Нарық құрылымы және инфрақұрылымы



I. Кiрiспе
Нарық. Нарық құрылымы және инфрақұрылымы
II. Негiзгi болiм
• Нарықтық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы.

• Нарық инфрақұрылымы

• Сұраныс, сұраныс заңы, сұраныстың өзгеруіне әсер ететін бағалық емес факторлар


• Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін бағалық емес факторлар.
III. Қорытынды

Фирма нарықтық экономикадағы ұйымдастыру негізі ретінде
Нарық-өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты қатынастар жүйесі. Нарық жүйе ретінде өзінің дамуында стихиялы, бәсекеге негізделген және ұйымдасқан, монопольды сипаттық белгілерге ие болды.
Нарықтың стихиялы дамуы және бәсекеге негізделуі тауар өндірушілерді пайда табу мақсатында бәсекелік күрестің қатысушысына айналдырды.
Ұйымдасқан және монопольдық белгілер нарықтағы аз ғана тауар өндірушілердің бірігіп, белгілі бір талаптарға, стандарттарға сәйкес қызмет ету жағдайларын сипаттайды.
“Нарық белгілі бір өнімдер сатылып-сатып алынатын нақты алаң емес, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы мәмлелер еркін жасалынатын, бағалар жеңіл әрі жылдам теңесетін кеңістік”,- А.Маршалл (Принципы политэкономии . М:1984).
Нарықтың атқаратын қызметтері:
1. Өзін-өзі реттеу қызметі. Өндіріс пен тұтыну құрылымдарын үйлестіру, сұраныс пен ұсынысты көлемі мен бағалары бойынша тепе-теңдігін қамтамасыз ету.
2. Ынталандырушы қызметі. Аз шығын жұмсай отырып, көп пайда алуға мүмкіншілік беретін тиімді өндірісті экономикалық ынталандыру. ҒТП негізінде өндіріс пен жалпы экономиканың интенсивті өсуін қаматмасыз ету.
3. Ақпараттық қызметі. Экономикалық өмірді демократияландыру үшін экономикалық тиімсіз элементтер нарықтық тетіктер арқылы жойылып, өзін-өзі басқару қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Нарық адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестерін қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі. Ол экономиканың қызмет етуінің күрделі механизмі. Оның қызмет етуі әртүрлі меншік нысандарын, тауар-ақша қатынастарын және қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген.
Қазіргі кезде өркениетті нарықтық қатынастарды қамтамасыз ететін жағдайларды таңдау аса маңызды. Мұндай жағдайларды екіге бөлуге болады:
1. Нарықтық байланыстарды қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізудің қалыптасқан жағдайларын дамыту. Оның ішінде:
-әртүрлі меншік нысандарының қызмет етуін жетілдіру (жеке, кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік, т.б.).
-мемлекеттік реттегіштерді сақтай отырып өндірісті демократияландыру. Нарықтың кемшіліктерін мемлекет қызметтерін жүзеге асыру арқылы толтыруға болады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кiрiспе

Нарық. Нарық құрылымы және инфрақұрылымы

Негiзгi болiм

• Нарықтық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы.

• Нарық инфрақұрылымы

• Сұраныс, сұраныс заңы, сұраныстың өзгеруіне әсер ететін бағалық емес
факторлар

• Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін бағалық емес
факторлар.

Қорытынды

Фирма нарықтық экономикадағы ұйымдастыру негізі ретінде

Нарық. Нарық құрылымы және инфрақұрылымы
Нарықтың мәні және қызметтері.

Нарық-өндіріс пен қызмет көрсету нәтижелерін айырбастаумен байланысты
қатынастар жүйесі. Нарық жүйе ретінде өзінің дамуында стихиялы, бәсекеге
негізделген және ұйымдасқан, монопольды сипаттық белгілерге ие болды.
Нарықтың стихиялы дамуы және бәсекеге негізделуі тауар өндірушілерді
пайда табу мақсатында бәсекелік күрестің қатысушысына айналдырды.
Ұйымдасқан және монопольдық белгілер нарықтағы аз ғана тауар
өндірушілердің бірігіп, белгілі бір талаптарға, стандарттарға сәйкес қызмет
ету жағдайларын сипаттайды.
“Нарық белгілі бір өнімдер сатылып-сатып алынатын нақты алаң емес,
сатушылар мен сатып алушылар арасындағы мәмлелер еркін жасалынатын, бағалар
жеңіл әрі жылдам теңесетін кеңістік”,- А.Маршалл (Принципы политэкономии .
М:1984).
Нарықтың атқаратын қызметтері:
1. Өзін-өзі реттеу қызметі. Өндіріс пен тұтыну құрылымдарын үйлестіру,
сұраныс пен ұсынысты көлемі мен бағалары бойынша тепе-теңдігін
қамтамасыз ету.
2. Ынталандырушы қызметі. Аз шығын жұмсай отырып, көп пайда алуға
мүмкіншілік беретін тиімді өндірісті экономикалық ынталандыру. ҒТП
негізінде өндіріс пен жалпы экономиканың интенсивті өсуін қаматмасыз
ету.
3. Ақпараттық қызметі. Экономикалық өмірді демократияландыру үшін
экономикалық тиімсіз элементтер нарықтық тетіктер арқылы жойылып, өзін-
өзі басқару қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Нарық адамдар арасындағы өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процестерін
қамтитын экономикалық қатынастар жүйесі. Ол экономиканың қызмет етуінің
күрделі механизмі. Оның қызмет етуі әртүрлі меншік нысандарын, тауар-ақша
қатынастарын және қаржы-несие жүйесін пайдалануға негізделген.
Қазіргі кезде өркениетті нарықтық қатынастарды қамтамасыз ететін
жағдайларды таңдау аса маңызды. Мұндай жағдайларды екіге бөлуге болады:
1. Нарықтық байланыстарды қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізудің
қалыптасқан жағдайларын дамыту. Оның ішінде:
-әртүрлі меншік нысандарының қызмет етуін жетілдіру (жеке,
кооперативтік, акционерлік, мемлекеттік, т.б.).
-мемлекеттік реттегіштерді сақтай отырып өндірісті демократияландыру.
Нарықтың кемшіліктерін мемлекет қызметтерін жүзеге асыру арқылы толтыруға
болады. Ол үшін мемлекеттік басқару жүйесінің өзі демократиялық қағидаларға
сай құрылуы тиіс.
-нарықтық инфрақұрылымды дамыту. Ол негізгі үш нарықтың қызмет ету
дәрежесіне байланысты: 1) Тауарлар мен қызметтердің рыногы. 2) Өндіріс
факторларының рыногы. 3) Қаржы рыногы.
2. Құқықтық заң актілерін қабылдау шаруашылық жүргізуді нарықтың жаңа
әдістеріне сай жетілдіру. Яғни: 1) Әртүрлі меншік нысандарын иелену,
пайдалану және шаруашылық жүргізуді рационалды етудің нақты шараларын
енгізу. Меншік құқықтарын сақтау және заңдастыру. 2) Экономикадағы басымды
салаларды жаңарту, қолдау көрсету, қайта өңдейтін салалардың дамуын
ынталандыратын кешенді механизмдерді іске қосу. 3) Отандық кәсіпорындардың
шетел инвестицияларын тарту мүмкіншіліктерін ұлғайту. Аралас
кәсіпорындардың құрылуына мемлекеттік қолдау жасау.
Нарықтың негізгі түрлерін келесідей топтастыруға болады.
1. Тауарлар мен қызметтер рыногы. Бұл топқа жатады:
-тұтыну тауарларының рыногы (азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары).
-қызметтер рыногы (тұмыстық, көлік, коммуникациялық қызмет).
-тұрғын үй және өндірістік бағыттағы ғимараттар рыногы.
2. Өндіріс факторларының рыногы. Оның құрамы:
- жылжымайтын мүліктер рыногы.
- еңбек құралдарының рыногы.
- шикізаттар мен материалдар рыногы.
- энергетикалық ресурстар рыногы.
- пайдалы қазбалар рыногы.
3. Қаржы рыногы. Оған жатады:
- капиталдар рыногы немесе инвестициялық нарық.
- несие рыногы.
- бағалы қағаздар рыногы.
- валюта-ақша рыногы.
4. Интеллектуалдық өнімдер рыногы. (инновация, жаңалықтар, ақпараттық
қызмет, өнер және әдебиет туындылары).
5. Еңбек рыногы.
6. Аймақтық нарықтар (жергілікті, ішкі, сыртқы, халықаралық).

• Нарықтық қатынастардың тұлғалары мен нысандары, нарық құрылымы.

Нарықтық бәсекенің әртүрлі сипатта болуы нарықтың құрылымына
байланысты. Ал нарық құрылымдарының бір-бірінен өзгешелігі өзіне тән
белгілермен анықталады.
Нарықтық құрылымдардың негізгі типтері: жетілген және жетілмеген
бәсеке.
Жетілген бәсекенің белгілері:
- нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз.
- нарыққа ену және шығу кедергілері жоқ.
- өндіріс факторларының мобилділігі жоғары.
- нарықтағы бағаға әсер ету мүмкіншіліктері жоқ.
- ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей.
Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаса, онда мұндай нарықтық
құрылым жетілмеген болып табылады.
Жетілмеген бәсекенің түрлері:
1) Таза монополия- тауарларды өндіру және өткізумен байланысты жалғыз
фирманың үстемдік етуі.Монополияның негізгі белгілері- монопольды баға мен
монопольды пайда.
2) Монопсония- белгілі бір тауарлардың бір ғана сатып алушысы бар
нарықтық құрылымның типі. Ол сатып алу көлемін шектеу арқылы монопольдық
пайда алады.
3) Олигополия- өнімнің негізгі бөлігін өндіру және өткізумен
айналысатын және өзара бағалық емес бәсекеге түсетін бірнеше фирмалардың іс-
әрекеті.
3) Монополистік бәсеке- дифференциалданған өнім шығаратын санаулы
фирмалардың іс-әрекетін сипаттайды.
Жетілмеген бәсекені туындататын және фирмалардың нарыққа енуіне
тосқауыл болатын кедергілер:
1) Мемлекеттің жекелеген фирмаларды ғана ерекше құқықтармен қамтамасыз
етуі (белгілі бір қызмет түрлеріне лицензия беру).
2) Ұдайы өндірілмейтін және сирек кездесетін ресурстарға меншік.
3) Авторлық құқық және патенттер. Патенті бар фирмалар ғана сол
қызметті жүзеге асырумен байланысты артықшылыққа, лицензия сату құқығына
ие.
4) Масштаб әсері. Ірі фирмалар өндіріс көлемін ұлғайту арқылы
шығындарды төмендете отырып, бәсекелік артықшылыққа қол жеткізе алады.
5) Заңсыз бәсекелік әдістерді қолдану.
Кез-келген нарық құрылымының типі қалыпты қызмет етуі үшін қажетті
шарттар: экономикалық субъектілердің экономикалық еркіндігі, дербестігі,
тәуелсіздігі.

1. Нарық инфрақұрылымы.

Нарықтың инфрақұрылымы дегеніміз- нарықтағы тауарлар мен қызметтердің
еркін қозғалысын қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер, институттардың
жиынтығы .
Нарықтың инфрақұрылымының ұйымдастырушылық негізі- жабдықтау, өткізу,
брокерлік және делдалдық ұйымдар, коммерциялық фирмалар. Материалдық негізі-
көлік жүйесі, қойма және ыдыс, ақпараттық және байланыс жүйелері. Несиелік-
есептеу негізі- банктік және сақтандыру жүйесі, ірі және шағын несиелік
жинақ мекемелері, коммерциялық банктер.
Нарық инфрақұрылымының негізгі элементтері: жәрмеңке, биржа, аукцион.
Жәрмеңке- белгілі бір орында ұйымдастырылған көшілікке арналған нарық.
Жәрмеңке орта ғасырларда Европада пайда болған. Қазір салалық жәрмеңкелер
мен симпозиум, конгресс, семинар жүргізу арқылы кеңінен қолданылатын тұтыну
тауарларының жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
Аукцион-нарықта сирек кездесетін өнімдерді сатумен байланысты
ұйымдастырылады. Алдын-ала белгіленген орында тауарды жария түрде жоғары
бағада сату басты мақсат болып табылады.
Мәжбүрлі аукцион- қарызды өтеу үшін сот органдары арқылы жүргізіледі.
Ерікті аукцион- тауар иелерінің бастамасымен ұйымдастырылады.
Биржа-сатушы мен сатып алушы мәмле жасау үшін арнайы ұйымдастырылған
нарық. Оның түрлері: қор биржасы, еңбек биржасы, тауар биржасы.

Сұраныс, сұраныс заңы, сұраныстың өзгеруіне әсер ететін бағалық емес
факторлар.

Нарықтық қатынастар сатушы мен сатып алушының өз мүдделерінің
тиімділігіне негізделген іс-әрекеттермен сипатталады. Бұл қатынастар
өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыстар түрінде көрініс табады.
Сұраныс рыноқтың элементтерінің бірі. Ол өндірісті үнемді пайдалану
әдістері мен ресурстарды тиімді бөлу тәсілдерін қолдануға ынталандырады.
Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік.
Бәсекелі нарықта тауар айырбасы үшін белгілі бір заңдар әрекет етеді.
Тауар айырбасы мен баға орнату процестерін басқарушы заңдардың бірі –
сұраныс заңы.
Сұраныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (сұраныс көлеміне әсер
ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі
сұраныстың көлемін төмендетеді немесе бағаның төмендеуі сұраныс көлемін
арттырады.
Сұраныс пен баға арасындағы кері тәуелділіктің болуына байланысты
сұраныс қисығы төмен бағытталынған. Бұл тәуелділікті график арқылы
көрсетеміз:

1. сурет. Сұраныс қисығы.

D қисығы сұраныс қисығы деп аталады. P1 бағада сұраныс көлемі Q1-ге
тең. Бағаның Р2-ге дейін төмендеуі сұраныс көлемін Q2-ге дейін арттырады.
Сұраныс функциясы сызықтық функция болғандықтан сұраныс теңдеуі
келесідей түрде беріледі:
Qd=a-b*Р
Р- баға, Q- өнім көлемі, а және b – сұраныстың бағалық емес факторлары.
а мөлшері өзгергенде сұраныс қисығы қозғалады, ал b мөлшері өзгергенде
сұраныстың көлемі қисықтың бойымен қозғалады. Яғни а параметрі бағаға
тәуелсіз, ал b бағаның өзгерісінің әсеріне ұшырайды.
Тауардың бағасы өскен сайын, сол саланың тартымдылығы артады, сол
салада алынатын пайда өседі, бұл өндірісті ұлғайтуға мүмкіншілік береді.
Әрбір тауардың өзіне тән сұраныс пен ұсыныс қисықтары болады және
көптеген факторлардың әсеріне ұшырайды.
Сондықтан сұраныс көлемі мен сұраныстың өзін және ұсыныс көлемі мен
ұсыныстың өзін ажырата білу қажет.
Бағаның өсуі сұраныстың көлемін ғана төмендетеді, ал сұраныстың өзі
қажеттіліктің көрінісі ретінде өзгеріссіз қалады. Сондықтан сұраныс
қисығының қозғалысына бағадан басқа факторлар әсер етеді. Мысалы: жаздың
ыстық күндерінде салқын сусындар мен балмұздаққа сұраныс тұтынушылардың
санының артуымен байланысты өседі. Бұл жағдайда Д1 қисығы Д2 қисығына
қозғалады. (2.сурет).

2.сурет. Сұраныс қисығының қозғалысы.

Сұраныс қисығына әсер ететін бағадан басқа факторлар.
1) Тұтынушылардың саны.
2) Табыс деңгейі.
3) Басқа тауарлардың бағалары мен пайдалылығы.
4) Тұтынушылардың субъективті талғамы, артықшылық беруі, мода.

Ұсыныс, ұсыныс заңы, ұсыныстың өзгеруіне әсер ететін бағалық емес
факторлар.

Сатушылардың тарапынан болатын іс-әрекет ұсыныс деп аталады. Ұсыныс-
берілген бағада тауар өндірушілердің рыноққа шығара алатын тауарларының
мөлшері.
Нарықтағы барлық сатушылардың бағаны өсіруге, сол арқылы көп мөлшерде
тауар сатып, пайданы арттыруға ұмтылысы ұсыныс заңы арқылы сипатталынады.
Ұсыныс заңы- басқа жағдайлар тұрақты болғанда (ұсыныс көлеміне әсер
ететін бағадан басқа факторлардың әсері қарастырылмайды), бағаның өсуі
ұсыныстың көлемін арттырады немесе бағаның төмендеуі ұсыныс көлемін
төмендетеді.
График бойынша Q – ұсыныс көлемі, Р – нарықтағы баға, S – ұсыныс
қисығы. Баға P1-ден P2-ге өскенде, ұсыныс көлемі Q1-ден Q2-ге өседі. Ұсыныс
пен баға арасындағы тура байланыс болғандықтан, ұсыныс қисығының
көлбеулілігі жоғары бағытталған.

3.сурет. Ұсыныс қисығы.

Ұсыныс функциясы сызықтық болғандықтан, ұсыныс теңдеуі:
Qs=a+b*Р
Ұсыныс функциясының теңдеуі нарықтық баға (Р) мен ұсыныс көлемі (Qs)
арасында тікелей байланысты көрсетеді. а және b параметрлері ұсыныстың
бағалық емес факторлары. а мөлшері өзгергенде ұсыныс қисығы қозғалады, ал b
мөлшері өзгергенде ұсыныс көлемі өзгереді.
Ұсыныс қисығының қозғалысын туындататын бағадан басқа факторлар:
1) Өндіріс шығындары.
2) Салық мөлшері.
3) Технология.
4) Субсидия.

4.сурет. Ұсыныс қисығының қозғаласы.

Мысалы: салықтың төмендеуі өндіруші үшін тиімді болып өндіріс көлемін
арттырады, яғни ұсыныс қисығы S1-ден S2-ге оңға жылжып, ұсыныс көлемі Q1-
ден Q2 өседі ( 6.1.4. сурет).

Бәсеке нарықтық механизімінің негізгі элементі ретінде. Бәсеке, оның
типтері.

Бәсеке- шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда
алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы
экономикалық бақталастық. Сонымен қатар, бәсеке тауарды өндіру мен
өткізуде сондай-ақ капитал салу аясындағы нарықтық субъектілердің әрекет
ету бағыттарын анықтайтын нарықтық механизмнің элементі болып табылады.
Нарықтық экономикадағы қолданылатын бәсекенің нысандары өндірісті
ұйымдастыру нормалары мен ережелерін, мемлекет пен жеке сектордың қызмет
ету әдістерін анықтайды.
Бәсеке экономикалық процесс ретінде белгілі бір әрекеттердің жиынтығы
болып табылады. Бұл әрекеттер ұлғаймалы ұдайы сатылардан тұрады:
1. Өндіріс үшін қажет құрал жабдықтар, ғимараттар және еңбек
ресурстарымен қамтамасыз ету.
2. Өндірісті ұйымдастыру, шикізат, материалдармен және қаржы-несиемен
жабдықтау.
3. Бәсекеге қабілетті өнім шығару.
4. Өнімді сату көлемін, орнын, уақытын анықтау.
5. Пайданың бір бөлігін инвестициялық қорға аудару және оны өндірісті
ұлғайтуға жұмсау.
Бәсеке деңгейі өнімнің нарықтағы өмір сүру уақытына байланысты.
Бәсекенің пайда болуының объективті алғы шарттары: әрбір өндірушілердің
оқшау шаруашылық жүргізуі, олардың нарық коньюнктураларынан тәуелділігі,
сұраныс үшін басқа сатушылармен күресі.
Бәсеке өндірушілердің бірін-бірі бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Тұтынушы үшін олардың арасындағы күрестің болғаны тиімді. Өйткені, бәсекеде
жеңіп шығу үшін шығындарды азайту, тауалардың сапасын арттыру жолдары
қарастырылады, нәтижеде баға төмендейді. Сонымен қатар, бәсеке нәтижесінде
экономикалық мүдделер қайшылығы тереңдей түседі, адамдардың экономикалық
жағдайларының алшақтауы күшейеді, қоршаған ортаға келтірілетін теріс әсер
өседі, еңбек ету, табыс алу, демалу құқықтарының қамтамасыз етілуіне
кепілдік төмендейді, монополиялық билік артады.
Мемлекеттің экономикаға араласуынсыз бәсеке теріс салдарлы күшке
айналады. Сондықтан бәсекені экономикалық өсуді ынталандырушы құрал ретінде
пайдалану үшін мемлекет заң арқылы ойын ережесін анықтайтын және оның
орындалуын қадағалайтын шараларды іске қосады.
Нарықтағы жағдайларға байланысты бәсеке әртүрлі нысанда көрініс алады.
Бәсекенің жетілген және жетілмеген нысандары бар, яғни нарықтық мәмлеге
қатысушылардың әрекеттері еркін бәсекеге және монополияға негізделеді.
Қазіргі кезде нарық субъектілері аралас нысандағы нарықтық типте әрекет
етеді. Өйткені ешбір елде еркін бәсеке де, монополия таза күйінде
қолданылмайды.
Жетілген бәсеке- өзара ұқсас, көлемі шамалас көптеген тауар
өндірушілердің арасындағы күрес. Оның белгілері:
Жетілген (таза) бәсеке үш бағытта жүреді: сатушылар арасында, сатып
алушылар арасында және сатушылар мен сатып алушылар арасында.
Егер жетілген бәсекенің бір шарты орындалмаған жағдайда жетілмеген
бәсеке орын алады.
Бәсекелік күрестің әдістері. Қазіргі нарықтық экономикада қолданылатын
экономикалық әдістер: бәсекелесті шикізаттардан, өткізу рыногынан, несие
алу мүмкіншіліктерінен айыру, патент сатып алу, бағаны өзгерту, жұмыс күші
рыногын жаулап алу, жаңа тауар маркалары мен түрлерін шығару. Сонымен
қатар, заңсыз әдістерді қолдану арқылы да нарықта үстемдік ету жолдары бар.
Әділетсіз бәсеке :
1) Бәсекелесі туралы жалған, теріс ақпар беру.
2) Тауарлардың сапасы, өндірілген жері, өндіру тәсілі туралы ақпараттарды
бұрмалау.
3) Бәсекелес фирмалардың тауар белгісін, фирма атауы мен маркасын заңсыз
пайдалану.
4) Қойылған талаптарға сай келмейтін тауарларды жарнамалау.
5) Бәсекелестердің тауарларына нұқсан келетін дәйексіз салыстыруларды
пайдалану.
6) Құпия ғылыми-техникалық, өндірістік, т.б. ақпараттарды жария ету.
Барлық елдерде бәсекелік күрестің бағалық әдістері қолданылады. Яғни,
өз тауарына монопольды жоғары немесе монопольды төмен бағаны қояды және
бағалық алалау әдісін пайдаланады (бірдей тауарларды әртүрлі бағамен
сатады).
Сонымен қатар, бағалық емес күрес әдістері де жиі қолданылады. Бұл
әдістер екі топқа бөлінеді: 1) Өнім бойынша бәсеке. 2) Сату жағдайлары
бойынша бәсеке. Өнім бойынша бәсекеде тауарлардың жаңа ассортиментін
арттыру және сол бағада сапалы тауар сату жолымен нарықтағы
бәсекелестерінің үлесін жаулап алу көзделеді. Мысалы: АҚШ-да ұнның 10 мың
сорты, консервіленген жүгерінің 4 мыңнан аса түрі бір мезгілде сатылады.
Сату жағдайлары бойынша бәсеке кезінде тұтынушыларды тартудың көптеген
жолдары қолданылады. Оның ішінде: жарнама жасау, сервистік қызмет көрсету,
тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер беру т.б.
Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістері- тауарларды төлем мерзімін
кейінге қалдыра ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономиканың теориялық негіздері
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері
Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы
Нарықтың инфрақұрылымы мәні және негізгі элементтері
Монополистік бәсеке нарығы
Нарық шаруашылығының жалпы сипаттамасы туралы ақпарат
Бағалы қағаздар нарығының мәні, қағидалары және оған әсер етуші факторлар
Қазақстанның нарықтық экономиксы
Сауда кәсіпорнының бизнес-жоспары және электрондық сауданың бизнес моделі
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы мәлімет
Пәндер