Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуы (1991-2010 ж.ж)



Кіріспе
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күшінің құрылуы мен модернизациясы
1.1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күшінің алғашқы кезеңдегі қалыптасуы мен әскери құрылымы
1.2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күшінің әскери білім беру жүйесі мен әлеуметтік жағдайы

2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күшінің реформалары және оның қоғамдағы маңызы
2.1. Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы
2.2. Қорғаныс Күшінің техникасы мен қару . жарағы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
ХХІ ғасырдың келуімен жер бетінде қарулы қақтығыстар сейіле қойған жоқ. Әлем жұртшылығы үлкен саясаттағы ел мүдделерін дипломатиялық жолмен шешудің жолдарын игере алмай жатыр. Бір сөзбен айтқанда, білектің күшін игілікке жұмсап, найзаның ұшын тот бастыратын заман әлі орнай қоймады. Керісінше, әлемдегі мемлекеттер әскери бюджеттерін үсті-үстіне еселеп, қарудың небір атасын ойлап тауып, жанталасып бағуда. Демек, бейбітсүйгіш Қазақстан да өзінің қорғаныс саласын жұрт қатарлы жетілдіруге, айналасын айбарымен сескендіріп тұруға мәжбүр.
Қазақ елі – қашаннан жауынгер, намысшыл, елжанды халық. Бесігінен «Батырлар жырын» жаттап өсетін ұлы халықтың ұрпағы «Ер Төстік» ертегісімен есейген, жоңғарлармен шайқаста жауын шауып, Ұлы отан соғысы ұрыстарында Берлинге дейін басып кірген, кешегі Ауған соғыстарынан да абыроймен оралып, Отан алдындағы борыштарын жанкештілікпен өтейтін - нағыз ержүрек халық.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды, ол жылдар өткен сайын мәртебесі өсіп, айбындана түседі. Аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүрлері төл Қарулы Күштеріміздің қатарында қызмет атқарып жүрген бүгінгі қазақстандық жауынгерлердің сапында лайықты жалғасын табуда.
Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Ал оның тарихын білу абыройын асқақтады.Қарулы Күштер қатарында қызмет ету - Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.Отанды қорғауды біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес деп қана түсінбеу керек. Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт уақытта да қорғауға ат салысамыз.
Қазіргі кезде Отан қорғаушылар қатарында қазақтың ержүрек азаматтары сап түзеп тұр. Олар армиямыздың, халқымыздың қаһармандық дәстүрлеріне адал, Еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен, агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қазақ жауынгері дүние жүзінің алдында қандай да болсын қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын, қалтқысыз, әрі ержүрек патриот, интернационалист ретінде көрінеді.
1. С.Қ. Нұрмағамбетов. Мой передний край. Алматы: Ана тілі, 1995.-237б
2. Әскери қуатымыз қандай? // Алаш айнасы.-2010. 7 мамыр.
3. Қарулы Күштерді реформалау - уақыт талабы // Егемен Қазақстан.- 2003.7 мамыр
4. Қ.Р. Аманжолов, Тасболатов А.Б. Қазақстанның әскери тарихы.- Алматы: Рауан, 1999. -214б
5. Қазақстан Республикасының Әскери доктринасын бекіту туралы. 2007 жылғы 21 наурыз № 299 Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығы // Астана, Ақорда.

6. Болат Жанасаев. Әскери білім мен ғылым жүйесінің бүгіні мен ертеңі // Қазақстан сарбазы. - 2009. - 9 қыркүйек
7. Ернұр Ақанбай. ҚР Қорғаныс министрі Даниал Ахметовпен болған сұхбат// ҚазАқпарат. – 2007. - 22 шілде
8. Данабек Жалмырза. Қазақстан қарулы күштерінің құрылғанына 15 жыл толды.// Жас Алаш. – 2007.- 7 мамыр
9. Б. Момышұлы. Психология войны.- Алматы: Қазақстан, 1996.- 51б
10. Тасбулатов А.Б. Развитие профессионального военного обучения в республики Казахстан. – Алматы: Білім, 2000. – 200б.
11. Серикбаев К.С. Военная безопасность страны. Проблемы и перспективы военной реформы. – Алматы: Военно - начный центр, 2000. – 114с
12. Гүлім Мұқан. Қарулы Күш – қауіпсіздік қазығы // Қазақстан сарбазы.- 2009. - 7 мамыр.
13.Тасбулатов А.Б., Аманжолов К.Р. Военная история Казахстана. -Алматы: Рауан, 1998. -176с.

14.Абдиров М.Ж., Адаутов А.Ю., Барт В.В. и др. Исторический опыт защиты Отечества. -Алматы, 1998. -416с.

15.Хасбулатов А.Б. Развитие профессионального военного обучения в Республике Казахстан. -Алматы: Білім, 2000. -200с.

16. Генерал Нұрмағамбетов: [қаһармандық ғұмырбаян] / Темірақын Сейфоллаұлы Жақып; Т. С. Жақып.- Астана: Елорда, 2005.- 250, [3] б.- (Жеңіске 60 жыл).

17. Қазақстанның әскери тарихы: оқу құралы / Керейхан Рахымжанұлы Аманжолов, Абай Бөлекбайұлы тасболатов.- Өңд., толық. 2-бас.- Алматы: Білім, 2008.- 319, [1] б.- (Сарбаз).

18. Қасиетті борыш/ Керейхан Аманжолов.- Алматы: Қазақстан, 1973.- 93 бет.

19. Қазақстанның әскери тарихы: (Б. э. д. УІ ғасырдан бүгінге дейін) / Керейхан Рахымжанұлы Аманжолов, Абай Болюкпаевич Тасбулатов.- Алматы: Білім, 1999.- 316, [2] б.

20. Жараған темір кигендер: Батырлардың қару-жарағы, әскери өнері, салт-дәстүрлері / Қалиолла Саматұлы Ахметжанов.- Алматы: Дәуір, 1996.- 240б.

21. Әскери дайындық негіздері.- Алматы: Қазмембас., 1956.- 439 б.

22. Әскери міндеттілік және әскери қызмет: ҚР Заңының ресми мәтіні = О воинской обязанности и воинской службе.- Алматы: Жеті жарғы, 2005.- 86, [1] б.

23. Базарова, Г.Б. Әскери саптық бұйрықтар тілі: филол. ғылымд. канд.... дис.: қорғалған 27.06.07 / Гульнур Бейсембаевна Базарова; ғылыми жетекші Б. Қ. Момынова; әл-Фараби атын. ҚазҰУ.- Алматы.: [Б. ж.], 2007.- 124 б.

24. Отанның сенімді қорғаны/ Павел Петрович Баранов.- Алматы: Қазақстан, 1965.- 54 б.

25. Әскери айла мен тапқырлық/ Д. Гребенщиков.- Алматы: Қазмембас., 1953.- 52 б.

26. Қару сенің күшің/ Ю. Зельвенский.- Алматы: Қазмембас., 1953.- 56 б.

27. Командирдың бұйрығы - Отан бұйрығы.- Алматы: Қазмембас., 1943.- 22 б.

28. Қазақ тіліндегі әскери лексиканың мағыналық құрылымы: филол. ғылымд. канд....дис. автореф.: қорғалған 01.10.06 / Қазиза Қожағұлова; ғылыми жетекшісі Т. Ә. Әбдіғалиева.- Астана: [Б. ж.], 2006.- 24, [4] б.

29. Сарбаз: балдырғандарға арн. әскери әліппе: [оқу құралы] / Райхан Мәженқызы.- Танымдық басылым.- Астана: Педагогика-Пресс, 2009.- 54, [2] б.

30. Генерал Қалматаев/ Болат Оңғарбаев.- Алматы: Атамұра, 1995.- 138, 2Iб.

31. Отан сақшылары/ Айтмұқаш Садуақасов.- Алматы: Қазақстан, 1989.- 77, [1] б.

32. Саптық әмірлер. Рапорттар. Әскерилердің қарым-қатынас сөздері/ М. Алтынбаев және т. б. = Строевые команды. Рапорты и обращения между военнослужащими.- Алматы: Білім, 2008.- 157, [3] б.- (Сарбаз).

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Тарих факультеті

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы

Диплом жұмысы

Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің
қалыптасуы мен дамуы (1991-2010 ж.ж)

Орындаған: _____________
Қайыров Е. Б.
4 курс студенті

Ғылыми жетекші: _____________ Мекебаев
Т.Қ.
т.ғ.к., доцент

Қорғауға жіберілді
_________2010
Кафедра меңгерушісі:
т.ғ.д., профессор__________________________ _______ Қаражан Қ. С.

Алматы
2010
Мазмұны

Кіріспе

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күшінің құрылуы мен модернизациясы

1.1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күшінің алғашқы кезеңдегі қалыптасуы
мен әскери құрылымы
1.2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күшінің әскери білім беру жүйесі мен
әлеуметтік жағдайы

2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күшінің реформалары және оның
қоғамдағы маңызы

2.1. Қазақстан Республикасының Әскери Доктринасы
2.2. Қорғаныс Күшінің техникасы мен қару - жарағы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.
ХХІ ғасырдың келуімен жер бетінде қарулы қақтығыстар сейіле қойған жоқ.
Әлем жұртшылығы үлкен саясаттағы ел мүдделерін дипломатиялық жолмен шешудің
жолдарын игере алмай жатыр. Бір сөзбен айтқанда, білектің күшін игілікке
жұмсап, найзаның ұшын тот бастыратын заман әлі орнай қоймады. Керісінше,
әлемдегі мемлекеттер әскери бюджеттерін үсті-үстіне еселеп, қарудың небір
атасын ойлап тауып, жанталасып бағуда. Демек, бейбітсүйгіш Қазақстан да
өзінің қорғаныс саласын жұрт қатарлы жетілдіруге, айналасын айбарымен
сескендіріп тұруға мәжбүр.
Қазақ елі – қашаннан жауынгер, намысшыл, елжанды халық. Бесігінен
Батырлар жырын жаттап өсетін ұлы халықтың ұрпағы Ер Төстік ертегісімен
есейген, жоңғарлармен шайқаста жауын шауып, Ұлы отан соғысы ұрыстарында
Берлинге дейін басып кірген, кешегі Ауған соғыстарынан да абыроймен оралып,
Отан алдындағы борыштарын жанкештілікпен өтейтін - нағыз ержүрек халық.
Ерлік ешқашан ұмытылмайды, ол жылдар өткен сайын мәртебесі өсіп,
айбындана түседі. Аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүрлері төл Қарулы
Күштеріміздің қатарында қызмет атқарып жүрген бүгінгі қазақстандық
жауынгерлердің сапында лайықты жалғасын табуда.
Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару  әрбір қазақ
азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Ал оның
тарихын білу абыройын асқақтады.Қарулы Күштер қатарында қызмет ету - 
Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.Отанды қорғауды
біздің елімізге шабуыл жасаған сыртқы жаулармен қарулы күрес деп қана
түсінбеу керек. Біз Отанымыздың күш-қуатын нығайта отырып, оны бейбіт
уақытта да қорғауға ат салысамыз.
Қазіргі кезде Отан қорғаушылар қатарында қазақтың ержүрек азаматтары сап
түзеп тұр. Олар армиямыздың, халқымыздың қаһармандық дәстүрлеріне адал,
Еліміз қауіпсіздігінің, бейбітшілікті қорғаудың мүдделері талап еткен,
агрессия құрбандықтарына көмектесу керек болған әрбір сәтте қазақ жауынгері
дүние жүзінің алдында қандай да болсын қиыншылықтарды жеңуге әзір тұратын,
қалтқысыз, әрі ержүрек патриот, интернационалист ретінде көрінеді.
Қазіргі армия жауынгердің ерік-жігері мен психологиялық төзімділігіне
үлкен талап қояды. Ол әскери техникаларды, оның ішінде өте күрделі әскери
машиналарды, ракета комплекстері мен радио электрондық жүйелерді, атомдық
сүңгуір қайықтары мен дыбыстан жылдам ұшатын әуе кемелерін шебер меңгере
білуі керек. Бұл жерде жауынгердің ұйымшылдығы мен тәртіптілігі қажет. Ал
әскери тәртіпті білу, оны орындауға әзір тұру - өзіңнің жеке басыңды
қалыптастыру мен әскери қызметке дайындалу жолындағы маңызды қадам деген
сөз.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 36-бабында былай деп
жазылған: " Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті
парызы және міндеті. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен
түрлер бойынша әскери қызмет атқарады”.
Осыдан келе мынадай ой түйіндейміз, Қазақстан Республикасының Қарулы
күшінің тарихы мен оның қоғамдағы алатын орнын ерекше зерттеуіміз керек.
Бұл тақырыптың тарих ғылымында теориялық және практикалық және жастарды
патриоттық сезімде тәрбиелеуде зор маңызы бар, өз зерттеуін күтіп тұрған
тақырып деген қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеліп отырылған тақырыптың
өзектілігінің айғағы.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың маңыздылығы мен оның
бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып, автор нақты тарихи материалдар
негізінде Қазақстан Республикасының Қарулы күшінің тарихының қалыптасу мен
даму деңгейін ашып көрсету мен зерттеуді диплом жұмысының басты мақсаты
етіп алды. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер
белгіленген:
- Ең бастысы әрине, қарастырып отырған мәселеміздің негізі 1991 жылы
КСРО ыдырағаннан кейін қазақ әскерінің сол тұстағы тарихи жағдайға
баға беру:
- Қазақстан Республикасының Қарулы күшінің кадр дайындауындағы негізгі
оқыту жүйесі мен алғашқы тәуелсіз елдің оқу орындарының қалыптасуына
сипаттама беру.
- Қазақстан үкіметінің қорғаныс саласын қаржыландыру саясаты,әскер
қатарындағы жауынгерлердің әл-ауқаты мен жаңа үлгідегі техниканың
қамтамасыз етілуін диплом тақырыбында ашып көрсету.
- Қазақстан Республикасының Қарулы күшінің доктринасы мен бүгінгі жағдайы
мен мәртебесі негіз болып алынады.
Диплом жұмысның хронологиялық шеңбері. Зерттеу 1991-2010 жылдар аралығын
қамтиды. Осы аралықта Қазақстан Республикасының Қарулы күшінің қалыптасу
процесін кен ауқымда қарастыруға болады. Әр жылы әскердің жаңа
модернизациясы жүре бастады. Соның салдарынан карулы күштің әскер қатары
мен техникасы үлкен жетістікке жетті. Негізгі мақсат сапалы және ұтқыр
әскерді жабдықтау және оны заман талабына дайындау еді.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Диплом жұмысының жан жақты ашылуына
арнайы еңбектер, баспасөзден алынған мәліметтер және елбасының жарлықтары
мен қорғаныс министрлігінің қатарында жүрген лауазымды шендері бар
адамдардың сұхпаттарына сүйене отырып жазылған. Негізінде табылған көптеген
зерттеу еңбектері орыс тілінде жарық көрген. Оған себеп менің пайымдауымша
әліде әскер қатарында кеңестік жүйеде білім алған орыс тілді азаматтардың
көптігі және қазақ тілінде шыққан еңбектер кеңестік кезендегі кітаптардың
аудармасы деп айтуға да болады. Жалпылама айтқанда, гуманитарлық негіздегі
әскери кітаптар анық және талапқа сай жазылған. Ал кәсіби немесе
маманданған техникалық негіздегі кітаптардың сапасы өте төмен деп айтуға
тура келеді.Оның себебі әлі де сөздердің аудармасын анықтай алмай жатыр. Ол
қарулы күшіміздің - ақсандаған тұсы.
Тікелей зертеу жұмыстарына келетін болсақ, Жазылған еңбектердің арасында ең
құндысы алғашқы қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың енбегі зор.
Оның Мой передний край деген естелік – кітабын айтып кеткен жөн. Осы
еңбекте алғашқы министр ұлы отан соғысының ауыртпашылығын және жеңістің
қадірін өскелен жас ұрпаққа өнеге және үлгі болсын деп аманат етіп жазды.
Кітапта алғашқы үкіметтің бастауымен Қазақ КСР мемлекеттік қорғаныс
комитеті құрылуының маңыздылығын атап көрсетті. Естелігінде КСРО
ыдырағаннан кейін Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күшінің қалыптасу қадамдары
жазылған.
Диплом жазуда үлкен көмегін тигізген Бауыржан Момышұлының Психология
войны деген еңбегін айтуға болады. Осы еңбекті алудағы негізгі себеп жас
ұрпақты тәрбиелеу және отанды сүю махаббатын ояту болатын. Кітапта Қарулы
күштер Отанымыздың тәуелсіздігі мен егемендігінің басты қорғаны деп
жазылған.
2000 жылы профессор, генерал майор А. Б.Тасболатовтың Развитие
профессионального военного обучение в Республике Казахстан деген
монографиясы дүниеге келді. Еңбек тарихи және мұрағат еңбектеріне сүйеніп
жазылып, Тәуелсіз Қазақстанның жедел түрде қимылдайтын, жоғары кәсіптік
әскер құру мәселесін жазып өтеді. Басты көңіл аударатыны әскери кадр
дайындау және әскери білім берудің концепциясы.
Әскери құрылысты нығайтуда профессор, полковник Қ.С. Серікбаевтың
Военная безопасность страны. Проблемы и перспективы военной реформы деген
еңбегі тақырыпты ашуға көп үлес қосты. Осы кітапта жас мемлекеттің әскери
реформаларды дұрыс жүргізу еліміздің қауіпсіздігінің негізгі кепілі
екенігін автор баса назар аударады.
Ерекше тоқталатын еңбек профессор Қ.Р. Аманжолов пен әскери академияның
төрағасы, профессор А.Б Тасболатовтың Қазақстанның әскери тарихы болып
табылады. Осы еңбек тарихи және мұрағат еңбектеріне сүйене отырып, ежелгі
кезден бастап әскери саланың теориялық негізін құрады. Осы зерттеу
жұмысында Қазақ хандығының әскери құрылысы және жоңғарлармен күресте әскери
өнердің қыр сыры жазылған. Жоңғарлармен болған шайқаста көзге түскен
қолбасшылардың, батырлардың соғыстағы тәжірибелерге еңбекте көп назар
аударған. Азаматтық және Ұлы Отан соғысында құрылған әскери бөлімшелер
туралы толықтай мәлімет берілген. Еңбекте Қазақстан Республикасының қарулы
күштерінің қалыптасуы мен дамуы және оның жетістіктері жазылған.
Жоғарыда аталған зерттеу жұмыстары диплом жұмысы барысында кеңінен әрі,
барынша қолданылды.
Диплом жұмысының деректік негізі. Әрине, аталған мәселеміздің деректік
негізін 1991-2010 жылдар аралығында үкімет қаулылары, тарихи жазбалар
немесе зерттеулер болып табылады. Жалпы, осы тақырыпқа орай тарихи
зерттеудің бірнеше жанры пайда болды. Ең алғашқы болып құжаттар жинағы
шығып, басшылардың мінбеден сөйлеген сөздері мен жоғарғы әскери қолбасшының
айтқан сөздері баспа беттерінде жарық көріп, біздер үшін тарихи дерекке
айналды. Сонымен қатар, мемлекеттік қайраткерлер С.Нұрмұғамбетовтың, Д.
Ахметовтың, М. Алтынбаевтың еңбектерін келтіруге болады. Осындай тарихи
деректерге сүйене отырып Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің бет
бейнесі айқын білінеді.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Аталған диплом жұмысын жазу барысында мен
алдыма қойған мақсаттарыма жете отырып, өзім үшін төмендегідей жаңалықтар
жасадым. Мысалы:
- Диплом жұмысына керекті материалдарды іздеп жүрген кезде Қазақстан
Республикасының қарулы күштерінің әлеуметтік жағдайы, қаржыландыруы және
әскер қатарындағылардың алатын жалақылары мәлім болды.
- қолда бар, яғни табылған деректер мен зерттеулер негізінде Доктринаның
қоғамда алатын орны ерекше екендігіне толық сенемін.
- диплом жазу барысында жоғары маманданған саны аз, сапасы жоғары кәсіби
әскердің Қазақстанда керек екендігіне толық көз жеткіздім.
Диплом жұмысының сыннан өтуі. Аяқтау жұмысы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университеті Қазақстаннның жаңа және қазіргі заманғы тарихы кафедрасында
дайындалып, талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күшінің құрылуы мен модернизациясы

1.1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күшінің алғашқы кезеңдегі қалыптасуы
мен әскери құрылымы
Қазақстанның егемендігі күрделі геосаяси процестер жағдайында қалыптасты.
Бұрынғы КСРО–ның оңтүстік шекаралары тұрақсыздық белдемі әрі әскери
қақтығыстар болуы мүмкін аймақтар ретінде сипатталды. Ауғанстандағы соғыс
(1979-1989) мемлекеттік шекараларды аттап өтіп, айқын әскери қатерге
айналды.Қазақстан территориясында КСРО–ның оңтүстік-шығыс шекараларын
қорғауға арналған КСРО Қарулы Күштерінің жалпы саны 200 мың адамнан тұратын
әсекери топтары орналасты. Оның құрамында стратегиялық ядролық күштердің,
40 жалпы әскери армияның бірлестіктері, құрамалары және бөлімдері, 73 әуе
армиясының, 37 әуе шабуылынан қорғаныс күштері корпусы, 56 аралас
авиациялық әскеи-әуе күштері корпусы, сондай-ақ тыл және техникалық
жабдықтау құрамалары мен бөлімдері болды. Қалыптасқан жағдай Қазақстанда
орналасқан әскерге жақсы жолға қойылған қатаң бақылау орнатылуын талап
етті. Ел басшылығы бұл үшін барлық қажет шараларды қолданды. 1991 жылы 21
тамызда Қазақстан Президентінің " Қазақ КСР- інің  Қауіпсіздік кеңесін құру
туралы” Жарлығы шықты.Жарияланған егемендікті қорғау үшін, сондай-ақ,
елдегі және республикадағы әскери саясатқа іс жүзінде ықпал ету үшін
республикалық қорғаныс мекемесін құру обьективті қажеттілікке
айналды.Әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның мемлекеттік
саясатын біртіндеп жүзеге асыра отырып, 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан
Президенті " Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру туралы” Жарлық
шығарды. Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болып генерал-лейтенант
С.Қ. Нұрмағамбетов тағайындалды. Қазақстанның мемлекеттік Қорғаныс комитеті
Азаматтық қорғаныс штабы мен Қазақ республикалық әскери комиссариатының
негізінде құрылды. Оған "әскери жасақтарға бақылауды”  жүзеге асыру,
сонымен бірге әскерлердің орын алмастырып, әр түрлі әскери жаттығулар
жүргізуін, әскери мүліктердің республикадан тысқары жерлерге тасымалдануын,
армияның әскери қызметіндегі басқа да бағыттарды "назарда” ұстау міндеті
жүктелді. Қазақстанның Мемлекеттік қорғаныс комитеті әскери-кадрлық
саясатын КСРО Біріккен Қарулы Күштері Бас қолбасшылығының келісімімен
жүргізіп отырды. Мысалға, Қазақстанда тұрған бөлімдер мен құрамалардағы
полк командирінен бастап жоғары қызметтерге офицерлердің тағайындалуы
міндетті түрде республика басшылығымен келісілуі керек болды. Тәуелсіз
Мемлекекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы 1991 жылғы 21 желтоқсандағы
ортақ әскери-стратегиялық кеңістікті және бірыңғай қолбасшылықты сақтау
және қолдау туралы сөз болды. Алайда, сол жылғы желтоқсанның ортасында
Украина президенті, одан соң Әзербайжан мен Молдова президенттері өздерін
стратегиялық күштерден басқа, өз республикаларының территориясында тұрған
әскердің бас қолбасшысы етіп жариялады. 1992 жылдың басында бірыңғай
қолбасшылықты сақтау ғана емес, ТМД елдері Қарулы Күштерін біріктірудің өзі
мүмкін емес екендігі белгілі болды. Бұл басқа да бұрынғы одақтас
республикаларды дербес армия құруға мәжбүр етті. [8, 4б]
1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетін Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі етіп қайта құру туралы”, "Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерін құру туралы” және алғашқы қорғаныс министрі етіп генерал
полковник (1993 жылдың 9 мамырынан армия генералы) С.Қ.Нұрмағамбетовты
тағайындау туралы жарлықтарға қол қойды. Бұл күн Қазақстанның дербес Қарулы
Күштерінің құрылған күні болып қалды. Республика армиясының негізгі
құрамында бірнеше (оның ішінде бір танк) дивизиясы бар 40 жалпы әскери
армия, авиация корпусы, радио және радиотехникалық барлау бөлімшелері,
жабдықтау бөлімшелері және Байқоңыр ғарыш айлағын, Семей сынақ алаңын және
Сарышағандағы, Ембідегі, Арал теңізінің Барсакелмес аралындағы сынақ
алаңдарын арнайы жабдықтау бөлімдері, базалар, арсеналдар, қоймалар және
басқа да бөлімдер мен мекемелер құрады. Қазақстанда барлығы 200 мыңнан
астам әскери қызметшілер болды, олардың қарауында стратегиялық қарудың
аталған түрлерінен басқа 1200 танк және брондалған машиналар, 1500
артиллериялық жүйе және 370 әскери ұшақ бар еді. Бұрынғы Кеңес Армиясының
аталған бірлестіктері, құрамалары және бөлімдері Қазақстан Республикасының
Қарулы Күштерінің негізін құрады. Тәуелсіз Қазақстан армиясын құруда
қорғаныс мәселесі бойынша құқықтық  негіз қалаудың маңызы зор болды. Бұл
жұмысты Президент, Үкімет, Қорғаныс министрлігі белсенді әрі мақсатты түрде
жүргізді. Жас республиканың Отан қорғау мәселелері жөніндегі алғашқы
заңдары өз уақытында және тиісті деңгейде дайындалды. 1992 жылы 22
қыркүйектің өзінде-ақ Жоғары Кеңес " Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштері және Қорғаныс туралы” Заңды қабылдады. Төрт айдан кейін – 1993 жылы
19 қаңтарда "Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы”, ал
екі аптадан кейін – 1993 жылы 1 ақпанда " Әскери қызметшілердің және
олардың отбасының мәртебесі әлеуметтік қорғалуы туралы” Заңдар күшіне енді.
Сондай-ақ, 1993 жылы 11 ақпанда Президент бекіткен Қазақстан
Республикасының алғашқы әскери доктринасы ұжымдық түрге дайындалды. Ол
соғысты болдырмау, қорғаныс қуатының жеткіліктілігі, ТМД елдерімен өзара
көмек одағы принциптеріне негізделді. Доктрина ережелері мемлекеттің сыртқы
саяси және әскери қызметінде кеңінен пайдаланылды. 1992 жылы 29 қаңтарда
Қазақстан Республикасы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі
ұйымның (ЕҚЫҰ) қатысушысы болды, ал сол жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар
Ұйымының мүшелігіне қабылданды. Кеңестер Одағының шарттары мен
міндеттемелерінің құқықтық мұрагерлігін мойындайтынын мәлімдей отырып,
Қазақстан өзі қол қойған шарттар мен келісімдерді, оның ішінде қаруды
шектеу мен қысқарту мәселелері жөніндегі міндеттерін де адал орындап
келеді. Орташа және шағын радиусты аумақта әрекет ететін ракеталар
келісімдерде көрсетілген мерзімдер ішінде біртіндеп жойылды. Стратегиялық
шабуылдаушы қаруларды қысқарту және шектеу жөніндегі шарт негізінде
құрлықаралық баллистикалық және қанатты ракеталар кезекшіліктен алынып,
1995 жылдың ортасына қарай Ресейге жеткізілді, бұл қарумен жабдықталған
құрамалар біртіндеп республика аумағынан шығарылды. 1998 жылы 109
жауынгерлік және оқу шахталық іске қосу құрылғысы, 16 оқу және командалық
пункт таратылды. Сол мерзімде Байқоңыр сынақ алаңында 10 сынақтық шахтаның
іске қосу құрылғысы, Дегелең тауларындағы 12 құрылғы, 187 штольняның 181-і
және Семей сынақ алаңының Балапан алабындағы 13 ұңғыма жойылды. 1991 жылы
29 тамызда жабылған ядролық сынақ алаңының негізінде 1992 жылы мамырда
Ұлттық ядролық орталық құрылып, Курчатов қаласы республиканың ядролық
физика және экология проблемаларын зерттеу саласындағы ғылыми әлеуетін
шұғыл көтерді. Қарулардың бір түрлерін жойып, енді біреулерін қысқарту
жөніндегі шаралар шет ел бақылаушыларының қатысуымен немесе әскери техника
мен қару орналасқан аудандарды одан әрі бақылауға алу арқылы жүзеге
асырылды. Қазақстандық нысандарда инспекциялық сапармен 16 мемлекеттен
келген 33 инспекторлар тобы болды. Өз кезегінде қазақстандық өкілдер
Германия, Польша, Италия аумағындағы шарттарды жүзеге асыру жөніндегі көп
ұлтты инспекцияларға қатысты. Республиканы ядролық қарусыз мемлекетке
айналдыру идеясын республика жұртшылығы әр түрлі қабылдады. Ядролық қуатты
сақтау идеясын жақтаушылар да табылды, онсыз елдің қауіпсіздігі мен
территориясының тұтастығына кепілдік жасау мүмкін емес деп сендірді олар.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың, Сыртқы істер министрлігінің және Қорғаныс
министрлігінің күш-жігерімен оларды тыныштандырып, оңтайлы нұсқаны таңдап
алуға қол жетті. Біздің жерімізде сақталып келген ядролық қуаттан бас тарту
1994 жылы желтоқсанда Ресей, Англия және АҚШ-пен бірге "Ядролық қаруды
таратпау жөніндегі шартқа Қазақстан Республикасының қосылуына байланысты
Қазақстан қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға” қол қойылуы
арқылы заңдастырылды. Біздің еліміздің қауіпсіздігіне кепілдікті  Қытай мен
Франция да берді. Тәуелсіздік алған күннен бастап Қазақстан Республикасы
шет елдермен қарым–қатынасқа үнемі көңіл бөліп келеді. Ол ешбір елді жау
ретінде санамайтынын және оларға территориялық та, басқа да ешқандай талап
қоймайтындығын мәлімдеді. "Шанхай бестігі” Үкіметтерінің – Ресей,
Қазақстан, Қырғызстан,Тәжікстан және Қытайдың біріге күш жұмсауымен ҚХР-дың
солтүстік көршілерімен арадағы шекарасы туралы ондаған жылдар бойы сақталып
келе жатқан түсініспестік жойылды. Оның ішінде Қытайдың Қазақстанмен
шекарасы делимитацияланды, одан соң бүкіл шекара бойында демаркация
жүргізілді. Қазақстан Республикасының Ресеймен, Қырғызстанмен және
Өзбекстанмен шекарасын делимитациялау басталды. Соның өзінде аталған
мемлекеттер ортақ кедендік кеңістікті және адамдардың, көлік құралдары мен
тауарлардың еркін қозғалысын сақтауға тырысып отыр. Тек қана есірткі
заттарын, қаруды тасымалдауға және діни, саяси экстремизмге бөгет қойылады.
Барлық билік тармақтарының күш жұмсауымен Қазақстан өзінің бүкіл шекарасы
бойында қауіпсіздік белдемін жасауға қол жеткізді. Республикадағы
тұрақтылық жағдайы бүкіл әлемдегі өзгерістерге әсер етуде. Блоктардың бір-
біріне текетіресі аяқталуымен бірге қырып жоятын ядролық және басқа да қару
түрлерін қолдану арқылы дүниежүзілік соғыс тудыру қатері азайды. Қару-
жараққа бақылау орнату жүйесі кеңінен өрістеуде, мемлекеттер арасындағы
жанжалдарды болдырмау және өрістетпеу шаралары жиі қолданылуда. Алайда
теріс бағыттар да жоқ емес. Ядролық қаруға тыйым салу ісі бәсеңдеп қана
қалған жоқ, сонымен қатар, республикаға жақын орналасқан Пәкістан мен
Үндістан – жаңа ядролық мемлекеттерге айналды. Мұның бәрі мемлекеттің өз
армиясына үнемі көңіл бөлуін талап етті және талап етеді. Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштері өзі құрылған күннен бастап Құрлықтағы
әскерден, Әскери - әуе күштерінен және Әуе шабуылынан қорғаныс әскерінен
тұрды. 1993 жылы 2 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің " Қазақстан
Республикасының әскери–теңіз Күштерін құру туралы” Жарлығы шықты.
Республиканың Әскери-Теңіз Күштері құрамына 1- рангілі капитан Исламовтың
басшылығымен алғашқы болып кірген 8 теңіз офицері басты база ретінде Ақтау
портын таңдап алды. 1- рангілі капитан Р.А. Қомратов әскери – теңіз
базасының командирі, кейінірек Әскери–Теңіз күштерінің қолбасшысы болып
тағайындалып, тұңғыш қазақ контр-адмиралы болды. 1995 жылы 6 америкалық
катер, бір жылдан кейін Германиядан әкелінген 4 шағын күзет кемесі суға
түсірілді. Флотты кемемен қамтамасыз ету ісіне республика өнеркәсібі
қосылды, жетекші рөлді Оралдың "Зенит” зауыты өз мойнына алды. 1998 жылы
кәсіпорын ұжымы елдің және ТМД-ның басқа қалаларынан қосылған салалас
мамандармен бірлесе отырып, алғашқы күзет кемесі "Сұңқарды”, көп өтпей
екіншісі "Батырды” суға түсірді. Қазақстан Республикасының Әскери Теңіз
Күштері өзінің бесжылдығын 500 матрос, старшина және Офицері бар 17 кеме
мен катер құрамында атап өтті. 1997 жылы 17 қарашада Президент Жарлығымен
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үш жақты құрылымға ауыстырылды
Жалпы әскери күштер ( оған Құрлықтағы әскер және Жедел қимыл күштері енді),
Әуе қорғанысы күштері ( Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылынан қорғаныс
күштері біріктірілді) және Мемлекеттік шекараны қорғау күштері (олар Шекара
әскерлерінің заставалары мен бөлімдерінен,  Қазақстан Республикасының
Әскери-Теңіз күштерінің кемелері мен жағалау қызметінен тұрады). Сонымен
бір уақытта Бас штаб Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас Штабы
болып қайта құрылды. Көп өтпей, алайда, Шекара әскерлерінің Қорғаныс
министрлігіне бағынуының негізсіздігі айқын болып, 1999 жылдың 2 шілдесінен
бастап олар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағына қайтарылды. ТМД-ның
әрбір елінде Қарулы Күштер құрылған кезден бастап, олардың басшылары өз
қорғаныстарын ұжымдық негізде құрғысы келетіндерін мәлімдеді. Алайда, 1992
жылы 15 мамырда Ташкентте ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа (ҰҚШ) тек 6 ел
ғана – Армения, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан қол қойды.
Келесі жылы оған Әзербайжан, Беларусь және Грузия қосылды. Небәрі бес жыл
өткеннен кейін, 1999 жылы 4 ақпанда Әзербайжан, Грузия және Өзбекстан ҰҚШ-
ға мүшеліктен шығу туралы шешім қабылдағанын мәлім етті. 2-3 аптадан кейін
бұл үш елдің бірінің қабылдаған шешімінің қате болғанын сезінуіне тура
келді. Ташкенттің орталығында ислам оппозициясы күштері ұйымдастырған
жарылыс болды. Діни уағыздармен бүркемеленген мұндай күштер Тәжікстан және
Қырғызстан Республикаларында жанданды. Ауған талибтерінің, Усама бен
Ладеннің және басқа да халықаралық экстремистердің қолдауына сүйенген олар
Ферғана жазығында және Тәжікстанның, Қырғызстанның оған көршілес
аудандарында, Өзбекстанның Сурхандария облысында ислам мемлекетін құру
идеясын көтерді. 1999 жылы үкімет әскерлерінің күшінен жеңіліске ұшыраған
олар 2000 жылы өздерінің арандату әрекетін қайталап, бірақ тағы да қуылды.
Алайда бүкіл ортаазиялық республикаларға, оның ішінде Қазақстанға да елеулі
қатер төнгені айқын болды. Біздің көршіміз – Қытай Халық Республикасы үшін
де қауіп күшейді. Бұл бұрынғы КСРО-ның ортаазиялық республикалары мен Қытай
кіретін "Шанхай бестігінің” қызмет ауқымын кеңейтуге негіз болды. Шекара
мәселелерін және шекаралық белдемдердегі сенім шараларын шешуге негізделген
"Шанхай бестігі” терроризм қатерімен күресте де бірлесе әрекет етуге шешім
қабылдады. Осы мақсатпен олардың арасында әскери-саяси ынтымақтастық
кеңеюде, халықаралық террористердің қауіпті әскери қимылдарын тойтару
жөнінде біріккен жаттығулар өткізу, бітімгершілік шараларға қатысу
көзделуде. Осы және басқа мәселелер бойынша келісімдер 2000 жылғы наурыздың
соңында Астанада өткен Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан қорғаныс
министрлері кеңесінің қорытындысына негізделген Бірлескен коммюникеден өз
көрінісін тапты. Бір айдан соң Ташкентте Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан,
және Өзбекстан президенттерінің екі күндік кездесуінің қорытындысы бойынша,
саяси және діни экстремизмге, транс-ұлттық ұйымдасқан қылмысқа және
тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін басқа да қатерлерге қарсы
күрестерге бірлескен қимылдар туралы шартқа қол қойылды. Көршілес
мемлекеттер басшылары мұны "Қорғаныс Одағы” деп атады. Көрші елдегі "Баткен
соғысы” деп аталған жағдайлар, оның біздің мемлекетіміздің оңтүстік
аудандарына өтуінің тікелей қатері "қорғаныс одағы” – ҰҚШ-ға қатысушы
елдердің өзара қарым-қатынасын нығайтып қана қоймай, сонымен бірге бұрын
басталған әскери реформаны жеделдетуді талап етті. 2000 жылы 10 ақпанда
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жаңа Әскери доктринаны
бекітті. Ол бұрынғыша қорғаныс сипатына ие және әскери қақтығыстарды
болдырмауды, оларды дипломатиялық жолдармен шешуді басты міндеті санайды.
Геосаясаттағы өзгерістер терең талдана отырып, жаңа әскери доктринада жаңа
қауіп қатерлердің өскені, әсіресе, оның халықаралық терроризм, саяси және
діни экстремизм, ұйымдасқан қылмыс, қару-жарақ пен есірткіні заңсыз
тасымалдау тарапынан болып отырғаны мәлімделді. Осыларды, сондай-ақ, қарулы
күрес құралдары мен әскери өнердегі өзгерістерді ескере отырып, жаңа
доктрина соғыстың сипаты, құрылымы және әскерлердің әскери іс-қимылдары
туралы мәселелерді жаңаша түсіндіреді. Әскери қауіпсіздікті экономикалық
жағынан қамтамасыз ету мәселесі де кеңінен қарастырылды. Әскери доктрина
негізінде, 2000 жылы 7 шілдеде "Әскери реформа тұжырымдамасы” және "Әскери
құрылыстың 2005 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы” бекітілді.
Қабылданған құжаттар толығымен іске асырылуда. 2000 жылы 7 тамыздағы ел
президентінің нұсқауымен Жаңа әскери-әкімшілік құрылым - әскери округтер
құру басталды. Қазіргі кезде округтерде құрамалар мен бөлімдерді толықтыру,
оларды орналастыру жұмыстары аяқталуда, гарнизондар ретке келтірілуде,
барлық керек жарақпен қамтамасыз ету жолға қойылуда, облыстық және
жергілікті өкімет органдарымен байланыс орнатылуда. Қазақстан армиясында
бөлімшелердің, бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік оқулар Ауғанстандағы
соғыстың, сондай-ақ әлемнің басқа елдерінің соңғы онжылдықтағы қарулы
қақтығыстарының тәжірибелерін ескере отырып жүргізіледі. Оқу сыныптарындағы
сабақтар далалық-роталық және батальондық жаттығулардағы жауынгерлік
атыстармен, әр түрлі ауқымдағы командалық-штабтық жаттығулармен
толықтырылады. 1994 жылы 14 мамырда Әуе шабуылынан қорғаныс және Әскери-әуе
күштері әскерлерінің республикалық әуе кеңістігін қорғау кезіндегі олардың
өзара біріккен қимылдары мәселесі бойынша командалық-штабтық жаттығуы
болды. Сол жылдың 15 тамызында Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас
қолбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен гвардиялық гарнизон бөлімдерінің
кешенді командалық-штабтық жаттығуы өтті. 1995 жылы 3-7 қыркүйек аралығында
Гвардейский поселкесінде кешенді жазғы-тактикалық жаттығу болды. Бір жылдан
соң, 1996 жылы 13 қыркүйекте Әскери-әуе күштері бөлімдерінің жауынгерлік
дайындығын тексеру және авиацияның, әскердің басқа түрлерінің бөлімдерімен
өзара үйлесімді қимылдарын байқау мақсатында жаңа жаттығу өткізілді. Оларға
қатысқан Н.Ә.Назарбаев тиісті қолбасшыларға Қазақстан Республикасы Әскери-
әуе күштерінің туын және Әуе шабуылынан қорғаныс күштерінің жауынгерлік
туын тапсырды. КСРО ыдырағанда Қазақстан кеңес әскерінің ең бір осал
бөлігін еншіледі. Бұл кезде мемлекет құраушы халық елдің тек 40 пайыздайын
әзер құрайтын. Алда-жалда көрші-қолаңмен араздық пайда болып жатса,
тойтарыс берерге шамамыз шектеулі еді. Ел еңсесі тіктеліп, ес жиған қазіргі
шақта құйысқанымыз берік, қорғанысымыздың жағдайы әлһәм-шүкір. Қазақстан 18
жыл ішінде әскерін ескі заманның үрдісімен жасақтаудан арылып, жаңаша
кейіпке енді, жаңа әскер доктрина қабылдады. Доктринаға сай ең алдымен
әскер саны ықшамдалып, көрші Ресеймен салыстырғанда басқарудың заманауи
түрлерін игере бастады. Үкіметтің қорғаныс саласын саннан гөрі сапаға
көшіру мақсаты жүзеге аса бастады. Қысқасы, қорғаныс саласының даму
импульсы жағынан Қазақстан тәп-тәуір қарқын алды.[11, 114б]

1.2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күшінің әскери білім беру жүйесі мен
әлеуметтік жағдайы

Ақпараттық дәуірде кез келген елдің қарулы күштері үшін шешуші
мәселелер тек компьютерлер, байланыс тораптары немесе қару-жарақтың ең
соңғы үлгілерімен қарулану ғана емес, ол сонымен бірге, білім мен
білімділік және адамдардың шығармашылық ойлау әлеуетінде екені мойындалған
акcиома. Осы орайда Елбасы – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы
Н.Ә.Назарбаевтың “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” деп аталатын халыққа
Жолдауындағы: “Біз бүкіл ел бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы
білім беруге қол жеткізуге тиіспіз”, – деген сөзін біздің ісіміздің нақтылы
бағдары деп қабылдаудамыз.
Бүгінде осынау өмір шындығын мойындай отыра еліміздің тәуелсіздік алған
алғашқы жылдары еріксіз еске түседі. Содан бергі аз уақыт аралығында әскери
білім мен ғылым саласындағы қол жеткен жетістігіміз сараланып, оны ой
елегінен өткізіп, арасында өз-өзімізге есеп бергендей зерделеп алатынымыз
тағы бар. 1991 жыл. Еліміз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздікке енді-енді
қолы жетіп жатқан кез. Сол жылдары Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамында
бар-жоғы бір ғана жоғары әскери оқу орны болатын. Алматының Кеңес Одағының
маршалы И.С.Конев атындағы жоғары жалпыәскери командалық училищесі деп
аталатын сол оқу орны бір ғана мамандық (“командалық-тактикалық
мотоатқыштар әскері”) бойынша офицерлер дайындайтын.
Міне, осыдан барып Қазақстан Армиясын әскери кадрлармен жоспарлы және
тұрақты түрде қамтамасыз ету бойынша бірден-бір қажеттілік туындады.
Сондықтан Қорғаныс министрлігі басшылығының әскери кадрларды дайындауда
өзіндік қор құру бойынша тұрақты бағыт алған жұмыстарды іске асыруының
арқасында 1998 жылдың өзінде ҚР ҚК әскери академиясы, Ақтөбе жоғары әскери
авиациялық училищесі, Азаматтық авиация академиясындағы Әскери факультет,
Спорт әскери колледжі және Кадет корпусы сияқты 5 бірдей әскери оқу орны
есігін айқара ашты.
Қорғаныс министрлігі бүгінгі таңда осы бағытта бұдан да қомақты
жетістіктерге қол жеткізді деп сеніммен айта аламыз. Қазір аталмыш
министрлік қарамағында осындай 9 әскери оқу орны бар. Мысалы, Щучье
қаласындағы Ұлттық қорғаныс университеті, Алматыдағы Құрлық әскері әскери
институты, Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе
қорғанысы күштерінің әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс
әскери-инженерлік институты, Қорғаныс министрлігінің әскери институты,
Спорт әскери колледжі (Алматы), Ақтаудағы Әскери-теңіз институты, Қорғаныс
министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы (Щучье қ.) мен армия
генералы С.Нұрмағамбетов атындағы республикалық “Жас ұлан” мектебінде
(Астана қ.) жас толқын – болашақ офицерлеріміз отыздан артық әскери
мамандықтың қыр-сырын меңгеруде.
Қорғаныс министрлігі басшылығы әскери білім жүйесін жетілдіріп отыру
жұмысын үнемі назарында ұстауда. Өйткені, жүйелі білім беру бойынша
жүргізіліп жатқан жаңа сала іргетасының беріктігі қашан да сол адам
капиталына байланысты болып қала бермек. Сондықтан да басты бағыттардың
бірі есебінде 2007 жылы басталған кадрлардың әлеуетін трансформациялау деп
белгіленуде. Осы орайда отандық білім жүйесіндегі өзгерістер мен әлемдік
жетекші мемлекеттердің тәжірибесін ескеретін бәсекелестікке қабілетті
әскери білім жүйесін құруға ерекше көңіл бөлінуде.
Мұның басты мақсаты – Қарулы Күштерді дамытудың болашағымен сәйкес келетін,
әскери оқу орындарында кәсіби білім беру мен әскери қызметшілердің барлық
қызмет атқару кезеңдерінде шеберліктерін арттыруды біріктіретін жүйе
құру.[6, 3б]
Ұлттық білім жүйесінде болып жатқан осы шаралар мен үдерістердің шеңберінде
былтырдан бері бес деңгейлі әскери білім беру жүйесі іске ендірілген. Білім
беруші оқу бағдарламаларының үздіксіздігі әрі дәстүрлілігі қағидаты
негізінде оларға білім берудің мынадай бес түрі: негізгі орта білім, орта
білім, ортадан кейінгі әскери білім, жоғары әскери білім және жоғары оқу
орнынан кейінгі әскери білім деңгейлері қосылады.
Бірқатар бағыттар бойынша бүгіндері алғашқы нәтижелер де бар. Жоғары
біліктілік талаптары өзгертілді және жоғары әскери оқу орындарына арналған
мемлекеттік жалпыміндетті білім стандарттары толығымен қайта жасалып шықты.
Бұлар жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларының негізіне айналды.
Білім беру үдерістерінің ұйымдастырылуының біржүйелілігі қалыптастырылды.
Дайындық жүргізудің екі деңгейлік моделі (бакалавриат және магистратура)
ендірілді. 2008 жылы Ұлттық қорғаныс университетінің барлық түлектері
оқуларын тұңғыш рет магистрлік бағдарлама бойынша аяқтады.
Оқыту мамандықтары мен оқу көлеміне (мерзіміне) өзгерістер ендірілді.
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында тұңғыш рет
автоматтық байланыс жүйесі мамандары оқытыла бастайды.
Әлемдік тәжірибеден көз жетіп отырғанындай, азаматтық жоғары оқу орындарын
бітірушілердің көпшілігі өз өмірін әскери қызметпен байланыстыратынын
байқауға болады. Осы жағдайды және көптеген шетелдік мемлекеттердің қарулы
күштерін құру тәжірибелерін ескере отыра, жоғары оқу орындарының
(азаматтық) жанындағы төрт әскери кафедрада тактикалық басқару саласының
офицерлерін 2007 жылдан бастап және де тұңғыш рет қысқартылған бағдарлама
бойынша даярлау басталған-ды. Былтыр, яғни 2008 жылдан бастап мұндай 8
кафедра іске қосылды. Онда қазір 150 адам осы бағдарламамен оқып жатыр.
Әскери білім саласы бойынша шетелдік сарапшылардың (АҚШ, Франция,
“Бейбітшілік жолындағы әріптестік” Консорциумы) күшімен жоғары оқу
орындарына сырттай аудит (кәсіби әскери білім деңгейін бағалау) өткізілді.
Әскери институттарға келісім-шарт негізінде жоғары білікті педагогтар
тартылуда. Олардың 94-інің ғылыми атақтары бар, соның ішінде 29-ы ғылым
докторы болса, 65 адам ғылым кандидаты. 2007 жылдың бас кезімен
салыстырғанда, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың саны іс жүзінде екі есеге
ұлғайды. Әскери жоғары оқу орындарына сабақ беруге кәсіби мамандарды
тартуға байланысты іске асырылып жатқан шаралар білім беру сапасын
арттырудағы бірден-бір қажетті жағдай болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыс
алда да, сөз жоқ, жоспарлы түрде жалғасын таппақ.
Оқу-материалдық базасын жетілдіру саласы жаңа қарқын алды. 2008 жылы әскери
оқу орындарындағы оқу нысандары мен олардың инженерлік коммуникацияларында
тұңғыш рет толықтай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нысандар орналастырылған
аумақтар ретке келтіріліп және көгалдандыруға 2 млрд. теңгеден артық қаржы
жұмсалды.
Жоғары оқу орындарына экипаждың қандай да бір нақтылы жағдайда және сол
жағдайға байланысты кедергісіз іс-қимыл жасауына 100% мүмкіндік беретін әрі
соңғы талаптарға сай жаттығу құрылғылары алынуда. Мұндай оқып-үйренетін
кешенді құрылғыда курсант бірнеше рет сабақ өткеннен кейін ол әскери
техниканы өз алдына басқарып кете бере алады. Оқу үдерісінде оқып-үйретуде
қолданылатын дәстүрлі құралдарды пайдаланумен бірге, ІT-технологиясын кезең-
кезеңмен пайдалану жоспарланған.
Оқу үдерісін жаңа деңгейге көтеру үшін біз 2008 жылы мультисервистік
ақпараттық білім беру орталығы тұжырымдамасын іске асыра бастадық. Жаңа
құрылғыны орналастырып, құрастыру шеңберіндегі жұмыстарды іске асырған
бірінші кезең аяқталды. Бұл жоба бойынша жоғары оқу орындарын жаңа
технологиялар және бағдарламалық оқу құралдарымен жабдықтап, интерактивті
тәсілмен оқытуға ауысу қарастырылған.
Таяу арада әскери оқу орындарын біртұтас білім беретін контурға біріктіріп,
оқу үдерісінде оқытудың дистанциялық технологиясын пайдалануға қол
жеткізіледі. Біздің еліміздің және басқа мемлекеттердің жетекші жоғары оқу
орындарының электронды кітапханаларына шығу мүмкіндігі туындайды. Бұл өз
кезегінде Қазақстанның әскери оқу орындарындағы оқу үдерісінде интерактивті
технологияны пайдалану сияқты көрсеткіштер бойынша әлемнің алдыңғы қатарлы
мемлекеттерінің Вест-Пойнт, Әскери әуе күштері академиясы (АҚШ ӘӘКА) және
Корольдік әскери колледжі (Ұлыбритания) тәрізді әскери жоғары оқу
орындарымен теңесуіне жағдай туғызады.
2007-2008 оқу жылдарының қорытындысы осынау қабылданған шешімдердің
дұрыстығын және жұмсалған күштердің тиімді екендігін дәлелдеуде.
Жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік аттестациялық комиссиялардың жұмыс
қорытындылары бойынша оқу бітірушілердің теориялық, әсіресе, іс-тәжірибелік
дайындықтарының деңгейі айтарлықтай жоғарылағанын көруге болады. Сонымен
бірге, әскери институттың екінші курс курсанттарын мемлекетаралық
бақылаудан өткізу бойынша орта балл да жоғарылады.
Осы орайда, егер қазіргі таңда республикамыздың әскери жоғары оқу
орындарында Қырғызстан, Тәжікстан және Белоруссия сияқты елдердің 80-нен
астам курсанты, былайша айтқанда, шетелдік әскери қызметшілер оқып жатқаны
қазақстандық әскери мектеп беделінің жоғары екенінің бірден-бір дәлелі
болса керек. Әлемнің алдыңғы қатарлы армияларында, мысалы, әскери
қызметшілердің қызметтік өсу барысында өзінің кәсіби біліктілігін тиісті
курстарда үнемі арттырып отыру тәжірибесі іс жүзінде өзін ақтап отыр.
Сондықтан былтырғы жылдан бастап, курстық дайындықтардың көпдеңгейлі жүйесі
ендірілуде.[6,4б]
Курстық дайындық 46 оқу бағдарламасы бойынша оқыту түрлері, деңгейлері және
мамандықтарына байланысты қалыптастырылған. Офицерлер құрамының курстық
дайындықтарын Ұлттық қорғаныс университетінде, әскери институттарда, әскери
кафедраларда, сондай-ақ, Әуе қорғаныс күштері мен Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері әскер тектерінің оқу орталықтарында өткізу ұйымдастырылған.
Былтыр жыл бойына 3000-нан астам офицер курстық дайындықтан өтті. Бұл
көрсеткіш 2007 жылы 116 болса, сол есепте шет елде 300 курсант оқыған. Ал
2009 жылы 2000 офицер (шетелде 200-ден көптеу) осындай курстық дайындықтан
өткізіледі деп жоспарлануда.
Үстіміздегі жылдың 11 наурызынан Ұлттық қорғаныс университетінде (Щучье қ.)
жоғары оқу орнынан кейінгі әскери білімі жоқтарға тұңғыш рет офицерлердің
үш айлық академиялық курсы ұйымдастырылуда. Бұл курстарда Қарулы Күштер
офицерімен бірге Республикалық Ұлан мен ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің сардарлары
да оқытылуда.
Сонымен бірге, офицерлер құрамының білім жетілдіру курсында 2009 жылдың тек
бірінші жартысында Республикалық Ұлан және ҚР ІІМ Ішкі әскерлерінің 70-тен
көп сардары біліктілігін арттырды.
Әскери білім мен әскери ғылымды интеграциялау мақсатында жоғары оқу
орындарының штаттарына ғылыми-зерттеу бөлімшелері ендірілген. Әскерлерде
әскери ғылыми-зерттеу жұмыстарымен лауазымдық қызметтері Қарулы Күштер
түрлерінде, әскер тектерінде және аймақтық әскер қолбасшылықтарында
ендірілген ғылыми жұмыстармен шұғылданатын офицерлер айналысады.
Жалпы алғанда, қазіргі кезеңдегі ғылыми жұмыстар Ұлттық қорғаныс
университетінде шоғырландырылған. 2008 жылы әскери өнер, қару-жарақ және
әскери техника, сондай-ақ әскери тарих тақырыптарынан докторлық диссертация
қорғау үшін диссертациялық кеңес құрылды. Оқытушылар, ғылыми қызметшілер
мен тыңдаушылар зерттеушілер және сараптамашылар топтарының құрамында
өткізілетін барлық оқу-жаттығуларына қатысады.
Педагогтардың біліктілік шеберліктерін арттыру үшін алдыңғы қатарлы оқу
орындарына (Ресей Федерациясының Бас штаб академиясына, Қытай халық азаттық
армиясы Бас штаб академиясына, Түркия Бас штаб академиясына, Беларусь
Әскери академиясына, АҚШ Ұлттық қорғаныс университетіне) жіберіледі.[10,
200б]
Адами капиталды дайындауға қатысты біз өте байыпты жұмыстар жүргізіп
жатырмыз. Бұл ең алдымен офицерлік құрамды қайта мамандандыру және дайындау
жүйесімен байланысты. Ағымдағы жылы 3095 офицер біліктілігін арттыру
курсынан өтуде, бұл өте маңызды. Айта кету керек, офицердің біліктілігін
арттыру, даярлау және қайта даярлау бұл оның ҚР Қарулы Күштерінде қызмет
ететін жылдарында жүргізілетін үздіксіз үдеріс. Офицер тиісті қайта даярлау
курсынан өтпейінше, ол жоғары қызметке тағайындалмайды. Біз тек офицерлерді
ғана емес, сонымен қатар келісімшартпен әскери қызметін өтейтіндерді, яғни
сержанттарды да оқытуымыз қажет. Өйткені сержанттардың сапасына қатысты
проблема қазіргі таңда өзекті болып отыр. Жасыратыны жоқ, осыған дейін
әскери қызметке келісімшартпен алынған сержанттардың көпшілігінің дайындығы
өте нашар. Олардың бір бөлігі әскерде мүлдем болмағандар. Сондықтан,
офицерлерді даярлаумен қатар бүгінде келісімшартқа қол қойып қойған
сержанттарды қайта даярлау біздің алдымызда тұрған маңызды іс. Министрлік
қазір өзіне осындай міндеттеме алып отыр. Соңғы үш айда елімізде әскер
қатарына 537 адам келісімшарт бойынша алынды. Олар ең алдымен бейімделу
кезеңінен, одан кейін аттестациядан өтетін болады. Егер олар нашар нәтиже
көрсетіп, сыннан өте алмаса, онда жасалған келісімшарт бұзылатын болады.
Сонымен қатар, біз ҚР Қарулы Күштерінің қатарында ұзақ уақыт бойы қызмет
етіп келе жатқан әскери қызметшілердің біліксіздігімен бітісе алмаймыз.
Қазіргі таңда менің жарлығымның жобасы дайындалып жатыр, оған сәйкес ұзақ
уақыт бойы қызмет етіп келе жатқан әскерилер қайтадан аттестациядан
өткізілетін болады. Мен олардың көпшілігі аттестациядан өтетінінен
үміттенемін.
Ал бұл сында кәсіби және дене күшінің дайындық деңгейі жағынан
қанағаттанарлықсыз нәтиже көрсеткендер өздеріне барынша жеңіл жұмыс
іздегендері дұрыс. Мүмкін олардың бір бөлігін қызметінен босату қажет
шығар, себебі бұл уақыт күттірмейтін зәрулік. Әскерді жаңғырту және әскери
дайындық қарқынын ұлғайту ең алдымен әскери қызметшілерге қатысты осындай
қиын әрі күрделі амалдарды пайдалануды қажет етеді. Өйткені біздің әскер
алдына қойылған міндетті шын мәнінде шешуге қабілетті болуы тиіс. Біздің
әскер азаматтық қоғамда өзіне орын таба алмаған адамдар жиналатын орын
болмауы қажет.
ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаевтың тапсырмасы бойынша біз Әскери
қызметшілердің әлеуметтік мәртебесі туралы заң жобасын әзірледік. Онда
әскерилерге қатысты барлық қажетті әлеуметтік аспектілер қамтылған. Әскери
қызметшілер мен әскери қызмет бұл – заңда жазылғанындай мемлекеттік
қызметтің айрықша түрі болғандықтан, оларды әлеуметтік жағынан қамтамасыз
ету аса маңызды. Әрине, бүгінгі күнде әскери қызметшілерді ең алдымен
тұрғын үймен, жеткілікті айлық жалақымен, әлеуметтік және тұрмыстық жағынан
қамтамасыз етуге қатысты проблемалар туындап отыр. Сондықтан, Мемлекет
басшысы ең алдымен әскери қызметшілерді баспанамен қамту мәселесіне айрықша
назар аударуда. Біз қазіргі таңда әскери қызметшілерге арнап жыл сайын 70
мыңнан 75 мың шаршы метрге дейін тұрғын үй салудамыз. Бұған дейін әскерилер
үшін 20 мың шаршы метрге дейін тұрғын үй салынып келгендігін ескерсек, бұл
әрине Қарулы Күштер үшін айтарлықтай көмек екендігін айтуға болады. Әрбір
офицер мен әскери қызметші бұл қарқынды сезініп отыр және олардың ҚР Қарулы
Күштерінің құрамында қызмет етуге уәжі артуда. Біз әскери қызметшілер үшін
тек кенттер салып қана қоймай, олардың балалары білім алатын мектептерді
жайлыландырудамыз, спорттық кешендер тұрғызудамыз.
Биыл Приозерскіде, Сарыөзекте, Аягөзде өте-мөте қажеті әскери нысандардың
құрылысынан бөлек, спорт кешендері тұрғызылуда. Бұларды салу кезінде
еуропалық технологиялар қолданылып жатыр, сондықтан олар біздің еліміздегі
үздік спорт кешендерінің бірі болатынына сенімім зор. Бұдан бөлек біз
әскери қызметшілерге медициналық қызметтің барынша жоғары деңгейде
көрсетілуіне ұмтылудамыз. Осы орайда бүгінде Астана қаласында
көпфункционалды әскери госпитальды жобалау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.
Бұл еліміздегі үздік әскери госпитальдің бірі болатынына сенімдімін.
Жоғарыда айтылған заңда біздің әскери қызметшілердің ипотекалық несие
жүйесіне, тұрғын үй құрылысы жинақтарына, зейнетақы жинақтау жүйесіне
қатыстырылуы қарастырылған. Сонымен қатар, заң жобасында жастарды
ынталандыру үшін қосымша жағдайлар жасау жағы көзделіп отыр. Мәселен,
әскери қызметші ҚР Қарулы Күштерінің қатарында сегіз жыл қызмет ететін
болса, онда ол ақылы жоғары білім алуға жұмсалатын шығынын өтеу үшін
Қорғаныс министрлігінің қаржысы есебінен дотация ала алатын болады. Заңда
осындай көптеген пунктер жазылған, бұл бізге әскери қызметшілерді
әлеуметтік қорғаумен байланысты талай проблемаларды шешуге мүмкіндік
береді.
Сонымен қатар, биыл біз Қапшағайда Қарулы Күштерге арналған арнайы
шипайжайдың құрылысын салуды бастаймыз. Бұл шын мәніндегі бірегей құрылыс
нысаны болады. Жағдай жасау көзқарасы тұрғысынан бұл бес жұлдызды қонақ
үйдің талаптарына жауап бермек. Ал медициналық қызмет көрсету көзқарасы
тұрғысынан, бұл заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған медициналық
мекеме болмақ. Бұл нысанды енді бір жарым жылдан кейін пайдалануға беру
жоспарланып отыр. Осылайша таяу уақытта елімізде біздің Қарулы
Күштеріміздің әскерлері демалатын тамаша орын пайда болады. Бұдан бөлек біз
аталмыш шипажайдың тек әскерилердің ғана емес, олардың отбасыларының
денсаулығын түзейтін отбасылық мекеме болғандығын қалаймыз. Шипажай жыл
бойы жұмыс істейді деп көзделіп отыр. [7, 2б]
Қарулы күштерді қалыптастырудың қазір әлемде бірнеше тенденциясы бар. Сөз
жоқ әскерді кәсібилендіру осындай қызықты бағыттардың бірі болып табылады.
Дайындығы барынша жақсы әскер әрине кәсіби әскер деп аталады, сондықтан біз
де әскерімізді кәсібилендіруге ұмтылудамыз. Бүгінде резервті дайындау
қажеттігін, халықтың көп бөлігін қаруды қолдана білуге дайындау керектігін
ескере отырып, біз мынадай пропорцияны сақтаудамыз: әскердің 60 пайызы
кәсіби жауынгерлер, ал 40 пайызы мерзімді қызметке шақырылушылар болуы
қажет. Резервтегілердің қажетті санын жинап бітпейінше, аталмыш тенденцияны
біз сақтайтын боламыз. Әлемде даусыз кәсіби әскер жоқ, өйткені барлық елдер
резервке қатысты проблемамен бетпе-бет келіп жатады. Сондықтан, әр ел
бүгінде өздерінің мақсатына лайықты деп санайтын пропорцияны қолдануда. Біз
мен жоғарыда айтып өткен есеп-қисапты таңдап алдық. Алайда ол құр әншейін
есеп емес, ол халықтың адами әлеуетіне, әскери қызметшілер дайындығының
санына және Қарулы Күштердің саны мен құрамын сақтау қажеттігіне
негізделеді. [7, 2б]
Ел экономикасымен қатар әскери бюджет те оқтын-оқтын ұлғайып отырды.
Қорғаныс саласына бөлінген қаражат негізінен заманауи қарулармен
жарақтануға жұмсалды. Ерекше атап өтеріміз, Қазақстанда алғаш аэромобильді
жасақ пайда болды. Сондай-ақ Каспийдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
теңіз флоты да күшейіп келеді. Техникалық модернизациялауға, кәсіби ықшамды
қарулы күш құруға негізделген жаңа доктрина өз нәтижесін берді. Айтпақшы,
аталған доктрина шетелдіктер тарапынан жақсы бағаланды. Тіпті өткен жылы
ресейлік әріптестеріміздің Қазақстан қабылдаған жаңа доктринаны көшіріп
алғаны туралы ақпарат БАҚ құралдарында гулеп кетіп еді. Әлемде көптеген
тактикалық-техникалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде халықаралық аренаға шығуы
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
Қазақстанның халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Қазақстанның саясаты
Қазақстан Республикасында Президенттік институтын қалыптастыру және оның тарихи-құқықтық маңызы
ӘСКЕРИ - ТЕҢІЗ КҮШТЕРІ
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы
Ауғанстанның саяси жүйесінің демократизациялауы
ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
Қазақстанда ұлттық қауіпсіздік
Пәндер