Етістіктің шақтары



Жоспар.

І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі.
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.

ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы.
ІІ.2. Етістіктің келер шағы.
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы.
І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі.

Етістік – қай тілде болмасын ең күрделі сөз табы. Басқа тілдердегі сияқты қазақ тілі сөз таптарының жүйесінен де ерекше орын алатын сөздер – етістік.
Етістіктердің лексика – граматикалық мағыналары да, граматикалық тұлғалары да әр алуан, синтаксистік қызметі тек баяндауыш болу ғана емес, жай сөйлем мен құрмалас сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің жасалынуына тікелей ықпал етіп отыратыны белгілі. Түркі тіл білімінде етістік туралы зерттеулер мен теориялық негіздердің қалыптасуы тіпті ертеден басталады.
Ескі ескерткіштердің бірі 1069 жылы Юсуф–хас–Хадисиб Баласағұнның «Құдтағу білімінде шартты райлы, қалау райлы, бұйрық райлы, көсімшелі, есімшелі сөздер кездеседі».
Түркі тіл білімінде етістіктер туралы нақтылы ережелер жазылған зерттеулердің ең алғашқысы, ең көлемді де құндысы түркі әулетінен шыққан ғалым Махмуд Қашқари «Диуани – лұғат ит – түркі сөздігі».
Тұңғыш тюрколы әрі энциклопедист М.Қашқари қалдырған мұралар әр жағынан алынып, тілдің белгілі салаларымен байланыстыра зерттеліп, ғылыми нәтижелері жарияланып келеді. Түркі тілдерінің қай – қайсысының болса да тарихымен байланыстырып, одан әрі қарай зерттей беру тіл мамандары үшін абыройлы да аса – жауапты міндеттерден саналады.
Бұдан 900 жыл бұрын жасап, артына түркі тілдермен өшпес мұра қалдырып кеткен ұлы ғұлама М.Қашқари «Сөздігі» әрқашан да тюркологтардың тіліне тиек, объект болып келгені мәлім.
Күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған және алдағы уақытта да зерттеушілер қолынан түспейтін мол мұра, тарихи дерек, тілдік фактілер қалдырған М.Қашқари озық ойлы ғұлама болған.
М.Қашқари (толық аты – Махмуд ибн әл Хусейн ибн Мұхамед әл - Қашқари) Қарахан әулетінен шыққан. Орта Азияның Мәуренаһрда – «екі өзен арасын», яғни Сырдария мен Амударияның екі ортасын жаулап алған Боғрахан шөбересі.
Махмудтың әкесі Ыстық көл бойындағы барсыхан Баласағұн деп аталатын қаланың әміршісі болған. Махмуд кейінде Қашқар қаласына көшіп барыпты. Махмудтың дәл қай қалада туылғаны мәлім емес, бірақ өскен жері Қашқар аулы ықтимал. М.Қашқари өзінің кітабында: «...нам предок тот самый эмир, который отвоевал земли тюркские у самалидов» дап жазады (1, 136 - 138), (Мұталипов, 136 – 138, Конанов, 4 – 5);
Махмудтың ХІ ғасырда жасаған сөздігі ХХ ғасырдың басына дейін белгісіз болып келген. Ол қолжазба күйінде Стамбұл кітапханасында сақталып жатқан. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, қолжазба Махмудың өз жазуы емес, Абу Бакир әл – Дамаски дегенннің 1266 –жылы жасаған көшірмесі көрінеді. Қолжазбаны 1915 – 1917 жылдар ішінде ғана үш томдық кітап етіп, Стамбұлда басып шығарған. Осы басылым 1939 – 1943 жылдар ішінде түркі тіліне аударылып Анкарада басылып шығарылған. 1960 – 1963 жылдар ішінде оны өзбек тіліне аударылып, үш том етіп шығарды.
Төрт томдық салыстырма сөздіктің дені етістік деуге болады. Олай дейтін себебіміз, екінші том – түгелімен етістік және осы сөз табына қатысты ерезелер. Үшінші том мен индекстіе де етістіктер басым. Бұл айтылғанның бәрі етістік сөздердің реестр болып берілуіне байланысты.
Автодың реестр сөз етіп берген етістіктері тап, теп, қаш, сын т.б. негізгі түбірлерден басталады. Оларды дауыстылардың ғана санына қарай екі әріптілер деп тоқтайды.
Одан әрі қарай екі буынды етістік түбірлері құрамына қарай біркелкі емес.сонымен бірге, түбір салдары – ік, іқ, ұқ, үк болып негіз және жұрнақ деп бөлуге келмейтін туынды түбірлер және етістік тұлғалар берілген.
Томның соңғы жарымы төрт әріптілермен бес әріптілерге арналады. Көлемі жағынан шұбалаңқы, құрамы жағынан күрделі болып келетін бұл етістіктер түгелімен дерлік туынды түбірлер.
М.Қашқаридың етістікке қатысты мұнымен шектелмейді. Онда, әсіресе өткен шақтың жедел түрі – ди, - ды, - ді афлексі негізге алынады. Олар жүйе «Сөздіктің» етістікке тиісті өн бойында қатаң сақталады.
Автор өз ережелерінде үнемі өткен шақта беріліп отырған етістіктердің тұйық райы –мақ, -мек, келер шағы –ар, -ер, -ыр, -ір екініне жан – жақты тоқтайды. Қимыл екендігінің аффиксі негізінен –мақ формасы дей тұра, қазіргі қазақ т.б. тілдердегі –у тұлғасының архетипті –г, -ғ, -қ, -к форматтары екенін де ескереді. Анық зармак тәрігі көр таз кäлігі барчігä (ІІ том, 47 - бет) деген сөйлемдерді кикестілерді иелектен қимыл есімдері деп көрсеткенінің ғылыми талдауын береді.
М.Қашқари өз еңбегінің классикалық әдеби араб тілінде жазып, араб лингвистикасына түркі тілдеріне салыстыра зерттеу әдісін енгізіді.
Етістік туралы зерттеушілер қыпшақ тіліне тікелей қатысы бар еңбектің бірі - 1343 жылы египетте жазылған «Китаб мажму таржуман турки ва ғажали ва мағули» (түрікше, монғолша, арабша, таржуман) деп аталатын еңбекте кездеседі. Біраз ғалымдар сөздіктің туындыгері белгісіз десе, П.Мелиоранский «Араб – филолог о турецком языке» атты еңбегінде сөздіктің туындыгері Мұхаммед ибн Қайса дегенді айтады. Еңбектің екінші бөлімі етістікке арналған. Етістіктер бұйрық рай формасында берілген. Үшінші бөлім етістіктің жіктелуіне, төртінші бөлім қоымшаларға арналған.
Етістіктің жіктелуін сөз еткенде оны үш жаққа, үш шаққа бөліп, болымды, болымсыз түрлерін сөз етіп, жекеше, көпше айтылатыны сөз болған.
Голландия ғалымы Гилодор Хаутсманның айтуынша сөздікке енген түркі сөздері қыпшақ тіліне жатады. Н.А.Баскаков оларды «Кодекс кумаликусте» кездесетін сөздерге өте жақын дегенді айтады.
Түркі тілі туралы біраз зерттеулер жүргізген араб тілінің шаманы Асыр – ад – Дин Хайнан 1312 жылы Қанрде «Китаб – ал – идрак ли – лисан ал - атрак» (түркі тілдерінің түсіндірме кітабы) атты еңбек жазды. Қолжазба түрінде сақталған бұл еңбектің бір нұсқасын түрік ғалымы Мұстафа Стамбұлда бастырып шығарды. Кейірінек профессор Ахмед Джаферологс қолжазбаның басқа нұсқасын тауып, оны түркі тіліне аударып, бастырып шығарды. Абу Хайман еңбегіндегі түркі сөздері іріктеліп, 1936 жылы жеке сөздік ретінде Түркияда баспадан шығарылды.
Абу Хайман кітабында берілген граматикалық материалдарды қыпшақ тілінің тұңғыш граматикасы деуге болады деушілер де бар.
ХІV ғасырда сақталған тағы бір еңбек ғалымы Жамал – Аддин Мухаммед ат Турки жазған «Түрік, қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренуге жазылған кітап» деп аталатын сөздік. Қолжазба Париж кітапханасында сақтаулы көрінеді. Қолжазбаны зерттеген, оның екі бөлімін екі мерзімде 1938 – 1954 бастырып шығартқан поляк түркологы – Ананиаш Зайоновский.
Сөздік екі бөлімге бөлінген: бірінші бөлім – есім; екінші бөлімінде – етістік сөздер.
Жалпы түркі тілдерінің граматикалық жүйесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың екінші жартысында басталған.
Түркі тілдері ішінде граматикалық жүйесі бірінші болып баспа бетін көрген тіл – мували тілі. Бұл еңбек 1769 жылы Қазақ духовной семинариясында жазылып, Петербургта «Сояинения, принедлежающие к граматике чуволинского языка» деген атпен жарияланды. 1778 жылы Москва университетінің баспасынан Хольфиннің орын оқушыларына арналған «Азбука татарского языка» дейтін оқу құралы, 1776 жылы Петербургта «Турецкая граматика» атты еңбек шығарылды. 1701 жылы жазылған Гигоновтың «Граматика татарского языка», 1839 жылы жарияланған Қазамбектің «Общая граматика турецкого – татарского языка», 1894 жіне 1897 жылы екі кітап болып басылған Мишаронскийдің «Краткая граматика казак – киргизского языка» деп аталатын еңбектер т.б.жарық көрді.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі.
1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.
1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.
ІІ. Тарау. Етістіктің шақтары.
ІІ.1. Етістіктің осы шағы.
ІІ.2. Етістіктің келер шағы.
ІІ.3. Етістіктің өткен шағы.

І. Тарау. Етістіктің зерттелуі.
1.1. Етістіктің, етістіктің шақтарының тіл білімінде зерттелуі.

Етістік – қай тілде болмасын ең күрделі сөз табы. Басқа тілдердегі
сияқты қазақ тілі сөз таптарының жүйесінен де ерекше орын алатын сөздер –
етістік.
Етістіктердің лексика – граматикалық мағыналары да, граматикалық
тұлғалары да әр алуан, синтаксистік қызметі тек баяндауыш болу ғана емес,
жай сөйлем мен құрмалас сөйлем мүшелері мен сөз тіркесінің жасалынуына
тікелей ықпал етіп отыратыны белгілі. Түркі тіл білімінде етістік туралы
зерттеулер мен теориялық негіздердің қалыптасуы тіпті ертеден басталады.
Ескі ескерткіштердің бірі 1069 жылы Юсуф–хас–Хадисиб Баласағұнның
Құдтағу білімінде шартты райлы, қалау райлы, бұйрық райлы, көсімшелі,
есімшелі сөздер кездеседі.
Түркі тіл білімінде етістіктер туралы нақтылы ережелер жазылған
зерттеулердің ең алғашқысы, ең көлемді де құндысы түркі әулетінен шыққан
ғалым Махмуд Қашқари Диуани – лұғат ит – түркі сөздігі.
Тұңғыш тюрколы әрі энциклопедист М.Қашқари қалдырған мұралар әр
жағынан алынып, тілдің белгілі салаларымен байланыстыра зерттеліп, ғылыми
нәтижелері жарияланып келеді. Түркі тілдерінің қай – қайсысының болса да
тарихымен байланыстырып, одан әрі қарай зерттей беру тіл мамандары үшін
абыройлы да аса – жауапты міндеттерден саналады.
Бұдан 900 жыл бұрын жасап, артына түркі тілдермен өшпес мұра қалдырып
кеткен ұлы ғұлама М.Қашқари Сөздігі әрқашан да тюркологтардың тіліне
тиек, объект болып келгені мәлім.
Күні бүгінге дейін өз мәнін жоймаған және алдағы уақытта да
зерттеушілер қолынан түспейтін мол мұра, тарихи дерек, тілдік фактілер
қалдырған М.Қашқари озық ойлы ғұлама болған.
М.Қашқари (толық аты – Махмуд ибн әл Хусейн ибн Мұхамед әл - Қашқари)
Қарахан әулетінен шыққан. Орта Азияның Мәуренаһрда – екі өзен арасын,
яғни Сырдария мен Амударияның екі ортасын жаулап алған Боғрахан шөбересі.
Махмудтың әкесі Ыстық көл бойындағы барсыхан Баласағұн деп аталатын
қаланың әміршісі болған. Махмуд кейінде Қашқар қаласына көшіп барыпты.
Махмудтың дәл қай қалада туылғаны мәлім емес, бірақ өскен жері Қашқар аулы
ықтимал. М.Қашқари өзінің кітабында: ...нам предок тот самый эмир, который
отвоевал земли тюркские у самалидов дап жазады (1, 136 - 138), (Мұталипов,
136 – 138, Конанов, 4 – 5);
Махмудтың ХІ ғасырда жасаған сөздігі ХХ ғасырдың басына дейін
белгісіз болып келген. Ол қолжазба күйінде Стамбұл кітапханасында сақталып
жатқан. Зерттеушілердің пікіріне қарағанда, қолжазба Махмудың өз жазуы
емес, Абу Бакир әл – Дамаски дегенннің 1266 –жылы жасаған көшірмесі
көрінеді. Қолжазбаны 1915 – 1917 жылдар ішінде ғана үш томдық кітап етіп,
Стамбұлда басып шығарған. Осы басылым 1939 – 1943 жылдар ішінде түркі
тіліне аударылып Анкарада басылып шығарылған. 1960 – 1963 жылдар ішінде оны
өзбек тіліне аударылып, үш том етіп шығарды.
Төрт томдық салыстырма сөздіктің дені етістік деуге болады. Олай
дейтін себебіміз, екінші том – түгелімен етістік және осы сөз табына
қатысты ерезелер. Үшінші том мен индекстіе де етістіктер басым. Бұл
айтылғанның бәрі етістік сөздердің реестр болып берілуіне байланысты.
Автодың реестр сөз етіп берген етістіктері тап, теп, қаш, сын т.б.
негізгі түбірлерден басталады. Оларды дауыстылардың ғана санына қарай екі
әріптілер деп тоқтайды.
Одан әрі қарай екі буынды етістік түбірлері құрамына қарай біркелкі
емес.сонымен бірге, түбір салдары – ік, іқ, ұқ, үк болып негіз және жұрнақ
деп бөлуге келмейтін туынды түбірлер және етістік тұлғалар берілген.
Томның соңғы жарымы төрт әріптілермен бес әріптілерге арналады.
Көлемі жағынан шұбалаңқы, құрамы жағынан күрделі болып келетін бұл
етістіктер түгелімен дерлік туынды түбірлер.
М.Қашқаридың етістікке қатысты мұнымен шектелмейді. Онда, әсіресе
өткен шақтың жедел түрі – ди, - ды, - ді афлексі негізге алынады. Олар
жүйе Сөздіктің етістікке тиісті өн бойында қатаң сақталады.
Автор өз ережелерінде үнемі өткен шақта беріліп отырған етістіктердің
тұйық райы –мақ, -мек, келер шағы –ар, -ер, -ыр, -ір екініне жан – жақты
тоқтайды. Қимыл екендігінің аффиксі негізінен –мақ формасы дей тұра,
қазіргі қазақ т.б. тілдердегі –у тұлғасының архетипті –г, -ғ, -қ, -к
форматтары екенін де ескереді. Анық зармак тәрігі көр таз кäлігі барчігä
(ІІ том, 47 - бет) деген сөйлемдерді кикестілерді иелектен қимыл есімдері
деп көрсеткенінің ғылыми талдауын береді.
М.Қашқари өз еңбегінің классикалық әдеби араб тілінде жазып, араб
лингвистикасына түркі тілдеріне салыстыра зерттеу әдісін енгізіді.
Етістік туралы зерттеушілер қыпшақ тіліне тікелей қатысы бар еңбектің
бірі - 1343 жылы египетте жазылған Китаб мажму таржуман турки ва ғажали
ва мағули (түрікше, монғолша, арабша, таржуман) деп аталатын еңбекте
кездеседі. Біраз ғалымдар сөздіктің туындыгері белгісіз десе,
П.Мелиоранский Араб – филолог о турецком языке атты еңбегінде сөздіктің
туындыгері Мұхаммед ибн Қайса дегенді айтады. Еңбектің екінші бөлімі
етістікке арналған. Етістіктер бұйрық рай формасында берілген. Үшінші бөлім
етістіктің жіктелуіне, төртінші бөлім қоымшаларға арналған.
Етістіктің жіктелуін сөз еткенде оны үш жаққа, үш шаққа бөліп,
болымды, болымсыз түрлерін сөз етіп, жекеше, көпше айтылатыны сөз болған.
Голландия ғалымы Гилодор Хаутсманның айтуынша сөздікке енген түркі
сөздері қыпшақ тіліне жатады. Н.А.Баскаков оларды Кодекс кумаликусте
кездесетін сөздерге өте жақын дегенді айтады.
Түркі тілі туралы біраз зерттеулер жүргізген араб тілінің шаманы Асыр
– ад – Дин Хайнан 1312 жылы Қанрде Китаб – ал – идрак ли – лисан ал -
атрак (түркі тілдерінің түсіндірме кітабы) атты еңбек жазды. Қолжазба
түрінде сақталған бұл еңбектің бір нұсқасын түрік ғалымы Мұстафа Стамбұлда
бастырып шығарды. Кейірінек профессор Ахмед Джаферологс қолжазбаның басқа
нұсқасын тауып, оны түркі тіліне аударып, бастырып шығарды. Абу Хайман
еңбегіндегі түркі сөздері іріктеліп, 1936 жылы жеке сөздік ретінде Түркияда
баспадан шығарылды.
Абу Хайман кітабында берілген граматикалық материалдарды қыпшақ
тілінің тұңғыш граматикасы деуге болады деушілер де бар.
ХІV ғасырда сақталған тағы бір еңбек ғалымы Жамал – Аддин Мухаммед
ат Турки жазған Түрік, қыпшақ тілдерін жақсы оқып үйренуге жазылған кітап
деп аталатын сөздік. Қолжазба Париж кітапханасында сақтаулы көрінеді.
Қолжазбаны зерттеген, оның екі бөлімін екі мерзімде 1938 – 1954 бастырып
шығартқан поляк түркологы – Ананиаш Зайоновский.
Сөздік екі бөлімге бөлінген: бірінші бөлім – есім; екінші бөлімінде –
етістік сөздер.
Жалпы түркі тілдерінің граматикалық жүйесін зерттеу ХVІІІ ғасырдың
екінші жартысында басталған.
Түркі тілдері ішінде граматикалық жүйесі бірінші болып баспа бетін
көрген тіл – мували тілі. Бұл еңбек 1769 жылы Қазақ духовной семинариясында
жазылып, Петербургта Сояинения, принедлежающие к граматике чуволинского
языка деген атпен жарияланды. 1778 жылы Москва университетінің баспасынан
Хольфиннің орын оқушыларына арналған Азбука татарского языка дейтін оқу
құралы, 1776 жылы Петербургта Турецкая граматика атты еңбек шығарылды.
1701 жылы жазылған Гигоновтың Граматика татарского языка, 1839 жылы
жарияланған Қазамбектің Общая граматика турецкого – татарского языка,
1894 жіне 1897 жылы екі кітап болып басылған Мишаронскийдің Краткая
граматика казак – киргизского языка деп аталатын еңбектер т.б.жарық көрді.

1.2. Етістіктің, етістіктің шақтарының түркі тіл білімінде зерттелуі.

30 – 40 жылдардан бастап түркі тілдерінің граматикалары бірінен соң
бірі үздіксіз жариялана бастады. 1935 жылы А.Доровковтың Учебник
уйгурского языка, 1938 жылы Ястроемскидің Бетлинг еңбегі негізінде жазған
Граматика якутского языка, 1940 жылы Н.К.Дмитриевтің Граматика
башкирсого языка, 1941 жылы А.Н.Кононовтың Граматика турецкого языка,
1948 жылы Граматика узбекского языка, атты еңбектері жарияланды.
А.Н.Кононовтың Очерк истории изучения турецкого языка деген 1973
жылы жарық көрген еңбегінде түркі тілдерінің зерттелуі. Батыс Европада,
Ресейде, Түркияда, Америкада әр түрлі кездерінде болғаны айтылады.
1845 жылы М.А.Казембектің Общая граматика турецкого - татарского
языка деген еңбегінің етістікке арналған бөлімінде түркі тілдеріндегі
етістікке тән етіс, рай, шақ, түрік, татар, тілдеріндегі де етістігінің
көсемше формаларының синтаксистік қызметіне көңіл аударды. Баяндауштың
сөйлеміндегі орны туралы: Глаголы в турецком языке вообще пологаются на
конце предложения, потому что они излогая состояния и обстоятельства
главного предмета, составляют сказуемое и в большие периодах всегда
занимает последние место. Вот вторая эксиола фраезологии турецкого языка
(Казембек, 1893 493 - бет) – дейді (2 (493 бет)).
Мұны ғалым Н.Длисенова: Баяндауыш көпшілігінде сөйлемнің басында
және ортасында келеді, - деп толықтытрады.
Казамбек (1802-1870)-Әзірбайжан шығыс зерттеушісі, Қазан түркиология
мектебін құрушы, филолог, тарихшы, педагог, шығыс филолгиясының докторы,
Ресей Ғылым Академиясының кореспондент мүшесі, көптеген шет ел шығыс тану
қоғамының мүшесі. Ол бірсыпыра тілдерді білген, өз еңбегін әзірбайжан,
араб, парсы, орыс тілдерінде жазған.
Филолгия саласында Казамбек Араб тілі граматикасының тәжірибесі, -
Түрік – татар тілінің граматикасы, Түрік тілінің оқу құралы атты
еңбектері бар. Осылармен қатар түркі тілінің көне жазба ескерткіштерін оқу,
жариялау істерімен айналысқан. Казамбектің Түркі–татар тілінің
граматикасы атты салыстырмалы зерттеуі түркиология тарихында өте жоғары
бағаланды. Бұл – Қазанда бірінші рет 1939 жылы басылған. Соңғы басылым
Общая граматика турецкого – татарскаого языка деп аталады. Осы басылым
1948 жылы неміс тілінде шығарылған. Қазамбек граматикасында түркі тілдері
материалдары бір–біріне салыстыра баяндалған.
Етістіктер туралы Алтай тілінің граматикасында да айтылады. Онда
жатыр, тұр, отыр, жүр етістікретіне, етістіктің жоқ категориясында
тоқталады.
Н.И.Ильминскийдің 1860-61 жылғы материалы к изучению киргизского
наречие деген еңбегінде, А.Троянскйдің 1824 жылы шыққан Краткая
граматика татарского языка кітабында етістіктің бес бес түрлі шығын
көрсетсе, Л.Будагов 1869 жылы шыққан Сравнительный словарь турецкого –
татарский наречие атты сөздігінде шағатай, түрік, әзірбайжан, қазақ, татар
тілдеріндегі де етістіктің түрліше формаларын баяндаса, Н.В.Катанов 1869
жылғы Урянхай тілінің зерттелу тәжірибиесі еңбегінде тува, урянхай
тіліндегі де етістігінің табыс, барыс септіктерін меңгеретіндігіне
көсемше, есімше формаларының мағыналары мен сөйлемдегі қызметіне тоқаталса,
З.А.Алексеев 1884 жылы Ташкентте басылып шыққан Самоучитель сартовского
языка еңбегінде етістік формаларына байланысты үш жақты айтты.
В.В.Радлов Опыт словаря тюркских наречий деген еңбегінде де
етістігі туралы: В Восточных наречиях прямая речь начинается глаголом айт
и кончается глаголом та. Иногда такая речь кончается словами так
айтты.
...Часто глагол айт словом пропускается, - деп түсіндіреді. (3 ()).
Грамтикалық көрсеткіштердің қалыптасуы, даму жолы мен қазіргі түркі
тілдеріндегі қалпы салыстырмалы – тарихи зерттеу объектісіне жатады. Мұнда
да барлық граматикалық категориялардың түп – негізі ашылып, сыры анықталды
деуге болмайды.
Салыстырмалы тарихи зерттеулерде етістікке байланысты да көп
мәселелер қарастырылады. Соның бірі етістіктің түбірі тұлғасы. Есімдер мен
етістіктердің түбірі тұлғасы о баста мағына жағынан ажыратылмаған, яғни
кейбір түбірлер әрі етістік, әрі есім мағынасында қолданылған деушілер бар.
Бұл теорияны қолданушылар – Ж.Дени, К.Гриебек, К.Броккелман, кеңес
ғалымдарынан Э.В.Севартен, Н.А.Баскалов, А.М.Щербак, Б.М.Юнусалиев т.б.
Етістік катергорияларының салыстырмалы – тарихи зерттеулерде ең көп
сөз болатын мәселе – шақ категориясы. Шақ категориясының бір де бір тіл
жоқ. Бірақ олардың даму, өсу жолдары, мағына көлемі барлық туыс тілдерде
бірдей емес.
Қазіргі түркі тілдерінің барлығы да үш шоққа (өткен, келер, осы) ие
болса, көне түркі тілдерінде осы шақ пен келер шақтың ара жиегі онша айқын
болмаған. Сондықтан да К.Фай, В.Баиг, А.П.Поцелуевский, М.Н.Хогдров,
т.б.оқымыстылар осы шақ пен келер шақ мағына жағынан ХІІІ – ХІV ғасырларда
ғана ажыратылған дейді. Көне түркі тілінде мәселен, А.Н.Кононов осы шарттың
бір ғана ауыспалы осы шақ (ностоящее – будущее) түрін ғана атаса (4) 53,
(186 - 187), Ғ.айдаорв екі түрі (ностоящее – конкретное, ностоящее -
переходное) бар деген пікір айтады.
А.М.Щербак Х–ХІІ ғасыр Шығыс Түркістан текстерінің тіліне сүйекне
отырып нақ өткен шақ [ -ды-ді, - дук-дүк], келер шақ [ -ғай-гей, -
ға-ге]; ауыспалы осы шақ (ностоящее–будущее), белгісіз келер шақ [будущее
неоределенное: -ар-ар], ежелгі өткен шақ (давнопррошедшое: -мым- міме),
нәтижелі өткен шақ (прошедшое результативное) бар деп көрсеткен (57) (150 -
152).
Кейбір қосымшалардың түбір сөзден өобігендігін дәлелдеп бере алатын
зерттеулер бар. Бірақ барлық қосымшалар түбір сөздермен этимологиялық
байланысы бар деп үзілді – кесілді айтуға негіз жоқ сияқты. Мәселен, қазақ
тіліндегі –ады-еді қосымшалардың –а турур-е турур аналиткалық
формасынан –ыпты-іпті қосымшасының –ып турур-іп турур аналитикалық
формасынан -атын-етін қоысмшасының а тұрғане тұрған аналитикалық
формасынан пайда болғандығын ғылымда дәлелденген.
Түркі тілдерінде көмекші етістік деп аталатын отыр, тұр, жатыр, жүр
етістіктеріның мағына, форма жағынан шақ қосымшалары қатарына- өткелдігін
түркітануда ғалымдар мойындайды. Бірақ олардың граматикалану жолын, сөзден
– қоысмшаға айналу эволюциясын тіл фактілері енгізгенде түгел анықталды деп
айту қиын. Дәл осы проблеманың шешілуі тарихи – салыстырмалы әдіске тікелей
байланысты.

1.3. Етістіктің, етістіктің шақтарының қазақ тіл білімінде зерттелуі.

Қазақ тілі білімінің зерттеушілері саны жағынан да, жарияланған
еңбектерінің көлемі жағынан да басқаларынан оқшауланатын саласы– тіліміздің
граматикалық жүйесі. Олай болуы түсінікті де, өйткені тілдің граматикалық
құрылысынан азды – көпті болса да хабардар болмай тұрып, тілді білу, ол жай
ында мәнді пікір мүмкін емес.
Тіліміздің граматикалық жүйесін зерттеу ХІХ ғасырдың екінші
жартысынан басталады. Қай кезде болса да морфологияның өзекті, ең басты
мәселесі сөздерді әр түрлі лексико – граматикалық топтарға, кластарға бөлу
болғандығы белгілі. Сөздерді бұлай бөлу жыл санауымыздың алдындағы V-ІV
ғасырдағы көне Үндістан лингвисі Болини граматикасынан, байырғы Греция
ойшылдарынан бері –қарай айтылып келе жатқаннан да білеміз. Тілдегі
сөздердің есім, етістік, шылау деп үш класқа бөлу де сол заманда басталған
болатын.
1930 жылдардан бастап морфологиялық жеке мәселелріне арналған шағын
көлемді әсіресе сол кездегі баспасөз беттерінде, әсіресе сол кездегі ғылыми
– педогоикалық журналдар – Төте оқу, Ауыл мұғалімі, оның орнына келген
Халық мұғалімі журналдары беттерінде жиі – жиі көріне бастады. Осы он
жылдықтың аяғына дейін жеке сөз топтарына, қосымшаларға арналған отызға
тарта мақала жарияланыпты. Олардың көпшілігін Қ.Жүбанов, Х.Басымов,
Ш.Х.Сарыбаев. Н.Сауранбаев, С.Аманжоловтар жазған.
Тек 40 жылдар ішінде ғана морфологиядан етістіктің есімше, етіс, шақ,
көмекші етістік, сын есім шырайлары мен үстеу арнайы зерттелді.
1950 жылдан бері қарайғы уақыт ішінде морфологияның жеке мәселелеріне
қатысты жүзге тарта ғылыми мақала, 20–ға тарта монографиялық зерттеулер мен
кітапшалар жарық көрді. Олардың ішінде етістікке арналған Ы.Мамановтың,
А.Қалыбаевтың, И.Ұйықбаевтың, осы жолдар авторының Н.Оралбаевтың,
Т.Ерғалиевтың еңбектерін атауға болады.
Етістік баяндаушылардың қазақ тіл білімінде зерттеуін
А.Байтұрсыновтың еңбектерінен бастағанымыз жөн. Автор 1914 жылы Орынбордан
шыққан Тіл құралы оқулығында етістік сөз табына мынадай анықтама береді:
Кей сөздер нәрсенің істейтін ісін айтады. Мәселен: арт, тарт, ал, ұр,
саба, соқ, қорық, күрес, маңыра, сок, сүз, таста, шық, жық, ас, ал, төз
т.б.мұндай сөздер етістік сөздер деп аталады.
Етістік сөздердің сұрауы не етпек? Не істемек? Не қылмақ? Не болмақ?
Етістіктің жалпы сұрауы не етпак?
...Сондай не етпек? Не істемек? Не қылмақ? деген сұрақтарға жауап
алатын сөздер–бәрі де етістік болады (6)–деп көптеген етістіктер,
жаттығулар береді.
1915 жылы Орынбордан шыққан Тіл құралында етістікке: Етістік
дегеніміз - заттардың еткен – етпеген істерін көрсететін сөздер (7)
дейді. 1925 жылы Қызылордадан шыққан Тіл құралы 3 танытқыш кітабында
сөйлем жүйесі мен түрлері баяндалады. Онда етістіктің негізгі қызметі
баяндауыш болатындығына, сабақты, салт етістікке, етістерге т.б. тоқталады.
30 – жылдардағы Қ.Жұбанов бастаған тіл мамандарының тіл біліміне,
етістіктің зерттелуіне қосқан үлесі зор. Н.Т.Сауранбаевтың көсемшелер жайлы
т.б.еңбектерінде жан –жақты баяндалды.
Көмекші етістіктердің көмекшілік, жақ вид катергориялары турлы
Ш.Х.Сарыбаев (1938), И.Я.Мамановтардың (1947), И.Ұйықбаевтың (1956),
Г.Қарабаев (1953), С.Аманжоловтардың (1958) арнайы зерттеу жұмыстары жарық
көрді.
Етістіктің синаксистік функциялары М.Балақаев пен Н.Т.Сауранбаевтың
1954 жылғы Т.ерғалиев есімше категориясы туралы, М.С.Тоқатғұловтың (10)
есімшелер туралы кандидаттық дисертациясында, О.Төлегеновтың (11) жай
сөйлемінің баяндаушытары туралы кандидаттық дисертациясында, И.Ұйықбаевтың
(12) (1959), А.Әбілхаевтың (1962) еңбектері етістікке арналады.
Профессор Н.А.Баскаков (1956) еңбегінде етістік баяндаушытардың рай
категориясын қарақалпақ тілінде, К.Неталиева (1963) кандидаттық
дисертациясында қазақ тілі тұрғысынан зерттейді. Сөз тудырушы аффкстерді
зерттеген Н.А.Баскаков (1952) өзінің Қарақалпақ тілі еңбегінде сөз
тудырушы аффикстерді екі топқа: лексикалық сөз жасаушылар, граматикалық сөз
жасаушылар деп бөледі. Бұл жерде етістікке байланысты айқын көрсетілген.
Н.А.Баскаков түбір етістіктердің бәрін негізгі, туынды лексикалық
категория деп қарайды, олар тиісті тұлғасыз сөйлемде қолданылмайды, ол үшін
қызметіне сай граматикалық форманы қажет етеді.
Өзінің бірнеше монграфиясында етістік түбірлерін негізгі, туынды деп
арнайы зерттеп жүрген. А.Қалыбаева –Хасенова 1971 жылғы Етістіктің лексика
– граматикалық сипат еңбегінде етістіктің лексика – граматикалық сипаты
деп, тілдің екі үлкен салалары тұрғысынан таниды. Автор негізгі етістік
болсын, туынды түбір етістік болсын оларға лексикалық мән – мағына болуымен
қатар, оларға бірсыпыра граматикалық категорияларды береді.
Қазақ тілі білімінде етістік туралы елеулі зерттеулер жүргізілді.
Етістік түберлері жайлы нақты пікір айтқан профессор К.Ахановтың 1972 жылғы
Граматика теориясының негіздері кітабы болды. Етістікке байланысты оның
тарихы мен диалектологиялық ерекшеліктерін зерттеуде профессор С.Аманжолов,
Д.Доскараевтың еңбектері ерекше.
С.Е.Мамановтың (1952), А.М.Щербактың (1961), Қ.М.Насиловтың (1959),
И.А.Батмаонвтың (1959), С.Муталипаевтың (1956), Г.Айдаровтың (1959),
Ғ.Мұсабаетың (1959), А.Ысқақовтың (1992), Э.В.Севортиянның (1962),
Н.Оралбаевтың т.б. еңбектері мен әр кезде жарық көрген т.б. еңбектер
етістіктіктің қыр – сырын ашудағы үлкен зерттеулер болды.
1967 жылы Қазақ тілінің граматикасы атты екі том еңбек басылып
шықты. А.Ысқақовтың морфологиялы ғылыми пән ретінде жоғары оқу орындарында
оқыту және оны зерттеу, 40 – жылдардан басталады. Соның қорытындысы ретінде
Қазіргі қазақ тілі, морфология деген атпен 1974 жылы оқулық ретінде
жарық көрген кітабы т.б. көпетеген еңбектері бар.

ІІ – тарау. Етістіктің шақтары.

Қазақ тілі сөз таптарының жүйесімен ерекше орын алатын сөздер –
етістік.
Етістік – тіліміздегі сөз топтарының ішіндегі ең күрделі және қорымы
ең кең граматикалық категория. Етістіктің күрделілігі мен қарымдылығы оның
аса өрісті лексика–семантикалық сипатымен, бай лексика – граматикалық
формаларымен, кең синтаксистік қызметіне байланысты.
Етістіктің лексика–семантикалық сипатының өрісті болатын себебі – ол
семантика мен тек субектінің іс - әрекетін ғана емес, қоғамда ұшырасатын,
табиғат ауқымында, адамның абстракты ойы мен санасы арқылы туатын көптеген
амал, әрекет, іс – қимыл, қозғалыс, жай, күй т.б. процестерді, сол
процестерге қатысты ұйымдарды түгел қамтиды. Есімдерге қарағанда,
етістіктердің лексика–граматикалық мағыналары да, граматикалық мағыналары
да әр алуан, сөйлемді атқаратын қызметі ерекше.
Етістіктің лексика–граматикалық формаларының бай болатын себебі
–ол формалар амал -әрекеттің болу мезгілін, жүзеге асу кезеңін, олардың өту
сипатын, яғни бағыты, ақрқыны, тынуы тәрізді жайларды бағдарлатады, яғни
етістік формалары осы және өзге де әр түрлі құбылыстардың көрсеткіші
ретінде қызмет етеді.
Етістік тобын құрайтын сөздер іс -әрекет, қимыл –қозғалыс, күй
тәрәзді толып жатқан құбылыстарды, белгілі мезгілдік сипаттарды белдіреді.
Осының бәрінде де етістік сай –салалы динамикалық процестерді адам
санасында абстракцияланған жүйелі тілдік материалдар негізінде жеткізеді.
Оқы, жүр, байқа, жүгір, келдік тәрізді етістік тобын құрайтын мыңдаған
лексикалық единицалар белгілі іс (оқы, жүр), әрекет (жүгір, байқа), қалып
(келдік) т.б. құбылыстарды білдіріп, нақтылы мағыналары есім сөздермен
ұштасып жатады.
Етістіктен етістік тулыратын, есімнен етістік тулыратын синтетикалық,
аналитикалық тәсілдердің жүйелерін, олардың нақтылы үлгі – нұсқаларын
қосқанда етістік деп аталытын сөз табының орасан бай категория екені ашыла
түсетінін көреміз. Форма байлығы жағынан етістікке өзге бірде бір сөз табы,
солардың ішінде формасы ең бай салаланатын зат есімнің өзі бара- бар келе
алмайды.
Етістіктің лексика –семантикалық , лексика граматикалық және
граматикалық категорияларынан айқын көруге болады. Мәселен, етістіктің сөз
тудыру жүйесі, ол жүйенің неше түрлі формалармен қатар, өзіне ғана тән сөз
түрлендіретін формалары бар.
Шақ, рай, етіс, амалдарадың жүзеге асу сипаты сияқты жүйе –жүйе
категориялар –етістіктің семантика жағынан ең бай формалары, сондай – ақ,
етістіктің өзге семантикалық және морфологиялық формаларынан мазмұндары
да, тұрпат –түрлері де өзгеше есімше, көсемше деп аталатын категориялары
бар. Бұлар, бір жағынан, етістікті басқа сөз таптарынан ерекшелендіретін
формалар болса, екіншіден, солармен ұштасытыратын айрықша функциялары бар
категориялар. Бұл аталған формалармен жарыса өмір сүріп, тіркестегі өзге
сөздердің мазмұнына өзінше үлес қосып, қажетіне қарай, олардың формаларына
да өзгеріс енгізіп отыратын болымдылық және болымсыздық, сабақттылық және
салттлық, категориялары бар.
Етістіктің осындай әр қилы категорияларының мағыналары да,
синтаксистік қызметтері де, әдетте, сол етістіктің өзге формалармен және
өзге сөз таптарына тән сөздермен қарым – қатынасқа түскенде айқындалады.
Етістіктің кейбір формаларының сөйлемнің барлық мүшелері есебінде
қолданылуы сияқты граматикалық құбылыстар тек сөйлем ішінде, сөз тіркесі
ауқымда анықталады.
Етістіктің граматикалық категориясының бірі –шақ. Етістік амал
-әрекет ұғымдарының атаулары я сол ұғымдары білдіретін сөздер
болатындықтан, оған тән сөздер, қашанда, белгілі дәрежеде мезгіл ұғымдармен
байланысты болады. Өйткені, амал -әрекет, қимыл, қозғалыс атаулының барлығы
да үнемі белгілі бір мерзімде жүзеге асырылады. Мезгіл ұғымына
байланыстармай етістікті және сөз табыс деп тануға да, анықтауға да
болмайды. Олай болса, шақ категориясы етістікті өзге сөз топтарынан әрі
ерекешеліктерін, әрі ажырататын ең негізгі граматикалық категория болып
есептеледі.
Қазіргі қазақ тілінде шақ категориясы, басқа да категориялар сияқты,
бірте –бірте дамып, мазмұны жағынан да, формалары да үнемі жетіле отырып
қалғандықтан, өзіне лайық орынққан жүйесі бар аса бай граматикалық
категория.
Шақ категориясы – етістіктің басты қасиеті. Мұнда болатын формалардың
көпшілік іс -әрекеттің әр түрлі шақта болуы. Шақ категориясы белгілі бір
форомалар арқылы берілді. Ұимылдың, жай –күйдің, белгілі бір уақытта,
мерзімді болатыны, болғандығы, болып жатқандығы сол бойынан аңғарылады.
Шақ –іс –қимыл, жай –күйдің орындалу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт
арасындағы қарым –қатынасты білдіретін граматикалық категория.
Тіл –тілдің граматикасының бәрінде де етістікті үш шаққа бөлу –тіл
тағылымы тарихында ерте заманнан бері бар нәрсе. Сондай – ақ әр тілдің ішкі
даму ерекшеліктеріне сай әр шақта өз ішінде бөлу тағы бар. Шақ категориясы
–белгілі бір формалар арқылы беріледі. Ондағы қимылдың, жай –күйдің өзі
белгілі бір уқытта, мерзімде болатыны, болғандығы ие болып жатқандығы сол
етістік бойынан аңғарылады.
Істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын не соң, не сол кезде істелуін не
істелмеуіне қарай етістіктер белгілі бір жаста, шақта сөз таптарынан
негізгі бір ерекшелігі: тыңдап отыр, тыңдамақшы, айтты, болып етістіктері
субъектімен, мезгілмен және басқа жағдайларға қарай күрделі де (тыңдап
отыр, ұшып келе жатыр), дара етістікте де (айтып) шақ көрінісі байқалады.
Осындай етістіктердің шақ көріністері белгі бір морфермалар арқылы берілді
де (айт -ты), содан кейін қимыл жағына қарай жіктелер.
Сөздердің сөйлем ішінде граматикалық құбылыстары анықталатыны сияқты.
Етістіктің кейбір шақ жасайтын қошымшалар сөйлемдегі басқа сөздердің
ынғайына, беретін мағынасына қарай бірде осы шақ, бірде өткен шақ, бірде
келер шақ мағыналарында ауысып отырады. Мен колхоздан келемін. Мен
колхоздан ертең келемін. Сондықтан да тіл білімінде шақ түрлі терминдермен
айтылады.
Граматикалық шақ категориясында осы шақ, өткен шақ және келер шақ
бір–бірімен қимыл, іс-әрекеттің сөйлеу кезіне қатысы жағынан ажыратылады.
Демек, сөйлеу кезі (момент речи) әр түрлң шақтардың тірілетін орталығы және
оларды бір-бірінен ажыратудың тірегі болып саналады. Осы шақтың формасы
сөйлеу кезімен сәйкес келетін қимыл, іс-әрекетті білдірсе, өткен шақтың
формасы сөйлеу кезіне дейін болған қимыл, іс-әрекетті, келер шақтың формасы
сөйлеу кезінен соң, яғни келешектеге болуға тиісті іс-әрекетті білдіреді.
Бір шақтың бірнеше түрі болуы мүмкін. Мысалы, ағылшын, француз, неміс
тілдерінде және түркі тілдерінде өткен шақтың өзініің бірнеше түрі бар.
Қазақ тілінде оқыдым, оқығанмын деген етістік формаларының екеуі де өткен
шақты білдіреді. Бірақ бұлардың өткен шақтық мағыналары бір емес: алдыңғысы
жедел өткен шақты білдірсе, соңғысы бұрынғы өткен шақты білдіреді. Тіл
білімінде абсолютті шақ (абсолютное время) және қатыстық шақ (относительное
время) дегенг терминдер белгілі бір шақтың бірнеше түріне ажыратылуымен
байланысты енгізілген терминдер болып табылады.
Абсолютті шақ – белгілі бір шақтың сөйлеу кезіндегі сәтті көрсеткіш
–шақ белгісі, яғни бұл шақта белгілі бір шақтың сөйлек кезіне қатысты
тікелей айқындалады.
Қатыстық шақ (13) – сөйлеу кезіндегі уақытпен тікелей қатысты емес,
граматикалық тұлғалар арқылы берілетін етістіктің шақтары, яғни қатыстық
шақта оның сөйлеу кезіне қатысты тікелей емес, жанама түрде айқындалады.
Мысалы, жалпы граматикалық шақ категориясының өткен шақ, осы шақ, келер шақ
түрлері шақтың сөйлеу кезіне қатысына қара айқындалса, қазақ тілінде өткен
шақтың бұрынғы өткен шақ түрі оның жедел өткен шақ түрі арқылы, яғни с
онымен салыстыру арқылы ажыратылады. Көптеген индоевропа тілдерінде өткен
шақтың перфект, имперфект, плюскампрофект деп аталатын түрлері де бір-
бірінен ажыратқанда, өз ара салыстырылып, біріне-бірінің қатысы жағынан
ажыратылады.
Түркі тілдері граматикалық шақ категориясына бай тілдерінің қатарынан
орын алады. түркі тілдерінде, жоғарыда аталып өткендей, бір шақтың бірнеше
түрі бар. Ол түрлердің әрқайсысы белгілі бір шақтың әр түрлі мағыналық
ретін білдіреді. Осы жағынан алып қарағанда, әр түрлі мағыналарды
білдіретін белгілі бір граматикалық шақ тілдің лексикалық жүйесіндегі көп
мағыфналы сөз тәрізді; мысалы, көп мағыфналы сөз әр түрлі лексикалық
мағынаны білдірсе, белгілі бір граматикалық шақ та түрлі-түрлі граматикалық
мағыналадрды білдіреді. Полисематизмді сөздің сан алуан лексикалық
мағыналарының арасында мағыналық байланыс болатындығы және олардың бәрі де
негізгі номинативті мағынаның айналасына талаптарындағы сияқты, белгілі бір
шақтың да, мысалы, өткен шақтың, түрлі-түрлі граматикалық мағыналарының
арасында байланыс болады, олар қаншама әр түрлі болғанымен, жалпылама ортақ
граматикалық мағынаға, жалпы өткен шақтық мағынаға келіп тіреледі. Әрине,
сөздің көп мағыналығы мен әр түрлі мағынаны білдіретін белгілі бір
граматикалық құбылыстың арасына тепе-теңдік белгісін қоюға болмайды. Бұл
жерде мұндай салыстыру айқынырақ түсіну үшін жасалып отыр.
Шақтарды бір-бірімен ажыратуда қиыншылықтар бар. Ол қиыншылықтар, бір
жағынан, шақ мазмұнының бір-бірімен ұштас тығымен, соған орай, шақ
формаларының бір –бірімен жіктері ашылғандығымен байланысты болса, екінші
жағынан, шақ категория сы мен рай категориясының бір-бірінен мазмұн
негізде, форма шегі де ажыратылмағанымен байланысты.
Ал шақ пен рай категорияларының бір-бірімен ажыратылуын көбіне
логикалық категория мен граматикалық категорияның миластырылып жүргені
есебінен деп қарауға болады. Осындай негізгі мәселелердің ғылыми жағынан
тиянақталмай, шешілмей келу салдарынан шақтардың да, олардың формаларының
да шектерін ашу, оларды топтастыру мәселелріне үлкен қиыншылық туып жүр.
Мысалы: мен айтайын, ол тыңдайды дегенді етістік формалары (айт-а-мын,
тыңда-й-ды) қай шаққа тән, олардың мазмұны қандай екенін дәл осы контекске
қарап анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ, барар еді; баратын едң; бармақ еді;
барған едң; барашақ еді; барып еді; жығылып қала жаздап барып қалған екен;
айтқысы келіп отыр екен сияқты формалардың бәрі де не белгілі бір шаққа, не
бірнеше шаққа қатыты екені күмәнсіз. Бірақ солай бола тұрса да, олардың
қайсысын қай шаққа жатқызуда айтарлықтай қиындықтар бар. Дегенмен,
етістіктің сөйлемде баяндауыш болып қызмет атқаратын формалардың ең негізгі
қасиеті шақ ұғымын білдіру болса, бұл формалар да тілдегі замандар бойы
дамып қалыптасқан шақ категориясының жүйесінен өздеріне тиісті орындарын
алуға лайық.
Қазақ тілінң шақ категориясынң жүйесі де, өзге тілдердегі сияқты іс-
әрект, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым
–қатынасты білдіретін граматикалық шақ мағынасына қарай осы шақ, келер шақ,
өткен шақ болып үшке бөлінеді.

2.1 Етістіктің осы шағы

Осы шақ дәл сөйлеу үстінде болып жатқан іс-әрекет, жай-күйді
білдірер. Осы шақтағы етістіктер кейде істің, қимылдың сөйлеуші хабарлап
тұрған кезеңнен бұрын басталып, үзіліссіз болып тұратынын да білдірер. Келе
жатыр деген мен оқып жүр дегендерді салыстырыңыз.
Осы шақ мағыналық ерекшеліктеріне қарай нақ осы шақ, ауыспалы осы шақ
болып екіге бөлінеді.
Нақ осы шақта іс - әрекет, жай-күй дәл сөйлеу үстінде болып
жатқандығы баяндалады.
Нақ осы шақ бірнеше жолмен жасалады.
а) отыр, жүр, жатыр, тұр деген төрт етістік жіктеліп, дара күйінде
жұмсалады. Мен отырмын, сені тұр-сың; сіздер жүр – сіздер, бала жатыр. Т.б.
ә) осы төрт етістік – ып, -іп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте етістіктің шақтарын түсіндіру жолдары
Етістік шақтарының тіл білімінде зерттелуі
Қазақ және ағылышын тілдеріндегі нақ осы шақтың функционалды - семантикалық сипаты
Етістіктің ауыспалы шағын оқытудың лингвистикалық негізі
ЕТІСТІКТІ ОҚЫТУ
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің басқа пәндермен байланысы
Есімше. Көсемше. Шақ категориясы
Етістіктің морфологиялық сипаттары
Қазақ тілі сабақтарында ұлттық ойындарды қолданудың тиімділігі
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін дамыту
Пәндер