Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасының дамуы



Қазақстан мен АҚШ-тың мүдделерін қамтитын қазіргі кездегі халықаралық өмірдің басты аяларында екі ел қатынастары үшін екіжақты өзара әрекеттесу мен ынтымақтастықтың өте маңызды мәні бар. Қазақстан халқына Жолдауында Президент Н.Назарбаев АҚШ-пен қарым-қатынастардың дамуы ең маңызды басымдылықтардың біріне жататындығын атап өткен болатын. Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар әскери-саяси ықпалдастық, қауіптерді бірігіп азайту аясындағы ынтымықтастық, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, шекаралық қауіпсіздік, халықаралық лаңкестікпен күрес, жоғарғы технологиялар, энергоқорлар саласындағы ынтымақтастық, есірткі және СПИД-тің таралуына қарсы әрекеттер және т.б. сияқты өте маңызды аспектілерді қамтиды. Қазіргі таңда ешбір мемлекет жеке дара қауіпсіздік мәселелерін тиімді түрде шеше алмайтындығы сөзсіз. Осыған ретте Қазақстан АҚШ және басқа да мемлекеттердің аймақтық бейбітшілік және орнықтылыққа жетудегі маңызды серіктесі болып отыр.
Қазақстан және АҚШ қарым-қатынасын отандық зерттеушілердің пайымдауынша, екіжақты қатынастардың ерекшеліктерін айқындайтын бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.
1990-жылдардың бірінші жартысында Қазақстан территориясында орналасқан кеңестік ядролық қарудың тағдыры, сондай-ақ ислам дінінің мемлекетте және тұтастай аймақта күшею мүмкіндігі басты айқындаушы факторлар болды.
Екінші кезең (1996-2001 жж.) аймақтағы АҚШ сыртқысаяси стратегиясының жаңа басымдықтарымен сипатталады. Каспийдің көмірсутек қорлары және мұнай құбырлары бағыттарының проблемасы екіжақты қатынастардағы ортақ факторға айналған болатын.
2001 жылдан басталатын үшінші кезең АҚШ-тың Орталық Азия аймағына жақын жерде басталған кеңауқымды лаңкестікке қарсы күресімен сипатталады. Халықаралық лаңкестікпен күрес, аймақта тұрақтану, ұлттық қауіпсіздіктің жаңа Стратегиясына сәйкес АҚШ энергетикалық стратегиясын қайта қарау - бұл мәселелер аймақтағы американ саясатының дәлелі ретінде көрініс табады.
1990-жылдары Вашингтон Орталық Азия аймағына қатысты саясатында «Тэлботт доктринасын» қолданды. Оның негізі мәні: аймақта АҚШ өзінің туын тікпейді және бұны ешкімге де жасауға мүмкіндік бермейді. Ұлттық стратегиялық зерттеу институтының маманы Юджин Румердің пікірінше, Орталық Азияға қатысты стратегиясында АҚШ үш мүмкін болатын рөлдерді ойнауы тиіс: шектелген серіктес, гегемон және қауіпсіздік саласындағы менеджер. АҚШ «қауіпсіздік саласындағы менеджер» рөлін таңдап, «гегемонға» айналуға тырыспай, Ресей, Қытай және Иранның мүдделерін ескере отырып, өз саясатын жүргізуі тиіс [1, с.6].
1. Rumer E. Flashman’s Revenge: Central Asia after September 11 // Strategic Forum. December -2002. -No 195, pp. 1-8
2. Султанов Б.К., Музапарова Л.М. Становление внешней политики Казахстана.-Алматы, 2005
3. Токаев К.К. Преодоление.- Алматы, 2003
4. www.inform.kz
5. www.kazpravda.kz
6. М.Ашимбаев. Сотрудничество с США и национальные интересы Казахстана. Материалы международной конференции/ Под ред. М.Ашимбаева.-Алматы, ИМЭП; 2006
7. www.kz-today.kz
8. Лаумулин М.Т. Центральная Азия в зарубежной политологии и мировой геополитике. Т ІІ:Внешняя политика и стратегия США на современном этапе и Центральная Азия. –Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2006

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН-АҚШ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ДАМУЫ

Қазақстан мен АҚШ-тың мүдделерін қамтитын қазіргі кездегі халықаралық
өмірдің басты аяларында екі ел қатынастары үшін екіжақты өзара әрекеттесу
мен ынтымақтастықтың өте маңызды мәні бар. Қазақстан халқына Жолдауында
Президент Н.Назарбаев АҚШ-пен қарым-қатынастардың дамуы ең маңызды
басымдылықтардың біріне жататындығын атап өткен болатын. Екі мемлекет
арасындағы қарым-қатынастар әскери-саяси ықпалдастық, қауіптерді бірігіп
азайту аясындағы ынтымықтастық, жаппай қырып-жою қаруын таратпау, шекаралық
қауіпсіздік, халықаралық лаңкестікпен күрес, жоғарғы технологиялар,
энергоқорлар саласындағы ынтымақтастық, есірткі және СПИД-тің таралуына
қарсы әрекеттер және т.б. сияқты өте маңызды аспектілерді қамтиды. Қазіргі
таңда ешбір мемлекет жеке дара қауіпсіздік мәселелерін тиімді түрде шеше
алмайтындығы сөзсіз. Осыған ретте Қазақстан АҚШ және басқа да
мемлекеттердің аймақтық бейбітшілік және орнықтылыққа жетудегі маңызды
серіктесі болып отыр.
Қазақстан және АҚШ қарым-қатынасын отандық зерттеушілердің пайымдауынша,
екіжақты қатынастардың ерекшеліктерін айқындайтын бірнеше кезеңдерге бөлуге
болады.
1990-жылдардың бірінші жартысында Қазақстан территориясында орналасқан
кеңестік ядролық қарудың тағдыры, сондай-ақ ислам дінінің мемлекетте және
тұтастай аймақта күшею мүмкіндігі басты айқындаушы факторлар болды.
Екінші кезең (1996-2001 жж.) аймақтағы АҚШ сыртқысаяси стратегиясының
жаңа басымдықтарымен сипатталады. Каспийдің көмірсутек қорлары және мұнай
құбырлары бағыттарының проблемасы екіжақты қатынастардағы ортақ факторға
айналған болатын.
2001 жылдан басталатын үшінші кезең АҚШ-тың Орталық Азия аймағына жақын
жерде басталған кеңауқымды лаңкестікке қарсы күресімен сипатталады.
Халықаралық лаңкестікпен күрес, аймақта тұрақтану, ұлттық қауіпсіздіктің
жаңа Стратегиясына сәйкес АҚШ энергетикалық стратегиясын қайта қарау - бұл
мәселелер аймақтағы американ саясатының дәлелі ретінде көрініс табады.
1990-жылдары Вашингтон Орталық Азия аймағына қатысты саясатында Тэлботт
доктринасын қолданды. Оның негізі мәні: аймақта АҚШ өзінің туын тікпейді
және бұны ешкімге де жасауға мүмкіндік бермейді. Ұлттық стратегиялық
зерттеу институтының маманы Юджин Румердің пікірінше, Орталық Азияға
қатысты стратегиясында АҚШ үш мүмкін болатын рөлдерді ойнауы тиіс:
шектелген серіктес, гегемон және қауіпсіздік саласындағы менеджер. АҚШ
қауіпсіздік саласындағы менеджер рөлін таңдап, гегемонға айналуға
тырыспай, Ресей, Қытай және Иранның мүдделерін ескере отырып, өз саясатын
жүргізуі тиіс [1, с.6].
2001 жылғы 11-қыркүйек оқиғалары және АҚШ-тың Ауғаныстандағы лаңкестікке
қарсы операциясынан кейін Қазақстан-АҚШ қарым-қатынастарындағы стратегиялық
серіктестік жаңа кезеңге аяқ басты. 2001 жылғы желтоқсандағы Қазақстан
Президенті Н.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында Қазақстан-американ
жаңа қатынастары туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды. Мәлімдемеде,
ғаламдық экономика мен демократиялық мемлекеттер қоғамдастығына енетін ХХІ
ғасырда бейбіт, өсіп-өркендеген және егеменді Қазақстанның жалпы бейнесіне
қол жеткізу мақсатында ұзақ мерзімді стратегиялық серіктестікке өзара
адалдылық аталып өтілді [2, с.107].
Біздің еліміз халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде АҚШ-тың
маңызды одақтасы болып табылады. Бұл ретте, ең алдымен, біздің еліміздің
Ауғанстан мен Иракты тұрақтандыру мәселесіне қосқан үлесін атап өткен жөн.
Қазақстан халықаралық сахнадағы және аймақтағы өзгерген жағдайға
байланысты, мемлекеттің қауіпсіздігін нығайтуға, ішкісаяси жағдайға сырттай
ықпал етуге және елдегі саяси тұрақтылықты бұзуға бағытталған әрекеттердің
алдын алуға маңызды орын бөледі. Ауғаныстандағы операциялар жүргізіп жатқан
халықаралық бітімгершілік күштер үшін еліміздің әуе кеңістігін және БҰҰ
гуманитарлық миссиялары үшін әуежайларды ашу туралы шешімдер Қазақстан және
АҚШ әскери-саяси ынтымақтастығының арта түскендігін көрсетеді.
Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың жаңа кезеңі АҚШ жаңа
әкімшілігінің демократияландыру үрдістеріне ерекше назар аударуымен
сипатталады. Американ логикасы бойынша демократияландыру ішкі тұрақтылықтың
ғана емес, сонымен бірге ислам радикализмінің таралуына қарсы кепілдік бола
алады. 2001 жылдың 11-қыркүйегіне дейін саяси жүйені демократияландыру мен
реформалау дәрежесі, азаматтық қоғамды қалыптастыру үрдісі американ
саясаткерлері тарапынан басымдылық ретінде жарияланса да, іс жүзінде
демократияландыру үрдісі тек Американың әлемдік лаңкестікке қарсы соғысты
жариялауынан кейін ғана өзекті мәселеге айналды. Бұған тәуелсіз бұқаралық
ақпарат құралдарын, саяси партиялардың дамуын, діни еркіндікті, білім беру
мен салауатты өмір салтын қолдауға және қаржыландыруға бағытталған АҚШ-тың
мемлекеттік департаментінің бағдарламасы дәлел бола алады.
Стратегиялық мүдделерді басшылыққа алып отырған біздің еліміздің
саясаткерлері АҚШ-ты Орталық Азиядағы қауіпсіздіктің маңызды элементі
екендігін мойындап отырғанын және соңғы жылдары Қазақстан-Америка өзара
ықпалдастығы сапалық жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтуге болады.
АҚШ Қазақстанды Орталық Азиядағы аймақтық көшбасшы және АҚШ-тың ең
сенімді де, болашағы зор әріптесі ретінде танып отыр. АҚШ Президенті Джордж
Буштың Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдауында атап
өтілгеніндей, “Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуі аймақтың басқа елдері
үшін модель болып табылады” [3, с.608]. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы
К.Райстың 2005 жылғы Астанаға сапары кезінде Қазақстанның “Орталық Азияда
көрші елдерге экономикалық тұрғыдан әлдеқайда ашық, саяси тұрғыдан
әлдеқайда тұрақты болуға көмектесе отырып, шешуші рөл атқаруға” барлық
қажетті құрамдастары бар екенін атап көрсеткен болатын.
Еліміздегі саяси орнықтылық, жоғары экономикалық даму және қолайлы
инвестициялық ахуал сияқты жағдайлар АҚШ-қа елімізді Орталық Азия
аймағындағы америкалық бизнесті енгізуге платформа ретінде қарастыруға
мүмкіндік туғызды.
Республикамыздың сыртқы саясатындағы екіжақты қатынастарда Америка
бағытына басымдық беріледі. Құрама Штаттардың экономикалық, ғылыми және
технологиялық потенциалы еліміздің бәсекеге қабілетті әлемнің 50 елінің
қатарына енуіне ықпал етуі мүмкін. АҚШ-тың вице-президенті Р. Чейнидің
елімізге ресми сапары кезінде Қазақстанның экономикалық та, саяси да
салаларда дамуына себептесетін барлық бағытымен ынтымақтасуға дайынбыз деп
айтқан болатын [4].
Қазақстан үшін АҚШ-пен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту сыртқы
саясаттағы басым бағыттардың бірі болып табылады. Атап айтқанда, АҚШ-пен
сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту республиканың тұрақты да, өскелең
де дамуына себептесетін факторлардың бірінен саналады. Мұны Қазақстан
экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ауқымындағы
АҚШ-тың үлесі 30 пайыз шамасын – 12 млрд. доллардан астамды құрайтыны да
дәлел бола алады.
Қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықта Қазақстандағы
әскери реформаларды қолдау бойынша қорғаныс ресурстарын басқару, шетелдік
әскери қаржыландыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасты жан-жақты талдау және болашақтағы дамуына болжаулар жасау
ҚХР Жапонияның сыртқы саясатында
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы Жапонияның ролі
Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
Елдің экономикасының даму стратегиясы
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы
Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы орны
Түрлі мемлекеттердің сыртқы саясатына талдау
Қазақ мемлекеттігі дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы
Тәуелсіз Қазақстанның Шығыс елдерімен өзара қарым - қатынасының дамуы
Пәндер