Ислам діні қазақ жерінде таралуы.Ислам дінінің әлеуметтік және негізгі бағыттары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ислам діні қазақ жерінде таралуы
1. Ислам дінінің агрессивтті негізде құрылуы
2. Ислам дінінің көшпелі халық арасына таралуы
3. Қазақ жеріндегі ислам діні және шаман діні
2. Ислам дінінің әлеуметтік және негізгі бағыттары
2.1 Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, мәдени, саяси жағдайлары.
2.2 Ислам дінінің әдет.ғұрпы, мейрамдары, догмалары, негізгі бағыттары.
2.3 Құран туралы бірер сөз.
2.4 Ислам дінінің қазақ даласына тарауы.

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Ислам діні жалпы дін атаулыдан дара тұрған жоқ. Бұл дін ертедегі араб жұртшылығының тұрмысынан туған мажуси әдет-ғұрыптарын,еврей дінінің аңыздарын, христиан дінінің уағыздарын, ерте замандағы иран дінінің сарқыншақтарын өз бойына сіңіріп, оларды мал шаруашылығымен кәсіп еткен көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайларына сәйкес қайтадан «өңдеп» шығарды. Ислам діні Арабияда феодализмге өту қозғалысының негізінде араб феодалдарының мүддесінен келіп туды және солардың мақсатын жүзеге асуын, үстемдігін нығайту құралы болып табылды. Ол араб феодалдарының басқа елдерді жаулап алуының тірегі, олардың дүние жүзілік империя құруға тырысқан әрекеттерінің туы болды. Ислам діні басқа елдерге таралған сайын бөтен халықтар діннің бірқатар нанымдарын қабылдады. Бұл нанымдардың өңін айналдырып, оны өз бойына сіңіріп, алла атымен мұсылмандыққа қабыстырды.
Адам баласы өте ерте заманнан бастап-ақ дін деген не? Мәселені іздеп, кейде оған дұрыс жауап тауып, кейде адасып, бірнешеленген қарама-қарсы тұжырымдарға, болжамдарға келді. Сондықтан да бұл сұраққа жауап материалистік және идеалистік формада жинақталып ғылым мен адам ақылының адамның адасуы мен теріс көзқарастар системасы құрылды. Осы екі бағыттың мәңгі күресі нәтижесінде бір бағыт материалистік-ғылыми тұжырымға сүйенсе екінші бағыт идеалистік мазмұнға алып келді. Бірақ қандай болған күйде де, адамзат білімінің алға қарай дамыған прогрессивтік жолмен, дүниеге ғылыми тұжырымға келуін заңды құбылыс деп біліуіміз керек. Дегенмен біздің алдымызда тұрған мақсат дін не? – деген сұраққа жауап беру болғандықтан, әр қоғамның материалдық тұрмыс жағдайларын көрсететін идеологиясы, қоғамдық сананың түрлері бар екенің ескерсек, дін – сол қоғамдық сананың формаларының ең күрделі түрі екені мәлім.
1. “Ислам әлемі” №4 шілде-тамыз, 2003ж
2. “Алдаспан” №3-4, 2003ж
3. “Қазақстан” ұлттық энцклопедия , 3 том, 321 бет
4. www.islam.nur.kz
5. Қазақстандағы ислам дінінің таралу ерекшеліктері. Ақназаров Х.З. Алматы. 1986ж.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ислам діні қазақ жерінде таралуы
1. Ислам дінінің агрессивтті негізде құрылуы
2. Ислам дінінің көшпелі халық арасына таралуы
3. Қазақ жеріндегі ислам діні және шаман діні
2. Ислам дінінің әлеуметтік және негізгі бағыттары
2.1 Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік,
мәдени, саяси жағдайлары.
2.2 Ислам дінінің әдет-ғұрпы, мейрамдары, догмалары, негізгі
бағыттары.
2.3 Құран туралы бірер сөз.
2.4 Ислам дінінің қазақ даласына тарауы.

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе.

Ислам діні жалпы дін атаулыдан дара тұрған жоқ. Бұл дін ертедегі араб
жұртшылығының тұрмысынан туған мажуси әдет-ғұрыптарын,еврей дінінің
аңыздарын, христиан дінінің уағыздарын, ерте замандағы иран дінінің
сарқыншақтарын өз бойына сіңіріп, оларды мал шаруашылығымен кәсіп еткен
көшпелі халықтардың тұрмыс жағдайларына сәйкес қайтадан өңдеп шығарды.
Ислам діні Арабияда феодализмге өту қозғалысының негізінде араб
феодалдарының мүддесінен келіп туды және солардың мақсатын жүзеге асуын,
үстемдігін нығайту құралы болып табылды. Ол араб феодалдарының басқа
елдерді жаулап алуының тірегі, олардың дүние жүзілік империя құруға
тырысқан әрекеттерінің туы болды. Ислам діні басқа елдерге таралған сайын
бөтен халықтар діннің бірқатар нанымдарын қабылдады. Бұл нанымдардың өңін
айналдырып, оны өз бойына сіңіріп, алла атымен мұсылмандыққа қабыстырды.
Адам баласы өте ерте заманнан бастап-ақ дін деген не? Мәселені іздеп,
кейде оған дұрыс жауап тауып, кейде адасып, бірнешеленген қарама-қарсы
тұжырымдарға, болжамдарға келді. Сондықтан да бұл сұраққа жауап
материалистік және идеалистік формада жинақталып ғылым мен адам ақылының
адамның адасуы мен теріс көзқарастар системасы құрылды. Осы екі бағыттың
мәңгі күресі нәтижесінде бір бағыт материалистік-ғылыми тұжырымға сүйенсе
екінші бағыт идеалистік мазмұнға алып келді. Бірақ қандай болған күйде де,
адамзат білімінің алға қарай дамыған прогрессивтік жолмен, дүниеге ғылыми
тұжырымға келуін заңды құбылыс деп біліуіміз керек. Дегенмен біздің
алдымызда тұрған мақсат дін не? – деген сұраққа жауап беру болғандықтан, әр
қоғамның материалдық тұрмыс жағдайларын көрсететін идеологиясы, қоғамдық
сананың түрлері бар екенің ескерсек, дін – сол қоғамдық сананың
формаларының ең күрделі түрі екені мәлім.

1. ИСЛАМ ДІНІ ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ТАРАЛУЫ
1.1 Ислам дінінің агрессивтті негізде құрылуы

Дүниеге діни көзқарас ретінде ислам діні Шығыс елдерінде кең таралды.
Адамдардың діни санасын бейнелейтін, олардан белгілі бір мінез-құлық
ережелерін орындауды талап ететін бұл көзқарас күрделі философиялық
системаны, әлеуметтік-саяси өмірді қамтиды. Бұған бір-біріне қайшы келетін
сан алуан діни нанымдардың элементтері енді. Өзінің сырттай дербестігіне
қарамастан басқа діни идеологиялар сияқты оның да шынайы тәуелсіздігі
болмады. Қоғам дамуының реалды процестерімен байланысты болған ислам діні
қоғамдық таптардың экономикалық, саяси және мәдени мүдделерін бейнелейді.
Осы діннің өзіне ғана тән пердесінің тасасында ғасырлар бойы тарихтың
сұрапыл уақиғалары болып жатты.
VI ғасырдың орта шенінде Қазқстанның барлық территориясы Түрік
қағанының құрамына енді. Бұл көшпелі түркі тайпалары құрған ірі мемлекеттік
ұйым болатын. Оның Қытаймен байланысы болды. Осының негізінде Қазақстанда
буддизм дінінің ықпалы күшейді. Шығыс елдермен байланыстың күшеюі қазақ
даласына ирандық дуалистік дін(зороастризмнің енуінеқолайлы жағдай туғызды.
Шығыс түркі тайпалары арасында манихей діні де таралды. Бұл дінді тұтушылар
әлеуметтік теңдікті және халыққа материалдық игіліктерді бірдей бөлуді
талап етті.
Қазақстанда христиан діні де болды. Бұл діндегілер несториан сектасының
мүшелері еді. Олар насрани деп аталды. Самарқан, Бұхара, Пішпек қалаларында
христан дінінің монастырьлары мен шіркеулері болды. Бұл дінді шет елдіктер
ғана емес, сонымен бірге кейбір көшпелі түркі тайпалары, кейіннен монғол
тайпалары да қабылдады. Самарқан қаласында VI ғасырда несториандық эпископ,
ал VII ғасырда митрополит болды. Европаның көптеген феодалдық елдерінде кең
таралған христиан діні неліктен қазақ даласына орын тебе алмады?
Қазақтардың өмірінде бұл дінге тірек болатындай жағдай болмады, олардың
арасында тайпалық құдайларға табыну салты басым еді және рулық-туысқандық
қатынастар берік болды. Христиан дінінде бірінші орынға мұндай қатынастар
емес, христиандардың діни бірлігі қойылды.
Әр түрлі діни және филсофиалық системалар ислам дініне ықпалын тигізді.
Парсы дінінің әсерімен бұл дінде өлмейтін жан, о дүние туралы ілім
қалыптасады. Яхуди, христиан діндерінің кейбір элементтерін бойына сіңірген
ислам діні өзі таралған елдерде басқа діни көзқарастармен толығып
отырды.Ескі ирактық, египеттік,сириялық, анатолиялық және ирандық
діндер,—дейді Ю.И.Рустамов —ислам дініне белгілі дәрежеде әсер етті. Тіпті
үнділік және ауғандық діни нанымдары да ислам дінінің идеологиясына енді.

Ислам дінінің көшпелі халық арасына таралуы
Мал шаруашылығын кәсіп еткен көшпелі қазақ тайпалары ұзақ уақыт рулық
құрылыс жағдайында өмір сүрді. Олардың сол кездегі діни нанымдары мен
табыну салттары рухты, ата-баба аруағын, табиғаттың мылқау күштерін
қадірлеу, яғни шаман діні еді. Бұл дін алғашқы қауымдық құрылыстың күйреуі
және соған байланысты осы процестің діни идеологияда бейнелеуі ретінде
ақсүйектер тобы қалыптасқан заманда шықты. Шаман дініне де, ислам дініне де
бір құдайға табынушылық тән болды. Ислам діні шамандық діни нанымдарға
мұсылмандық сипат беріп, оларды өз бойына сіңіріп алды. Халықтардың ежелден
келе жатқан діни нанымдарына икемделу ислам дінінің алғашқы күнінен бастап
осы заманға дейін даму тарихынан көрініп келеді. Қазақ даласында да бір
құдай идеясы рулық-тайпалық бытыраңқылыққа қарсы күресуге көмектесті. Бұл
күрестің діни пішін алуы ол кезде орынды еді. Жаңа дін қанаушы таптарға
керекті және пайдалы болды, өйткені ол таптық езгі мен әлеуметтік
теңсіздікті—адамдардың бай, кедей болыпбөлінуін жақтады. Ислам діні еркін
диқандар, мал баққан кедейлер мен ұсақ қолөнершілерді байлардың-
феодалдардың қанауын қолдады.
Ислам діні көшпелі қазақ малшыларының тұрмысына сай келген сияқты,
бірақ мәселе арабтар мен қазақтардың тұрмыс салттарының сырттай
ұқсастығында емес, олардың қоғамдық құрылыстарының өзгешеліктерінде. Ислам
дінінің идеологиясы феодалдық қоғамның қажеттілігіне сай келеді. Қазақ
қоғамына әлеуметтік қайшылықтар және мүлік теңсіздігі тән еді. Қанаушы
таптарға бұқараны бағынышты ететін күш қажет болды. Мұндай күш—ислам
дінінің идеологиясы еді, қазақ байларының рухани талабын қанағаттандыратын
дін—ислам діні болды.Жаңа дінді қабылдай отырып, қазақ байлары ол діннің
кейбір уағыздарын өзгертіп, оларға ғасырлар бойы өздерінің санасында
қалыптасқан ескі діни ұғымның пішінін береді. Мұнымен бірге ислам дінінің
өзі де жергілікті діндердің ықпалымен өзгере бастайды.
Ислам дінін насихаттауда мұсылман миссионерлерінің, яғни ислам дінін
басқа дінді уағыздаушылардың арасында таратушылардың ролі өсіп отырды.
Қазақ даласында араб елдерінен келген ишан, молдалар көбейді. Олар қазақтың
көшпелі ауылдарын аралап, құран уағыздары мен шариғат заңдарын насихаттады,
діни тақырыптарға жазылған кітаптар таратты. Осы мақсатта мұсылман
мемлекеттері саяси, экономикалық, мәдени байланыстарды да пайдпланды.
Үшіншіден, халифат мұсылмандары көп жеңілдіктерді пайдаланды, ал пұтқа
табынушылар, христиандар, еврейлер және басқа діндегілер қосымша салық
төлейтін болды. Ислам дінін қабылдағандар бұл салықтан босатылды.
Ислам діні Орта Азия, Қазақстан және Еділ бойына қашан енді деген
мәселе туралы бірнеше пікірлер бар. Кейбіреулердің пікірінше, ислам діні
біздің еліміздің оңтүстік аудандарына, атап айтқанда Орта Азия мен Кавказға
VII ғасырда тарала бастаған. Екінші біреулердің пікірінше, ислам діні Орта
Азия мен Қазақстан жеріне IX ғасырда, ал үшінші біреулер бұл дін Еділ,
Кама, Жайық жағалауларына, Башкирия мен Татарияға IX-X ғасырларда неді
дегенді айтады. Араб басқыншылары бұл дінді басқа халықтарды құлдыққа
айналдыру үшін пайдаланды. Олар көршілес халықтарға қарсы басқыншылық
саясатын жүргізді, оларды күшпен өз дініне бағындырды. Араб басқыншылары
VIII ғасырда орта кезінде Азербайжан мен Грузия жерін басып алып,
Түркістанға, онан әрі Сыр бойына барды. Олар Бұхараны, Ферғананы,
Түркістанның бір бөлігін басып алып, Талас өзеніне дейін жетті.
Арабтардың басқыншылық жорықтарын тоқтату үшін оларға қытайлар қарсы
шықты. 751 жылы Тараз қаласының маңында болған ұрыстарда арабтар қытай
әскерлерін жеңеді. Осы кезден бастап Оңтүстік Қазақстанды мекендеген
тайпалар ислам дінімен алғаш танысты. Терістік және Шығыс Қазақстанға
арабтар сауда керуендерімен бірге мұсылман миссионерлер жіберіп отырды.
Олар Енисей жағалауларына дейін барды. Ислам діні араб басқыншыларының
езгісіне душар болған халықтардың экономикасы мен мәдениетінің дамуына әсер
етті. Оңтүстік Қазақстанның кейбір аудандарының халифат құрамына енуі
түбегейлі әлеуметтік қайшылықтар жағдайында өткен феодалдық қатынастардың
дамуын жылдамдатты. Феодалдық қатынастардың нығаюы өндіріс күштерінің
дамуын қамтамасыз етті. Ауыл шаруашылық өнімдерінің өсуі сауданың онан әрі
дамуына, сауда орындарының өсуіне себеп болды. Осының негізінде қалалар
көбейіп, олардың өлкенің экономикалық және мәдени өміріне ықпалы күшейе
түсті. Ислам діні бытыраңқы қазақ тайпаларының бірігіп, феодалдық мемлекеті
құру тілегіне сай келді және феодализм принципіне негізделген қоғамдық
құрылыстың жаңа түрінің нығаюына көмектесті. Х—ХІІ ғасырларда рулық
–патриархалдық, томаға-тұйықтылық бірте-бірте ыдырап, феодалдық қатынастар
қалыптасты, осыған орай ірі саяси бірлестіктер пайда бола бастады. Қазақ
қоғамының дамуының объективтік сипаты феодалдық қатынастар формасын алды.
Мұндай қатынастардың дамуы бірнеше ғасырға созылды. Жерге алғашқы қауымдық
меншік бірте-бірте феодалдық меншік формасын алды. Жаңа діннің таралуы осы
уақыттан басталады. Бұл дін алғашында жер шаруашылығын кәсіп еткен диқандар
арасында тамыр жайды. Түркістан қаласы қазақ хандарының әкімшілік –
шаруашылық орталығы болумен бірге діни орталығы да болды. Мұнда мешіттер
салынды, қазақ байлары арасынан қажыға барушылар көбейді . Жаңа дін байлар
мен феодалдар тарапынан қолдау табады. Өйткені олар бұл дін енбекшілерді
қанауға қажетті рухани құрал екендігін түсінеді.
Қазақ жеріндегі ислам діні және шаман діні
Қазақстанда ислам діні қараханидтер (ХІ – ХІІ ғасырлар) тұсында да
едәуір таралуына жол ашылды. Бұл дәуірде діни фанатизм үстемдігі қанат
жайды.
Монғолдар шаман дінінде болғандықтан ислам дінінің таралуына кедергі
жасады.Кейіннен олардың бұл дінге деген көзқарасы өзгерді, өздері жаулап
алған елдердегі мәдениеті жоғары халықтармен байланысы күшейген сайын ең
алдымен, көшпелі халықтардың арасында феодалдық өндірістік қатынастар туып,
осы қатынастардың иесі феодалдар тобы қалыптаса бастаған сайын, монғолдар
ислам дінін қолдауға көшеді. Береке хан (1257-1266) ислам діні қолдайды.
Бұл жөнінде В.Тизенгаузен былай деп жазады: Оның (Береке ханның —А. Х)
діні жақсы болды. Ол наным сәулесін сеуіп, мұсылмандық әдет-ғұрыптарды
белгіледі, шариғат заңдарын білетін адамдарды қадірлеп, оларды өзіне тартты
және өз мемлекетіне қарасты жерлерде мешіттер мен медреселер ашты. 1280
жылдары ислам дінін Туаменгу хан, кейіннен Өзбек хан қабылдады. В.В
Бортольдің айтуына қарғанда, монғол жаулап алған жерлердің бәрінде XIV
ғасырда ислам діні үстем дінге айналды. Қазақстан жерінде ислам дінін
қолдаушылардың саны барған сайвн көбейіп, бұл дін қазақ даласына бірте-
бірте тамыр жая бастады.
Ақсақ Темір тұсында ислам дінінің маңызы мұнан да жоғары көтерілді. Осы
діннің көмегімен ол өз беделін көтеруге тырысты. Темір балаларына қалдырған
өсиетінде былай деп кеткен: Пайғамбардың ұрпақтары, қауым басылары
(ишандар, сопылар), шариғат заңдарын қолдаушылар менің қауымнан
қадірлі орын алды.. Оларға менің үйіменің есігі ашық болды. Өйткені
олар сарайымның сәні мен салтанатын құрды. Дінге және ғылымға
қатысы бар мәселелер жөнінде мен олармен ақылдасып отырдым .
Темір заманында ірі қалаларда мешіттер салынды. Бұл жөнінде
ол тағы былай деді:Мен қалаларда мешіт салуға салуға бұйрық
бердім ... Мұсылмандарға құрбан уағыздарын үйрету үшін әрбір
қалалаға дін өкілін тағайындадым . Темір ислам дінінің
идеологиясыын нығайта отырып, ол жерлерде мұсылмандықты уағыздаудың
жаңа орталықтарын құруға тырысып, ислам дінін көшпелі халық арасында кең
таратуды көздеді.
Қазақстанда ислам дінінің таралуына Әлімхан (1800-1809) тұсында
күшейген Қоқан хандығы да септігін тигізді. Осы хандық басшылары өздеріне
Қазақстан жерлерін қосып алуды көкседі. Бұл олардың үшін байи берудің жолы
еді, өйткені жаулап алған елдерден салық жинауға және сол елдермен сауда
жүргізуге мүмкіндік туғызды. Қоқан хандығының мемлекет құрылысы
теократиялық құрылысы болды, бұл ел басқарудың ең артта қалған формасы еді.
Феодалдық теократиялық құрылыс ел экономикасы мен мәдениетінің дамуына
кедергі болып, оның ғасырлар бойы артта қалуының басты себебіне айналды.
Осы хандыққа қарайтын халықтың көпшілігі ислам дінін ертеректе қабылдаған
өзбектер болатын. Өзбектермен тығыз экономикалық байланысы бар,
егіншілікпен шұғылданған отырықшы және жартылай отырықшы қазақтарға ислам
діні бастады. Мұның үстіне Қоқан хандығына мұсылман діни мекемелерінің
қаптап жатуы да қазақтардың дінді қабылдауына ықпалын тигізбей қойған жоқ.
Орта Азияда бірте-бірте ислам дінінің екі орталығы— Хиуа мен Бұхара
қалалары қалыптасты. Қазақ экономика мен саяси жағынан да, сол сияқты дін
жағынан да осы орталықтарға тәуелді болды. Ислам дінінің тарауының тағы бір
себебі қазақтардың осы дінді ертерек қабылдаған тәжік, татар, азербайжан
сияқты халықтармен байланысының күшті болуы. Ислам діні қазақ даласына
енген сайын бұл байланыс діни негізде нығая түсті. Ы.Алтынсарин былай деп
жазды:қазақтар ...арабша және татар тілінде намаз оқиды. Қазір қазақтар
татарлар мен өзбектерге бұрынғыдан да жақын. Бұл байланыс күшейе түсуде,
татар медреселерінде қазақ шәкірттерінің саны азаймады, азаятында емес.
Дегенмен қазақ даласында ислам діні жаппай тарай алмады. Мұнда феодалдық
қоғам жаңа қалыптаса бастады.
Еңбекші халық ислам дінімен сырттай ғана таныс болғаны болмаса, оны
іштей қабылдап кете алмады. Құранның кейбір аяттарын ауызға алып айтқаны
болмаса, олардың ішкі мазмұнын жете түсінбеді. Жетісу қазақтары—деп жазады
этнограф Ф.Поярков — құран аяттарымен жете таныс емес. Мұхаммедтің ілімі де
оның алласы да қазақтардың басым көпшілігіне жат.
Ислам діні Қазақ жеріндегі ру-тайпаларының негізгі діні.
Темір тарихшыларының бірі Ибн-Арабшах көшпелі халық осы күнге дейін
пұтқа табынады деп жазды. Қазақтардың пұтқа табынатындығы XVI ғасырдың
соңында жазылған Зияад-Кулуб (Жүрек сәулесі) деген еңбекте де айтылады.
Сөйтіп, қазақ жерінде қос дінділік — тәңірге табынуға негізделген шаман
діні мен ислам діні құрып та кетпей, терең тамыр да жая алмай қатар жүріп
отырды.
Неліктен ислам діні қазақ даласына терең тамыр жая алмады? Біріншіден,
қазақ рулары мен тайпалары бытыраңқылығы бұл діннің таралуына кедергі
болды. Қазақстанда біртұтас феодалдық мемлекет қалыптаса алмады. Қазақ
тайпакларының бытыраңқылығы мен алауыздығы, көршілес халықтармен берік
экономикалық және мәдени қатынастардың болмауы жаңа діннің орын теуіп
нығаюына мүмкіндік бермеді. Екіншіден, қоғамдық ұйымның рулық-патриархалдық
түріне негізделген тұрмыс салты монотеистік дінді қажет етпеді. Өлкені
мекендеген халықтың басым көпшілігі рулық-тайпалық одаққа бірікті.
Үшіншіден, көшпелі мал шаруашылығына негізделген рулық-патриархалдық
дәстүрлердің сірі жандылығы моно теистік діннің таралуына кедергі болды.
Ислам діннің таралуы феодалдық өндірістік қатынастардың туып, қалыптасу
және саяси аренаға жеке қазақ феодалдарының шығуы дәуірінен басталды.
Біріккен феодалдық мемлекеттің қалыптасуы қоғамдық өмірдің нығаюына жол
ашты. Тайпалар арасындағы алауыздықтардан туған қанды қақтығыстар тоқталды,
еңбекшілердің басына төнген қиыншылық, қауіп-қатер азайды, олардың тұрмысы
жеңілдене бастады. Халық санасында бейбіт өмір сүру мүмкіншілігі жаңа
дінмен байланыстырылды.
Осылай VIII ғасырдың орта кезінен бастап Орта Азияға Қазақстан
жеріне араб басқыншыларымен бірге келген ислам діні, ХІХ ғасырға дейін
бірнеше дінді ығыстырып, қатар жүре отырып Қазақстан жеріндегі ру-
тайпалардың негізгі дініне айналды. Осы уақыт аралығында Қазақстан жерін
мекендеген мемлекеттердің де мемлекеттік діні болып саналды. Мысалы,
Қарахан мемлекеті, Алтын Орда және т.б.

Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, мәдени
саяси жағдайлары.

Басқа да барлық дүние жүзілік діңдер сияқты Ислам дінінің де өзіңдік
ұзақ тарихы бар.Ол тарих дүние жүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып,
шымдасып жатады.Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны
ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты,
психалогиясына, көніл күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенің
аңғарғанымыз жөн.
Ислам діні-дүние жүзілік діңдардің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол
біздің заманымыздың VII ғасырында Аравия түбегін мекендеген тайпалар
алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл
иеленушілік идеалогиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге әдеби
аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Аравиядағы Хиджас өлкесінің ең ірі қаласы-
Мекккеде шықты. Аравия елі бірқатар бай елдердің орталығында болды.
Олар:Рим, Византия, Египет, Иран, және басқа елдер бір-бірімен сауда
қатынасын жасаған кезде Аравия жерін басып өтетін, осыған байланысты Араб
феодалдары жер иелері болуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор
табыс түсіріп отырды.
Сонымен бірге Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып
саналатын. Мекккенің орталығындағы Зәзәм су сөзі, оның жанындағы ”Әулиелі
қаратас“ Қааба Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны
балды. Бұл кезде әрбір рудың өздерінің рулық құдайы болды. Олардың бейнесі
Қаабаның мандайына орналасқан болатын.Кейбір мұсылман аңыздарында Кааба мен
Зәмзән су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген деректі
де кездестіреміз.
Меккенің орналасқан жері егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен
де айналусуға қолайсыз болатын.Сондықтан меккеліктер шамаларына,
қолдарындағы қаражаттың мөлшеріне қарай Мекке шонжарларына сауда
керуендеріне қосылатын. Тез дамыған сауда алғашқы қауымдық қоғамның
ыдырауын тездетіп, тайпалардың тайпалық одаққа бірігуін қажет етті.Оны
қуаттайтын көп құдайға сенудің орнына бір құдайға сенудің уағыздайтын діни
идеалогия керек болды. Сол сияқты Аравия жеріндегі алғашқы монотеистік дін-
ханфизм-бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген үстем болып келген
политеизмге көп құдайлық пұтқа табынушылыққа қарсы күресті. Тайпалық көп
құдайлардың орнына тек бір құдай рахманға жалбарыну керек деп уағыздады.
Бірақ синифистік діни ілім Меккеде де, басқа жерлерде де қолдау таппады.
Әлеуметтік-эканомикалық теңсіздікке қарсы күреске шыққан арап қоғамының
жарлы, кедей көпшілігі сагуктар ханифизмнен көксеген мақсатын көрмеді.
Өйткені бұл діни идеологияның үйретуінше анық өмір, шын бостандық о
дүниеде ғана, бұл дүниенің қызығы жоқ, өткінші деп уағыздады. Ақыр заман
боладыдан басқаға шақырмаған ханифизм езілгендер мен қаналғандар арасында
қарай алмады.
Бірақ, Ханфизм Ислам дінінің идеологиялық алғы шарты болды.Жаппай,
жалпылама уағыздан гөрі құдайды адамдар арасына жіберген өкілі (расул
алла)бар деу арқылы монотеистік дінді уағыздау ұтымдырақ еді. Ол өкілдің
ролін меккелік орта саудагер Мұхаммед атқарды. Құранның пайғамбарлық
сүрелерінің мазмұнына қарағанда, Мұхаммед Ханифтер табынан, шыққан. Ол 610
жылы жаңа дінді уағыздай бастады.Бірақ Мұхаммед пен оның серіктерінің араб
тайпаларының діни сенімдері мен ұғымдарына өзгеріс енгіземіз деген ойлары
Меккеде сәтсіздікке ұшырайды. Меккедегі үстем тайпа басшыларының құғынына
түскен Мұхаммед тобы 622 жылы Ясриб (Медине) пайғамбар қаласына көшеді. Оны
мұсылман жыл санауының басы Хиджра деп атап, мұсылмандар өздерінің жаңа жыл
санауын бастайды.
Ислам дінің уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздіке ұшырауына бұл
діннің әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етті. Құлдық, кедейлік, аштық,
жаланаштық құдайдың мандайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда
болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб
қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмады. Сондықтан да
құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру,
тайпа шонжарларына тиімді болмады. Қысқасы Меккеде дін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы діндер
Дін тарихы Республика жерінде таралған негізгі діндер
Ислам діні туралы
ИСЛАМНЫҢ ДІНИ ТУРИЗМІ
Ислам дінінің пайда болу және таралу тарихы
Қазақ жеріндегі ислам діні және шаман діні
Қазақстандағы баптизм дінінің таралуы
Түркі халықтары арасында ислам дінінің таралуы
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
Әзиз хан медресесі
Пәндер