Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының негiзгi құқықтары



Кіріспе:
Жалпы ережелер

Негізгі бөлім:
I бөлiм. Қазақстан Республикасындағы шетел
азаматтарының негiзгi құқықтары,
бостандықтары және мiндеттерi
II бөлiм. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына
келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi

III бөлiм. Шетелдіктердің жауапкершiлiгi.
Болу мерзiмiн қысқарту қуып жiберу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетелдіктердің негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен тұрады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер болып танылады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайының принциптерi

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер барлық құқықтар мен бостандықтарға ие, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген мiндеттердiң бәрi жүктеледi, Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттарында қарастырылған жағдайлар бұған жатпайды.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататындығына, жынысына, бiлiмiне, тiлiне, дiнге көзқарасына, шұғылданатын қызметi мен оның сипатына қарамастан заңның алдында бiрдей болады.
Шетелдіктердің өздерiнiң құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделерiне, оның азаматтары мен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс және мұны олардың Қазақстан Республикасының заңдарына белгiленген мiндеттерiн орындауынан бөлiп алуға болмайды.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша жүрген шетелдіктер
Тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.
Оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай рұқсатты алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып табылады.Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған шетелдіктер Қазақстан Республикасында уақытша жүрген деп есептеледі. Олар белгіленген тәртіппен тіркелуге және өздеріне белгіленген болу мерзімі өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге міндетті.
Қазақстан Республикасы адам құқықтары бұзылуының құрбандары болған шетелдікке баспана құқығын бередi.
Саяси баспана беру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Президентi шешедi.
1.Қазақстан Республикасының Конститутциясы 30.08.1995ж.
Алматы: Жеті-Жарғы.

2. Ж, Құлжабаева. «Халықаралық жария құқық»

3. Интернет сайты : www.google. kz

4. «Егемен Қазақстан» газеті

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе:
Жалпы ережелер

Негізгі бөлім:
I бөлiм. Қазақстан Республикасындағы шетел
азаматтарының негiзгi құқықтары,
бостандықтары және мiндеттерi

II бөлiм. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасына
келуi және Қазақстан Республикасынан кетуi

 III бөлiм. Шетелдіктердің жауапкершiлiгi.
Болу мерзiмiн қысқарту қуып жiберу

Қорытынды
 
Пайдаланылған әдебиеттер

Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының
заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған
сәйкес шетелдіктердің негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан
Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан
Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы
заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен
тұрады.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайы, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы
Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері
қолданылады.Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер азаматтығы жоқ адамдар
Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiң
азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар Қазақстан
Республикасындағы шетелдіктер болып танылады.

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктердің құқықтық жағдайының
принциптерi

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер барлық құқықтар мен
бостандықтарға ие, сондай-ақ оларға Қазақстан Республикасының
Конституциясында, заңдары мен халықаралық шарттарында белгiленген
мiндеттердiң бәрi жүктеледi, Қазақстан Республикасының заңдары мен
халықаралық шарттарында қарастырылған жағдайлар бұған жатпайды.
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер тегiне, әлеуметтiк және мүлiктiк
жағдайына, қай нәсiлге және ұлтқа жататындығына, жынысына, бiлiмiне,
тiлiне, дiнге көзқарасына, шұғылданатын қызметi мен оның сипатына
қарамастан заңның алдында бiрдей болады.
Шетелдіктердің өздерiнiң құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы
Қазақстан Республикасының мүдделерiне, оның азаматтары мен басқа адамдардың
құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiрмеуге тиiс және мұны олардың
Қазақстан Республикасының заңдарына белгiленген мiндеттерiн орындауынан
бөлiп алуға болмайды.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және уақытша жүрген
шетелдіктер

Тұрақты тұруға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен
рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер Қазақстан
Республикасында тұрақты тұрушылар деп танылады.
Оралмандарды, Қазақстан Республикасында немесе Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында тұрған
адамдарды және олардың отбасы мүшелерін қоспағанда, Қазақстан
Республикасында тұрақты тұруға рұқсат берудің міндетті шарты мұндай
рұқсатты алуға үміткер адамның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген
тәртіппен және мөлшерде өзінің төлем қабілеттілігін растауы болып
табылады.Қазақстан Республикасында өзгедей заңды негізде жүрген, сондай-ақ
оларға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр
немесе аса ауыр қылмыстар деп танылатын әрекеттер жасалуы салдарынан
жәбірленуші деп танылған шетелдіктер Қазақстан Республикасында уақытша
жүрген деп есептеледі. Олар белгіленген тәртіппен тіркелуге және өздеріне
белгіленген болу мерзімі өткен соң Қазақстан Республикасынан кетуге
міндетті.
 Қазақстан Республикасы адам құқықтары бұзылуының құрбандары болған
шетелдікке баспана құқығын бередi.
Саяси баспана беру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Президентi
шешедi.

I

I бөлiм. Қазақстан Республикасындағы шетел
азаматтарының негiзгi құқықтары,
бостандықтары және мiндеттерi

Еңбек қызметi және демалыс
Шетелдіктер Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық шарттары
белгiлеген негiз бен тәртiпте Қазақстан Республикасында еңбек қызметiмен
шұғылдана алады. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек ету
бостандығына конституциялық құқығын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында
заң актiлерiмен шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасында еңбек
қызметiн жүзеге асыруы жөнiндегi шектеулер белгiленуi мүмкiн.
Шетелдіктер жекелеген қызмет орындарына тағайындала алмайды немесе еңбек
қызметiнiң белгiлi бiр түрiмен, егер бұл қызмет орындарына тағайындау
немесе осындай қызмет түрiмен шұғылдану Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қатыстылығына байланысты
болса, шұғылдана алмайды.
Қазақстан Республикасында тұрақты тұрат ын шетелдіктер еңбек
қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен бiрдей құқықтарды
пайдаланады және сол сияқты мiндеткерлiкте болады.
Жақында Бас прокуратура шетел азаматтарының еңбегін пайдалану заңдылығы
бойынша жоспарлы тексерісін аяқтады.Ең алдымен еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау саласы сияқты уәкілетті мемлекеттік органдардың , сондай-
ақ шаруашылық субъектілерінің 2006 жыл мен ағымдағы жылдың 1-жартыжылдық
мерзіміндегі қызметі қамтылды.
Бұл салада бұдан бұрын да бірнеше тексерістер болғанын айта кетелік.
Шетелдік жұмыс күшін пайдалану заңдылығын прокуратура органдары еңбек және
халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер, денсаулық сияқты уәкілетті
мемлекеттік органдардың мамандарымен бірге 2005-2006 жылдары тексерген.
Барлық анықталған заңсыздықтар бойынша прокурорлық ықпал ету шаралары
қабылданған. Тексеріс нәтижелері Бас прокуратураның алқа мәжілісінде және
Үкіметтің кеңейтілген отырысында қаралған.
Алайда қайталап жүргізілген прокурорлық тексерістер уәкілетті мемлекеттік
органдардың лауазымды адамдарының заңдылықтың бұзылуын жою үшін қажетті
қорытынды шығармағанын және пәрменді шаралар қабылдамағанын көрсетіп берді.
Соның салдарынан жұмыс берушілер қазақстандық мамандардың біліктілігіне
қасақана жоғары талап қойып, ал сол еңбекке біліктілігі төмен шетел
жұмыскерлерін тартып, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар органдарынан жалған құжаттар арқылы шетел мамандарын тарту
үшін рұқсаттама алып отырған.
Шетел жұмыскерлерін әкелу квотасы үнемі өсу үстінде
2000-2003 жылдары аралығында біздің елімізде жұмыс істеу үшін шетелден 11-
12 мың жұмыскер тартылса (бұл тұрғындардың экономикалық белсенді бөлігінің
шамамен 0,15 пайызы), өткен жылы бұл көрсеткіш 44 мыңға өскен, ал ағымдағы
жылы 79 мыңға жуық шетел азаматтары шақырылып, олар тұрғындардың
экономикалық белсенді бөлігінің 1 пайызына жуықтады.
Ағымдағы жылдың 1-жартыжылдығында республикаға 30 мыңнан астам шетел
жұмыскерлері әкелінген. Алайда 622 шетелдік маман ғана қазақстандық
кадрларға ауыстырылған.
Шетел жұмыскерлерін тартуға квотасының жыл сайын өсуін Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі Республикадағы экономиканың тұрақты дамуымен
байланыстырады.
Министрлік квотаны жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстарының негізінде
белгілейді.
Алайда мұндай негіздемелердің нақтылығы үлкен күмән туғызады, өйткені
тексеріс көрсеткендей, оларға дайындық жүргізілген кезде ішкі нарыққа
талдау жасалмайды, аймақтардағы жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс
тиісті дәрежеде зерделенбейді.
Шетелдіктердің еңбегін пайдалану негіздемесі әдетте жұмыс берушілердің
жылдан жылға көшіріліп берілетін өтінімдердің негізінде әзірленеді. Осыған
байланысты шетелдік жұмыскерлерге арналып берілген өтінімдердің саны
негізсіз ұлғайтылады да, квотаны әзірлеу кезінде артықшылыққа жол беріліп,
ішкі еңбек нарығында бар мамандар ескерусіз қалады. Әсіресе мұның
қазақстандық жұмыскерлермен ауыстыруға әбден болатын аса біліктілікті қажет
етпейтін 3-санаттағы шетелдік жұмыс күшіне қатысы зор.
Мысалы, Министрлік 2007 жылға Павлодар облысы үшін 1800 шетелдік жұмыс
күшін тартуға квота бөлген. Бұл квота Жұмыс берушілердің өтінімдеріне
сәйкес белгіленген бұл квотада 3-санат бойынша 120 токарь мен 229
жүргізушінің қажеттігі көрсетілген.
Ал талдау жүргізу барысында ағымдағы жылы облыстық оқу мекемелерінен 152
токарь мен 235 жүргізуші мамандары бітіретіндігі белгілі болды. Бұл
жекеменшік автомектептерді бітірушілерді есепке алмағандағы мәлімет.
Токарьлар да, жүргізушілер де жергілікті еңбекпен қамту орталықтарында
тіркеуде тұр. Алайда аталған жағдай квотаны бекіткен кезде есепке
алынбаған.
Жұмыс берушілердің рұқсат берілмеген санаттар мен қызметтер бойынша шетел
қызметшілерін заңсыз пайдалану фактілері бұл салаға уәкілетті органдардың
жеткілікті назар аудармай отырғандығының айқын айғағы.
Мысалы, Джейлан Лимитед ЖШС (Астана қаласы) Түркияның 3 азаматын болат
пен темірбетон конструкцияларын монтаждаушы мамандықтары бойынша 3-
санаттағы жұмысқа қабылдауға рұқсат алып, оларды іс жүзінде бухгалтер-
кассир, менеджер және техникалық бөлімнің қызметкерлері қызметтеріне
пайдаланған.
Яғни аталған серіктестікке шетел мемлекеттері жұмыскерлерінің есебінен
болат пен темірбетон конструкцияларын монтаждаушылар қажет болмаған.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айында аталған серіктестіктің офисіне барғанда
прокурорлар 3-санаттағы жұмысқа қабылдауға рұқсат алған тағы да 5 шетелдік
жұмыскерлерді анықтаған, алайда олар 2-санаттағы қызметке пайдаланылған.
Тағы бір жағдайда, Юксель Туркуаз Иншаат ве Тиджарет Лимитед Ширкети
компаниясының Алматы филиалында Түркияның азаматы Орхан Джелеп күзетші
ретінде пайдаланылған, алайда оған бетоншы ретінде рұқсат алынған.
Кездесу басында айтқанымыздай, уәкілетті органдар осы уақытқа дейін жұмыс
берушілерге байланысты пәрменді шаралар қабылдамаған, олар жергілікті
мамандарға орындалуы қиын жалған біліктілік талаптар қойып, шетелдік жұмыс
күшін көптеп тартып отырған.
Мысалы, Майкайнзолото ААҚ (Павлодар қаласы) бас директорына конкурс
болған кезде жұмыс беруші үміткердің жер қойнауын пайдалану, еңбек қорғау,
кеден, еңбек және салық заңнамасы саласындағы Ресей Федерациясының
нормативтік құқықтық актілерін білу қажеттілігін алға тартқан.
Осы бос орынға 6 қазақстандық мамандардың өтінімі берілген, бірақ олардың
біреуі де қабылданбаған. Сондай-ақ, бұларды қабылдамауға бірден бір себеп
Ресей Федерациясының заңнамасын білмеуі болып табылған.
Қарағанды облысындағы Миттал Стил Темиртау АҚ басшылығы сату бойынша
менеджерлік бос орынға үміткер ағылшын тілінде еркін сөйлейтін болу керек
деген заңсыз талап қойған. Ғылыми-техникалық дамыту, қаржы қызметі және
материалдық-техникалық қамтамасыз ету менеджерлерінің бос орындарына да
осыған ұқсас негізсіз талаптар қойылған.
Ал Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар департаменті жергілікті мамандарға қойылған талаптардың
осындай негізсіздігіне қарамастан 20 шетел мамандарын тартуға рұқсат беру
туралы шешім қабылдаған.
Осындай заң бұзушылықтар Қызылорда, Жамбыл, Атырау облыстарының және Алматы
қаласының уәкілетті органдарының қызметтерінде де орын алған.
Сондай-ақ, жалған білім туралы құжаттармен шетел мамандарын жұмысқа алу
фактілері де жиі кездеседі. Бұған уәкілетті органдардың әрекетсіздіктері де
жол ашып отыр.
Бұдан бұрынғы тексеріс кезінде Атырау облыстық прокуратурасы Тайбурыл
Мунай ЖШС-де жұмыс істейтін 24 қытай мамандарының білімі туралы
заңдастырылмаған дипломдарын анықтаған. Осы факті бойынша облыстың
уәкілетті органның атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілген.
Осыған қарамастан, уәкілетті орган ағымдағы жылдың қаңтар айында аталған
дипломдар негізінде, олардың растығын куәландыратын құжаттарды талап
етпестен, аталған жиырма төрт маманның он төртінің рұқсат қағазын 2008
жылдың тамыз айына дейін ұзартқан.
Сонымен қатар, уәкілетті органның жұмыс берушілер жіберген заң
бұзушылықтарды жоюға тиісті шаралар қолданбауы және заңсыз тартылған шетел
азаматтарының тізімін куәландыруы Қазақстан Республикасының Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңның 12-бабының 1 - тармағының 4 -
тармақшаларында көзделген сыбайластыққа сәйкес жағдай тудырады.
Уәкілетті органдардың бақылау жасамауы және әрекетсіздігі салдарынан рұқсат
беру кезінде жүктелетін ерекше шараларды жұмыс берушілер республиканың
барлық дерлік аймақтарында дерлік орындамай отыр.
Шетелдіктерді қазақстандық мамандармен ауыстыруға қатысты мәселе бірінші
кезекте орындалуға тиіс деп есептейміз.
Мысалы, Жамбыл облысында Запчасть АҚ тарапынан ерекше шарттардың
орындалмау фактілері, яғни - 20 жұмыс орны әзірленбегені, А.S. Тараз
металлургия комбинаты ЖШС - 15 жұмыс орны әзірленбегені анықталды.
Джейлан Лимитед ЖШС, Астана Восток строй ЖШС, сондай-ақ Мабко
контракшонз с.а және Крюгер Хох унд Тифбау ГмБХ фирмаларының Астаналық
филиалдарының мұндай ерекше жағдайларды көпе-көрнеу орындамауы Жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне бірталай
шетел мамандарын тарту үшін жаңадан рұқсат беруге ешбір кедергі
келтірмеген.
Сондай-ақ қазақстандық азаматтардың еңбек құқығының сақталуын жайын тексеру
барысында мұндай компаниялар тарапынан болған еңбек және санитарлық-
эпидиомиологиялық заңдардың бұзылуының көптеген фактілері анықталды.
Мәселен, Централ Азия Цемент акционерлік қоғамында еңбек жағдайының
қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы, апатты жағдайда тұрған баспаналарда
өндірістік жұмыстар жүргізу , қызметшілердің еңбек ақысынан заңсыз ұстап
қалу, кәсіби ауруларды жасыру және басқа да көптеген жағдаяттардың беті
ашылды.
Осыған орай Қарағанда облыстық прокуратурасы осы кәсіпорынның басшысы-
Малазия азаматына бұл заң бұзушылықтарды жөю жөнінде ұсыныс енгізді. Соның
нәтижесінде қызметшілердің заңсыз ұсталған ақшалары қайтарылып, жұмыс
уақытынан тыс атқарған еңбектері үшін қосымша ақы төленді, өндіріс
ғимараттарына да күрделі жөндеулер басталды. Сөйтіп жалпы алғанда 1300
қызметшінің құқы қорғалды.
Оның үстіне Централ Азия Цементтің бас директоры Там Хок Сун Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 87 және 323
баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Еңбек және халықты еңбекпен қамсыздандырудың ішкі нарығын қорғау негізгі
міндеті болып табылатын уәкілетті органдардың мұндай енжар іс-әрекетінен
отандық заңнама талаптарын шетелдік жұмыс берушілердің елемеуі елеулі қауіп
тудырып отыр.
Тексеріс нәтижелері бойынша прокуратура органдары заң бұзушылықтарды жою
туралы барлығы 102 ұсыныс енгізді. Заңсыз актілерге 42 наразылық
келтірілген. 4 қылмыстық іс қозғалған. 966 адам әкімшілік жауапкершілікке
тартылды. 14 шетел компанияларының рұқсат қағаздары тоқтатылып, 1 -уі кері
қайтарылды. Осы прокуратуралық тексерістің нәтижесінде 4 мың қазақстандық
азаматтардың құқықтары қорғалып, қалпына келтірілді.

Бірақ қазірде   Қазақстанның прокуратура органдары шетелдіктердің үлесі
бар өндірістерде төрт мыңнан астам еліміздің азаматтарының құқығы бұзылған
фактілерді анықтаған. Бұл туралы Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек
Нүрпейісов хабарлады. Ол өкілетті мемлекеттік органдардың әрекетсіздігінен
жұмыс беруші қазақстандық мамандардан аса көтерілген кәсіби біліктілікті
талап етіп, еңбекке кәсіби біліктілігі сәйкес келмейтін шетелдік
жұмысшыларды тартып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру органдарынан жалған құжат негізінде шетелдік мамандарды жұмысқа
тартуға рұқсат алатынын айтып өтті. Жағдай шетелдік жұмысшы күшін тартуға
квота көбеюімен қиындай түсті. 2007 жылы 79 мыңға жуық шетелдікті жұмысқа
тартқан. Бұл көрсеткіш еліміздің экономикалық белсенді тұрғындарының 1
пайызын құрайды.   
  Нүрпейісов мырзаның сөзіне қарағанда, республикаға шетелдік жұмыс күшін
тарту квотасының көбеюін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
еліміздің экономикасының дамуымен байланыстырады. Тексеру қорытындысы
бойынша прокуратура заңсыздықты жою туралы 102 ұсыныс жасады. 42 қарсылық
ұсынылып, 4 қылмыстық іс қозғалды. 966 азамат әкімшілік жауапкершілікке
тартылды. 14 шетелдік компанияның жұмыс істеуіне берілген шешім уақытша
тоқтатылып, 1 шешім қайтарып алынды. 2007 жылдың бірінші жарты жылдығында
республикаға отыз мыңнан астам шетелдік жұмысшы әкелінген. Ал қазақстандық
кадрлар тек 622 шетелдік маманның ғана орнын алмастырған. 
Қазақстан Республикасында уақытша жүрген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтары
Қазақстандағы шетел азаматтары жағдайларының құқықтық аспектілері
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатудың негіздері
Қазақстан Республикасындағы шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың құқықтары туралы
Халықаралық жеке құқықтағы шетел азаматтардың құқықтық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайына байланысты мәселелер
Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтық жағдайы
Азаматтықтың халықаралық құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы
Пәндер