Мемлекеттің қаржы жүйесі және несие формалары



КІРІСПЕ

1.ТАРАУ. НЕСИЕНІҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Несиенің негізгі түрлері
1.2 Несиенің қызметтері

2.ТАРАУ. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ, СФЕРАЛАРЫ ЖӘНЕ БУЫНДАРЫ
2.1 Қаржы жүйесінің ұғымы
2.2 Қаржы жүйесін құрудың негізгі кағидаттары.

3.ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗЫНА САЯСАТЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың щеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие объектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Несиенің түрлері - ол ұйымдастыру-экономикалық нысандарына байланысты әрбір несиені сипаттау. Несиені жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ. Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының орістеуіне байланысты несие ақшалы және тауарлы болып, одан эрі несиенің жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржы негізінен екі функция орындайды, оның бірі қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын қаржының бөлу функциясы болса, екінші оның бақылау функциясы.
Қаржы өзінің экономикалық табиғаты мен жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда қоғамның сан алуан қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар сфералардан тұрады. Нәтижесінде ол өзінің ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастардың сферасы мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.
1. Экономикалық теория негіздері : оқу құралы. - Алматы: Аркаим, 2003ж.
2. Гайнуллин Ф.: Экономическая политика. Учебное пособие. /Под редакцией д.э.н. Д.К.Кабдиева. Алматы 1998. – 251с./
3. Экономика: Учебник / Под ред. АС. Булатова. - Алматы 1997 г.
4. Экономика. Учебник для экономических академий, вузов и факультетов. Под редакцией кандидата экономических наук, доцента А.С. Булатова. Издательство БЕК. А. 1998.
5. Статистикалық пресс – бюллетень. № 1. Алматы, 2002 жыл.
6. Назарбаев Н. А. Казахстан-2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев: Послание Президента РК народу Казахстана. Алматы, 1997
7. Пошелюжня Л. Становление рынка государственных ценных бумаг Казахстана // РЦБК № 6, 1999
8. Пошелюжня Л. Становление рынка государственных ценных бумаг Казахстана // РЦБК № 6, 1999
9. Финансовые известия, 24 января 2002

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
жоспар

Кіріспе

1-Тарау. Несиенің формалары мен оның түрлері

1.1 Несиенің негізгі түрлері
1.2 Несиенің қызметтері

2-ТАРАУ. ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҰҒЫМЫ, СФЕРАЛАРЫ ЖӘНЕ БУЫНДАРЫ
2.1 Қаржы жүйесінің ұғымы
2.2 Қаржы жүйесін құрудың негізгі кағидаттары.

3-Тарау. Мемлекеттің қаржы жүйесі және қазына саясаты

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатынастардың щеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін
өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік
несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие объектілері, құрамы, қарыз
объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Несиенің түрлері - ол ұйымдастыру-экономикалық нысандарына байланысты
әрбір несиені сипаттау. Несиені жіктеуде әлемдік біркелкі стандарт жоқ.
Несие қатынастарының дамуына және тауар-ақша айналысының орістеуіне
байланысты несие ақшалы және тауарлы болып, одан эрі несиенің жаңа түрлері
пайда болуы мүмкін.
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын
көрінеді. Қаржы негізінен екі функция орындайды, оның бірі қоғамдық өнім
мен ұлттық табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын қаржының
бөлу функциясы болса, екінші оның бақылау функциясы.
Қаржы өзінің экономикалық табиғаты мен жалпы принципиалды бірлігі
жағынан біртұтас. Алайда қоғамның сан алуан қажеттеріне қызмет ететіндігіне
байланысты қаржы бірқатар сфералардан тұрады. Нәтижесінде ол өзінің
ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастардың сферасы мен
буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін
құрады.

1-Тарау. Несиенің формалары мен оның түрлері

1.1 Несиенің негізгі түрлері

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды.
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге
сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып оны қарызға беруі. Әдетте
коммерциялық несиеде вексель толтырылады. Коммерциялық несие алғашқы
капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін қамтамасыз
етуден пайда болып, капиталистік несие жүйесінің негізін қалады. Мысалы,
кейбір объективті себеп терге байланысты (тауар өндіру уақыты оны сатып,
ақша тусіру уақытымен сай келмейді, кейбір өндіріс жыл мезгілдеріне
байланысты ұйымдастырылып, онда өндірілген тауарды сату да жыл мезгілдеріне
байланысты жүргізіледі) Капиталист - өндіруші нарықка тауарын
шығарғанда, өндіруші-сатып алушыда қолма-қол ақша болмаған жағдайда оған
бірінші капиталист тауарын несиеге сатады. Коммерциялық несие тауардың
өндірістен тікелей тұтынушыға тусуін қамтамасыз етеді, сөйтіп тауарлардың
сатылуын барлық капиталдың қайталама айналысын жеделдетеді. Сонымен қатар
кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша қажетін өтейді. Дегенмен коммерциялық
несиені қолдануда біраз шектеуліктер бар. Олар:
- бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар корының көлемімен
шектеледі;
- бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты
өзгереді, яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы
бузылып, коммерциялық несие көлемі қысқарады
- бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны өндіріс құрал-
жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын салаларға
береді, керісінше болуы мумкін емес. Мысалы, комбайн зауыты
комбайндарды несиеге ауыл шаруашылығына сатуға болады, ал ауыл
шаруашылығы комбайн зауыты коммерциялык несие ретінде өз өнімін
бере алмайды.
Қорыта айтканда, коммерциялык несиенің банктік несиеден басты
ерекшклігі - ол тауар түрінде берілетін несие
Банктік несие - ол банкте шоғырланған қара қорынан қарыздардың
клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша турінде берілетін несие.
Коммерциялық несие мен банктік несиенін бір-бірінен бірсыпыра
айырмашылыктары бар.
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде беріледі ал банктік
несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен
сатушылар бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік
несие өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде
беріледі.
Екіншіден, коммерциялық несие мен банктік несие бірінен, сүбъектілер,
яғни несие келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады. Коммерциялық
несиеде не беруші ретінде де, қарыздар ретінде де кэсіпкер журеді.
Банктік несиеде несие беруші - банк, ал қарыз алушылар касіпкер
болуы мүмкін.
Үшіншіден, коммерциялық несиенің шектеулері банктік несие берумен
жойылады, себебі банктік несиені қолданудың өрісі кен. Коммерциялық несие
тек тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтын барлық
топтарына уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға
айналдырады.
Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы өсуі біркелкі емес.
Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс тауар айналымының дамуына және
төмендеуіне байланысты болып және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің кезінде
дамуы ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді. Дағдарыстың
әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, қарызды төлеу үшін банктік
несиеге сұраныс көбейеді. Өндірістің жанданып көтерілуі кезінде нақты
капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін банктік несиеге
сұраныс ұлғаяды. Осыдан банктік несиенің екі жақты туындайды: қарыз
алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін пайдаланса, онда
капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралы ретінде
пайдаланса, онда ақша қарызы болады.Банктік несиенің шартты түрде мұндай
екіге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына байланысты
болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель, бағалы
қағаздарды берсе, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны.
Мемлекеттік несие - ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының
облигация сату арқылы жеке және заңды тұлғалардан несие алуы. Бұл несие
қатынастарының субъектілері: несие беруші - халық және заңды ұйымдар,
несие алушы - мемлекет және оның жергілікті органдары. Мемлеттік несие -
қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып 2-ге болінеді. Қысқа мерзімді
несие қазыналық вексельдер турінде шығарылып, 1-3 айдан кейін өтелуі
керек, ал ұзақ мерзімді несие мемлекеттік облигациялар түрінде
шығарылып, көптеген жыл өткен соң өтеледі. Бұл мемлекеттік заемдар
(қарыз) мемлекеттік шығындарды өтеуге, қажеттің тапшылығын жоюға, инфляция
кезінде айналым-артық ақшаны шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен бұл несие
негізінен шенеулік аппарат шығындарын еутеуге эскер ұстауға жэне т.с.с.
өндірістік емес экономикалық жане элеуметтік қажеттерге жұмсалады. Заемдар
мемлекетке уақытша қосымша табыс өсіргенмен, кейін қарызды өтеу
және ол үшін процент толеу кезінде мемлекеттік шығындарды өсіреді.
Ол толмдерді өтеу үшін мемлекет халықтан алынатын салықтар мөлшерін
көтереді. Сөйтіп заемдар бойынша төленетін процент сомасы мемлекеттік
қарыздардың көтерілуімен өседі.
Халықаралық несие деп мерзімді белгілеу, процент төлеу және кері
қайтару келісімімен тауар және валюта ресурстарын беруге байланысты
халықаралық экономикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталының
қозғалысын айтады. Халықаралық несие XIV-ХҮғғ. әлемдік сауда-саттық
пайда болып, одан әрі Еуропадан - Таяу және Орта Шығыс елдеріне қатынайтын
теңіз жолдарын игергеннен кейін дамыды, бертін келе Америка мен Үндістанды
ашқан соң халықаралық несиені пайдалану өрісі одан әрі кеңейді. Әлемдік
шаруашылық қатынастардың интернациоциолдануына, халықаралық еңбек
бөлінісіне және ғылыми - техникалық прогрестің жетістіктерін бірге
пайдалануға байланысты халықаралық несиенің жылма-жыл масштабы
ұлғаюда. Халықаралық несие қатынастарына несие беруші және қарыз алушы
ретінде банктер, кәсіпорындар, мемлекет, халықаралық және аймактық
ұйымдар қатынасады. Халықаралык несие түпкі негізіне байланысты
төмендегідей жіктеледі:
- берілетін мерзіміне байланысты - (тәуліктік, апталык, үш айға дейін),
қыска мерзім (бір жылға дейін), орта мерзімді (бір жылдан бес жылға дейін),
ұзақ мерзімді (бес жылдан жоғары) несие. Кейбір жағдайларда орта
мерзімді деп 7 жылға дейін, ал ұзак мерзімді 10 жылдан аса уақыт берілетін
несиені айтады. Қысқа мерзімді несие айналмалы капиталдың қозғалысынан
туындайтын қарыздардың ағымдағы қажетіне беріледі. Оның қайтарылу мерзімі
әр елдің экономикалық жағдайында инфляцияның деңгейіне қарай өзгеріп
отырады. Мысалы, 90-жылдарға дейін КСРО-да қысқа мерзімді несие 3-6 айға
дейін берілді. Жалпы әлемдік стандарт бойынша қысқа мерзімді несие 1
жылға дейін уақытта қайтарылуы тиіс. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді
несиелер өндірісті жаңарту, оны кеңейтуге байланысты туындайтын ұзақ
мерзімді қажеттіліктерге беріледі;
- кьізметіне байланысты - коммерциялык несие - тікелей сыртқы сауда
мен көрсетілген қызметке байланысты беріледі; қаржылык, яғни күрделі қаржы,
объектілер салу, бағалы қағаздар сатып алу, сыртқы қарызды өтеу; аралық -
аралас істелетін қызметтерге (яғни капитал мен тауарларды шығару, құрылыс
жұмыстарын орындау немесе "инжиринг", қызмет көрсету) берілетін несие;
- несие түріне байланысты - ол тауарлы, импортшыға экспортшы сатылған
тауарға төлемді кейінге қалдырып беретін несие; валюталық - банктердің ақша
түрінде беретін несиесі;
- несие валютасы бойынша - қарыздар-мемлекеттің валютасымен, несие
беруші - мемлекеттің валютасымен, үшінші мемлекеттің валютасымен жэне
халықаралық ақша өлшемімен (СДР, ЭКЮ, ЕУРО) берілетін несие;
- қамтамасыз етілуі бойынша - қамтамасыз етілген (тауар
құжаттарымен, вексельдермен, бағалы қағаздармен, қозғалмайтын
мүліктермен жэне т.б.);
- бланктік, яғни қарыздардың міндеттемесімен (бір кісі қол қойған
соло - вексель) несие;
- берілуі бойынша – қолма - қол (қарыздардың шотына жазу), акцептті
(төлеуге келісім берілген), депозиттік сертификаттар, облигациялық заемдар.
Несие түрлері төмендегі жағдайларға байланысты жіктеледі:
- несиемен қамтамасыз етілетін ұдайы өндірістік сатысына. Өнім
өндіретін шаруашылық субъектік несиені құрал-жабдықтар алуға, шикізат,
жанармайлар алуға және т.б. қажетіне жұмсаса, халық тұтыну заттарын
алуға пайдаланады. Жалпы алған несие айырбас категориясы ретінде жиынтық
өнім өндіруге, бөлуге және тұтынуға қолданылады;
- экономиканың салаларында қолданылуына. Өнеркәсіп мекемесіне берілген
несие өнеркэсіптік несие деп аталады. Сонымен қатар жоғарыда айтып
кеткеніміздей, ауыл шаруашылығы несиесі, саудалық несие (коммерциялық)
түрлері болады;
- несиенің камтамасыз етілуіне. Тікелей қамтама етілген несиеге,
мысалы, нақты тауарды сатып алуға берілген несие жатады. Жанамалай камтамас
етілген несие, мысалы, өз ақша қаражаты аз болған жағдайда тауар
қорларының жетіспей калған бөлігін төлеуге алған несие.
- несие үшін төлем. Несие ақылы жэне ақысыз бөлінеді. Бұндай болып
бөлінуінін себебі несие капитал ретінде қолданылуынан, яғни несие ал оны
өзінен - өзі өсетін құн ретінде қолданып, уақыты келгенде карызға алған
сомасын процент түріндегі өсімімен қайтаруы керек. Сондықтан ақылы кұн
категориясы.
Дегенмен, бұрынғы жэне қазіргі тарихта ақысыз берілетін жағдайлар бар.
Қазіргі кезде ақысыз несие, мысалы, инсайдерлерге (банк қызметкерлері)
беріледі.
Қорыта айтқанда, әлемдік банктік іс-тәжірибеде несиенің басқа көптеген
түрлері кездеседі. Мысалы, ұлттық валютасымен берілетін несие, жеке және
заңды тұлғаларға берілетін несие және тағы басқалар.

1.2 несиенің қызметтері

ӘРБІР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯНЫҢ МӘНІ ОНЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІНЕН
КӨРІНЕДІ. АЛ ОНЫҢ ӘРБІР ҚЫЗМЕТІ БАСҚА КАТЕГОРИЯЛАРДАН ӨЗГЕШЕЛІГІН
АНЫҚТАЙТЫН МАҢЫЗЫН СИПАТТАЙДЫ.
Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды өзінің алғашқы несіне
өсім ақымен қайтарып беру келісімі бойынша несие беруші мен қарыз алушының
арасында несие қатынастары пайда болады. Бұл қайта бөлу - несиенің алғашкы
қызметі. Несие арқылы қайта бөлінетін не? Оны анықтау қажет, яғни несиенің
қайта бөлу қызметінің белгілері кандай? Несие беруші несие мэмілесі
арқылы қарыздарға бір жағдайда уақытша қолдануга тауарлы-
материалдық құндылықтарды; ал басқа жағдайда ақша қаражатын беруі
мүмкін. Екі жағдайда да мэміленің мәні бірдей болғанымен берілетін зат
(объект) эр түрлі. Алайда заттың формасының әр түрлі болуына қарамастан,
оның мазмұны өзгермейді: кайта бөлінетін заттың кұны. Сонымен, несиенің
қайта бөлу қызметіне құнды бөлу іиеті тән. Ол аймактық, салалық, шаруашылык
нысандарына байланысты: аймақтықаралык, салалықаралық, және шаруашылык-
аралық түрлерге бөлінеді.

2-Тарау. Қаржы жүйесінің ұғымы, сфералары және буындары

2.1 Қаржы жүйесінің ұғымы

Қаржы өзінің экономикалық табиғаты мен жалпы принципиалды бірлігі
жағынан біртұтас. Алайда қоғамның сан алуан қажеттеріне қызмет ететіндігіне
байланысты қаржы бірқатар сфералардан тұрады. Нәтижесінде ол өзінің
ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастардың сферасы мен
буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің бірыңғай қаржы жүйесін
құрады.
Жалпы институционалдық тұрғыдан алғанда қаржы жүйесі бұл қаржы
мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан — ол мемлекетге іс-әрекет
ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығы екенін
естен шығармаған жөн.
Біртұтас қаржы жүйесі - өзінің мәні жағынан мынадай түрлі ұғымдарды
білдіру үшін қолданылатын аталым: а) бір-бірімен өзара байланысты қаржы
қатынастарының сфералары мен буындарының жиынтыгы; ә) елдің қаржы
мекемелерінің жиынтығы, оларға қаржы мекемелері мен салық қызметінің барлық
құрылымдық бөлімдері жатады.
Демек, жалпы қаржы жүйесі - бұл мемлекет пен кәсіпорыңдардың
орталықгандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және
пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқтауланған, бірақ өзара
байланысқан әртурлі сфералары мен буындарының, сондай-ақ оларды
ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.
Қаржы жүйесі анықтамасының бұл принципалды үлгісіне сәйкес қаржы
жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
• қаржы қатынастарының жиынтығы;
• ақша корларының жиынтығы:
• баскарудың қаржы аппараты.
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік
қатынастар болып табылады, оның үстіне кұнды бөлу ең алдымен субъектілер
бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан қоғамдық өндірістегі субъектілердің
рөлі қаржы қатынастары жіктемесінің алғашқы объективті белгісі ретінде
көрінеді. Осыған сәйкес қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін
тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының
жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды. Бұдан бұрын айтылғандай,
қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын
қалыптастырып, пайдалануда табады, бұл ресурстар бюджет қоры,
амортизациялық қор, айналым қаражаттарынын қоры, тұтыну қоры, резерв қоры
және басқа көптеген ақша қорларын қамтиды.
Өзінің тарихы дамуында қаржы жүйесі ұзақ эволюциядан өтті. Қаржы
қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы хүйесі, жалпыға мәлім, әдетге, тек
бір буымен - мемлекетгік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм
жағдайында-батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы
КСРО-ның қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті
қаржылар құрайды. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік берді, бұл
буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын
орындап отырады.
Қазақстан Республикасында макро және микроэкономиканың қаржы жүйесін
реттеліп отыратын қаржы қатынастары мен ақша ресурстарының жиынтыгы және
оларды жұмылдыруды, халық шаруашылығын қаржыландыру мен несиелеуге
байланысты бөлуді жүзуге асыратын қаржы мекемелері құрайды. Бүгінде
Қазақстанның қаржы жүйесі қаржы қатынастарының біршама дербес мына
сфераларынан тұрады:
• мемлекеттік бюджет жүйесі;
• мемлекеттік несие;
• жергілікті қаржылар;
•шаруашылық жүргізуші субъектілердің (корпоративтік) каржылары;
•халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы. Қаржы қатынастарының алғашкы екі
бөлігі жалпымемлекеттік, яғни орталықгандырылған қаржыларға жатады және
макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін
пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (корпоративтік)
қаржылары орталыктандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі
экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін
пайдаланылады.
Жергілікті қаржылар мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып
табылады. Жергілікті қаржылардың әлеуметгік ролі, олардың құрамы мен
құрылымы бүтіндей жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың
сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның
саяси-экономикалық бағыттылығымен аныкталады.
Халықтың (үй шаруашылығының) қаржысы каржы жүйесінің ерекше бөлігі
болып табылады.
Халық (азаматар) өзінің ақша каражаттарымен жалпымемлекетгік қаржы
жүйесімен, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және
меншіктің басқа нысандарының кәсіпорындарымен қарым-қатынас жасайды. Бұл
саналуан қатынастар еңбекке ақы төлеумен, тұтынудың· қоғамдық қорларынан
ақша қаражаттарын төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді
алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің акшалай табысынан салық
төлейді, мемлекеттік және басқа мекемелердің, өңдірістік және өндірістік
емес сфера ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметін төлейді. Мұндай
қатынастар айырбасқа жататын сауда орындарында, рыноктарда, халықка қызмет
көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор
және т.б.) тұтыну тауарлары мен кызметтерді сатып алуга байланысты болатын
ақша қатынастарын қоспағаңда, қаржы қатынастары болып табылады.
Сонымен бірге азаматтардың жеке-дара және шағын кәсіпкерлікпен
айналысыуымен байланысты бұл сферада көлемді қаржы қатынастары пайда
болуда. Мұндай қатынастар корпоративтік қаржылар сфераларындағы
қатынастарға ұқсас.
Жеке меншік және мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылары сферасының
бастапқы табыстары, сондай-ақ азаматтардың табысы кез келген мемлекеттің
қаржы жүйесі құрамының негізін қалайтынын ескеру керек. Және бұл тек
теориялық жәйт қана емес, өйткені бұл ресурстардың бүкіл жйынтығы.
Қазақстанның қаржы ресурстарының балансында қамтып көрсетіледі. Жалпы,
қаржылардың бүкіл жүйесі (құрамы) екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:
- мемлекеттік және муниципалдық қаржылар,
- шаруашылық жүргіуші субъектілердің қаржылары (корпоративтік
қаржылар)
Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша қорлары басқарылатын
материалдық объектіні құрайды. Басқарушы субъекті қаржыны басқарудың
мемлекеттік және қоғамдық аппаратының жүйесі - қаржы аппараты болып келеді,
бұл каржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржы қызметін
ұйымдастыру мен жоспарлау қатынастары буындарының байланысын жетілдірумен
айналысатын қаржы аппараты қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып,
етене ұштасып жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да,
қондырмалық қатынастардың да айқыш-ұйқыш айқасуын білдіреді.
Қаржы жүйесіне кіретін қаржы мекемелеріне Қаржы министірлігі,
жергілікті қаржы басқармалары, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы
бөлімдері, бақылау-тексеріс (ревизия) басқармалары жатады.
Өзінін ортақ принципиалды біртұтастығына қарамастан, қаржы қатынастарын
ұйымдастыру нысандары мен олардың сыртқы көрінісі әртүрлі. Бұл мағынада
қаржы жүйесінің құрамы туралы айтуға болады.
Жалпы қаржы жүйесінің құрамы - бұл қаржы қатынастарының әртүрлі
сфералары мен буындарының жиынтығы, қатынастардың бұл процесінде түрлі ақша
қорлары құрылып, пайдаланылады.
Қаржы жүйесінің ұғымы "Қаржы" ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана
түсуі болып табылады. Бұрын атап көрсетілгендей, қаржы ақша қатынастарын
білдіреді. Алайда қаржының әр сферасында бұл қатынастар түрліше көрінеді,
олардың өзіндік өзгешелігі болады.
Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржы саясатын жүзеге асыруға
қызмет ететін нақтылы қаржы органдары мен қаржы катынастарының жиынтығы
болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.
Нарықтық қатынастарға көшу барысында қаржы жүйесінің рөлі мен маңызы
шұғыл артады. 'Қаржы-несие жүйесі - нарықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық категория ретінде несиенің мәні және қажеттілігі
Несиенің қызметтері және оның экономикадағы маңызы
Ақша айналысы мен айналымының түсінігі
Шаруашылық субъектлерінің қаржысы
Несие жүйесінің экономикалық мәні және маңызы
Мемлекеттің қаржы жоспары
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық ұғымдар
Банктегі несие жүйесі
Несие беру, қайтару және пайыздарды есептеу есебі
Пәндер