«Қазақ» газетінің шығу тарихы мен зерттелуі



Кіріспе
«Қазақ» газетінің шығу тарихы мен зерттелуі
1. 1 «Қазақ» . ұлт зиялылары күресінің жеңісі
1. 2 Басылымның зерттелу тарихы.
«Қазақта» жарық көрген өлең жырлардағы идеялық.көркемдік ізденістер
2.1 «Қазақ» газетіндегі өлең.жырлардың тақырыптық арналары
2.2 Поэзия арқауы . ұлт.азаттық идея.
2.3 Өлең.жырдағы ағартушылық идея көрінісі.
Қазақтағы» әдебиетті зерттеу мен әдеби сын мәселелері
3.1 Жазба әдебиетті өркендету шаралары мен әдеби мұраны игеру жолындағы бастамалар
3.2 Әдеби талғам.танымды қалыптастыру бағытындағы ізденістер.
3.3 «Қазақтың» әдеби сынды дамытуға қосқан үлесі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ХХ ғасыр басындағы ақындық-жазушылық шығармашылықты өркендетіп, әдебиетті танымдық және әдеби-сыни ой-пікір тұрғысынан да байытқан «Қазақ» газетінің төл әдебиетімізді дамытудағы қызметі зерттелді.
«Қазақ» газеті шығармашылық тұлғалардың көркем туындылар мен әдеби-сыни мақалалар арқылы азаттық идеяны көтеріп, ағартушылық ойды ортаға салуына мол мүмкіндік ашты. Ендеше, Қазақстанда шын мәніндегі тұңғыш әдеби-көркем газет ретінде танылған «Қазақ» газетінің қазақтың жазба әдебиетін қалыптастырудағы орнын анықтау, осы арқылы ХХ ғасыр басындағы әдеби үдерістің басты бағыт-бағдарын бағамдау қазақ әдебиеттану ғылымының бүгінгі күнгі өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақ тарихында өзіндік белгісін қалдырған, кезінде тарих көшіндегі орнын ойып алған басылым ғылыми зерттеу әлемінде сөз болмай қалған жоқ. Шартты түрде оны үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Оның бірінші кезеңі – 1913-1925 жылдар, екінші кезең – 1925-1988 жылдар, үшінші кезең 1989 жылдан бүгінге дейінгі аралықты қамтиды. Алғашқы кезең газетті шығарушы А. Байтұрсыновтың өз газеті туралы кезінде жарияланған пікірлерінен бастап, М. Дулатовтың, С.Сейфуллиннің, М. Әуезовтің, т.б.түрлі басылымдарда жарияланған пікірлерін қамтиды. Ол еңбектер негізінен газеттің ұлт үшін атқарған қызметін шынайы бағалауымен құнды. Ортаңғы кезеңді басылымды «ұлтшыл-алашордашыл» деп сынап, қара күйені аямай-ақ жаққан, кешегі кеңестік әкімшілік-әміршілдік жүйе тұсында жарық көрген мақалалар мен зерттеулердегі ой-пікірлер құрайды. Олардың «Қазақ» газетінің ұзақ жылдар бойы тарихтың «ақтаңдағына» айналуына негіз қалағаны белгілі.
«Қазақ» газеті зерттелуінің үшінші кезеңіне тәуелсіздіктің тұсындағы «Қазақ» газетіне жаңаша көзқарас тұғысынан қараған әдебиетші Т.Кәкішұлы, Ғ.Ахмедов, Т. Қожакеев, Ү. Сұбханбердина, Р. Нұрғали, Ө. Әбдиманұлы, Д. Қамзабекұлы, А. Шәріп, Ж. Смағұлов, Р. Имаханбетова, тарихшы К. Нұрпейісов, М. Қойгелдиев, Қ. Атабаев, тілші Р. Сыздықова, Б. Момынова, журналист Қ. Сақ, Ж. Байтелесова, т.б. ғалымдардың түрлі саладағы зертеулерін жатқызамыз.
Шындығында да «Қазақ» газетін зерттеуге байланысты осыған дейін де аз жұмыс жасалынған жоқ. Мұның өзі – таңдап алынған тақырыптың көкейкестілігі мен қоғамдық сұранысқа ие болып отырғандығының тағы бір дәлелі. Бірақ бұдан «Қазаққа» қатысты барлық мәселе жазылып бітті деген ой тумауы керек. Әсіресе, бұл әдебиет мәселесіне қатысты болып келеді.
«Қазақ» газетінің әдебиет мәселесіне қатысын зерттеудегі аса көрнекті – еңбек Т. Кәкішевтің «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» және Ө. Әбдимановтың «Қазақ» газеті» кітаптары. Бұл еңбектердің үлкен бір тарауы «Қазақ» газетіндегі әдебиет жайына қатысты. Алғашқысында басылымдағы сын ой-пікірге көбірек көңіл бөлінсе, екіншісінде әдебиетке қатысты мәселелерге жалпы шолу жасалынған.
1 Әуезов М. (Қоңыр) Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі / Шолпан. – 1923. - №4-5. – 20-42 бб.
2 Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы: Санат, 1995. – 368 б.
3 «Азамат серіктігі» // Айқап. – 1913. -№12
4 Байтұрсынов А. Орынбор, 2-ші февраль. //Қазақ. – 1917. – 9 ақпан.
5 Әбдіманов Ө. «Қазақ» газеті. – Алматы: Қазақстан, 1993. – 168 б.
6 ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің архиві. О1.-1484-іс. 6 том. - 1929. – 1 қаңтар // Ақиқат. – 1998. - №3. – 47-59 бб.
7 Дулатұлы Міржақып. Ахмет Байтұрсынович Байтұрсынов // Бес томдық шығармалар жинағы. ІІІ Т. – Алматы: Мектеп, 2003. – 398 б. – 17-28 бб.
8 Шәміл (С.Сейфуллин). Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды // Бес арыс.
– Алматы: Жалын, 1992. – 215-219 бб.
9 Екеу (Аймауытов Ж., Әуезов М.) Абайдан соңғы ақындар // Абай. – 1918. - №5. - 18-23 бб.
10 Асқаров Н. «Айқап» журналындағы саяси-әлеуметтік, әдеби-мәдени мәселелердің көрінісі: филол. ғыл. канд. дисс. Автореф.: – 10. 01. 10 – журналистика. – Алматы, 1999. – 27 б.
11 Міржақып Дулатов. Елім-ай. // Қазақ. 1914. – 28 февраль.
12 Мадияр. Жаңа тілек. // Қазақ. – 1917. – 9 март.
13 Тілешев Е. Мағжан Жұмабаев поэзиясындағы романтизм // филология ғыл.канд.дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясының авторефераты (қолжазба құқығында). – Алматы, 1997.
14 Жұмабаев Мағжан. Есімде.. тек таң атсын! // Қазақ. – 1915. – 25 июнь.
15 Жұмабаев Мағжан. Жарыма // Қазақ. – 1915. – 22 апрель.
16 Шәріп А. Қазақ поэзиясы және ұлттық идея. Алматы: Білім, 2000. –
355 б.
17 Ысқақов Б. Сәбит Дөнентаевтың ақындық жолы. – Алматы: Мектеп, 1966. – 207 б.
18 Мәметов А. Тілегім. // Қазақ. – 1915. – 18 апрель.
19 А. Б. (Ахмет Байтұрсынов). Қазақтың бас ақыны // Қазақ. – 1913. – 30 ноябрь.
20 Шәкәрім.Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.// Қазақ. – 1914. – 9 май.
21 Қыр баласы (Бөкейханов Ә.) Қалқаман-Мамыр. // Қазақ. – 1915. – 22 апрель.
22 Мадияр (Міржақып Дулатов). «Манап драмасы // Қазақ. 1914. – 16 октябрь.

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ

1 «Қазақ» газетіндегі әдеби мұраларды зерттеу мәселелері //Әдеби мұра және қазақ әдебиеті тарихын оқыту мен зерттеу мәселелері. Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 295-300 бб.
2 Б. Майлин және «Қазақ» газеті // Алыптар тобының асылдары : Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 174-181 бб.
3 «Қазақ» газетінің мерзімдік баспасөзде алатын орны // Тіл. Қоғам. Заман: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Ақтау: Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, 2005. – 178-183 бб.
4 М. Әуезов және «Қазақ» газеті // М. Әуезов және әлем әдебиеті: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 72-79 бб.
5 М. Әуезов және алашшыл баспасөз тарихы // М. Әуезов және әлем әдебиеті: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 88-89 бб.
6 Абайды ардақтаған «Қазақ» // ҚазҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы. – 2006. – № 2 (21). – 72-78 бб.
7 «Қазақ» газетіндегі әдеби-сыни көзқарастар // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2006. – № 3 (93). – 98-102бб.
8 «Қазақ» газетіндегі ой оятқан өлең-жырлар // ҚР ҰҒА хабаршысы. Филология сериясы. – 2007. – № 1 (161). – 18-23 бб.
9 «Қазақ» газетіндегі халық мұрасына жанашырлық // Ақиқат. – 2007. – № 6 . – 83-87 бб.
10 ХХ ғасыр басындағы тіл мен әдебиет қорғаны. // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2007. – № 6 (105). – 224-230 бб.
11 «Қазақ» газетіндегі абайтану мәселесі // Маршал Әбдіхалықовтың әдеби мұрасы және рухани тәрбие мәселелері: Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Ақтау: Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті, 2007. – 51-53 бб.
12 Бабадан қалған бас мұра – Отаншылдық // Проблемы и перспективы социально-экономического развития Западного региона Казахстана: Материалы Респ. науч.-практ. конф. – Актау: Мангистауский институт «Болашак», 2007. – с. 74-77.
13 Ұлылықты алғаш таныған ұлылар // ХХ ғасыр қазақ әдебиетін оқыту мен зерттеудің өзекті мәселелері: Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. –Алматы: Қазақ университеті, 2008. – 64-72 бб.

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ХХ ғасыр басындағы ақындық-жазушылық шығармашылықты өркендетіп,
әдебиетті танымдық және әдеби-сыни ой-пікір тұрғысынан да байытқан Қазақ
газетінің төл әдебиетімізді дамытудағы қызметі зерттелді.
Қазақ газеті шығармашылық тұлғалардың көркем туындылар мен әдеби-
сыни мақалалар арқылы азаттық идеяны көтеріп, ағартушылық ойды ортаға
салуына мол мүмкіндік ашты. Ендеше, Қазақстанда шын мәніндегі тұңғыш әдеби-
көркем газет ретінде танылған Қазақ газетінің қазақтың жазба әдебиетін
қалыптастырудағы орнын анықтау, осы арқылы ХХ ғасыр басындағы әдеби
үдерістің басты бағыт-бағдарын бағамдау қазақ әдебиеттану ғылымының
бүгінгі күнгі өзекті мәселесі болып табылады.
Қазақ тарихында өзіндік белгісін қалдырған, кезінде тарих көшіндегі орнын
ойып алған басылым ғылыми зерттеу әлемінде сөз болмай қалған жоқ. Шартты
түрде оны үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Оның бірінші кезеңі – 1913-
1925 жылдар, екінші кезең – 1925-1988 жылдар, үшінші кезең 1989 жылдан
бүгінге дейінгі аралықты қамтиды. Алғашқы кезең газетті шығарушы А.
Байтұрсыновтың өз газеті туралы кезінде жарияланған пікірлерінен бастап,
М. Дулатовтың, С.Сейфуллиннің, М. Әуезовтің, т.б.түрлі басылымдарда
жарияланған пікірлерін қамтиды. Ол еңбектер негізінен газеттің ұлт үшін
атқарған қызметін шынайы бағалауымен құнды. Ортаңғы кезеңді басылымды
ұлтшыл-алашордашыл деп сынап, қара күйені аямай-ақ жаққан, кешегі
кеңестік әкімшілік-әміршілдік жүйе тұсында жарық көрген мақалалар мен
зерттеулердегі ой-пікірлер құрайды. Олардың Қазақ газетінің ұзақ жылдар
бойы тарихтың ақтаңдағына айналуына негіз қалағаны белгілі.
Қазақ газеті зерттелуінің үшінші кезеңіне тәуелсіздіктің тұсындағы
Қазақ газетіне жаңаша көзқарас тұғысынан қараған әдебиетші Т.Кәкішұлы,
Ғ.Ахмедов, Т. Қожакеев, Ү. Сұбханбердина, Р. Нұрғали, Ө. Әбдиманұлы, Д.
Қамзабекұлы, А. Шәріп, Ж. Смағұлов, Р. Имаханбетова, тарихшы К. Нұрпейісов,
М. Қойгелдиев, Қ. Атабаев, тілші Р. Сыздықова, Б. Момынова, журналист Қ.
Сақ, Ж. Байтелесова, т.б. ғалымдардың түрлі саладағы зертеулерін
жатқызамыз.
Шындығында да Қазақ газетін зерттеуге байланысты осыған дейін де аз
жұмыс жасалынған жоқ. Мұның өзі – таңдап алынған тақырыптың көкейкестілігі
мен қоғамдық сұранысқа ие болып отырғандығының тағы бір дәлелі. Бірақ бұдан
Қазаққа қатысты барлық мәселе жазылып бітті деген ой тумауы керек.
Әсіресе, бұл әдебиет мәселесіне қатысты болып келеді.
Қазақ газетінің әдебиет мәселесіне қатысын зерттеудегі аса көрнекті –
еңбек Т. Кәкішевтің Қазақ әдебиеті сынының тарихы және Ө. Әбдимановтың
Қазақ газеті кітаптары. Бұл еңбектердің үлкен бір тарауы Қазақ
газетіндегі әдебиет жайына қатысты. Алғашқысында басылымдағы сын ой-
пікірге көбірек көңіл бөлінсе, екіншісінде әдебиетке қатысты мәселелерге
жалпы шолу жасалынған.
Біз өз жұмысымызда жоғарыда аталған еңбектердің құнды тұстарын бағалай
отырып, шама-шарқымызша Қазақ газетіндегі әдебиетке қатысты материалдарды
түгелдей қамти қарастырып, оның ХХ ғасыр басындағы қазақ жазба әдебиетін
дамытудағы мәні мен маңызын ашуға тырыстық.
Қазақ газетіндегі жарияланымдар арқылы қазақ жазба әдебиетінің белгілі
бір кезеңінің даму ерекшелігін ашу жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Жұмыстың негізгі міндеттері ретінде мынадай мәселелерге назар аударылды:
- Қазақ газетінің елді ағарту, мәдени өркендету жолында атқарған
қызметіне әдеби шығармашылықты дамыту тұрғысынан қарап, жазба
әдебиетті көркейту бағытындағы ісіне шынайы баға беру;
- ХХ ғасыр басындағы қазақ жазба әдебиетіне ерекше үлес қосқан
ақындардың көркемдік сапасы жоғары, идеялық-көркемдік мәні мен
маңызы зор өлеңдерінің Қазақ газеті бетінде жиі жарияланып
тұруының қазақ поэзиясы дамуының белгілі бір белесі екендігін
бағамдау;
- Қазақ газетінің абайтануды қалыптастырудағы айрықша орнын
анықтап, оның қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдықтың
үзілмес бірлігін қалыптастырудағы ізденістерін зерделеу;
- басылым бетінде жарияланған ауыз әдебиетінің үлгілерін сараптап,
газеттің оларды жинау мен зерттеуді жүзеге асырудың жаңа
талаптарын алға шығарған бастамаларын халық мұрасын ғылыми
игерудің жаңа бағыт-бағдары екендігін байыптау;
- жалпы Қазақтың ХХ ғасыр басындағы әдеби ой-танымды дамытуға
қосқан үлесін көрсету арқылы төл әдебиетімізді танудағы, әдеби
талғам-танымды қалыптастырудағы көшбасшылық орнын айқындау;
-рухани дамудың заңдылығы болып табылатын ХХ ғасырдың басындағы
жаңашыл шығармашылықтың Қазақ газеті бетінде жарияланған сыни ой-пікірлер
арқылы бағалануының әдебиеттің биік көркемдік табыстарға қол жеткізуіне
негіз қалағандығын нақтылау.
- Қазақ газетінің әдебиетті өркендетудегі қызметі ХХ ғасыр басындағы
тарихи жағдайлармен бірлікте жаңа көзқарас тұрғысынан баяндалып, толыққанды
ғылыми айналымға енгізілді;
- ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясының идеялық және көркемдік тұрғыдан
дамуына Қазақ газеті бетінде жиі жарияланып тұрған өлең-жырлардың әсері
зор болғандығы дәлелденді;
- Қазақ газетінің абайтануды бастауы және оны қалыптастырудағы
ізденістері жүйелі зерделеніп, Абай дәстүрінің әдебиетімізде
кеңінен орын алуына қатысты атқарған қызметі жан-жақты
қарастырылды;
- басылым бетінде жарияланған халық ауыз әдебиетінің көптеген
үлгілері сарапталып, газет оларды жинау мен зерттеуде жаңа
ғылыми бағыт-бағдар қалыптастырғандығы дәйектелінді;
- Қазақ бетінде жарияланған әдебиеттанудағы мәні жоғары
мақалалар тұңғыш рет зерттеу нысанына алынып, ондағы әдеби
зерттеулердің төл әдебиеттануымыздағы әдеби талғам-танымды
қалыптастырудағы көшбасшылық орны айқындалды;
- Қазақ газеті бетінде жарияланған сыни ой-пікірлердің қазақ
әдеби сынын қалыптастыру мен сын жанрын кәсіби деңгейде
дамытуға негіз қалағандығы байыпталды.
Қазақ газетінің ҚР ҰҒА Орталық кітапханасы мен ҚР Ұлттық
кітапханасының сирек кітаптар мен қолжазбалар қорында сақталған Қазақ
газетінің (1913-1918) түпнұсқа сандары алынды.
Ү. Сұбханбердина, С. Дәуітұлы, Қ. Сақтың құрастыруымен шыққан Қазақ
газеті (1998) жинағы да пайдаланылды.
Қазақ газетіндегі поэзиялық туындылар, әдеби мұралар, әдеби-
танымдық еңбектер, әдеби-сыни мақалалар зерттеудің пәні болып табылады.
нәтижелері Әдеби мұра және қазақ әдебиеті тарихын оқыту мен зерттеу

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Зерттеудің Қазақ газетінің шығу тарихы мен зерттелуі деп аталатын
бірінші бөлімінде XX ғасырдың бас кезінде ел санасын оятып, мәдениетін
көтеруге айрықша қызмет жасаған Қазақ газеті шығуының қоғамдық-саяси
мәніне ой жіберіліп, басылымның тарихтың ақтаңдағына айналуының себеп-
салдары бағамдалып, оның түрлі кезеңдегі зертелуінің қыр-сыры байыпталады.
1. 1 Қазақ – ұлт зиялылары күресінің жеңісі. Қазақ газетінің дүниеге
келуі, ең алдымен, ұлттық сананың оянуына тікелей қатысты. Басылым 1913
жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласында Каримов, Хусаиновтар баспаханасынан
шықты. М. Әуезовтың бағалауында: Қазақ газетінің мезгілі қазақ жұрты 1905
жылдың өзгерісін өткізіп, ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді
қазақты оятып, күшін бір жерге жиып, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ
уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп, талап қыла бастаған
уақытына келді... Бұл тұтынған жолында Қазақ газеті өз міндетін дөп
атқарды [1, 21 б.].
Қазақ – ХХ ғасыр басындағы бірде бір басылым жетпеген биікке
көтеріліп, сөздің шын мағынасында жалпыұлттық сипатқа ие болған газе шығару
үшін үлкен дайындық, бірнеше адамдардың бірігіп еңбек етуі қажет болды. Ол
туралы тарихшы М. Қойгелдиев: Қазақ газеті белгілі бір дәрежеде, сол
кезеңдегі ұлт-азаттық қозғалысының ең белсенді қайраткері А. Байтұрсынов
және М. Дулатовтың үлкен еңбегінің ортақ жемісі еді [2, 147 б.], - деген
әділетті пікір айтады.
А. Байтұрсынов пен М. Дулатов 1913 жылдың соңына қарай Азамат
серіктігін құрмақ болғандықтары туралы Қазақ газетінің 42-санына Алаш
азаматтарына деген мақалада жариялады. Ол туралы Айқап журналы:
Орынборда шығатын Қазақ газетасының бастырушысы Мұстафа Оразаев
бастырушылықтан шығып, орнына Азамат есімді серіктік жасады. Бұл серіктік
2-ші декабрьде ашылды. Бастап ашушылар Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып
Дулатов. Мұнан былай Қазақ газетін сол Азамат серіктігі бастырып
тұрмақшы. Бұл Азамат серіктігіне азаматтықпен қосыламын деген Алаш
азаматтары болса салатын жарнасының ең азы 100 теңге. Азамат серіктігінің
бас мақсаты Алаш азаматтарының серіктескен пұлымен ең әуелі Қазақ
газетінің аяғынан нық бастырып жүргізіп тұрмақ. Онан соң істің ұлғаюы,
ақшаның көбеюіне қарап қазаққа пайдалы қазақша кітаптар бастырамыз. Бұл
ерлік істің ілгері басуын тілейміз [3, 448 б.], – деп жазды.
Қазақ газеті өзінің алғашқы адымын, саналы да мақсатты күрес жолын,
өзі дүниеге келген уақыты мен қоршаған қоғамдық ортаның ерекшелігін және
ұлтының жағдайын анықтаудан бастады. Газеттің бірінші санының бірінші
жолдары: Заманына қарай амалы деген сөздермен басталып, өздерінің
қалыптасқан нақты жағдайға қарай әрекет етуге мәжбүр екендігін ескертсе,
одан әрі: Төңірекке қарасақ түнерген-түнерген бұлттар көрінеді. Түбі
қандай белгісіз. Не боларын білмейміз. Нұр болып жауып, жерімізді көгертіп,
несібемізді молайтар ма, болмаса дауыл болып соғып, үйімізді жығып, үй-
ішімізді шашып тастар ма?! Көзіміз бұған жетпейді. Жалаң аяқ, жалаң бас,
жеңдеріміз қиюсыз, етектеріміз жиюсыз ашылып-шашылып қамсыз жатқан
халықпыз (4), - деп ғасыр басында қалыптасқан қоғамдық жағдайды жұмбақтап
жеткізеді.
Қазақтың патша жандармериясы тарапынан қай мақала үшін қалай
жазалағаны және газет шығарушылардың газетті сақтап қалу жолындағы
жүргізген күресі туралы кейінгі зерттеу әдебиеттерде біршама толық айтылды.
Қазақ газеті тарихының бұл қыры ғылыми-зерттеу жұмыстарда жан-жақты
көрсетілген деп айтуға болады [5, 40-44 бб.].
Қазақ 1913 жылдың ақпанынан 1918 жылдың күзіне дейін шығып тұрды.
Қазақтың ұлттық баспасөзінің қалыптасу дәуірінде мұндай ұзақ уақыт жарық
көріп тұрған басылым жоқ. Оның осы 5 жылға созылған аз ғұмыры тарихи
оқиғалардың бай шежіресімен оны қазақ ұлтының энциклопедиялық басылымы
деңгейіне көтерді.
Тек 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін ғана Қазақ қуғыннан құтылып,
оның авторларының қолы бұғаудан босанды. Сол жылдың 9 наурызындағы 221-
нөмірінен бастап Қазақ өз халқы – қазағына ашықтан-ашық еш бүркемесіз
қызмет етуге мүмкіндік алды. Сөйтіп, Қазақ газеті тарихының жаңа кезеңі
басталды.
Ресейдегі саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты туындаған: комитеттер
құру, қазақ съездерін өткізу, өз жеріне өзі ие болу мақсатында Құрылтайға
депутаттар сайлау, Алаш партиясы мен Алаш Орда үкіметін құру, түптеп
келгенде ұлттық автономияға қол жеткізу сияқты ұлт алдында тұрған ірі,
ауқымды істерге Қазақ ашық араласып, ұйытқы бола білді. Сол істердің
қажеттігі мен маңызы, барысы мен туындаған қиыншылықтардан шығудың жолдары
туралы жазды.
Қазан төңкерісінен кейінгі, әсіресе, соңғы 1918 жылғы Қазақ газетін
таптық ұстанымды ту еткен жаңа қоғам құрушыларға қарсы ымырасыз күресімен
ерекшеленеді деуге болады. Газет большевиктер партиясы тарих сахнасына
шыққан күннен бастап, олардың қанқұйлы әрекеттерін, отаршыл саясаттың өңін
айландырған империялық құлқын әшкереледі.
Өз кезегінде кеңес үкіметі де Қазаққа, оның шығарушыларына қарсы
аяусыз күрес жүргізгені белгілі. Орынборда кеңес өкіметінің орнауына
байланысты өзінің бес жылға жуық тарихында Қазақ бірінші рет, 1918 жылдың
17 қаңтарындағы, 260 нөмірінен кейін шығуын ұзақ уақытқа тоқтатты. Оны
біржола жабу туралы Омбы атқару комитетінің 1918 жылғы 4 наурызда Орынбор
совдепіне берген телеграммасында: Ввиду того, что киргизский орган партии
Алаш Казах является контрреволюционным, открыто выступает против
Советской власти, организуя Алаш-Орду, просим немедленно закрыть газету -
делінген [6, 95 б.].
Қорыта айтқанда, Қазақ газетінің шығу тарихы – оянған сананың
ұлттық рухты сілкінткен құдірет күшінің белгісі, қазақ зиялыларының
отаршылдыққа қарсы күрес шежіресі. Жұмыста біз осыны жан-жақты ашуға
тырыстық. Сол арқылы газет жүріп өткен жеңісі мен жеңілісі тайталас түсер
жолды нақты деректер негізінде байыптап көрсеттік. Жеңіс Қазақ
айналасындағылар күресінің жемісі болса, кей-кейдегі жеңіліс газет
шығарушылар лажсыздан, амалдың жоқтығынан барған амал-айла еді. Оны біз осы
тараушада көптеген тарихи деректерді пайдалана отырып, кең көлемде аша
алдық деп сеніммен айта аламыз.
1. 2 Басылымның зерттелу тарихы. Ахмет, Әлихан, Міржақып сынды үш арыс
тізгінін ұстаған осынау тұңғыш бейресми басылым – 65 жылдан астам қазақ ой-
санасынан аластатылып, ондағы асыл ойлар мен ұлтты ұйытқан ұғым-танымдар
көп жылдар бойы көзден таса қалып, ой жүйрігі жетпес арманға айналды. Бұған
кінәлі кеңестік ұраншыл идеология мен тапшыл саясат болатын. Ұлт дегенде
кекжие қалатын кекшіл аға халық бәрін де жоққа шығарып, өзінен басқада
ештеңе болмаған деген кесірлі пікірді ұзақ жылдарға кесім етті.
Әйтсе де, жарық көргеніне 75 жыл толғанда, қазақтың рухани аспанының
көкжиегінен Қазақ арайлы шапағын қайта шашты. Осынау тәуелсіздік таңымен
бірге жарқ ете қалған қазақ ой-санасының асылынан тарихшымыз дерек көзін
таптық, пәлсапашыларымыз ой-таным кенін аштық, әдебиетшілеріміз сөз
өнерінің кереметтей көркемдік құбылысына бойладық, тілшілеріміз сырлы
сөздің құнарына кенелдік. Әне-міне дегенше, алғашқы ізденістер де өз
жемісін бере бастады. Баспасөз беттерінде біраз мақалар жарияланып, сонан
соң іргелі зертеулер де көп күттірген жоқ.
Алғашқы болып әдебиетші-ғалым Ө. Әбдимановтың Қазақ газеті атты
монографиясы (1993) жарық көрді. Бұл зерттеу Қазақ газетінің шығу
тарихына, басылымдық болмысына қатысты біраз ақтаңдақтардың бетін ашты.
Көрнекті әдебиетші-ғалым Тұрсынбек Кәкішевтің Қазақ әдебиеті сынының
тарихы (1994) атты оқу құралында Қазақ газетінің әдеби сынды
қалыптастырудағы батыл қадамдары жаңа қырынан қарастырылып, ғылыми
айналымға енгізілді. Қазақ газетіне тарихшылардың да назары қатты ауды.
Тікелей Қазақ газеті тарихына арналмағанмен, тарихи кезеңге, қазақ
зиялыларына, алашшыларға, қазақ баспасөзіне қатысты біршама еңбектерде
аталмыш басылым жайлы жан-жақты сөз қозғалды. Бұл бағыттағы академик
К. Нұрпейісовтің Алаш һәм Алашорда (1995), көрнекті тарихшы ғалым
М. Қойгелдиевтің Алаш қозғалысы (1995), Қ. Атабаевтың Қазақ
баспасөзі – қазақ тарихының дерек көзі (1870-1918) зерттеу еңбектерінің
орны ерекше. Сонымен қатар тілші-ғалым Б. Момынова Қазақ газетінің тілдік
ерекшелігін кандидаттық жұмысының арқауы етсе , журналист - ғалым Қ. Сақ өз
зерттеу еңбегінің негізі етіп Қазақ газетіндегі саяси - әлеуметтік
мәселердің жазылуын алды. Ендеше қазақ руханиятында зор қызмет атқарған
басылым бүгінде жан-жақты зерттеле бастады деуге толық негіз бар.
Ал енді қазақтану бастауында кімдер тұрды дегенде, ұлт мақтанышына
айналып отырған басылымның жұрт үшін еткен еңбегін елге танытуға тұңғыш
түрен салғандар осы газеттің шығуына зор үлес қосқан М. Дулатов, тырнақалды
дүниелері басылым бетінен көрінген ақиық ақын С. Сейфуллин, кезінде газетте
басылған әр мақаланы тұщына оқып, көкейіне көп ой түйіп өскен, кейін
замананың заңғар жазушысына айналған М. Әуезовтей қазақтың айтулы
азаматтары болатын.
Қазақты зерттеу сонау 1923-жылдан бастау алады. Сол жылы қазақ
халқының Ахметтей ардақты азаматы елуге толып, қазақ баспасөзі беттерінде
Ахаң және ол жарыққа шығарған Қазақ туралы мақалалар шоғыры жарияланды.
Бұған жоғарыда аты аталған үш тұлға да үн қосып, өз ойларын білдірді.
Жарияланған уақытына сай алғаш Міржақыптың, одан соң Сәкеннің, сонан-соң
Мұхтардың мақалары жарық көрді. Енді осы авторлардың Қазақ газеті
жөніндегі бағалы пікірлеріне көз жүгіртіп көрелік.
Міржақыптың Қазақ газетіне берген бағасы мынадай: ...возглавляемая
Ахметом Байтұрсыновым газета Казах в истории молодой киргизской прессы
заняла первое и почетное место [7, 126 б.]. Мақала орысша жазылған,
сондықтан да біз сілтемені түп нұсқа бойынша келтірдік. Сәкен Ахаңның газет
ашқан ерлігін өте жоғары бағалап: ...Орынборда Қазақ деген газет
шығарды. ...Бұл қызметінің әсіресе көзге көрінетіндігі сол, өзге оқыған
замандастары өз бастарының ғана пайдасын іздеп, ар һәм имандарын сатып
жүргенде, Ахмет халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін басын
бәйгіге тіккен [8], -деп жазады. Мұхтар: Қазақтың еңкейген кәрі,
еңбектенген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз
денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-
жеңін жиғызған Қазақ газеті болатын [9], -деп, басылым рухын биікке
көтереді.
Біз өз зерттеуімізде Қазақ атты рухани әлемнің әліппесін алғашқылардың
бірі боп ашқан ұлы Мұхаң екендігін негіздеуге талаптандық. Әсіресе, жұмыста
Мұхтар Әуезовтың Қазақ газетінің әдеби үрдістегі орны жайлы білдірген
өміршең пікір-тұжырымдарына баса назар аудардық. Әрине, 1923- жылы және
одан кейінде Ахаң туралы аз жазылған жоқ, бірақ олардың ешқайсысында да
Қазақ газетінің әдебиетті өркендетудегі бағдаршамдық рөліне баға беріліп,
пікір айтылған емес. Оны алғаш танып, ғылыми айналымға енгізген Мұхтар
Әуезов. Ендеше, М.Әуезовтың алғашқы Қазақтанушы екендігін еш талас
туғызбаса керек-ті.
Қазақта жарық көрген өлең жырлардағы идеялық-көркемдік ізденістер
деп аталатын екінші бөлім үш тараушадан тұрады. Мұнда газетте жарық көрген
өлеңдер тақырып жағынан сарапталып, ақындардың алға қойған мақсаттарына,
идеялық ұстанымдарына орай поэзиядағы азатшылдық идея мен ағартушылық
ағымдардың көркемдік көрініс табуы мәселесі жіктеліп, жан-жақты
қарастырылады.
2.1 Қазақ газетіндегі өлең-жырлардың тақырыптық арналары. Қазақ
газетінде жарияланған өлеңдерді сарынына, мән-мағынасына, тақырыбына орай
бірнеше топқа топтастыруға болады. Біздіңше, Қазақ газетінің алғашқы екі
жылында қазақтың қараңғылығы мен надандығына күйіну, қиналу сезімінде туған
өлеңдер мол ұшырасады. Зарыққанда қылған бата (1913, №2) Ахмет, Зар
(1913, №47), Мұң (1914, №50) І. Көктөбетұлы, Елім -ай (1914, №52) М.
Дулатов т.б. өлеңдерге халықтың жалпы қайғысы, қасіреті арқау болған. 1909
- жылдан Ахмет, Міржақып салған сарын лебі әзір сезіле қоймайды. Қырық
мысал, Маса, Оян, қазақ сарыны әлі де болса игеріле қоймағаны
сезіледі. Газетте жарияланған өлеңдердің келесі бір тобы - алаш ұлына, алаш
жұртына дем беру, жігерін қайрау, болашаққа сенімін нығайту мақсатында
туған өлеңдер: Біз (1915, №95), Ұлтшылға (1915, №93) С. Дөнентаев,
Тілегім (1915, №99) А. Мәметов, Міне, алақай (1913 №4) С. Торайғыров,
Алашқа (1916, №200), Жаңа тілек (1917, №221) М. Дулатов, Түсімде
(1916, №183) Т. Аймұхамедов және т.б.
Бұл өлеңдерде күйреуік сезімдер көп көзге түсе бермейді. Ақындардың
келешекке деген күш-жігері, алашының алдағы атар ақ таңына сенімді
көзқарасы байқалады. Газеттің бас жазушысы, оның бағыт-бағдарын айқындаушы
А.Байтұрсынов Қазақта жарияланған поэзиялық туындыларға айрықша назар
аударып, олардың ел мұратын жырлаудың озық үлгісіне айналуына редактор
ретінде де, ақын ретінде де жолбасшылық көрсетіп отырды.
Жалпы алғанда, Қазақта жарияланған өлеңдер – негізінен халық
тұрмысындағы мұқтаждық пен жоқшылықтың зардабын көрсетуге, соны ашық
жырлауға ұмтылыс жасаған өткірлігімен құнды деп білеміз. Сонымен қатар оқу-
ағартуға үндеп, надандықты сынайтын ағартушылық сипаттағы өлеңдер 1915-
жылдардан бастап, газет бетінде жиі жариялана бастады. Атап айтсақ:
Дүниенің қызығында кім? (1915, №97) М. Түркенов, Не істеп жүр? (1915,
№100) Ж. Жиенбаев, Обалы кімге? (1916, №203) А. Байтұрсынов, Қайда
едің? (1917, №240) М. Дулатов, т.б. өлеңдер.
1917 жылдан бастап халықтың көптен күткен арманына қол жеткізген арайлы
ақ таңының атқанына қуаныш білдіретін, азаттыққа, бостандыққа арналған
жалынды жырлар жарияланды. Жаңа тілек (1917, №221) М. Дулатов, Алашқа
сәлем (1917, №222) А.Мәметов, Азаттық күні (1917, №225) С. Дөнентаев,
Қазаққа (1917, №243), Алашордаға (1918, №262) Б. Майлин, Өзгеріске
(1917, №224) Б. Сүлеев сынды ақындардың өлеңдері осындай халықтың жарқын
қуанышына тілектестік білдіріп, құттықтауға бағытталған.
Енді осы жарияланған өлеңдердің тақырыбы мен сарынына назар аударсақ,
олардың мазмұны мен көркемдік ерекшелігі, тақырыбы жыл сайын көркейіп, сан
жағынан молығып отырғандығын байқаймыз. 1913- жылы жарық көрген өлеңдерден
гөрі, 15-16-жылдары жарияланған өлеңдердің астарындағы ой мен мағына
әлдеқайда кеңірек, көркемдік жағынан да көш ілгері.
Қазақ газетінде жарияланған өлең- жырлардың бәрі де халықтың мұң-
зарын, қайғы-қасіретін, арман-тілегін жырлауға арналған. Ел билеушілердің
озбырлығын, парақорлығын әшкерелеп отырған. Баспа бетінде жарық көрген
өлеңдердің көркемдік ерекшелігі өз кезеңінің көркемдік талаптарына толық
жауап береді, ал мән-мағынасы, ақындардың айтпақ ойлары, идеясы терең де
мәнді деуге әбден болады.
Бес жыл бойғы Қазақ газетінде жарияланған өлеңдердің сыртқы түрі,
тақырыбы сан алуан болғанымен, сайып келгенде құяр арнасы, түйісер жері бір-
ақ нәрсеге саяды. Ол сол уақыттағы ең бір өзекті нәрсе халықтың теңдігі мен
ел ішіндегі надандықтың жойылуы туралы болатын. Яғни азаттық пен
ағартушылық басты арна болды. Ақындар осындай алдыңғы кезекте тұрған, ел
өміріндегі көкейкесті мәселені аттап кете алмады. Өздерінің бар күш-
жігерін көзі ашық болғанымен, көкірегін көлеңке көмкерген халқын оятуға,
соларды басқа озып бара жатқан елдермен теңестіруге шақыру жолына жұмсады.
Әрине, қазақ зиялыларының ерен еңбектері далаға кетпеді. Халық қанаттанған
құстай біртіндеп қатая, шарықтай бастады. Қазақ газетінің бетінде Ахмет,
Міржақып, Мағжан, Сәбит, Бейімбет секілді танымал, тарлан ақындардың
өлеңдері көптеп басылды. Сол арқылы баяғы Қырық мысал, Оян, қазақтан
басталған өзгеше сарын өзек тауып, өзіндік бағыт алды. Олар өз заманына
сай үн қатып, небір келелі мәселелерді сөз етіп, үлкен ой тастап отырды.
Жалпы алғанда, Қазақта жарияланған өлең-жырлар түрлі тақырыптарды
қамтығанымен, олардағы асыл ойдың алтын қазығы қазақ қамы екендігі айқын
білінеді. Тақырып әралуан болғанымен, ой ортақ. Оның негізі отаршылдықтың
құрсауында қалған халқының санасын оятып, ертеңгі болашағына жөн сілтеу.
Біз Қазақта жарияланған өлеңдерден осыны таныдық.
2.2 Поэзия арқауы – ұлт-азаттық идея. ХХ ғасыр басындағы кезеңде
қазақ қоғамына түнекті жарған нұрлы сәуле іспетті жарық шашқан, өркениеттік
жолды нұсқап, білімнің шырағын жаққан ұлт руханиятында теңдессіз орны бар
қос басылым – Қазақ пен Айқап екенін ешкім жоққа шығара алмасы айқын.
Дегенмен, осы екі басылымның идеялық ұстанымы, алға қойған басты мақсаттары
тұрғысынан өзіндік айырмашылықтары бар екені сөзсіз. Айқап журналын жан-
жақты зерттеген Н. Асқаров: Қорыта айтқанда, Айқап журналы елдің
болашағын ғылым-біліммен байланыстыра қарастырып, оны мәдениетке жеткізер
басты құрал деп санады [10, 19 б.], – деп, журналдың басты бағыты елді
ағарту болғандығын нақты тұжырымдайды. Ал Қазақтағы негізгі ұстаным – ұлт-
азаттық идея болды. Бұл Қазақта жарияланған өлеңдерге де жат емес еді.
Бұл басылым бетіндегі өлеңдерді саралағанда көзге айқын шалынады. Солардың
ішінен екі ақын шығармашылығын бөлектеп алуға болады. Олар – Міржақып
Дулатов пен Мағжан Жұмабаев.
Міржақыптың Қиял, Шәкірт, Сағыну, Елім-ай, Потанинге,
Алашқа, Жаңа тілек, Қайда едің? т.б. өлең-жырларындағы өршіл ой
ағындары Қазақ арқылы сананы оятты. М. Дулатов Елім- ай өлеңінде
халқының отаршылдық торына түсіп, күйзелген күйін ашына жырлай отырып,
сенімін жоғалтып алмай, ертеңгі күнге үмітпен қарайды:
Сол күніңді көрсем – менің арманым
Жоқтамас ем, өзге тілек қалғанын [11]
Әр шумақ сайын қайталанып отыратын Елім-айдың өлеңге берер қуаты өте
әсерлі. Өлеңнің ішкі мағынасы мен сыртқы түрі де Міржақыптың ақындық
мұратының айнасы іспетті. Алашқа өлеңінде ақын қазақтың өткен замандағы
берекелі тұрмысы, бейбіт өмірі қайда деген, ойлы да мағыналы сұрақ тастайды
да, соған жауап іздейді. Бұл өлең қазақ халқы тарихының ең бір ауыр
кезеңінде жазылған. Ол майданға қазақ жігіттерін алу туралы атақты 1916-
жылдың 25-июндегі патша жарлығының шыққан кезі еді. Алашқа атты өлең бір
қарағанда тек аһ ұрған белгісіз бір өкініш сазынан тұратын секілді. Ал,
мұқият ұғынып оқыған жан келешекке деген сенім, өршіл күреске үндеген
жарқын үнді анық сезінеді.
Міржақыптың Қазақ газетінде жарияланған өлеңдері замана түрленуіне
қарай, белгілі бір мақсат-мәнге ие болып отырды. Соның бірі –Қайда едің?.
Әр шумақ сайын Қайда едің? деп, қойылған сұрақтың мәні неде?! Елдің көшін
бастаймын деген ердің міндеті өте ауыр. Елім деп еңіреген, етігімен су
кешкен ер ғана, ел тізгініне ие бола алмақшы. Ақынның айтар ойы да осы.
Еліңе лайық ерің болса, қандай да болмасын тас қамалды бұзып өтуге болады.
Әлгі сұрақтардың жауабы қазақ тарихының белді-белді кезеңдерін қамтиды.
М.Дулатовтың Қазақта жарияланған келесі бір толыққанды жыр шумағы -
ақынның айтпағы анық сезілетін, тың көзқарасты мол қамтыған Жаңа тілек.
Жұрт болудың ойланалық амалын,
Қамсыз жатар емес енді заманың.
Надандықтың қираталық қамалын,
Мақсатыңа ұмтыл таяу, алашым [12] !
Өлең сарынынан көрініп тұрғандай, Жаңа тілек қазақ даласына жаңа заман
лебінің келе бастаған кезінде жазылған. Кешегі қапаста қамалып, кемдікте
қамығып жүрген жұрт, енді отарлық бұғауынан босап, жаңа өмірге бет түзеп
келе жатқан сәт. Ақын ойы сондықтан ашық, еркін де батыл.
Мағжан ақынның Қазақта басылған өлеңдері тақырып жағынан әр алуан.
Оның Орал тауы, Есімде ... тек таң атсын, Жарыма, Орамал, т.б.
өлеңдері азаматтық лириканың озық үлгілері ретінде, ақынның күрескерлік
ұстанымын танытады. Мағжан поэзиясындағы өршіл романтизмнің осы Қазақтағы
өлеңдері арқылы қалыптасқандығын Е. Тілешов былай деп
көрсетеді: Мағжан романтизміне, сөз жоқ, өз дәуірінің азаттық аңсаған
әдебиетінің ықпалы болды. Мұндағы мәселені әдеби әдістің тікелей әдеби
әдіске әсері төңірегімен шектелмей, ұлттық сананы оятуға арналған
идеялардың бейнелеу тәсілінің әсерімен түсіндірген абзал... Сондай-ақ
Қазақ... сынды ұлттық басылымның мазмұны да романтик болып қалыптасатын
қалам иесінің идеялық мақсатына соқпай өткен жоқ [13, 12-13 бб.].
Ақынның Есімде ... тек таң атсын өлеңі – ең бір өршіл леппен жазылған
жалынды жыр. Мағжан халық басындағы қазіргі күйдің кінәлісі уақытта деп
біледі. Ертеңіне сеніп, ертеңге ертер ерлеріне сенім артып, жарқырап таң
атарына шүбәсіз сенеді.
Мезгілше мейлі келсін тісі батсын,
Сұр жылан өзі қатты шақсын.
Жаңадан жолбарыстай ұмтылармыз,
Көрелік төңіректі тек таң атсын [14]!
Қазақ газетіндегі М.Жұмабаев сезім-жырлары – өмірге ғашық ақынның,
еркіндікке ұмтылған жанның рух қайрағы. Жарыма атты өлеңдегі мына шумақ
соның куәсі:
Жол алыс жақын үшін жаннан кештім,
Бауырдың халін көріп бейнет құштым,
Құшақта, сүй, күл, жыла, қайраттандыр,
Жан жарым, ұзақ ауыр жолға түстім [15].
Ғалым А. Шәріп бұл өлең туралы: Оның ең әуелі 1915 жылы Қазақ
газетінде жарық көрген Жарыма атты лирикалық-бағдарламалық туындысындағы:
Жан жарым, ұзақ қиын түстім жолға,
Алдымда түпсіз дария, сор да, ор да.
Батпақ шөл: сусыз, отсыз, қайнаған құм,
Ысқырған жылан, шаян оң мен солда
деген тармақтардан ақынның Жан жарым деп отырғанының аясына басқа
мәліметтермен бірге Сар дала ұғымының да кіретіндігі көрінеді (16, 62
б.), – деп ондағы отаншылдық сарынды тап басып таниды.
Қазақ газетінде жарияланған өлеңдердің көбінен елім, алашым деген
ұлтжанды ақындардың еліне деген сүйіспеншілігі атойлап, көзге ұрып
тұратындығын байқаймыз. Зертеу жұмысымызда азатшыл ойдың көрігі болған
өлеңдерге біз негізінен Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев жырларынан мысал
алып, оларды талдай отырып, басылымда жарық көрген өлеңдерде азатшыл ой
айқын көрініс тапқанын танытуға тырыстық.
2.3 Өлең-жырдағы ағартушылық идея көрінісі. Қазақ газетінің көздегені
Ресейдің империялық саясатының негізінде өркениеттен кенже қалып қойған
ұлтын өрге сүйреу болатын. Ендеше, Қазақта жарық көрген өлең-жырлардың
ағарту идеясын алға шығаруы заңды да. Осы бағыттағы өлеңдерді көп жазған
Қазақ газетінің негізгі авторларының бірі – Бимұхамбет Майлин. Қазақта
Бейімбеттің Штат, Жазғы хабар, Шілде, Мұқтаждық, Байлыққа, Жазғы
кеш, Қазаққа, Ұлу, Алаш ордаға, Уа атты өлеңдері жарияланған.
Бейімбет Майлиннің Қазақта жарияланған алғашқы өлеңі Штат (Қазақ,
1914, №90, 14 сентябрь). Өлең отаршылдық кесапатын, Ресейдің теріс пиғылды
әкімдері момын елге таңған жаман қасиетті сынауға арналған.
Ай штат, не қылмадың қазағыма,
Салдың ғой момындарды азабыңа,
Байларға мыңды айдаған күлгірленіп,
Алдаумен іліктірдің тұзағына.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ КӨСЕМСӨЗІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Алаш ұранды Сарыарқа газеті
Ұлттық баспасөз ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының дерек көзі
Қазақ газеті және Серке - қазақтың тұңғыш бейресми газеттер
Қазақ газетінің зерттелуі
Мерзімді басылымдар жазба деректердің басқа түрлерінен тек өзіне ғана тән сипаттарымен ерекшеленуі
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қазақ тілінің тарихтан бүгінге жалғасқан Қазіргі қазақ тілінің ахуалы
Тілдік дәнекерліктің көріністері
«Қазақ» газеті және оның қоғамдық саяси қызметі
Пәндер