«Махмұд Қашқари» тіліндегі етістіктер



І. Кіріспе
1.1.М.шқаридың ғылымда алатын орны мен оның «Диуани лұғат ит.түрк» сөздігінің зерттелуі.
ІІ. Негізгі тарау.
2.1.«Махмұд Қашқари» тіліндегі етістіктердің қолданылуы.
2.2. «Диуани лұғат ит.түрк» сөздігінің қоғамдық өмір мен рухани дүниеде алатын өзіндік ерекшелігі
2.3. «Сөздікке» кірген материалдардың маңыздылығы мен құндылығы
2.4. «Диуани лұғат ит.түркте» қолданылған етістіктердің негізгі сипаты, қолданылу аясы өзіндік жекемен тармақтарындағы ерекшеліктер.
2.5. М. Қашқари қалдырған мұраның қазіргі түркітану ғылымында алатын орны.
ІІІ. Қорытынды.
Түркітануда салыстырмалы –тарихи зерттеуге негіз салған Махмұд Қашгари (толық аты-Махмұд ибн а-Хусейн ибн Махмұд) дедік. М.Қашқаридың қайда, қашан туғандағы және қайтыс болғаны туралы мәлімет жоқ. «Диуан лұғат-ит түрікті» зерттеушілер ал жөнінде әртүрлі болжам айтады. Сондай-ақ М. Қашқаридің сөздікті жасау тарихы да, қайда жазылғаны да белгісіз. О.Прицактың болжауында туып өзінің сөздігін жазуға 1072 жылы 25 қантарда кіріскен де, 1083 жылы 27 қазанда аяқтаған (314б). Диуаның түрлі әсерінен автордың өмірбаяны туралы кейбір деректерді анықтауға болады. М.Қашқари сөздікті жазуға кіріскені жасы бір шамалға келіп қалған екен, ол түркі тілдес тайпалар тұратын жерлерді ұзақ аралап, тіл материалдарын жинайды. Оған «Мен түріктер, трікмендер, оғуздар, чечендер, яғмалар, қырғыздардың қалаларын, ауылдарын және тайпаларын көп жылдар бойына аралап шықтым. Сөздер жинадым түрлі сөз қасиеттерін үйрендім, анықтадым»-дегені дәлел бола салады. «Сөздікте» тоғыз мыңнан артық сөз және сөз тіркесі берілген, ауыз әдебиетінен үзінділер келтіріп ру, тайпа жер атауларына түсініктер берілген.
1. М. Қашқари «Түрік сөздігі» Үш томдық Алматы «Хант баспасы» 1998, Т 3.
2. М.Қашқари «Түбі бір түркі тілі» «Диуани лұғат ит-түрк» Алматы «Ана тілі» 1993, (100-119б).
3. Ә. Қайдаров, М.Оразов «Түркітануға кіріспе» Алматы, «Қазақ университеті» 1992 (30-33)б.
4. Х. Сүйіншәлиев «Диуани лұға ат түрк» Алматы, 1986.
5. Томанов М. Түркі тілінің салыстармалы грамматикасы. Алматы, 1992.
6. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. А.Ысқақов 4т. Алматы «Ғылым» 1979.
7. М.Қашқари. Түрік сөздігі «Жәдігер »қоры Алматы, үштомдық Т2. Хант баспасы, 1997.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Кіріспе
1.1.М.шқаридың ғылымда алатын орны мен оның Диуани лұғат ит-
түрк сөздігінің зерттелуі.
ІІ. Негізгі тарау.
2.1.Махмұд Қашқари тіліндегі етістіктердің қолданылуы.
2.2. Диуани лұғат ит-түрк сөздігінің қоғамдық өмір мен рухани
дүниеде алатын өзіндік ерекшелігі
2.3. Сөздікке кірген материалдардың маңыздылығы мен құндылығы
2.4. Диуани лұғат ит-түркте қолданылған етістіктердің негізгі
сипаты, қолданылу аясы өзіндік жекемен тармақтарындағы
ерекшеліктер.
2.5. М. Қашқари қалдырған мұраның қазіргі түркітану ғылымында алатын
орны.
ІІІ. Қорытынды.

Түркітануда салыстырмалы –тарихи зерттеуге негіз салған Махмұд
Қашгари (толық аты-Махмұд ибн а-Хусейн ибн Махмұд) дедік. М.Қашқаридың
қайда, қашан туғандағы және қайтыс болғаны туралы мәлімет жоқ.
Диуан лұғат-ит түрікті зерттеушілер ал жөнінде әртүрлі болжам
айтады. Сондай-ақ М. Қашқаридің сөздікті жасау тарихы да, қайда
жазылғаны да белгісіз. О.Прицактың болжауында туып өзінің сөздігін
жазуға 1072 жылы 25 қантарда кіріскен де, 1083 жылы 27 қазанда
аяқтаған (314б). Диуаның түрлі әсерінен автордың өмірбаяны туралы
кейбір деректерді анықтауға болады. М.Қашқари сөздікті жазуға
кіріскені жасы бір шамалға келіп қалған екен, ол түркі тілдес
тайпалар тұратын жерлерді ұзақ аралап, тіл материалдарын
жинайды. Оған Мен түріктер, трікмендер, оғуздар, чечендер, яғмалар,
қырғыздардың қалаларын, ауылдарын және тайпаларын көп жылдар
бойына аралап шықтым. Сөздер жинадым түрлі сөз қасиеттерін
үйрендім, анықтадым-дегені дәлел бола салады. Сөздікте тоғыз
мыңнан артық сөз және сөз тіркесі берілген, ауыз әдебиетінен
үзінділер келтіріп ру, тайпа жер атауларына түсініктер берілген.
М.Қашқаридың Сөздігі біздің дәуірімізге қолжазба күйінде бір
ғана нұсқаға келіп жеткен. Оны Стамбул қаласындағы көне к
базарынан (1914-1915ж) ғалым Әли Әміри сатып алады да, тәртіпке
келтіру үшін Рифатқа (1876-1853жж) тапсырады. Рифат сөздіктің
жазба көшірмесін жасап, 1915 жылы Стамбулда І-ІІ толын, 1917 жылы ІІІ
томын бастырып шығарады. Бізге жткн, Диуан М. Қашқаридың өз
қолымен жазғаны емес, ол 1266 жылы 1-тамызда Мұхаммед ибн Абу-Баклер
ибн Абу-л-Фатих ас-Сали көшірген нұсқасы. Бұл қолжазба қазір Стамбул
Ұлттық кітапханасында сақтаушы Сөздікті Рифаттан кейін де бірнеше
рет басылып шықты. Кеңес Одағында М. Қашқаридың Сөздігі 1960,1961,
1963 жылдары өзбек тіліне С. Сұталлибовтың аудармасы 1981 жылдан
бастап ұйғыр тілінде Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданында бастырылды
Диуану түркіше-арабша сөздік болғанымен, автор сөздерді
түсіндіріп, оның мағынасын анықтау үстінде басқа түрді тайпалары
тілінде кездесетін мағыналық ауытқұлар мен дыбыстық өзгерістерді
салыстыра отырып, оларға шолу жасайды. Сондықтан да М. Қашқариды
түркітануда бірінші 5 алып салыстыру тәсілін қолданған ғылыми деп
айтуға толық құқымыз бар. Сөздіктен бір-екі мысал келтірейік
яғма, тухси, қыпшақ, ябаыз, татар, қайжумул және оғыздар,
әрқашан заңы сөз ішінде йа-ға айналдырады және ешқашан
(заль) мен атпайды. Сондықтан олардан басқалар қайың ағашын
қазің десе, бұл тайпадағылар дейді. (1т 68б).
сөзіне түсінік бере отырып, ол бұл сөз үш түрлі айтылады: яғма,
тухси, қыпшақтар, ұйғырлар эмат не эват дейді. Басқа
түріктер jмат дейді. (1т 85б).
Диуанидың авторы грамматикалық формалардың өзгеруіне
тоқталған. Мысалы, оғыздар уақыт және орын-жай атауларындағы ғу
қосымшасының орнына –асы қосымшасын қолданады. Яғни барғу деудің
орнына барасі дейді. Айта кету керек, М.Қашқари түркітануда
салыстармалы зерттеуге негіз жасаса да, салыстырмалы зерттеуше негіз
жасаса да, салыстырмалы-тарихи тәсімді толық қолдана алмаған:
түркі халықтарының тек тілі жағынан туыстығы, ұқсастығы болмаса,
ол олардың өзіне дейінгі тарихын, даму жолын талдамаған. ХІІІ-ХV
ғасырларда өмір сүріп, араб-парсы тілі белгілі негізде сөздіктер
мен грамматикалар жазған түркі тілін зерттеуші ғалымдар
еңбектерінде де аздыкөпті түркі тілінің материалдарын салыстырып
көрсету болған. әрине, бұл еңбектр салыстармалы-тарихи зерттеулердің
дамуына үлес қоса қоймағанмен түркітану тарихында өзіне тән
орын алады.
Диуанның тілін зерттеу, текстеріп жариялау сияқты
жұмыстармен көп ғалым айналысқан. Мысалы, К.Броккельман ондағы жеке
сөйлемдердің бәрін алфавит тәртібіне түсіріп, немісше аудармасымен
жарияласа, 1939-1941 жылдары түрік ғалымын Басым Аалай Диуанның
түп нұсқасын (1914) түрік Аталай аударып, 3 томдық өздік пен
бір томдық индексін Анкарада 1934-1943 жылдары жариялаған.
Диуаннның құндылығын бағалай келіп неміс ғалымы М. Хартман оны
Халық ауыз әдебиетінің нұсқасы деп түйген. Н.А. Баскаков Диуанның
авторы М. Қашқариды түркі тілдерін деген, А.Н. Самойлович оны, ХІ
ғасырдың Радловы деп атаған.
Махмұд Қашқари Диуани лұғат ит-түркі сегіз бөлікке жазған:
1. хализа кітабы (әліптен басталатын сөздер)
2. салим кітабы (құрылымында әліп, вав, йай, жоқ сөздер)
3. музафар кітабы (қосар дыьысты сөздер)
4. мисаль кітабы (йай әрпінен басталатын сөздер)
5. үш әріпті кітап
6. төрт әріпті кітап
7. мұрын жолды дыбыстар кітабы
8. қос дауыссыз дыбысты кітап.
Бұларда келтірілген мысалдар әр кітап сайын есім және
естістіктер болып екіге бөлініп берілген.
Мазмұны жағынан Диуан сол замандағы түріктердің қоғамдық
өмірі мен рухани дүниесінің сан алуан өзіндік сипатын әржақты
қамтитын материалдарға толы. Сонымен бірге онда этнографиялық
мәліметтер мен әдеби және мәдени мұраларға, географиялық және
астрономиялық атауларға, тіл ерекшеліктері мен ғылыми
зерттеулерге, тағы басқа да алуан түрлі мәселелерге қатысты өте бай
нақтылы мысалдарға сүйінген деректі мәліметтер келтірілген. Бұл
жағынан-дейді профессор Әбжан Құрымжанов-Диуани лұғат ит-түрк өзі
әңгімелеп отырған лингвистикалық зерттеулердің әдейі құрастырылған
хрестоматиясы тәрізді.
Диуанда қамтылған материалдарды академик А.Н. Кононов бес
салаға бөліп қараған:
1) белгілі бір тайпаға тәңдігі дәл көрсетілген сөздер қоры
(лексикасы)
2) түркі тайпаларының мекен-қоныстары жайындағы мәліметтер
3) түркі тілдерін топтастыру
4) түркілік тарихи фонетика мен грамматикаға туралы мәліметтер
5) түріктердің тарихы, географиясы, этнографиясы, поэзиясы және
фольклоры жайындағы мәліметтер.
М.Қашқари Диуанға тек түркі өхалқының киім-кешек пен үй
жиһаздары, құрал-саймандар мен шаруашылық бұйымдары, қару-жарақ пен
музыкалық асаптары, туыстық атаулары мен рулар, атақ дәрежелі
атаулары, тағам аттары мен хайуанаттар, өсімдіктер мен әлем
аттары, ай және күн аттар мен қалалар, аурулар мен дәрі-
дәрмектер, ойын-сауық және салтқа байланысты, тағы да басқа алуан
түрлі салаға бөлініп жатқан сөздерді табуға болады.
Диуанда 29 тайпаның аты аталады М.Қашқаридың картассы
бойынша, олар мекендік жайларының ыңғайына байланысты Румнан баста
шығысқа қарай; ең алдымен беченек, одан соң кыфчас, огуз,
йеиек, боиғырт, басмыш, қай, йабаку, татар, хырқыздар орналасқан;
ары қарай чичель, тухои, йагма, уарак, чарук, чамыл, уйгур,
тангут, қытай, тавчагтар орналасқан болып шығады.
Түркі тілдерін топ-топқа бөлгенде М.Қашқари қазіргідей олардың
бір-біріне ұқсас, туыстық жақындығы емес, сол тілдің табиғи
тазалығы тұрғысынан, басқа тілдер әсерінің қаншалықты ықпал
еткені тұрғысынан қараған. М. Қашқаридің бұл ғылыми тұжырымына
қарағанда, ғұлама өзі айтып отырған түркі туыстас тілдердің
өзара жігін айырмай, сол түрінде қабылдайды да, олардың ішіндегі
кірме сөздермен табиғи нұсқасын бұза бастаған тілдерің қаншалықы
бүліне бастағанына байланысты топтайды. Автордың, таза тіл таза
тіл деп қайта қайта қайталап отыруында осындай бір қыпшақ, оғыз,
тухси, яғша, чызыл, ығрақ, ярук, тілдерін таза түркі тілі
деп танығанын ерекше атап кету қажет. Бұлардың ішіндегі қыпшақ
тілі тобына қазақ тілінің де жататын баса, айтуымыз керек.
Диуанды әр түрлі тұрғыдан зерттеген ғалымдардың тілдік
тұрғыдан қарастырғандары ішінен тек В.В. Бартоль, В.А. Гордлевский,
Т.А. Боровков, А.Н. Кононов, М.Ш. Шералиев, Т.М. Гарипов, А.М. Кононов,
М.Ш. Шералиев, А.М. Демирчизаде, В.И. Асланов, Ш.Шукуров, Н.Х. Нигматов,
Ә.И. Фазылов т.б. ғалымдар мен қазақ тіл білімінде Н.Т. Сауранбаев,
Ә. Құрышжановтарды айтамыз.
Әрине, бұл ғалымдардың Диуанның тілі туралы айтқан пікірлері
бір жерден шыға бермеген. Кейбір ғалымдар Диуан тлін ұйғыр тілі
десе, кейбірі-ескі өзбек тілі, ол Э.Мұсабаев үйсін тілі, демек
қазақ тілінің ескерткіші дегенг дейін барған.
Біздің ойымызша, Диуани лұғат иттүрк сөздігін белгілі бір
тілге теліп, тұсап-матап тастауға болмайды. Онда қазіргі түркі
тілдерінің бәрінің де сол кездегі тілдік мәліметтері келірілген.
Сол себепті Диуаны қазіргі түркі тілдерінің бәріне бірдей
қатысты, бәрне бірдей ортақ тарихи мұра деп таныған жөн.
Сондықтан да, М. Қашқаридың сөздгін ортақ мұра ретінде әркім
өзінше зерттеп, оның өзіндік ерекшеліктерін айқындап көрсету
қажет болады.
Түркі тілінде түбір сөздерде өзгерістер аз болды.
Өзгерістер түбірдегі кейбір әріптердің алмасып айтылуы, түсіп
қалауы сияқты болы. Мысалы, й әрпімен басталған атулар мен
етістіктердің басқы әрпін оғыздар мен қыпшақтар а әрпіне немесе ж
әрпіне айналдырды. Сол себепті түріктер мүсәпірді йәлкін десе,
оғыздар әлкен дейді. Түркі тайпаларының көптеген сөздеріндегі д
әрпі оғыздарда т болып айтылады. Мысалы, қанжарды түріктер
буғдә десе, оғыздар буктә дейді. Бұған ұқсас сөздер көп.
Түркі тілдерінде қимылдың, іс-әеркеттің бөгде біреуге немесе
өзіне қаратылып, бұйыра талап, тілек етіле айту мағынасында
жұмаслатын етістіктерде бар. Мычалы: йаршақ ал-ақша ал, аттын іл-
аттан түс дегендегі ал, іл бұйрық етісіктері. Бұл тілде етістіктер
бұйрық түбірден жасалады. Бұйрық тұлға түбір болады да, тіле
қолданылатын етістіктің әр түрлі тұлғалары бұйрық түбірге әрқилы
қосымшалар қосып айту арқылы жасалады. Сол сияқты етістіктің
болымсыз түріде бұйрық түбірге –ма, қосымшасын қосу арұқылы
жасалады, алма-алма, ілмә-түспе деген сияқты. Бұл ерекшелік қазірші
қазақ тілінде де сақталып қалған қағида.
С және а етістіктерге қосылып, әлі істемлеген істі орындауды
қалайтын мағынаны аңғарту үшін қолданылады. Бұл са қосымшасы екі
немесе үш әріппен артық етістіктерге қосылғанда, қалау рай
етістігі жасалады.
Мысалы: ер етоәді-адамның ет жегісі келді дегендегі етсәді етістігі
екі әріпті ет зат есіміне са қосымшасы қосылып жасалған қанау
рай етістігі. Үш әріпті етістіктерден жасалғандар: ер йук
көтурсәді- адамның жүк көтергісі келді. Егер са қосымшасындағы а әрпі
ы әрпімен алмастырылса, оның мағынасы өзгереді. Яғни қосымша қосылған
түбірдің өзгеріске түсетіні байқалады. Мысалы: сүчік сусынды шарап су
сияқты болды, ұзум ачықсынды жүзін ащы болып кетті. Бұны бір
нәрсенің екінші бір сапаға айналуы туралы қолдануға болады.
Етістіктердегі бұл еркшелік сыды нәңні-нәрсені сындырды дегендегі
сыды етістігінен алынған. Жоғарыдағы мысалдардағы шараптың, жүзімнің
дәмінің бұзылу мағыналары осыған байланысты негізделген.
Басқа етістіктерге де осы ережені қолдануға болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қос тілді сөздіктер
Етістік шақтарының тіл білімінде зерттелуі
Мектепте етістіктің шақтарын түсіндіру жолдары
Ескі қыпшақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасамдық ерекшеліктер ( Китаб әл-Идрак ли-Лисан әл- Aтрак ескеркіші бойынша)
Тілдің даму барысында есім мен етістіктің ара жігін ажырату кезеңінде қалыптасқан есімше категориясы - етістіктің функционалды формасы
Етістіктің шақтары
Септік жалғауларының қалыптасуы
М.Қашкаридің түркі тілдерін топтастыру классификациясы
Етістік
Етістіктің шақ тұлғаларының қалыптасуы туралы
Пәндер