Лизингтік операциялардың экономикалық мазмұны



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ЛИЗИНГТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.1. Лизингтің мәні, түсінігі және мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Лизингтік операциялардың мәні мен жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
1.3. Лизинг .инвестиция тартудың басты құралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1. Лизингтік компанияларда лизингтік мәміленің жасалу тәртібі ... ... ... 16
2.2. Ауыл шаруашылығындағы лизингтің орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.3. Лизингтік тәуекел және оны басқару әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру..35
3.2. Лизингтік операциялардың қазіргі кездегі жағдайы мен алдағы уақыттағы перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .43
ҚОСЫМША
Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етуге. Сондықтан да Ел басшысының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында «экономиканы әртараптандыруға бағытталған Индустриалды –инновациялық стратегияны іске асыру қажет» деп айқындалып беруі бекер болмаса керек.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты ҚР-ның тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі қорларының шамамен 50-70%-ға дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің төмендеуіне әкеліп соғады.
Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизинг экономиканың нақты секторына инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, прогрессивті технологиялар негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға және шаруашылық субъектілері үшін тиімді шарттармен негізгі өндірістік қорларды сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық қызметтің ерекше түрі ретінде кең түрде танылуда.
Лизингтің басқа қаржылық құралдармен салыстырғандағы артықшылықтарына қарамастан, экономикалық қатынастардың бұл нысаны ҚР-да өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе біздің республикамызда әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған жоқ. Инвестициялар жалпы көлеміндегі лизингтік операциялардың үлесі бүгінгі таңда тек 1,9% ғана құрап отырғандығын, ал шет елдерде бұл көрсеткіш 15-30% аралығында екендігін және Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі үшін лизингтік қатынастарды дамытудың өте өзекті болып табылатындығын ескерсек, сол қатынастарды дамыту жолдарын айқындау және оларды басқару тетіктерін жетілдіруді ғылыми негіздеу қажеттілігі туындайтыны түсінікті. Осы мақсатта еліміздегі лизингтік қатынастар нарығындағы төменгі іскерлік белсенділіктеді және қазақстандық экономика үшін лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін зерттеу объектісіне айналдыру қажет.
Жұмыстың негізгі мақсаты лизингтік қатынастардағы өзгеру үдерістерін кешенді түрде талдау негізінде оларды басқару тетіктерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Біз лизинг операциясын елімізге нақты пайда түсіру үшін лизинг операциясын жасалудың тәртібін реттейтін арнайы нормативті актілер, заңдар қабылдауымыз керек. Соған орай, еліміздің экономикасын тұрақтандыру, дамыту үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамытудың қолайлы жолы деп атауға болады.
1. ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңы,2000,5шілде
2. ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңы// Егемен Қазақстан, 2000ж. 12 шілде
3. Қаржы лизингінің шарты бойынша қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін қалыптастыру ережелері//Егемен Қазақстан, 2005ж. 16 наурыз
4. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялар. Алматы, 2004ж.
5. Смағұлова Р.О. Қаржы нарығы. Алматы, 2001ж.
6. Оралбаева Ж.З. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру. Алматы, 2005ж.
7. Қаржылық лизинг және экономиканың нақты секторы// Қаржы қаражат, №6,2001
8. Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары// Қаржы қаражат, №2, 2004
9. Лизингті қалыптастыру және тиімді қолданудың экономикалық негіздері// Ізденіс-Пойск, №3, 2003
10. Лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингтік қатынастарды басқару мәселелері//АльПари,№4, 2004
11. Ауыл шаруашылығындағы лизингтің орны//Вестник университета «Кайнара», №3, 2003
12. Лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы ұйымдастырудың ерекшеліктері// Банки Казахстана, №6, 2004
13. Әлемдік және отандық лизингтік нарықтың қалыптастыру және даму ерекшеліктері//Хабаршы «Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер» сериясы, №1, 2005
14. Лизинг –инвестиция тартудың басты құралы//Заң газеті, 2000ж. 26 қаңтар
15. «Лизинг дегеніміз не? Немесе кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне кәсіпкерлер құқығын қорғау туралы// Заң газеті, 2001ж. 21 мамыр
16. Лизингтік қызметтер// Егемен Қазақстан, 2004ж. 24 сәуір
17. «Темір Лизинг: сатып алатын –біз, игілігін көретін –сіз»//Қазақстан ZAMAN, 2004ж. 28 мамыр
18. Лизингтік жүйенің артықшылығы неде?//Жас Қазақ үні, 2005ж. 22 сәуір
19. Лизингтік қаржыландыру құрылымы жағынан ауыл шаруашылығына жақындау// Айқын, 2005ж. 30 маусым

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Лизингтік операциялардың экономикалық мазмұны.

2006-05-31

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ЛИЗИНГТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
1.1. Лизингтің мәні, түсінігі және
мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Лизингтік операциялардың мәні мен
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3. Лизинг –инвестиция тартудың басты
құралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 14

2. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1. Лизингтік компанияларда лизингтік мәміленің жасалу
тәртібі ... ... ... 16
2.2. Ауыл шаруашылығындағы лизингтің
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
2.3. Лизингтік тәуекел және оны басқару
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛИЗИНГТІҢ АҒЫМДЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ
3.1. Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру..35
3.2. Лизингтік операциялардың қазіргі кездегі жағдайы мен алдағы
уақыттағы
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...41
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3
ҚОСЫМША

Кіріспе

Қазақстан экономикасының барлық салаларында нарықтық қатынастарға
негізделіп жүргізілген реформалар тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз
етуге. Сондықтан да Ел басшысының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында
экономиканы әртараптандыруға бағытталған Индустриалды –инновациялық
стратегияны іске асыру қажет деп айқындалып беруі бекер болмаса керек.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық
мақсаты ҚР-ның тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге
қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның
барлық негізгі қорларының шамамен 50-70%-ға дейінгі мөлшерінің ескіргенін
және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн.
Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және
өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмсалып отырылған инвестициялар көлемінің
өте төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерінің
төмендеуіне әкеліп соғады.
Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизинг экономиканың нақты секторына
инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, прогрессивті
технологиялар негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға және
шаруашылық субъектілері үшін тиімді шарттармен негізгі өндірістік қорларды
сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық қызметтің ерекше түрі
ретінде кең түрде танылуда.
Лизингтің басқа қаржылық құралдармен салыстырғандағы артықшылықтарына
қарамастан, экономикалық қатынастардың бұл нысаны ҚР-да өте баяу қарқынмен
дамуда және бұл мәселе біздің республикамызда әзірге кешенді зерттеулер
объектісіне айнала қойған жоқ. Инвестициялар жалпы көлеміндегі лизингтік
операциялардың үлесі бүгінгі таңда тек 1,9% ғана құрап отырғандығын, ал шет
елдерде бұл көрсеткіш 15-30% аралығында екендігін және Қазақстан
экономикасының дамуының қазіргі кезеңі үшін лизингтік қатынастарды
дамытудың өте өзекті болып табылатындығын ескерсек, сол қатынастарды дамыту
жолдарын айқындау және оларды басқару тетіктерін жетілдіруді ғылыми
негіздеу қажеттілігі туындайтыны түсінікті. Осы мақсатта еліміздегі
лизингтік қатынастар нарығындағы төменгі іскерлік белсенділіктеді және
қазақстандық экономика үшін лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін
зерттеу объектісіне айналдыру қажет.
Жұмыстың негізгі мақсаты лизингтік қатынастардағы өзгеру үдерістерін
кешенді түрде талдау негізінде оларды басқару тетіктерін жетілдіру бойынша
тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Біз лизинг операциясын елімізге
нақты пайда түсіру үшін лизинг операциясын жасалудың тәртібін реттейтін
арнайы нормативті актілер, заңдар қабылдауымыз керек. Соған орай, еліміздің
экономикасын тұрақтандыру, дамыту үшін лизинг шарты секілді индустрия,
өндірісті инвестициялар арқылы дамытудың қолайлы жолы деп атауға болады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу
қарастырылады:
- лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін зерттеу және
теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық
ерекшеліктерін ескере отырып, лизинг түсінігінің тұжырымын
нақтылау;
- лизингті ұйымдастырудың әр түрлі нысандарының экономикалық
артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін зерделеу;
- инвестициялаудың бір нысаны ретіндегі лизингтің
артықшылықтарын салыстырмалы түрде көрсету арқылы, лизингтік
экономикалық тиімділігін бағалау;
- ҚР-дағы лизингті әр түрлі деңгейлерде басқару қажеттіліктерін
негіздеу арқылы, оларды реттеуді ұдайы жетілдіріп отыру керек
екендігін дәлелдеу;
- Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін
жетілдіру жолдарын анықтау.
ҚР-ның экономикасының әр түрлі салаларындағы лизингтік операциялардың
дамуы, лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдары
қарастырылады.
Кез келген өндірістің материалдық-техникалық базасының дамуына кең
көлемде капитал құра алатын ірі несиелендірудің бір түрі –лизинг. Лизинг
ұғымы Қазақстан экономикасына жаңадан келген ұғым. Оны біз Қазақстанның
нарықтық экономикаға көшуімен байланыстырамыз. Ол несиенің бір түрі ретінде
кәсіпорынға қажетті тауарларды және қызметтерді аз мөлшерлі шығындармен
өндіруге және жоғалтулардан сақтауға мүмкіндік береді.
Лизингті белсенді енгізуде ұлттық экономиканың интенсивті дамуының
және оның құрылымдық қайта құрылуының, елдің сыртқы экономикалық қызметінің
дамуының және дүниежүзілік нарықта отандық кәсіпорын өнімдерінің бәсекелес
қабілеттілігін арттырудың басты факторларының бірі бола алады.
Лизингтік операцияларды жүзеге асырудың әлемдік және қазақстандық
тәжірибелерін оқып-үйрену негізінде лизингтік қатынастардың ерекшеліктері
туралы түсініктерді тереңдету болып табылады. Ұсынылған лизингтік бизнесті
ынталандыру және жетілдіру бойынша шаралардың іске асырылуы Қазақстан
Республикасының лизингтік саласына инвестициялар тартуға және соның
әсерінен кәсіпорындардың өндірістік базасын неғұрлым тез жаңартуға,
өндірілген өнімдердің сапасы мен бәсекелестік қабілеттілігін жоғарлатуға
әсер етуі мүмкін. Лизингтік экономикалық тиімділігін бағалау және лизингтік
төлемдерді есептеу бойынша әдістемені толықтыру үшін ұсынылған ұсыныстарды
лизингтік келісімге қатысушы субъектілер лизингтік жобаларға ақша
қаражаттарын инвестициялаудың маңыздылығын анықтау және лизингтік қызметтер
нарығындағы лизингтік операциялардың неғұрлым тиімді шарттарын таңдау
кезінде пайдаланылуы мүмкін.
1 –тарау. Лизингтің экономикалық мазмұны
1.1. Лизингтің мәні, түсінігі және мағынасы

Нарықтық қатынасқа көшу жағдайында кәсіпорынның өндірістік
қызметін дамыту және олардың техникалық жабдықталуын жоғарлату үшін
несиелік ресурстарды, соның ішінде лизингті пайдалану қажет. Лизинг
несиенің бір түрі ретінде кәсіпорынға қажетті тауарды және қызметті
аз мөлшерлі шығынмен өндіруге және жоғалтудан сақтауға мүмкіндік
береді.
Лизингтің дүниежүзілік тәжірибеде пайда болуы тарихтың тереңіне
кетеді. Лизингтік операцияларға ұқсас мәмілелер Батыс Еуропада ХХІ
ғасырда қолданыла бастады. Әсіресе, Венеция мен Генуяда өте қымбат
саналатын теңіз кемесінің якорьлары сауда кемелерінің иесіне жалға
берілген.
Тарихта лизингке ұқсас операцияның б.э. 2000 жылдай бұрын
ертедегі Вавильонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік
зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер
ретінде 1877 жылы Белл Телефон Компани деген американдық
компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек
етеді. Юнайтед Стейтс лизинг корп. атты алғашқы лизингтік компания
1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы Дойче
лизинг ГМбХ деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта
(Германия) пайда болыпты. 1972 жылдан бері еуропа лизинг нарығы
дамып келеді. Лизинг термині
ағылшынның Leasing және Lease деген сөзінен шыққан, яғни жалға
беру және жалға алу деген мағынаны білдіреді. Лизинг негізінде
ХХ ғасырдың ортасында көп тараған және дамыған. 50 жылдың соңы мен
60 жылдың басында АҚШ, Батыс Еуропа және Азия Тынық мұхиты
аумағында, өзінің қызметі жағынан ерекше лизингтік компаниялар пайда
бола бастады.
Лизингтік қатынастардың қалыптасуы туралы жазылған экономикалық
әдебиеттерге шолу жасау нәтижесінде, жұмыста әлемдік нарықтағы лизингтің
қалыптасуы мен дамуын олардың сипаттарындағы сапалық өзгерістерге және
лизингтік келісімдердің санының өсуіне байланысты, шартты түрде 5 кезеңге
бөліп қарастырылған және оның әрбір кезеңіне сипаттамалар берілген (кесте
1).
Кесте 1. Әлемдік нарықтағы лизингтің даму кезеңдері*
Кезеңдер
І. ХІХғ. соңы –ХХғ. басы Лизингтің қалыптасуының алғашқы
кезеңі
ІІ. 1950-1960 жж. Американдық кезең
ІІІ. 1960-1970 жж. Лизингтің әлемге таралу кезеңі
ІV. 1970-1980 жж. Лизингтің шу кезеңі
V. 1980-қазіргі уақытқа дейін Әлемдік лизингтік одақтардың құрылу
кезеңі

*Көзі: Хабаршы Жас ғалым. Ізденістер. Мәселелер. Зерттеулер сериясы, №1,
2005, 15б.
Лизинг біздің елде 1989 жылы банктер лизингтік операцияларды
іске асыра бастағанда пайда болған. 1990 жылы бұрынғы Қазақ ССР
Госснаб кезінде жасалынған Прокат (ежіре) және лизинг 95
жүйесінде прокатты және лизингті дамытудың мақсатты бес жылдық
бағдарламасын іске асыратын коммерциялық банктік мекемелерді және
машинаны, жабдықтарды, көліктік құралдарды алдын ала сатып алумен
және оларды шаруашылық етуші субъектілерге белгілі шарттарға сәйкес
пайдалануға берумен айналысатын лизингтік фирмалар болды.
Еліміздегі лизингтің қалыптасуы мен даму ерекшеліктеріне сипаттама
беру үшін, жұмыста 2003 жылдың желтоқсан айында Қазақстандағы лизинг:
тәжірибе, мәселелер және даму болашағы деген тақырыпта болып өткен
халықаралық дөңгелек столда болған пікір алмасулар нәтижесінде лизингтік
бизнестің 15 жылдық тарихының шартты түрде анықталған кезеңдеріне арнайы
кесте құрастыра отырып талдаулар жасалынған (кесте 2).

Кесте 2. Қазақстандағы лизингтің қалыптасу және даму кезеңдері*
Жылдар Кезеңдердің Қысқаша сипаттама
аралығы аты
І-кезең Пайда болу Алғашқы лизингтік компаниялар құрылды
1989-1992 кезеңі және кейбір коммерциялық банктер лизингтік
операцияларды аз көлемде іске асыра бастады.
ІІ-кезең Баяулау Қазақстанның ішкі нарығындағы экономикалық
1992-1994 кезеңі дағдарыстардың әсерінен лизингтік бизнестің
қарқыны баяулай бастады.
ІІІ-кезең Жандану, қайтаЛизингті мемлекттік қолдау және ынталандыру
1995-2000 даму дами бастады, сондықтан бұл кезеңді
кезеңі мемлекеттік лизинг кезеңі деп те атауға
болады.
ІV-кезең Банктік Банктік лизингтік компаниялардың құрылуымен
2000-2003 лизинг байланысты лизинг коммерциялық секторда өте тез
кезеңі қалыптасып, дами бастады.

*Кестені зерттелген әдебиеттер негізінде автор жасаған.

Осы кестеде көрсетілген кезеңдерді 2004 жыл және одан жоғары жылдар
деп толықтыру ұсынылған. Себебі, 2004 жылдың қаңтар айында Қаржылық лизинг
туралы ҚР-ның Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені белгілі.
Ондағы ең маңызды өзгерістердің бірі лизинг алушылардың лизинг бойынша
есептелінген сыйақы сомаларын толық көлемде салық салынатын табыстан шегеру
құқығының берілуі және лизингке беру мақсатында сырттан әкелінетін
құрылғылардың импорты кезінде ҚҚС-нан босатылатындығы болып табылады. Яғни,
штелдік тәжірибе көрсеткендей, лизингтік операцияларға салық салу тәртібі
бойынша енгізілген жеңілдіктер отандық лизингтік нарықтың дамуына оң ықпал
ететіндіктен, біз оны еліміздегі лизингтің қалыптасуы мен дамуының V-кезеңі
және лизингтің қарқынды дамуы мен лизинг саласы бойынша Қазақстанның басқа
мемлекеттермен халықаралық ынтымақтастық кезеңі деп атауды ұсынамыз.
Лизинг жөніндегі түсініктер, ең алдымен, мүлікті уақытша
пайдалануға беру, берілген мүлікті сату, сатып алуды іске асыру
және заемды рәсімдеу кезінде жасалынатын мүліктік арендалық келісім-
шарт сипатымен анықталынады. Бұл келісім-шарттың жиынтығы лизингтің
шынайы мәнін және оның формасының әр алуандығын білдіреді.
Лизинг - бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал- жабдықтарды,
машиналарды, техникаларды, өндірісте, сауда -саттыққа және қоймаға
арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен
белгіленген мерзімде пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру
шарты.
2000 жылдың 5 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Қаржы
лизингі туралы заңына сәйкес лизинг дегеніміз – лизингтік келісімге
қатысушылар ретінде лизингке беруші, лизинг алушы және лизингке
берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік
қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.
Лизингке беруші—бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар
есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және
оны лизингтік келісім-шарт негізінде лизингке алушыға беретін
лизингтік келісімнің қатысушысы. Лизингке беруші бір мезгілде басқа
лизингтік келісімге қатысушы ретінде көрінуге құқығы жоқ.
Лизингке алушы—лизингтік келісім-шарт негізінде кәсіпкерлік
мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік
келісімге қатысушы тұлға.
Лизингке беруші лизингке алушыға негізгі капитал элементтерін
келісім-шартта көрсетілетін мерзімге және белгілі бір төлем ақымен
бере отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік,
қайтарымдылық, төлемділік қағидаларын іске асырады. Бірақ, басқа
жағынан алып қарағанда лизингке беруші де және лизингке алушы да
ақшалай емес, яғни өндірістік формадағы капиталмен жұмыс істейді. Бұл
жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастырады және лизингтің
халық шаруашылықтық мәнін жоғарлатады.
Лизинг объектісі болып нарықта еркін айналуға тыйым салынған
негізгі құралдың жіктелуіне жататын кез келген жылжымалы және
жылжымайтын мүліктер табылады.
Қаржылық лизинг туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
бағалы қағаздар және табиғи ресурстардан басқа да кәсіпкерлік қызмет
үшін пайдаланылатын кез келген тұтынылмайтын заттар лизингтік
келісім – шарттың негізі болып санала алады.
Қаржылық лизинг мәселесімен айналысатын көптеген Ресей
экономистері лизингті жалға беру және несиелік операцияларды
біріктіретін аялар деп қарастырады.
Лизингтің несиеден қарағанда өзіндік ерекшелігі бар, ол тиімді шарт
ұсынады (қосымша 1). Нәтижесінде ұзақ мерзімді инвестицияны қаржыландырудың
негізгі қаражатының жетіспеушілігіне байланысты клиенттерге қолайлы.
Банктік несиенің және лизингтің меншікті қаражаттарының инвестициялық
қаржыландыруда лизинг арқылы қаржыландыру көбірек тиімді, бірақ меншік
қаражатынан азырақ тиімді (қосымша 2)
Кез келген лизингтік келісімнің негізі қаржылық, нақты айтқанда
несиелік операция болып табылады. Мүлік иесі (лизинг беруші) оны
пайдаланушыға (лизинг алушыға) қаржылық қызмет көрсетеді. Ол мүлікті
толық құнына сатып алады және лизингке алушының жарнамалары есебінен
ол соманың орнын толтырады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, лизингтің
экономикалық мәні –ол мүлікті уақытша пайдалануға беру формасындағы
лизинг берушінің лизинг алушыға берген несиесі. Сонымен, лизинг
сыртқы тұрғысынан коммерциялық несиемен өте ұқсас, бірақ екеуінің
арасында айырмашылықтар бар. Бұл айырмашылық ең алдымен меншік
қатынастарынан көрінеді. Коммерциялық несие кезінде тауарға деген
меншік құқығы бірден беріледі. Тауарға төлем жүргізу уақыты кейінше
шегеріледі. Лизингтің несиеден айырмашылығын келісім-шартта
көрсетілетін төлемдер төленіп мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг
объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге
болады.
Қаржылық лизингтік келісім кезінде мүлікті пайдалану құқығы оны
иелену құқығынан алшақтандырылады, яғни, уақытша пайдалануға берілген
меншік құқығы лизингке берушіге сақталынады, ал оны пайдалану құқығы
лизингке алушыға өтеді. Пайдалану құқығын иелену үшін лизинг алушы
лизинг берушіге алдын-ала келісілген лизингтік төлемдер төлейді.
Лизингтік келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін уақытша пайдалануға
берілген объект лизинг берушінің меншігінде қалады.
Коммерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша
формасында өтеледі. Лизингтік келісім негізінде несие тауар
формасында беріледі. Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін келісім
объектісі лизинг берушіге заттай формада қайтарылады. Лизингтік
келісім компенсациялық сипатта да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда
лизингтік төлемдер жалға алынған құрылғылардың көмегімен өндірілген
өнімдер формасында жүргізілуі мүмкін.
Шартты мысал негізінде несиелік және лизингтік нұсқалар бойынша
есептеулер кезінде алынған соңғы нәтижелерді бір кесте түрінде көрсету
арқылы салыстырулар жүргізілген (кесте 3).

Кесте 3. Несие және лизинг есебінен құрылғыларды сатып алу құндарын
салыстыру.*
Көрсеткіштердің аттары Несиелік Лизингтік
нұсқа нұсқа
1. Құрылғыны сатып алу шығындарының 1318,8 1057,23
дисконтталған құны PV төлемдер
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша 395,2 363,64
үнемділіктің дисконтталынған құны PV үнем
3. Құрылғыны сатып алу шығындарының дисконтталған923,6 693,59
құнының салық бойынша үнемділіктің
дисконтталынған құнына азайтылуы (1 жол-2жол)
4. Салық бойынша үнемділік құнының құрылғының 29 34
алғашқы құнына пайыз түріндегі қатынасы (2жол
1жол*100 пайыз)

*Кесте автордың жүргізген есептеулері негізінде жасалынған.

Сонымен, қаржылық лизинг банктік несиелеудің альтернативті болып
табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың ерекше формасы. Ол өндірісті
компанияларға көп шығын жұмсамай – ақ қажетті тауарларды алуға және
өндірістік құрал-жабдықтардың ескіруімен байланысты тәуекелділіктерден
сақтауға мүмкіндіктер береді. Яғни, лизинг – уақытша пайдалануға
негізделген мүліктік қатынастар кешені. Бұл кешеннің құрамына жалға беру
туралы келісім-шартпен қоса, мүлікті сатып, сатып алу туралы келісім-шартта
кіреді. Лизинг үшін осы келісім шарттардың күрделілігі тән. Және тағы бір
ерекшелігі жалға беруде екі тарап қатысса, яғни жалға беруші және
жалға алушы, ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші, лизинг алушы
және жабдықтаушы болады.
Бұл жағдай негізделген, себебі лизинг беруші мүлікті лизинг
алушының сұрауымен және оның мүддесіне сатып алады. Сондай-ақ,
міндеттердің бұлай бөлінуі мүлік алушының мүлікті күтіп ұстауының
кепілі болып табылады.
Лизингтің бұл барлық тиімділіктері жиынтығында лизингтік
мәмілелерді іске асыруда лизинг алушыға түрткі болатын себептер
ретінде қызмет етеді. Бұл арқылы жалға алынған мүлік пайдаланылады.
Мұндай мәмілеге лизинг берушілер де қызығады. Егер олар
коммерциялық банктер болса, онда олардың тиімділігі банктік
капиталды пайдалану саласын кеңейтуде, өздерінің қаражаттарын азғантай
тәуекелмен орналастыруда, салықтық жеңілдіктер алуда және жабдықтарды
өндірушілермен тікелей ынтымақтастықты орнатуда көрінеді. Ал
лизингтік компаниялардың тұлғасы ретінде лизинг беруші үшін
тиімділік мүлікті өткізу шеңберін кеңейту және қолма-қол ақша
алудан құралады. Лизингтік мәміленің негізіне мынандай элементтер
жатады:
1. Мәміленің объектісіне—амортизацияға жататын, қозғалатын және
қозғалмайтын мүлік, сонымен қатар мүліктік құқықтар және акция
пакеті жатады. Акция пакетінің лизингі республика Үкіметімен
бекітілген және қағидамен белгіленеді. Нарықта еркін айналуға тыйым
салынған мүліктер мәміленің объектісі болып табылады.
2. Лизинг субъектісі. Лизинг мәміленің субъектісі болып мәміле
объектіге тікелей қатысы бар жақтар табылады. Сонда оларды тікелей және
жанама қатысушыларға бөлуге болады.
Лизинг мәміленің тікелей қатысушыларына мыналар жатады:
- лизингтік фирмалар мен компаниялар (лизинг берушілер мен лизинг
алушылар);
- өндірістік (өнеркәсіп және ауыл шаруашылық), сауда және көлік
кәсіпорындары, халық (лизинг алушылар немесе лизинг берушілер);
- мәміле объектілерін жабдықтаушылар-өндірістік және сауда
компаниялар.
Лизинг мәміленің жанама қатысушыларына лизинг берушіні несиелейтін
және мәмілелердің кепілдеуші болатын коммерциялық және инвестициялық
банктер, сақтандыру компаниялары, брокерлік және басқа да делдал фирмалар
жатады.
3. Лизинг мерзімі (лиз мезгілі). Лиз мезгілі дегеніміз лизинг келісім-
шарттың қызмет ету мерзімі. Лизинг ұзақ мерзімді жалдың ерекше түрі
болғандықтан, мәміленің объектілерінің қызмет ету ұзақ мерзімі мен жоғары
құны лиз мезгілінің уақытылы шектеулерін анықтайды.
4. Лизинг құны. Лизингтік операциялардың жобасында ең қиыны –бұл
лизинг берушіге тиісті лизинг төлемдер сомасын анықтау.
Лизинг –бұл тәуекелдің жоғары деңгейі бар банк операциясы. Лизинг
бизнестің капитал көлемін көп қажет ететін түрі болып табылады және
лизингтік компаниялар қарыз қаражаттарды кең түрде тартуға мүдделі.
Сондықтан коммерциялық банктер үшін лизингтік операцияларда жанама түрде
ғана емес (бөлімді, басқарманы ұйымдастырып), лизингтік компанияларды
қалыптастыру арқылы, сонымен, лизингтің көлеміне, бағытына, нақты түрлеріне
әсерін тигізіп, тікелей түрде қатысуы маңызды.

1.2. Лизингтік операциялардың мәні мен жіктелуі

Қазіргі уақытта лизингтік қызметтер нарығында лизинг көп түрлерге
бөлінеді және осыған сәйкес көп жақты лизингтік операциялар жүзеге
асырылуда. Лизингті жіктеудің бірнеше белгілері бар. Бұл лизингтік
операцияларды (сурет 1) қызмет көрсету түріне қарай топтастыруға мүмкіндік
береді. Лизингтің әрбір формасының өзіне тән қасиеті бар және ол міндетті
түрде лизингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде және рәсімдеген кезде
ескеріледі.
Тек осындай жағдаймен лизингтік операциялар нақты белгіге ие болады.
Бұл берілген мәміленің мәнін алдын ала анықтауда және лизинг алушы үшін
оның потенциалды пайдасын сақтап қалуында маңызды рөл атқарады.
Лизингтің 10 шақты түрін жіктеу белгісіне сәйкес 2 негізгі түрге
бөлуге болады:
- қаржылық лизинг—жалдау төлемін жалға алынған мерзім ішінде толық
төлеу немесе өзін-өзі өтеуімен сиптталады;
- шұғыл лизинг—мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану
мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.
Қаржылық лизинг –бұл өзінің іс-әрекет ету уақытында төмендегі төлемді
қарастыратын келісім-шарт түрін, жабдықтық амортизациясының толық құнын
және оның құнының 90% құрайтын лизингтік төлемдер. Бұл лизингтің түріне
мынадай сипаттама беріледі: келісімге қатысушылар құрамына мәміленің
объектісін өндіруші және жабдықтаушы болып табылатын 3 жақ кіреді.
Сурет 1. Лизингтік операциялар түрлері*

*Көзі: Автормен құрастырылған
Қаржылық лизинг келісімінде лизинг алушыға лизинг объектісін пайдалану
құқығымен бірге көп жағдайда келісе сатып алу құқы беріледі. Сонымен бірге
оған оны сатып алуға дейін келісім-шарт бойынша мүлікке деген меншік
құқығынан, артықшылықтар мен тәуекелдердің едәуір бөлігі де беріледі.
Бірақ бұл лизинг алушыға тек мына төменде көрсетілгендердің біреуіне
қанағаттанса ғана беріледі:
- лизинг мерзімінің соңында лизинг алушы меншік құқығын алады деген
жеткілікті кепілдеме бар;
- бекітілген лизинг мерзімі лизинг пайдаланудан мүмкін болатын барлық
экономикалық пайданы алуға мүмкіндік береді. Бұл пайданы одан оның
барлық қызмет көрсету мерзімі барысында алуға болады. Әдеттегідей
бұл жағдай лизинг мерзімінің ұзақтылығы осы мүліктің қызмет ету
мерзімінің кем дегенде 75% құраған кезде болады;
- лизинг бойынша лизинг берушіге төленетін сақтандыру, баж, мүліктің
техникалық қызмет көрсетуіне төлемдер, консалтингтік қызмет және
т.б. сомасыз минималды арендалық төлемдердің ағымды құны лизингке
берілген мүліктің нарықтық құнына немесе 90%-ына тең болуы керек.
Қаржы лизингіне (лизинг бойынша) берілген (алынған) негізгі
құралдардың құны лизинг шартын жасасу кезінде айқындалады.
Осы жоғарыда айтылғандардың біреуіне жауап бермейтін лизингтік
келісімдер идентификацияланады және шұғыл лизинг болып саналады. Сонымен
бірге лизингке мәміленің объектісі болып машиналар мен жабдықтың көп
тараған, әйгілі түрлері табылады. Олар көбіне моральді тозу жағынан жоғары
қарқынды болып келеді. Сондықтан лизингтік келісім-шарттың мерзімі,
мүліктің қызмет көрсетуінің экономикалық мерзіміне қарағанда едәуір қысқа
болады. Бұл келісім-шартты лизинг алушы кез келген уақытта бұза алады.
Шұғыл лизинг толық амортизацияны қарастырмайды және меншік құқығымен
байланыстарды тәуекелдерді енгізеді. Лизинг алушының жалға берілетін
мүліктерді ұстау және оны иеленумен байланысты шығындар бір лизингтік
келісім-шарт барысындағы төлемдермен өтелінбейді. Сондықтан ол бұл мүлікті
бірнеше рет және сонымен бірге әртүрлі пайдаланушыларға уақытша пайдалануға
беруге мәжбүр болады.
Шұғыл келісім-шарттардың қаржылық келісім-шарттардан айырмашылығы
проблемаларды несие алу арқылы шешуді ұйғармайды, ал инвестициялау арқылы
қарастырылған лизингтік төлемдер мөлшерінің деңгейі қаржылық лизингке
қарағанда жоғары болады. Бұл мыналармен байланысты: лизинг беруші машиналар
мен жабдықтарды кейде оларды кім, қашан және қандай көлемде жалға алатынын
білмей алдын ала сатып алады. Сондықтан оның осы мақсатқа жұмсалған
шығындардың қайтымдылығына толық кепілдемесі болмайды және өзінің лизингтік
қызметінің бағасын көтеруге мәжбүр болады.
Шұғыл лизинг кезінде лизинг берушілердің өздері мәміленің объектісін
сақтандырады. Олардың техникалық қызмет көрсетуін және жөндеуді қамтамасыз
етеді. Бұл өзінің мүлкінің қалдық құнын өтеу кезінде тәуекелді
минимизациялауға мүмкіндік береді, ал мүліктің қалдық құны моральды
тозуының кесірінен өсіп отыруы мүмкін және арендаторлар жағынан сұраныстың
болмау себебінен де өсуі мүмкін.
Лизинг алушы, сонымен бірге шығындарды болдырмауға ұмтылады. Бұл
шығындар жалға алынған жабдықтарды, оның моральды тозуының тездетілуіне
байланысты пайдаланғанда, онда өндірілген өнімнің бағасының төмендеуінен
осы жабдықтың бұзылуынан тұрып қалу мен жөндеуден болған өндірістік емес
шығындардың көбеюінен болады. Сондықтан егер жалға алынған жабдықта
пайдаланудан түскен пайда оның бастапқы құнын өтемесе, ол шұғыл лизингті
қалайды. Сонымен бірге жаңа жабдықтарды бір рет пайдалану үшін және
маусымдық жұмыстарды орындау үшін қысқа мерзімге жалға берілген жағдайда да
ол шұғыл лизингті қалайды.
Лизингтік келісім-шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін лизинг алушы
өзіне тиімді шартпен басқа мерзімге жаңа келісім-шарт жасауға немесе
мәміленің объектісін лизинг берушіге қайтаруға мүмкіндігі бар. Бірақ ол
сонымен бірге мәміленің объектісін сатып ала алады. Егер бұл қаржылық
лизингке жатса, онда ол оны қалдық құнымен сатып алуы керек. Ал егер бұл
шұғыл лизингпен байланысты болса, онда ол лизинг берушінің келісімімен тура
нарықтық құнымен сатып алады.
Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын
мынадай түрлері бар:
1) ішкі лизинг—бұл оның қатынасушыларының бір елден болып келуімен
байланысты, яғни лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы Қазақстан
Республикасының резиденттері болып табылады;
2) халықаралық лизинг—бір немесе бірнеше тараптардың әр елден болып
келуімен сипаттайды. Халықаралық лизингті жүзеге асырған кезде
лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының
резиденті болып табылмайды;
3) сыртқы лизинг—экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық
лизингте шетел лизинг лаушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг
беруші болып табылады;
4) қайтару лизингі—сатушы құрал-жабдықтарды лизингтік компанияға
сатады. Кейін сол сатқан затын қайтарып өз қолданысына алады.
5) Лизинг пакеттегі -кәсіпорынды қаржыландыру жүйесі ретінде роль
атқарады. Бұл бойынша ғимарат пен құралдар несиеге беріледі, ал
жабдықтар жалдау шарты негізінде тапсырылады. Сөйтіп, кәсіпорын
жабдықтарын жалға беру негізінде қаржы табады.
6) банк лизингі—лизинг беруші банк болып табылады;
7) толық лизинг—лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және
оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асырады;
8) таза лизинг—лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның
ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады.
1.3. Лизинг—инвестиция тартудың басты құралы

Лизинг—Қазақстанның жаңа нарықтық экономиканың өмірінде кейінгі кезде
пайда болған ұғымның бірі. Қазақстанда, сонымен қатар, ТМД елдерінде лизинг
өзінің дамуын 1989 жылдан бастады. Мемлекет үшін лизинг жаңа техникаларды
сатуға көп мүмкіндіктер туғызады. Сонысымен лизинг фирмалары операцияларды
қаржыландыруға итермелейді. Ал, фирма қолданушыларға өндірістік қордың
тұрақты жаңарып тұруына мүмкіндік береді. Қазіргі заманда лизинг—ұлттық
экономиканың интенсивтік дамуының және оның бәсеке қабілеттілігін әлемдік
нарыққа көтерудің факторы болады.
Өндіріс орындарындағы жабдықтардың тозуы және моральды ескіруі,
негізгі капиталды жаңартуға қаржылық ресурстардың болмауы Қазақстанды
лизинг бизнесі дамуының перспективті алаңына айналдырып отыр.
Лизингтік бизнесті қалыптастыру және дамыту, ең алдымен, өндірісті
және оның реконструкциясын кеңейтумен айналысатын қызмет етуші кәсіпорын
үшін маңызды орынға ие. Әсіресе, моральды және физикалық жағынан ескірген
негізгі қорларды пайдаланатын, сонымен ресурс сыйымдылықты технологияны
қолданатын кәсіпорындар үшін маңызды. Оларды лизингтің осы мақсатта
пайдалану іс-әрекетін қондырғыны модернизациялауды іске асыруға, өндірістің
техникалық деңгейін көтеруге, машиналар паркін және басқа да өнімді
тасымалдау үшін жылжитын құралдарды лизингтік мәміленің негізінде қолдану
кезінде лизингтік операциялардың элементі мен мазмұны ашылады. Лизинг
түрлерінің классификациясында лизингтік келісім-шарттың мазмұны және
лизингтік мәмілені рәсімдеу тәртібі қарастырылады. Лизинг субъектісінің
құқықтық жағдайында және оның келісім-шарттарда көрсетілу жағдайында
сипаттама беріледі. Негізгі қорлардың және ұзақ мерзімді салымдардың,
бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттарға сәйкес бухгалтерлік жазулар
беріледі.
Лизинг бизнесі кәсіпкерлік қызметтің ерекше салаларына жатады.
Мемлекет тарапынан заңдық тұрғыдан, ресурстармен, кадрлармен және тағы
басқалармен қамтамасыз ету жөнінде қолдау жасалған жағдайда лизинг қызметі
экономиканы техникалық қайта құруда, инвестициялық үрдісті күшейтуде,
лизинг бойынша жалға алушы кәсіпорынның қаржы жағынан сауықтыруда, сондай-
ақ шағын және орта бизнес субъектілерінің бәсекелестік қабілетін арттыруда
қуатты демеуші бола алады.
Лизингтік бизнестің Қазақстанның экономикасында қолданылу мүмкіндігі
мынадай себептерге байланысты:
- барлық сала кәсіпорындарындағы моральдық және жарамдылығы жағынан
ескірген негізгі қорларды ауыстыру қажеттілігі және республикада
машиналармен және жабдықтар шығаратын өндірістің жоқтығы;
- мемлекеттің жоғары технологиялық жабдықтар шығаратын салаға
жұмсайтын қаржының болмауы;
- кәсіпорындардың республикадан тыс жерлерде жаңа техникалар мен
технологиялар сатып аларлық қаржының жоқтығы;
- банк несиелері жоғары ставкамен және қысқа мерзімге берілгендіктен
ол қаржыға машиналар мен жабдықтар сатып алудың мүмкін еместігі.
Лизинг ұғымын құрайтын қатынастар жиынтығы қазіргі қолданыстағы
заңдармен толық реттелмеген. Сондықтан республикада лизингтің дамуы үшін ең
біріншіден салық, кеден, қамсыздандыру заңдарына және басқа заң актілеріне
өзгіерістер енгізу қажет. Лизингтің артықшылығы осындай операцияларға
қатысушылардың әрекет-қарекеті нақты белгіленге дәйекті құқықтық негіз
болғанда ғана жүзеге асады. Сонымен бірге лизинг негізінен инвестицияларды
қаржыландыруға арналғандықтан заңдарда инвесторларға инвестициялық
жеңілдіктер көзделуі тиіс. Лизингтің инвестиция салудың бір жолы ретінде
дамуына төлем жасамау проблемалары кедергі келтіреді. Мұндай жағдайдың
сақталуы инвестициялық белсенділіктің артуы мүмүкіндігін жоққа шығарады.
Инвестиция жасаудың қандай әдісі қолданылса да, капитал салуда тәуекел
деңгейінің жоғары жағдайында несиемен де, лизингпен де пайданы қайыра
инвестициялаумен де инвестициялық белсенділікті еселеуге болмайды.
Лизингтің дәстүрлі түрлері көлік қатынасы, әсіресе, авиация мен темір
жолда, құрылыс, жол салу, тұрмыстық қызмет, агроөнеркәсіптік кешен
салаларында мейлінше жылдамырақ дамиды. Қазақстанның қазіргі дамуындағы
нақты экономикалық жағдай жекешелендірудің барысы мен мемлекеттік мүлікті
басқарудың үлгісі ретінде пайдалануды мүмкін етіп, соған жол ашады.
Негізгі қорларға салынған инвестициялар экономиканың ұлғаймалы ұдайы
өндірісінің даму болашағын көрсететіндіктен, жалпы елдегі лизингтік
нарықтың көлеміне кейбір макроэкономикалық көрсеткіштердің, яғни негізгі
қорларға салынған инвестициялар және жалпы ішкі өнімдегі лизингтің үлесі
ретінде бағалау жүргізілген (кесте 4). Талдау жасау барысында ҚР-дағы
лизингтік нарық көлемінің жыл сайын өсіп отырғанына қарамастан, оның
инвестиция мен жалпы ішкі өнім көлеміндегі үлесінің басқа елдермен
салыстырғанда өте төмен болуына экономиканың даму деңгейінің де ісер
ететіндігі анықталды.

Кесте 4. Қазақстан Республикасындағы лизингтік нарықтың көлемі.*
Көрсеткіштер 2001 2002 2003 2004 2005
Лизингтік нарық көлемі,млрд.т.2,28 6,36 6,40 12,6 29,9
Негізгі қорларға салынған 595,7 943,4 1100,0 1259,3 1530,6
инвестиция,млрд.т.
Инвестициядағы лизингтің 0,38 0,67 0,59 1 1,9
үлесі, %
Жалпы ішкі өнім,млрд.т. 2599,9 3250,6 3776,3 4449,8 5542,5
Жалпы ішкі өнімдегі лизингтің 0,09 0,19 0,2 0,3 0,5
үлесі,%

*Кестені статистикалық жылнамалар негізінде автор құрастырған.
2 –тарау. Коммерциялық банктердегі лизингтік операциялардың
жағдайын талдау
2.1. Лизингтік компанияларда лизингтік мәміленің жасалу тәртібі

Кеңес өкіметі тарағаннан кейін, тәуелсіздік алуымызбен қатар
бағдарламаларымыздың дұрыс болмағандығының салдарынан көптеген
кемшіліктерді жіберіп, өндіріс салаларының біраз көздерін өшіріп алдық.
Мәселен, сол кезде жіберілген ауыл шаруашылындағы олқылықтар бүгінгі күнге
дейін орнына келтірілуде. 2000 жылы ауыл шаруашылығын жақсарту мақсатында
Лизингтік компаниялар құрылған болатын. Бүгінгі күнде елімізде 20-ға жуық
лизингтік компания жұмыс жасауда. Оның 8-і жергілікті банктердің жанынан
ашылған компаниялар.
Лизингтік компаниялардың және банктік мекемелердің жүргізетін
лизингтік операцияларының жетістіктері олардың ұсынатын қызметтерінің
санына және лизингке берілетін мүліктердің бәсекелестік қабілеттілігіне
белгілі бір деңгейде тәуелді болады. Сондықтан да лизингтік қызмет ұсынатын
компаниялар мен банктер жақсы байланыста болулары қажет. Лизингтік
компаниялар өндірісті және клиенттерді оқып үйрене отырып, клиенттердің
қажеттіліктеріне неғұрлым толық жауап беретіндей негізгі құралдарды
лизингке беруге тырысады. Кейбір фирмалар лизингке берілген құрылғыларды
сақтандыру және техникаларды өндіріске енгізу мәселелері бойынша кеңестер
беру қызметтерін де ұсынады. Лизингтік компаниялардың қызметі мәміленің
объектісіне деген меншік құқығына байланысты дилерлік және брокерлік болып
бөлінеді. Брокерлер мәміленің шарттарын орындау үрдісінде объектіге деген
меншік құқығына ие болмайды. Олардың функциялары (қызметтері) мәмілені
жасауға қажетті жақтардың (тараптардың) мәліметтері, мәміле бойынша
консалтингалық қызмет көрсету және оның лизингтік сипатты мақұлдауы болып
табылады. Лизингтік келісім-шартқа қатысатын брокерлер, жақтардың лизингтік
мәміле шарттарына келіспеген жағдайда жауапкершілікті көтереді. Дилерлер
мүлікті өзіндік қаржы немесе заемдық қаржы есебінен басқа біреуге лизинг
беруге сатып алады және осы объектінің меншік иесі ретінде қатысады.
Дилерлер объектіні үшінші тұлғадан қаржылық лизингтің шарттарына сәйкес
алып,оны басқа шарттарға сәйкес лизинг алушыға лизингке беретін компаниялар
қызметімен теңестіреді. Өзінің тіркелген орнына байланысты лизингтік
компаниялар ҚР-ның Заңдарына сәйкес резидентті және резидентті емес болып
бөлінеді. Олардың қызметі мемлекеттік органмен уәкілденген (мақұлданған)
лицензия негізінде жүзеге асады. Лизингтік қызметті лицензиялау лизингтік
компанияның кредиторлары мен клиенттерінің тәуекелін қысқарту мақсатымен
зиян келтіретін бәсекелестерді жояды. Лицензияны лицензиялау шарты
бұзылған жағдайда қайта шақырылады. Сонымен қатар ол компанияның келісімі
бойынша төленбеген сомасы оның жылдық айналымының 10% асса да қайта
шақырылады. Өндірушілер лизинг берушіге өздері өндірген қондырғыны лицензия
алмай-ақ лизинг шартына сәйкес өткізе алады. Коммерциялық банктер Ұлттық
банктен лицензия алғаннан кейін ғана лизингтік операциялар жүргізе алады.
Басқа заңды тұлғалар лизингтік қызметті мемлекеттік органмен сендірілген
бір жолғы лицензиямен бір жолғы келісім-шарт түрінде жүзеге асырады.
Лицензияны алу тәртіптері және шарттары лизингтік қызметтерді
лицензиялау жөніндегі жағдаймен белгіленеді. Лизингтік компаниялар
өздерінің қызметін көпшілік түрде жүргізеді. Олар жыл сайын компанияның
балансын жариялауға және тәуелсіз аудиторлармен тексерілген пайда мен
шығынның шотын жариялауға міндетті.
Лизингтік компанияның төленген жарғы капиталы 100 000 американдық
долларға эквивалентті сомадан кем болмау керек. Олардың құрылтайшылары
таза активтер мөлшерін жарғы капиталына жарияланған доллармен есептелінген
мөлшерден кем емес екенін қолдауға міндетті.
Лизингтік компаниялар өзіндік және заемдық қаражаттардың қатынасын
15 кем емес қатынасында қолдауға міндетті. Егер олар қаражаттарды
қолданса, онда өзіндік қаражаттан, жарияланған жарғылық капиталдың 110
бөлігі мөлшерінде резервтік қорды қалыптастырулары керек. Бұл үмітсіз
қарыздарды жабу және жоғарыда көрсетілген мөлшерде таза активтердің көлемін
(мөлшерін) қолдау үшін қажет. Резервтік қор Ұлттық банкте сақталады және
таза активтерді анықтағанда есепке алынбайды.
Лизинг алушы лизинг затын алу үшін келісім-шартқа отырады және
қажетті құжаттарды тапсырады (қосымша 3).
Лизингтік келісім-шарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама
күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісім-шарт
жасалады:
1) Лизинг беруші мен алушы арасында;
2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында;
3) лизинг алушымен банк арасында.
Лизингтік келісім-шартты ұйымдастыру және оны іске асыру әр елдің
заңдылық ерекшеліктеріне байланысты.
Лизингтік келісімнің жанама және тікелей қатысушыларына байланысты
лизингтік үрдістің үш жақты немесе көп жақты сипаты болады. Лизингтік
үрдістің схемасының жалпы түрі төмендегідей (сурет 2).
Лизингтік үрдісте лизингтік келісімнің міндетті қатысушыларынан
басқа, яғни лизинг беруші мен лизинг алушыдан басқа да тұлғалар қатысады.
Олар:
1) лизингтік мүлікті сатушы –лизинг объектісі болып табылатын мүлікті
сатушы заңды немесе жеке тұлға (жабдықтаушы);
2) сақтандырушы—қайтарым негізінде өзіне лизингтік келісіммен
байланысты болатын тәуекелді өзіне алатын жақ;
3) кредитор—лизинг берушінің келесіде лизингке беретін мүлікті сатып
алуды қаржыландыратын тұлға-банк;
4) делдал—осы мәміленің тараптары болып саналатын тұлғаларға лизингтік
келісіммен байланысты қызмет көрсетуші тұлға.
Лизингтік үрдісте шартты түрде 3 этапты айыруға болады. Бірінші
этапта (1-4) заңды келісім-шарт қатарларын жасау үшін барлық дайындалған
жұмыстар жүзеге асырылады және мынадай құжаттарды рәсімдейді:
1. Лизинг объектісін алу үшін лизинг алушының лизинг берушіге
тапсырысы;
2. Лизинг алушының төлем қабілеттілігі және лизингтік жобаның
тиімділігі жөнінде қорытындысы;
3. Лизинг объектісін жеткізіп беру жөніндегі лизинг берушінің
жабдықтаушыға жіберетін заказ-нарядты алғанын растау:
- 2 данадағы шот;
- лизинг алушының қол қойған жабдықты қабылдау хаттамасы;
- техникалық құжаттама;

Сурет 3. Лизингтік мәміленің сызбасы.*

*Көзі: Исабеков Б.Н. Қазақстанда аралас экономика кезіндегі индустриалдық-
инновациялық саясат және кәсіпкерлік мәселелер, концепциялар, шешімдер.
Түркістан:Б.Ж.,2004ж.,218б.

- кепілдеме талоны.
Лизинг алушы мен жабдықтаушы арасындағы келісімнің жалпы шарттары:
- лизинг берушінің жабдықтаушыға лизингтік объектінің құнын төлеу
шарты;
- жеткізіп берудегі жабдықтаушының жауапкершілігі.
4. Лизингтік компания мен банктің лизингтік келісімдер жүргізу үшін
несие алу жөнінде жасасқан несиелік келісім-шарт.
Екінші кезеңде (3-9) лизингтік келісім бекітіледі және ол бойынша
келесі құжаттар рәсімделеді:
5. Лизингке берілетін мүлікті сату-сатып алу келісім-шарты.
6. Лизингтік келісім-шарт. Мұнда мыналар көрсетілуі қажет:
- лизинг объектісін қажетті орнына жеткізіп беру мерзімі, қаржыландыру
сомасы және лизингтік келісімнің заты;
- келісім-шарттың іс-әрекет ету мерзімі;
- лизинг берушінің меншікке деген құқығы;
- тәуекелдер, жауапкершілік, техникалық кепілдеме;
- жабдықты пайдалану;
- жөндеу, модификация және күтіп ұстау;
- кездейсоқ жағдайлар, шығындар;
- таңдау құқы;
- төлемдерді төлеу әдістері (ай сайын, квартал сайын немесе лизингтік
төлемдердің алдын алатындар);
- ставкалар (жабдықтың нақты немесе шартталған құнымен) және шарттар
(клиент есебінен ұсыныстарды дайындау бойынша шығындар);
- салық салу және баждар;
- мәміле объектісін сақтандыру;
- лизинг алушы мен лизинг берушінің құқықтары және міндеттері;
- лизингтік келісім-шартты бұзу тәртібі;
- арбитраж және дауларды шешу;
- кешіктірілген жағдайлар (келісім-шарт тек кепілдеме алғаннан кейін
күшіне енеді;
- қосымша мәліметтерді алу міндеттері (баланс);
- жақтардың және қабылдау құқығын алатындардың қолдары мен
реквизиттері;
- қосымшалар (материалдарды сипаттау);
- қалдық құнының кепілдемесі;
- банктің кепілдемесі.
7. Эксплуатацияға лизинг объектісін қабылдау актісі. Ол мынадан
тұрады:
- лизингтік келісімнің объектісін нақты жеткізіп беру, оны құру және
мүлтіксіз жұмыс істеу жөніндегі куәлік (жабдықтаушыға талап қойылатын
куәлік);
- мәміле объектісінің жұмыс істеуіне зиян келтірмейтін және лизинг
алушының лизингтік төлемдерді төлеудегі міндеттеріне әсер етпейтін
белгілі кемшіліктер туралы мәліметтер болуы мүмкін. Бұл жағдайда
жабдықтаушы қабылдау хаттамасында көрсетілген кемшіліктерді жоюға
міндеттенетін мерзімді көрсетеді;
- алғашқы лизингтік жарнаны төлеу күні көрсетіледі. Осылай қабылдау
хаттамасының датасы лизингтік мәміленің іс-әрекет етуінің алғашқы
мерзімімен сәйкес келеді;
- лизинг алушы рәсімдейді, лизинг беруші, лизинг алушы және
жабдықтаушы қол қояды.
8. Лизингке берілетін мүліктің техникалық қызмет көрсетуінің келісім-
шарты.
9. Лизинг объектісін сақтандыру келісім-шарты.
Үшінші кезеңде (10-12) лизинг объектісін өзіндік пайдалану
басталғаннан кейін келесі процедуралар орындалады:
10. Лизингтік төлемдерді төлеу;
11. Мүлікті келешекте пайдалану бойынша қатынастарды рәсімдеу (не
лизинг объектісін қайтару, не лизинг объектісін ары қарай
пайдалануға жаңа лизингтік келісім-шарт жасау, не сатып алу
аукционы бойынша лизинг объектісін сату-сатып алу келісім-шартын
жасау);
12. Лизинг берушінің кредиторға сауданы қайтаруы және пайыздарды
төлеуі.
Лизингтік келісім-шартты жасаған кезде лизинг субъектілерінің
құқықтық жағдайына және оның осы келісім-шартта көрсетілуіне ерекше мән
беріледі. Лизингтік келісім-шарттың бұл бөлімінде бүкіл лизингтік мәміленің
жүзеге асу кезеңінде лизинг алушы мен лизинг берушінің міндеттері және
құқықтарының толық тізімі қарастырылады. Егер лизингтік келісім-шарттың
қатысушыларының арасында дау пайда болса, онда олар шаруашылық даулар үшін
құрылған заңдар бойынша шешіледі. Лизинг берушінің лизинг объектісіне деген
меншік құқығы лизингтік келісім-шартқа сәйкес шектелген болып табылады.
Үшінші жаққа мәміленің объектісіне зиян келтірген тәуекелді жоғары қауіп-
қатер көздерімен нақты түрде мүлік иесі көтереді. Лизинг беруші мәміле
объектісін толық жөндеуден, оны сақтандырудан, ликвидациялаудан, күрделі
техникалық қызмет көрсетуден болған шығындар мен тәуекелдердің және меншік
құқығымен байланысты басқа да шығындардың ауыртпалығын өзі көтереді, егер
басқа да шығындар лизингтік келісім-шартта көрсетілмесе. Егер өзге
жағдайлар лизингтік келісім-шартта көрсетілмесе, лизинг беруші лизинг
объектісін үшінші мәмілені қамсыздандыру үшін кепіл ретінде пайдалануға
құқы жоқ. Лизинг беруші кепіл ретінде лизингтік келісім-шарттан шығатын
талаптардың құқығын пайдалануға құқы бар. Лизинг алушы мәміленің объектісін
тек лизингтік келісім-шартта көрсетілген шекте және жағдайда қолдана алады.
Лизинг алушы лизинг берушіге лизингтік келісім-шартта көрсетілген
төлемдерді төлеуге міндетті. Келісім-шартта міндетті түрде лизингтік
төлемдерді өз уақытында төлемеу немесе төлемдер үшін санкциялар
қарастырылуы қажет. Лизинг алушының кінәсінен болған лизингтік төлемдерді
төлемеуі және өз уақытында төлемеуі лизингтік келісім-шартты бұзудың негізі
болып табылады. Лизингтік келісім-шартты оның қатысушылары бұзған жағдайда,
олар келісім-шартты бекітілген азаматтық заңдылық тәртіппен бұзуды талап
етуге құқылы. Дау-дамай кезінде келісім-шарттың бұзылуына әсерін тигізген
шығындарды, лизингтік келісім-шартты бұзған жақ өтейді.
Лизинг шартын өзгерту және бұзу. Шартта немесе ҚР-ның заң актілерінде
көзделген жағдайларында лизинг шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша
өзгертілуі немесе сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. Лизинг
шарты мынадай жағдайларда:
1) егер лизинг алушы лизинг нысанасын елеулі түрде нашарлатса;
2) егер лизинг алушы лизинг берушінің мұндай әрекеттерді тоқтатуы
туралы жазбаша ескертуіне қарамастан лизинг нысанасын лизинг
шартының ережелерін немесе лизинг нысанасының мақсатын бұза отырып
пайдаланатын болса;
3) егер лизинг алушы төлемнің шартта белгіленген мерзімі аяқталғаннан
кейін қатарынан екі немесе одан көп рет лизинг шарты бойынша төлем
жасамаса, лизинг берушінің талап етуі бойынша бұзылуы, ал лизинг
нысанасы лизинг алушының есебінен лизинг берушіге қайтарылуы
мүмкін.
Мынадай жағдайларда:
1) егер лизинг беруші шарттың ережелеріне сәйкес лизинг нысанасын
бермесе немесе пайдалануға кедергі жасайтын болса;
2) егер берілген лизинг нысанасында оны пайдалануға кедергі
келтіретін, лизинг шартында ескертілмеген кемшіліктері болса;
3) егер лизинг беруші лизинг нысанасын жеткізіп беру мерзімін бұзса,
лизинг алушының талап етілуі бойынша лизинг шарты бұзылуы, ал
лизинг нысанасы лизинг берушінің есебінен оған қайтарылуы мүмкін.
Лизинг нысанасы. Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, көлік
құралдары, жер учаскелері және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар
лизинг нысанасы бола алады. Ал бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг
нысанасы бола алмайды.
Егер лизинг берушіде мәміле объектісін сатушыға сапасы комплектілі
болуы, жеткізіп беру мерзімі, кепілденген мерзім ішінде мәміленің
объектісінің сынығы жөнінде және сату-сатып алу келісім-шартында
көрсетілген басқа да міндеттерді орындау бойынша талаптар қоюға құқы болған
жағдайда құқықтар сөзсіз лизинг алушыға өтеді. Лизинг беруші келісім-шарт
бойынша осы міндеттерді лизинг алушының алдында орындауды өзіне ала алады.
Лизингтік келісім-шарттың іс-әрекет ету мерзімі барысында лизинг
алушы лизингтік келісім-шартта көрсетілген техникалық қызмет көрсету және
ағымды жөндеуді қосқанда мәміле бағытталған барлық қажетті жұмыстарды
орындайды. Лизинг алушы егер келісім-шартта өзге жағдайлар қарастырылмаса,
мәміле объектісін иелену және қолдану құқығын іске асырумен байланысты
барлық шығындарды және тәуекелдерді көтереді (егер объектіні иелену құқы
келісім-шартта лизинг алушымен бекітілсе).
Егер келісімнің шарттарын лизинг алушы орындаса, лизингке берілетін
мүлікке лизинг берушінің жеке қарыздары бойынша төлетулер салынбайды.
Төлету тек келісім-шарт бойынша талап етілген құқықтарға салынуы мүмкін.
Бұл жағдайда көрсетілген құқықтардың жаңа меншік иесі лизингтік келісім-
шарттан шыққан лизинг берушінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
Лизингтің негізгі түрлері
Мәміленің объектілері
Лизингтік операциялар
Лизингтік операцияларды ұйымдастыру
Лизинг беруші және лизинг алушы арасындағы лизинг шарты
Лизингтік компания лизинг алушы лизинг алушы
Коммерциялық банктердің лизингтік қызметінің тиімділігі
Қазақстан Республикасындағы лизинг операциясы
Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету
Пәндер