Этнопедагогика пәнінің даму жолдары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ . ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Этнопедагогика туралы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Этнопедагогика . ұлттық мәдениеттің негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3. Қазақ этнопедагогикасы жөніндегі ғылыми көзқарастар ... ... ... ... ... ... ..12
1.4. Этнопедагогика тағлымы . қол өнер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13

ІІ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ЭТНОПЕДАГОГИКА
ТАҒЛЫМДАРЫН ҚОЛДАНУ
2.1. Бала тәрбиесіндегі этнопедагогикалық ұстанымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Бейнелеу өнерінде этнопедагогика тағлымдарын қолданудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3. Бастауыш мектептің әр сыныбына арнап, ою элементтерімен таныстыру
сабағының үлгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ТІРКЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
КІРІСПЕ
Біздің еліміз тәуелсіздік алып, өз алдына шаңырақ көтеруі, экономиканың, оқу-білімнің, мәдениеттің, әдебиеттің, өнердің және тағы басқа салалардың өсіп-өркендеуіне жол ашты. Қашанда болсын ілгерілеуге апаратын жол сапалы білімге әкеп тірелуі шартты құбылыс. Мемлекетіміздің болашағы жас ұрпақтың бойындағы ізденгіштік қасиеттерін диагностикалау негізінде дамыту, одан әрі жетілдіру, бағыт сілтеу - өзекті міндет болып табылады. Сол үшін балалардың қабілетіне, іздемпаздығына, өнер-білімге деген істер бастар жолға аса мән беріледі. Қоғам дамуына, келешек өмірімізге дарынды балалардың тигізер пайдасы өте зор екенін қазірден білуміз қажетті шарт болып табылады.
Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы ғылым мен техникалық прогреске байланысты ерекшеліктердің бірі – еңбектің шығармашылық сипат алуы. Осыған орай, біздің мектептеріміздің бүгінгі таңда алда тұрған ең маңызды міндеттерінің бірі – балаларды жас шағынан бастап, өз беттерінше ойлау, халқымыздың асыл мұрасын бойдарына сіңіру, игеру, танып білу болып табылады. Біздің бүгінгі кезеңнің міндеттерінің бірі келер ұрпақтың алдында орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әжелер мен аналар, аталар мен әкелер, өз балалары мен немерелерінің алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіс. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс болашақта, олар біздің жасқа жеткенде қандай күйде көргіміз келеді? Олар әл-ауқатты өмір сүре ала ма, тоғайған, дендері сау, әрі білімді, білікті бола ма? Олар жақсы, әрі озат қоғамда өмір сүре ала ма? Айта берсек олардың өмірі үшін сауалды сұрақтар өте көп. Біз осынау қарапайым, бірақ маңызды сұрақтарға бүгінгі күннің өзінде жауап беруіміз керек. Келешекте мақтан ете алар Қазақстанды құру жөніндегі үмітіміз бен арманымызды іске асыру үшін қажетті осынау орасан зор жұмыстарды өзге ешкім де емес, біздің өзіміз ғана игере аламыз. [10;5]
Сол үшін болашақ ұрпаққа саналы да, сапалы білім берумен қоса, халқымыздың ертеден келе жатқан мәдениетін, дәстүрі мен тәлім-тәрбиесін, этнопедагогикасын ерте шақтан бастап түсіндіріп, мәлімет беріп, бойларына сіңіре берулеріміз алғы шарт. Осыған орай «Қазақстан Республикасының білім туралы» Заңы білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды, ізгі игіліктерді реттейді. Осы алдағы мемлекеттік сясаттың негізгі принциптерін белгілейді және Қазақстан Республикасы азаматтарының жан-жақты да, сапалы білім алуға конституциялық кұқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
«Егер қандай да бір мемлекет өзінің азаматтарын сурет салуға жазуды және оқытуды үйреткендей үйретсе, ол мемлекет — дүние жүзі бойынша техникада, ғылымда және өнерде бірінші орын алады» - деп жазған Дени Дидроның ілімі көкейкесті екені анық.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру мен тәрбиелеу әрбір ұстаздың міндеті. Қазіргі таңда жас ұрпақты қыр-сырынан тани білу, халқымыздың мәдениетін, тарихын, халықтық тағлымдарын бойларына сіңіру ізгі істерді бастар жолда аса мән берідеді. Біздің мәселеміз бойынша Отандық ғалымдарымыз Т.К.Самұратова, Г.Габбасов, М.Мұқанов, В.С.Кузин, Г.А.Мамықова және т.б. еңбектерінен көруге болады. Бала психикасының әр жаста әр алуан болып келуі әлеуметік ортаның недәуір ықпалы бар. Қазақ балаларының ертерек ес тоқтатып, етек жабуына сол кездегі ұлттық психология мен педагогиканың әсері болса керек. Қазақ халқының ұлттық психологиясы баланың жас кезеңдерін еспке ала отырып, оған көп мән беріп отырған. Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз балалардың бойына ұлттық педагогика тағлымдарын алғашқы күннен бастап оқыту, үйрету, тәрбиелеу және даму үрдісімен толық ұштастыра жүргізуде, өз өрендеріне дүниенің алуан түрлі қыр-сырын ашып береді. Соған орай курстық жұмысымызда мынандай мақсатты көздеп отырмыз:
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерінде этнопедагогика тағлымдарын қолданудың тиімді жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі:
Бейнелеу өнері сабағындағы бастауыш мектеп оқушылары, мұғалімдері және олардың бірлесе атқаратын іс-әрекеттері.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні:
Бейнелеу өнері үрдісі.
Курстық жұмыстың болжамы:
Бейнелеу өнері үрдісінде мұғалім этнопедагогика тағлымдарын жүйелі түрде қолданса, төмендегі жетістіктерге жетуге болады.
1) Оқушылардың тұлғалық қасиеті дамиды.
2) Ақыл-ойы кеңейеді.
3) Өз бетімен еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ашу, талпыну қабілеттері дамиды.
4) Белгілі бір іс-әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуі, шығармашылық тапқырлығы үстей береді.
5) Ұлттың ұстанатын тәлім-тәрбиелік нормаларын игереді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Этнопедагогикаға байланысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттермен танысу.
Этнопедагогика ұғымына анықтама бере отырып, оның ерекшелігі мен мүмкіндіктерін анықтау.
Оқушылардың бойында халықтық педагогика тағлымдарын игерту жолын әдісін анықтап, озат мұғалімдердің жұмыстарымен танысу.
Курстық жұмыстың әдістері:
1. Педагогикалық және психологиялық, өнер әдебиеттерін талдау.
2. Мектеп мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерімен танысып, зерттеу, байқау.
3. Әр түрлі әдістерді қолдану.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Баймұратова Б. Дүкенбаева Г. Балабақшада оқыту мен тәрбиелеу бағдарламасы бойынша әдістемелік нұсқау. - Алматы: Рауан - 1992.
2. Байқуатова О. Жолтаева Г. Ұлттық танымға жетудің машықтық тәсілдері // Бастауыш мектеп. - 1992. - 10 - 11.
3. Бөлеев Қ. Терең тәрбие тамыры // Қазақстан мектебі. - 1996. - 6.
4. Волков В.Н. Этнопедагогика. - Москва. - 1974. - 221.
5. Жарықпаев Қ. Жалпы психология. - Алматы: Рауан. - 1992.
6. Косминская Б. Васильева Б. Балабақшадағы бейнелеу іс-әрекетінің теориясы мен методикасы. - Алматы: Мектеп. - 1983.
7. Кузин В.С. Методика ІІреподования изобразительного исскуства в 1-2 классах. - Москва: Просвещеие. - 1979.
8. Қазақ совет энциклопедиясы. 4 том. - 459.
9. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. - Алматы: Рауан. - 1995.
10. Назарбаев Н. 2030 бағдарламасы. - Алматы: Дәуір. - 2001.
11. Нүсіпбекова Н. Бейнелеу өнері. - Алматы: Арума: - 2002.
12. Омарқұлова Қ. Бейнелеу өнерін шығармашылықпен оқытудың проблемасы. // Бастауыш мектеп. - 2006. -8-9.
13. Өмірбекова М. Төленбаев С. Қазақтың ою-өрнектері. - Қазақстан: Қанағат. - 1993.
14. Сакулина Н.П, Комарова Г.С. Балалар бақшасындағы бейнелеу жұмысы. - Мектеп: Баспа. - 1978.
15. Төленбаев С. Ою-өрнектердің жасалу жолдары. - Қазақстан: Қанағат. 1995.
16. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы - ұлттық мәдениеттің негізі // Қазақстан мектебі. - 1999. - 10.
17. Байқуатова О. Жолтаева Г . Ұлттық танымға жетудің машықтық тәсілдері // Бастауыш мектеп. - 1992. -10-11.
18. Бөлеев Қ. Терең тәрбие тамыры // Қазақстан мектебі. - 1996.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

Этнопедагогика пәнінің даму жолдары

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Этнопедагогика туралы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Этнопедагогика – ұлттық мәдениеттің негізі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3. Қазақ этнопедагогикасы жөніндегі ғылыми көзқарастар
... ... ... ... ... ... ..12
1.4. Этнопедагогика тағлымы – қол өнер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

ІІ. БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ЭТНОПЕДАГОГИКА
ТАҒЛЫМДАРЫН ҚОЛДАНУ
2.1. Бала тәрбиесіндегі этнопедагогикалық ұстанымдар
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 6
2.2. Бейнелеу өнерінде этнопедагогика тағлымдарын қолданудың
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .19
2.3. Бастауыш мектептің әр сыныбына арнап, ою элементтерімен таныстыру
сабағының үлгілері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 23

ТІРКЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..29

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31

КІРІСПЕ
Біздің еліміз тәуелсіздік алып, өз алдына шаңырақ көтеруі,
экономиканың, оқу-білімнің, мәдениеттің, әдебиеттің, өнердің және тағы
басқа салалардың өсіп-өркендеуіне жол ашты. Қашанда болсын ілгерілеуге
апаратын жол сапалы білімге әкеп тірелуі шартты құбылыс. Мемлекетіміздің
болашағы жас ұрпақтың бойындағы ізденгіштік қасиеттерін диагностикалау
негізінде дамыту, одан әрі жетілдіру, бағыт сілтеу - өзекті міндет болып
табылады. Сол үшін балалардың қабілетіне, іздемпаздығына, өнер-білімге
деген істер бастар жолға аса мән беріледі. Қоғам дамуына, келешек
өмірімізге дарынды балалардың тигізер пайдасы өте зор екенін қазірден
білуміз қажетті шарт болып табылады.
Қазіргі кездегі қоғам дамуындағы ғылым мен техникалық прогреске
байланысты ерекшеліктердің бірі – еңбектің шығармашылық сипат алуы. Осыған
орай, біздің мектептеріміздің бүгінгі таңда алда тұрған ең маңызды
міндеттерінің бірі – балаларды жас шағынан бастап, өз беттерінше ойлау,
халқымыздың асыл мұрасын бойдарына сіңіру, игеру, танып білу болып
табылады. Біздің бүгінгі кезеңнің міндеттерінің бірі келер ұрпақтың алдында
орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын: әжелер мен аналар, аталар мен
әкелер, өз балалары мен немерелерінің алдындағы жауапкершілігін күнделікті
есте ұстауға тиіс. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді сонау алыс
болашақта, олар біздің жасқа жеткенде қандай күйде көргіміз келеді? Олар әл-
ауқатты өмір сүре ала ма, тоғайған, дендері сау, әрі білімді, білікті бола
ма? Олар жақсы, әрі озат қоғамда өмір сүре ала ма? Айта берсек олардың
өмірі үшін сауалды сұрақтар өте көп. Біз осынау қарапайым, бірақ маңызды
сұрақтарға бүгінгі күннің өзінде жауап беруіміз керек. Келешекте мақтан ете
алар Қазақстанды құру жөніндегі үмітіміз бен арманымызды іске асыру үшін
қажетті осынау орасан зор жұмыстарды өзге ешкім де емес, біздің өзіміз ғана
игере аламыз. [10;5]
Сол үшін болашақ ұрпаққа саналы да, сапалы білім берумен қоса,
халқымыздың ертеден келе жатқан мәдениетін, дәстүрі мен тәлім-тәрбиесін,
этнопедагогикасын ерте шақтан бастап түсіндіріп, мәлімет беріп, бойларына
сіңіре берулеріміз алғы шарт. Осыған орай Қазақстан Республикасының білім
туралы Заңы білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды, ізгі игіліктерді
реттейді. Осы алдағы мемлекеттік сясаттың негізгі принциптерін белгілейді
және Қазақстан Республикасы азаматтарының жан-жақты да, сапалы білім алуға
конституциялық кұқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Егер қандай да бір мемлекет өзінің азаматтарын сурет салуға жазуды
және оқытуды үйреткендей үйретсе, ол мемлекет — дүние жүзі бойынша
техникада, ғылымда және өнерде бірінші орын алады - деп жазған Дени
Дидроның ілімі көкейкесті екені анық.
Бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру мен тәрбиелеу әрбір
ұстаздың міндеті. Қазіргі таңда жас ұрпақты қыр-сырынан
тани білу, халқымыздың мәдениетін, тарихын, халықтық тағлымдарын бойларына
сіңіру ізгі істерді бастар жолда аса мән берідеді. Біздің мәселеміз бойынша
Отандық ғалымдарымыз Т.К.Самұратова, Г.Габбасов, М.Мұқанов, В.С.Кузин,
Г.А.Мамықова және т.б. еңбектерінен көруге болады. Бала психикасының әр
жаста әр алуан болып келуі әлеуметік ортаның недәуір ықпалы бар. Қазақ
балаларының ертерек ес тоқтатып, етек жабуына сол кездегі ұлттық
психология мен педагогиканың әсері болса керек. Қазақ халқының ұлттық
психологиясы баланың жас кезеңдерін еспке ала отырып, оған көп мән беріп
отырған. Осы үмітті ойдағыдай ақтау үшін, біздің мектептеріміз балалардың
бойына ұлттық педагогика тағлымдарын алғашқы күннен бастап оқыту, үйрету,
тәрбиелеу және даму үрдісімен толық ұштастыра жүргізуде, өз өрендеріне
дүниенің алуан түрлі қыр-сырын ашып береді. Соған орай курстық жұмысымызда
мынандай мақсатты көздеп отырмыз:
Бастауыш сыныптарда бейнелеу өнерінде этнопедагогика тағлымдарын
қолданудың тиімді жолдарын анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі:
Бейнелеу өнері сабағындағы бастауыш мектеп оқушылары, мұғалімдері және
олардың бірлесе атқаратын іс-әрекеттері.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні:
Бейнелеу өнері үрдісі.
Курстық жұмыстың болжамы:
Бейнелеу өнері үрдісінде мұғалім этнопедагогика тағлымдарын жүйелі түрде
қолданса, төмендегі жетістіктерге жетуге болады.
1) Оқушылардың тұлғалық қасиеті дамиды.
2) Ақыл-ойы кеңейеді.
3) Өз бетімен еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ашу, талпыну қабілеттері
дамиды.
4) Белгілі бір іс-әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуі, шығармашылық
тапқырлығы үстей береді.
5) Ұлттың ұстанатын тәлім-тәрбиелік нормаларын игереді.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Этнопедагогикаға байланысты педагогикалық, психологиялық, әдістемелік
әдебиеттермен танысу.
Этнопедагогика ұғымына анықтама бере отырып, оның ерекшелігі мен
мүмкіндіктерін анықтау.
Оқушылардың бойында халықтық педагогика тағлымдарын игерту жолын
әдісін анықтап, озат мұғалімдердің жұмыстарымен танысу.
Курстық жұмыстың әдістері:
1. Педагогикалық және психологиялық, өнер әдебиеттерін талдау.
2. Мектеп мұғалімдерінің озық іс-тәжірибелерімен танысып, зерттеу,
байқау.
3. Әр түрлі әдістерді қолдану.

I. ЭТНОПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1.1. Этнопедагогика туралы жалпы ұғым
Этнопедагогика – халық тәжірбиесінің өмірдегі қолданысын көрсететін
ғылым. Сондықтан тәлім-тәжірбиелік іс-әрекетке қоғам мүшелерінің қатысу
ауқымын байқап, бағамдап, олардың сол тәжірбиелік іс-әрекет сапасын
толықтырып отыру қажет болады.
Ақыл мен дарыннан туған ауыз әдебиеті мен ұлттық тәжірибелерден
қалыптасқан салт-дәстүрлерді халық педагогикасы дейміз. Ұлы Аристотель
тәлім-тәрбиенің негізі – халық тәжірибесінде деп көрсеткен еді. Әлемнің
екінші ұстазы Әл-Фараби халықтық тәжірбиеден туындаған тәрбие ісінде аса
қаталдық пен бостандыққа қарсы қамқорлық тәсілді қолдануды ұсынып, халық
педагогикасындағы тәрбие мәселесінде тәлімді тәсілдерін енгізген.
Халық педагогикасы – халықтың өзі жасаған тәрбиелік, дүниетанымдық
асыл мұра. Халық педагогикасының мазмұны мен мәні, тәрбиелік ерекшеліктері
туралы кезінде ұлы педагогтар К.Д.Ушинский, Ы. Алтынсарин ашып айтқан
болатын. [4;27]
Этнопедагогика ұғымын тұңғыш рет ғылымға енгізген чуваш ғалымы Г.Н.
Волков болды. Оның анықтамасы: Этнопедагогика – халықтың жасөспірімді
тәрбиелеу тәжірибесі, олардың педагогикалық көзқарастары, тұрмыс, отбасы,
ру, тайпа, ұлт педагогикасы туралы ғылым. Этнопедагогика педагогика тарихы
жайында қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді. [5;25]
Этнопедагогика ұғымына қазақ ғалым-педагогтары былайша анықтама
берген:
Қ.Жарықбаев: Этнопедагогика - әрбір этностың оқыту және тәрбиелеу
туралы ғылымы.
С.Қалиев: Этнопедагогика – халықтық педагогиканы зерттейтін ғлымның
саласы.
Сағындықов: Этнопедагогика – ұлт тәрбиесінің құрамдас бөлімдерін
нақтылы материалдармен қамтамасыз етіп, жабдықтап отыратын базасы, нәр
алатын қайнар көзі.
А.Егізбаев: Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның
тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық ғылымның саласы.
Осы айтылған анықтамалар этнопедагогиканың негізі, түпкілікті
мақсаты мен ерекшеліктерін ашып көрсетеді. [16;51]
Халық педагогикасы мен ұлттық педагогикалық ойлардан құралған қазақ
этнопедагогикасы – жүйеленіп, қалыптасқан ғылым. Ол ұлттық мәдениеттің
негізі болып табылады. Этнопедагогика – ұрпақ тәрбиелеудің ұлттық жолдарын,
мәдениеттің ұлттық негіздерін үйрететін ғылым.
Энопедагогика ғасырлар бойы халық тәжірбиесімен қалыптасқан қазақтың
этнопедагогикасының бір ерекшелігі – ол іс-әрекет пен ой даналығының
нәтижесінде тұжырымдалған халықтық ғылым екендігінде. Жалпы педагогика
сияқты этнопедагогика да барлық пәндермен байланысты.
Ал, ғылыми жағынан байыптасақ, халық педагогикасының байланыспайтын пәні
жоқ. Сондықтан оқытушы этнопедагогикалық материялды баяндау кезінде
тыңдаушы курстың кәсіптік пәніне байланысты этнопедагогикалық материялды
қызықты мысалдармеп баиланыстыра білуге тиіс.
Этнопедагогиканың ай қораланса, аяғыңды сайла, күн қораланса
күрегіңді сайла деген жағрафияға, астрономияға байланысты; кіндік шеше
таңдау сияқты физикаға байланысты, жылқы жеті тегіне тартып туады деген
сияқты генетикаға байланыстылығы сияқты алтын арқауды айқындап көрсету
оқытушының білімдарлығы мен жауапкершілігіне байланысты. Міне, осындай
ғылыми негіздер мен тәжірбиелік тұжырымдар этнопедагогиканың
ерекшелікітерін айқындайды.
Этнопедагогика халықтық мүдделердің, ой-мақсаттардың іс-әрекетпен
ұштасып, ұзақ тәжірибелердің тұжырымдалған көрінісі болып табылады. Сол
халықтың ой-тұжырымдарын өмірде қолдану нәтижесінде дәстүрлер, рәміздер,
салт-сана пайда болды.
Этнопедагогикилық ұстанымдар қолданылмалы пән екендігін және ол
халықтық ғылым екендігін дәлелдеу тәсілдері: халықтық тұжырымдарды
айқындау, олардың өмірдегі қолданылуына мысылдар келтіру, этнопедагогиканың
қолданылмалылығын дәлелдейтін тұжырымдар жасап, ғылыми ой қорыту. [7;39]
Этнопедагогиканың қолданылмалы пән екендігін дәлелдеу үшін, атадан
балаға ауысып, дамыта қолданысқа ие болған әдептілік дәстүрлерінен мысалдар
келтіріп, ол мысалдардың қазіргі және болашақ өмірдегі ауқымдылығы мен
мазмұн-мәнін көз жіберу ғылыми айқындауларды талап етеді. Мысалы: әулеттік
кәсіптік мұра туралы этнопедагогикалық тұжырымдар осы заманға кәсіптік
мұрагерлік пен болашақтағы мұрагерлік қажеттілікпен байланыстырылып,
нарықтық үнем, өркениеттік өрлеу, болашақ ұрпақ мүдделерін жан-жақты
зерттеліп, зерделі пікірмен дәлелденуі тиіс. Ол үшін оқытушы экономикалық,
философиялық, политологиялық материалдарды терең зерттей білуге міндетті.

1.2. Этнопедагогика – ұлттық мәдениеттің негізі
Біз – арымыз берік, саналы салтымыз шыңдалған халықпыз. Міне, бүгін
таңда қайырымдылық, мейірімділік, өнерпаздық, шешендік, ақындық,
салауаттлық, имандылык, тәлімгерлік сияқты ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық
қасиеттерімізді жоғары бағалауға құқықты болып, барымызды байытып,
өркениетті елге өрлей бастадық.
Дана халқымыз иманды, еңбекқор, білімді ұрпақ өсіру үшін ауыз
әдебйетінің алуан түрлі асылдарын жасады, салт—дәстүрлерін қалыптастырды,
дарынды данышпандар ұлттық тәрбиенің қүдіретті құралдарын өрнекті өткір
тілмен келешекке жазбаша түрде мұра етіп қалдырды, халық даналары ол асыл
мұраларды ардақтап, жалғастырып келеді.
Марко Поло тамсанған, Янушкевич таң қалған, Даль іздеген, Радлов
жоғары бағалаған иманды халқымыздың өнері мен ауыз әдебиеті, салт-
дәстүрлері халық педагогикасының қуатты құралы екендігін айғақтайды. Халық
педагогикасының ауыз әдебиеті саласы бала тәрбиесі тіл үйретуден бастап,
тіл мәдениетіне бейімдеуді көздейді, сан тақпақ, өнеге сөз, мақал-мәтел
үйретеді. Мұны халық тілашар дәстүрі дейді. Нәрестелік, бөбектік,
балдырғандық жас ерекшеліктеріне сәйкес қазақ халқы баланың бес жасқа
дейінгі дами қалыптасуына ауыз әдебиетін, ұлттық дәстүрлерді кеңінен
пайдаланған. [9;35]
Халқымыз ұлды да, қызды да бастан-ақ әдептілікке, адамгершілкке
тәрбиелей отырып, көкке көтерген. Бұған әлімсақтап бері ұрпақтан - ұрпаққа
ауысып келе жатқан тәлім–тәрбие негіздері дәлел. Мысалы, қадірлі ақын-
жыраулар Асан қайғы, Қазтуған, Ақтанберді, Бұқар жыраулар, Майлықожа би,
Әсет, Тұрмағамбет ақындар және басқалардың қайсысында да ел ішінде қең
тарған шығармалары мен тәрбие көздері осы күнге дейін өз қасиеттерін
жоймаған еді. Анау заманнан ақ халықтың тәртіпке шақыратын, адам құқығын
қорғайтын, тәрбиелейтін әдептер мен ережелерді халқымыз бұлжытпай орындап
отырған болатын.
Қазіргі кезде ұлттық тәрбиенің мәні зор іс-шараларды барлық
мектептерде жиі ұйымдастырылатын болса, әрбір жас жеткіншектің санасына өз
ұлтына, жеріне деген сүйіспеншілік сезімін терең орнату керек.
Ауыз әдебиеті жаңылтпаштар арқылы тіл ширатуды, санамақтар арқылы
сан үйретуді, жұмбақтар арқылы ой дамытуды, мазақтамалар арқылы намыс
оятуды, мақал-мәтелдер арқылы адамгершілікке баулуды, батырлық жырлары
арқылы ерлікке, Отан сүйгіштікке тәрбиелеуді, тұрмыс-салт жырлары арқылы
дүние танытып, еңбекке баулуды, терме-жырлар арқылы бірлікке, достыққа
тәрбиелеуді, айтыс өнері арқылы өнерге тәрбиелеуді, ойын өлеңдері
арқылы дене тәрбиесін беріп, әсемдікке қызықтыруды, өтірік
өлеңдер арқылы баланың қиялын дамытуды, ертегілер арқылы алуан түрлі тәрбие
беруді, аңыз әңгімелер арқылы болашаққа сенуді, өткеннен үлгі-өнеге алуды
үйретіп, тәрбиелік мақсаттарын орындайды.
Халық педагогикасының екінші саласы – ұлттық салт-сана. Ол әдет,
әдет-ғұрып, әдеп, дәстүр, салт, салт-дәстүр, салт-сана болып қалыптасқан.
Жақсы әдеттен әдет-ғұрып қалыптасады, ол ұлттық әдеп сияқты мәдениеттілік
нышанын қалыптастырған. Әдет, әдет-ғұрып, әдеп – ұлттық мәдениеттің мәдени
негізі болып табылады. [14;26]
Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, ұлттық
мәдениетті дамыту үшін басқа ұлттардың да мәдениетін санаға сіңіре білу
керек екендігін уағыздады. Ахмет Байтұрсынұлы ұлттық мәдениетті дамыту үшін
ұлттық ғылымды жасауды қолға алып, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының
негізін қалады, халық педагогикасының бір саласы – ауыз әдебитін жинап
баспадан шығарды. Қазақ журналистикасы ғылымының қайнар бастауының көзін
ашты. Мағжан Жұмабаев қазақ педагогикасын жазып, оны жалпы педагогикамен
байланыстыра білді. Жүсіпбек Аймауытов ұлттық психалогияны жалпы
психалогиямен байланыстырып, ұлттық психалогиялық терминдерді
тұғырландырды. Ұлттық мәдениетіміздің болмысын көрсетіп, ұлттық тәрбиенің
негізі болып отырған қазақ этнопедагогикасын ғылым ретінде жүйелеуге
қазіргі кездегі профессорларымыз Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Наурызбаев,
т. б. ғалымдар өз үлестерін қосып келеді. Ондаған диссертациялық еңбектер
бұл ғылымның толысып жүйеленіп, қалыптасуына себепші болды.
Этнопедагогикадағы ұлттық мәдениетті білдіретін әдеп, әдептілік,
иман, имандылық, инабаттылык, бәрі – этика. Әдеп – этнопедагогикаға
сәулесін түсіріп тұрған ғылым. Этнопедагогиканың негізі - әдепте.
Этнопедагогика қисынға құрылған ғылым, барлық пәндермен ғылыми жағынан
тығыз байланысты, сондықтан мұны білім беру мен тәрбие ісінде кез келген
пәнмен байланыстыстырып, қолдануға болады.
Қазақ этнопедагогикасы – ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени
үрдістерін жас ұрпаққа үйретіп, жасамыс ұрпаққа зерттеп, ата-бабаларымыздың
мәдени өнегелерін зерлетіп, ұлттық мәдениетімізді өркендетуге арқау болатын
асыл ғылым. Қазір қазақ этнопедагогикасын бастауыш мектеп, орта мектеп,
жоғарғы мектепке лайықты жүйелеп, оны қолданылмалы тәсілмен оқыту ісі
біздің ұлттық дәстүріміз болып қалыптасуда.
Ұлттық мәдениетімізді ұрпағымыздың санасына сіңіріп, салауатты
азаматтарды тәрбиелеген кемелді ел болып, өркениетімізді өрде көрсетуіміз
үшін қазақ этнопедагогикасын арымызбен ардақтап, аса жауапкершілікпен оқыту
– ұлтжанды, ұлағатты ұстаздардың аялайтын ары, абройлы ісі.

1.3. Қазақ этнопедагогикасы жөніндегі А.Құнанбаевтің көзқарастары
Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтің ең алғаш нәр алған
бастау бұлағы, бірінші - қазақтың бай қазынасы - ауыз әдебиетінің асыл
үлгілері болса, екінші - Физули, Фердауси, Низами, Науай, Сағди, Қожа Хафиз
сияқты орыстың Пушкин, Лермонтов, Толостой, Крылов, батыстың Гете, Байрон,
Шекспир, ІІІиллер сияқты классик жазушыларының әдеби мұраларынан үлгі -
өнеге алады.
Абай қазақпен Шығыс әдебиетінің асыл үлгілерін өзінің әжесі 3ереден,
халық ақындары Шөже, Байкөкше, Балталардан естіп, жадында сақтап өссе,
қазақтың шешендік сөздерін әкесі Құнанбайдың, аталары: Өскенбайдың,
Кеңгірбайдың өсиет-үлгі сөздерінен үйреніп ер жетті. Ақындардың терме-
толғаулары мен қисса-дастандары, билердің шешендік өнері жас Абайдың сөз
өнерінің бүге-шегесін жетік білуіне септігін тигізді. Ол сол естіген
білгендерін өзінің өлең-жырларында айға отырып, жас ұрпақты-тәрбелеу
жолдарын көздеді. Сол мәдениетіміз бен тарихымызды, өнерімізді таныта
отырып, тәрбиелеуді ұсынған.
Шығыс әдебиетін еркін оқып меңгерген жас ақын Абай осы елдердің салт-
дәстүрлерін, тіршілік-тынысын, ерлік ісін өз шығармасының тақырыптық арқауы
етті.
Абай Құнанбаев ұлттық мәдениетті дамыту үшін басқа ұлттардың
мәдениетін санаға сіңіре білу керек екендігін уағыздады. Ол: Ұлттық
мәдениетті дамыту үшін ұлттық тағлымды жасауды қолға алу, ауыз әдебиетімен
нәрландіру, мәдени бастаулардың ірге негізін салу - деді.
Халық педагогикасының негізгі бір саласы – ауыз әдебиеті – мыңдаған
жылдарда ауыздан-ауызға көшіп, халықтың рухани игілігіне айналған, ал
халықтың салт-дәстүрі мен ұлттық тәрбие туралы оилаған тарихи
этнопедагогика ғылымының негізгі жүйелері деп айтты. [3; 45]

1.4. Қазақтың қолөнері
Қолөнердегі қолданбалы өнер - дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарды
жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи
шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем
компазиция шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-
жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының
материялдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеументтік қоғамдық
жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрнісі.
Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал
шаруашылығына керекті желі, жүген, қырық, шылбыр, ноқта, бұршақ, бұғалық,
тұсау, өре, шідер, кісен, қада, ер-тұмандар жасаумен шұғылданды. Олар
құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен
аң терісінен, ағаштан әшекеиленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз,
сыбызғы, шаңқобыз сияқы музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза,
қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының
колөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау,
кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина,
сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды.
Қол өнердің ішінде ою-өрмек өнері қазақ халқында ертеден-ақ өнердің
барлық түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, оның
материалдық және рухани игіліне айналып келеді. Қазіргі кезде
халқымыздың мәдени асыл қазынасының өзекті бір саласына айналған ою-өрнек
қайта түлеп, бай мазмұнға, жаңа түрге ие бола түсуде.
Халқымыздың мәдени-тұрмыс дәрежесінің, дүниеге көзқарасының ойлау,
ұғыну және шығармашылық қабілетінің дамуы халық шеберлерінің шығармашылық
ізденістерін шыңдай түсуде.
Жаңадан көркем-кәсіпшілік орындары ашылып, олардың заттары сәнді
болуы үшін ою-өрнектермеп безендіруде.
Ою-өрнек үлгілерін жасаушылар оилап тапқан сюжетінің сыр-сипатын
өзінше танып, оның дәлме-дәлдігінен гөрі көркемдігіне баса назар аударды.
Сондықтан қазіргі ою-өрнектерден композициялық жағынан
нақты, әрі мейлінше жетілдірілген түрлерін жиі кездестіреміз. Ою-өрнек
қазақ даласында әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз
тектес болып, қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу,
құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиһаздарын, құрал-саймандарды, кигіз
үйлерді, құрылыстарды, зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, терме,
алаша, қоржын, ыдыс-аяқтарды, киім-кешектерді ою-өрнектермен әшекейлеп,
безендіріп отырған, оны Ахмет Яссауй, Қарахан, Айшабйбі т.б.
мавзолейлерінен көруге болады.
Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары өте көп. Ғалымдар
әзірше 200-дей түрін ғана анықтады. Ою-өрнектер халықтың ою-
өрнектерінің төркіні деуге болады. Өйткені барлық жаңа буындар осының
негізінде жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған. Мысалы: қошқар, арқар
мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйз, қос мүйіз, түйе табан, сыңар өкше, қос алқа,
қаз табан және т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтерден ою-
өрнектерден композиция жасалады. Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен
аңшылықты, жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр
түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғартады және бәрінде де мүйіз оюы үнемі
араласып отырады. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста
колданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, ең
көп түрі және әр түрлі мәнер жасауда жиі қолданылуда. Ғалымдардың
анықтауынша ол ежелгі өрнек, сондықтан онда көбінесе мал шаруашылығы мен
көшпенді өмір салтын бейнелеген.
Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыс-тірішілікте, өз дәуіріндегі заман
ағымына қарай лайықтап отырған болатын. Мысалы: халқымыздың көне бұйымдары
мен ыдыстарындағы ою-өрнектер сәнділігімен қатар, сол бұйымдардың жеңіл,
әрі берік болуы жағынан қарастырылған.
Оның үстіне әрбір жануар мен заттың өз бойындағы қасиеттеріне қарай
тақырыптық мағанасы, композициясы, симметриясы мен ассимеириясы, колориті
мен ритмі, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні де байқалады.
Композиция дегеніміз – латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп
орналастыру деген сөз. Мысалы: ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен
де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табуы керек.
Өрнек үшін симметрияиың маңызы өте зор. Ою-өрнектердегі бояу
түрлерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым табуы колорит деп аталады. Колорит
көп бояулы ою-өрнектерде жиі кездеседі.
Ою-өрнектерде бір элементтің қайталанып отыруы ритм – ырғақ деп
аталады. Мысалы: қошқар мүйіздің қайталанып отыруы.

ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ
САБАҒЫНДА ЭТНОІІЕДАГОГИКА ТАҒЛЫМДАРЫН ҚОЛДАНУ

2.1. Бала тәрбиесіндегі этнопедагогикалық ұстанымдар.
Халық тәрбиесі – адамгершіліктің негізін қалайтын, оны негізгі
қасиеті ретінде қалыптастыратын, өзіндік орны бар тәрбие бастауы екені
баршаға аян. Халқымыз адамгершілік-ізгілік қасиеттерді басқа да адам
баласына тән қасиеттермен ұштастыра білген. Оның ішінде әлемді сезіну,
сұлулыққа сүйсіну сияқты эстетикалық талғам мен тәрбиені іске асыру
халықтық педагогиканың негізгі буыны болып саналады. Сондықтанда қазіргі
кезде білім беру ісінде, жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіріп, танымдық іс-
әрекеті мен ой-санасын дамытып, қалыптастыруда білім берудің ұлттық,
педагогикалық, психолгиялық негізін айқындау – басты мәселе болып табылады.
Қазіргі кезде көптеген ата-аналардың бала тәрбиелеуде проблемалары
болып жатқанын көреміз. Баласының бос уақыты болса, бар көңілі компьютерлік
ойындарға ауып, ойынның ішіне түңіліп, одан баласын шығара алмай жүрген ата-
аналарды кездестіреміз. Әр түрлі зорлық-зомбылық туралы кинофильмдерді
көргенде жаның түршігеді. Сол үшін неге біздер қазірдің өзінен бастап бала
тәрбиесіне жеткілікті қарауды көздемейміз. Баланы туғаннан бастап, бала-
бақшада және мектеп табалдырығынан бастап болашақ азамат болғанға дейін
халқымыздың тәлім-тәрбиесін, этнопедагогика элементтерін тәрбие және оқыту
үрдісінде кеңінен қолданып, оны бойларына сіңіру қажет. Сондықтан да осы
міндетті іске асырарда тек тәрбие мен білім беру орындары ғана емес, ата-
аналарды, қоғамдық орындарыды түгелдей жұмылтып атқарсақ ғана, жемісін
беретіні сөзсіз.
Бастауыш мектептерде, тіпті балабақшада халқымыздың өнер тағлымдарын
әрбір сабақатарда кеңінен қолдана отырып тәрбиелеу, эстетикалық сезімдерін
ояту, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ этнопедагогикасы және оның этнопедагогикалық білім беру жүйесіндегі негізгі мәні
Болашақ мұғалімдерді 12-жылдық мектеп оқушыларына ұлттық тәрбие беруге дайындау тұжырымдамасы
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Педагогика бойынша лекциялар
Мектепте халық педагогикасын пайдаланудың теориялық негіздері
Математика сабағында ұлттық мазмұндағы есептерді шешу
Пәндерді оқыту барысында студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
Болашақ педагог-психолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Пәндер