Машина жасау өнеркәсібі кешені



Машина жасау өнеркәсібінің дамуы экономикалық мәселелерді шешуде маңызы зор. Қазақстан Республикасының ұлттық тәуелсіздігін, қауіпсіздігін және көркеюін қамтамасыз ететін өнеркәсіп салаларының бірі, сонымен бірге әр елдің индустриялдық-инновациялық қуатын, ғылыми-техникалық жетістіктерін көрсететін өнеркәсіп.
Социалистік индустриализация және өндіргіш күштерінің дамуы негізінде Қазақстан машина жасау өнеркәсіп кешені құрылды деп айту қиын. Жалпы айтқанда, оның дамуы мен орналасуы құрылымдық салалық деформация (біржақтылық) және орналасуында қарама-қайшылықпен (диспропорциямен) сипатталады. Машина жасау кешенінің құрамына машина жасау және металл өңдеу өнеркәсібі кіреді. Машина жасау өнеркәсібі шығаратын өнімдерінің тұтыну бағытына байланысты маманданған салаларға: энергетикалық, көліктік, ауыл шаруашылық, аспан жасау т.б. болып бөлінеді. Мұнымен бірге бұл салалардың өзі бірнеше ішкі салаларға жіктеледі. Мысалы, көлік машинасын жасау өнеркәсібі: вагон, автомобиль, кеме, ұшақ, элекровоз т.б. Машина жасау кешенінің дамуы үшін станок, ұсталық-престік машина жасау, инструмент, әр түрлі құрал-жабдықтар, өндірісті автоматикалық басқару жүйесі сияқты салаларкерек. Сонымен бірге маңызды орын алатын салалар: прибор (аспан) жасау, компьютерлік техника, электротехника т.б. Метал өңдеу өнеркәсібі: металдық конструкция мен әр түрлі бұйымдар жасайды, машина мен құрал-жабдықтарды жөндеумен айналысады. Бұған машина жасау зауытындағы шойын мен болат құю, яғни «кіші металлургия», кіреді. Машина жасау кешені өндірістік құрал-жабдықтармен, детальдармен, қосымша бөлшектермен қамтамасыз етумен бірге ол ғылым мен техниканың жетістігін өндіріске енгізуге, өндірісті автоматикалық жүйеге көшіруге, еңбек өнімділігін арттыруға, материалдық шығынды азайтуға, хақыл тұрмысына қажетті ұзақ уақытқа қолданылатын тауарлар шығаруға, адамдардың уақытын үнемдеуге және дұрыс пайдалануға көмектеседі. Машина жасау өнеркәсібі технологиялық стадиясы (сатысы) бойынша дайындау, механикалық өңдеу және жинау болып бөлінеді. Дайындау стадиясы металды көп жұмсайды, сондықтан шикізат көздеріне жақын орналасады, ал қалған екі стадияларын орналастыруды жан-жақты әр түрлі вариантарымен териториялық ұйымдастыруға болады. Өндірістік мамандануы бойынша машина жасау өнеркәсібі мынадай топтарға бөлінеді:
- Заттық мамандану салалары: станок, прибор жасау, энергетика, көлік, ауыл шаруашылығы т.б. машиналарын жасау;
- Бөлешектік мамандану: подшипник, қосымша бөлшектер мен детальдар, узелдер, металдық конструкциялыр т.б.;
- Технологиялық мамандану: металл құю, өңдеу және жөндеу, ұсталық-престік бұйымдар т.б. жөндеу жұмыстары өндірісі.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Машина жасау өнеркәсібі кешені

Машина жасау өнеркәсібінің дамуы экономикалық мәселелерді шешуде
маңызы зор. Қазақстан Республикасының ұлттық тәуелсіздігін, қауіпсіздігін
және көркеюін қамтамасыз ететін өнеркәсіп салаларының бірі, сонымен бірге
әр елдің индустриялдық-инновациялық қуатын, ғылыми-техникалық жетістіктерін
көрсететін өнеркәсіп.

Социалистік индустриализация және өндіргіш күштерінің дамуы
негізінде Қазақстан машина жасау өнеркәсіп кешені құрылды деп айту қиын.
Жалпы айтқанда, оның дамуы мен орналасуы құрылымдық салалық деформация
(біржақтылық) және орналасуында қарама-қайшылықпен (диспропорциямен)
сипатталады. Машина жасау кешенінің құрамына машина жасау және металл өңдеу
өнеркәсібі кіреді. Машина жасау өнеркәсібі шығаратын өнімдерінің тұтыну
бағытына байланысты маманданған салаларға: энергетикалық, көліктік, ауыл
шаруашылық, аспан жасау т.б. болып бөлінеді. Мұнымен бірге бұл салалардың
өзі бірнеше ішкі салаларға жіктеледі. Мысалы, көлік машинасын жасау
өнеркәсібі: вагон, автомобиль, кеме, ұшақ, элекровоз т.б. Машина жасау
кешенінің дамуы үшін станок, ұсталық-престік машина жасау, инструмент, әр
түрлі құрал-жабдықтар, өндірісті автоматикалық басқару жүйесі сияқты
салаларкерек. Сонымен бірге маңызды орын алатын салалар: прибор (аспан)
жасау, компьютерлік техника, электротехника т.б. Метал өңдеу өнеркәсібі:
металдық конструкция мен әр түрлі бұйымдар жасайды, машина мен құрал-
жабдықтарды жөндеумен айналысады. Бұған машина жасау зауытындағы шойын мен
болат құю, яғни кіші металлургия, кіреді. Машина жасау кешені өндірістік
құрал-жабдықтармен, детальдармен, қосымша бөлшектермен қамтамасыз етумен
бірге ол ғылым мен техниканың жетістігін өндіріске енгізуге, өндірісті
автоматикалық жүйеге көшіруге, еңбек өнімділігін арттыруға, материалдық
шығынды азайтуға, хақыл тұрмысына қажетті ұзақ уақытқа қолданылатын
тауарлар шығаруға, адамдардың уақытын үнемдеуге және дұрыс пайдалануға
көмектеседі. Машина жасау өнеркәсібі технологиялық стадиясы (сатысы)
бойынша дайындау, механикалық өңдеу және жинау болып бөлінеді. Дайындау
стадиясы металды көп жұмсайды, сондықтан шикізат көздеріне жақын
орналасады, ал қалған екі стадияларын орналастыруды жан-жақты әр түрлі
вариантарымен териториялық ұйымдастыруға болады. Өндірістік мамандануы
бойынша машина жасау өнеркәсібі мынадай топтарға бөлінеді:

- Заттық мамандану салалары: станок, прибор жасау, энергетика,
көлік, ауыл шаруашылығы т.б. машиналарын жасау;

- Бөлешектік мамандану: подшипник, қосымша бөлшектер мен
детальдар, узелдер, металдық конструкциялыр т.б.;

- Технологиялық мамандану: металл құю, өңдеу және жөндеу, ұсталық-
престік бұйымдар т.б. жөндеу жұмыстары өндірісі.

Мамандану процесі арқасында негізгі кәсіпорынның айналысында бір-
бірімен өзара байланысты қосымша кәсіпорындар пайда болады, яғни дайын
машиналар мен техникалар шығару үшін өндірісті ұйымдастыру формалары:
мамандану, шоғырлану, серіктесу, септесу дамиды. Өндірісті ұйымдастыру
формаларының дамуы территориялық (локалдылық) машина жасау тораптарының,
аудандарының, кешендердің құрылуына себеп болады. Белгілі бір дайын өнім
шығару үшін машина жасау зауыттарының бір-бірімен территориялық икемді
өндірісті құруға, ғылым мен техниканың жетістіктерін жылдам енгізуге,
тұтыну нарығының сұранысына жылдам жауап беруге мүмкіндік жасайды.
Технологиялық процестің стадияларына (сатыларына) және орналасу
ерекшеліктеріне байланысты машина жасау өнеркәсібі мынадай топтарға
бөлінеді:

1.Ауыр машина жасау өнекәсібі. Мұның құрамына металлургиялық тау-
кен, көтерме көлік құрал-жабдықтары, энергетикалық блоктар (бу қазандары,
атом реакторлары, турбина мен генереторлар), металды көп жұмсайтын
габариттік құрал-жабдықтар. Кәсіпорындары негізінен толық өндірістік циклді
болады және металлургиялық базаларға жақын орналасады.

2.Жалпы машина жасау өнеркәсібі. Бұдан әр түрлі металдық
конструкция жинау және ірі габаритті, бірақ жинауыкүрделі емес
(автомобильден басқа) машина жасау өнеркәсібі, өнеркәсіпке және құрылысқа
технологиялық құрал-жабдықтар (жеңіл және тамақ өнеркәсібінен басқа), ауыл
шаруашылығы машиналарын жасау (трактордан басқа) өнеркәсіптері жатады.
Шикізатты (металды) көп шығындайтын салалар мен кәсіпорындар металлургия
базаларына, басқалары көбінесе тұтыну рыногына жақын орналасады.

3. Орта машина жасау өнеркәсібі. Автомобиль, трактор, станок жасау,
ауыл шарушылығы, көлік, құрылысқа керек орта және кіші мөлшердегі машиналар
мен құрал-жабдықтар өнеркәсіптері кіреді. Мұның құрамына технологиялық
стадиялар бойынша маманданған көптеген кәсіпорындар кіреді. Оларға
серіктесу (кооперация) және септесу (комбинирование) арқылы территориялық
ұйымдастыру тән.

4.Дәл машина жасау өнеркәсібі – дәл машиналар мен механизмдер,
аспап пен инструмент жасау, компьютерлік техника, роботтехника,
автоматикалық құрал-жабдықтар, космос т.б. өнеркәсіптер жатады.Бұл
салалардың технологиялық процесі дәл механикалық өңдеу мен жинауды қажет
етеді. Сондықтан олар жоғары білітілік жұмысшыдары бар аудандарға
орналасады.

5. Металдық дайын құрамалар мен жабдықтар өнеркәсібі. Менталдық
дайын құрамалар дайындау шикізат көздеріне, ал металдық жабдықтар шығару,
тұтыну рыногына жақын орналасады.

6. Машиналар ремонттау мен құрал-жабдықтарды жөндеу. Машина жасау
және металл өңдеу өнеркісібі Қазақстанда Кеңес өкіметі кезінде дамыды. XXғ.
30-шы жж. негізінен тау-кен өнеркәсібіне қызмет ету үшін кішігірім
зауыттар, цехтар, ремонт жасайтын шеберханалар салына бастады. 1932 ж.
бастап металл өңдеу өнеркәсібі жолға қойылды: таразы, таразының тастары, су
дирмендеріне, кіші су электр стансаларына құрал-жабдықтар, ауыл
шаруашылығына керекті техникалар. Елімізде машина жасау өнеркәсібінің
дамуаның жаңа кезеңі соғыс жылдарына (1941-1945) байланысты. Бұл кезеңде
КСРО-ның батыс аудандарына Қазақстанға ондаған машина жасау зауттарына
эвакуация жасалды. Соғыстың алғашқы жылдары Мәскеу, Ленинград (Санкт-
Петербург), Подольск, Мичуринск, Харьков, Воронеж, Донецк, Махачкала
жабдықтарымен және техникалық-инженерлік, жұмыскер кадрлары көшіп келді.
1940-1945 жж. машина жасау өнеркәсібінің өндірістік қоры 12%-ға, ал еңбек
өнімділігі 14%-ға ұлғаяды. Бұл кезде іске қосылған зауыттар: Алматы ауыр
машина жасау, Шымкент пресс-автомат, ауыл шаруашылығы машина жасау (Астана)
зауыттары. Арматура және К.Е.Ворошилов атындағы механикалық зауыттар (Орал)
көшірілді. Соғыстан кейін бұл зауыттар өндіруге көшті. Дегенмен,
өнеркәсіптің құрылымында жөндеу-құрастыру зауыттары басым болады, 1955ж.
машина жасау өнеркәсібі өнімінің 45%-ы осының үлесіне тиді. 1955-1965жж.
машина жасау өнеркәсібінің 11,3% болса, 16,7% болды. Республика машина
жасау кешенінің жалпы өнімі 132%-ға өсті, ал 1989ж. 154%-ға ұлғайды. 1980-
1989жж. машина жасау өнеркәсібінің республика жалпы өнеркәсіп өніміндегі
үлесі 15,2%-дан 16,3%-ға ұлғайды. Алайда бұл уақытта өнркәсіп-техникалық
базасы ескіре бастады. Машина жасау кешені негізгі өндірістік қорының тозуы
1980ж. 25,8%, ал 1989ж. 36,3%-ға жетті. Машина жасау өнеркәсібін соңғы 13
жылдағы (1991-2003жж.) жұмысының негізгі көрсеткіштерін 56-кестеден көруге
болады.

Тәуелсіз 13 жылда машина жасау өнеркәсібі өнімі 1999ж. бастап
өсуде. Өткен жылмен салыстырғанда 1999ж. 13,6%-ға, 2000ж. 79,9%-ға өсті.,
ал оған дейінгі жылдары 9%-дан 37%-ға дейін төмендеді. Осыған байланысты
өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемдегі сала өнімінің үлесі 11,6%-дан (1999ж.)
2,2%-ға, яғни 5 есеге, төмендеді. Кейбір өнімдердің нақты көлемі 1991ж.
нақты өнімі көлемінің 6%-ын құрады. Олар: ұсталық-пресс машиналары,
трансформаторлар, автомобиль тіркемелері, автошанақтар, қатарлы
дестелегіштер, шалғылар, бульдозерлер, жуылған кірді сығатын машиналар,
радиоқабылдағыштар. 1999ж. машина жасау салаларының кәсіпорындары қуатын
пайдалану орташа есеппен 10%-дан аспады. 2000ж. бастап машина жасау
өнеркәсібінде біршама өсу қарқыны біліне бастады. Мысалы: 1999ж.
салыстырғанда: әртүрлі крандар өндіру 4,5 есеге, подшипник 4,3 есеге,
экскаватор 3,2 есеге, бульдозер 2,4 есеге, трактор 1,6 есеге, арнайы
автомобильдер 1,5 есеге, мұнай-газ құрал-жабдықтары 4,4 есеге ұлғайды. Жаңа
өнімдер: бейнемагнитофон, жазатын аппаратуралар, тоңазытқыштар,
шаңжұтқыштар шығарыла бастады. Қазақстантрактор АКК-ы құрылып, жаңа
типтегі Т-95 тракторлары шығарыла бастады.

Машина жасау өнеркәсібі құрылымында электротехникалық, ауыр және
ауылшаруашылығы машина жасау салалары басым орын алады. Біршама дәрежеде
станок, интрумент және прибор жасау өнеркәсіптері дамыған. Қазақстанда
машина жасау кәсіпорындарының орналасуы сол ауданның өндірістік мамандану
ерекшелігіне байланысты. Мысалы, ауыл шаруашылығы машина жасау мен трактор
өнеркәсібі дәнді-дақыл егетін және өңдейтін аудандарда орналасқан. Тау-кен
шахта құрал-жабдықтары Қарағанды көмір бассейнінің орталығы Қарағандыда,
мұнай-газ құрал-жабдықтары – Атырауда орналасқан. Қазақстан машина жасау
өнеркәсібінің негізгі шығаратын өнімдері: сұйық заттарды тартуға арналған
насостар, электродвигательдер, тұрмыстық элект аспаптар, трансформаторлар,
ұсталық-престік автоматтар, автомобиль прицептер мен контейнерлер, егін
оратын машиналар (жаткалар), шөп шабатын машина (косилка), бульдозерлер,
магнитофондар, радио-, телебұйымдар.

5 қыркүйек 2000ж. Қазақстан Үкіметі 2000-2005 жж. машина жасау
өнеркәсібі кешенінің бағдарламасын бекітті. Мұндағы басымдық бағыттар
мыналар:

- трактор және ауыл шаруашылығы машина жасау өнеркәсібі, оның
ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге қажетті құрал-
жабдықтар мен қосымша бөлшектер;

- көлік машина жасау өнеркәсібі, оның ішінде әр түрлі цистерна-
вагондар, жол бойына, әсіресе темір жолына қажетті құрал-
жабдықтар, контейнерлер;

- мұнай өндірі және өңдеуге арналған машиналар мен құрал-
жабдықтар;

- тау-кен және металлургия машиналары мен құрал-жабдықтарын
шығаратын салалар;

- тоқтап қалған машина жасау кәсіпорындарын қалпына келтіру және
қазіргі сыртқы және ішкі рыноктың сұраныс деңгейіне тотеп бере
алатын бәсекелесе алатын жоғары сапалы машиналар шығаруға
арналған жекелеген жобаларды орындау (автомобиль, прибор жасау,
медицина, электротехника т.б. өнеркәсіптер).

Қазіргі уақытта еліміздің экономикасына тартылып жатқан шетелдік
инвестиция құрылымына қарасақ, олардың басым көпшілігі Қазақстанда дүние
жүзі рыногын шикізатпен жабдықтаушы ретінде қарап және табиғат байлығына
байланысты өнеркәсіп салаларына көп көңіл бөлуі белгілі болып отыр.
Дегенмен, отандық және шетелдік кәсіпкерлер еліміздің машина жасау кешенін
қайта жандандыруға, әсіресе тау-кен өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы қажетін
қамтамасыз ететін салаларға көңіл бөле бастады. Қазіргі уақытта Қазақстанда
әскери кәсіпорындарды конверциялау арқылы сапалы өнімдер, оның ішінде жаңа
өнімдер шығаруға мүмкіндіктер туа бастады. Машина жасау өнеркәсібінің жаңа
дайын өнім шығаратын салаларын дамыту үшін отандық кәсіпкерлерді жұмылдыру,
отандық жоспар-бизнестер дайындау және мемлекеттік тұрғыдан қолдауды қажет
етеді. КСРО кезеңінде 32 қазақстандық машина жасау өнеркәсіп
кәсіпорындарының 60% өндірген өнімі Ресейге, 10%-ы Одақтық басқа
республикаларына, 5%-ы шетелдер рыногына жөнелтілді, керісінше, 60%-дан
астам машиналар мен құрал-жабдықтар республикаға сырттан тасымалданады.

Қазақстан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Машина жасау өнеркәсібі
Ресейдің машина жасау кешенінің құрылымы
Өнеркәсіптің құрылымы күрделі
Канада мемлекетіне экономикалық – географиялық сипаттама
Автомобиль өндірісінің Қазақстанда дамуы
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп түрлері
Көлік геграфиясы
Машина жасау
Сала кәсіпорындарын орналастыру
ҚАЗАҚСТАН РНСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Пәндер