Қызылорда қаласы



Кiрiспе 3
Негiзгi бөлiм:
Қызылорда қаласының тарихы 4
Ескерткiштерi 10
Кесенелері 15
Арал ауданының тарихы 18
Киелi мекен шайырлары 24
Қорытынды 32
Пайдаланған әдебиеттер 33
1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшті. Сөйтіп, Ақмешіт бекеті, қазіргі Қызылорда қаласы астана болды. Ол кезде сыр бойының табиғаты өте бай еді. Көктемде бүкіл Сыр атырабына жайылатын дарияның мол суы қалың ағаштар мен жан-жануарларға тіршілік әкелетін. Қандай қытымыр қыстарда дарияның емшегін емген Сыр елі жұтамай шығатын. Басқа елдер мен халықтарға Сыр десе, тоқшылық пен молшылық елестейтін. Аз ғана уақыттың ішінде қалаға бүкіл қазақ жерінен қазақтың оқыған азаматтары, ақындар, әншілер жиналды. Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сұлтанбек Қожанов, Ахмет Байтұрсынов осы Сыр өңірінде еңбек етті. Қалада тұңғыш музыка театры ашылды. Онда Қалибек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары өзінің талантымен танылды. Қазіргі Қызылорда – ақ күріштің атасы Ыбырай Жақаевтың Отаны. Газ бен мұнай өнеркәсібінің орталығы. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н.Бекежанов атындағы облыстық театрдың ғимараты бой көтерген.




Қызылорда қаласының тарихы

Қызылорда қаласының көлемі – 2,4 мың ш/км. Тұрғындарының саны – 200,9 мың адам. Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай, тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818ж., Перовск – 1853 ж., қайтадан Ақмешіт – 1922 ж., Қызылорда – 1925ж.,), әр кезеңде Сыр бойы атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты.
Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай бекініс Ақмешіт деп аталды.
1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп, қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастады.
1905 жылы Орынбор – Ташкент темір жолы пайдалануға беріліп, қалада депо, вокзал үйлері салынды. Ал 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде Кеңес үкіметі орнады. Жаңа үкімет үшін болған ұрыста А.Першин, Н.Шумилов, Н.Селиверстов тағы басқа жауынгерлер ерлік үлгісін көрсетті.
1. Сыр бойы газетi
2. Егемен Қазакстан газетi
3. «Ертедегi ескерткiштер» Т. Қоныратбаев
4. Қорқыт ата кiтабы

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кiрiспе 3
Негiзгi бөлiм: Қызылорда қаласының тарихы 4
Ескерткiштерi
10

Кесенелері
15

Арал ауданының тарихы 18

Киелi мекен шайырлары
24

Қорытынды
32

Пайдаланған әдебиеттер 33

Кiрiспе

1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға
көшті. Сөйтіп, Ақмешіт бекеті, қазіргі Қызылорда қаласы астана болды. Ол
кезде сыр бойының табиғаты өте бай еді. Көктемде бүкіл Сыр атырабына
жайылатын дарияның мол суы қалың ағаштар мен жан-жануарларға тіршілік
әкелетін. Қандай қытымыр қыстарда дарияның емшегін емген Сыр елі жұтамай
шығатын. Басқа елдер мен халықтарға Сыр десе, тоқшылық пен молшылық
елестейтін. Аз ғана уақыттың ішінде қалаға бүкіл қазақ жерінен қазақтың
оқыған азаматтары, ақындар, әншілер жиналды. Әлихан Бөкейханов, Сәкен
Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сұлтанбек Қожанов, Ахмет Байтұрсынов осы Сыр
өңірінде еңбек етті. Қалада тұңғыш музыка театры ашылды. Онда Қалибек
Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер
тарландары өзінің талантымен танылды. Қазіргі Қызылорда – ақ күріштің атасы
Ыбырай Жақаевтың Отаны. Газ бен мұнай өнеркәсібінің орталығы. Бұрынғы қазақ
музыкалық театрының орнында қазір Н.Бекежанов атындағы облыстық театрдың
ғимараты бой көтерген.

Қызылорда қаласының тарихы

Қызылорда қаласының көлемі – 2,4 мың шкм. Тұрғындарының саны – 200,9
мың адам. Қызылорда қаласының қалыптасу тарихы бұрынғы маңызын жоғалтпай,
тек аты ғана бірнеше рет өзгергенімен (Ақмешіт – 1818ж., Перовск – 1853 ж.,
қайтадан Ақмешіт – 1922 ж., Қызылорда – 1925ж.,), әр кезеңде Сыр бойы
атрабының әлеуметтік және мәдени орталығы болып қалыптасты.
Ақмешіт 1818 жылы Қоқан хандығы кезінде Сырдария бойында алғаш қорған
ретінде салынған. Оның ішіндегі ақ кірпіштен өрілген мешіттің түсіне сай
бекініс Ақмешіт деп аталды.
1853 жылғы 28 шілдеде Орынбор генерал-губернаторы В.А.Перовский Сыр
қазақтарын қорғауды сылтауратып орыс әскерлерімен қамалға басып кіріп,
қоқандықтарды қаладан қуып шығады. Қала Перовск аталып, 1867 жылы ол
Сырдария уезінің орталығына айналады. Қалада 4 сыныптық мектеп, кірпіш
зауыты, жел диірмен, ұста дүкендері жұмыс істей бастады.
1905 жылы Орынбор – Ташкент темір жолы пайдалануға беріліп, қалада
депо, вокзал үйлері салынды. Ал 1917 жылы 30 қазанда Перовскіде Кеңес
үкіметі орнады. Жаңа үкімет үшін болған ұрыста А.Першин, Н.Шумилов,
Н.Селиверстов тағы басқа жауынгерлер ерлік үлгісін көрсетті.
1922-1925 жылдары қала қайтадан Ақмешіт атанып, 1925-1929 жылдары
Қазақстанның астанасына айналды. 1925 жылы қалаға Қызылорда деген атпен
беріліп, онда С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров сияқты белгілі
М.Әуезовтың “Еңлік-Кебек” спектаклі қойылды. Ал 1938 жылы Қызылорда облысы
құрылды. 1960-70 жылдары қалада қатырма қағаз, аяқ киім, механикалық және
күріш зауыттарымен қатар бірнеше фабрикалар іске қосылып, жаңадан салынған
Гагарин, Титов елді-мекендері арқылы қала көлемі ұлғая түсті.
Осы жылдары Қызылордада педагогикалық институт пен Жамбыл
гидромелиоративтік-құрылыс институттарының филиалы және бірнеше арнаулы оқу
орындары жұмыс істеп, көптеген мектеп үйлері жаңадан салынды.
1980-90 жылдары қазіргі Абай даңғылы, Желтоқсан, А.Тоқмағамбетов
көшелерінде сәнді үйлер, зәулім ғимараттар бой көтерді. Соңғы жылдары
салынған Ақмешіт, Мерей шағын аудандары, “Оңтүстікмұнайгаз” фирмасының
әкімшілік үйі, Диагностикалық орталық, облыстық аурухананың жаңа үйлері
қала ажарын аша түсті. Шетелдік компаниялардың Сыр бойының табиғи байлығын
игеруі, тұрғындардың әлеуметтік жағдайының жақсара түсуіне ықпалы тие
бастады. Ежелгі Сыр бойында өмір сүрген данышпан Қорқыт баба, Жалаңтөс
Баһадүр, Әйтеке би, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары мен Ұлы Отан
соғысы кезіндегі Кеңес Одағының батырлары атанған 22 майдангер ерлеріміздің
есімдері – ел мақтанышы. Мұстафа Шоқай, Темірбек Жүргенов, Ғани Мұратбаев
сияқты қазақтың біртуар ұлдары мен даңғайыр диқан Ыбырай Жақаевтарды
дүниеге әкелген де осы қасиетті Сыр топырағы. Олар - өлке тарихына еніп,
көше бойларындағы үйлерге жазылған биік тұлғалы қасиетті есімдер.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласының іргесі қаланғанына 200 жылға жуық
кезеңінде оның заман өзгерістеріне толы тарихи оқиғалары ежелгі дәуірлерден
бүгінгі күнге дейін Арал өңірін, Сырдарияның жағасын мекендеген халықтардың
археологиясы, этнографиясы, әлеуметтік-мәдени өмірі зерттеушілердің
назарында болып келеді.
Республиканың астанасына Ақмешіт қаласы ұсынылғанға, ең басты дәлел
ретінде онда Орынборға қарағанда қазақтардың көп тұратыны тілге тиек
етілді. Орынбор – Ташкен темір жолы республиканың жаңа астанасын Ресей
орталығымен, Қазақстанның батыс, оңтүстік аудандарымен және Орта Азия
республикаларымен байланыстыратын еді. Оның үстіне Ақмешіт болашағы үлкен
үміт күттіретін суармалы егістің орталығына орналасты. Бүгінгі көзқарасқа
қарағанда республика басшылары С.Қожанов, С.Сәдуақасов астананы көшіру
мәселесіне ұлттық мүдде тұрғысынан келген деген деректер бар.
“Қазақстан астанасы орыстың туы тігілген қалада емес, қаласы жоқтықтан
қазақтың киіз ауылында болса да, қазақ жұртшылығына жуық болуы керек”, -
деп жазды С.Қожанов “Ақжолдың” 1924 жылғы 17 желтоқсанындағы санында. Қазақ
астанасы болуға Орынбор қаласы шетте болғандықтан ғана жарамайды емес,
қазақ қаласы болмағандықтан, қазақ ұлт мемлекетінің ұлтшылдығына орда
болуына қисыны жоқтықтан жарамайды. Қазақ ұлт мемлекетшілдігіне әдемі қала,
ыңғайлы үйлер керек емес, жаман да болса, өз ордасы болуы керек. Орынбордан
көшпей, қазақ ұлтының ішкі тіршілігі оңдалып, қазақ еңбекшілерінің
көпшілігінің қолына керекті шарлар іс жүзінде істелуі қиын”.
Перовск станциясы темір жол жұмысшыларының бастамасы бойынша Қазақстан
өкіметін Ақмешітке көшіру үшін үш күн ішінде “Қызыл паровоз” жөндеуден
өткізіліп, Орынборға жіберілді.
Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары және өкімет мүшелері бар
поезы Орынбордан республиканың жаңа астанасы Ақмешітке 1925 жылдың наурыз
айының аяғында аттанды. Съезд делегаттарының ішінде мәдениет, өнер
ақйраткерлері Иса Байзақов, Александр Затаевич, Әміре Қашаубаев, Сәбит
Мұқанов, Сәкен Сейфуллин, Қажымұқан Мұңайтпасов болатын.
Бұл съезге Қазақ Республикасының қарауына кірген Қарақалпақ
Автономиялы облысының өкілдері бірінші рет қатысты. Қарақалпақ
делегаттарының бірі Әбу Құдабаев Ақмешіт қаласына жақын Сырдария өзенінің
батыс жағасындағы “Қызыл қайың” ауылында 1899 жылы туған. Ол бірқатар
жылдар бойы Қарақалпақ облыстық партия комитетін басқарды. Кейінірек
жазықсыз сталиндік қуғын-сүргіннің құрбандығына ұшырады.
Құрамында Қазақ АССР-і Кеңестерінің V съезі делегаттары бар өкімет
поезын жол бойында Сексеуіл, Арал, Қазалы, Жосалы станцияларының жұртшылығы
қарсы алып, көп адамды жиналған митингілер ұйымдастырылды. Ақмешіт
станциясында орасан зор митингі болып өтті. Оны Ташкенттен келген Сырдария
облыстық партия комитетінің хатшысы Әбілқайыр Досов ашты. Өкімет
делегациясын Қазақстанның жаңа астанасының жұмысшылары мен интеллигенциясы
қызу құттықтады. Қала жастары атынан Әбділда Тәжібаев сөз сөйледі.
Сонымен, 1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан
еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қазақ АССР Кеңестерінің V съезі
салтанатпен ашылды.
Бес күнге созылған съездің негізгі құжатының бірі қырғыз халқының
тарихи дұрыс атын қалпына келтіруі еді. Яғни, Кеңестердің бүкіл қазақтың V
съезі “бұдан былайғы жерде “киргиз” деген атау “қазақ” деп аталсын” деп
қаулы қабылдады. Соынмен бірге, съезд “Киргиз Республикасын” “Қазақ
Республикасы” деп атауға, ал оның астанасы Ақмешітті Қызылорда деп атауға
қаулы алды.
Қызылорданың Қазақстан астанасы деп аталуымен тарихтың жарқын беттері
ашылды. Еліміз жаңа бір қоғамдық құрылыстың ғимаратын қалай бастады. Бұл
кезде қаланың тұрғыны 22577-ге жетті. “Қызылқала” сөйтіп өмірге жаңаша
қарқынмен қанат жая бастады. Дәл осы жылдары жарқыраған электр жарығы іске
қосылды. Астана мәртебесіне қол жеткізгеннен соң түрлі мекемелер мен
өндіріс орындарының іргетасы қалана бастады. Біртіндеп кондитерлік фабрика,
ет комбинаттары, сыра зауытымен бірге басқа да артелдердің қатары көбейді.
Қызылорда астана болған жылдары орта оқу және арнаулы оқу орындары,
өнеркәсіп және ауылшаруашылық мекемелерімен қоса орталықтан ғылыми-зерттеу
ғимараты қазақтың эпидемиолгия жәнек гигиена институтының негізінде егу
лабораториясы дүниеге келді. Сондай-ақ, ең алғашқы рет қазақтың ғылыми-
зерттеу, жер қыртысын зерттеу, қазақтың мал дәрігерлік-бактериологиялық
және де басқа институттары өз жұмысын осы қалада бастаған болатын.
Биылғы 2006 жыл Сыр өңірі үшін – “Өнер жылы”. 2005 жылы қаланың
мәртебесін көтеруге Қызылорда қаласының Қазақстанның астанасы болғанына 80
жыл толуы мерекесінің маңызы зор болды. Мемлекет хатшысы Оралбай
Әбдікәрімов бастаған осы шараға қатысқан қазақ зиялылары бұл шараның
өтілуіне өз ризашылықтарын білдірді. Мерейтой бағдарламасына орай ұлт-
азаттық қозғалысының белгілі өкілі М. Шоқай, мемлекет қайраткерлері Т.
Жүргенов, С. Қожановтарға ескерткіш орнатылып, “Қызылорда қаласының
құрметті азаматтар” аллеясы ашылды. Қызылорда қаласының өткені мен бүгінгі
тарихын баяндайтын “Қызылорда”, “Спортымен асқақтаған Ақмешіт” атты
кітаптар, “Қызылорда – астана - 80” әндер жинағы шығарылды. Мерей тойға
байланысты “Ақмешіт” мұражайы теміржол вокзалының алаңында ашылды. Табиғат
бөліміндегі экспонаттар Сыр өңірінің табиғи байлығы, өсімдік, аң, құс,
жануарлар түрлері туралы мағлұмат береді.
“Сыр бойының батырлары” ескерткіш кешенін орнатуға жергілікті
бюджеттен 48 млн теңге қаржы бөлініп, бұл ескерткіш қала орталығындағы
демалыс паркінің алдына орын тепті.
Қызылордада Қазақстан суретшілер одағының 18 мүшесі бар. Оның ішінде
Республикаға еңбегі сіңген қайраткерлер, график суретшісі Қайырбек Зәкіров,
суретшілер Ш.Сәменов, Б.Есіркепов Я.Ағытаев, Т.Ахметов, Ө.Мамақов, Е.
Биманов, М.Үмбетов, А.Ордабеков, Ж.Әбдіраманов, А.Кенбаев, Е.Палымбетов
т.б. бар.
Қала әкімінің эстрадалық оркестрі жұмыс істейді. 2004-2006 жылдарға
арналған “Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы негізінде “Ұлы Жібек
жолының кітапханалары” атты сирек кездесетін құнды кітаптар саны 2004 жылы
37 болса, қазіргі күні 57 кітап болып толықтырылып, тіркеуге алынды.

Ескерткiштерi

Тарихи-мәдени мұра - халықтың тарихи тағдырының аса маңызды айғағы.
Халықтың бүгінгі және болашақта дамуының негізгі шарты әрі бүкіл адамзаттық
өркениеттің құрамдас бөлігі ретінде ол барлық қауіп-қатерден тұрақты түрде
қорғап отыруды талап етеді. Қазақстан Республикасында мұны қамтамасыз ету
барлық азаматтардардың адамгершілік борышы және міндеті болып табылады.
Облыс бойынша – 508 ескерткіш бар. Оның 21-і республикалық дәрежедегі,
қалғаны жергілікті маңызы бар тарихи мұралар. Сыр бойында ескерткіштер
туралы мағлұматтар жинау, оларды есепке алу 1970 жылы басталған. Ең соңы
1993 жылдары жасалды. Ескерткіштердің 145-і археологиялық, 13-і тарихи, 52-
і монументті, 298-і сәулеттік ескерткіштер. Бұлардың бүгінгі таңда 45-і
қалпына келтірілді.
Соңғы он шақты жыл ішінде Сығанақ, Жанкент, Бегім ана, Сырлытам,
Қорқыт Ата, Мүлкілән, Марал ишан ескерткіштері зерттеле бастады.
Тарихшылар мен этнограф-ғалымдар деректерінде көрсетілгеніндей қазіргі
Қызылорда жерінде қазақ хандығы құрылғанға дейін Оғыз, Ғұн, Сақ тайпалары
өмір сүрген. Біздің жыл санауымыздан бұрын Әмудария мен Сырдария
өзендерінің бойын Ғұн, Үйсін тайпаларының мекендегені туралы дерек Қытай
жылнамаларында да кездеседі. Бұл жайында Сыр бойының тарихы мен мәдениетін
терең зерттеген профессор Ә.Қоңыратбаев өз еңбектерінде егжей-тегжейлі
жазған.
Облыс аумағында Қорқыт Ата, Бегім ана, Ұзынтам, Сараман Қоса
мұнаралары Оғыз мемлекеті кезеңіндегі ескерткіштер қатарына жатады.
Археологтардың зерттеуіне қарағанда Арал аймағынан соңғы жылдары табылған
Ұзынтам мұнарасы біздің ғасырымызға дейінгі бірінші мыңжылдықта салынған.
Сыр бойындағы ескі қалалар мен қорғандардың қалдығы жыл өткен сайын
үйіндіге айналуда. Бағзы заманның куәгері іспетті кей ескерткіштердің көз
алдымызда ізі өшіп барады.
Облыстық мәдениет басқармасы облыс әкімінің 2003 жылғы 2 шілдедегі №
716-ө санды өкіміне сәйкес арнайы комиссия құрып, облыс аумағындағы тарихи-
мәдени мұраларды қорғау, насихаттау және қалпына келтіру мәселелерін
зерттеу мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізді. Комиссия облыстың барлық
аудандарын аралап, Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген тәртіппен
міндетті қорғалуға және сақталуға жататын республикалық және жергілікті
маңызы бар тарих пен мәдениет ескерткіштерін пайдаланудың жағдайына талдау
жасады.
Облыстағы ескерткіштердің 2002 жылға дейін 332-де төлқұжаты болған.
Бүгінгі таңда түгелдей бәрінің құжаттары жасалған. Қорғау міндеттемесі
алынған, қорғау аймағы белгіленген. 2002 жылдан бастап қала, аудан
әкімдерінің шешімдерімен ескерткіштер түгелдей тізбеге алынып, мекемелерге,
округтерге меншік иесі етіп бекітіп берілген. Ал облыс бойынша
ескерткіштердің 33-не ғана қорғау тақталары орнатылған.
Тарихи мұраларды қалпына келтіру, оларға ғылыми тұрғыдан талдау жасау,
түрлі қазба жұмыстарын жүргізу, тарихи жәдігерлердің түрлерін толықтыру
мәселесі бойынша аудандарда тарихи мұраларға жете мән берілуі қажет.
Өскелең ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу және тарихи-мәдени мұраны
жан-жақты зерделеу, сондай-ақ қазақ халқының сан ғасырлық тәжірибесін
қорыту мақсатында халық шығармашылығындағы ауызекі мұраларды
орындаушылардың (жырау—жыршы, термеші, айтыскер ақындар) фоножазбаларына да
айрықша назар аударылу керек.
Қағаздан, желімнен, теріден, қатырма қағаздан және басқа да
органикалық материалдардан жасалған жазба мұраның, құжаттардың табиғи
сарғайып-ескіруі орын алуда.
Облыс аумағындағы көне тарих пен мәдениет жәдігерлері - республикалық және
жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін қайта жаңғырту,
қалпына келтіру жұмыстарын жетілдіру мақсатында облыс әкімінің 2002 жылдың
19 маусымындағы № 266 қаулысымен облыстық тарихи- мәдени ескерткіштерді
қорғау инспекциясы мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды.
Осы бағдарламаның аясында жоғарыда белгіленген мәселелерді шешу облыс
халқының мәдени мұрасын сақтау және кеңінен таныстыру жүйесін одан әрі
дамытуға ықпал ететін болады.
Облыстағы маңызды тарихи-мәдени, археология және сәулет ескерткіштерін
қайта жаңғырту
Облыс мәдениеті үшін айрықша мәні бар тарихи мына ескерткіштерді қайта
жаңғырту: Бәсібек кесенесіне, Ғани байдың үйіне, Ноғай мешітіне, Қармақшы
ата және Ақсақ қыз кесенелеріне, Сары ишан кесенесіне, Айқожа кесенесіне,
Асанас және Қожан қожа кесенелеріне, Қаналы мешіт-мұнарасына, Бәкі және
Қабыл ата кесенелеріне кешенді ғылыми-мәдениеттану зерттеулерін
ұйымдастыру, оларды қалпына келтіру, тұмшалау, абаттандыру, сондай-ақ,
тарихи және этномәдени ортаны өркендету мен дамыту, Сығанақ, Өзгент,
Баршынкент, Асанас, Жент, Жанкент және Сырлытам секілді басқа да ежелгі
орта ғасырдағы кенттерге, қорғандар мен асарларға археологиялық зерттеулер
жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.
Облыс мұражайларының қорында сақталған тарих пен мәдениеттің жылжымалы
ескерткіштері тұрақты түрде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді қажет
етеді.

Шірік Рабат қалашығы
С.П.Толстов жетекшілік еткен Хорезм археологиялық және этнографиялық
экспедициясы 1946 жылы Шірік Рабат қалашығын ашты. Осы жылдары үлкен храм,
бір шеңбер және тікбұрышты жерлеу құрылыстары зерттелді. Қалашықтың және
қорғаныс үйіндісінің әртүрлі бөліктеріне бірнеше шурфтар салынды. 2004-2006
жылдары Мәдени мұра Мемлекеттік бағдарламасы аясында зерттеу жұмыстарын
Шірік Рабат археологиялық экспедициясы жалғастырды (Ж.Құрманқұлов).
Шірік Рабат қалашығы Қызылорда қаласынан оңтүстік-батысқа қарай
300 км жерде, қазіргі уақытта суы тартылған Жаңадария өзенінің сол жақ
жағалауында орналасқан. Бұл қалашық солтүстіктен оңтүстікке қарай 850х600
м созылған табиғи төбе үстінде орналасқан. Қалашық мықты әскери жүйемен
қоршалған. Төбенің төменгі жағында ені 40 м, тереңдігі 4,5 м ор қазылған.
Қазіргі уақытта сақталған биіктігі 3 м, табанындағы ені 8-10 м. Ордың ішкі
периметрі бойынша да жал орналасқан. 2004-2006 жылдары қалашық
территориясында екі жерлеу конструкциясы және диаметрі шамамен 80 м үлкен
шеңбер тәріздес құрылыс қазылды.
Зерттелген жерлеу орындары диаметрі 15 м болатын кішігірім ойыс
сияқты болып келген. Қазба барысында жер деңгейінен 2,10-2,50 м. тереңдікте
пішіні төртбұрышты болып келетін күрделі түрде салынған қабір құрылысы
табылды. Бұл бір-біріне ұқсас батыс және шығыс бөліктерден тұратын
катакомбалардан тұрады. Қабірхананың салыну барысын сөз етер болсақ, мұнда
ең алдымен мәйіттің ішкі үйі болып есептелетін лақат қазылып дайындалған.
Мәйіт жерленген соң оның шығар есігі кесек кірпіштермен қалап жабылған.
Лақат ішінен бас жағымен оңтүстікке қарай жатқызылған үш ересек адамның
мәйіттері аршылып алынды. Қабірді аршу барысында мәйіттермен қоса көмілген
жеке бұйымдар да табылды. Батыс беттегі жеке жатқан мәйіттің сол жанынан
ұзындығы 1 м асатын семсер мен белінің тұсынан белдіктің қалдықтары
табылды. Мұнда айта кетерлік жәйт: шығыс беттегі екі мәйіт бірінің үстіне
бірі қабаттастырыла қойылған. Екі мәйіттің астыңғысының белінен белдік
былғарысынң қалдықтары мен киімдерге жапсырылып тігілген сары металдан,
пастадан жасалған әшекейлік бұйымдары табылды. Сондай-ақ, олардың жанынан
Есіктен табылған таңбаларға да ұқсас болып келетін жазуы бар қыш құмыра-
көнек пен күміспен құрсауланған ағаш тостағанның қалдығы шықса, ал аяқ
жағынан қыштан жасалған шамдал ыдысы табылды. Жерлеу құрылыстары б.д.д. IV-
II ғғ. жатады.
Қалашықтың оңтүстік-шығысында орналасқан үй бірнеше бөлмелер мен
шаруашылық құрылыстарынан тұрады. Табылған заттар бұл үйдің жерлеу
құрылысынан кейінгі кезде, яғни ІХ-ХІІ ғғ. соғылғанын көрсетеді.

Кесенелері: XVI-XIX ғасырлар

Қызыл-Орда облысы Қармақшы Ауданы Айқожа Кесенесі
Бұл құрылыстың фундаменті ретінде күйген кірпіш тұр, оның жалпақтығы
20см. Фундамент астына 20см тереңдікте тас бетон қойылған фундаменттің жан
жағынан 50см қиыршық тас салынған қалаудың материалдық жағдайы
қанағаттандырарлық, ешқандай қайта жасау қажетсіз, барлығы жөндеу барысында
қалпына келтірілді. Қабырғалар күйдірілген саз кірпіштен қаланды.
Қабырғаларының қалыңдығы 1,4 м, жөндеу жұмыстары атқарылып пайдаланылуға
берілді.
 Ақтас мешіті Қызыл-Орда облысының  далалы ауданында орналасқан.
Құрылыс 27х14х6,5см және 26х27х6,5см және 1,5-2см қалың көлемдегі күйген
кірпіштен салынған күмбезді құрылыс. Жоспар бойынша жан-жағынан 19х18,6м
биіктігі күмбез ұшына дейін 19,5м. Көлемдігі квадрат ұқсас. Күмбез тіреліп
тұрған қабырғалар арка болып салынған. Қабырғалары шикі сазбен сыланып
ақталған. Құрылыстың салынған уақыты шамамен 1884ж, 1984-1986жылдары
ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сазды лаймен кірпіш, қалаудың
жекелеген жіктері цементпен бекітілді. Нысан пайдаланылуға берілді.
Қызыл-Орда облысы Шиелі ауданындағы Асан - Ата кесенесіне
реставрация жұмыстары аяқталды.
Ескерткіш Қызыл-Орда облысының Далалы ауданы Шиелі ауданында орналасқан.
27х15х6,5см және 26х27х6,5см көлемді күйдірілген кірпіштен сазды лаймен
салынған күмбезді құрылыс. Жоспарда тікбұрышты портал 3,8м тереңдікте, 6,98
жалпақтықты жалпы ауданы 7,06м биіктігі күмбез үстіне дейін 7,66м
төртбұрышты құрылыс. Іштеріне арка арқылы салынған. Ішкі қабырғаларының
беті цемент қосылған лаймен сыланған. Нысан пайдаланылуға берілді.
Қызылорда облысы: Іңкәрдариядағы Сарлы-Там кесенесі, XIII ғасыр және
Сарман-Қожа мұнарасы, XI ғасыр
Іңкәрдариядағы Сарлы-Там кесенесі
Бұл құрылыс 27х13х4,5 көлемді күйдірілген ақ кірпішпен тұрғызылған
күмбезді ғимарат. 9,6х10,15 м жанжағынан тікбұрышты формадағы, күмбездің
үстіне дейінгі биіктігі 7,7м ғимараттың қабырғалары өте өрнекті
плиткалармен жабылған. Осы жылы жөндеу жұмыстары аяқталып комиссияға
тапсырылды.
Сарман-Қожа мұнарасы
Қармақшы ауданы Қызыл-Орда облысының аудандарында орналасқан.
24х12х7см көлемді шикі кірпіштен құралған мұнаралы құрылыс. Сырты 2см
дейінгі қалыңдықтағы сазды лаймен күйдірілген кірпіштен кейпіне
келтірілген. Жоспар бойынша сыртқы диаметрі 7м домалақ формалы биіктігі
15м. Қабырғаларының қалыңдығы 1,81м. Мұнараның құрылысы ХІғасырға
жатады.фундаменті оңтүстік жағы 14см жерге кіріп қаланған күйдірілген
кірпіштен. Солтүстік жағы 20см жерге кірген кірпіштен қаланған, төмен қарай
бетон 10см. Мұнараны жабу үшін ярусты Ложный свод техникасымен
орындалған.
Қызылорда облысы: Қара сопы кесенесі, XVIII ғасыр
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының оңтүстік батысында 10 шақырым
жерде зираттарда орын тепкен. Ескерткіш екі үлкен бөлмеден тұратын күмбезді
құрылыс. Құрылымның квадрат жоспарында кәбірхана және зиаратхана.
Конструкция күйген кірпіштен созылған тік бұрышты жоспардағы 13,9х9,6 м
биіктігі күмбез ұшына дейін 9 м портал 6,2 м жан- жақты мөлшердегі ғимарат.
Кесененің тұрғызылған уақыты XIX ғ. жатады. 1983 жылы есеп бойынша зерттеу
кезінде конструкцияда қателіктер орын алған:
- күмбез тура және вертикальды жарықшақтары негізіннен солтүстік
батыс секторында орын алған. Жарықшақтар күмбездің орта тұсынан басталып
барабанға дейін жеткен, нәтижесінде күмбез биіктігі аласарған;
-батыс жақ қабырғасының орта тұсы 10 см-ге шалқайған және орта тұсына
таман тігінен жарықшақ пайда болған.
 Қызыл-Орда облысыСарман Қожа мұнарасы. XVI–XVIIғ.
Қармақшы ауданы Қызыл-Орда облысының аудандарында орналасқан.
24х12х7см көлемді шикі кірпіштен құралған мұнаралы құрылыс. Сырты 2см
дейінгі қалыңдықтағы сазды лаймен күйдірілген кірпіштен кейпіне
келтірілген. Жоспар бойынша сыртқы диаметрі 7 м домалақ формалы биіктігі 15
м. Қабырғаларының қалыңдығы 1,81м. Мұнараның құрылысы ХІғасырға
жатады.фундаменті оңтүстік жағы 14 см жерге кіріп қаланған күйдірілген
кірпіштен. Солтүстік жағы 20 см жерге кірген кірпіштен қаланған, төмен
қарай бетон 10 см. Мұнараны жабу үшін ярусты Ложный свод техникасымен
орындалған.
Нысан пайдаланылуға берілді.
 

Арал ауданының тарихы
  
Арал ауданы 1929 жылы құрылған. Алғашқы кезде оның құрамына Қамыстыбас және
Арал болыстары кірді. 1938 жылғы 29 наурыздан бастап жұмысшы поселкесі
қалаға айналды, яғни Арал поселкасы Арал қаласы болып аталды. Ауданның
орталығы Арал қаласы. Ауданда 2008 жылғы 1 қаңтарға 72145 адам тұрады. Оның
30622-сі Арал қаласының тұрғындары. Территориясы 52,2 шаршы км.
 1921 жылы қазан төңкерісінің көсемі В. И. Ленин (В. Ульянов) Повольже
мен Ресейдің орталық аудандарындағы құрғақшылыққа байланысты аштықтан
зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөнінде Арал балықшыларына әйгілі үндеу-
хатын жолдап, көмек беруді сұраған. Аралдықтар бұл Үндеуге жауап ретінде
Ресейге 14 вагон балық жіберген. Болшевиктер партиясының көсемі В. И. Ленин
аралдықтардың бұл игі ісін зор бағалап, токарлық станок Арал балықшыларына
сыйға тартқан.  
1930 жылдары ауданда 17 балық колхозы, 5 балық заводы, 20-дан астам
мал колхозы ұйымдасқан. Аудан халқы Ұлы Отан соғысы уақытында де өшпес
ерлік, асқақ рухтың үлгісін көрсетті. Ауданнан соғысқа 11 мыңнан астам адам
кетіп, оның 6038 елге оралмай, майдан даласында қалды. 2005 жылы Арал
боздақтарының рухына арналып аудан орталығының орталық алаңында Тағзым
алаңы орнатылды.
Арал теңізі 1963 жылдардан бастап тартыла бастады. Арал теңізінің
проблемасы жөнінде Алматы, Ташкент, Нөкіс, Қызылорда және Арал қалаларында
мемлекетаралық деңгейде кеңестер өткізілді. Осының нәтижесінде құны 84,0
млн. АҚШ долларын құрайтын Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал
теңізінің солтүстік бөлігін сақтау жобасы іске асып, жобаның І фазасы 2007
жылы аяқталды. Қазіргі таңда жобаның ІІ фазасының техникалық-экономикалық
негіздемесі әзірленуде.
Бүгінгі таңда ауданда 51 мектеп, 1 аудандық, 1 қалалық мәдениет
үйлері, 4 ауылдық мәдениет үйі, 25 ауылдық клуб, 2 демалыс кешені, 6
халықтық ұжымдар, 32 көпшілік кітапхана, 1 аудандық, 1 жүйке аурулар, 1
өкпе аурулар аруханалары мен 1 перзентхана, 1 медициналық жедел жәрдем
стансасы, 8 жанұялық дәрігерлік емхана, 5 ауылдық аурухана және 28 басқа да
емдеу мекемелері халыққа қызмет жасайды.
Ауданнан екі Кеңес Одағының батыры, 16 Социалистік Еңбек Ері шыққан.
Сонымен қатар, Арал ауданында мемлекеттік қайраткер Шапақ Артықбаев, халық
жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов, жазушы-ақын Зейнолла Шүкіров, Қазақстан
Республикасының тұңғыш Үкімет басшысы Ұзақбай Қараманов, ғалым-профессор
Нажмадин Күнқожаев секілді бүкіл әлемге белгілі қайраткерлер дүниеге
келген. 
 Арал шежіресі.
 η  Арал теңізі – құмды, құрғақ климатты үстірт қыратқа орналасқан. Ол
– ертедегі Сармат теңізінің бір бөлігі.
η  Теңіздің 96 процентін су, 4 процентін жер құрайды. Арал жер
шарының 60 градустық ендігінде орналасқан. Теңіз суы сағат тілі іспетті,
оңнан солға қарай оралып ағады.
η  Кайназой дәуірінің орта шенінде, яғни бұдан 21 млн 1200 жыл
бұрын, Арал каспий теңізіне қосылып жатқан. Бұл байланыс 1573 жылға дейін
созылған.
η  Осы дәәуірдің 950 жылы Ибн-Рустемнің замандасы Масуди Балық
өзені келіп құятын Джейнухом (Амудария) Тармидь, Испиран сияқты бірнеше
салаға бөлініп, бір тарауы Хорасанмен көп қамалға айырылатын Ховарезм
(Қият) қаласының төменгі жағымен Джоуджания (көне Үргеніш) жиегінде
тұрған көлге құяды деп жазған. Ғалымның көл деп отырғаны қазіргі Арал
теңізі.
η  Бұдан 1800 жылдай бұрын өмір сүрген атақты грек оқымыстысы
Кландин Птоломей өзінің Алмагест (Ұлы құрылыс) деген шығармасында жер
шарының 27 бөліктен тұратын картасын жасаған. Оның 22-картасында Арал
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
Қызылорда облысында туризмді дамыту
Оңтүстік Қазақстан өңірінің ірі қалаларының геоэкологиялық жағдайы
Қызылорда облысындағы туризм
Қызылорда облысы туралы мағлұмат
Қазақстанның ірі қалаларының атаулары мен олардың шығу тарихы
Қазақстан қалаларының тарихы
СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІ АҢҒАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЗЕРТТЕУ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ПЕРСПЕКТИВАСЫ
Пәндер