Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І.Тарау. Көші.қон үрдістерін зерттеудің теориялық негіздері ... ... ...
1.1.Халықтың көші.қоны . демографиялық үрдістердің қалыптасу негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Көші.қон үрдістерін зерттеуге арналған түпнұсқаларды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ.Тарау. Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы ... ..
2.1. Қазақстан халқының демографиялық үрдістерінің өзгерістері
(санақ өткізілген жылдар бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Көші.қон үрдістерінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ.Тарау. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі көші.қон үрдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.1. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі көші.қон қозғалысының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2. Қазақстан Республикасындағы көші.қон қозғалысының мәселелері мен жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..



Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақстан Республикасының ауқымы 2724,9 мың шаршы шақырым. Қазақстан Республикасының құрамында 14 облыс бар. Жалпы халықтың тығыздығы 1км2.-ге -5,7 адамды құрайды.
Халықтың саны жөніндегі ғылыми теория еңбек ететін халықты қоғамның басты өндіргіш күші, бүкіл қоғамдық өндірістің негізі ретінде қарастырады. Халық табиғатпен (географиялық ортамен) үнемі әрекеттесе отырып, оны қайта түлетуде белсенді рөл атқарады. Сонымен бірге, халық жасалатын бүкіл материалдық игіліктердің басты тұтынушысы болып табылады.
Ал, халықтың миграциясына (көші-қонына) келетін болсақ, Миграция дегеніміз - яғни, адамның бір жерден екінші бір жерге тұрақты, мезгілді немесе уақытша орнын ауыстыруын атайды. Миграция халықтың орналасуына, санына, құрамына үлкен әсерін тигізеді. Миграцияның негізгі себебі экономикалық себебке байланысты, бірақ олар саяси, ұлттық, діни, экологиялық және басқа да себептермен тығыз байланысты. "Адамдар",- деп жазды Н.Н.Баранский,- жыл құстары емес, сондықтан олардың қоныс аударуы биологиялық емес, қоғамдық заңдылықтарға байланысты /3/. Халықтың ішкі көшіп-қонуының бірнеше түрі бар. Оған халықтың ауылдық жерден қалаларға көшуі жатады, мұндай көшу көптеген елдерде олардың өсуінің негізгі көзі болып табылады. Қазіргі кезде көшіп-қонудың бұл түрінің кең өрістегені соншама, оны “ХХ-ғасыр халықтарының ұлы қоныс аударуы” деп атай бастады. Халықтың территориялық орын ауыстыруы ірі және шағын қалалардың арасында да жүреді.
Тәуелсіздік тұғырына ту тіккен тұстағы егемендігіміздің елеулі шараларының бірі – көші-қон мәселесін қолға алу еді. Қазақстандағы қазіргі қалаптасқан нақты жағдайға сүйенгенде демографиялық жағдайды жақсартудың бір жолы бар. Ол сырттан көшіп келушілерді көбейту. Үкіметіміз шама-шарқы келгенше қолдан келген жағдайын оралмандар үшін жасап жатыр. Әрине, жұмыс болған соң кемшіліксіз болмайды, бірақ соның бәрі қаржы тапшылығына келіп тіреледі. Ең бастысы, оралмандар бұрын “төркінсіз, жетім қыздың” күйін кешіп келсе, енді олар артымызда іздеушіміз бар екен деген дәрежеге жетті. Өйткені Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабында: ”Республикада өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепілдік беріледі”-деп атап көрсеткен /8/.
Ғасырлар бойы аңсаған егемендікке қолымыз жетті қазағым, енді өз елінде жиналып бас қосып ата-бабаларымыз өмір бойы аңсаған егеменді Қазақстан мемлекетін құрып нығайту.
Енді қазақтың кең даласын – малға, қаласын – адамға толтыруды қажет етеді. Оған бір адамдай үлес қосу барша қазақтың парасаттық парызы болмақ.
1. Абайдың нақыл сөздері
2. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально- демографические процессы в Казахстане (1917-1980). –Алма-Ата, 1991.-190с.
3. Баранский Н.Н.Экономическая география. Москва, 1986.- с.
4. Демографический статежегодник Казахстана. - Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2000.-64с.
5. Жумасултанов Т.Ж., Ибраев А.Т. Население Казахстана с древнейших времен до наших дней. –Алматы, 2000.-152с.
6. Зайончковская Ж.А. Миграция населения. Москва, 1992.-243с.
7. Искаков У.М. Учет и перепись населения мира и Казахстана. – Алматы, 1996.-120с.
8. Қазақстан Республикасының конституциясы (11 бабында)
9. Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан 2030”бағдарламасы
10. Переведенцев В.И. Методы изучения миграции населения. Москва, 1975.-231с.
11. Региональный статистический ежегодник Казахстана. -Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 1996.-552с.
12. Демографический статежегодник Казахстана. -Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2000.-64с.
13. Региональный статежегодник Казахстана. 1995-1998гг. -Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 1999.-356с.
14. Рыбаковский Л.Л. Миграция населения: прогнозы, факторы, политика. Москва, 1987.-199с.
15. Садовская Е.Ю. Миграция в Казахстане на рубеже XXІ века: основные тенденции и перспективы. Алматы, 2001.-260с.
16. Садовская Е.Ю. Внешняя миграция в Казахстане и предупреждение потенциальных конфликтов.Бишкек,1997.-215с.
17. Статистическое обозрение Казахстана. Алматы, 1997г.
18. Итоги миграции населения по Республике Казахстан за 1994 год. Алматы,1995.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І-Тарау. Көші-қон үрдістерін зерттеудің теориялық негіздері ... ... ...
1.1.Халықтың көші-қоны – демографиялық үрдістердің қалыптасу
негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2. Көші-қон үрдістерін зерттеуге арналған түпнұсқаларды
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы ... ..
2.1. Қазақстан халқының демографиялық үрдістерінің өзгерістері
(санақ өткізілген жылдар бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Көші-қон үрдістерінің тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі көші-қон
үрдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
3.1. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі көші-қон қозғалысының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2. Қазақстан Республикасындағы көші-қон қозғалысының мәселелері мен
жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Қазақстан Республикасының ауқымы 2724,9 мың шаршы шақырым. Қазақстан
Республикасының құрамында 14 облыс бар. Жалпы халықтың тығыздығы 1км2.-ге
-5,7 адамды құрайды.
Халықтың саны жөніндегі ғылыми теория еңбек ететін халықты қоғамның
басты өндіргіш күші, бүкіл қоғамдық өндірістің негізі ретінде қарастырады.
Халық табиғатпен (географиялық ортамен) үнемі әрекеттесе отырып, оны қайта
түлетуде белсенді рөл атқарады. Сонымен бірге, халық жасалатын бүкіл
материалдық игіліктердің басты тұтынушысы болып табылады.
Ал, халықтың миграциясына (көші-қонына) келетін болсақ, Миграция
дегеніміз - яғни, адамның бір жерден екінші бір жерге тұрақты, мезгілді
немесе уақытша орнын ауыстыруын атайды. Миграция халықтың орналасуына,
санына, құрамына үлкен әсерін тигізеді. Миграцияның негізгі себебі
экономикалық себебке байланысты, бірақ олар саяси, ұлттық, діни,
экологиялық және басқа да себептермен тығыз байланысты. "Адамдар",- деп
жазды Н.Н.Баранский,- жыл құстары емес, сондықтан олардың қоныс аударуы
биологиялық емес, қоғамдық заңдылықтарға байланысты 3. Халықтың ішкі
көшіп-қонуының бірнеше түрі бар. Оған халықтың ауылдық жерден қалаларға
көшуі жатады, мұндай көшу көптеген елдерде олардың өсуінің негізгі көзі
болып табылады. Қазіргі кезде көшіп-қонудың бұл түрінің кең өрістегені
соншама, оны “ХХ-ғасыр халықтарының ұлы қоныс аударуы” деп атай бастады.
Халықтың территориялық орын ауыстыруы ірі және шағын қалалардың арасында
да жүреді.
Тәуелсіздік тұғырына ту тіккен тұстағы егемендігіміздің елеулі
шараларының бірі – көші-қон мәселесін қолға алу еді. Қазақстандағы қазіргі
қалаптасқан нақты жағдайға сүйенгенде демографиялық жағдайды жақсартудың
бір жолы бар. Ол сырттан көшіп келушілерді көбейту. Үкіметіміз шама-шарқы
келгенше қолдан келген жағдайын оралмандар үшін жасап жатыр. Әрине, жұмыс
болған соң кемшіліксіз болмайды, бірақ соның бәрі қаржы тапшылығына келіп
тіреледі. Ең бастысы, оралмандар бұрын “төркінсіз, жетім қыздың” күйін
кешіп келсе, енді олар артымызда іздеушіміз бар екен деген дәрежеге жетті.
Өйткені Қазақстан Республикасы Конституциясының 11-бабында: ”Республикада
өзінің одан тыс жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық
жасауға кепілдік беріледі”-деп атап көрсеткен 8.
Ғасырлар бойы аңсаған егемендікке қолымыз жетті қазағым, енді өз
елінде жиналып бас қосып ата-бабаларымыз өмір бойы аңсаған егеменді
Қазақстан мемлекетін құрып нығайту.
Енді қазақтың кең даласын – малға, қаласын – адамға толтыруды қажет
етеді. Оған бір адамдай үлес қосу барша қазақтың парасаттық парызы болмақ.

І-Тарау. Көші-қон үрдістерін зерттеудің теориялық негіздері.
1. Халықтың көші-қоны – демографиялық үрдістердің қалыптасу негізі

Халықтың көші-қоны тек экономика мен әлеуметтік саланың
дамуындағы емес, сондай-ақ ұлтаралық қатынастардағы өзгерістерді
сезінетін өзіндік барометр болып табылады. Нарықтық қатынастар өтетін
күрделі кезеңде көші-қон үрдістері айтарлықтай өзгеріске ұшыраған,
олардың құрылымы мен экономикалық факторлардың анықталуының сақталу
кезіндегі себептер өзгереді. Өндіргш күштердің орналасуы мен
дамуындағы қозғалыстармен, сондай-ақ мезгілді және маятниктік орын
ауыстырулармен байланысты болып келетін көші-қонмен қатар, олардың
біздің қоғамға тән емес жаңа түрлері пайда болады. Олардың ішінен
ұлтаралық қақтығыстар, экономикалық және табиғи апаттар нәтижесінде
туындайтын мәжбүрлік көші-қон деп аталатын түрін бөліп көрсетуге
болады. Бұған, сондай-ақ, қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздерінің
тарихи отандарына қайтып оралуымен байланысты болып келетін көші-қонды
да жатқызуға болады.
Көші-қонның классикалық түрлері сияқты, оның жаңа түрлері де бір-
бірімен тығыз байланысты. Оларды, бір жағынан халықтың көші-қондық
белсенділігін арттыратын, ал екінші жағынан осы үрдістерді тежейтін
жалпы факторлар біріктіреді.
Қазіргі кезеңде көші-қон сипатын айқындайтын басты қозғауш күш –
нарықтық қатынастардың дамуы. Бұрынғы одақтық республикалардың жаңа
экономикалық қатынастарға өту үрдісі жұмысшылар мен өндірістік саланың
босауы есебінен, сондай-ақ жұмыссыздар армиясының пайда болып, оның
экономикалық дамудың тұрақты факторына айналуының нәтижесінде халықтың
миграциялық белсенділігін артуын тудыратыны даусыз. Халықтың
миграциялық қозғалысының төмендеуі, негізінен, елдегі әлеуметтік-
экономикалық және саяси жағдайдың шиеленісуімен, яғни Кеңес Одағының
ыдырауымен байланысты. Адамдар тұрғылықты жерін ауыстыруды біршама
кейінге қалдырып, сол жерде тұрақтай тұрады. Тек төтенше жағдайлар -
ұлттық белгілер бойынша қудалау, ұлтаралық қақтығыстар ғана адамдарды
үйреншікті жерінен кетіріп, оларды босқындарға айналдырады. Халықтың
миграциясына әсер ететін факторларға, сондай-ақ, елдің, әсіресе ірі
қалаларындағы экологиялық және криминогенді жағдайлардың нашарлауын
жатқызуға болады. Миграцияның жаңа кезеңінің айрықша ерекшелігі
бұрыннан да айқын көрініс беретін миграцияның ұлтаралық факторлары
болып табылады. Миграциялық үрдістер әсері нәтижесінде халықтың
этноұлттық құрылымының өзгерісін талдау өте маңызды болып келеді.
Миграциялық үрдістер бұзушы сипатқа ие болмай, біріктіруші қызмет
атқару үшін, белгілі бір мақсатты көздейтін миграциялық саясат қажет.
Миграциялық үрдістерді басқару мәселесі арнайы келісімдерде, сонымен
қатар сол мемлекеттер арасындағы миграциялық мәселелер жөніндегі екі
жақты келісім жасасу негізінде көрініс табу қажет.
Қоныс аударудың мүмкін болатын масштабтарын бағалау кезінде, ең
алдымен, экономикалық факторларды ескеру қажет. Кез-келген аумақ
белгілі бір өмірлік сыйымдылыққа ие болады (яғни, жұмыс орындарының
саны, жыртылған жер аумағы, үй, пәтер қоры). Бұл шектеулер қалаларға
қатысты (тіркеу тәртібі өзгертілсе де).
Қоныс аудару кезінде, босқындарды жаңа жерге орналастыру кезінде
олардың құрамының ерекшеліктерін толық ескеру қажет: ауыл немесе қала
тұрғыны ма, мамандығы қандай және жүргізген шаруашылығының түрі,
балаларының және қамқорында кәрі-құртаңның болу-болмауы және т.б.
Осыған байланысты қоныс аудару мәселесінің жалпы одақтық
бағдарламасын дайындау алға қойылған. Бұл бағдарламада аз игерілген
аумақтарды қоса, мүмкін болатын орындарды, қоныс аударушыларды
орналастыруға кететін қажетті шығындарды қарастырған жөн. Бұл
мақсаттарға байланысты миграция үрдістерін қозғайтын, ТМД елдеріне
мүше барлық мемлекеттер арқылы қаржы-қаражат жинақталатын арнайы
аймақаралық қор құру қажет. Ал қоныс аудару ерікті түрде жүзеге
асырылуы керек.
Біздің елімізде миграция маңызды роль атқарады. Миграция мәні
келесі объективті жағдайлар арқылы анықталады: еліміздің ұлан-ғайыр
аумағы; әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен деңгейінің
айтарлықтай кеңістіктік дифференциациясы, сондай-ақ халықтың өмір сүру
деңгейі; ТМД-да әлі күнге дейін негізгі миграциялық тасқын болып
табылатын, ауылдан қалаға қарай ағылған қарқынды урбанизация үрдісі;
50-жылдардың ортасынан 80-жылдардың аяғына дейін дәл осы факторлар
КСРО-дағы халық миграциясының масштабы мен бағытын анықтаған болатын,
ал соңғы уақытта бұларға жаңа факторлар қосылды: босқындардың толық
тасқынын тудырған ұлтаралық қақтығыстар; ұлттық шекара ашу үрдісін
күшейтіп, ұлттық және әлеуметтік қатынастарды тежеген республикалардың
егемендігін алу үрдісі;
Ел өміріндегі либерализация, дүниежүзілік бірлестік арқылы
мойындалған адам құқтарының кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған
қозғалыстар, соның ішінде еркін көшіп-қонуға құқық берілуі
эмиграцияның ұлғаюын тудырады.
Халық миграциясы – тұрақты тұрғылықты жердің ауысуымен байланысты
болып келетін адамдардың (мигранттардың) орын ауыстыруы. Бағытына
байланысты халық миграциясын ішкі және сыртқы деп бөлуге болады,
оларды мемлекетке қатыстылығы жағынан эмиграция және иммиграция деп
атайды. Мигранттар бір елге басқа бір үшінші елден өтіп келсе, халық
миграциясының мұндай түрін транзитті миграция деп атайды. Елді
мекендер жүйесіне байланысты қалааралық, ауыларалық, ауылдан қалаға,
қаладан ауылға бағытталған миграцияларды бөліп көрсетеді. Халық
миграциясы адамның өз еркімен жүзеге асатын ерікті миграцияға, сондай-
ақ мәжбүрлі және еріксіз миграцияға бөлінеді.
Халық миграциясын әртүрлі белгілері арқылы жіктеуге болады:
миграция себептері, олардың аумақтық қамтылуы, ұзақтығы, мигранттар
құрылымы.
Себептеріне байланысты миграцияны екі негізг топқа бөлуге болады:
Экономикалық және саяси. Экономикалық себепті миграцияларға,
негізінен, адамдардың ерікті таңдауы мен шешімі нәтижесінде жүретін
және материалдық жағдайды жақсартуды көздейтін барлық қоныс аударулар
жатады. Бұл категорияға жер шарында әлі күнге дейін орын алған
көптеген миграциялар жатады.
Соңғы бірнеше онжылдық ішінде әлемде экономикалық жағдайларға
тәуелсіз, тек қана саяси себептер нәтижесінде туындаған едәуір саяси
миграциялар байқалуда. Осы уақытқа дейін саяси миграциялар қоғамның
азғантай тобын қамтыса, біздің ғасырда олар жалпылама сипатқа ие
болды. Бұл миграциялар халықтың барлық түрдегі жаппай орын ауыстыруын,
мысалы, мемлекеттік шекараның өзгеруі нәтижесіндегі халықтың өз еліне
өтуін, дискриминацияның әр алуан түрлерінен халықтың жаппай қашуын
және т.б. кіріктіреді.
Миграцияның басқа түрлері тұрақты сипатқа иеленбейді. Оларға,
мысалы, жоғары дамыған елдерде қазіргі кезде көлемді масштабтарды
иеленіп отырған туризмді, сондай-ақ діни сенімге байланысты (мысалы,
мұсылман қауымның Меккеге қажылыққа аттануы т.с.с.) болып келетін
миграцияларды жатқызуға болады.
Аумақты қамтуы бойынша миграция 3 топқа бөлінеді: а)
континентаралық, б) мемлекетаралық (яғни бір континенттегі мемлекеттер
арасында, әдетте көршілес мемлекеттер арасында жасалады), в)
мемлекетішілік
Ұзақтығы бойынша миграцияны екіге бөлуге болады: а) тұрақты
миграция, яғни мигранттар жаңа жерде не біржола, не біршама ұзақ
мерзімге қалатын тұрақты миграция және б) 1-2 жыл көлемінде қайтуды
көздеп, табыс табу үшін жасалатын мезгілді миграция. Әдетте, мезгілді
миграциялар бір континенттегі мемлекетаралық қоныс аударуларда басым
болса, континентаралық миграциялар тұрақты миграциялық сипатқа ие
болады.
Мигранттар құрылымына қарай миграцияларды төмендегідей жіктеуге
болады: өндірістік және қалалық орталықтарға бағытталған миграциялар;
ауылшаруашылықтық миграциялар; қазіргі уақытта ауылшаруашылықтық
миграция маңыздылығын біртіндеп жойып келе жатыр.

2. Көшіп-қону үрдістерін зерттеуге арналған түпнұсқаларды талдау.

60-жылдардың екінші жартысынан басталып, 70-жылдардың ортасына дейін
жалғасқан халық миграциясының зерттеуіндегі қайта өрлеу кезеңімен осы
құбылыстың көптеген анықтамаларының пайда болуы мен жіктелуі әрекеттерінің
жасалуын байланыстыруға болады. Миграция үрдісінің қарқынды түрде
зерттелуі көптеген әртүрлі терминдердің қолданылуына алып келді.
Миграцияны аумақтық, географиялық, кеңістік құбылыс деп атай бастап,
мұндай құбылыстар жоқ жердегі семантикалық айырмашылықтарды көрсетуге
тырысты. Миграция қозғалу, орын ауыстыру, қоныс аудару, қайта орналасу
және т.б. әрекеттерін кіріктіретіндіктен, оны мобилді немесе жылжымалы
құбылыс ретінде қарастыра бастады. Осылайша пайда болған терминдерді
реттеп, бір жүйеге келтіру қажет болды. Терминологияны негіздеу мен
анықтамаларды жіктеуге Б.С. Хорев, А.У. Хомра, В.И. Староверов және халық
миграциясын зерттеп жүрген басқа да көптеген ғалымдар қатысты. Миграция
анықтамасына толық талдау жасап, олардың жіктелуін жүзеге асырғысы келген
соңғы әрекеттерге А.У. Хомра зерттеулері жатады. Өкінішке орай оның
зерттеулері жүйесіз болды, автор халық миграциясының кең және тар
мағынадағы түсініктерін ажырата алмай, әртүрлі көзқарастарды шатастырып
жіберген.
Әртүрлі ұсақ өзгешеліктерді ескермесек, онда халық миграциясы
жөніндегі барлық анықтамаларды жіктеу белгісі ретінде олардың маңыздылығын
ала отырып, 4 топқа бөлуге болады. Бірінші топқа жататын анықтамалар
миграциялық үрдіс және миграциялық нәтиже сияқты екі түрлі құбылысты
араластырып жіберген. В.И. Переведенцев ескерткеніндей, миграция халықтың
аумақтық қайта орналасуы деген қате пікір болып саналады. Әсіресе, Н.Н.
Филиппов пен В.А. Сухов миграцияны халықтың орналасуының қандай да бір
түрі деп түсіндіреді.
Екінші топқа орын ауыстыру және мобилділік сияқты екі түрлі ұғымды
ажырата алмайтын анықтамалар жатады. Мысалы, Т.М. Қараханова халық
миграциясының маңыздылығының анықтамасы екі түсінікті кіріктіру керек,
солардың бірі миграцияны географиялық мобилділіктің түрі ретінде қарастыру
керек деп санайды. Кейінірек, Л.Л. Шамилева миграцияны халық
мобилділігінің (жылжуының) түрі деп атап, осы анықтаманы қайталаған
болатын. Негізінде, Т.М. Қараханова, Л.Л. Шамилева және ММУ экономика
факультетінің басқа да аспиранттарының диссертациялық жұмыстары Б.С. Хорев
зерттеулерінің арнасында жазылған болатын. Ал, ол “халықтың миграциялық
қозғалысының концепциясын оның барлық түрінде” мақсат етіп қойып, өзінің
көптеген жұмыстарында миграциялық қозғалыс ретінде кең мағынада
миграцияны, ал тар мағынада халықтың аумақтық қозғалысы ретіндегі қоныс
аударуды, яғни ауыларалық қозғалыстың кез-келген сипаттамасын түсінеді.
Миграцияны миграциялық қозғалыс бөлігі ретінде қарастырған О.В.
Лармин, сондай-ақ соңғы жылдардағы жұмыстарында қозғалу мен қоныс аударуды
ажырата алмаған В.Н. Чанек пен В.В. Моисеенко көзқарастары Б.С. Хорев
көзқарастарына ұқсас болып келеді.
В.И. Переведенцев, Т.И. Заславская сияқты, сондай-ақ біздің ғалымдар
жұмыстарында 70-жылдардың соңына дейін қозғалыс пен қоныс аудару
арасындағы айырмашылықтарды анықтай алмады. Осылайша, 1970 жылы Т.И.
Заславская миграцияны географиялық қозғалыс, яғни қандай да бір елді
мекендерден басқа жерге орын ауыстыру ретінде анықтап, ал 1973 жылы ол
халық миграциясын мобилділіктің жеке түрі деп жазды.
Дегенмен, “мобилділік” (оның орыс тіліндегі синонимі – подвижность -
қозғалыс) және “орын ауыстыру” терминдері бір мағына бермейді. “
Миграциялық қозғалыс” терминінің 4 түрлі түсіндірілуі тегін емес.
Мобилділік дегеніміз орын ауыстырудың әралуан түрлерінің жалпы ұғымы
ретінде немесе қоныс аударудың синонимі ретінде қарастырылады. Осылайша
талдау көптеген зерттеушілерге тән. Басқа жағдайда мобилділік потенциалды
және шынайы миграцияның жалпы түсінігі ретінде қолданылады. Негізінде,
мобилділік дегеніміз халықтың өзінің аумақтық статусының өзгерісіне
потенциалды дайындығы. 1973 жылдың өзінде М.В. Курман “мобилділік” сөзі
индивидтің әрекет етуге (қозғалуға) потенциалды қабілеттілігін немесе
дайындығын білдіреді деп айтқан бірден-бір зерттеуші болды.
“Мобилділік” терминінің алғашқы түсініктерінен бас тартып, 1978 жылы
біз соңғы анықтаманы жоғары бағалау керек деген шешімге келдік. Осылайша
талдау кезінде, бір жағынан, халықтың орын ауыстыруға психологиялық
дайындығы, екінші жағынан, халықтың орын ауыстыруы айқындалды. Миграцияны
аумақтық мобилділік ретінде анықтау тек терминологиялық жағынан ғана емес,
сондай-ақ маңыздылығы жағынан да шындыққа жанаспайды. Халық миграциясы
ретінде аумақтық орын ауыстыруды, ал мобилділік (қозғалыс) ретінде
миграцияға қабілеттілікті, яғни потенциалды миграциялық белсенділікті
түсіну керек.
Алдыңғылар сияқты кең таралған анықтамалардың үшінші тобына халық
қозғалысының әралуан түрлерін, әсіресе, миграциялық және әлеуметтік
түрлерін ажырата алмау жатады. Мұнда миграцияға салалық, аумақтық, кәсіби
және әлеуметтік қозғалыстарды жатқызады. А.У. Хомра миграцияны бұлайша
талдауды орын ауыстыру мен мобилділік шатастырылған алдыңғы топпен
салыстырғанда кең түсінік деп атады. Ол алдыңғы анықтаманы ең кең түсінік
деген болатын. Дегенмен, мәселе осы анықтамалардың қайсысының кеңдігінде
емес, мәселе бір жағдайда миграцияға дайындалудың осы дайындықтың жүзеге
асырылуымен, яғни мобилділіктің орын ауыстырумен шатастырылуында болса,
екінші жағдайда миграцияға әлеуметтік қозғалыстың әралуан түрлерінің
қосылуында, әйтсе де миграциялық және әлеуметтік қозғалыстарды бір ұғымға
сыйдыру дұрыс емес екендігі айдан анық. Өкінішке орай, мұндай жағдайлар
өте жиі кездеседі.
60-жылдары жарияланған жұмысында Я. Щепаньский миграцияны географиялық
кеңістіктегі орынның өзгерісіне тәуелсіз кез-келген орын ауыстыру ретінде
түсіндіреді. 70-жылдардың басында М.В. Курман бірқатар жұмыстарында
миграцияны әлеуметтік қозғалыстың кез-келген түрі ретінде анықтауға
тырысты. М.В. Курман бойынша мамандар ағыны миграция түрі ретінде
көрсетілді. Кейінірек, ол аумақтық миграция халық миграциясының әралуан
түрлерін толықтыра алмайтындығын байқаған болатын. Оған салааралық және
сала ішілік миграция жатады, оларды өндірістік миграция деп атауға да
болады. Кәсіби және ғылыми миграция жайында айту өте орынды. Ары қарай
“халық миграциясына кең мағынада қоғамдық маңызы бар халық қозғалысының
барлық түрін жатқызу керектігі айтылады. 1976 жылы осы көзқарасты ол
бекіткен болатын.
Негізінде, М.В. Курман көзқарасы 60-жылдардың екінші жартысының өзінде
Таллинде өткен Жалпыодақтық конференциядағы Э.Ф. Баранов пен Б.Д. Бреев
сөйлеген сөздерінің қайталанбасы болып табылады. Олардың пікірінше, “
миграция 3 түрлі аспект негізінде – аумақтық, салалық және кәсіби миграция
ретінде қарастырыла алады”.
Б.Д. Бреевтің соңғы жұмыстарында көрсетілгендей, бұл көзқарастың
ерекшелігі авторлардың мобилділік терминін миграция терминімен
шатастыруында болды. Олар орын ауыстырудың әралуан түрлерін “мобилділік”
деген бір ұғымға сыйғызғаннан кейін, бәрі өз орнына келді. Б.Д. Бреев 1977
жылы жарияланған жұмысында миграция немесе миграциялық мобилділік жайлы
емес, қозғалыс ұғымына аумақтық, салалық, кәсіби орын ауыстыру кіретіндігі
жайлы жазады. Осы және 1982 жылы жарияланған жұмысында ол қозғалыс ретінде
адамның қоғамдық статусын өзгертуге қабілеттілігінің көрініс беруін
түсінеді. Қозғалыс пен оның түрлерінің осылайша түсіндірілуіндегі бұл
көзқарас А.У. Хомра көрсеткендей 3 топқа жатпайды, өйткені Б.Д. Бреев
миграция жайында емес, ал біршама кең түсінік, яғни халық қозғалысы
жайында сөз қозғаған болатын.
Үшінші көзқарас жайлы айтқан кезде миграцияны қозғалыстың әралуан
түрлеріне теңестірген барлық анықтамалар негізінде аумақтық және
әлеуметтік қозғалыстарды шатастырғандығын атап өткен жөн. Мұнда әртүрлі
құбылыстар араласып кеткен: адамдардың аумақ бойынша орын ауыстыруы мен
адамдардың білім топтарына, кәсібіне, салаларға, кәсіпорындарға байланысты
орын ауыстыру және т.б. Әрине, мұның бәрі орын ауыстыру болып табылады,
бірақ әртүрлі сипатқа ие және олардың нәтижелері әралуан болып келеді.
Біршама кең таралып, көптеген зерттеушілер мойындайтын миграция
анықтамасының тобына халықтың тек аумақтық орын ауыстыруын жатқызуға
болады. Бұл топ анықтамаларына сипаттама беруді А.У. Хомра сияқты Ю.Н.
Козырев немесе Б.С. Хоревтің 70-жылдарда жазылған жұмыстарынан емес, ал 50-
жылдардың соңы мен 60-жылдардың басында соғыстан кейінгі әдебиеттерде
алғаш рет миграция ретінде халықтың аумақтық орын ауыстыруын түсінген
анықтамалардың барлық мүмкін болатын нұсқалары тұжырымдалған кездегі
жұмыстардан бастаған жөн. 20 жылдан аса уақыт өткен соң, В.И. Переведенцев
халық миграциясын кең мағынада адамдардың кеңістікте әртүрлі орын
ауыстыруының жиынтығы ретінде, ал біршама тар мағынада адамдардың
салыстырмалы ұзақ уақытқа тұрғылықты жерін ауыстырумен байланысты болып
келетін, олардың қоныс аударуының жиынтығы ретінде қарастыруға болатынын
қайта қайталап өтті. Халық миграциясы анықтамаларының осындай кең
диапазоны осы қоғамдық құбылысқа халықтың кеңістіктік қозғалысының әралуан
түрлерін жатқызумен байланысты болып келеді.
Миграцияны халықтың тек аумақтық орын ауыстыруы ретінде қарастырған
кезде, олардың көшкен орын мен орналасатын орын арасындағы қашықтық
бойынша да, мигранттар орын ауыстыратын объектілер арасындағы статус
бойынша да, адамдардың орын ауыстыру мерзімі бойынша да, көздеген мақсаты
бойынша да әртүрлі екендігін ескерген жөн. Бір елді мекен ішінде, сондай-
ақ әртүрлі әлеуметтік-экономикалық статусты елді мекендер арасында,
сонымен қатар әртүрлі таксономиялық маңыздағы аумақтар ішінде және
арасында орын ауыстыруға болады. Орын ауыстырулар өзінің ұзақтығымен,
сондай-ақ мақсаттылығы арқылы ерекшеленеді. Осылардың барлығы арқылы халық
миграциясы анықтамаларының көптүрлілігі анықталады.
Миграцияға халықтың алуан түрлі аумақтық қозғалысын кіргізуге болатын
3 тәсілді бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, миграция дегеніміз қозғалыс сипаты мен мақсатына тәуелсіз
халықтың кеңістіктік қозғалысының әралуандығы болып табылады. Бұған бір
елді мекендерден басқа елді мекендерге көшуді, елді мекендер шегіндегі
жұмыс немесе оқуға күнделікті баруды, қандай да бір ауданға уақытша немесе
мезгілді жұмысқа, сапарға, командировкаға келуді, демалысқа баруды және
орын ауыстырудың басқа да түрлері жатады. Бірқатар зерттеушілер
миграциядан бір елді мекен шегінде жүретін кеңістіктік орын ауыстыруларды
шығарып тастайды. Дегенмен, бұл қатынаста көзқарастар әртүрлі болып
келеді. Мысалы, Ю.Н. Козырев миграцияға елді мекендер ішінде жүретін
барлық орын ауыстыруларды (егер олар сауда орындарын барып көрумен
байланысты болса да) жатқызады.
Екіншіден, миграцияға тұрғылықты жердің тұрақты немесе уақытша
ауысуына алып келетін елді мекендер арасында жүзеге асатын кеңістіктік
орын ауыстыруды жатқызады, сондай-ақ тұрғылықты жер мен еңбек немесе оқу
саласы аралығындағы ұдайы екі жақтық қозғалысты айтады. Бір елді
мекендерден басқаларға қайтымды түрде ауық-ауық жасалатын іскерлік және
демалыс сапарлары саналмайды.
Үшіншіден, миграцияға халықтың кеңістіктік қозғалысының, соңында оның
аумақтық қайта орналасуына алып келетін үрдісін жатқызады. Мұндай жағдайда
кеңістіктік орын ауыстырудың миграцияға жатқызылуы бір жерден екінші жерге
шынайы қоныс аударумен және бірқатар елдерде жаңа тұрғылықты жердегі
формалды тіркелумен анықталады. Сонымен бірге мұнда тұрғылықты жер мен
еңбек ету, оқу немесе басқа да қызмет саласының бір елді мекенге бірігуі
жүзеге асады.
Үш тәсілдің біріне байланысты анықталған комбинация бойынша миграцияға
халықтың кеңістіктік орын ауыстыруының кез-келген түрлерінің жиынын
жатқызуға болады. Әдебиеттерде әртүрлі қарама-қарсы көзқарастардың
кездесуі кездейсоқ емес. Мысалы, И.С. Матлин миграцияға тұрғылықты жердің
ауысуы мен маятниктік миграцияны жатқызса, В.В. Покшишевский миграцияға
маятниктік миграцияны жатқызу дұрыс емес дейді, өйткені маятниктік
миграция тарала орналасудың ерекше бір түрі боп саналады.
Бірқатар зерттеушілер миграцияға халықтың аумақтық орын ауыстыруының
үш түрін жатқызып, екінші тәсілге сүйенеді. Халық миграциясының үш түрі
немесе формасы концепциясын – тұрақты, мезгілді және маятниктік – ММУ,
ТМДҒА зерттеушілері және т.б. ұстанады.
Ал бірінші тәсілге сүйенсек, онда миграция анықтамасына халықтың
кеңістіктік қозғалысының үш емес, төрт негізгі түрін жатқызуға болады.
Оларға эпизодтық, маятниктік, мерзімді және тұрақты миграция жатады.
Әрине, халықтың аумақтық орын ауыстыруына эпизодтық (ауық-ауық) сапарлар
сияқты түрін кіргізу дау туғызатыны анық. Ең алдымен, А.У. Хомра
миграцияға тек туризм сияқты сапарларды кіргізген болатын, сонан соң, Л.Л.
Шамилева миграцияға демалыстық орын ауыстыруларды да жатқызған болатын, ал
оларды К.Ш. Амирасланов уақытша (мезгілдік) миграция құрамында да
қарастырады.
“Халықтың аумақтық орын ауыстыру” түсінігіне толығымен сәйкес келетін
эпизодтық миграцияны, сондай-ақ демалыстық сапарларды үш негізгі түрден
жеке, өзіндік түр ретінде қарастырған заңды.

ІІ-Тарау. Қазақстан Республикасының демографиялық жағдайы.
2.1. Қазақстан халқының демографиялық үрдістерінің өзгерістері
(санақ өткізілген жылдар бойынша)

Егеменді еліміздің тарихи-әлеуметтік, саяси-экономикалық және мәдени
даму жолдары ең алдымен өз халқының өсіп-өну серпіні және әлеуметтік
құрамындағы күрделі өзгерістерге байланысты.
Қазақтардың ұлттық мемлекеті қазіргі Қазақстан территориясында
ерте кезде, біздің дәуіріміздің ХІҮ-ХҮ ғасырларына дейін қалыптасқан.
Оңтүстік Қазақстандағы Шу өзені мен Талас маңына 1459 жылы орналасқан
мемлекетті “Қазақ хандығы” деп атады. Мемлекетті басқарушылар өздерінің
қарауындағы адам санын немесе өздерінің әскер санын әртүрлі әдістермен
(әр рудағы және тайпадағы қазақ үйлердің саны бойынша немесе соғыс алаңына
шыққан адам саны бойынша) есептеген. Мысалы: тарихи дәлелдемелерде Қазақ
хандығы құрылған уақыттан бастап ең бірінші халық санының мәліметі бойынша
халық 200 мың адамды ғана құраса, ал ХҮ-ғасырдың аяғында 1 миллионға
жеткені айтылады 5.
Қазақстанның Ресей империясының құрамына ХҮІІІ ғасырда кіргені
белгілі. Бірінші халық санағы Ресей империясында 1897 жылы 9 ақпанда
өткізілді. Оның негізінде, сол уақыттың ғылыми принциптері енгізілген. Осы
санақты ұйымдастыруда және өткізуде атақты ғалым, саяхатшы П.П.Семенов-Тянь-
Шанский өте үлкен үлесін қосты. Санақ барлығына бірдей бағдарламада
жүргізілді. Осы бағдарламаға халықтың жынысы, жасы, некесі, тегі және
атағы, туылған жері, тіркелген жері, ана тілі, сауаттылығы, тұрмысы, тән
ерекшеліктері кірді.
Сонымен қатар, бағдарламада ұлты және халықтың ұлттық құрылымы туралы
сұрақтар қарастырылмағандықтан, 1987 жылы жүргізілген санақта көп
кемшіліктер болды. Сонымен, украин, белорус, еврей, мордва халықтары орыс
тілін өздерінің ана тілі деп санағандықтан, санақ барысында оларды орыс
ұлтына жатқызды.
Осы санақтың мәліметі бойынша жалпы қазақ халқының саны 4 млн. 333
мыңды (7%) құрады. Оның 303 мыңы кіші қалаларда және қалалық жерлерде
қоныстанған. Ол кезде Қазақстанда қалалар саны 22-ге жеткен, оның ішінде
сол уақыттағы ең ірі қалалар- Оралда 36,5 мың, Семейде 26,7 мың,
Петропавлда 19,7 мың, Қостанайда 14,3 мың, Әулие-Атада (қазіргі Тараз) 11,7
мың, Шымкентте 11,2 мың, Ақмолада 9,7 мың, Гурьевте (Атырау) 9,3 мың,
Өскеменде 8,7 мың, Павлодарда 7,7 мың, Перовскте (Қызылорда) 5,1 мың,
Көкшетауда 5 мың және Ақтөбеде 2,8 мың тұрғын мекендеген.
XІX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақтардың республика
аймақтарында дәстүрлі орналасуы көп өзгере қойған жоқ. Айталық, 1897 жылы
қазіргі Қазақстан аумағында 3 млн. 392 мың қазақтар тұрды, олар бүкіл
халықтың 81,8% құрады. Қазақтардың ең жоғарғы көрсеткіші Семей және Торғай
өңірлерінде болды (90,6% және 88,3%).
Қазақтардың саны қалаларда аз болды. Оның басты себебі, көпке дейін
ауыл шаруашылығына көңіл бөлінгендіктен, қалалар өте баяу дамыды. Қазақ
халқының 1897 жылы 6,7%-ы ғана қалаларда тұрды. Оның көпшілігі орыстар мен
татарлар, ал қазақтар бар болғаны 1,2%-ды ғана құрады.
Ресей империясында 1897 жылы жүргізілген санақ бойынша, қазақ жерінде
орыстардың саны -457,4 мыңды (11%), ал басқа ұлттар -300,6 мыңды құраған.
ХХ ғасырдың басында Қазақстан жеріне шаруалар көптеп көшіп келді.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек 1906-1915 жылдары қазақ жеріне яғни,
Ақмола, Семей, Торғай және Оралға 883 мың адам көшіп келді. Сол себепті,
1914 жылы қазақтардың саны 58,5%-ға дейін төмендеп, ал орыстардың саны
29,6%-ға өсті. Қазақтардың санының азайып кетуі, қазақ халқының арасындағы
өлім-жітім көрсеткішінің жоғары болуында еді. Бұған қоса, 1916 жылы бір
ғана Жетісу өңірінен 150 мың қазақ шет елге көшіп кеткені белгілі 2.
ХХ ғасырдың басында демографиялық үрдістің негізінің қалануы, өзінің
туған жерінде қазақ халқының этникалық азаюына себепші болды. Бұл үрдіс
1916 жылы Ақмола және Жетісу өңірлерінің аумағында басталды, онда қазақтар
тек 33,3%-ды және 42,4%-ды ғана құраған.
Қазақстанның демографиялық жағдайы 1920 жылдардың бірінші жартысында
қолайсыз болды: 1921-1922 жылдардағы астықтың аз шығуы және жұттың болуына
байланысты, тұрғылықты халықтың арасында өлім көрсеткіштері өсті. Шаруалар
отбасының біраз бөлігі Украинаға және т.б. елдерге көше бастады. Сол
уақытта Ресейден және басқа аумақтардан Қазақстанға қайтадан көшіп-қону
үрдісі басталды.
Қазақстандағы қазақ халқының саны мен әлеуметтік демографиялық
жағдайларындағы өзгерістерді зерттеу үшін
1897,1926,1939,1959,1970,1979,1989 және 1999 жылдары халық санақтары
жүргізілді 7. Осыған байланысты, бүкілодақтық халық санақтарының
қорытынды нәтижелерін өзара ғылыми түрде салыстыру арқылы үлкен дәлдікпен
есептеп шығара аламыз(кесте1)
Қазақстанда халықтың табиғи өсуі 1926-1959 жылдары жалпы КСРО
деңгейіне қарағанда, едәуір жоғары болғанын көреміз. Мысалы, 1940 жылы КСРО
көлемінде табиғи өсу 13,2‰ (1000 адамға шаққанда) болса, Қазақстанда 19,4‰-
ге жетіп, 6,2‰-ге Одақтың табиғи өсім көрсеткіштерінен асып түскен. Соғыс
жылдарынан соң бұл көрсеткіш көп өсті: 1950-1954 жылдары Одақ бойынша
табиғи өсу коэффициенті 17,0‰ болса, Қазақстанда 26,4‰-ге, ал 1955-1959
жылдары Одақта 17,6‰, ал Қазақстанда 29,1‰-ге жеткен. Яғни бұл екі кезеңде
табиғи өсім 11,5‰-ге артық болған. Одақта Қазақстан табиғи өсу жөнінен
төртінші және бесінші орындарды тұрақты алып отырған. Дегенмен, зерттеліп
отырған кезеңнің алғашқы он бесінші, жиырмасыншы жылдарында қазақтардың
табиғи өсу деңгейі, республикадағы басқа ұлт өкілдерімен салыстырғанда
төмен болды. Жоғары табиғи өсім, 1960 жылы қазақ ұлтының демографиясының
күрт дамуына негіз болады.
Қазақтардың арасындағы көші-қон үрдісінің қарқынды болуы нәтижесінде
олардың территориялық орналасуында үлкен өзгерістер болды. Бұл өзгерістер
әсіресе, 1920-1930 жылдары Кеңес Одағының аймақтарынан халықтың түгелдей
шет елдерге жаппай көшуі, сондай-ақ, ауқатты шаруаларды тәркілеу,
қазақтарды түгелдей күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастырудың тікелей
нәтижелері еді, олардың саны 600 мыңды құрды. 1920-1930 жылдары қазақтардың
шет елдерге кетуі, олардың өз республикасындағы саны мен үлесіне кері
әсерін тигізді. 1935-1938 жылдардағы саяси құғын-сүргін нәтижесінде 135 мың
қазақ азаматтары саяси қуғындалудың құрбаны болды.
Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстаннан 1 миллион 202 мыңнан астам адам
әскер қатарына шақырылса, оның 601 мыңнан астамы елге қайтып оралмаған.
Олардың 350 мыңнан астамы қазақ азаматтары еді. Сонымен, 1926-1959 жылдары
арасында ашаршылықтан, саяси қуғын-сүргіннен және Ұлы Отан соғысында т.б.
көлденең жағдайлардың салдарынан, қазақтар саны 2-3 миллионға жуық болып
қалды деп айтуға негіз бар сияқты. Сонымен қатар республика халқының, оның
ішінде қазақтардың осы зерттеліп отырған 34 жыл ішінде табиғи өсуі,
жоғарыда көрсетілген теріс жағдайлардың салдарынан болған өлім-жітім орнын
толтыра алмады.

кесте1
Қазақстан Республикасының халық санының серпіні
(халық санағы өткізілген жылдар бойынша) 5 мың адам

халық санағының Барлық халықСоның ішінде:
өткізілген жылы және (тұрақты)
мерзімі
Ерлер Әйелдер Қала Ауыл
тұрғындартұрғындар
ы ы
28 қаңтар 1897ж.
(1989ж. ҚазССР шекара
есебі бойынша) 4333 ... ... 303 4030
17 желтоқсан 1926ж.
(1989ж. ҚазССР шекарасы
бойынша) 6198,4 3174,5 3023,9 519,0 5679,4
17 қаңтар 1939ж.
(1989ж. ҚазССР шекарасы
бойынша) 6081,4 3162,0 2919,4 1689,5 4391,9
15 қаңтар 1959ж.
(1989ж. ҚазССР шекарасы
бойынша) 9294,7 4415,0 4879,7 4026,9 5267,8
1999 жылғы ҚР-ның
шекарасы бойынша 9283,2 4415,1 4868,1 4026,9 5256,3
15 қаңтар 1970ж.
(1989ж. ҚазССР шекарасы
бойынша) 13009,3 6257,5 6751,8 6512,3 6497,0
1999 жылғы ҚР-ның
шекарасы бойынша 13013,6 6268,2 6745,4 6512,3 6501,3
17 қаңтар 1979ж.
(1989ж. ҚазССР шекарасы
бойынша) 14684,3 7075,6 7608,7 7855,2 6829,1
1999 жылғы ҚР-ның
шекарасы бойынша 14688,3 7077,7 7610,6 7855,2 6833,1
12 қаңтар 1989ж.
(1989ж.ҚазССР шекарасы
бойынша) 16199,2 7846,7 8352,5 9132,1 7067,1
25 ақпан 1999ж.
(1999 жылғы ҚР-ның
шекарасы бойынша) 14953,1 7201,8 7751,3 8377,3 6575,8

Индустрияландыруға байланысты, тек Кеңес заманында қалалардың өсуі
кеңінен өріс ала бастады.
Сонымен, 1926-1959 жылдары аралығында республика халқының арасында
қазақтардың саны 27,1%-ға кеміген.
Осы кезеңде қазақ халқы үшін айтарлықтай өзгерістер болды. Көшпелі
шаруашылықпен айналысатын халық, енді отырықшылық шаруашылығына көшті.
Соның себебінен, республика қалаларының саны өсіп, ондағы қала халқының
арасында қазақтардың саны көбейді.
Ұлы Отан соғысы (1941-1945) жылдары Қазақстанға басқа халықтардың
көшіп келуі өсті. 1950-1960 жылдары ірі өнеркәсіп орындарына, ірі темір жол
магистралі мен дала жерлерін өңдеуге халықтар келе бастады. Осы жағдайға
байланысты, республиканың ұлттық құрамы біршама өзгерді.
Қазақстанда 1960 жылдардың аяғында көші-қон үрдісі баяулай бастады.
Ал, 1970 жылдардың ортасынан бастап, қазіргі күнге дейін республикадан тыс
жерлерде халықтардың көшіп-қонуы жалғасуда және халықтың ішкі көші-қоны
да өсті.
ХХ-ғасырда Қазақстан тарихында көші-қон үрдісінің бірнеше жоғарлаған
және төмендеген кезеңдері болған. Осы көші-қон үрдістерінің оң және теріс
жақтары да бар.
Ең негізгісі 1959-1969 жылдары 740 мыңға жуық адам немесе осы
кезеңдегі республикадағы бүкіл халықтың өсімінің 20%-ы, көші-қон үрдісінің
үлесіне тиеді. Қазақстан халқының өсімі, көбінесе, табиғи өсім факторына
байланысты. Өйткені, 1970-1980 жылдары халықтың біраз бөлігі республикадан
тыс жерлерге үздіксіз кетіп отырды, бұл әрине көші-қонның теріс сальдосына
алып келді.
Олай болса, 1970-1980 жылдардағы Қазақстандағы көші-қон үрдісінің
өсуі, табиғи өсімнің азаюына алып келді. Сөйтіп, 1970-1990 жылдары
Қазақстан халқы 1,5 млн. адамға кеміді (таза көші-қон сальдосы). Негізінен,
олар Ресей, Украина, Беларусь және Балтық жағалау елдеріне кетті. 1980
жылдардың аяғында Қазақстанда шет елдерге кетушілердің саны тез өсті,
әсіресе немістер, гректер, поляктар, еврейлер және т.б. ұлт өкілдерінің
арасында қатты байқалды. М: 1987 жылы-7113 адам, 1988 жылы-23579, 1989 жылы-
52927, 1990 жылы-92700 адамға жетті. 1985-1988 жылдары Қазақстанда болған
қолайсыз саяси және экономикалық үрдістердің әсерінен халықтың біраз бөлігі
Ресейге көшті. 1989 жылдан бастап Қарақалпақстаннан (Өзбекстан),
Түркіменстаннан және Ресейдің кейбір аудандарынан қазақтар қайтып орала
бастады (кесте 2).

Кесте 2
Қазақстан халқының ТМД елдерімен халықаралық көші-қоны (1999ж.) 12 адам
Келгендердің саны Кеткендердің саны Көші-қон
сальдосы
Қазақстан 35366 120724 -85358
Әзірбайжан 262 209 53
Армения 44 41 3
Беларусь ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңдағы Қазақстанның демографиялық жағдайы турасында
«Қазақстанның демографиялық жағдайының математикалық моделі»
Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері
Демография және әлеуметтану
Жаһандану кезеңіндегі мемлекеттің функциялары
Қазақстан Республикасының демографиялық және миграциялық жағдайы
Қазақстан Республикасындағы ұлтаралық келісімді нығайтудың маңыздылығы, жолдары туралы
Миграцияның Қазақстан Республикасының әлеуметтік-демографиялық және этномәдени қауіпсіздігіне ықпалы
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алғаннан кейінгі әлеуметтік жағдайы
Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
Пәндер