Ерте орта ғасырлардағы Жапония



Кіріспе

1.тарау. Ерте орта ғасырлардағы Жапонияның саяси.
әлеуметтік даму ерекшеліктері

2.тарау. Самурайлар сословиесінің қалыптасуы / этикасы,
бусидо кодексі, т.б./


3.тарау. Жапониядағы сегунаттың орнығуындағы
самурайлар сословиесінің орны


Қорытынды
Тақырыптың өзектілігі: Жапония әлемдегі ұлы державалардың біріне айналып бара жатқандықтан, оның ортағасырлық, яғни феодализм заманындағы даму өзгешеліктерін және қоғамдағы самурайлар тобының ерекшеліктерін қарастыру тарихымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Жапониядағы самурайлар тарихына назар аударсақ, самурайлардың құрылымы феодалдық топтың ажырамас бір бөлігі ретінде, билеуші топтың жалпы құрылымына сәйкес болды.
Жалпы Жапонияның феодализмінің дамуы самурайлардың қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Олай дейтін себебім, самурайлар жапон феодализмінің негізін қалады және Жапониядағы феодализммен бірге дами түсті..Сондықтан да бізге олардың қалыптасу тарихын зерттеу қазіргі уақытта шығыс елдері тарихының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар осы уақыттағы самурайлар тарихын зерттеу арқылы Жапонияда үстем болған мемлекеттік басқару аппаратын, мемлекеттік тәртіптің қандай түрде болғанын және діни ағымдардың дамуы мен қалыптасу тарихының да қандай түрде жүргенін көруге болады. Жапонияның орта ғасырлар тарихында феодализнің қалыптасуындағы негізгі басқа шығыс елдерінен және басқа Еуропа феодализмінен ерекшелігі осы әскери сословиенің Жапон қоғамында қалыптасып даму деп көрсетуге болады.
Самурайлар негізінен жергілікті жер иеленушілердің төменгі бөлігі әрі әскери феодалдар ретінде қалыптасты. Жапониядағы әскери сословиенің пайда болуы феодалдық қоғамдық-экономикалық формацияның қалыптасуымен тығыз байланысты болды. Ол Батыс Европадағы феодалдық құрылымның классикалық заңдары бойынша дамып отырды. Жапон қоғамындағы самурайлар тобы Еуропа елдеріндегі өздерінің бусидо этникалық ілімдері, діндеріне және киім кию үлгісіне байланысты ерекшеленді. Олардың киім кию үлгілері батыстық қоғамдағы әскери топ ретіндегі рыцарлардан ерешелігі қанша ғасыр өтсе де самурайларға тән киім үлгілерінің өзгермей бір қалыпта сақталған болатын. Ал басқа жақтары Батыс Еуропалық әскерилерге ұқсас болды. Самурайлар тобы Жапон қоғамында ерекше әлеуметтік сатыны иеленді. Әскери іспен айналысу олардың негізгі және дара кәсібі болды.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1-тарау. Ерте орта ғасырлардағы Жапонияның саяси-
әлеуметтік даму ерекшеліктері

2-тарау. Самурайлар сословиесінің қалыптасуы этикасы,
бусидо кодексі, т.б.

3-тарау. Жапониядағы сегунаттың орнығуындағы
самурайлар сословиесінің орны

Қорытынды

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Жапония әлемдегі ұлы державалардың біріне
айналып бара жатқандықтан, оның ортағасырлық, яғни феодализм заманындағы
даму өзгешеліктерін және қоғамдағы самурайлар тобының ерекшеліктерін
қарастыру тарихымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Жапониядағы самурайлар тарихына назар аударсақ, самурайлардың құрылымы
феодалдық топтың ажырамас бір бөлігі ретінде, билеуші топтың жалпы
құрылымына сәйкес болды.
Жалпы Жапонияның феодализмінің дамуы самурайлардың қалыптасу тарихымен
тығыз байланысты. Олай дейтін себебім, самурайлар жапон феодализмінің
негізін қалады және Жапониядағы феодализммен бірге дами түсті..Сондықтан да
бізге олардың қалыптасу тарихын зерттеу қазіргі уақытта шығыс елдері
тарихының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар осы
уақыттағы самурайлар тарихын зерттеу арқылы Жапонияда үстем болған
мемлекеттік басқару аппаратын, мемлекеттік тәртіптің қандай түрде болғанын
және діни ағымдардың дамуы мен қалыптасу тарихының да қандай түрде жүргенін
көруге болады. Жапонияның орта ғасырлар тарихында феодализнің
қалыптасуындағы негізгі басқа шығыс елдерінен және басқа Еуропа
феодализмінен ерекшелігі осы әскери сословиенің Жапон қоғамында қалыптасып
даму деп көрсетуге болады.
Самурайлар негізінен жергілікті жер иеленушілердің төменгі бөлігі әрі
әскери феодалдар ретінде қалыптасты. Жапониядағы әскери сословиенің пайда
болуы феодалдық қоғамдық-экономикалық формацияның қалыптасуымен тығыз
байланысты болды. Ол Батыс Европадағы феодалдық құрылымның классикалық
заңдары бойынша дамып отырды. Жапон қоғамындағы самурайлар тобы Еуропа
елдеріндегі өздерінің бусидо этникалық ілімдері, діндеріне және киім кию
үлгісіне байланысты ерекшеленді. Олардың киім кию үлгілері батыстық
қоғамдағы әскери топ ретіндегі рыцарлардан ерешелігі қанша ғасыр өтсе де
самурайларға тән киім үлгілерінің өзгермей бір қалыпта сақталған болатын.
Ал басқа жақтары Батыс Еуропалық әскерилерге ұқсас болды. Самурайлар тобы
Жапон қоғамында ерекше әлеуметтік сатыны иеленді. Әскери іспен айналысу
олардың негізгі және дара кәсібі болды.
Тарихнамасы: Орта ғасырлардағы Азия тарихын зерттеу, оны бүгінгі
күнмен байланысын білу әлі ғылыми тұрғыдан шешімін таппай жатқан
мәселелердің жауабын табуға көмектесіп, тарихқа деген ынта ықыласты
тудырады. Бүгінгі таңда шығыс тарихын зерттеу енді қолға алынып, тарихшы
ғалымдар бұл салаға көп күш жұмылдыруда. Атап айтсақ, бұл сала бойынша орыс
тарихшы ғалымдары: Е.М. Жуковтың “Исторические корни японского милитаризма
– Японский милитаризм” еңбегінде, И.А.Епифановтың “Харакери в Японии.
Знание и польза” еңбегінде, Е.М.Булгакованың “Япония и японцы ”
еңбектерінде осы мәселеге байланысты зерттеулер жасаған, сонымен қатар
Ф.М.Ацамба, З.Г.Лапин, М.С.Мейер, И.М. Сырицын, В.М. Семенов, Ю.Д.Кузнецов,
С.С.Пасков және т.б. ғалымдар Жапониядағы феодализмнің қалыптасу процесі
мен самурайлардың осы уақыттағы қандай роль атқарғандығы туралы өз
еңбектерінде тоқталып өткен. Самурай термені жапон әскерлеріне де
қолданылады. Е.А.Мельникова самурайларды ХІ ғасырдағы Скандинавиялық
хускарлармен салыстыра отырып, оларда құл немесе дружиниктер ретінде
феодалдардың ауласында қызмет еткен деп өз ойын айтады[1]. Ал
А.Б.Спеваковский самурайлар тобын Жапониядағы әскери қызмет еткен дворяндар
деп, олардың пайда болуын VІІ – VІІІ ғасырларға жатады деп өз еңбегінде
атап өтеді.[2] Бұл ғалымдардың тұжырымдарынан самурайлар алдымен VІІ
ғасырдың аяғында құлдардың сарқыншақтары ретінде, ал кейін әскери сипатқа
ие болып, жеке сословие болып қалыптасқанын көруге болады, сонымен қатар
осы кезең Жапониядағы ерте феодализмнің қалыптасуымен тұспа-тұс келетінін
де ескеуіміз қажет. Енді самурай деген не мағына беретініне тоқталатын
болсам, “самурай” жапон тілінде “ұлы адамға, жоғарғы топқа қызмет ету”
немесе “қожасына қызмет ету және оны қорғау” мағынасын білдіреді[3].
Ал егер лингвистикалық жағынан алсақ, “самурай”, “сабурахи” – қорғау,
феодалдың поместьесін қорғау деген мағына береді[4].
Жоғарыда келтірілген мәліметтерге сүйеніп, Жапонияда самурай деп
алғашқы кезекте текті адамның, феодалдың құлын айтқан. Көп жағдайда самурай
деп ұсақ феодалдардың әскери сословиесін де атайды.
Ал енді осы мәселе тұрғысынан бұл тақырыпта біздің отандық тарихшылар
енді қарастыруды қолға алып жатыр. Осы тұста Жапоняның тарихының дамуына
көңілаударып, ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмыстарына ден қоюымыз керек.
Мақсатым: Қазіргі таңда жапон самурайлары туралы біз негізінен тек
әскери іспен айналысатын жауынгер, немесе самурайлар жайында естіненіміз
болмаса бұл сөздің мағынасын жете түсіне бермейміз. Ал менің мақсатым осы
жоғарыда келтірілген еңбектерді зерттеу арқылы Жапонияның орта ғасырлардағы
тарихында самурайлар сословиесінің сан ғасырлар бойы феодализмнің ажырамас
бір бөлігі ретінде дамып, Жапонияның орта ғасырлық тарихында қайталанбас
орын алатынын дәлелдеу.
Міндетім: Келтірілген еңбектерді талдап саралау арқылы, самурайлар
сословиесінің қалыптасуына қандай алғышарттар болғанын және феодализмнің
дамуы самурайлар сословиесіне қандай тұрғыдан әсер еткенін анықтау.
Самурайлардың өзіндік қайталанбас моральдық-этикалық, заңдылықтарын,
харакери салтының мәнін түсіндіру, самурай болып қалыптасуындағы
ерекшелігін және осы кезеңдегі феодализмінің дамына талдау жүргізу және
батыстың осы кезеңдегі басқа әскери сословиелерінен ерекшелігін көрсету
менің негізгі міндетім болып табылады.

І тарау

Жапониядағы ерте феодалдық мемлекттің қалыптаса бастауы ІV ғасырдың
екінші жартысына жатады. Жапоиядағы феодализмің орнығуы құл иеленушілікті
жойған жоқ. Жартылай құл, жартылай ерікті томобэ мен какибэлер жойылды.
“Яцуко” деген үй шаруашылығындағы жеке меншік малай құлдар сақталып қалды.
Құл иелеу ол кезде жер алу формсаларының бірі болатын. Әр құл үшін оның
иесі үкіметтен үлестің үштен бірін алатын. Құл табу барған сайы қиындай
түсті. VІІ-VІІІ ғасырларда жапон халқының 10-20%-ке жуығын құлдар құрады.
VІІІ ғасырдың аяғына қарай құлдар еңбегі жойылды.
Жапоиядағы феодалдық қатынастар үстемдігі VІІ ғасырдың жартысында
орай бастады. Бұл орнығу үстем топтардың арасындағы билік үшін күреспен
қатар жүрді. Сонау VІІ ғасырдың басында-ақ Ямато патшалары өз биліктерін
басқа ру-тайпалар көсемдерінің биліктерінен ерекше екендігін дәлелдеуге
тырысты.
605 жылы принц-регент Умаяда (Сетоку-тайси) Ямато патшаларының
деклорациясын – “17 баптан тұратын заңдарды” жариялады. “Жоғарыдағыға
төмендегі бас июі керек, мемлекетте екі басшы жоқ.. Мемлекеттегі барлық
халықтың қожасы патша Барлық әкім қызметкерлер патшаның малайы”, -
деліген.
Ерте феодалдық құрылыстың негізгі прициптері 701 жылы құрастырылған
Тайхоре кодексіне бекітілді. Үстем таптың өкілдері де жер үлестерін алды.
Бірақ олардың үлестері шаруалардың үлестеріннен әлдеқайда көп болды.
Қызметніе қарай берілетін үлес уақытша болды. Егер қызметтен кеткен
жағдайда жер үлесі қайтып алынып қойды.
Мемлекетті басқару үшін үлкен аппарат құрылды. Оны жоғары мемлекеттік
кеңес (додзекан) басқарды. Ол кеңеске 8 министірлік бағынды. Ел провинцияға
(кундер) және уездерге (корлер) бөліді. Жалпыға бірдей әскери міндеттілік
енгізілді.[5]
Менің ойымша, жоғарыда келтірілген Мельникованың негізгі ойы осы
кезеңде Жапон қоғамында самурайлардың енді қалыптаса бастауы, бұрынғы
құлдардың сақталған сарқыншақтары негізінде қалыптасып, уақыт өте келе
олардың негізгі кәсібі әскери іспен айналысуға ұласты десе керек. Себебі,
жоғарыда айтып кеткендей құл еңбегі Жапонияда феодализмнің қалыптасу
кезеңінде жойыла бастағанын, ал самурайлардың қалыптасуы VІІ-VІІІ ғасырға
жататындықтан бұл кезеңде құл еңбегін пайдалану толығымен жойылған
болатын.
Егер самурайлардың пайда болуы VІІ-VІІІ ғасырлар арасында қалыптасып,
қызмет ету деген сөздің аясында шыққанын ескерсек, онда самурайлардың
қалыптасуы Жапон қоғамындағы феодализмнің ажырамас бөлігі ретінде
қарастыруға болады. Себебі, дәл осы мезетте Жапония қоғамында феодализм
процесі жүріп жатқан болатын, олай болса самурайлар әскери сословиесі мен
феодализм бір мезетте қалыптаса бастаған деп айтуға толық негіз бар.
Сонымен, самурай деп Жапонияда алғашқы кезеңде текті адамның, феодалдың
құлын айтқан. Ал кейінірек ұсақ дворяндардың әскери тобын айтады, самурай
сөзі сонымен қатар Жапон әскеріне де қолданылады. Олай дейтін себебім
Жапонида мемлекеттік билік басына сегунттердің келуі кезеңінде император
әскерінің негізгі бөлігін самурайлар құраған.
Самурай тобының қалыптасу тарихын төрт кезеңге бөлуге болады.
Біріншісі – самурай тобының пайда болу және қалыптасу кезеңі – VІІ –ХІ
ғасырлар; екінші кезең – топтың нығаюы және даму кезеңі – ХІ-ХІV ғасырлар;
үшінші кезең – самурай толық қалыптасуы және оның кемелдену сатысы – ХV-
ХVІІ ғасырлар; төртінші кезең – ХVІІІ ғасыр – самурай тобының ыдырай
бастауы және тап ретінде жойылуы.
Самурайлардың әскери сословие болуы өз кезеңінде ұзақ процес ол ХІ-ХІІ
ғасырда толық қалыптасқан болатын. Бірақ бұл кезеңде самурайлардың қатаң
тәртібі мен заңдары болды. Олардың заңдары ежелгі айн тайпасымен көрші
тұрып, байланыста болғандықтан олар өз кезеңінде ықпал етті.
ІХ-Х ғасырларда Жапонияда мемлекет жерін жеке меншікке айналдыру
үрдісі кең өріс алды. Өйткені мемлекет тарапынан иесіз, тың жатқан
жерлердің ақысын төлеп, жеке меншікке айналдыруға рұқсат берілген
болатын.[6] Жапон феодалдары бұл жағдайды пайдаланып қалуға барын салды. ІХ
ғасырдан бастап феодалдық Жапонияда негізгі екі тап пайда болды: жер
иелері, феодалдар мен оларға тәуелді шаруалар. Жергілікті феодалдардың
нығаюының айғағы – олардың өз қарулы күштерін құруы. Оған мемлекеттік
басқару жүйесінің әлсіреуі де себеп болды. ХІ-ХІІ ғасырда феодалдық
поместьенің екі түрі пайда болды. Оның бірі – Жапонияның шығысы мен
солтүстігінде, екіншісі – орталық және оңтүстік батысында бой түзеді.
ІХ-Х ғасырларда жекелеген адамдарға берілген мемлекеттік жерлердің
сол адамдардың жеке меншігіне айналу процесі кең өріс алды. Ол жердегі
шаралар жекелеген феодалдардың басыбайлы шаруаларына айнала бастады.
Мемлекеттік жерді жеке меншікке иелену жердің кейбір түрлерін басып
алуға ресми түрде берілге рұқсаттың арқасында жеңілдей түсті: иесіз жерді,
жаңа өңделеті жердің ақысын төлеп, жеке мешікке айналдыруға рұқсат берген
болатын. Жапон феодалдары бұл жағдайды ірі жер иеліктерін түзеп алуға
пайдалана қойды.
VІІІ ғасырдан бастап үстем таптың ішінде үш топқа бөлінушілік байқала
бастайды. Бірінші топқа астаналық үстем феодалдар кірсе, екінші топқа –
аймақтардағы мемлекеттік аппаратта үлкен қызмет атқаратын үлкен қызмет
атқаратын үлке феодалдар кірді. Олар астанада тағайындалатын бірте-бірте
провинцияларға сіңісіп кететін. Үшінші топ провинцияда ешқашан шығып
көрмеген жергілікті, төменгі ақсүйектерден шықққан феодалдардан тұрды.
Император үйі іс жүзінде биліктен шеттетілді. 794 жылы астананы
Хэйанға көшіру сарайға жақын тұрған Фудзивара әулетінің жоғарғы үкімет
билігін басып алу әрекеті болды. Алдымен император тек Фудзивара әулетінің
қызына ғана үйлену тәртібін енгізді. Кейін 858 жылы Фудзиваралықтар
регенттік билікті өз қолына алды, ал 887 жылдан бастап жоғарғы канцлер
лауазымын иеленді. ІХ-ХІ ғасырларда Фудзиваралықтар барлық үкімет билігі өз
қолдарыннда иеледі.
Феодалдардың барлық топтары өздерінің экомикалық позицияларын
нығайтып, одан әрі кеңейтуге, жаңа жерлер басып алуға тырысты. Мемлекеттік
шаруалардың үлестерін тартып алу аяқталды. Жеке адамдардың басына тиісті
үлестерді бөлу ұмыт бола бастады.
Мұндай қайта бөлу әр 6 жылда қайта бөлудің орнына 50-60 жылда
жүргізілді. Мемлекеттік шаруалардың жер үлесімен қамтамассыз етуді
бақылайтын чиовиктердің өздері шаруалар жерлері сіңіріп кетіп отырды.
Жердің көп бөлігінің жеке мешікке айналып отыруына байланысты қазынаға
түсетін табыс азая берді.
Жаңа жерлер иеленіп жатқан феодалдар қуаттылығы күн санап өсе түсті.
Х-ХІ ғасырларда олардың иеліктері тек салықтан босатылып қойған жоқ, сондай-
ақ жергілікті өкіметтің қол сұғуынан да қорғалды. Император сарайы мен
астаналық аристократтардың табыстары керісіше кеми берді. Олардың табыстары
тек мемлекеттік шаруалар жерінен ғана түсіп отырды. Ауыр мемлекеттік салық
төлеумен қатар шаруаларды чиновниктер аяусыз қанады. Әсіресе артығымен
қайтарылатын қарыз шаруаларды қатты титықтатты. Губерниялық және уездік
Қамбаларда орталыққа жіберілген салықтан қалған егіннен ерекше қор
жиналатын. Үкімет ол қордан мұқтаж шаруаларға қарыз беретін де кейін
артығымен қайтарып алатын.
Самурайлардың пайда болуы VІІ ғасырдың аяғынан басталып, ерте орта
ғасырлардағы феодалдық қатынастардың қалыптасуымен қатар жүргенін жоғарыда
көрсеткен болатынбыз. Мемлекеттік жерлерді феодалдардың қандай жолмен
иеленгені және осы тұста самурайлардың қоғамдағы ролін жоғарыда келтірілген
мәліметтерді оқу арқылы түсінген болатынбыз.

ІІ тарау

Самурайлардың өз кезеңінде нағыз жауынгерлік жолға түсуіне ықпал
ететін әскери кодекстері – бусидо болды. Бусидо – самурай жолы деген мағына
білдіреді.[7]Сонымен бусидо – самурайлық мораль, моралдық-этикалық кодекс.
Бусидо принциптері туралы ешбір әдебиетте жазылмаған, бірақ бұл туралы
халық аузынан жиі естуге болады, осыған сәйкес бусида бойынша өскен самурай
өзінің моралдық құқықтарын нақты білуі керек және сюзененіне адал қызмет
етіп, іс-әрекетіне баға беріп, өз қателіктерін моральдық тұрғыдан өзіне
жауап беруі керек. Бұл туралы төменіректе толығырақ баяндайтын боламын.
Самурай болу үшін және бусидо этикалық-мораьдық кодексті жете меңгеріп өсуі
үшін самурайлар балаларын кішкетай кезінен үйретіп отырған, бұл кәсіп
атадан-балаға мирас болып қалып отырған. Самурайлар үшін ең бірінші ұл
баланың туылуы өте маңызды орын алған. Себебі, тұңғыш баласы барлық дүние
мүліктің иесі атанған. Егер ұл бала болмаған жағдайда ол әулеттің жері
алынып, өзінің ұрпағы жалғаспай қалып отырған.
Бусидо іліміне сәйкес моральдық тұрғыдан харакери ритуалы жасалып
отырған. Бұл самурайлар әскери сословиесіндегі ең маңызды ерекшелік ретінде
көрсетуге болады. С.А.Артуновтың ойынша, самурай сословиесіне тән харакери
салты осы тайпа ықпалымен тығыз байланысты[8].
Харакери – кіші қылышпен өз қарнын кесу деген мағына береді. Харакери
сөзбе-сөз аударғанда “қарнын кесу” деген мағына берді, Жапон тілінде “хара”
– қарын және “киру” – кесу деген мағына берді. Харакери салты алғашында
қатты белең алмаған болатын, ХІІ ғасырдың аяғынан бастап, Тайра мен
Миномото үйінің билік үшін күресі кезеңінде кең тарала бастаған болатын.
Осы кезден бастап харакери арқылы өз қылышынан өлімге ұшырағандар саны
үнемі өсіп отырған.
Харакери арқылы самурайлардың өлімі әртүрлі себептерден болған, бұл
кей жағдайда өз қожайыны өлген жағдайда жасалған, өз қожайыны алдында
кінәлі болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлардағы Азия, Африка елдерінің тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқу әдістемелік құрал
Орта ғасырлардағы Қытай өркениеті
Қала, қолөнер және сауда
«Азия және Африка елдерінің орта ғасырлар тарихы» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Ерте орта ғасырлардағы корея
Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы
Қытай халқының мәдениеті мен ғылымы
Қытай өнері
Орта ғасырдағы Корея тарихы
Батыс Еуропаның орта ғасыр кезеңдері
Пәндер