Ішімдіктің организмге әсері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Ішімдіктің организмге әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Адамдар неге ішеді? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
Не істеуге болады? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Қолданылған әдебиеттер тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
Алкоголизм эпидемиялық сипатқа ие болып барады. Салауатты өмір-салты туралы қалам тартқан кезде алкоголизм (маскүнемдік) проблемасына соқпай кете алмайсың... Бұл өкінішті-ақ. Өйткені арғы ғасырда арақ туралы білмеген халық, кеңестік үкімет тұсында осы бәлеге душар болды. Енді андыздап өре тұрегеліп оны арамыздан аластамасақ, бүған қарсы насихат жүргізбесек бірте-бірте «отты суды» молынан ішкен үндістер тәрізді мүлде азайып кетуіміз мүмкін.
Статистика көрсетіп отырғандай Америкада 17 жастағы әрбір 7-ші жасөспірім ішімдікке салынған, ал Францияда жасөспірімнің 25 пайызы күніне үш стакан шарап ішеді. Ал, Бельгияның ғалымдарының айтуынша жасөспірім ұлдардың 40 пайызы, ал қыздардың 27 пайызы күнінен ең аз дегенде 1 стакан сыра ішеді. Ал, Германияда ішімдікке салынғандардың 10 пайызы 12-15 жас арасындағы жастар.
Қазақстанда 1997 жылғы есеп бойынша маскүнемдік дертіне шалдыққандар саны - 3768, олардың 3295-і әйелдер, жас шамаларына шыққанда 15-17 жас аралығындағылар 2999, 18-59 жас аралығындағылар -34481. Міне көріп отырғандай қазіргі кезеңдегі жағдайда апаттың барлық қаһарлы белгілері бар.
1985 жылдары бұрынғы Кеңес Одағында «құрғақ заң» шыққаны жұрттың есінде, бірақ оның аяғы сиырқұйымшықтанып кетіп, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін мүлде жайына қалды.
1. Амосов Н.М. Денсаулық туралы толғаныстар. Алматы: Қазақстан баспасы,1988 ж.
2. Жатқанбаев Валеология. Алматы, 2003
3. Торманов Н. Валеология: Дәрістер жинағы. - Алматы: Қазақ университеті, 2000. - 153 бет.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Ішімдіктің организмге
әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .5
Адамдар неге
ішеді? ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 10
Не істеуге
болады? ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 11
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
Қолданылған әдебиеттер
тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

Кіріспе

О, Жасаған, Жасаған!

Не демейді мас адам,
Ішпейін-ақ десем де,
Шыға келед тасадан.
(Маскүнемнің өлеңінен)

Алкоголизм эпидемиялық сипатқа ие болып барады. Салауатты өмір-салты
туралы қалам тартқан кезде алкоголизм (маскүнемдік) проблемасына соқпай
кете алмайсың... Бұл өкінішті-ақ. Өйткені арғы ғасырда арақ туралы білмеген
халық, кеңестік үкімет тұсында осы бәлеге душар болды. Енді андыздап өре
тұрегеліп оны арамыздан аластамасақ, бүған қарсы насихат жүргізбесек бірте-
бірте отты суды молынан ішкен үндістер тәрізді мүлде азайып кетуіміз
мүмкін.
Статистика көрсетіп отырғандай Америкада 17 жастағы әрбір 7-ші
жасөспірім ішімдікке салынған, ал Францияда жасөспірімнің 25 пайызы күніне
үш стакан шарап ішеді. Ал, Бельгияның ғалымдарының айтуынша жасөспірім
ұлдардың 40 пайызы, ал қыздардың 27 пайызы күнінен ең аз дегенде 1 стакан
сыра ішеді. Ал, Германияда ішімдікке салынғандардың 10 пайызы 12-15 жас
арасындағы жастар.
Қазақстанда 1997 жылғы есеп бойынша маскүнемдік дертіне шалдыққандар
саны - 3768, олардың 3295-і әйелдер, жас шамаларына шыққанда 15-17 жас
аралығындағылар 2999, 18-59 жас аралығындағылар -34481. Міне көріп
отырғандай қазіргі кезеңдегі жағдайда апаттың барлық қаһарлы белгілері бар.
1985 жылдары бұрынғы Кеңес Одағында құрғақ заң шыққаны жұрттың
есінде, бірақ оның аяғы сиырқұйымшықтанып кетіп, Кеңес Одағы ыдырағаннан
кейін мүлде жайына қалды.
Қазіргі Қазақстанда бұл салада арнайы бағдарлама жоқ десем қателесе
қоймаймын. Бар болғаны полицияның айықтырғыш деп аталатын қапестері мен
өткен жылы шыққан жарнама туралы заң ғана. Бұған да шүкіршілік деуге
болады, өйткені бүрнағы жылдары арақ-шарап пен темекінің теледидардан
жарнамалары топан судай қаптайтын. Осыған біршама басу болғанымен арақ-
шарап шығаратын фирмалар мұндай жағдайға да бейімделіп. алды. Ал, ендігі
жерде мен арақтың адам организміне зиянынан бастап сонан әрі қарай
жұмысымның арнасын соза түсейін.
Ішімдіктің организмге әсері

Ішімдіктің тірек-қимыл жүйесіне әсері. Теледидардан берілетін
ақпараттардың өзінде жүргізуші ішімдік ішу нәтижесінде жол апаты
болғандығын хабарлап жатады.Аз болса да ішкен адамның өзінің сезу
реакциясының жылдамдығы 0.52секундқа баяулайды. Осы жағдайдың өзі апат
жағдайының пайда болуына жеткілікті. Егер машина 60 кмсағат жылдамдықпен
келе жатса, ішпеген қалыпты адам жолда пайда болған кездейсоқ жағдай
әсерінен сезім реакциясы нәтижесінің нашарлауынан 10 метр қашықтықта
айналып өтеді, ал 0.5 секундта машина 8.3 метрге қозғалып кете алады, ал
қалған 1.7 метрге бүрылу не тоқтату мүмкіндігі азаяды. Бұл аралықтың азаюы
апатты жағдайдың тууын 6 рет көбейтеді, яғни апатты жағдай туындады. Бұл -
жүргізуші ішімдік ішкен жағдайда туындайтын жағдай. Егер жаяу адам ішімдік
ішкен болса, онда жаяу адамның да, сезу реакциясы осылайша төмендейді, ол
да кездейсоқ жағдайда тез жауап бере алмағандықтан, аптатты жағдай пайда
болады.
Қан айналу жүйесіне ішімдіктің әсері. Ішкіш адамның жүрегі мен қалыпты
адам жүрегін салыстырғанда 1,5-2 есе үлкейген. Жүрек осының салдарынан
өзіне тиісті қызметті толық орындай алмайды. Жүрек майланады, ішімдік
әсерінен қан тамырларының қабырғалары өзгеріске үшырайды, артерия тамырлары
бітеліп, тканьдерге қоректік заттар бармайды. Ішімдік әсерінен әритроциттер
мен лейкоциттердің қандағы саны азаяды, ол сүйек кемігінің зақымдалуынан
болады. Организмдегі оттегін басқа органдардан 7-9 есе көп қажет ететін ми
клеткаларының жұмысы бұзылады.
Қанның қызыл клеткаларын ішімдік бұзады, газ алмасу процесі бұзылады.
Газ алмасу процесі бұзылғандықтан, адам организмдегі жалпы зат алмасу
процесі бұзылады.
Ішімдіктің тыныс жолдарына әсері. Өкпеге ішімдіктің иісі, оның ыдырау
өнімдерінің өзі өкпе тканіне теріс әсер етеді. Өкпе сыйымдылығы азаяды,
тыныс жолдарын қабындырады.
Ас қорыту жолдарына әсері. Ішімдіктің аз мөлшерінің қарын сөлінің
қызметін тездететіндігін, ал қарын сөлінің көп мөлшерінің оның жұмысын.
нашарлайтындығына алып келеді. Бұл екі процестің екеуі де зиянды, қарынның
сілемейлі қабынады, гастрит пайда болады, кейде бұл асқазан жарасының пайда
болуына алып келеді. Бұл тек асқазан ғана емес, жалпы ас қорыту жолының
бойында қатерлі ісіктің пайда болуына соқтырады. І-ші -ішімдік әсерінен ас
қорыту процесі баяулайды., П-ші - ішімдік әсерінен белок бұзылады, ас
қорыту ферменттері оны қорыта алмайтын жағдайға үшырайды.
Ішімдіктің теріге әсері. Ішімдіктің антисептикалық қасиетін ауру
тудыратын микробтарды өлтіру үшін бәріміз пайдаланамыз. Осы қасиетін
ескерсек, оны ішудің өзі түсініксіз.Ішімдіктің секреция бездеріне әсері
жыныс бездеріне кері әсерін тигізеді. Жыныс гормондарының бөлінуі кемиді,
жыныс органдары қызметі түтасымен бұзылады. (қыздарда менструациялық цикл
бұзылады), қазіргі кезде (климакстың) ерте түсуі зиянды эдеттерге
әуестенуде екендігі дәлелденіп отыр. Ер адамдарда белсіздікке алып келеді.
Ішімдік әсерінен бездер жұмысының бұзылуы - қан диабеті ауруының пайда
болуына, зат алмасу процесінің бұзылуына алып келеді.
Ішімдіктің миға әсері оның қандағы мөлшеріне тура пропорционал.
Ішкіш адамның миында ұсақ қан құйылулар көп болады. Оның себебі, қан
тамырлары тартылып, бітелуінен, ми клеткаларына қоректік зат
пеноттегінің келуі азаяды. 100 грамм сыра ішкен кездің өзінде мидың жұмыс
істеп гүрған клеткаларының 30000-ы өледі, 100 грамм вино ішетін болса,
-5000-ның клеткасы өледі, арақ ішсе - 7500 клеткасы өлетіндігі
дәлелденген. Ми клеткаларының қайта қалпына келмейтіндігін ескерсек,
жасөспірімдік шақтан бастап ішетін адамдардың миында қандай өзгерістер
болатындығын көз алдарында елестету қиын емес. Ішімдік басқа органдардан
көбірек жүйке жүйесі мен миға әсер етеді, өйткені ми май тәрізді заттан
тұрады, ал бұндай затта спирт жақсы ериді. Сондықтан да, спирттің мидағы
концентрациясы қандағыға қарағанда 60-70 процентке жоғары болады.
Ішімдіктің уының әсерінен орталық жүйке жүйесі жұмысы бұзылады,
ішімдіктің аз мөлшерін адамның жүрісі бұзылады. Бас айналады, өзін-өзі
басқару қабілеті төмендейді, осының салдарынан өз мүмкіндігін бақылай
алмайды. Ішімдік көп ішетін адамдар ызақор болады, сыртқы
тітіргендіргіштерге жауабы болады. Ішімдік салдарынан адамның алыстан
ажырату қабілеті төмендейді, түстері ажырата алмайды. Бұл жағдай жүргізуші
мен жаяу жүруші үшін өте қауіпті. Эксперимент жұмысында ішімдіктің зиянды
әсерін көрсету, оқушыда ойлау, қортындылау, сараптама жасауға
итермелейтінін аңғартты.
Ішімдіктің ұрпаққа әсері. Қазіргі ғасырда адамдар тіршілік жағдайы
жақсарды, неге туу кемиді, өлім көбейді, бала өлімінің саны көп, орташа
өмір ұзақтығы қысқарды. Бұл сұрақтардың көп жауаптарының бірі ішімдікті
пайдаланудың салдарынан туындайды.Ішкіш аналардың туған балалардың
көпшілігінің әр түрлі ауытқулары болатындығы дәлелденген. Мысалы: Америкада
ішетін ата-анадан туған 1529 баланың 74 пайызынің әр түрлі ауытқулары
болған. Статистика бойынша дүние жүзінде 10 млн. астам адамның ақыл-есі
кем. Олардың көпшілігінің себебі - ата-аналарының ішімдік ішуінің
салдарынан екендігі дәлелденген.Сонымен ішімдік әсерінің ең қауіптісі:
халықтың биологиялық жағынан азғындауы. Популяциялық деградация
коэффициенті деген үғым да бар. Оны эдеттегі мектептерде оқуға қабілетсіз,
ақыл-ойы кеміс балалардың пайызы бойынша есептеп шығарады. Маскүнемдіктің 8
- 10 жыл ішінде күрт өсуінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан айналу жүйесіне ішімдіктің әсері
Ішімдіктің тыныс жолдарына әсері
Зиянды әдеттер
Ішімдіктің ұрпаққа әсері
Денсаулыққа қатерлі негізі факторлар
Денсаулыққа қатерлі негізгі факторлар
Этиль спиртінің ағзаға әсері
Тж тұрғындарды қорғау формалары. Ұжымдық жане жеке қорғану құралдары. Санитарлы өңдеу
Алкогольге қарсы жұмыстарды кешенді жүргізу
Маскүнемдік пен девианттық мінез - құлық мәселелерін алдын алу шаралары мен әдістері
Пәндер