Кейіпкер мінезін беруші тілдік тәсілдер және олардың зерттелу жайы



Кіріспе
І Тарау Кейіпкер мінезін беруші тілдік тәсілдер және олардың зерттелу жайы
Кейіпкер мінездемесін жасаудағы портреттің ролі.
1.2.Портрет, оның сипаты мен көркем шығармадағы қызметі.
І І Тарау
2.1. Портреттің лексикалық құрамы
2.2.Портреттің лексикалық құрамының көркем мәтінде қолданылу ерекшелігі
Қорытынды
Адам мінезінің сан алуан, сан қырлы сипаты бар. Мінез – адам болмысының ажырамас бір бөлігі. Әр адам өзін қоршаған ортаға өз мінезімен танылады, сол мінезі арқылы ерекшеленеді. Көркем шығармада да әр оқушының есінде сыртқы түр-келбетімен қатар мінезімен сақталады. Кейіпкер бойындағы мінез түрі де әр түрлі. Сондықтан да кейіпкер мінез сипатына қарай жағымды, ұнамды не жағымсыз, ұнамсыз әсер қалдырады. «Мінез адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиалық ерекшеліктердің жиынтығы» /1,95/. Көркем шығармадағы басты тұлға – кейіпкер. Кейіпкерсіз, адамсыз ешбір көркем туынды болмақ емес. Сондықтан, кейіпкер - әдебиеттің түп қазығы. Көркем туындыда суреттелінер оқиғалар, түрлі қақтығыстар, әлеуметтік- тарихи жағдайлар т.б. жайыттар тек кейіпкер төңірегінде шоғырланып, содан тарап жатады. Көркем шығарма кейіпкерлері өзіндік тұлғасымен, сөз саптау мәнерімен, әр қайсысы өзінше бейнемен оқушы есінде қалады. Бұл ең алдымен жазушы шеберлігіне байланысты. «Шеберліктің өзі – тегінде адам образын жасаудың, адам характерін ашудың, адам тағдырын көрсетудің өнері ғой» /2,160/. Содан да болар бейімбеттің Раушаны, Әуезовтың Құнанбайы, Мұқановтың Ботагөзі, Мүсіреповтің Жұмананы, Нұрпейісовтың Судыр Ахметі т.б. кейіпкерлері есте ұмытылмастай сақталып қалады. Әр кейіпкердің өзіне тән бітім – болмысын, сөйлеу мәнері мен мінез құлығын таныту жазушыдан үлкен творчестволық қызметті қажет етеді. Көркем шығармадағы ең басты нәрсе – кейіпкердің оқырманға берер эстетикалық -тәрбиелік әсері. Бір кезде көркем шығармадағы кейіпкерлерді ұнамды, ұнамсыз деп екі бөлек топқа бөліп қарастырсақ, қазір ұнамдының бойынан қалай да болса кездесетін ұсақ кемшілікті, ал ұнмсыздың бойынан жарқ ете қалатын жақсылы қасиеттерді байқауға болатындығы талас тудырмаса керек. Сөз зергері өз туындысында кейіпкер тұлғасын сомдауға, оны жан-жақты ашуға тілдегі бар амал тәсілдерді жұмсайды. Әдебиеттануда кейіпкер тұлғасын сомдаудын, оның мінез-құлқын танытудың амалдары жеке қарастырылып, әрқайсысы көлемді ғылыми еңбектердің нысанына айналған. Әдебиеттану ғылымында кейіпкер мінезін ашудың мынандай тәсілдері аталады; тура мінездеу, жанама мінездеу, диалог, монолог, портрет, пейжаз т.б. Бұл аталған тәсілдер кейіпкер мінезін беруде жеке дара қолданылмайды, өзара бірлікте жұмсалады, Ол жайында академик З.Қабдолов былайша тұжырым жасайды: «Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән күйініш сеімдерді суреттеу, адамның өз сөзің (монолог) немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру – осылардың бәрі жеке-жеке тұрған біріне бірінің қатысы жоқ дара мақсатты нәрселер емес, керісінше, бірін бірі толықтырып, бірінен бірі туып, біріне бірі жымдасып, жатқан дүниелер.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Адам мінезінің сан алуан, сан қырлы сипаты бар. Мінез – адам
болмысының ажырамас бір бөлігі. Әр адам өзін қоршаған ортаға өз мінезімен
танылады, сол мінезі арқылы ерекшеленеді. Көркем шығармада да әр оқушының
есінде сыртқы түр-келбетімен қатар мінезімен сақталады. Кейіпкер
бойындағы мінез түрі де әр түрлі. Сондықтан да кейіпкер мінез сипатына
қарай жағымды, ұнамды не жағымсыз, ұнамсыз әсер қалдырады. Мінез адамның
ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы,
барлық психологиалық ерекшеліктердің жиынтығы 1,95. Көркем шығармадағы
басты тұлға – кейіпкер. Кейіпкерсіз, адамсыз ешбір көркем туынды болмақ
емес. Сондықтан, кейіпкер - әдебиеттің түп қазығы. Көркем туындыда
суреттелінер оқиғалар, түрлі қақтығыстар, әлеуметтік- тарихи жағдайлар
т.б. жайыттар тек кейіпкер төңірегінде шоғырланып, содан тарап жатады.
Көркем шығарма кейіпкерлері өзіндік тұлғасымен, сөз саптау мәнерімен, әр
қайсысы өзінше бейнемен оқушы есінде қалады. Бұл ең алдымен жазушы
шеберлігіне байланысты. Шеберліктің өзі – тегінде адам образын жасаудың,
адам характерін ашудың, адам тағдырын көрсетудің өнері ғой 2,160.
Содан да болар бейімбеттің Раушаны, Әуезовтың Құнанбайы, Мұқановтың
Ботагөзі, Мүсіреповтің Жұмананы, Нұрпейісовтың Судыр Ахметі т.б.
кейіпкерлері есте ұмытылмастай сақталып қалады. Әр кейіпкердің өзіне тән
бітім – болмысын, сөйлеу мәнері мен мінез құлығын таныту жазушыдан үлкен
творчестволық қызметті қажет етеді. Көркем шығармадағы ең басты нәрсе –
кейіпкердің оқырманға берер эстетикалық -тәрбиелік әсері. Бір кезде
көркем шығармадағы кейіпкерлерді ұнамды, ұнамсыз деп екі бөлек топқа
бөліп қарастырсақ, қазір ұнамдының бойынан қалай да болса кездесетін
ұсақ кемшілікті, ал ұнмсыздың бойынан жарқ ете қалатын жақсылы
қасиеттерді байқауға болатындығы талас тудырмаса керек. Сөз зергері өз
туындысында кейіпкер тұлғасын сомдауға, оны жан-жақты ашуға тілдегі бар
амал тәсілдерді жұмсайды. Әдебиеттануда кейіпкер тұлғасын сомдаудын, оның
мінез-құлқын танытудың амалдары жеке қарастырылып, әрқайсысы көлемді
ғылыми еңбектердің нысанына айналған. Әдебиеттану ғылымында кейіпкер
мінезін ашудың мынандай тәсілдері аталады; тура мінездеу, жанама
мінездеу, диалог, монолог, портрет, пейжаз т.б. Бұл аталған тәсілдер
кейіпкер мінезін беруде жеке дара қолданылмайды, өзара бірлікте
жұмсалады, Ол жайында академик З.Қабдолов былайша тұжырым жасайды:
Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән күйініш сеімдерді суреттеу,
адамның өз сөзің (монолог) немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) келтіру –
осылардың бәрі жеке-жеке тұрған біріне бірінің қатысы жоқ дара мақсатты
нәрселер емес, керісінше, бірін бірі толықтырып, бірінен бірі туып,
біріне бірі жымдасып, жатқан дүниелер. Мұндай бірліксіз бұлар адам
мінезін де, тұлғасын жасай алмаған болар еді 1,108. Әдебиеттегі осы
аталған тәсілдер тіл арқылы іске асады. Тіл – мінездеудің
көрінісі.Әдебиетші Х.Әдібаевтің: Таңдаулы романдарымызда әр түрлі топтан
шыққан, әр түрлі білімі, алуан түрлі мінеі бар көптеген кейіпкерлер
қатарласа, құшақтаса, табан тіресе сан қосылып, сан ажырасып жүреді. Сан-
сала сәттерде сан түрлі толғаныс билеген ол жандар сан түрлі мінез, қылық
көрсетеді. Адам сезімге бай... Осы сәтте көз тұндыра көпшілікке жеткізер
әдебиетте бір-ақ қару бар. Ол – тіл, – деп айтуы орынды әрі дәлелді
3,162.
Көркем туынды – бір тұтас дүние болса, кейіпкер бейнесі
бөлшектеуге келмейтін тұтас тұлға. Ол әдебиеттің де, тіл ғылымының да
зерттеу нысаны болып табылады. Тек әр ғылым саласы өз зерттеу әдісімен
келеді. Ендеше, тіл ғылымының кейіпкерді мінездеуде қандай үлесі бар,
неңдей тілдік амалдары қатысады, олардың арасалмағы қандай, міне, осындай
мәселелерді шешу, талдау біздің мақсатымыз болмақ.
Әдетте біз қаламы төселген, артына мұра қалдырған ақын-жаушылар
жайында жиі айтамыз. Көп реттерде классикалық әдебиет өкілдерінің
шығырмалары тілдік ғылыми зерттеулердің нысаны болып келді. Бұл дұрыс та.
Көркем сөдің құдіретімен, сөздің сан алуан күшімен күмбезді сарай
соқтырған қас шеберлер туындылары кейінгі толқынға өшпес үлгі, өнеге
мектеп блып қалмақ. Сол мектептен үйрене отырып өскен кейінгі толқын
шығармалары өзіндік өрнегімен, соңы соқпағымен, жаңаша бір леппен
көрінгені айқын. Әр дәуірдің ұрпағының үні басқа.
Зертеудің өзектілігі.
Кез келген жаңа саланың ауқымы кең, қарымы құлаш болуы заңды.
Көркем әдебиет тілі зерттеуге түскенімен, оның ашылмаған не жете
зерттелінбеген объектілері көптеп саналады. Тілде кейіпкер мінездемесіне
тән тілдік тәсілдер көркем шығарма тілі деген ауқымды зерттеуде
қамтылып, құрамдас талдауда жүреді. Кейіпкер мінезін беруші тілдік
тәсілдер жан-жақты ашылып, тұрғыдан жеке арнайы талдауларға түсуі қажет.
Бір ғана мінездеуші амал – портрет тек әдебиеттік ауқымда қарастырылып
келді. Мұның өзі тақырып өзектілігін айқындай түседі. Көркем әдебиет тілі
алғаш орыс тіл білімінде зерттеу нысаны болып, бұл бағытта көптеген
ғылыми еңбектер жазылды. Кейінгі жылдары қазақ тіл білімінде де біршама
еңбектермен толықты. Р.Сыздықованың, Е.Жанпейісовтың, М.Серғалиевтің
Х.Кәрімовтың, Б.Шалабаевтың еңбектерін атауға болады. Зерттеулерде көркем
тілге қатысты құнды пікірлер айтылды, көркем шығарма өнер туындысы
ретінде қаралып, әдеби шығарманың көркемдік бітімі әр түрлі қырынан
ашылып, талдауға түсті.
Зерттеу нысаны. Бітіру жұмысы кейіпкер мінезіндегі вестемалар мен
кинетемаларға арналған. Еңбекте әр дәуірдің ақын жазушылардың шығармалары
негізгі желі ретінде алынып салыстырылады. Кейіпкерді мінездеуші
тәсілдердің зерттелу жайы шолуға түсіп, олардың сипаты мен ерекшеліктері
нақты материалдар негізінде жан-жақты ашылады. Ғылыми талдауға
М.Иманжановтың, Р.Мұқанованың, Т.Әбдіков, Б.Нұржекеұлы, Н.Ораз, М.Әуезов,
С.Мұқанов шығармаларындағы тілдік материал объекті болады.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты
кейінгі шыққан ақын-жаушылардың шығармаларындағы кейіпкер мінезін беруші
вестемалар мен кинетемаларды айқындау болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа байланысты мынандай міндеттерді шешу
көзделеді:
• Кейіпкер мінезін беруші вестемалар мен кинетемалардың орыс, шет ел және
қазақ тіліндегі зерттеу бағыттарын белгілеу;
• әр тәсілдің құрамдық, құрылымдық, мағыналық ерекшеліктерін талдау;
• тілдік стильдік қызметін таныту;
• көркем шығармаға қатысу арасалмағын анықтау, контексте қолданылу
сипаттарын ашу.
Бітіру жұмысымның ғылыми жаңалығы.
• қазақ тіл білімінде бұрын арнайы зерттеу тақырыбы болмаған портрет тілдік
талдауға түсті. Портреттің лексикалық құрамындағы вестемалар мен
кинетемелер анықталды;
• портреттің көркем шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін анықтауда контекст
қызметі көрсетілді. Жұмыста контекст тілдік категория ретінде
қарастырылды. Микро және макроконтексте портреттік суретеулердің
вестикалық, кинетикалық, соматикалық бірліктерінің қолданыстағы
мағыналары, тілдік анықтаулары сөз етілді.
Жұмыстың әдістері мен материалдары. Бітіру мұмыста жиналған
материалдарды салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау статистикалық әдістер
қолданылды. Портрет құрамындағы бірліктердің қолданылу жиілігін анықтауда
статистикалық әдіс негіз болды. Жұмыста ғылыми тұжырымдар жасауға,
тілдік, статистикалық талдауларға негіз болған материалдар мына
шығармалардан алынды:
М.Иманжанов Ақмоншақ, Р.Мұқанова Муза, Т.Әбдікұлы Әке, Н.Ораз
Даладан қалаға келгендер, М.Әуезов Қорғансыздың күні, С.Мұқанов
Сұлушаш, Б.Нұржеке Бейтаныс әйелдің құпиясы т.б. Сонымен қатар көп
томдық қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, синонимдік, фразеологиалық
сөздік пайдаланылды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.
• Портрет – көркем шығарманың тұрақты құрамдас бөліктерінің бірі ретінде
кейіпкерлердің кескін-келбетін, жүріс-тұрысын, киім-киісін суреттеу
арқылы толыққанды көркем бейне, кейіпкер мінездемесін жасаушы амалдардың
бірі.
• Портреттің тілдік құрамы вестиалды, кинетикалық, соматикалық, лексика
бірлігінен тұрады.
Портрет бірліктерінің мән-мағынасы, қызметі, тілдік құралдармен
күрделеніп келуі контексте айқындалады.
Бітіру жұмысымның құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан
және қортындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі
берілген.

І Тарау
Кейіпкер мінезін беруші тілдік тәсілдер және
олардың зерттелу жайы
Кейіпкер болмысын, мінез-құлқын айқын танытатын тәсіл – портрет.
Көркем шығармада автор кейіпкерін тікелей өзі суреттейді не кейіпкердің
мінез сипатын басқа бір кейіпкерлердің көзқарасы тұрғысынан береді. Қалай
болғанда да мұның негізінде автордың өзі тұр. Авторлық мінездеме – көркем
шығарманың тұрақты компоненттерінің бірі. Авторлық мінездеу құрамына
кейіпкердің сыртқы кескін-келбетін, жүріс-тұрысын яғни портретін және
мінез-құлқын суреттеу жатады. Көркем шығармада кейіпкер тұлғасы бір ғана
тәсілдің көмегімен жасалмайды, барлық амал-тәсілдердің жиынтығы кейіпкер
сомдауға қызмет етеді. Портрет те – кейіпкерді мінездеуші амал.
Әдебиеттегі адамның сырт бітімін, кескін-кейпін, жүріс-тұрысын,
суреттеуді портрет дейтін болсақ, бұл да – образ жасаудың өзгеше бір
тәсілі, жолы, амалы 1,110. Авторлық мінездеуді кең ауқымда
қарастыруымыздың себебі қазақ тіл білімінде бұл тақырыпта арнайы
зерттемелер жоқ. Портрет тек әдебиет ғылымы саласында зерттелініп
келеді. Орыс тіл білімінде портреттік суреттеулерді тілдік тұрғыдан
зерттеген көлемді еңбектер қатары баршылық 6,7,12,18\.
Портрет – кез келген көркем шығарманың тұрақты құрылымдық
элементтерінің бірі. Портрет атауы кейіпкер ұғымымен тығыз байланысты.
Жалпы, портрет әдебиеттануда екі негізде ұсынылады:
1.Портрет – белгілі бір жазушы не ақын, өнер адамы, қоғам
қайраткері жайлы деректі не мемуарлы очерк. Мұны әдеби портрет деп
атайды.
2.Портрет көркем шығармада кейіпкердің сырт тұлғасын суреттеу деп
ұғынылады. Бұл жағдайда портрет кейіпкерді мінездеуші амалдардың бірі
болып табылады. Мұны көркем портрет деп атауға болады.
Міне, портретті осы екінші тұрғыдан түсіну, яғни көркем портрет
жайы, әдебиеттік зерттеудің де, тілдік зерттеудің негізгі нысанасы болып
табалады.
Портрет әдебиеттану ғылымында кең көлемде, тереңдей зерттелініп
келеді. Портреттің өзіндік сипаты мен ерекшеліктері Қ.Жұмалиев,
З.Қабдолов, Х.Әдібаев, Б.Майтанов, А.Х.Иманов, Т.Рахымжанов т.б. ғалым-
зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған. Әдебиеттегі зерттеулерде
портреттің кейіпкер бейнесін сомдаудағы қызметі баса айтылады. Әдеби
қаһармандардың түрлі мінез-құлқын, бітім-болмысын, ұнамды, ұнамсыз
қырларын танытуда портреттің рөлі ерекше. Әдебиетте портрет кейіпкер
тұлғасымен тығыз бірлікте алынады.
Зерттеулерде портретті жасауда бейнелеу-көркемдеу құралдарының
қатысы сөз етіледі. Теңеу, метафора, эпитет және басқа да бейнелі
құралдардың қызметі ашылып, талданады. Кейінгі кездері портрет басқа да
құрылымдық элементерімен бірге психологиалық талдаулардың құралы ретінде
қарастырылып жүр. Ол Б.Майтанов, Т.Рақымжанов еңбектерінен көрінеді.
Зерттеушілер портреттің психологизмді берудегі сипатына тоқталады.
Б.Майтанов кейіпкер портретінің автор баяндауында және диалог
репликаларында берілетіңдігін С.Мұқанов, С.Сейфуллин т.б. шығармалары
арқылы көрсетеді. Тағы бірде портрет диалог құрылымдағы ремаркада
беріледі диалог ремаркаларында үлкен бір іс, мәселе жайлы сұхбаттасушы
кейіпкерлердің сөз, әңгіме мәніне сай бет-жүз құбылыстары қамтылып
отырады 4,232. Диалогтағы ремаркаларда берілген әр алуан бет-әлпетін
өзгерістері, түрлі дене қимылдары динамикалы портрет негізіне жатады.
Т.Рақымжанов Портрет терминінің әр түрлі мағынаны беретіндігін
айта отырып, оған мынадай сипаттама береді: Демек, әдебиеттегі
кескіндеме адамның бет-әлпетін, бой-тұлғасын, өң-шырай өзгерісін, киімін,
жүріс-тұрысын сипаттайды. Сол себепті, портрет, алдымен, – образ –
характерді дараласа, екінші жағынан оны типтендіреді 5,11-12.
Көркем туындыдағы портрет орыс тілінде кең түрде, жан-жақты
зерттелінген. Лингвистикалық зерттеулерде портреттік суреттеулердің түрлі
тілдік аспектілері қарастырылған. Портреттің лексикалық, синтаксистік
құрамы, оның лингвистикалық, лингвопоэтикалық ерекшеліктері көлемді
ғылыми зерттеулердің нысаны болған. Портреттің синтаксистік ерекшеліктері
Е.Н.Иванчикова, Г.В.Баскакова еңбектерінде, лексикалық құрамы
В.Н.Гомонова, Г.Т.Линних, В.Линкова, И.И.Постникова, Т.А.Беркович,
Г.В.Старикова зерттеулерінде, лексика-синтаксистік сипаты Т.В.Гамалей
еңбегінде ғылыми талдауға түскен. Портреттің жеке автор шығармаларындағы
қызметі Г.С.Цырица, Е.Я.Кедрова еңбектерінде қарастырылған. Портретті шет
ел әдебиеті негізінде талдаған Н.В.Накащидзе, С.В.Титова, С.К.Восканян
еңбектерін атауға болады. Зерттеулерде портретті тілдік талдау, ең
алдымен, портрет атауының сипатын ашудан басталады.
Көркем портретті кең және тар көлемде қарастыру бар. Тар көлемде
портрет кейіпкердің сырт тұлғасын, қимыл-қозғалысын суреттеу деп
түсіндіріледі. Портретті көркем шығарманың құрылымдық элементі ретінде
кейіпкердің мінез болмысымен тығыз байланыста, кең түрде алып қарастырған
тиімді. Г.С.Сырица, Г.В.Старикова, С.В.Титова, С.К.Восканян
зерттеулерінде портрет кейіпкер ұғымымен тығыз байланыста алынып, оны
мінездеуші амал ретінде көрінеді. Г.С.Сырица портретті кейіпкер
құрылымының құрамды бөлшегі ретінде қарайды. Зерттеуде портрет пен
кейіпкер ұғымы қатар жүреді. портрет являтся составной частью
структуры персонажа и включает изображения наружности человека, черт
лица, фигури, пози, мимики, жеста, походки, голоса, одежды, возраста и
некоторые др. а также описания фона 6,24.
Г.В.Старикова портретті көркем шығарманың құрылымдық элементі
ретінде қарастырады. Портреттік суреттеулер кейіпкердің ішкі жан дүниесін
танытуда нақты жағдайдағы эмоционалды күйін ашуда, сонымен бірге
кейіпкерге автордың және басқа да кейіпкерлердің бағасын, көзқарасын
беруде жұмсалады 7,29. Портретті кейіпкерді мінездеу амалдарынының бірі
деп қарайды. Портрет в художественном произведении является элементом
структуры эстетически организованного услоги и вместе с изображением
поступков героя,его суждения и т.д. выступает как средство раскытия
характера героя 8,29. С.В.Титова портретті әдеби көркем бейне сомдау
амалдарының бірі ретінде шығарма сюжетінің құрамды бөлшегі деп қарайды.
Көркем портрет автор бағасын, қатысын білдіреді. Белгілі бір
кейіпкердің сырт пішінін суреттей отырып, жазушы ол жайында көзқарасын,
жағымды және жағымсыз эмоциялық бағасын береді.
Зерттеулерде портретті басқа жанр түрлеріндегі портретпен салыстыру
жүргізіледі. Әдетте көркем портрет бейнелеу сурет өнеріндегі порттретпен
салыстырылады. Портретті криминалистикадағы адам кескінін суреттеу
түрімен де салыстыру бар. Салыстырулардың барлығы көркем шығармадағы
портреттік суреттеулердің сипатын, өзіндік ерекшелігін, көркемдік
қызметін айқындай ашу мақсатын көздейді.
Орыс тіліндегі зерттеулердегі тағы бір мәселе – портрет түрлері.
Портрет көлеміне, мазмұнына, құрылымына, құрамына қарай ажыратылады.
Әрбір зерттеушіде портреттің көптеген түрлері барлық зерттеуде
қарастырылған. Портреттің сипаты, басқа жанр түрлеріндей портреттен
айырмашылығы, портреттің түрлерге жіктелуі бітіру жұмысының тарауларында
кеңінен айтылады.
Қорыта келгенде, портретті талдаған лингвистикалық зерттеулерде
негізінен екі мәселеге көңіл бөледі: 1)автор әдеби тілден қандай тілдік
құралдарды таңдап алған және 2) оларды қалай пайдаланғаны.
Әрине кейіпкер тұлғасын сомдаушы басқа да тілдік амалдар бар. Бірақ
біз жалпы шығармаларды талдап отырғандықтан, сол шығармалардағы кейіпкер
мінезіне қатысты тәсілдерді бітіру жұмысымызға негіз етіп алдық. Және бұл
аталған тәсілдер кейіпкер мінез-құлығын танытуда негізгі, жетекші амалдар
болып табылады. Кейінгі тарауларда осы аталған тәсілдер жан-жақты
талдауға түседі.

Кейіпкер мінездемесін жасаудағы портреттің ролі.
1.2.Портрет, оның сипаты мен көркем шығармадағы қызметі.
Портрет – кең ауқымды ұғым. Өнердің көп саласында портрет атауы
жүреді. Портрет француз сөз portrait бейнелеу деген ұғымды береді.
Портрет кем дегенде көркем өнердің он саласында қолданылады екен: сурет,
мүсін, графика, декоротивти – қолданбалы өнер, әдебиет, театр, музика,
көркем фотография, киноматография, телевидение. Әр аталған жанрларда
портрет әрі қарай жеке түрлерге бөлініп кетеді. Әр аталған жанрларда
портреттің өзіне тән ерекшеліктері бар. Әдебиеттегі портретті өнердің
бейнелеу, сурет жанрындағы портретпен салыстыру басым. Сол арқылы әдеби
портреттің сыр-сипаты, ерекшелігі таныла түседі. Ең айрықша ерекшеленетін
тұсы – бейнелеу өнерінде портрет қыл қалам мен бояудың күшімен шықса,
әдебиеттегі портрет сөзге сүйенеді. Сөздің сиқырлы күшімен адам
кескіндемесі қаланып, қырланады. Әдебиеттегі портреттің өзгешелігі,
мысалы, суретші бояумен кескіндеген портреттен айырмасы, ол адамның бет-
әлпетін, кейпін бейнелемей, көбінесе жекеленген ерекшеліктер, есте
қаларлықтай сипат-белгілер, көркемдік детальдар арқылы көрсетеді. Суретші
жасаған портретте адамның бет-пішіні, өң-шырайы, келбеті қалайда бүтіндей
алынады, ал әдебиет шығармасында портрет бояумен емес, сөзбен
мүсінделгендіктен, кейіпкердің кескін-келбеті, бет-пішіні суреттелген
жеке сипат – белгілері негізінде ойша толықтырылып, көзге елестетіледі..
– дейді З.Ахметов 9,166. З.Қабдолов бейнелеу өнеріндегі портреттің
ерекшелігі бір қалыпта, қозғалмай, өзгермей тұратындығы болса, сөз
өнерінде портрет өзгеретін, қозғалатын жанды келбет, тірі кескін
екендігін айтады 1,119. Сонымен қатар, портрет сурет, бейнелеу өнерінде
тұтас жанр болып табылады және барлық көркемді- бейнелеу құрылымын
қамтиды. Ал әдебиеттегі портрет – шығарма құрылымының бір элементі,
бейнелеу жүйесінің бір бөлшегі ғана.
Портрет – көркем шығарманың құрамдас бөліктерінің (компоненттерінің)
бірі. Көркем әдебиеттегі портретті кейіпкерлердің сыртқы кескін-келбетін,
қимыл-қозғалысын суреттеу деп қана түсінбеу керек. Портрет кейіпкер
ұғымымен тығыз байланыста. Портреттің кейіпкер бейнесін сомдауда, оның
бейнесін жасауда белгілі бір орны бар. Портретке берілген анықтамалар
әртүрлі. Оның ішінде, портретті тар көлемде де, кең ұғымда да қарастыру
бар. О.С.Ахманова лингвистикалық терминдер сөздігінде 10 портретті
кейіпкерлердің сөйлеу (речевая) мінездемесі деп береді. Әдебиеттану
терминдердің сөздігінде: Портрет (от французкого portrait изображение
) в фигури, одежды, манери держаться, – деп берілген 7,121. Әдеби
энциклопедиалық сөздікте былайша анықталады; Портрет в литературе (от
французкого portrait от portrait – изображать) изображение внешности
героя (черт, лица, фигури, пози, мимики, жеста, одежды) как одно из
средств его характеристики; разновидность описания 11,153. Портрет –
қатысушылардың кескінің, келбетін, киімін, тұлғасын суреттеу, – дейді
Қ.Жұмалиев 12,57. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: портрет -
көркем әдебиеттегі кейіпкерле;рдің түр-түсін, кескін-келбетін, жүріс-
тұрысын суреттеушілік деп түсіндіріледі 13,10. З.Ахметов портретке кең
анықтама береді: портрет (француздың portrait – бейнеленген) - әдеби
кейіпкердің сырт көрінісін, кескін-кейпін, бой-тұлғасын суреттеу.
Кейіпкердің мінез-бітімін, характерін неғұрлым толық ашып көрсету үшін
оның, портрет-мінездеудің де үлкен мәні бар 14,165.
Сонымен, портрет – көркем шығарманың құрамдас бөліктерінің бірі
ретінде кейіпкерлердің кескін-келбетін, жүріс-тұрысын, қимыл-қөзғалысын,
киім киісін суреттеу арқылы толыққанды көркем бейне, кейіпкер
мінездемесін жасаушы амалдардың бірі. Портрет көркем өнердің ажырамас
бейнелі элементтерінің бірі болып келеді. Халықтың ауыз әдебиетінде
портрет белгілі бір сөз тұлғаларымен беріледі. Сұлулықты Ай мен күндей,
әмбеге бірдей, Ай десе аузы, күн десе көзі бар дегендей, жағымсыз
тұлғаларды жан түршігерлік бейнеде әсірелеу басым болып келді 3,266.
Ауыз әдебиетінде портреттік суреттеулер белгілі бір қалыптасқан үлгі,
түрде келеді. Қазіргі көркем прозадағы портреттің түп тамыры сонау халық
эпостарында, жырларында жатыр. Халықтық дүниеден портреттің небір айшықты
түрлерін кездестіресің. Қыз Жібек жырындағы Төлегеннің көзімен
берілетін сұлу қыздардың:

Орта бойлы дембелше,
Алтынды кәмзал жидеше.
Алтын шыны кеседей
Екі көзінің шарасы
Бейіштен жанған шамшырақ
Көзінің гәуһар қарасы
Туған айдай иілген
Екі қастың арасы
Сымға тартқан күмістей
Он саусақтың саласы
Сондай-ақ болып туар да
Адамзаттың баласы.
Не болмаса,
Қыз Жібектің ақтығы
Наурыздың ақша қарындай,
Ақ бетінің қызылы
Ақ тауықтың қанындай...-
деп келетін портреттік суреттеулері келетін – төгілген сұлу өрнек,
келісті сөз кестесі 1,42.
Ертедегі ауыз әдебиеті туындыларында адамның жүріс-тұрысының
берілуі де ерекше. Мысалы, Қобыланды батыр жырындағы Құртқаның қимыл,
жүрісін суреттеуді қараңыз:
Сонда сұлу қыз Құртқа
Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылан етіп, сылт етіп,
Шекдегі шоғы бұлт етіп,
Алтынды тоны жылт етіп,
Саулы іңгендей ыңқылдап,
Сүмбіледей жылтылдап,
Буыны түсіп былқылдап,
Көтеріп басын сөйлейді
Естеміс құлға былқылдап 1, 44-45.
Қыз Жібек жырындағы Жібектің:

Жүйрік аттай ойқастап,
Құнан қойдай бой тастап,
Қалмайын деп ұялып,
Жан-жағын қарап байқастап,
Кер маралдай керіліп,
Сары майдай еріліп.
Тәңірі берген екі аяқ
Бір басарға ерініп
Үйден шықты Қыз Жібек 1, 605

Қылаң етіп қылт етіп,
Сылаң етіп сылт етіп,
Мықындары былқылдап,
Тау суындай құлтылдап,
Сүмбіледей жылтылдап,
Буындары бұлтылдап
Айбынды туған Қыз Жібек
Отауға қарай жөнелді, -
деп берілетін портрет бейнелі жанды сурет болып елестейді 1, 605-606.
Осындай бастауы бар көркем портрет кейінгі поэзия мен прозада
жалғасын тапты. Кейінгі прозалық шығармаларда портрет әрбір жазушының
қалам шеберлігіне орай сан құбылып, өзгеріп отырады. Ғ.Мүсіреповтің
шығармасы сатиралық, юморлық кескіндемеге бай болса, М.Әуезов туындылары
психологиялық портреттің небір түрлеріне толы. Әуезов кейіпкерлерінің
сыртқы кескін-келбеті мен ішкі жан дүниесін астастыра береді. Әуезов
портреттің бар құбылысы характерге қызмет етеді, характердің қасиетін
әсерлі де әсем жеткізіп тұрады. Базаралының зор денесі ерлік белгісіндей
болса, сылдыраған Тоғжан шолпысы әсемдіктің, нәзіктіктің, ғашықтықтың
куәсі, ал Құнанбайдың оқтай қадалған жалғыз көзі күллі елді билеп-
төстеген феодалдық заманның қатал сақшысындай, мейірімсіз тірегіндей
4,214.
Прозадағы портрет түрлері сан қилы мазмұны мен формасына қарай
ажыратылады. И.В.Страков портреттің мазмұнына қарай мынадай түрлерін
атайды: ...кратко очерченные, миниатюрные; порные (сдвоенные) и
групповые обрисованние при посредстве сравнительного анализа; детально
разработанные типы портретов, в которых характеры изображены в статике и
в динамике; портреты – характеры в глубоком социально – психологическом
значений.
Портреттің статикалық және динамикалық түрі бар. Статикалық портрет
уақыт пен кеңістік жағынан шектеулі, ал динамикалық портрет бүкіл шығарма
бойында дамып отырады. Екеуі бір-бірінен құрылымдық-композициялық
түзілісімен де ажыратылады. Статикалық портрет кейіпкердің қимыл-
қозғалыссыз, бір қалыптағы күйін береді. Динамикалық портрет
қозғалыстағы, өзгерістегі кейіпкер кескіндемесі. Портретті көлеміне қарай
шағын және көлемді деп екіге бөлуге болады. Шағын портреттер өз ішінде
портрет-ситуация және портрет-деталь деп бөлеміз. Портрет-ситуация –
белгілі бір жағдай үстіндегі кейіпкердің сырт тұлғасының өзгерісін,
қимылын суреттейтін портрет түрі. Бұл түр динамикалық портретке сәйкес
келеді.
Портрет-деталь – кейіпкердің кескінінің, тұлғасының, қимыл-
қозғалысының бір ғана бөлшегін суреттейтін түрі. Бұл портрет адам
денесінің бір мүшесіне, қимылының бір сипатына, киімінің бір түріне
айрықша көңіл аудартып, сол арқылы кейіпкердің бір қырын танытуға
ұмтылады. Мысалы: Келісуге жоқ, кетісуге дайын Қатираның шырт етпе мінезі
де бөлек. Кө Қатираның әжім түсіп үлгерегн шынашақтай тар маңдайын
елестетті. Ызаға булығып, аузынан қарғыс шығып жатқан кездер оның
маңдайын тіптен жоғалтып,шашы мен қасының арасы қосылуға жақын қалатын ол
кейін, айырылысардың алдында ғана байқады... Келіншек тоқтап саусақтарын
алақанынан алды да, тағы да байсалды көзбен маған сынай көз тастады. Тұп-
тұнық көгілдір момақан жанары майдаламайтын сергектік танытып, мені
мүсіркей,аяи қарады 2,68.
Көлемді портрет автор баяндауында орын алады. Ол шығарманың басты
кейіпкерлерін, ішінара қосалқы кейіпкерлерді кескіндеуге қолданылады.
Көлемді портрет бірнеше сөйлемдер тізбелерінен және абзац көлемінен
тұрады. Көлемді портрет портреттің статикалық түріне жақын. Мысалы: -
Кемеден артынып-тартынып бір түсі бөтен әйел мен уылжыған қыз түсті. Әйел
жылы шырайлы екен. Келбеті келіскен, сұңғақ бойлы, кәдімгі айта беретін
блондинка. Көгілдір көзі мөлтіодеген мейірім нұрына тұнып тұр.
Болмысынан жан иесін исіндіріп тұратын тартымды леп еседі. Әдемі бұғақ,
жұмыр дене, қазықтай тіп-тік сұлу балтыр 3,74. Жолаушының бірінің
торғын тысты жұқа түлкі тымағы бар. Аяғында бапағының қоңышын барқытпен
көмкерген жаңа қара етік. Алғашқы көген жерден-ақ мынау мырзасы екен
екен дегізгендей. Бұл жігіттің жасы отыз шамасында. Орта бойлы, дөңгелек
денелі, қысқа мұртты, шоқша сақалды,сұрғылт бетт ідөңгелек, жалпақтау.
Суық қарайтын, кішілеу өткір көзінде және түксиген қабағында өзгеше
қаталдық бар. Кішкене мұрны қабағына үйлеспеді. Бұл адамның құмарлыққа
көп салынғандығын білдіріп тұр 4,11.
Көлемді портретті жұптық, топтық және мінездеме-портрет деп үш топқа
бөлдік. Жұптық портрет – екі кейіпкерді қатарластыра, салыстыра отырып
кескіндеу. Аталған портрет түрінде екі кейіпкердің ұқсастығы қарама-қарсы
табиғаты бойынша кескіндеме жасалады. Мысалы: Қожақ қара сұр, қыр мұрын,
сұлулап қойған қалың қара мұртты, ұзын бойлы, еңгезердей жігіт. Сейіт
онымен бой шамасы бірдей болғанымен, сидаң, жіңішке 5,66. Топтық
портретте бір топ адамның суреті беріледі. Топтық портрет белгілі бір
мақсаттағы адамдарды суреттеуде не болмаса әр түрлі жағдай үстіндегі
кейіпкерлердің психологиялық жай-күйін танытуда жұмсалады. Мысалы: залдың
бастығы толық балтырлы, мол пішілген, зор денелі, Рубенс суретінен түсе
қалғандай сұлу әйел үш еркекті бастап әкеп, ортадағы жасаулы столға
отырғызды. Топ басындағы ербиген бойлы, үлкен көзді, тыртық бетті
алпамсадай жігіт ағасы жуан қарнымен столды ұрып, бірінші отырды. Екінші
дударбас толық жігіт отырысымен аузындағы бар алтын тісін көрсетіп,
есінеп алды. Қағылез, арық, жұқа жігіт көйлегінің жеңін оңдап жатып,
үлкен столға жайғасқан жастарға бағдарлай қарап артынша қолын көтерді
6,25.
Мінездеме-портрет – жазушы шығармаларында жиі кездесетін портрет
түрі. Мінездеме-портрет – кейіпкердің сырт тұлғасы мен мінезінің қатар
суреттелген түрі. Тұлға мінез мінез сәйкестігі – портрет мінездемесінің
негізгі белгісі. Мысалы: Қасен жасынан тығыршық денелі еді, енді өсе келе
екі иығы тіп-тік, шығынқы кеудесі мен жалпақ жауырыны дүдіген алпамсадай
жігіт болыпты. Жел қағып қоңырқай тартқан жүзінде кесек мінез, тәуекелшіл
мықты рух танылса, кісіге тура қарайтын өткір көзінде таза, инабатты, мол
нұр шұғыласы ойнайды. Әр сөзін ойланып байыбына жетіп барып қана тіл
қататыны байқалады. Даланың сабырлы, кең мінезі сол дала жігітінің бойына
да еркінше дарығандай 7,18.
Жалпы, жазушы шығармаларындағы портреттің көркем шығармадағы орны,
қызметі үлкен екенін дәлелдей түседі. Портрет көркем туындының құрылымдық
элементерінің бірі ретінде кейіпкер міездемесін жасауға қатысады.
Портреттің иазмұны ғана емес, оның құрамының да кейіпкер мінезін беруде
үлесі бар.
Портрет құрамына енетін сөздер тобының (соматикалық, вестиалды,
кинетикалық) контексте жұмсалу аясы сөздер тіркесі мен сөйлемде көрінеді.
Микроконтексте сөз тіркестерінің түрлері, олардың сөз топтарына қатысы,
мағыналық ерекшеліктері, синтаксистік қатынастары айқын танылады.
Макроконтексте сөз тіркестерінің сөйлемдегі қызметі қарастырылады.
Сөйлемдегі бірыңғай мүшелердің қатысы, түрлері, жұмсалу деңгейі, портрет
жасаудағы қызметі анық көрінеді. Портреттің тілдік көріктеу құралдарымен
айшықтануында эпитет, теңеу, метафоралы және синтаксистік қайталаулардың
мәні ерекше.
Портрет – көркем шығарманың құрылымдық элементерінің бірі. Басқа
тілдік бөлшектермен бірге портрет те кейіпкер мінездемесін жасауға
қатысады. Зеттеулерде портретті тар және кең көлемде қараған көзқарастар
бар. Портретте кейпкердің сыртқы кескін – келбетін суреттеу деп тар
көлемде түсіну бар. Біздің жұмысымызда портрет кең көлемде қарастырылды.
Портрет кейікерлердің сырт тұлғасын суреттеу ғана емес. Көркемсөз иесі
кейіпкер тұрысын, қимылын, қозғалысын, киімін, дауыс мәнерін беру арқылы
оның ішкі әлеміне бойлайды. Сыртқы кескін мен ішкі кескін тұтастыққа
көрінгенде ғана портрет өз биігіне көтеріледі. Сонымен, портрет – сырт
тұлға мен ішкі сезім шоғының, мінез болмысының тұтаса танылуы арқылы
кейіпкер мінездемесін жасаушы амалдардың бірі.
Портретті тілдік талдау түрлі негізде талдау мүмкін. Біз жұмысымызда
портреттің лексикалық құрамын талдауды басты міндет еттік. Портрет
құрамына енетін үш құрамдас бөлік тілде мынандай терминдермен белгіленді:
соматикалық, вестиалды, кинетикалық лексика.
Соматикалық лексика тобына адам мүшелерін атайтын сөздер енеді.
Соматикалық лексика – өте жиі қолданылатын және ертеден келе жатқан
лексика түрі. Соматемаларды сипаттайтын сөздерді қазақ көркем
шығармаларының ерекшелігіне орай он түрлі белгімен топтастырдық. Олардың
әрқайсысы әрбір соматемаға қатысты жеке-жеке талданып көрсетілді.
Соматемалардың сөйлемде субьектінің орнында жүру ерекшелігі бар. Адам,
кісі ұғымын беретін сөздердің орнына бас, көз, сақал, мұрт, ерін т.б.
соматемалар жұмсалды. Синекдоха тәсілімен бүтіннің орнына бөлшегі
қолданылады. Соматемалардың қолдану жиілігі жөғары көз бен бет
соматемалары.
Вестиалды лексика өз ішіне киім-кешекті атайтын сөздерді қамтиды.
Вестемалар тоғыз белгімен топтастырылды. Вестемалар да сөйлемда
субьектінің орнына жүреді. Метономия тәсілімен сөз мағынасының ауысуы
вестемаларға тән. Сөйлемде субьектілік мағына киім аталарына ауысады.:
шолақ тонды жігіт – шолақ тонды. Вестемалар ішінде қолданылуы жиілігі
жоғары костюм, көйлек, туфли, камзол, тон сөздері.
Кинетикалық лексика бет өзгерісі, дене қимылы, дене қалпын
айқындайтын сөздер мен сөз тіркестерін қамтиды. Бұл топқа етістікті және
есімді сөз тіркестері енеді. Көркем шығармаларда етістікті сөз
тіркестерінің қолданылуы басым. Әрбір сөз тіркестерінің қолданыстағы
мағыналары ашылып көрсетілді. Бір кинетема бір ғана көңіл, сезімді
береді. Мысалы: басын төмен салды – ұялу не ойналау; көзі бақыраю, аузы
ашылу – таңдану.
Сипаттаушы сөздер екі түрлі белгіні анықтай алады. Сыртқы
белгілерді сипаттайтын сөздер мен ішкі белгілерді сипаттайтын сөздер
жеке-жеке топтарға бөлініп көрсетілді. Ішкі белгілерді кейбір
соматемалар ғана бере алады. Олар: көз, бет, қол, қабақ, саусақ, арқа,
мұрт, мұрын, алақан. Олардың ішінде, көз бен бет өте жиі қолданылады.
Портрет құрамына енетін сөздер тобының көркем шығармада жұмсалуын
байқау бірнеше міндеттерді шешті. Жұмсалу аясы екі контексте ашылды:
микроконтекст, макроконтекст. Микроконтексте сөз тіркестері қарастырылды.
Сөз тіркесінің түрлері, мағыналары ашылып көрсетілді. Макроконтекс
сөйлемді негіз етіп алады. Сөйлемде соматикалық, вестиалды, кинетикалық
сөз тіркестер бірыңғай мүшелермен күрделеніп келеді. Бір ғана соматема не
вестемаға қатысты бірыңғай анықтауыш мүшелер жұмсалады. Ал егер бірнеше
соматема не вестема қолданылса, олар өзара бірыңғайлана бірыңғай
анықтауыш мүшелер болып келеді. Сөйлемде портреттік суреттеулердің
айшықтану құралдары сөз етілді. Эпитет, теңеу, метафорның көркем бейненің
бедерлі де бейнелі шығуына әсері мол.
Сонымен, бұл жұмыста портреттің көркем шығармадағы орны, құрамы,
қызметі кеңінен сөз етілді. Портреттің әлі де қарастырылмаған қырлары
көп, портрет жеке көлемді еңбектердің объектісі болуы тиіс.

І І Тарау
2.1. Портреттің лексикалық құрамы
Көркем шығармалардағы портреттік суреттеулердің құрамы негізгі үш
құрамдас бөліктен (компоненттен) тұрады: 1) адам денесі мен мүшелері;
2)киген киімі; 3) бет өзгерісі, дене қимылы, дене тұрысы.
Портретті лингвистикалық тұрғыдан зерттеген еңбектерде осы құрамдас үш
бөлік нысанаға алынады. Портрет құрамындағы компоненттер жеке
қолданылмайды. Олардың алдынан компоненттерді түрлі белгілері жағынан
анықтайтын сөздер жүреді. Портрет компоненттерінің белгілері жағынан
анықтайтын сөздер жүреді. Портрет компоненттерінің белгілерін атайтын
сөздерді сипаттаушы сөздер деп атадық. Сипаттаушы сөздер – кейіпкер
болмысын, тұлғасын оқушыға айқын танытатын тілдік амал. Сипатаушы сөздер
кейіпкерлердің кескін- келбетін, киген киімін анықтай, түстей танытады.
Олар компоненттерді түрлі қырынан айқындап, дәлдейді. Мысалы: портрет
компоненті көзді алып, үлкен көз, сарғыш көз дейтін болсақ, сипатаушы
сөздер (үлкен, сарғыш) көздің көлемі мен түсін анықтап тұр.
Портреттік суреттеулерде сипатаушы сөздердің қызметі ерекше. Сипатаушы
сөздер екі түрлі белгіні атап көрсете алады; 1) портрет компонентерінің
сыртқы физикалық белгілерін (ұзын көйлек, тостаған көз, жалпақ бет). Бұл
топтағы ]психикалық, эмоциялық ерекшеліктерін атайтын белгілер (мейірлі
көз, ісмер саусақ, қату көз). Бұл ішкі белгілер деп аталады.
Лингвистикалық әдебиеттерде бұл белгілер басқаша терминдермен де аталады.

А.Н.Шрамм сыртқы белгілерді эмприкалық деп атап, мынадай
сипаттама береді: Эмприйными являются признаками, воспринимаемые
органами чувстви осознаваемые человеком в результате одноступенчатой
мыслытельной операции сопоставления с эталоном 7,46. Ішкі белгілерді
рационалды белгілер дейді. Они возникают на основе уже воспринятых
органами чувств признаком в результате анализа сопаставления,
умозаключения 7,46.
Портрет құрамындағы үш құрамдас бөлік үш тақырыптық топқа сәйкес
келеді. Тақырыптық топ, Ф.П.Филиннің анықтамасы бойынша, сөздердің
лексика-семантикалық байланыстарына емес, заттар мен құбылыстардың
классификациасына негізделіп топтасуы 15,231. Әрбір тақырыптық топ
ішінара лексик-семантикалық топтарға бөлініп кетеді. Лексика-семантикалық
топ – екі не одан да көп сөздердің лексикалық мағыналары бойынша топтасуы
15,230. Үш тақырыптық топ тілде мынадай терминдермен белгіленеді;
соматикалық (соматическая), вестиалды (вестиальная), кинетикалық
(кинетическая) лексика. Біз бұл жіктеуді орыс тіл біліміне сүйене отырып
алдық.
1.Соматикалық лексика (грек сөзі – дене). Бұл топқа адам
денелері мен оның мүшелерін атайтын сөздер жатады (көз, қас, мұрын, аяқ,
қол, шаш, бет т.б.). Соматикалық лексика бірлігі соматема болып табылады
(мысалы, бас).
Мысалы: Жаннаттың үстінде өте қымбат матадан тігілген алқызыл жұқа
көйлегі бар екен. Саусақтарында брилант жүзіктер жарқырайды. Құлағындағы
сырғалар да брилант... Шаштарын әр түрлі сәнді үлгімен қидырған сұлу да
сымбатты қыз-келіншектер мен жүздеріне күлкі үйірліген сері де сылқым
жігіттер топ-топ болып әңгіме-дүкен құрып , бір-біріне әзіл-қалжын айтып,
күліп тұр... Аяғынды сүйрете баспасаң, тайып жығылардай жып-жылтыр, ат
шаптырым кабинеттің кақ төрінде, абажадай қара үстелдерге қамалып отырған
етжеңді, жалпақ бетті, бұқа мойын, шойын қара алдына имене кірген
келіншекке көзілдірігінің үстіне таңдана қарады 8,45
2.Вестиалды лексика (латын сөзі - киім-кешек.) Бұл топқа киім,
аяқ киім, бас киімді атайтын сөздер енеді (туфли, шалбар, көйлек, бөрік,
бәтеңке, костюм, малақай т.б.). Вестикалық лексиканың бірлігі вестема
делінеді (мысалы, жемпір)
Мысалы: Үстіне киген көгілдір костюмі, кіршіксіз аппақ көйлегі мен
қызғыш галстугы сымбатты тұлғасына керемет жарасады екен. 9,40.
Жанындағысы жаздыгүні саптама етік киіп, қонышына дейін жезбен шиырлап
алыпты. Костюміне түмелердің орнына темір жүгіртіп, моншақтар өткізіп,
алпыншақ-салпыншақ қадап тастаған 10,51. Басында сабан қалпағы бар
семіз біреу ортада, аузында жуан сигарет шетелдік болу керек . 9,65.
3.Кинетикалық лексика (грек сөзі – қозғалысты). Бұл топқа
кейіпкерлердің бет өзгерісі, қимыл-қозғалысын, жүріс-тұрысын, дене қалпын
анықтыйтын сөздер мен сөз тіркестері кіреді (ернін тістеді, маңдайын
тыржитты, өтірік күлкі, салқын пішін, қолын сермеу т.б.). Кинетиканың
лексикалық бірлігі кинетема деп аталады. (мысалы, маңдайын жиыру). Бұл
топқа етістікті де, есімді де сөз тіркестері енеді.
Мысалы: - Иә, қалайсың?- деді ол Жаннаттың қолынан ұстап,
саусақтарын ақырын ғана қысып қойып 8,152. –Насыбайшы ағай мойнын
бұрып, мен жаққа сығырайып қабағын көтерді 9,29. Түсінің ажары кетіп
жүдеген, ақсұрланған. Қабағы болымсыз түйіліп уайымның сызынан шытынаған.
Жұмсақ қара көздері кішірейіп, жасаңдаған. Жиі кірпіктерінде жаңа шыққан
көздің жасы білінеді 4,56. – Еренбақ жуан қарның секілдетіп, ырқылдай
күлді де, өңін тез суытып ала қойды...Сеңбейсін бе? – Оң қолын созып,
Еренбақтың иығына салып еді, тұла бойы ток ұрғандай селкілдеп, от алған
трактордай қалшылдап кеткен ғалым, сылқ етіп жерге отыра кетті. Ал кәне,
жүр далаға! - Әйел тағы да қолын соза беріп еді, ақ басты ғалым шар етып,
атып түрегелді 8,148.
Соматикалық лексика үш топ ішінде ең жиі қолданылатын түрі. Бұл
топқа енетін сөздер ( қас, көз, қол, аяқ, саусақ, бас т.б.). Адамның
дене мүшесі деген тақырыптық топқа бірігеді.
Соматикалық лексика тобында сипатаушы сөздердің қызметі ерекше.
Сипатаушы сөздер компоненттерді түсі, көлемі, пішіні т.б. қасиет-
белгілері жағынан айқындайды. Портреттік суреттеулерде көзді айқындайтын
сөздер: қара, қап-қара, көкшіл, көгілдір, көкпеңбек, қоңыр, қоңырша,
шегір, аласы мол. Мысалы: Назар елудің ар жақ, бер жағындағы жігіт ағасы
екен. Толық денесі босаңсып, қарны салбырап кетіпті, бурыл шашы майланып,
білтеленіп тұр... Жігіт қой көздері күлімдеп жақындай түсті. Кесек
бітімді ақ өңіне құс тұмсықтау мұрны бірде құйып қойғандай жарасып тұрса,
кейде еркекке де ұқсатып жібереді. Әсіресе көзі ғажап. Ақшыл-қоңыр
қарашығы екі-үш қадам қашықтан қарасаң, мүлде көрінбей, көзі ақ айрандай
жылт-жылт етіп, қорқыныштылау көрінеді екен 11,98. - Өзгепланеталық?! –
Шынының ар жағындағы ала көз бағжаң ете қалды. – Ол қайдағы
өгепланеталық? Қысыңқылау келген қара көздерінде бір жамандық әлде
арамдық ойлап тұрғандай бөтен ұшқын байқалады 9,51.
Көркем шығармада кейпкерлердің киім киісін суреттеу аз көлемді
болып келеді. Киімге қатысты вестемалар соматемаларға қарағанда саны
жағынан аз көлемді болып келеді. Кейіпкер портретін суретеу әр жазушыда
әр түрлі көлемде, әр түрлі құрамда болады. Р.Мұқанованың Муза атты
шығармасында 41 вестема, 11 сипаттаушы сөз қолданылған. Қолдану жиілігі
жоғары вестемалар орамал, көйлек, шапан, галстуг. Орамал 7, көйлек 7,
шапан 4, галстуг 4 реттен қлданылған. Сипаттаушы сөздер ішінде жиілігі
жоғары шыттан тігілген, ақ, жібек, судай жаңа сөздері жиі қолданылған.
Р.Мұқанованың шығармасына қарағанда Н.Ораздың (Даладан қалаға келгендер)
әңгімелер жинағында киім киісті суреттеу басым. Осы талған шығармада 69
вестема, 60 сипаттаушы сөз қолданылған. Қолданылу жиілігі жоғары
вестемалар көйлек, пима, шалбар, туфли. Көйлек 11, пима20, шалбар 4,
туфли 4 реттен қолданылған. Сипаттаушы сөздер ішінде қолданылу жиілігі
жоғары ақ (20), қызыл (2), ескі (5), су жаңа (3), көгілдір (5) сөздері
жиі қолданылған. М.Әуезовтың (Қорғансыздың күні) 25 вестема, 21
сипаттаушы сөз қолданылған. Жоғарыда аты аталған жазушылардың
шығармаларымен салыстырғанда М.Әуезов шығармасында вестемалар аз көлемде
жұмсалған Бұл шығарма бойынша қолданылу жиілігі жоғары вестемалар көйлек
(6), кәмзол (5), шапан (5). Сипаттаушы сөздер ішінде жиілігі жоғары ақ
(5), жібек (3), шапан (5) рет қолданылған.
Т.В.Гамалей вестемаларды он түрлі белгілері бойынша топтастырады.
16,63. Г.С.Старикова үш топқа бөліп ( киім, бас киім, аяқ киім), алты
белгі бойынша қарастырады. Орыс тіл білімінде жеке бір ғана бас киім
(головные убори) тақырыптық тобы арнайы зерттелінген. 17. Жұмыс
барысында қарастырған көркем шығармалар бойынша қолданылу жиілігі жоғары
сөздер: костюм, туфли, көйлек, шәлі, галстуг, куртка, етік.
Вестиалды лексика құрамы төмендегідей сөз топтарынан тұрады:
1. Киімнің түсін сипаттайтын сөдер: қоңыр, ақшыл, қара (костюм);
сұр (куртка); көк, қара, (шалбар); қара, қап-қара (тон); қызыл, қара, ақ,
көгілдір (көйлек); ашық боялу (галстуг); қоңыр, қоңырша, ақ (жаулық,
шәлі, орамал); көк (күпәйке)
2. Киімнің материалын сипаттайтын сөздер: джинсы (шалбар,
куртка); былғары (етік , куртка); елтірі, сеңсең(бөрік, малақай); кенеп
(куртка); қоян (малақай).
3.Киімнің жаңаескілік белгісін сипаттайтын сөздер: жаңа, су
(костюм); ескілеу ( пальто); жыртық (бәтеңке); шоқпыт-шоқпыт (куртка);
табаны тесік (бәтеңке).
4.Киімнің пішінің сипаттайтын сөздер: биік (туфли); шолақ
(көйлек).
5.Киімнің көлемін сипаттайтын сөздер: кең (костюм); шоқпардай
(галстуг).
6.Киімнің қосымша белгілерін сипаттайтын сөздер: биік өкше,
платформалы (туфли, етік); темір басты (туфли); май-май, кір-кір, қожалақ-
қожалақ (жейде); табандалған (пима).
7.Киімнің әшекей суретін сипаттайтын сөздер: оюлы (етік); гүлді
(көйлек, галстуг).
8.Киімнің сапалық, бағалық белгісін сипаттайтын сөздер: жұмсақ
(етік); жеңіл (куртка, тон); жұқа (пальто, көйлек); әдемі (галстуг); жылы
((тон); сәнді (көйлек).
9.Киімнің шыққан жерін не модель авторын анықтайтын сөздер:
американ (бәтеңке); қытай (көйлегін); италиандық (етік).
Ақ пиманың иесі ашулы, ақпанның аязына шыдай алмай, арлы-берлі
жүгіреді. Қызыл қалпақтылар төбесі қылт ете қалса, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
М.Мағауин шығармаларындағы «автор бейнесі» мен кейіпкер бейнесінің берілу жолдарын анықта
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларындағы психологизм
Балалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы
Балалар әдебиетінің үлгілері
Кейіпкер тілі
Дүниенің тілдік бейнесі
Эмоционалды мәтін прагматикасы
Эмоционалды - экспрессивті лексиканың зерттелу тарихы
Драманың өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамасы
Жазушы шығармаларындағы ұлттық мінез бен қазақы болмыс
Пәндер