Қазақстан Республикасының инвестициялары



КІРІСПЕ

1. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Инвестициялар түсінігі
1.2 Қазақстан үшін шетел салымдарының маңызы
Қазақстан Республикасында шетел капиталының қатысу нысандары

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы инвестициялық климат
2.2 Қазақстанның инвестициялық стратегиясы
2.3 Қазақстандағы инвестициялық қызметті реттеу механизмі

3.ҚАЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕ ЖАҒЫ
3.1 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.ның инвестициялық қызметі
Инвестициялық стратегияны жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан жер көлемі бойынша дүниежүзінде тоғызыншы орын алып отыр және біздің елімізде онда ТМД елдеріндегі минералды ресурстарының 60 пайызы бар. Сол себепті біздің мемлекетіміз көмір, мунай, газ, металлдар және тағы басқа минералдардың үлкен қорын пайдаланудан пайда алуға үміттенген халықаралық компаниялардың назарын аударды.
Қазақстан қазіргі жағдайға жету үшін көптеген қиындықтардан өтті. Кеңес Одағының ыдырауы Қазақстандағы болу жүйелерінің құлдырауына, бақыланбайтын инфляцияға, мемлекеттің қол астындағы өндіріс құралдарын қаржыландыратын қаражаттың азаюына әкелді. Сонымен қатар мемлекетіміз ескі кеңестік бюрократиямен және әлсіз заңнамалық негізбен байланысты мәселелерге тап болды.
Бірақ, жоғарыдағы айтылғандарға қарамастан, реформалау саласындағы прогресс дүниежүзінде мойындалған: сыншылар жақында ашылған Қазақстандағы Қор биржасын, сонымен қатар сыртқы қаржылық және рыноктық өзгерістердің ықпалына байланысты экономиканың тез қалпына келуін белгіледі. Халықаралық Даму және жаңарту Банкі, Әлемдік Банк, Азия Даму Банкі, Халықаралық Ақша Қоры сиәқты банктердің ірі қайтарымсыз және төмен пайызды несиелерді беруі, сонымен қатар Қазақстан экономикасына үздіксіз шетел инвестицияларының ағымы халықаралық қаржы әлемінің Қазақстан экономикасына сенетіндігін білдіреді.
Бітіру жұмысымның мақсаты – Қазақстанның инвестициялық стратегиясының бағытын анықтау.
Міндеттері:
1. Қазақстан инвестициялық климатының жағдайын көрсету;
2. Мемлекеттің ивестициялық қатынастарды реттеудің кемшіліктерін анықтау;
3. Қазақстанның инвестициялық стратегиясын жетілдіру жолдарын көрсету.
1. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Алматы 1997.
2. Хасбулатов Р.И. Мировая экономика Москва ИНСАН, 1994.
3. Сагандыкова С. Иностранных инвестиции в Казахстане: анализ и прогнозы инвестиционных процессов в экономике. Алматы Ғылым, 1994.
4. Закон «Об иностранных инвестициях».
5. ҚР Ұлттық Статистика Агенттігінің мәліметтері.
6. Журнал «Business central Europa» №7. 2001.
7. «Егемен Қазақстан» № 129-131 2006.
8. Журнал «Euromaney» №4 2000.
9. www.government.kz
10. www.ekonomer.ru
11. www.minfin.kz
12. www.halykbank.kz
13. Основные итоги деятельности АО «Народный Банк Казахстана»,2005
14. Инвестиционная политика АО «Народный Банк Казахстана»,2005
15. ҚИҚ ресми сайты

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Инвестициялар түсінігі
1.2 Қазақстан үшін шетел салымдарының маңызы
Қазақстан Республикасында шетел капиталының қатысу нысандары

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы инвестициялық климат
2.2 Қазақстанның инвестициялық стратегиясы
2.3 Қазақстандағы инвестициялық қызметті реттеу механизмі

3.ҚАЗАҚСТАН ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕ ЖАҒЫ
3.1 Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның инвестициялық қызметі
Инвестициялық стратегияны жетілдіру жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстан жер көлемі бойынша дүниежүзінде тоғызыншы орын алып отыр
және біздің елімізде онда ТМД елдеріндегі минералды ресурстарының 60
пайызы бар. Сол себепті біздің мемлекетіміз көмір, мунай, газ, металлдар
және тағы басқа минералдардың үлкен қорын пайдаланудан пайда алуға
үміттенген халықаралық компаниялардың назарын аударды.
Қазақстан қазіргі жағдайға жету үшін көптеген қиындықтардан өтті.
Кеңес Одағының ыдырауы Қазақстандағы болу жүйелерінің құлдырауына,
бақыланбайтын инфляцияға, мемлекеттің қол астындағы өндіріс құралдарын
қаржыландыратын қаражаттың азаюына әкелді. Сонымен қатар мемлекетіміз ескі
кеңестік бюрократиямен және әлсіз заңнамалық негізбен байланысты
мәселелерге тап болды.
Бірақ, жоғарыдағы айтылғандарға қарамастан, реформалау саласындағы
прогресс дүниежүзінде мойындалған: сыншылар жақында ашылған Қазақстандағы
Қор биржасын, сонымен қатар сыртқы қаржылық және рыноктық өзгерістердің
ықпалына байланысты экономиканың тез қалпына келуін белгіледі. Халықаралық
Даму және жаңарту Банкі, Әлемдік Банк, Азия Даму Банкі, Халықаралық Ақша
Қоры сиәқты банктердің ірі қайтарымсыз және төмен пайызды несиелерді беруі,
сонымен қатар Қазақстан экономикасына үздіксіз шетел инвестицияларының
ағымы халықаралық қаржы әлемінің Қазақстан экономикасына сенетіндігін
білдіреді.
Бітіру жұмысымның мақсаты – Қазақстанның инвестициялық стратегиясының
бағытын анықтау.
Міндеттері:
1. Қазақстан инвестициялық климатының жағдайын көрсету;
2. Мемлекеттің ивестициялық қатынастарды реттеудің кемшіліктерін
анықтау;
3. Қазақстанның инвестициялық стратегиясын жетілдіру жолдарын
көрсету.

1 ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

1. Инвестициялар түсінігі

Инвестиция түсінігі латын тіліндегі investire - әшкерлеу дегенді
білдіреді. Феодализм заманында инвеститура деп феодалдың иелігіне вассалды
енгізуді атаған. Бұл сөзбен тағы шіркеу жерлерін, ондағы халықты және
оларды соттау құқығын иемденетін епископтарды айтқан. Инвеститура
инвеститорға (немесе, қазіргі тілмен айтқанда инвесторға) жаңа
территориялардың ресурстарын пайдалануға ғана емес, сондай-ақ өз
идеологиясын тарату мақсатында өзінің арнайы адамдары арқылы территорияны
басқаруға мүмкіндік береді. Соңғысы бірінші жағынан территориядағы адам
еңбегін пайдаланып алатын табысты жоғарлатуға мүмкіндік берді, екінші
жағынан дамытушы фактор ретінде орын алды.
Кейіннен инвестициялар табыс алу мақсатында кәсіпкерлік және басқа да
қызмет түрлерінің объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, мақсаты банк
салымдары, пайлар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар, технологиялар,
машиналар, жабдықтар, тауар белгілері, несиелер, мүлік немесе мүлік құқығы,
интеллектуалдық құндылықтар деп түсінді.
Инвестицияларды төмендегіндей топтастыруға болады.
Объект нысанына байланысты:
1. Материалды инвестициялар – тікелей өндіріске қатысатын
инвестициялар;
2. Қаржы инвестициялары – қаржылық мүлікке салым, басқа фирма
қызметіне араласу құқығын және іскерлік құқығын сатып алу;
3. Материалды емес инвестициялар – материалды емес құндылықтарға
инвестициялау, мысалы, кадрларды даярлау, зерттеу, өңдеу, жарнамаға
инвестициялар;
Объект нысанына байланысты тағы екіге бөлуге болады:
1. Қоржынды – дивиденд алу үшін және шаруашылық субъектті басқаруға
қатысу үшін бағалы қағаздарға салым;
2. Тікелей инвестициялар – белгілі өнім өндіруге жеке фирманың немесе
мемлекеттің салымы;
Пайдалануына қарай:
1. Нетто-инвестициялар, яғни кәсіпорынды құруға немесе сатып алу үшін
салынатын салым;
2. Экстенсивті инвсетициялар - өндірістік мүмкіндікті кеңейтуге
бағытталған инвестициялар;
3. Реинвестициялар, яғни кәсіпорынның негізгі қор құрылымын қолдау
мақсатында жаңа өндіріс құралдарын жасау немесе сатып алуға
бағыттау жолымен, инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде
алынған, бос табыстарды пайдалану;
4. Ауыстыруға бағытталған инвестициялар, олардың нәтижесінде ескі
құрал-жабдықтар жаңаға ауыстырылады;
5. Рационализациялауға бағытталған инвестициялар – технологиялық
процесстерді немесе құралдарды модернизациялауға бағытталған;
6. Өнім шығару бағдарламасын өзгертуге бағытталған инвестициялар;
7. Диверсификацияға бағытталған инвестициялар, олардың бұйым
номенклатурасын өзгертумен, өнімнің жаңа түрін жасаумен және жаңа
өткізу рыноктарын ұйымдастырумен байланысты;
8. Кәсіпорынды перспективада сақтап қалуға бағытталған инвестициялар,
олар - ,кадрларды даярлауға, жарнамаға, қоршаған ортаны қорғауға
салынады;
9. Брутто-инвестициялар – нетто-инвестициядан және реинвестициялардан
тұрады.
10. Тәуекелді инвестициялар немесе венчурлы капитал – үлкен тәуекелмен
байланысты, жаңа қызмет алларында жасалатын, жаңа акцияларды шығару
нысанындағы инвестициялар. Венчурлы капитал салынған қаражат тез
өтеледі деген есеппен, бір-бірімен байланысты емес жобаларға
инвестицияланады.
Уақыт факторы бойынша:
1. Қысқа мерзімді
2. Ұзақ мерзімді

1.2 Қазақстан үшін шетел салымдарының маңызы

Қазақстан Республикасы экономикасына шетел инвестицияларын тарту және
тиімді экономикалық әрекеттесудің бір бағытының негізі болып табылады.
Шетел инвестициялар көмегімен Қазақстан экономикасының деформацияланған
құрылымын іс жүзінде жақсартуға, жаңа жоғары технологиялық өндірістерді
құруға, негізгі қорларды модернизациялауға және көптеген кәсіпорындарды
қайта техникалық жарақтандыруға, жұмысшылар мен мамандарды даярлауға,
менеджменттің алдыңғы қатардағы жетістіктерді енгізуге, маркетингтің, ноу-
хаудың алдыңғы қатарлы жетістіктерді енгізуге, ішкі рынокты сапалы отандық
өндірілген тауарлармен толтырып, шетел мемлекеттерге экспорт көлемін
жоғарлатуға болады. Инвестициялар экономикалық даму денгейі тогаен және
орташа мемлекеттерде және кәсіпкерлектің қалыптасуына және нығаюына
қолғабыс етеді және ссудалық капитал рыноктары, аралас компанияларды құру,
салмақты жобаларды жүзеге асыру үшін капиталды мобилизациялайды.
Шетел инвестор үшін салық салу жағдайларының жеңілдігі емес, олардың
инвестор үшін де мемлекет үшін де болжамды және экономикалық эффективті,
тұрақты күйі маңызды. Шетел инвестицияларын тарту бойынша нақты іс-
әрекеттердің бағдары, бағдарламасы қажет, және бұл бағдарлама негізінде
сыртқы капитал салымдарын басқаратын, тартатын және ынталандыратын
тұтқаларды құру керек.
Кең және жан-жақты инвестициялық әрекеттесудің негізі, Қазақстанның
бай табиғи ресурстары болып табылады. ЮНЕСКО мамандарының қорытындысы
бойынша Қазақстан жері ақылмен пайдаланса, 1 млрдтан астам адамды
тамақтандыра алады. Халықтық жоғары білімділігі, жұмыс күшінің салыстырмалы
арзандығы, саяси тұрақтылық, ұлтаралық жанжалдардың болмауы – шетел
әріптестерімен кең инвестициялық әрекеттесуге Қазақстанның шынайы
әлеуметтік-экономикалық артықшылықтары.
Жағымды инвестициялық климатты қалыптастырғанда тек ішкі факторларды
ғана емес, сонымен қатар оған әсер ете алатын сыртқы факторларды, жемдік
капитал рыногының жалпы жағдайын және шетел инвесторлардың саяси ахуалы
тұрақты және әлеуметтік-экономикалық жағдайы ұқсас мемлекеттерімен жұмыс
істегісі келетінін есепке алу керек.
Қазақстан шетел инвесторлар қызметі үшін жағымды әлеуметтік, қаржы-
экономикалық, құқықтық режимді және олардың мүдделеріне сәкес
инвестициялық климатты қалыптастыруға, бір қақытта өз мәселелерін шешуге
және қойылған мақсаттарға жетуге ұмтылады. Осымен байланысты Қазақстан
Республикасының Үкіметі 1994ж. Желтоқсанда Шетел инвестициялары туралы
заңды қабылдап іске қосты. Ол Қазақстандағы шетел инвестицияларының
құқықтық ржимін анықтады, салымдарды жүзеге асыру нысандары мен
объектілерін белгіледі. Ал 1997ж. маусымда өзгертулер және қосымшалармен
жаңа заң қабылданды.
Құқықтық режим шетел инвесторлары үшін кепілдемелерді ескереді,
олардың негізгілері:
1. ұлттық режим, яғни отандық инвесторлардан кем емес қолайлы
жағдайларды пайдалануға құқылы;
2. республика атынан үкімет кепілдемелері;
3. саяси ахуал мен заңнаманың өзгертулерінен кепілдемелер;
4. экспроприяциядан кепілдемелер және т.б.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі республикадағы
инвестициялық қызметті реттейтін басқа да заңдарды және нормативтік
актілерді оңдеп, іске қосты. Мемлекетіміздің экономисттері мен
саясатшыларының көзқарастары бойынша шетел капиталыныңқатысуымен келесі
мәселелерді шешуге болады:
- экспорт потенциалының эффективтілігін жоғарылатып, шикізаттың
бағытын жеңіп және импорттың орнын басатын өндірісті дамыту;
- мемлекеттің экспорттық экспансиясын күшейтіп, және оның сыртқы
рыноктағы ұстанымын нығайту;
- жаңа техника мен технология, басқару мен өнімді өткізу әдістері
арқылы өндірістің ғылыми-техникалық деңгейін жоғарлату;
- мемлекеттік бюджетке салық түсімдерін көбейту;
- ұлттық экономикада депрессивті және артта қалған аймақтардың
дамуына қолғабыс жасап, жаңа жұмыс орындарын ашу;
- кадрларды оқыту және қайта даярлау арқылы заманға сай өндірістік
және басқару тажірибесін пайдалану;
- Қазақстанның экономикалық дербстігіне жету.
Сонымен бұл факторлар сыртқы капитал салымдарын тарту және
пайдаланудың маңызды екенін дәлелдейді.
Қазақстан үшін инфляцияға әсері мен сыртқы қарыз әсері көз-қарасы
бойынша ең тиімді тікелей шетел инвестицияларын тарту болып табылады.
Себебі қарыз алушының өз кепілдемесіне тартылған тікелей инвестициялар
мемлекеттің экономиканы құрылымдауға алған қарыз қаражаттары бойынша
қаржылық міндеттемелерді төмендетеді.
Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының ағымы бірлескен, еншілес
кәсіпорындарды құру, мемлекеттік кәсіпорындарды шетел капиталының
қатысуымен жекешелендіру, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарды шетел
фирмаларының басқаруына беру және банк секторын инвестициялау арқылы жүзеге
асырылады.
Бәрімізге мәлім еліміздің мемлекеттік инвестициялық саясаттың басты
мәселесі капиталсалымдарын бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін кеңейту үшін
жағымды ортаны жасап, эффективті инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау
және әрі қарай нормативті-заңнамалық базаны жетілдіру негізінде және
отандық және шетел инвестицияларын тарту болып табылады. Бұл туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан-2030
жолдауында былай деп айтқан: Біздің назарымыздың бірінші орында шетел
инвестицияларын сәйкес қорғау және пайданың репатриация мүмкіндіктері тұр.
Экономиканың бірнеше секторлары бар – табиғи ресурстарды өңдеу,
инфрақұрылым, байланыс және ақпарат – олар мемлекетіміз үшін үлкен мағыныға
ие. Бұл салалардың дамуы тек экономикалық өсуге ғана емес әлеуметтік
сапаға, сонымен қатар халықаралық қоғамдастықтағы Қазақстан интеграциясына
әсерін тигізеді. Бұл салалардың капитал сиымдылығы үлкен, сол себепті
олардың дамуына шетел капиталы және мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы
қажет.
Біздің ірі аймқаралық транспорттық орталық ретінде ұстанымымыз шетел
инвестициялары үшін либералды режимді орнатуды қажет етеді. Олар арқылы біз
қажетті білім және қаржы ағымдарын тарта аламыз және шетел
мемлекеттермен мүмкіндіктер мен тұрақты тауар айналымын дамыта аламыз.
Бейтарап әкімшілік орындайтын, айқын, эффективті және қатаң сақталатын
заңдары бар ашық, либералды инвестициялық саясат – шетел инвестицияларын
тартатын ең қуатты ынта. Мұндай саясатты жасау негізгі мәселелердің бірі
болуы керек, себебі шетел капитал, технология және тәжірибесіз Қазақстанның
тез қарқынды экономикалық өсуге және модернизацияға қол жеткізетіндігіне
сенуге қиын.
Біздің инвестициялық климат жағымдырақ, ал Қазақстан тартылған шетел
инвестицияларының көлемі мен сапасы жағынан алдынғы қатарға шығу үшін бізге
саяси жігер және шынайы әрекеттер қажет. 5
Сонымен шетел инвестицияларын тарту саясатының мақсаты – экономикалық
артта қалушылықты жеңу, ұлттық экономиканы құрылымдық түрлендіру және
модернизациялауда шетел капиталдарын пайдалану негізінде мемлекет халқының
жоғары сапалы өмір сүруін қамтамасызету.

Қазақстан Республикасында шетел капиталының қатысу нысандары

Рыноктық қатынастарға бет бұрған, жаңа тәуелсіз мемлекет ретіндегі
Қазақстанның қазіргі даму сатысында экономикалық реформаларыныңбасты бағыты
экономиканың эффективтілігін жоғарлатуға және жоғары қарқынды экономикалық
өсуді қамтамсыз етуге көздейтін мемлекеттің инвестициялық саясатын құру
және жүзеге асыру болып табылады.
Инвестициялық климат – кемелденген рыноктың реформаларының, меншік
құқықтарының тұрақтылығына, берілген мемлекеттегі жалпы жағдайына әлемдік
қоғамдастықтық сенім критериі. Бірақ Қазақстанға ірі рыноктық потенциал,
табиғи ресурстардың молдығы және стратегиялы іскерлі орналасуы тән болса
да, көптеген шетел инвестицияларының көз-қарасы бойынша Қазақстан
Республикасының инвестициялық климаты перспективті болғанымен тұрақты емес.
Ол мемлекетімізге шетел инвестицияларының ағымына тосқауыл болатын бірнеше
негативті факторлармен сүйемелденеді. Бұл факторлардың болуы Қазақстан
Республикасының Үкіметінің ішкі саясатына шетел инвесторлардың негативті
көз-қарастарымен шартталынған. Мүдделі шетел инвесторларының айтуы бойынша
Қазақстанға шетел инвестицияларының ағымына бес кедергі бар :
- бюрократия;
- қаржылық тәуекелдік;
- Қазақстанның салық және қаржы режимі;
- құқықтық инфраструктура (құқық саласындағы өзгертулер қарқыны);
- влюталық бақылау.
Бес фактордың ішіндегі екеуі экономикалық болып табылмай, республикаға
инвестициялар ағымына елеулі әсер етеді. Бірақ Қазақстандағы салық және
қаржылық режимі мен валюталық бақылау сияқты факторлар ТМД-ғы
либералдыларының бірі болып саналса да, шетел инвестицияларының пайдасына
қызмет етпейді. Қаржылық тәуекелдік инфляция және валюта бағамдрының
толқыумен түйіндес.
Факторлардың ішінде ең жоғарғы рейтингті бюрократия алып отыр.
Бюрократияны қысқарту үшін алдымен меншік құрылымдарын анықтау керек, ал
одан кейін бюрократиялық аппаратты қысқарту қажет.
Валюталық тәуекелдіктер инфляция және валюта бағамдарының толқыумен
байланысты. Инфляцияның жоғары деңгейі көптеген қиындықтарды туғызады,
олардың ішінде анағұрлымдары:
1) жеделдетілген девальвация немесе жергіліті валютаның құнсыздануы
немесе максидевальвация;
2) капиталға қатаңдау бақылауды орнату және импорттық шектеулерді
енгізу;
3) қол жетерлік несиелердің төмендеуі және займдар бойынша пайыздың
қойылымдардың көтерілуі;
4) дебиторлық шоттардың жинақталуы және инкассация кезеңдерінің
ұзартылуы;
5) инфляцияны бықылауға алу мақсатымен баға бақылауын енгізу;
6) экономикалық және саяси хаос пен халық арасындағы толқулар;
7) капитал қашуы;
8) шетелдегі филиалдар жұмысының эффективтілігін бағалаудың қиынға
түсуі.
Валюта бағамдарының толқулары үш түрлі тәуекелдікпен байланысты:
валюталық қайта есептеулермен байланысты тәуекедіктер, валюталық
мәмлелермен байланысты тәуекелдіктер, экономикалық салдар тәуекелдігі.
Шетел инвесторы үшін салық салудың жеңілдік жағдайы емес, оның
инвестор үшін де, мемлекет үшін де тұрақты, болжамдалатын және экономикалық
эффективті қалпы қажет. Бұл талаптарға сәйкескелесі мәселелерді орындау
керек:
- төлеу тәртібін қатаңдату;
- салық салу бойынша мемлекет тарапынан бекітілген келісім шартарды
орындау;
- инвесторлардың кәсіпорындарымен жекешелендірілген кәсіпорындардың
өтеуін ретке келтіру.
Үкіметтің саясаты ұлттық мүдде тұрғысынан қарағандағы құқықтық және
әкімшілік шаралар шетел инвестицияларын тарту міндеттеріне және
инвесторлардың өз мүдделеріне жауап беретін жағдайларды қамтамасыз етуге
тиіс Инвестициялық ахуалды жақсарту үшін мынадай шаралар қолданыну қажет:
- заңнаманың даму дәрежесі мен тұрақтылығы, мемлекеттік саясатың
болжамдылығы инвестициялық ахуалдың салауатты жай-күйінің кепілі
болуға тиіс;
- заңнаманы тиімді қолдану мәселесі шешілуге тиіс. Қазақстанның іскер
қауымдастығы мен Үкіметтің беделік арттыру үшін жергілікті және
халықаралық сот шешімдерін орындауды, шарттарды сақтауды және
күшіне енгізуді қамтамасыз ету қажет;
- заңнамаға шетелдік және ішкі инвесторлар үшін бірдей жағдай
жасайтын түзетулер енгізу қажет;
- инвестициялық қызмет туралы заңнаманы жетілдіру әлемдік
стандарттарға жауап беретін нақты, айқың және бір мәнді құқықтық
нормалардың бар болуын қамтамасыз етуге тиіс;
- шетлдік күрделі қаржы және инвесторлардың құқықтары заңнамамен
кепілді қорғалуға тиіс;
- тіркелген сауда маркалары мен патенттерді қорғау, қараушылық
өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес маңызды міндет болып
табылады;
- инвесторлар үшін қаржы ақпаратының айқындығының, уақтылы болуының,
толықтығы мен дұрыстығының аса маңызды мәні бар. Осы орайда
бухгалтерлік және статистикалық есеп беру стандарттарын жетілдіру
жөніндегі іс-шараларды жалғастыру қажет.
Сонымен Қазақстанда қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту мен
пайдаланудың келесідей нысандары бар:
- Халықаралық қаржы мекемелерінің неиселері мен займдары.
- Тікелей инвестициялар.
- Қоржынды инвестициялар.
Бірінші категорияға дамуға ресми көмек түрінде берілетін ХВҚ, ХДЖБ,
ЕДЖБ, НДБ және басқа да халықаралық мекемелердің займдары мен несиелері
жатқызылады. Бұл ресурстар экономиканың артықшылықты салаларын дамытуға
және қолдауға, экономиканы жүйелі өзгерту бағдарламаларын қаржыландыруға,
төлем балансы дефицитін, әлеуметтік секторды қаржыландыруға, ауыл
шаруашылық дамуын және құрылымдық өзгертулерін қолдауға, орта және кіші
кәсіпорындардың даму жобаларын қаржыландыруға және т.б. бағытталады. Мұның
жаман жағы мемлекеттің сыртқы қарызын жоғарлатады.
Тікелей инвестициялар – шетел салымшыға шетелдегі кәсіпорынды
бақылауды қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді кәсіпкерлік капитал салымын
білдіретін инвестициялар нысаны. Тікелей инвестициялар инвесторға шетел
кәсіпорынның алған барлық пайдасына билік жүргізуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар туралы
заңдарға сәйкес тікелей инвестицияларға келесілер жатады: шекарадан тыс
фирмаларды, филиалдарды және кәсіпорындарды құру, шетел кәсіпорындарының
капиталына қатысу үлесін алу, шекарадан тыс кәсіпорындарға немесе қатысу
үлесі бар фирмаларға несиелер беру.
Тікелей шетел инвестицияларды парасатпен пайдалану экспорт
диверсификациясына, мемлекетте қосымша жұмыс орындарын құруға, шеттен
алынған инвестицияға қолғабыс етеді және шетел несиелерге қарағанда
мемлекет қарызын көбейтпей, шетелге валюта ағымын азайтады. Сол себепті
дамушы елдер осы тікелей шетел инвестицияларды тартуға талпынады.
Сыртқы қаржыландырудың келесі нысаны қоржынды инвестициялар болып
табылады, олар шетелдегі өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, транспорттық,
несиелік және басқа да кәсіпорындарға ұзақ мерзімді капитал салымын
білдіреді. Олар әдетте шетелдегі акционерлік компанияларың акцияларың және
облигацияларын сатып алумен жүзеге асырылады. Олар әдетте кәсіпорынның
акционерлік капиталының 10% артық емес бөлігін құрайды; инвесторларға
кәсіпорынға билік етуге немесе қызметін бақылауға толық құқығын бермейді.
Мемлекетімізге қоржынды инвестициялар ағымына кедергі болатын
негізгі фактор – толық қалыптаспаған бағалы қағаздар рыногы.
Сонымен Қазақстанда қазіргі уақытта шеттен алудың келесі нысандары
басым:
• халықаралық қаржы институттары мен донор мемлекеттерінің несиелері
мен займдары.
• Республикамызға қазіргі уақытта шетелдік ссудалық капитал үш
негізгі ағым түрінде келеді:
• дамуға ресми көмек ретіндегі займдар мен несиелер;
• Қазақстан Республика кепілденген экспорттық несиелер;
• коммерциялық банктер кепілдемесімен берілетін қысқа мерзімді
несиелер;
• тікелей шетел инвестициялар.
Республикаға тікелей инвестицияларды тартудың негізгі нысаны бірлескен
кәсіпорындарды (БК) құру болып табылады. Қазақстан Республикасының
статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 2004 жылдың 1
қантарына 5444 шетел фирмаларымен біріккен кәсіпорындар тіркелген. Олардың
көбісі Түркиямен, Ресей, Қытай, Германия, АҚШ, Италия, Оңтүстік корея,
Ұлыбритания және басқа мемлекеттермен ұйымдастырылған.
Ұйымдастыру және біріккен кәсіпорындардың мінезі бойынша екі негізгі
нысанын ажыратуға болады: біріккен капиталды акционерлік кәсіпорындар және
контракт негізіндегі біріккен кәсіпорындар.
Біріншісі жаңа фирма құруда екі немесе одан да көп партнерлердің
қатысуын ескереді. Бұл фирмада әр партнер акционерлік капиталдың бір
үлесін иемденеді немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның акцияларын бөлуге
қатысады. Бұл ең көп тараған нысаны.
Контракт бойынша БК жақтары бірігіп кәсіпорын құрмайды. Олардың
қатынастары контрактпен реттейді.
Тікелей шетел инвестициялары мен біріккен кәсіпорындар құрудан басқа,
Қазақстан Республикасына шетел капиталын тартудың басқа да нысандары бар,
яғни біріккен және шетел банктерін құру. Қазіргі уақытта ондай банктер
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде тіркеледі. Мәселен ABN AMRO
Bank, TEXAKA Bank, Альфа Bank және тағы басқа банктер.
Әлемдік тәжірибеде инвестициялардың басқа да түрлері бар. Олардың
ішінде ең дамығаны өнеркәсіптік инвестициялардың жаңа нысандары немесе
инвестициялардың акционерлік емес нысандары: лицензиялау (ерекше – фирма
жалғыз шетел лицензиатқа ноу-хау сатқан кезде, ерекше емес – ноу-хауды
бірнеше шетел партнерлерге сатқанда), лизинг, франчайзинг, біріккен
өндіріс, мердігерлік.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КЛИМАТТЫ ТАЛДАУ

Euromoney журналының бағалауы бойынша 2000 жылы Қазақстан әлемде
инвестициялық тартымдылықтан 81 орын алды. Ресей 95 орында болды, оған
қарағанда Гондурас 91 орын алды. ТМД басқа мемлекеттері келесідей орындарға
ие болды: Қырғызстан (106), Өзбекстан (110), Украина (115), Түркменстан
(125), Белорусия (129), Армения (135) және тағы басқа.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан соң 13-14 жылда рыноктық қайта құру
жолдарында, Ресейге қарағанда біршама алдыға жылжыды. Жекешелендіру
аяқталды, жаңа салықтық заңнама қабылданды, заманға сай банк жүйесі
негізделді, ауылда экономикалық қатынастар қайта құрылды, тұрғын үй-
коммуналдық шаруашылық реформасы жүргізілді. Республикада жинақтаушы зейнет
ақы жүйесі құрылды және бүгінгі жолда зейнетақы қорына салымдар 500 млн
доллардан асты.
Қазақстан реформалар арқылы тұрақтылығын сақтап экономикалық өсудін
тұрақты қарқындарына қол жеткізе алды. 2000 жылы Қазақстанда ЖІӨ 109% өсті,
Ресейде болса 108% өсті, өнеркәсіптік өндіру өсімі – 114,6%, Ресейде 109%.
Импорт 37%, экспорт – 63% өсті. Негізгі капиталға инвестициялар 29,4 %
өсті. Тіркелген жұмыссыздар саны 8% азайды. ЕДҚҚБ бағалауы бойынша
Қазақстан тартылған шетел инвестицияларының көлемі бойынша ТМД елдері
арасында бірінші орын және Шығыс Европа мен Балтия елдерінің арасында
үшінші орын алды. Қазақстан мен Ресей экономикалық процесттері ұқсас болып
келеді. Мысалы Қазақстанда Ресейге қарағанда адам басына шаққандағы ЖІӨ
көлемі тек 13-15% төмен. Екі мемлекетте де экспортта басты орынды шікізат
секторы алып отыр. Ресейде экспортта шикізат тауарларының үлесі 75%, ал
Қазақстанда – 81%. Сол себепті Қазақстан Ресей сиәқты мұнай және металлдық
баға коньюктурасы мен долларға қатысты ұлттық валюта бағамына тәуелді.
Алайда 1998 жылғы дағдарыс Қазақстанда Ресейде Федерациясындағыдай
терең болған жоқ, мемлекетіміз дағдарыстан тез шықты. Белгілі дәрежеде
Қазақстанға жаңа негізгі қорлар көмектесті. 1999 жылы Ресейде олардың
тозу дәрежесі 41,9%, ал Қазақстанда – 33,2% болды.
Бұл факторлардың әсерінен 1998 жылы ЖІӨ төмендеуі Қазақстанда – 33,2%,
Ресейде – 5% болды, өнеркәсіптік өндіріс 2,5% түсті, Ресейде – 5%.
Қазақстан мен Ресейдегі ЖІӨ динамикасын график 1 өруге болады.
Ең бастысы Қазақстан Ресей сияқты дағдарыс кезінде үлкен қоғамдық
зиян шеккен жоқ. Егер Ресейде 2000 жылғы нәтижелер бойынша халықтың қолда
бар нақты ақшалай кірісі 1997 жылғы көрсеткішке, яғни 21% дейін төмендесе,
онда Қазақстанда 5,4% өсті. Дағдарыстан тез және ауыртпалықсыз шығу
Қазақстан экономикасына инвестициялардың жоғары динамикасына байланысты
боды. Және ең үлкен инвестициялық белсенділікті ішкі мемлекеттік емес
инвесторлар көрсетті.
Қазақстанның инвестициялық саясаты шетел инвесторларға тиімді жағдай
жасауға бағытталған. Сол себепті Қазақстан экономикасына шетел
инвестицияларының үлесі Ресейге қарағанда біршама жоғары .
Қазақстанда инвестициялық климаттың өзіндік ерекшеліктері бар. Ресейде
заңдылық бар: аймақтың потенциалы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым
тәуекелдік төмен болады. Қазақстанда инвестициялық потенциылдың жоғарлауы
тәуекелдіктердің өсуімен қатар жүреді. Егер Ресейде аймақтардың тәуекелдік
және потенциал рангілерінің корелляциясы 0,41 болса, Қазақстанда керісінше
- -0,39.
Қазақстан аймақтарының мнвестициялың тартымдылық, потенциал және
тәуекелдік кесте-1 келтірілген.

Кесте 1 2004 жылғы Қазақстан региондарының инвестициялық
тартымдылығының рейтингі

Инвестициялық Потенциал Тәуекелдік Региондар
тартымдылық рейтингі рейтингі
рейтингі
13 12 9 Ақмола облысы
4 10 7 Ақтөбе облысы
8 9 14 Алматы облысы
1 6 12 Атырау облысы
12 3 16 Шығыс Қазақстан облысы
- 11 10 Жамбыл облысы
2 15 8 Батыс Қазақстан облысы
3 2 15 Қарағанды облысы
- 5 13 Қостнай облысы
6 16 3 Қызылорда облысы
7 14 6 Маңғыстау облысы
11 4 11 Павлодар облысы
14 13 4 Солтүстік Қазақстан
облысы
10 7 5 Оңтүстік Қазақстан облысы
5 8 1 Астана қаласы
9 1 2 Алматы қаласы

Бірақ тәуекелдік пен потенциалды формальды ұштастыру инвесторды қиын
таңдаудан құтқармайды. Ол ақшасын жоғары тәуекелдікті аймақтарда орналасқан
тиімді сфераларға салуы мүмкін, немесе аз эффективті жобаларға, бірақ
тәуекелдігі төмен аймақтарға салуы мүмкін.
Жағымды инвестициялық климатты Алматыдан басқа Қазақстан аймақтары үш
негізгі топқа бөлінді. Бұл топтардың әрқайсысы өзіндік инвестициялың
климатпен ерекшеленеді.
Бірінші топқа жоғары потенциалды және жоғары тәуекелділігі бар
өнеркәсіптік дамыған екі аймақ кірді, яғни Қарағанды және Шығыс Қазақстан
облыстары. Инвесторлар үшін жағымдырақ жағдайлар Қарағанды облысында
жасалған. Бұл аймақтарда инвестициялық климаттың жақсаруына қоршаған орта
жағдайын түбегейлі жақсарту жолымен қол жеткізуге болады. Қазақстанның
Табиғи ресурстарды және Қоршаған ортанықорғау Министрлігінің мәліметтері
бойынша республиканың өнеркәсіптік дамыған аймақтарының ішінде барлық
атмосфераны ластайтын заттарды шығарудың жартысынан астамы, осы аймақтар
үлесіне келеді (Қарағанды облысы – 47,7%, Шығыс Қазақстан облысы –
10,4%).6
Керісінше шектелген инвестициялық потенциал және төмен тәуекелдік
бірнеше аймақтарды бірітіреді, яғни Астана, Ақтөбе, Жамблы, Батыс
Казақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік
Қазақстан облыстары. Бұл топта Қазақстанның асатнасы – Астана бастап отыр.
Астананы ауыстырғаннан кейін бұл қаланың экономикасы екпінді қарқынмен
дамыды. Бірақ шектелген потенциал салдары көрінді: инфраструктураның дамуы
екпінді өсуге үлгерген жоқ. Астананың жаңа аудандарының коммуналдық
шаруашылығы орталықтандыррылмаған, сумек қамсыздандырудың да бірқатар
мәселелер пайда болды.
Топтық қалған аймақтары негізінен ауыл шаруашылыққа және өндіру
өнеркәсібіне негіздеоген. Сол себепті бұл аймақатрда инвестициялық
климаттың жақсаруы қайта өндіру салаларының дамуы негізінде
потенциалдарының жоғарлаумен байланысты.
Қазақстан жағдайына оптималды Павлодар, Қостанай, Атырау және Алмты
облыстарын қамтитын топ болып табылады. Оларға жоғары потенциал және
бірінғай тәуекелдік тән. Бұл топтың көшбасшысы Павлодар облысы. Жергілікті
басшылықтың бизнесті дамытуға жағымды ортаны қалыптарстыру саясатымен
ұмтастырылған өндіру және қайта өндіру салаларымен таныс баланстанған
экономика құрылымы инвесторлар үшін бұл аймақты тіптен тартымды етеді.
Инвесторлар үшін ең тартымды Қазақстанның күшті минералды – шикізаттың
базасы, сонымен қатар ауыр өнеркәсіп және жетпілікті білікті еңбек
ресурстары болып табылады. Сол себепті рейтингтің бірінші жартысына осы
факторлары бар аймақтар енді.
Алматы астаналық дәрежесінен айырылғынымен инвестициялық потенциал
бойынша сөзсіз кош босшы болып отыр. Қала ең күшті еңбек, тұтыну және
инфрақұрылымдың потенциалға ие және Қазақстанның қаржылық астанасы болып
табылады. Бірақ Алматының жақсы қаржылық көрсеткіштері мұнда борлық ірі
компанияларының орталық офистері арналасуымен байланысты. Нақты
инвестициялар болса өндірісі бар аймақтарға салынады. Бұл виртуалды
немесе офистік инвестициялар бірте-бірте астанамыз Астанаға ағылып жатыр.
Келесі топты ресурстың қамсыздандырылған және өнеркәсіптік дамыған
облыстар құрайды - Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары. Қарағанды
облысы республиканың көмір-металлургиялық базасы, ал Шығыс Қазақстан –
түсті металлургиялық базасы болып табылады.
Әрі қарай жалпыреспубликалық потенциал бойынша Павлодар облысы
басқарып кележатқан топ. Халқының аздығына қарамастан, бұл облыс бірқатар
өндірісте монополист жағдайында (Қазақстан бойынша жалпы көлемнің 35%
асатмы): көмір өндіру, электроқуат өндіру, глинозем және ферроқорытпа
өндіру және тракторлар шығару. Облыста инфраструктура жеткілікті жақсы
құрылған, рыноктың экономика институттары дамыған, еңбек ресурстары жоғары
сапалы.
Инвестициялық потенциал бойынша жақын Қостанай облысында жоғары ресурс-
шикізаттың потенциал. Мұнда Қазақстан бокситтерінің 100% және темір
рудаларының 83% өндіріледі. Атырау облысында мұнай шығарудың және
өндірістік сфераның үлкен үлесі жинақталған, ал ең көп халық қоныстанған
Оңтүстік Қазақстан облысында мұнайды қайта өндірудің ең ірі қуаттары
шоғырланған.
Рейтингтің бірінші жартысын Астана аяқтап отыр. Халқының саны бойынша
соңғы тұрған Маңғыстау облысының алдында тұр.Оған қарамастан астамызда
жоғары инновациялық және инфрақұрылымындың потенциал. Мұнда халықтың
табыстары да жоғары, сондықтан тұтыну потенциалы да салыстырмалы жоғары.
Ақмола облысында инфрақұрылымындық және инновациялық потенциал жаман
емес, Алматы облысында – еңбек, Солтүстік Қазақстан – инфрақұрылымындың,
бұдан басқа ол Қазақстан бойынша монополизм деңгейі жағынан бесінші орында.
Қызылорда облысында телефондану деңгейі салыстырмалы жоғары. Инвестициялық
потенциалдың төмендігіне қарамастан Маңғыстау облысы шағын бизнестің
интенсивті дамуымен ерекшеленеді. Жамбыл облысында Қазақстанның бүкіл
бариті өндіріледі, ал Ақтөбе облысында бүкіл хром рудасы және
ферроқорытпалардың төрттен бір бөлігінен астамы жасалады. Батыс Қазақстан
облысында мемлекет газының жартысынан асатмы өндіріледі.
Аймақтардың потенциалды есептегенде қолданылған кейбір индикативті
көрсеткіштер бойынша орналасуы 2, 3, 4, 5, кестелерде көшбасшы болып тұрған
Астана қаласы, Алматы қаласы, Қарағанды облысы.

Кесте 2 Региондардың экономикалық қуаттылығы (өндірістік потенциал)
Инвестициялық Региондар 2004ж. Жалпы регионалдық
тартымдылық рейтингі өнімді өндірудегі үлесі
(%)
13 Ақмола облысы 2,96
4 Ақтөбе облысы 4,82
8 Алматы облысы 4,76
1 Атырау облысы 12,56
12 Шығыс Қазақстан облысы 7,22
- Жамбыл облысы 2,25
2 Батыс Қазақстан облысы 4,90
3 Қарағанды облысы 9,12
- Қостнай облысы 5,0
6 Қызылорда облысы 2,89
7 Маңғыстау облысы 4,90
11 Павлодар облысы 5,44
14 Солтүстік Қазақстан 2,52
облысы
10 Оңтүстік Қазақстан 5,91
облысы
5 Астана қаласы 6,50
9 Алматы қаласы 18,26

Кесте 3 Халықтың табыс деңгейі (тұтыну потенциалы)

Инвестициялық Региондар 2004ж. Қазақстан бойынша
тартымдылық рейтингі орта есеппен алғанда
адам басына шаққандағы
аөшалай табыстары(%)
13 Ақмола облысы 2,96
4 Ақтөбе облысы 4,82
8 Алматы облысы 4,76
1 Атырау облысы 12,56
12 Шығыс Қазақстан облысы 7,22
- Жамбыл облысы 2,25
2 Батыс Қазақстан облысы 4,90
3 Қарағанды облысы 9,12
- Қостнай облысы 5,0
6 Қызылорда облысы 2,89
7 Маңғыстау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-да инвестициялық құқықтың пайда болу және даму тарихы
Мемлекеттік мекемелердегі қаржы инвестициялары
Инвестициялық қатынастарды халықаралық- құқықтық реттеу
Инвестициялық қызметтің халықаралық және ұлттық құқықпен реттелуі
Инвестицияның мәні, инвестициялық банктер
ТМД шеңберіндегі инвестицияларды халықаралық құқықтық реттеу
Шетел инвесторларының қатысуы бар қатынастарды реттеудің ерекшеліктері
Бағалы қағаздар есебі
Шетел инвестицияларының ұлттық экономиканың дамуындағы ролі
Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің құқықтық жағдайы
Пәндер