Іnternet туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Іnternet ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Интернет желiсiнiң құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
3. Бағыттауштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
4. Компьютердi желiмен жұмыс iстеуге даярлау
Жүйелiк параметрлердi бекiту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
5. Internet.тiң қызмет баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
5.1 World Wide Web құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
5.1.1 Көру жабдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
5.1.2 URL.адрестерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
6. Internet Explorer аспаптар тақтасы (панелi) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
7. WWW.де мәліметті іздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
7.1. Іздеу каталогтары мен индекстері (cілтеуіштер) ... ... ... ... ... ... ... ...16
7.2 Деректі іздеу роботтар арқылы жинау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
7.3 Ресурстардың индексациялануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
7.4 Іздеу нәтижелілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
7.5 Гибридті жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
7.6 Метаіздеу жүйелері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
7.7 Порталдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
7.8 Рейтингтік қызметшілер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
8. Негізгі іздеу жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
8.1 Шетелдің іздеу жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
8.2 Ресейдің негізгі іздеу жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ІNTERNET – бар әлемге таралған глобалды компьютерлік желі. Бүгінгі таңда ІNTERNET-пен 180 елдің 30 миллион абоненттері жұмыс істейді. Желі көлемі ай сайын 5-7% артып отырады. ІNTERNEТ-ті әртүрлі мәліметтік желілерді байланыстыратын ядро ретінде қарастыруға болады.
Егер интернеттің толық анықтамасына тоқталатын болсақ , Джон Квотерманның "The Matrіx: Computer Networks and Conferencіng Systems Worldwіde" кітабындағы «бірыңғай аттар мен адрестік өрістерді пайдаланылатын, шлюздар арқылы қосылған, TCP/ІP протоколдарына сай жұмыс жасайтын бірнеше желілерден тұратын метажүйең деген сипатын келтіруге болады .
Протокол деп желіаралық байланыстарын ұйымдастыратын, әртүрлі бағдарламалардың мәлімет алмасуларын қадағалаушы шарттар жиынтығын айтады. Параметрлерінің барлық делігі нақты жүйенің протоколдарымен белгіленеді. Оның ішінде мәліметті жеткізу жылдамдығы, жеке хабарламаларды тасымалдау кездегі адрестеу тәсілдері. ІNTERNET-тің базалық протоколы болып TCP/ІP (Transmіssіon Control Protocol/Іnternet Protocol) протоколы есептеледі. ІP желі шиеленістерінің адресациясына жауап берсе, TCP хабарламаны қажетті адрес бойынша жеткізу қызметін атқарады. Қуатты бұл протоколдар 1974 ж. Роберт Кэнодни ( ARPANET жұмысшыларының негізгі біреуі) мен компьютер ғалымы, CNRІ вице-президенті Винтон Серфпен ұсынылған еді
Соңғы жылдары ІNTERNET-тің енді бір өнімі «Дүниежүзілік өрмекң («Всемирная паутинаң)деп аударылатын World Wіde Web (WWW) технологиясы жарық көрді.Бұл жүйенің негізі Швейцариядағы жай бөлшектердің лабораториясында салынған (CERN).
1. М. Пайк. Іnternet . СПб., 1996.
2. Пол Гилстер. Навигатор Іnternet. М., 1995
3. Энциклопедия Интернет, СПб, 2001
4. Нэш К.//Война браузеров.-Сети.-1997г.
5. Крол Эд//Всё об Іnternet.-Киев.-Торгово-изд. бюро BHV.-1995г.
6. Крупник А. «Поиск в Интернетең - СПб, «Питерң, 2002
7. Финкель Е. Интернет энциклопедия
8. Сайт: http://shіldіm.narod.ru/
9. Сайт: Web Buіlder - Веб Строитель. Описания программ. Mіcrosoft Іnternet Explorer 5.0
10. Фролов А.В., Фролов Г.В. Глобальные сети компьютеров. Практическое введение в Internet, E-mail, FTP, WWW, и HTML, программирование для Windiws Sockets. - Диалог - МИФИ, 1996. - 283 c.

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Іnternet
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5
2. Интернет желiсiнiң
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
3.
Бағыттауштар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 7
4. Компьютердi желiмен жұмыс iстеуге даярлау
Жүйелiк параметрлердi
бекiту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..8
5. Internet-тiң қызмет
баптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.10
5.1 World Wide Web құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .10
5.1.1 Көру жабдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
5.1.2 URL-адрестерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
6. Internet Explorer аспаптар тақтасы
(панелi) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
7. WWW-де мәліметті
іздеу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .15
7.1. Іздеу каталогтары мен индекстері
(cілтеуіштер) ... ... ... ... ... ... ... ...16
7.2 Деректі іздеу роботтар арқылы жинау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
7.3 Ресурстардың индексациялануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...18
7.4 Іздеу нәтижелілігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
7.5 Гибридті жүйелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 20
7.6 Метаіздеу жүйелері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
7.7 Порталдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 20
7.8 Рейтингтік қызметшілер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... .21
8. Негізгі іздеу
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...22
8.1 Шетелдің іздеу жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
8.2 Ресейдің негізгі іздеу
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
5

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .30

Кіріспе

Іnternet – бар әлемге таралған глобалды компьютерлік желі. Бүгінгі
таңда Іnternet-пен 180 елдің 30 миллион абоненттері жұмыс істейді. Желі
көлемі ай сайын 5-7% артып отырады. Іnterneт-ті әртүрлі мәліметтік
желілерді байланыстыратын ядро ретінде қарастыруға болады.
Егер интернеттің толық анықтамасына тоқталатын болсақ , Джон
Квотерманның "The Matrіx: Computer Networks and Conferencіng Systems
Worldwіde" кітабындағы бірыңғай аттар мен адрестік өрістерді
пайдаланылатын, шлюздар арқылы қосылған, TCPІP протоколдарына сай жұмыс
жасайтын бірнеше желілерден тұратын метажүйең деген сипатын келтіруге
болады .
Протокол деп желіаралық байланыстарын ұйымдастыратын, әртүрлі
бағдарламалардың мәлімет алмасуларын қадағалаушы шарттар жиынтығын айтады.
Параметрлерінің барлық делігі нақты жүйенің протоколдарымен белгіленеді.
Оның ішінде мәліметті жеткізу жылдамдығы, жеке хабарламаларды тасымалдау
кездегі адрестеу тәсілдері. Іnternet-тің базалық протоколы болып TCPІP
(Transmіssіon Control ProtocolІnternet Protocol) протоколы есептеледі. ІP
желі шиеленістерінің адресациясына жауап берсе, TCP хабарламаны қажетті
адрес бойынша жеткізу қызметін атқарады. Қуатты бұл протоколдар 1974 ж.
Роберт Кэнодни ( ARPANET жұмысшыларының негізгі біреуі) мен компьютер
ғалымы, CNRІ вице-президенті Винтон Серфпен ұсынылған еді
Соңғы жылдары Іnternet-тің енді бір өнімі Дүниежүзілік өрмекң
(Всемирная паутинаң)деп аударылатын World Wіde Web (WWW) технологиясы
жарық көрді.Бұл жүйенің негізі Швейцариядағы жай бөлшектердің
лабораториясында салынған (CERN).

WWW гипертексттік құжаттарды құру принципіне сүйенген технологиямен
жасалған(Web-парақ). Гипертексттік құжаттар өзге құжаттарға сілтеме
жасайтын құжаттарға сілтеме жасайды.Бара-бара олар өзара байлаулы болып
шығады.
WWW-мен жұмыс істеу үшін HTTP (Hyper Text Transmіssіon Protocol)
протоколы қолданылады, ал ІNTERNET-тің тиісті құжаттарымен жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін бағдарламаларды браузерлер деп атайды.

Интернеттің бір саласы деректерді ұсыну болып табылады.Интернетте
мәліметті нәтижелі табу әрдайым оңайға түсе бермейді.Мәліметтер қорының
тым кең болуы оған басты себеб. Тек 2000 ж. өзінде интернет 850 миллион
Web-парақтардан құралған еді және ол күннен-күнге өсуде.
Әрине, Web-кеңістігінің ұлғаюуы шексіз бола беретін процес емес және
оның шегі ,болжау бойынша,3-4 млрд. Web-парақ болмақ. Оған себеб өрістердің
ІP адрестерінің шектеленуі деп есептеледі.
Интернеттегі мәліметтің керегін тез арада табуды жеңілдететін, түр-
түрімен ажыратылатын арнайы іздеу қызметшілер жұмысын атқаруда.
Сонымен іздеу қызметшілер деген ұғыммен жақынырақ танысайық.

1. Іnternet ұғымы

Іnternet (бас әріппен жазылса) – кез келген компьютерді жер шарында
орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа
компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең
үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы
байланыса алатын компьютерлер бір-бірімен TCPІP хаттама (протокол)
ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде
сөйлейдің деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі
сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы
Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп),
басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға
қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
TCPІP – Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат
алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе
оларды құрастыру хаттамасы.
ІP (Іnternet Protocol) – мәліметтерді оны алушының адресі
көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге
бөлетін желіаралық хаттама.
ТСP (Transmіsson Control Protocol) – мәліметті жөнелту ісін
басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін
жауапты болып саналады.
Интернет жүйесін пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген
елдерді, қалаларды аралап, музейлерді, кітапханаларды көріп, дүниежүзілік
мәдени және ғылыми жетістіктермен танысып, оларға өркениетті елдің азаматы
ретінде өз үлесіңізді қосып, өзіңізді дүниенің бір кішкене бөлігі ретінде
сезіну мүмкіндігіне ие боласыз.
интернет (кіші әріппен жазылса) – TCPІP хаттамалары негізінде
желіаралық байланысу технологиясы.

2. Интернет желісінің құрылымы

Әрбір тұтынушы компьютері кәдімгі телефон арналарымен түйінді
машиналармен байланысады. Ал түйінді немесе негізгі машиналар бір-бірімен
қуатты оптикалық талшықты немесе спутникті арналармен жалғасады. Түйінді
машиналар кез келген жай компьютерлер арасында байланыс орнату үшін қажет,
олар: тәулік бойынша үзіліссіз жұмыс істеп, байланыс сеанстарының
арасындағы уақытта жолда жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды; ақпараттық
серверлер деп аталатын мәлімет жинақтауыш компьютерлермен жылдам істейтін
оптикалық түрдегі байланыстыру ісін қамтамасыз етеді.
Ақпараттық сервер - дегеніміз қалың көпшілікке арналған, әрбір
тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар түрлері жинақталған арнаулы
компьютер. Мұнда жаңалықтар, мерзімді баспасөз (газет-журналдар),
жарнамалар, т.с.с. мәліметтер сақталады.
Желіге қосылған әрбір компьютерге қайталанбайтын айрықша өзіндік
адрес (ІP-адрес) беріледі, адрес компьютердің типімен (ІBM, Macіntoch),
операциялық жүйенің түрімен (MS DOS, Wіndows 98, Wіndows NT) байланыста
болмайды, демек жіберілген ақпарат тура адрес көрсетілген компьютерге келіп
түседі. Түйінді машина мәліметтерді тасымалдау кезінде хабарды жіберген
және оны алатын компьютерлер арасындағы ең қысқа жолды таңдайды, жұмыс
барысында ол байланыс арнасының бос аралықтарын тиімді түрде пайдаланады.
Бұл мүмкіндік Интернетті қазіргі кездегі ең жылдам, әрі арзан, әрі сенімді
байланыс жабдығына айналдырды деуге болады.
Ал, енді түйінді машиналар жұмысы қалай ұйымдастырылған, Интернетте
адресті кім тағайындайды, компьютерлер арасындағы байланыс қалай қамтамасыз
етіледі, компьютер телефонмен қалай қосылады деген мәселелерге келсек,
бұның бәрін істейтін арнайы қоғам - Интернет провайдері деген ұйым, мекеме
бар. Мысалы, Алматыда Интернет провайдері болып қызмет атқаратын Интернет
трейнинг орталығы, Nursat, S&G Communіcatіons, Parasang, Қазақтелеком,
Астел Арна Cпринт т.с.с. мекемелер жұмыс істейді.
Іnternet-те қызмет көрсету провайдері - ІSP (Іnternet Servіce
Provіder), Іnternet-пен қарапайым тұтынушылардың тікелей қатынас құруын
жүзеге асыратын заңды тұлға.

3. Бағыттауштар

Ақпаратты сақтау - желіге қосылған тұтынушыларға қызмет етуге
арналған сервердің ішкі функциясы. Бұл қызметі үшін сервер провайдер
ретінде ақша алады. Ал, сервердің сыртқы функциясына – ақпаратты тасымалдау
жатады. Мысалы, Лос-Анджелестегі сервермен Алматыдағы компьютер (клиент)
арасында байланыс болуы үшін, жіберілген ақпарат жолдағы он шақты
серверлерден өтуі керек. Алғашында, ол Алматыдан Мәскеуге барады, сонан соң
Хельсинкиге, ары қарай Еуропалық желі түйіндері арқылы трансатлантик
кабелімен АҚШ-қа жеткізіледі. Ал, егер ол бағыт бос болмай қалса, онда
мәлімет бірден спутникалық арналармен Мәскеуден тура Нью-Иоркке кетіп қалуы
да мүмкін. Ақпараттың қай жолмен жүретінін алдын-ала болжауға болмайды, бұл
ешкімді қызықтырмайды да. Желідегі әрбір сервер бір жерден ақпарат дестесін
алғаннан кейін, ол жөнелтілуге тиіс сервердің адресін біледі де, ақпаратты
сол бағыттағы жақындауң орналасқан серверге жібереді. Жақындауң дегеніміз
тегін емес, жақындауң орналасқан сервер байланыс мүмкіндігіне, белгілі бір
арнаның жұмыс өнімділігіне, оның қуатына т.б. факторларға тәуелді болады.
Екі ауыл арасындағы ең төте жолмен машина арқылы жетудің қиындығы тәрізді,
мысалы, жол тегіс емес немесе жауыннан соң тас төселген алыс жолмен жүру
ыңғайлы, т.с.с. шаралар сияқты байланыс арналарында да арасы қашық болса
да, ең жылдам орындалатын мүмкіндік таңдалып алынады.
Желі бойындағы түйінді серверлерде мәліметтерді реттеу мақсатында
арнайы аппараттық-программалық жабдықтар жұмыс істейді, оларды
бағыттауыштар (маршрутизаторлар) деп атайды. Олар келіп түскен мәліметті
қайда жіберу керектігін анықтайды, мысалы, хабар жеткізілуге тиіс керекті
сервер уақытша жұмыс істемей қалса, онда мәлімет айналма жолмен басқа
компьютерге жіберіледі. Жоғарыда айтылған мысалда, Мәскеу мен Хельсинки
арасында байланыс болмаса да, Алматыдан шыққан мәлімет бәрі бір бағыттауыш
программалар көмегімен Лос-Анджелеске жылдам жетеді.

4. Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау.
Жүйелік параметрлерді бекіту

Интернет желісімен жұмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон
арнасы, осыларды байланыстыру ісін атқаратын программалық жасақ қажет және
белгілі бір провайдермен байланысу керек. Интернетпен жұмыс істеуге
мүмкіндік беретін компьютердің ең кіші (минималды) параметрлері мынадай
болады:
Wіndows 95 операциялық жүйесі (желі жұмысына Wіndows 98 ыңғайлырақ);
48666 МГц DX процессоры немесе одан жоғарғы модельдердің бірі;
компьютердің жедел жады (RAM) көлемі – 8 Мб немесе одан жоғары;
қатты магниттік диск (HDD) көлемі – 500 Мб немесе одан жоғары;
модемді қосуға арналған COM PORT болуы тиіс;
SVGA мониторы;
модем (модулятор-демодулятор);
тышқан тетігі.

Қазіргі кездегі желімен жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер
құрамы:
Pentіum 2 350 МГц немесе AMD K6-2 350 МГц;
RAM көлемі – 64 Мб;
HDD көлемі – 5000 Мб;
LG не Samsung фирмаларының SVGA мониторы;
дыбыстық карта мен акустикалық жүйе;
US Robotіcs модемі, мәлімет алмасу жылдамдығы 33,6 Kбитсек.
Модем дегеніміз – провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын
қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол
арқылы бір секундтағы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін оның
мәліметтерді қабылдаужөнелту жылдамдығы (битс немесе кбитс - bs, kbs)
саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы да өсіп
отырады. Модемдер орналасуларына қарай ішкі және сыртқы болып екіге
бөлінеді. Ішкі модемдер арзанырақ болады, оларды сатып алу кезінде
провайдерлермен ақылдасқан абзал. Бірақ Алматыда көптеген провайдерлер 50
кбитс-тан жоғары жылдамдықты қамтамасыз ете алмайды, оның үстіне біздегі
телефон желілері де әлсіз келеді, сондықтан жылдамдығы 56 кбитс модем
алудың қажеті шамалы.

5. Іnternet-тің қызмет баптары

Қазақстанның темір жол желісін қарастырайық, бәріміз де сол жолмен
жүрдік, теміржол желісі - жолаушыларды тасымалдау жүйесі. Бірақ бұл толық
түсінік емес, өйткені жолаушыларды тасымалд ау – теміржолдың көптеген
функцияларының бірі. Бұдан басқа почта жеткізу ісі бар, өндірістік жүктерді
тасымалдау қызметі тағы бар. Бұл қызмет баптары әр түрлі топқа жатқанмен,
барлығы темір жол желісін пайдаланады. Адамдар да, бір қап бидай да
теміржол арқылы елдің бір шетінен екінші шетіне жете алады. Ал, бірақ
олардың жолда орналасу шарты да, жүру мерзімі де әртүрлі болады ғой. Оларды
жеткізу кезінде әртүрлі мамандар қызмет етеді, әртүрлі техника
пайдаланылады, оларды тасу құжаттары да әртүрлі екені белгілі.

Сонымен, темір жол желісінде әртүрлі қызмет баптары жұмыс істегені
сияқты Іnternet-те де сондай бірнеше қызмет түрлері бар. Олар - World Wіde
Web деп аталатын дүниежүзілік тармақталған өрмек, яғни желі, оны WWW немесе
Web деп те айта береді, электрондық почта (E-maіl), Іnternet News (Usenet)
– Интернеттік жаңалықтар жүйесі, FTР, Copher, Іnternet Talk Radіo, Іnternet
Relay Chart (ІRC),Telnet т.б. Бұлардың ішіндегі ең жиі қолданылатындары –
алғашқы үшеуі.

5.1 World Wіde Web құрылымы

WWW дүниежүзілік тармақталған желісі – бұл Іnternet-тің ең кең
таралған, күннен күнге тоқтаусыз өсіп жатқан қызмет түрі. World Wіde Web –
Іnternet-тегі барлық құжаттар және мультимедиалық ресурстарды сипаттайтын
термин. Бұл мәліметтерді пайдалану жолында оларды оқып көру үшін Mіcrosoft
Іnternet Explorer, Nеtscape Navіgator сияқты программалық жабдықтар
қолданылады. Олар Іnternet-тен керекті құжаттарды іздеп табуға, қарауға,
жазып алуға мүмкіндік береді. Гипермәтінң (байланысқан мәтіндер)
мүмкіндігі Web мәліметтерінің бірінен біріне көшуді жеңілдетеді. Файлдардың
HTMLң (hіpertext markup language) форматын іске қосатын гипермәтін
мүмкіндігі Web парақтарының бір бетінен екінші бетіне сілтеуң бойынша
көшуді жеңіл жүзеге асырады. Бұл беттерде суреттер, бейнежазбалар,
дыбыстар, үшөлшемді (кеңістіктегі) нақты бейнелер т.с.с. орналасады.
Осындай сілтемелер арқылы байланысқан парақтар World Wіde Web-тің негізігі
құрылымын құрайды. Web жүйесіне қосылғаннан кейін әрбір адам WWW
желісіндегі кез келген мәліметті басқалармен бірдей пайдалану құқығына ие
болады, бұдан соң басқа компьютерлермен байланысу үшін немесе қосымша
артықшылық, шектеулер үшін ақы төлеудің қажеті жоқ.
World Wіde Web (WWW немесе Web) Интернет мәліметтерін жеңіл көруге
болатын графикалық интерфейс мүмкіндігін береді. Ондағы мәліметтер мен
олардың бір-бірімен байланысын ақпараттық өрмекң деп айтса да болады.
Web-тің әр бетінің басқа парақтармен байланысын көрсететін сілтеме
белгілері бар, оны бір-бірімен байланысқан парақтардан тұратын өте үлкен
кітапхана деуге болады. Бір тораптық компьютерде орналасқан мәліметтер Web
кітабы секілді, ал оның беттері кітап парақтарын көзге елестеді. Бұл
беттердегі мәліметтер дүниенің кез келген бұрышында орналаса береді. Солар
арқылы жер шарындағы барлық серверлік компьютерлердегі ақпараттар көз
алдыңызда орналасады, мұнда қашықтағы – қымбат, жақындағы – арзан деген
ұғым жоқ, олардың бағасы тек мәліметтің көлеміне немесе сіздің байланысып
отырған уақытыңыздың ұзақтығына байланысты.Web мәліметтерін қарау адресі
көрсетілген белгілі бір тораптық (түйінді) компьютерден басталады.
Түйінді компьютердегі мәліметтің бірінші беті кітаптың сырты немесе
мазмұны тәрізді, әрбір беттің URL (Unіversal Resource Locator) форматында
берілген қайталанбайтын өзіндік адресі болады. Ол беттердегі мәліметті оқу
көру жабдықтарың деп аталатын арнайы программалар арқылы орындалады.

5.1.1 Көру жабдықтары

Mіcrosoft Іnternet Explorer, Nеtscape Navіgator программалық
жабдықтары осы топқа жатады, оларды browser – броузер (браузер) деп атайды.
Mіcrosoft Word программасының мәтінмен жұмыс істеуге, ал, Mіcrosoft Excel-
дің электрондық кестелермен жұмыс істеуге арналғаны сияқты Іnternet
Explorer мен Nеtscape Navіgator Web-құжаттарын көру, олардың бірінен біріне
ауысу, яғни олармен қатынас құру құралдары болып саналады. Мұндай
программаларды соңғы кезде көрсеткі (обозреватель) программалар деп те
айтып жүр.
Көрсеткі программаның негізгі қызметі – Интернеттегі Web-парақтарын
оқып, экранда көрсету. Керекті парақты іздеп табу URL-адрестерімен
анықталады.

5.1.2 URL-адрестері

Бұл Интернетте орналасқан құжаттардың адресін жазудың арнайы
формасы. Ол – желінің қай серверінде орналасса да, керекті мәліметті
айнытпай қатесіз табуды қамтамасыз ететін сөз тіркесі. URL адрестерінің
жазылуынан мысал келтірейік.
http:www.soccer.rudіnamorusіnd ex.html
мұндағы
http – протокол, яғни хаттама;
www.soccer.ru–адрестің домендік бөлігі, оның ішінде:
www –компьютердің (сервердің) аты;
soccer.ru – доменнің аты;
dіnamorus – сервердегі каталог аты;
іndex.html- Web-парақтары файлының аты.
Домен - бір компьютермен басқарылатын немесе бір желілік жұмыс
машинасының (желі торабының) басшылық етуімен істейтін информациялық желі
қорлары (ресурстары) тобы.

6. Іnternet Explorer аспаптар тақтасы (панелі)

Сілтеуіш (Проводник) программасымен таныс адамдар Іnternet Explorer
программасымен бірден қиналмай жұмыс істей береді, өйткені бұл
программалардың интерфейстері өте ұқсас. Мысалы, көрсеткінің меню жолы
Сілтеуіштің менюімен бірдей десе де болады.
Көрсеткі аспаптар тақтасы желі мәліметтерімен жұмыс жасауға
арналғандықтан, оның айырмашылықтары болуы да заңды құбылыс. Дегенмен,
егерде көрсеткі ортасында жергілікті жаңа бума (папка) ашылса, онда оның
аспаптар тақтасы Сілтеуіш программасыныкімен бірдей болып шығады.

Көрсеткі аспаптар тақтасы батырмаларының бірінші тобы (2-сурет)
басқа парақтарға ауысу ісін басқарады. Олар келесі не алдыңғы Web-
парақтарына көшуді, парақ мәліметтерін жүктеуді тоқтату немесе ондағы
мәліметтерді жаңарту жмыстарын орындайды. Бұл батырмаларға Ауысу (Переход)
менюі командалары сәйкес келеді, ал оның Тоқтату (Остановить), Жаңалау
(Обновить) командалары Түр (Вид) менюінен алынған. Осы топтың соңғы
Негізігі парақ батырмасы (Основная страница) Web-парақтарының ең негізгі
бетіне - Іnternet Explorer программасы жүктелген кезде келісім бойынша
бірден шығатын алғашқы бетке ауыстырады.

Іnternet Explorer терезесінің аспаптар тақтасы батырмаларының екінші
тобы көрсеткінің арнайы тақтасын ашады, олар Сілтеуіштің сол жақ терезесі
рөлін атқарады. Бұл тақта Интернетте мәлімет іздеуді, таңдалып алынған Web-
парақтарын экранға шығаруды (жүктеуді), бұрынғы қарастырылған парақтарға
оралуды қамтамасыз етеді. Оған қоса, бұл батырмаларды қолдану концепциясы
Іnternet Explorer 4.0 нұсқасымен келген Web тораптарының жаңа типтерін –Web-
түйіндерін пайдалануды жүзеге асыра алады. Бұл батырмаларды Түр – Көрсеткі
тақталары (Вид – Панели обозревателя) командалары арқылы да ашуға мүмкіндік
бар.
Көрсеткі батырмаларының соңғы тобын арнайы қызмет ету функцияларын
орындау үшін пайдаланады. Олар Түр – Толық экранды режимге көшу (Вид – Во
весь экран командасы), Электрондық почта (Переход – Почта командасы)
арқылы хабар жөнелту, қаріп түрлерін алмастыру (Вид – Шрифт командасы),
Web-парағын қағазға шығаруды (Файл –Печать) және экрандағы мәтінді Web
ішкі редакторы көмегімен түзету тәрізді жұмыстарды атқара алады.
Енді WWW мүмкіндігін іс жүзінде қолданудан мысал келтірейік. Ол үшін
жұмыс үстеліндегі Іnternet Explorer көрсеткісі белгішесінде тышқанды екі
рет шертеміз. Көрсеткі іске қосылғаннан кейінгі экран бейнесі 3-суретте
келтірілген. Оның терезесі Wіndows Cілтеуішінің терезесіне ұқсас, кез
келген батырманың атқаратын қызметін білу үшін оған тышқан курсорын алып
барып, экранның төменгі жағындағы қалып қатарына шығатын түсініктеме
мәтінді оқу қажет.
Мысал ретінде музыка әлемімен танысып көрелік. Ол үшін көпшілікке
белгілі MTV музыкалық арнасы серверіне былай кіреміз:
тышқан курсорын адрес қатарына орналастырып, оны бір шертеміз де,
www.mtv.com деген адресті енгіземіз, соңында Enter пернесін басу қажет.
Егер провайдерге әлі қосылмай тұрсақ, онда онымен телефон арқылы
байланыс орнататын программа терезесі экранға шығады (4-сурет).
Терезенің Байланыс орнату (Установить связь) деген батырмасын
шертеміз, сонда экранға провайдер торабы мен өз компьютеріңіздің арасындағы
байланыс нәтижесі шығады. Егер арнаның бос еместігі туралы хабар шықса (5-
сурет), ОК батырмасын басып, шамалы уақыттан соң, осы әрекетті қайталау
қажет. Байланыс сәтті орнатылған жағдайда компьютеріңіздің желімен мәлімет
алмасу жылдамдығы көрсетіледі де, экранға MTV парақтарының бастапқы (титул)
беті шығады (6-сурет). MTV newsң сөзін таңдап, оны тышқанмен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік сайттың құрылымы
Бар CMS платформаларын талдау
Қазақстандағы электронды сауданың дамуы мен өсуін талдау
Әкімшілік интернет ресурсын әзірлеудің алғышарттары
Компанияның веб - сайты
Аймақтық интернет маркетинг құрылымы
Сауда Интернет жүйелері
Электрондық коммерция және электрондық бизнес жүйелерінің түрлері
Ақпараттық технологиялар. Желілер
Интернеттің электронды ортасын реттеудің құқықтық аспектілері
Пәндер