Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезенддері



КІРІСПЕ


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕНДДЕРІ. ҚАЗІРГІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ.
1. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы.
2.Рыноктық құрылымды қалыптастыру
3.Экономикалық теорияның қалыптасу кезені пікір қайшылықтары.



ҚОРЫТЫНДЫ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету,жан – жақты талдау қызметтерін жүргізу,экономикалық талдау қызметкерлердің қызметін жүргізу,экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісін де.
Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор.Нарықтық жұмыстың жалпы ішінде: Нарық жүйесінің мәні,элементтері,принциптері,кемшіліктері,Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы сипатталады.
Нарықтық экономиканың жалпы мақсаты – экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарады.Тұжырымдама мемлекеттің және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген.
Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады,бірақ ол жеке бас бостандығының іргелі принциптеріне:тұтынушының бәсекелес көптеген қызметі өнімдер мен көрсетілетін ішінен өзіне қолайлысын таңдап алу бостандығына;өндірушінің жаңа бір іс бастауына не бұрыңғы ісін ұлғайтуға,сөйтіп соған байланысты тәуекелге барып,оның зейнетін көру бостандығына,қызметкердің жұмыс немесе мансап жолын таңдап алу,кәсіподаққа кіру немесе жұмыс беруші біреуден басқасына ауысу бостандығына негізделген.Нарықтық экономика,осы заманғы жекеше іс бастау және іскерлік рухы,саяси демократиямен астасып отырып,бостандықты сақтап қалудың ең жақсы перспективасын ашып берді және барлық адамдар үшін экономикалық өсу мен молшылықтың барынша кең мүмкіндіктерін ұсынады.
Нарық пен демократия дамуға батыл бет бұру – күллі адамзаттық мүдде.
Сондықтан елімізде нарыққа көшуді жөн көрді.Еліміздің басты мақсаты ашық нарықты қалыптастыру – бүгінгі таңда өте актуалды мәселе.Осы тақырыпты таңдау себебім де осында.
1. Әубәкіров Я.Ғ., Байжұманов Б.О. «Экономикалық теория» Алматы 1999 ж.
2. Жүнісов Б.А. «Жалпы экономикалық теория»,Алматы 2002 ж.
3. Крымова В. «Экономикалық теория»,Алматы 2003 ж.
4. Егеменді Қазақстан,2005 ж.1 ақпан,4 маусым,6 сәуір,11 мамыр.
5. Осипова Б. «Экономикалық теория»

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

ЭКОНОМИКАЛЫҚ теорияның қалыптасуының НЕГІЗГІ КЕЗЕНДдері. қазіргі
экономикалық теорияның негізгі БАҒЫТТАРЫна талдау жасау.
1. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік
жағдайы.
2.Рыноктық құрылымды қалыптастыру
3.Экономикалық теорияның қалыптасу кезені пікір қайшылықтары.

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып
келеді.Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту экономикалық
қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету,жан –
жақты талдау қызметтерін жүргізу,экономикалық талдау қызметкерлердің
қызметін жүргізу,экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісін де.
Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор.Нарықтық жұмыстың жалпы
ішінде: Нарық жүйесінің мәні,элементтері,принциптері,кемшіл іктері,Қазақстан
Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы сипатталады.
Нарықтық экономиканың жалпы мақсаты – экономиканы тұрақтандыру
мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап
шығарады.Тұжырымдама мемлекеттің және экономикалық егемендіктің
қағидаларына негізделген.
Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады,бірақ ол жеке бас
бостандығының іргелі принциптеріне:тұтынушының бәсекелес көптеген қызметі
өнімдер мен көрсетілетін ішінен өзіне қолайлысын таңдап алу
бостандығына;өндірушінің жаңа бір іс бастауына не бұрыңғы ісін
ұлғайтуға,сөйтіп соған байланысты тәуекелге барып,оның зейнетін көру
бостандығына,қызметкердің жұмыс немесе мансап жолын таңдап алу,кәсіподаққа
кіру немесе жұмыс беруші біреуден басқасына ауысу бостандығына
негізделген.Нарықтық экономика,осы заманғы жекеше іс бастау және іскерлік
рухы,саяси демократиямен астасып отырып,бостандықты сақтап қалудың ең жақсы
перспективасын ашып берді және барлық адамдар үшін экономикалық өсу мен
молшылықтың барынша кең мүмкіндіктерін ұсынады.
Нарық пен демократия дамуға батыл бет бұру – күллі адамзаттық мүдде.
Сондықтан елімізде нарыққа көшуді жөн көрді.Еліміздің басты мақсаты ашық
нарықты қалыптастыру – бүгінгі таңда өте актуалды мәселе.Осы тақырыпты
таңдау себебім де осында.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ теорияның қалыптасуының НЕГІЗГІ КЕЗЕНДдері. қазіргі
экономикалық теорияның негізгі БАҒЫТТАРЫна талдау жасау.
1. Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік
жағдайы.

Қазақстанда көп салалы экономика,оны нарық жолына салуға бағытталған
қайта құру 1990 жылдардың басында басталды.Қазақстанды нарыққа көшірерде
республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуында өзіне тән бірқатар
ерекшеліктер бар еді.
Олар ең алдымен Қазақстан экономикасының құрылылымындағы қайшылықтар да
болды.Өнеркәсіп дәрежесі өте төмен болды.Реформаға кірісерде республиканың
қоғамдық табысындағы өнеркәсіп өндірісіндегі үлесі бүкіл КСРО бойынша орта
есеппен 61%болса,Қазақстанда 46%ғана болды.Қор және капиталды көп жұмсайтын
салалардың үлесі өте жоғары еді,КСРО-да химия,мұнай-химия өндірудің үлесіне
орташа9%келсе,Қазақстанда 15% еді.Машина жасау өнеркәсібінің үлесі КСРО
бойынша 27%болса,Қазақстанда17%-кеғана жетті.Республика экономикасында
шикізат өндіру және оның бағасы төмен болғандықтан,адам басына шағатын өнім
өте төмен болды.
Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық
ерекшеліктері бар.Республикамызда әртүрлі пайдалы қазбалар мол және жер
қойнауының геологиялық құрылымы біркелкі емес.
Солтүстік және Батыс Қазақстан-өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің
жылдам дамуымен сипатталатын аймақтар.
Орталық Қазақстанда негізінен жоғары деңгейде көмір өнеркәсібі,түсті және
қара металлургия,машина құрылысы және металл өндеу,химия өнеркәсібі
дамыған.Жеңіл өнеркәсіптің дамуы бүгінгі күннің талабына сай
келмейді.Өндірілетін жалпы өімнің 7%-і ғана жеңіл өнеркәіп өнімі. Шығыс
аймақтары өздерінің табиғат-ауа райы ерекшеліктеріне байланысты
дамыған.Семей облысында ет,жүн, тігін бұйымдарын өндіру,т.б. салалар
басым.Шығыс Қазақстан облысында түсті
металлургия,энергетика,ағаш,қағаз,ж еңіл және тамақ өнеркәсіптерінің дамуы
ерекше көзге түседі.
Оңтүстік аймақтарда республикада дағдарысқа дейін өндірілетін аяқ киімнің
60%-і,тері өндірісінің 40%-і орналасқан.
Өркендеу бағыты болып табылатын республика экономикасын нарық жолына
бағдарлау кең көлемде жүргізіле бастады.
Нарықты қалыптастырудың алғышарты-нақты тәуелсіздік.
Тәуелсіздік не үшін қажет? Бұл сұраққа жауап бермес бұрын мына деректерге
көңіл аударайық.Бұл сұраққа жауап бермес бұрын мына деректерге көңіл
аударайық.Бұрыңғы Одақта орталықтандырылған одақтық басқару федостволары
менминистірліктерінде басты-басты 30 өндіріс олардың ішінде көмір және
металлургия өнеркәсібі,мұнай,газ,химия және мұнай айыру,жалпы машина
жасау,т.б.қазақстан экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатын салалар қалып
қойған.
Осының салдарынан республикадп өндірілетін осы салалар өнімдерінің
басым мөлшері сыртқа кетіп,сырттан еңбек құралдары мен тұтыну заттарын
әкелуге мәжбүр болдық.
Халық тұтынатын тауарлар өндіретін салалардың үлесі Қазақстанда кем еді.Ол
өнімдердің 60%-ке дейін республикаға сырттан әкелінді.Қазақстаннан жуылған
жүннің 70%-іжиналған астықтың жартысынан астамы мақтаның мал терісінің,аң
терісінің 50%-і өңделген күйінде сыртқа жіберілген өнім құны 6-7 млрд рубль
болса, оны республикадан тыс жерлерде өңделген соң
Қайта әкелгенде әлгілердің құны 13,8млрд болып шықты.
Республика бюджетіндегі кірісте салық айналымының үлесі небәрі
9%елі,Эстонияда 45%болатын.
Бұдан шығатын қорытынды:Қазақстан өз экономикасының құрылымын өзі
айқындап,оның салаларының арақатынас пропорцияларын белгілеу және оған
уақытында керекті түзетулер енгізу,күрделі қаржыларды пайдалану жағдайда
ғана республика қандай өнімді қанша мөлшерде және оларды қандай бағамен
сыртқа шығарудан дұрыс реттей алады.
Қазақстанның нарыққа көшуде бастапқы капитал дәрежесі төмен
болды.Республикада адам басына шаққанда кіріс төмен болды.Экономиканы қайта
құра бастағанда түрмыс дәрежесі төмен 5-6млн адам болды,бұл Қазақстан
халқының 13-денастамы.
Республикадағы 214 селолық аудандардың 180-іжәрдем қаржымен
күнелтті,70 аудан экономикалық даму жағына өте артта қалды,30 аудан
кедейліктің күйін кешті.
Ұзақ жылдар бойы тауар-ақша қатынасын елемеу экономиканың
монополиялығы, бұйрық-әкімшілік басқару тәсілі қор және тауарлардың
жеткіліктілігіне қарамастан тапшылыққа,тауар-ақша тепе-теңінің
бұзылуына,қайта-қайта бөле берудің тууына,мемлекетке арқа сүйеушілікке әкеп
соқты.
Нарыққа көшудің қиындығы да,күрделілігі де,ұзаққа созылатындығы да
осы себептерден болып отыр.Сондықтан республика ерекшеліктерін ескере
отырып,нарыққа кезеңдей кірісу қажет болды.
1990 жыл желтоқсанның аяғында Қазақ КСР-ның экономикасын
тұрақтандыру және нарыққа көшу бағдарламасы қабылданды. Бұнда нарықтық
құрылымдар құруды жеделдету,экономиканы нарыққа сәйкес реттеу,республиканың
әлеуметтік-экономкалық жағдайын тұрақтандыру,нарық тарапын
қалыптастыру,шаруашылық әрекеттерді белсендіру қаралған.
1992жыл Қазақстан экономикасы үшін қоғамдық өндіріс деңгейінің
төмендеуі сипатты болды. Бұл тенденция,әсіресе өнеркәсіптің негізі
салаларында,күрделі құрылыста тұтыну нарығы саласында ерекше көрінді.Себебі
көптеген кәсіпорындардың мемлекеттік бақылаудан шығып кеткені болып
отыр.Мұның өзі өнім бағаларын күрт арттыруға әкелді.Азық-түлік тауарлары-
23есе,басқа тауарлар-18есе қымбаттады.
1993жыл Қазақстан Республикасыны%%%жүргізіле
бастады.Екіншіден,өндірісті құрылымдық жағынан қайта құру және экономиканы
басқаруды жетілдіруді ілгерілету шаралары жүзеге асырылды.Үшіншіден,қаржы-
несие және инвестициялық саясаттарға түбегейлі өзгерістер енгізілді.
Осы шараларға қарамастан,материалдық өндіріс салаларында өндіріс
көлемінің кеміуі тоқтамады,1993жылы таза материалдық өнім 1992жылмен
салыстырғанда 14,8%-ке кеміді.
1994жылдың бірінші жартысы өндірістің төмендеуі, инфляцияның
өрістеуі,халықтың әл-ауқатының,тұрмыс жағдайының төмендеуімен
сипатталады.1994жыл 1 шілдеде 730 кәсіпорын толық немесе олардың бірен-
сараны тоқтап тұрды,соның ішінде55,2мың жұмыскерді қамтитын 106 кәсіпорын
толық жұмыс істеген жоқ.Сөйте тұра көп қаржыны несиеге алды,бюджеттен қаржы
сұрады, қарызды өтей алмады,қарыз болса өсе берді.
Осылардың нәтижесінде ЖӨ осы жылдың қаңтар-маусым айларында
1993жылдың осыған сәйкес кезеңінен 27%-ке,өнеркәсіп өндірісінің көлемі-
29,4мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттердің курделі қаржылары-61,2%-ке
кемиді.
Табыс деңгейі 1994жылы 1сәуірде Қазақстанда орташа жалақы 23,8
долларға тең болса,бұл көрсеткіш Өзбекстанда-39,6 Түркменияда-57,7 Ресейде-
94 доллар болды.
Экономикалық реформа осындай қиын жағдайда жүргізілді.
Республикада реформаны жүзеге асыруға бағытталған3 бағдарлама
қабылданды.Біріншісі 1991-1992жылдарға арналған мемлекеттік меншікті
мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы.Дағдарысқа қарсы
шұғыл шаралар және әлеуметтік-экономикалық реформаларды тереңдету
бағдарламасы және мемлекеттік меншікті мемлект иелігінен алу және
жекешелендірудің 1993-1995жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы.
Дағдарыстарға қарсы және әлеуметтік-экономикалық қайта құруды
тереңдете жүргізудің кезек күттірмейтін шаралары туралы екінші бағдарламада
1992-1995жылдарға алғашқы кезеңге мынандай міндеттер қойылды:
-мемлекет меншігінен алып,меншікті жекешелендіруді белсене
жүргізу:
-тұтыну нарығын тауарлармен қанықтыру;
-республиканың әлем шаруашылығына енуі.
Мұнда күштің басым жағын ұлт мүддесінің тәуелсіздігіне деген
экономикалық саясатты белсене жүргізуге,инфляцияны мүмкін болғанынша
төмендету,өндірістің құлдырай беруін тоқтату,оны өркендете беруге жағдай
жасау,халықтың әлеуметтік нәзік жағына рынок кеселінің салдарын жеңілдету
мәселелері топтастырылған.
1996-2005жылдар барысындағы екінші кезеңге көзделген міндеттер:
-республиканың шикізат өндіруге бағыт ұстауын жойып,
нарықтың толық механизмін құру транспорт тараптарын
тезірек дамыту және нарықтың барлық түрлерін де
қалыптастыру;
-экономиканы монополизацияға соқтырмай,дұрыс бәсеке атаулыны кеңінен
қолдау арқылы барлық тауар өндірушілерге шын мәнінде еркіндік жасау;
-отандық және халықаралық бизнес саласын кадрлармен толықтыру,
5-7 жылға арналған кезеңде ашық экономиканы дамыту негізінде Қазақстанның
әлемдік саудада алатын орнын нығайту,бюджет тапшылы мәселелерін шешу,ұлттық
валютаға толық жол ашу,республиканың әлемдегі өнеркәсібі озық елдер
қатарына қосылуы көзделген.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде
қалыптасуы мен дамуының стратегиясы деген кітапшасында экономика
саласындағы стратегиялық мақсаттар деп мыналарды айтады:
-меншіктің негізігі түрлерін үйлестіре және іс-қимыл жасай
отырып,бәсекелестік бастамаға негізделген әлеуметтік нарықтық және басқа
жағдайлар жасалады.
-Қазақстанның табиғи ресурстарының дүниежүзілік таур нарығында өзінің
нақты айқындамасын жеңіп алу немесе басқа елдермен бөлісу...
-Тұтыну нарығын толықтыру
-Қазақстанды дамыту үшін шетл инвстиццияларын тарту және оны тиімді
пайдалану.
Осы бағдарламада президентіміз экономика саласындағы стратегиясы үш кезең
ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап көрсетті:
-1кезең макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізі процестерін
қамтиды:меншікті жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толықтыру;
-2кезең экономиканың шикізат базасын өзгертуге қадам басу үшін
телекомуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту үшін, сонымен
бірге дамыған тауар және бағалы қағаздар мен интелектуалды меншік
нарықтарын қалыптастыру үшін қажет;
-3кезең экономиканың ашық типін жедел қарқынмен дамытумен,осының негізінде
өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жетумен,Қазақстанның әлемнің
индустриалды елдер қатарына кіруі әлемдік саудада позициясының нығайюымен
сипатталады.
1997 жылы қарашада президенттің Қазақстан халқына жолдауында өтпелі
кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы шығарылды,тежеуші
факторлары айқындалып,2030 жылға дейін,жүзеге асыруға көзделген жеті ұзақ
мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.
Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үш кезеңде болуы қажет;1998-
2000жж,2001-2010жж,2011-2030жж.
Ұзақ мерзімді басымдық:Шетел инвесттициялары менішкі жинақтаулымдардың
деңгейі жоғары ашықнарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
Біздің салауатты экономикалық өрлеу стратегиямыз мықты нарықтық
экономикаға мемлекеттің белсенді рөлінне және айтарлықтай шетел
инвестицияларын тартуға негізделеді.Ол10принциптен тұрады:
-мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып,экономикаға араласуының шектелуі
болуы
-макроэкономиканы тұрақтандыру
-инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып,стратегиялық күшті
экономикалық ілгерілеуге бағытталу
-бағаны ырықтандыру
-жекеменшік институттарының орындалуы
-кәсіпорындарды жекешелендіру
-энергия,т.б.табиғи ресурстарды игерудің жалғасуы
-шетел инвестицияларын тиісінше қорқау,пайданы кері қайтарып алу
мүмкіндіктері
-Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру
-өндірісті диверсификациялау
1994 жылдың маусымында Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан
Республикасының жоғары Кеңесіне Нарықтың қайта құруларды жеделдету және
экономикалық дағдарыстың шығу шаралары туралы жолдауын жіберді.
Экономикалық реформаны дамытып тереңдету мәселелері бойынша мемлект
басшысы мен үкімет нормативтік сипаттағы көптеген
жарлықтар,қаулылар,ережелер қабылдады.Сөйтіп заң тұрғысындағы бірқатар
елеулі проблемалар шешіліп,нормативтік база жаңартылды.

2. Рыноктық құрылымды қалыптастыру

Бұрынғы КСРО-да 1985 жылы басталған қайта құру,әкімшілдік-әміршілдік
жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінің бастамасы болды.
Қазақстан үкіметі осы бағытта мынандай үш негізгі шараларды жүзеге
асыруды көздеді:
-бағаға және өндірушілерге бақылауды алу арқылы экономикалық ырықтандыру;
-айналымдағы ақша массасын реттеу және бюджетті тептең ету арқылы
макроэкономикалық тұрақтандыру;
-мемлекеттік мүлікті жеке адамдарға және ұйымдарға сату.
Қазақстан Республикасының аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД елдеріндегі
сияқты эволюциялық-реформаторлық сипат алды.Нарықтық экономикаға өтудің
Қазақстан Республикасындағы басты міндеттері:
1.Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу жекешелендіру.
2.Кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы.
3.Рыноктың инфрақұрылымының қалыптасуы,бастысы-тауар мен қор
биржасы,т.б.әртүрлі нарықтың құрылуы.
4.Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы
монополиясыздандыру.
5.Бағаны либерализациялау,сұраным менұсыным негізінде нарықтың сипаттағы
бағаға көшу.
6.Экономиканың қаржы-экономикалық тұрақтануы.
7.Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамассыз
ету.
Нарықтық экономикаға көшу-бір сөзбен айтқанда,меншіктің әртүрлі формаларын
қалыптастыра отырып,тізгінді еркін бәсекелестікке беріп,сол бәсекелестік
арқылы өндірістің дамуына да,баға да реттеу деген сөз.
Нарықты дамытуға байланысты негізі мақсат-мүдделерімізге қысқ аша
тоқталайық.
Бірінші мақсат-тауарлар мен қызмет көрсету нарығын дамыту.Мұнда
өндірістік тауарлар,қызмет көрсетумен қатар,өндірістік емес мәні бар
тауарлар қызмет көрсету туралы да айтылды.Нағыз нарық жай сатып алу мен
сату ғана емес,ол-тауар өндіру мен қызмет көрсетуге-таңдау
мүмкіндігі.Соңғысы тек өндірістік күштердің жоғары даму деңгейінде ғана
орын алады,әрі адамның кең ауқымды қажеттіліктерін есепке алғанда ғана
нәтижелі болады.Таңдау мәселесін шешу-тауарлар мен қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меркантелизм кезеңдерінің ерекшеліктері жайлы мәлімет
Қазақстандағы экономикалық теорияның дамуы: өткені және бүгінгісі
Құқықтық жүйе ұғымы
Мемлекет және құқықтың пайда болуы
Мемлекеттің жалпы түсінігі, мәні, белгілері туралы
Педагогиканың әдіснамалық негіздері
Материалдық өндіріс
Экономикалық тиімділік
Экономикалық ілім пәні мен әдістері
Мемлекеттің жалпы түсінігі, мәні, белгілері
Пәндер