Өзін-өзі тәрбиелеу туралы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 БӨЛІМ. ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ӨЗІН.ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1. ӨЗІН.ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... ..7
1.2. ӨЗІН.ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МОТИВТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНА ЫҚПАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2 БӨЛІМ. ОҚУШЫНЫҢ ӨЗІН.ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ ШАРТТАРЫ, СЕБЕПТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.1 ЖАЛПЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ӨЗІН.ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2..2 ӨЗІН.ӨЗІ ТАНУ, СЕНДІРУ МЕН ИЛАНДЫРУ . ӨЗІН.ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.3. ӨЗІН.ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АНЫҚТАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
3 БӨЛІМ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ӨЗІН.ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕНУІНЕ ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
3.1. ҰЖЫМДА ӨЗІН.ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ..34
3.2. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕР МЕН НҰСҚАУЛАР ... ... ... ... ... ..36
3.3. АТА.АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР МЕН НҰСҚАУЛАР ... ...38
4 БӨЛІМ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 49
Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі қазіргі ғылым тұрғысынан қарастырғанда жаңаша қабылданады. Өзін-өзі тәрбиелеу құбылыс ретінде әрқашан философтарды, психологтарды, физиологтарды және педагогтарды қызықтырған және қызықтырады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің нағыз негізі - адамға тән болып табылатын үйреншікті қатардағы жайларды жеңіп, өз өмір жолындағы үлкен, қызықты істерге ұмтылу. Бұл туралы Ковалев А.Г. былай деді: "Өздігінен жетілу адамға тән, өйткені ол шыншыл болса, ол ешқашан өзіне-өзі риза болуы мүмкін емес". Адамда бәрі дамыған, жетілген, бай болу мүмкіндігін пайымдауға барлық негіз бар және мұндай дамудың шын мәнінде шегі жоқ.[1 , 11 – 27-38 бб.]
Бірақ бізде жасырылған мүмкіндіктерді, біздің "Қалғып жатқан күштерімізді" ояту үшін, үздіксіз жүйелі өзімен - өзі жұмыс істеу қажет. Оны өзін-өзі тәрбиелеу деп атайды. Қытай даналары былай деген: "Үздіксіз ережесін қолданған, канша жерден надан болса да, міндетті түрде білімді болады, қанша жерден әлсіз болса да міндетті түрде күшті болады". [2 – 18-22 бб.]
Бірақ жемісті өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі шарты - үздіксіз ережені қолдану, жан-жалқаулығына бейімділік, әр мінездің жетіспеушілігі, адам үшін жеңе алмайтын қиыншылық болады. Жан-жалқаулығы өзін-өзі тәрбиелеу жолындағы ең негізгі кедергі. Француз жазушысы Лабрюллердің пайымдауынша: "тілегенімізге жету үшін бізге тәсілдерге қарағанда, табандылық жетпейді"- деген. [3 –18-21 бб.].
"Дхаммапада" ежелгі әдеби қайнарында, қандайда болса ниетті жүзеге асыру үшін, өзінің әлсіздігін жеңудің мәнін айқын метафоралық, түрде көрсеткен: "Егер біреу шайқаста мың рет мың адамды жеңсе, ал басқасы өзін-өзі жеңсе дәл сол басқасы - шайқастағы ең ұлы жеңімпаз". [4- 98-102 бб.]
Соңғы уақытта өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі оқуды белсендендіру туралы сұрақты зерттеумен байланыстырып жатыр.
1.Кон И.С. Психология юношеского возраста. М., Просвещение. 1979 г. 125 с.
2. Мудрик А.В. О воспитании старшеклассников. М., Просвещение, 1976 г. 524с.
3.Богословский В.Е. Психология и воспитание школьников. ЛГУ, 1974 г. 345 с.
4. Овчарова Р.В. Справочная книга школьного психолога М.,1993г. 425 с.
5. Мерлин В.С. Лекции по психологии мотивов человека. Пермь, 1971 г. 215 с.
6. Проблемы теории воспитания. Жинақ редакциясын басқарғандар
Л.П. Буева, Л.И. Новикова, Г.Н. Филонов. М., 1974 г. 685 с.
7. Рувинский Л.И., Арет А.Я.Самовоспитание школьников. М., 1976г. 564 с.
8. Славина Л.С. Дети с аффективным поведением. М., 1976 г. 421 с.
9.Страхов И.В. Психологические основы педогогического такта. Саратов, 1972 г. 645 с.
10.Управляемое формирование психических процессов// Под ред. П. Я. Гальперина. Изд-во Моск. ун-ва, М:. с.198., 1977 г. 312 с.
11.Ковалев А.Г. Самовоспитание школьников. Москва. Просвещение. 1967 г. 165 с.
12.Алякринский Б.С.. Беседы о самовоспитании. М. Знание. 1977 г. 752 с.
13.Ковалев А.Г.. Психология личности. М. Просвещение. 1972 г. 235 с.
14.Рувинский Л.И. Самовоспитание личности. М. Педагогика. 1979 г. 450 с.
15.Кон И.С. Психология ранней юности. М. Просвещение. 1989 г. 412 с.
16.Рувинский Л.И., Арет А.Я. Самовоспитание школьников. М. Педагогика. 1976 г. 624 с.
17.Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя. М. Просвещение. 1982 г. 421 с.
18.Кон И.С. Психология ранней юности. М. Просвещение. 1982 г. 653 с.
19. Иващенко Ф.И. Труд и развитие личности школьника. М. Просвещение 1982г. 520 с.
20.Леонтьев А.Н.. Деятельность. Сознание. Личность М. Политиздательство 1975 г. 415 с.
21. Примерное содержание воспитание школьников. Под ред. Марьенко И.С.. М. Просвещение 1976 г. 630 с.
22. Кавалев С.В. Психология современной семьи. М. Просвещение 1988 г. 460 с.
23. Сухомлинский В. А. О воспитании. М. 1975 570 с.
24.Талчинов М.Г. Воспитание и самовоспитание школьников. М. 1982 г. 630 с.
25.Орлова Ю.М., Творогова Н.Д., Косарев И.И. Психологические основы воспитания школьников. Высшая школа . 1989 г. 230 с.
26.Столяренко Л.Д. Основы психологии. Феникс. 1997 г. 425 с.
27.Рувинский Л.И. Самовоспитание личности. Мысль. 1977 г. 830 с.
28.Жутикова Н.Д.. Учителю о практике психологической помощи. М. Прсовещение 1988 г. 120 с.
29.Леви В.Л.. Я и Мы. М. 1969 г. 750 с.
30. Князева М.Л. Ключ к самосозиданию. М. 1976 г. 250 с.
31.Позднова Г.П., Золотнякова А.С. Индивидуальные изучение личности подростка. Ростов-на-Дону. 1976г 330 с.
32.Леви В.Л.. исскуство быть собой. Знание. 1991 г 660 с.
33.Вопросы психологии личности. Межвузовский сборник. Ульяновск. 1977 г. 420 с.
34.Ковалев А.Г. Воспитание ума, воли и чувств. Минск. 1974 г. 520 с.
35.Деркач А.Л., Исаева А.А. Педагогика и психология деятельности организатора детского спорта. М. Просвещение 1985 г. 450 с.
36.Философия және мәдениеттану: Оқу құралы /Құраст. Ж.Алтаев, Т. Ғабитов, А.Қасабеков және т.б. - Алматы, Жфі жарғы, 1998 -272 бет. 435 б.
37.Сангилбаев О.С. Оқу материалын таімді жоспарлау арқылы оқушылардың зейінінің қасиеттерін дамыту. Канд. диссерт. авторефераты Алматы, 1999 ж.-31 бет
38. Учителям н родителям о психологии подростка: Науч. - попул./ Г.Г. Аракелов, Н.М. Жариков, Э.Ф. Зеер и др.; Под ред. Г.Г. Аракелова.- М: 1990-304 стр.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 БӨЛІМ. ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ
ОРНЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1. ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘНІ ... ... ... ... ... ..7
1.2. ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ МОТИВТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНА
ЫҚПАЛЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2 БӨЛІМ. ОҚУШЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ ШАРТТАРЫ, СЕБЕПТЕРІ,
ТӘСІЛДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
2.1 ЖАЛПЫ ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӨЗАРА
БАЙЛАНЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
2..2 ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ, СЕНДІРУ МЕН ИЛАНДЫРУ - ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ
ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.3. ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
АНЫҚТАМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .31
3 БӨЛІМ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕНУІНЕ
ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
3.1. ҰЖЫМДА ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ..34
3.2. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕСТЕР МЕН НҰСҚАУЛАР ... ... ... ... ... ..36
3. АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР МЕН НҰСҚАУЛАР ... ...38
4 БӨЛІМ. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... 49

КІРІСПЕ

Өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі қазіргі ғылым тұрғысынан қарастырғанда
жаңаша қабылданады. Өзін-өзі тәрбиелеу құбылыс ретінде әрқашан
философтарды, психологтарды, физиологтарды және педагогтарды қызықтырған
және қызықтырады.
Өзін-өзі тәрбиелеудің нағыз негізі - адамға тән болып табылатын
үйреншікті қатардағы жайларды жеңіп, өз өмір жолындағы үлкен, қызықты
істерге ұмтылу. Бұл туралы Ковалев А.Г. былай деді: "Өздігінен жетілу
адамға тән, өйткені ол шыншыл болса, ол ешқашан өзіне-өзі риза болуы мүмкін
емес". Адамда бәрі дамыған, жетілген, бай болу мүмкіндігін пайымдауға
барлық негіз бар және мұндай дамудың шын мәнінде шегі жоқ.[1 , 11 – 27-38
бб.]
Бірақ бізде жасырылған мүмкіндіктерді, біздің "Қалғып жатқан
күштерімізді" ояту үшін, үздіксіз жүйелі өзімен - өзі жұмыс істеу қажет.
Оны өзін-өзі тәрбиелеу деп атайды. Қытай даналары былай деген: "Үздіксіз
ережесін қолданған, канша жерден надан болса да, міндетті түрде білімді
болады, қанша жерден әлсіз болса да міндетті түрде күшті болады". [2 – 18-
22 бб.]
Бірақ жемісті өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі шарты - үздіксіз ережені
қолдану, жан-жалқаулығына бейімділік, әр мінездің жетіспеушілігі, адам үшін
жеңе алмайтын қиыншылық болады. Жан-жалқаулығы өзін-өзі тәрбиелеу жолындағы
ең негізгі кедергі. Француз жазушысы Лабрюллердің пайымдауынша:
"тілегенімізге жету үшін бізге тәсілдерге қарағанда, табандылық жетпейді"-
деген. [3 –18-21 бб.].
"Дхаммапада" ежелгі әдеби қайнарында, қандайда болса ниетті жүзеге
асыру үшін, өзінің әлсіздігін жеңудің мәнін айқын метафоралық, түрде
көрсеткен: "Егер біреу шайқаста мың рет мың адамды жеңсе, ал басқасы өзін-
өзі жеңсе дәл сол басқасы - шайқастағы ең ұлы жеңімпаз". [4- 98-102 бб.]
Соңғы уақытта өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі оқуды белсендендіру туралы
сұрақты зерттеумен байланыстырып жатыр.
ТҰлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі - өзімен жұмыс істеуде бірінші қадам және
күрделі үрдіс, бұл кезде сырттан көмек туралы мәселе пайда болады. Өзімен
жұмыс істейтін тұлғаға беретін психологиялық көмектен, бағыттылықтан және
ұйымдастырушылықтан өзін-өзі тәрбиелеудің эффективтілігі тәуелді болады.
Сондықтан осы ғылыми зерттеу жұмысының өзекті мәселелерінің бірі тұлғаның
өзін-өзі тәрбиелеуде психологиялық көмекті ұйымдастыру болып табылады.
ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ: Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерін, тәсілдерін
талдап зерттеу.
ЗЕРТТЕУ ПӘНІ: Оқушының өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін қазақ тіліне
бейімделген талаптану денгейін анықтау (Шварцвандердің) әдістеме
көмегімен зерттеп талдау.
ЗЕРТТЕУ МІНДЕТТЕРІ:
Өзін-өзі тәрбиелеуді талдаған ғылыми әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау.
Өзін-өзі тәрбиелеу мотивтерін, байланыстарын, тәсілдерін талдау.
Өзін-өзі тәрбиелеуді практикалық тұрғыдан зерттеу әдісттерін қазақ тіліне
бейімдеп (талаптану деңгейі, сіздің өз-өзіңізді бағалауыңыз), сынақтан
өткізу.
Өзін-өзі тәрбиелеуді зерттеу әдістерін оқу және диплом практикасын
пайдаланып іске асыру.
Зерттеу жұмысы барысындағы жинақталған материалдарды өңдеу.
Өңдеген материалдарды теориялық талдауларға негіздеп тұжырымдау.
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ : жеткіншек жастағы мектеп оқушылары
ЗЕРТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОРАМАЛЫ: Егер оқушының өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне
байланысты жан-жақты көмек сонымен қатар психологиялық көмек
ұйымдастырылса, онда оқушының өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі эффективті болады.
ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗІ: Өзін-өзі тәрбиелеудің жалпы теориясын
өңдеуде оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәселесіне көп зейін аударған
А.К.Ковалев өзін-өзі тәрбиелеу мәселесімен айналысқан. Өзін-өзі
тәрбиелеудің кәсіптік негізіне С.Б. Елканов тоқтап өткен. Сондай-ақ әйгілі
психолог Р.С.Немовта осы мәселені өзінің еңбектерінде қамтыған.
Ж.И.Намазбаеваның тұлғаны дамытуда кешенді жүйемен психологиялық зерттеу
ұйымдастыру теориялары. Сонымен катар шет ел ғалымдары мен психологтары:
Г.К.Лихтенберг, тағы басқалар өзін-өзі тәрбиелеу және ұйымдастыру мәселесі
жайлы өз ойларын айтқан. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зерттеуде "Талаптану
деңгейін анықтау" - әдістемесін А. Шварцвандер өңдеп ұсынған.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ: Зерттеу жұмысы теориялық, эксперименттік
бөлімдерден және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1 БӨЛІМ. ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ОРНЫ
Өзіндік сана, өзін-өзі тәрбиелеу - күрделі психологиялық құрылым.
Өзіндік сана, өзін-өзі тәрбиелеу - біріншіден өзінің теңдестігін ұғынуды;
- екіншіден белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз "менін" ұғынуды;
- үшіншіден өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды;
- төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі
бір жүйесін қамтиды [1,13]. Бұл элементтердің барлығы бір-бірімен
функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Өзінің психикалық
қасиеттерін ұғыну мен өзін-өзі бағалау жеткіншектік және жас өспірімдік
кезеңде неғұрлым маңызды орын алады. Бірақ бұл компоненттердің бәрі өзара
байланысты болғандықтан, оның біреуінің дамуы бүкіл жүйені өзгертпей
қоймайды. Жеткіншектің өзі-ақ өзін көрсетуге барынша ұмтылу мен өзінің
"мені" мен өз қасиеттеріне зор ынта кояды. Атап айтқанда, ол өзінің келбеті
мен дене тұлғасын мүлдем жаңаша қабылдай бастайды. Бұл зор ынта баланың жас
өспірім шағында да сақталады. Өзінің өзгергіш тұлғасын зер сала зерттейтін
жас өспірім ұлдар мен қыздар бұған барынша алаңдайды. Балалардың бәрі
дерлік өз келбеттерін өзгерткісі келеді. Олар үшін әсіресе құрдастары
алдындағы беделін өсіріп, танымалдығын арттыратын касиеттер ерекше маңызды.
[5,14]
Жеткіншектің көбісі талап толық болғанына, бетіне безеу шығуына т.б.
қынжылады. Әсіресе кеш толысатын ер балалар мұнысына қатты уайымдайды;
екінші жыныстық белгілердің шықпай кешігуі құрдастарының алдындағы беделін
төмендетіп қана қоймай, өзін қатарынан кем сезінуді туғызады. Бұл
қынжылыстар әдетте, ешкімге білдірілмейді. Өз денесінің жас өспірімдердің
өзін-өзі ұғынуының, ересектердің ойлағанындай емес анағұрлым маңызды
компоненті [2,22; 3,16].

1.1. Өзін-өзі тәрбиелеудің психологиялық мәні

Бала неғұрлым өскен сайын оның мінез құлқы бағалаудан гөрі өзін-өзі
бағалауға соғұрлым бағдар ала түседі. Алайда өз қасиеттерін, әсіресе
батылдық, ерлік немесе принципшілдік секілді күрделі моральдық-
психологиялық қасиеттерді ұғынудың өзінде-ақ эмоциялық бағалау мен
әлеуметтік салыстыру сәттері қамтылады. Жеткіншек өзінің қандай екенін,
қаншалық құнды, қабілетті екенін, барынша білгісі келеді. Өзін-өзі
бағалаудың екі тәсілі бар:
- Біреуі өз талаптарының деңгейін жеткен нәтижесімен өлшемдестіру.
Бірак жеткіншектің өмірлік тәжірибесінің шектеулілігі мұндай тексеруді
қиындатады. Ересектердің көзқарасымен қарағанда қисынсыз көптеген қылықтар
- кауіпті сотқарлық, даңғойлық - көзге түсіп, жұртқа танылғысы келгеннен
гөрі өзінің батылдығын, өжеттігін т.б. сынап көргісі келуден болады.
- Өзін-өзі бағалаудың екінші жолы - әлеуметтік жарыс, өзі туралы
төңірегіндегілердің пікірлерін салыстыру. Төңірегіндегілердің өзі туралы
пікіріне өте-мөте сезімтал қарайтын жеткіншектің өзі- ақ әркімнің бағалары
емес, бағалауларының өлшемінің әрқилы болатынына көзі жетеді. Сыныптары
ерлік деп бағалаған әрекетті педагог жалған жолдастык деп атайды. Осыдан
келіп таңдау, өздігінен ойланып көру қажет болып шығады.
Өз "менінің" бейнелері күрделі әрі бір мәндес болмайтыны белгілі. Мұнда
нақты "менің" де, мұраттағы "мен" де, қиялдағы "мен" де көз алдына
елестететін толып жатқан басқа "мендер" да бар. Тіпті адамның өзін-өзі
ұғынуы да қарама-қайшылықтарсыз болмайды және өзін-өзі бағалаудың бәрі
адекватты емес. Жасөспірімдік кезеңде мәселе бұдан да қиынырақ. Кейде жас
өспірім өзін-өзі бақылау арқылы өзін білсем дейді. Бала жас өспірімдік
кезінде жалпы алғанда интимдік күнделіктердің шығуынан да, көркем әдебиет
видео бейнелерін өзіне "өлшеп көруден" де, басқа адамдардың ішкі жан-
дүниесіне көбірек ден қоюдан да аңғарылады.
Кейбір психологтар жас өспірімдік рефлексиясының өзін-өзі оқшаулау,
шындық болмыстан, қиялдағы арман дүниесіне беріліп кету қаупі бар деп
есептеп, оған теріс көзқараста болады [7,11]. 15 жастағылардың ішкі жан-
дүниесі алаңсыз болып көрінгенімен әжептеуір қалыптасқан және нәзік болады.
Психикалық саулық нормаларының өзі оларда үлкендердегіден қарағанда өзгеше.
Кіші шәкірттік жастағыларға қарағанда, жас өспірім ұлдар мен қыздарда
алаңдаудың жалпы дәрежесі жоғары. Балалықпен қоштасу көп жағдайда бір
нәрседен айырылу сезімі ретінде, өз "менінің" бұлыңғырлығы, жалғыздық, өзін
басқалар түсінбейтіндей көру және т.с.с. ретінде уайымдалады.
Алайда бұл сәттерді асыра бағалауға болмайды. Жас өспірімдік шақтың
қиыншылықтары бұларға бәрі душар бола бермейтінін, кезікеннің өзінде
соншалықты қиын болмайтынын айтпағанның өзінде бұлар ойдағыдай жеңуге
болатын өсу қиыншылықтары. Тұтас алғанда жеткіншектік - өте бақытты шақ.
Тұрақты эгоцентризмнің нақты қаупі невротизм белгілері бар жасөспірімде
ғана немесе бұған дейінгі дамудың ерекшеліктерімен байланысты оған бейім
жастарда ғана болады. Жақсы педагог мұндай балаларды қарым-қатынастың олар
үшін неғұрлым қолдан келетін және қолайлы формаларына елеусіз тарта отырып
тиімді көмек жасай алады. Алайда қысым атаулы немесе дөрекі араласу қосымша
тауқыметке ғана ұрындырады. Адамгершілік тұрғыдан байсалды ортада
тәрбиеленген жеткіншек қыздар мен ұлдардың көпшілігінде психологиялық
оқшаулану мен рефлексия қарым-қатынасқа кедергі болмағанымен қоймай, қарым
-қатынастың тереңдеп, оның іріктеліп өсуіне жағдай жасайды.
Өзіне-өзі талдау жасауды өзін-өзі мақсатсыз байқаумен шатастыруға
болмайды. Қайталанбас дара адам ретінде өзін-өзі ашу осы адам өмір сүруге
тиісті әлеуметтік дүниені ашумен ажырағысыз байланысты. Жас өспірімдік
рефлексия:
- бір жағынан, өзінің менін ұғыну ("Мен кіммін? Мен қандаймын? Менің
қабілеттерім қандай? Мен өзімді не үшін сыйлай аламын? ");
- екінші жағынан дүниедегі өзінің жағдайын ұғыну (Менің өмірлік мұратым
қандай? Менің достарым, жауларым кім? Кім болғым келеді? Өзім де,
айналадағы дүние де жақсы болу үшін мен не істеуге тиістімін?) болмақ. Мұны
әр кезде бірдей ұғынбаса да жеткіншектің өзі-ақ өзіне арналған алғашқы
сұрақтарды қояды.
Екіншіден, неғұрлым, жалпы дүниетанымдық сұрақтарды жеткіншек адам
қояды, онда өзіне-өзі талдау жасау әлеуметтік адамгерішлік тұрғыдан өзін-
өзі анықтаудың әлементіне айналады. Жеткіншектік өмірлік жоспарлары көбіне
қиялдағы сипатта болатыны сияқты бұл өзін-өзі талдау да көбіне қиялдағы
сипатта болады. Бірақ өзін-өзі талдауды кажетсінудің өзі - дамыған адамның
қажетті белгісі және нысаналы түрде өзін-өзі тәрбиелеудің алғы шарты.
Жеткіншектік рефлексиясының тереңділігі мен интенсивтілігі көптеген
әлеуметтік (әлеуметті тегі мен ортасы, білім деңгейі), жеке типологиялық
(интроверсияның, экстраверсияныц дәрежесі) және өмірбаяндық (отбасында
тәрбие алу жағдайлары, құрдастарымен қарым-қатынас, оқыған кітаптардың
мазмұны) факторларға байланысты, бұлардың ара қатынасы әлі зерттелмеген.
Жеткіншектің біреуі оншалықты ұнатса, енді екіншілері, керісінше, одан
үрейлене корқады, аз ғана уақыттың өзіне жалғыз қала алмайды,
рефлексивтігінің жетіспеушілігінен өздері ұғына алмайтын өз проблемаларынан
қашқақтау үшін қарым-қатынаста болғысы келмей ме екен деген күдік туады.
Ал, негізгі, дені орташа жағдайда болады. Тәрбиеші бұл айырмашылықтарды
біліп ескеріп отыруға тиісті [8 – 67 бб.].
Өзін-өзі сыйлау және оның функциялары.
Тұлғаның көбіне-көп балаң жасөспірімдік шақта қалыптасатын ерекше
маңызды белгісі - өзін-өзі сыйлау, яғни қорытындылағаннан өзін-өзі бағалау,
өзін жеке адам ретінде қабылдау не қабылдамаудың дәрежесі. Өзін-өзі барынша
сыйлау менменсудің не сын тұрғысынан қарамаудың синонимі емес. Мұның мәнісі
адам өзін өзгелерден нашармын не төменмін деп санамайды, өзін жақсы көреді
деген сөз. Керісінше, өзін-өзі сыйлаудың төмендігі үнемі көңіл
толмаушылықты, өзін жек көруді, өз күшіне сенбеуді көрсетеді.
Өзін-өзі сыйлаудың белгілі бір адамға тән деңгейі жекелей өзін-өзі
бағалаудан өзгеше біршама орнықты болады, дегенмен ұзаққа созылған сәтті не
сәтсіз оны тиісінше арттыруы немесе азайтуы мүмкін. Өзін-өзі сыйлаудың
қалыптасуына кішкентай кезінен бастап-ақ көптеген факторлар - ата-
аналарының көзқарасы, құрдастарының арасындағы жағдайы т.б. әсер етеді. Жас
өспірімдік шақта бұрынғы құндылықтар жүйесінің бұзылуына және өзінің жеке
қасиеттерін жаңадан ұғынуға байланысты өзінің жеке басы туралы түсінік
қайта қаралады. Жас өспірімдер көбіне көтеріңкі, болмысқа сай келмейтін
талаптар кояды, өз қабілеттерін ұжымдағы алатын орнын т.б. асыра бағалайды.
Бұл өзіне деген негізсіз сенімділік көбіне ересектерді (құрдастарын да)
мезі қылады, көптеген тартыстар мен түңілушіліктер туғызады. Жас адам
өзінің нақты мүмкіндіктерінің шамасын көптеген сынаулар мен қателесулерден
кейін барып біледі.
Жеткіншектің өзіне деген сенімі қаншалықты жағымсыз болғанымен,
психологиялық тұрғыдан өзін-өзі сыйлаудың кемдігі анағұрлым қауіптірек.
Мұның өзі адамның өзі туралы түсінігін қарама-қарсы әрі орнықсыз етеді.
Өзін-өзі сыйлауы төмен жас өспірім жігіттер мен қыздар қарым-қатынаста
көбінесе қиыншылық көреді, қайсібір жалған бет перде жасап алып,
айналасындағылардан бөлектенуге тырысады. Басқа рөлде көрінуге тырысуы ішкі
қарбаластықты күшейтеді. Мұндай адамдар сынағанды, күлгенді, жазғырғанды
өте ауыр алады, жұрттың өзі туралы не ойлайтынына мазасызданады. Адамның
өзін-өзі сыйлауы неғұрлым төмен болса, оның жалғызсырап қиналуы соғұрлым
көбірек болады. Өзін-өзі сыйлаудың төмендігінен барып адамның әлеуметтік
талаптарының деңгейі біршама төмен болады, оны жарысу сипаты бар іс-әрекет
атаулыдан тартындырады. Мұндай адамдар көбіне өз күштеріне сенбегендіктен,
алға қойған мақсаттарына жетуден бас тартады. Ал мұның өзі олардың өзін-өзі
төмен бағалауын нығайта түседі. Өзін-өзі сыйлаудың төмендігін ұялшақтықпен
- бір деп санауға болмайды. Егер мұғалім оқушылардың қайсібіреуінен өзін
сыйлаудың төмендігінің белгілерін аңғарса, жеке адам үшін бұл қауіпті
процесті болдырмау үшін жеткіншек өзінің әлеуметтік және азаматтық бағасын
анық дәлелдейтіндей жағдай жасауға міндетті түрде ұмтылуы керек.
Кіші шәкірттік жастағы жеткіншектер көбінесе өздерін сырттан көре
алмайды, өз қылықтарын басқара алмайды. Есейген жеткіншектерге өздерінің
аффективтік реакциялары мен бүкіл мінез-құлқын билеуге ұмтылу тән. Олардың
көбінде өздерін ұстай білуі біршама дамыған, ал қажет болғанда шынайы
қатынасын, пікірін, көңіл-күйін жасыра алады. Мінез-құлықта қосарлылық
пайда болады. Есейе келе өзін ұйымдастыру тенденциясы артады. Әр түрлі
кәсіптердің мәні туралы пайымдаулар туады. Ілгеріде айтылғандай ол "қажет",
"қажет емес", "маңызды", "маңызы жоқ" деп сараланады. Мұндай саралануға
жекелей құндылықтардың қалыптасып келе жаткан жүйесі арқау болады. Уақыттың
тез өтетінін сезіну, оны бос өткізбеуге ұмтылу, жоспарлауға әрекеттену
шығады. Алайда қабылданылатын шешімдер көбіне тікелей ниеттерге қайшы
келеді, бұл ниеттерді жеңеді. Жеткіншекте "ақыл" мен "жүрек" жиі ынтымақта
бола бермейді. Көп балалар өздерінің ұйымдаспағанын жігерім жоқ деп
ақтайды. Оны тәрбиелеу жеткіншектердің көпшілігі үшін бірінші дәрежелі
міндетке айналады. Басқа қасиеттер де тәрбиеленеді.
Жеткіншектерде өзінің ілгері басуына көзқарас, оны бақылау,
міндеттерінің орындалмауы үшін күйініш, өзін-өзі кінәлаулар, өзін-өзі сынау
пайда болады.
Зерттеулер 7-8 сынып оқушыларының көпшілігі осы бастан өзін-өзі
тәрбиелеумен шұғылданатынын көрсетті. Ол бәрінде бірдей жүйелі сипатта
болмағанымен, басталғанының өзінің принципті маңызы бар. Жеткіншек кезінде
жеке адамның дамуындағы аса маңызды жаңа сәт жеткіншек іс-әрекетінің пәні
оның өзі болады; бір тұрғыдан ол өзін тежейді, екіншісін қаратып, үшінші
біреуін қайта құрады. Белгілі бір үлгілерді, бүгінгі күн мен болашақтық
қажеттіліктерімен байланысты өзі үшін нақты маңызы бар міндеттер мен
мақсаттарды бағдар етіп, ол өзіне іс-әрекет жасап, өзін құра бастайды. Жаңа
қасиеттерге игеру үшін өзін өзгертуге бағытталған мұндай мақсаткерлік пен
іс-әрекеттің пайда болуы жеткіншектік кезеңге тән және жеке адамның
дамуындағы сапалық тұрғыдан жаңа кезеңге көшуді білдіреді.
Педагогика шәкірттің мінез-кұлқын түзетуге оның талаптану дәрежесін
қалыптасытыратын өзін-өзі бағалауының сипатын бағдарлау маңызды. Тепе-тең
келмейтін талаптану жеткіншектер мен жоғары сынып оқушыларының аса маңызды
қажеттіліктерінің бірі - өзін орнықтырудағы қажеттіліктердің, өмірде,
қоғамда өз орнын табу, өзінің әлеуметтік позициясын бекітуге
қажеттіліктерінің қанағаттанбай қалуына әкеліп соқтырады. Бұл
қажеттіліктерді қанағаттандыру төңірегіндегі адамдардың - жолдастары мен
ересектердің тиісті қарым-қатынастарын, олардың шәкірттердің потенциалдық
күшін, оның дара қасиеттерін бағалаумен қамтамасыз етіледі. Сондықтан
балаларға ұрсып, жазалаудың түрлі шараларын қолдану арнайы педагогикалық
әділеттілікті талап етеді. Ешқандай тіпті ең қатаң шаралар да адамның жеке
басының қадір қасиетін кемітпеу керек. Кез келген жазалау мадақтау сияқты,
егер ол әділ болмаса, баланың жеке басын сыйламаса, балалар ұжымының ортақ
пікірімен үндесіп жатпаса тиімді бола алмайды. Оның үстіне мектеп
оқушысының мінез-құлқын ұжымының мінез-құлқымен оның қоғамдық пікірімен
"әлеуметтік үйлестіруге" шешуші орын бере отырып, деп атап көрсетті.
Л.С.Выготский, баладан ол адамгершілікке жатпайтын жасаудан қорыққандықтан
адамгершілік іс істеуді талап етпеген жөн.
Жазаны барлық қырсықтан құтылудың емі деп есептеп, мақсатты түрде
ұйымдастырылған тәрбие жүйесімен балалардың мінез-құлқын қалыптастыру және
түзету жөніндегі тұрақты жұмысты жазамен ауыстыруға жол беруге болмайды.
Психологтың тиімділігінің критерийі - балар мінез-құлқының практикасы.
Осы практиканы бағалауда өткізілген шараларда тіпті оқушылардың оған
қатынасу дәрежесі де сипаты да емес, нақтылы қызметте туындайтын қарым-
катынастар шешуші болып есептеледі. Сондықтан тәрбие ықпалы әдістерінің
жүйесінде басты буын - олардың біздің қоғамның адамгершілік нормаларына
сәйкес сан түрлі карым-қатынастарын құратын балалардың сан алуан іс-
әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады. Әлбетте, мектеп оқушысының жеке
басын нақты қалыптастыру тәрбие ықпалының тікелей және ортақ әр түрлі
әдістерінің тұтас жүйесі арқылы іске асырылады. Оның ішінде дара және
ұжымдық этикалық әңгімелесулер, лекциялар, диспуттар, көрермендер мен
оқушылар конференциялары және мектеп оқушыларын адамгершілік мәселелерді
қойып, оны шешуге, ол туралы өзінің пікірін айтып, жолдастарының
адамгершілік туралы пікірлерше ынта қоюға және т.б. итермелейтін басқа да
әдісттер едәуір орын алады. Бірақ жеке адамның адамгерщілік сапаларын
қалыптастыруға қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сн алуан формалары мен
түрлерін ұйымдастыру неғұрлым көбірек психологиялық және өткізу әдістері,
қоғамдық мінез-құлық формаларын баулу әдісттері адамгершілік әдеттерін
жасау т.б. кіретін іс-әрекеттердің жүйесін құру методикасы ерекше назар
аударуды талап етеді.
Балаларды адамгершілік мінез-құлыққа жаттықтыратын қоғамдық
белсенділікті қалыптастыру үшін жасалған қылықтарды ретімен қайталауды,
мектеп оқушыларының жеке басының жауапкершілігі мен басқа да құнды
қасиеттерін өрбітіп отыратын, арнайы психологиялық ситуацияларды тіпті
жасанды ситуациялардан да қорықпай-ақ туғызып отыру орынды. Олардың
қатарында мектеп оқушыларының кез-келген қоғамға қажетті іс-әрекетке
катысуға моральдық даярлығын тәрбиелеу елеулі орын алады. Халық еңбегіне
белсенді қатысуға ұмтылу, адамға пайда келтіру, еңбек сүйгіштік
қажеттіліктеріне сүйене отырып, мамандықты саналылықпен таңдауды, таңдау
нәтижесі үшін өзінің, қоғамның алдындағы жауапкершілігін қалыптастыруды
көздейді. Жеткіншек өзін қайсібір рөлдерде тұрақты көре отырып, келешек
мамандық қызметін қиялдайды. Жоғары сынып оқушылары қайсібір мамандық
қызметті таңдап қоймай, өмірлік жоспарын белгілейді, еңбектегі әлеуметтік
өмір процесіндегі өзінің орнын нақтылы айқындайды. Мақсатты бағытта
құрылған кәсіби-бағдар жұмыстары педагогтардан мамандықты насихаттап,
олардың рөлі мен маңызы туралы хабармен бірге мектеп оқушыларының қоғамдық
пайдалы еңбек қызметі белсенді ұйымдастыруын талап етеді.
Тәрбие процесін ұйымдастыра отырып, педагогта әр түрлі мектеп жасындағы
балалармен саналы қатынас жасауға ұмтылады. Баланың психикасын дамытудың
әрбір жас кезеңінде белгілі бір жетекші іс-әрекетпен баланың жеке басын
қалыптастыруының негізімен байланысы бар. Жетекші іс-әрекеттің мазмұнын
өзгерту бала жетілуінің әлеуметтік -тарихи жағдайына байланысты. Бір
жағынан, балалардың психологиялық ерекшеліктерінің өзінің өзгеруіне
байланысты баланың жалпы ерекшеліктерін ғана емес, баланың психикасының
даму заңдылықтарын ескеру қажет. Екінші жағынан, қазіргі балалық шақка тән
жетекші іс-әрекеттің мазмұнын білу қажет. Оқушылардың тәрбие жүйесін кұруда
шәкірттердің қоғамдық пайдалы іс-әрекетін қалыптастырудың өзіне тән
ерекшеліктерін және оның тәрбие ықпалын балалар ұжымы арқылы ұйымдастыру
жолдарын білудің ерекше маңызы бар.
Өзін-өзі тәрбиелеу - жеке адамның өз кемістіктерін жою мақсатында
жасайтын саналы, жүйелі іс-әрекеті және жекелігін қарастыратын, әлеуметтік
талаптарға жауапкершілігін дамытатын жағымды қасиеттерін қалыптастыру
үрдісі.
Өзін-өзі тәрбиелеу күрделі құбылыс ретінде үнемі философтарды,
психологтарды, физиологтарды және педагогтарды қызықтырған және
қызықтырады.
Философтар негізінен қоғамның және жеке адамның дамуындағы өзін-өзі
тәрбиелеудің теориялық сұрақтарын карастырады. Психологтарды өін-өзі
тәрбиелеудің табиғаты, қайнар көзі (пайда болуы) және үрдістері
қызықтырады. Педагогтарды тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің өзара
байланысын, өзін-өзі тәрбиелеудің өсіп келе жатқан ұрпақты қалыптастыратын
жай факторлар жүйесіндегі рөлін анықтайды.
Тәрбиелеудің мәні және оның жеке адамның дамуындағы ролі туралы сұрақ,
материалистік және идеалистік философияда түрліше қарастырған.
Идеалистік философия мен психология:
біріншіден, өзін-өзі тәрбиелеуді тәрбиелеуден және өмір жағдайларынан
бөліп қарастырады;
екіншіден, өзін-өзі тәрбиелеудің рөлін жоғары бағалайды. Мысалы
идеалист-философтар өзін-өзі тәрбиелеуді, қоғамның және жеке адамның
дамуының негізгі және жалғыз көзі деп санайды.
Сол сияқты философиядағы жаңа идеалистік бағыттың экзистенциализмнің
өкілдері, адам өз мәнін тек өздігінен жетілу жолымен ғана таба алады деп
санайды. Француз экзистенциалисі Сатр “Адам өзін кім деп есептесе сол
болады” - деп тұжырымдады, яғни материалдық, мәдени, саяси және тәрбиелеу
жағдайлары - жеке адамның қалыптасуында мағынасы бола бермейді деген ой
айтады.
Кезінде теоретиктер өзін-өзі тәрбиелеуді тек жеке адамның маңызды
үрдісі ретінде қарастырган. Бұл теорияның өкілдері өзін-өзі тәрбиелеуің
көзін, мақсатын, тәсілін жеке адамның өзінде көреді.
Басқаша айтқанда өзін-өзі тәрбиелеу жеке адамның оңаша өздігінен жетілу
үрдісі ретінде қарастырылған.
Шынында өзін-өзі тәрбиелеу әлеуметпен байланыстырады және белгілі
әлеуметтік мүдделерге қызмет етеді [11,6].
Өмір сүру үшін адам еңбек ету керек, еңбек ету үшін, ол табиғатпен және
адамдармен қатынасқа түсуі міндетті. Жалпы қоғам үнемі дамып отырады,
сондықтан өмір қарқынының артынан үлгеру үшін әркім өзін тәрбиелеуге
міндетті.
Адам тек сыртқы әлеуметтік жағдайларға бейімделмей ғана оларға белсенді
ықпал етеді.
Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбие сияқты жеке адамды қалыптастырудағы
қоғамдық міндетті атқарады. Тәрбие сияқты, өзін-өзі тәрбиелеу - жеке
адамның өнегелі - психологиялық қасиеттерінің қалыптасуының мақсаттылығы,
ерікті, сапалы үрдісі. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеуді жеке адамның қоғамдық
талаптағы және жеке даму бағдарламасына жауап беретін, қасиеттерінің
қалыптасуына бағытталған саналы, өзімен жасалатын жоспарланған жұмыс
ретінде сипаттауға болады-[7,14,39].
Яғни, өзін-өзі тәрбиелеудегі қажеттілік сыртқы жағдайлармен және
тәрбиелеумен ұштасқан. Ол дамып келе жатқан жеке адамның табиғи қажеттілігі
ретінде пайда болады және ары қарай өздігінен дамуға ықпал етеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу динамикалық үрдіс. Көп зерттеулер бойынша оқушының
дамуымен өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаты мен тәсілдері өзгереді. Мақсаттары
шындыққа сәйкес және жеке басының негізгі өмірлік бағытымен байланысты
болады. Сондай-ақ өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері де қалыптасады [24,48].
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның дамуының және іс-әрекетінің әртүрлі
сфераларын қамтуы мүмкін. Ол өнегелік немесе физикалық (дене), эмоционалдық-
еріктік немесе интеллектуалды және эстетикалык өзін-өзі тәрбиелеу түрінде
де болуы мүмкін. Адам өзінде, өзінің жоспарларына, негізгі өмірлік бағытына
немесе белгілі өмір кезеңіне, қосылған нақты мақсатына байланысты белгілі
қасиеттерді тәрбиелейді.
Көптеген психологтар өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын белгілегенде, негізгі
мақсат етіп жан-жақты дамуды белгіледі [11,56].
Өзін-өзі тәрбиелеуді А.С.Макаренко табиғи дамуының нәтижесі деп
қарастырған. Басында жеке адамның дамуы сыртқы талаптар ықпалымен жүреді,
сосын өзіне талап қою нәтижесінде, яғни өзін-өзі тәрбиелейді.
А.С.Макаренконың түсінуі бойынша өзін-өзі тәрбиелеу оңаша үрдіс емес,
ұжымның бірлескен іс-әрекеті.
Адам, И.П.Павлов айтуынша өзін-өзі реттеуі бойынша ең жоғары жалғыз
жүйе болып табылады. Мұндай жүйе жоғары дәрежедегі өзін-өзі реттеуші, өзін-
өзі қолдаушы, қалпына келтіруші және толық жетілдірілген [13,89].
Өзін-өзі реттеу - ол барлық тірі жандарға тән қасиет. Ол тіршілік
әрекетінің қажетті үрдісі, өзін-өзі реттеу организмнің өмірін және жеке
дамуын қамтамасыз ететін, сыртқы жағдайларға бейімдейтін үрдіс. Өзін-өзі
реттеу негізінде организм мен сыртқы орта арасында зат алмасу болады.
Өзін-өзі реттеу түрлі деңгейде және көп тәсілдермен іске асуы мүмкін.
Төменгі сатыдағы организмдерде физикалық-химиялық өзін-өзі реттеу орын
алады. Нерв жүйесінің пайда болуынан жүйкелік өзін-реттеу қосылады. Жоғарғы
сатыдағы жануарларда, әсіресе адамдарда химиялық (эндокриндік) және төменгі
жүйкелік реттеуге, психожүйкелік реттеу, жоғарғы жүйкелік іс-әрекет ретінде
қосылады. Адамның психожүйкелік өзін-өзі реттеуі сананың сапалығымен
ерекшеленеді. Психикалық өзін-өзі реттеу негізі адамның жоғары атқаруларын,
оның табиғатпен және әлеуметтік ортамен байланыстарын, оның іс-әрекетін,
ұжымдағы қылығына қатысты болады. Бірақ психикалық өзін-өзі реттеу, өзінің
дамуында бірқатар сатыдан өтеді [15 – 228 бб.].
Адамда өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі реттеу үрдістері сәйкес келеді
деуге бола ма? Мүлдем олай емес. Өйткені адам ұрығында да өзін-өзі реттеу
орын алады (әрине, психикалық емес). Тек өмірінің бірінші жылдарында сәбиде
психикалық өзін-өзі реттеудің бірінші белгілері көріне бастайды. Көргені,
естігені, бейне түрінде бекітіледі, көз, бас, қол, барлық денені іздеу
қозғалыстары белгілене бастайды. Бұл еріксіз импульсивті өзін-өзі реттеу
стадиясы. Бұл жерде өзін-өзі тәрбиелеудің қалыптасуының белгілері жоқ.
Баланың өсуімен және дамуымен шешуші рөлді сөз сигналдық сигнал ретінде
атқарады, яғни болмыс туралы қорытындыланған білімдердің сақтаушысы. Сөз
адамның жоғары функцияларын реттейді. Сонымен қатар, сөз бір жағдайлар
кезінде заттың тітіркендіруші сияқты, организмде өзгерістер тудырады. Бұл
еріктік өзін-өзі дамуының стадиясы, дәл осы кезде өзін-өзі тәрбиелеу пайда
болады [16 – 86 бб.].
Өзін-өзі тәрбиелеу міндетті түрде өзін білуде, өткенді талдауды өзіндей
жағымды және жағымсызды бағалау, сонымен қатар өзінің болашақ қылығын
жобалау, жобаны реалды психикалық құрылымға айналдыру мақсатымен өзімен
жұмыс істеуді жоспарлауды талап етеді [30 – 193 бб.].
Адамның барлық әрекеттері және істеген істері, сөздерде айтылған
түсініктермен реттеледі.
Яғни, адамның жеке басының дамуының белгілі сатысында өзін-өзі реттеу
және өзін-өзі тәрбиелеу үрдістері сәйкес келмесе де өзара әрекеттестікте
болады. Оларды сөз біріктіреді. Сөз арқасында біз өзін-өзі тәрбиелеудің
мақсатын қоямыз және өзімізбен жұмыс істеу жоспарын белгілейміз. Сонымен
катар сөз жоғарғы үрдістерді табиғат пен қатынастың оның әрекетін реттейді.
Сонымен белгілі кезеңді өзін-өзі реттеуін жоғарғы немесе еріктік түрі өзін-
өзі тәрбиелеудің механизмі болады [24 –48 бб.].

1.2. Өзін-өзі тәрбиелеудің мотивтері және олардың тұлғаның дамуына ықпалы

Адам саналы жан ретінде, үнемі өзінің іс-әрекетін мотивтеп отырады,
яғни өзіне және басқалараға белгілі себептерге байланысты не істегеніне
есеп беріп отырады.
Мотив - бұл сапалы талап. Адамды іс-әрекетке әсер ету күштері сияқты,
ішкі де күштерді талаптандыруы мүмкін. Сыртқы талаптарға экономикалык,
саяси, өмір жағдайлары, әлеуметтік идеологиялық және моралдық талаптары,
жеке адамға қойылатын ұжымның талаптары жатады. Егер, сыртқы талаптан жеке
адамның қызығушылықтарымен сәйкес келсе, онда олар қажетті және қалаулы
болады, адамның белсенділігіне түрткі болады. Егер де бұл талаптарды жеке
адам қабылдамаса, олардың қылықтарына ықпал етпейді [17,33].
Ішкі талаптарға материалдық және рухани қажеттіліктерді
қызығушылықтарды, адам сенімдерін көрсететін түрлі әлеуметтік мақсаттар
тағы басқалар жатады. Сонымен өзін-өзі тәрбиелеу тек жеке адамның ғана
емес, қоғамдық мәнді іс-әрекет. Сондықтан бұл іс-әрекеттің мотивтері
қоғамдық әрі жеке талаптарға сәйкес болуы мүмкін. А.Я.Арет, А.Г.Ковалевтың,
Л.С.Сапожникованың және басқаларының зерттеулерінің көрсетуі бойынша
оқушының өзін-өзі тәрбиелеуінің негізгі мотивтері келесілер болады:
Әлеуметтік моралдық талаптар
Ұжымның сыйлауы мен әлеуметтік орынға ие болуға талаптану
Жарыс (бәсекелесу)
Сын және өзін-өзі сынау
Үлгі
Материалдык кызығушылық [16,25].
Адамның өнегелі - психологиялық касиеттері, тәрбиелеуге және өзін-өзі
тәрбиелеуге байланысты. Өнегелі қасиеттер біртіндеп қалыптасып жетіледі,
яғни өнегелік өзін-өзі жетілдіру бойынша жұмыс, өнегелік талаптарды түсіну
тереңдігіне байланысты өмір бойы созылуы да мүмкін [13 – 44 бб.].
Әр адам (әсіресе оқушы) әлеуметтік тірі организм ретінде өмірден және
ұжымдағы іс-әрекеттен терең қанағат сезіміне бөленеді, әсіресе оның оқу
еңбегі, қылығы мақұлданып мойындалса. Сондықтан ұжымда кұрметті және сыйлы
адам орнына жету өзін-өзі тәрбиелеудің мәнді мотивтерінің бірі болуы
мүмкін. Мұндай мотив біріншісімен тығыз байланысты сыйлы болу үшін ең
бастысы өнегелі, тәртіпті адам болу керек. Мысалы, оқушы спорттық жетістік
үшін де ардаққа ие болуы мумкін. Сондықтан ол біріншіден өзін осы ұжым оны
мойындаған іс-әрекетінде өзін жетілдіреді [35- 299 бб.].
Жас жеткіншек жастағыларға тек өзара жұмсақтық рухы ғана смес,
бәсекелесу де тән. Жолдастық өзара көмек жағдайларында олар мектеп немесе
сынып намысын және ресми немесе биресми өздеріне бір міндеттер алса, өз
намысын бар ынтықтылығымен қорғайды. Сондықтан жарыс өзін-өзі тәрбиелеудің
маңызды мотивтерінің бірі болып табылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу мотиві ретінде сын немесе өін-өзі сынауда болады.
Ата-анасы, мұғалімдер, жолдастары жағынан сын, оқушыға өзіне және ұжымға
кедергі жасайтын өзінің қылығындағы және іс-әрекетінде кемшіліктерін
түсінуге көмектеседі. Егер ол кемшіліктерін жоймаса, ұжымдағы беделін,
жолдастарының сыйын жоғалтатынын және ата-анасын ренжітетінін және т.б.
негативті жайларды түсінеді. Мұның бәрін тусінген оқушы, өзімен белсенді
жұмыс істей бастайды [31, - 205бб. ]
Өзін-өзі сынауда, осындай қызмет аткарады. Бұл жағдайда индивид өзі, іс-
әрекетінің үрдісін және нәтижесін талдап, өзінде кемшіліктерді тауып,
олардың жағымсыз ықпалын түсініп, оларға ымыраласушылықпен қарайды. Осылай
өзін-өзі сынау, өзін-өзі тәрбиелеудің белгілі жоспарына жетелейді.
Жиі жағдайда өзімен жұмыс істеуге жігерлі және мейірбан адамның іс-
әрекеті үлгі болады. Ондай адам көркем шығарманың персонажы да, шынайы
өмірді байқаған адам да болуы мүмкін Бұл табиғи ынта, сондықтан олар жақсы
жұмыс істеуге, өз квалификациясын көтеруге, яғни жоғары жалақы алуға
ұмтылады. Осыны түсініп адам өзінің қоғамдық - еңбектік қызметтерді
орындауға дайындалу үшін өз бетімен білім алып, өзін-өзі тәрбиелеуге
ұмтылады. Сондай-ақ материалдық қызығушылықтың мотивін қолдай отырып, адам
тек өзі туралы ойлайтынға айналып кету мүмкіндігін ескеру қажет [27,- 110
бб.].
Жоғарыда көрсетілген мотивтер үлкендерге, балаларға орта және жоғары
сынып оқушыларына да тән. Бірақ талаптану жігерін түсіну мен мотивтердің
жалпы деңгейін түсіну дәрежесі жасына және оқушылардың жекелік
ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі болады.
Өзін- өзі тәрбиелеудің бір мотиві ретінде жас өспірім ата-аналарының,
педагогтардың олардың қылықтарына және іс-әрекеттеріне қойылатын әділ
талаптарды түсіну болып табылады. Жас өспірім, ұл балалар үшін көбінесе
өзін-өзі тәрбиелеудің мотиві жігерлі болуға ұмтылу болып табылады (мүмкін
оларды өз құрдастары мойындау үшін). Басқаларда бұл мотив нақтырақ болады -
жігерлі болу, спортшы болу үшін. Өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілік өте жиі
Л.С.Сарожникованың айтқанындай жаңа тапсырма немесе міндеттер алған кезде
болады [15 – 98 бб.].
Жоғарғы мектеп жасында, жасөспірімдерде талаптар болуы мүмкін, бірақ
олар терең түсініліп, тек бүгінгі күнгі талаптармен байланыстырылмай,
болашақ өмірмен, еңбекпен байланысты болады. Дәл осы мотив оларды қосымша,
арнайы әдебиеттерді оқуға, өзінің қиялын және ойлауын дамытуға, өз
темпераментін, сезімдерін Қарып, өзін ұжымда сыйлы, үлкен адам сияқты
ұстауға мәжбүр етеді [8 – 47 бб.].
Мотивтерді білу, тәрбиешіге бір жағдайды педагогикалык сақтай отырып,
оқушыны бағыттап түзей алады, екіншіден жағымсыз мотивті тежеуге үлесін
қосады, үшіншіден талапты терең түсінуге көмектеседі. Окушының жеке
ерекшеліктері туралы біліміне йенген тәрбиелік жұмыс тұлғаның әрекетін және
ісін нақты бағытын қалыптастыруды қамтамасыз етеді [13 – 54 бб. ].
Тұлғаның дамуы және қалыптасуы - сыртқы әсерлер және ішкі күштердің
үнемі әрекеттесіп даму сатысына байланысты, өзінің рөлін өзгертіп отыратын
күрделі және ұзақ үрдіс. Мәселен, негізінен мектепке дейінгі жасты
қамтитын, бірінші сатысында тұлғаның дамуы тұтас жағдаймен, жақын қоршаған
ортасымен белгіленеді. Сыртқы әсерлер және еліктеу баланың жеке басының
қасиеттерінің қалыптасуында шешуші мәнге ие.
Әрине, мектепке дейінгілерде өзін-өзі тәрбиелеу туралы айтуға болмайды.
Бірақ мұнда да өзімен жұмыс істеу элементтері орын алады. Олар бастауыш
мектептік жаста, яғни бірінші терең емес қызығушылықтар белгілене
бастағанда дами бастайды. Төменгі сынып оқушысы өзінің білімдерін кеңейту
үшін физикалық (дене жағынан) өзін-өзі тәрбиелеуге спонтандық әрекеттер
жасайды. Мұның бәрі тұлғаны тәуелсіздігінің қалыптастыруындағы бірінші
қадамдары [11 –125 бб. ].
Бірқатар зерттеулер бойынша (А.Я.Арет, А.А.Бодалев, А.Г.Ковалев,
И.А.Кочетов, Ю.А.Самарин, Ж.И.Намазбаева) өзін-өзі тәрбиелеу қажеттігі және
өзімен белсенді жұмыс істеу басталу кезеңі жеткіншек шақ болып табылады.
Бұл берілгендер бойынша көп жағдайларда оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуге
кажеттілік түсінігі 4-6 сыныпта пайда болады. Бұл өтпелі кезең деп аталатын
жас. [27- 89 бб].
Шынында да бұл жас дербестіктін пайда болуы өзінің, адамгершілігін
сезінуінің қалыптасуы, үлкендер ортасында өзін-өзі белгілеу және өзін-өзі
таныту қажеттіліктерінде көрінеді. Белгілі дайындықтың бар болуы (белгілі
білім және іскерлік, өмірлік тәжірибе, шеберлік) психикалық және дене
күшінің өсу шегі оқушының ересектікке, сынға және үлкендер мойындауын
талаптанудын негізі. Сонымен қатар талаптану мен шынайы мүмкіндіктер
арасында мәңгі қашықтық және қарама-қайшылық бар. Жас өспірім бір жағынан
өзінің талаптарына бас тарта алмайды, басқа жағынан өз әлсіздіктерін және
өз кемшіліктерін сырт тәуелсіздікпен және мінез-кұлық әдепсіздігімен
бүркемеленген өз әлсіздіктерін және өз кемшіліктерін көруі мүмкін емес. Дәл
осы киыншылықты түсіну, жас өспірімді осыны шешу мақсатында өзімен жұмыс
істеуге ықпал етеді.
Жасөспірім үлкеннің рөлін мектепке дейінгі бала сияқты ойнағысы
келмейді, ол басқалар мойындайтын үлкен адам болғысы келеді. Осыдан жеке
басын тез дамытуға қажеттілік пайда болады. Жас өспірім өзімен жұмыс істеу
тәсілдері арқылы:
- біріншіден, өзінің мінез-құлқындағы кемшіліктерді, әлсіз жақтарын
жоюға ұмтылады;
- екіншіден, оған күшті епті, дербес саналуға құкық беретін жеке
адамның жағымды қасиеттерін қалыптастыруға ұмтылады [33 –235 бб].
Зерттеулер нәтижелері жас өспірімдер ең басты ерік кемшіліктерін жоюға
және ерігі күшті адам сапаларын: батылдык, ерлік, төзімділік, табандылықты
өзін тәрбиелеуге ұмтылатындыгын көрсетеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесінде жас өспірімдер жинақырақ жүйелі оқуға
және еңбекке қабілетті болады. Бірақ бұл жаста өзін-өзі тәрбиелеу дұрыс
емес жолмен кетуі мүмкін. Сондықтан бұл жаста өзін-өзі тәрбиелеуде және ата-
ана тарапынан басшылық ерекше маңызды [18 – 48 бб.].
Өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттары жасқа және дамуға байланысты өзгереді:
олар шынайы. сонымен қатар өмірлік мәнді болады. Жоғарғы сынып оқушысында
өзін-өзі тәрбиелеу көбінесе өздігінен білім алумен сәйкес келеді және ой
операцияларын игеруге, кәсіптік бағытпен байланысты бейімділік және
дағдыларды қалыптастыруға бағытталады. Екінші жағы - жоғары өнегелік
адамгершілікті қалыптастыру.
Өзін-өзі тәрбиелеудің негізі, ол адамда жоғары өнегелік сапаларды
қалыптастыру.
Адам есейгенде де өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады. Өйткені өмір дамып
жатады, іс-әрекет оған жаңа талаптар қойады, егерде ол өзін-өзі соған
тартпаса ол дамымайтын еді. Бұған өзін-өзі дамыту факторы ретінде терең
кәрілікке дейін әсер етеді [23 – 51бб].
Сонымен сыртқы күштер аркасында даму және біріншіден тәрбиелеу мен өз
бетімен білім алу болып табылады.
Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның дамуының заңды құбылысы. Өзін-өзі қоғамды
құрылымға байланысты түрлі бағыт, индивидтік Қалыптасуында үлес салмағы
және пайдалы әрекеттік коэффициенті бар. Адам қоғам мүшесі болғандықтан,
оның тәрбиесіне және өзін-өзі тәрбиелеуіне көп факторлармен қоса, емір
жағдайлары да әсер өтеді.

2 БӨЛІМ. ОҚУШЫНЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ТӘРБИЕЛЕУ ШАРТТАРЫ, СЕБЕПТЕРІ, ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Жалпы тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеудің өзара байланысы

Өзін-өзі тәрбиелеу жеке адам тәуелсіз мақсат қойып оларға жетуге
қабілеті болған кездегі, даму сатысынан бастап өз құқысына енеді. Өмір
жағдайларының және тәрбиелеу ықпалымен қалыптаскан жеке адамның өзін-өзі
тәрбиелеуге белгілі дайындығы қажет.
Өмір жағдайлары - ол индивид өмір сүретін және оның ойына, сезімдеріне
және жалпы мінез-құлқына өз ізін қалдыратын материалдық және мәдени,
моральдық және психологиялық шынайы жағдайлар.
Оқушыға ата-анасының қылықтары мен өмірі, мектептегі ынып ұжымында
оқушылардың өмірі және қылықтары, сондай-ақ мұғалім үлгісі шартты түрде
әсер етеді.
Жағдайлар бейнесі - күрделі үрдіс, ол тек қатынас тәжірибесімен ғана
емес, индивид қарым катынас жасайтын адамдардың бағалауларымен де жанама
түрде байланысты [16 – 787 бб.].
Сол адамға ықпал ететін әлеуметтік топтың, ұжымның және жеке адамдардың
жалпы бағалауына байланысты, бірден материалдық жағдайларды индивид әртүрлі
бағалайды. Яғни оқушылардың ұжымдағы қарым-қатынасы, қызығушылықтарын, іс-
әрекеттің мәндік бағасын, тұрмыс қалпының және қылықтың беделдігін
анықтауға үлкен мәні бар, сонымен қатар өзін-өзі тәрбиелеу бағытын
анықтауда да.
Сондықтан оқушылардың ұжымдағы қарым-қатынасы және іс-әрекеті тұлғаны
өзін-өзі тәрбиелеудегі дайындықта шешуші рөл атқарады
[24 – 57бб.].
Өзін-өзі тәрбиелеудің негізі - тәрбиелеу болып табылады. Кең мағынадағы
тәрбиелеу сөзіне окытуда кіреді, тұлғаның қалыптасуында жетекші роль
атқарады. Сонымен бірге В.И.Селивановтың айтуынша, өзін-өзі тәрбиелеуге
дұрыс ұйымдастырылған тәрбиелеу жұмысының тіке нәтижесі болып табылады.
(В.И.Селиванов. Воспитание воли школьника. Уч. Пед: Из. 1954 г.с. 196)
Отбасында және мектепте жүретін тәрбиелеу үрдісінде балалық қылығын,
ұжымда және басқа адамдармен қатынасын реттейтін моральдық бейнелер мен
түсініктерді қалыптастырады. Моральдық білмімдер негізінде, адамның
коғамдағы кылығының өнегелік идеясы қалыптасады. Идеяның бар болуы, оқушыға
өз дамуындағы кемшіліктерді байқауға және өзін-өзі тәрбиелеудің жоспарын
белгілеуге мүмкіндік береді.
Тәрбиелеу, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуге керекті негіздерді
қалыптастырады. Яғни: өнегелік психологиялық, танымдық және еріктік
қасиеттерді.
Өзін тәрбиелеу үшін:
белгілі өмірлік позицияға жауап беретін өмір жоспарының болуы;
сыртқы талаптарды және өзінің мүмкіншіліктерін білу;
3. қойған мақсаттарына жете білу және өзін басқара алу.
Мектепке дейінгі жастағы балада тәрбиелеу ықпалымен не жақсы, не жаман,
нені істеуге болады, нені болмайтыны туралы түсінік қалыптасады. Бұл
түсініктер баланың қылықтарын реттейді [21 – 45 бб.].
Мектептегі оқыту мен тәрбиелеу, нұсқау және білім жүйесін, өмір мәні
туралы түсінікті, сенім мен идеялар жүйесін қалыптастырады. Оқуға өз өмірін
жоспарлауын, өзін-өзі тәрбиелеудің бағдарламасын және мақсаттарын
белгілеуді жеңілдетеді.
Яғни өмір жағдайлары және тәрбиелеу тұлғаны өзін-өзі тәрбиелеуді шынайы
мүмкіндігін және қажеттігін түсінуге әкеледі. Сонымен тәрбиелеу мен өзін-
әзі тәрбиелеу қатар жүреді. Ал жақсы ұйымдастырылса, әрекеттесіп бір мақсат
пен талаптарға бағынып іске асады.
Өзін тәрбиелеу үшін ең алдымен өзіңді танып, бәрін сынап бағалау қажет.
Өзіне-өзі риза болу, менмендік тұлғаны регреске жетелейді. Сонымен қатар
адам өзіне-өзі сенбеу, наразы болуы да жағымсыз. Өз күшіне сенбеу адамды
өзіне-өзі риза болу сияқты регреске әкеледі.
Өзін-өзі тәрбиелеу үшін ең жағымды жағдай: адам өз -өзіне, жігерлігіне
сеніп, бірақ кемшіліктері бар екенін біліп, өзінің өмірінде жетістікке жету
үшін көп нәрсені тәрбиелеу керек екенін білген абзал [11 – 62 бб.].
Өзін-өзі тәрбиелеуге қажеттілік, еріктері әлсіз, оқушыларда да пайда
болады. Бірақ, өзімен жұмыс істеуде еріктілер мәнді жетістіктерге жетеді.
А.Г.Ковалевтың мәліметтері бойынша: 16 жастағы жасөспірімнен толық және
жартылай жетістікке жеткені -10 (63%) еріктің жеткілікті даму деңгейі бар
оқушыларға жатады. Және 6 (37%) еріктері әлсіз оқушылар. Бұл жетістіктер
үлкендер көмегімен және басшылығымен орындалған, жақсы ойластырылған
жаттығуларға байланысты.
Еріксіз оқушылар өздерінің сәтсіздіктерінің себептерін өзін-өзі
тәрбиелеуден көреді.
Дәл тәрбиелеу үрдісінде өзімен жұмыс істеуге қажетті ерік қалыптасады.
Ерікті тәрбиелеу кезінде оның екі негізгі қызметі пайда болады:
Мақсатқа жету жолында сыртқы және ішкі қиыншылықтар мен кедергілерді жеңуге
қажеттілік;
Сыртқы ықпалдардан және ішкі құштарлықтан болатын әрекеттермен істерді
тежеуге қабілеттілік. Бұл екі қызмет тұлғаның екі негізгі еріктік
касиеттері: табандылық және өзін ұстай білуде көрінеді [1 –187 бб.].
Өзін-өзі тәрбиелеу оқытумен тығыз байланысты. Окыту үрдісінде тек
сыртқы дүние туралы білімдер ғана емес, адам оның даму шарттары туралы,
қалай оқу керек және өзі тәрбиелеу керек екені туралы білімдер қалыптасады.
Өзін-өзі тәрбиелеу үшін адамның психологиясын білудің ерекше маңызы
бар. В.Сухомлинскийдің айтуынша "психологиядан қарапайым білімдерсіз өзін-
өзі тәрбиелеу туралы әңгімеде болмауы керек, ал онсыз жоғары сынып
оқушыларының толық тәрбиелеуін елестету мүмкін емес." (В.Сухомлинский.
Парадоксы обучения. "Литературная газета" 16 қыркүйек. 1965ж.).
Тәрбиелеп отырып, оқыту үрдісінде тек білуге қажеттілік дамымай, өз
бетімен оқуда жетістіктерді қамтамасыз ететін, интеллектуалдық қасиеттер
қалыптасады: үй тапсырмасын орындау, өз бетімен білім алу жолымен ой өрісін
кеңейту.
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу күрделі ара қатынаста болады. Егер
мектепке дейінгі жаста тәрбиелеу негізгі орын алатын болса, бастауыш
мектепте тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу біртұтас үрдіс ретінде өтеді,
бірақ тәрбиелеу басым болады [24 – 45 бб].
Тұлғаның дамуы, ой өрісінің кеңеюіне және тәжірибелік мүмкіндіктерінің
өсуіне байланысты, олардың өзін-өзі тәрбиелеуі, тәрбиелеуді тек нығайтпай
ғана сонымен қатар толықтырады. Негіз ретінде тәрбиелеу үрдісінде
қалыптасқан интеллектуалдық және эмоциялық еріктік қасиеттер қызмет
атқарады.
Тәрбиелеу барлық оқушылар үшін жалпы бағдарламада ұсынады. Бұл
бағдарлама әр оқушының қызығушылығын, жеке қажеттіліктерін талаптарын,
кабілеттерін ескермейді. Сондықтан жас өспірім бұл жағдайда өзін-өзі
тәрбиелеудің жеке бағдарламасын белгілейді [21-56 бб.].
Жоғарғы сынып оқушыларында өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасы өмірлік жол
таңдауға, қоғамдағы өзінің орнын белгілеуге байланысты, көлемді болады.
Бірқатар жағдайда өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбиелеу бағдарламасынан озық
жүреді. Өйткені бір оқушылар ақыл-ой дамуымен алға шықса, басқалар
көркемдік қабілеттерінің дамуымен тағы сол сияқты. Сонымен жастық кезде
және ересек адамда өзін-өзі тәрбиелеу тәуелсіз үрдіске айналады.
Үлкендер күнделікті қарым-қатынастағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі
Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі
Жеке тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуі мен өзін жетілдіру мәселесі
Мектепте оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алуды ұйымдастыру жолдары
Мектеп оқушыларының қарым - қатынас негіздері
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру
Шығыс ойшылдары
Мұғалім бойындағы негізгі қасиеттері
Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы. Олардың өзара баланысы.
Пәндер