Нарықтық тепе-теңдiкке мемлекеттiң әсерi



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I НАРЫҚ ТЕПЕ.ТЕҢДIГI ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗГЕРIСI ... ... ... ... ... ... ... ... 4

1.1 Нарық тепе.теңдiгi туралы түсiнiк ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Нарық тепе.теңдiгiнiң өзгерiсi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8

II НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ.ТЕҢДIККЕ МЕМЛЕКЕТТIҢ ӘСЕРI ... ... ... ... .11

2.1 Мемлекеттiң нарықтық тепе.теңдiкке баға белгiлеу арқылы
әсерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.2 Нарықтық тепе.теңдiктi салық арқылы реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ...14

III ҚР ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIҢ ОРНЫ ... ... ... ... ... 17

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық экономиканың меанизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады.
Негiзiнен нарықтық механизм ол өзiнiң элементтерiнiң тепе-теңдiк деңгейде болған кезде тиiмдi қызмет етедi. Онда сатушылар мен сатып алушыларда өз сұраныстарын максималды түрде қанағаттандыра алады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады / 1, 102 бет /.
Осы нарықтық тепе-теңдiктi реттеп отыратын мемлекеттiң саясаттарына салық салу арқылы реттеу, бағаның деңгейiн белгiлеу, қаржы жүйесi арқылы реттеу және т.б. саясаттар жатады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi, осы нарықтық экономиканың қызмет ету механизмiн, тепе-теңдiк жағдайдың өзгерiсiн және осы нарық тепе-теңдiгiне мемлекеттiң саясаттары арқылы әсерiн қарастыру болып табылады.
Сондықтан мен микроэкономика пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын “Нарықтық тепе-теңдiкке мемлекеттiң әсерi” деп алдым.
Жұмыс барысында нарықтың негiзгi эленттерi сұраныс пе ұсыныс туралы, нарықтың қызмет ету ерекшелiктерi және ондағы тепе-теңдiк жағдайдың орнауын қарастырмақшымын. Сондай-ақ 3-шi бөлiмде осы нарықтың тепе-теңдiгiнiң елiмiз экономикасы үшiн маңыздылығын қарастырдым.
1. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
2. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
3. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
4. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
5. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
6. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
7. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.
8. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2004 ж.
9. Статистический ежегодник. Алматы. – 2004г. №5.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI

Экономика және бизнес факультетi

Макро-микра кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДIККЕ МЕМЛЕКЕТТIҢ ӘСЕРI

Орындаған:
2 курс студентi
( қолы )

Ғылыми жетекшi:
э.ғ.к ., доцент Дуламбаева Р.Т.

( қолы, күнi )

Алматы, 2004

ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..3

I НАРЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДIГI ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗГЕРIСI
... ... ... ... ... ... ... ... 4

1. Нарық тепе-теңдiгi туралы түсiнiк
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2. Нарық тепе-теңдiгiнiң өзгерiсi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

II НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДIККЕ МЕМЛЕКЕТТIҢ ӘСЕРI ... ... ... ... .11

2.1 Мемлекеттiң нарықтық тепе-теңдiкке баға белгiлеу арқылы
әсерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.2 Нарықтық тепе-теңдiктi салық арқылы реттеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

III ҚР ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIҢ ОРНЫ ... ... ... ... ... 17

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .19

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

КIРIСПЕ

Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар
күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады.
Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық
экономиканың меанизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп
отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады.
Негiзiнен нарықтық механизм ол өзiнiң элементтерiнiң тепе-теңдiк
деңгейде болған кезде тиiмдi қызмет етедi. Онда сатушылар мен сатып
алушыларда өз сұраныстарын максималды түрде қанағаттандыра алады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал
сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықтық экономиканың
ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi
сұранысты қанағаттандыру болып табылады 1, 102 бет .
Осы нарықтық тепе-теңдiктi реттеп отыратын мемлекеттiң саясаттарына
салық салу арқылы реттеу, бағаның деңгейiн белгiлеу, қаржы жүйесi арқылы
реттеу және т.б. саясаттар жатады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi, осы нарықтық экономиканың қызмет ету
механизмiн, тепе-теңдiк жағдайдың өзгерiсiн және осы нарық тепе-теңдiгiне
мемлекеттiң саясаттары арқылы әсерiн қарастыру болып табылады.
Сондықтан мен микроэкономика пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын
“Нарықтық тепе-теңдiкке мемлекеттiң әсерi” деп алдым.
Жұмыс барысында нарықтың негiзгi эленттерi сұраныс пе ұсыныс туралы,
нарықтың қызмет ету ерекшелiктерi және ондағы тепе-теңдiк жағдайдың орнауын
қарастырмақшымын. Сондай-ақ 3-шi бөлiмде осы нарықтың тепе-теңдiгiнiң
елiмiз экономикасы үшiн маңыздылығын қарастырдым.

I НАРЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДIГI ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗГЕРIСI

1. Нарық тепе-теңдiгi туралы түсiнiк

Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал
сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықтық экономиканың
ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi
сұранысты қанағаттандыру болып табылады 2, 104 бет .
Сұранысты екi нәрсе сипаттайды:
1) сұраныс көлемi;
2) сұраныс бағасы.
Сұраныс көлемi мен сұраныс бағасы сұранысты бейнелеп өзара қарама қарсы
ықпалдылықта болады. Сұраныс заңы бойынша баға ұлғайған сайын сұраныс
көлемi азаяды. Бiрақ, Роберт Гиффен бұл сұраныс заңына қайшы келетiн
жағдайды айқындаған. Оның айтуынша сұраныс өссе бағада өседi немесе
керiсiнше. Бұл теория Гиффен парадоксы деп аталады. Осы парадоксты Гиффен
XIX ғасырдың ортасында Ирландияда ашаршылық болған кезде картоптың бағасы
өсiп, оның оның сұранысы да өскенiң байқаған. Сонымен қатар сол кезде басқа
тауарлардың да бағасы өскен.
Кей кезде әсiпкерлер осы тәрiздi парадокстарды көбейтуге тырысады, демек
бағамен бiрге сұраныс та өсуi керек. Мұндай құбылыстың себебi Веблен ашқан
әсерге байланысты немесе баға сапа деңгейңн бейнелегенiне байланысты. Ол
бойынша осы айтылған сұраныс заңының бұзылуы тек қана белгiлi уақыт
аралығында орын алады. Уақыт өтiсi мен сұраныс заңы қайтадан күшiне енедi.

Нарықта ұсыныстың да екi сипаты бар. Олар:
1) ұсыныс көлемi;
2) Ұсыныс бағасы.
Ұсыныс заңы бойынша баға өскен сайын ұсыныс көлемi де артады.
Әрбiр экономиалық тепе-теңдiк сол модельдi түсiндiре алатын
айнымалылар белгiлi бiр теңдестiк жағдайына келген уақытта болады. Егер,
бiз осы нарық механизмiнiң басты элементi сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығын
бiр графикке салатын болсақ, онда ол екеуiнiң қиылысу нүктесi нарықтық
тепе-теңдiк деп аталады. Оны келесi 1-шi суреттен көре аламыз.

Баға Ұсыныс

P0 Тепе-теңдiк

Сұраныс

0 Q0 Көлем

Сурет-1 – Нарықтың тепе-теңдiгi

Суреттен көрiп отырғанымыздай, қисықтарының қиылысу нүктесiндегi баға
Р0 – нарықтық теңдестiк бағаны, ал Q0 – қиылысу көлемi – сұраныс пен ұсыныс
бiр-бiрiне тең болатын теңдестiк көлемiн көрсетедi 1, 102 бет .
Бұл тепе-теңдiк жағдайда тұтынушы қанша қаласа соны тұтына алады, ал
өндiрушi де қанша өндiрсе соны сата алады. Осы өндiрушi мен тұтынушының
көлемдерi дәлме-дәл келуi тепе-теңдiк нарықтық бағаны көрсетедi. Кейде бұл
бағаны таза нарық бағасы деп те атайды, өйткенi ол нарыққа қатысушылардың
барлығын қанағаттандырады.
Бiрақ, шын өмiрде ылғи мұндай тепе-теңдiк бола бермейдi, кей кезде
бұл нүктеге жақындауы да мүмкiн. Ендi нарықтық бағалардың тепе-теңдiк
бағадан ауытқуын қарастырайық.
Мысалы, баға деңгейi нарықтық бағадан жоғары деп алайық. Онда келесi
суретегiдей жағдай орын алады 1, 102 бет .

Баға Ұсыныс
Артықшылық
Р2

P0

Сұраныс

0 Сұраныс Q0 Ұсыныс Көлем
көлемi
көлемi

Сурет-2 – Нарықта артықшылық жағдай

2-шi суреттен көрiп отырғанымыздай, тепе-теңдiк бағадан ағымдағы
бағаның жоғары белгiленуi, ұсыныс заңы бойынша өндiрiс көлемiн ұлғайтады,
ал бағаның жоғарылауы сұраныс заңына сәйкес тұтынушыларды азайтады. Яғни,
нарықта артық тауарлар қалып қалады. Сондықтан, артық тауарлар өз
шығындарын жабу үшiн тепе-теңдiк баға деңгейiне қайтадан оралады 3, 46
бет .
Ал ендi керiсiнше нарықтық тепе-теңдiк бағадан ағымдағы баға деңгейi
төмен түстi деп есептесек, онда Р0 тепе-теңдiк баға Р1 бағаға төменеп,
ұсыныс көлемi азаяды, ал бағаның төмендеуiне байланысты тұтынушылар
бұрынғысынан өздерiнiң сұранысын көбейтедi.
Мұндай жағдайда нарықтық тепе-теңдiкте жетiспеушiлiк немесе дефицит
пайда болады. Осылайша, өндiрушiлер сұраныстың өсуiне және жетiспеушiлiкке
байланысты тепе-теңдiк баға деңгейiне оралады 4, 31 бет .

Баға Ұсыныс

P0

Р1 Жетiспеушiлiк
Сұраныс

0 Ұсыныс Q0 Сұраныс Көлем
көлемi
көлемi

Сурет-3 – Нарықтағы тепе-теңдiктiң жетiспеушiлiгi

Жалпы осы жоғарыдағы сызылған графиктер бойынша нарықтың тепе-
теңдiгiнiң, бағаның жоғары және төмен деңгейiнiң белгiленуiнен болатын
байланыстарды келесi 1-шi кестеден көруге болады 3, 47 бет .
Кесте 1
Нарық тепе-теңдiгi және оған бағаның өзгеруiнiң әсерi

Нарықтық жағдай Сұраныс көлемi мен Нарықтық тепе-теңдiк
ұсыныс көлемi арасындағыбаға
байланыс
Тепе-теңдiк QD = QS Тепе-теңдiк
Тапшылық QD QS Төмендейдi
Артықшылық QD QS Жоғарылайды

2. Нарық тепе-теңдiгiнiң өзгерiсi

Алдынғы тақырыпта бiз нарық тепе-теңдiгiне бағаның тепе-теңдiктен
ауытқуының әсерлерiн қарастырдық. Ендi нарық тепе-теңдiгiне сұраныс пен
ұсыныстың өзгеруiнен болатын жалпы нарық тепе-теңдiгiнiң өзгеруiн
қарастырайық.
Мысалы, балмұздақ өндiретiн фирманы алайық. Биылғы жылы жаз айлары өте
ыстық болды деп алып, оның балмұздақ рыногына қалай әсер ететiнiн көрсек.
Әрине, жаздың ыстық болуы әрбiр тұтынушының жылдағы көлемiнен артық
тұтынуына алып келедi. Яғни, ол 4-шi суреттегiдей сұраныс қисығы D1-ден D2-
ге өседi. Сонымен қоса тепе-теңдiкбаға 50 теңгеден 75 теңгеге өседi, ал
тепе-теңдiк көлем 7 балмұздақтан 10 балмұздаққа артады. Оны келесi 4-шi
суреттен көре аламыз 1, 105 бет .

Балмұздақ
бағасы

Ұсыныс

75 В

50 А
D2
D1
0 7 10 Балмұздақ саны

Сурет-4 – Сұраныс өсуiнiң нарықтың тепе-теңдiкке әсерi

Суреттен көрiп отырғанымыздай, сұраныс өскен кезде жалпы тепе-теңдiк
бұрынғы А нүктесiнен жаңа тепе-теңдiк жағдайға В нүктесiне келедi.
Бұл жағдайда фирманың сұраныс қисығы өзгермейдi, бiрақ олардың өнiм
көлемi өзгередi. Жалпы ұсыныс қисығының жылжуы ұсыныстың өзгеруi деп
аталады. Ұсыныс қисығының жылжуы ұсыныс көлемiнiң өзгеруi деп аталады.
Ендi ұсыныстың өзгеруiн қарастырайық. Мысалымызға келсек егерде келесi
жылы жазда сол қалада жер сiлкiнiсi болып, бiрнеше балмұздақ шығаратын
фирма өндiрiсiн тоқтатты дейiк. Онда нарықта өндiрушiлер саны азаяды, ал
сұраныс өзгерген жоқ. Онда 5-шi суреттегiдей ұсыныс қисығы S1-ден S2 –ге
кемидi. Нарықта сұраныс сол қалпында, ал ұсыныс кемуiнен баға тағы да 50
теңгеден 75 теңгеге өседi, ал тепе-теңдiк көлем 7 балмұздақтан 4
балмұздаққа кемидi.

Балмұздақ
бағасы S2

75 В S1
А
50

D

0 4 7 Балмұздақ саны

Сурет-5 – Ұсыныстың кемуiнiң нарықтың тепе-теңдiкке әсерi

Ендi сұраныс пен ұсыныс қисығының бiр мезгiлде өзгеруi, олардың
әрбiреуiнiң өзгеру өлшемiне байланысты 6-шы (а) суретте сұраныс көбiрек
өсуiнiң және ұсыныс азырақ кемидi, ал (ә) суретте ұсыныс көп мөлшерде
өзгерiп, ал сұраныс мардымсыз өзгерсе , онда тепе-теңдiк көлемiсол мөлшерге
кемидi.

Балмұздақ
бағасы
S2
В S1

P2

P1 А
D2
D1
0 Q1 Q2 Балмұздақ саны

Балмұздақ
бағасы S2

B
P1 S1
А
P2
D2
D1

0 Q2 Q1 Балмұздақ саны

Сурет-6 – Сұраныс пен ұсыныстың жылжу мөлшерiнiң нарықтық тепе-
теңдiкке әсерi

II НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДIККЕ МЕМЛЕКЕТТIҢ ӘСЕРI

2.1 Мемлекеттiң нарықтық тепе-теңдiкке баға белгiлеу арқылы
әсерi

Жоғарғы тақырыптарда бiз нарықта тепе-теңдiктi жағдайды, нарықтық
қызмет етуi оның элементтерiне, атап айтқанда сұраныс пен ұсынысқа,
бәсекеге және олардың негiзiндеқалыптасқан бағаға байланысты болады.
Ендi осы нарықтық экономиканың тепе-теңдiгiне мемлекеттiң әр түрлi
саясаттар арқылы әсерiн, оның экономикалық жүргiзген реформаларының
тиiмдiлiгi мен терiс жақтарын көрсек.
Бiрiншiден мемлекет экономикалық саясатты баға арқылы арқылы жүргiздi
деп есептейiк. Мысалы, мемлекеттiң ең төменгi жалақы деңгейiн белгiлеуi.
Негiзiнен мемлекет нарықтың нарықтың тепе-теңдiгi бұзылып, нарықтағы баға
сатушылар және сатып алушылар әдiлетсiз жүргiзiлгенде қолданады 1, 134
бет .
Бiрақ мемлекет баға деңгейiн белгiлегенде оның алдында екi сұрақ
тұрады. Бiрiншiсi мемлекеттiң өндiрушiлер қалауы бойынша бағаның жоғары
деңгейiн белгiлеу, екiнщiден бағаны сұраныс жағдайына байланысты төмен баға
деңгейiн белгiлеу.
Бiрiншi жағдайда мысалы, мемлекет жоғары баға деңгейiн белгiледi деп
қарасақ, онда нарықта келесi 7-шi суреттегiдей жағдай орын алады. Бұл
жағдайда 7-шi (а) суретте шектi белгiленген баға жоғары деңгейге
байланыссыз деп аталады.
Яғни, (а) суретте нарықтық күш табиғи түрде экономикалық тепе-теңдiкке
жылжиды. Бұл дегенiмiз жоғары бағаны белгiлеу ерекше жағдайларға алып
келмейдi. Ал 7-шi (ә) суреттегiдей мемлекет тепе-теңдiк бағадан төмен баға
деңгейiн белгiлесе, онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық тепе-теңдiк
Нарықтық тепе-теңдік және оның түрлері
Мемлекеттің нарықтық тепе-теңдікке әсері
Тепе-теңдiк туралы түсiнiк. Теңдіктің орнау механизмі
Нарық тепе-теңдiгi және оған қолжеткiзу механизмдерi
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс теориясы
Макроэкономикадағы тепе-теңдік
Макроэкономикалық үлгілердегі сыртқы және ішкі өзгермелілер мен тәуекелдіктер қорының теориялық негіздері
ҰЛТТЫҚ БАЙЛЫҚТЫ АКТИВ ПЕН ПАССИВ АРҚЫЛЫ ЕСЕПТЕУ ТУРАЛЫ
Ұлттық байлықты актив пен пассив арқылы есептеу
Пәндер