Иммануил Кант туралы ақпарат



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Таза зерденің жоғары игілік ұғымын анықтаудағы диалектикасы туралы. Жоғары ұғымының өзінде екіұшты мағына бар, егер көңіл аудармаса, ол екіұштылық пайдасы жоқ пікір таласына әкелуі мүмкін. Жоғары деген не жоғарыны, не мінсізді білдіруі мүмкін. Біріншісі - өзі шартпен шектелмеген, яғни, басқа ештеңеге бағынбайтын шарт; екіншісі - өзіндей, бірақ өзінен үлкені тұтастың бөлігі болып табылмайтын тұтас. Аналитикада ізгіліктің (бақытты болуға лайықты болу) бізге тілеуге болатынның нәрсенің бәрінің, демек, біздің бақыт жолындағы барлық ізденістеріміздің бірінші шарты, демек, жоғарғы игілік болып табылатындығы дәлелденген. Бірақ ол ғұмыры шектеулі саналы тіршілік иелерінің тілеу қабілетінің объектісі ретінде әлі де толық әрі мінсіз игілік емес; мұндай игілік бболу үшін, бақыт та керек, және де өзін өзіне мақсат ететін (көздегені өзінің қамы болатын) жеке тұлғаның бір жақты қарағандағы ғана емес, тіпті дүниедегі ізгіліктің жалпы өзін мақсат деп қарастыратын әділ зерденің пікіріндегі де бақыт керек. Бақытты қажет ету, әрі оған лайықты болу және сонда да болса, онымен байланыссыз болу – бұл, егер біз оны түсінуге талпынып көрсек, күш қуаты тасыған, саналы тршілік иесінің жетілген еркінің болуымен үйлеспейтін жағдай. Ізгілік пен бақыт бірег бір тұлғада ол тұлға жоғары игіліктің бәріне ие болатындықтан, әрі бақыт адамгершілікке (тұлғаның қадір-қасиеті ретіндегі және оның бақытты болуға лайықтылығы ретіндегі), тура сай келтіріліп бөлінетіндіктен, мүмкін болатын дүниенің жоғары игілігін құрайды, ендеше, бұл барлық игілікті тұтастай білдіреді, онда шарт болмағандықтан, шарт ретіндегі ізгілік әрқашан жоғарғы игілік болып табылыады. Себебі ізгіліктен жоғары тұрған ешқандай шарт жоқ, ал бақыт қонған адамына әрқашан жағымды болса да, өздігінен алғанда және барлық қатынастарда ізгі нәрсе емес, ол ылғида да өзінің шарты деп моральдық заңға сәйкес әрекет етуді есептейді.
1. Кант И. Сочинения в шести томах. М., 1963 - 1966.
2. Асмус В.Ф. Иммануил Кант. М., 1973.
3. Гулыга А.В. Кант. - 2-е изд. - М., Мол. гвардия, 1981.
4. Нарский И.С. Кант. М., 1976.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кант
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Таза зерденің жоғары игілік ұғымын анықтаудағы диалектикасы туралы.
Жоғары ұғымының өзінде екіұшты мағына бар, егер көңіл аудармаса, ол
екіұштылық пайдасы жоқ пікір таласына әкелуі мүмкін. Жоғары деген не
жоғарыны, не мінсізді білдіруі мүмкін. Біріншісі - өзі шартпен шектелмеген,
яғни, басқа ештеңеге бағынбайтын шарт; екіншісі - өзіндей, бірақ өзінен
үлкені тұтастың бөлігі болып табылмайтын тұтас. Аналитикада ізгіліктің
(бақытты болуға лайықты болу) бізге тілеуге болатынның нәрсенің бәрінің,
демек, біздің бақыт жолындағы барлық ізденістеріміздің бірінші шарты,
демек, жоғарғы игілік болып табылатындығы дәлелденген. Бірақ ол ғұмыры
шектеулі саналы тіршілік иелерінің тілеу қабілетінің объектісі ретінде әлі
де толық әрі мінсіз игілік емес; мұндай игілік бболу үшін, бақыт та керек,
және де өзін өзіне мақсат ететін (көздегені өзінің қамы болатын) жеке
тұлғаның бір жақты қарағандағы ғана емес, тіпті дүниедегі ізгіліктің жалпы
өзін мақсат деп қарастыратын әділ зерденің пікіріндегі де бақыт керек.
Бақытты қажет ету, әрі оған лайықты болу және сонда да болса, онымен
байланыссыз болу – бұл, егер біз оны түсінуге талпынып көрсек, күш қуаты
тасыған, саналы тршілік иесінің жетілген еркінің болуымен үйлеспейтін
жағдай. Ізгілік пен бақыт бірег бір тұлғада ол тұлға жоғары игіліктің
бәріне ие болатындықтан, әрі бақыт адамгершілікке (тұлғаның қадір-қасиеті
ретіндегі және оның бақытты болуға лайықтылығы ретіндегі), тура сай
келтіріліп бөлінетіндіктен, мүмкін болатын дүниенің жоғары игілігін
құрайды, ендеше, бұл барлық игілікті тұтастай білдіреді, онда шарт
болмағандықтан, шарт ретіндегі ізгілік әрқашан жоғарғы игілік болып
табылыады. Себебі ізгіліктен жоғары тұрған ешқандай шарт жоқ, ал бақыт
қонған адамына әрқашан жағымды болса да, өздігінен алғанда және барлық
қатынастарда ізгі нәрсе емес, ол ылғида да өзінің шарты деп моральдық заңға
сәйкес әрекет етуді есептейді.

Негізгі бөлім

Иммануил Кант (1724-1804). Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг қаласында
дүниеге келіп, өмір бойы сол жерде өмір сүрген. Жастайынан әлсіз бала
болып, өзінің денсаулығына мұқият қарауға мәжбүр болған. Өмірінің аяғына
дейін қатаң тәртіптің негізінде өмір сүріп, денсаулығын сақтап қалу үшін
тіпті отбасын құрудан да бас тартқан. Негізгі еңбектері: Таза зердені
сынау, Практикалық зердені сынау, Пайымдау қабілетін сынау, Әлемнің
әмбебаптық табиғи тарихы мен теориясы, Таза ақыл-ой шеңберіндегі дін,
т.б.
Бір ұғымда қажетті байланысқан екі анықтаманы негіз және салдар
ретінде қосу керек, және де бұл бірлік не аналитикалық ретінде (логикалық
қосу), не синтетикалық ретінде (шын байланыс) қарастырылатындай болуы тиіс,
біріншісі – тепе-теңдік заңы бойынша, екіншісі – себептілік заңы бойынша.
Демек, ізгіліктің бақытпен қосылуын былай түсінуге болады, ізгі болуға
ұмтылу және зердеге сүйеніп бақытын іздеу екі өзгеше әрекет емес, толық
бірдей әрекеттер, себебі біріншісі екіншісінің негізіне салынуы тиіс
максимадан басқа ешқандай максиманы қажет етпейді, - немесе бұл қосылу,
себептің әрекетті тудыратынындай ізгілік өзінің түсінігінен өзгеше бірдеңе
ретінде бақытты тудыратын қосылу деп түсінуге болады.
Шынын айтқанда, бүкіл ежелгі грек мектептерінің тек екеуі ғана
ізгілік пен бақытты игіліктің әр түрлі екі элементі деп есептемей, жоғары
игілік туралы ұғымды анықтауда бір әдіске жүгінген, олай болса, принцип
бірлігін тепе-теңдік заңы бойынша іздеген; бірақ олардың арасында
айырмашылық та болған: олар осы екеуінің ішінен негізгі ұғымды әр түрлі
жолмен таңдаған. Бұл ғылым қайраткерлерінің көрегендігі (өте ерте дәуірдің
өзінде-ақ олардың философиялық зерттеулерді жүргізу мүмкін болатын барлық
жолдарды байқап көргені қайран қалдырады) соншама сәтсіз – жоғары дәрежеде
әр текті ұғымдардың: бақыт ұғымы мен ізгілік ұғымының бірдейлігін табу үшін
қолданылғаны өкінішті-ақ. Бірақ олардың заманының диалектикалық рухына
қазіргі кездің өзінде де кейде тіпті алғыр ойдың өзін абыржытатын құбылыс
лайықты болды: олар принциптердің маңызды және қосылмайтын айырмашылықтарын
ауызекі дауға айналдыра отырып жоюға тырысты, және осылайша, тек әр түрлі
атаулармен, сырттай қарағанда ұғым бірлігі келіп шықты, мүндай жағдай
әдетте әртекті негіздердің қосылуы не соншалықты тереңде, не соншалықты
биікте болғандықтан, немесе философиялық жүйелерде бұрыннан қабылданған
ілімдердің соншалықты толық өзгеруін талап ететіндіктен, шын айырмашылықты
терең зерттеуге қаймығып, оны таза формальды ұқсамастық деп қарастыруды
артық санаған жағдайларда болады.
Практикалық зерденің антиномиясы. Біз үшін жоғары практикалық, яғни,
біздің еркіміз жүзеге асыратын игілікте ізгілік пен бақыт өзара қажетті
түрде қосылған деп тұжырымдалады, сондықтан таза практикалық зерде, егер
олардың екіншісі де игілікке жатпаса, біріншісін мойындай алмайды. Және де
бұл қосылу (жалпы кез-келген қосылу сияқты) не аналитикалық, не
синтетикалық болады. Жоғары игілік практика жүзінде қалайша мүмкін болады
деген сұрақ, бұрын бірге жасаған талпыныстардың бәріне қарамастан,
шешілмеген мәселе болып қала беред. Оны шешілуі қиын мәселе ететін нәрсе
де, атап айтқанда, бақыт пен адамгершіліктің – жоғары игіліктің әр түрлі
мүлдем өзгеше екі элементі және, олардың қосылуы екендігі налитикада
берілген, демек, оны аналитикалық тұрғыдан танып-білуге болмайды(айталық,
өз бақытын осылай іздеген адам бақыт пен адамгершілік ұғымдарын түсінудің
арқасында осы ізденіс үстінде өзін ізгіліктімін деп есептейтін болады,
немесе ізгілікті ұстанған адам осынысын ipso facto білудің өзінен-ақ өзін
бақытты деп есептейді); ол қосылу – ұғымдардың синтезі. Атап
көрсетілгеніндей, осы қосылу аналитикалық бола алмайтындықтан, оны
синтетикалық деп, әрі себептің әрекетке сай келуі деп тұжырымдау,
практикалық игілікке, яғни, істелген істердің арқасында мүмкін болатын
нәрсемен байланысты болады. Демек, не бақыт тілеу ізгілік максимасына
түрткі болатын себеп болуы керек, не ізгілік максимасы бақыттың әрекет
үстіндегі себебі болуы керек. Бірінші жағдай сөзсіз мүмкін емес, өйткені
(аналитикада дәлелденгеніндей) өзіне бақыт тілеуді еріктің анықтаушы негізі
деп есептейтін максималар тіпті де моральдық максималар емес және
ізгіліктің негізі бола алмайды. Бірақ сонымен қатар екінші жағдай да мүмкін
емес, өйткені еріктіңұйғаруының нәтижесі ретінде себептер мен әрекеттердің
дүниеде практикалық үйлесуінің кез келгені еріктің моральдық қалауына емес,
табиғат заңдарын білу және осы заңдарды өз мақсаттарына жету үшін іс
жүзінде пайдалану қабілетіне сәйкес іске асады; демек, бақыт пен ізгіліктің
қажетті әрі жеткілікті түрде үйлесуін күтуге болмайды. Өз ұғымында осы
үйлесуді қамтитын жоғары игілікке ықпал ету біздің еркіміздің a priori
қажетті объектісі болып табылатындықтан және моральдық заңмен ажырамас
байланыста болатындықтан, ықпал етудің мүмкін еместігі осы заңның қателігін
де дәлелдеуі тиіс. Демек, егер жоғары игілік практикалық ережелер бойынша
мүмкін емес болса, онда осы игілікке ықпал етуді талап ететін моральдық заң
да ойдан шығарылған, бос қиялдан туған мақсаттарға бағытталған жалған нәрсе
болады.
Таза спекулятивті зерденің антиномиясын сын арқылы жою. Таза
спекулятивті зерденің антиномиясында осындай қайшылық дүниедегі әрқилы
оқиғалардың себептілгіндегі табиғи қажеттілік пен еркіндіктің арасында
болады. Ол жерде, ол қайшылық, егер оқиғалар мен осы оқиғалар болып жатқан
дүниенің өзі де тек құбылыстар ретінде қарастырылса (ол осылай болуға тиіс
те), онда шынында ешқандай қайшылықтың болмайтындығын дәлелдеу арқылы
жойылды. Өйткені сол бір әрекет етуші тіршілік иесінің өзінің құбылыс
ретінде (тіпті өзіне тән ішкі сезімінің алдында да) сезім арқылы
қабылданатын дүниеде себептілігі болады, ол сбептілік ылғида да табиғат
механизміне сәйкес келеді, бірақ дәл сол бір оқиғаның өзіне қатысты,
сонымен қатар осы әрекет етуші адам ноумен ретінде де (өзінің уақыт бойынша
анықталмаған тіршілігінде таза ақыл арқылы жету ретінде)
қарастырылатындықтан, ол адамда табиғат заңдарына сәйкес себептілікті
анықтайтын негіз болуы мүмкін, ол негіздің өзі табиғат заңының ешқайсысына
тәуелді емес.
Біздің көз алдымыздағы таза практикалық зерденің антиномиясында да
жағдай осындай. Екі пікірдің біріншісі, атап айтқанда, бақытқа ұмтылу ізгі
ойлау жүйесінің негізін құрайды деу сөзсіз жалған, ал екіншісінің, яғни,
ізгі ойлау жүйесі бақыт тудырады деудің жалғандығы сөзсіз емес, ол пікір
тек осындай ойлау жүйесі сезім арқылы қабылданатын дүниедегі себептілік
түрі деп қарастырылғанды ғана, демек, мен бұл дүниеде тіршілік етуді саналы
тіршілік иесінің тіршілік етуінің бірден-бір жолы деп мойындаған жағдайда
ғана жалған; демек, ол тек нақты жағдайда ғана жалған. Бірақ мен өзімнің
ақыл арқылы қамтылатын дүниедегі ноумен ретіндегі де тіршілігімді ұғыну
құқылы ғана емес, сонымен қатар тіпті моральдық өаңда өзіме тән
себептілікті (сезіммен қабылданатын әлемде) анықтауға таз интеллектуалдық
негізім болғандықтан, сенімдердің адамгершілігінің себеп ретінде сезіммен
қабылданатын дүниедегі әрекет болып табылатын бақтпен тікелей болмаса да,
жанам түрдегі (табиғаттың ақылмен ұғынылатын жаратушысының көмегімен), әрі
қажетті байланысы болуы әбден мүмкін; сезімдердің объектісі ғана болып
табылатын мұндай табиғаттағы бұл байланыс әрқашан тек кездейсоқ орын алады
және жоғары игілік үшін жеткілікті бола алмайды.
Демек, практикалық зерденің бар сияқты болып көрінетін өзіне-өзінің
қайшылығына қарамастан, жоғары игілік моральдық тұрғыдан анықталған еріктің
қажетті түрдегі жоғарғы мақсаты, практикалық зерденің шын объектісі болып
табылады; шынында, жоғары игілік практикалық тұрғыда мүмкін, және өзінің
материясының арқасында осыған жататын ерік максималарына объективті шындық
тән, басында ол шындықты жалпы заңға сәйкес адамгершілік пен бақыттың
қосылуынан осы антиномия арқылы табуды ойлаған (getroffen worde), бірақ бұл
түсінбеушіліктен болды, себебі ққұбылыстардың арасындағы қатынас өзіндік
заттардың осы құбылыстарға қатынасы деп есептелді.
Егер біз жоғары игіліктің болу мүмкіндігін, барлық саналы тіршілік
иелері үшін олардың барлық моральдық тілектерінің зерде қойған осы бір
мақсатын іздеуге, соншалықты алыстан, яғни, ақылмен ұғынылатын дүниемен
қосылудан іздеуге мәжбүр болсақ, онда ежелгі дәуірдегі де, сондай-ақ жаңа
замандағы да философтардың осы өмірде-ақ (сезіммен қабылданатын дүниеде)
бақытты ізгілікпен толық лайықты сәйкестікте болады деп есептегені не осы
сәйкестікті мойындайтындықтарына өздерін-өздері сендіруі таңқаларлық жәйт
болуы тиіс. Эпикур да, сондай-ақ стоиктер де өмірдегі ізгілікті түсінгеннен
пайда болатын бақытты бәрінен жоғары қойған; Эпикур өзінің практикалық
нұсқауларында әрекетету үшін емес, түсінік беру үшін қолданған теориясының
принциптерінен қорытуға болатындай, немесе қанағаттанушылық терминін ләззат
терминімен шатастырып алып қателескен көптеген адамдардың түсіндіргеніндей,
соншалықты ұждансыз ниетте болмаған; ол терең қуаныштың ләззат әкелетін
түрлеріне, ең қатал философ – моралист талап ететіндей, жақсылықты риясыз
жасауды, ұстамдылықты және құмарлықты жүгендеуді жатқызады; осының бәрі
оның рахат (бұл мағынада ол әрқашанда жүрек қуанышын түсінген) жоспарына
кірген; оның негізінде стоиктермен келіспеген жері түрткі болатын барлық
себепті рахаттан көргені болды; стоиктер бұны мақұлдамаған, және дұрысы да
сол еді. Шын мәнінде, ізгі Эпикур; қазіргі кездегі көптеген моральдық
тұрғыдан игі ниетті, бірақ өз принциптерін жеткілікті ойластырмайтын
адамдар сияқты, бір жағынан, өзі енді ғана оларға ізгілікке түрткі болатын
себепті көрсеткісі келген адамдардың ойлау жүйесін ізгі болады деп есептеп
қателік жасайды (шынында да, адал адам өзінің адал екендігін алдын ала
білмесе, өзін бақытты сезіне алмайды, өйткені ізгілікті сенімдерді ұстана
отырып, осындай ойлау жүйесіне сүйене отырып, жазықты болып қалған жағдайда
мәжбүр болатын өзін-өзі кінәлау мен моральдық айыптау оны, ол үшін болуы
мүмкін барлық жағымды нәрселерден алатын рахаттану сезімінен айырар еді).
Бірақ осындай сенімдер мен адамның өмірінің құндылықтарын анықтайтын
осындай ойлау жүйесі, егер оларға дейін субъектіде ешқандай жалпы моральдық
құндылық сезімі болмаса, алғаш рет қалай болуы мүмкін деген сұрақ туады.
Егер адам ізгі болса, онда ол, әрине, өзінің тән иесі ретіндегі тіршілігі
қаншалықты сәтті болса да, өзінің әр бір істеген ісінде адал болғанын
сезінбесе, өмірден қуаныш ала алмайды; бірақ оны әлі ізгілікті ету үшін,
олай болса, ол өзінің өмірінің моральдық құндылығын анықтауға дейін, егер
ол мұның не екендігін білмесе, ол адамға адалдықты сезінуден келіп шығатын
жан тыныштығын мадақтауға бола ма?
Екінші жағынан, ылғида да бұл жерде ауыстырып алып қателесуге (vitium
subreptionis) және не сезнетіндерімен салыстырғанда, не істейтіндеріне
қатысты өзін-өзі түсінудегі оптикалық бұрмалау сияқты нәрсеге де негіз бар;
тіпті әбден тісқаққан адамның өзі де бұдан құтыла алмайды. Моральдық сенім
заңның ерікті тікелей анықтайтынын ұғынумен қажетті байланыста болады. Ал
тілеу қабілетін анықтауды ұғыну ылғида осы қабілет тудырған әрекеттен алған
қанағаттанудың негізін құрайды; бұл рахаттану, бұл қанағаттанушылық
әрекетті өзінен- өзі анықтайтын негіз емес,ол, тек қана зерденің ерікті
тікелей анықтауының нәтижесі, анықтау рахаттану сезімінің негізі болып
табылады және де тілеу қабілетін эстетикалық емес, таза практикалық
анықтау болып қала береді. Ал анықтау да, ойға алған іс істелгеннен болатын
рахаттану сезімі сияқты, әрекетке іштей талаптандыратындықтан, біз істеген
ісімізді өзіміз тек енжар ған сезінетін нәрседей оңай қабылдаймыз, және осы
кезде моральдық себептерді, ылғида сезімдер (бұл жерде ішкі сезім) алдаған
кезде болатындай, сезімдік талап деп қабылдаймыз. Істейтін істеріне
зерденің таза заңы тікелей себепші болатын адамның және де керек десе
еріктің осы интеллектуалдық бағытталуындағы субъекттивті нәрсе, эстетикалық
нәрсе және сезіммен қабылданатын ерекше сезімнің әсері болып табылады деп
болмас іспен айналысу (өйткені интеллектуалдық сезім үйлеспейтін нәрсе
болар еді), - осының бәрі адам табиғатындағы барып тұрған асқақтық қой.
Сонымен бірге біздің жеке басымызға тән осы қасиетке көңіл аудару және
зерденің осы сезімге әсерін жақсылап дамыту қажет. Бірақ сондай-ақ оның
негізі деп ерекше қуаныш сезімдерін көрсетіп, анықтаудың осы моральдық
негізін себеп ретінде өтірік мадақтаудан, қолдан жасалған жаман қағазға
бейнесін салған сияқты, шын, нағыз себептерді, заңның өзін кемсітуден және
бұрмалаудан сақтану керек. Демек, зерденің негізіне салынған ешқандай
ізашар сезім (өйткені мұндай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммануил Кант
Канттың өзі
Кант философияда таным
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы көрнекті ғалым Иммануил Кант
Канттың Таза пайымға сын еңбегі
Қысқаша иммануил кант өміріне шолу
Иммануил Кант (1724-1804) –классикалық неміс философиясының көшбастаушысы
Иммануил Кант туралы
Неміс философиясы
Кант философиясының сыни кезеңдегі қойған мәселелері
Пәндер