Қазақстандағы этносаралық келісімнің құрылымдары



Қазақстанның ішкі саясатында этносаралық келісім басты рөл атқарғанымен, оның жүзеге асу механизмдері өмір талабына сай айқындалмаған. Ел қауіпсіздігінің ішкі сыйпаты аталмыш салаға басымдық берілгенімен, оның саяси негіздемесі елдегі ұсақ этностардың мүддесін қазақ ұлты мен Қазақстан мемлекетінің мүддесі есебінен қамту қолға алынған. Бұл сайып келгенде өзін ақтайтындай саяси механизм болмай отыр. Мұның салдарын соңғы бір жыл ішінде елде болып жатқан этносаралық қақтығыстардың орын алуына әкеліп соғуда.
Қазақстандағы этносаралық келісімнің өзі не нәрсеге негізделгенін айыру қыйын. Бір қарағанда, елдегі азаматтардың құқық теңдігі ғана емес, этностардың да тепе-теңдігі саяси жалауша желбірейді. Алайда, бұл теңдіктің тамыры неде екендігі және қандай критерилерге негізделгендігі түбірімен айқындалмаған. Ғылыми негізсіз және зерттемесіз құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы атауының өзінен «халықтары» сөзінің жуырда ғана ығысуы мемлекеттің субъектілік сыйпатын қандай қауіптің болып келгендігін көрсетіп берді. Аталмыш құрылым қазырғы кезде конституциялық қайшылыққа ұрындырып отырған заңдамалық көп фактордың бірі болып отыр. Аталмыш ассамблеяның құрылу мақсаты мен қалыптасу әдісі де, жолы да саяси және заңдық қыйсынға келмейді. Егер ассамблеяның мақсаты елдегі ұсақ этностарды қазақ ұлтымен теңестіру болса, оның түбінде қандай пиғыл жатса да, мемлекеттің унитарлық құрылымы мен мұратына қарама-қайшы. Ал ассамблея мәртебесінің анықталмағандығы өз алдына, енді оның атынан мемлекеттік басты органдарды жасақтау мүмкіндігінің жартылай заңдануы елдің ішкі саясатын тұйыққа тірейтін тағы бір факторға айналатын түрі бар. Мәселен, демократиялық та, заңды жолға да татымайтын әдіспен ассамблея атынан парламент мәжілісінің тоғыз депутатының сайланбай тағайындалуы (сайлау тек қана сайлаушылар тарапынан атқарылатын акт) азаматтар теңсіздігінің жаңа көрінісін әйгілеп отыр. Оның үстіне ұсақ этностардың тікелей жоқшылары парламент деңгейінде пайда болып, мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ этносының мүддесін қорғайтындай заңдық мотивацияға негізделген мандатты тұлға болмай қалуда. Мұның өзі қазақ ұлты тарапынан зор қарсылық туындатуда. Сөйтіп, о баста елдегі этносаралық келісімді нығайтуға тиісті Қазақстан халқы ассамблеясының миссиясы кереғарлыққа тап болуда. Оның үстіне аталмыш органның не мемлекеттік екені, не қоғамдық екені белгісіз, мәртебесі айқындалмаса да, жоғарғы мемлекеттік органдармен теңестірілуі елдің стратегиялық саяси бағытына үлкен өзгеріс апаруға итермелеуде. Мәселен, 2030 жылға дейінгі елдің стратегиялық даму программасына сәйкес болашақта азаматтардың этностық тегін мойындамау арқылы қазақстандық ұлт аталмақшы космополиттік пиғыл осы жайттан туындап отырған саяси салдар деуге болады. Бұл пиғылға қазақ халқы түгілі ұсақ этностардың өзі өздерінің жұтылу қатері ретінде үзілді-кесілді қарсы болуда.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ КЕЛІСІМНІҢ ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Қазақстанның ішкі саясатында этносаралық келісім басты рөл
атқарғанымен, оның жүзеге асу механизмдері өмір талабына сай айқындалмаған.
Ел қауіпсіздігінің ішкі сыйпаты аталмыш салаға басымдық берілгенімен, оның
саяси негіздемесі елдегі ұсақ этностардың мүддесін қазақ ұлты мен Қазақстан
мемлекетінің мүддесі есебінен қамту қолға алынған. Бұл сайып келгенде өзін
ақтайтындай саяси механизм болмай отыр. Мұның салдарын соңғы бір жыл ішінде
елде болып жатқан этносаралық қақтығыстардың орын алуына әкеліп соғуда.
Қазақстандағы этносаралық келісімнің өзі не нәрсеге негізделгенін
айыру қыйын. Бір қарағанда, елдегі азаматтардың құқық теңдігі ғана емес,
этностардың да тепе-теңдігі саяси жалауша желбірейді. Алайда, бұл теңдіктің
тамыры неде екендігі және қандай критерилерге негізделгендігі түбірімен
айқындалмаған. Ғылыми негізсіз және зерттемесіз құрылған Қазақстан халқы
ассамблеясы атауының өзінен халықтары сөзінің жуырда ғана ығысуы
мемлекеттің субъектілік сыйпатын қандай қауіптің болып келгендігін көрсетіп
берді. Аталмыш құрылым қазырғы кезде конституциялық қайшылыққа ұрындырып
отырған заңдамалық көп фактордың бірі болып отыр. Аталмыш ассамблеяның
құрылу мақсаты мен қалыптасу әдісі де, жолы да саяси және заңдық қыйсынға
келмейді. Егер ассамблеяның мақсаты елдегі ұсақ этностарды қазақ ұлтымен
теңестіру болса, оның түбінде қандай пиғыл жатса да, мемлекеттің унитарлық
құрылымы мен мұратына қарама-қайшы. Ал ассамблея мәртебесінің
анықталмағандығы өз алдына, енді оның атынан мемлекеттік басты органдарды
жасақтау мүмкіндігінің жартылай заңдануы елдің ішкі саясатын тұйыққа
тірейтін тағы бір факторға айналатын түрі бар. Мәселен, демократиялық та,
заңды жолға да татымайтын әдіспен ассамблея атынан парламент мәжілісінің
тоғыз депутатының сайланбай тағайындалуы (сайлау тек қана сайлаушылар
тарапынан атқарылатын акт) азаматтар теңсіздігінің жаңа көрінісін әйгілеп
отыр. Оның үстіне ұсақ этностардың тікелей жоқшылары парламент деңгейінде
пайда болып, мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ этносының мүддесін
қорғайтындай заңдық мотивацияға негізделген мандатты тұлға болмай қалуда.
Мұның өзі қазақ ұлты тарапынан зор қарсылық туындатуда. Сөйтіп, о баста
елдегі этносаралық келісімді нығайтуға тиісті Қазақстан халқы
ассамблеясының миссиясы кереғарлыққа тап болуда. Оның үстіне аталмыш
органның не мемлекеттік екені, не қоғамдық екені белгісіз, мәртебесі
айқындалмаса да, жоғарғы мемлекеттік органдармен теңестірілуі елдің
стратегиялық саяси бағытына үлкен өзгеріс апаруға итермелеуде. Мәселен,
2030 жылға дейінгі елдің стратегиялық даму программасына сәйкес болашақта
азаматтардың этностық тегін мойындамау арқылы қазақстандық ұлт аталмақшы
космополиттік пиғыл осы жайттан туындап отырған саяси салдар деуге болады.
Бұл пиғылға қазақ халқы түгілі ұсақ этностардың өзі өздерінің жұтылу қатері
ретінде үзілді-кесілді қарсы болуда.
Ассамблеяны құрайтын ұлттық-мәдени орталықтардың жасақталуы да
көкейге көп түйткіл туындататын мәселе. Қазырғы кезде Қазақстанға кездейсоқ
келген кез келген азаматтар тобының әлдебір этносқа бірігу көрінісі саяси
және қоғамдық мәртебеге ие бола беретін түрі бар. Қазақстанның кез келген
бір этносқа біріккен оншақты азаматы елдің кез келген өңірінде өздерінің
ұлттық мәдени орталық құру мүмкіндігіне ие болып отыр. Мәселен, тараздық
дұңғандар Астанаға саудамен жайғасып алып, ассамблея мен ішкі саясат
департаменті тарапынан тегін таратылатын грантты алу мүмкіндігіне қол
жеткізу үшін тағы да елордада ұлттық мәдени орталық құрып алған, солтұсқа
бұрын соңды жоламаған ұйғыр, өзбек, тәжіктер де бір бір отау тігіп
үлгеріпті. Шын мәнінде Астанада гастербайтерлерден өзге мүдделі болып
отырған аталмыш этностық топ бар деуге болмайды.
Астана қаласының он жылдығын алдағы жылы атап өткелі отырсақ та, осы
уақытта елордаға жыйналған түрлі этностық шетелдік топтарға дейін ұлттық
орталықтар құру мүмкіндігі ешбір нақты талапсыз, критерисіз түрде мәдени
этностық ошақтарын құрумен бірге кәсіптік нысандарға да ие болуда. Мысалы,
украиндар Астанадан гектарлап жер алу арқылы өздерінің ұлттық мәдени
ықпалдарын күшейтуді қолға алуда, оған Украина елшілігі қаржылай және
заттай жәрдем бермек, оның үстіне Қазақстан халқы ассамблеясы тарапынан
бөлінетін грант тағы бар. Осындай мақсатпен елорда маңынан ұйғырлар да жер
тілімін алуда. Болгарлар Павлодардан жер іздеуде. Бір қарағанда, мұнда
тұрған ештеңе де жоқ секілді, ұсақ этникалық топтарға мәдени мүмкіндік
беріліп жатқандай сыңай бар. Алайда, бұл терең ойластырылып, әділетті
сыйпат алып отырған шара емес. Елдегі ұсақ этностық топтар арасында
келісімді нығайтудан гөрі эгоистік өзара бәсеке бары анықтала түсуде. Елде
кімнің ықпалы мен мүмкіндігі мол болса, сол қарпып қалуға тырысуда. Мысалы,
байығыш та біріккіш өкілдері арқасында корей диаспорасы да өздерін
материалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫ БАҚ-ТАҒЫ КӨТЕРІЛУ ДЕҢГЕЙІ
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Қазақстандағы діндер
Қазақстандағы жаһандану кезіндегі ұлтаралық қатынастар
Этносоциология туралы
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Пәндер