Халықаралық сауданың жан-жақты жүйесі



Кіріспе

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ ЖАН.ЖАҚТЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ.

1.1 Халықаралық сауда теориясы

1.2 ДСҰ.ның даму тарихы

1.3 ДСҰ әрекеттерінің басты қағидалары

ІІ. ҚР.НЫҢ ДСҰ.ҒА КІРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

2.1 Қазақстан экономикасының ғаламдануы мен ДСҰ.ға кіру жолындағы мәселелер

2.2 ҚР.ның ДСҰ.ға кіруіндегі шетел тәжірибесін талдау

2.3 ҚР.ның ДСҰ.ға кіруінің нақты салаларға әсері

ҚОРЫТЫНДЫ
Халықаралық сауда – мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бәрақ тек ХХ ғасырда ғана жүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі дүниежүзілік еңбек бөлісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне және олардың табиғи-географиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.
Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрлымына тәуелді. Егер ХІХ ғасырда айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгң уақытта шикізаттың дүниежүзілік экспорттағы үлесі 3/5-пен 1/3-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп бұйымдарының үлесі 2/3 өсті. Құрастырмалы бұйымдар мен қосымша бөлшектер айырбасы артты, экспорт тез қарқынмен дамыды; мысалға машиналардың түйіндерін құрастыру және басқа да құрал-жабдықтар мен халық тұтынатын техниканы жасау жұмыстарын айтуға болады.
Казіргі уақытта халықаралық айырбас өндірісіне ғылыымитехникалық жетістіктен айырбасы қосылады (лицензиялар және ноу-хаулар мен сауда жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10%-ін құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда-саттық жедел өсіп отыр. Егер 1990 жылы лицензиялардың дүниежүзілік экспорттағы көлемі 2,4-2,7 млрд. доллар болса, 80-жылдардың екінші жартысында бұл сан жылына 17 млрд. доллардан асты.
Халықаралық сауда объектілерінің қатарына казіргі уақытта жобалау жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға алу); инжиниринг (инженерлік-құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалынған келісімдер) жатады.
Халықаралық сауда "жаңа индустриалды елдер" (Гонконг, Онтүстік Корея, Сингапур, Тайвань) үлкен роль атқара бастады. Бұл елдердің экспорттында өнеркәсіптік тауарлардың алатын орны елеулі және олардың дүниежүзілік экпорттағы үлесі 1960-1985 жылдары 2 еседен асып түсті. Тарихи тұрғыдан алғанда дүниежүзілік рыноктағы бәсекелік күресте ұлттық мүддені қорғаудың әр түрлі мемлекеттік формалары бар. ХV-ХІІІ ғ. ғ. негізгі экономикалық теория ретінде меркантилизм үстем болған кезде мемлекеттер экспортты ынталандыру және импорт тауарларын шектеу шараларын, яғни қатаң протекционизмді қолданады. Ұлттық өнеркәсіп өнімдеріне тиімді жоғары кеден бажын енгізу арқылы белгілі бір тауар түрлерін сатуға, мемлекеттік монополия арқылы ақшалай байлықты арттыруға ұмтылды.
1. Байгісиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы – А.: Санат.-1998,192 б.
2. Елемесов Р.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы – А.: Қазақ университеті. – 2002, 389 б.
3. Киреев А. Международная экономика. – М.: Международные отношения. – 1999, 480 б.
4. Буглай В.Б., Ливенцев Н.Н. Международные экономические отношения. – М.: Финансы и статистика. – 1996, 153 б.
5. Жаңа әлемдегі Қазақстан – 2007.
6. Индустриалдық- инновациялық стратегия. – 2007
7. Мырзахметова А.М. Казахстан и Всемирная Торговая Организация (ВТО) в условиях глобализации современного мира// Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық болжау мәселелері. – А.: Қазақ университеті. – 2001, 230-235 б.
8. Арыстанбеков К.Т. На пути вступления Казахстана в ВТО серьёзные преграды есть//Аль-Пари, №2. – 2005, 3-9 бет.
9. Абдрахманова Г.А. Вступление Казахстана во Всемирную Торговую Организацию: возможные последствия для финансового рынка Казахстана// ҚазҰУ хабаршысы, №5 (39). – 2003, 77-84 бет.

Мазмұны

Кіріспе

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ.

1.1 Халықаралық сауда теориясы

1.2 ДСҰ-ның даму тарихы

1.3 ДСҰ әрекеттерінің басты қағидалары

ІІ. ҚР-НЫҢ ДСҰ-ҒА КІРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

2.1 Қазақстан экономикасының ғаламдануы мен ДСҰ-ға кіру жолындағы
мәселелер

2.2 ҚР-ның ДСҰ-ға кіруіндегі шетел тәжірибесін талдау

2.3 ҚР-ның ДСҰ-ға кіруінің нақты салаларға әсері

ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

Халықаралық сауда – мемлекеттер және ұлттық шаруашылықтар арасындағы
тауар және қызметтердің айырбасы. Ол ерте заманда қалыптасты, бәрақ тек ХХ
ғасырда ғана жүниежүзілік рынок формасына ие болды, өйткені оған негізінен
өнеркәсібі дамыған елдер ғана қатынасады. Халықаралық сауда қазіргі
дүниежүзілік еңбек бөлісіне, әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейіне
және олардың табиғи-географиялық жағдайларына сәйкес тауарлардың белгілі
бір түрлерін өндіруге маманданудың нәтижесі ретінде көрінеді.
Дүниежүзілік сауданың динамикасы мен құрылымы өндіргіш күштердің
дамуына, дүниежүзілік өндірістің құрлымына тәуелді. Егер ХІХ ғасырда
айырбаста көбінесе шикізат, азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп өнімдері ғана
болса, қазіргі кезде өнеркәсіп тауарларының үлесі, әсіресе машиналар мен
жабдықтардың үлесі елеулі түрде өсті. Соғыстан кейінгң уақытта шикізаттың
дүниежүзілік экспорттағы үлесі 35-пен 13-ке дейін кеміді, ал өнеркәсіп
бұйымдарының үлесі 23 өсті. Құрастырмалы бұйымдар мен қосымша бөлшектер
айырбасы артты, экспорт тез қарқынмен дамыды; мысалға машиналардың
түйіндерін құрастыру және басқа да құрал-жабдықтар мен халық тұтынатын
техниканы жасау жұмыстарын айтуға болады.
Казіргі уақытта халықаралық айырбас өндірісіне ғылыымитехникалық
жетістіктен айырбасы қосылады (лицензиялар және ноу-хаулар мен сауда
жасау), олардың үлесі халықаралық сауданың жалпы айналымының 10%-ін
құрайды. Технологиялық күрделі өнімдермен, лицензиялармен сауда-саттық
жедел өсіп отыр. Егер 1990 жылы лицензиялардың дүниежүзілік экспорттағы
көлемі 2,4-2,7 млрд. доллар болса, 80-жылдардың екінші жартысында бұл сан
жылына 17 млрд. доллардан асты.
Халықаралық сауда объектілерінің қатарына казіргі уақытта жобалау
жұмыстары, лизинг (жабдықтарды ұзақ мерзімді жалға алу); инжиниринг
(инженерлік-құрылыс жұмыстарын атқару үшін жасалынған келісімдер) жатады.
Халықаралық сауда "жаңа индустриалды елдер" (Гонконг, Онтүстік Корея,
Сингапур, Тайвань) үлкен роль атқара бастады. Бұл елдердің экспорттында
өнеркәсіптік тауарлардың алатын орны елеулі және олардың дүниежүзілік
экпорттағы үлесі 1960-1985 жылдары 2 еседен асып түсті. Тарихи тұрғыдан
алғанда дүниежүзілік рыноктағы бәсекелік күресте ұлттық мүддені қорғаудың
әр түрлі мемлекеттік формалары бар. ХV-ХІІІ ғ. ғ. негізгі экономикалық
теория ретінде меркантилизм үстем болған кезде мемлекеттер экспортты
ынталандыру және импорт тауарларын шектеу шараларын, яғни қатаң
протекционизмді қолданады. Ұлттық өнеркәсіп өнімдеріне тиімді жоғары кеден
бажын енгізу арқылы белгілі бір тауар түрлерін сатуға, мемлекеттік
монополия арқылы ақшалай байлықты арттыруға ұмтылды.
Бірақ қатаң протекционизм сыртқы сауданы қысқартын, ұлттық
экономикалардың оқшаулануына әкеп соқтырды. Сондықтан Ұлыбританиядағы
өнеркәсіптік төнкеріс елді еркін сауда (фритредерство) саясатына өтуге
мәжбүр етті. "Еркін сауда" саясатының негізін Д. Рикардоның салыстырмалы
шығындар теориясы қалады. Осы бағытты ұстанған Ұлыбритания жаңа рыноктарды
жаулап алып, дүниежүзілік экономикада жетекші орындарға ие болды. Кейінірек
басқа елдер де біртіндеп "еркін сауда" саясатына көше бастады.
Дүниежүзілік саудадағы тұрақсыздық экономикалық дағдарыстар ХХ
қасырдың басында бірқатар елдерді сауда протекционизмді саясатын қайта
өршітуге жетеледі, яғни дүниежүзілік рыноктың еркін дамуынан бас тартуға
итермеледі. Мұның өзі бұрыннан қалыптасқан мемлекетаралық сауда
қатынастарының бұзылуына әкеп соқты. Қазіргі кездегі протекционизм ішкі
рынокты ұлттық компанияларға қолайлы жағдайлар жасауға және оларды шетелдік
өндірушілер бәсекесінен қорғауға ұмтылады. Шеттен әкелінетін тауарлар
бағасына кеден салығын арттыру арқылы олардың ұсынысы шектеледі , сөйтіп
ішкі рыноктағы бәсекенің әлсіреуі нәтижесінде импорттық тауарлардың да,
отандық өндіріс өнімдерінің де бағалары шарықтап кетеді.
Халықаралық сауда – экономикалық қатынастарды реттеу үшін халықаралық
ұйымдар құрылды. Олардың қатарына ГАТТ, ЕАСТ, ЮНКТАД т.б. жатады.
ГАТТ – тарифтер мен сауда туралы басты келісім. Оған қатысушылардың
сауда қатынастары қабылданған нормалар мен ережелер негізінде айқындалады.
ГАТТ 1948 жылдан бастап әрекет етеді. Бұл ірі халықаралық ұйымдардың
шеңберінде сыртқы саудаға қатысты барлық проблемеларды талқылау үшін мүше
елдер арасында келіссөздер, консультафиялар, кездесулер өткізеді. ГАТТ-тың
толық құқылы мүлшерінің саны 1990 жылы 96-ға жетті.
ЕАСТ – Еуропалық еркін сауда ассоциациясы 1960 жылдан бастап жұмыс
істейді. Бұл ассоциацияға 6 Батыс Еуропалық елдер кіреді. ЕАСТ-тың негізгі
мақсаты өзара еркін сауда жағдайын қалыптастыру.
ЮНКТАД – БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы. Бұған 170-ке жуық
мемлекет, сондай-ақ көптеген халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына
және реттелуіне қолдау жасайды.

І. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ
1.1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ТЕОРИЯСЫ

Халықаралық экономикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған
нысанына сыртқы сауда жатады.Дүние жүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы
сауданың рөлі ерекше маңызды.
Американ ғалымы Дж.Сакстың пікірінше қандай да бір ел болмасын оның
экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты.Дүниежүзілік экономикадан
оқшауланып,ешқандай ел дені сау,жөні түзу экономика жасай алған жоқ.
Халықаралық сауда – еңбек бөлінісі негізінде әр түрлі елдердің тауар
өндірушілер арасында пайда болатын байланыстардың нысаны және олардың өзара
экономикалық тәуелділігі.
Ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен экономикада жүріп жатқан
құрылымдық өзгерістер,өнеркәсіп өндірісінің мамандануы мен кооперациялануы
ұлттық шаруашылықтардың қарым-қатынасын күшейтеді.Мұның өзі халықаралық
сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.
Халықаралық сауда дегеніміз – дүние жүзі елдері арасындағы төлемді,
жиынтық тауар айналысы.
ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары
қарқынмен жедел дами бастады.
Халықаралық сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар әсер етті:
1) халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалдаудың дамуы;
2) экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды
жаңартуға игі әсерін тигізген ғылыми-техникалық революция;
3) дниежүзілік рыноктағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;
4) тарифтер мен сауда туралы Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық
сауданың реттелуі;
5) көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып,кеден бажы төмендеп,
еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;
6) сауда-экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей
рыноктардың қалыптасуы;
7) сыртқы рынокқа бейімделген экономикасы бар жаңа индустриалды елдердің
пайда болуы т.б.1,27-28б.
Халықаралық сауданың теориялық түсінігін берудің алғашқы
талпыныстары мен осы бағыттағы ұсыныстарды жасау меркантелизм доктринасы
болып табылады.Ерте меркантелизм ХV ғасыр соңында пайда болып, ақшалай
байлықты көбейтуге ұмтылыстарға негізделген болатын.Ақша-қаражатты елден
шығармау үшін оларды шетке шығаруға тыйым салынды.Саудадан түскен ақшаға
шетелдіктер жергілікті өнімдерді сатып алуға тиіс болатын. Ерте
меркантилистер көзқарасы бойынша, мемлекет сыртқы рынокта көбірек тауар
сатып,азырақ сатып алуға тиіс болды.
Кеш меркантелизм ХVІ ғасырдың екінші жартысынан XVIII ғ. Ортасына
дейін дамыған. Оның негізгі қағидасы активті сауда балансының жүйесі болды.
Байлық сыртқы рыноктарда ақшаға айнала алатын тауарлардың артық мөлшерімен
сипатталады. Бұл тауардың артық мөлшері әкелінетін және шығарылатын
тауарлар арасындағы құндық айырмашылығынан шығады деп есетеліп, ол екі әдіс
арқылы қамтамасыз етілді:
1.Өз елінен өнімді шығару арқылы;
2.Делдалдық сауда (бір елде арзанырақ алып,басқа елде қымбатырақ
сату).
Меркантилизм - өндірістің тауарлық сипатына ерекше көңіл аудара
отырып, еуропалық ғалымдар зерттеген экономикалық ойдың бір бағыты.
2,45-46 б.
Өндіріс факторларының арақатынас теориясы.
ХІХ ғасырда еңбек теориясы әр түрлі өндіріс
факторлар теориялармен ығыстырыла бастағаннан бері, экономист-
неоклассиктер халықаралық сауданы да өндіріс факторлар теориясы арқылы
түсіндіре бастады. Бірақ халықаралық сауда теориясында шынайы жаңалықты тек
ХХ ғ. 20-жылдар ортасында швед экономисі Эли Хекшер мен оның шәкірті Бертил
Олин енгізді.Ол кейін Хекшер-Олин теориясы деп аталған, халықаралық
сауданың тізбектелген теориясын құрды.
Бұл теорияның басым бөлігі абсолютті салыстырмалы теориялардағы
жорамалдарға ұқсас.Айырмашылығы мынада: өндіріс факторларының арақатынасы
тек қана 2 елдің және тек қана 2 таңардың (бірі- еңбекті,екіншісі –
капиталды көп қажет етеді),бір емес екі өндіріс факторының (еңбек-L,
капитал- К) өмір сүруінен пайда болады. Өндіріс факторларының арақатынас
теориясының маңызды шарттары:жекелеген тауарлардың түрлі фактор
интенсивтілігі (белгілі бір тауар өндіріс шығынындағы әр түрлі факторлардың
салыстырмалы шығындары) фактор толықтылығы (елдің өндіріс факторларымен
салыстырмалы қамтамасыз етілгендігін анықтайтын көрсеткіш жатады) енді.
Леонтьев парадоксы.
Хекшер-Олин-Самуэльсон қорытындыларын қолдамаған атақты зерттеуді
1953 жылы американдық орыс Василий Леонтьев жариялады.
Леонтьев Хекшер-Олин шарттары іс жүзінде сақталмайтындығын
көрсетті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ ең бай және капиталы мол,
басқа мемлекеттермен салыстырғанда еңбек жалақысы жоғары ел болып саналған,
сондықтан теорияға сәйкес, ол капиталды көп қажет ететін тауарларды
экспорттауы керек еді. Бұл гипотезаны тексеру үшін, Леонтьев құны 1 млн.
доллар болатын экспорт тауары мен онымен бәсекелесетін жергілікті
тауарларды өндіруге қажетті еңбек күші мен капитал мөлшерін есептеді.Әрбір
өндірістің саласында бір өнім данасына еңбек пен капитал шығынын санады. Іс
жүзінде ол бір американдық импортты (КL)ім өндіруге қажетті еңбек пен
капитал арақатынасын, бір американдық экспорт ( КL )х өндіруге қажетті
еңбек пен капитал арақатынасымен салыстырды. Осы арақатынасқа сәйкес, егер
(КL)ім
(КL)х 1 мемлекет капиталы мол болып саналады,ал (КL)ім( КL)х.
1 орындалса еңбек күші мол болып саналады.Алынған нәтиже қарама-қарсы
болды, американдық импорттың капитал сыйымдылығы экспорттан 30 % асып
түсіп, ол АҚШ капиталы мол ел емес екендігін білдіріп, керісінше еңбек күші
мол ел екендігін көрсетті.Бұл теориядағы түсініктерге толық қайшы келді.
Леонтьев парадоксы – Хекшер – Олиннің Өндіріс факторларының
арақатынас теориясының іс жүзінде расталмағаны: еңбек күші мол елдер
капиталды көп қажет өнімді, ал капиталы мол елдер – еңбекті көп қажет
ететін өнімді экспорттады.
Майкл Портердің бәсекелестік артықшылықтар теориясы.
1991 жылы американ экономисі М.Портер Елдердің бәсекелестік
артықшылықтары атты зерттеуін жариялады. Осы тәсілдің бір алғышарты:
халықаралық рынокта елдер емес, фирмалар бәсекелеседі.Сыртқы рыноктағы
табысқа жету дұрыс таңдалған бәсекелестік стратегияға байланысты.
Бәсекелестік артықшылықтар стратегиясы.
М.Портер бойынша бәсекелестіктің негізгі бірлігі сала, яғни тауар
өндіретін және қызмет көрсететін және өзара тікелей бәсекелесетін бір топ
бәсекелестер болып табылады. Фирманың сала ішіндегі бәсекелестік
стратегияны таңдауына 2 басты жағдай әсер етеді:
1. Фирманың іс-әрекеті бәсеклестік ерекшеліктері бар.
Сала құрылымы. Сала ішіндегі бәсекеге бес түрлі фактор әсер етеді:
1) жаңа бәсекелестердің пайда болуы;
2) орнын баса алатын тауар немесе қызметтің пайда болуы;
3) жеткізушілердің саудаласу мүмкіндігі;
4) сатып алушылардың саудаласу мүмкіндігі;
5) бар бәсекелестердің арасындағы жарыс (бақталас).
Осы бес фактор саланың пайда көлемін анықтайды, өйткені олар бағаға,
фирма шығындарына, капитал болуына және т.б. жағдайларына әсер етеді.
2. Фирманың салада алатын позициялары (орны).
Фирманың саладағы позициясы ең алдымен иеленетін артықшылығымен
анықталады. Фирма тұрақты бәсекелестік артықшылыққа ие болса, өз
қарсыластарынан озады. Ол үшін:
1) Төменірек шығындар;
2) Тауарлар дифференциациясы (бөлшектеу).Фирманың тауардың жоғарырақ
сапасы немесе ерекше тұтыну қасиеттері, немесе сатудан кейінгі
қызмет көрсетудің кең мүмкіндіктері арқылы тұтынушы қажеттіліктерін
қанағаттандыру мүмкіндігі.
Фирманың сала ішіндегі позициясына әсер ететін тағы бір маңызды
фактор – бәсекелесу сферасы немесе фирманың сала шекараларында бағытталған
мақсаттар ауқымы. 2,45-62 б.

1.2. ДСҰ-НЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Сауда мен тарифтер бойынша Басты келісім (ГАТТ) 1947 жылы
халықаралық сауданы реттейтін глобалды ұйым ретінде құрылды.
ГАТТ құрылуының негізгі мақсаты халықаралық сауданың ашықтығы мен
қауіпсіздігін, төмендегідей жолдармен қамтамасыз ету болып табылған:
• Кедендік және басқадай саудалық шектеулерді жою;
• Халықаралық саудадағы дискриминацияны жою;
• Нақты табысты, сұранысты, сауда айырбасын жоғарылату.
Осы келісімнің басты мақсаты болып елдер арасындағы сауда
қатынастарын көпжақты негізде реттеуді қамтамасыз ету табылады.
Халықаралық сауда ұйымын құру талаптарының жоққа шыққанына
байланысты, сауда және тарифтер бойынша Басты келісім мүше елдердің сауда
және тарифтік саясатын реттейтін көпжақты жалғыз құжат болады.
АҚШ тарифтерді төмендету мақсаты американдық трансұлттық
корпорациялар мүддесіне қайшы болмағандықтан, ГАТТ келісіміне қол қоюға
қарсы болған жоқ.
1948 жылдың 1 қаңтарынан Басты келісім оған қол қойған, негізінен
дамыған 22 капиталистік елдер үшін сыртқы саудадағы құқықтары мен
міндеттемелерін анықтайтын көп жақты келісім болып күшіне енді.2,83 б.
ГАТТ-тың құқықтық механизмі төмендегі принциптерге негізделген
болатын:
1. Мемлекетаралық сауда қарым-қатынастарында бір-біріне ең қолайлы
жағдай жасау.Осы тәртіпке сай келісімшарт жасаған елдер бір-біріне
жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі тиіс, екі ел арасындағы жасалған
келісім автоматты түрде басқа мүше елдерге де міндетті.
2. Алаламау (дискриминацияламау) принципі. Бұл принципке сәйкес ГАТТ-
қа қатысушы елдердің барлығының сауда қарым-қатынастары тең құқықтық
жағдайда атқарылуы тиіс.
3. Ұлттық рынокты қорғаудамүмкіндігінше тарифтік құралдарды қолдану;
импорттық квоталарды (үлестер) т.б. тарифтік емес шектеулерді алып тастау.
4. Көп жақты келіссөздер арқылы кеден бажын прогрессивті түрде
төмендету.
5. Дамушы елдермен сауда қарым-қатынастарында
преференциялар(жеңілдіктер мен артықшылықтар) беру.
6. Сауда-саттық қатынастарындағы кездескен қайшылықтарды келіссөздер
арқылы шешу.
ГАТТ негізгі ережелер мен принциптер жинағынан, тарифті анықтайтын
тізімдер мен қосымшалардан, қосымша шешімдер мен мәжілістерден, жекелеген
келісімдерден тұрады. ГАТТ-тың негізгі іс-әрекет механизмі көпжақты сауда
рундтары түрінде өтіп, ол жерде халықаралық сауданы реттеудің жаңа
нормалары мен ескілерінің қайта қаралуы жүзеге асырылады.
ГАТТ іс-әрекет негіздеріне төмендегідей принциптер салынған:
• Өзара саудада ең тиімді жағдай жасау. Бұл принцип ГАТТ-қа
қатысушы елдің кез-келген өнімге берген артықшылықтары мен
жеңілдіктері басқа да қатысушы елдерге арналған немесе ол елде
шығарылатын балама өнімге таралуын талап етеді.
• саласындағы ұлттық тауар режимін шет елдік тауарларға да Ұлттық
режим қатысушы елдердің ішкі салық пен алымдар қоюы қажет
екенін белгілейді.
• Халықаралық сауданы реттеу мөлшерлік шектеу емес, кедендік
тариф арқылы жасалуы тиіс.
• Көпжақты сауда келіссөздері барысында кедендік тарифтердің
бірте-бірте төмендеуі, өзара көнулерге бару.
ГАТТ өзінің өмір сүру кезеңінде негізінен кедендік тарифтермен
айналысқан. Құрылу кезінен бүгінгі күнге дейін ГАТТ шеңберінде сегіз
тарифтік конференция өткізіліп, онда тарифті төмендету бойынша үлкен
жұмыстар атқарылды.2,84 б.
Өмір сүруінің бастапқы үш онжылдығы бойы ГАТТ-тың іс-әрекеті
негізінен кедендік тариф қорғауының деңгейін төмендету арқылы халықаралық
сауданы либерализациялауға бағытталды. Нәтижесінде 70-жылдардың басында
өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде кедендік импорттық тарифтердің орташа
деңгейі 40-жылдардың соңындағы 40-50%-дан 8-10%-ға дейін төмендеді. Бұл өз
кезегінде экономикалық өсу мен халықаралық сауданың дамуын ынталандырудың
маңызды факторы болды. 1950-1975 ж.ж. халықаралық экспорт ағымды бағада
14,5есе көбейді.
Бірақ кедендік тарифтердің төмендеуімен бірге әлемдік саудада
тарифтік емес кедергілер айқынырақ көрінді( шетелдік тауарлардың ішкі
рынокқа келуін қиындататын административтік шаралар түрлері). Осы себептен
1973-1979 ж.ж. токиялық раундтағы жан-жақты сауда келіссөздері жүріп,ГАТТ-
тың реттеушілік саласы кеңейтілді. Дегенмен халықаралық саудада әлі де
шешілмеген сұрақтар көп болды, уақыт өте келе жаңадан пайда болған
мәселелер жинала бастады.
ГАТТ үшін дәстүрлі жанға ауыр тиетін мәселесі – ауыл шаруашылық
өнімдер саудасы еді. АҚШ, Швейцария, Япония сияқты мемлекеттерде бұл сауда
секторы ГАТТ-тың реттеу саласынан ығыстырылды.
Уругвайлық раундтың қорытынды акті 1994жылдың 15 сәуірінде
қабылданды.(ауылшаруашылық өнімдерді сату, қызметтермен, текстиль және
киіммен,субсидия мен компенсациялық алымдар,интеллектуалды меншік құқығы
туралы сұрақтар). Соңғы Уругвай раундының келіссөздерінің нәтижесінде
халықаралық сауданың көпжақты жаңа жүйесі құрылып, ГАТТ Дүниежүзілік Сауда
Ұйымымен (ДСҰ) алмастырылды.
ГАТТ орнына нақты құрылымды орнату қажеттілігі бірқатар себептерге
байланысты болды. Бұл болдырмауға ГАТТ өкілеттігі жеткіліксіз болған сауда
соғыстары, Басты келісімге кірген мәселелердің шектеулігі және ГАТТ-тың
уақытша сипатта болуы.
ДСҰ – қатысушы елдердің өзара саудасын белгілі принциптері, құқықтық
нормалары, сауда жүргізу ережелері арқылы мемлекет деңгейінде реттейтін
көпжақты халықаралық келісім. ДСҰ 1995 жылы Марракеш келісімі нәтижесінде
құрылды. ДСҰ құрамына көпжақты сауда жүйесіндегі мемлекеттердің құқықтары
мен міндеттемелерін анықтайтын 29 құқықтық құжаттар мен 25 министрлік
декларация енді. ГАТТ пен ДСҰ арасындағы айырмашылық :
• ГАТТ- өзінің кішігірім секретариаты бар, жай заңдар жиынтығы, ДСҰ -
өзінің секретариаты бар, келісім негізінде әрекет ететін тұрақты
халықаралық ұйым ;
• ГАТТ – келісім ретінде оған қатысушы жақтардан , ДСҰ мемлекеттер
түріндегі мүшелерден тұрды;
• ГАТТ тауарлармен саудаға негізделсе, ДСҰ тек тауарлар саудасын
реттеумен шектеліп қоймай, сонымен қатар интеллектуалды меншік құқығы
мен қызметтерді де реттеді және т.б.

1.3. ДСҰ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАЛАРЫ

ДСҰ-ның атқаратын негізгі функциялары:
• Көпжақты сауда келісімдерінің орындалуын бақылау;
• Көпжақты сауда келіссөздерін жүргізу;
• Сауда дауларын шешуге атсалысу;
• Халықаралық сауда мен сауда саясатының дамуын бақылау;
• Мамандарды оқыту мен техникалық көмек көрсету;
• Сауда саясаты жөніндегі сұрақтарды шешуде басқа халықаралық ұйымдармен
жұмыс істеу;
Құрылымы:
• Министрлік конференция – ДСҰ-ның жоғары органы. Ол барлық мүше
елдердің министр деңгейіндегі өкілдерінен тұрып, көпжақты сауда
келісімдеріне байланысты сұрақтарды шешуге құқықтары бар және 2
жыл ішінде бір рет жиналады.
• Генералды кеңес – ДСҰ-ның күнделікті жұмысына жауап беретін
барлық мүше елдердің өкілдерінен тұратын орган.Бұл кеңес
дауларды шешу жөніндегі Орган немесе сауда саясатына бақылау
жүргізуші Орган түрінде жиналуы мүмкін.
• Арнайы кеңестер: тауарлармен сауда жүргізу Кеңесі, қызметтермен
сауда жүргізу Кеңесі, интеллектуалды меншікпен сауда жүргізу
Кеңесі.
• Секретариат – бас директорымен басқарылатын, шамамен 500
қызметшілерден тұратын техникалық орган. Атқаратын жұмыстары:
техникалық көмек көрсету, сауда саясатын зерттеу, сауда дауларын
шешуде құқықтық консультация жүргізу.3, 281-284 б
ДСҰ-ның негізгі принциптері:
• Дискриминациясыз сауда:
• Халықаралық сауданың либерализациясы – халықаралық сауда жолында
кедендік тарифтерді төмендету мен басқадай кедергілерді жоюдағы жан-
жақты келіссөздерді жүргізу.Келіссөздердің сегіз раунды бойынша
импорттың кедендік тарифтің орташа деңгейі 35%-дан 6%-5а дей3н т-
мендеді. Кейін Уругвай келіссөзі 120-дан жоғары тауарларға
тарифтердің төмендеуіне әкелді.Нәтижесінде өндірістік тауарларға
қойылатын импорттық тарифтің орташа деңгейі 6,3%-дан 3,8%-ға немесе
40%-ға дейін төмендетеді.
• ДСҰ ережелері негізінде импортты шектейтін шаралар қолдану –
сауда саясатын жүргізу әдісі ретінде мемлекеттердің
протекционизмнан бас тартуы. ДСҰ ережелерінде қарастырылған
ішкі рынокты қорғау арсеналы өте кең.Олар: қорғау шаралары –
белгілі тауар импортының көлемін отандық өндірушілерге қауіп
төндіргенде уақытша шектеу;
• Сауда саясатының күтімділігі - өзіне жүктелген міндеттемелерін
біржақты бұзушылықты болдырмау, орнатылған ережелерді ұстана
отырып, сауда саясатын жүргізу. Мемлекеттер, инвесторлар,
корпорациялар тарифтік, тарифтік емес кедергілер және басқа да
сауда саясатының құралдары ДСҰ анықтаған ережелерге сәйкес
жүргізілетініне сенімді болу керек. Сауда саясатының
күтімділігінің негізгі механизмі – тарифтердің байланыстылығын
қабылдаған мемлекеттің импорттық тариф қойылымын орнатылған
шектеуден жоғары қоймау міндеттемесі.
• Бәсекелестікке атсалысу – мемлекеттердің сауда саясатының
әділетсіз әдістерінен бас тартуды білдіретін ДСҰ принципі
(демпинг, экспорттық субсидиялар). Еркін бәсекелестіктегі
мәселелерді анықтауда әлемдік саудада ДСҰ шеңберінде сауда
саясатын тексеру механизмі жұмыс істейді – сауда саясатына ДСҰ
мүше елдерінің секретариатының детальді анализ жасауы, олардың
бұзылуына байланысты кеңес беру.Әлемдік саудада үлестері үлкен
төрт мемлекеттің сауда саясатын тексеру әрбір 2 жыл сайын,
келесі 16 мемлекет үшін 4 жыл сайын, ал қалған мемлекеттер
үшін әрбір 6 жыл сайын жүргізіледі. Бұндай тексеріс шеңберінде
тексерістен өтетін әрбір мемлекет ДСҰ-ға өзінің сыртқы сауда
саясаты жайында баяндама даярлайды, тауарлар мен қызметтерді
қоса алғанда. Секретариат өз тарапынан мүше елдің сауда
саясатына баға беретін баяндама жасайды. Секретариат
қызметшілерімен жүргізілетін барлық келіссөздері мен жоғарыда
аталған екі баяндама таспаға жазылады, публикацияланады және
министрлік конференцияның қарауына тапсырылады.
ДСҰ-ға мүшелікке кіру келесі үш қадамнан тұрады:
1. Мемлекет өзінің сауда саясаты жөнінде меморандумды тапсырады. ДСҰ
өз кезегінде ДСҰ мүшелігіне кіруге шешім қабылдаған мемлекеттің сыртқы
сауданы жүргізудегі ережелерді зерттеу мақсатымен жұмысшы топты құрады.
2. Мемлекет рыногына басқа мемлекеттердің тауарлар мен қызметтерінің
енуін қамтамасыз ету сұрақтарын талқылауда ДСҰ екіжақты келіссөз өткізеді.
3. Келіссөз нәтижесінде, егер ДСҰ-ның жан-жақты келісімдерінде
анықталған шарттарын мемлекет қабылдаса, онда жұмысты атқару тобы ДСҰ-ның
министрлік конференциясына баяндама дайындайды. Оған мемлекеттің ДСҰ-ға
қосылуы жайлы протокол тіркеледі.Кезекті министрлік конференциядағы дауыс
беруден кейін мемлекет ДСҰ-ға қабылданды деп есептеледі.
1997 жылдың басында ДСҰ-ға кіру туралы өтінішті 30-дан астам ел
берді.Егер мемлекет ДСҰ-ға кіріп, оның негізгі құжаттарына қол қойса, онда
олар көрсетілген принциптерді орындауға міндеттенеді. ДСҰ құжаттарында
көрсетілген ережелерді бұзушылық сауда дауына соқтыруы мүмкін. Оларды шешу
үшін ДСҰ шеңберінде сауда дауын реттегіш механизм жұмыс істейді. Дауларды
қарастыруда ДСҰ шеңберінде дауды қарастыратын Орган қызмет атқарады. Оның
құзырына ДСҰ құжаттар интерпретациясының әр алуандығына байланысты пайда
болған барлық келіспеушіліктерді шешу кіреді. Сауда келіспеушіліктерін
реттеу процесі келесідей:
1. Косультациялық көмек – екі жақ арасында 60 күндей мәселені шешуге уақыт
беріледі;
2. Егер ол іске аспаса, онда 3 квалификациясы жоғары маманнан тұратын
комиссия құрылады.Олар өз кезегінде дау жүргізуші екі жақтан тәуелсіз 3-
6 ай ішінде эксперттердің көзқарасы мен екі жақтың аргументтерінен
тұратын баяндама әзірлейді.
3. Баяндама дауды қарастырушы Органмен бекітіліп, содан кейін екі мемлекет
те Орган талаптары мен кеңестерін орындауға міндетті болады. Дауды
қарастырушы Органның шығарған қорытынды шешімімен келіспеген мемлекет
бұл шешімді апелляцияға беру толық құқылы. Бұл сұрақтар бойынша
апелляцияны қарастырушы Орган жұмыс істейді.Оның шешімі қайта дауды
қарастырушы Органға тапсырылады. Бұл шешім - соңғы қорытынды шешім
(апелляцияға жатпайды).
Егер ДСҰ ережелерін бұзушы болып танылған мемлекет бұл
бұзушылықтарды түзетуге ешқандай әрекеттер жасамаса, онда арызданушы
мемлекет ережені бұзушы жаққа ДСҰ ережелеріне сәйкес берілетін
артықшылықтар мен жеңілдіктерді алып тастау туралы өтініш беруі мүмкін.Егер
оған рұқсат берілсе, онда жауапты шаралар бұзушылық болған секторларға
таралады. Дауды қарастырушы Орган екі жақ келісімге келгенге дейін әрбір
оқиғаны бақылайды.
Сауда дауларын реттеу үрдісі салыстырмалы жаңа болғанымен,
келіссөздер жүргізу мен татулық орнату бірнеше жылдарға созылуы мүмкін.1997
жылдың ортасына таман ДСҰ тарапына 100-ден астам сұрақтар түсті. Бұл
сұрақтардың жартысынан көбі өнеркәсіптік және дамушы елдер арасында болды
(өз тауарлардың батыс рыноктарына енуінің шектеулігі). ДСҰ қарастырған
сауда дауларына кореялық ауылшаруашылық өнімдерінің артық мөлшерде
инспекциялануы мен анализдан өтуі туралы Оңтүстік Корея мен АҚШ дауы мысал
бола алады.
Сонымен қатар ДСҰ-ның атқаратын қызметтеріне:
1) тұрақты сыртқы сауда құжаттарын жасасу мен сыртқы сауданы
жүйелі түрде рационализациялау арқылы халықаралық сауданың дамуына
атсалысу;
2) сыртқы сауда саясатын жүргізуде техникалық қамсыздандыру;
3) семинарлар, дөңгелек үстел отырыстарын ұйымдастыру арқылы
сыртқы сауда саясатын реттеу;
4) дамушы мемлекеттер мен экономикасы өтпелі елдерге эксперттер
тобын жіберу.3, 284-288 б.

2. ҚР-НЫҢ ДСҰ-ҒА КІРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
2.1. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ҒАЛАМДАНУЫ МЕН ДСҰ-ҒА КІРУ ЖОЛЫНДАҒЫ
МӘСЕЛЕЛЕР

Қазақстан тәуелсіздікті алғаннан кейін нарықтық экономиканы
қалыптастыруға бағытталған өзінің жеке сыртқы және ішкі экономикалық
саясатын құрумен айналыса бастады. Бұл күрделі үрдіс барысында мемлекет
сәттілік пен сәтсіздікке ұшырады, бірақ Қазақстан өзі үшін керекті тәжірибе
алды және экономиканы түрлендірудің дұрыс стратегиялық курсын таңдадады.
Республика көптеген халықаралық ұйымдар мүшесі болды, аймақтық
интеграциялық одақтарға кірді, әр түрлі мемлекеттермен екіжақты және
көпжақты келісімдер жүргізді, бір сөзбен айтқанда халықаралық шаруашылыққа
қарқынды интеграциялануда.
Жақын арада Қазақстан ДСҰ-ға кіргелі отыр, сондықтан оған байланысты
жаңа сұрақтар мен алдына жаңа мақсаттар қойылды.7,230 б.
Ғаламдану – барлық мемлекеттер үшін ортақ орта. Бұл ұғым соңғы
жылдары тауарлар қозғалысының әлемдік еркіндігін білдіріп қана қоймай,
сонымен қатар капитал мен квалификацияланған жұмыс күшінің қозғалысының
әлемдік еркіндігін білдіреді.4,75 б.
2000жылы Алматыда өткен Халықаралық Форум резолюциясында: ІІІ
мыңжылдық қарсаңында әлемдік экономика жоғары деңгейге жетті, ал ұлттық
экономика біртіндеп өздігінен жұмыс істеу қабілетін жоғалтып, әмбебап
реттеу жүйесі механизмге интеграциялануда делінген. Дегенмен, мемлекет
экономикасының ғаламдануы – бұл объективті қажеттілік, себебі сыртқы
әлемнен дараланып,даму мүмкін емес.Ғаламдану ұғымына қысқаша тоқталғаннан
кейін, ҚР-ның ДСҰ-ға кіру мәселесін қарастырамыз.7,232 б.
Қазақстан ДСҰ секретариатына ДСҰ-ға кіру туралы заңды өтінішін 1996
жылдың қаңтарында берді. Содан бері жұмысшы топтың 4 отырысы мен екіжақты
кездесудің 4 раунды өтті.1996 жылдың маусымында Аймақаралық комиссия (МВК)
ДСҰ секратариатына Қазақстанның сыртқы сауда режимі туралы меморандум мен
т.б. міндетті құжаттарды дайындап, жіберді.
Қазақстан үшін ДСҰ-ға кіру не үшін қажет деген сұрақ туындайды.Бірақ
не дегенмен бұл қайтымсыз процесс.Сондықтан орынды сұрақ келесідей:
Қазақстан үшін мүмкін болатын шығындарды қалай минимизациялау және
максималды пайда табу жолдарын іздестіру.
Қорытынды Уругвай келісімінен кейін әлемдік сауданың көлемі жыл
сайын 755 млрд.дол. өсетіні болжалды; 1994-2004 ж.ж. әлемдік сауда
деңгейінде табыс өсім қарқыны 235-тен 305 млрд. дол. құрды. ДСҰ
мамандарының есептері бойынша 2005 жылы бұл сан 510 млрд.дол. дейін өседі,
ал 1995-2005 ж.ж. табыстардың жалпы өсімі 5 трлн.дол. құрады делінген.
Бұл көрсеткіштер табыстардың бір қалыпты үлестірілмейтінін
көрсетеді. Сондықтан, егер, Қазақстан ДСҰ шарттарын қабылдаған жағдайда:
табыстардың бір қалыпсыз үлестірілуі біздің пайдамызға емес, тауарларды,
капиталды, қызметтер мен технологияларды көбірек экспорттайтын елдер
пайдасына тиеді.
Табыстардың шоғырлану орталығы Экономикалық үшбұрыш деп аталатын –
АҚШ – ЕО – Оңтүстік-Шығыс Азия болатыны әбден мүмкін.
Жыл сайынғы 755 млрд. дол. сауда операцияларының өсімінен Оңтүстік-
Шығыс Азия үлесіне 185-195 млрд.дол.(70-72 – Японияға), ЕО -200 -210, АҚШ –
150-170 млрд.дол. тиеді. ДСҰ-ның қалған 110-125 қатысушылары мен элитарлы
клубқа кірмеген он шақты бақылаушыларына (Қазақстан да оған кіреді) 200-220
млрд. дол. өзара бөлісуге тура келеді.
Осылайша, қосымша экспорт келесідей үлестіріледі: ЕО – 26%, АҚШ – 21
және Азияның басымды елдеріне 24 %, оның ішінде 9% Жапон елінің үлесіне
тиеді.Ал тарифтер бағасының төмендуі салдарынан еуропалық мемлекеттер
сөзсіз артықшылыққа ие болады: ЕО – табыстар өсімінің 50-55%, АҚШ – 19-22,
Жапония – 15 %-на ие болады.
Сондықтан Қазақстан қалдықтар мен шығындарды өзара бөлісетін
мемлекеттер қатарында болмас үшін, ДСҰ-ға кірудегі құралдар мен шарттарды
дұрыс таңдай алуды білу керек.
Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жолында принциптер бойынша маңызды
кедергілер де бар.
Әрбір 3 аймақтық бірлестіктер (ЕО, АҚШ, Азия мемлекеттері) ДСҰ-ны
өздерінің қызығушылықтарын табу құралы ретінде қарастыратыны белгілі.
Апелляциялық Орган арбитрларын сайлауының ұзаққа созылуы мысал бола алады.
АҚШ пен ЕО Апелляциялық Органда екі орыннан (барлығы 7орын) алуын көздеді.
Нәтижесінде Апелляциялық Орган құрамына АҚШ, Германия, Жапония,
Египет, Филиппин, Жаңа Зеландия мен Уругвай өкілдері болды.Апелляциялық
Органға ДСҰ-ға қатысушы әрбір ел шағымдануы мүмкін.Сондықтан Қазақстан
Елбасының ұсынысымен Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының мүшелері
(РФ,ҚР,Беларусь, Қырғызстан) ДСҰ-ның Апелляциялық Органында бір орынға ие
болуына тырысуы керек.
Білуімізше, АҚШ президенті Дж.Буш 1974 жылы қабылданған сауда заңына
сәйкес, ДСҰ талаптарына қайшы келетініне қарамастан, АҚШ-тың ұлттық
экономикасын қорғауда шектеулер қолдануға құқысы бар. АҚШ-тың Халықаралық
комиссиясы кез-келген өнім импортының өсуі АҚШ-тың өнеркәсібіне зақым
келтіреді деген тұжырым жасаса, онда Заң-құқықтық акт президентке сауда
шектеулерін орнатуға мүмкіндік береді. ДСҰ өз кезегінде осы уақытта
алымдарды жоғарылатпауға және квоталарды орнатпауға міндеттенеді.Себебі
Отандық өндірушілер импортпен байланысты бәсекеге бейімделуден зардап
шегеді.
Сондықтан Қазақстан ДСҰ-ға кірместен бұрын осы салада екіжақты
келісімдер жасасып, өндірістік, ауылшаруашылық және экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуде арнайы нормативтік акт қабылдау керек.
ДСҰ-ға кіру, сонымен қатар, көптеген себептерге
байланысты.Мысалы,ауылшаруашылық – ішкі субсидиялауды, қызмет көрсету
саласы – бәсекелестікті қажет етуде.Дегенмен Қазақстанның макроэкономикалық
және микроэкономикалық тұрғыда статистикалық мәліметтермен жақынырақ
танысу, олардың өзгеруі керек емес, теріс нәтижелерге апаратынын көрсетуде.
8,3-4 б.
Келісімде көрсетілген ақпараттық технологиялар саласында белгілі
бір өнімге импорттық алымдар және басқадай тарифтік сауда кедергілерін
нөлге дейін төмендету.Ақпараттық технологиялар келісімі химиялық пен
фармацевтикалық өнімдерге тарифтерді теңестіру (гармонизациялау) дегенді
білдіріп, осы аталған тауар тобы бойынша мемлекеттік бюджеттің азаюына
әкелуі мүмкін.Осылайша, алдын-ала жасалған есептеулер бойынша Қазақстанның
секторлы инициативаның талаптарын орындаған жағдайда жыл сайын бюджет
қаражаты 1,8 млрд. теңгеге азайып отырады.
Бесінші индикатор – ауыл шаруашылығын қолдаудағы агригерленген
шаралар. ДСҰ-ға кірген мемлекеттердің агригерленген шаралардың
статистикалық орташа көрсеткіші ауыл шаруашылығы бойынша ЖҰӨ-нің 5-10%
шамасында. Қзақстанның ЖІӨ-дегі ауыл шаруашылығының үлесі 8%, ал
тұрғындардың саны 37 %-ға тең. Сондықтан ЖІӨ құрылымында үлкен үлеске ие
экономиканың салаларында еңбек ресурстарының ішкі миграциясы саясатын үнемі
жүргізіп отыру керек.
Экспортты жүзеге асыруда жеңілдіктер беріледі,мысалы
электроэнергияны тасымалдауда, АҚ КЕГОК, оның мөлшері компания пайдасынан
15 % .
Сондықтан Қазақстан ДСҰ-ға кірместен бұрын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік сауданың құрылымы және қазақстанның әлемдік саудадағы болашағы
Халықаралық сауданың теориялары
Қазақстан экономикасының дамуы
Латын Америкасының экономикалық ұйымдары
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ТЕОРИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ БАСҚАРУ
Дүниежүзілік сауда теориялары және халықаралық экономиканы басқарудың түрлері
Салыстырмалы артықшылықтар теориясы
ҚР сыртқы экономикалық қызметінің дамуы
Халықаралық экономикалық интеграция
Жүйесіндегі халықаралық сауда
Пәндер