І-Петрдің мемлекеттік басқару реформалары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

І.тарау. І Петрдің мемлекеттік басқару реформалары ... ... ..4
1.1 Оқу ағарту мәдениет салаларындағы өзгерістер ... ... ... ... 9
1.2 Ғылым салаларындағы өзгерістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12


ІІ.тарау. Өнеркәсіп пен сауда саласындағы
реформалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 Салық саласындағы реформалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 І Петр. Оның реформаларының маңызы ... ... ... ... ... . ... ... .19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Пайдаланылған әдебиеттер.
Тақырыптың өзектілігі:
І Петр кезіндегі Россияның мемлекеттік басқару ісінің әр-түрлі салаларында үлкен тарихи өзгерістер болды. Аграрлық артта қалған Ресей реформалардан соң индустрялы дамыған Батыс Европадағы беделді державаға айналды. Россияның болашағына негіз қалаған Петр реформасының мәні өте зор тарихтағы өзекті беттердің бірі.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері
Тақырып өте ауқымды , әрі қызықты . Ресейді державаға айналдырған І Петрдің реформаларын ғылыми тұрғыдан ашып
көрсете білу, мәні мен мағнасын айқындау.
Төмендегідей міндеттер алға қойылады:
- І Петр реформаларының бастамасын сипаттау
- І Петр реформаларын әр саладағы болып өткен өзгерістерді
айқындау
- І Петр реформаларының маңызын көрсету.
І Петр Боярлар думасы қызметіне көңілі толмады, оның
қызметін тоқтатып , жаңа Европалық үлгідегі сенат құрылды , ол патшаға бағынышты болды.
Ел басқару, білім ғылым, мәдениет, әскери, әкімшілік реформалары өте сәтті қадам басты. І Петр сонымен бірге
өзінің тамаша қолбасшы екендігін көрсете алды. Бірқатар
шайқастарда Шведциямен, Даниямен толық жеңіске жетіп
халықаралық жағдайы түзеп алды. Ресей Қара теңізге шығуға үміттенді, бірақ Балтық теңізіне шығуға толық мүмкіндік алды.Мемлекеттің толық қуаттылығына жауап бере алатындай армия мен әкімшілік комплекс корпусы жасақталды.
І Петр оқу-ағарту саласындағы реформалары толық ақтамады. Өйткені елде тек мектептер мен училищелер ғана
ашылды. Жоғарғы оқу орындары ашылмады. Білімді жастарды шетелге оқыту үрдісі күшейді. Киім кию үлгісі, аұсүйектік кодекс Батыс Европа үлгісінде болу міндеттелді.Мәскеу
мен Петербугте ғылыми орталықтар, мәдени орындар ашылды. Газет журналдар шығару қолға алынды. Халыққа дер кезінде болған оқиғаларды жеткізіп тұратын алғшқы
Ведомости газеті 1703 жылдары шыға бастады. Елдегі өзгерістер үлкен прогреспен жүрді. Батыс Европадағы қуатты елге айнала бастаған Ресей мен көршілері санаса бастады. Бұл жаңалықтардың көбісін І Петр Батыс Европа елдерінен алды . Өйткені ол реформа жүргізбес бұрын дамығар бірқатар елдерге Галландияға, Франсияға, Германияға, Бельгияға барып қайтқан болатын. Европа бет бейнесі керемет әсер қалдырған ол Россияны да көркейтуге ұмтылды. І Петр реформалары өте сәтті өтті. І Петр өлерінің алдында император дәрежесін алды, ал Ресей империяға айналды. І Петр реформалары Ресейдің одан әрі дамуына даңғыл жол салып кетті. Орыс халқының даңқты ұлы әлем тарихында ерекше орын алатын тұлға. Орыс халқы өздерінің ұлы Петрін қадірлейді. Орыстардың алға шығуына бірден-бір импульс бере алған Ұлы Патшаға басқа орыс патшаларының бірде –бірі татымады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ю.Д. Кузнецов « История России » Москва, Высшая школа.
2. Б.А. Рыбаков, А.М. Сахаров « СССР тарихы » Алматы,1989 ж.
3. П.И. Кабанов, А.И. Козаченко « История СССР » Первая часть,
Под редакцией профессора В.В. Мавродина, Москва, 1979 г.
4. « История СССР » Под редакцией профессора Н.Д. Кузнецова,
Москва, 1984 г.
5. « Большая Советская энциклопедия » Третье издания, Москва.
6. « Реформы Петра І » Интернет материал. (Реферат, www.rambler.ru).

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .2

І-тарау. І Петрдің мемлекеттік басқару
реформалары ... ... ..4
1.1 Оқу ағарту мәдениет салаларындағы
өзгерістер ... ... ... ... 9
1.2 Ғылым салаларындағы
өзгерістер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .12

ІІ-тарау. Өнеркәсіп пен сауда саласындағы

реформалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2.1 Салық саласындағы
реформалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .17
2.2 І Петр. Оның реформаларының маңызы ... ... ... ... ... .
... ... .19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...21

Пайдаланылған әдебиеттер.

Тақырыптың өзектілігі:
І Петр кезіндегі Россияның мемлекеттік басқару ісінің әр-түрлі
салаларында үлкен тарихи өзгерістер болды. Аграрлық артта қалған
Ресей реформалардан соң индустрялы дамыған Батыс Европадағы беделді
державаға айналды. Россияның болашағына негіз қалаған Петр
реформасының мәні өте зор тарихтағы өзекті беттердің бірі.
Тақырыптың мақсаты мен міндеттері
Тақырып өте ауқымды , әрі қызықты . Ресейді державаға
айналдырған І Петрдің реформаларын ғылыми тұрғыдан ашып
көрсете білу, мәні мен мағнасын айқындау.
Төмендегідей міндеттер алға қойылады:
- І Петр реформаларының бастамасын сипаттау
- І Петр реформаларын әр саладағы болып өткен өзгерістерді
айқындау
- І Петр реформаларының маңызын көрсету.
І Петр Боярлар думасы қызметіне көңілі толмады, оның
қызметін тоқтатып , жаңа Европалық үлгідегі сенат құрылды , ол
патшаға бағынышты болды.
Ел басқару, білім ғылым, мәдениет, әскери, әкімшілік
реформалары өте сәтті қадам басты. І Петр сонымен бірге
өзінің тамаша қолбасшы екендігін көрсете алды. Бірқатар
шайқастарда Шведциямен, Даниямен толық жеңіске жетіп
халықаралық жағдайы түзеп алды. Ресей Қара теңізге шығуға
үміттенді, бірақ Балтық теңізіне шығуға толық мүмкіндік
алды.Мемлекеттің толық қуаттылығына жауап бере алатындай армия
мен әкімшілік комплекс корпусы жасақталды.
І Петр оқу-ағарту саласындағы реформалары толық ақтамады.
Өйткені елде тек мектептер мен училищелер ғана
ашылды. Жоғарғы оқу орындары ашылмады. Білімді жастарды шетелге
оқыту үрдісі күшейді. Киім кию үлгісі, аұсүйектік кодекс Батыс
Европа үлгісінде болу міндеттелді.Мәскеу
мен Петербугте ғылыми орталықтар, мәдени орындар ашылды. Газет
журналдар шығару қолға алынды. Халыққа дер кезінде болған
оқиғаларды жеткізіп тұратын алғшқы
Ведомости газеті 1703 жылдары шыға бастады. Елдегі өзгерістер
үлкен прогреспен жүрді. Батыс Европадағы қуатты елге айнала
бастаған Ресей мен көршілері санаса бастады. Бұл
жаңалықтардың көбісін І Петр Батыс Европа елдерінен алды .
Өйткені ол реформа жүргізбес бұрын дамығар бірқатар елдерге
Галландияға, Франсияға, Германияға, Бельгияға барып қайтқан
болатын. Европа бет бейнесі керемет әсер қалдырған ол Россияны
да көркейтуге ұмтылды. І Петр реформалары өте сәтті өтті. І Петр
өлерінің алдында император дәрежесін алды, ал Ресей империяға
айналды. І Петр реформалары Ресейдің одан әрі дамуына даңғыл жол
салып кетті. Орыс халқының даңқты ұлы әлем тарихында ерекше орын
алатын тұлға. Орыс халқы өздерінің ұлы Петрін қадірлейді.
Орыстардың алға шығуына бірден-бір импульс бере алған Ұлы Патшаға
басқа орыс патшаларының бірде –бірі татымады.

І Петрдің мемлекеттік басқару реформалары.
(Әкімшілік басқару)
І Петр әкімшілік саладағы өзгерістерді барлығынанда бірінші
қойды. Бірақ жаңа мекемелер бірден қалыптаса қойған жоқ. Әуелгі
кезде мемлекет органдарының жаңадан құрылған мекемелердің приказдар
біраз кеңейтілген бұрынғы салалары
жұмыс істей берді. Жаңа мекемелерге жалпырассиялық көлемде
белгілі бір правалар мен міндеттер беріле бастады. Патша боярлар
думасы қызметіне сүйенуін қойды оның тұсында бояр атағын беру
тоқтатылды. Ол маңызды мемлекеттік істерді өзінің жан қияр
серіктеріне жүктеді, олардың ата-тегімен санасып жатпады, ең
алдымен көмекшілерінің іскерлік қабілетін тексерді.
1711 жылы заңшығарушы нұсқау беруші және атқарушы ор –ган
Сенат құрылды, ол патшаға бағынатын болды. Жергілікті орындарда
ченовниктері бар генерал-прокурор қызметінің енгізілуі мемлекеттік
аппараттың барлық буындарының жұмысына жоғары өкіметтің бақылауын
күшейітті. І Петр генерал -прокурорды патшаның көреген көзі деп
атады.
1718-1720 жылдары бұрынғы үкіметтік мекемелер приказдар
жүйесі біржолата таратылды. І Петр олардың орнына каллегиялар
ұйымдастырды. Коллегиялардың айта қаларлықтай артықшылығы мынада еді:
олар мемлекеттік басқарудың белгілі бір нақты учаскелерінің
қызметін жүргізді және елдің бүкіл тер- риториясын қамтыды.
Коллегияны президент басқарды, оның қарауында кеңесшілер және басқа
лауазымды қызметкерлер болды. Ағымдағы істерді бірлесіп коллегияларды
талқылау приципі және орталық мекемелерге тән болатын . І Петр
коллегияның шешімдері бірлесіп талқылағансоң қабылдануы керек деп
үнемі ескертіп отырды. Армия істерімен әскери коллегия шұғылданды.
Теңіз флотын Адмиралтейство коллегиясы басқарды. Оған кеме жасайтын
ормандарды бақылауға алу тапсырылды. Сыртқы істер коллегиясы шетел
мемлекеттерімен қатынас жүргізді. Ол кезге дейін орыс дипломатиялық
қызметінде үлкен өзгерістер жасалған болатын. Атап айқанда басқа
мемлекеттерді үкіметтері жайында тұрақты елшіліктер мен миссиялар
құрылды. Россияның халықарарлық қатынастарының айрықша маңызын және
қажетті шешімдерді тез қабылдау қажеттілігін ескере отырып, сапарға
жиі шығаратын. І Петр елшілік канцемериясын өзімен бірге ала
жүрді.Ол құрлықтада, теңізде де қасында болды.
Елдің финанс ведомствасы үш колегияның қолына қарады. Камер-
коллегия салықтар және басқа қазына түсімдерін жинаумен немесе
бюджеттің кіріс шығысымен айналысты. Шығыс жағын штатс-коллегия
басқарды. Атынан көріп тұрғандай ревизия – коллегиясының міндеті
мемлекеттік аппараттың финанс жұмысын бақылау болды.
Юсти - коллегия жоғары сот ведемоствасы болды. Коллегияларды
құрғанда сауда мен өнеркәсіптің маңызы артып отырғаны ескерілді.
Каммерц-коллегиясы сауда істерімен, Берг коллегия кен-өнеркәсібімен ал
манафактур коллегия өнер-кәсіптің басқа салаларымен айналысатын
коллегия құруды да ойластырған болатын, бірақ мұны жасап үлгермеді.
Басқаларынан біршама кейінірек кезде Вотчиналық коллегия
құрылды , оның міндеті феодалдардың жерге иелік ету проваларын
қорғау болды. Үкіметтің орталық мекемелер жүйесінде саяси тыңшылық
ведомствалары айрықша орын алды. Оның қапастарында халық
көтерілістеріне қатысушы мыңдаған адам қамалды . Әуелі бұл міндетті
Преображенский приказды атқарып келді, кейін құпия концелерия
атқарды. Құпия концелерия қызметін І Петрдің баласы -мирасқор
Алексейдің ісін қараудан бастады,ол патшаға жасалған қастандыққа
қарсы жасалған қастандыққа қатысқаны үшін сотталды.
Сенаттың және коллегиялардың жұмыс тәртібі олардың
арасындағы өзара қатынастар чиновниктердің міндеттері, істің
толықтырылуы және қаралуы бәрі қатаң жүйеге келтірілді, ай- рықша
нұсқаулар және негізгі тәртіп , басып шығару арқылы ол заң жүзінде
бекітілді.
І Петрдің реформалары жергілікті басқару ісінеде қатысты
болды. 1708 жылы указ шығарылып соған сәйкес мемлектті губер-
нияларға жіктеу енгізілді. Москва, Прибалтика мен Петербургпен қоса
каремия аудандары, Арханчелск, Казан, Киев, Смопенск, Азов және Сібір
губерниялары барлығы сегіз губерния құрылды. Бірақ бұл әкімшілік
өлшемдер тым ірі болып шықты.Кейін губерниялар саны көбейтілді,
губернаторлардың да билігі зор болды.

Солтүстік соғысының қарсаңында-ақ қалаларды-ақ басқаруды
реттеу шаралары қолға алынған болатын. Бірақ соғыс аяқ- талғансоң
ғана қала реформасы жүргізілді қала істері бойынша орталық
ведомства бас магистрат болды. Ол жергілікті орындарда қаланың
магитраттар құрылды. Бұл органдардағы жетекші роль посадтық
жоғарғы топтарына тйді. Қала тұрғындарының дәулетсіз топтары
магистраттар жұмысына қатыстырылмады.
Шіркеу жағдайында да елеулі өзгерістер болды.XVII-ғасырда
шіркеу мемлекет өмірінде өте елеулі орын алды. Патриарх Адриан өлген
соң (1700) патша енді жаңа патриарх сайлауға рұқсат етілді. Жоғарғы
діни бекзаттармен монастрьлардың қолын- дағы орасан зор мол байлық
мемлекет мүдесіне өте аз пайдаланылып келді. Сондықтан І Петр
тұсында шіркеу табысының бір бөлігін алып отыру және дін басыларының
тәуелді шаруалар еңбегін оңды-солды пайдалану праваларын шектеу жөнінде
шаралар белгіленді. Сол кездегі ресми документтерде монахтар көп жағдайда
арамтамақтар деп аталып жүрді. 1721 жылы указ шығарылып, ол бойынша ақсуйек
адам басқарған Діни коллегия немесе синат құрылды. Шіркеудің мемлекетке
бағынуы оның мемлекеттік аппараттың бір бөлігіне айналды. Патшаның
самодержавиелік өкіметін нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Әрине
үкіметтің мұндай саясаты дін басылары арасында наразылық туғызды, олар
қастандық және жауыздық іс-әрекеттер туғызды, олар қастандық және жауыздық
іс-әрекеттер жасау жолымен І Петрдің жаңалықтарына біршама қарсыласып
бақты. Бірақ дін басылары ішінде де қайта құруларды шындап жақтаушыларда
(Феофан Пракопович) болды.
1722 жылы ұзақ және мұқият әзірленгеннен кейін Дәреже тізімі
жарияланды. Ол мемлекеттік қызметте, яғни әскери және азаматтық қызметте
атақ беру және жоғарлатып отыру жүйесін айқындаған патша самодержавиесін
нығайту дәуірінің аса маңызды документтерінің бірі.
Дәреже тізіміне сәйкес барлық әскери жеке азаматтық қызметкерлер
қызмет сатысын құрайтын 14-класқа бөлінді. Оның бірінші сатысында ең
жоғарғы дәрежедегілер бірінші класқа армияда генерал-фельдмаршал, флотта
генерал-адмирал, азаматтық қызметте канцлер. Екінші сатысына тиісінше атты
әскер генералы және инфантерия (жаяу әскер) генералы, адмирал, толық құпия
кеңесші кірді. Ең соңғы сатыдағы 14-кластағы атақтар: прапоршик, шкикер,
коллегия регистраторы болды. Кезекті дәрежеге өту сіңірген еңбегіне
байланысты берілді. Сөйтіп бұрынғы кезде, бұрынғы кездегі қабілетімен
мүкіндік беріп келген ата-тегімен ақсақтылығы принципі енді. Жеке басының
сіңірген еңбегі принципімен аумастырылды. Текті атақты адамдардың балалары
қызмет атқармайынша шен ала алмайтын болды. Сонымен бірге сіңірген еңбегіне
қарай әскери және азаматтық халықтық дворян емес топтарынан шыққандардың
алынуына бұрынғыдан да гөрі көбірек жол ашылды. Кластық шендерге қолы
жеткендер дворян атағын алатын болды. Енді дворяндар-чиновниктер, ал
чиновниктер двояндар болып шықты.
І Петр кезінде патшаның билігі шексіз (абсолюттік) болды. Патшаның
билігіне әскери уставтың алғы сөзінде былай деп анықтама берілді. Ұлы
мәртебелі – жеке билік ететін монарх, дүниеде ешкімнің алдында өз ісі
алдында есеп бермейді. Ол мемлекетті өз еркімен және өз билігімен
ьасқарады. Россияда шексіз билік орнады.
І Петрдің әкімшілік реформалары батыс-еуропалық үлгіде алынған
және тәрбиеден өткен ережелер жиынтығы Ресейде сәтті реформалар шықты.
Әкімшілік басқару реформалардың өткізу ерекшеліктерінің өз
себептері де бар еді.
Ресей бұрын Еуропадан артта қалған аграрлық әлсіз ел болатын,
елдегі бұрынғы орталықтары уезд болған басқару жүйесі заман талабына жауап
бере алмайтын еді. Бұл шаруалардың жер иеліктерінен қашуы мен халық
көтерілістерінен тезірек басуға мүмкіндік берме йкедергі келтірді. Реформа
патша билігін күшейткені сонша абсолюттік сертін алды. Ресей империяға
айналып, орталығы 1703 жылы жаңадан салына бастаған Сант-Петербург қаласы
заман талабына сай Ресейдегі ірі қалаға айналып, қана қоймай бүкіл орыс
қаласының жоғарғы Аристократиялық қоғамы жиналған даңқты қалаға айналды.

Оқу ағарту мәдениет салаларындағы өзгерістер
І Петр тұсында тіпті жай сауатты адамдарды былай қойғанда бұрын
соңды болмаған нағыз сан алуан саланың мамандарын: кеме жасаушылар,
теңізшілер, инженерлер, архитекторлар, картографтар және көптеген
басқаларын даярлау міндетті ерекше күшті қойылды. Өмір бұл салада да
мемлекеттік шараларды көзінен қолдануды ерекше талап етті. Көп нәрсені
үйрену және басқаларды да үйрету қажет болды. І петрдің Мен оқимын
санатындамын және мені оқытуды талап етемін деген жазуы жүзік салып жүруі
тегін емес. Ол білімді тынбастан меңгерудің үлгісін және басқалардан да
осыны талап етті. І Петр шетел мамандарымен ғылымдарын шақыра отырып,
оларға аямай ақы төлегенде ең басты орыс адамдарын оқыту мақсатын көздеді.
Оқу мен ғылымды іс жүзінде меңгеру үшін Россиялықтар шетелдерге
жіберілді. Көбінесе бұлар дворян тегінен шыққан жас жігіттер еді. Шетелде
оқығандар арасында А.С.Пушкиннің арғы атасы А.Ганибол болды. Отанына қайтып
оралғанда олардың қатал емтиханынан өтуі керек болды. І Петрдің өзі
әлденеше рет сынақ алушының ролін атқарды. Ол кезде орыстардың шетелдегі
ғана емес, сонымен бірге отандық мектептердегі оқуда мемлекеттік қызметпен
бір қатарға қойылды. Міне сондықтан да талап қатал болды. Бұл дворян
ұлдарының бәріне бірдей ұнаған жоқ. Әкелерінің бай мекен-жайларында емін-
еркін керенау тұрмысқа еті үйренген олардың кейбіреуі өзінің бұл тағдырына
наразы болып, оқудан жалтаруға тырысты. Бірақ бұның реті келе бермеді. І
Петр жас дворяндарға егер олардың мектепті бітіргені жөнінде куәлігі
болмаса үйреуге тиым салу туралы указ шығарды.
Елге қажетті мамандар даярлауда әрине мектептер басты міндеттер
атқарады. Біздің есімізде қалғандағыдай бұрынғы уақытта шіркеулі оқу басым
болып, онда дін қызметкерлерді, ғалым монахтарды діни уағыздар мен діни
кітаптар жазатындарды даярлайды. Жаңа ХVІІІ ғасырда мүлде басқаша талаптар
қойылды. Теңіз кемелері, домналар, токарьлық станоктар жасап, географиялық
карталар құрастыру кеніштерді зерттеу үшін діни білім жарамай қалды, іс
жүзінде нақты білім қажет болды. І Петрге дейін нақты білім үйде оқу
жолымен дерлік берілді. Мұның өзі де жай сауат ашып, жеңіл есептер шығару
мен шектелді. Мемлекеттік училищелер бірлі-жарым ғана болды.
ХVІІІ ғасырдың І ширегінде жалпы білім беретін оқу орындарының
және арнаулы оқу орындарының жүйесі қазына есебімен ұйымдастырылды. Төменгі
сатыдағы училищелерде тәрбиеленушілер оқу ағарту, жазу мен есеп шығару
дағдысын меңгерді. Солдаттардың балаларына арнап, бастауыш оқу орындары
ашылды. 1701 жылы Москвада ашылған математика және навигация ғылымдарының
мектебі неғұрлым көлемді де сан алуан білім беретін (алгебра, геометрия,
тригонометрия, сызу, астрономи, және т.б.) береді. Мұнда сабақтар күні
бойына өтті. Тәртіп қатң болды. Сабаққа қатыспағаны үшін дүре соғылды
немесе ақшалай үлкен айып төледі. Бұл мектепті бітіргендер басқа
училищелерге оқытушы болып, жиі тағайындлды, 1715 жылы мектептің бір бөлігі
Петербургқа көшіріліп, соның негізінде Теңіз академиясы құрылды. Ол
академияның тәрбиеленушілеріішінен көптеген орыс теңізшілері шықты, олардың
арасында даңқты поляр зерттеушілері Г. Малыгин мен С.Чилюскин барды.
Новгордта, Нарвдв, Рефельде, Астраханда дәл осындай Навигациялық
мектептер ашылды. 1707 жылы Москвада медициналық мектептің негізі қаланды,
бұдан бірнеше жыл бұрын Петербургтада осындай мектептің негізі қаланды.
Оралда, Кореяда кен уилищелері құрылды. Артериялық және инженерлік
мектептер ашыла бастады. Басты пәні шет тілдері болған, оның ішінде шығыс
тілдері бар. Оқу орындарының негізі қаланды. ІПетрдің тұсында кітаптар,
соның ішінде оқулықтар ауларма және орыс авторларының шығару айтарлықтай
көбейтілді. Математика, физика, грамматика пәндеріне арналған әр түрлі
сөздіктер, календарлар басып шығарылды. Нақты мазмұндағы басқа кітаптар
сияқты оқу әдебиеттеріндеде таратуға азаматтық әліппені енгіздің көмегі
тиді. Бос шыжбайлап жазылатын, оқуға қиын келетін
шіркеулік спавян әріптері баспаханадан алып тасталып, олардың жазылуы
неғұрлым қолайлы әріптермен ауыстырылды.Цифларды қиын әріптік таңбалау
араб цифрларымен ауыстырылды.
Москвада және Петрбургте жаңа баспаханалар,ал олардың жаңында
ойып өрнектеуші шеберханалар ашылды. І Петрдің баспашыларымен қатар ойып
өрнектеуші суретшілері бар көшпелі баспаханасы болды.1714 жылы
Россияда тұңғыш рет Петербургте мемлекеттік көпшілік кітапхана ашылды.
1702 жылғы декабрде бірінші орыс газеті Ведомости шыға
бастады. Газет Россиядағы және шетелдердегі оқиғалар туралы хабарлап
тұрды.І Петрге дейін Ресейде мәдениет саласы төменгі дәрежеде болды,
орыстар театр дегенді мүлде бі лмеді.І Петр бастамасымен Үлкен және кіші
театрлар ашыла бастады.

Ғылым саласындағы өзгерістер.
ХVII ғасырдың аяғы XVIII ғасырдың басы орыстың жас ғылымыүлкен
табыстарға жетті.Россияның оңтүстігінде, Каспий мен Арал теңіздерінде,
Сібірде, Курил аралдапрында жүргізілген географиялық зерттеулердің
нәтижелері елеулі болды.Орыс геодезистерінің ғылыми негізінде әзірлеуі
нәтижесінде Россияның бірқатар аудандарының және іргелес елдердің карта-
лары жарық көрді.1725 жылғы І петр бұйрығымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Софьяға таққа ұмтылмасқа
Пётрдің мемлекеттік басқару реформалары
ПЕТРДІҢ РЕФОРМАЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ РЕСЕЙДЕГІ ФАРМАЦИЯ
XVII ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің әлеуметтік- экономикалық және саяси жағынан дамуы
Ресейдегі И. Грозный және Ұлы Петр
Кіші жүзбен Орта жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдауы
Қазақ хандығын Ресейге қосып алудың басталуы
Ресей мәдениеті жайында
Фармация ісінің даму консепциясы
X ғасырлардағы Ежелгі Славяндар шаруашылығы
Пәндер