Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... 4
1.1 Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері,
қағидаттары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

II ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ
ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi ... .14
2.2 Кәсіпорын қаржысын жоспарлау қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

ІІІ Қазақстан Республикасының қаржылық жоспарлау жүйесіндегі орта мерзімді фискалдық саясат және оның 2008.2010 жылдарға арналған болжамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Ұлттық экономиканың тиімді дамуы үшін енді ғана аяғынан нық тұрып келе жатқан Қазақстан үшін экономикалық және қоғамдық қатынастарда қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызы зор болып табылады. Осы қаржылық тұрақтылық негізінде экономикада қызмет етуші мемлекет пен шаруашылық қызмет етуші кәсіпорындар өздерінің қызметтерін толық қанды іске асырып, олардың қаржылық қатынастарының белсенділігі артады. Ал мұндай қаржы тұрақтылығының қамтамасыздығын үздіксіз қамту үшін ең біріншіден қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі дамып, ол алдағы кезеңдерге нақты бағыт-бағдарлар ұсынып отыруы керек.
Қаржылық жоспарлау мен болжау — бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңцік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашынық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға бағытталған.
Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын «Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі» деп алдық. Бұл тақырыптың өзектілігі қоғамдағы қаржылық қатынастар негізінде қаржы жоспарлары мен болжамдарының экономикалық маңыздылығын және міндеттері мен қағидаттарын жан-жақты талдау болып табылады.
Жұмысты орындаудағы алдыға қойылған мақсат пен негізгі міндеттер келесідей:
• Қаржылық жоспарлаудың қажеттігі мен арналымының мәнін ашу;
• Қаржылық жоспарлау мен болжау жүйесінің жалпы қаржы жүйесіндегі рөлін талдау;
• Қаржылық жоспарлау мен болжаудың міндеті мен мақсаттарын, қағидаттарын және оның жүргізілу кезеңдерін сипаттау;
• Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылар бойынша жоспарлардың ерекшелігі мен ұйымдасу барысына тоқталу;
• Кәсіпорындардың қаржылық жоспарлау мен болжамдарын талдау және олардың қаржыларын талдауға тоқталып өту;
• Еліміздегі мемлекеттік деңгейдегі қаржылық жоспарлаудың ең бастыларының бірі болып табылатын Қазақстан Республикасының орта мерзімді фискалдық саясатты жүзеге асыру жоспарының маңыздылығы мен 2008-2010 жылдарға арналған болжамына тоқталып өту болып табылады.
1. Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы. – Алматы: Мерей, 2000. – 154 бет.
2. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
3. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
4. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
5. Дробазина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – Москва: Приор, 2000. –527с.
6. Шуляк П.Н. Финансы предприятия. – Москва, - 2000 г.
7. Дробозина Л.А. Финансы. Учебник для вузов. – М.:ЮНИТИ, 2000.–527с.
8. Мейiрбеков А.Қ., Әлiмбетова Қ.Ә. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет.
9. Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. – Москва, 2000г.
10. Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия. Учебное пособие. – Алматы: Экономика, 1998. – 184 с.
11. Финансы Республики Казахстан. Статистический ежегодник. Алматы, 2006г.
12. Акционерлік қоғамдар туралы 2003 жылғы 13 мамырдағы N 415-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы .
13. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (2004 ж. 24 сәуірдегі N 548-II)
14. Қазақстан Республикасы үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты.
15. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясаты туралы» - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы, 2007 жылғы 29 тамыз, №754, Астана, Үкімет Үйі.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ ... ... ... ... ... 4
1. Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері,
қағидаттары мен әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...4
1.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

II ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ
ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН
ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi ... .14
2.2 Кәсіпорын қаржысын жоспарлау қағидалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

ІІІ Қазақстан Республикасының қаржылық жоспарлау жүйесіндегі орта мерзімді
фискалдық саясат және оның 2008-2010 жылдарға арналған болжамы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..19

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...29

КІРІСПЕ

Ұлттық экономиканың тиімді дамуы үшін енді ғана аяғынан нық тұрып келе
жатқан Қазақстан үшін экономикалық және қоғамдық қатынастарда қаржылық
тұрақтылықты қамтамасыз етудің маңызы зор болып табылады. Осы қаржылық
тұрақтылық негізінде экономикада қызмет етуші мемлекет пен шаруашылық
қызмет етуші кәсіпорындар өздерінің қызметтерін толық қанды іске асырып,
олардың қаржылық қатынастарының белсенділігі артады. Ал мұндай қаржы
тұрақтылығының қамтамасыздығын үздіксіз қамту үшін ең біріншіден қаржы
жоспарлары мен болжамдарының жүйесі дамып, ол алдағы кезеңдерге нақты бағыт-
бағдарлар ұсынып отыруы керек.
Қаржылық жоспарлау мен болжау — бұл қаржы механизмінің қосалқы
жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-
экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және
тепе-теңцік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашынық кешенінің барлық
буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын
қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауды жүзеге асыруға бағытталған.
Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын Қаржы жоспарлары мен
болжамдарының жүйесі деп алдық. Бұл тақырыптың өзектілігі қоғамдағы
қаржылық қатынастар негізінде қаржы жоспарлары мен болжамдарының
экономикалық маңыздылығын және міндеттері мен қағидаттарын жан-жақты талдау
болып табылады.
Жұмысты орындаудағы алдыға қойылған мақсат пен негізгі міндеттер
келесідей:
• Қаржылық жоспарлаудың қажеттігі мен арналымының мәнін ашу;
• Қаржылық жоспарлау мен болжау жүйесінің жалпы қаржы жүйесіндегі рөлін
талдау;
• Қаржылық жоспарлау мен болжаудың міндеті мен мақсаттарын, қағидаттарын
және оның жүргізілу кезеңдерін сипаттау;
• Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылар бойынша
жоспарлардың ерекшелігі мен ұйымдасу барысына тоқталу;
• Кәсіпорындардың қаржылық жоспарлау мен болжамдарын талдау және олардың
қаржыларын талдауға тоқталып өту;
• Еліміздегі мемлекеттік деңгейдегі қаржылық жоспарлаудың ең
бастыларының бірі болып табылатын Қазақстан Республикасының орта
мерзімді фискалдық саясатты жүзеге асыру жоспарының маңыздылығы мен
2008-2010 жылдарға арналған болжамына тоқталып өту болып табылады.

І ҚАРЖЫ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН БОЛЖАМДАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

1.1 Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен
әдістері

Қаржылық жүйе әрекет етуінде қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі
сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттық элементтері турасында,
ақшамен қоғамдық ұдайы ондіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша
қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге
асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді
ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашынық жүргізудің
барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала
үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті)
анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін
жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қоддануды
қажет етеді.
Қаржы көрсеткіштерін, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп
дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық
жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар
экономикалық әдебиет пен практикада жиі тендестіріледі. Іс жүзінде қаржылық
болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге
асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының
қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Қаржылық жоспарлаудың
көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер,
өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ
таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау — бұл белгілі бір кезеңге арналған қаржы
ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің
ғылыми процесі.
Қаржылық жоспарлауда қабылданатын экономикалық және әлеуметтік
шешімдердің (оларды қаржынандыру көздерімен қам-тамасыздығын ескере отырып)
тиімділігін, белгіленетін шығындарды және оңтайлы түпкілікті нәтижелерді
оңтайландыру жөніндегі мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші буындар мен
субъектілердің мақсатты қызметі ретінде қарастырған жөн, адамдардың
субъективті қызметі ретіндегі қаржылық жоспарлау тек қоғам дамуының
объективті зандылықтарын танып білуге, қаржы ресурстары қоз-ғалысының
тенденцияларына басты негізді, бұрын жүргізілген шаралар мен қаржы
операцияларының нәтижелілігін зерделеуге негізделген жағдайда ғана ол
нәтижелер береді. Бұл процесте жоспарлаудың, шешімдерді бағалаудың
прогрессивті әдістерін пайдаланудың, ғылымның, техниканың дамуымен, тиісті
аппараттың жоғары біліктілігшен қамтамасыз етілетін өте жаңа техниканың
негізінде жасалынатын есеп-қисаптардың көп нұсқалылығының үлкен маңызы бар.
Сөйтіп, тарихи дамудың барлық кезеңдері мен басқарудың барлық
деңгейлерінде қаржылық жоспарлау оны жалпы жоспарлаудың бірыңғай жүйесінен
бөліп алуға мүмкіндік беретін жоспарлаудың ерекше объекттілері, сфералары,
жоспарлаудың мақсаты мен сипаты, негізгі көрсеткіштердің нысаны сияқты
жалпы белгілерді иемденді.
Экономикалық-әлеуметтік жоспарлау жүйесінде жоспарлау белсенді рол
атқарады, өйткені ол, бір жағынан — қаржы ресурстарын басқарудың құралы,
басқа жағынан — қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса
маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың
органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау
шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікгі нәтижелеріне ықпал етуші
көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде
жүргізіледі.
Болжам — арнайы ғылыми зерттеудің негізінде болашақтағы қандай болса
да бір құбылыстың жай-күйі туралы ықтималдық байымдау. Болжау — қандай
болсада бір құбылыстың, объектінің, процестің дамуының нақтылы келешектері
туралы болжамды әзірлеу. Қаржыларға сәйкес болжаудағы құбылыстың дамуы —
бұл қаржы қатынастарын мүмкіндігінше жетілдіру, объектісі — қаржы
ресурстары, процесі — ақша қорларының қозғалысы.
Қаржылық болжау — мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын-ала
көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу).
Болжамдар орташа мезгілді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам)
болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын
болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде арналған қаржы саясатының
тұжырымын жасайды. Қаржылық болжаудың мақсаты — болжанған кезендегі қаржы
ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың
көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің
органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі
нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге
мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
• экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары
көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық
үлгілерді жасау;
• корреляциялық-регрессиялық талдау;
• тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Жоспар — іс-қимылдарды немесе шараларды жүзеге асырудың тәртібін,
мерзімін, дәйектілігін анықтайтын тапсырмалардың біртұтас мақсатына жетуге
бағытталынған өзара байланысты жуйе. Жоспарлау — жоспардың өзін әзірлеуді,
оның орындалуын үйымдастыруды және атқарылуын бақылауды қамтитын процесс.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік, яғни
ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланынады; ол ақпараттық — үйлестіруші
рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне экономикалық
реттеуіштер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік жоспарлау
нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың стратегиялық
ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, Мұның процесінде
экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Қазақетаңда индикативтік жоспарлау 1993 жыддан бері енгізілді. Оны
жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге
алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы иңдикативтік (жылдық) жоспарлау
негізінде мемлекеттік бюджетті құрау жүмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі
зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты
сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары
көзделінеді әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақты белгіленеді. 2001-
2005 арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты экономикада
бәсекелестікті арттыру болып табылады.
Индикативті жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық
жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудыц баеты мақсаты — болжанған дамуды
қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың
бағытын анықтау қажеттігі.
Индикативтік жоспар — мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық даму сая-
сатының негізгі бағыттарын, жоспарланатын кезеңге арналған оларды іске асы-
ру жөніндегі іс-шараларды, елдің өпеуметтік-экономикалық дамуының мақсат-ты
көрсеткіштерін (индикаторларын) жэне мемлекеттік-экономикалық реттеуіш-
тердің тізбесін қамтитын құжат.
Иңдикативтік жоспарлар орын алып отырған проблемаларды кешенді түрде
шешуге және етратегиялық мақсаттарға кезең-кезеңімен қол жеткізуге бағыт-
талған, орта мерзімді және ағымдағы перспективаға арналған мешіскеттік
әлеуметтік-экономикалык саясатты айқындайды.
Индикативгік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана міндетті
сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін кепілдемелік сипаты
болады. Соңғыға экономикалық тетіктерді — реттелетін бағаны, субсидияларды,
кредиттерді. салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жеделдетілген
амортизацияны және басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды
индикаторларға мыналар жатады: валюта бағамы, инфляцияның болжанған
деңгейі, Ұлттық банктің қайта қаржынандыру мөлшерлемелері, амортизациялық
аударымдардың нормалары жатады.
Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді
рөл атқарады. Қаржы жоспарларын өзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың
қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту
бойынша өндірістік қуаттарды неғүрлым толық пайдалану есебінен, шығындарды
төмендету және өнімсіз шығындарды қысқарту резервтері есебінен қаржы
ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда бар
материалдық ресурстарды тартуды, айнальм қаражаттарының айналымдылығын
тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау
шығындарын қысқартуды және т.т. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген
қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау,
бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан — қоғамдық өндірістің
процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына қағидаттарға
негізделеді:
Орталықтандырылган және орталықтандырылмаган көзқарас-тардың уйлесуі.
Бұл қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) —
орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы
барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық
жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында
қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік
береді. Қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік бірліктер мен
биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап, оларды
орындаудағы, өндірістік өркендеудің және оның нәтижелілігін арттырудың
резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға жәрдемдеседі;
Биліктің жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында
орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне
тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың
қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып
келеді. Сонынен бір мезгілде жалпымемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде
нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің, тұрақтылығын, қоғамдық
өндіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтудегі, тиімділікгі
арттырудағы оның рөлін арттыру қажет болып табылады;
Бірлік қағидаты қаржылық жоспарлаудың экономикалық және әлеуметтік
жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде көрініп
білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және әлеуметтік даму
жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен бірге қаржылық
жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген параметрлері
дәлелденіп, анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың жеке
элементері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі. Қаржылық
жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы жоспарларының барлық түрлерінің
тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы ұйымдардың қаржы
жоспарларының көрсеткіштері оған қарасты субъектілердің жоспарлы
жобаламаларын қамтиды. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын (мемлекеттік
бюджет) басқарудың жергілікті орындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының
көрсеткіштерін тірек етеді;
Жоспарлаудың үздіксіз қағидаты перспективалық (ағымдағы) және жылдық
(ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін қажет етеді, бұған
перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық
жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді. Қаржыны
жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және перспективалық жоспарлаудың
арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, олардың
нақтылы даму перспективаларын анықтай отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік
береді.
Қаржыны жоспарлау белгілі әдістердің көмегімен жүзеге асырылады,
олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:
1. Экстраполияция немесе коэффиценттер әдісі. Оның мағынасы қаржы
көрсеткіштерін олардың динамикасын белгілеу негізінде анықтауда
болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды
өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету
негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің келесідей кемшіліктері бар:
1) мүмкін болатын ішкішаруашылық резервтерді анықтауды есепке
алмайды; 2) материал және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер
етеді, өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен
деңгейге қарай анықталады.
2. Сараптық бағалау әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің
параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың – сарапшылардың
тәжірибесін пайдалануды қажет етеді.
3. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржы көрсеткіштері белгіленген
нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен үйлесушілігін,
қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен қатар өндірістік
және қаржы көрсеткіштерінің өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы
балансының талаптарын сақтау кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің,
бүкіл ұлттық шаруашылықтың шығындары мен табыстарының арасында
үйлесімсіздіктің пайда болуынан сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты
дамытудың қажетті қарқындары мен үйлесімдерін анықтауға; ішкі
резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды жан-жақты негіздеуге
мүмкіндік береді.
5. Бағдарламалық-мақсатты әдіс нарық жағдайының түрлі деңгейлерінде –
жалпыұлттық, салалық, ғылыми-техникалық бағдарламалардың негізінде
қаржылық болжау әдістерінің бірі ретінде дамиды. Қаржылық
бағдарламалау – бағдарламалық-мақсатты тәсілдемені пайдаланатын
қаржылық жоспарлаудың әдісі, бұл әдістің негізіне айқын
тұжырымдалған мақсаттар және оған жетудің құралдары қойылған.
Бағдарламалау мыналарды қажет етеді:
- басымдылықтарды белгілеу;
- қаражаттарды жұмсаудың тиімділігін арттыру;
- балама нұсқаны таңдауға сәйкес қаржыландыруды тоқтата тұру.
6. Есеп-қисаптың көп нұсқалылығы, ең жақсы шешімдерді таңдау
экономикалық-математикалық әдістері, ұзақ мерзімге жасалынатын
қаржы болжамдары үшін ЭЕМ-ды неғұрлым кеңінен пайдалануды қажет
етеді.
Объективтік талаптарға жауап беретін қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру
оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді. Отандық
экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын анықтауда әр
түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл стадиясының негізгі
ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезеңдері үшін бірдей болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық мақсатты қағидаттар кеңінен
қолданылатын болады. Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшілік-ааумақтық
бірліктердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар
ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді етіп қоюға көмектеседі.
Объективті есептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың
қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған
қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін.
Қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде
есеп беріліп отырған мезгілдің қаржы көрсеткіштерінің талдау өндірістік
мәліметтермен өзара байланыста жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық
жұмылдырудың себептерін ашуға, оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін
анықтауға, ішкішаруашылық резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік және экономикалық даму жоспарлары мен
бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың негізгі
топтары бойынша жоспарланатыя жылға ар-налған кірістер мен шығыстардың
нақты түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары
үйлестіріліп, теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы
тапсырмалар ақша ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен
қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді
пайдаланудың жоддары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке
түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.

1.2 Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі

Қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы жоспары
шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және жалпы
мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың және
пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық шаруашылықтың
ресурстармен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы
жоспарларын бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша
сыныптаған орынды. Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа
бөлінеді: орталықтаңдырылған (жалпымемлекеттік) және орталықтандырылмаған
жоспарлар.
Орталықтандырылган қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік қаржы
ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге
асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан құрама жоспарлар болып табылады, бірақ
бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сондай-ақ министрліктердің,
ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар
қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде
ғана жобалайтындықтан, олар орталықтандырылмаған жоспарларға жатады.
Орталықтаңдырылған қаржы жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен,
ресурстардың объектісімен және сферасымен, жоспарлау әдістерімен және
арналымымен ерекшеленеді.
Орталықтандырылған қаржы жоспарларының мынадай елеулі белгілері
болады:
объектісі — микродеңгейде қалыптасып, бөлінетін жалпымемлекеттік
ресурстар;
қамтуы — мемлекеттің қаржы қызметінің сферасы, тиісінше оның ұдайы
өндіріс процесінің қатысушыларымен өзара қаржы қатынастары да және сонымен
бірге пайда болатын жалпы құндық ара қатынастар да;
негізгі мақсаты — жалпымемлекепік қажеттіліктерді қанағаттандырудағы
мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерін анықтауға негізделетін нақтылы кезеңге
арналған оның қаржы жоспарын негіздеу.
Орталықтандырылған қаржы жоспарларының саны, олардың нысандары,
мазмұны көбінесе тиісті мемлекеттің қаржы жүйесінің құрылысына, қаржы
жүйесінің жеке буындарына, сондай-ақ нақтылы кезенде қаржы көмегімен жүзеге
асырылатын қайта бөлу процестерінің ерекшеліктеріне байланысты болады.
Орталықтандырылған қаржы жоспарлары экономикалық және әлеуметтік
процестерді мемлекеттік реттеуде маңызды рөл атқарады. Олар экономиканы
реттеудің жанама әдістерін пайдалану жөнінде негізделген шешімдер
қабылдауға мүмкіндік жасайды, өйткені олардың салдарын (зардабын),
түпкілікті нәтижелерін алдын ала білуге мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде құрама қаржы жоспарлары жалпымемлекеттік, салалық,
аумақтық жоспарларды қамтиды. Мыналар жалпымемлкеттік болып табылады:
мемлекеттің құрама қаржы балансы, мемлекеттік бюджет, республикалық бюджет.
Құрама қаржы балансы деп орта мерзімді (бесжылдық) кезеңге арналған
дамудың жалпымемлекеттік болжамының қаржылық бағдарламасын айтады. Оны
жасаумен Қаржы министрлігінің, Ұлттық банктің белсенді қатысуымен Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрлігі айналысады. Аймақтарда баланстың есеп-
қисаптарын аймақтық органдар жүргізуі тиіс. Құрама қаржы балансында
мемлекеттік меншіктің барлық нысанының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің
ақша қорларын қалыптастырудың құрамы мен көздері және ұдайы өндіріс пен
қоғамдық қажеттерге (әлеуметтік-мәдени шараларға, қорғанысқа, басқаруға)
оларды пайдалану қамтып көрсетіледі.
Баланстың кіріс бөлігі мыналарды қамтиды: таза табыс, тұтынуға
салынатын салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден
баждары), амортизациялық аударымдар, сыртқы сауда операцияларынан түсетін
түсімдер, салықтар мен алымдар, қысқа мерзімді несиелендірудің ресурстары,
ұзақ мерзімді несиелендірудің көздері.
Орталықтандырылмаған қаржы жоспарлары тек қаржы жүйесінің буындары
бойынша емес, сонымен бірге қаржы ресурстары қозғалысының деңгейі бойынша
да: жалпымемлекеттік немесе жеке аймақтардың (республикалық және
жергілікті) жоспарлары болып ажыратылады.
Салалық, (ведомстволық) қаржы жоспарларының жүйесі материалдық
өндіріс салалары министрліктерінің (ведомстволарының) кірістері мен
шығыстарының балансын, өндірістік емес салалар министрліктерінің
(ведомстволарының) шығындарының құрама сметаларын, қоғамдық ұйымдардың және
т.т. қаржы жоспарларын қамтиды.
Аумақтың қаржы жоспарларына мыналар жатады: аймақтардың құрама каржы
баланстары, жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және
т.т. жоспарлары.
Қаржы жоспарларының барлық түрлері өзара байланысты: мәселен, салалық
жоспарлар ведомствоға қарасты көсіпорындар мен үйымдардың жоспарларын
біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық
жоспарлардың бөлігі болып келеді.
Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, орташа мерзімді (үшжылдық,
бесжылдык) және перспективалык, болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың
жоғарыңца аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.
Шаруашылық байланыстар мен экономика тендестігінің бұзылуына,
дағдарыстан туған шаруашылық органдарының іс-әрекет ету факторларының екі
ұштылығына байланысты бес жылдық және перспективалық жоспарлау нарыққа
өтпелі кезеңде қатаң шектелінген. Арналымына байланысты бес жылға құрама
қаржы балансы, бірқатар басқа құрама жоспарлары жасалуы тиіс, мемлекеттік
бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-
қисаптар жүргізілуі тиіс.
Орталықтандырылмаган қаржы жоспарларының саны орталықтандырылған
қаржы жоспарларына қарағанда едәуір көп және нысаны мен мазмұны әр түрлі.
Бұл толып жатқан, өзінің қызметі, ұйымдастыру типі, басқару әдістері мен
қаржылаңдырылуы әр алуан шаруашылық жүргізуші субъектілердің,
ведомстволардың қаржы жоспарлары. Орталықтандырылмаған қаржы жоспарларының
ортақтығы (бірлігі) олардың шаруашылық жүргізудің нақты субъектінің ақша
қаражаттарының жеке-дара айналымын негіздеу қабілеттігінде болып
келетіндігі, осыдан барын олардың айрықша арналымын — бұл объектінің
кірістері мен шығыстарын, оның қызметінің қаржылық нәтижелерін және қаржы
ресурстары қозғалысын ортақтастыратын тиісті қатынастарды анықтау.
Орталықтандырылмаған қаржы жоспарларын топтастырудың негізіне
кірістердің, шығыстардың құрамы мен оларды есептеудің әдістемесіне, сондай-
ақ мемлекетпен және ұдайы өндірістік процестің барлық қатысушыларынен
қаржылық өзара қатынастар-дың қатынасуына ықпал жасайтын түрлі белгілер
қойылуы мүмкін. Оларға ең алдымен меишік нысандарын жатқызуға болады,
Мәселен, мемлекеттік, жалгерлік, кооперативтік кәсіпорындардың, акционерлік
қоғамдардың, бірлескен шетеддік кәсіпорындардың, жеке меншікті фирмалардың,
қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспарлары болып ажыратылады.
Бұл топтардың әрқайсысының кәсіпорындарының бірқатар ортақтығымен
қатар жеке субъектілердің қаржы жоспарлары салалық ерекшеліктеріне, өндіріс
өзгешелігіне, көсіпорынның қызмет сферасына, типі мен көлеміне байланысты
нысаны мен мазмұны жағынан айырмашылықтары болады. Шаруашылық саласы,
қызмет түрі, басқару әдісі (коммерциялық есеп немесе бюджеттік
қаржыландыру) қаржылаңдыру көздеріне, кірістер мен шығыстардың құрамына,
құрылымына айтарлықтай әсер етеді. Соңдықтан оларды салалық, ведомстволық
белгісі бойынша, басқару нысаны, сондай-ақ кәсіпорындардың түрлері бойынша
да (бірлестіктер, концерндер, ірі, орта, шағын көсіпорындар және т.с.с.)
топтастырған орынды.
Қаржы жүйесінің барлық сфераларының, буындарының қаржы жоспарлары
болады және қаржы жоспарының нысаны, оның көрсеткіштерінің құрамы қаржы
жүйесінің тиісті буынының өзгешелігін бейнелейді.
Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің қаржы жоспарлары
смета деп аталады және негізінен олардың шығындары анықталады, ал
кірістердің қосымша көздері болған жағдайда шаруашылық қызмет бойынша
барлық түсімдер мен шығындарды негіздейтін кіріс-шыеыс сметалары
жасалынады. Ұжымшарлар, кооперативтік ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және
сақтық компаниялар қаржы жоспарларын, мемлекеттік биліктің органдары түрлі
деңгейлердегі бюджеттерді жасайды. Коммерциялық (шаруашылық) есепте жұмыс
істейтін кәсіпорындар мен ұйымдар қаржы жоспарларын бұрын кірістер мен
шығыстардың балансы түрінде жасайтын. Бұл жоспарлардың құрылымы негізінен
көсіпорындар үшін де, сондай-ақ бірлестіктер үшін де бірдей болды. Олардың
кіріс бөлігіне табыстар мен қаражаттардың түсімі, шыгыс бөлігіне осы
түсімдер есебінен жасалатын шығындар анықталатын.
Нарыққа өту кезінде косіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты
ретіндегі фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті. Қазіргі
кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорыңцар
қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзшік стандарттарға көше бастады.
Әңгіме барлық белгіленетін шараларды қаржымен қамтамасыз етуде маңызды орын
алатын бизнес-жоспар жасау туралы болып отыр. Осы мақсатпен қаржы жоспары
және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.
Бизнес-жоспар — бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық
негізіне саймасай болатын құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың
экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына қарағанда жекеше
кәсіпорындар қатынастарының барлық жақтарын анағүрлым толық қамтиды. Бизнес-
жоспар өнімнің немесе қызметтер көрсетудің ерекшеліктерін, олардың
бәсекелестік қабілетін, өнім рыногін бағалауды (рынок болжамы) және
сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді қамтиды.
Қаржы бизнес-жоспары бірқатар кестелер мен баланстарды — өнім
өткізудің болжамын, табыстар мен шығыстардың кестесін, ақшалай шығыстар мен
кірістердің балансын қамтиды. Кейбір кәсіпорындар активтер мен пассивтердің
балансын және графигін (залалсыздыққа жетудің есеп-қисабын) қосымша
жасайды.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізу субъектілерінің
қаржы жоспарлары, өңцірістік емес сфераның коммерциялық және коммерциялық
емес ұйымдарының жоспарлары, бюджет қаражаттары есебінен қаржыланатын
мемлекеттік мекемелердің сметалары бастапқы қаржы жоспарларына жатады.
Сөйтіп, нарықтық ортада қаржылық жоспарлау анағүрлым жоғары сапалық
деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық
құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып, бұл процесті
жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.

II ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ҚАРЖЫ ЖОСПАРЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мазмұны және әдiстерi

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында корпорациялардың қаржылық
жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл корпорациялардың тәуелсiздiкке ие
болуымен, сондай-ақ олардың меншiк иелерi, жұмысшылар, коммерциялық
серiктестер және басқа конрагенттер алдында өзiнiң өндiрiстiк-кәсiпкерлiк
қызметiнiң нәтижелерi үшiн толық жауапкершiлiкте болуымен байланысты.
Нарықтағы кәсiпорынның өмiршеңдiгiнiң кепiлi мен жай-күйiнiң орнықтылығының
негiзi оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркiн орын
алмастыра отырып қолданып, тиiмдi пайдалану жолымен өнiмдi өндiрумен
сатудың үздiксiз процесiн қамтамасыз ете алатын өзiнiң қаржы ресурстарының
жағдайын көрсетедi.
Кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау объективтi, ғылыми
негiзделген және үйлесiмдi ұйымдастыра отырып басқару, өндiiрстiк, әсiресе
қаржылық шешiмдер қабылдау үшiн оның қаржылық жағдайын талдау керек.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау жөнiндегi сұрақтарды
қарастырмас бұрын, “қаржылық жағдай” дегенiмiз не соны анықтап алайық.
Соңғы жылдары шығарылған әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлi түсiндiрiледi. Бұл
туралы профессор А.Д.Шеремет “Кәсiпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату,
пайдалану, ұйымдастыру және оны қалыптастыру көздерiмен сипатталады” деп
айтқан. Ал профессор Н.А.Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: “Кәсiпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсiпорынның қаржылық жағдайы кәсiпорынның қалыпты өндiрiстiк,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлерi үшiн қажеттi қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етiлуiмен және оларды мақсатқа сай тиiмдi тарату және
пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектiлерiмен қаржылық қарым
қатынаста болу, төлеу қабiлеттiлiгi және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсiпорынның уақтылы төлеу мүмкiндiгi оның қаржылық жағдайының
жақсылығын көрсетедi.
Осы жоғарыдағы аталған ұғымдарды топтастыра келе коппорацияның қаржы
жағдайына келесiдей анықтама беруге болады: Кәсiпорынның қаржы жағдайы осы
кәсiпорынның белгiлi бiр кезеңдегi қаржылық тұрақтылығын және оның өз
шаруашылық қызметiн үздiксiз жүргiзуi мен өзiнiң қаржы мiндеттемелерiн
уақтылы өтеу үшiн қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлуiн көрсетедi.
Ал кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы ненi бiлдiредi? Ол өз
қаражаттарын шебер пайдалану қабiлеттiлiгi, жұмыс процесiнде үздiксiздiгiн
қамтамасыз ететiн қаржының жеткiлiктi болуы. Қаржылық тұрақтылық өз
кезегiнде меншiктiк және қарыз қаражаттарының тиiмдi байланысы болып
табылады.
Бұл ұғымды А.Д.Шеремет пен Р.С.Сейфуллин өте ықшам түрде анықтайды.
Олардың ойынша “Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы бұл әрдайым төлем
қабiлеттiлiгiн кепiлдендiретiн кәсiпорынның белгiлi бiр шоттар жағдайы” деп
атайды.
Жалпы атйқанда кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелдiктiң
мүмкiн болатын деңгейiнде төлем қабiлеттiлiгi мен несиеге қабiлеттiлiгiн
сақтай отырып, табысты өсiсу негiзiнде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы
кәсiпорынның дамуын көрсететiн қаржы ресурстарының жағдайы болып табылады.
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайын анықтағанда оған көптеген
факторлар әсер етедi, оларды В.М.Радионова және М.А.Федотова келесiдей
түрлерге жiктейдi:
• Пайда болу орнына байланысты – iшкi және сыртқы;
• Нәтижесiнiң маңыздылығына байланысты – негiзгi және негiзгi емес;
• Құрылысы бойынша – қарапайым және күрделi;
• әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Мұндағы iшкi факторлар кәсiпорынның өзiнiң жұмысын ұйымдастыруына
байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсiпорын еркiне бағынышты емес.
Кәсiпорынның қаржыылқ тұрақтылығына әсер ететiн мынадай iшкi факторларды
аатп көрсетуге болады:
• кәсiпорынның салалық топқа бөлiнуi;
• шығарылған өнiмнiң немесе көрсетiлге нқызметтiң құрылымы және оның
жалпы төлем қабiлеттiлiгi бар сұраныстағы үлесi;
• төленген жарғылық капиталдың мөлшерi;
• шығындардың көлемi, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы
динамикасы;
• кәсiпорынды басқару тиiмдiлiгi, яғни қаржы менеджментiе тиiмдi
ұйымдастыру;
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргiзудiң экономикалық жағдайының
әсерi, қоғамда үстемдiк етушi техника мен технология, төлем қабiлетi бар
сұраныс және тұтынушылыр табысының деңгейi; Қазақстан Республикасыынң салық
және ақша-несие саясаты, кәсiпорынның қаржылық қызметiн бақылау жөнiндегi
заң актiлерi, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсiпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз
контрагенттерiмен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып
алушылар, акционерлер) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етедi. Сондықтан да
серiктестермен реттелген iскерлiк қатынаста болу – корпорацияның жақсы
қаржылық жағдайының бiрден-бiр шарты болып табылады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсiпорынның бәсекеге қабiлеттiлiк және оның
iскерлiк қарым-қатынастағы потенциялын анықтайды, кәсiпорынынң өзiнiң және
оның серiктестерiнiң қаржылық және басқа да қатынастар тұрғысындағы
экономикалық қызығушылықтары да бар болып келедi. Кәсiпорын бағасын
талдаудың ең жақсы тәсiлi, бұл – талдау; ол кәсiпорынның даму бағытын
бақылауға, қаржылық саясатты iске асыруды және шаруашылық қызметiне кешендi
түрде баға беруге мүмкiндiк бередi.
Экономикада әрбiр кәсiпорын ұзақ мерзiмге дейiнгi уақытта қаржы
ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарды деген сұраққа жауап бередi: кәсiпорын
осы мерзiмге дейiнгi уақытта қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады.
Қаржы ресурстары жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де
кәсiпорынның дамуына байланысты қажеттiлiктерге жауап бере алуы өте маңызды
болып табылады, себебi қаржылық тұрақтылықтың жетiспеушiлiгi кәсiпорынның
төлеу қабiлеттiлiгiнiң жоқтығына және оның дамуына қажеттi қаражаттың
болмауына әкелiп соғады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеушi кәсiпорындардың қаржылық
жағдайын талдаудың басты мақсаты келесiлер болып табылады:
• қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзiмiндегi
өзгерiсi;
• активтер мен олардың қалыптасу көздерi арасындағы сәйкессiздiктi,
оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиiмдiлiктi зерттеу;
• айналым капиталының көлемiн, оның өсуiн немесе кемуiн және ағымдағы
мiндеттемелермен ара-қатынасын анықтау;
• қаржы-есептiк және несие ережесiн сақтау;
• кәсiпорынның активтерi және оның мiндеттемелерiнiң құрылымын зерттеу;
• ағымдағы активтердiң айналымдылық есебi, оның iшiнде дебиторлық борыш
және қорлар есебi;
• баланстың өтiмдiлiгiн, кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығының және
төлеу қабiлеттiлiгiнiң абсалюттiк және салыстырмалы көрсеткiштерiн
анықтау;
• кәсiпорын табыстылығын бағалау;
• кәсiпорының табысының салыстырмалы көрсеткiштерiн, сондай-ақ олардың
деңгейiнiң өзгеруiне әсер етушi факторларды есептеп шығару;
• кәсiпорынның iскерлiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жоспарлау және болжамдар жүйесі
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы
Қаржылық жоспарлау
Қаржылық жоспарлау мен болжау
Қаржы жоспарларының жүйесі
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың объектісі
Қаржыны жоспарлаумен болжау әдістері
Қаржыны жоспарлау мен болжау әдістері
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кездегі басты ерекшелігі зерттемелік қасиеті
Бюджет жүйесінің түсінігі
Пәндер