Голощекин тұлғасы, саяси портреті



КІРІСПЕ 3

Тақырыптың зерттелу дәрежесі: 4
ГОЛОЩЕКИН ТҰЛҒАСЫ, САЯСИ ПОРТРЕТІ 6
2.ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАРДЫҢ ЗАПЫРАНЫ 18

ҚОРЫТЫНДЫ 34
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Соңғы кезеңнің өзекті проблемаларының бірі- ұлттың сақталуы, халықтың саулығы. Бұл мәселенің көтерілуі кездейсоқ та емес. Адамзат тарихында тұтас бір халықтардың жойылып кеткен кездері де аз болмаған. Оның басты себептерінің бірі-зорлық-зомбылық. Ол ғылым тілінде геноцид деп аталады. Геноцид дегеніміздің өзі –адамзатқа қарсы жасалатын ең ауыр қылмыстардың бірі болып табылады. Ол - халықты нәсілдік, ұлттық, этникалық немесе діни белгілеріне байланысты жаппай қырғынға ұшырату арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар геноцид саясаты кезінде белгілі бір халықтың құрып кетуі үшін адам айтқысыз аса ауыр жағдайлар әдейі қолдан жасалады. Қазақстанның осы заманғы тарихы- халықтың басына түскен міне нақ осындай қасақана зұлматтың куәсі. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бүгінгі таңда зерттеу өзекті болып табылады. Жариялылық бола тұрса да, партократияның қаһары қайтпай тұрғанда Қазақстандағы қызыл қырғында ғайып болған адамдардың көп санын жариялауға мүмкіншілік берілмеді. Бұрынғы коммунистік идеологияның қателікті жуып-шайып, кемшілікті жасырып, азайтып көрсетуге тырысқан. Бұл мәселені толық жіліктеп, шындықтың шынайы бет-пердесін ашу алдағы күннің кезекті тауқыметі, өзекті мәселе болып табылады. Тарих жетістіктерімен ғана емес, ауыр да қатал сабақтарымен зердеде үнемі жатталынып, жаңғырып отыруға тиіс. Осы тұрғыдан алғанда тәуелсіз мемлекетіміздің халқы үшін сонау ауыр жылдардағы саяси-қуғын-сүргінді дұрыс зерделеудің маңызы ерекше. Тоталитарлық режимнің толық көрініс том-том болып жатқан архивтердегі қылмыстық істерді қайта қарап, келер ұрпаққа толық шындықты жеткізу–баршамызға парыз. Бұл мәселенің өзектілігін айғақтайды. 30-жылдар қасіретінен бері талай жылдар өтсе де, сол кезеңде жүргізілген саясаттың салдарлары бүгінгі ұрпақ алдындағы мемлекеттік деңгейде шешімін табуға тиісті өзекті мәселеге айналып отыр.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
СОДЕРЖАНИЕ

КІРІСПЕ 3
Тақырыптың зерттелу дәрежесі: 4
ГОЛОЩЕКИН ТҰЛҒАСЫ, САЯСИ ПОРТРЕТІ 6
2.ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАРДЫҢ ЗАПЫРАНЫ 18
ҚОРЫТЫНДЫ 34

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Соңғы кезеңнің өзекті проблемаларының бірі- ұлттың
сақталуы, халықтың саулығы. Бұл мәселенің көтерілуі кездейсоқ та емес.
Адамзат тарихында тұтас бір халықтардың жойылып кеткен кездері де аз
болмаған. Оның басты себептерінің бірі-зорлық-зомбылық. Ол ғылым тілінде
геноцид деп аталады. Геноцид дегеніміздің өзі –адамзатқа қарсы жасалатын
ең ауыр қылмыстардың бірі болып табылады. Ол - халықты нәсілдік, ұлттық,
этникалық немесе діни белгілеріне байланысты жаппай қырғынға ұшырату арқылы
жүзеге асырылады. Сонымен қатар геноцид саясаты кезінде белгілі бір
халықтың құрып кетуі үшін адам айтқысыз аса ауыр жағдайлар әдейі қолдан
жасалады. Қазақстанның осы заманғы тарихы- халықтың басына түскен міне нақ
осындай қасақана зұлматтың куәсі. Сондықтан бұл мәселені зерттеу бүгінгі
таңда зерттеу өзекті болып табылады. Жариялылық бола тұрса да,
партократияның қаһары қайтпай тұрғанда Қазақстандағы қызыл қырғында ғайып
болған адамдардың көп санын жариялауға мүмкіншілік берілмеді. Бұрынғы
коммунистік идеологияның қателікті жуып-шайып, кемшілікті жасырып, азайтып
көрсетуге тырысқан. Бұл мәселені толық жіліктеп, шындықтың шынайы бет-
пердесін ашу алдағы күннің кезекті тауқыметі, өзекті мәселе болып табылады.
Тарих жетістіктерімен ғана емес, ауыр да қатал сабақтарымен зердеде үнемі
жатталынып, жаңғырып отыруға тиіс. Осы тұрғыдан алғанда тәуелсіз
мемлекетіміздің халқы үшін сонау ауыр жылдардағы саяси-қуғын-сүргінді
дұрыс зерделеудің маңызы ерекше. Тоталитарлық режимнің толық көрініс том-
том болып жатқан архивтердегі қылмыстық істерді қайта қарап, келер
ұрпаққа толық шындықты жеткізу–баршамызға парыз. Бұл мәселенің
өзектілігін айғақтайды. 30-жылдар қасіретінен бері талай жылдар өтсе де,
сол кезеңде жүргізілген саясаттың салдарлары бүгінгі ұрпақ алдындағы
мемлекеттік деңгейде шешімін табуға тиісті өзекті мәселеге айналып отыр.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі:

Қоғамдағы құбылыстар мен қатынастарды зертеп, жұртшылыққа жария етіп
отыруға тиіс қоғамдық ғылымның, соның ішінде ең алдымен, тарих ғылымының
сол бір қуғын-сүргін зобалаң тұсындағы, одан беріде әкімшіл-әміршілдік,
жағымпаз, жәдігөйлік, белең алған кезден бастан кешкенін түсіну керек. Сол
кездердің тарих шындығын айтқан, жазған ғылымдар жоқ емес. Бұл тұрғыда,
С.Аспандияровтың, П.Галузоның, Ә.Марғұланның есімдерін атауға болады. Бұл
мәселені белгілі демограф-ғалымдарымыздың бірі Тәтімов Манаш зерттеді.
Халықтардың өсімі мен орналасуын реттеу, отбасы мен некені тұрақтандыру
және жастардың тұрмыстық жағдайлары мәселелеріне арнаған. Өзінің
Дербестігіміз-демографияда, Қазақ әлемі деген еңбегінде қазақ халқының
кешегі өткен, бүгінгі бар және ертеңгі болатын аса күрделі демографиялық
ахуалы туралы саяси, әлеуметтік және ғылыми талдаулар мен пайымдаулар
берілген. Демографияның қазақ ауылындағы күрделі тұрмыстық-әлеуметтік және
табиғи-экологиялық мәселелеріне тікелей арналған. Ондағы арнаулы тараулар
бұрын-соңды басылымда болмаған тың туындылар. Голощекиндік геноцид
мәселесіне тарих ғылымдарының докторы, профессор Тілеу Көлбаев аса маңызды
көңіл бөлген. Оның Голощекиндік геноцид, Қызыл қырғын қасіреті атты
мақалаларында геноцид мәселесіне ден қойылып, Голощекинге саяси портрет
жасалынып, оның жүргізген саясатына тарихи тұрғыдан баға берілген.
Голощекиндік саясат, ашаршылық барысында қаза тапқан адамдардың санына
байланысты мәліметтер берілген. Қазақстан Республикасының академигі Манаш
Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты деген еңбегінде 30 жылдардағы Голощекин
жүргізген Кіші Қазан тығырының қазақ халқына қаншалықты қасірет
әкелгенін сөз етеді. Еңбекте Голощекиннің саяси портреті берілген. Қозыбаев
Манаш История и современность деген еңбегінде Голощекин кезіндегі
қоғамдық-саяси өмірге сипаттама берген, Голощекиннің жеке тұлға ретінде
қарастырылып, тарихтағы тұлғаның рөліне аса маңызды көңіл бөлген, оның
қызметіне тарих және қазіргі кездегі көзқарас тұрғысынан баға берілген.
Т.Омарбеков 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті деген еңбегінде Кеңес
өкіметінің әміршіл-әкімшіл саясатына қарсы көтерілістерге тоқталып,
баяндап, тарих шындығын көрсете білді. 20-30 жылдардағы Қазақстан
қасіретіне, Голощекиннің қандықол, озбырлық саясатына талдау жасалынып,
сынға шалынды. Мұнда 1930-33 жылдар аралығындағы қазақтардың саны
қаншалықты кеміп кеткені нақты тарихи құжаттар арқылы дәлелденді.
В.Михайловтың Хроника великого джута деген еңбегінде Голощекиннің кезінде
болған ашаршылық-жұт мәселесіне жан-жақты талдау жүргізілді. Жұт барысында
қаза тапқан адамдардың саны, жылдары зерделеніп, бір жүйеге келтірілген.
Еңбек құжаттармен бекітілген. Бұл мәселені Н.В.Алексеенконың Население
Казахстана 1920-1990 годы, Народы Восточного Казахстана деген
еңбектерінде 20-30 жылдардағы Қазақстан халық саны, халықтың жас-жыныстық
құрамы, миграциялар, ұлттық құрамы, халықтың білімдік деңгейіне зейін
қойылып, жүйеленіп, зерделеніп жазылған.
Тақырыптың жаңашылдығы: Голощекиннің Қазақстанда жүргізген саясатын,
сонымен бірге Шығыс Қазақстанға тигізген ықпалына сиапттама беру.
Курстық жұмыстың мақсаты: 1. Голощекиндік геноцид мәселесін жан-жақты
талдап, зерделеп, ой елегінен өткізу.
2. Голощекин жүргізген саясатына, оның салдарына тарихи тұрғыдан баға
беру.
Курстық жұмыстың міндеті: 1. Голощекин тұлғасына саяси портрет жасау.
2. Кіші Қазан қырғынына сипаттама беру. 3. 20 ғасырдың 20-30 жылдардағы
индустриалдық даму жолдарын, қайшылықтарын мен қиындықтарын көрсету. 4.
Голощекин саясатының салдарын, нәтижесін көрсету. Курстық жұмыстың
құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, жұмыс
барысында пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

ГОЛОЩЕКИН ТҰЛҒАСЫ, САЯСИ ПОРТРЕТІ

Жиырмасыншы жылдардың екінші жартысынан бастап қазақ аспанын бір қара
бұлт торлай бастады. Ол бірте-бірте қоюлана, бірте-бірте түйіле келе
отызыншы жылдардың басында ызғарлы қара дауылға ұласты. Алапат күш атаны
баладан, ананы қызынан айырды. Ұл-Ұрымға, қыз –Қырымға адасқан,
қарындастардың бір-бірінен көз жазған заманы туды. Айдың, күннің
аманында шаңырақтар шарт сынып, керегелер қирап, түңліктер қақ айрылып
жел қуған қаңбаққа айналып кете барды.
Даланы, қазақ сахарасын үрей биледі. Ұлы үрей! Содан да болар Алаштың
азаматтары басының ауған жағына қарай босты. Сіңіріне ілінген
сорлылардың көбі-ақ ажалдың ащы шеңгеліне ілікті.Бетегелі белдерде
бабалар мен балалардың мәйіті көмусіз қалды. Тобылғалы сайларда аналар
мен арулардың сүйектері шашылды. Бетпақтың шөлі мен Қызылқұмның
бұйраттарында талай боздақтардың қаңқасы кепті. Кәдуілгі тарихта айтыла
беретін ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламаның тап өзі. Демек,
қазақтардың тарихта бұрын-соңды өз басына түсіп көрмеген ұлы қырғынға
ұшырағаны ғой. Сонда тұтас бір халықтың тоз-тозын шығарып, ұлы сүргінге
душар еткен кім ? Ол ел жадында аса бір сүйкімсіз Қужақ деген лақап атпен
жатталып қалған, жұрт аузында әлі сан ғасырлар бойы Қужақ аталып кете
баратын кәдімгі Филипп Исаевич Голощекин еді [9,11-17б]. Филипп Исаевич
Голощекин (Шая Искович) 1876 жылы 26 ақпанда Псков губерниясының Невель
деген шағын қаладағы ұсақ буржуазиялық еврей отбасында дүниеге келді.
Жалпы білім деңгейі бойынша 6 сыныптық гимназия курсы бар. 1901 жылдан
1903 жылға дейін тіс-дәрігерлік мектепте оқып, бітірді. 1896-1900 жылдар
аралығында қағаз сататын дүкенде приказчик қызметін атқарды. Жастайынан
өте көп кітап оқыды, бірақ жүйесіз және шашыраңқы. Әсіресе философия,
кейін қоғамдық ғылымдарына қызығушылығы артты. 1900 жылдан бастап тыйым
салған әдебиеттерді оқи бастады. Голощекин 1903 жылы Ригада РСДРП
қатарына кірді. Оның бұдан кейінгі Қазан төңкерісіне дейінгі өмірі қуғын-
сүргінмен өтеді. Небәрі алты жылдың ішінде 1905 жылдан 1912 жылға дейін
7 рет түрмеде отырып шығады. Голощекин тұтқындалып, Тобыл губерниясына
жіберіледі. Кейін жер аударудан қашып, Екатеринбургке келеді. Бір жылдан
кейін тұтқындалып, Турухан өлкесіне жіберіледі. Бұл кезең Голощекин үшін
өте ауыр кезең болып табылады. Турухан өлкесінде басқа жер
аударылғандармен бірге Голощекин жазасын өтеді, соның ішінде И.Сталин,
Я.Свердлов болды. Нәтижесінде Ресейге большевиктер келгеннен кейін,
Голощекин Пермь губерниялық комитетін басқарды. Ақпан төңкерісінен кейін
РСДРП-ның VI,VII конференцияның делегаты, Петроградтық Әскери
–революциялық комитеттің мүшесі, 1917 жылдың желтоқсанынан бастап
Екатеринбургтік РСДРП комитетінің мүшесі болды. Бұл кезеңде ол
большевиктік шеңберде танымал болды, 1912 жылы Праж партиялық
конференциясына Мәскеу партиялық организация атынан делегат қылып
жібереді, бұл конференцияда Лениннің баяндамасын сынға алады. 1918 жылдың
ақпанынан бастап Уральск әскери комиссары болды. 1919 жылдың сәуірден
маусымға дейін Түркістанның, Шығыс фронттың Революциялық әскери кеңестің
мүшесі болды. Голощекин мінезінде қаталдық, жек көрініштік деген
қасиеттер пайда болды. Сол жылдың шілде айында Екатеринбург ақ казактар
мен ақ чехтер қоршауында қалады. Урал облысытқ кеңесінің құрамындағы
солшыл есерлер, анархисттер, әсіресе қызыл революционерлер Романовтарды
құртуды талап етті. Олардың қатарында Голощекин де болды. Осы кезде
Урал облыстық Советінің шешімі бойынша 17 шілдеде Инатьев үйінде
қамалған ІІ Николай патша ұсталды. Голощекин 1929 жылдың сәуір-маусым
айларында Түркістан әскери-революциялық советінің мүшесі, ал тамыздан
бастап Челябі губерниялық ревкомының төрағасы, 1920-22 жылдары
Башқұрстанда, Костромада түрлі шаруашылық қызметін атқарды. 1923 жылдың
қыркүйегінен қазанға келгенге дейін Самара губерниялық атқару комитетінің
төрағасы болып жұмыс істейді. [11,231 б]
1. Кіші Қазан бағыты
1925 жылы 12 қыркүйекте Филипп Исаевия Голощекин Қазақстан астанасы
Қызылордаға келді. 19 ақпанда РКП(б) Орталық Комитетінің Қазақ облыстық
комитеті деп атау жөніндегі қаулысы шықты. Осы айда астана Қызылордаға
көшті. 15-19 сәуірде болып өткен Қазақ АССР-нің және республиканың атын
тарихи тұрғыдан дұрыс қалпына келтірді. Голощекин Қазақстан өлкелік
партия комитетінің 1925-1933 жылдары аралығындағы бірінші хатшы қызметін
атқарды. Қазақстанға келе сала Голощекин бірден өзіне тән шапшаңдықпен
іске шұғыл кірісті.Ол ең алдымен 1917 жыл қазан- 1925 жыл қыркүйек
аралығында Қазақ сахарасында Совет үкіметі болмады, коммунистік партия
ұйымы жоқ деген шешімге келді. Голощекиннің командалық-әкімшілік жұмыс
әдісі етек алып, өрістей бастаған кезде республикалық совет активі оған
қарсылық көрсете бастады. Дүмбілез Голощекин Өлкелік партия комитетінің
VI конференциясында 7 сағаттық баяндама жасады. Ауылда шынайы Кеңес
үкіметі жоқ, тек байдың үстемдігі мен ру билігі бар деп ағынан жарылды.
Сөйтіп, осы оқтай атылған бірақ сөзбен екі қоянды соғып алмақшы болды.
Біріншіден, ол автономиялы республика партия ұйымының бұған дейінгі
жұмысының бәрін мансұқ етті. Екіншіден,қазақ сахарасында Кіші Қазан
идеясын жүзеге асыруға негіз қалады. Қазақ Орталық Атқару Комитетнің
төрағасы Е.Ерназаров, Өлкелік партия комитетінің екінші хатшысы
І.Құрамысов, Халық Комиссарлар Советінің төрағасы О.Исаев Голощекиннің
саясатын толық жақтап шықты. Оның белең алып бара жатқан көсемшілік
талаптарына дем беріп, кемшіліктерді көне көрнеу бүркемеледі. Әпкеме
жездем сай болған соң партия қатарын большевиктендіру, ұлтшылдарға
соққы беру, дінге сенушілермен күрес қыза түсті. Міне, осы тұста
Голощекиннің әкімшілік-әкімгер басшылық әдісіне қарсы шыққандарға неше
түрлі жала жабылды. Т.Рысқұлов, Н.Төреқұлов, С.Сейфуллин, О.Жандосов,
Н.Нұрмақов, С.Садуақасов, С.Қожанов, С.Меңдешов, А.Әйтиев сияқты партия,
совет қайраткерлерінің атына ғайбат сөздер айтылып, А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов және басқалардың соңына шам алып
түсушілер көбейді.
1928-30 жылдарда Қазақстанда, әсірсе солтүстіктегі аудандарда егін шықпай
қалды, астық тапшылығы көбейді. Ал осы жылдардың қысы да қоғамдық малды
қынадай қырып салды. Астық жинау, ет дайындау жөніндегі жоспарлар өсе
түспесе, азайған жоқ. Мұның бәрі шаруаның тұрмысын күйзелте берді.
Дегенмен, халыққа, әсіресе қазақ халқына ауыл шаруашылығын жаппай
ұжымдастыру, көшпелі халықты бірден отырықшыландыру жөніндегі соқыр
саясат тым ауыр тиді. Ф.Голощекин, О.Исаев, І.Құрамысов, Г.Голюзов,
Е.Ерназаровтың қазақ сахарасында Кіші Қазанды жүзеге асыру ниетімен
әуелі әуелі 700-ге жуық байдың бар малын тартып алды. [8, 14 б].
Қазан төңкерісінің 10 жылдық мерейтойына Голощекин 2 жұмыстың авторы
ретінде шығады: Қазандық байқаудағы Қазақстан, Кеңес үкіметіне 10
жыл. Голощекин жұмыстың беттерінде ауылда азаматтық соғыс идеясына
шақырады. Бұл шаралардың пайдасына аргумент ретінде Ауыл Қазан демін
сезінген жоқ, қазақ ауылында кеңес үкіметі жоқ деген сөздері болды.
Ф.Голощекин авторитарды типті басшы ретінде өзінің пікіріне қайшы
келетін пікірлерді қабылдаған жоқ. Сондықтан көптеген қоғамдық
қайраткерлер, танымал коммунисттер 1 хатшы курсымен келіспегендер зиян
идеялық ағымға жатқызылды. Голощекин тағайындалған кездерінде
Қазақстандағы республикалық партиялық организацияларда белгілі большевик-
националдар болды, оларда өздерінің саяси, экономикалық мәселерге
көзқарастары, пікірлері болды. Голощекин олардың тұлғаларында жұмыс
бойынша әріптес емес, өзінің шексіз диктатурасына қауіпті жау ретінде
көрді. Голощекиннің жергілікті партиялық белсенділеріне тұлғалық қарым-
қатынастары Сталиндік көзқарасымен сәйкес келді. Қазақстан алғашқы хатшы
Сталин-Голощекиндік курспен жүргісі келмеген саяси қайраткерлермен күрес
жүргізе бастады. Бұл күресте толығымен Орталық қолдауына арқа сүйеді.
Голощекин жүргізілетін саясатқа кедергі болатын оппоненттерді
мүмкіндіктерін түбірімен жоюға талпынды. Міне осы тұста әккі әкімшіл,
өктем Ф.Голощекин оппозиция қанатын бірден қырқу үшін, жаңа саяси бағытты
дәлелдеп, Сталинге хат жолдады. Голощекин Сталиннен бағытты жүзеге
асыруға қаражат сұрады[11,235 б]. Голощекин Сталин кезіндегі орнатылған
режимнің қаһарлы орындаушысына айналды. Сталиндік социализмнің теория
және тәжірибе жүргізу барысында өзінің өнерінің шыңына жетті, сталиндік
ленинизмнің қаһарлы пайымдаушысына айналды. Саясатта Сталиннің шәкірті
Голощекин қатыгездік жағынан ұстазынан асып түсер басбұзардың өзі еді.
Бұған Екатеринбургта оның Романовтың бүкіл отбасын, оған патша отбасының
күтушілерін, аспазын, дәрігерін қоса-барлығы 11 адамды атып тастау
жөніндегі бұйрыққа қол қойғаны куә. Тіпті қылмысының ізін жасыру үшін
терең шахтаға тасталған патша мәйітін, оның әйелі мен ұл-қыздарының
денесін шыңыраудан қайта алдырып, өліктердің үстіне жермай, күкірт
қышқылын құйдырып, өртеткен де осы Голощекин ғой. Сондықтан да болар,
Филипп Исаевичтің замандасы, белгілі революционер И.Непеин өз
естеліктерінің бірінде былай деп жазыпты: Қатыгездік Голощекиннің
табиғатына тән еді, сталиндік ГПУ-дің қапасына қамалғанға дейін ол талай
тағдырдың түбіне жетті. Солай бола тұрса да Голощекин төсін қаға,
ұжымдастырудың жемісін, жеңісін жырлаумен болды. Кіші Қазан ауылға
мәдениет, білім әкеледі, партия, кеңес органдарын орнықтырады, кешегі
көшпелі ел қасық пен шанышқыны пайдаланатын болады деп даурыққан
Ф.Голощекин халықтардың ұлы көсемінің атына арнайы хат та жазады. Өзіне
бар билік пен ерік берілгеннен кейін Голощекин ұжымдастыру саясатын
халықты қорқытып, үркітумен жүргізе бастады. Берсе қолынан, бермесе
жолынан деп халық малы тартылынып алынды. Қалың ел көшіп келе жатқан
жолындағы қонған жеріне күштеп қоныстандырылды. [9,13 б].
Голощекин патша отаршылдығын кеңестік тәсіл арқылы пәрменді түрде
жүргізген Қазақстандағы кіші Сталин еді . Патшалы Ресейдің екі ғасыр бойы
іске асыра алмаған арманын коммунистік жүйе он-ақ жыл ішінде жүзеге
асырды. [12,4 б]

2. 20 ғасырдың 20-30жылдардағы Қазақстандағы индустриалдық даму
жолдары, күштеп ұжымдастыру науқаны
20-30 жылдары экономикалық даму жолындағы өнеркәсіп өндірісін қалпына
келтіру, құлдырауды бастан кешіру мәселелері басты мәселе болды.
Қазақстан өнеркәсібі 3 категорияға бөлінді: шеткі, орталықтық,
жергілікті. 80 мекеме болды, оның ішінде 11-орталықтық, 18-шеткі, 50
жергіліктік маңызы болды. Жергілікті өнеркәсіпке келетін болсақ,
мекемелердің 50 % жұмыс істеген жоқ. Өнеркәсіптік мекемелер тас-көмір,
мыс-қалайы, тұздық, текстильді, тері-жүндік, силикаттық, химиялық, ағаш
өңдеуші, полиграфиялық болып бөлінді. 1925 жылы халықтың 92 %-і ауыл
шаруашылығымен айналысты. Голощекин капиталды жинақтауды тауардың
экспортында көрді. Голощекин ірі, ұсақ өнеркәсіпке көңіл бөлді. [5,26 б].
Қазақ шаруаларына күштеп ұжымдастырудың зардаптары адам айтқысыз ауыр
болды. Зорлап ұжымдастыру мен отырықшыландыру барысында орын алған
аштық пен асыра сілтеулердің кесірінен қазақтардың тең жарымына жуығының
аштан қырылып, үлкен бөлігінің Отанын тастап үдере көшіп кетіп, бас
сауғалауға мәжбүр болды. Бұл нағыз қызыл табан шұбырынды еді. Бұл
жағдай қазақтың жат жерде диаспораға айналып өмір сүруіне алып келді.
[6,131 б]
20-30 жылдардың түйісу аралығында біздің еліміздің экономика саласында
және қоғамдық саяси өмірінде жаппай салтанат құрған қысым көрсету
саясаты ұзақ уақыт бойы ешкімнің көзін аштырмады. Бұл саясаттың,
әсіресе, ауыл шаруашылығы саласындағы зардаптары айрықша ауыр болды.
Ауыл шаруашылығындағы саясаттың экономикаға үш қайнаса сорпасы
қосылмайтын өктемшіл әдістері шаруаларды кооперативтендірудің лениндік
идеясының өңін айналдырып, оны социализмнің рухына жат тәсілдермен
алмастырып, мейлінше қатаң казармалық әкімшіл-бұйрықшыл террор орнатты.
Түбірлі бетбұрыс ауыл шаруашылығы құрылымының сілікпесін шығарып,
қоғамының алдағы проблемаларын түкпірден қозғады. Қалыптасқан жағдайда
шаруаларды ұжымдастыру процесінің негізгі қозғаушы кұші –бұқараның
шынайы немесе төмендегілер түйсінген экономикалық қажеттілік емес,
жоғарыдан түсірілген, заңға қайшы келетін әдіспен жетілдірілген
әміршілдіктің біртұтас жүйесі болып табылды. Ауыл шаруашылығын
коллективтендірудің немесе ұжымдастырудың аймақаралық мерзімінен бұрын
жүргізу қарқынын белгілеу, оның нақты айғақтарының бірі. Нәтижесінде,
бүкіл еліміз науқанды өткізудің екпінді және қатардағы аудандарына
бөлінді. Сталиндік басшылықтың жоспары бойынша Қазақстан коллективтендіру
науқаны 1932 жылдың көктеміне қарай аяқталуы тиіс жәй қатардың қатарына
енгізілген-ді. Ал, республика қотыр белсенді бюрократтары осы
мерзімді қысқартып, ертерек рапорт беруге ұмтылды. Ұжымдастыру кезекті
науқан ретінде қарастырылды, сондықтан шаруаны тезірек тәркілеп рапорт
беруге тырысты . Жергілікті аппараттың іскерлік қабілеті мен саяси-
партиялық жұмысының басты өлшемі де- коллективтендірілген
шаруашылықтардың проценттік санына келіп тірелді. Салғырттық танытқандар
оңшыл оппортунистер, ұлтшылдықпен уланғандар немесе зиян
келтірушілер сияқты жалған атқа ие болып, жаппай қуғын-сүргінге ұшырады.
Науқанды өткізу қарқыны күннен–күнге артты. Егер 1922 жылы Қазақстанда
барлық шаруашылықтардың 2 проценті коллективтендірілсе, 1930 жылдың 1
сәуірінде 50,4 % ; ал 1931 жылдың қазанға қарай -65 процентке жуығы жаңа
формаға көшірілген. 1931 жылдың күзіне қарай республикада 122 ауданның 78-
інде шаруашылықтардың 70-100 проценті коллективтендірілді. Еріктілік
принципі пен заңдылықтың әу бастан бұзылуы жаппай сипат алды. Шаруалар
еркімен колхозға енуге ниет білдірмеген жағдайда, оларды зорлықпен
енгізу әдісі кең тарады. Сайлау правосында айыру, жер аудару, тәрбиелеу
мақсатымен қамау сияқты әдіс-тәсілдер шектен тыс пайдаланылды. Тап
күресі орталықтан қолмен күшейтіле түссе, ал ол қазақ даласында кәдімгі
тайпа күресіне айналып отырған. Шолақ белсенділер әрі-сәрі күйде дал
болған, толқыған орташа шаруаларды бай-кулактың итаршысы қатарына
қосты. Шолақ белсенділер өздеріне ұнамағандарды немесе қарсы
келгендерге осындай атқа беріп, итжеккенге айдап жіберді. Науқанның
төтенше сипаты, әсіресе, дөкей дүрбелең-кәмпеске, яғни тәркілеу
барысында айрықша жылдам жүргізілді. Кәмпеске науқанында орташа
шаруалардың едәуір бөлігінің мал-мүлкі тәркілеуге қамтылды.Осылайша шаш
ал десе-бас алуға кеңінен жол берілді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау
шаруаларға төнген қатер бұлтын алдын ала ескерткендей болды. Бұл
науқанның кезінде қысым көрсетудің алғашқы нышандары да көп кешікпей
қылаң берді. Бұл атақты голощекиндік геноцидтің басталуы ғана еді...
Осы науқанға жаңа құрылған колхоздар да қатты наразылық білдірді. Көптеген
коммунист басшылар ол кезде өндірістің ауыл шаруашылық артелі формасын
кеңінен енгізу ауыл шаруашылығындағы қосымша өнімді өнеркәсіп қорына
аударудың қолайлы формасы болып табылғанын түсінген жоқ-ты. 1932 жылы 7
тамызда қабылданған Мемлекеттік кәсіпорындар, колхоздар мен кооперацияның
мүлкін сақтау және қоғамдық меншікті нығайту туралы заң бойынша мұндай
қылмыс үшін ату жазасы, ерекше жағдайда ғана дүние-мүлкін кәмпескеленіп,
10жылға бас бостандығынан айыру белгіленген. Конституцияға қайшы осы бір
заң бойынша алғашқы жылы ғана Қазақстанда 33345 адам айыпқа кесілді,
олардың 7728-і колхозшы және 5315-і жеке меншік шаруашылығы бар адамдар.
1931 жылдың екінші жартысында заң әлі қабылданбаған кезде, осындай істерге
байланысты 79 адам ату жазасына кесілді. Кейінірек, кең етек алған жазалау
науқанымен бұл сан көлдің тамшысындай ғана. Жоғарғы соттың Қазақ
бөлімшесінің 1933 жылдың қорытыныдысы бойынша есепті баяндамасында былай
делінген: 1933 жылдың 5 мамыр-1 тамыз аралығында ату жазасына кесілгендер
санының 44,5 процентке кемуін толымды көрсеткіш деп бағалауға болмайды.
Одан кейін баяндамада атылған 163 адамның 18-і ғана тап жау екені атап
өтілді. Кәмпескелеу науқанының зардабы қолдан жасалған зұлмат болып
табылады. Жергілікті органдарға жіберілген нұсқауларда
кәмпескелеушілердің саны жалпы шаруашылықтардың 3-5 процентінен аспауы тиіс
деп көрсетілген. 1930 жылдың жазында Қазақстандағы колхоздардың бөлінбейтін
қорында кәмпескеленгендердің тартып алған дүние-мүлік 25,2 процентін
құрады, ал оның бір бөлігі ғана кедейлерге таратылатын. Орташалар мен
ауқатты шаруалар көбінесе арандатушы саяси азғындардың қоздыруымен
Социализм тұсында тап күресі өрши түседі ұранын негізге алған қалың
бұқараның қыспағына түсіп, бекерден бекер құрбандыққа шалынған еді. Ал, ол
кезде бас пайдасын көздеген әкімшіл арам ниетті шолақ белсенділер ұран
тастап: сауатсыз қара халықтың тобырын бастауға бейімделіп алған-ды.
Өкіішке орай, Қазақстандағы кәмпескенің толық таразыланған ғылыми
деректер жоқ. 1930 жылдың 15 наурызында, яғни, Қазақ АССР Орталық Атқару
Комитеті мен Халық Комиссарлары Советінің Жаппай коллективтендіру
аудандарындағы ауыл шаруашылығын социалистік қайта құруды нығайту және бай-
кулактармен күрес жөніндегі шаралар туралы қаулысы қабылданғаннан кейін,
небәрі бір айдан соң ғана республикада 3113 адам қамауға алынып, түгелімен
сотталды, ал 450 отбасы жер аударылды. 1930 жылдың орта шенінде түрліше
қызыл комиссарлардың ақ-қараны айыруы нәтижесінде 4073 адам түрмеден
босатылып, 1160 отбасы сотпен аударылған жерлерінен қайтарылған. 2664
адамның ісі тоқтатылған, 1618 адамға сайлау правосы қайтарылынып берілген;
1226 шаруашылықтың төлеген айыбы доғарылған, 9533 шаруашылыққа
кәмпескеленген меншіктері қайтарылған. Бірталай орташа шаруашылықтар 1932-
33 жылдары одан кейін де түп тамырымен жойылды. Сонымен, Қазақстанның ауыл-
селолары аса күшті әкімшілік зобалаң қысымға алды. Орташалар мен ауқатты
шаруалар тағдыр-талайдың тауқыметінен торығып, өздерінің шаруашылықтарын
жойып жіберді де, ауыл шаруашылығынан біржолата қол үзді. Қазақ аулын қан
қақсатып, зар жылатқан ұлы нәубетті де (діни ұғым) және ұлы зұлматты
(саяси ұғым) да сталинизм идеясы әзірлеген еді. Мәскеуден әдей жіберілген
қызыл миссионер Филипп Голощекиннің қолымен сор маңдай қазақ халқы
алғашқы болып казармалық социализмнің құрбандығына аяусыз шалынды. Бұл
тақсырет те коллективтендірудің науқанының толымды саяси жемістерінің
бірі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау және көшпелі шаруашылықтарды
отырықшыландыру барысында жол берілген қиғаштықтықтар мен
бұрмалаушылықтардың нәтижесінде оның зардабы орасан зор аумақты қамтыды.
Көп ұзамай өлкенің әмірші басшы органдарына шағым жаңбырдай жауды. Бірақ
оған аударған ешкім болмады. Жоғары партиялық органдарда шығарылған
үкімдердің әшкерелеу сипаты бұдан да қою реңкте болды. Кеңестік
Қазақстанның табысты социалистік тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі-
көшпелі шаруашылықтарды күшпен отырықшыландыру. Бұл процесс қазақ халқының
тағдырында айрықша рөл атқарды. Бірақ, бұл процесс те волюнтаризмнің бір
күнгі табысы үшін бәрін де мансұқ еткен жауапкершілік сезімінен ада,
бюрократтық ағаттықтарымен тежелді. Алдын ала шала жансар жасалған дайындық
шаралары науқанның жоспарланған қарқынын қамтамасыз ете алмады. Жоспар тек
отырықшыға айналған шаруашылықтың жалпы көлемін белгілеуден аспады. Осы бір
маңызды іске кіріспес бұрын көшпелі шаруашылықтың ықылым заманнан
қалыптасқан өзіндік ерекшеліктерін зерделеу керек еді, іс жүзінде
отырықшыландыру ұжымдастырумен қатар және асығыс жүргізілгендіктен ол
компартия тарапынан көшпенді қазақтардың өмір салтын түбегейлі бұзу
болғандықтан, бұл екі саяси науқан алдындағы байларды тәркілеумен бірге,
халқымызға жасалған зұлмат геноцид болып тиді. Халықтың арасында кең
тараған теріс түсініктерді жою үшін орасан зор үгіт-насихат жұмысын
жүргізуге тура келді. Колхоз меншікті қоғам пайдасына жаратудың неғұрлым
қарабайыр формасы екені мәлім. Ақылға симайтын шешімдер заңды жалғасын
тапты. Орасан зор дәрежеде жиналған мал қырыла бастады. 1928 жылы
республикада 6505 мың бас ірі қара болса, 1932 жылы -965 мың бас сауғаға
қалды. 1932 жылы 1386 мың қойдан бас қана қалды. 1928 жылы жылқының жалпы
саны 3516 бас болса, 1941 жылы 885 мың бас қана жайылымға шақырылды.
[тәтімов,200 б] 1928 жылдың күз айында басталған қазақтың ірі байларын
тәркілеу-қазақ қоғамының кейінгі өміріне балта шапты. 1928 жылдың 31
тамызындағы Голощекиннің 562 ірі жартылай бай феодалды тәркілеу жөніндегі
қаулысы кейінгі зобалаңға жол ашып берді. Ірі байлардың көзі құртылған соң
қазақ қоғамы жік-жікке айырылды, зиялылар бір-бірімен соғысты. Осы
тәркілеу 1932 жылғы ашаршылық пен жұтты әкелді, 1937-38-дегі қуғын-сүргінге
жол ашты. 1928 жыл-қазақ тарихындағы ақтаңдақ беттерінің бірі. Қазақтың
тектілерді құртудың алғашқы бастамасы -осы 1928 жыл. Ірі байларды тәркілеу
деген желеу, ана, мұның астарында қазақ қоғамын аздыру саясаты жатты.
Қазақтың тамыры-дәулетті ақсүйегі. Оған балта шапса, ел іргесі өзді-өзінен
сөгіле берді. Дәулеттіні құрту-оқығандарды бір-бірімен қырқыстырды,
алауыздыққа әкелді [12, 2 б]. Бұрын бірқалыпты күн көріп отырған елдің іші
алағай-бұлағай, қаптаған уәкіл, әкіреңдеген белсенді, қолындағы малынан
сәтте айрылып, антарылған шаруа, ешбір дайындықсыз ортаға жиналған улаған-
шулаған мал, оның үстіне бары-жоғына қарамай, астық жинау, жоспар
орындау елдің әбден берекесін қашырды, шаруа үйіндегі көжесін тыныш
отырып ішуден де қалды. Партия мен үкімет революциялық әдіспен жүргізілген
осы шаралардың салдарынан елдің әбден күйзелгені, қазақ халқының жартысы
аштан өлгені, біразы тіпті, шетелдерге шығып кеткені, содан әлі қайта орала
алмай жүргендері бұл күнде көпшілікке мәлім.[4,12 б]. Голощекин өзін
қателеспейтін құдайдай ұлы адам санап, басқаның пікіріне құлақ қоймайтын.
Социализмге жат әдіс-тәсілдерді қолдану аштық, індет, зобалаң, жазалау
шараларының көмегімен көптеген адамдарды құрбан етті. Қазақстанның бірқатар
жерлерінде наразылық білдіріп, қолдарына қару алған шаруалар ереуілге де
шықты. Әсіресе, Семей дуанындағы Абралыда аса ірі дүрбелең көтерілді. Мұнда
1930 жылдың ақпан-мамыр айларында Зырян, Өскемен, Самар, Шұбартау,
Шемонаиха, Катон-Қарағай аудандары бас көтерді. 1929 жылдың күзінде
Сырдария дуанының Бостандық, Қостанай дуанының Батпаққара, Наурызым
аудандарында бой көрсетулер орын алды. 1930жылдың ақпан-наурыз айларында
Сырдария дуанының Сарысу және Созақ аудандарында ереуілдер елді елеңдетті.
[14,186 б]. Ұзақ жылдар бойы бұл тақырып жабулы қазан күйінде
қалдырылған болатын. Қазақстанда жіберілген саяси қателіктен жәй асыра
сілтеу, кейін нағыз зұлматты геноцидке айналып кеткенін ашық айту
бүгінге дейін мүмкін болмай келді. 1932 жылдары 372 көтеріліс болды,
оларға 80 мыңға жуық адам қатысты. Әсіресе, Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма,
Ырғыз, Қазалы, Абыралы, Ақсу, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау ауданының
шаруа қозғалыстары әйгілі болды. Халыққа аяусыз жазалау шаралары
жүргізілді. 1929-1932 жылы көтерілістер мен толқуларға қатысқаны үшін 5551
адам соттарының 88-і ашылды[1,12 б]. Кейбір жерлерде қарулы бас
көрстулерге ұласқан, ауқымы бүкіл Қазақстанды шарпыған бұл көтерілістер
Голощекин сияқты Мәскеуге арқа сүйеген мықтыны қатты алаңдатады. Қазақ
ауылдарында қалыптасқан ауыр саяси жағдай Өлкелік партия комитетінің күн
тәртібінен түспейтін мәселеге айналады [9,47 б]. Ал біздің елге 1 млн 209
мың адам жер аударылды. 70 мыңға жуық қазақ қайраткерлері қуғын –сүргінге
ілінді. Голощекин көсемшілдікті, бонопартизмді асқан ұтымдылықпен іс
жүзінде асырып, коллективтендіруді қан жосаға бояды.

2.ЗҰЛМАТ ЖЫЛДАРДЫҢ ЗАПЫРАНЫ

Голощекиншілдіктің республикадағы рухани дамуға да тигізген сорақы жаңа
жолмен даму негіздерін өрістеткен, жаңа тұрмысқа айрықша құлшыныспен қол
созған халқының интеллигенциясы, ең алдымен сергелдеңге түсті. Бас көтерер
азаматтардың бәрі қуғын-сүргінге ұшыратылды, не түрмеге жабылды. Не шет
қақпай қалдырылды. Ф.И.Голощекин азамат соғысының кезіндегідей, жалаң
қылышты қынабынан суырып, әкімшілік- командалық әдіске басты. Ф.И.
Голощекин өзін қателеспейтін құдайдай ұлы адам санап, басқаның пікіріне
құлақ қоймайтын. Іс жүзінде өзіне қарсы пікір айтқандардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ драматургиясы туралы
Сәкен Сейфуллин жайлы
Тұрар Рысқұловтын саяси портреті
Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін оқыту
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы туралы
Драма және драматургия негіздері
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Қазақстан тәуелсіздік жолында: даму кезеңдері және ұлттық құрылыс идеялары
Жиынтық бағалау тапсырмаларының жинағы
Темірбек Қараұлы Жүргеновтың өмірі мен қоғамдық - саяси қызметін зерттеу
Пәндер