Қазақстан Республикасындағы қорлар



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОРЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Қазақстан Республикасындағы қорлардың даму бағыттары ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары ... ... ..10

2 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР. ҚОР БИРЖАСЫ ... ...18
2.1 Бағалы қағаздар нарығының мамандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.2 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
3. ҚОР БИРЖАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.1 Қор биржасы және оның қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.2 Биржалық операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қазахстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізге қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде де ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни 2-ші деңгейлі және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырады.
Нарықтық экономика — адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық.
Қаржы нарығы — мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықгырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан түрады:
1) Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.
2) Несие капиталының нарығы.
3) Бағалы қағаздар нарығы.
Осы үш нарықтың ішінде бағалы қағаздар нарығын қарастырайық. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс - ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда.
Қор нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне ақша қорын алуына жол алуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістетуге мүмкіндік береді.
1. Қазақстан Республикасының банктермен банк қызмет туралы заңдары 05.1995 ж.
2. Бағалы қағаздар нарығы. Б.А.Көшенова, Алматы, Экономика, 1999.
3. Банковское дело. Г.С.Сейткасымов, Алматы, Каржы-Каражат, 1998.
4. Бухгалтерский учет и отчетность в банках. Г.С.Сейткасымова, К.О.Шаяхметова, Г.ТАбдраимова, Алматы, Каржы-Каражат, 1998.
5. Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру. Н.А. Ғұмар, Р.Ж.Қалығұлова, Алматы, Арыс,2000.
6. Ценные бумаги и их регулирование в РК. Ф.Карагусов, Алматы, Каржы-Каражат, 1995.
7. "Банки Казахстана" журналы №5 2000ж.
8. Банк хабаршысы. 2000

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1 Қазақстан Республикасындағы
қорлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 5
1.1 Қазақстан Республикасындағы қорлардың даму
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ...5
1.2 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі
заңдары ... ... ..10

2 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР. ҚОР БИРЖАСЫ ... ...18
2.1 Бағалы қағаздар нарығының
мамандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.2 Бағалы қағаздар нарығына
қатысушылар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 1
3. Қор
биржасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .23
3.1 Қор биржасы және оның
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..23
3.2 Биржалық
операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..28

КІРІСПЕ

Қазахстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа,
нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізге қаржы нарығын және
оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл
өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде
де ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни 2-ші деңгейлі және
инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы
саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кіріс
көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырады.
Нарықтық экономика — адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі
және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі
мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық.
Қаржы нарығы — мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы
нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықгырып тұратын, бірақ
әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан түрады:
1) Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.
2) Несие капиталының нарығы.
3) Бағалы қағаздар нарығы.
Осы үш нарықтың ішінде бағалы қағаздар нарығын қарастырайық. Қазіргі
кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы
үйренген әдіс - ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына
мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару
органдары да дәл осы жолды пайдалануда.
Қор нарығы экономиканың кез келген саласының өз қажетіне ақша қорын
алуына жол алуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын
жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан
тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын
өрістетуге мүмкіндік береді.
Қор нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешенеледі. Ол
өзгеше тауар — бағалы қағаздар. Олар біріншіден меншік белгісі, екіншіден
қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу
міндеттемесі пайда болады. Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа
материалды құндылықтардың орнына жүретін "символы" болғандықтан оны "қордың
құндылықтары" болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты
құндылықтарға қол жеткізуде немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге
ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаз нарығы капитал нарығының яғни ақша
және басқа материалдардың құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді. Бағалы
қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын
процестердің реттеушісі.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар көмегімен қосымша
капитал алу анағұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты бағалы қағаздарды
шығаруға және оларды тіркеуге 2 жеті, эмиссиялық проспектісін шығарып және
нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 жеті, оларды сатып алу,
сатуға және есеп айыруға 2-3 жеті уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,5-2
ай ішінде эмитент (шығарушы) өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару
құқына ие болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы — экономикалық өрлеуді көп
жағдайда қаржыландыратын ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.

І. Негізгі бөлім

1 Қазақстан Республикасындағы қорлар

1.1 Қазақстан Республикасындағы қорлардың даму бағыттары

Құнды қағаздармен операцияны жүзеге асыратын қаржы рыногының құрамдас
бөлiгi. Инвистициялық қорлардың, банктердiң, брокерлiк фирмалардың т.б.
қатысуымен биржалық қор рыногы мен биржадан тыс қор рыногы ерекшеленедi
Қор рыногының негізгі көрсеткіші – акциялар саудасы. Ал біздің қор
рыногы валюта сатады. Бұл үлкен қор рыногының жұмысы емес, бастаушы
кезеңнің көрсеткіші. Міне, біздегі экономикалық реформаның үлкен кемшілігі
осы қор рыногының жұмыс істемей қалуы. Біздегі инвесторлар
кәсіпорындарымызды сатып алды да, өздерінің қорларын шетелдік банктен алып
отырды. Осылайша бізде көп кәсіпорындар шетелдіктердің қолына өтіп кетті.
Сонымен қатар бізде мемлекеттік пакеттер мемлекеттік қор рыногына түспеді
десек те болады. Енді осы мәселені де шешу керек. Ресейде қор рыногы бірден
жұмыс істеп кетті және олардың негізгі капиталдары өздерінде қалды. Кезінде
Әкежан Қажыгелдин де: Өзіміздің қор рыногымызды дамытайық, мемлекеттік
меншікті өзіміздің қор рыногында сатайық. Жағдайы жақсы кәсіпорындардың
акцияларын сатайық деген болатын. Бірақ оның бұл ұсынысы орындалмады. Енді
міне, міндетті түрде өзіміздің мемлекеттік пакеттер, өтімді акциялар
өзіміздің рынокта сатылады. Оларды негізінен зейнетақы қорлары сатып алады.
Оларды тіпті жеке адамдар сатып алуына болар еді, бірақ бірқатар жақсы
акцияларды, Қазақтелекомның акцияларын зейнетақы қорларының аздап алғаны
болмаса, биыл бұл үрдіс жүрмей қалды. АҚШ-та, Батыс Еуропада әрбір әйел
газеттен акциялар құнын оқиды. Өйткені олар аз болсын, көп болсын
акцияларды сатып алуға тырысады. Мысалы, 1000 доларға акция сатып алуға
болады. Егер ол сәтті болса, ол 2000 долларға өсуі мүмкін. Сондықтан қор
рыногын қозғалту барысында Нұрекеңнің өзі пиар акция жасап, акциялардың
сатып алынуына мүдделі болса, жұрт өз акцияларын сатып, ол ақшаны айналымға
салар еді. Сонда шетелден де ешқандай қарызы жоқ, сатқан өз акциялары болып
шығады.
Қазақстанның шетелдік эмитенттерді қабылдауға даярлығы қандай? Әлсіз,
даярлығы әлсіз", деді ол Алматыда жұма күні "Қазақстандағы бағалы қағаздар
рыногы және ұжымдық инвестициялау" деп аталатын конференцияда.
Оның пікірінше, Қазақстан өзінің қор рыногын ең алдымен ішкі
институционалды инвесторлардың, оның ішінде ең алдымен зейнетақылық қорлар
мен банктердің қажеттілігі үшін құрған.
"Қор рыногы жұмыс істеуде, бірақ өзіндік құқықтық аясында істеуде.
Бізде бұл рынок толықтай еркін, әрі ашық емес. Бізде бұл рыноктың ішкі мәні
бар", деді ол. Оның айтуынша, қазақстандық заңдар қазақстандық зейнетақылық
қорлар мен банктердің активтеріне қол жеткізгісі келетін шетелдік
эмитенттерге қатысты алғанда аса "ыңғайлы емес".
Алматы қаласында Аймақтық қаржы орталығын құру жобасы Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевпен ұсынылған болатын және алғаш
рет 2004 жылдың қараша айында Қазақстан қаржыгерлерінің Конгресінде жария
етілді. Осылайша, 2005 жылы ҚР Үкіметі Алматы қаласының Аймақтық қаржы
орталығын құру шешімі қабылданды. Бұл шешім ТМД елдерімен салыстырғанда
Қазақстан Республикасының қаржы саласының қарқынды дамуына, ЖІӨ құрамында
қаржы қызметтер үлесінің тұрақты дамуына, ішкі жинақтарға, Достастық
елдеріне қаржы капиталын экспансиялау және қаржы саласында кадр құрамының
қалыптасуына негізделді.
Осы жобаны жүзеге асыру аясында 2005 жылы Қазақстан Үкіметімен
Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын құру мен дамытуға қатысқан Boston
Consulting Group Inc. компаниясы шақырылды.Бұл компанияның басты мақсаты
қаржы нарығын дамытуда артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтап, құрылатын
қаржы орталығында құқықтық, инфрақұрылымдық, басқару позициялары бойынша
ұсыныстар әзірлеу болды.
ААҚО құру негізі 2006 жылдың 5 маусымында ҚР Президентімен қабылданып,
қол қойылған Алматы қаласының аумақтық қаржы орталығы туралы Заңымен
салынды.
2006 жылдың 28 тамызында қабылданған Алматы қаласында аймақтық қаржы
орталығын құру мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңдық
актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы ҚР Заңымен
Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі
ҚР Агенттігінің және ААҚО қызметімен байланысты 14 заңдық актілерге қажетті
өзгертулер енгізілді.
Бүгінгі күні эмитенттер, қатысушылар, сондай-ақ, арнайы сауда алаңында
Қазақстанның барлық аймақтарынан дара инвесторлар тарту мақсатында Агенттік
Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды
және Солтүстік-Қазақстан облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында
презентайия өткізді. Оның аясында облыс әкімдіктері мен Агенттік арасында
өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумына қол қойылды. Осы
келісімдерге сәйкес 2007 жылдың аяғына дейін әр аймақтан үштен кем емес
эмитент тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сонымен қатар, Агенттік ААҚО бірнеше шетел, Ұлыбритания, Қытай,
Сингапур, Алмания, Оңтүстік Корея, Балтық елдерінде, Ресей, Украина және
т.б. елдерінде тұсаукесерін өткізді. Осы сапарлардың басты қорытындысы
өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы, атап айтқанда, Лондон,
Франкфурт, Гонконг, Сеул және Варшава қор биржаларымен меморандумға қол қою
болып табылды. Қол қойылған құжаттар ұзақ мерзімді ынтымақтастық механизмін
әзірлеуге, аталған елдердің қор биржаларымен ААҚО арасында байланыс орнату
бойынша нақты іс-әрекетке дайындықты білдіреді.
Қазіргі таңда ААҚО АСА листингінде 14 эмитент бар - Астана-Финанс
АҚ, Астана-Недвижимость АҚ, Банк ЦентрКредит АҚ, Қазақстан Ипотекалық
Компаниясы АҚ, Концерн Цесна-Астық ЖШС, ЭКОТОН+ АҚ, MAG АҚ,
Казақтелеком АҚ, Казкоммерцбанк АҚ, Kazkommerts International B.V., АО
Kazcat, Темiрбанк АҚ, АТФ-Банк АҚ және RESMI COMMERCE ЖШС. Қор
нарығына қойылған осы компаниялардың 55 құнды қағаздарынан 15 акция, 40
облигация. Бүгінгі күні ААҚО сауда көлемі 40 млн. АҚШ долларын құрады.
Акцияның нарықтық капиталдануы 5,3 АҚШ долларын, облигация-3,6 млрд. АҚШ
долларын құрайды.
Бүгінде ААҚО ҚРА экономиканың түрлі салаларының - қаржы, құрылыс,
өнеркәсіп, ауылшаруашылық және т.б. компанияларын АСА шығару бойынша
келіссөздер жүргізуді жалғастыруда.
Биылғы жылдың қыркүйек айында агенттік құнды қығыз шығарумен таныстыру
мақсатында ұлттық эмитенттер үшін Алматы мен Астана қалаларында семинарлар
өткізуді көздеп отыр.
Қор нарығын дамытуда ұйымдастырушылықты ұстана отырып, Агенттік өз
қызметінде жеке инвестицияларды қазақстандық экономикада маңызды бөлігі
етуге мүмкіндік беретін жеке инвесторлар класын, экономикалық менталитет
пен дүниетанымды қалыптастыруға үлкен көңіл бөлуде. Бұл жөнінен халыққа
білім беру боынша жұмыс жүргізілуде, мұнда бөлінбес бөлік БАҚ ынтымақтастық
болып табылады.
Осылайша, биылғы жылы Қазақстанның барлық аймақтарының журналистері
үшін екі семинар жүргізуді жоспарлап отыр.
Жалпы, қор нарығын дамыту мен Қаржы орталығының тартымдылығын арттыру
үшін ААҚО 2010 жылға дейін дамыту Бағдарламасында атқарылатын істің келесі
бағыттары көзделген:
• Қаржы орталығын әлемдік стандарттарға сәйкес қазіргі кезеңгі қор
биржасымен қамтамасыз ету;
• Келісім жасау бойынша есептеп шығаруды жетілдіру үшін клиринтік палата
қалыптастыру;
• Ұлттық рейтингтік агенттік қалыптстыру. Бұл инвесторларға
инвестицияларының тәуекелділік дәрежесін тәнік бағалауға мүмкіндік
береді;
• Құнды қығыз нарығында халық салымының кепілдік қорын қалыптастыру;
• Ислам құралдары, туынды құнды қағаз сияқты жаңа қаржы құралдарын
зерттеу, әзірлеу және енгізу;
• Интернет-трейдинг арқылы құнды қағазбен келісім жасауды жетілдіру
жолымен жаңа қор технологияларын зерттеу, әзірлеу және енгізу;
• Инфрақұрылымдық құнды қағаз шығару және оларды қаржы орталығының сауда
алаңында орналастыру арқылы стратегиялық жобаларды қаржыландыру;
• Халықтың инвестициялық мәдениетін арттыруға бағытталған ұлттық шолу
бағдарламаларын қалыптастыру мен жүргізу. Бұл инвесторлардың қосымша
қаржыларын қор нарығына ағылып келуіне септігін тигізеді;
• Қор нарығына отандық және шетел эмитенттері мен инвесторларын тартуға
бағытталған БАҚ арқылы қаржы орталығының қызметін кеңінен жария ету;
• Жергілікті еңбек нарығын құнды қағаз, қаржы және т.б. нарығы саласында
жоғары мамандандырылған мамандармен қамсыздандыруда жағдай жасау;
• Құнды қағаз нарығы қызметінің тиімділігін арттыру үшін заңдық және
нормативті-құқықтық базаларды жетілдіру;
• Алматының инфрақұрылымын (әуежай, қонақ үйлер, жолдар, Интернет
желісі) жетілдіру бойынша Үкімет пен жергілікті атқару органдарына
ұсыныс әзірлеу.
Осы міндеттерді жүзеге асыру ААҚО көрсетілетін қаржы қызметтерінің
бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді және елдің қаржы
нарығын жандандыруға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу Агенттігі Үкіметтің мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде
халықтың инвестициялық сауаттылығы мен инвестициялық мәдениетін арттыру
мақсатында бірқатар мақалаларды жарыққа шығармақ.
Орталық және аймақтық БАҚ беттерінде мамандарымыз оқырмандарға қор
биржасының не екендігін, пайлық инвестициялық қорды дұрыс таңдау жолдарын,
Қазақстан нарығындағы бағалы қағаздар мен жеке инвесторларды қорғайтын заң
туралы, тәуекел түрлері мен оларды азайту жолдарын баяндайды.
Қор нарығы дегеніміз не? Бұл бағалы қағаздар айналыма жүретін қаржы
нарығының бөлігі.
Қазақстан нарығындағы бағалы қағаздар қатарына ҚР Үкіметі мен
шаруашылық субъектілер акциялары мен облигациялары жатады.
Акция- шаруашылық субъектінің бағалы қағаздары. Ол негізінен аталған
субъектінің дивидент түрінде пайда табуына, акционерлердің жалпы отырысында
дауыс беруге және ликвидация кезінде субъекті мүлігінің бір бөлігіне құқық
береді.
Облигация- борыштық бағалы қағаз түрі. Ол қоғамды басқаруға қатысу
құқығын бермегенімен, купон не дисконт түрінде сыйақы алуға кепілдік
береді.
Эмитентке байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және
ұжымдық болып бөлінеді. Мемлекеттік бағалы қағаздар Қаржы Министрлігі мен
ҚР Ұлттық Банкі бастаған ҚР Үкіметімен эмиссия жасайды. Муниципалдық бағалы
қағаздар жергілікті атқарушы органдар арқылы шығарылады. Ал, ұжымдық бағалы
қағаздар түрі болса, шаруашылық субъектілерімен.

1.2 Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары
Жалпы, бағалы қағаздар ресурстарды тарту құралы боп саналады. Акциялар
акционерлік капиталды ұлғайтады. Ал, облигациялар айналым капиталын
арттырады не белігілі бір мақсатты бағдарламаларды өткізу үшін эмиссия
жасайды. Мемлекеттік облигациялар- мемлекеттік қарыз формасы. Бұл жағдайда
мемлекет бюджет дефицитін жабу, түрлі мақсаттық бағдарламаларды өткізу және
зейнетақы қарыздарын өтеу үшін қайтарымды және ақылы негізді ресурстар
тартады. Ұжымдық облигациялар дегеніміз эмитенттердің тұрғысынан қарағанда,
облигацияларды шығару мен орналастыру барысында банктік несие бойынша орта
нарықтық ставкадан төмен белгілі бір ставкамен, белгілі бір уақыт аралығына
ресурстар тартылатын банктік несиенің баламасы. Ал, инвестициялау үшін
қажетті ресурстары бар тұлғалар, яғни, инвесторлардың пікірінше
облигациялар дегеніміз, бағалы қағаздарды сатып алу жолымен артық
ресурстарды уақытша салынып, бағалы қағаздар өтелім мерзімі аяқталғанша
немесе инвесторлар үшін кез-келген тиімді уақыт ішінде сатуға қолайлы
банктік депозит баламасы.
Шығарылуына қатысты бағалы қағаздар құжаттық және құжаттық емес болып
екіге бөлінеді. Құжаттық бағалы қағаздар бланк, сертификат үлгісімен қағаз
түрінде жасалады. Ал, құжаттық емес бағалы қағаздар электронды түрде. Яғни,
кез-келген тұлғаның бағалы қағаз иесі екендігі оның шотының жазбаша үлгісі
арқылы анықталады. Құжаттық емес қағаздарды сатусатып алу кезінде сатушы
мен сатып алушының электрондық шотында қажетті жазбалар тіркеледі. Бұл әдіс
бүгінгі таңда өте кеңінен тараған.
Жалпы, бағалы қағаздар нарығындағы инвесторлар жеке және заңды
тұлғалар.
Қор нарығындағы кәсіби делдалдар- брокерлік және дилерлік қызмет
көрсету лицензиясы мен биржа мүшесі болып табылатын білікті мамандардан
тұратын арнайы штаты бар кәсіби қатысушылар, яғни брокерлер мен дилерлер.
Брокерлік қызмет –бағалы қағаздарды сатып алу операцияларын жүзеге асыру,
клиенттік тапсырыс негізінде клиент мүддесі мен өз атынан бағалы қағаздарға
кепілдік ретінде қаражат қорын тартып, орналастыру, бағалы қағаздарды жасау
мен орналастыру жолымен қаржыландыруды ұйымдастыру, сонымен қатар бизнестің
бірігу мен сіңу мәселесі бойынша кеңес беру. Жалпы брокерлер мен оның
клиентінің арасындағы өзарақатынас брокерлік келісім шарт арқылы
жүргізіледі. Брокерлік келісім шарт негізінен жалпы және бір реттік болуы
мүмкін. Брокерлік келісім шартта жекелеген операциялар клиент тапсырысы
негізінде жүзеге асырылады. Яғни, брокер клиент талабын барынша орындауға
күш салады. Брокер өз клиентіне барлық сұрақтар бойынша кеңестер мен
ұсыныстар бере отырып, өзге клиенттердің жасақан мәмілелерін құпияда
сақтайды.
Жоғарыда брокерлік жұмыстың принциптері баяндалды. Ендігі жерде оның
қызмет түріне тоқталсақ:
Қазақстандық және халықаралық нарықтағы брокерлік қызмет: бағалы
қағаздарды сатусатып алу жөніндегі операциялар. РЕПО операциялары.
Өндірістік бағалы қағаздар операциялары. Кеңестік қызмет түрлері мен
ұсыныстар. Номиналдық ұстаным және клиенттік операциялар бойынша есеп
айырысу қызметі.
Сенімді басқару: Табысты қаржы құралдырна клиенттердің артық қаражатын
уақытша салу. Клиенттерге сауда кеңестерін беру және инвестициялық
стратегия жасау. Клиент портфелін тиімді диверсификациялау және оның
кірісін арттыру.
Пайлық инвестиция қоры (ПИҚ): ПИҚ-дан пайларды сатып алу арқылы
клиенттердің артық ақшаларын уақытша табысты қаржы құралдарына салу.
Бағалы қағаздар эмиссиясын шығару барысындағы қаржы жөнінде кеңес беру
қызметі: Копанияға қаржы жөнінде кеңес беру. Капиталдың оңтайлы құрылымын
анықтау. Инвестициялық меморандумдар мен бағалы қағаздарды шығару
проспектілерін әзірлеу. Бағалы қағаздарды сауда биржасы тізіміне енгізу.
Клиенттің вексельдік бағдарламасы.
Бағалы қағаздар эмиссиясын орналастыру кезіндегі андеррайтер қызметі:
Маркентгтік кампания. Әлеуеттік инвесторлармен кездесу мен келіссөздер
жүргізу. Алғашқы орналастыру барысында аукциондар ұйымдастыру. қатаң
міндеттер мен барынша күш-жігер әдісі арқылы ең аз уақыт аралығында
тиімді орналастыру.
Сіңу мен бірігуді өткізу және даярлау: due diligence қажетті
процедурасын өткізу және кеңес беру. Қаржыландырудың тиімді құрылымын
анықтау және реструктуризациялау. Инвестициялық меморандум мен қажетті
құжаттарды әзірлеу. Қаржыландыруды ұйымдастыру.
Қор нарығының кейбір артықшылықтары
Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу агенттігі Үкімет әзірлеп жатқан Бағдарлама шеңберінде,
халықтың инвестициялық мәдениетін және инвестициялық білімін көтеруге
бағытталған мақалалар топтамасын жариялауды бастап отыр.
Орталық және аймақтық БАҚ беттерінде мамандар оқырмандарға қор биржасы
дегеніміз не, қалай инвестициялық пай қорларын дұрыс таңдау керек,
Қазақстан нарығында бағалы қағаздардың қандай түрлері бар, жеке
инвесторларды қандай заңдар қорғайды, қандай тәуекелдер орын алуы мүмкін
және оларды қалай азайтуға болады деген сұрақтар бойынша ойларын
жеткізеді...
Қор нарығы. Бір қарағанда, қарапайым тұрғын үшін бұл сөздер көп затты
білдіре бермейді. Сонымен қатар, оның жұмысы сол қазанда қайнап жүрген адам
болмаса, көпшілік үшін бірден көзге түспейді де. Ал шындығында, қор нарығы
нарықтық шаруашылықтың ең айнымас бөліктерінің бірі. Ол арқылы фирмалар
және әр түрлі компаниялар, және мемлекеттің өзі іс-әрекетіне қажетті ақшаны
экономикада қордаланып қалған қаражаттан ала алады. Ал елімізде қордаланған
жинақтар - зор инвестициялық потенциалға ие. Экономиказдың қарқынды дамуы
еліміздің ТМД ішіндегі инвестициялық әлеуеті ең мықты мемлекетке айналуына
алып келді. Мысалы қаржы нарығының институционалды құрылымдары болып
саналатын екінші деңгейлі банктердің активтері осы жылдың басында 69,9
млрд. АҚШ долларына, зейнетақы қорларының қаражаттары 7,2 млрд. АҚШ
долларына, сақтандыру компанияларының және инвестициялық қорлардың әлеуеті
сәйкесінше 1,1 және 0,9 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл үлкен қомақты
қаражат. Ендігі кезеңде біздің алдымызда осы қаражаттарты Қазақстан
экономикасын одан әрі дамыту және халықтын тұрмыс жағдайын көтеру
мақсатында тиімді жұмыс істету мұраты тұр.
Алдымен қор нарығында айналысқа түсетін бағалы қағазадардың не екенің
айтайық. Бағалы қағазадрдың сан алуан түрлері болады. Бірақта ең көп
тараған түрлері бұл - акциялар мен облигациялар. Акциялар дегеніміз осы
қағазды шығарған шаруашылық етуші субъектінің жарғылық капиталына құқықты
білдіретін бағалы қағаз. Яғни, ол акция иегерінің акционерлік қоғам
меншігіне құқығын көрсетеді. Пайда дивиденд түрінде болатын үлестік
мерзімсіз бағалы қағаз.
Облигация белгілі қаражатты қарыз ретінде тарту үшін шығарылады. Оның
негізгі айырмашылығы оның мерзімділігі. Яғни, облигациялар бойынша оның
иегеріне төлемдер төленіп, белгілі бір мерзім өткеннен кейін қызметі
тоқтайды.
Қор нарығы ұйымдасқан және ұйымдаспаған болып екі түрге бөлінеді. Осы
ұйымдасқан түрі биржа арқылы жұмыс жасайды. Бұл жерде артық қаражат
түріндегі ресурсы бар экономиканың бір саласынан, осы қаражатқа зәру салаға
капитал ағымы ұйымдасқан, ережелері алдын-ала белгіленген тәртіппен жүреді.
Сонымен қатар, заң жағынан қорғалуды айтсақ та болады. Себебі бұл нарық
мемлекет тарапынан жіті бақылауға алынып, түрлі заңдармен реттеледі.
Осы ретте биржа операцияларына қатысушылар ретінде теқ қана жоғарыда
аталған институционалды инвесторлар ғана емес, сонымен қатар кез-келген
жеке тұлға да қатыса алатының айту қажет. Мысалы, үстіміздегі жылдың 1
кварталы бойынша Қазақстан қор биржасының акциялар нарығындағы жеке
тұлғалардың көлем (яғни айналым) бойынша үлесі 25,7 пайызға тең болды. Бұл
дегеніміз 320 млн. АҚШ долларына тең. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша
акция нарығындағы айналым үлесі 16,9 пайызға тең болатын. Бұл көрсеткіш
2003 жылы 2,46 пайызға, 2004 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттен тыс қорлардың қызметтері
Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс қорлардың қызмет ету жағдайлары
Инвестициялық пай қорының ережесінде
Зейнетақы жүйесі қалыптасуының теориялық сұрақтары
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесіне талдау
Бюджеттен тыс қорлар туралы ақпарат
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛДАРЫ
Инновацияның арттыру жолдары
Пәндер