыта// ANALYTІC. Аналит. обозрение.- 2002.- N 4.- С.14-16
64. Лаумулин М.Т. Деятельность государственных и неправительственных организаций США в РК// Лаумулин М.Т. Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике.- Алматы, 2006.- Т.2.- С.272-289
65. Жиренчин К. Ответственность свободы: О деятельности НПО// Казахст. правда.- 2005.- 19 июля.- С.1,2
66. Государство и НПО в Казахстане: опыт и формы взамодействия.- Астана, 2003.- 98 с.
67. Жаркынбаева Р.С. Роль НПО Центральной Азии в социальной стабилизации общества// Білім = Образование.- 2007. - N 1. - С.86-91.
68. Азбергенов А.Роль НПО в период выборов Президента Республики Казахстан// Неправительственный сектор Алматы.- Алматы, 2006.- С.5-9
69. Курятов В. На первом плане - "третий сектор"//Казахст. правда.- 2007.- 19 окт.- С.2
70. Максимихина Т. НПО : практика социального заказа// Прикасп. коммуна.- 2006. - 26 янв. - С. 6

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар факультеті

Халықаралық қатынастар және ҚР сыртқы саясаты

Бітіру жұмысы

Қазақстандағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдар: әлемдік тәжірибе

Орындаған 4 курс
студенті

Ғылыми жетекші

Норма бақылаушы

Кафедра меңгерушісінің __________________
рұқсатымен қорғауға жіберілді (қолы, күні)

МАЗМҰНЫ

КІРІСПE ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮКІМЕТТІК
ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РӨЛІ

. 1.1 Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу мәселелері және үкіметтік емес
ұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

1.2 Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың құрылу тарихы ... ... ... ... ... 15
.
. 1.3 ХХ - ХХІ ғ. басындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың
халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24

2 ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ

2.1 Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар және әлеуметтік-саяси
мәселелер

мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

2.2 ҮЕҰ және қоғамдық пікір ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43

2.3 Алматы қаласындағы саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды
сараптаудағы ҮЕҰ-дың рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .55

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57

КІРІСПЕ

Бітіру жұмысының өзектілігі: Халықаралық қатынастар жүйесінде азаматтық
қоғамның атқаратын рөлі өте жоғары. Азаматтық қоғам бірлестіктерді,
қорларды, ұйымдарды, кәсіподақтарды, ҮЕҰ-ды құрайтын жүйе. Соның ішінде
халықаралық үкіметтік емес ұйымдар азаматтық қоғамның ажырамас элементі
болып табылады. Үкіметтік емес ұйымдар билік санаспай отыра алмайтын үлкен
қоғамдық күш болып табылады. Олардың қалыптасуы мен дамуы үшін БҰҰ,
Дүниежүзілік банк, Еуропа одағы және т.б. сол секілді халықаралық
үкіметаралық ұйымдардың қолдау көрсетуі де аса маңызды болып табылады. ҮЕҰ
туралы заңдардың дамуын айтар болсақ, азаматтардың саяси партиялар мен
кәсіби одақтардан ерекшеленетін ерікті ұйымдарға бірлесу құқығы, өз
мүдделерін қорғау үшін оларға мүше болу құқығы туралы БҰҰ-ның Адам
құқықтарының Жалпыға бірдей Декларациясына және адамның негізгі құқықтары
мен бостандықтарын қорғау бойынша Еуропалық Конвенциясына енгізілген [1, 23-
бап].
Көптеген мемлекеттердің үкіметтері мен парламенттері осы шарттарды
басшылыққа ала отырып, ҮЕҰ-дың іс-әрекеті туралы заңдарды қабылдайды.
Қазақстан Республикасы да осы заңдар негізінде мемлекеттегі барлық
үкіметтік емес ұйымдарды бақылап отырады. Оған дәлел ретінде 1995 жылдың 30
тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының
Азаматтық Кодексі (үзінді), Коммерциялық емес ұйымдар туралы 2001 жылғы
16 қаңтар №142-11 Қазақстан Республикасының Заңы, Қоғамдық бірлестіктер
туралы 1996 жылғы 31 мамыр №3-1 Қазақстан Республикасының Заңы, Діни
сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы №1128-12 1992 жылғы 15
қаңтар Қазақстан Республикасының Заңы, Гранттарды беретін халықаралық және
мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және
қорлардың Тізімін бекіту туралы 2001 жылғы 28 желтоксан №1753 Қазақстан
республикасы Үкіметінің Қаулысын жатқызуға болады. Бұл заңдар халықаралық
заңдардан алынып, ұқсатылып жасалғандықтан Қазақстан басқа алпауыт
мемлекеттер cекілді үкіметтік емес секторларды дамытуға күшін салуда. Бір
айта кетерлігі тіпті жоғары дамыған мемлекеттердің өздері ҮЕҰ-ға мұқтаж
және мұқтаж болғандықтан да біздің мемлекет олардың дамуына ат салысуда.
Тақырыптың негізгі өзектілігі де осында жатыр.
Сонымен қатар, Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың қазақстандық
қызметіндегі ғылыми жұмыстың өзектілігі бұрын өткізілген ғылыми
ізденістерге қарамастан, қазіргі кезде Халықаралық үкіметтік емес
ұйымдардың қызметі және олардың Қазақстандағы ықпалы туралы бірыңғай
пікірлердің жоқтығы, өйткені өкіметтің әр тұлғасы әртүрлі көзқараста, ХҮЕҰ-
дың Қазақстанмен қарым-қатынастарының формасы мен жолдары нақты
зерттелмеген және олардың мемлекеттегі белгілі мәселерді шешудегі бағыттары
мен даму перспективасы толықтай анықталмаған. Қазіргі таңда халықаралық
құқықта ресми түрде ХҮЕҰ-дың құқықтық субьектілігін мойындайтын нормалары
жоқ болғандықтан халықаралық саладағы шетелдік зерттеушілердің аздығы, олай
болса бұл саладағы Қазақстандық зерттеушілер де аздығын көрсетеді.
Тағы бір айта кететін жайт, көптеген халықаралық үкіметтік емес ұйымдар,
мемлекеттік үкіметтік емес ұйымдар Алматы қаласында орналасқан, осы Алматы
қаласында өткізілген сараптамалық зерттеуде көпшілік бұқараның үкіметтік
емес ұйым деген қандай екенін, тіпті кейбіреулердің ҮЕҰ деген тіркесті
мүлде естімегендері анықталған болатын, сол себепті де бітіру жұмысының ең
басты өзектілігі қазақстандықтарды үкіметтік емес сектормен және олардың
қызметтерімен таныстырып, кейбір тұлғаларға пайдалы мәліметтерді барынша
жеткізудегі жасалған еңбек болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Халықаралық Үкіметтік емес
ұйымдар шеңберіндегі Қазақстандық тәжірибені талдау. Осы мақсатқа жетуде
автор алдына төмендегі міндеттерді қояды:
1.Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтардың мүдделерін қанағаттандыру
мақсатында құрылғандығын және олардың тәжірибелік модельдерін анықтау және
БҰҰ, Дүниежүзілік Банк, Еуропа Одағы ҮЕҰ-дың дамуына қолдау көрсетуін
талдау.
2.Қазақстандағы халықаралық және мемлекеттік үкіметтік емес ұйымдардың
жұмыстарын саралау.
3. Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2006-2011 жылға арналған
бағдарламасының маңызын анықтау.
4. Барлық үкіметтік емес ұйымдарды әлеуметтік маңызы бар бағдарламалар мен
шешімдер жасалу процесіне қатыстыруды ұйымдастырудағы Қазақстан өкіметінің
рөлі.
5. Қазақстандағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың тәжірибелік
бағыттарын сараптау.
6. Қазақстан мен халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың ынтымақтастық
бағыттарын қарастыру.
Бітіру жұмысының деректік негіздері: Қазақстандағы Үкіметтік емес
ұйымдардың аспектілеріне арналған тақырыптың деректік көздерін төмендегідей
алты топқа бөлуге болады:
Зерттеу көздерінің бірінші тобын халықаралық және мемлекеттік құжаттар
құрайды. Оларға: 23.05.1968 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясы,
27.02.1950 жылғы ЭКОСОС резолюциясы, Коммерциялық емес ұйымдар туралы
2001 жылғы 6 қаңтар № 142-11 Қазақстан Республикасының Заңы, Қоғамдық
бірлестіктер туралы 1996 жылғы 31 мамыр №3-1 Қазақстан Республикасының
Заңы, Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы №1128-12 1992
жылғы 15 қаңтар Қазақстан Республикасының Заңы, Гранттарды беретін
халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік үкіметтік емес қоғамдық
ұйымдардың және қорлардың Тізімін бекіту туралы 2001 жылғы 28 желтоксан
№1753 Қазақстан республикасы Үкіметінің Қаулысы жатады
Деректік көздерінің екінші тобына Қазақстан Президенті мен Ішкі
саясат департаментінің баяндамалары, 2008 жылғы халыққа жолдауындағы
айтылған сөздері, ірі үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің сөйлеген сөздері
және әртүрлі ақпарат құралдарына берген сұхбаттары кіреді. Олар берілген
жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін құрайды.
Зерттеу жұмысында қолданылған деректердің үшінші тобын Қазақстанның
үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға қатысты бағдарламалары құрайды. Оларға
2003-2005 жылға арналған үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау
бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 30 наурыздағы
№ 80 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008
жылдарға арналған бағдарламасы, коммерциялық ұйымдарды мемлекеттік
қолдаудың 2006-2011 жылдарға арналған бағдарламасы жатады.
Ал деректердің төртінші тобын отандық және шетелдік мерзімді
басылымдар. Ондай мәліметтер Қазақстанның Егемен Қазақстан,
Казахстанская правда, Огни Алатау, Комсомольская правда, Панорама
газеттерінде және, Саясат, Спектр развития, Центральная Азия и
Кавказ, Казахская цивилизация, Прикаспийская коммуна, Страна и мир,
Континент журналдарында бар. Ал Ресейдің Азия и Африка сегодня,
Известия, Аргументы и факты, Независимая газета газеттері мен
Проблемы Дальнего Востока, Мировая экономика и международные отношения,
Нефть и газ журналдары пайдаланылды
Академиялық деректер, мемуарлык әдебиеттер және деректер ретінде
Н.Назарбаевтың енбектері дерек ретінде пайдаланылды
Зерттеу жұмысында пайдаланылған деректердің бесінші тобын Қазақстан
және АҚШ БАҚ мен басқада ақпарат агенттіктерінің хабарлары құрайды. Мұндай
ақпарат агенттіктердің қатарында Қазақстанның ИИР агентігі, Интерфакс-
Казахстан, Ресейдің Новости, ИТАР-ТАСС агенттіктері бар. Ақпарат
агенттіктерінің хабарлары, негізінен, интернет желісінен алынған.
Ғылыми жұмыстын деректік негізі тақырып жағынан топтастырылды.
Деректерді пайдалану жұмыстың алдына қойған мәселелерді мейлінше толық
зерттеуге және жұмыстың мақсаттары міндеттерін ашуға мүмкіндік бергені
сөзсіз.
Алтыншы топқа заңнамалық, нормативтік-құқықтық сипаттағы құжаттар
құрады. Бұл топқа Қазақстан Республикасының Конституциясы кіреді.
Стратегиялық құжат ретінде АҚШ-тың жылдық Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі
стратегиясы да қолданылды, мұнда үкіметтік емес ұйымдарды қолдау керектігі
туралы айтылып кетеді.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының теориялық
негізін ресей және қазақстандық ғалымдардың ғылыми қорытындылары құрайды.
Бітіру жұмысында ҮЕҰ-дың тарихи қалыптасуындағы оқиғаларға және сан-салалы
мемлекетаралық құжаттарға жинақтау, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды.
Сонымен қатар кеңінен қолданылатын тарихи-салыстырмалы және жүйелеу
әдістері де зерттеу жұмысына арқау болды. Бұл әдістер қақтығысты жүйелі
түрде айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын ғылыми негізде жүйелеп,
оның нәтижесін шығару үшін, сол арқылы баяндау, талдау және болжау түрінде
негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін ғалымдар әртүрлі әдістерді зерттеген.
Тақырыпты ашуда батыс зерттеушілері, әсіресе қазақстандық тұлғадлардың
еңбектері өз үлестерін қосты. Олар зерттеудің билікті-элиталық,
плюралистік, ұйымдастырушылық-құрылымдық, рационалды, бюрократиялық-саяси
модельдерін ұсынып, сыртқы саясат пен халықаралық қатынастарды зерттеу мен
талдаудың көптеген әдістемелерін дамытқан.
Берілген зерттеу жұмысының тақырыбын ашуда негізгі әдістеме ретінде
жаңа құрылымдық функционализм қолданылады. Саяси құбылыстар субъектілер
арасындағы өзара әрекеттің байланысына және оның сипатына құрылым
деңгейінде баға беруді талап етеді. Сондықтан халықаралық қатынастар мен
мемлекеттің сыртқы саясатын зерттеудің едәуір қажетті әдістемесі дәстүрлі
және рационалды әдістерді қамтитын жаңа геосаясат болып есептелінеді.
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі. Халықаралық қатынастардағы
Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдардың ролін дұрыс анықтау үшін,
Қазақстанда қазіргі кездегі қандай халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бар
екенін және олардың қандай қызмет атқаратыныны туралы еңбектерді бірінші
атау қажет. Олардың ішінде Қазақстандық тарихнамадағы тұлғалардың
еңбектерін жиі пайдаланылды: К.Ж. Нугманованың, Г.К.Жакупованың,
Г.Лаумулиннің, Л.Ахметованың, С. Ахметовтың, Д.Шороховтың,
А.Азбергеновтың мақалаларын, еңбектерін және Алматы қаласы әкімшілігінің
ішкі саясат департаментінің әдістемелік құралын, олардың семинар өткізген
материалдарын атауға болады.
Ресейлік ғалымдар Орта Азиядағы халықаралық әсіресе, АҚШ-тың үкіметтік
емес ұйымдарына көңіл бөлген болса, мәселен, И.И Коволенко халықаралық
үкіметтік емес ұйымдардың сипатын, тарихын, А.Х Абашидзе, И.П Блишенко
үкіметтік емес ұйымдарды жалпылама қарастырса, отандық авторлар көбінесе
Қазақстандағы шетелдік және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың атқарып
жатқан мақсаттарына, қызметтеріне, көзқарастарына, қандай салада жұмысты
белсенді атқаратынына назар аударады.
Бітіру жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан тұрады.

Бірінші тарау Қазіргі халықаралық қатынастар жүйесі және халықаралық
үкіметтік емес ұйымдардың рөлі деп аталады Бұл тарауда автор төмендегідей
мәселелерді қарастырады:
• Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу үрдістеріне үеұ-дың ықпалы
• ХҮЕҰ құрылуы және БҰҰ жанындағы ЭКОСОС, ЮНИСЕФ
Үкіметтік емес ұйымдардың Қазақстандағы қызметі деп аталатын екінші
тарауда біз келесі мәселелерді талдаймыз:
• Қазақстандағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік-
экономикалық мәселердегі мониторингі
• Алматы қаласындағы үкіметтік емес ұйымдар рөлі
Қорытынды бөлімде автор өз ұстанымдарын және жеке пікірлері мен
ұсыныстарын тұжырымдайды. Бітіру жұмысы 60 беттен тұрады.

1. ҚАЗІРГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮКІМЕТТІК
ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ РӨЛІ

1. 1 Жаңа әлемдік тәртіптің қалыптасу мәселелері

Қырғи-қабақ соғыстың аяқталуы сол кездегі әлемдік тәртіптің аяқталуына
әкелді. Әлемде сәл болса да қауіп азайды, ядролық қауіп төмендеді. Кеңес
Одағының құлауында, жаңа тәуелсіз мемлекеттердегі Балқандағы және басқа
жерлердегі этникалық қақтығыстарда жаһандық сипаттағы жалпы бағыттар пайда
болды:
• Қоғамға белгілі бір тұтастықты ұстауға мүмкіндік берген құнды бағыттардың
құлдырауы мен тіпті жоғалуы. Бір жағынан идеологиялық жүйенің құлауы
нәтижесі, бір жағынан бұрынғы этикалық сенімнің жойылуы, үшіншіден, саяси
жүйе мен саясаттағы көңіл қалушылық.
• Қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарының енуімен экономикалықөсудегі және
материалдық жабдықтанудағы бір бағыттылық.
• Жаңа шарттар мен талаптарға жауап бере алмайтын мемлекеттік-саяси
институттарда қалыптасқан дағдарыс.
• Жекелеген мемлекеттердегі және олардың арасындағы шиеленістердің пайда
болуы. Ресурстардың теңсіз бөлінуі және т.с.с.
Бұған дейін бұл тенденциялар екі әлемдік жүйелердің қайшы келуі
жағдайында блоктық тәртіпті ұстанған. Бұл қарама-қайшылықтың тоқталуы мен
бір ұлы державаның құлауы ұлтшылдық пен сепаратизмнің анық және жасырын
күштерінің шығуын анықтады. Осы күнгі жергілікті жанжалдар мен соғыстардың
өршуі кездейсоқ емес, жалпыәлемдік жағдайлардың айқындалуы болып табылады.
Халықаралық жүйе дағдарысы жаңартудың қарама-қайшы салдарынан ұлғайды.
Модернизация барысындағы әртүрлі мәдениеттердің қақтығыстары әртүрлі
қауымдар арасында шиеленіс тудыра бастады. Модернизация жалпы зорлық-
зомбылықтармен бірге жүзеге асырылып келеді. Қырғи-қабақ соғыстың
тоқтатылуы шиеленістердің пайда болуының азаюына емес, керісінше көбеюіне
әкелді: 1995 жылдың ортасына қарай жер бетінде 43 соғыс болып өтті, ал
қазіргі уақытқа дейін қаншама?!
Халықаралық жүйе дағдарысы экономика және экология тоғысындағы жаһандық
мәселелерімен күшейе түсуде.
Бүгінгі күні біз жалпыәлемдік тарихы барысындағы ең қатты бетбұрыстарды
бастан өткізіп жатырмыз. Экономика, мәдениет, саясат, адамның физикалық
және тухани денсаулығына байланысты күйзелтуші үрдістер әлем бейнесін
өзгертті. Өркениеттер дағдарысы барысындағы сақтау, аман қалу мәселесі
бүкіл әлем халқының тікелей міндеті болып табылады. Әлем ғалымдары үрейді
бұрыннан бері ескертіп келеді. Өз уақытында атақты болған іргелі
жұмыстардың біріне жаһандық мәселелерді зерттеу бойынша халықаралық
ассоциация Рим Клубын айтуға болады. Ол 1968 жылы италян фирмасы Фиат
және германдық концерн Фольксвагенверкпен құрылған. Рим клубы
қатысушылары болашақ жобасын жасауға, оның ішінде, жалпыадамдық
құндылықтарды: бейбітшілікті, экономикалық әл-ауқаттылықты, әлеуметтік және
саяси әділеттілікті, экологиялық тепе-теңдікті жүзеге асыруда өз күштерін
жұмылдырды. Олардың жұмыстарына: Өсудің шектері \Д.Л. Медоуз және оның
жұбайы\ , Г.Канның Алдағы 200 жылдық. Америка үшін және әлем үшін
көрініс, Әлемдік экономиканың болашағы \жетекшісі В.Леонтьев\, А.
Печчеидің Адамдық қасиеттер, байлық және әл-ауқаттылық туралы диалог
\жетекшісі О.Джиарини\ және т.б жатады. Бұл еңбектер үлкен резонансқа ие
болды, бірақ батыста да, шығыста да ешқандай тәжірибе түрінде жүзеге
асырылмады. Әлемдік тәртіп проблематикасын зерттеуді алғаш бастаған
академик Сахаров болды: Размышления о прогрессе, мироном существовании и
интеллектуальной свободе деген еңбегі батыста да, шығыста да атаққа ие
болды және ЛУОМР бағдарламасы қатысушыларының көңілін аудартты. Ол екі
негізгі тезистердің ашылуына байланысты болды:
• Адамзат басының бірікпеуі оның апатқа тап болуына әкеп соғады.
Өркениетке қауіп төндіреді: жаппай термоядролық соғыс; адамзаттың
көпшілігі үшін ашаршылық; көпшілік мәдениеттің ақымақтыққа салынуы
не ақылсыздық жасауы; жауыз демагогтардың билігіне ілескен бұқаралық
мифтердің таралуы; планетадағы тіршілік жағдайлырының тез өзгеруі
нәтижесіндегі құлдыраулар мен апаттар. Тек интелектуалды \парасатты
не рухани\ еркіндік жағдайындағы жалпыәлемдік ынтымақтастық қана
өркениеттің сақталу мүддесіне жауап береді.
• Адамзат қоғамына интеллектуалды \рухани\ еркіндік керек – ақпаратты
тарату және алу еркіндігі, кез келген қиын мәселелерді батылдықпен
және көп жақты пікірмен талқылау еркіндігі, авторитет және соқыр
нанымға қысым жасалудан еркіндік. Бұл – саясатқа, экономикаға,
мәдениетке деген ғылыми-демократиялық тәсілдің жалғыз кепілі.
Мәселен, 1992 жылы Рио–де–Жанейродағы БҰҰ шеңберінде өткен қоршаған орта
туралы әсер етерлік конференциядан кейін де ешқандай қам істеушілік
байқалған жоқ. Ал конференцияның маңызды қорытындысы адамзат үшін маңызды:
егер адам баласы жер бетінде өмір сүргісі келсе, ол тарихи жақын мерзімде
өзінің құндылықтарын және қоғамдық-саяси және мемлекеттік құрылысын қайта
құруға міндетті.
Өзіндік табиғаты бойынша, өркениеттің құлдырауы мәнді шекпен және қарама-
қайшылықты антогонистикалық қоғамға байланысты, мәселен, иесіздендіру мен
өзін иесіздендіруі, тұратын ортаға пайдакүнемдік қарым-қатынаста болуы,
халықаралық қатынастарда күш принципін билеуі болып табылады. Адамзаттың өз
іс-әрекеттері адамзат тіршілігіне зиян келтіруде. Бұл жағдайда ұлттық
масштабта жиылған мәселелерді шешу мүмкін емес. Дегенмен, мемлекеттер мен
халықтардың күшін біріктіруге әлі де тиімді механизмдер жасалған жоқ. Ол
механизм әскери, экономикалық, саяси сипаттағы жаһандық апаттардың алдын
алу құралы болуы керек.
Барлық мәселелерді шешу әлемдік саясаттың, қоғамдық сананың, қоғамдық
стиль мен мазмұнының батыл және тиімді түрде жаңартылуын талап етеді.
Көпшілік жаңа әлемдік тәртіптің сараптамалық концепциялары мына түйінге
сүйенеді:
• әлемдік бірлестік функционалды түрде өзара байланысқан біртұтас жүйені
білдіреді \оған жергілікті қауым, мемлекет-халықтар, аймақтық
бірлестіктер, трансұлттық корпорациялар кіреді\.
• ХХ ғасырда, әсіресе, ядролық дәуірдің басталуымен адамзат бірінші рет кез
келген жеке мүдделерденден \ұлттық, әлеуметтік, конфессионалдық\ де жоғары
ортақ мүддесі пайда болған жағдайда болып қалды.
• ортақ мүдделер бейбітшілік, экономикалық амандық, әлеуметтік және саяси
әділеттілік, экологиялық қауіпсіздік сияқты жалпы маңызға ие болған жаңа
жүйеде моральдық санкцияларды алады.
• Мүдделер мен құндылықтар жалпы мақсаттар сияқты анықталуы мүмкін.
Негативті бағыттар мен қауіптер өсіп келуде, бұл бақылау жүргізудің
бытыраңқылығын білдіреді. Халықаралық және жаһандық бақылау дегенде
тіршілік ортасының дамуын тұрақтандыру және жалпыәлемдік қауіпсіздік үшін
қолайлы жағдайлары қамтамасыз етуде бақылау жасайтын әдістер мен
институттар деп қарастырылады.
Жаһандық бақылау элементтері бар, олардың негізгілері:
• Мемлекеттер мен халықаралық жүйенің басқа қатысушыларының тәртіп
ережелерін және қағидаларын анықтайтын халықаралық құқық;
• Егеменді мемлекеттердің өкілеттік беруі негізінде құрылған және қызмет
атқаратын үкіметаралық ұйымдар: олар әлемдік бірлестіктің жалпы
мақсаттарын тұжырымдайды және оларды әлемдік саясатқа кіргізуге икемді;
• Халықаралық құқықтың нормативтік талаптарын бақылауда үкіметаралық
ұйымдар тарапынан бақылау жатады және оған осы талаптарды бұзатын
мемлекеттерге қатысты ұжымдасып жасайтын ұйымдар да кіреді.
• Үкіметаралық ұйымдармен жүзеге асырылатын және үйлестірілетін шаралар
бейбітшілікті сақтауға, халықаралық қауіпсіздікті жүзеге асыруға, қару-
жарақты бақылау мен қарусыздандыруға, стихиялық жағдайларға және ірі
апаттарға қатысты гуманитарлық көмек көрсетуге
• Ұлы державалардың көшбасшылығы әлемдік қауымдастық алдындағы
мәселелерді шешудегі үкіметаралық ұйымдардың маңызды тірегі болып
табылады
• Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар, бұл ұйымдар да маңызды рөл
атқарады.
Қазіргі таңда ХІХ және ХХ ғасырдағы державалардың концертінен
ерекшеленетін полицентризм бастауымен жаңа әлемдік тәртіп құрылуда. Бұл
үрдістің негізгі бағыттары мыналар:
• Бүкілпланетарлық масштабтағы полиценристік
• Қырғи-қабақ соғысы барысындағы геосаяси күштердің иерархиялық
құрылыстарының жаңа түрге өтуі байқалады.
Оның маңызы неде? ХІХ ғасыр аяғында АҚШ мемлекеттік хатшысы былай
тұжырымдаған: Жерорта теңізі - өткен кездегі. Атлант мұхиты – қазіргі
кездегі. Тынық мұхиты – болашақтағы мұхит . Қазір азиат-тынық мұхит
аймағы қуатты әлемдік күшке айналып бара жатыр. Қазіргі жағдайда әскери күш
емес, кономикалық күш маңызды күш болып табылады. Биполярлы
тәртіптің құлдырауы соғыстан кейінгі маңызды қағидаларының бұзылуына әкеп
соқты – шекаралар мызғымастығын мойындау, оның ішінде, Германияның бірігуі,
Югославия, Чехословакия, КСРО-ның құлдырауы. Бүгін халықаралық қатынастар
жүйесінің басты міндеті – жанжалдарды шешу жолдарын қарастыру болып
табылады. Ол жаңа әлемдік тәртіпті қайта орнатуға мүмкіндік береді [2].
Көпшілік отандық және шетелдік сарапшы мамандардың мақұлдауы бойынша
2001 жылғы 11- ші қыркүйектегі және Ауғанстандағы антитеррорлық әрекеттер
әлемдік саясаттың биік шыңы және ескі тәртіптің құлауы мен жаңа тәртіптің
орнауындағы қуатты катализаторы болып табылды. Дегенмен, қыркүйек оқиғасын
жаңа әлемдік тәртіптің орнауы деп асыра айтудың қажеті жоқ. Қазіргі күндері
лаңкестік акттен кейін біраз жылда өтті, содан кейінгі екі жағдайды атап
өткен жөн: біріншіден, қазіргі кризис, екіншіден, құрылып жатқан
халықаралық қатынастардың негізі мен қағидаларының толық алдын ала
айтылмағандығы.
Біз ескі әлемдік тәртіпті айтып кеткенді жөн көріп отырмыз. Әрине,
қыркүйек оқиғасы болатынын ешкім ойламады, бірақ, біз қазіргі кезде қырғи-
қабақ соғысынан кейін орнаған жаңа әлемдік тәртіптің құлағанын нақты айта
аламыз. Бұған дәлел ретінде мына факторларды айта аламыз: АҚШ-тың
билеуімен құрылған бірполярлы жүйе ХХІ ғасырдың алғаш жартысында
халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды, тіпті АҚШ-тың өзінің де
ұлттық қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алмайды. Оған Сауда үйінде болған
ланкестік акт куә.
НАТО-ның өзінде біршама ел мүше бола тұрып, әскери мақсаттарын нақты
орындай алмады, терроризммен күресуге шамасы келмеді.
11-ші қыркүйектегі оқиға Біріккен Ұлттар Ұйымына және халықаралық
қатынастардың басқа ұйымдарына да зардап әкелді, мәселен, ЕҚЫҰ.
Сонымен қатар, бүгінгі таңдағы жағдайларды қарастыруды жөн көріп отырмыз:
Біріншіден, басты актор АҚШ-тың әрекеті. Бұған әлі ораламыз. Екіншіден,
Қытай Халық Ресбупликасының саясаты. Қытай әлемдегі барлық жағдайларды
пайдаланып, өзіне пайда табу мақсатында өзінің ұстамды саясатымен, елді бұл
жағдайлардан шығарып алуға қабілетті. Үшіншіден, ислам әлемі, ол өз елдерін
өркениетті субъект ретінде танытып отыр. Ислам әлемі жаңа әлемдік тәртіпке
кедергі болмақ, егер батыс орнатқысы келіп отырған әлемдік тәртіп олардың
сыртқы саясатына кедергі болатын болса. Таяу Шығыстағы өзара жанжалдардың
әсері өте қатты: Израиль мен Пәкістан, Үндістан мен Пәкістан және солар
сияқтылар.
Сонымен қатар, Орталық Азиядағы бауырларымыз Өзбекстан мен
Тәжікстандағы мұсылмандардың көңіл-күйін халықаралық қатынастарда
қарастырған жөн. Антитеррорлық әрекеттердің жалғаса беруі,
американдықтардың әскери базаларды орнатуы ислам уммасының
радикализациялануына әкелмек.
Дегенмен, жаңа әлемдік тәртіпті орнату не Орталық Азиядағы жағдайды
тұрақтандыру үшін Талибанды әскерлер арқылы ойрандату мүмкін емес.
Ауғанстандағы барлық
талибтардың көзін құртқанымен, ол одан әлсіремейді, керісінше, кұш жинап,
әлемдік соғысқа ұласып кетуі мүмкін.
Тағы да халықаралық террористік акт ретінде иратық Күрдістанды алуға
болады.
Сонымен бірге, нақты анықталмаған екі шешуші мемлекет: Иран мен Иракты
атап кеткен жөн. Біріншісі, жеткілікті әрі қуатты әскери қарулармен және
американдықтардың берген бағасы бойынша, бактереологиялық және химиялық
қарулармен қамтамасыздандарылған.
Әрине, террористік акттерді ислами жамағаттан көрмеген дұрыс деп
ойлаймын. Өйткені ислам шариғатында терроризмге жол беру жоқ, әрі оған
тыйым салған, егер исламға қарсы шығып тұрған күштер анық байқалса ғана
соғысуға рұқсат етілген. Терроризм деген кезде, біз АҚШ-тың өзінен бастап
талқылағанымыз дұрысырақ. Террористерге АЭС не химиялық зауыт тұрғанда,
Сауда үйі маңызды болғаны қызық.
Халықаралық терроризмнің пайда тууына не себеп болу мүмкін? Орыс
ғалымдарының ойынша терроризмнің пайда болуы жаһандану үрдісіне қатысты
пайда болған сияқты. Ғаламдық әлемнің мемлекеттердің көпшілігіне, әсіресе
дамып келе жатқан немесе өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан біз сияқты
мемлекеттерге көптеген мәселелер тудырып отырғаны анық. Ғаламдық әлемге
кірудің дұрыс формуласын табу, оған бейімделу, ғаламдық бәсекелестік
күшейіп жатқан кезде әлемдік экономикалық және саяси тәртіпте өзіне тиімді
ұстанымды иелену - өте маңызды мәселе. Бірақ ол үшін ең алдымен ғаламдану
үрдісінің мәні мен ерекшеліктерін түсінуге тырысу керек.
Бүгінгі күні ғаламданудың бірегей анықтамасы жоқ, бұл үрдіске қатысты
көптеген әр түрлі көзқарастар бар. Британ экономисті Р.Робертсон
ғаламдануды халықаралық деңгейдегі әр түрлі факторлардың: экономикалық және
саяси байланыстардың мәдени және ақпараттық айырбастың және т.б. жекелеген
мемлекеттердің әлеуметтік өміріне өсіп жатқан әсер ету үрдісі деп
түсіндіреді.
Ресей саясаттанушысы К.Гаджиевтің көзқарасы да қызық: ғаламдану деп бір
жағынан, әлемнің басқа бөлігінде болып жатқан оқиғалар адамдардың
күнделікті қызметіне ықпал ететіндей, екінші жағынан, жергілікті қауымдар
әрекеттерінің маңызды ғаламдық салдарлары болатындай, уақыт пен кеңістікте
әлеуметтік байланыстар мен институттардың кеңеюі мен тереңдеуін түсінеді.
Жалпы ресейлік аналитикалық ой үшін ғаламдануға жағымсыз қатынас тән
сияқты. Ресей саясаттанушысы А.С.Панарин өзінің Искушение глобализмом
атты монографиясында ғаламдану үрдістерін үлкен сынға алады. Ол ғаламдануды
үшінші әлем мемлекеттері үшін, дамушы және транзитті мемлекеттер үшін
апаттық жоба ретінде көрсетеді. Ғаламдануды ол табиғи ресурстарды соңғы
қайта бөлісу ретінде, ол оның мақсаты ұлттық мемлекеттерден бұл ресурстарды
иелену құқығын экономикалық жағынан дамыған державалар, трансұлттық
корпорациялар пайдасына алып қою деп түсіндіреді. Мұндай қайта бөлісудің
нақты механизмдері: максималды түрде шикізат ресурстарды экспорттау,
капиталды шығару, экономика инфрақұрылымының жоқтығы, ұлттық элиталардың
халық мүдделерін сатуы, ұлттық мемлекеттілік пен дәстүрлі мәдениетті жою.
өкінішке орай, бұл талдау және пессимистік болжам көптеген ұстанымдар
бойынша өз дәлелін табады.
Алайда ғаламданудың бірыңғай жағымсыз жағын ғана қарастыру бұл күрделі
үрдістің біржақты түсінуі болар еді. Бұған байланысты ғаламдануды әлемнің
өзаратәуелділігінің, экономикалық, саяси, мәдени және басқа қатынастарының
өзарабайланысының тереңдеуі жағдайында мемлекеттер, аймақтар, халықтар,
халықаралық ұйымдар арасындағы күрделі және қарама-қарсы өзара
қатынастарының өте үлкен қарқындармен қалыптасып жатқан жүйесі ретінде
анықтауға болады.
Қазіргі әлем оның жекелеген бөліктерінің (мемлекеттер, аймақтар) жағдайы
тікелей ортақ ғаламдық жүйеге (әлемдік саяси және экономикалық конъюнктура
т.б.) тәуелді, ал ғаламдық жүйенің өзі тікелей оның бөліктері мен
элементтеріне тәуелді болатын бірыңғай ағзаға, біртұтас жүйеге айналуда.
Бұл – бір жағынан. Екінші жағынан, әлемдік жүйенің әрбір бөлігі басқа
бөліктеріне ықпал етеді және өзі олардың ықпалына түседі. Бұл кез келген
салаға – саясат, экономика, қауіпсіздік, ғылыми-техникалық, ақпараттық және
басқа салаларға қатысты.
Бүгінгі күні сыртқы әлем ықпалын азайтатын темір тор орнатып,
ғаламданудан бас тарту мүмкін бе? Теориялық жағынан мүмкін. Сонымен қатар
біз географиялық қоршауымызда сыртқы байланыстар мен сыртқы ықпалды
минимумға жеткізген арнайы тәртіптерді орнатқан мемлекеттердің мысалын
келтіре аламыз. Бірақ ғаламданудан бас тарту – мемлекеттер үшін жағымсыз
салдарлары бар қауіпті тұйық. Қазіргі әлем өте қарқынды дамуда, және бұл
үрдіс үздіксіз. Ғаламданудан бас тарту – басқа мемлекеттерден және жалпы
әлемдік дамудан саналы түрде артта қалу. әлемнен оқшауланып, өз арнайы
жолын таңдайтын мемлекеттер өздерін әлемдік периферийге қарай ығыстырады,
және болашақатағы пайда болатын алшақтықты жеңу өте қиын немесе тіпті
мүмкін емес. Мұндай мемлекеттердің болашағы жоқ десек асыра айтпаймыз. Бұл
жерде ғаламданудың ең маңызды мәселесі жатыр – одан темір тормен
оқшаулана алмайсын, сондай-ақ қазіргі ашық әлем беріп отырған
мүмкіндіктерді максималды түрде пайдалана отырып, әр түрлі құралдар
көмегімен оның кері ықпалын азайту қажет. Бұл мәселені дұрыс шешуден, дұрыс
стратегияны қабылдаудан көптеген мемлекеттердің, соның ішінде Қазақстанның
болашақ тағдыры тәуелді.
Әлемдік сахнада трансұлттық корпорациялардың рөлі жоғары бола
бастады. Мемлекеттердің дифференциациясы: бай және кедей мемлекеттердің
болуына байланысты, кедей мемлекеттердің бай мемлекеттерге әскери күші
түкке тұрмайды, сол себепті терроризмнің тәсілдеріне сүйенеді. Терроризнің
тууына тағы әсер ететің жағдай өркениеттік аспектілер. Американ өркениеті
батысқа қарай, ал радикалды ислам басқа жаққа қарай жатады. Бұл жерде
Хантингтонның ойымен келісуге болады. Халықаралық терроризмді өзіне
сіңіреген исламдық радикализмның пайда болуы батыстың бай елдері тарапынан
мұсұлман әлемін вестернизациялауға қарсылығының салдары. Бір жағынан
қарайтын болсақ, қыркүйек оқиғасы өркениеттер қақтығысы емес, өйткені
өркениеттер өзара ешқашан соғыспаған. Мәселен, крест жорығы кезінде, ислам
мен христиан арасында соғыс болмады. Қайткенменде, қыркүйек оқиғасында жаңа
әлемдік тәртіптің американоцентрлік концепциясына, бір полюсті жаһандануына
қатаң соққы бергісі келген бір күш тұр. Теракт нәтижесінде, американ
экономикасы төмендеуі шамамен 150 млн. долларды құрады. Тарихта бірінші рет
Америка елінің өз территориясы соққыға ұшырады [3].
Көптеген сарапшылардың айтуы бойынша, жаңа әлемдік тәртіптің орнауы үшін
дұрыс сәті АҚШ-қа қауіптің төнуі және оның алдын алуда жаңа күн тәртібін
жасап, Ресей және батыс арасындағы әріптестік қарым-қатынастарды нығайту
болып табылады.
Әлемдік тәртіптің бұзылуын 1999 жылғы НАТО-ның Югославияға агрессивті
түрде енуімен айтуға болады. 2001 жылғы лаңкестік акт 1999 жылғы оқиға
үлгісімен жасалған деп пайымдайды орыс сарапшылары. АҚШ тіпті
ішкімемлекеттік үлгіде де тергеу жүргізбеді және құқықтық жағынан Бен
Ладеннің кінәсы дәлелденбеді, Ауғанстанға да сол кезде әскер енгізуі де
дәлелсіз болатын. Орыс ғалымы Кочетовтың айтуынша, АҚШ өзінің
геоэкономикалық мүдделерін яғни Орталық Азия мен Таяу Шығыстың шикізат және
энергетикалық ресурстарын қажет ететін ірі корпорацияларын сақтау болып
табылады. Және біз де осы пікірді мақұлдаймыз [3] .
Сол себептен де әлемдік мәселелерді шешуде орыс ғалымдарының бірі Кортунов
былай деген: Қазіргі таңда талибтардың әскери куйреуіне қарамастан,
халықаралық террористер саяси да, идеологиялық жағынан да ұтылмады. Сол
себепті де олар бұрынғыдай АҚШ-қа қарсы исламдық наразылықты тасушылар
боп қала береді. Ислам әлемімен өзара сыйластық негізіндегі диалог – ХХІ
ғасырдағы халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шешуші алғышарты боп
табылады. Батысқа, ең алдымен, АҚШ-қа әлемнің әртүрлі өркениеттілігіне
төзімділік керек. Біз, осы ғалымның ойына қосыла отырып, мынадай шешімге
келуді жөн көрдік: Әлемдік тәртіпті орнатуда исламдық экстремизм, терроризм
келергі жасайды деп кінә таға бермей, исламды экстремистік және
террористік топтардан дұрыс ажырата білу керек және ислам әлемі елдерімен
дұрыс қарым-қатынаста болған жөн. Өйткені ешбір өркениет басқа өркениеттің
құндылықтарын қабылдағысы келмейді, АҚШ мұсылмандық өркениетті қаламаған
сияқты, ислам әлемі де батыстық өркениетті қабылдағысы келмейді.
Қазіргі халықаралық қатынастар теориясында әлемдік тәртіптің құрылымы
туралы әртүрлі ойлар қалыптасқандықтан, тәжірибе жүзінде бұл тақырып нақты
зерттелмеген. Сонымен қатар, жаһанданудың дамуына байланысты әлемдік тәртіп
тақырыбы өте өзекті болып табылады. Осы жаһандану барысында ұлттық және
аймақтық деңгейдегі экономикалық, экологиялық, азық-түліктік,
энергетикалық, ақпараттық, демографилық мәселелер жалпыға ортақ мәселеге
айналды. Жаһандық мәселелер ішінде шиеленіскен мәселе – ядролық соғыстар
мен экологиялық жағдайлар. Жаһандық мәселелерді шешуде жаңа экономикалық
тәртіпті орнату қажеттілігі туады. Сонымен қатар жаһандану секілді қазіргі
әлемнің негізгі сипаттарының бірі – барлық салалардың интернационалдануы,
әсіресе экономика саласында кең етек алған. Интернационалдандыру сәйкесінше
халықаралық финанстық ұйымдарды құрды: Халықаралық Қаржы Қоры, Халықаралық
Қайта құру банкі жәнә сәйкесінше, мемлекетаралық сауда-экономикалық
ұйымдарын құрды: Еуропалық экономикалық қауымдастық, еркін саудадағы
Еуропалық ассоциация, Солтүстік американдық біріккен қауымдастық және т.б
болды.
Шынтуайттап келгенде, жаңа әлемдік тәртіптің қалыптастуын екі кезеңге
бөлуге болады: 1990-2001 жылдар аралығы өйткені бұл уақытта кеңестік
тәртіптің құлдаруы және көптеген мемлекеттердің тәуелсіздік алуымен
айқындалды, 2001-қазірге дейінгі кезең АҚШ-тағы террорлық акт салдарынан
пайда болған тәртіптер және ол тәртіпті көптеген мемлекеттердің ұстануы.
Өзінің белгілі тәртіптерімен қазіргі әлем алып бір жүйені
құрайтындықтан ол өзара экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық, халықаралық
құқықтық, мәдени салаларда және басқа да салаларда байланысатын көптеген
мемлекеттерді қамтиды. Сонымен қатар, әлемдік қауымдастықтың ірі жүйелері:
Солтүстік \дамыған елдер\, Оңтүстік \дамушы елдер\, Батыс, Шығыс өзара
әрекеттеседі. Оған кіретін егеменді мемлекеттер аймақтық және екіжақты
сипаттағы әртүрлі топтарға, одақтарға бірігеді. Әлемдік қауымдастық
шеңберінде саясат, әлеуметтік, экономикалық даму, мәдениет, қарусыздандыру,
қауіпсіздік мәселелерімен айналысатын Біріккен Ұлттар Ұйымы \БҰҰ\,
мамандандырылған мекемелер, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес
ұйымдар қызмет жасайды. Мәдениет, ғылым және техниканың дамуына орай, ХХ
ғасырда алғаш рет тарихта интеграциялық үрдістер жүзеге асырыла бастады.
Әлем халықтары экономикада, ғылымда, мәдениетте, саясатта бір-бірімен
белгілі деңгейде қатынастар жасай бастады. Бұған әлемдегі әлеуметтік-
экономикалық және саяси өзгерістер әсер еткен болатын.
Қазіргі әлемнің сипатты ерекшеліктерінің бірі жаһандық мәселелердің
пайда болуы. Экономикалық, экологиялық, азық-түліктік, энергетикалық,
ақпараттық, демографиялық мәселелер ұлттық және аймақтық сипаттан барлығына
ортақ сипатқа айналды. Осы тұрғыда демократиялық әлемдік тәртіпті құру
перспективасына сай халықтар қозғалысы шыға бастады. Сонымен қатар,
антисоғыстық, экологиялық, жастар, әйелдер, адам құқығы мен еркіндігін
сақтаудағы қоғамдық-саяси демократиялық күштердің тез қарқынмен өсуі
әлемдік қоғамның демократиялануына әкелді. 1990 жылдары АҚШ-та
экономикалық, саяси және қаржы күштерінің орталықтары терең белең алған
болатын. Сонымен қатар, Еуропалық қауымдастықтар, жаңа индустриалды
елдердің күштері өзара ынтымақтасып, жиналып белгілі бір мәселелерін
қарастырып отырған. Ол күштердің қатарында халықаралық үкіметтік емес
ұйымдар да бар [4] .
Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар бітіру жұмысының негізгі мәселесі
болғандықтан бөлімде халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың да үлесі аталып
кетті. Бізге белгілі жайт, Кеңес Одағы құлдырағаннан кейін, әлемде ҮЕҰ-дың
саны да, рөлі өсе түсті, әсіресе, экономикалық, әскери жағынан күшейген АҚШ
тарапынан құрылған коммерциялық емес ұйымдар ХҮЕҰ туралы толығырақ
мәліметті келесі бөлімдерде тәмамдайтын боламыз.

1. 2 Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың құрылу тарихы

Халықаралық ұйымдар халықаралық өмірді тәртіпке салатын әртүрлі және
дамыған механизмдерге жатады. Халықаралық ұйымдар екіге бөлінеді:
біріншіден бірнеше мемлекеттердің халықаралық келісімдер негізінде құрылған
мемлекетаралық ұйымдар және екіншіден, мемлекеттердің ресми сыртқы
саясатынан тыс жеке не заңды тұлғалардың бірігуі негізінде құрылатын
үкіметтік емес ұйымдар. Сол үкіметтік емес ұйымдар біздің қарастыратын
тақырыбымыз болғандықтан, оның құрылу тарихына шолу жасап кеткен жөн.
Қоғамдық институтардың (үкіметтік емес ұйымдардың) құрылу тарихы тереңде
жатыр. Ежелгі қытайлықтар, үнділіктер мен мысырлықтардың өз қорлары болған.
Ондай қорлар ежелгі Греция мен Римде көп кездескен. Грецияда б.з.д. ҮІ
ғасырда Лакадем және Делосс симмактары деген атпен белгілі бола бастаған.
Олар халық пен өкіметті жақындастыру мақсатында жұмыс атқарған [5]. Ислам
әлемінде ондай қорлар Вакуф деген атпен көп кездесіп отырған. Араб
тілінен аударғанда бұл сөз азаматтық айналымнан алынып, мемлекет тарапынан
діни және қайырымдық мақсаттарда берілген дегенді білдіреді. Орта
ғасырларда батыста католик шіркеуі және жергілікті басқару орындары
қайырымдылық ұйымдардың қаржыларын монастырларды, құдайханаларды, жетімдер
үйлерін және мектептер мен ауруханаларды қамтамасыз етуге, көпірлерді және
маяктар мен жолдарды жөндеуге кең қолданған болатын.
Құлиеленушілік және феодалдық өндіріс пен монополистікке дейінгі капитал
заманында филантропия негізінен қанаушылар мен қаналушылар арасындағы
қоғамның мұқтаж бөлігінің қажеттіліктерін өтеуге арналған материалдық
игіліктер бойынша қарым-қатынастар, негізінен алғанда, экономикалық қарым-
қатынастармен шектеліп келген. Соңынан келе, филантроптық қорлар
әлеуметтік, экономикалық, саяси, идеологиялық және өзге де қызметтерге ие
бола бастады.
Тәуелсіз қоғамдық институттардың яғни үкіметтік емес ұйымдардың қызмет ету
мәнін түсіндіру үшін алдымен, азаматтық қоғамның пайда болуына және қызмет
ету мақсаттарына назар аудару қажет. Азаматтық қоғамның құрылуы мен дамуына
әсер етуші бірқатар себептер ішінен негізгі үшеуін бөліп айтуға болады:
біріші себеп – ол жеке меншіктік, екінші себеп – алғашқымен тығыз
байланысты болып келетін еркін нарықтық экономика. Демократия лық қоғам
өзге де бостандықтарымен қатар өз заңдарымен дамитын шаруашылық жүйені
білдіреді.Үшінші себеп – ол азаматтардың мүдделері мен қажеттіліктерін
барынша қанағаттандыруға тырысатын демократиялық қоғам. Ал ол
қызығушылықтардың көп және әртүрлі болғаны сонша, мемлекет іс жүзінде барша
қажеттіліктер туралы ақпаратқа ие бола алмайды. Сондықтан да, мемлекетті
тек мемлекетті құралдары мен күші арқылы ғана қамтамасыз етіле алатын
азаматтардың нақты қызығушылықтары туралы хабардар етіп отыру қажеттілігі
туындайды. Ал бұл болса, үкіметтік емес ұйымдар арқылы іс-әрекет еткенде
ғана тиімді болады [6].
Алғаш рет бұл ұйымдар ХІХ ғасырда пайда болды, соның бір көрінісі ретінде
16 еуропалық мемлекеттердің қатысуымен 1864 жылы 8-22 тамызда өткен Қызыл
Кресттің Женева конференциясында соғыс алаңындағы жарақаттанғандар мен ауру
адамдар жағдайын жақсартуға, көмек көрсетуге бағытталған Женева конвенциясы
қабылданды [8]. Ал осындай сияқты ұйымдардың санының өсуі қырғи-қабақ
соғысының өз мәресіне жеткен кезінде, кеңес және батыс идеологиясы
арасындағы соғыс өз шегіне жеткен кезде көрініс тапты [9,320-б]. Американ
әлемдік гегемониясының ойшылдарымен құрастырылған әлемдік билікті жаулап
алу атты ұзақ перспективасы көптеген жылдардан бері үкіметтік емес
ұйымдармен жүзеге асырылып келген. Американдықтар әрқашан да өздерінің ҮЕҰ-
ның белсенді әрекеттерін мақұлдайды, өйткені олар демократия жарығын және
гүлденуді халыққа әкеледі. Тарих тағылымында халықаралық үкіметтік емес
ұйымдардың құрылуы халықаралық көпжақты конгресстер, конференциялар,
кездесулердің болуымен түсіндіреді. Олар ең алғашында ағартушылық және
ғылыми, діни, пацифистік, шаруашылық сипатын алды. Жергілікті, мемлекеттік,
халықаралық деңгейде ұйымдастырылған азаматтардың коммерциялық емес
ұйымдары болып табылатын халықаралық үкіметтік емес ұйымдар халықаралық
саясатта белсенділік танытып келгені ХХ ғасырдың ортасынан бастайды. Олар
кішкене бірлестіктер мен қозғалыстардын үлкен ұйымдарға дейін ұласады.
Олардың қысқаша анықтамасын айтып кететін болсақ, жалпы
айтқанда,үкіметаралық деңгейде құрылмаған ұйымдарды үкіметтік емес ұйымдар
деп атайды. 27.02.1950 ЭКОСОС резолюциясы 288 (X); 1296 (XIV) 23.05.1968 ж
БҰҰ Бас Ассамблеясының Резолюциясы\. БҰҰ-мен ХҮЕҰ формалды түрде тіркелген
болатын. Оның мүшелері ұлттық қоғамдық ұйымдар, басқа заңды тұлғалар, жеке
тұлғалар, сонымен қатар, ғылыми мекемелер болып табылады. Халықаралық
үкіметтік емес ұйымдар халықаралық құқықтың емес, ұлттық субьектісі болып
табылады. Халықаралық және ұлттық үкіметтік емес ұйымдар көпшілік халықтың
сыртқы саясатқа деген ықпалының өсуі, қоғамдық пікірлер және идеологиялық
күрестер рөлінің өсуінің салдарынан құрылды. Көптеген халықаралық
үкіметтіе емес ұйымдар халықаралық істерге игілікті ықпал жасайды:
Бүкіләлемдік кәсіподақтар федерациясы, Демократиялық жастардың бүкіләлемдік
федерациясы, Бүкіләлемдік әйелдердің демократиялық федерациясы, Әлемнің
Дүниежүзілік Кеңесі басқаратын бейбітшілік жақтастары қозғалысы және тағы
басқалары. Бейбітшілік жақтастары қозғалысы ерекше айтқан жөн, ол
халықаралық қатынастардың дамуына позитивті әсер берді. Жүздеген миллион
адам 1950 жылы ядролық өлім қаупіне қарсы Стокгольм үндеухатына қол қойды.
ӘДК инициативасы бойынша, империализнің агрессивті соғыстарына қарсы
көптеген қозғалыстар ұйымдастырылды. ӘДК БҰҰ –мен, Юнескомен және басқа
ұйымдармен іскерлік байланыстар орнатты. 60 жылдардың басынан бастап,
маоистер бөлшектенген қызметтері күшейді. Дегенмен де антисоветизмді және
өзінің ерекше , революциялық линиясын уағыздаған маоистер құлдырап
кетті. Сонымен бірге, пацифистік және діни белгілермен шыққан да ұйымдар
болды, бірақ халықаралық аренадағы белсенді өзгерістер әсерінен өзінің
ұстанымдарын өзгертті. Бұның айқын көрінісі ретінде 1966 жылы Стокгольмде
өткен Халықаралық конференцияны айтуға болады. Мұнда АҚШ-тың Вьетнамға
қарсы агрессиясын геноцид деп айыптайды және Атқарушы комитет құрылды.
Комитет АҚШ-тың Вьетнамдағы соғысына қарсы күресетін көптеген ҮЕҰ-дың күш
салуларын реттеуде белсенді қызмет атқарды. Сонымен бірге, Атқарушы
комитеттің инициативасы бойынша, бірнеше халықаралық конференциялар
өткізілді. 1972 жылы ақпанда Версальда Үндіқытай халықтарының тәуелсіздігі
мен бейбітшілігі үшін Бүкіләлемдік ассамблея болды. Бұл американ
агрессиясына қарсы бағытталған еді.1973 жылы Мәскеуде халықаралық
қауіпсіздік пен қарусыздандыру, ұлттық тәуелсіздік, ынтымақтастық және
бейбітшілік үшін ынтымақшыл күштердің Бүкіләлемдік конгресінің өтуіне
үлкен дайындық болған еді. Әлемнің Бүкіләлемдік Кеңесі конгресті өткізу
инициативасымен шықты. Конгресс мақсаты – халықаралық қысымшылық байқалған
кезде, елдің ұлттық бейбітшілігін, қауіпсіздігін және тәуелсіздігін
қамтамасыз етуде өз ықпалын қосқан жағдайдағы барлық қоғамдық күштердің
біріккен іс-әрекеттерін ары қарай дамыту.Варшавадағы, Даккадағы,
Базеледегі, Болоньедегі және басқа қалалардағы үлкен көлемді дайындықтардан
кейін 1973 жылы Мәскеуде бейбітсүйгіш күштердің Бүкіләлемдік конгресі өтті.
Бұл конгресс соғыстан кейінгі халықаралық қатынастардың жаңа даму
барысындағы тарихи оқиға болып табылды. 3 мыңнан аса делегаттар барлық
басты мәселелерді қарастырумен айналысатын он төрт комиссияларда жұмыс
жасады [9, 492-б]. Бұл комиссиялардың біреуі өкіметаралық және үкіметтік
емес ұйымдардың ынтымақтастық мәселелерін қарастырды. Делегаттар
бейбітшілікті нығайтуда халықаралық ұйымдардың байланыстарын кеңейтуге
бағытталған ұсыныстарды дайындады, кеңестік байланыстардың жүзеге
асырылуының, ынтымақтастық өрісін кеңейтудің, бейбітшілікті сақтауда
көптеген үкіметтік емес ұйымдардың қызметтерін басқарудың қажеттігін атап
кетті. Экономикалық даму үрдістері экономика, финанс, сауда,
ауылшаруашылық, транспорттық және басқа салалармен айналысатын көптеген
ХҮЕҰ-дың құрылуына себеп болды. Сонымен қатар, ғылыми-техникалық төңкеріс
барсында да ғылым, техника және білім саласымен айналысатын ұйымдар
ұлғайды. Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың қысқаша түсінігін айтып
кеткен жөн. ХҮЕҰ-дың маңызды ерекшелігі олардың қызметтерінің айқындылығы
мен жариялылығы. Халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың мақсаттары мен
сипаттары қоғам көпшілігінің мүдделерін көрсетеді. Сол себептен де ХҮЕҰ-дың
атақты болуы пресс конференцияларды, газеттегі және ардиодағы
ақпараттарды, бюллетень, кітапшаларды және кітаптарды қосқанда оның маңызды
қызметтері әртүрлі формада көрсетілуінен боп табылады. Өз қызметтерімен
атақты болуы бұл ұйымдарды олардың мақсаттарын, құрылысын, жұмысын туралы
көп ақпарат беруге мүмкіндік береді. ХҮЕҰ-дың теоретикалық аспектілерін
дайындау әлі де әлсіз жүргізіліп келеді. Бұл мәселеге қатысты азғана еңбек
қамтылған, олардың көбісі ХҮЕҰ мен БҰҰ арасындағы байланыстарды
қарастырумен шектеледі. Сол себепті де осы тақырыпты нақты зерттеу үшін
таңдадық.

Бұл тақырыптың толық өңделмеуінің себебі зерттеу пәнінің анықтамасымен
байланысты. Югослав заңгері Б. Стошич үкіметтік емес ұйымдардың
анықтамасы нақты емес деп есептейді. Оның ойынша, өзінің маңызына сай
халықаралық қоғамдық ұйым деп аталса дұрыс болады.
Әлемде жалпы қабылданған қоғам, қоғамдық мүдде және қоғамдық ұйым деген
түсінік жоқ. Реакцияшыл буржуазияның идеологиясы қоғам мүддесін басқарушы
топтардың мүдделерімен теңестіреді. Олардың түсінігінше, қоғамға қызмет
жасау ақша қабына қызмет жасау болып табылады. Бұл қоғамдық ұйымдардың
идеалы ашық реакцияшыл ұйымдар не Ротари клубы секілді жабық
аристократиялық ұйымдар болып табылады.
Қоғамдық мүдделер және қоғамдық ұйымдар туралы басқа ұғымда еңбекші
кластарды айтады. Олар үшін қоғамдық мүдделер деген ең алдымен капиталистік
эксплуатациядан және қысым көрсетушіліктің барлық түрлерінен және
империалистік соғыс қауіптерінен азат болуы. Бейбітшілікті сақтау үшін
күресу деген міндеттерді алға қойған кейбір буржуазиялық ұйымдар шектеулі
ғана пайда әкеледі, өйткені олардың мүшелері жоғары тапқа жататындығы.
Пайдалы еңбекті көптеген ғылыми ұйымдар, мәселен, ғылыми одақтардың
Халықаралық кеңесі, табиғи және қоғамдық ғылымдар саласындағы біршама
одақтар, сонымен қатар, университеттердің Халықаралық ассациациясы,
халықаралық әндердің халықаралық кеңесі, архитекторлардың Халықаралық одағы
секілді мәдени- ағартушылық ұйымдар жүргізеді.
Қоғамдық ұйымның көпшілік мақұлдаған түсінігі болмағандықтан бұл
терминді ғылыми айналымға енгізу қиыншылыққа соғады. ХҮЕҰ категориясы кең
мағынада тек ұйымдарды қамтымайды, сонымен қатар арнайы сипаттағы ХҮЕҰ-ды,
кәсіпкерлердің халықаралық үкіметтік емес одақтарын, картелдерді және
капиталистердің басқа да бірлестіктерін қамтиды.
Үкіметтік емес ұйымдар түсінігінің артықшылығы белгілі бір сипатты ғана
көрсетеді. Үкіметаралық ұйымдарға қарағанда ХҮЕҰ-дың әдеттегі белгісі
өкіметтің не мемлекеттік мекемелердің ресми өкілдігі жоқ. Бұл анықтама
халықаралық қоғамдық ұйымдар түсінігіне қарағанда қарама-қайшы түсіндірме
үшін аз ғана сылтау боп табылады.
Бұл терминді қолданудың салмақты дәлелі ретінде БҰҰ Жарғысының 71-ші
бабында үкіметтік емес ұйымдар туралы айтылған. ЭКОСОС 1950 жылы 27-ші
ақпанда 288-ші резолюциясында былай жазған: Үкіметаралық келісім негізінде
құрылмаған кез келген халықаралық ұйым үкіметтік емес ұйым болып
саналады. Бұл тұста мына жайтты атап кеткен жөн, тәжірибе жүзінде ЭКОСОС-
тың ХҮЕҰ-мен байланыстарды жүзеге асыру мақұлданады, бұл анықтама бойынша
ұйымға өкіметтің, үкіметтік органдардың және үкіметтік шенеуліктердің
мүшесі ретінде болуына рұқсат етіледі.Қосымша критерий ретінде, ХҮЕҰ-ды
мақұлдауда үкіметтік емес ұйымдар бойынша ЭКОСОС Комитеті ұйымның ең
болмағанда үш мемлекетте бөлімшесі болса ғана халықаралық ұйым болып
саналатынын белгіленді [9, 321-б].
Халықаралық ассоциация одағы ХҮЕҰ туралы халықаралық келісім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқарудың орталық деңгейінің құрылымын жетілдіру
Әйелдердің саясаттағы рөлі
Үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық қоғам қурудағы алатын орны мен рөлі
Бүгінгі Қазақстандағы мемлекеттік басқарудың күйіне кешенді талдау жасап, орталықтандыру мен орталықсыздандыру балансына қол жеткізу қажеттігін елдегі әкімшілік реформасы тұрғысында негіздеу
АҚШ – Қазақстан екіжақты қарым-қатынастары
Үкіметтік емес ұйымдардың халықты әлеуметтік қорғауға қосқан үлесі
Халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметі және халықаралық экономикалық жүйесіндегі ролі
Заңгерлердің халықаралық қатынастарда іскерлік
Жастар саясаты туралы
Қазақстан Республикасының азаматтық институттарың анықтау
Пәндер