Қазақстан Республикасының өтпелі экономикасындағы инвестициялар



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Тарау. Инвестициялардың экономикалық маңызы

1.1 Инвестициялар және инвестициялық үрдіс (мақсаттары, факторлары, шарттары) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Инвестициялардың мултипликаторлық эффекті ... ... ... ... ... .8

2 Тарау. Қазақстан Республикасының өтпелі экономикасындағы инвестициялық үрдістердің жалпы сипаттамасы
2.1. Инвестициялар және Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымдық қайта құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2. Әлеуметтік салада инвестициялық үрдісті қамтамассыз ету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

3 Тарау. Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициялары (формалары, көлемдері, шешімдері, бағыттары)

3.1. Қазақстандағы инвестициялық жағдай ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

3.2. Тіке шетелдік инвестициялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Экономикаға инвестициялар, зерттеу мәселесі әрқашан да экономикалық ғылымның орталық сұрақтарының бірі болып табылады. Мұндай жағдай инвестициялардың жалпы экономикалық өсу үрдісін анықтай отырып, шаруашылық жұмыстардың терең негіздеріне әсер етуімен байланысты. Қазіргі қалыптасқан шарттарда инвестициялар экономикалық дағдарыстардан шығудың және халық шаруашылығындағы құрылымдық дағдарыстарды шешудің, техникалық прогресті қамтамасыз етудің, шаруашылықтың микро және макро деңгейде жоғарылатудың маңызды құралы болып табылады. Инвестициялық үрдісті жандандыру әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді іске асырудың нәтижелі механизмдерінің бірі болып саналады.
Микро және макро деңгейде инвестициялық белсенділіктің нарықтық түрлері мен механизмдерін терең теоретикалық зерттеу өзекті мәселе болып табылады. Инвестициялық шығындардың нәтижелік критериилерін теоретикалық негіздеу, капиталдық салынымдар мен экономикадағы құрылымдық өзгерістердің арасындағы өзара байланысты белгілеу, инвестициялардың салалық құрылымында басымдылық бағыттарды анықтау маңызды мәселе. Сонымен бірге негізгі халықтық шаруашылық сфераларының ішінде: негізгі өндіріс, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым арасындағы өзара байланысты анықтау да өзекті сұрақтардың бірі. Қазіргі Қазақстанның өтпелі экономикасында инвестициялық ресурстардың қалыптасу құралдарын және қайнар көздерін зерттеу де үлкен маңызға ие.
90-шы жылдардың ортасында Қазақстанда қалыптасқан экономикалық жағдай инвестициялық белсенділікті күрделілендірді: жеке және мемлекеттік инвестициялар түрлерін жақсы біріктіре алатын нарықтық қатынастарға сай инвестициялық механизм құрастыру қажеттігі орын алды, инвестициялық белсенділіктің түрлі субъекттерінің байланыстарын дамыту талап етілді, ұлттық экономика сала және компания немесе белгілі фирма деңгейінде инвестициялық үрдісті реттейтін заңдық-нормативтік негізге қажеттік туындады.
Бұл мәселелер қоғам дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық үрдістерімен және экономикалық дағдарыстан шығу шешімдерімен тығыз байланысты түбірлі сұрақтар. Сондықтан да түрлі шаруашылық субъекттерінің инвестициялық белсенділік ерекшкліктерін зерттеу экономикалық ғылымның басымдылық бағыттарының бірі болып табылады.
Курстық жұмыста 90-шы жылдары Қазақстанның шаруашылық кешенінде инвестициялардың қайта өндірілу үрдісі қарастырылады, инвестициялық сфераның нарықтық механизмдері зерттеледі, экономикадағы құрылымдық өзгерістер мен инвестициялар арасындағы өзара байланыстардың ерекшеліктері зерттеледі және осы талдау негізінде Қазақстан экономикасының басымдылық бағыттары белгіленді.
Берілген жұмыста автор инвестицияларды экономикалық өсу қарқынын анықтайтын микро және макроэкономикалық пропорцияларды қалыптастыратын негізгі құрал ретінде қарастырады.
1 Международная экономика, А. Киреев- М.: «Международные отношения», 1998г, часть 1, стр. 285-308.
2 Халықаралық экономикалық қатынастар, оқу құралы, М. Байгісиев,- А.: «Санат», 1998 жыл, 39-53 беттер.
3 Кәсіпорын экономикасы , оқу құралы, Г.Ө.Жолдасбаева, - А.: «Экономика», 2002 ж., 48-59 беттер.
4 Макроэкономика, оқулық, Р. Дорнбум, С. Фишер, А.: ҚазМБА, 1997жыл, 197 бет.
5 Халықаралық экономикалық қатынастар, оқу құралы, Н.Қ.Мамыров, - А.: «Санат», 1998 жыл, 39-52 беттер.
6 Халықаралық экономикалық қатынастар, Р.Е.Елемесов, - А.: «Қазақ университеті», 2002 жыл, 100-107 беттер.

Қосымша әдебиеттер

1 Инвест Казакстан, 2005 жыл, 1-2 басылым, 70-72 беттер.
2 Инвестиции, Н.Л. Маренков, Ростов-на-Дону, «Феникс», 2003г, 5-67 стр.
3 Инвестиционная стратегия, В.А. Чернов, М.: «ЮНИТИ», 2003г, 10-11 стр.
4 Интернет, www.goggle.kz
5. Политическая экономия. Экономическая энциклопедия.- Москва.,
Наука., 1968. – 1 т. 745с. 6. Менеджер. – Москва., Наука., 1993. - 238с. 7. Макконнэлл К., Брю С., Экономикс.- Москва., Наука., 1993.- т1.,- С17. 8.Попов Е., Бородаевский А., Экономические права человека: рынок труда и собственность // МЭиМО., -1991.- №7. 9. Закон РК от 27.12.1994 г. N 266-Xlll "Об иностранных инвестициях". 10. Закон Республики Казахстан 28 февраля 1997 года N 75 ЗРК "О государственной поддержке прямых инвестиций". 11. Указ Президента Республики Казахстан от 5.04.1997 г. N 3444 "Об утверждении перечня приоритетных секторов экономики Республики Казахстан для привлечения прямых отечественных и иностранных инвестиций" 12. Указ Президента Республики Казахстан от 06-03.2000 года "Об утверждении Правил предоставления льгот и преференций при заключении контрактов с инвесторами, осуществляющими инвестиционную деятельность в приоритетных секторах экономики" 13. http://www.gazeta.kz от 27.10.2003г. 14."Статистическое обозрение Казахстана,№1" 2000г. 15. Таблица поступления прямых иностранных инвестиций в Республику Казахстан. http.//www.president.kz. 16. Список прямых инвестиций в экономику РК. http.//www.president.kz

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 3

1 Тарау. Инвестициялардың экономикалық маңызы

1.1 Инвестициялар және инвестициялық үрдіс (мақсаттары, факторлары,
шарттары)
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Инвестициялардың мултипликаторлық эффекті ... ... ... ... ... .8

2 Тарау. Қазақстан Республикасының өтпелі экономикасындағы
инвестициялық үрдістердің жалпы сипаттамасы
2.1. Инвестициялар және Қазақстан Республикасы экономикасының
құрылымдық қайта
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...12
2.2. Әлеуметтік салада инвестициялық үрдісті қамтамассыз ету
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

3 Тарау. Қазақстан Республикасындағы шетел инвестициялары (формалары,
көлемдері, шешімдері, бағыттары)

3.1. Қазақстандағы инвестициялық жағдай
... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

3.2. Тіке шетелдік инвестициялар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 22

Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..24

КІРІСПЕ

Экономикаға инвестициялар, зерттеу мәселесі әрқашан да экономикалық
ғылымның орталық сұрақтарының бірі болып табылады. Мұндай жағдай
инвестициялардың жалпы экономикалық өсу үрдісін анықтай отырып, шаруашылық
жұмыстардың терең негіздеріне әсер етуімен байланысты. Қазіргі қалыптасқан
шарттарда инвестициялар экономикалық дағдарыстардан шығудың және халық
шаруашылығындағы құрылымдық дағдарыстарды шешудің, техникалық прогресті
қамтамасыз етудің, шаруашылықтың микро және макро деңгейде жоғарылатудың
маңызды құралы болып табылады. Инвестициялық үрдісті жандандыру әлеуметтік-
экономикалық өзгерістерді іске асырудың нәтижелі механизмдерінің бірі болып
саналады.
Микро және макро деңгейде инвестициялық белсенділіктің нарықтық түрлері
мен механизмдерін терең теоретикалық зерттеу өзекті мәселе болып табылады.
Инвестициялық шығындардың нәтижелік критериилерін теоретикалық негіздеу,
капиталдық салынымдар мен экономикадағы құрылымдық өзгерістердің арасындағы
өзара байланысты белгілеу, инвестициялардың салалық құрылымында басымдылық
бағыттарды анықтау маңызды мәселе. Сонымен бірге негізгі халықтық
шаруашылық сфераларының ішінде: негізгі өндіріс, өндірістік және әлеуметтік
инфрақұрылым арасындағы өзара байланысты анықтау да өзекті сұрақтардың
бірі. Қазіргі Қазақстанның өтпелі экономикасында инвестициялық ресурстардың
қалыптасу құралдарын және қайнар көздерін зерттеу де үлкен маңызға ие.
90-шы жылдардың ортасында Қазақстанда қалыптасқан экономикалық жағдай
инвестициялық белсенділікті күрделілендірді: жеке және мемлекеттік
инвестициялар түрлерін жақсы біріктіре алатын нарықтық қатынастарға сай
инвестициялық механизм құрастыру қажеттігі орын алды, инвестициялық
белсенділіктің түрлі субъекттерінің байланыстарын дамыту талап етілді,
ұлттық экономика сала және компания немесе белгілі фирма деңгейінде
инвестициялық үрдісті реттейтін заңдық-нормативтік негізге қажеттік
туындады.
Бұл мәселелер қоғам дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық
үрдістерімен және экономикалық дағдарыстан шығу шешімдерімен тығыз
байланысты түбірлі сұрақтар. Сондықтан да түрлі шаруашылық субъекттерінің
инвестициялық белсенділік ерекшкліктерін зерттеу экономикалық ғылымның
басымдылық бағыттарының бірі болып табылады.
Курстық жұмыста 90-шы жылдары Қазақстанның шаруашылық кешенінде
инвестициялардың қайта өндірілу үрдісі қарастырылады, инвестициялық
сфераның нарықтық механизмдері зерттеледі, экономикадағы құрылымдық
өзгерістер мен инвестициялар арасындағы өзара байланыстардың ерекшеліктері
зерттеледі және осы талдау негізінде Қазақстан экономикасының басымдылық
бағыттары белгіленді.
Берілген жұмыста автор инвестицияларды экономикалық өсу қарқынын
анықтайтын микро және макроэкономикалық пропорцияларды қалыптастыратын
негізгі құрал ретінде қарастырады. Қоғамдық инвестициялардың қалыптасуы
және құрылымына ықпал етуі тек негізделген экономикалық рычагтар және
нормативтерді анықтау жолымен ғана іске асады. Дүниежүзілік шаруашылықтың
құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанның ұлттық экономикасының қалыптасуы,
инвестициялар саласындағы жолды заңдылықтардың бірқатарын міндетті түрде
есепке алуға негізделді, бірақ сонымен бірге мұндай қалыптасу ұлттық
нарықтың дамуымен және экономикалық басымдылықтардың өзгеруімен байланысты
жаңа мән туындатуда. Сондықтан да инвестициялар қозғалысын берілген
факторлардың өзара қатынасының нәтижесі ретінде қарастыру қажет.
Инвестициялар мен басымдылықтармен байланысты зерттеулер экономикалық
дисциплиналар дәрістерінде қолданылуы мүмкін. Шаруашылық практикасында
инвестициялық белсенділіктің экономикалық механизмін дамыту, жинақтау және
қолданудың арақатынасын жақсарту негіздерін анықтауға, инвестициялық
потенциалды қолданудың басымдылық бағыттарын табу және т.б., бойынша
негізді кеңестерді қолдануға болады.

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.

1.1 Инвестициялар және инвестициялық үрдіс (мақсаттары, факторлары,
шарттары).

Қайта өндіру жүйесінде, оның қоғамдық формасына қарамастан, өндірістік
ресурстардың жаңаруы және көбеюінде яғни белгілі экономикалық өсу қарқынын
қамтамасыз етуге инвестициялар өте маңызды роль атқарады. Егер қоғамдық
қайта өндірісті өндіріс, айырбас, және тұтыну жүйесі ретінде қарастырсақ,
инвестициялар негізінен біріншіден - өндіріспен байланысты, және өндіріс
дамуының материалдық негізін құрайды.
Инвестиция түсінігі ( латыннан. investio – киемін) мемлекет ішінде
немесе шетелде экономика салаларына капитал салуды білдіреді 1,548 б.
Инвестицияларды қаржылық (бағалы қағаздарды сатып алу) және нақты
(капиталды өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, білім т.б. салаларға салу)
деп бөлеміз.
Нақты инвестициялар капиталды экономиканың бір саласына немесе
кәсіпорынға салу нәтижесінде жаңа капиталдың қалыптасуын немесе қолдағы
капиталдың өсуін ( ғимарат, тауарлық-материалдық қор, құрал-жабдықтар
т.б.), ал қаржылық инвестициялар – капиталды ( мемлекеттік немесе жеке)
акцияларға, облигацияларға, басқа да бағалы қағаздарға салу. Мұнда нақты
капиталдың өсімі болмайды, тек меншік титулының сатылуы, берілуі ғана іске
асады. Яғни трансферттік операциялар орын алады.
Инвестициялық ресурстар түсінігі тауарлардың және қызметтердің
өндірілуімен тұтынушыға жеткізілуіне дейін қолданылатын өндірістің барлық
өнімдерін яғни құралдардың барлық түрлерін, машиналар, жабдықтар,
фабрикалық - зауыттық, қоймалық, транспорттық құралдар және сату жүйесін
қамтиды. Бұл өндіріс құралдарының өндірілуі және жиналуы инвестиция салу
деп аталады.
Инвестициялық тауарлар (өндіріс құралдары) тұтынушылық тауарлардан,
соңғылардың тұтынуды тіке қанағаттандыруымен ерекшеленеді. Мазмұны бойынша
инвестициялар ұлттық байлықты көбейтуге көмектесетін капиталды білдіреді.
Мұнда капитал терминінің ақшаны білдірмейтіндігіне назар аудару қажет.
Дегенмен менеджерлер мен экономистер машиналар жабдықтар және т.б. өндіріс
құралдарын сатып алуға бағытталған қаржы туралы сөз қозғағанда ақшалық
капитал сөзін көп қолданады. Бірақ, ақша өз алдына ештеңе өндірмейді яғни
оларды экономикалық ресурс деп санауға болмайды. Нақты капитал – құралдар,
машиналар, жабдықтар, ғимараттар басқа өндірістік күштер – экономикалық
ресурс болып табылады, ал ақша немесе қаржылық капитал мұндай ресурстар
қатарына жатпайды.
Инвестициялар – бұл болашақта көбірек тұтынуға мүмкіндік жасау үшін
ақшаны ертеңгі күнге қалдыру. Инвестициялардың бір бөлігі – бұл берілген
уақытта қолданылмай қорға қалдырылатын (қорларды көбейтуге бағытталған
инвестициялар) тұтынушылық игіліктер. Инвестициялардың басқа бөлігі – бұл
өндірісті кеңейтуге (ғимараттарға, машиналарға капитал салу) бағытталған
ресурстар.
Қазақстанның ұлттық есептерінің жүйесінде инвестициялар статистикасы
(капиталдық салымдар) тек материалдық шығындарды ғана есепке алып білім,
интеллект, ғылыми зерттеулерге және білім алуға бағытталған
инвестицияларға назар аудармайды. Тек материалдық компоненттерді инвестиция
ретінде қарастыратын мұндай көзқарас инвестициялардың толық көлемін
есептеуге мүмкіндік бермейді1,548 б.
Осылайша, инвестиция түсінігі қоғамның нақты капиталын көбейтуге яғни
өндірістік аппаратты кеңейтуге немесе модернизациялауға бағытталған
экономикалық ресурстарды білдіреді. Бұл жаңа машиналардың, ғимараттардың,
транспорттық құралдардың сатып алынуымен және жолдар, көпірлер және басқа
да инженерлік құрылыстардың салынуымен байланысты болуы мүмкін. Бұған білім
алу, ғылыми зерттеулер және кадрларды дайындау шығындарын да қосу қажет.
Бұл шығындар қазіргі заман экономикасында маңызы үсті-үстіне артудағы адам
капиталына инвестицияны білдіреді, себебі барлық жаңа ғимараттар,
машиналар, жабдықтар және қазіргі экономикалық дамудың негізгі факторы –
дүниежүзілік мемлекеттер иерархиясында елдің экономикалық жағдайын
анықтайтын-зерделік өнім адам белсенділігінің нәтижесі болып табылады 2,17
б.
Инвестициялардың құрылымын төменгі кесте көмегімен анықтауға болады (1
кесте).
Кесте - Инвестициялар құрылымы.

Кеңейтілген қайта өндіру қатынастары жүйесінде инвестициялар маңызды
құрылымдық роль атқарады. Ұлттық шаруашылықтың қандай салаларына
инвестициялардың салынуына ұлттық экономиканың болашақ құрылымы тәуелді:
ауыл шаруашылық техникасын шығаратын машина жасау зауыттары көп немесе
әскери техника мен өнімдер шығаратын машина жасау зауыттары басым болады.
Немесе басымдық ірі өндіріс кешендерін салатын құрылыс фирмаларында немесе
жайлы тұрғын үй салатын құрылыс фирмаларына тиісті болады.
Жеке инвестициялар негізінен пайда табу мақсатымен іске асырылады. Яғни
экономика саласының немесе кәсіпорынның пайдалылық деңгейімен берілген
экономиканың немесе кәсіпорынның инвестициялық таңдалуы анықталады.
Пайдалылық – инвестициялардың басымдылық бағыттарын анықтайтын өте
маңызды белгі. Мемлекеттік емес инвестициялар капиталды тез қайтаратын
жоғарғы рентабельді салаларға бағыттылады. Мұндай жағдайда экономиканың
капиталды жылдам қайтара алмайтын сфераларына инвестициялар жетіспейді.
Инвестициялардың шамадан тыс көбеюі инфляцияға (экономикалық
қызуына), жетіспеуі дефляцияға алып келеді. Берілген экономикалық
саясаттың шеткі көріністерін үкімет тарапынан іске асырылатын салықтар,
мемлекеттік шығындар, кредиттік-ақшалық және қаржылық-бюджеттік саясаттағы
эффективті стратегия реттеуі қажет.Инвестиция функциясын мына графиктен
көруге болады:

Нарықтық қатынастарға өту инвестициялар сферасында оның қайнар
көздерімен байланысты болады. Инвестициялар инвестордың өз қаржылық
ресурстары (амортизациялық төлемдер, пайда, жинақталған ақша,
азаматтардың, хұқықтық тұлғалардың жинағы т.б.), инвесторлардың қаржылық
құралдары (банктік, бюджеттік, облигациялық кредиттер, және акциялар мен
облигациялардың, азаматтар мен хұқықтық тұлғалардың пайлық үлестерінің
сатылуынан алынған), бюджеттік инвестициялық ассигноваялар қарыздық қаржы
(кредиттер, заемдар) есебінен іске асуы мүмкін.

1.2 .Инвестициялардың мультипликаторлық эффекті.

Қазіргі макроэкономикада инвестицияның қалыптасу сипаты және халық
шаруашылығы модельдерінің құрастырылуы дәлірек айтсақ, мультипликатор
моделін құрастыруымен байланысты автономды және индуцияланған инвестициялар
деп бөледі.
Автономды инвестициялар түсінігі процент нормасы және ұлттық кіріс
деңгейіне тәуелсіз жаңа капиталдың қалыптасуын білдіреді. Автономды
инвестициялардың себебі болып – негізінен техникалық прогреспен байланысты
инновациялар (жаңалықтар), сыртқы нарықтардың кеңеюі, халық санының өсуі,
төңкеріс, соғыс сияқты факторлар табылады. Автономды инвестициялардың кең
тараған мысалы ретінде әскери және азаматтық ғимараттарды және жолдарды
салуға бағытталған мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың инвестицияларын
қарастыруға болады. Индуцияланған инвестициялар түсінігі тұтынушылар
шығындарының деңгейі көбеюінің нәтижесінде қалыптасқан жаңа капиталды
білдіреді. Автономды инвестициялар мультипликация эффектін туындатып,
экономиканың алғашқы өсіміне жәрдем етеді, ал индуцияланған инвестициялар
көбейген кірістің нәтижесі ретінде одан әрі өсімге алып келеді.
Инвестициялық ресурстардың қалыптасу және қолдану үрдісі инвестициялық
цикл деп аталатын белгілі кезеңді қамтиды. Егер нақты инвестицияларды
қарастырсақ, ол келесі кезеңдерден тұрады: ғылыми зерттеу; жобалау және
құрылыс; іске асыру. Мұны төмендегі кестемен көрсетуге болады (2 кесте).

2 Кесте- Инвестициялық цикл

Экономикалық үрдісте инвестициялар негізгі роль атқарып, жалпы
экономиканың өсімін анықтайды. Экономикаға инвестициялардың енуі өндіріс
көлемінің кеңеюіне, ұлттық кірістің көбеюіне әкеліп, белгілі тауарлар
немесе қызметтерді жоғары деңгейде қанағаттандыратын салалар мен
кәсіпорындар экономикалық бәсекені жеңеді және жылдам дамиды. Ұлттық
кірістің өсімінің белгілі бөлігі қайта жинақталып, өндірістің көлемі одан
әрі көбейеді, бұл үрдіс үзіліссіз қайталанады. Осылайша, ұлттық кірістің
таралуы есебінен қалыптасқан инвестициялар, оның көбеюін және қайта
өндірудің кеңеюіне әкеледі. Оның үстіне инвестициялар нәтижелілігінің
жоғарылығы өндіріске қайта салынатын ұлттық кірістің және жинақтаудың
абсолюттік көлеміне тікелей әсер етеді. Инвестициялардың жеткілікті
нәтижелілік деңгейінде ұлттық кірістің өсімі және тұтынудың өсімі жинақтау
үлесінің көбеюін қамтамассыз етеді.
Ұлттық кірістің өсімін өндірістік мүмкіндіктерді кеңейтіп, өнімдердің
санын көбейтетін тек өндірістік инвестициялармен байланыстыру бұрыс болар
еді. Мұндай өсімге сонымен бірге, жанама сипатта материалдық емес
өндірістің де ықпалын атап өту қажет. Дүниежүзілік тенденцияларға назар
аударсақ, берілген өндірістің потенциалы тереңдеуде.
Инвестициялық белсенділіктің ішінде экономиканың құрылыс секторы
қомақты үлеске ие. Сондықтан құрылыс секторын қайта өндіру үрдісіндегі ролі
мен маңызына аса назар аудару қажет.
Күрделі құрылысқа салынған инвестициялар экономиканы дамыту мақсатында
ұлттық шаруашылықтың негізгі фондтарын жаңарту және құрастырумен байланысты
қаржылардың жиынтығын білдіреді.
Күрделі құрылыс капиталдық салынымдардың құрамдас бөлігі болып
табылады. Күрделі құрылыс үрдісінде капиталдық салынымдардың берілген
обьекттің құрылыс-монтаждық жұмыстарына қажетті жобалық есебіне тең қаржы
ғана шығындалады.
Құрылыс – халық шаруашылығының құрылыс-монтаждық, жобалық-
архитекторлық, жобалық-конструкторлық ұйымдар және фирмалар, құрылыс
сферасында жұмыс істейтін ғылыми-зерттеу мекемелерін, құрылысты басқаратын
шаруашылық органдарын және көптеген құрылыстық орта кіші фирмаларды
қамтитын үлкен салаларының бірі. Құрылыстың ерекшелігі негізгі фондтардың
жылжымайтын обьектке айналуы және өнімнің орналасу жерінде қолданылуында.
Құрылыстың үрдісіне уақыттың көптігі, капиталды және материалды көп қажет
ету және тұтынушының қажеттіліктеріне орай ерекшеліктер тән. Құрылыстың
әрбір обьекті тұтынушы қажеттіліктеріне тәуелді және белгілі территорияда
іске асуына байланысты еңбек құралдары және жұмыс күші бір обьекттен
келесісіне көшуде болады. Ерекше баға сметамен бағасы белгіленетін құрылыс
обьекттері мен жұмыстар көп түрлі болады. Құрылыстың соңғы нәтижесі ретінде
тұтынушыға берілген ғимарат немесе өндіріс орны болып табылатын обьект
қарастырылады. Құрылыс өнімдері ұлттық жалпы өнімнің 9% құрайды.
Капиталдық салынымдардың басым бөлігі құрылыс кезеңіне басқа да
мақсаттарға жұмсалады. Мысалы транспорттық құралдарға, ауылшаруашылық
техникаларына және монтажды қажет етпейтін жабдықтарға капиталдық
салынымдар арқылы ұлттық шаруашылық салаларының даму қарқыны және көлемі
реттеледі .
Капиталдық салынымдарға құрылыс-монтаждық жұмыстарға, монтажды қажет
ететін немесе қажет етпейтін жабдықтарды сатып алуға, машиналар және
жабдықтар, өндірістік құралдарға жұмсалған қаржы жатады.
Халық шаруашылығының негізгі фондтарының қайта өндірілуі инвестициялық
салынымдардың үш каналы арқылы іске асады: мемлекеттік капиталдық
салынымдар, кәсіпорындар және компаниялар ресурстары тарапынан іске
капиталдық салынымдар және инвестициялық фондтар және компаниялардың
халықтың жинақтарынан бастау алатын салынымдар.
Инвестициялық салынымдардың көп бөлігін негізгі ұлттық кіріс болып
табылатын кеңейтілген қайта өндіріске бағытталған капиталдық салынымдар
құрайды. Таза салынымдар деп аталатын бұл инвестициялардың көлемін негізгі
фондтардың өсімі арқылы түсінуге болады. Негізгі фондтардың белгілі
кезеңдегі негізінен 1 жыл ішіндегі өсімі аяқталған құрылыс обьекттерімен
есептеледі, ал капиталдық салынымдар құрылысқа қажетті уақыттың өтуімен
аяқталып, қолдануға берілген негізгі фондтар ретінде көрініс табатын
банктердің қаржыларымен есептеледі.
Капиталдық салынымдардың басқа бір қайнары болып амортизациялық
фондтар қарастырылады.
Дамушы экономикада капитал көлемінің өсімін білдіретін, жалпы
инвестициялардың амортизациялардан көптігі байқалады. Ал тоқыраудағы
экономикада жалпы инвестициялар жыл бойы өндіріске жұмсалған қаржымен тең
болады. Артта қалған экономикада жылдық өндіріске жұмсалған қаржыдан жалпы
инвестициялардың көлемі әлде қайда аз болып, нәтижеде экономикада
капиталдың азаюы байқалады.
Капиталдық салынымдардың құрылымын салалық, территориялық және қайта
өндірістік деп бөледі.
Өндірістің техникалық жаңартылуында капиталдық салынымдардың
кәсіпорындарды қалпына келтіруге жұмсалуы үлкен маңызға ие. Сондықтан жаңа
құрылыстар, қалпына келтіру, модернизация, өндірісті кеңейтуге бағытталған
салынымдардың арақатынасына аса назар аудару қажет.
Мысалы АҚШ-та 90-шы жж. басында өнеркәсіптік инвестициялардың
технологиялық және қайта өндірістік құрылымы өзгерді: негізгі капиталдың
белсенді элементтері – машиналар мен жабдықтарға – 80-ші жылдары
инвестициялардың 62% тиісті болса, 90-шы жылдары бұл көрсеткіш – 85% дейін
көбейді, жабдықтарды модернизациялауға – 52 және 75% 3,238 б. Қазір
Германияда капиталдық салынымдардың 80% жабдықтарды алмастыру және
модернизациялауға, тек 20% өндірісті кеңейтуге жұмсалуда 3,238 б.
Интенсивті типтік инвестициялардың өсуі өмір деңгейінің тез өсуінің
факторы болып табылады. Өсудегі өндірістік аппарат еңбек өнімділігін
арттырады. Яғни қазіргі игіліктер негізінен кешегі инвестициялардың
нәтижесі болып табылады, ал бүгінгі инвестициялар ертеңгі еңбек өнімділігін
және игіліктерді арттырады.
Қазіргі тұтыну мен келешекте тұтынуды таңдау мәселесі де өте өзекті.
Бүгін қанша өндіріске қажеттіктерді үнемдесек, ертең одан да көп тұтынуға
мүмкіндік туындайды. Керісінше, қазір қанша ресурстарды қолдансақ,
келешекте жоғарғы деңгейлік игіліктер және жоғары экономиканың өсу
қарқынына мүмкіндіктер сонша азаяды. Сондықтан да жинақталған қорлар барлық
халық шаруашылығы үшін өте маңызды ресурс болып табылады.
АҚШ-та жинақтау нормасы ұлттық кірістің 15-16%, Европада 20-22%, ал
КСРО-да 45-50 % деңгейде болды. 50 % - соғыс жағдайындағы норма болып
табылады 4, 67 б.
Ұлттық кірістің шектен тыс жиналуы байқалады. Дегенмен АҚШ-та КСРО-дай
әскери шығындар есепке алынбайтындығын ескеру қажет. Азаматтық салаларда
жинақтау нормалары АҚШ-та КСРО-дан көп болды. Сондықтан да КСРО да
жинақтардың басым бөлігінің әскери мақсаттарға жұмсалуы өмір деңгейіне
жағымсыз әсер етіп, кедейшілікке әкелді.
Инвестициялардың шаруашылық нәтижелілігі және экономикалық өсу
қарқынына әсер етуімен бірге, жұмыспен қамтамасыздық және кірістерге тіке
және жылдам ықпал етеді. Мысалы, егер құрылыс секторында инвестициялар
азайса, құрылысшылардың арасында жұмысыздық көбейіп, жиынтық кірістері
қысқарады, нәтижесінде олардың өнімдеріне сұраныс төмендейді. Оның үстіне
инвестициялардың азаюы құрылыстық компанияларға қажетті өнімдерді өндіретін
кәсіпорындарға жағымсыз әсер етеді. Белгілі бір кәсіпорын тарапынан
өндірістік аппаратты кеңейтуге бағытталған инвестициялары барлық
экономикаға жәрдемші роль атқарады.
Кәсіпорынның түрлі машиналар сияқты инвестициялық тауарларды сатып
алуы, экономикаға жағымды әсер ететін тауар рыногында сұраныстың
жоғарлауына әсер етеді.
Осылайша инвестициялар өндірістің келешектегі кеңеюіне ғана емес
сонымен бірге қолдағы өндірістік қуаттың қолданылуына да әсер етеді.
Тауарлық-материалдық қорларға инвестициялар яғни олардың шығындалудан көп
болуы өндірістік қуаттың қолданылу деңгейіне әсер етеді. Сондықтан да
инвестициялық үрдістегі өзгерістер экономика өсімінің жақын және алыс
келешектегі қарқынның негізгі факторы болып табылады.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ҮРДІСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

2.1. Инвестициялар және Қазақстан Республикасы экономикасының
құрылымдық қайта құрылуы.

Қазақстандағы инвестициялық белсенділік сыртқы және ішкі қаржы
қайнарлары есебінен өндірісті жандандыруға бағытталады. Мемлекет барлық
жолмен шетел капиталын тартуға бағыт алып, осы мақсатпен жағымды факторлар
кешенін құруда.
Бұл көзқарасты қолдайтын Қазақстан Президенті Н.Назарбаев "біздің
негізгі мақсатымыз – Қазақстанды халықаралық қоғамдастық алдында
инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсетіп, ең маңызды салаларға
инвесторларды тарту " деп тұжырымдайды.
Көптеген шетелдік компаниялар мен бизнесмендер Қазақстандағы
инвестициялық климатты жоғары бағалайды. Республиканың пайдалы қазбаларға
байлығы, аграрлық және өнеркәсіптік потенциалы, жоғары білікті кадрлар мен
мамандардың және арзан жұмыс күшінің болуы, пайдалы геосаяси орынмен қатар,
саяси жағдай мен ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығына ерекше назар
аударылады.
Шетел капиталын тартуды стратегиялық басымдылық міндеті ретінде
жариялаған Қазақстан дүниежүзілік шаруашылыққа интеграцияға және ашық
экономикаға өтуге қажетті өркениетті заңдық негізді қалыптастыруға барлық
шараларды қабылдауда.
"Шетел инвестициялары туралы" 5, "Тіке инвестицияларды мемлекеттік
қолдау туралы" 6, Заңдар қабылданды. Президент 1997ж. "Тіке шетелдік
инвестицияларды тарту қажет, Қазақстан Республикасы экономикасының
басымдылық секторларының тізімін бекіту туралы" 7, "Инвесторлармен
келісім шарттарға қол қою барысында жеңілдіктер жүйесі және оларды алу
Ережелерін бекіту туралы"8. жарлықтарға қол қойды.
1997ж. Ұлттық және халықаралық деңгейдегі инвестициялық қатынастарды
хұқықтық реттейтін республиканың хұқықтық акттер тобы "Тіке
инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" 6, және "Бағалы қағаздар
рыногы туралы", "Бағалы қағаздармен байланысты істерді тіркеу туралы
"Республикалық Заңдармен толықтырылды.
Сонымен бірге бірқатар өзара инвестицияларды қорғау және қолдау туралы
үкіметаралық келісімдерге қол қойылды. Жалпы қазіргі уақытта шетел
капиталын тарту және қорғау істері 20 астам заңдар және нормативтік-
хұқықтық акттермен реттеледі.
Бұл заңдар бойынша шетел инвестициялары Қазақстанда кез-келген сферада,
кез-келген объектілерге барлық ұйымдастыру-хұқықтық формаларда жұмыс істей
алады және олардың толық иелері немесе біріккен кәсіпорын құру арқылы тек
бір бөлігінің иегері бола алады.
Шетелдік инвесторларға түскен пайданы өз қалауымен қолдану хұқығына
кепілдік беріліп, олар қайтадан инвестициялар салуға немесе тауар сатып
алуға т.б. мақсаттарға бағыттай алады.
Еліміздің экономикасына қомақты инвестициялық ресурстарды тарту, оларды
нәтижелі және үнемді пайдалану қажеттігі есепке алынып, Президент
жарлығымен біріккен орган – ҚР инвестициялар бойынша мемлекеттік комитеті
құрылды.
Елімізде экономиканың басымдылық секторына тіке инвестицияларды тарту
мақсатымен белгілі жарнамалық жұмыстар да іске асырылуда.
Мысалы, 1997ж. маусымда Алматы қаласында 17 елдің 52 компаниясының
жетекшілері мен өкілдері және 2 халықаралық ұйым қатысқан "Қазақстандық
инвестициялық саммиттің" бірінші Форумы өткізілді. 1997ж. қыркүйегінде
Лондон қаласында негізгі мақсаты үлкен шетелдік инвесторлардың Қазақстанның
жаңа инвестициялық мүмкіндіктеріне назарын аудару болған "Қазақстанға
инвестиция салғанда" халықаралық конференциясы сәтті өтті.
1997ж. 18-19 қарашада Қазақстан Республикасының Президентінің АҚШ-қа
ресми сапарында Вашингтондағы Галлодет университетінде үлкен американ және
трансұлттық компаниялар қатысқан "Қазақстанның сауда және инвестициялық
мүмкіндіктері, оның геостратегиялық маңызы" атты конференция өтті. 1997ж.
27 қарашада Франкфурт қаласында "Қазақстан – сауда және инвестициялар"
конференциясы өткізілді.
1999ж маусым айында Алматы қаласында "Алматы инвестициялық саммитінің"
үшінші халықаралық форумы өткізіліп, оған 22 мемлекеттен 160 компания
қатысты.
1999ж. маусымда Лондон қаласында Қазақстан және ITE компаниясымен бірге
"Қазақстан – жаңа мыңжылдықтың астанасы" халықаралық саммит-конференциясын
ұйымдастырып, оған Европа және Америкадан 250 делегат қатысты. "Р Джей
Рейнолдс Интернешнл" компаниясының ТМД және Балтық елдері бойынша
Президенті Еик Рингер өз компаниясының қатысуын жағымды бағалады. 1994ж.
бастап өндірістің дамуына 60 млн.дол. инвестицияланған. Компания
Қазақстанға сенеді және өндірісті одан әрі кеңейту дайындалуда. Ортаазиялық
парламенттік топтың жетекшілерінің бірі лорд Вейверли Қазақстанның
аймақтағы маңызды мемлекет ретінде Даунинг-стритке айналғандығына назар
аударды. Екі жақты ынтымақтастықтың дамуы стратегиялық мүдделерге сай.
Қабылданған заңдық акттер, ұйымдастыру шаралары Қазақстан экономикасына
инвестициялардың келуіне жәрдем етті. Қазір Қазақстанда 40-тан астам
мемлекет инвесторлық жұмыспен айналысуда. Қазақстан үшін негізгі мақсат
тіке инвестициялар болып табылады.
1996ж. тіке инвестициялар көрсеткіші 1995 жылға қарағанда 2 есе өсіп
1220,2 млн.дол. құрады, ресми заимдар 508,8 млн.дол. болып, оның ішінде
135,2 млн. дол. ХВФ-ң кредиті. 1997ж. пайдаланылған тіке инвестициялар
көлемі 1830,8 млн.дол. құрады.
1998ж.тіке инвестициялар көлемі 1,2 млрд.дол. құрап, Қазақстан
Республикасының Президенті "бұл ТМД елдері арасындағы ең жоғары көрсеткіш
деп ескерді. 1997ж. Батыс Азиядан 1,5 есе инвестицияларды көп алған Орта
Азияға инвестициялар ағымы 6 жыл бойы байқалуда. Оның ішінде 755 инвестиция
Қазақстан және Әзірбайжан үлесінде".
Қазақстан инвестициялық белсенділік бойынша ТМД елдері ішінде 2-ші
орында. Қазіргі кезеңде салынған инвестициялар көлемі бойынша төмендегідей
тізім қалыптасқан: Ресей - 9,201 млрд.дол., Қазақстан - 5,729 млрд.дол.,
Әзірбайжан - 3,233 млрд.дол., Украина - 2,696 млрд.дол., Түрікменстан - 762
млн.дол., Грузия - 512 млн.дол., Өзбекстан - 423 млн.дол., Беларусь - 346
млн.дол., Молдова - 342 млн.дол., Қырғызстан - 309 млн.дол., Армения - 265
млн.дол., Тәжікстан - 87 млн.дол.
Қазақстан ТМД елдері ішінде жан басына шаққандағы тіке инвестициялар
көрсеткіші бойынша жетекші орынды иеленіп, 1993-97жж. жанбасына 400 дол.
көрсеткішке қол жеткізді.
1990 жылдан бастап Қазақстанда отандық және шетел капиталының
қосылуымен біріккен және таза шетел капиталына кәсіпорындар ашыла бастады.
Егер 1990ж. олардың саны 15 болса, 1996ж. - 995, 1997ж. – 1227, олардың
ішінде біріккен – 732, шетелдік – 395 болды. Жалпы жарғылық капитал 37,2
млрд.тенге.болды.
Бұл кәсіпорындардың құрылуына 74 мемлекеттің іскерлері атсалысты, оның
ішінде 11 мемлекет бұрынғы КСРО құрамындағы елдер. Біріккен және шетел
кәсіпорындарының капиталдық салынымдардағы үлесі 1995ж. 9,1 есе өсті.
Қазақстандағы кәсіпорындардың басым көпшілігі Ресей, Түркия, Германия және
АҚШ фирмалары және корпорациялары тарапынан ашылды.

2.2 . ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі
Ел экономикасындағы шет елдiк инвестициялар мен компаниялар
Ел экономикасындағы шетелдiк инвестициялар мен компаниялар
Қазақстан Республикасының салық жүйесiн жетiлдiру
Шетел инвестицияларын сақтандыру
Қазақстан экономикасындағы инвестицияның орны
Инвестиция нарығы, оның түрлері
Елдің инвестициялық климаты және оған әсер ететін факторлар
Инвестицияның мәні,формалары мен түрлері
Шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын орны
Пәндер