Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесі



КІРІСПЕ

I.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1.1 Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі
1.2 Зейнетақы активтері мен оның функциялары


II.ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЛАРЫ МЕН ЗЕЙНЕТАҚЫ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстанда зейнетақы қорларының құрылуы мен
олардың қызметтері
2.2 ҚР.ң жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамыту бағдарламасының мақсаты мен нәтижелері


ҚОРТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазақстан Республикасында зейнетақы қамтамасыз ету жүйесінің реформасы салыстырмалы аз уақыт ішінде басталып өз дамуын алды. Жаңа зейнетақымен қамтамамсыз етудің жүйесі бір орында тұрып жатқан жоқ – ол үздіксіз даму процесінің үстінде. Ұсынылған еңбекте жинақтаушы зейнетақы қорының не екенін біліп, оны жан-жақтан зертей аламыз. Осы жұмысымның мақсаты – оқырманды еліміздің зейнетақы жүйесімен, сонымен қатар зейнетақы бағдарламаларымен таныстырып кету.
Осындай көлемдегі зейнетақы реформасы ТМД елдер кеңістігінде Қазақстан Республикасында бірінші жүргізілді. Қазіргі кезде де ТМД мен Балтық елдерінің мемлекеттерінің бірде-біреуінде зейнетақымен қамтамасыз етудің осындай реформасы әлі іске асқан жоқ.
Осы курстық жұмыстың тақырыбы зерттеушіні өзінің жаңалығы мен жылдамдығымен және зерттеу ойының кеңістігінің үлкендігімен қызықтырады, ол терең ойлануға, соның ішінде, өз кәрілігіңді зейнетақымен қамтамасыз ету жөнінде талғануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, осы курстық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тек қызықтығымен шектелмейді, олар тағы қазіргі таңда өте актуалды. Ұсынылған еңбектің тақырыбының үлкен актуалдығы бірінші кезекте зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесінің зор әлеуметтік маңыздылығымен көрінеді.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейі мен саласы республика халқының экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамдас бөлігі.
Ауқатты кәрілікті материалды жағынан қамтамасыз ету проблемасы әлемнің барлық елдеріне актуалды, бұның ішіне экономикалық жағынан жағдайы жақсы елдер де кіреді.
1. “Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1359 қаулысы
2. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 ж.20 маусымдағы № 136-1 Заңы (2005 ж.08. 07.жағдайындағы өзгерістер мен толықтырулармен)
3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің деректері бойынша.
4. Инструкция «О формировании собственного капитала накопительных пенсионных фондов в Республике Казахстан» от 27 августа 1997 года № 2-п;
5. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы».-Алматы, 1997.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ

I-ТАРАУ. ҚазаҚстан Республикасында ЗЕЙНЕТАҚЫ жҮйесін РЕФОРМАЛАУДЫҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесі
2. Зейнетақы активтері мен оның функциялары

II-ТАРАУ. Қазақстандағы ЗЕЙНЕТАҚЫ қорлары мен зейнетақы бағдарламаларын
талдау

2.1 Қазақстанда зейнетақы қорларының құрылуы мен

олардың қызметтері

2.2 ҚР-ң жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамыту бағдарламасының мақсаты
мен нәтижелері

ҚОРТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында зейнетақы қамтамасыз ету жүйесінің реформасы
салыстырмалы аз уақыт ішінде басталып өз дамуын алды. Жаңа зейнетақымен
қамтамамсыз етудің жүйесі бір орында тұрып жатқан жоқ – ол үздіксіз даму
процесінің үстінде. Ұсынылған еңбекте жинақтаушы зейнетақы қорының не
екенін біліп, оны жан-жақтан зертей аламыз. Осы жұмысымның мақсаты –
оқырманды еліміздің зейнетақы жүйесімен, сонымен қатар зейнетақы
бағдарламаларымен таныстырып кету.
Осындай көлемдегі зейнетақы реформасы ТМД елдер кеңістігінде Қазақстан
Республикасында бірінші жүргізілді. Қазіргі кезде де ТМД мен Балтық
елдерінің мемлекеттерінің бірде-біреуінде зейнетақымен қамтамасыз етудің
осындай реформасы әлі іске асқан жоқ.
Осы курстық жұмыстың тақырыбы зерттеушіні өзінің жаңалығы мен
жылдамдығымен және зерттеу ойының кеңістігінің үлкендігімен қызықтырады, ол
терең ойлануға, соның ішінде, өз кәрілігіңді зейнетақымен қамтамасыз ету
жөнінде талғануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, осы курстық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тек
қызықтығымен шектелмейді, олар тағы қазіргі таңда өте актуалды. Ұсынылған
еңбектің тақырыбының үлкен актуалдығы бірінші кезекте зейнетақымен
қамтамасыз ету мәселесінің зор әлеуметтік маңыздылығымен көрінеді.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейі мен саласы республика халқының
экономикалық және әлеуметтік жағдайының маңызды құрамдас бөлігі.
Ауқатты кәрілікті материалды жағынан қамтамасыз ету проблемасы әлемнің
барлық елдеріне актуалды, бұның ішіне экономикалық жағынан жағдайы жақсы
елдер де кіреді.
Ұсынылған курстық жұмыс алдымен оқырманды Қазақстан Республикасындағы
зейнетақы жүйесін реформалаудың алғышарттарымен, ал екінші бөлімде
Қазақстан экономикасында зейнетақы қорларының даму жағдайымен таныстырады.

I-ТАРАУ. ҚазаҚстан Республикасында ЗЕЙНЕТАҚЫ жҮйесін РЕФОРМАЛАУДЫҢ
АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамтамасыз ету жүйесі
Республикада 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстан Республикасының
1997 жылғы 20 маусымындағы   мемлекеттік зейнетақыға шығу ережелері мен
тәртіптерін және зейнетақы жинақ қоры жүйесінен зейнетақымен
қамтамасыздандыруын реттеуші Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы Заңы өз күшіне енді. Зейнетақымен қамтамасыздандыру
екі жүйеден тұрады :
• Ортақ жүйеден;
• Жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеуметтік салық пен басқа
да төлемдерге негізделген .
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің қарттық кезеңдерінің әл-
ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған
салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қалыптасу барысында заң шығару базасы
нақтыланды және жүйе қызметіне талаптардың өсуін және оның тұрақтылығын
ескере отырып, қайта өңделді. Қазақстан Республикасында зейнетақымен
қамсыздандыру туралы, Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы 2002 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз
ету, зейнетақы аударымдары бойынша берешекті жою және болдырмау,
қызметкерлердің жекелеген санаттарын зейнетақымен қамсыздандыруды және
қорлардан зейнетақы төлеу тетігін одан әрі жетілдіру және т.б. шаралар
көзделген.
Зейнетақымен қамтамасыз етуге байланысты Қазақстан Республикасының
Заңнамалары:
• 1997 жылдың 20 маусымындағы Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен
қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының Заңы;
• 2001 жылдың 25 наурызындағы Зейнетақыны тағайындау мен төлеу,
мемлекеттік базалық зейнетақыны төлеу, мемлекеттік әлеуметтік төлемдер
мен Орталықтан мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді ұйымдастыру тәртібі
туралы құрылымды бекіту туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау Министрлігінің № 17-п бұйрығы;
• Міндетті зейнетақы төлемдері есебінен құрылатын зейнетақы жинағынан
төленетін зейнетақы төлемдері,  жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін
ерікті кәсіби зейнетақы салымдарын құру ережесі;
• Кесте бойынша төленетін зейнетақы төлемдерінің мөлшерлік есептерінің
әдісі;
• Қазақстан Республикасы зейнетақы қорларының тізімі;
Зейнетақы жасы фиксациялы болады: еркектерге 63 жастан және әйелдерге 58
жастан.
Зейнетақының ең төменгі және орта мөлшеріне келсек, ең кіші зейнетақы
жыл сайын заңды түрде бекітіледі. Зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік
орталықтан зейнетақы алатындар саны республикада 1645,1 мыңға жуық.
Зейнетақының ең кіші мөлшері 2005 жылдың санағы бойынша 6200 теңгені
құрады. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 2005 жылға 9142 мың теңгені
құрады. 2005-2007 жылдарға Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік
өзгерістерінің әрі қарай тереңдетілу бағдарламасына сәйкес, 2005 жылдың 1
маусымынан бастап, ортақ жүйеден зейнетақы деңгейін көтеруге мүмкіндік
берген, сонымен бірге жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушы – жас буынға
әлеуметтік кепілдігін қамтамасыз етуге тартылған зейнетақыны төлеу
мемлекеттік негізін енгізілді. 2005 жылғы 1 шілдесінен негізгі зейнетақыны
төлеу есебімен зейнетақы төлемдерінің ең кіші мөлшері 9 200 теңгені құрады,
негізгі зейнетақыны төлеу есебімен орта зейнетақының мөлшері 12142 теңгені
  құрады. 2006 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінің
мөлшері 8%. инфляцияның деңгейінің озығына тиісті көтерілген.
Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін азаматтар, зейнетақыны тағайындау
туралы өтінішті тұрақты тұрғылықты жеріне байланысты зейнетақыны төлеу
жөніндегі Мемлекеттік орталықтарының аудандық (қалалық) бөлімшелеріне
белгіленген барлық құжаттарды әкеледі. Зейнетақыны тағайындауға қажетті
құжаттар тәртібі орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік
әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекеттік арнаулы жәрдемақыларды тағайындау
мен төлеуді ұйымдастырудың тәртібі туралы нұсқаулықта аталған.
Реформадан қазіргі кезеңге дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
негізгі принциптері  мыналар:
• зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеуі;
• зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарға жинақтаушы
зейнетақы қорларын таңдауға құқықтық қамтамасыз ету;
• азаматтарға арналған, белгіленген зейнетақының ең кіші мөлшерімен
қамтамасыз ету жөнінде тікелей мемлекеттік кепілдік;
• зейнетақы жинағының құрылуы үшін, жұмысқа қабілетті әрбір азамат
қатысуының міндеттілігі;
• азаматтардың зейнетақы жинақтарындағы қаржы салымдарының сақталу
тиімділігі;
• жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақтарға азаматтардың
мұрагерлігіне құқықтарын қамтамасыз ету;
• әр азаматтың қосымша ерікті зейнетақы қамтамасыздығына құқығы;
• азаматтардың зейнетақы жинақтарының қаржы салымдары арқылы экономикаға
үлесі.
Жұмыспен қамтушы жұмысшының атынан, жұмысшы таңдаған зейнетақы қорына
жұмысшының айлық табысынан 10%-қ міндетті зейнетақы салымдарын аударуды
жүзеге асырады. Кейіннен, болашақ зейнетақы салымдарын төлеу мөлшері
салымшылардың есебінен ғана емес, алынған инвестициялық табыстарының
есебінен де жүзеге асады.  
Салымшы зейнетақы қамтамасыздығы келісімшартының бір ғана тарапы бола
алады және міндетті зейнетақы салымдарының есебінен зейнетақы жинағын бір
ғана жинақтаушы қорында ие бола алады.
Салымшы жылына екі рет өзінің зейнетақы жинағын жинақтаушы бір қордан
екінші қорға ауыстыруға құқығы бар. Қолданыстағы заңға сәйкес әрбір азамат
өзінің игілігіне ерікті зейнетақы салымдарын жасауға құқылы, онысымен
зейнетақы қамтамысздығының қосымша дәрежесін қалыптастырады. Сонымен қатар
ерікті салымдардың салымшылары алушының пайдасына жеке және заңды тұлға
бола алады. Еңбектері денсаулыққа зиянды, ауыр және қауіпті еңбек
жағдайларындағы жұмысшыларды әлеуметтік қорғау және   зейнетақымен
қамтамасыздандару мақсатында, өндіріс орындарындағы өте қауіпті еңбек
жағдайларында еңбек етушілерге ерікті мамандандырылған зейнетақы салымдары
заңмен ескерілген.

1.2 Зейнетақы активтері мен оның функциялары

Зейнетақы активтерін басқару жинақтушы зейнетақы қоры мен зейнетақы
активтерін басқару компаниясының инвестициялық іс-әрекеті болып табылады,
басқаша сөзбен айтқанда әр-түрлі қаржы инструменттеріне зейнетақы
активртерін салу бойынша қызметі.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республиканың заңына және Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы
қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру ережелеріне сай Мемлекеттік
жинақтау зейнетақы қоры, зейнетақы активтерімен инвестициялық басқару НКЦБ-
мен анықталатын ұйыммен жүзеге асады, немесе НКЦБ келісімімен Мемлекеттік
жинақтау зейнетақы қорының өзімен де іске аса алады. Мемлекеттік жинақтау
зейнетақы қорын құру моментінен зейнетақы активтерімен инвестициялық
басқару 1999 жылы 14 шілдесіне дейін Ұлттық Банкпен жүргізіліп отырды. НКЦБ
келісімімен 14 шілдеде зейнетақы активтерімен басқару функциялары
Мемлекеттік жинақтау зейнетақы қорына берілді.
Мемлекеттік емес жинақтаушы қорының активтерімен басқаруына келсек, ол
зейнетақы активтерімен басқару бойынша компаниялардың инвестициялық қызметі
туралы ережелерге сәйкес (1998 жылы 13 тамызына НКЦБ-ның №11 жарлығы),
зейнетақы активтерімен басқару компанияларымен іске асады. Бірақ қазір
Жинақтау зейнет ақы қорынің өз активтерін өзі басқару идеялары көптеп
шығып жататынын атап кеткен жөн. Зейнетақы активтерін басқару
компаниясындағы қойылатын жоғары талаптарға зейнетақы активтерімен өзі
басқаратын қор өзі жауап беру керек. Мұндай жағдай қорларға шығындарын
төмендетіп, функцялардың қайталануын шегеріп және қордың капитализациясы
есебінен қаржылық тұрақтылығын өсіруге мүмкіндік тұғызады. Зейнет ақы
активтерін басқару компаниясының басқарушы Мемлекеттік жинақтау зейнетақы
қоры сияқты зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін басқару компаниясы
арасындағы келісімдерге сәйкес зейнетақы активтерін инвестиционды басқаруға
алған соммадан 0,15%-н аспайтын ай сайынға коммисионды сыйақыға ие болуға
құқығы бар.
Зейнетақы активтерін басқару компанияның қызметі құнды қағаз бойынша
ұлттық комиссиямен реттелді. Бұл комиссия негізгі, резервті капиталды
қалыптастыру мәселелерінде зейнетақы активтерін басқару компанияның
қойылатын негізгі нормативті талаптарды белгілеген. Зейнетақы активтерін
басқару компанияның негізгі және қосымша резервті капиталды қалыптастыруға
міндетті.
Негізгі резервті капитал зейнетақы активтерін басқару компанияның
басқаруға алынған зейнетақы активтері бойынша міндеттемелерін дер кезінде
қамтамасыз ету мақсатымен құрылады. Ол зейнетақы активтерін басқару
компанисы басқаруындағы зейнетақы активтерінің көлемінің өзгеруіне
пропорционалды зейнетақы активтерін басқару компанияның өзіндік
құралдарынан келесі көлемде алынады:
- 0.25% 5 миллиард теңгеден аз болатын зейнетақы активтерін
басқару компаниясы басқаруындағы зейнетақы активтерінің мөлшері
кезінде
- 0,2% 5 тен 35 миллиард теңгедегі зейнетақы активтерінің мөлшері
кезінде
- 0,15% зейнетақы активтерінің 35 тен 50 миллиард теңге мөлшері
кезінде
- 0,1% зейнетақы активтері 50 миллиард теңгеден асқан кезде.
Қосымша резервті капитал зейнетақы активтерін басқару кезінде
компанияның инвестициялық тәуекел нәтижесінен пайда болған залалдарды жабу
үшін құралады. Ол зейнетақы активтері бойынша зейнетақы активтерін басқару
компанияның нақты табыс коэффициенті келесі көрсеткіштердің
максималдылығынан асатын өзіндік құралдар есебіндегі соммадан құралады:
- Республикада зейнетақы активтерін басқару бойынша барлық
компаниялардың нақты табыс коэффициентінің 50%;
- Республикадағы зейнетақы активтерімен басқаратын барлық
компаниялардың нақты табыс коэффициентінен 2% алып тастағанда.
Егер зейнетақы активтерін басқару компанияның нақты табыс коэффициенті
анықталған минималды мөлшерінен аз болған жағдайда, зейнетақы активтерін
басқару компания қосымша резервті капитал есебінен арасындағы айырманы
зейнетақы ұтысына қарай компенсациялайды. Қосымша резервті капитал
мөлшерінің жеткіліксіз болған жағдайында қалдық негізгі резервтік капитал
есебінен жабылады. Егер бұл да аз болса, онда қалған меншік капиталының
есебінен.
Меншік құралдарының жеткіліктігінің коэффициентінің минималды мөлшері
зейнетақы активтерін басқару компанияның активтерінің көлеміне байланысты:
- 5 млрд теңгеден аз коэффициент – 0,02;
- 5 тен 10 млрд тенге – 0,015
- 10 млрд тенгеден аса – 0,01
Зейнетақы активтерін басқару компанияға негізгі құралдарға және
айналымнан тыс активтерге меншік құралдарын салу бойынша шектеулер
қойылған, олар 0,25 коэффициентінен аспау тиіс.
2004 жылдың 1 наурызына жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы
активтерінің жалпы көлемі 378,9 млрд.теңгеге (2,7 млрд. АҚШ долл. астам)
жетті. Зейнетақы жинақтары экономиканың нақты секторына жұмылдырылуда. 2004
жылғы 1 наурыздағы жағдайы бойынша зейнетақы активтерінің отандық
компаниялардың бағалы қағаздары мен екінші деңгейдегі банктердегі
депозиттерге инвестициясы 143,4 млрд. тенгені немесе инвестицияланған
зейнетақы активтерінің 37,9 %-ын құрады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің құрылымына
келсек, 2004 жылдың маусымында зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі 2004
жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 415 403 млн. теңгені құрай отырып, 9 191
млн. теңгеге немесе 2,26%-ке өсті, 2003 жылдың 1 шілдесінен бастап 2004
жылдың 1 шілдесіне дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің орташа айлық
өсуі  7,82 млрд. теңге болды.

 Зейнетақы активтерінің жиынтық көлемін бөлу

ЗАИБЖАҰ Зейнетақы активтері
ЖЗҚ млн. теңге  %-пен
"АЛЬФА–ТРАСТ" ЗАИБЖАҰ АҚ 11 567 2,79
"Қазақмыс Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ 11 567 2,79
"ЖЕТЫСУ" ЗАБК АҚ 72 456 17,45
"ҰларҮміт" Жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ  72 456 17,45
"Актив-Инвест ЗАБК" ЖҮАҚ 17 162 4,13
"Валют-Транзит Қоры" Мемлекеттік емес жинақтаушы 17 162 4,13
зейнетақы қоры" ЖАҚ
"BESTINVEST" ЗАБК" ЖАҚ 35 051 8,44
"НефтеГаз-ДЕМ" Жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ 10 635 2,56
"СЕНІМ"  Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ 18 393 4,43
"Қорғау"  Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ 6 023 1,45
НҰРТРАСТ ЗАБК ЖАҚ 10 357 2,49
"Қонаев атындағы Ашық үлгідегі мемлекеттік емес 1 130 0,27
жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ
"Халықтық зейнетақы қоры " Ашық жинақтаушы 9 227 2,22
зейнетақы қоры АҚ
"ABN AMRO ASSET MANAGEMENT" ЗАБК ЖАҚ 34 166 8,22
" Филип Моррис Қазақстан Корпоративтік жинақтаушы 890 0,21
зейнетақы қоры" АҚ
"АБН АМРО - КаспийМұнайГаз Жинақтаушы Зейнетақы 29 559 7,12
қоры"  АҚ
"Капитал"  жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ 3 717 0,89
"BTA Asset Management" ЗАБК ЖАҚ 36 840 8,87
"Қазақстан"  Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы12 113 2,92
қоры" АҚ
"Құрмет"  Мемлекеттік емес ашық жинақтаушы 17 517 4,22
зейнетақы қоры" АҚ
"Отан" Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ 7 210 1,74
"Ак ниет" ЗАБК ЖАҚ 0 0
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" ЖАҚ 94 895 22,84
"Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы 102 909 24,77
қоры АҚ
ЖИЫНТЫҒЫ: 415 403 100

2004 жылдың 1 шілдесіне инвестицияланған зейнетақы активтерінің көлемі
2004 жылдың маусымында 21 386 млн. теңгеге немесе 5,59%-ке өсе отырып, 403
905 млн. теңге болды.

Зейнетақы активтерін басқару компанияның құрылған инвестициялық
портфелі 2 көрсеткішпен сипатталыады: тәуекел мен табыстылық. Енді
табыстылық көрсеткішіне, яғни әр түрлі зейнетақы активтерін басқару
компания инвестициялық саясатындағы қаржылық нәтижесіне көбірек
тоқталайық. Қосымшада жекелеген зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін
басқару компания бойынша табыстылық пен оның қарқыны жөнінде ақпарат
берілген.
Зейнетақы активтері бойынша табыстылық зейнетақы активтерін басқару
компания қызметінің тиімділігін бағалауда қолданылатын көрсеткіш. Ол басқа
зейнетақы активтерін басқару компанияның осы тәріздес көрсеткіштермен
салыстырылады. (1)

Кз = ((K2 – И)(1+И)*100% (1)

Мұндағы И – қарастырылып отырған периодта Қазақстан Республикасы
орталық статистика органымен анықталған инфляция деңгейі.
Төменде номиналды табыс коэффициентін есептеу тәсілі келтірілген:
К2 = (Cavt Cavt-1-1)*100% (2)

Мұндағы: Cavt – есепті кезеңдегі зейнетақы активінің бір шартты
бірлігінің орташа құны.
Cavt-1- өткен жылдағы сол айдың зейнетақы активінің бір шартты
бірлігінің орташа құны.
Зейнетақы активінің шартты бірлігі – зейнетақы активінің құнындағы
үлестік көлемі, ол зейнетақы активтерін басқару компания инвестициялық
қызмет нәтижесінде өзгерген шамасын сипаттайды. Оның өзгеріс шамасына
келесі факторлар әсер етеді:
1) қалыптасқан құнды қағаз портфелінің ағымдағы табыстылық деңгейі;
2) құнды қағаз нарығында айналыстағы құнды қағаздардың бағалық
параметрлері;
3) ұлттық валюта девальвация деңгейі.
Инвестициялық құн соңына қарай зейнетақы активтерін басқару компания
түскен зейнетақы активтерінің соммасына сәйкес жалпы шартты бірлік есебін
жүргізеді:
Н = ПАС
Мұндағы ПА – бастапқыда басқаруға түскен зейнетақы активтерінің жалпы
құны.
С – инвестициялық басқарудың бірінші күнінде зейнетақы активтерінің
бір шартты бірлігінің құны 100 теңге деп қабылданады.
Инвестициялық басқарудың келесі күндерінде құнның қайта есебі
келесідей жүргізіледі:
Сt = ПАt Нt
Мұндағы ПАt – күн соңына зейнетақы активтерінің ағымды құны.
Нt – ағымды және өткен күндерде басқаруға түскен зейнетақы активтерінің
құнына шартты бірліктердің жалпы саны.
Нt ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы зейнетақы реформасының даму сатылары
Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің дамуы, мәселелері
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін басқарудың теориялық және методологиялық аспектілері
Зейнетақы қорының мәні, қалыптасу тарихы
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәні мен артықшылықтары
Зейнетақы жүйесі жайлы
Зейнетақы жолдарын жетілдіру
Зейнетақы заңы
АЙМАҚТАҒЫ ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің түсінігі және оның кызмет ету механизімі
Пәндер