Экономиканы салықтық реттеу, оның ерекшеліктері және жетілдіру перспективалары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Салық жүйесі, экономикадағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Салық ұғымы және оның экономикалық мәні мен ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Салық жүйесі және атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6

2. Қ.Р салық жүйесі, даму перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1 Қ.Р бюджетіндегі салықтық түсімдердің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2 Қ.Р салық жүйесінің проблемалары, жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... 13
2.3 Қ.Р салық қызметінің даму стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі салық жүйесіне әсерін береді. Әлемдік бюджет жүйесінің дамуы, ең алдымен дамыған салық жүйесінен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, салық жүйесінің микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, салық жүйесінің қаржылық ресурстарды шоғырландыруын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, тартылған және қарыздық жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы енгізгі мақсаттарына айналды.
Нарықгық экономикада салықтың рөлі аса маңызды. Ақша капиталының жинақталу ауқымының ұлғаюы — салық жүйесінің дамуына себепкер болады. Салық жүйесі экономикалық санат ретінде, түпкі есебінде оның мәнін қалыптастыратын құн қозғалысымен байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынасты білдіреді.
Салық жүйесі — механизм. Оның көмегімен қаржылық қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың өзара қарым-қатынасы және шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа белгілі бір шарттармен қаражатты ұсынуды (қарызға беруді) жүзеге асыратын қарым-қатынас белгіленеді. Салық жүйесі арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы, бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады. Ол оған нарық арқылы ссудалық капитал түрінде бағытталады, содан соң несие берушіге (банктерге және басқа да қаржы-несие институттарына) қайтып оралады. Салық жүйесінің мәні онда қандай ақша капиталының, яғни өзіндік капиталдың немесе басқа біреудің капиталының пайдаланғанына байланысты болмайды.
Салық қатынастары – мемлекет пен халық, мекемелер, кәсіпорындар арасында пайда болатын қаржы қатынастары деген ұстанымды ұстайтын болсақ, онда бір жағынан банктер кәсіпорындар, мекмелер, халық қаражаттарын ала отырып, банктер бұл қаражаттарды өз иелігіне жұмылдырады және өзінің банктік қызметін рындауға жұмсайды, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және тұтастай экономиканы реттеу қызметіне пайдаланады. Әсер ету нысандары әр түрлі болуы мүмкін: жеке тұлғаларды қаржыландыру арқылы экономиканың құрылымдық қайта құруына әсер ету. Салық жүйесінің қалыптасуы, оның іске асуының бағытталуы әр кезде тек экономикалық даму үрдістерімен ғана емес, елдің саяси жағдайымен де байланысты болады. Егер салық жүйесінің бағытталуы экономиканың даму заңдылықтарының анықталуы негізінде емес, ол көпшілік дауыс пен көптеген түзетулер нәтижесінде анықталады. Макроэкономикалық реттеудің негізгі құралы болып салық саясаты болып табылады, ол салық салу мен мемлекеттің функцияларын іске асырады, іскерлік белсенділік негізінде мемлекетке әсерін береді.
1. «Банк ісі» С.Б. Мақыш, Алматы 2007
2. Ермекбаева Б.Ж. Салықтық бақылаудың теориялық негіздері мен нысандары // Хабаршы-экономика сериясы. 2006.№2(54)-23-26б
3. Ермекбаева Б.Ж. Салықтар және салық салу.-А., 2003.-15-93 б.
4. «Қаржы» Құлпыбаев С, Алматы 2007
5. Ермекбаева Б.Ж. Налоговые стимулы развития малого бизнеса // Хабаршы., 2006., №1(53)-30-32б

Интернет сайттары:
6. Қ.Р Ұлттық банкі www.nationalbank.kz
7. Қ.Р Салық комитеті: www.salyk.kz
8. Қаржылық шолу www.fintools.kz
9. Қ.Р Қаржы министірлігі www.minfin.kz
10. Қ.Р Қаржылық жоспарлау агенттігі www.minplan.kz
11. Қ.Р Статистика агенттігі www.stat.kz
12. Қ.Р Қаржылық бақылау агенттігі www.afn.kz

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРҒЫ МЕКТЕБІ

ҚАРЖЫ КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ЭКОНОМИКАНЫ САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ, ОНЫҢ

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ

ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ.

ОРЫНДАҒАН: Кильчабаев
Б.К

ТОБЫ: Ф08 К-2

ТЕКСЕРГЕН АҒА ОҚЫТУШЫ:
Досжан Р.Д

Алматы 2011жыл

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Салық жүйесі, экономикадағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

1.1 Салық ұғымы және оның экономикалық мәні мен
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Салық жүйесі және атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 6

2. Қ.Р салық жүйесі, даму
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2.1 Қ.Р бюджетіндегі салықтық түсімдердің
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..10

2.2 Қ.Р салық жүйесінің проблемалары, жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... 13

2.3 Қ.Р салық қызметінің даму
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 8

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қаржы нарығының жаһандануы және
әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі салық жүйесіне әсерін береді.
Әлемдік бюджет жүйесінің дамуы, ең алдымен дамыған салық жүйесінен сипат
алады. Макро деңгеймен қатар, салық жүйесінің микро деңгейде де үлесі зор.
Ең алдымен, салық жүйесінің қаржылық ресурстарды шоғырландыруын атауға
болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, тартылған және қарыздық жіктелімі
бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір
факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі
арзан құралды қолдануы енгізгі мақсаттарына айналды.

Нарықгық экономикада салықтың рөлі аса маңызды. Ақша капиталының
жинақталу ауқымының ұлғаюы — салық жүйесінің дамуына себепкер болады. Салық
жүйесі экономикалық санат ретінде, түпкі есебінде оның мәнін
қалыптастыратын құн қозғалысымен байланысты әлеуметтік-экономикалық
қатынасты білдіреді.

Салық жүйесі — механизм. Оның көмегімен қаржылық қаражатқа мұқтаж
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың өзара қарым-қатынасы және
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа белгілі бір шарттармен
қаражатты ұсынуды (қарызға беруді) жүзеге асыратын қарым-қатынас
белгіленеді. Салық жүйесі арқылы ақша капиталы босатылғанда ұдайы өндіріс
процесіндегі экономика салалары арасында қарыз капиталының жинақталуы,
бөлінуі және қайта бөлінуі жүзеге асырылады. Ол оған нарық арқылы ссудалық
капитал түрінде бағытталады, содан соң несие берушіге (банктерге және басқа
да қаржы-несие институттарына) қайтып оралады. Салық жүйесінің мәні онда
қандай ақша капиталының, яғни өзіндік капиталдың немесе басқа біреудің
капиталының пайдаланғанына байланысты болмайды.

Салық қатынастары – мемлекет пен халық, мекемелер, кәсіпорындар
арасында пайда болатын қаржы қатынастары деген ұстанымды ұстайтын болсақ,
онда бір жағынан банктер кәсіпорындар, мекмелер, халық қаражаттарын ала
отырып, банктер бұл қаражаттарды өз иелігіне жұмылдырады және өзінің
банктік қызметін рындауға жұмсайды, сондай-ақ коммерциялық және
коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және тұтастай экономиканы
реттеу қызметіне пайдаланады. Әсер ету нысандары әр түрлі болуы мүмкін:
жеке тұлғаларды қаржыландыру арқылы экономиканың құрылымдық қайта құруына
әсер ету. Салық жүйесінің қалыптасуы, оның іске асуының бағытталуы әр
кезде тек экономикалық даму үрдістерімен ғана емес, елдің саяси жағдайымен
де байланысты болады. Егер салық жүйесінің бағытталуы экономиканың даму
заңдылықтарының анықталуы негізінде емес, ол көпшілік дауыс пен көптеген
түзетулер нәтижесінде анықталады. Макроэкономикалық реттеудің негізгі
құралы болып салық саясаты болып табылады, ол салық салу мен мемлекеттің
функцияларын іске асырады, іскерлік белсенділік негізінде мемлекетке әсерін
береді.

Қ.Р Президентінің кезекті жолдауында салық жүйесінің даму бағыттары
мен міндеттері айқындалды. Соған қарамастан салық жүйесінің дамуын тежейтін
факторлардың болуы тұтастай қаржы нарығының даму серпініне әсерін тигізе
алады.

Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін
қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақталған жалпы
қаржы қарым-қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін
реформалау, оның негізгі тармағы салық жүйесін күрделі түрде қайта құру
қажет. Сол реформалаудың логикалық жалғасы ол тиімді салықтық заңнама жасау
болып табылады.

Салық заңдары мен ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі
қаржылық қарым-қатынасы мен салық саясаттың даму жағдайын, салықтық
процеске қатысушылардың барлық іс-әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық
және жан-жақты көрсетуі тиіс.

Салық жүйесінің мәселелері жөніндегі зерттеулердің қажеттілігі,
таңдалған тақырыптың өзектілігін сипаттайды.

Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты
ретінде Қазақстан Республикасының салық жүйесінің теориялық-әдістемелік
және тәжірибелік жақтарын зерттей отырып, салық жүйесінің бағыттарын
анықтау болып табылады. Аталған мақсатқа жету барысында Курстық жұмыстың
алдында келесідей міндеттер анықталған:

- Салық жүйесінің теориялық және тәжірибелік мазмұнын қарастыру;

- Әлемдік және ұлттық салық жүйесінің үлгілерін, оны құрушы
факторларды зерттеу;

- Салық жүйесінің дамуы жағдайында Қазақстанда мемлекеттік реттеудің
сипатын айқындау;

- Қ.Р салық жүйесінің механизмін және оның қызметіне бағалау жүргізу;

- Салық жүйесінің даму бағыттары бойынша ұсыныстар беру.

1. Салық жүйесі, экономикадағы орны.

1.1 Салық ұғымы және оның экономикалық мәні мен ролі.

Салықтар – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір
мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші
субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік
бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын
экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы
қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық
жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет
үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.
Салықұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын
салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық
службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды.
Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық
жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір
күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар
бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және
мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының
өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен,
жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы
саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет
салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық
тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін,олардың
экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы
олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Салықтардың экономикалық мәні мынада:

- салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының
қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін көрсетеді;

- шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір
мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық
қатынастарын көрсетеді.1, 5б

Республикамызда жүргізіліп жатқан әрбір салық реформалары шаруашылық
субъектілерінің іс-әрекеті мен қаржы жағдайына әсер етеді. Салықтар
мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүруі мен
дамуының негізгі қаржылық көзі болып табылады. Мемлекет құрылымының
өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен,
жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы
саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет.

Салықтар – қаржы ғылымының басты ұғымдарның бірі. Ең алдмен, әрбір
салық төлеуші салықтың табиғатын, қызметтерін, мазмұнын және ел
экономикасындағы мәнін түсініп алу қажет. Салықтардың экономикалық табиғаты
мен мәнін түсінудегі қиындық салықтардың бір мезгілде экономикалық,
шаруашылық және саяси – құқықтық құбылыс болып табылатындығында.

Салық әрбір мемлекеттің өмір сүруіндегі негізгі қаржылық көзі болып
табылады. Ал мемлекеттің өз қызметінің үрдісі кезінде пайда болатын
шығыстардың орнын толтыру үшін, өз аппаратын қамтамасыз ету үшін қаржылық
құралдары болуы қажет. Жаңа құн тауар немесе қызмет көтсету ретінде
жасалмайтын үрдісте мемлекеттік қызмет өзінің табиғаты жағынан басқарушылық
қызметтің бір бөлігі болып табылады. Мемлекеттің орталықтандырылған
қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ақша табудың әр түрлі жолдары бар. Бірақ
солардың ең негізгісі салықтар болып табылады. Салық түсінігі ғасырлар бойы
қалыптасты. Қазіргі кезде әрбір адам, ең болмағанда, салық туралы жалпылама
түсінікті біледі және олардың қағидаларын сипаттап бере алады: міндеттілік,
өтеусіздік, қайтарымсыздық, қаржылық немесе мүліктік сипаты, мемлекет
табысына салықтардың түсуі және мемлекеттік бюджеттің қалыптасуындағы
салықтардың қажеттілігі.

Салықтар – мемлекет қаржысының тұрақты қайнар көзі. Салықтар барлық
елдерде олардың қоғамдық – экономикалық құрылысымен саяси іс – бағытына
қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта
бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің
кірістерін қалыптастырудың шешуі көзі болып табылады. Салықтарда
мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты көрінеді, салықтардың әлеуметтік –
экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Салық
және басқа да бюджетке міндетті төлемдерден мемлекет бюджетінің табы
жағының негізгі бөлігі құралатынын сол жинақтаған қаржыдан мемлекеттің
болашаққа жоспарлап отырған әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау
салаларындағы бағдарламаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

1.2 Салық жүйесі және атқаратын қызметтері.
Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:
• 1. реттеушілік;
• 2. фискалдық;
• 3. қайта бөлу.
Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру,
бақылау функцияларын атап кетуге болады.
Реттеушілік қызметі – салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы
салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге
асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал
ету. Салық түрлері,салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып
саналады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана
өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға
саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті
дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді
қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз
байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық ставкалары мен салық
жеңілдіктерінің алатын орыны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен
тыс жоғары қойылған стафкалар кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің
төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азайуына әкеліп соқтырады.
Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған
елдердің тарихынан салық ставкалары жөнінде мынаны байқауға болады:
1. -егер төленетін салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 процентінен
асып кетсе, онда ол өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
2. -егер салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 проценті аралығында
болса, онда жай, ұдайы өндіріске әкеледі;
3. -егер салық мөлшері, салық төлеуші табысының 35-40 проценті мөлшері
аралығында болса, онда ұлғамайлы ұдайы өндіріске әкеледі.
Салықтардың екінші қызметі – фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл
қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып,
салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің
кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери – қорғаныс, тағы басқа да
шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі
мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс - әрекетінің көлемі ішкі жалпы
өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы
мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлес
салмағы 40 проценттен көбірек болып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа
елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін
орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген
салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып елдің салық жүйесін
анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы
экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.
Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын
функциаларда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші
және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы –
осы қаржы санаттың ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен
бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін
арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра
отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды
қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің
ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына
қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың
нысандарын таңдау ставкаларының алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктерімен
шегермелер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің
құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі
мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы
өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары
Қазахстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу тенденциясы орын
алып отыр. Егер 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7пайыз
болса, 1998 жылы ол 16,6 пайызға,2000 жылы-22,6 пайыз,2001 жылы - 22,2
пайыз болды (салыстыру үшін: Украинада – 29 пайыз, Ресейде – 33,3 пайыз).
Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай
салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлык, салық төлеушінің
декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.
Мемлекеттік салық салу саясаты- салық саласындағы шаралар жүйесін
қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен
міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты
немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді
қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын
күрделі модель. Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай : қаржы
қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни
салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық
салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен
жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру,
салық салудың негізгі принциптері және т.б-лар салық механизміне жатады.
Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің
тигізер ықпалы өте зор. Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу
механизміне кеңірек тоқталайық. Қандай да бір механизмінің құрамында
бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты
белгілі бір салық элементтерінен құралады.
Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық
ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу
мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы
мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
• Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз – заң бойынша салық төлеу
міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
• Салық объектісі – табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету,
ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды
пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
• Салық көзі – салық салынатын табыс.
• Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
• Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.
• Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне
байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.
• Проценттік ставкалар үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті;
регрессивті және пропорционалды. Үдемелі немесе прогрессивтік
ставкалар салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп
отырады. Регрессивтік ставкалар, керісінше, салық салынатын табыстың
төмендеуіне сәйкес, азайып отырады. Пропорционалдық ставкалар салық
салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір процентпен
тағайындалады.
• Салық оклады – салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен
төлейтін салық сомасы.
• Салық жеңілдіктері дегеніміз, заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп
немесе салық төлеуден түгел босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан
босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерістер, салық ставкасын
төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.
• Салық төлеу мерзімі – салық төленетін уақыт.
• Салық төлеу тәртібі – белгіленген мерзімде салықты төлеген кезде
алдымен бюджетке қандай салықтар төлеу керек екенін, яғни төлеу
кезінде белгілі бір дәйектілікті белгілейді.

Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
1. салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін
зерделеу;
2. заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен
жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;
3. салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру,
салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі
өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.

Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:
1. уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
2. мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды
жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
3. белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
4. атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге
асыратын салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға
төленген соммалар туралы ақпарат беруге;
5. салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң
сақтауға;

2. Қ.Р салық жүйесі, даму перспективалары.

2.1 Қ.Р салық жүйесі.

Салық ұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте
алынатын салық түрлерінің, оларды құрудың және алудың нысандары мен
әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық
жүйесін құрайды. ҚР қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы
әдістерін белгілейтін, яғни салықтардың нақтылы элементтерін анықтайтын
тиісті заңнамаларға негізделеді.

1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе экономиканы
басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге
сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің
бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу
бағаларын қолдануға және мемлекетті реттеп отыруға бағытталған болатын.
Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991-1995 жылдары қабылданған
бірқатар заңдарға сәйкес республикада жаңа салық жүйесі қалыптасты.

1991 жылғы желтоқсанның 25-інен бастап біздің елімізде салық жүйесі
жұмыс істей бастады. Ол Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы
заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен
алымдардың түрлерін, олардың бюджетке түсу тәртібін белгіленген алғашқы
құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылға қаңтардың 1-нен бастап 13
жалпы мемлекеттік салық,18 жергілікті салықтар мен алымдар енгізді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық
реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық
жүйесі мен салық заңнамасын бірте-бірте халықаралық салық салу
қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты Салық және
бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы1995 жылғы сәуірдің 24-
інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді
бұрынғы 42 салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны небәрі 11
болып қалды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы сәуірдің 24-індегі заң
күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16-сындағы №
440-1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент
жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға
өзгертулер мен толықтырулар еңгізіледі. Қазақстан Республикасы
Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды,
алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі
міндеті болып табылады, - жазылған.

Салық жүйесiн мемлекет пен заңды тұлғалар арасындағы қаржы
қатынастары анықтайтын салықтар, салық механизмi яғни, салық салу әдiстерi
мен тәсiлдерi, жолдары, салық заңдары мен салыққа қатысты кесiмдердiң,
салық қызметi органдарының жиынтығын құрайды. Салық жүйесi мемлекет қаржы
көздерiн жасаудың ең негiзгi құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта
құруға, өндiрiстiң ұлғайып дамуына және саяси әлеуметтiк шаралардың
толығымен iске асуына мүмкiндiк туғызады.

Елiмiздiң салық жүйесiнiң дамуын төрт кезеңге бөлiп қарастыруға болады.

1 кезең, (1992 1995 жж.) – жаңа салық жүйесiнiң базисiнiң салық
кезеңiнен өңделуi және iске қосылуы;

2 кезең, (1996-1998 жж.) – жаңа нарықтық экономика талаптарына сай
келетiн салық жүйесiн құруды аяқтау;

3-кезең, (1998-2000 жж.) – барлық қағидалардың ескерiлуi арқылы салық
жүйесiне өзгерiстер мен толықтыруларды енгшiзу, салық жүйесiн одан әрi
жетiлдiру:

4-кезең, (2001-2004 жж.) Жаңа салық кодексi қабылданды.

Салық қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік органның құрылуы:

Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1990 жылдың 16 наурызындағы қаулысы –
Қазақ КСР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік салық инспекциясының құрылуы; 
Қазақ КСР Президентінің 1991 жылдың 9 шілдесіндегі № 380 жарлығы –
Қазақ КСР Бас мемлекеттік салық инспекциясының құрылуы; 
Қазақ КСР Президентінің 1991 жылдың 9 қыркүйегіндегі № 520 жарлығы –
облыстар бойынша Мемлекеттік салық инспекциялары құрылды; 
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылдың 12 қазанындағы
жарлығы  - Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс министрлігі құрылды; 
Қ.Р Президентінің 2002 жылдың 20 тамызындағы № 931 жарлығы  -
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті құрылды
Қазақстан республикасы Қаржы министірлігі Салық комитетінің қазіргі
кездегі құрылымы:
2.2 Қ.Р бюджетіндегі салықтық түсімдердің маңызы.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және
тиісті құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді
қамтиды. Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджетті құрайтын
республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер өз алдына дербес қызмет
етеді.
Мемлекеттік бюджетте мынандай принциптер қалыптасқан және олар
бюджеттің мәнін айқындай түседі:

✓ қаржылық орталықтандырылуы, яғни олардың бір ақша қаражат
қорларында жинақталуы;

✓ жоспарлылығы, өйткені бюджет-теориялық және
практикалық мағынасы бойынша болашақ кезеңге арналған қаржы
жоспары;

✓ тепе-теңдігі, яғни бюджет құрылымы бойынша кірістер мен
шығыстардан тұратындықтан тепе-теңдік немесе баланстылықтың
болуы тиіс;

✓ мерзімділігі, яғни барлық жоспарлар тәрізді мемлекеттік бюджет
белгілі бір мерзімде құрылады немесе біз оны қаржы жылы деп
атаймыз (Қазақстан Республикасының қаржы жылы 1 қаңтардан
31 желтоқсанға дейін).

Мемлекеттік бюджет 1-ші ақпанға 2011 жылдың
Өлшем бірлігі: млн. теңге
Атауы Кассалық
атқарылуы
I. КІРІСТЕР 301 601,9
САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ 269 541,1
Салықтық түсімдер 269 541,1
САЛЫҚТАН ТЫС ТҮСІМДЕР 29 630,7
Салықтық емес түсiмдер 29 630,7
НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ САТУДАН ТҮСКЕН ТҮСІМДЕР 2 430,0
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2 430,0

Мемлекеттік бюджет 1-ші ақпанға 2010 жылдың
Өлшем бірлігі: млн. теңге
Атауы Кассалық
атқарылуы
I. КІРІСТЕР 194 769,9
САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ 184 615,5
Салықтық түсімдер 184 615,5
САЛЫҚТАН ТЫС ТҮСІМДЕР 7 927,7
Салықтық емес түсiмдер 7 927,7
НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ САТУДАН ТҮСКЕН ТҮСІМДЕР 2 226,7
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2 226,7

Республикалық бюджет 1-ші ақпанға 2011 жылдың
Өлшем бірлігі: млн. теңге
Атауы Кассалық
атқарылуы
I. КІРІСТЕР 248 351,8
САЛЫҚ ТҮСІМДЕРІ 212 789,5
Салықтық түсімдер 212 789,5
САЛЫҚТАН ТЫС ТҮСІМДЕР 28 504,3
Салықтық емес түсiмдер 28 504,3

Республикалық бюджет 1-ші ақпанға 2010 жылдың
Өлшем бірлігі: млн. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік салықтың теориялық негіздерін зерттеу
Жергілікті басқарудың теориялық негіздері
Еркін сауда аймақтары
Жанама салықтарды есептеу және төлеу механизміжәне олардың бюджеттегі орнын талдау (Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық Комитетінің мәліметтері негізінде)
Салық жүйесi жайлы
Қаржы механизмінің жүйесі
Мүлік табысына салық салу
ҚР-ның ЭКОНОМИКАСЫН САЛЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартудың мәселелері мен перспективалары
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Пәндер