Мәдени мұра бағдарламасы және тарихи таным



КІРІСПЕ
«Мәдени мұра бағдарламасы және тарихи таным
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Әдеби басылымымыздың шығарылымында орны бөлек мақа-лалардың саны көп. Соның бірі – «Мәдениет мәңгілік мәселең атты тақырыппен, «Мәдени мұра жалғасын табуы тиісң, «өткенді білмей болашақты болжау мүмкін емесң деген тақырыпшалармен Б.Сүлей-менов атындағы Шығыстану Институтының директоры М.Әбусейітова мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары Г.Жұмасейітованың мақалалары беріліпті. «Елбасының бастамасымен дүниеге келген «Мәдени мұраң мемлекеттік бағдар-ламасы бойынша айтып өтетін нәрсе, ауқымы кең шараның аясында шет мемлекеттерге мәдени археологиялық экспедициялар жасалып, төл тарихымыз бен мәдениетімізге байланысты теңдесі жоқ көптеген тарихи мұралар анықталып, зерттеліп, сұрыпталып, оның көшірмелері түсіріліп елге жеткізілді. Тек ол ғана емес, әдебиет, тарих, философия, археология, экономика тағы басқа жазба жәдігерлер мен көне көмбелер түгенделіп, қыруар ғылыми еңбектер жазылды. Ең алдымен «Мәдени мұраң мемлекеттік бағдарламасы дер кезінде көтерілгенін атап өту керек. Содан бері тиісті мемлекеттік мекемелер мен арнайы құрылған қоғамдық кеңес жұмыс істеді. Сөз жоқ, халқымыздың рухани тарихи материалдық мәдениетіне байланысты қыруар шаруа тындырылды. Біздің институттың қызметкерлері де бірнеше рет шет елдерге сапарға шығып, бұрын-соңды зерттелмеген және ғылыми айналымда белгісіз қалып келген тарихи жазба деректемелер, тарихи этнографиялық материалдар мен эпиграфиялық жазбалар, жаңадан ашылған археологиялық жәдігерліктерді анықтап, сараптап, жүйелеп, оларға ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мысалы, біздің Шығыстағы көршіміз Қытай Халық Республикасына екі рет экспедиция ұйымдастырдық. Соның нәтижесінде халқымыздың тарихына қатысты көптеген құнды дүниелер анықталды. Айтып өтейік: жалғыз Пекин қаласындағы №1 Тарих мұрағаты мұражайында XVІІІ – XІX ғасырдағы қазақ хандығына тікелей қатысы бар хатталған құжаттардың 3500-ден астам түпнұсқасы бар екен. Оның ішінде көне манжур тілінде манжур жазуымен хатталған құжаттар саны 3000 дана шамасында, көне ойрат тілінде ойратша «тотын монғолң жазуында хатталған 40-тан астам құжат, қытай тіліндегі құжаттар саны 350-ден астам, ал «шағатай тіл жазуындағы тарихи құжаттар 60-тан астам екендігі белгілі болды. Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында Монғолияда жүргізілген экспедиция барысында да талай құнды дүниелер табылды. өздеріңізге белгілі, көне түрік дәуірінің бітіктастары мен ескерткіштері ең көп шоғырланған Монғолияның өлкелері Бұлғын, Арханғай, өвөрханғай, Төв аймақтары. Жалпы осы аймақтарда шоғырланған көне түрік дәуірінің бітіктастары мен ескерткіштерінің көпшілігі далада алғаш орнатылған орнында сол күйінде тұр. Сонымен қатар, байырғы түріктердің ата қонысы саналатын Монғол Алтай тау жоталарындағы көне түрік дәуірінің ескерткіштері жүйелі түрде арнайы зерттелмей келеді. Бұған дейін Монғолия, Ресей, АҚШ, Жапония, тағы басқа елдердің ғалымдары жартас петроглифтерді зерттеу барысында көне түрік дәуірінің бірнеше кешендерін ғана зерделеген болатын. Демек, Монғол Алтай тауының археологиялық, тарихи-этнографиялық, тағы басқа зерттеу-лерін одан әрі жандандыру қажет.
Монғолияда жүргізілген археологиялық экспедиция барысында Күлтегін, Білге қаған, Тұңықұқ, Күлічұр, «Шивээт улаанң, «Идэрң, Ел Етміш қаған, Алтын Тамған Тархан, Онгин ескерткіш кешендері мен Таспар қаған, Чойр, Тэс, Тариат, Долоодой, Тэвш сияқты бітіктастары, көптеген тасмүсіндері мен археологиялық табылымдары егжей-тегжейлі тексеріліп, археографиялық, полеографиялық мәтіндік зерттеулер жүргізілді. Ерекше атап өтетін жайт, көне түрік мәтіндерінің эстампаждық көшірмелері негізінде таңба әріптерінің күңгірт даулы тұстары тиянақты түрде зерделенді.
1. Сақ Қайрат. «Қазақң газетіндегі қоғамдық саяси мәселелердің жазылуың Кандидаттық диссертацияның авторефераты. Алматы.- 1998.- 14б.
2. Бекжан Әшірбаев. «Тарихи сабақтастықң. // ҚазҰУ хабаршысы журналистика сериясы. 1999 .- (№7).- 54-55б.
3. // Қазақ әдебиеті. – 2002.- 3 мамыр.
4. Болат Шарахымбай. «Қазақ әдебиетің шежіре беттеріненң «Қазақ әдебиеті 3000ң айдарымен. // Қазақ әдебиеті.- 2006 - 1 желтоқсан (№48).- 7 б.
5. Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы. Алматы.- 2003 ж. 5- том.- 210 б.
6. // Қазақ әдебиеті.- 2004.- 24-30 желтоқсан (№ 51).- 1 б.
7. // Қазақ әдебиеті.- 2006.- 1 желтоқсан (№48).- 6 б.
8. Ермұхамбет Ертісбаев. «Енді қазақ батырларының тарихы Қобыландыдан басталадың. // Қазақ әдебиеті.- 2007.- 14-20 қыркүйек (№ 37). - 1 б.
9. // Қазақ әдебиеті. «Мәдени мұраң- мемлекеттің соны стратегиялық ұстанымың. 2007.- 16 ақпан (№7).- 3 б
10. «Мәдени мұра - ұлттық құндылықң. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Е. Қ. Ертісбаевтің тарихи - мәдени мұраны сақтау мәселелері бойынша Үкімет отырысында сөйлеген сөзі. // Қазақ әдебиеті.- 2007.- 25 қазан (№ 43).- 3 б.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
Мәдени мұра бағдарламасы және тарихи таным
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
МӘДЕНИ МҰРА БАҒДАРЛАМАСЫ
ЖӘНЕ ТАРИХИ ТАНЫМ

Әдеби басылымымыздың шығарылымында орны бөлек мақа-лалардың саны көп.
Соның бірі – Мәдениет мәңгілік мәселең атты тақырыппен, Мәдени мұра
жалғасын табуы тиісң, өткенді білмей болашақты болжау мүмкін емесң деген
тақырыпшалармен Б.Сүлей-менов атындағы Шығыстану Институтының директоры
М.Әбусейітова мен М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
директорының орынбасары Г.Жұмасейітованың мақалалары беріліпті. Елбасының
бастамасымен дүниеге келген Мәдени мұраң мемлекеттік бағдар-ламасы бойынша
айтып өтетін нәрсе, ауқымы кең шараның аясында шет мемлекеттерге мәдени
археологиялық экспедициялар жасалып, төл тарихымыз бен мәдениетімізге
байланысты теңдесі жоқ көптеген тарихи мұралар анықталып, зерттеліп,
сұрыпталып, оның көшірмелері түсіріліп елге жеткізілді. Тек ол ғана емес,
әдебиет, тарих, философия, археология, экономика тағы басқа жазба
жәдігерлер мен көне көмбелер түгенделіп, қыруар ғылыми еңбектер жазылды. Ең
алдымен Мәдени мұраң мемлекеттік бағдарламасы дер кезінде көтерілгенін
атап өту керек. Содан бері тиісті мемлекеттік мекемелер мен арнайы құрылған
қоғамдық кеңес жұмыс істеді. Сөз жоқ, халқымыздың рухани тарихи материалдық
мәдениетіне байланысты қыруар шаруа тындырылды. Біздің институттың
қызметкерлері де бірнеше рет шет елдерге сапарға шығып, бұрын-соңды
зерттелмеген және ғылыми айналымда белгісіз қалып келген тарихи жазба
деректемелер, тарихи этнографиялық материалдар мен эпиграфиялық жазбалар,
жаңадан ашылған археологиялық жәдігерліктерді анықтап, сараптап, жүйелеп,
оларға ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізді. Мысалы, біздің Шығыстағы
көршіміз Қытай Халық Республикасына екі рет экспедиция ұйымдастырдық. Соның
нәтижесінде халқымыздың тарихына қатысты көптеген құнды дүниелер анықталды.
Айтып өтейік: жалғыз Пекин қаласындағы №1 Тарих мұрағаты мұражайында XVІІІ
– XІX ғасырдағы қазақ хандығына тікелей қатысы бар хатталған құжаттардың
3500-ден астам түпнұсқасы бар екен. Оның ішінде көне манжур тілінде манжур
жазуымен хатталған құжаттар саны 3000 дана шамасында, көне ойрат тілінде
ойратша тотын монғолң жазуында хатталған 40-тан астам құжат, қытай
тіліндегі құжаттар саны 350-ден астам, ал шағатай тіл жазуындағы тарихи
құжаттар 60-тан астам екендігі белгілі болды. Сондай-ақ, осы бағдарлама
аясында Монғолияда жүргізілген экспедиция барысында да талай құнды дүниелер
табылды. өздеріңізге белгілі, көне түрік дәуірінің бітіктастары мен
ескерткіштері ең көп шоғырланған Монғолияның өлкелері Бұлғын, Арханғай,
өвөрханғай, Төв аймақтары. Жалпы осы аймақтарда шоғырланған көне түрік
дәуірінің бітіктастары мен ескерткіштерінің көпшілігі далада алғаш
орнатылған орнында сол күйінде тұр. Сонымен қатар, байырғы түріктердің ата
қонысы саналатын Монғол Алтай тау жоталарындағы көне түрік дәуірінің
ескерткіштері жүйелі түрде арнайы зерттелмей келеді. Бұған дейін Монғолия,
Ресей, АҚШ, Жапония, тағы басқа елдердің ғалымдары жартас петроглифтерді
зерттеу барысында көне түрік дәуірінің бірнеше кешендерін ғана зерделеген
болатын. Демек, Монғол Алтай тауының археологиялық, тарихи-этнографиялық,
тағы басқа зерттеу-лерін одан әрі жандандыру қажет.
Монғолияда жүргізілген археологиялық экспедиция барысында Күлтегін,
Білге қаған, Тұңықұқ, Күлічұр, Шивээт улаанң, Идэрң, Ел Етміш қаған,
Алтын Тамған Тархан, Онгин ескерткіш кешендері мен Таспар қаған, Чойр, Тэс,
Тариат, Долоодой, Тэвш сияқты бітіктастары, көптеген тасмүсіндері мен
археологиялық табылымдары егжей-тегжейлі тексеріліп, археографиялық,
полеографиялық мәтіндік зерттеулер жүргізілді. Ерекше атап өтетін жайт,
көне түрік мәтіндерінің эстампаждық көшірмелері негізінде таңба әріптерінің
күңгірт даулы тұстары тиянақты түрде зерделенді.
Археогрвфиялық экспедиция Ұлан Батыр қаласы Монғолия ұлттық тарих
мұражайында сақтаулы тұрған түрік елінің бірегей тұлғасы Білге қағанның
алтын, тәжі, күміс, әшекей, асыл тастар барлығы 2800 дана зат бұйымдардың
фото, цифрлық суреттері түсірілді. Осындай экспедициялық іссапармен
шығыстанушы ғалымдрымыз Қырғызстанға, Ресейге, Түркияға, тағы басқа елдерге
барып, олардың архивтерінен, кітапханаларынан және қолжазба қорларынан
көптеген бұрын-соңды ғылыми ортаға мәлім емес тың дүниелерді тауып,
зерттеп, қолдан келгенше көшірмелерін алдырып, оларды кітап қылып
құрастырып жатыр. Кейбіреулерін атап өтейік. Қазақстан тарихы туралы түркі
деректемелерің, Қазақстан тарихы туралы қытай деректемелерің, Қазақстан
тарихы туралы монғол деректемелерің, История Казахстана в русских
источникахң, тағы басқалар.
Енді айтпағымыз, Мәдени мұраң бағдарламасының аясында атқарылған бұдан
басқа да жұмыстар аз емес. Бұл үлкен іске бастамашы болған Елбасымызға
алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Алайда, осы іс-шараларды жүзеге асыру
барысында біздің көз жеткізгеніміз бұл мақсаттағы іс-шара әлі шаш етектен.
Ендігі жерде бұл істі осымен шектеп қоймай, ары қарай ойдағыдай жүзеге
асыра беру баршамызға үлкен сын дер едім. Ата-бабаларымыздан мұра болып
қалған Еуразиялық кеңістіктегі көшпелі өркениеттің мұралық құндылықтарына
бірден-бір бас көз болуы Қазақстан Республикасы-ның Орталық Азия
мемлекеттерінің көшбасшысы болу жолындағы рухани стратегиялық қадамдардың
бірі. Демек, атамұралардың ғылыми, біліми әрі танымдық өрісін пәрменді
түрде кеңейтудің, үздіксіз насихаттаудың, ұрпақ аларлық құндылықтарды
сақтай отырып, байырғы болмыс тарихы сабағына асқан ыждањаттықпен қараудың
міндеттері туындап отыр дегіміз келеді. Мәдениет тек бүгінмен бітетін нәрсе
емес. өткен үш жылмен де, керек болса он, жиырма, жүз жылмен де
шектелмейді. Бұл бағдарлама ұзақ мерзімді кең ауқымды шараның басы ғана.
Сондықтан ол міндетті түрде жалғасын табуы тиіс. Мемлекет басшысының
қолдауымен жүзеге асырылып отырған бұл бастама, сөз жоқ, арғы-бергі тарихта
болып көрмеген оқиға. Осының өзі мәдени мұраның мемлекетіміз бен халқымыз
қаншалықты зор маңызы бар екендігін айғақтаса керек. Қазақ әдебиетінің
тарихың он томдығында ұлттық әдебиет тарихы қазіргі заман талабына сай
қарастырлып, тұжырымдалған. Қазақ фольклоры ежелгі заман мен көнетүркілік
ортағасырлық мұраларын, Алтын Орда дәуірі мен хандық тұсындағы жыраулардың
мұраларын, XІX ғасыр мен XX ғасырдың Қазақстан тәуелсіздігіне дейінгі
кезеңін қамтитын көркем әдеби мұраларын қамтыған бұл еңбекте қазақ
әдебиетінің тарихы, алғаш рет жан-жақты қарастырылып, әдебиеттің толық
тарихы жаңаша зерттеліп сарапталған. Аталмыш басылымда, XІX ғасырдағы
Шортанбай, Мұрат, Шәңгерей, шығармашылығы мен XX ғасыр басындағы Алаш
әдебиеті тарихи жаңа деректер мен талдаулар арқылы лайықты бағаланған.
Мұнда эстетикалық талғамға сай көркем сөздің даму эволюциясына қарап қазақ
әдебиеті өзінің даму жолында Абайға дейінгі дәуір (ежелгі және орта ғасыр
кезеңі), Абай дәуіріндегі әдебиет (жаңа заман), Абайдан кейінгі әдебиет
(бүгінгі кезең) деп үш үлкен дәуірге бөлініп, жіктелген. Айтып өтетін
нәрсе, Қазақстан әдебиетінің тарихың өткен ғасырдың алпысыншы жылдары
алты том болып жарық көрген болатын. Қазақ әдебиеті тарихы он томдығы
іргелі ғылыми еңбек. Бұл еңбектегі отандық әдебиет тарихы қазіргі оқулықтар
мен оқу құралдарындағы пайымдарды жаңалауға септігін тигізіп, ғылыми
зерттеулерге бағыт- бағдар беретіндігі хақ. Он томдық өзінің тарихилығымен
қоса, әлемдік әдебиет пен ішкі ұлттық көркем ойдың дамуына да мол ықпалын
тигізері анық.
Мәдени мұраң атты айдармен берілген бұл мақала өте сауатты, мазмұнды
және тиянақты жазылған. Көптеген мысалдар, деректер пайдаланылған, тек
фактіге сүйенген. Жанры жағынан ғылыми мақалаға жататын бұл материалда
көптеген пайдалы кеңестер мен қазақтың өткені мен бүгінін танытатын Мәдени
мұраң бағдарламасы жайлы кеңінен, толыққанды жазылған. Келешекте 2007-2009
жылдарға созылған мерзімде атқарылатын игі шаруалардан, атап айтар болсақ:
үш томдық Қазақ өнерінің тарихың атты басылымның жобасы әзірленіп
жатқандығынан, VІ-ІX ғасырлардағы жазба жәдігерлер, X-XІІ ғасырлардағы
түркі әдеби жазба ескерткіштері мен XІІІ-XІV ғасырларда өмір сүрген
көрнекті түркі ақындарының шығармалары енетін Әдеби жәдігерлерң атты
көптомдық басылым дайындалатындығы жайлы ақпараттар алуға болады.
Баспасөз зерттеушісі, профессор Т. Қожекеевтің Таңдамалы шығарамларң
атты еңбегінде мақала жанрына мынадай анықтама берілген екен:
Басылымдардың идеялық-саяси деңгейін аңғартатын жүйелі пікір қозғау, күн
тәртібіне мәселе қойып, саяси жағынан қарастыру, талдау, аргументтер келіре
отырып факті деректермен дәлелдеу баспасөз жанрының мақала түрі боладың.
Соңғы уақыттарда Қазақ әдебиетің басылымы бетінде сұхбат жанрындағы
материалдарға көбірек орын беріліпті. Т. С. Амандосов, Ш. Елеукенов, Т.
Ыдырысов, Т. Қожекеев сияқты зерттеушілердің авторлық етуімен жарық көрген
Газет жанрларың атты еңбекте: Сұхбат көбіне елеулі оқиға, құбылысқа
айрықша мән беріліп, сол фактіні, құбылысты ішінде болған не араласқан
беделді адамдар арқылы қалың бұқараға білдіру, журналистің белгілі бір
адаммен не қоғам қайраткерімен әлеуметтік мәні зор баспасөзге жариялауға
тұрарлық мәселлерден әңгіме шертуің,– делінген.
Болашағымыздың баянды болуы мәдениетімізге байланыстың деген
тақырыпта журналист Болат Шарахымбай Мәдени мұраң мемлекеттік бағдарламасы
бойынша құрылған Қоғамдық Кеңес төрағасының орынбасары, Ә. Марғұлан
атындағы Археология және этнография институтының директоры, академик Карл
Байбаковпен сұхбаттасқан екен. Сұхбат барысында еліміздің мәдени-рухани
өмірінде бұрын-соңды болып көрмеген мән-маңызы айрықша ауқымды шараны
жүзеге асыру мерзімі ресми түрде аяқталды. Осы уақыт аралығында не
тындырылды? Нені аяқтап үлгере алмадық? Халқымыздың өзін-өзі тануға деген
құлшынысының жарқын айғағындай бұл істің қандай тағылымдары болды?
Келешекте нені ескеруге тиіспіз деген сияқты тақырып төңірегінде әңгіме
өріс алған
– Карл Молдахметұлы, сіздің есіміңіз Қазақстан мен Орта Азияның
ортағасырлық археология саласының ең ірі зерттеушісі ретінде белгілі.
Көрнекті мәдениеттанушы ғалымсыз. Ендеше айтыңызшы, ең алдымен қай елдің
мәдениетін сақтауымыз керек?- деген сұраққа ғалым былай деп жауап береді:
– Түптеп келгенде мәдениет туралы көп айтуға болады. Мә-дениеттің
саласы сан тарау: ол – тарих, ол – археология, ол - жазба құжаттар, ол -
көне әдеби мұралар, ақыр аяғы ол – болмыс, тіл, дін, менталитет. Мәдени
мұраң бағдарламасы тек археология саласыда ғана емес, фольклор, тарих,
әдебиет, философия, экономикада да қыруар еңбектер бір жүйеге түсірілді.
Қаншама ғылыми еңбектер жазылды. Ғалымдар Қазақстан жерінде бірнеше
ортағасырлық қалаларды ашты. Мысалы, Жетісу өңіріндегі Қойлық қаласы,
Алматының дәл іргесіндегі Талғардың орнындағы ежелгі Талхир шањары. Талас
мәдени ескерткішіне жататын Ақыртас Сарай құрылыысы, Арқадағы – Бозық
қаласы, Орал қаласының түбінен екі қаланы таптық. Осының ішінде Ақыртас –
Сарай құрылысы VІІІ ғасырдың бірінші жартысында салынғаны дәлелденіп отыр.
Археология – ғылымдардың атасы деп бағаланатыны да сол себептен. өткен
тарихын, ата-бабалардың кім болғанын, немен тыныстап, қалай өмір сүргенін
кімнің білгісі келмесін. Осы тұрғыдан келгенде, әсіресе, қазақтардың өзінің
өткенін білуге деген қызығушылығы аса жоғары екенін жасыра алмайды. Белгілі
бір қаланың жас ұзақтығын анықтау осы жердегі өркениеттің артықшылықтарын
анықтауға, зерттеуге мүмкіндік береді. Мысалы, В.Храпунов мырза әкім болып
тұрғанда Алматы қаласының жасы 150-де деген күлкілі ақпарат таратып, пікір
қалыптастырып, тіпті тойламақ та болғаны бар. Бұл қауіпті ақпаратты кімнің
таратқанын білмеймін, алайда бір топ ғалымдар бірігіп ол пікірдің біздің
байырғы тарихамызға көлеңкесін түсіре алмайтындығын дәлелдеп, қорғана
бастады. Сөйтіп, Алматы қаласының тарихы мың жылдан асатыны дәлелденді.
Дерекпен айтсақ, Алматы қаласының дәл қолтығының астынан, анығырағы Талғар
бағытына қараған тұста өте жақсы сақталған ортағасырлық Талхир қаласының
орны табылды. Анықталғандай, биік қоршаулармен қоршалған бірнеше мұнаралары
сап түзеген бекініс бір-бірімен төрт үлкен көшемен қиылысады. Әр махаллада
жеті-сегіз үйден салынған. Қалада мешіт, монша жұмыс істеген. Бір таң
қаларлығы, араб жазуларымен бірге, руника жазбалары да кездеседі. Руника
жазулары дегеніміз – ежелгі түркі жазуы. Міне, дәл Алматының іргесінде
орналасқан ортағасырлық қаланың X-XІ ғасырдағы келбеті осындай. Алматы
қаласының іргесі дәл осы кезде қаланған. Шығысында Қытай, Батысында Еуропа,
Оңтүстігінде Азиямен жалғастыратын тозғыз жолдың торабындағы түйінді жер –
Ұлы Жібек Жолы жатты. Ол уақыттарда бүгінгі Жетісу өңірін қарлұқтар
мекендеп, олар қараханидтер қағанатының құрамына кіретін еді. Алматы сол
Қараханидтер мемлекетінің ең іргелі қалаларының бірі, әрі халықаралық
маңызы бар саяси орталық болған.
Сұхбат беруші: – Мәдени мұраң бағдарламасы бізге не берді? Енді не
істеу керек?ң– деген сұраққа:
– Ең алдымен, бұл бағдарлама халқымыздың сана-сезімін оятуды
тездетті, жүрегінде мақтаныш сезімін ұялатты дер едім. өз басым өткенін
ұмытқанның болашағы жарқын болады деп ойламаймын. Бағдарламаның басты
мақсаты халқымыздың кім екенін, қайдан шығып, қайда бет алғанын тану,
өткенімізді зерттеу арқылы адамзат өркениетіне ұлтымыздың қосқан үлесін
анықтау болатын. Ол үшін алдымен өзімізді өзіміз танып, білуіміз қажет еді.
өзімізді зерттеп, білу арқылы өшкенді қайта жандырып, тауып, қолда барды
жұртқа насихаттап, ата-бабамыздың кім болғанын жањанға мойындату еді.
Мақсат орындалған сияқты. Нәтижесі өте жақсы. Алайда, Елбасының тікелей
ұсынысымен басталған игілікіті іс осымен аяқталмауы керек. Бұған болашақта
атқарылар кең ауқымды шараның бастамасы деп қараған жөн. өйткені, адамзат
тарихында жасалған құндылықтарды үлкен мұхитқа баласақ, сол мұхиттіңң
ішінен бүгінгі дамуымызға тікелей септігін тигізетін інжу-маржандарымызды
сүзіп, қауышып жатқан халқымыздың өзін танып-білуге деген құштарлығы
артпаса, әлі басылған жоқң,– деп жауап береді.
Басқа жанр түрлеріне қарағанда газет жанрларының бірі – сұхбаттың
тиімді тұсы екі-үш сауал қою арқылы барлық ақпаратты алуымызға болады, сол
сияқты журналист Б. Шарахымбай да Мәдени мұраң бағдарламасы жайында егжей-
тегжейлі мәліметтерді ала білген. Аталған материал орынды сұраққа орынды
жауап берілуімен ерекшеленеді және журналистің қойған сұрақтарын жауапсыз
қалдырмай әрі дұрыс жауап беруге тырысқан К. Молдахметұлы да
білімділігімен, тілінің жатықтылығымен танылып түсіп отыр. Әрине,
тәжірибелі, көзі ашық, көкірегі ояу осындай азаматтарымыздың еліміздің
ертеңі үшін тигізер үлесі зор.
Қоғамдық Кеңестің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев:
Біз елдіктің бір ісін, бір болғанда да ірі ісін қорытындылап отырмызң,–
деген болатын. Сол сияқты болашаққа жол ашар Мәдени мұраң аясының тағы да
барынша кеңейе түсуі және еліміздің өткен тарихын жаңғырту мәселелері қазақ
азаматтарының қай-қайсысын болса да толғандырмай қоймайды. Сондықан да
жалғасын табуға тиісті осы бағдарламаның ұзақ жасауына тілектеспіз.
Мәдени мұра ң бағдарламасы қабылданғалы, яғни 2004 жылдан бастап
Қазақ әдебиетің газетінің бетінде Мәдени мұраң атты тұрақты айдар
жүргізіліп отырған. Аталмыш айдардан көптеген қазақ тарихына байланысты
дүниелерді тұрақты түрде кездестіруге болады. Байқап отырсақ, тарих
тақырыбына қалам тербеген тарихшылар екен және жанрлары жағынан проблемалық
мақалалар көп кездеседі. Мысалға алатын болсақ, бағдарлама қабылданған
жылдың ақпан айында Тарихи қайнарларға тартқан жолң атты мақала жарық
көрген. Материалдың авторы Құлтөлеу Мұқашұлы орынды проблеманы көтере
білген. Мәселенің проблемалылығын мақаланың мына тұсынан байқауға болады:
Елімізге қайтарылып келген мұралардың қаншалықты зерттеліп жатқандығын
айта келіп, 2001 жылы Мұстафа Шоқайдың құнды еңбектерін елге алып келдік.
Оны Елбасының өзі жұртшылыққа көрсетіп, құттықтады. Арада екі жыл уақыт
өткеннен кейін сол мұраларды зерттеумен айналысып жатқан кім бар деп
сұрастырсақ, оған тіпті, бірде-бір адам жоламапты да. Біз анау елде інжу-
маржан мұраларымыз кетті, мына мемлекеттің қолында керемет туындыларымыз
қалып барады деп ойбай салуға жақсымыз.
Ал, қолда барда алтынның қадірі жоқң демекші, келген дүниеге қызығып
қарағымыз жоқ. Небір асыл жәдігерлердің құны сөйтіп жоғалады да кетеді. Сол
сияқты кей мамандар бүгінге дейін ең ежелгі әдеби мұра ретінде Күлтегінң
мен Білге Қағанң ескерткіштерінің мәтіндерін ғана қарастырумен шектеліп
қалғанымыздай, археология, тарих, этнография, фольклористика, өнертану
секілді көптеген салалардың бірінде өрістері тым тарылып кеткен. Зерттеу
жұмыстарын тек қазақ руханиятымен шектеуге болмайды, табылған жәдігерлері-
мізді әлемдік кеңістік мұраларымен, көршілес елдер тарихымен салғастыра
сараласақ өз өзімізбен тұйықталмай өзгенің де жетістік-терін көкірек
көзінен өткізе білсек игі болар еді...ң дегенді айтады. Мұнда Қ.
Мұқашұлының айтар ойы белгілі, яғни елдегі жәдігерлерді және тағы да елге
жеткізілуге тиісті құндылықтарды өзіміз де қарап жатпай зерттеп, жан-жақты
зерделуді көздейік дейді. Мақала проблемалық сарында жазылған, өйткені
баспасөз зерттеушісі Қоже-кеев проблемалық мақала – шешуді, тексеруді,
зерттеуді талап ететін күрделі жанрң,– деп өзінің зерттеу еңбектерінің
бірінде айтып өткен .
Қожекеевтің осы пікіріне сай келетін тағы материал сол жылдың мамыр
айында жарық көріпті. өнерімен дүйім жұртты тәнті еткен ұлы сазгер Нұрғиса
Тілендиевтің мұражайы неге жоқ?ң деген өзекті тақырыпта Орысбай Әбділдәұлы
келелі проблема көтереді.
– Сен Нұрғисаның мұражайына бардың ба? – деп сұрады сонау түпкірдегі
алыс ауылдан ақындар айтысына арнайы келген бір жанкүйер жанындағы
әріптесіне Республика сарайының төрінде отырып. – Соған менің жолым бір
түспей-ақ қойды. Бүгін осында қонып, ертең соны барып армансыз бір араласам
ба?
Серіктесі оған таңырқай қарады да.
– Ұят болса да айтайын. Нұрағаңның әлі мұражайы жоқ,– деді басын
шайқап.
– Ой, сұмдық-ай, ұлы композитор көз жұмғалы да бес жылдан асты, әлі
күнге көпшілік кіріп-шығатын арнайы орын жасалмағаны несі! Аруағыңнан
айналайын арқалы адамның сыңғырлаған әндерімен, күмбірлеген күйлерімен
оянатын ойлы азаматтар мұражайды қалай ғана қолға алмай жүр екен ә!..ң.
Мақала Әбділдәұлының өзге екі адамның әңгімесін естуінен туындап отыр, тек
әңгіме емес, күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Қазақ тарихында орны бөлек,
ғибратты ғұмыр кешкен, өмірі өнер боп өткен Қазақстанның, Кеңес одағының
халық әртісі, Халық Қањарманы, дарабоз домбырашы, теңдессіз тарланбоз
композитордың туған Отаны алдын-дағы қалтқысыз қызметі қалың жұртқа құран
сүрелеріндей мәлім емес пе? Осындай азаматты еңбектеген баладан еңкейген
шалға дейін таниды десек артық айтпағандығымыз шығар. Сондықтан да болашақ-
тың еншісіндегі істердің бірінде Нұрғиса ағамызға мұражай тұрғызы-лып
жатса, онда ол қањарманымыздың шеберлігіне бас игендігіміз болар еді.
Көне үнді сөзінде, Жазуды ойлап тапқан адамның жаны жұмақтаң деген ата
сөзі бар екен. Осыған орайлас Қазақ әдебиетің газетінде Жазу тарихынан
бірнеше көрінісң атты тақырыпта Әмірхан Балқыбектің мақаласы 2004 жылдың
маусым айында жарық көріпті. Сақ жазуы немесе сыры бар сыйлықң
материалымен де танысып шықтым. Әмірхан оқиғаның жазу тарихына қатысы бар
болғандықтан тарих атасы Геродот қағазға түсіріп қалдырған осы оқиғаның
қысқаша мазмұнына тоқтала кетеді:
Парсы патшасы Дарийдің әлемді билегісі келді. Қысқа уақытта төңірегін
түгел қол астына қаратқасын айбыны асқан әмірші енді, шығысқа сақтар еліне
бағыт алған. Салмағынан жер қайысар қалың қол күн демей, түн демей тау-
тастан төте жол салып, өзендерден асау ағысын ауыздықтап бөгелмей өтіп
келеді. Даңққұмар патша бастаған әскер, міне, сақтар елінің шетіне де
ілікті. Бірақ сақтар көрінер емес. Мидай шыжыған кең далада көкжиекті
көлегейлеп сағым ғана ойнайды. Бір күн, екі күн, үш күн. Тағы аң, ұшқан
құс, көшкен елдің жұрты болмаса емге бір сақ кездессейші... Сақ атаулы
бейне бір жер астына сіңіп не көкке ұшып кеткендей жым-жылас. Ілінісер қара
таппаған қалың қол да, жаулар жұрт ұшырыстырмаған асқақ арман патша да енді
шаршай бастады. Көкке бұларды мазақ қылғандай күн ғана көрінеді. Кең даланы
текке кезіп митыққан қалың қолға дамылдауға рұқсат етілген бір тұста ғана
сақтар ақыры төбесін көрсеткендей болды-ау. Бірақ бұларға қарсы шабатын
қалың қол да, немесе оның алдыңғы барлаушы отрядтары да емес, бар болғаны
жетер жеріне асыққан бейбіт жолаушыға келіңкірейтін жалғыз ғана сақ еді. Ол
Дарийге сақ патшасының сәлем сыйлығын жеткізуге келіпті. Ішінде құсы,
тышқан мен бақасы, бес жебесі бар сыйлықты көргенде бүкіл парсы біткен таң
қалды. Даңққұмар Дарий болса айран-асыр.
Бұл сыйлық неге меңзейді?
Сақ қарасы көз жетер жерден жоғалғанда парсылар кеңесуге отырды.
Алдымен сөз кезегін қиялын шартарапқа жүгіртіп үлгерген Дарий алды:
– Құс ұшқан аспанымыз да, тышқан асты мен үстін мекен еткен жеріміз де,
балығы тулап, бақасы бақылдаған өзен-суымыз да, ақыр соңғы бес жебе іспетті
ерлік айбынымыз да сіздің құзырыңызға бағынулы болады деп тұр-ау мына
сақтар деді ол. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» - ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Тарих методологиясы, деректану жəне тарихнама
Тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында пайдалану арқылы оқушыларға ұлттық тәрбие беру жолдары
Қазақ әдебиетің газетінде тарихи тақырыптың жазылуы
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: СОҢҒЫ “МӘДЕНИ МҰРА”
Қазақтың ұлттық өнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру
Қазақстан Республикасы аумағындағы ішкі туризмді дамыту
Ұлы дала оқу пәнінің мақсат, міндеттері және қызметі
Зерттеудің негізгі кезеңдері
Діннің қоғамдағы маңызы
Пәндер