Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі ... ... ... ... ..
2. Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары ... ... ... ... ... ... ...
3. Қатысушылардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Қылмысқа бірге қатысушылардың жауаптылығының негізі
және шегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының арнаулы
мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6. Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тартуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7. Қылмысқа жанасушылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
Қылмысқа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстың зардабының өзара байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар. Қылмысқа қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады. Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепші болады. Мұндай себепші болу қылмысты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қөздыру арқылы жүзеге асырылады. Субъективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.
Бұл жерде екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға қасақана қатысуы ұйымдастырушының, азғырушының, көмектесушінің, орындаушының істейтін қылмысының мәнісінен хабардар болатындығы және олардын өз іс-әрекеттерімен орындаушыға қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатыны не¬месе соған түрткі болатыны туралы сөз болып отыр.
Қылмысқа қатысу тек қасақана істелетін қылмыстарда ғана болады. Абайсыздықден істелетін қылмыстарда қылмысқа қатысушылық болмайды.
Қылмысқа қатысуда барлық қатысушылар іс-әрекетті қасақана, оның ішінде тек қана тікелей қасақаналықпен жасайды. Бұл жерде бұл қылмысты істеуді тілеу бірнеше адамдарды қылмысты іс-әрекетке біріктіреді. Кейбір жағдайларда қылмысқа қатысу нақтыланбаған тікелей қасақаналықпен де болуы мүмкін.
Л., Н. деген азаматтар төбелеске бірге қатысып, қарсыластарының біріне екеуі де пышақ салған. Нәтижесінде бір адам ауыр жарақаттанған. Бұлардың әрекетін халық соты нақтыланбаған тікелей қасақаналықпен істелген қылмысты әрекет деп бағалап, оларды Қылмыстық кодекстің 103-бабы 3-бөлігі бойынша саралаған. Себебі олар пышақ жұмсаудан көз келген ауыр зардаптың немесе кісі өлімінің болуы мүмкіндігіне саналы түрде жол берген.
Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының ниетінің мазмұнына орындаушының істейтін қылмысының коғамға зияндылығының мәнісін сөзу, сондай-ақ сол адамның қылмысты жалғыз өзінің емес, басқалардын әрекетімен бірге жасайтын мән-жайларды сөзінуі шарт.
Қылмысты ұйымдастырушы, қылмысқа көмектесуші немесе айдап салушы қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін, ниетін, және өздерінің орындаушының қылмысты істеуіне жағдай туғызатының сөзінуі кажет.
1. А. Ағыбаев, 1998 «Жеті жарғы», 1998 ж.
2. ҚР құқық негіздері. Е.Баянов, Алматы, 2001ж
3. С.Д. Баққұлов Құқық негіздері., Алматы, 2004ж.
4. А. Ағыбаев, 2007«Жеті жарғы» ЖШС, өнд. толықт., 2007 ж.
5. Табанов С.А.,2003 "Жеті жарғы" ЖАК, 2003 ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі ... ... ... ... ..
2. Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары ... ... ... ... ... ... .. ..
3. Қатысушылардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Қылмысқа бірге қатысушылардың жауаптылығының негізі
және
шегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
5. Қылмысқа қатысушылардың жауаптылығының арнаулы
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
6. Қылмысқа қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас
тартуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
7. Қылмысқа
жанасушылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі

Кіріспе
Қылмысқа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстың зардабының өзара
байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар.
Қылмысқа қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге
орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады. Айдап салушы,
көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана
қылмыстың зардабының тууына себепші болады. Мұндай себепші болу қылмысты
тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қөздыру арқылы жүзеге
асырылады. Субъективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық
қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.
Бұл жерде екі немесе одан да көп адамдардың қасақана қылмыс жасауға
қасақана қатысуы ұйымдастырушының, азғырушының, көмектесушінің,
орындаушының істейтін қылмысының мәнісінен хабардар болатындығы және
олардын өз іс-әрекеттерімен орындаушыға қылмыс істеуге мүмкіндік туғызатыны
немесе соған түрткі болатыны туралы сөз болып отыр.
Қылмысқа қатысу тек қасақана істелетін қылмыстарда ғана болады.
Абайсыздықден істелетін қылмыстарда қылмысқа қатысушылық болмайды.
Қылмысқа қатысуда барлық қатысушылар іс-әрекетті қасақана, оның
ішінде тек қана тікелей қасақаналықпен жасайды. Бұл жерде бұл қылмысты
істеуді тілеу бірнеше адамдарды қылмысты іс-әрекетке біріктіреді. Кейбір
жағдайларда қылмысқа қатысу нақтыланбаған тікелей қасақаналықпен де болуы
мүмкін.
Л., Н. деген азаматтар төбелеске бірге қатысып, қарсыластарының біріне
екеуі де пышақ салған. Нәтижесінде бір адам ауыр жарақаттанған. Бұлардың
әрекетін халық соты нақтыланбаған тікелей қасақаналықпен істелген қылмысты
әрекет деп бағалап, оларды Қылмыстық кодекстің 103-бабы 3-бөлігі бойынша
саралаған. Себебі олар пышақ жұмсаудан көз келген ауыр зардаптың немесе
кісі өлімінің болуы мүмкіндігіне саналы түрде жол берген.
Қылмысқа қатысушылардың әрқайсысының ниетінің мазмұнына орындаушының
істейтін қылмысының коғамға зияндылығының мәнісін сөзу, сондай-ақ сол
адамның қылмысты жалғыз өзінің емес, басқалардын әрекетімен бірге жасайтын
мән-жайларды сөзінуі шарт.
Қылмысты ұйымдастырушы, қылмысқа көмектесуші немесе айдап салушы
қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін, ниетін, және өздерінің
орындаушының қылмысты істеуіне жағдай туғызатының сөзінуі кажет.

1. Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі

Қылмыс — бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі
мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нәтижесінде істелген қылмыстың
мәні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке дара адам істеген қылмысқа
қарағанда едәуір өзгереді және мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты
болатын адамдардың саның тура анықтау қажеттілігі туындайды.
Сондай-ақ бұл адамдардың жауаптылығының негізі мен шегін, олардың
әрқайсысының бірлесіп қылмыс істеудегі кінәсінің мәні мен дәрежесіне қарай
салыстыру, әрбір қылмыскердің жеке тұлғасының ерекшеліктерін анықтаудың
маңызы зор. Қылмысқа қатысу институты ғана осы мәселелерді анықтауға толық
мүмкіндік туғызады.
Жаңа қылмыстық заңда қылмысқа бірлесіп қатысудың ұғымы, оған
қатысушылардың (орындаушылар, ұйымдастырушылар, айдап салушылар мен
көмектесушілер) жекелеген іс-әрекетін сипаттайтын белгілер және оларға жаза
тағайындаудың негізгі кағидалары, сондай-ақ қылмысқа қатысу нысандарының
анықтамасы берілген (ҚК-нің 27, 28,29,31-баптары).
Қылмысқа қатысу қылмыстық құқық бойынша қылмыс істеудің ерекше нысаны
ретінде қарастырылады, өйткені жеке дара қылмыс жасауға қарағанда қылмысты
осы нысанда істеудің қауіптілік дәрежесі және келтіретін залалы да зор.
Бірнеше адамның күш біріктіріп бір немесе бірнеше қылмысты істеуі олардын —
қатысушылардың — өзара бірін-бірі қолдауы, қылмыс істеуді жеңілдетіп қана
қоймайды, сонымен бірге қылмыстық заң корғайтын коғамдық қатынастарға үлкен
кауіп келтіреді немесе соны келтіру қаупін туғызады. Қылмыс істеуді осылай
жүзеге асыру қылмысты іс-әрекеттің өзін жоюға, қайсыбір жағдайларда бір
адамның қолынан келмейтін қылмысты істеуді дайындауға немесе жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
Көптеген ауыр қылмыстарды, атап айтқанда, бөтен біреудің мүлкін өте көп
мөлшерде талан-таражға салу, валюталық операциялар жөніндегі ережелерді
бұзу, парақорлық, әйел зорлау, кісі өлтіру сияқты қылмыстар бірлесіп істеу
арқылы жүзеге асырылады.
Казақстан Республиқасында қылмысқа қатысудың ұғымы Қазақстан
Республиқасының 1997 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінін 27-бабында Екі
немесе одан да кеп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп
қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады,—делінген.
Қылмыс істеудің ерекше нысаны болып табылатын қылмысқа қатысудың өзіндік
объективтік және субъективтік белгілері бар. Қылмысқа қатысудын объективтік
жағының бір белгісі бір қылмысқа екі немесе одан да көп адамдардың қатысуы
болып табылады. Бұл жерде қатысушылардың бәрінің есі дұрыс, қылмыстық заң
бойынша жауап беретін жасқа толған болуы қажет.
Есі дұрыс емес адамды немесе қылмыстық жауап беру жасына толмаған
жасөспірімдерді қылмыс істеуге пайдалану қылмыс жасаудың құралдары болып
саналады, сол себептен ол қылмысқа қатысу болып саналмайды. Ондай адамдарды
қылмыс істеуге пайдаланғандардың өздері қылмысты тікелей орындаушы ретінде
жауап береді. Ал кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту Кодекстегі
131-бап бойынша жеке қылмыс құрамы болып есептеледі. Қылмыс істеуге
қатысуда екі немесе одан да көп адам қылмысты бірлесіп істейді. Объективтік
жағынан алғанда қылмыс істеуге бірлесіп қатысу дегеніміз оны істеуге бірге
қатысқан әрбір қатысушылардың әрекеті белгілі бір қылмысты іс-әрекетгі
істеуге және соның орындалуын жүзеге асыруға бағытталуы. Өзінің мәні
жөнінен жекелеген адамдардың қылмысқа қатысуы әр түрлі болуы мүмкін.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көрсетілген
қылмыстарды тікелей орындаушы-мен бірге, қатысушылар санына қылмыс істеуге
біреуді көндірген (айдап салушы), қылмыс істеуді ұйымдастырған немесе оған
басшылық етуші (ұйымдастырушы) немесе қылмыс жасауға жағдай туғызған
(көмектесуші) адамдар да кіруі мүмкін. Қылмысты ұйымдастырушылардың; айдап
салушылардың; көмектесушілердің әр түрдегі және әр түрлі дәрежедегі
қылмыстың істелуіне мүмкіндік туғызумен бірге уақыты жағынан істелген
қылмысты орындаушының әрекетінің алдын алуы немесе сонымен тұспа-тұс келуі
және олардың барлығының осы қылмысты әрекетті істеумен себепті байланысты
болуы шарт. Әрбір қатысушының әрекеттерінің өзара себепті байланысы мен
шарттарының болуы істелген қылмыстық қатысушыларының бірлескен қылмысты іс-
әрекеттерінің салдары екендігін дәлелдейді, барлық қатысушылардың бірдей
жағдайда жауаптылыққа тартылуының алғы шарты екендігін көрсетеді.
Ал қылмысты орындаушы болса ол қылмысқа басқа қатысушылардың өзіне
қылмысқа дайындалғанына немесе жасауына жәрдем жасағанынан әр уақытта да
хабардар болады. Оның үстіне, қылмысты орындаушылардың арасында бірлесіп
қылмыс жасауға деген өзара келісім болады, мұның өзі барлық қылмысқа
қатысушылардың өз әрекеттерінің келісушілікпен жүзеге асырылатындығын және
мұның қылмысты іс-әрекеттің тиімді түрде жүзеге асырылатындығын көрсетеді.
Қылмысқа қатысу — барлық қатысушылардың бірыңғай қылмысты нәтижеге жетуі
үшін бағытталған, ортақ қылмыстық ниетінің болуын білдіреді. Қатысушылардың
мінөз-құлқының, ниеті мен мақсатының бір-біріне сай келуі де, келмеуі де
мүмкін. Мысалы: кісі өлтіруге қатысушылардын біреуі қызғаныштан, екіншісі
кек алушылықпен, ал басқа біреуі пайда күнемдік ниетпен әрекет жасауы
мүмкін.
Қылмысқа қатысудағы басты шарт — барлық қатысушылар қылмысты
орындаушының істейтін қылмысының мәнін сөзе отырып, әр түрлі ниетпен соның
болуын тілеп, қылмысты жүзеге асыру үшін өздерінін қылмысты әрекеттерін
біріктіреді.

2. Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары
Қылмысқа қатысудың нысандары және түрлері туралы мәселені анықтау
қылмысқа қатысушылардың субъективтік байланыстарының сипаты мен дәрежесіне,
олардың әрекеттерінің өзара келісушілігінің дәрежесіне, қатысушылардың
өзара объективтік байланыстарының мәніне, қылмысқа қатысушылардың өзара
әрекеттестігінің тәсіліне және қылмыс құрамдарының құрылу ерекшеліктеріне
байланысты шешіледі. Қылмысқа қаты-сушылардың әрекеттерінін келісушілік
дәрежесіне байланысты қылмысқа қатысу екі түрлі нысанға алдын ала келіспей
қылмысқа қатысу және алдын ала келісіп қылмысқа қатысу болып бөлінеді. Бұл
нысандар қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде әр түрлі көрініс тапқан.
Бұлар алдын ала келісіп қылмысқа жай қатысу, ұйымдасқан топ болып және
қылмысты бірлестік арқылы қылмысқа қатысу болып көрсетілген.
Қылмыстық құқық теориясы қылмысқа қатысудың түрлерін де бөліп
көрсеткен.
Қылмысқа қатысудың түрлері қылмыс істеуге қатысқан же-келеген
қатысушылардың қылмыс істеуге қатысуының дәрежесі мен сипатына байланысты
қоса орындаушылық және тар мағынадағы қылмысқа қатысушы болып екі түрге
белінеді.
Бірнеше адамның қылмысты бірге топ болып істеуін қоса орын- даушылық
деп атаймыз. Қылмысқа қатысудың бұл түрі бойынша қылмыс істеуге
қатысқандардың барлығы да сол істеген қылмыстың объективтік жағының
белгілерін басынан аяғына дейін немесе жекелеген қатысушылардың қылмыстың
объективтік жағының бір бөлігін орындауға ғана қатысуын айтамыз. Мұндай
ретте қылмыстың зардабы қылмысты қоса орындаушылардың ортақ әрекетінің
жиынтығының нәтижесі болуда.
Тар мағынадағы қатысушылықта орындаушы қылмыс істеуге
ұйымдастырушының: айдап салушының немесе көмектесушінің қатысуын білмеуі де
мүмкін. Ал қоса орындаушылықта қылмысқа қатысушылардын барлығының бір-
бірінің өзара әрекеті жөнінде хабардар болуы және қатысушылардың қылмысты
бірге тікелей істейтінін білуі қажет.
Егер ондай болмаса адам қылмысты жеке істеген болып саналып, оны
орыңдаушы өзінің істеген іс-әрекетінің шеңберінде ғана жауапты болады.
Тар мағынадағы қылмысқа қатысушылыққа тән белгілердің бірі қылмысқа
қатысушылардың өзара рөлдер белісуі болып табылады.
Қылмысқа қатысудың бұл түрі бойынша қылмыстың объективтік жағының
белгілерін тікелей орындаушы ғана жүзеге асырады, ал ұйымдастырушы, айдап
салушы және көмектесушілер болса орындаушының атқаратын осы іс-әрекеті
жөнінде хабардар болады. Қылмысқа қатысудың нысаны мен түрін бір-бірінен
бөліп қарауға болмайды, олар кейде қабат-тасып кетуі де мүмкін. Мысалы: көп
жағдайларда ұйымдастырушы және көмектесуші басқа қатысушылармен бірге
тікелей қылмыстың объективтік жағының тұтас белгілерін немесе оның бір
бөлігін орындауға қатысуы мүмкін. Мұндай ретте қылмысқа алдын ала келісіп
қатысу (қатысу нысаны) қоса орындаушының және тар мағынасы қылмысқа
қатысушылық (қатысушылардың түрлері) көріністерінің қабаттасуы орын алады.
Қылмысқа қатысу нысаны мен түрлерін дұрыс анықтау қылмысты саралауға
және жазаны даралау мәселесін шешуге әсер етеді. Қылмысқа қатысудың нысаны
мен түрін белгілеу бірлесіп істеген қылмысты іс-әрекеттің қоғамға
кауіптілігінің сипаты мен дәрежесін анықтауға және қылмысқа қатысушылардың
әрекеті мен келісушілігінің дәрежесін есепке алуға мүмкіндік береді.
Қатысушылардың өзара байланысы тығыз болса, олардың әрекеті ұйымдасқан
сипатты білдіреді. Мұның өзі олардын істеген қылмысының қауіптірек
болатының көрсетеді.
Қылмыстық кодекстің 31-бабында қылмысқа қатысудың бірнеше нысаны: топ
болып қылмыс жасау, бір топ адамның алдын ала келісу, ұйымдасқан топ және
қылмысты бірлестік арқылы жасауы деп көрсетілген.
Осы аталған бапта қылмысты іс-әрекетті істеудің келісушілігінін
дәрежесіне сәйкес қылмысқа қатысудың нысандары бөлек көрсетілгенмен, іс
жүзінде қатысушылардың өзара қылмыс істеуге деген алдын ала келіспеу-
шілігінің болғаныңа немесе болмағаныңа байланысты қылмысқа қатысу нысаны
төмендегідей бірнеше түрге бөлінеді.
Алдын ала келіспей қылмысқа қатысу (31-бап, 1-бөлігі). Мұндай ретте
қылмыс топ арқылы алдын ала келіспей, қоса орындаушылық түрінде, қылмысқа
қатысушылардың арасында келіспеушілік қылмыс істелгенге дейінгі уақытта
орын алмаған жағдайда істеледі. Бұл жағдайда қылмысты топқа қатысушылардың
өзара келісуі қылмыс істеу барысында, қылмыстың объективтік жағының
белгілерін орындауға кіріскен уақыттан бастап жүзеге асырылады. Алдын ала
келіспей топ болып қылмыс істеу көп жағдайда тобелеске қатысып кісі
өлтіруге, денеге жарақат салуда, әйел зорлауда жиі көздеседі. Бұл қылмысқа
тән белгі — қылмыс істеуге, яғни қылмыстың объективтік жағын орын алуға
кіріскен орындаушының әрекетіне басқа қатысушы-лардың косылып кетуі болып
табылады. Мұндайда әрбір қылмысқа қатысушы қылмыстың объективтік жағының
белгілерін толық немесе ішінара орындайды.
Қазақстан Республиқасы Жоғарғы Сотының 1993 жылғы 23 сәуіріндегі
Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін заңдарды соттардың қолдану
тәжірибесі туралы нормативтік қаулысының топ болып жасалған зорлау деп —
бірнеше адам бір жәбірленушіні зорлағандығы, соңдай-ақ айыпкердің бірнеше
адам (екеуден кем емес) жәбірленушіге бірлесе күш жұмсап, онымен жыныс
қатынасын жасаса, бұл әрекет топ болып зорлау деп саралануға жатады. Өздері
зорлап жыныс қатынасын жасамаған, бірақ жәбірленушіге күш қолдану арқылы
басқалардың оны зорлауына көмектескен адамдар топтасып зорлауды
орындаушылар болып табылады,—делінген. Алдын ала келіспей қылмысқа топ
болып қатысу өте кауіпті және бұл сот тәжірибесінде аз көздесетін қылмыс
болып табылады.
Қылмысқа қатысу нысаныңың ең қауіпті және көп тараған түрі алдын ала
сөз байласып, келісіп қылмысты бірлесіп жасау туралы күні бұрын уағдаласқан
түрі болады. Алдын ала келісу деп қылмыстың объективтік жағын құрайтын
әрекеттерді орындағанға дейін Қылмыстық кодекстін ерекше бөліміндегі
көрсетілген баптардағы іс-әрекеттерді істегенге дейін басқа бір адаммен
болса да келісімге келуді айтамыз. Бір топ адамның қылмысты алдын ала
келісіп істеуінін белгілері: біріншіден, қылмысқа қатысушылардың саны
екіден кем болмайды; екіншіден, олардың қылмыс істеу туралы келісімі
қылмысты істегенге дейін орын алады; үшіншіден, келісім белгілі бір немесе
бірнеше қылмысты істеу жөнінде болады.
Қылмысқа қатысудың бұл нысаны Қылмыстық кодексте нақты қылмыс
құрамының негізгі немесе жетілдірілген (квалифицирующий) белгілері немесе
жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар ретінде көрсетілген. Мысалы: 175-баптың
2-бөлігінде бөтеннін мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша
ұрлау;—делінген. Бұл жерде қылмыс істеуге келісу деп қылмысқа
қатысушылардың дайындалып немесе істейін деп жатқан қылмыс жөніндегі өзара
ауызша, жазбаша келісімге қол жеткізуін айтамыз. Кейде мұндай келісімдерге
конклюдеттік әрекеттер (үндемей келісу) арқылы қол жетуі мүмкін. Келісімнін
түпкі мақсаты қылмысқа қатысушылардың барлығынан да істейтін қылмыс
құрамының объективтік жағын орындауға тікелей қатысатыны туралы болады,
яғни қылмыс қоса орындаушылықпен жүзеге асырылады. Егер қылмысты бір немесе
бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардын тұракты тобы
жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады. Мұндай ұйымдасқан
топпен істелетін қылмыстардың белгілері: біріншіден — қылмысқа кем дегенде
екі адам қатысады, екіншіден — ондай қатысу алдын ала қасақана бір немесе
бірнеше қылмыс істеу жөнінде келісіледі, үшіншіден — қылмыстық топ тұрақты
топқа жатады. Алдын ала ұйымдасқан тұрақты қылмыста топтын, қатысушылары,
әдетте, қылмыс істеу жөнінде күні бұрын, яғни қылмысты істегенге дейін
өзара келісіп, қылмыс істеудің жоспарын құрады; қылмысқа қатысушылардың
өзара рөлін белгілейді; қылмысты әрекетті жүзеге асырудың тәсілін және
жоспарланған әрекетті жүзеге асырудың жағдайларын қарастырады. Ұйымдасқан
тұрақты топпен қылмыс істеу топқа қатысушылардың белгілі бір рөлдерді
атқаруы арқылы да, сондай-ак ұштасқан орындаушылық арқылы да қылмысқа
қатысып жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Тұракты топ дегеніміз бір немесе
бірнеше қасақана қылмыстар істеу үшін құрылған топ болып табылады. Мұндай
тұрақты топтын мүшелері болып кейде мемлекеттік өкімет: басқару
орғандарының жауапты қызметкерлері де болуы мүмкін. Қолданылып жүрген
қылмыстық заңға сәйкес ұйымдасқан топ болып қылмыс істеу қылмысты
жетілдіретін, ауырлататын белгі ретінде бірнеше бапта көрсетілген. Мысалы,
175-бап, 3-бөлігі, а тармағы, 178-бап, 3-бөлігі, а тармағы, 177-бап, 3-
бөлігі, а тармағы, т. б.
Егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған
бірігіп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан
топтардың бірлестігі жасаса, ол қылмыс сыбайластық қылмысты ұйым жасаған
қылмыс деп танылады. Қылмыстық сыбайластыққа тән өзіндік белгілердің бірі
қылмысқа қатысушылардың өзара алдын ала келісушілігінің ең жоғары дәрежеде
болатындығына және оның тұрақты, тығыз ұйымдасқан, топтасқан құрылым
екендігіне байланысты. Қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) ауыр немесе
ерекше ауыр қылмыстар істеу үшін адамдардың біріккен тұрақты және топтасқан
тобының, көрінісі болып табылады. Қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық
ұйымның) қатысушылары тұрақтылығы, топтасқандығы қылмысқа қатысудың текқана
осы түріне тән белгілері болып табылады. Бұл жерде қылмыстық сыбайлас-
тықтың (қылмыстық ұйымның) тұрақтылығы деп оның мүшелерінің өзара үнемі
байланыста болуын және олардын бірнеше ауыр немесе ерекше ауыр қылмысты
істеуге даярлану, оқталу, жүзеге асыру әрекетінің өзіндік әдістерінін.
көрініс беруін айтамыз. Алдын ала келісімнің және өзара тығыз
сыбайластықтың, бірлестіктің тұрақтылығын көрсетеді. Қылмысқа бірге
қатысушылардың әлеуметтік-психологиялық белгілерін сипаттайтын қылмыстық
мақсатты жүзеге асырудағы ортақ бірлігінін бар болуын қылмысты
сыбайластыққа (қылмысты ұйымға) топтасқандық деп танылады. Қылмыстық
сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) істеген қылмысының кауіптілігі сол, бұл
ұйым жай ғана өзара келіскен адамдар тобынан емес, қылмысты кұкыққа қарсы
әрекеттермен шұғылдану үшін жасалған тұрақты, басқарылатын ұйымға топталған
адамдардан тұрады. Бұл басқарылатын тұрақты ұйымның мақсаты ауыр немесе
ерекше ауыр қылмысты әрекеттермен шұғылдану болып табылады. Мұндай ұйым,
әдетте бірнеше, саны белгісіз, қылмыстарды жасау үшін, орындалуы қиын,
ауқымы кең, тәсілі мен әдісі жөнінен құрделі ауыр немесе ерекше ауыр
қылмыстарды жүзеге асыру үшін құрылады. Қылмысты топтың мүшелері арасында
әрқайсысының атқаратын рөлдері белгіленеді. Мұндай басқарылатын ұйым көп
жағдайларда ауыр немесе ерекше ауыр қауіпті қылмыстарды жүзеге асырады.
Қылмыстық сыбайластықпен (қылмысты ұйыммен) істелетін қылмыстардың кейбір
түрлері қылмыстық заңда жеке қылмыс құрамы ретінде көрсетілген. (Мысалы,
237-бап. Бандитизм). Банда дегеніміз азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл
жасау мақсатында тұракты, қарулы топ құру. Бұл қылмыс тұрақты басқарылатын
ұйымға топтасқан адамдар арқылы ғана жүзеге асырылады. Мұндай қылмыстарды
қылмыстық құқық теориясы қылмыстық ұйыммен бірлестікпен жасаған қылмыс деп
таниды. Қылмыстық құқық теориясы мұндай ұйымның құрылуын және оған
қатысудың өзін аяқталған қылмыс қатарына жатқызады.
Ұйымдасқан топқа қарағанда қылмыстық сыбайластық арқылы істелетін
қылмыстың зияны да, кауіптілігі де орасан зор. Ұйымдасқан топқа қарағанда
қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) айырмашылығы бар. Қылмыстық
сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) құрылу мақсаты — ауыр немесе ерекше ауыр
қылмысты істеу, қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылдану және оны күнкөріс
көзіне айналдыру.
Ұйымдасқан топ қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылданбайды, үнемі
шұғылданса ондай топ қылмыстық сыбайластыққа айналып кетеді. Сол сияқ-ты
қылмыстық сыбайластыққа бір топ адам, бірнеше ұйым қылмысты әрекеттермен
шұғылдану үшін тұрақты құрылымға бірігеді, ұйымдасқан топпен қылмыс істеуде
мұндай белгі болмайды.

3. Қатысушылардың түрлері
Қылмыстық құқықта қылмысқа қатысушылар орындаушылар,
ұйымдастырушылар, айдап салушылар және көмектесушілер деп бөлінеді.
Оларды бұлай бөлуге қылмысқа қатысудағы атқаратын іс-әрекетінің мәнісі мен
дәрежесі негіз бола алады. Қылмысқа қатысушыларды осылай бөлудің олардың
жауаптылығын негіздеу, іс-әрекеттерін дұрыс саралау және жаза
тағайындағанда әрқайсысының ерекшеліктерін еске алу үшін маңызы өте зор.
Қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың әрқайсысына заңдылық
сипаттама ҚК-нің 28-бабында көрсетілген.

Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса
орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің
дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте қөзделген басқа да мән-жайларға
байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану
арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен
қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады (28-бап, 2-бөлігі).
Қылмысты орындаушы қылмысты жеке өзі немесе оны бірнеше басқа
адамдармен қоса орындап, тікелей жүзеге асыруы мүмкін, мысалы, топ болып
әйелді зорлау. Қайсы бір жағдайларда қылмыстың субъектісі болып танылатын
жасқа толмаған адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам қылмыстын
тікелей орындаушысы болады. Немесе есі дұрыс емес адамды кісі өлтіруге
пайдаланса, онда оны пайдаланған адамның өзі қылмыс-ты орындаушы, ал есі
дұрыс емес адам қылмыс істеудің құралы болып табылады. Егер абайсыздықпен
әрекеттенген адамды пайдалану арқылы қылмыс жасалса да, қылмысты орындаушы
болып соны пайдаланған адамның өзі танылады. Мысалы, С. деген адам өзі жек
коретін Ж. деген жолдасының қарсы кележатқаның көріп, оны басқа біреудің
қолымен өлтіру үшін өзіне таяп қалғанда жанында келе жатадн Т. деген
серігін алдап Ж-ны қорқытайық мына мылтық ішіне оқ салынбаған, құр дәрімен
ғана жаб-дықталған оталғыш бар, соған қаратып мылтық ат — дейді. Т.
мылтықты алып Ж-ға қарсы мылтық атады, нәтижесінде мылтық атылып, Ж-ның
кеудесіне оқ тиіп, табан астында қаза болады. Бұл жерде Т-ның әрекеті
абайсызда, ал С-ның әрекеті қасақан акісі өлтіру болып табылады. Өйткені ол
мылтық оғын С-ға сеніп тексермеді. Яғни, қасақана қылмысты орындаушы С.
болып табылады. Ол бұл жерде абайсыздықпен әрекеттенген адамды қыл-мыс
істеуге пайдаланады. Орындаушының арам ниетінің мазмұны мынандай болып
табылады: а) адам қылмысты басқалардың көмегімен (біреу болса да)
істелгенін сөзеді; б) қылмыстың нәтижесінің жалпы зардабын болжайды; в)
соның болуын тілеп немесе соған саналы турде жол береді. Қылмысты
орындаушылардың әрекеті КК-нің 28-бабы, 2-бөлігіне сілтеме жасалмастан ҚК-
нің Ерекше бөлімінде көрсетілген қылмыс құрамы бойынша тікелей сараланады.
Ұйымдастырушы. Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына
басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық,
қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған не оларға басшылық еткен адам
ұйымдастырушы деп танылады (28-бап, 3-бөлігі).
Ұйымдастырушы қылмысқа қатысушылардың ішіндегі ең кауіптісі болып
табылады. Оның әрекеті Қылмыстық кодекстің 29-бабына сілтеме жасала отырып
сараланады. Қылмысты ұйымдастырушылардың әрекеті көбінесе тұракты қылмыстық
топ, қылмысты ұйым құруға байланысты болады. Ұйымдастырушылар объективтік
жағынан алғанда қызметі қылмысқа қатысушыларды табу, оның дайындығына,
жүзеге асырылуына жоспар жасау, қылмысқа қатысушылардың арасында берік
тәртіп орнату, олардың өзара міндеттерін бөлу, сондай-ақ қылмысты істеу
барысында оған тікелей басшылық жасау жағынан көрінеді. Барлық жағдайларда
да ұйымдастырушы, қылмысты істеуді дайындағанда немесе басқарғанда олар-дың
қатысушыларын біріктіріп, басшылық жасайды, көп жағдайларда қылмыс істеудің
бастамашысы болады. Кейбір ретте қылмысты ұйымдастырушы өзінің
ұйымдастырушылық қызметін істелген қылмыстың тікелей орындаушылық
қызметімен қоса атқаруы да мүмкін. Бірақ та мұндай жағдайда оның
ұйымдастырушылық қызметін қылмысты орындаушылық қызметімен алмастыруға
болмайды. Өйткені қылмысты ұйымдастырушының зияндылығы орындаушыға
қарағанда жоғары және кауіпті болып табылады.
Ұйымдастырушы тек қана тікелей қасақаналықпен әрекет жасайды. Ол
өзінің әрекетінің қоғамға қауіпті екенін біле тұра содан туындайтын
зардаптардың болуын болжай тұра, сол зардаптың болуын тілеп істейді. Яғни
басқаша айтқанда, ұйымдастырушы қылмысқа қатысушылардың барлығының қылмысты
әрекетінің біріктірушісі болады және сол үшін де өзі ұйымдастырған нақты
қылмыс құрамының санкциясына сәйкес жазаға тартылады.
Айдап салушы. Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе
өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады (28-
бап, 4-бөлігі).
Айдап салушы болашақ қылмысты орындаушыны әр түрлі әдіспен қылмыс
істеуге азғырып, көндіріп, оның батылдығына жігер береді. Айдап салушы
(азғырушы) қылмысты істеушінің сана-сөзіміне, еркіне тікелей әсер етіп, оны
қылмыс жасауға тікелей жігерлендіреді. Айдап салушының өзі қылмыс істеуге
көндірген адаммен қатынас жасауы ауызша, жазбаша, қимыл көрсету және тағы
басқа сан түрлі болуы мүмкін.
Қылмыс істеуге біреуді көндірудің тәсілі, құралы да сан турлі болуы
мүмкін. Мұнда қорқыту, өтіну, сатып алу, сый-сияпат жасау, өз өкілдігі мен
беделін пайдалану сияқты сан алуан әдістер пайдаланылуы мүмкін. Кейбір
жағдайларда айдап салушы біреу емес, бірнешеу болуы да ықтимал. Айдап
салудын барлық тәсілдері мен әдістері азғыруға көнушінің еркін басуға
немесе оны шатасуға әкеліп соктырмауы керек, қайта оның белгілі бір
қылмысты жасауға деген жігерін қөздырып, соны істеуге деген бел
байлағандыққа итермелеуі керек. Айдап салушы барлық уақытта да белсенді
әрекет күйінде жүзеге асырылады. Айдап салушыны интеллектуалдық көмек
берудің түрінен ажырата білу керек. Интеллектуалдық көмек беруде адам
қылмысты орындаушының ниетін құптайды, ал айдап салушылықта қылмыс істеуге
біреуді белсеңді түрде көндіреді. Яғни, бұл екі ұғымның айырма-шылығы
осында. Айдап салушылық өзінін істеген іс-әрекетінің мәнін сөзуге кабілеті
нақты бір шешім жасайтын адам жөнінде ғана орын алады.
Сондықтан да есі дұрыс емес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқық институтындағы себепті байланыстың ерекшелігі
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысудың түсінігі
Қылмысқа қатысудың мәні, түрлері және нысандары
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысушылардың түрлері және олардың жауапкершіліктері
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс
Қылмыстық құқықтағы қылмысқа қатысу жайлы
Қылмысқа қатысудың түрлері
ҚР қылмыстық құқығы бойынша қылмысқа қатысудың түсінігі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер