Мемлекеттік идеология және ұлттық рух



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. МЕМЛЕКЕТТІК ИДЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ РУХ.

1.1 Әлемдік тәжірибе контекстіндегі мемлекеттік идеологияның тарихи қалыптасуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Қазақстандағы мемлекеттік идеологияның бет.бейнесі ... ... ...
1.3. Ұлттық идеяның мемлекеттік идеологияға әсері ... ... ... ... ... ...
1.4. Ұлттық рух пен ұлттық идеологияның мемлекеттік идеологияны қалыптастырудағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК
ӨЛШЕМДЕРІ.

2.1. Б.А.Қ.. өркениеттік өлшемнің негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2.1.1 Жаңа қоғамдағы жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұлттық идеологияның алар орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Ел межесі . елулік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды.
Қазақ елі . мәңгілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Зерттеу тақырыптың өзектілігі: Қаншама жылдар біз ел болып қалыптасуды арман еттік. Бізге Қазақ елі атану арман болды. «Ел болу биік әрі мағыналы сөз, оның ірге тасы мемлекет». Қазақстан Республикасы - Тәуелсіз егеменді мемелекет.Тек мемлекеті бар ел ғана өркениет жолына түсе алмақ, сондықтан Қазақ өркениеті деген ұғымды қоғамдық білімдер жүйесінде қолдануға мүмкіндік туды.Өркениетті елдер қатарына ену барысында ұлттық идеология - халықтың, бүкіл елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүр, санасын ғасырлар бойы дамытып, жетілдіру арқылы ұрпақтан - ұрпаққа таралып, тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына өз үлесін қосуда. Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мысалы, Қазақстанның ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы батырлық, ерлік, өнегелік дәстүрден туындаған. Отанын сүю, елін қорғау ер жүректі азаматтардың міндетіне кірген. Ертеде батырлар бейнесі осылай қалыптасқан.Осыны болашақ ұрпақтың бойына сіңіре отырып, ұлттық идеология қалыптастырған. Сондықтан да халқымызды азаматтыққа, батырлыққа, шешендікке, көрегендікке тәрбиелеу де ұлттық идеологияның міндеті болып табылады. Ұлттық идеологияның қалыптасуының қазақ ұлтының да, қазақ мемлекеттігінің де, жас ұрпақтың да болашақ тағдыры үшін әсері өте үлкен. Өз азаматтарына дұрыс идеологиялық бағыт-бағдар ұсынған мемлекеттің ғана өмірі тұрақты, болашағы баянды. Қазақ елі – мәңгілік-ұлттық идеология. Оның мазмұнын ашуда тың түсініктер керек, олардың біразын атап айтсақ, өркениеттік өлшем, өркениетік шешім, өркениеттік келісім, өркениеттік ізденіс, өркениеттік сана, өркениеттік тұрмыс, әлем халықтарының өркениеттік үрдістерін қабылдай білу және соған бейімделе отырып, елдік құндылықтарымызға жаңа сапалық үрдіс ашу. Шын мәнінде бүгінгі Қазақстан қайта еңсе көтерген , қайта түлеген, жаңғырған, қайта жарқырай көрінген жаңа мемлекет екенін кім жоққа шығара алады? Кейінгі кезеңде қазақ зиялылары ұлттық идеология туралы сөз қозғай бастады. Бұл жақсылықтың нашаны, ұлттық есею мен зерделенудің, рухани баюдың белгісі. Ұлттық идеологияны іздеу - халықтың өзін-өзі іздеуге кіріскендігі. Өткенінде өнеге, тарихында тәлімі бар ел төл дәуірінің толғақты сәтерінде өзіне-өзі есеп беріп, қош айтысқан замандарды санасына қорытып төрт құбыласын түгендейді, өткен ғасырдан сыр сауады, маңдайы тірелген кезеңнің тамырын басады, келер күнге барлау жасайды. Етек – жеңін осылай түгендеген соңғы ойды ұлттық идеология деңгейінде қорытуға талпынады.Ұлттық идеология дегеніміз – тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеу, бүгіннің талабын тарихта кеткен қателерден арылта отырып қанағаттандыру, келешекке халық тарихының философиясы арқылы үңілу.Осы түпкі мақсаттарды орындауға қызмет ететін бүкіл идеялар жүйесі-қазақтың ұлттық идеологиясын құрайды. Қазақ мемлекетінің идеологиясының басты мақсаты - жаңа XXI ғасырдың оқыған, білімдар, білікті, техниканы, ілім-білімді терең меңгерген, дені сау, мықты, қажырлы, табанды, ақылды кемеңгер, ұлтжанды, отаншыл ұлтын тәрбиелеу.
1. Н. Назарбаев. «Қалың елім Қазағым». Өнер, 1998 жыл.
2. Н. Назарбаев. «Сындарлы он жылдар».
3. Түркістан энциклопедиясы.
4. Т. Жандәулетов. «Қазақ ұлттық идеологиясы жайлы мәселелер».
5.А. Айталы «Ұлттану». Алматы, 2000 жыл.
6. А. Құлсариева. «Аударма және Өркениет ».
7. Бүгінгі Қазақ жастарының әлеуметтік келбеті: жас ғалымдар мен студенттердің Республикалық ғылыми тәжірибелік конференциясының материалдары. Семей, 2006 жыл.
8. Егемен Қазақстан.
9.Совеленок Е. Краткая история понятия «идеология» в период с начала XIX века // Антология истории идей и идеологии. М , 1998
10. Қоғам және дәуір. 2004
11.Кішібеков Д. К. Біздің идеологиямыз кандай болу
керек? // Халық кеңесі. 1995, 7 қазан.
12. Калмырзаев Ә. Тәуелсіз мемлекетке төл идеология
керек пе? //Ақиқат. 1993. Тамыз. 3-8 б.
13. Арынова Р.С. Национальная идея для Казахстана: путь
пойска //Саясат, февраль. 1998, 71-76 стр.
14. Касабек. Ақиқат, тамыз 2000 ж. 8-96 б.
15. Менлибаев К. Н. Роль национальных традиции в
патриотческом воспитании. Автореф.канд.десс. Алматы,
Л995. 17 с.
16. Аренов М.М. Казахи на пути к национальному возрождению (по результатам социологических исследовании)
//Саясат, январь, 1998. 60-64 стр.
17. Давлетьяров. Б.М. Роль массовых идеологии в государственном политическом процесе. Автореферат канд.дисс. Алматы, 1995, 24с.
18. Абишев А. Национальные меньшеств в РК - политический анализ развития в условиях суверенитета.
Автореферат канддисс. Алматы, 2000. 34с.
19. Романош Н. Этнополитические процессы в РК.
Алматы, Казахстан - наш общии дом. 1998, 250с.
20. Гали.Д. Казахи и русские в Казахстане. Эхно-демографические и миграционные аспекты. Евразииское сообщество: N4. 1999. 71-89 стр.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...3

1. МЕМЛЕКЕТТІК ИДЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ РУХ.

1.1 Әлемдік тәжірибе контекстіндегі мемлекеттік идеологияның
тарихи қалыптасуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
1.2. Қазақстандағы мемлекеттік идеологияның бет-
бейнесі ... ... ...
1.3. Ұлттық идеяның мемлекеттік идеологияға әсері
... ... ... ... ... ...
1.4. Ұлттық рух пен ұлттық идеологияның мемлекеттік идеологияны
қалыптастырудағы ролі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..

2. ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК
ӨЛШЕМДЕРІ.

2.1. Б.А.Қ.- өркениеттік өлшемнің
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .

2.1.1 Жаңа қоғамдағы жас ұрпақты тәрбиелеудегі ұлттық идеологияның
алар орны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2. Ел межесі – елулік
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
Қорытынды.
Қазақ елі –
мәңгілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... .

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Зерттеу тақырыптың өзектілігі: Қаншама жылдар біз ел болып қалыптасуды
арман еттік. Бізге Қазақ елі атану арман болды. Ел болу биік әрі мағыналы
сөз, оның ірге тасы мемлекет. Қазақстан Республикасы - Тәуелсіз егеменді
мемелекет.Тек мемлекеті бар ел ғана өркениет жолына түсе алмақ, сондықтан
Қазақ өркениеті деген ұғымды қоғамдық білімдер жүйесінде қолдануға
мүмкіндік туды.Өркениетті елдер қатарына ену барысында ұлттық идеология -
халықтың, бүкіл елдің әдет-ғұрып, салт-дәстүр, санасын ғасырлар бойы
дамытып, жетілдіру арқылы ұрпақтан - ұрпаққа таралып, тәуелсіз
мемлекетіміздің қалыптасуына өз үлесін қосуда. Әр халықтың өзіне тән,
қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мысалы, Қазақстанның ұлан-
байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы
батырлық, ерлік, өнегелік дәстүрден туындаған. Отанын сүю, елін қорғау ер
жүректі азаматтардың міндетіне кірген. Ертеде батырлар бейнесі осылай
қалыптасқан.Осыны болашақ ұрпақтың бойына сіңіре отырып, ұлттық идеология
қалыптастырған. Сондықтан да халқымызды азаматтыққа, батырлыққа,
шешендікке, көрегендікке тәрбиелеу де ұлттық идеологияның міндеті болып
табылады. Ұлттық идеологияның қалыптасуының қазақ ұлтының да, қазақ
мемлекеттігінің де, жас ұрпақтың да болашақ тағдыры үшін әсері өте үлкен.
Өз азаматтарына дұрыс идеологиялық бағыт-бағдар ұсынған мемлекеттің ғана
өмірі тұрақты, болашағы баянды. Қазақ елі – мәңгілік-ұлттық идеология. Оның
мазмұнын ашуда тың түсініктер керек, олардың біразын атап айтсақ,
өркениеттік өлшем, өркениетік шешім, өркениеттік келісім, өркениеттік
ізденіс, өркениеттік сана, өркениеттік тұрмыс, әлем халықтарының
өркениеттік үрдістерін қабылдай білу және соған бейімделе отырып, елдік
құндылықтарымызға жаңа сапалық үрдіс ашу. Шын мәнінде бүгінгі Қазақстан
қайта еңсе көтерген , қайта түлеген, жаңғырған, қайта жарқырай
көрінген жаңа мемлекет екенін кім жоққа шығара алады? Кейінгі кезеңде
қазақ зиялылары ұлттық идеология туралы сөз қозғай бастады. Бұл жақсылықтың
нашаны, ұлттық есею мен зерделенудің, рухани баюдың белгісі. Ұлттық
идеологияны іздеу - халықтың өзін-өзі іздеуге кіріскендігі. Өткенінде
өнеге, тарихында тәлімі бар ел төл дәуірінің толғақты сәтерінде өзіне-өзі
есеп беріп, қош айтысқан замандарды санасына қорытып төрт құбыласын
түгендейді, өткен ғасырдан сыр сауады, маңдайы тірелген кезеңнің тамырын
басады, келер күнге барлау жасайды. Етек – жеңін осылай түгендеген соңғы
ойды ұлттық идеология деңгейінде қорытуға талпынады.Ұлттық идеология
дегеніміз – тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеу, бүгіннің талабын тарихта
кеткен қателерден арылта отырып қанағаттандыру, келешекке халық тарихының
философиясы арқылы үңілу.Осы түпкі мақсаттарды орындауға қызмет ететін
бүкіл идеялар жүйесі-қазақтың ұлттық идеологиясын құрайды. Қазақ
мемлекетінің идеологиясының басты мақсаты - жаңа XXI ғасырдың оқыған,
білімдар, білікті, техниканы, ілім-білімді терең меңгерген, дені сау,
мықты, қажырлы, табанды, ақылды кемеңгер, ұлтжанды, отаншыл ұлтын
тәрбиелеу.
Аңғарып отырғанымыздай, ұлттық идеология - халықтың уақытша қиындықтары
мен кезеңдік қажеттіктерін өзек ете салатын идея ғана емес, халықтың бері
салғанда ғасырлық, әрі салғанда дәуірлік мұратын айқындайтын, келер
ұрпақтарға да шамшырақ бола алатын ғасырлық рухани философия. Ұлттық
идеологияның негізі - қоғамның ең маңызды талаптары мен қажеттіліктері
арқылы айқындалады. Кез келген қоғамда көздеген мақсатқа жету үшін ең
бастысы – ұлттық бірлік керек, ал ұлттық бірлікке жету үшін – мықты
идеология қажет.
Ұлттық идея, идеология жәдігөйлердің ашқан жаңалығы емес, миллиондаған
адамдардың өздерінің міндеттерінің түсінуінің жемісі болып табылады. Біздің
міндетіміз – қоғамның көп ұлттылығын тұрақты бірлестіруші факторға
айналдыру, яғни мықты ұлттық идеология қалыптастырып, бүкіл халықтың арман-
мүддесін жүзеге асыру. ( Н. Назарбаев ).
Елдер мен елдердің, ұлттар мен этностардың мақсат мұраты ескерілмеген
жағдайда, бір елдің екінші елге дұрыс қарамауы, бір халықтың екінші халықты
кемсіту, намысын қорлау, бір тілдің екінші тілді қыспаққа алу, бар
болмысын, құндылықтарын аяқ-асты ету орын алса, ұлттық идеологияға қауіп
төнері анық. Сондықтанда ондай өрескелдікке жол бермеуіміз керек. Сол
себепті еліміздің ұстанымы өз-ара тату, бейбіт өмір сүру, ауызбіршілік,
ынтымақтастықта әр халықтың рухани үйлесімділігін сақтап, еліміздің
абыройын асқақтата отырып, әлемдік деңгейге көтеру үшін елімізідің әр бір
азаматы бойындағы бар күш жігерін салып, жаңа заманда жаңаша өмір сүруі
қажет. Ол үшін Елбасымыздың Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан атты халқымызға
жолдаған жолдауында ең бастысы білім саласына баса назар аударып, ел
болашағы жастардың білім деңгейінің әлемдік стандартпен тең болу керек
екендігіне зор көңіл бөлгендігі аса қуанышты жағдай екені баршаға аян. Ел
болашағын тереңнен ойлай білу үшін ұлттық идеологияның өзегі ретінде
қазақтың тілін, рухын, мәдениетін көтеру міндет. Бұл ұлттық мүдде мен
ұлттық идеологияның астасар тұсы .Ұлттық идеология туралы әңгіме, ең
алдымен, қазақ мемлекеті туралы әңгіме. Бүгінгі ұлттық идеология - ұлттық
мемлекет құру. Ал, кез-келген мемлекетте ең алдымен мемлекеттік идеология
жүреді. Бұл идеология мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатын пәрменді жүргізуге
бағытталған ең басты қаруы, ең басты қондырғысы. Тәуелсіздік алғаннан бері
Қазақстанның негізігі идеологиясы – Ел Тәуелсіздігін баянды ету, халықтық,
ұлттық бірлікті нығайту, әлеуметтік, экономикалық жағдайларды жақсарту,
көрші елдермен тату-тәтті өмір сүру, Республикаға сырттан инвестиция тарту
сияқты аса маңызды мемлкеттік мүдделерді жүзеге асыруға бағытталады. Біздің
мемлекетік идеологияның ауқымы 2030-ға дейін аралықты қамтып жатыр. Ал
ұлттық идеологиямыз қандай мазмұнда болуы қажет ? Ең бірінші ұлттық
идеологиямыз табиғи, ойдан шығарылмаған, қазақ ұлтының нақты болмысынан
туындаған болуы. Екіншіден, ол біздің Ата заңымызға қайшы келмеуі тиіс.
Яғни нәсілдік, ұлттық, діни кемсітуден алыс тұрғаны абзал. Үшіншіден,
ұлттық идеология Қазақстандікі болғандықтан, қазақ халқының мақсаты мен
мұратын ұлықтаумен қатар басқа диаспоралардың тарихи, дәстүрлі, этникалық
ар-намысына тимейтін болуы. Төртіншіден, ұлттық идеология ұзақ мерзімді,
мәнді, баянды болуы қажет.
Бүгінгі заман - мәдениеттердің жаһандану кезеңі. Жаңа сапаға көшер
алдындағы, яғни, өз дамуының ең биік сатысы - біртұтас адамзаттық
өркениеттке құйылар алдындағы қарбалас шағы. Жаһандану - өркениеттің
кезекті даму сатысы. Қазіргі әлемдік мәдениет пен өркениетте ерекше ықпал
тигізіп отырған жаһандану-өмірдің барлық салаларын қамтып отырған күрделі
процесс. Ол дүниежүзілік адамзат қоғамының даму заңдылықтарын айқындайтын
факторлардың бірі ретінді қоғамда тіл мен дінімізге, рухани кеңістігімізге
әсер етеді. Жаһанданудың бір жағынан дәуір үрдісі екенін мойындай отырып,
екінші жағынан, мәдениет пен өркениет тоғысуына алып келер күрделі тұстары
барын айтуға тиіспіз. Бұл, әсіресе, бір қоғамнан екінші бір қоғамға өтудің
күрделі қиындықтарын басынан өткеріп жатқан, жаңаға ойы, бойы толық үйреніп
кете алмай отырған Тәуелсіз елдер өмірінен анық аңғарылады. Жаһандану мен
қатар өркениетте өріс ашар жаңалықтар да келіп жетті.Технология дамыды,
модернизация құлаш жайды, ақпараттық кеңістік кеңейді, өмір сүру салтымыз
бен мінез- құлқымызда да өзгеріс нашандары байқалды. Дүниенің төрт қырымен
байланыс күшейіп, орныға түсті. Қазақ елі еркіндікке бет түзеді. Бұл, сөз
жоқ, жаһандану алып келген игілікті, табысты өзгерістер. Халықтар өзінің
бұрынғы, бүгінгі, ертеңгі-әр кездегі дамуын терең тануда өзіндік бағыт-
бағдар алды. Әр халықтың өркениет әлеміндегі орнын білу мүмкіндігіне ие
болып қалыпты жағдайда өмір сүруін қамтамасыз етеді.. Біздің әлемдік
өркениетке қол жеткізуімізге мүмкіндік туды. Бұл орайда әлемдік өркениеттің
өрісне шыққан, дамудың сара жолына түскен елдердің тәжірибесіне баса назар
аудара отырып, өз жолымызды табудың маңызы зор болмақ. Демек, біз, таяудағы
жылдарда дәстүрімізге сай халықтық қалпымызға оралып, әлемдік білімді
игеруге қол жеткізу арқылы біздің де өркениетті елдердің қатарына
қосылуымызға, яғни адамзат өркениеті биігіне көтерілуімізге толық
мүмкіндігіміз бар екендігі ақиқат. Оған көптеген шаралар жасалып, алғашқы
қадамы жүзеге асып та жатыр. Қазақ халқының рухани түлеуінің тарихи
жағдайларды түгендеусіз мүмкін еместігі, тарихы, ділдік, діни және тілдік
сабақтастықтың ұлттық идеологияның негізі екендігі де барынша сезіле
бастады. Әлем тарихында дәл қазақ тәрізді біртұтас біртекті халық ұшыраса
қоймайды, яғни бар қазақ бір кісінің баласы! Біздің бабаларымыз бөлшекке
емес, бірлікке сенген, бөтендікке емес, туыстыққа бас ұрған. Бәріміз Қазақ
байдың баласымыз, Керегеміз ағаш, ұранымыз Алаш, Киіз туырлықты, Алаш
ұранды қазақпыз!.( М.Мағауин ).
Дүниеде бостандыққа, еркіндікке пара-пар келетін не бар? Сол
бостандықтан көп жылдар көз жаздырып кетіп, қолымызға қайта қонғанда,
қадіріне жетіп, иелік ете алмасақ, келер ұрпақ бізді кешірмейді,-деп
Қ.Жұмаділ ағамыз айтқандай қолда бар мүмкіншілікті дер кезінде пайдаға
асыру міндет.

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін,-деп
Мағжан атамыз жырлағандай келешек жастарға елміз, халқымыз, Отанымыз зор
үмітпен сенім артуда. Болашақ жастардың қолында! Профессор Ә.Табылдиевтің
сөзімен айтқанда: Адамның жігерін арттырып, құлшындыратын нәрсе-болашаққа
сену. Болашаққа сену-адамдар жасап жатқан тіршілікке өркениетті елдің өмір
өрнектеріне, жеке адамның қайрат-жігеріне байланысты. Болашаққа сенім
біздің арманымызды биіктетіп, мақсат-мүдделерімізді айқындатып, алға
бастайды. Ұлтаралық келісімді нығайту, Қазақстан қоғамының бірлесу идеясын
жүзеге асыра отырып, ел ішіндегі бірлікті сақтау өте маңызды. Қазір бұл
мәселе орын алып отыр, сондықтан да басты міндет – ұлттық идеологияның
біріктіруші, сындарлы рөл атқаруында жатыр.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеліп отырған тақырыптың
өзектілігінен және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерінен
дипломдық жұмыстың мақсаты мен негізгі міндеттерін айқындауға мүмкіндік
туады. Жұмыстың басты мақсаты- өркениеттік үрдістер аясындағы Ұлтық
идеологияның маңызы мен мәніне талдау жасау:
-ұлттық идеологияның қалыптасу тарихын айқындау, әлемдік тәжірибені ой
елегінен өткізу.
-ұлттық идеология және ұллтық рухтың құндылығын анықтау.
-Тәуелсіз Қазақстанның өркениетік өлшемдеріне жан-жақты тоқталу.
-Қазақстан 2030.
Тақырыптың зерттелу деңгейі Қазіргі кезеңде саяси өмірдегі идеологияның
рөлі мен орнына байланысты мәселелерді қайта көтеру. Келешек жастардың
ұлттық рухын ояту, өткенді саралап, келешекті болжау, іздену, ұғыну,
өткенге құрметпен қарау. Бұл мәселеге мәдениеттанушылар, тарихшылар,
философтар, әлеуметтанушылар, саясаттанушылар және басқа зерттеушілердің
қол жеткен нәтижелеріне тоқтала отырып, ұлттық идеология, ұлттық рух,
өркениет құндылықтарына, ел болошағына бағдар болар кешенді зерттеу
жүргізуге болады . Ұлттық идеология, ұлттық рух, өркениет өлшемдерін сонау
ғасырдан қарастырып, оны елеп-екшеп зерттеп келе жатқан ғалымдарымыз әл-
Фараби, Қашқари, Абай, Шәкәрім, М.Шоқай, Т.Рысқұлов, М.Әуезов, кейінгі
уақыттарда бұл мәселені күн тәртібіне қойып, оны саяси тұрғыдан зерттеген
ғалымдарымыз Ж.Алтаев, Т.Ғабитов, Ғ.Есім, А.Құлсариева, Ә. Кекілбаев,
Ж.Молдабеков, Ә.Қодар, Б.Нұржанов, Т.Жандәулетов, Д.Кішібеков, Д.Ысқақұлы,
А.Сейдімбек, Ә.Ғали, А.Шәріп. А.Айталы есімдерін атауға болады.
Еліміздің болашақта өркениетті дамуының, өзміз бара жатқан қоғамның
негіздері нақ бүгін қалануда. Біздің бүгінгі ұлттық идеологиямыз негізгі
құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемдік өркениеттік үрдістер аясында
саяси, әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан өз орнымызды иелену, ол үшін талай
жылдар ата – бабаларымыз армандап кеткен тәуелсіздігімізді баянды да берік
етіп, тек қана қазаққа тән ұлттық рухымызды, ар-ұятымызды,
кеңпейілділігімізді, адамгершілігімізді әлемге паш ету және әр қазақ қазақ
екенін мақтан тұтуы қажет.

Мемлекеттік идеология және ұлттық рух.
Әлемдік тәжірибе контекстіндегі мемлекеттік идеологияның тарихи қалыптасуы.

Тәуелсiз жалпыұлттық идеология — тарихи дамудың өнiмi. Бүгінгі Тәуелсіз
ел болған кезімізде, жаңа ұлттық немесе мемлекеттік идеологияны
қалыптастыру ісі жанданған тұста Қазақстанға өркениетті елдерге тән өмір
сүру принциптеріне жетелейтін рухани тірек табудың мәні зор. Әсіресе
өркениетті елдердің даму жолындағы белгілі тәжірибелерін қарастырып,
олардан өзімізге қажетті сабақ алу да тиімді. Идеологияның әлемдік
тәжірибедегі нәтежиесі қандай ? Үлкен ой туғызатын сұрақ.
Идеология ұғымы ғылыми айналымда XIX ғасырдың бірінші жартысында пайда
болды және оны ұстанған француз философы және экономисі А. де Траси
болды. Бұл жерде идеологияны ол идеялар туралы ғылым ретінде
қарастырады, яғни сезім тәжірибесіне жүгіне отырып, идеяның шығу тегін,
тарихын түсіндіру. Ол егер біз оның тақырыбын және грамматикасын алатын
болсақ, егер біз оның құралына, логикасына мән беріп, оның мақсатын
қарастыратын болсақ, онда бұл ғалымды идеология деп атауымыз керек деп
жазды.(9).
Ұлттық идеологияның қалыптасуы және даму барысы мәселесінде шетел Батыс,
Шығыс және Еуразия өркениетіне жататын АҚШ, Ресей, Жапония, Корея
елдеріндегі идеологияның орнын қарастырып, даму тәжірибесіне жүгінетін
болсақ. Мысалға: Орыс идеологиясы осыған дейін Ресей мемлекетінің мақсаты
болып келген Москва Үшінші Рим идеясының негізі болатын. Қазіргі
Ресейдегі ұлттық идеологияның қалыптасуы Ресейдің тарихи жемісінің
нәтижесі, яғни әлеуметтік, экономикалық, саяси қатынастарының көрінісі.
Орыс идеологиясының қалыптасуына XIX ғасырдың 2 жартысында Достоевский
мен Соловьев сияқты көрнекті интеллигенция өкілдері үлкен әсер еткен
болатын. Достоевский тұжырымдаған орыс идеологиясы төрт идеяның жиынтығы
болатын: 1) Славян бірлігі (Балқанды басып алу). 2) Шығыс бірлігі (Түркияны
басып алу, бұғаздарға бақылау, Ай – София мешітіне крест тағу, сөйтіп Қиыр
шығыстан Босфор бұғазына дейінгі жер Ресей бақылауында, қысқасы қазіргі
Дугиннің Еуразия идеясымен ұқсас). 3) Проваславия діні әлемдік діндердің
ішіндегі ықпалдысына айналады. 4) Патша мен халықтың арақатынасы әке мен
баланың арақатынасына ұқсас болуы керек. Біртіндеп бұл идея орыс халқының
дүниедегі ерекше рөлі туралы идеологияға айналып кетті. Бүгінгі таңда Ресей
халқының басым бөлігі өз санасындағы талай жылдар бойы қалыптасып келе
жатқан социализм, капитализм ойымен мәңгілікке қоштасып, ұлттық
державалық даму жолын таңдады. Ресей идеологиясының даму компонентінің түп
тамыры - дәстүрлі руханилық, полиэтикалық және поликонфессиялық Евразия
мәдениеті. Ресейдің эволюциялық даму жолының негізі - дәстүрлі принциптер
мен құндылықтарға сүйенген идеология қалыптасып, мынандай ұранмен әлемге
танылуда: Державничество, Гражданственность, Соборность,
Патриотизм.
Державалық- Евразиялық Ресей мемлекетін құруда дамудың ең маңызды және
мықты түрі. Держава- ол империя емес, егемендік. Ұлттық сана-сезімнің
өсуі.
Азаматтық (Гражданственность) - мемлекетте теңдіктің белгісі, жеке
тұлғаға деген сенім, демократия.
Патриотистік - өз еліңе, жеріңе ішкі сүйіспеншілік. Ресейліктер үшін
екі маңызды бөліктен тұрады: Ұлттық сана-сезімді ояту және дамыту, оны ұлы
держава Ресей үшін тиімді пайдалану.
Соборность- халықтың әлеуметтік, саяси, этикалық жағдайына қарамастан
бірлігі. Ауызбіршілік, татулыққа шақыру. Бәрі бір құдайдың баласы деген
ұранмен бірлесе жұмыс атқару. Мұны бұрынғы ұлттық идеологиялардың жаңа
сипаты деуге болады.
Жапондықтардың басты ерекшелігі - олардың идеологиясында. Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін ұлттың бірлігі мен топтасуына негізделген
дәстүрлі жапон рухы мен ең жаңа батыстық технологияның бірлігі туралы
жапон идеологиясы Жапонияның әлемдегі экономикасы ең шарықтау шегіне шыққан
мемлекеттердің қатарына кіруге, сонымен қоса дәстүрлі мәдениет құндылықтары
мен Батыстың либералдық құндылықтарының синтезін жүзеге асыруға, сол арқылы
өскелең жаһандану жағдайында өзінің этностық бірізділігін сақтап қалуына
негіз болды. Жапондықтарда тарихқа өте ерекше мән береді, ол бүгінгі таң
мен келешектің бастауы, идеологияның негізі тарих тамырында жатыр деп
есептейді. XX ғасырдың II-ші жартысында Жапондықтар батыс өркениетін,
мәдениетін бүге-шүгесіне дейін талқылап, зерттеп, Европаны қуып жетуге
ұмтылды.
Е.Ямамото: Біз батыстықтардан белгілі бір затқа деген көзқарасын
қалыптастырдық - дейді.
Роберт Смит өзінің Культурный контекст Японской политэкономии атты
мақаласында былай дейді: Жапондықтар басқа да индустриалды халықтарға
ұқсас. Алдыңғы тап өкілі өткеннен тиімді сабақ алып, жетік қорытындылай
түсе болашақты көре біледі, ал жас ұрпақ алдыңғы тап өкілімен үйлесімді
жұмыс жасап көптеген жетістіктерге жетеді . Жапондықтар үшін XX ғасыр
ұйымдастыру ғасыры болды, ал XXI ғасыр индивид ғасыры атанды. Бұған жетудің
бірден бір жолы - дұрыс шешімдер қабылдау, оларды пайдалы жүзеге асыра
білу, қорытынды жұмысқа әділетті баға бере алу. Экономикалық даму ол тек
қана пайданың көзі емес, халық бірлігі, тұтастығы. Еңбекқорлық, әлемде
болып жатқан өзгерістерге тез бейімделе білу, жоғарғы білімді игеру, жан-
жақты даму- Жапон идеологияның басты мақсаты.
Азия жолбарыстары қатарындағы Оңтүстік Кореяның қазіргі кезеңдегі
дүниежүзілік деңгейде алдыңғы орындарға шығуына да ұлттық идеологияға әсер
етіп отыр. 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін Оңтүстік Корей халқы үшін –
Жапондарды қуып жету және олардан асып түсу идеясы біртіндеп ұлттық
идеологияға айналды. Міне соның негізінде Оңтүстік Корея әлемнің ең дамыған
мемлекеттерінің біріне айналды. Берік идеологиясының арқасында өркениетті
елдердің қатарына еніп, болашаққа нық, әрі сенімді қадам жасауда.
Америка Құрама Штаттарының америкалық арман деп аталатын идеологиясы ол:
ортақ береке және қоғам мен оның ұрпағын азаттық игіліктерімен қамтамасыз
ету ретінде тұжырымдалды. Осының негізінде Америкадағы әртүрлі этностарды
азаматтық қауымдастық ретінде бірыңғай америка ұлтына біріктірді, бірақ ол
рухани әлеуеті жоқ, таза прагматикалық пайдаға бас иетін идеология болып
шықты.
Саяси мәдениет – көп жылғы тарих жемісі. Сондықтан да әр мемлекетте
өзіндік саяси мәдениет қалыптасады. Американың саяси мәдениеті Европадағы
басқа мемлекеттерге қарағанда өзгеше. Мемлекеттің қалыптасып, мықты болуы
ең алдымен ұлттық идеологиямен тікелей байланысты. Мемлекеттің іргетасы
дұрыс ойланған стратегиялық даму жолымен ұлттық идеологиялық бірліктің
арқасында қаланады. Табиғи ресурстар, экономикалық мүмкіндіктер, қарулы
күш, саяси жүйе – бұлардың барлығы идеологияның арқасында тиімді жүзеге
асырылады. Америка Құрама Штатының идеологиясы – америкалық либерализм,
ғалымдар мен саясаткерлердің айтуына қарағанда мемлекеттің қалыптасуына,
америка қоғамының қалыптасуына тікелей ықпалын тигізді. Либерализмді саяси
және идеологиялық тұрғыдан қарастырып, негізін қалаушылар XVII – XIX
ғасырдың ұлы ойшылдары Дж. Локк, А.Смит, И.Бентам, С.Миль. Яғни бұл жердегі
либерализм – адамның жеке басын түсіну, өмір сүруге ұмтылысын арттыру.
XX ғасырдың алғашқы жартысында Америка либерализімі жаңа өзгерістерге
ұшырайды. Жаңа либерализмнің теориялық негізі – Жаңа демократиядан
көрініс табады, яғни қоғамда мемлекеттің экономикалық және саяси-әлеуметтік
дамуын арттыру.Осының негізінде Америка экономикасы, технологиясы, ғылымы
өте жоғары деңгейде дамыды, ал рухани жағдайы ескерілусіз қалды.
Жоғарыдағы әлемдік тәжірибеден көріп отырғанымыздай әр мемлекеттің өзіндік
өмір сүру ерекшеліктеріне, тарихи жағдайына, қалыптасқан менталитетіне,
сеніміне, географиялық орналасу жағдайына байланысты оның алға қойған бағыт
– бағдары, идеологиясы анықталады. Егеменді Қазақстан Республикасында жаңа
үлгідегі мемлекеттің қалыптасу процесі жүріп жатыр. Қазақ мәдениеттанушысы
Т.Ғабитов Еуразиялық мәдениетті тек Батыс пен Шығыстың ортасындағы буферлік
аймақ ретінде қарастыруды сыңаржақтылықтың бір түрі ретінде батыл сынай
отырып, бұл ойын былай деп түйіндейді: Өйткені бұл жерде біз адамзат
тарихындағы екі суперөркениеттің жай қарым – қатынасын емес, олардың
тұтастану үлгісінің қалыптасуының куәсі болып отырмыз. Бірақ та қазіргі
жағдайда жүріп жатқан жаһандану процессіне толығымен кіріп, сіңісіп кету
емес ондағы қазақ мәдениетіне қажетін қабылдап, менталитетімізге жат, кері
әсер етуші факторларды қабылдамай, оларды санамыздың елегінен өткізе отырып
саралау қажет.
Бүгінде халықаралық қоғамдастық Қазақстанды өңірлік көшбасшы, құрметті
және жауапты әріптес, шынайы дос, сенімді әрі тату көрші ретінде
қабылдайды. Еліміздің Ресеймен, Америка Құрама Штаттарымен, Қытаймен,
Еуроодақ және Азия елдерімен, өңірдегі көршілерімізбен арадағы өзара қарым
- қатынастарының серпіні осыны айқын дәлелдей алады. (Н.Ә.Назарбаев.)
Елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешілуі үшін де алыс-жақындағы
мемлекеттердің бізді танығаны, сыйлағаны, мойындағаны керек. Ал осынау
дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихың, озық
мәдениетің деп Н.Назарбаев Қазақтың бүкіл тарихы- бірігу тарихы,
тұтастану тарихы атты еңбегінде тарихты қайта зерделеудің маңызын ашып
береді.
Тарихсыз болашақ жоқ.. Тарих – жақсы ұстаз. Біз тарихтан қазіргі
қоғамымызға керекті, қоректендіруші қайнар көз күшті батыл жеткізуіміз
қажет. Тарих біздің қатынасымыздың бастапқы пункті. Сондықтан да
интегративті идея біздің тарихтан басталады. Тарихи сабақтарды қалпына
келтіру қазақстандықтардың рухани өрлеуіне, азаматтардың мінезі мен іс-
әрекетіне, патриотизмге тәрбиелеуге көмектеседі, өркениетті үрдістер
аясындағы дамыған елдер қатарына еңсеңді көтеріп кіруге мүмкіндік туғызады.
Шындап келгенде, тарихи сана ұлттық сананың, сондай-ақ ұлттық идеологияның
ең басты бөлігі, мемлекеттік идеологияның ең бастысы. Яғни, әр ұлт ең
алдымен біз кімбіз, қайсы тарихи тамырдан өрбідік, өткен тарихымыз
қандай? деген сияқты түбегейлі сұрақтарға жауап беруі тиіс. Әрбір адамның
өзінің қай ұлтқа жататынын, өз халқының тарихы мен өткен жолы іргетас
ұғымдар ретінде санасының түбінде ұйып жатады. Тарихи сана бүкіл ұлтта ғана
емес, әрбір жеке адамда болады. Әрі бүкіл өмір бойы өз халқының тарихы оған
рухани тірек, қозғаушы күш, күнделікті ерік-жігер, өзінің өткені мен
болашағын жалғастырушы алтын көпір болады.Тарих-ұлттың бүлкілдеп соғар
тамыры. Тарихи тамыры тереңде жатқан ұлттық идеология дауылдардың қандайына
болса да төтеп бере алады. Тарихта ұлттық идеологияның тереңінен сусындаған
халықтың рухы да күшті болады. Ұлттық идеологиясы асқақ, рухы күшті халықты
ешкім де жеңе алмайды, ол асқақ рух халықты барлық уақыттарда биіктерге
сүйейді. Осы тұрғыдан келгенде, үш ғасырдай бодандықты бастан кешіріп,
әбден әлсіреген, аяқасты болған ұлттық идеологиямен ұлттық рухымызды, сана-
сезімімізді қалпына келтіру алда тұрған аса маңызды мәселе.
В.Дальдің Тірі ұлы орыс тілі түсіндірме сөздігінде, Идеология-ой сөзі,
ой және ойлау туралы әңгіме жүргізілетін метафизиканың немесе психологияның
бір бөлігі деген анықтама беріледі.
С.И.Ожеговтың Орыс тілі сөздігінде идеология түсінігіне Идеология-
қандай да бір әлеуметтік топты, тапты, саяси партияны, қоғамды сипаттайтын
көзқарастар, идеялар жүйесі деген анықтама берілген.
Философиялық энциклопедиялық сөздікте идеология түсінігіне:
Идеология (идея және гректің логос-сөз, түсінік ғылыми сөздердің
қосылуынан) адамдардың дүниеге, бір-біріне әлеуметтік проблемалар мен
тартыстарға қарым-қатынасы танылған және бағаланатын, сондай-ақ осы
қоғамдық қарым-қатынастарды бекітуге немесе өзгертуге бағытталған
әлеуметтік іс әрекеттің мақсаты белгіленген көзқарастар мен идеялар жүйесі
деген анықтама берілген..
Идеология туралы анықтамаларды оқып отырып байқайтынымыз, идеология
түсінігінің өзі әр қилы тарихи кезеңдерде қоғамдық ойдың дамуына өзгеріп,
нақтыланып, жаңа мағынаға ие болып отырған. Әдетте әр түрлі көзқарастардың
қалыптасуына қоғамдағы саяси топтардың орны мен білім дәрежесі, саяси
мәдениеті әсер етеді. Міне, осыдан келіп негізгі басты идея мен сол идеяны
жүзеге асырудың жолдарын ұсынған идеялардың жиынтығы-идеологиялар пайда
болады. Идеологиялар мазмұны жағынан әр түрлі болғанымен ұлттық идея
шеңберінен шықпауға тиіс және оларда әр түрлі әлеуметтік топтардың мүддесі,
мақсаттары мен міндеттері айқындалады, саяси билікке ұмтылудың негізі
қаланады.Сондықтан да әр түрлі елдерде тарихи, саяси жағдайларға байланысты
әр түрлі идеологиялар қалыптасады.
Өз отанын сүйген адам ғана оны көркейту үшін еңбек етеді, өз отанын
мақтаныш ететін адам ғана оны сүйе алады, өз тарихын білген адам ғана оны
мақтаныш ете алады, өз тарихынан ұялмай, жақсысын асырып, нығайтуға
ұмтылған адам ғана тарихты білем дей алады, ал тарихты білген адам ғана
өткеннен сабақ алып, замана көшіне өзге халықпен иық тірестіре отырып
ілесері сөзсіз.Бұдан өз елін көркейту үшін риясыз қызмет ететін ұрпақ қана
мемлекетін сүйіп, оны мақтан тұтып, өткеннен сабақ алып замана көшін бастай
алады деген ақиқат туындайды.
Қазақ тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін зерттей отырып, XX ғасырдың
басындағы талантты краевед А.П.Чулошников, көбінесе Ш.Уалихановтың ойымен
келісе былай деп жазады: Қазақ халқы - ерте кезде-ақ қалыптасқан, және
олардың алғашқы ханы - Алаша, Тұран немесе Түркістан елінің ханының
(Абдолла хан, Қызыл-Арыстан хан, Әбділ-Әзиз хан) қуғынға ұшыраған ұлы,
халық аңызы бойынша алты алашты құрған тайпалардың түп атасы. Қазақ
шежіресіне сүйенетін болсақ, Алаша ханның өмірі өз әкесінің мойындамауының
нәтежиесінде өз елінен қуылған деп суреттеледі. Баласы ала болып
туғандықтан, оны ұнатпай Алаша деген ат беріп, Сыр бойынан Арқаға
жібереді. Аз уақыттың ішінде оның қасына жігіттер жиналып, елде беделі
асады. Алаша білімпаз, кемеңгер кісі болғандықтан, оны қадірлеп хан
көтереді. Орта ғасыр мұраларындағы Алаша хан - XIV ғасырдың екінші
жартысымен, XV ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген әрі би, әрі батыр,
әрі ұлыс билеушісі. Алаша хан ел жадында жауынгер тайпалар - көшпелі
түркілерді біріктіріп, тұңғыш алаш (қазақ ) мемлекетін құрған ұлы қайраткер
ретінде қастерленеді.
Әрине, XV ғасырдың ортасында Жәнібек пен Керейдің тұсында Қазақ
хандығының құрылуының өзі-тек қана Алтын Орданың немесе басқа да
мемлекеттердің құлауының нәтежиесі емес, белгілі бір топтың өзінің ұлттық
идеологиясын ұстанып, соған алғышарт идеяларын қалыптастырып, ұлттық
мемлекет құру мақсатының көрінісі еді. Көп жылдардың өтуіне қарамастан,
Алаш ұрпақтарының ел басқарудағы беделі әлсіреген жоқ. Ұлы даланың әрбір
тайпалары үнемі өздерін Алаш халқына жатқызатын болған.Сондықтан да Алаш
хан туралы мәліметтер Қазақстан территориясында ең ежелгі ғана емес,
сонымен қоса ең танымал болып табылады. Ш.Уалихановтың осыған байланысты:
Ортақ халықтық шежіре, әрбір қырғызға (қазаққа) мәлім деп айтқан сөзін
мысал ретінде алуға болады.
Ерте кездің өзінде-ақ пайда болған мықты мемлекеттік идеология ғұн,
оғыз, қарлұқ, қыпшақтардың тұсында да өз жалғасын тауып
отырған.Идеологияның түрлері өзгеріп отырғанымен, түп-төркіні сол қалпында
сақталған, әсіресе ертеде Сарыарқа даласында идеологияның алғашқы қадамдары
жасалынатын болған екен.Тарихымызға тереңінен үңіліп, сыр шертетін болсақ :
Қазақ хандығының құрылуы тұсында Алаша хан культін – дала тайпаларының жаңа
мемлекетіне ұлттық идеология ретінде алған.Оның негізгі мәні- бірлік,
тұтастық, ынтымақтық.
Осы идеологияның негізін ұстана отырып, қазақ хандарының ішінен
халқын алға өрлетуде айтарлықтай үлес қосқан, ұлан-байтақ жерін, елін
қорғап, өзге елдермен терезесі тең, керегесі кең ел болғанын қалап, бар күш-
жігерін аямай,білектің күші, найзаның ұшымен қорғаған перзенттері шыққан.
Олардың ішінен Қасым хан, Есім хан,Тәуке хан, Абылай хан, Кенесары, қазақ
еліінің іргесі берік болуын қамтамасыз еткен, елінің берекелі де бейбіт
өмір сүруіне жоғарыдағы хандардай өз үлесін қосқан батырларымыз: Қаракерей
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек,
Исатай мен Махамбет, Амангелді, Әлия мен Мәншүк, Қайрат, Ләззат сынды
халықтың адал ұл-қыздарының атын ұмыту мүмкін емес.Ондай ұл-қыздарын
халқымыз әлі күнге дейін құрметтейді, тарихта аттары алтын әріппен
жазылған.Қара қылды қақ жарған шешенднр мен әділ билерде аз болмаған. Тура
биде туған жоқ деген мақал сөздер ел арасында кең қолданылған. Олардың
ішінде Төле би, Қазбек би, Әйтеке билердің де өзіндік орны бар.
Қасым ханның қасқа жолы деген ұғыммен тарихта қалған Қасым хан Монғол
шапқыншылығынан кейін, тұңғыш рет барлық қазақ рулары мен тайпаларын, берік
ұйымдастырылған, бірлік пен ынтымақты меңзейтін идеологияның арқасында бір
мемлекетке біріктірді, Түркістан, Сайрам тәрізді Оңтүстік қалаларды қазақ
хандығының құрамына өткізді, қазақ хандығын дербес мемлекет ретінде
Европаға танытты.Алғаш рет Қасым ханның қасқа жолы деген атпен заңдар
жинағын шығарды.
Қасым ханның соңынан ерген Есім ханда қазақ халқының іргесін
ыдыратпай,сыртқы жаулардан қорғап, барлық қалалармен қоса Түркістан аумағы
қазақ хандығына қосылды. Қасым ханның ұстанған идеологиясын басшылыққа
алып, Есім ханның ескі жолы атты әдет-ғұрып ережелер жинағын шығарды.
Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған, бір орталыққа
бағынған мемлекет болды.Үш жүзге билігі жүрген Тәуке хан тұсында Қазақ
хандығының Сыр бойындағы қалалар саны ұлғая түседі. Тәуке хан заманы Қазақ
хандығының ең бір өркендеген, алтын ғасыр деп саналады.Орыстың белгілі
тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылғой заңгері Ликургпен
теңеген.Тәуке Қазақ хандығының ішкі саяси ахуалын нығайтуға өзіне дейінгі
Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы сияқты әдет нормаларына
сүйене отырып Жеті жарғыны қабылдаған.Тәуке хан көрші жатқан
мемлекеттермен өз заманына сай тиімді дипломатиялық қарым-қатынас орната
білген. Ұлттық бірігу-кірігу-рулық ыдыраудан құтылу мақсатында жүргізген
идеологиясының арқасында Қазақ хандығы Тәуке тұсында хандық билікке
негізделген саяси жағынан орталықтанған мемлекет болды.
Өмір тәлкегіне байланысты Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға
зор ықпал жасады.Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен
парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы
біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата
білген.Осыған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе
Абылайдың саяси өмірге ерте араласуына себепші болды. Ш.Уалиханов Абылайдай
шексіз билікке ие болған бірде бір қазақ ханының болмағанын, оның мемлекет
билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттерін, ханның билігін
алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын рубасылар мен сұлтандардың өркөкірек
үстемдігін тыйғандығын жазады. Шоқан: Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде
Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады.
Абылай дәуірі қазақтардың ерлігі мен серлігінің ғасыры. Оның жорықтары және
батырларының көзсіз ерлігі мен қаһармандығы жыр-дастандардың арқауына
айналған деп атап көрсетті. Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін басып
отырып, оған ақыл-кеңес айтумен өткізген Бұхар жырау Қалқаманұлының ханға
Алтын тақтың үстінде, үш жүздің басын құрадың деуінің негізінде тарихи
шындық жатыр. Тұрақтылықты сақтау, елін, жерін көркейту,батырлықты
дәріптеу, ұстамды болуға шақыру, халықтың салт-санасын, таным-түсінігін
қалыптастыру-ел басқарудағы ұстанған ұлттық идеологиясының басты талаптары
еді. Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыр
қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді.Оның есімі тәуелсіздік
символына, жауынгерлік ұранға айналды.Азаттық күрестің жалынды басшысы
Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты қазақ жыраулары Бүхар, Үмбетей,
Шәді төре Жәңгірұлы толғауларында, ақындар Көпбай Жамантайұлы, Мәжит
Айтбаевтың дастандарында, жазушылар І.Есенберлиннің, Ә.Кекілбаевтің,
Қ.Жұмаділдің романдарында сомдалады.Оның ұлағатты өмірі мен ішкі, сыртқы
саясаты отандық және шет ел ғалымдарының (Ш.Уалиханов, В.В.Бартольд,
Н.Мыңжани, Р.Б.Сүлейменов, М.Мағауин, М.Б.Олкотт, Дж.Уилер) назарын аударып
келеді.
Өткенімізге байыппен үңілсек, көшпелі өмір салтын ұстануымыздың келесі
бір себебі, ұланғайыр аймақты сыртқы жаулардан, көз алартқан көршілерден
сақтау мақсатында жатқан тәрізденеді.Осындай идеологияны ұстанған келесі
ірі тұлғамыз-Кенесары Қасымұлы, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың
соңғы ханы. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның ірге тасының қалануына өз үлесін
қосқан қайраткеріміздің бірі.
Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр жерімізді көздің қарашығындай
сақтап, қасықтай қаны қалғанша қорғаған батырларымызда бар.Олар –Қаракерей
Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек.Осы
бабаларымыз келешек ел болашағына алаңдаудағы жүргізген ұлы идеологиясының
негізгі идеясын: Түркілерді ұйымдастырып, біріктіріп, басы бостан, тәуелсіз
ел болуын, өзгелердің табанына түспеуін қадағалау деп сенген.
Ұлтшылдық адамзаттың өмір сүруінің ең басты құрам бөліктерінің
бірі.Ұлтжандылық адам үшін ең қасиетті ұғым.Өз ұлты үшін адам дүниедегі ең
асыл, ең қажетті, ең қасиетті нәрселерін - өз жанын, отбасын, жақын-жуығын
құрбан етіп жатады.Өткеннен өнеге алып, келешектен зор үміт күткен Исатай
мен Махамбетте, Амангелдіде ұлтым, жұртым деп құрбан болған халқымыздың
біртуар перзенттері. Тәуелсіздік - берісі әлдилеп отырған сәбиіңнің,
ағайын-туыс, бауыр-жұрағатыңның, әрісі ұлтыңның, еліңнің, жеріңнің, ана
тіліңнің болашағы деген ұранмен халқына бостандық идеясын насихаттап
өткен.Сол кездегі ел басындағы қиыншылыққа қарамастан, бұл идеялар жиынтығы
- бүгінгі күнгі мықты идеологияның баспалдақтары еді.
Қазақ жері - қасиетті. Бойымыздағы бар қасиет те осы туған жердің
топырағынан. Қазақ даласының кеңдігінен бастап, оның орналасқан
географиялық орны, орманды-шөлді, таулы-көлді, ыстықты-суықты ауа райы,
осыған орай қалыптасқан шаруашылық түрі, өмір-салты, салт-дәстүрі, өнері-
барлығы дерлік осында өмір сүріп жатқан адамдардың мінез-құлқына, адами
болмысына тікелей әсер етіп, қазақ ұлтының өзгелерге ұқсамайтын өзгеше
менталитетін қалыптастырады. Бұның себебі - Қазақ даласының адамды
шыңдауында жатыр. Көшпелі өмір салтымен өмір сүрген мейлі ер болсын, мейлі
әйел болсын, даланың қатал заңдарына төтеп бере алуы керек. Сондықтан да
Дала қыздары жасынан ат құлағында ойнап өскен бітім-болмысымен, еркін
қимылымен, жауынгер елден шыққандығын танытатын қайсарлығымен ерекше көзге
түсетін, ерлермен бірлесе атқа мінуі, әйелдерді от басы, ошақ қасы мен
шектемей, Сақ патшасының қызы Зарина, Ғұн тайпасының патшайымы Боарикс,
Шығыс Түркістан мен Жетісу территорияларын билеген патшайым Акаса, Айша
бибі, Домалақ ана тәрізді аты аңызға айналған тұлғалардың ізбасарлары - Ұлы
Отан соғысының батырлары Әлия мен Мәншүк. Бұл батыр қыздарымыз қазақ
мемлекетінің басты тірегі - халықтық патриотизмді қалыптастыруға өз
үлестерін қосып, нағыз отаншылдық рухқа тәрбиелеуге себебін тигізеді.
Елбасымыз Н.Назарбаев өз сөзінде: Патриотизмді, әсіресе жастардың арсында,
біздің балалардың бойында барша қоғамның ортақ күш-қуатымен қалыптастыру
керек...Өз Отаныңның патриоты болу - бұл Қазақстанды өз жүрегіңе ұялату
деген пікірінен де идеологияның негізі - патриоттық тәрбие екенін
байқатады.
Жоғарыдағы Тәуелсіздік жолындағы ұлы тұлғалардың ізбасарлары – Желтоқсан
жастары екендігі баршаға аян. Алаңға бейбіт шерумен шығып, жөн сұрамақ
болған өндірдей жастар соққының астында, иттің талауында қалған. Ежелден ел
басына күн туғанда елді бастар ағалар еді, бұл жолы ел үміт еткен ел
ағалары үнсіз қалғанда жалын жүректі жастар қиянатқа төзбей, әділеттілік
үшін көтерілді. Осылай тарих атты ұлы кітаптың бетіне өз өрнегін салған,
жақсылығымен қоса азабын ала келген Желтоқсан көтерілісі еді. Желтоқсан
идеологиясының басты өзегі – Азаттық, Жер және Намыс деген ұстанымдар
еді. Соның нәтежиесінде елдің саяси өміріне құнды жаңалық әкелгендігін
айтсақ - Қазақстан егемендік алып, Тәуелсіздігін жария етті, Мемлекеттік
нышандарымыз белгіленіп, төл теңгеміз айналымға енді, шекара мәселесі
шешіліп, қорғанысымыз бекіді. Қазақтың ұлдары ғарышты бағындырып,
жастарымыз шет елде білім алуда. Үлкен қалалардың барлығында зәулім
сарайлар салынып, әсем ғимараттар бой түзеуде. Олардың ең төресі – жаңа
астанамыз Астана қаласы Арқа төсінде салтанат құрды Бүгін тойлап отырған
біздің тәуелсіздігіміз қазақ халқының талай ғасырлар бойғы тарихындағы
миллиондаған жандардың еркіндік жолындағы күресінің, төгілген қанының
өтеуі.
Қорыта келгенде, тарихи тұрғыдан қарасақ біздің ата-бабаларымыз ғұмыр
кешкен жердің әр бір тасына дейін киелі, кең даламызда әділетті хандардың,
ержүрек батырлардың, әділ билердің табанының ізі, елін, жерін көркейтемін
деп төккен тер, қорғаймын деп аққан қан іздері жатыр. Барлығының арман-
мүддесі бір - тәуелсіздік.
Елдік, ерлік іс-әрекеттерін саралай келе, жалпы қазақ идеологиясының
мақсаты - әр адамда тарихи сана қалыптастыру, қазақтардың әр жақтан қаңғып
келген, олай-былай үдере көшіп, ұшарын жел, қонарын сай біліп жүрген тобыр-
тобыр жабайы көшпенділердің ұрпағы емес, осы қазақ сахарасында өмір сүрген
талай айбынды, атақты, бірлікшіл, құдіретті халықтардың ұрпағы, солардың
заңды мұрагері, арыстан жүрек атасы мен бабасы, алдаспан тілді биі мен
шешені, ел бастар кемеңгер көсемдері, ең ежелгі әдебиеттердің бірі болған
әдебиеті, мәдениеті болғанын, әр қазақтың артында ғасырлар жатқанын,
әпсаналар жатқанын ұғындыру. Бұл мақсаттардың әрбірі әр қазақтың, түптеп
келгенде әр қазақстандықтың ойында бар, жүрегінің түпкірінде жатқан арман-
мұраттар. Осы түпкі мақсаттарды орындауға қызымет ететін бүкіл идеялар
жүйесі - қазақтың ұлттық идеологиясын құрайды.
Сондықтан тарих қойнауында пісіп жетілген Ұлт менталитетіндегі жақсы
қасиеттерді насихаттап, оған бүгінгі жастарды тәрбиелеудің маңызы
зор.Тәуелсіздікке қол жеткен жылдар ішінде өзінің салиқалы істерімен атын
әлемге танытып, енді 2030 жылға дейін алар асуын, шығар биігін белгілеп,
іске кіріскен еліміз- Қазақстан Республикасы үшін алға қойған мақсатқа
жетудің кепілдіктерінің бірі – халықтың өз тарихын білуі, тарих тағылымын
үнемі жадында ұстауы. Сонда ғана жастар өз ұлтын жатсынбайды, бойларында
ұлтшылдық сезім пайда болады. Өз ұлтына деген құрмет пен мақтаныш сезімі
оянып, бойын жат құндылықтардан аулақ ұстайды. Басқаның соңынан жүгірмей,
өзгеге жалтақтамай, өзін қашанда даналық биігінен көрсетуге тырысады.
Тарихтан біз аңғарғанымыздай, қандай бір қиындықпен құлдыраудан кейін халық
басын біріктіріп, ұйтқы болатын басты мүдде – ұлттық идеология. Ұлттық
идеология – талай ұрпақтың еңбегімен, қуаныш – қайғысымен сараланған рухани
дүние. Бұл қайталанбас байлық өмірге ұлттық өзіндік тарихи болмысымен
келген, сол себептен де ұлттық дүниетанымның айнасы.
Ал әлем тәжірибесінен өзіміздің санамызға, салт-дәстүрімізге жақын
идеологиялық даму жолын қарастырып, өркениетті елдер қатарына қосылу
бүгінгі Қазақстаннның басты талабы болмақ.

Қазақстандағы мемлекеттік идеологияның бет-бейнесі.
Қоғамның қазіргі даму кезеңінде идеология белгілі бір әлеуметтік, ұлттық
топтардың ғана көзқарастары жүйесін, мақсатын мұратын білдіріп қана
қоймайды, сондай-ақ белгілі бір мемлекеттің негізінде жатқан тірек
идеяларын, оның мақсатын адамдардың үлкен қауымын белгілі бір ұғым-
түсініктер төңірегінде топтастыра алуын да білдіреді. Ұлттық идеологияның
Тәуелсіз мемлекетіміз үшін өте маңызды болуының төмендегідей себептері бар.

1. Бірінші себеп: Мемлекет дегеніміз белгілі бір территорияда өмір сүріп
жатқан адамдардың жиынтығы. Ол адамдардың әрқайсысының өз санасы, өз ұғым-
түсінігі, дүниетанымы бар. Соның ішінде белгілі бір мемлекеттің ішіндегі
адамдардың мемлекет, қоғам, отан, патриотизм туралы түсініктері ол
мемлекеттің өмір сүруі үшін өте маңызды. Мемлекеттің нығаюы, әрине, оның
экономикалық, саяси, демографиялық, әлеуметтік нығаюымен өлшенеді. Бірақ,
мемлекеттің нығаюы ең алдымен адамдар санасымен өлшенеді. Адамдардың
санасында қандай ой, идеялар орныққанымен өлшенеді. К. Маркстің сөзімен
айтқанда, қалың бұқараның санасына мықтап сіңген идея алынбас дүлей күшке
айналады. Елді, мемлекетті идея билейді. Себебі, кез келген мемлекет жеке
адамдардан, олардың ақыл-ойы, ерік-жігерінен тұрады. Мемлекеттің бүкіл мәні
мен мазмұны, түптеп келгенде, ондағы өмір сүріп жатқан адамдардың ақыл-ойы
мен санасына тіреледі, сол санаға сүйенеді, сол санадан туындайды, содан
бастау алады, сол санада өледі.

2. Екініші себеп: Кез-келген үлкенді-кішілі мемлекет өз мемлекеттік
идеологиясын жүргізеді. Кез-келген мемлекеттің ақпарат жүйесі- теледидары,
газет-журналдары, ғылыми-әдеби басылымдары бар. Бұлар мемлекеттің
идеологиялық картинасын, рухани өмірін құрайды. Егер осы идеологиялық
ағымның, түрлі ой-толғамдар мен талдау, сараптаулардың басын бір арнаға
біріктіріп, мемлекет, қоғам мүддесі үшін бағытталған идеялар болмаса
мемлекет іштей іріп-шіри бастайды. Сонымен әрбір мемлекет өз ақпарат
құралдары арқылы белгілі бір идеялар жүйесін таратып, насихаттап отырады.
Біздің Қазақстанның жағдайында оппозициялық емес ақпарат көздері таратып
отырған негізгі идеяларды алып қарайық. Олар: тәуелсіздік, мемлекеттің
нығаюы, халықтар достығы. Бұлардың барлығы мемлекеттік идеологияның
элементтері екені сөзсіз.
3. Үшінші себеп:Ұлттық, мемлекеттік идеологияның мемлекет өмірі үшін өте-
мөте маңызды болуының тағы бір себебі, жастарды тәрбиелеу мәселесіне
байланысты. Адам қоғамы әрбір жиырма бес жылда жаңаланып тұрады дейді. Дана
қазақ мұны елу жылда ел жаңа деп түйеді. Шын мәнінде ұрпақтың жаңалануы
ұлы Абай айтқандай: алдыңғы толқын ағалар, кейінгі толқын інілердің
орнын бірі басып, жаңаланып отыруы үздіксіз процесс.Олар ертең мемлекет
басына қандай ұғым - түсініктермен келеді ? Олардың санасына тиісті
идеологиялық әсер етіп, ұлты мен тіліне жаны ашитын азамат қылып өсіру
басты міндет.
4. Төртінші себеп: Мемлекетті идеологиялық қорғау мәселесі. Қазіргі
кезеңде мемлекеттің ақпараттық кеңістігін қорғау туралы көп әңгіме болып
жүр. Ақпараттық қорғау дегеннің түпкі мәні идеологиялық қорғауға,
мемлекеттің, ұлттың өмір сүруіне қауіп төндіруі мүмкін идеяларды, рухани,
әдеби дүниелерді елдің ішкі кеңістігіне жібермеу болып тұр.
5. Бесінші себеп: Идеологиялық айқас проблемасына байланысты. Қазақстанның
ақпараттық, сондай-ақ идеологиялық кеңістігінде түрлі идеялардың, кейде
қарама-қарсы көзқарастардың айқасы жүріп жатыр. Дамыған ақпараттық
технологиялар дәуірінде сырттан түрлі идеялардың келуіне тыйым салу мүмкін
емес. Сырттан келетін, мемлекеттің мүддесіне, қоғамның мүддесіне кері
әсерін тигізуі мүмкін идеологиялармен күрестің негізгі жолы әкімшілік-
құқықтық тыйым салу емес, осы кереғар идеяларға қарсы күресе алатын мықты
идеялар жүйесін, яғни берік идеология жасап шығару қажет.Тек жасап қана
қоймай, оны белсенді тарата білу, халықтың санасына сіңіре білу,
көпшіліктің көзін осы оң идеялардың дұрыстығына жеткізе білу.
Ұлттық идеология немесе ұлтшылдық көп жағдайда империялық жады сақталып
қалған, кешегі отарынан айырылып қалған метрополияларда және отаршылдық
езгіден арылған жас мемлекеттерде қалыптасады. Ұлттық идеологияның мақсаты
– тәуелсіздік алған жас ұлттың әлемдік еңбек бөлісіне, халықаралық саяси
жүйеде өз орнын табуға жұмылдыру немесе отарынан айырылып қалған елдердің
өткенге қайта қол жеткізуге ұмтылуы. Ұлттық идеологиялар ұлттың өз ішіндегі
идеялық қарама-қайшылықты бәсеңдетіп, ұлттың алдына ортақ міндеттер қояды
және соларды жүзеге асыруға жұмылдырады. Қазіргі таңда Қазақстанда ұлттық
идеология қалыптасу үстінде деуге болады. Егеменді елдіктің мәңгілік кепілі
де, берік діні де сол ұлттық идеология болмақ.
Ұлттық идеологияны қалыптастыруда идеологтардың үлесімен қатар, мемлекет
жетекшісінің рөлі өте маңызды болуға тиіс. Осы тұрғыдан келгенде біздің
Елбасы егемендіктің даму тарихында мыцнандай ұлттық идеологиялық бағыттарды
белгілеп берді: бірінші, мәртебелі (титулды) ұлттың тұтастығы мен
ықпалдылығын арттыру идеясы, яғни алыс-жақын шет елдердегі қандастарымызды
Отанына шақыру. Екіншіден, Ана тіліңді ардақтау идеясы, яғни ең бірінші
қазақ пен қазақтың қазақша сөйлесу керектігі. Үшіншіден, бірлік-ынтымақ,
туыстық идеясы, яғни бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар уақыттың
жеткендігі. Төртінші, Ұлттық рухани мәдениетті жаңғырту идеясы, оның бір
ғана мысалы – Күлтегін ескерткіші. Бесінші, ұлттық тарихты таразылау
идеясы (саяси қуғын-сүргін құрбандарына тағзым ету, Желтоқсан
көтерілісіне шынайы баға беру т.б.). Алтыншы, ұлттық сезімді асқақтату
идеясы, оның кейінгі мысалы, Әнұранды тыңдағанда қолды жүрекке қойып тұруың
мен қазақпын деген әрбір адамды толқытып, көзіңе жас алғызатындығы.
Идеология туралы пікірталас қазіргі кезеңге дейін толастамай отыр. Бірақ
соған қарамастан идеологияның қоғамдағы рөлін ешкім де жоққа шығара
алмайды. Сондықтан да біз идеология дегеніміз қоғамдағы саяси күштерді
немесе жалпы ұлтты белгілі бір саяси-экономикалық, рухани мәселелерді
жұмылдыратын, тұлғаның іс-әрекет және ойлау жүйесіне әсер ететін идеялар
жүйесі деп есептейміз.
Идеология үшін ең басты, ең қажетті нәрсе - түпкі мақсат. Мақсаты,
түпкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Моноұлттық мемлекет құру
М. Қозыбаевтың Өркениет және ұлт еңбегіне аннотация
Патриотизм- қасиетті ұғым
Жаһандану үрдісінің Қазақстанда ұлттық идея қалыптасуына ықпалы
Қазақ спортының дамуындағы ұлттық патриотизм идеясы
Қазақстандағы ұлттық идеологияның негізгі мәселелері
Философиядағы сана мәселесі
Дін ең көне қоғамдық форма ретінде
Әлеуметтік философиядағы қазақ ұлттық менталитетке көзқарасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі
Пәндер