Кәсіпорынды дамытудың экономикалық әдістерін қолдану теориялық аспектілері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1
Кәсіпорынды дамытудың экономикалық әдістерін қолдану теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.1 Кәсіпорынның ұғымының түсініктері мен экономикалық маңызы 6
1.2 Кәсіпорынның экономикалық мәні мен жіктелуі ... ... ... ... ... ... .. 10
1.3 Кәсіпорынның меншікті қаражаттарын пайдалану тиімділігі ... ... ... . 21

2 ЖШС «ЭлитСтройИнженеринг» мысалысында кәсіпорын қызмет ету тиімділігін талдау және бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24
2.1 «ЭлитСтройИнженеринг» ЖШС.нің сипаттамасы мен экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24
2.2 «ЭлитСтройИнженеринг» ЖШС.дегі негізгі құралдардың тиімділігін және пайдалануын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
28
2.3 Тауарлы.материалдық құндылықтар есебі мен ақша қаражаттары ... . 35

3 Кәсіпорынды дамытудың экономикалық жағдайын жетілдірудің жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
50
3.1 Кәсіпорынның экономикалық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
50
3.2 Кәсіпорын табысын қамтамасыз ету арқылы арттыру ... ... ... ... ... ... . 57

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 60
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
62
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2015-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілер жинағы. [1]
2020 стратегиялық даму жоспарының мүмкіндіктерін айтып өтті:
«Кәсіпкерлік – жаңа экономиканың қозғаушы күші. Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып табылады». [2] Елбасы айтып өткендей, кәсіпорындар – экономиканың тіреуші күші, ал меншікті капитал сол кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін, бәсекелсетік ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып табылатын табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады
Нарықтық экономика жағдайларында компаниялардың өзінің экономикалық -шаруашылық қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында компаниялар экономикалық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді. Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені компаниялардың өз иықтарына жүктеп отыр.
Қоғамда экономикалық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындайды. Салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.
Сонымен қатар экономикалық тұрақты кәсіпорын онымен экономикалық қатынастарға түсетін басқа шаруашылық субъектілер үшін сенімді серіктес болады. Сондықтан экономикалық жағдайды талдаумен тек кәсіпорын басшылары мен қызметкерлер ғана емес, соныменен ресурстарды қолдану тиімділігін зерттеу мақсатында құрылтайшылар, инвесторлар, несиелендіру жағдайын бағалау мен тәуекелділіктің деңгейін анықтау үшін банктер, төлемдерді уақытылы алу үшін жабдықтаушылар, бюджетке қаражаттардың түсу жоспарын орындау үшін салық органдары және тағы басқалары айналысады.
Яғни кез келген кәсіпорын фирманы басқарудың жалпы мақсаттарына жетуге бағытталатын жүйенің болуынан тәуелді. Бұндай жүйе болып экономикалық менеджмент табылады. Ол әрқашан жоспарлаудың, басқарудың және экономикалық талдаудың ғылыми негізін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан кәсіпорынның экономикалық жағдайын бағалау мен болжаудың әдісі ретіндегі экономикалық талдау экономикалық менеджменттің ажырамас бөлігі болып табылады.
1. 2015-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілер жинағы№30.
2. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. ҚР-ның Президентінің үкімімен 2015 жылдың 4 желтоқсанында расталған, №735, Астана .
3. Назарбаев Н.Ә. «Жаңа заман – Жаңа экономика» //, «Егемен Қазақстан» 2015, 16 желтоқсан.
4. «Стандарттау мен сертификаттау туралы» ҚР-ның Заңы // «Егемен Қазақстан» // 2015, 17 ақпан.
5. Нұрпейісова А.С. Кластерлік талдау – микродеңгейде бәсекелік қабілетті басқару базасы // «ҚазЭУ Жаршысы», «Экономика» 2015, №3, 72-76 беттер
6. Айманбетов Н.Е. «Агрономия» 2000, «Алматы», 46-69 беттер.
7. Тағы да миллиард пұт астық // «Казахстанская правда» 2004, №6, 22 қаңтар.
8. Азгальдов Г.Г. Теория и практика оценки качества товаров. – М.: Экономика, 2002.
9. Завьялов П.С., Демидов В.Е. Формула успеха - маркетинг (100 вопросов – 100 ответов о том, как эффективно действовать на внешнем рынке. – 2-е изд., перераб. и доп. –М.: Международные отношения, 2001.
10. Исаева М.Г., Жихарева В.И., Баймагамбетов Г.А. Продовольствен-ный комплекс: формирование и развитие.- М.: Агропромиздат. – 2008.
11. Маркетинг: Учебник /А.Н.Романов, Ю.Ю.Корлюгов, С.А.Красильников и др.; под ред. А.Н.Романова - М.: Банки и биржы, ЮНИТИ, 2000.
12. Минин Б.А. Уровень качества. Социально- экономические вопросы оценки качества и защита потребителя.-М.: Изд-во стандартов, 2002.
13. Ряполов А.Ф. Сертификация. Методология и практика.- М.: Изд-во стандартов, 2007.
14. Стефанюк А.И. Реконструкция и техническое перевооружение предприятий пищевой промышленности.- М.: Агропромиздат, 2009.
15. Каренов Р.С. Терминология рыночной экономики и бизнеса. Алматы: Гылым, 2004
16. Турсумбаев Б.М., Петренко И.Я., Исмуратов С.Б. Основы организа-ции бизнеса. Учебник. Челябинск, Южно-Уральское кн. изд-во, 2001
17. Трубилин А. Конкурентоспособность – главный фактор эффектив-ности производства // АПК: экономика, управление, 2002.
18. Турсумбаев Б.М., Петренко И.Я., Исмуратов С.Б. Основы организа-ции бизнеса. Учебник. Челябинск, Южно-Уральское кн. изд-во, 2001
19. Трубилин А. Конкурентоспособность – главный фактор эффектив-ности производства // АПК: экономика, управление, 2002.
20. «ЭлитСтройИнженеринг» ЖШС қаржылық есебіне түсініктеме
21. ««ЭлитСтройИнженеринг» ЖШС 2013-2015 жылдардағы бухгалтерлік балансы
22. «ЭлитСтройИнженеринг» ЖШС 2012-2013 жылдардағы табыстар мен шығындар туралы есебі
23. Шувалов А.И. Некоторые аспекты оценки конкурентоспособности изделий. Обновление продукции и конкурентоспособность. М: Знание, 2003.
24. Сергеев И.В. Экономика предприятия. Издание 2-е, перер. и доп. М: Финансы и статистика, 2000.
25. Герчикова И.Н. Маркетинг и международное коммерческое дело. М: Внешторгиздат, 2000.
26. Белый Е., Барашков С. Конкурентоспособность и качество продукции: два уровня управления // Маркетинг, 2003, №4.
27. Мамыров Н.К., Саханова А.Н. и др. Государство и бизнес. Менеджмент государственного сектора. Книга 1-4. Учебник. Алматы: Экономика, 2002.
28. "О вступлении Казахстана в ВТО" С.Туржанов - директор Департамента малого бизнеса Аппарата Акима г.Алматы. «Казахстанская правда» // №29, 2002, 23 июль.
29. «Взгляд Президента» // «Казахстанская правда» // №13, 2004, 31 марта.
30. Маркетинг: Учебник /А.Н. Романов, Ю.Ю. Корлюгов, СА. Красильников и др.: Под ред. А.Н. Романова. — М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2006
31. Юданов А.Ю. Конкуренция: теория и практика: Учебное пособие; 2-е изд.,с испр. и доп. — М.: Ассоциация авторов и издателей “Тандем”; Изд-во“ГНОМ-ПРЕСС”, 2008
32. "Менеджмент систем качества", Учебное пособие/ М.Г. Круглов, С.К. Сергеев, В.А. Такташов и др.: ИПК Издательство стандартов, 2007.
33. А.Абдрахманов, член Правления МО "СовАсК"
Ш.С.Тажибаев Институт стандартизации, метрологии и сертификации, «Проблемы и перспективы управления качеством в Республике Казахстан» : Алматы, 2004г.
34. «Поручение Президента РК Правительству и акимам».// Астана. 31 января. КАЗИНФОРМ.
35. Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан, Программа по «Производству и переработке зерновых культур на 2004-2005г.».
36. Ильенкова С.Д., Гохберг Л.М., Ягудин С.Ю. и др. Инновационный менеджмент. Учебник.– М.; Изд. "Банки и биржи", ЮНИТИ, 1997 г.
37. Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы, Алматы 2003
38. Методика комплексного технико-экономического анализа деятельности всех звеньев управления отрасли. Ч 1 Комплексный экономический анализ деятельности отрасли.– М.: МЭП, 2005г.
39. Статистические методы повышения качества. Под.ред. Хитоси Кумэ. – М.: Финансы и статистика., 2010 г.
40. Янданов Л.Ю. «Современные тенденции развития АПК и технология бюджетирования», КазГосАгру. 2001г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...

1 Кәсіпорынды дамытудың экономикалық әдістерін қолдану теориялық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ..
1.1 Кәсіпорынның ұғымының түсініктері мен экономикалық маңызы 6
1.2 Кәсіпорынның экономикалық мәні мен жіктелуі ... ... ... ... ... ... .. 10
1.3 Кәсіпорынның меншікті қаражаттарын пайдалану тиімділігі ... ... 21
... .

2 ЖШС ЭлитСтройИнженеринг мысалысында кәсіпорын қызмет ету
тиімділігін талдау және 24
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 ЭлитСтройИнженеринг ЖШС-нің сипаттамасы мен экономикалық
көрсеткіштерін 24
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 ЭлитСтройИнженеринг ЖШС-дегі негізгі құралдардың тиімділігін
және пайдалануын 28
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3 Тауарлы-материалдық құндылықтар есебі мен ақша қаражаттары ... . 35

3 Кәсіпорынды дамытудың экономикалық жағдайын жетілдірудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...50
... ... ... ... .
3.1 Кәсіпорынның экономикалық жағдайын жетілдірудің негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...50
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .
3.2 Кәсіпорын табысын қамтамасыз ету арқылы 57
арттыру ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
Қолданылған әдебиеттер 62
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев 2015-2020 жылдардағы Қазақстан Республикасының индустриалды-
инновациялық даму стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті және
Үкіметінің актілер жинағы. [1]
2020 стратегиялық даму жоспарының мүмкіндіктерін айтып өтті:
Кәсіпкерлік – жаңа экономиканың қозғаушы күші. Әртараптандырудың өзегі
кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды
игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз
келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаңғыртудың қозғаушы күші болып
табылады. [2] Елбасы айтып өткендей, кәсіпорындар – экономиканың тіреуші
күші, ал меншікті капитал сол кәсіпорындардың қызметінің тиімділігін,
бәсекелсетік ортадағы өміршеңдігін, қызметінің түпкі мақсаты болып
табылатын табыстылығын анықтап беретін бастапқы фактор болып табылады
Нарықтық экономика жағдайларында компаниялардың өзінің экономикалық
-шаруашылық қызметін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету олардың өз
мойындарына түсіп отыр. Жоспарлы экономика жағдайларында компаниялар
экономикалық мұқтаждықтар мен қиындықтарға душар болған жағдайда
мемлекеттің және оның орталықтандырылған қаржы жүйесіне арқа сүйейтін еді.
Алайда нарықтық қатынастардың орнауы мен дамуы аталған мәселені
компаниялардың өз иықтарына жүктеп отыр.
Қоғамда экономикалық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік
аса қажеттілік салдарынан туындайды. Салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу
жүргізбей, шаруашылық субъектісінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін
себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің
екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу
мүмкін емес.
Сонымен қатар экономикалық тұрақты кәсіпорын онымен экономикалық
қатынастарға түсетін басқа шаруашылық субъектілер үшін сенімді серіктес
болады. Сондықтан экономикалық жағдайды талдаумен тек кәсіпорын басшылары
мен қызметкерлер ғана емес, соныменен ресурстарды қолдану тиімділігін
зерттеу мақсатында құрылтайшылар, инвесторлар, несиелендіру жағдайын
бағалау мен тәуекелділіктің деңгейін анықтау үшін банктер, төлемдерді
уақытылы алу үшін жабдықтаушылар, бюджетке қаражаттардың түсу жоспарын
орындау үшін салық органдары және тағы басқалары айналысады.
Яғни кез келген кәсіпорын фирманы басқарудың жалпы мақсаттарына жетуге
бағытталатын жүйенің болуынан тәуелді. Бұндай жүйе болып экономикалық
менеджмент табылады. Ол әрқашан жоспарлаудың, басқарудың және экономикалық
талдаудың ғылыми негізін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан
кәсіпорынның экономикалық жағдайын бағалау мен болжаудың әдісі ретіндегі
экономикалық талдау экономикалық менеджменттің ажырамас бөлігі болып
табылады.
Талдау басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет негіз болып табылады. Бұл
отандық кәсіпорындарда экономикалық менеджмент пен талдау саласында сәйкес
білімдері бар жұмысшылардың болуын мақұлдайды.
Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті
бағалап, кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту
және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін
қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдау экономикалық ахуал болған
кезде ғана емес, сонымен қатар оларды алдын-ала болжау, қашқақтау, ұзақ
мерзімді, материалдық емес, ағымдық активтерді, меншікті және қарыз
капиталын неғұрлым тиімді қолдану үшін жүргізіледі. Нарықтық қатынастар
жағдайында шаруашылық субъектісінің шаруашылық, инвестициялық және басқа да
кәсіпкерлік қызметтерінің негізгі талаптары капиталдың нақты құнын сақтау
мен көбейту, экономикалық потенциалдың тиімді қолданылуын жоғарлату болып
табылатыны белгілі.
Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми
негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе экономикалық
шешімдер қабылдау үшін оның экономикалық жағдайын талдау қажет. Тек терең
және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап
кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын нығайту және жақсарту және оның
іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау
үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Қазақстандық автор Жүйріков К.К. бойынша кәсіпорын экономикалық
жағдайының өзгерісінің күрделі себептерін анықтау үшін кәсіпорын қызметінің
барлық жақтарын сипаттайтын көптеген көрсеткіштерді зерттеу қажет. Себебі
кәсіпорынның тұрақты экономикалық жағдайы─ оның үздіксіз және тиімді
қызметінің басты шарты болып табылады. Оған жету үшін субъектінің тұрақты
төлемқабілеттілігін, баланс өтімділігін, экономикалық тәуелсіздігін және
шаруашылықтың жоғары табыстылығын қамтамасыз ету қажет. Кәсіпорын
экономикалық тұрақтылығын кешенді талдау жеке көрсеткіштерді басқару үшін
және сәйкесінше, экономикалық климаттың жақсаруына олардың әсерінің күшеуі
үшін нақты алғышарттарды туғызады.
Бұл дипломдық жұмыс отандық кәсіпорындардың экономикалық тұрақтылығын
талдауды әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруге арналған, себебі
стратегиялық басқаруды әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі
кәсіпорын қызметін тұрақтандыру мүмкіндіктерін әлсіретеді.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі кез-келген кәсіпорынның іс-әрекетінде
экономикалық экономикалық жағдайын анықтау маңызды орын алады, ол оның
несие қабілеттілігін, сенімділігін білдіреді. Сондай-ақ жаңа жобаларды
қаржыландыруға мүмкіндік береді, сол себепті оған әсер етуші факторларды
зерттеу, оны өсіру жолдарын анықтау бүгінгі күні алашқы орынға қойылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты экономикалық талдаудың теориялық негіздерін
зерттеу және кәсіпорынды мысалға алу арқылы экономикалық жағдайын талдауды
жүргізу болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа сәйкес төмендегідей міндеттерді шешу
қажеттілігі анықталады:
- экономикалық талдаудың теориялық негіздерін қарастыру;
- кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдаудың міндеттері мен
әдістерін көрсету;
- кәсіпорынның меншікті қаражаттарын пайдалану тиімділігін анықтау;
- отандық кәсіпорынды мысалға алу арқылы экономикалық жағдайды
талдаудың ерекшеліктерін зерттеу;
- кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін талдау
жасау;
- кәсіпорынның экономикалық жағдайын жетілдіру жолдарын көрсету.
Зерттеу пәні- кәсіпорын қызметін, шаруашылық шешімді әзірлеу және
қабылдау процесі табылатын өзіндік экономика болып табылады.
Бұл жұмысты жазу үшін әдістемелік негіз болып Қазақстан Республикасының
заңдары және басқа да нормативтік актілер, отандық және шетелдік
зерттеушілердің монографиялары табылады. Зерттеу үшін тәжірибелік негіз
болып ЭлитСтройИнженеринг ЖШС-нің экономикалық есептілігі және осы
кәсіпорынның басқа да құжаттары алынған.
Зерттеу объектісі -ЭлитСтройИнженеринг ЖШС-нің экономикалық
жағдайына баға беру
Жұмыстың териялық базасы К.Ш. Дүйсенбаев, С.Райымқұлы, З.Д. Өтебаева,
Г.Г. Фетисов, А.А.Таубаев, С.М. Омирбаевтың еңбектері болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылымы жаңалығы:
– Кәсіпорынды дамытудың экономикалық жағдайын жетілдірудің
жолдары
– Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын жетілдірудің негізгі
бағыттары
– Кәсіпорын табысын қамтамасыз ету арқылы арттыру
Дипломдық жұмыс өзіне үш негізгі бөлімді, кіріспе, қорытынды және
қолданылған әдебиеттер тізімін қосады.

1 Кәсіпорынды дамытудың экономикалық әдістерін қолдану теориялық
аспектілері

1.1 Кәсіпорынның ұғымының түсініктері мен экономикалық маңызы

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындардың экономикалық жағдайын
талдаудың рөлі маңызды болып табылады. Бұл кәсіпорындар өздері еркіндікке
ие болады және меншік иеленушілерінің, жұмысшылардың, коммерциялық
әріптестердің және басқа да контрагенттердің алдында өзінің өндірістік-
кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікті өз мойнына
алады.
Экономикалық жағдай – бұл белгілі бір сәтке кәсіпорынның экономикалық
тұрақтылығының және шаруашылық қызметінің үздіксіздігін іске асыру мен
өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытында жабу үшін оны экономикалық
ресурстармен қамтамасыз етуінің көрінісі болып табылады.
Кәсіпорынның экономикалық жағдайы оның активтер мен пассивтер, яғни
кәсіпорынның қаражаттары мен олардың көздері құрылымдарының ара қатынасымен
анықталынады. [3]
Кәсіпорынның экономикалық жағдайы – капиталдың айналымы процесінде
оның жағдайын және уақыттың нақты сәтінде шаруашылық субъектісінің өзіндік
дамуына қабілеттілігін көрсететін экономикалық категория.
Өндірістік және экономикалық қызметі процесінде капитал айналымының
үздіксіз процесі жүреді, қаражаттар мен оларды қалыптастыру көздерінің
құрылымы, экономикалық ресурстардың бар болуы мен оларға қажеттілік
өзгереді.
Экономикалық жағдай тұрақты, тұрақсыз және дағдарысты болуы мүмкін.
Кәсіпорынның уақытында төлемдерді іске асыру, кеңейген негізде өз қызметін
қаржыландыру, қиын жағдайда өз төлем қабілеттілігін жоғары дәрежеде ұстау
қабілеттілігі оның тұрақты экономикалық жағдайы туралы куәландырады.
Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорында жақсы
қапитал құрылымы болуы тиіс.
Кәсіпорынның экономикалық жағдайы, оның тұрақтылығы өндірістік,
коммерциялық және экономикалық қызметіне тәуелді болады. Егер өндірістік
және экономикалық жоспар тиімді орындалса, онда бұл кәсіпорынның
экономикалық жағдайына жағымды әсер етеді. Және де керісінше, өнімді
өндіру мен сату жоспарын толық орындамау нәтижесінде оның өзіндік құнының
жоғарылауы, түсім мен табыс сомасының қысқаруы және соның нәтижесінде
кәсіпорынның экономикалық жағдайы мен оның төлем қабілеттілігінің
төмендеуі пайда болады.
Өз кезегінде тұрақты экономикалық жағдай өндірістік жоспарлардың
орындалуына және өндіріс қажеттіліктерін қажетті ресурстармен қамтамасыз
етуіне жағымды ықпал етеді. Сондықтан экономикалық қызмет шаруашылық
қызметінің құрамды бөлігі ретінде ақша қаражаттарының түсуі мен
шығындалуының жоспарлылығын қамтамасыз етуіне, есеп айырысу тәртібінің
орындалуына, меншікті және қарыздық капиталдың рационалды пропорциялары мен
оны қолданудың тиімділігіне жетуіне бағытталуы тиіс.
Экономикалық қызметтің басты мақсаты бір стратегиялық міндетке әкеледі
– кәсіпорынның активтерін арттыру. Бұл үшін ол үнемі төлем қабілеттілікті
және рентабельділікті, сонымен қатар баланстың активтері мен пассивтерінің
оптималды құрылымын ұстау тиіс.
Экономикалық тұрақтылық табыстардың шығындардан тұрақты артуының
көрінісі болып табылады, кәсіпорынның ақша қаражаттарын бос қолдануын
қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану жолымен өндіріс пен өнімді
өткізудің процесіне ықпалын тигізеді. Сондықтан экономикалық тұрақтылық
өндірістік-шаруашылық қызметі барысында қалыптасады және кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының басты құрамдас бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы
экономикалық тұрақтылығы ең алдымен табыстар түсуінің оларды жұмсаудан
тұрақты артық болуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын айқындайды.
Нарық жағдайларында ол мемлекетке, жабдықтаушыларға, кредиторларға,
жұмысшылар және басқаларға төлемдерді жасау үшін жеткілікті мөлшерде өнімді
(жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табысты тұрақты алуды талап
етеді. Сол уақытта кәсіпорынның дамуы үшін барлық есеп айырысуларды жүзеге
асыру мен барлық міндеттемелерді орындаудан кейін кәсіпорында өндірісті
дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға, әлеуметтік
климатты жақсартуға және т.б. мүмкіндік беретін табыс алу қажет.
Экономикалық тұрақтылықтың мәні қалыптастыру көздерімен қорлар мен
шығындардың қамтамасыздығы болып табылады.
Кәсіпорындар жұмысының нарықтық шарттарына өтуден бастап, оның
экономикалық жағдайының тұрақтылығы туралы және оны сауықтыру жолдарын
іздеу мәселесі үлкен рөлге ие.
Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығына көптеген факторлар әсер етеді.
Олар келесідей жіктелінеді:
1) пайда болу орны бойынша – сыртқы және ішкі;
2) нәтиженің маңыздылығы бойынша – негізгі және жанама;
3) құрылымы бойынша – жай және күрделі;
4) қызмет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінде жұмысты ұйымдастырудан тәуелді
болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның ерігіне тәуелсіз. Негізгі ішкі
факторларды қарастыруға болады. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең алдымен өндіріс
шығындарымен тығыз байланыста шығарылатын өнім мен көрсетілетін
қызметтердің құрамы мен құрылымынан тәуелді болады. Тұрақты мен өзгермелі
шығындар арасында ара қатынас маңызды болады.
Шығарылатын өнім түрлері мен өндіріс технологиясымен тығыз байланысты
болатын кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығының маңызды факторы
активтердің оптималды құрамы мен құрылымы, сонымен қатар оларды басқару
стратегиясының дұрыс таңдауы болып табылады. Ағымды активтерді басқару
өнері ағымды оперативтік қызмет үшін қажетті өтімді қаражаттардың минималды
қажет сомасын кәсіпорынның шоттарында ұстауында көрінеді.
Экономикалық тұрақтылықтың маңызды ішкі факторлары қаржы ресурстардың
құрамы мен құрылымы, оларды басқарудың стратегия мен тактикасын дұрыс
таңдау болып табылады. Кәсіпорында меншік қаржы ресурстары, ең алдымен таза
табыс неғұрлым көп болса, соғұрлым кәсіпорынның дамуы тұрақты болады. Бұл
кезде таза табыстың жалпы мөлшері ғана емес, сонымен қатар оны бөлу
құрылымы, әсіресе оның өндірісті дамытуға бағытталған үлесі маңызды болады.
Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығына үлкен әсерін қарыздық
капиталдар нарығында қосымша шоғырланған қаражаттар тигізеді. Кәсіпорын
неғұрлым көп ақша қаражаттарды тарта алса, соғұрлым оның экономикалық
мүмкіндіктері көп болады, алайда экономикалық тәуекел де артады. Мұнда
үлкен рөлді кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің қаржы кепілдігі
нысандарының бірі болып резервтер ойнайды. [4]
Жоғарыда көрсеткендерді жалпылай келіп, кәсіпорынның экономикалық
тұрақтылығына әсер ететін келесі ішкі факторларды бөлуге болады:
- кәсіпорынның салалық жатқызылуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) құрылымы, жалпы
төлем қабілеттілікті сұраныста оның үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындар көлемі, ақша табыстарымен салыстырғанда олардың динамикасы;
- қорлар және резервтер, олардың құрамы мен құрылымымен бірге мүлік
пен қаржы ресурстардың жағдайы;
- кәсіпорындарды басқарудың тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық қызметтің экономикалық шарттардың әсер
етуін, қоғамда билік ететін техника мен технологияны, төлем қабілетті
сұраныс пен тұтынушылар табыстарының деңгейін, ҚР Үкіметінің салықтық және
несиелік саясатын, сыртқы экономикалық байланыстарды және т.б. жатқызады.
Экономикалық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі кәсіпорынның төлем
қабілеттілігі болып табылады. Төлем қабілеттілік – бұл кәсіпорынның өз
міндеттемелерін жабу мүмкіндігі.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржы тұрақтылығының маңызды
критерийлерінің бірі болып табылады. Сондықтан да онымен тығыз байланыста
болады. Нарықтық экономика жағдайларында төлем қабілеттілікке көп көңіл
бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі – бұл кәсіпорынның өзінің
міндеттемелері бойынша төлемдерді уақытында жүзеге асыру дайындығы.
Бұл үшін кәсіпорынға төлем қаражаттарын иелену қажет, оларға бірінші
ретте есеп айырысу, валюталық және т.б. шоттарында бар ақшалар жатады.
Қарыздарды жабу үшін потенциалды қаражаттар болып қаражаттардың қалыпты
айналымы кезінде қолма-қол ақшаға айналуға тиісті болатын дебиторлық
берешек жатады.
Сонымен қатар қарыздарды жабу үшін қаражаттар болып кәсіпорында бар
болатын тауарлық-материалдық құндылықтар табылады. Оларды сату кезінде
кәсіпорын ақша қаражаттарды алады. Басқаша айтқанда, теория жүзінде
қарыздық қаражаттарды жабу кәсіпорынның барлық ағымды активтермен (айналым
қаражаттармен) қамтамасыз етіледі. Яғни теориялық түрде айтатын болсақ,
егер кәсіпорында ағымды активтер қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасынан
артық болатын болса, онда бұл кәсіпорын қарыздарды жабуға дайын. Алайда
егер кәсіпорын барлық ағымды активтерді қарызды жабуға бағыттайтын болса,
онда сол сәтте оның өндірістік қызметі тоқтатылады, өйткені кәсіпорында
өндірістің қаражаттарынан тек қана негізгі құралдар қалады, ал материалдық
айналым құралдарды сатып алуға ақша жоқ: олар толығымен берешекті төлеуге
кеткен.
Сондықтан ағымды активтердің сомасы ағымды міндеттемелердің мөлшерінен
анағұрлым артық болатын кәсіпорындар төлем қабілетті деп есептеуге болады.
Кәсіпорындарда қарыздарды жабу үшін ғана емес, сонымен қатар бір уақытта
өндіріс процесін үздіксіз іске асыру және өнімді сатуға қаражаттар болуы
тиіс.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау қаражаттардың бар болуы
мен түсуін бірінші реттегі қажетті төлемдермен сәйкес өлшеу жолымен
жүзеге асырылады. Ағымды және перспективті төлем қабілеттілікті
ажыратылады.
Ағымды төлем қабілеттілік балансты құру мерзіміне анықталынады. Егер
кәсіпорында жабдықтаушылармен банктік ссудалар және т.б. есеп айырысулар
бойынша мерзімі өткен берешегі болмаса, онда бұл кәсіпорын төлем қабілетті
болып саналады. [5]
Перспективті төлем қабілеттілік кәсіпорынның төлем қаражаттарының
сомасын осы мерзімге оның мерзімді міндеттемелермен салыстыру жолымен
нақты болашақты мерзімге анықталынады.
Төлем қабілеттілік төлем қабілеттілік коэффициенті арқылы белгіленеді.
Бұл коэффициент бар болатын ақша қаражаттары сомасының белгілі бір
мерзімге немесе болашақ кезеңге жедел төлемдер сомасына қатынас ретінде
көрсетіледі. Егер төлем қабілеттілік коэффициенті 1-ге тең немесе одан көп
болса, онда кәсіпорын төлем қабілетті болып есептелінеді. Егер коэффициент
1-ден төмен болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының
жетіспеушілігінің себептерін анықтау қажет.
Төлемдік қаражаттар сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі
көзқарастар бар. Ең қолайлысы төлем қабілетті қаражаттарға ақша
қаражаттары, қысқа мерзімді бағалы қағаздар жатады, өйткені олар тез
сатылып ақшаға айнала алады, сонымен қатар түсімі бойынша сенімі бар
дебиторлық берешектің бөлігі жатады. Ағымды міндеттемелер ағымды
пассивтерді қосады, яғни өтелуге тиісті міндеттемелер мен қарыздар: банктің
қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді займдар, кредиторлық берешек және
басқа да пассивтер. Төлемдік қаражаттардың ағымды міндеттемелерден артық
болуы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайды.
Төлем қабілеттілігі жоқтығы туралы есеп айырысу және банктегі басқа да
шоттарда ақшалардың болмауы, мерзімі өткен банкке несиелердің, займдардың,
қаржы органдарына берешектің бар болуы, еңбек ақы төлеу бойынша
қаражаттарды төлеу мерзімін бұзу сипаттайды. Ең нақты түрде төлем
қабілеттілік оны салыстыру түрде қысқа мерзім (апта, жарты ай) ішінде
талдау кезінде көрінеді.

1.2 Кәсіпорынның экономикалық мәні мен жіктелуі

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (экономикалық талдау) талдау деп
бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің
негізгі ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар:
акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді сондай-ақ сақтандыру ұйымдары
мен үкімет органдарын кәсіпорнның жұмыс жағдайы мен оның экономикалық
жағдайы және есеп кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру
үшін экономикалық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анқтамаларда басылып
шығатын экономикалық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте.
Субьетінің шаруашалақ қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму
бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкідік беретін
бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі –
басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік
құнының нормативтері туралы , сондай-ақ сапасының төмендегеніне немесе
тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден
тұратын қатан құпияландырылған , басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып
табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда
болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін
сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорнның жеке бөлімшелеріндегі
шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім
қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде
қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау
экономикалық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққы өту
кезеңінде кәсіпорнның экономикалық жағдайын бақылауда жаңа адамдар қажет.
[6]
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда
экономикалық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық
көрді. Бұл еңбектің авторлары кәсіпорнның экономикалық жағдайын және оның
жекелей көрсеткіштердің талдаудың әртүрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл
әдістемелердің көпшілігінде олрдың маңызды ерекшелігі болып тпбылатын,
кәсіпорнның экономикалық жағдайының жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық
талдауда.
Оңдаған жалдар бойы барлық басқару деңгейлерінде және кәсіпорнның
өзінде пайдаланып келген экономикалық жағдайды талдаудың қалыптасқан
әдәсәнәң, шаруашылық жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу жағдайында
және негізінен орталақтандырылған көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік
меншік үшін, сондай-ақ уақытша таратылған қаражаттарды (тұрақты пассивтер)
, айналым қаражаттарын және басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны
түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашалақ жүргізудің тиімділігіне бағытталған
басқарушылық шешімдерде қабылдауда кәсіпорнның дербестігін тежеп отырады
және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік қызметпен мүлдем үйлеспейді.
Бұрынғы қолданылп келген талдау әдістемесінде әртүрлі баптардың
мәндерін, баланс бөлімі мен топтарның жиындарын олрдың мөлшерлік
көлемдерімен салыстыру, мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұ ауытқулардың
кәсіпорнның экономикалық жағдайының тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу
шешуші роль атқарады. Жаңа экономикалық есептің маңызды ерекшеліктерінің
бірі – онда жоспарлық көрсеткіштер мен нормативтерді жоқтығы болып
табылады.Экономикалық жағдайды ішкі талдау әдістемесі, әрбір кәсіпорын
үшін тек потенциалды әріптестерін бағалау мақсатында ғана емес, сонымен
қатар экономикалық есепті сыртқыпайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан
алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет. [7]
Экономикалық талдаудың тәжірибесі экономикалық есепті оқудың негізгі
ережелерін қалыптастырады.Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп
қарастыруға.Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) экономикалық коэффициенттер әдәсі.
Көлденең (уақытша) талдау-есеп берудің әрбір позициясын өткен кезенімен
салыстыру.Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі
баптарының абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік
береді.
Тікелей (құрылымдық) талдау- әрбірбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды экономикалық көрсеткіштердің
құрылымын анықтау.Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштерге жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік
береді.Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы
құныңдағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді.Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп
позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке
кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді.Трендтің
көмегімен болшақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал
одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Экономикалық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек
таралған әдісі әр түрлі экономикалық коэффициенттерді пайдалану болып
табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке
қатынасы ретінде көрсетеді.Экономикалық коэффициентітерді есептеу
баланстың жеке баьтарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген.
Олар кәсіпорынның экономикалық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін
алғашқы база болып табылады және де олар талдау жүргізушіге жасырын
құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасында өзара
математикалық қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коәффициенттерді талдаудың пайдалылығы
оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл- қатынасты талдаудың ең
қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы
факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы әкономикалық
жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар. Қатынастарды үлкен
байыптылықпен талдау қажет, өйткені тек бір ғана фактор алымына да,
бөліміне де әсер етуі мүмкін. Қатынасты талдау болашаққа бейімделуі тиіс.
[8]
Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың да қажеті жоқ, себебі
олардың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып
табылмайды. әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған
шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер
етеді, жекелеген кәсіпорныдардың ерекешеліктері орташа салалық мәліметтер.
Сондай-ақ, өткен жылдардағынақты қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз болуы
немесе оның сол өткен жылдар жағдайы үшін қолайлы болып , бірақ қазіргі
және болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуі әсер етеді.
Экономикалық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер негізінде жүргізудің
шетелдік тәжірибесін механикалық түрде көшіріп алу, көп жағдайда тиімсіз ,
себебі бұл жағдайда біздің кәсіпорындардың өз ерекшеліетеріне назар
аударылмайды. Нәтижесінде бір көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы туралы
берілген кеңестер кейбір кезде расталмайды. Дегенмен, экономикалық
жағдайды талдау барысында салыстырмалы көрсеткіштерді зерттеу қажет болады,
себебі ол болып жатқан жағдайларды түсінуге және де оларды тек ағымдағы
мезетте ғана емес, сонымен қатар болашақта да дұрыс бағалауға мүмкіндіктер
береді. әлдеқайда кең таралған және зерттелген көрсеткіштерге мыналар
жатады: өтімділік, экономикалық тұрақтылық, табыстылық және іскерлік
белсенділік.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау – бұл фирмалардың еңшілес
фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ
берілген фирманың көрсеткіштерін орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар
бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық
талдау болып табылады.
Факторлық талдау – бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке
тигізетін әсерін зерттеудің детермендік немесе реттелмеген тәсілдер
көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді
оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде – тура , ал оның жеке элементтерін
жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол кері болуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, экономикалық жағдайды талдауда
экономикалық (элиминерлеу, баланстық үйлесу ) , сондай-ақ экономикалық және
математикалық статистиканың (топтау, орташа және салыстырмалы шама,
графиктик және индекстікәдістер, корреляция, регриссия ) дәстүрлі тәсілдері
қолданылады. Белгілі бір экономикалық ғылым шегінде жасалған түрлі әдістер
мен тәсілдерді іскерлікпен пайдалану кәсіпорнның экономикалық жағдайына
терең талдау жасауға және шаруашылық субьектісінің экономикалық
тұрақтылығын нығайтуға, жағдайын жақсартуға байланысты ұсыныстарды
дайындауға мүмкіндік береді.
Айта кеткен жөн, кәсіпорнның экономикалық жағдайына талдау жүргізудің
дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерртеулердегі
авторлардың ұсыныстары оқырмандардың назарын аударады.
Жалпы редакциясын В.И. Стражева басқарған, Беларусь Республикасының алдымен
оның активтері мен пассивтерін талдаудың жағдайын талдауды бастау
ұсынылады, содан кейін кәсіпорнның төлеу қабілеті мен экономикалық
тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның
қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.
О.В. Ефимов өзінің (Экономикалық жағдайды қалай талдау керек деген
еңбегінде талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды
міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорнның төлеу қабілеті мен
өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мүліктік массаның
құрылымын бағалаудан бастайды. [9]
И.М.Лоханина мен 3.К.Золкина алдымен есеп беруді құрастырудың са-пасын
тексереді, содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде кәсіпорын-ның
қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік жағдайына және
оның қалыптасу көздеріне, экономикалық дербестігіне және талдау қабілетті-
гіне тереңдетілген талдау жасайды.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы әдістемесін А.Д. Шеремет
пен Р.С. Сайфуллин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады:
экономикалық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі;
кәсіпорынның қаржлық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау;
кәсіпорнның іскерлік белменділігін және төлеу қабілетін талдау. [10]
В.А. Андреев және В.В. Ковалев кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға
байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады:
экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты
- бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және экономикалық жағдайын
бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көр-некті және
жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының
динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі. [11]
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдаудың бөлек тәртібін
кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты - шаруашылық
субъектісінің қар-жылық жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңде
қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорының болашақтағы даму мүмкіндіктеріне
соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі
аудитордың өзі-нің ықыласына байланысты. Қорыта айтқанда, кәсіпорынның
қаржы жағдайын талдауда аудиторлық түрлі әдістер мен тәсілдерді қолдануға
еркі бар. Оларды ұтымды пайдаланып, осы талдауды жүргізудің дәйектілігіне
байланысты дұрыс әдісті таңдай отырып, аудитор экономикалық жағдайға
терең, жан-жақты әрі ке-шенді талдау жүргізе алады, сондай-ақ объективті
және анық баға береді, қаржылы-тұрақтылықтың нығаюы мен кәсіпорынның
табыстылығының өсуі жөнінде ұсыныстар дайындайды
Кәсіпорынның экономикалық жағдайы – шеңбер айналымы үрдісінде
капиталдың жағдайын бейнелейтін және белгілі бір мерзімде шаруашылық
субъектісінің өзін өзі дамытуын көрсететін экономикалық категория.
Кәсіпорынның экономикалық жағдайы субъектінің даму тенденциясын, оның
бәсекелестер арасындағы оның жағдайын бейнелейді. Экономикалық жағдайды
бағалау үшін бірнеше жылғы экономикалық жағдайын анықтау қажет. Ол
экономикалық ресурстардың қамтамасыз етілгендігімен, оларды мақсатқа сай
орналастырумен, басқа жеке және заңды тұлғалардың экономикалық қарым
қатынасымен, төлемқабілеттілігімен және экономикалық тұрақтылығымен
сипатталады.
Экономикалық жағдайды талдау төмендегілерден тұрады: экономикалық
есептілік негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігі, кәсіпорынды банкрот
болудан сақтау мақсатында кәсіпорынның төлемқабілеттілігін анықтау,
қаражаттарды кәсіпорынға инвестициялауды бағалау, оның акцияларын сатып
алу.
Талдаудың негізгі мақсаты – экономикалық қызметтегі кемшіліктерін дер
кезінде анықтау және жою, сонымен қатар кәсіпорынның экономикалық жағдайын
және оның төлемқабілеттілігін жақсарту. Бұл жағдайда келесідей міндеттерді
шешу қажет: [12]
- әртүрлі өндірістік, коммерциялық және экономикалық қызметтің
көрсеткіштері арасындағы байланысты зерттеу негізінде экономикалық
құралдардың түсуі бойынша және кәсіпорынның экономикалық жағдайын
жақсартуға оларды пайдалану бойынша жоспардың орындалуына баға беру;
- мүмкін экономикалық нәтижелерін, экономикалық рентабельділікті,
меншіктік және қарызға алынған құралдардың қолда барын болжау;
- экономикалық құралдарды тиімді пайдалануға және кәсіпорынның
экономикалық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған арнайы шараларды
құрастыру қажет;
- экономикалық жағдайдың жалпы бағалауы және оның есеп беру кезеңі
ішіндегі өзгерісі;
- активтер мен оларды қалыптастыру көздері арасындағы сәйкестікті
зерттеу, оларды бөлу тиімділігі мен қолдану тиімділігі;
- айналым капиталының шамасын, оның өсімділігін (кемуін) және ағымды
міндеттемелермен қатынасын анықтау;
- экономикалық -есептік және несиелік тәртіпті сақтау;
- кәсіпорын активтері мен міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымды активтердің айналымдылығын есептеу, оның ішінде дебиторлық
берешек пен запастарды есептеу;
- баланс өтімділігін, экономикалық тұрақтылықтың абсолютті және
салыстырмалы көрсеткіштері мен кәсіпорынның төлем қабілеттілігін
анықтау;
- кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерін және олардың
деңгейіне әсер ететін факторларды есептеу;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның экономикалық жағдайының тұрақтылығын ұзақ мерзімді
және қысқа мерзімді болжауы, яғни оның экономикалық стратегиясын
дайындау.
Кәсіпорынның экономикалық жағдайын талдау негізінен салыстырмалы
көрсеткіштерге негізделеді, себебі инфляция жағдайындағы баланстың нақты
көрсеткіштерін салыстыру қиынға соғады. Талданып жатқан кәсіпорынның
экономикалық жағдайының салыстырмалы көрсеткіштерін банкроттық
мүмкіндіктерін болжау және тәуекелдік деңгейін бағалау үшін жалпы
қабылданған нормалармен, басқа кәсіпорындардың сәйкес мәліметтерімен
салыстыруға болады. Экономикалық жағдайды талдаумен тек қана басшылары мен
кәсіпорынның арнайы қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар оның
құрылтайшылары, ресурстарды қолданудың тиімділігін зерттеу мақсатында
инвесторлар, несиелеу шарттарын бағалау және тәуекел деңгейін анықтау үшін
банктер, төлемдерін уақытында қайтару үшін жабдықтаушылар, қаражаттардың
бюджетке түсу жоспарын орындау үшін салық инспекциясы айналысады.
Осыған байланысты талдау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі талдауды кәсіпорын қызметкерлері жүргізеді, оның нәтижелері
жоспарлау, бақылау және экономикалық жағдайды болжау мақсатында
қолданылады. Оның мақсаты - экономикалық қаражаттардың жоспар бойынша
түсуін қамтамасыз ету, ең көп пайда алу үшін меншіктік және қарызға алынған
қаражаттарды тиімді орналастыру.
Сыртқы талдауды жарияланатын есептілік негізінде бақылау органдары,
жабдықтаушылар, инвесторлар жүргізеді. Оның мақсаты - неғұрлым көп пайда
алуды қамтамасыз ету үшін қаражаттарды тиімді орналастыру мүмкіндігін
бекіту. [13]
Сыртқы талдау келесідей ерекшеліктерге ие:
- талдау субъектілерінің, кәсіпорынның қызметі туралы ақпаратты
пайдаланушылардың көп болуы;
- талдау субъектілерінің мүдделерінің және мақсаттарының әртүрлі болуы;
- есеп стандарттарының, типтік әдістемелердің болуы;
- талдауды тек сыртқы есептілікте қолданылуындағы міндеттердің
шектеулілігі;
- кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттарды қолданушылар үшін талдау
нәтижелерінің ашықтығы.
Кәсіпорын бір-бірімен байланысты бірнеше топтардан тұратын күрделі
құрылым. Құрамдас топтарының ішінен бөліп көрсетуге болады:
- негізгі – кәсіпорынның табысына тікелей мүдделі топтар, себебі
олардың табысы кәсіпорынға тәуелді. Бұлар кәсіпорын қожайындары,
инвесторлар, қарыз берушілер, басшылар, жабдықтаушылар, сатып алушылар,
салық органдары.
- негізгі емес – кәсіпорын табысына тікелей мүдделі емес топтар. Бұлар
сақтандыру компаниялары, аудиторлық фирмалар және т.б.
Экономикалық жағдайды бағалау үшін кәсіпорын қызметкерлері талдау
әдістемелерін білу қажет. Ғылыми әдебиеттерде экономикалық жағдайды
талдауға қатысты ортақ әдістеме жоқ. Дүйсембаев К.Ш. келесідей сатыларды
ұсынады:
- баланс активтерінің құрылымын және өсуін талдау;
- баланс активтерінің құрылу көздерінің құрылымын, құрамын және өсуін
талдау;
- баланс өтімділігін талдау;
- кәсіпорынның төлемқабілеттілігін талдау;
- кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдау.
Шеремет В.Д. экономикалық жағдайды талдауды бөлшектеп
қарастырады:
- бухгалтерлік баланс баптарының құрылымын және өсуін бағалау;
- экономикалық тұрақтылығын талдау;
- баланс өтімділігін талдау;
- экономикалық көрсеткіштерді талдау;
- төлемқабілетсіз кәсіпорынның балансының қанағаттанарлықсыз құрылымын
бағалау әдістемесі;
- пайданың, айналым капиталы қозғалысының және ақша қаражаттарының
ағымының өзара байланысын талдау. [14]
Любушин Н.П. келесі сатыларды қарастырады:
- кәсіпорын балансының актив құрылымының өзгерістерін талдау;
- кәсіпорын балансының пассив құрылымын талдау;
- кәсіпорынның экономикалық жағдайының көрсеткіштерінің жиынтығы және
оларды анықтаудың әдістері;
- баланс өтімділігін талдау.
Өзінің талдау сызбаларын Половинкин С.А., Балабанов И.Т. , Коровин А.В.
және басқа да авторлар ұсынған.
Біздің пікірімізше, талдауды келесі сызба бойынша жүргізген жөн:
- бухгалтерлік баланс активтерін талдау;
- баланс активтерінің құрылу көздерін талдау;
- кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығын талдау;
- кәсіпорынның төлемқабілеттілігін және баланс өтімділігін талдау;
- субъектінің іскерлік белсенділігін және рентабельділігін талдау;
- кәсіпорынның банкроттық ықтималдығын анықтау.
Активтер – бұл, шын мәнінде, өзінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру
мақсатында кәсіпорын иелігіндегі мүліктер. Активтерді талдауға оның
құрылымын және өсуін талдау кіреді. Пассивтің құрылымын және өсуін талдау
кәсіпорынның өз қызмет етуінде пайдаланатын құралдарының құрамы туралы
мәлімет береді.
Кәсіпорынның экономикалық тұрақтылығы – бұл шаруашылық субъектісінің
қызмет етуге және дамуға, өзінің активтері мен пассивтерінің теңдігін
сақтауға қабілеттілігі. Кәсіпорынның тұрақты экономикалық жағдайы нарықтық
экономика жағдайында үлкен мәнге ие.
Өтімділікті талдау үшін ең алдымен активтің, баланстың, кәсіпорынның
өтімділігінің не екенін анықтау қажет. В.В.Ковалев кез келген активтің
өтімділігі деп оның ақшаға айналу қабілеттілігін түсінеді. Өтімділік
деңгейі осы айналу жүзеге асырылатын уақыт кезеңінің ұзақтығымен
анықталады. Кезең қысқа болған сайын осы активтің өтімділігі жоғары. Бұл
қорытындылар профессор А.Д.Шереметтің қорытындыларымен сәйкес келеді:
активтің ақшаға айналуына аз уақыт кеткен сайын оның өтімділігі жоғары
болады. [15]
Ван Хорн ДЖ.К. өтімділік – бұл ақшаға тез айналатын активтер деп
көрсетті.
Кәсіпорынның өтімділігі - бұл баланс өтімділігіне қарағанда жалпы
ұғым. Баланс өтімділігі төлем қаражаттарын ішкі көздері есебінен жүзеге
асырады. Бірақ кәсіпорын қарыз қаражаттарын сырттан әкелуіне болады.
Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі экономикалық тұрақтылықтың негізгі
белгісі болып табылады. А.Д.Шеремет кәсіпорынның төлемқабілеттілігі деп дер
кезінде техникамен және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын
қанағаттандыру, несиені қайтару, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу,
бюджетке төлемдерді төлеу қабілеттілігін түсінеді.
Ағымдық және күтілетін төлемқабілеттілікті айырады. Ағымдағы
төлемқабілеттілік баланстың құрылу күнімен анықталады. Күтілетін
төлемқабілеттілік төлем құралдары сомасын осы күндегі жедел
міндеттемелермен салыстыру жолымен кез келген белгілі күнге анықталады.
Сонымен қатар талдау толық болу үшін кәсіпорынның балансының
көрсеткіштерінің айналымын, сонымен қатар оның рентабельділігіне талдау
жүргізу қажет.
Талдау үшін ақпараттың негізгі көзі болып кәсіпорынның экономикалық
есептілігі қызмет етеді. Сондықтан экономикалық есептіліктің құрамын және
оны құру негіздерін жақсы білу қажет.
Есептілік деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі экономикалық шаруашылық
қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз.
Экономикалық есептілік ұйымның экономикалық жағдайы туралы,
қызмет нәтижелері және экономикалық жағдайындағы өзгерістер туралы
ақпараттарды көрсетеді.
Қазақстанның кәсіпорындарының экономикалық есептілігі есептіліктің
халықаралық стандарттарына сәйкес келеді және өзіне бухгалтерлік
баланс, шығындар мен табыстар туралы есепті, ақша қозғалысы туралы
есепті, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепті, есеп саясаты
туралы ақпаратты және түсіндірме хатты біріктіреді.
Экономикалық есептілік көптеген қолданушылардың жалпы
қажеттіліктерін қанағаттандырады. Алайда экономикалық есептілік
пайдаланушыларға экономикалық шешімдер қабылдау үшін қажет ақпаратпен
қамтамассыз ете алмайды, себебі ол негізінен өткен кезеңдердің
нәтижелерін көрсетеді.
Экономикалық есептілік сонымен бірге ресурстар үшін басшылықтың
жауапкершілігін немесе кәсіпорын басшылығының қызметінің нәтижесін
көрсетеді. Басшылықтың қызметін немесе жауапкершілігін бағалағысы келген
пайдаланушылар мұны экономикалық шешім қабылдау үшін істеуі мүмкін.
Мұндай шешімдерге, мысалы, кәсіпорындағы инвестицияны сақтап қалу
немесе несие туралы шешімдер немесе басшылықты қайта тағайындау
туралы шешімдер жатады. [16]
Экономикалық есептілікті пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық
шешімдер кәсіпорынның ақша қаражаттарын және олардың эквивалентін
құруға, сонымен қатар оларды құрудың өз уақытында болу қабілеттігін
бағалауды талап етеді. Бұл қабілеттілік, мысалы кәсіпорынның өз
жұмысшыларына, жабдықтаушыларына төлеу қабілеттігін, пайыздарын
төлеуін қамтамасыз етуін, қарыздарын өтеуін және өз құрылтайшылары
арасында пайданы үлестіруін анықтайды. Пайдаланушылар кәсіпорынның
ақша қаражаттарының және оның эквивалентін құруға қабілеттігін, егер
олар кәсіпорынның экономикалық жағдайының өзгерістері мен
нәтижелері туралы ақпараттармен қамтамасыз етілген жағдайда жақсы
бағалай алады. Кәсіпорынның мүлкі және экономикалық жағдайы туралы
ақпараттық мәліметтерді уақытында жеткізіп беріп отыратын ақпараттық
мәліметтің негізгі қайнар көзі - бухгалтерлік баланс (баланстық есеп).
Кәсіпорынның қызметінің нәтижесі туралы ақпарат негізінен табыстар
мен шығындар есебінде келтіріледі. Экономикалық жағдайдың өзгерісі
туралы ақпарат есептіліктің жеке нысанының (меншікті капиталдағы
өзгерістер) көмегімен экономикалық есептілікте көрсетіледі.
Экономикалық есептіліктің құрамдас бөліктері бір - бірімен
байланысты, себебі олар операцияның бір түрінің әр түрлі
аспектілерін бейнелейді. Алайда есептіліктің әр нысаны бір – бірінен
өзгеше ақпаратты көрсетеді, олардың ешқайсысының бір – бірімен мәні
сәйкес келмейді және пайдаланушылардың нақты қажеттіліктерін
қанағаттандыруға тиіс барлық ақпаратты бермейді. Мысалы, табыстар
мен шығындар туралы есеп, егер баланс пен және экономикалық
жағдайының өзгерісі туралы есеппен бірге қолданылмаса, кәсіпорынның
қызметінің нәтижесі туралы толық бейнені бермейді. Экономикалық
есептілік сонымен бірге ескертулер (түсіндірме хат), қосымша
материалдар және басқа да ақпараттан тұрады. Мысалы, ол
пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін маңызды
баланстық және табыс пен шығын есебінің бабтары туралы қосымша
ақпаратты беруі мүмкін. Ол кәсіпорынға әсер ететін тәуекелдерді
және баланста бейнеленбеген кез келген ресурстар (мысалы, пайдалы
қазбалар қорлары) мен міндеттемелерді ашып көрсету мүмкін.
Географиялық және өндірістік сегменттері туралы және кәсіпорынға баға
ауытқуының әсері туралы ақпаратта қосымша ақпарат ретінде ұсынылуы
мүмкін. Кәсіпорынның экономикалық жағдайы туралы толығырақ ақпарат
беру үшін Экономикалық есептілікті ұсыну бірінші экономикалық
есептіліктің халықаралық стандарты қолданылады. №1 халықаралық
экономикалық есеп беру стандарты Экономикалық есептіліктің
халықаралық стандартына сәйкес құрылатын және ұсынылатын экономикалық
есептіліктің барлық нысандарын ұсынуда қолдануы тиіс.
№1 ХҚЕБС – та былай делінген: Экономикалық есептілік олардың
нақты ақпараттық сұраныстарына жауап беретін есептілікті талап ету
мүмкіндіктерін жоқ пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға
арналған. Ол кәсіпорындардағы жеке немесе құжаттық бөлім ретінде
ұсынылатын есептін нысандарын біріктіреді.
Экономикалық есептіліктер – ақшалай өлшемдер шаруашылық
бірліктерінің үлгісі. Жоғарыда айтылғандай экономикалық есептіліктің
толық жинағы өзіне келесі компоненттерді біріктіреді: бухгалтерлік
баланс, табыс және шығыс туралы есептілік, меншікті капиталдың
өзгерісі туралы есептілік, ақша қозғалысы туралы есептілік саясаты
және түсіндірме хат.
Бұл есептіліктер көптеген теңдеулермен байланысты. Бухгалтерлік
баланс белгілі бір мерзімге мысалы, есепті кезеңнің аяғына
кәсіпорынның экономикалық жағдайын бейнелейді. Баланс кәсіпорынды
активтердің иесі ретінде сипаттайды. Активтер - өткен кезең оқиғалары
нәтижесінде кәсіпорын бақылап отыратын және болашақта экономикалық
пайда күтілетін ресурстар. Активтердің үш негізгі сипттамасы бар:
- ақша қаражаттарының немесе оның эквиваленттерінің құрылуына
тікелей немесе жанама салынатын болашақтағы экономикалық пайданы
береді;
- кәсіпорынның осы болашақ экономикалық пайдаларды бақылап
отыруға қабілеттілігі бар;
- өткен уақыттардағы келісімдердің және басқа оқиғалардың нәтижесі
болып табылады. [17]
Актив төмендегідей жағдайларда қысқа мерзімді деп жіктелінуі
тиіс:
- оларды өткізуге немесе сату үшін ұсталынады немесе компанияның
операциондық қызметінде пайдаланылады.
- ол қысқа мерзім ішінде коммерциялық мақсатта ұсталынады және
оны есептік кезеңнен 12 ай ішінде өткізу жоспарланады.
- ол оны қолдануға мен қойылмаған ақшалай қаражаттары және оның
эквиваленттері түріндегі актив болып табылады.
Барлық қалған активтер ұзақ мерзімді деп есептелінуі тиіс.
Міндеттемелер - өткен кезең оқиғаларынан пайда болған және
экономикалық пайда әкелетін кәсіпорын ресурстардың ағымына әкелетін
кәсіпорынның берешегі. Міндеттемелер 3 негізгі сипаттамаға ие:
- активтердің ағымы немесе қызмет ұсыну түрінде төлеуге әкелетін
міндеттер;
- міндеттемелерді орындау кәсіпорын үшін міндетті болып табылады.
- өткен кезеңдегі келісімдер нәтижесі болып табылады.
Міндеттемелер қысқа мерзімді деп жіктелінуі тиіс, егер де:

- оны компанияның операциондық кезеңінің қалыпты жағдайында өтеу
көзделінсе;
- оны өтеу есепті кезеңнен бастап 12 ай ішінде көзделінсе.
Меншікті капитал – оның барлық міндеттемелерін шегеруден кейін
қалған кәсіпорынның активтерінің бөлігі, яғни меншікті капитал – бұл
құрылтайшылардың фирмадағы үлесі. Ол қалдық үлес болып табылады,
себебі фирмалың міндеттемелерді шегеруден кейін қалған сомманы
көрсетеді. Меншікті капитал акционерлік капитал және бөлінбеген
пайдадан тұрады.
Шешім қабылдайтын пайдаланушыға көмек ретінде баланс баптары
әдетте жалпы сипаттамаларға сәйкес топталады. Мұндай топтау
баланстың әр элементтерінің атауына сәйкес келеді, активтер,
міндеттемелер және меншікті капитал. Әр элементтердің атауына сәйкес
баптар кіреді.
Балансты құрудың пайдалылығы мынада: баланс көптеген экономикалық
коэффициенттерді есептеу үшін негіз болып табылады. Баланс сонымен
бірге өндірістік кәсіпорынды және жаңа өндірістерді игерудегі оның
саясатын бағалауға, активтерін бағалауға мүмкіндік береді.
Алайда кейбір шектеулер бар. Баланста активтер танылған. Барлық
құндары ағымдық болып табылмайды. Ақша қаражаттарының құндары
ағымдағы болып табылады, бірақ ғимараттардың және құрал жабдық
сияқты баптардың құндары өткен кезеңдегі құны болып табылады.
Осыдан басқа баланс көптеген қосылған сомалардан тұрады (алдағы
кезең шығындары, жинақталған тозу). Кейбір міндеттемелер де қосылған
болып табылады. Мысалы, табыс салығы. [18]
Табыстар мен шығындар туралы есепті көбінесе экономикалық
шаруашылық қызметтердің нәтижесі туралы есеп деп атайды. Ол есепті
кезеңнің басындағы баланс пен есепті кезеңнің соңындағы балансты
байланыстырушы буын ретінде қызмет етеді. Шешім қабылдаушы
тұлғалардың пікірінше, табыс және шығын есебі ағымдағы пайданы алу
туралы ақпараттардың бастапқы көзі болып табылады. Инвесторлар,
кредиторлар, инвестиция саласындағы бухгалтерлік – аналитиктер және
басқа да мамандар бұл ақпаратты пайданы және ақша қаражаттарының
қозғалысын болжау үшін қолданады. Табыстар мен шығындар есептілігіне
қандай баптар кіру керектігі туралы бірыңғай пікір жоқ, сонымен
қатар табысты қашан мойындау керектігі туралы да әр түрлі пікірлер
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның өндірістік құрылымы
Кәсіпорынның инновациялық қызметіндегі контроллингтің рөлі
Кәсіпкерліктің нарық жағдайындағы дамуының теориялық аспектілері
Қаржылық жоспарлау және болжау
Қаржылық менеджменттің механизмі
Персоналды басқару методологиясы
Кәсіпорынның қызметкерлерін баскару
Персоналды басқару жүйесі туралы
Менеджменттегі жігерлендіру туралы
Қазіргі заманғы менеджменттің қалыптасу тарихы мен дамуы
Пәндер